Алаш идеясы-тәуелсіздік тұғыры
Жер бетінде көптеген халықтар мен нәсілдер бар. Бірақ та түркі халқы, қазақ ұлты сияқты ешбір халық ер жүректігімен танылған емес. Себебі, қазақ ұлты ЕрТүріктің мұрагері, сан ғасырлар бойы ұлт үшін аттан түспеген, ер жүрек батыр ұлдарын мақтаныш ететін осындай халық жер жүзінде некен саяқ. Әлемді жаулаған әйгілі ұлы тұлғалар Еділ патша мен Шыңғыс хан біздің түп негізіміз ата-бабамыз. Жер шарының төрт бұрышына жаулап алу соғыстарын жасап тараған осы түрік текті батыр бабаларымыз.
«Жауға қатал, досқа адал»-деп ұран тұтып серттескендер осы түркі баһадүрлері. Досың сатпаған, ақыл мен адалдықты, парасат пен намысын жоғары санаған алып даланың киелі де қастерлі ұландары.
Көшпенділер өркениеті, салт-дәстүрді, әдет-ғұрпыты тазалыққы аса мән берген. Қыста қыстауда, жазда жайлауда көшіп жүруде өте терең мән-мағына, аса бір сыр бар. «Сары бала, қара қазан қамы үшін...» ұрпақ қамын жеген бабаларымыз әрқашанда Ұлы Дала елінің өшпес аса құнды дүниесі.
Ежелден көк тәңірге табынып келген түркі халқы кейін Ислам дінінің шығуымен бір жола ақиқат дінді қабылдайды. Дәстүр мен дін араласып әділдікті жақсы көретін тарих сахнасына Қарахан, Қарлық, Қыпшақ, Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда, Көшпелі Өзбек хандығы, Қазақ хандығы мемлекеттері пайда болған.1465-1466 жылдары Қазақ хандығы құрылады. Қазақ хандары әрқашанда Шыңғыс хан ұрпақтары төре тұқымынан шыққан. Ең басты тұлға Шыңғыс хан әлемді жаулаған, данқты қолбасшы, әскери тактиканың шебері, жауға қарсы әскери іс-қимылдарды жоспарлай білген ұлы данышпан көсем. Алтын Орда мемлекетің құрған Шыңғыс ханның ұлы Жошыхан, Жошының ұлы Бату хан.
Қазақ хандығы құрылуы жайындағы тарихи оқиға. Көшпелі Өзбек ханы Шайбанилық Әбілқайыр ханның басты қолбасшы батыры Қара Қыпшақ Қобланды батыр мен бас қазысы, яғни биі Ақжол би (Дайырқожа) екеуінің арасындағы бір-біріне деген өшпенділіктін басталған. Екеуі бір-бірін жеккөрген. Күндердің күнінде Қара Қыпшақ Қобланды батыр Ақжол биді ешкім жоқ далада куәсіз өлтіреді. Бұл кезеңде Керей мен Жәнібек Шайбанилық Әбілқайыр ханның қол астындағы сұлтан болған. Ақжол бидің өліміне Жәнібек сұлтан дәстүр бойынша «қанға қан, жанға жан» алуын Әбілқайыр ханнан қатты сұрап, Қобланды батырды өлім жазасына кесуін талап етеді. Қобланды батырды өлім жазасына кессе қыпшақ әскерлері Шайбанилық Әбілқайырға қарсы шығуынан білген Әбілқайыр хан бұдан үзілді-кесілді бас тартады. Бұл әділетсіздікке ашуланған Жәнібек сұлтан Көшпелі Өзбек ханынан біржола қол астындағы Арғын, Үйсін, Керей және т.б тайпалармен бөлініп шығып, Шу мен Нұра өзені алқабындағы арасында Қозыбасы деген жерде алғаш Қазақ хандыңын құрады. Бұл тарихи оқиға Қазақ елінің қалыптасқан ең бір ұмтылмас шежіресі.
Ақжол бидің қаза болуы Қазақ хандығының құрылуына себебші оқиға. Арғын одан Қотан жырау, Қотаннан –Ақжол би (Дайырқожа). Ақжол би Арғын руынан шыққан . Қазақтың тұңғыш биі.
«Алаш» деп ұраны естілсе болды төре тұқымдары қанына тартып «Алаш» туы манына халық жинаған.
