НАДАНДЫҚ
Дәуітбай шал бәңке бойлы, қолағаш құс мұрынды, бір-екі тал шошандаған қаба сақалды қара шал. Ғұмыр бойы түзде жүріп, мал баққан. Не бір кітап оқып не бір теледидар көрмеген сорлы. Екі ұлы қалада оқып сол жерде өсіп-өнген. Дәулеті тасыған дүкейлерге де айналып, өзгелерге төбеден төмен қарайтын боп алған. Бұл күнде осы балалар қақша басы қақшиып жалғыз қалған әкесін жер көрсін деп Англияға аттандырмақ. Лондонның қақ ортасына апарып қыдыртып, көзін ашып, ел аралатып, жер кездіріп қайтпақ екен.
Оның қасына сүйретілген кіші ұлы Сапарбек. Міне, өзі атын естімеген сәмәлөтке де отырды. Сонда бұл «Астафррр...Алла! Темірге қалайша жан бітірген-ай. Ә, жаратқаным шығар қолымен бізді ана шеттен мына шетке сыры ұшып, салдырлап қалған темірмен таситын»-деп, аузын жалақтатып, сілекейін сапырып, алды-артына алақ-жұлақ көз тастай берген. Содан біршама уақыт өтіп, әлгі өзі бармағын сорып тұрып таңдана берген ұшатын темірінен де, әп дегенше сырғып түсті. Баласы Сапөк «осында отыр» деп бір қызылды-жасыл оңай көзге оғаштау әрі қылтырық мойын орындыққа отырғызып қойды. «Мен қазір, документті туырлап келем, кетпе, біреуге ерме» деп жас балаша бұны түйшек түйінімен отырғызды да кетті. «Осы жерден кетпе» деп әбден нығыздап, батырып айтқан. Сол екен бұның бума-бума сөмкесін ақтарып жатып, малдарын жайып жүргенде қырдан алып келген шағыл құмды қалтаға салып алғаны есіне сап ете қалсын. Ойы онысын қолына қысып ұстап, шүлп-шүлп сүймек боп отыр. Сондағы қызықты қараңыз, білем-білем тамырдың күші кеміп, бойдан әлі қашып қалтыраған қолдан онысы сып етіп судырлап кетіп аэропорттың жалт-жұлт еткен мұздай аппақ кафеліне құйылды, кеп. Суша сарылдап барып мұздай аппақ кафель үстінде жатты. Иісшіл итше тіміскіленіп байқап қалған күң қара біреу, басында қисайған қалпағы бар, зыр жүгіріп жетіп келді. Бас-аяғына жабыстырып алған қара киімі не, өзі не. Дәуекең қапелінде сол екеуін айыра алмай, аузы ашылып аң да таң, аңтарылып отыр. Жанына шошандап әлгі қап-қара неме таяп келгенде ғана, шал ішінен «Мына қап-қара бала үй көрмеген ғой шіркін! Мынаның қаралығы қазанның қара күйесіненде бетер ғой,әй... Әбден ысқылау керек екен. Бұл неме екі дүнияда да жарытып ағарып оңбас. Күннің астында өлгенше жүргені несі әй»- деген. Ол нигрды қайдан білсін надан шал. Қара адамның қарны қампиып алып, жалақтаған қызыл тілін кебістей еріннің үстінен жүгіртіп тегіс жалап өтті де, мынаған қарай «Уат ит иссс?» деп қойды. Шал болса оған қарап: не дейд? «Ит иссс» «ит ис»...«Итсің»...әй, сен бала тәйт не дейсің ммммһһһһһ деп қақырынып ап, сен келіп ап маған «Итсің» деп былжырағаның не! Көкеңді көрсетейін! деп қаны ойнақтап долдана шауып , бұлқынып, тіпті жұлқынып, қолындағы ала-құла балтағын ала жүгірді. «Танымайтын біреуге және мендей сақалы шошайған адамға жетіп кеп, әй-шәйсыз «Итсің» деп жағамды тартып, дүрсе қойғаны нес? Қара неме тәрбиесіз деген осы да!»-деп бүгілген белі бүлкілдеп қаңшаңдап кетсейш. Нигрің қаша түрегеліп қолындағы писталетін әрі-бері жымыңдатып «уат ит ис» «Ит иссс» деп көздері алаққандай боп шыр айнала тырқырап жүр. «Итсің» «Итсің» дедің бе? деп Дәуітбай тағы да даудырақтай берді. Қолынағы ала таяғын лақтырып жіберіп нигрдің басын жарып түрмеге алынып кетті. Дәл көздеп тұрып лақтырса керек, шекесіне тиіп қызыл-жоса бопты. Ой, тәңірі! Тап мынандай қара немелер құмырсқаша қаптап, өріп жүр, өздері тіптен көп қой. Немене? соған қарағанда бұл жердің күні тастөбең түгіл, бар денеңді тесіп өтіп, қақталған еттей пісіретін болғаны ғой, ә?! Бірақ пәгөдаң тым тәуір сиқы жоқ қой. Сонда қалай? Өй, қойш біртүрлі көрер көзге ұнамсыз екен ау...түф-түф-түф деп күбілжіп, төңірегіне түкірігін шашыратты. Қайдан білсе, оннан білсін артынынан Сапарбегі де қос аяғын қолына алып жетіп келген. Нигрлер «Мемлекет қорғауындағы полицейге қол көтерді. Онысы ол ма? Марихуана тасымақ болған жиырма жылға кетет. Елден шығармаймыз деп әрі-бері сөзге тартса дес бермеген. Асау атша тулаған да отырған. Сапарбегі түсіндіріп ол наша емес туған ел топырағы тіл білмейді түсінбейді деп алдап-сулап бір бума көк қағаз көрсетіп, кепілдік төлеп арашалап алыған да. Қайраты қашқан Дәуекең тағы да арпылдап «Итсің деді» деп әлгі нигрдің төсіне жармассайш. Содан әкесіне сөз өткізе алмай қызылкеңірдек боп бала тұрды. Ақыры болмады. Сапарбегі өзінің аузын шегелеп, шалға ләм-мим дегізбей, жетектеп алып ұшатын темірге қарай тартты кеп...