Міржақып Дулатовтың сөзінен: «Алаш» деген сөздің алғашқы мағынасы Отан кісісі (соотечественник) деген сөз болды. Мұны бір ақынның
Абылайға айтқан өлеңінен білеміз: «Тақсыр-ау, ұнатсаңыз қарашыңмын,Ұнатпасаң, жай жүрген алашыңмын»-дейді. Сол өлеңде «Алаш» отан кісісі мағнасында. Және қазақта «Алаң келе ме, Алаш келе ме» деген бір мәтел сөз бар. Сондағы Алаң-шет елдің кісісі, Алаш-отан кісісі мағынасында болады. Абылай хан Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы.
Надандықты жойып халық арасына оқу-ағарту, кәсіп, ғылым, өнер үйренуде қазақтан шыққан Бұқар жырау, Үмбетей жырау, үш жүздің үш биі Төле би, Қазыбек би , Әйтеке би. Ғалым, ақын, данышпан Абай Құнанбайұлы, ұстаз Ыбырай Алтынсарин, ғалым Шоқан Уалиханов сынды халықты надандықтан жойюға үлес қосқан «білімі жоқ елдің болашағы жоқ» деген қағиданы ұстанып бұқара халықты, әсіресе жастарды ғылым-білім алуға шақырған. Ғылымды ғалым адаммен құрметтемей, бұның бәрі әлбетте надандақтан. Ғылым мақсатында ұлтың таяу, Алашым!
12-13 ғасырларда өмір сүрген Ұлы тауда бұрынғы Жезқазған облысында Жошы хан мен Алаша хан мазары орналасқан. Көрнекті археолог, этногроф, ғалым Әлкей Марғұланның ғылыми зерттеулерінде осы Алаша хан дегеніміз Шыңғыс хан деп болжам мен дәлелдер жасап кеткен. Әлкей Марғұлан Алаш арыстарымен жақсы таныс әрі достық қарым-қатынаста болған. Және Шыңғыс ханның өмір сүрген уақыты 12-13 ғасырлаар (1155-1227 жылдар) болғандықтан Хан Шыңғыс пен Алаша хан өмірбаяндары мен, тарихи деректерде ұқсастықтар бар. «Керегеміз-ағаш, ұранымыз-Алаш» халық арасына кең тараған сөз осыдан шықса керек. Көшпенді тайпалық одақ өмір сүрген Ұлы Дала жері қашанда азаттықты, ботандықты, еркіндікті, демократиялық қоғамда өмір сүрген.
Өз заманында түркі халықтары үшін орасан зор тер төгіп еңбек еткен ұлы бабамыз Еділ патшаның алар орны ерекше дара тұлға. Ұлы қолбасшы тарихқа өз қолтаңбасын өшпестей етіп қалдырған алып тұлға. Шығыс және Батыс Рим империяларының тізе бүктірген ұлы қолбасшы. Еділ Ұлы Тәңірінің баласы. Еуропа жұртшылығы Ғұн патшалығының қол астына қараған. Ғұн патшасы Еділді тоқтататын күш сол заманда болмаған. Еділ патша өз заманының әлемге әйгілі патшасы.
Хан Шыңғыстың Әлихан Бөкейханов 26-шы ұрпағы. Ақсүйек төре тұқымынан шыққан Әлихан Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан тарайды. Әлиханды Алаш паритиясының бас көсемі болуының басты себебі ата-бабалары қазақ хандары болған. Әлиханды мен қазақтың ақырығы билеушісі дер едім.
Төре тұқымдарынның қасында Арғын руынан шыққан тұлғалар сенімді адамдары болып тұрған, Арғын аталуы сөзі тарихи деректерде «батыс ғұн», «арий» мен «ғұн» тайпаларының қосындысы десе, ал кейбір деректерде арғы ғұндар атауының қысқартылған атауы деп келеді. Алаш зиялысы Міржақып Дулатов «Арғын» атты бүркеншілік атпен мақалаларда шыққан. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынов осы Арғын руындағы әйгілі Үмбетй жыраудың ұрпағы. Алаш зиялыларының көпшілігі бетке ұстарлары Арғын руынан шыққан белгілі тұлғалар. Бұл жерде руға бөліну емес, тарихи ақиқатты жеткізу барынша дұрыс жол.
Еділ патша мен Шыңғыс хан ұрпақтары болған Алаш арыстары қай елден кем түседі. Намсысы жоғары, рухы биік ерлер жиналған Алаш партиясы ұлтың сүйген ұлт жанды азаматтар. Әлемді жаулаған ұлы қолбасшылар ұрпақтары Алаш зиялылары ер адамға тән істері үлгі берерлік, сүйіспеншілікпен таңдана қарауға да болады...
«Сарыарқа» газетінде, 1918 жылы қаңтардың 22-сі күні, жаряланған бас мақаласында Әлімқан Ермекұлы былай деп жазған:
«Желтоқсанның 12 күні, 1917 жылы, түс ауа сағат 3-те дүниеге «Алаш» автономиясы келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты Алаштың басына ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. Отансыз жұрт отанды болды. Автономия бізге өмірлік мақсат еді. Алыстағы жұлдыз еді. Істегі дертті айта алмай, күрмеліп жүрген қызыл тіл бұл күнде дүние жүзін жаңғыртып, Алаш ұранын шақырып отыр, Алаш! Алаш! Көтер басты, уақыт жетті, сүртелік көзден аққан қанды жасты...
Алаш автономиясына құран оқылып ат қойылғанда, жалпы қазақ съезінде ел ішінен келген қария ақсақалдардың еңіреп жылағаны болып еді.
Ерлердей ұмытылып 6 миллион халқы, тұтас жері бар қазақ жұрты қарап отырып қалса, жұрттығын жоғалтып, өзін-өзі тірідей көмгені. Иншалла! Сенеміз: Алаш туының астына жиылмайтын қырғыз-қазақ баласы болмас, тігілген Алаш туын құлатпас, деп. Жасасын Алаш автономиясы!» Әлімқан.
Құдайға шүкір! Қазақстан қазіргі танда егеменді ел, еркін, ешкімге тәуелді емес. Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасып, оны нығайту жолында мықты берік қадам басып отырғаны қуанышты жайт. Қазақ халқы ежелден бергі аңсаған арманы, мұрат-мақсаты, дұға-тілегі осы еді.
Алаш ұлтының егеменді ел, тәуелсіз халық болуы сан ғасырлар бойы ата-бабамыз арман тілегі, ұлт болып сақталып қалудың бірден-бір жолы егемен ел болу мұраты еді. Шындық пен ақиқат кеңес өкіметінде бұрмаланып келді. Ұлтымыздың тарихы жайында ешбір нәрсе айтылмады. Қазіргі кезде тарихта «Алашордашылар» жайлы көптеген кітаптар шығарылып жатыр. Қасақан бұрмаланып бұзылған тарихымызды дұрыстап зерттеп жүрген, ақиқат пен шындықты қайтып қалпына келтіру үшін тарихшылар-ғалымдар адал азаматтық борыштарын атқарып жүр.
Ақиқатында егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болу жолындағы қазақ тарихының елеулі кезеңі 1917 жылы шақырылған «Екінші жалпы қазақ съезі» болып табылады. 1917 жылы Ақпан ревалюциясы жеңіске жетіп, патша үкіметі құлатылғаннан кейін қазақтың белгілі ұлт зиялылары, қайраткерлері: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Ғаббасов, Жаһанша Досмұханбетов пен Халел Досмұханбетов 1917 жылы сәуірде, облыстық қазақ съездерін ұйымдастырып өткізеді.
«Бірінші қазақ съезі» Орынбор қаласында, 1917 жылы шілдені Орынбор қаласында, 1917 жылы шілденің 21-26 күндері өткізілді. Съезде қаралған он төрт мәселенің бірі-қазақтың саяси партиясын құру еді. Партияның аты-«Алаш» аталсын деп келіседі.
Деректерде былай делінген: Съезде қаралуға қойылған талаптар мен мәселелер:1. Сібір Түркістан автономиясы және Юговосточный союз туралы 2. Қазақ-қырғыз автономиясы 3.Милиция 4. Ұлт кеңесі 5. Оқу мәселесі 6. Ұлт қазынасы 7. Мүфтилік мәселесі 8.Ұлттық сот 9. Ауыл басқармасы 10. Азық-түлік мәселесі
Алаш автономисының бағдарламасында Қазақстанда тұратын басқада ұлттарды, халықтарды алалау, кемісіту, төменсіту сияқты көзқарас, ұлттық үстемдік, ұлттық ерекшелік, яғни буржуазиялық-ұлттшылдық идесы мүлдем болған жоқ.
Ұлт жанды ұлағатты ұстаз Мағжан Жұмабаев қайсар ақын: «жан көріністерінің ең қымбаты-ой. Ой тілі сөз... Тіл әрбір адамға, қымбат болса, әрине ұлт үшінде де қымбат... Тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт-тіл білу.Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттын жыры, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі-бәрі көрініп тұр. Қазақта сары даласы кең, тілі де бай. Осы күні түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды терең тіл жоқ. Түркі тілімен сөйлейтін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекті, қазақ тілін қолданбақты. Күндерде бір күні түркі балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түркі елінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешекте осындай болуына біздің иманымыз берік»-деп тілдің тәрбиелік мәнін бәрінен де жоғары қояды.
Тұғырлылық-тұрлаусыздық емес. Тұғырлылық көктегі жеті қарақшылық жердегі жемісі, жеңісі, тағдырласы, таралғы-жоралғысы іспеттес. Өңкей алдамшылықтың ортасындағы асыл тасының алтынды ақиқаты. Ол ақиқат жермен бірге айналуы мүмкін, бірақ бірде бетін, бірде сыртын беретін күлекеш дүниеге көмір жұтқызатын құбылыс.
Тұғыры биік Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов қазақ жерінің ұлт меншігі екенін және мал шаруашылығы артықшылықтарын аша көрсетті. 1914 жылы желтоқсан айында Орынбор қаласында Әлихан Бөкейханов басшылығымен өткен «Екінші Бүкіл халық съезі» қазақ мемлекеттігін Алаш форматы ретінде ұсыныс жасаған. Болған құрылтайда бір ауыздан ұйғарым қабылдап: «Алаш автономиясының 10 облысының жер асты-үстінің байлығы, жер-су, пайдалы қазбалары бөлінбей Алаш меншігінде»-деп бекітілген.
Әлихан Бөкейхановтың экономикалық көзқарасының қалыптасуы әрине оның Ф.А.Шербина және академик С.П.Швецов басқарған ғылыми зерттеу экспедицияларына қатысуымен байланыста еді. Сол кездегі басқарушымен атымен аталған «Щербина экспедициясы» Семей және Ақмола облыстарындағы 10 уездің табиғат ортасымен осы өңірдегі елдің шаруашылық жүргізу жүйесі мен мәдениетін зерттеуге алынып, экспедиция материалдары көп томдық кітап болып баспадан шықты.
Әлихан Бөкейхановтың ең болғаны академик С.П.Швецов басқарған Сібір темір жолы бойындағы аудандарындағы экономикалық тұрғыдан зерттеу экспедициясы болған еді. Бұл зерттеу қазақ қой шаруашылығын туралы алғашқы зерттеу еңбегі. Қазақтың Еділбай тұқымды қойы туралы бұдан бұрында кейін де зерттеу жұмыстары болды. Әлиханның бұл зерттеу қазақ қасиет тұтатын мал тұқымы туралы терең зерттелген, жан-жақты қарастырылған ерекеше еңбегі еді.
Ф.А.Щербина экспедициясы материалдарының 4-томы Қарқаралы уезіне арналған болды. 4-томдық қа кіріспе жазған белгілі зерттеуші-ғалым Л.К.Черлин бұл томды әзірлеу ісінде Ә.Бөкейхановпен бірге Мәжит Шомбалов, Ережеп Итбаев, У.Әбішов, Д.Сатыбалдин сияқты қазақ зиялыларының да атсалысқаны белгілі. Бұл томды материалдарды баспаға даярлауда Ә.Бөкейханов ерекше үлесі болған.
Ә.Бөкейхановтың қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының артықшылықтарын мен әлсіз жақтарын терең түсінген ғалым. Әлихан қазақ қойларына сипаттама бере отырып: «Ақ қойдың қазақ халқының байлары өсіреді, өйткені, ақ қойдың жүнінен қазақтың бай киіз үйіне қажет ақ киіз даярланады. Бірақ ақ қой аязды қысқы төзімді емес. Яғни орта және кедей қазақтың қожалықтарына ақ қой өсіру тиімсіз, сондықтан да бұл қожалық иелері қою түсті қой өсіруге бейім. Қазақ қойларының басым бөлігі боз және қоңыр болып келеді»-деп жазады. Әлиханның қазақ қойына берген сипаттамасы Әлиханның ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатынасуы, сондай-ақ ғұлама ғалымның кейінгі байқаулары мен зерттеулері тұжырымдарға жетелейді. Қазақ халқының экономикалық жағынан дамуында Әлихан үлкен үлес қосқан қайраткер.
Осыдан100 жыл бұрын халықты теңдікке жеткізу жолында халықты ескі өкіметпен алысқандықтан дарға асты, оққа ұстады. Басты айдауға, малы талауға түсті. Бірақ батыр сарбаздар ерлікпен арпалысып бірі жығылса, екіншісі орнын басып, ақыры Ресей қаласындағы қазақ халқының дініне, тіліне бостандық алып берді. Енді міне, бүгін теңдік алып, түсімізде көрмегенді өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Біздің бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкірлік. Бостандықтын кілтін ашқан елдердің біріміз.
Сүйікті Алаш азаматтары! Ескі өкіметтің заманында қазақ халқы Ресейге өгей еді. Бізге өкіметтің жаны ашымайтын еді. Біздің жанымыз өкіметке ашымайтын еді. Ескі өкіметтін ар-намысын қорғамайтын еді. Оның дәлелі(1916ж) айқын көрінді. 25 маусым жарлығы шыққанда қазақ халқы қандай болды. Егер ескі өкімет бізді жақсы ұстап отырса, қазақтардың бүлік шығара ма еді. Қарсыласып, қан төгер ме едік. Біз қазаққа маза бермей жүрген қарымсыз өкіметтің айтқанына көніп, айдағанына жүріп, жанышталып келдік. Енді сол жауыз өкімет жойылды. Өкімет патшасы қазір тұтқында. Бұдан былай халықты алаламайтын қазақтың өз өкіметі сайланады. Бұл өкімет күшейсе, біздің күшейгеніміз. Бұл өкімет әлсіресе тілегіміздің ақталмағаны. Патшалық ескі өкімет қайта бас көтерсе бұрынғы таз кебінімізді қайта киетін боламыз. Мұндай қауіптің екі түрлі себебі болса керек. Бірі ескі өкімет қайта орнына оралады. Екіншісі, астыртын жаулардан жеңілсе. Жаңа өкіметтің дұшпандарының ойлағаны осы. Иншалла, мұндай жағдай бола қоймас.
Біз қазір адал өкімет азат Ресеймен бірге тілекте, бір кемедеміз. Бұрын Ресейге жанымыз ашымаушы еді, қабырғамыз қайыспайтын еді. Енді орыс халқымен тереземіз тең болған соң, жақсылыққа сүйінеміз, жамандыққа күйінеміз. Тірі болсақ бірге боламыз, өлсек бір шұңқырға қаламыз.
Жұрттың бәрі осылай бір мақсатқа тізе қосқанда ғана, нағыз азаттық болады. Сол үшін жаңа үкіметке қолдан келген көмекті аямаумыз керек.
Біздің жігіттер ескі өкіметті ақтарып тастадық деп, жайбарақат отырмауы керек. Қолға келген азаттық үшін он есе артық жұмыс істеу керек.
Мұстафа. Әлихан, Міржақып. Петроград. 08.03.1917 жылы. Алаш ұлына үндеуден.
Ұзақ жылдар бойы кеңес империясы «Алаш», «Алашорда» деген сөздерге қатты тыйым салып келді. Аллаға шүкір! Әупірімдеп Алаш арыстарының ұлы арманы тәуелсіздігімізді алып, осынау қасиетті сөздерді айғайлап болмаса да ашып айтатын күнге жеттік. Арғы атам Ер Түрік. Біз қазақ елміз, бірлігі күшті ел озар, ынтымағы жарасқан, берекелі де, киелі қара шаңырақ қымбат баға жетпес мол мұра, қазынамыз. «Алаштың аяулы азаматтарының арада қаншама уақыт өтсе де сол кездегі жазып кеткен бағдарламасы осы күнге дейін тот баспай сақталған. Шын асылды тот баспайтыны рас екен.
Өткенді білу, тарих парақтарына көз жүгірту бүгінге парыз. 100 жылдай уақыт бойы Компартия, Кеңес империясы қаншалықты қара күйе жағуға тырысса да асыл дүниені тот баспады, қайта ақталып құнды дүниеміз еркін оқып білуге үлкен жол ашты. Қынапта жатып ауырын алған алмас қылыштай жарқ ете түскендей.
Алаш арыстары Әлихан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек және т.б. алаш жұртының аяулы да ардақты ұлдарының қолдарынан шыққан бағдарлама, аса құнды мол дүние танымдық мұра. «Алашорда», «Алаш» екеуі де қасиетті сөз. Осы ұлы сөзге кір, дақ түсірмейтін данқты ұлдары неткен кемеңгер, ұшқыр ойлы, парасатты, сан ғылымды оқып игерген данышпан тұлғалар. Алаш арыстары қандай болу керек деген сұраққа, мынадай ұстанымды ұстанатын азаматтар ғана алынады: олар ешуақытта өтірік айтпайтын шыншыл, ақиқатты жақсы көретін, әділдікті сүйетін, ғылым мен білімге жандары құштар, жан-жақты білім алған, отанды сүйетін, сатпайтын, адалдықты жақтайтын, нағыз ержүрек ерлерге тән батыл болуға, ар-намысын жоғары қойып, турашыл, текті ұландар жиналған, ер адамдарға тән қасиеті бар тұлғалардан жиналған «Алашордашылар».
Мемлекетте не болатының сол мемлекетте өмір сүрген жастарға қарап айтуға болады. Егер де жастар жақсы дұрыс білімді алса болашақта жақсылық пен даму ілгері жүреді. Ал, мемлекетте ақыл парасатпен әрекет етпейтін, терең ойламайтын, ғылымға деген қызығушылық жоқ қоғамға айналса болашақта мемлекеттер ішінде іске аспайтын бір мемлекет жоғалып кетуі мүмкін.
Ұлттың мемлекет болуы, ұлт болу тарихи тәжірбиемен айтылғанда екі нәрсеге өте байланысты: дін және тіл.
Дін: ақылды адамдарды, өзі қалауымен таңдап алып жалғыз тура, әділ жолға түсіретін илаһи заң, яғни Құдай таһаланың жіберген заңы.
Тіл: мемлекет қорғауында өмір сүрген адамдардың бір-бірін түсінуге жарайтын басты құрал. Тілсіз ұлт болмайды. Әр ұлт пен ұлыстың өз ана тілі, ата заңы бар.
Қазақстанның болашағы болған жас ұрпаққа қалай болуы керектігін тарихи тәжірбиелерге қарағанда жас ұрпақтың кәдімгі дініміз болған ислам діні мен кәдімгі тіліміз қазақшаны жақсы білуіміз керек. Біз дініміз исламды, тіліміз қазақшаны жақсы біле алмасақ ілгеріде құрып кету қаупі бар, бұл ойландыратын үлкен мәселелер. Мұхаммед пайғамбарымыз с.ғ.с хадисінде: «Діні болмаған пенденің ақылы да болмайды». Жас ұрпаққа ата дінге, ана тілге болған ынтымақтары Қазақстанның әлем мемлекеттері ішінде сөзі жүретін, діні бір, құдайы бір, пайғамбары бір, жолы бір болған дос мемлекеттерді қуантатын, жау болған ұлттарды қауіптендіретін үлкен бір мемлекет болатының көрсетеді. Ауадай қажет болған дін және тіл жөнінде қалай пайдалы болатынын әрбір Қазақстан азаматының, қазақпын деп жүрген әрбір адамның ойлануы мен толғануы жөн болар.
Алаш арыстарының басты ұстанған мақсаты осы келешек ұрпаққа ата-бабамыз сақтаған киелі жерді, ананың ақ сүтімен келген тілді, атаның қанымен келген дін мен заңды, қайратты ыстық ділді мұра етіп қалдыру. Жер жүзінде жойылып кеткен қаншама ұлттар мен халықтар бар. Бірақ та Алаш жұрты осы тіл мен дінді сақтап қалуы арқылы қазақ ұлты болып қалыптасып сақталған.
Алаш арыстары осы күнгі тәуелсіздікті арман еткен. Осы жолда аямай жанын беріп, қанын төгіп, қастерлі ұлтын қорғаған саңлақтар. Асыл текті бабаларымыз қазақ ұлтын сақтап қалу үшін не істемеді. Жандарын құрбан етті. «Отанды сүю-иманнан», «отан үшін отқа түс күймейсін» дегендей олардың ерліктері ешбір ұмытылмақ емес.
«Алаш идеясы-тәуелсіздік тұғыры» біздің тарихымызда орын алатын ақтандақтар жан-жақты зертеліп, көптеген кітаптар жарық көрді. Бұл да қуаныш! Тәуелсіздік бәрінен қымбат асыл қазына. Халқымыз бірлікте, болашағы жарқын болсын! Отанды қорғаған, қасиетті кең байтақ даласын қантөгісті соғыстарда, сұрапыл-қаралы күндері құрбан болған батыр бабаларымыздың рухына лайықты ұрпақ болуымыз керек!