Адам қарады: 114 | Жарияланды: 2017-08-08 03:23:23

Ұят болды - ау...

Не қыламыз айта беріп басқаны,

Аз емес қой абыройды акшаны.

Әкім-қара миллиардтап ақша ұрлап,

Ұят болды-ау, шетелдерге қашқаны.

 

Кейбіреулер тасып шалқып күйлері,

Көзді ұялтып «хрустальный» үйлері.

Қайта құсып ішкені мен жегенін,

Ұят болды-ау, бір-ақ сәтте күйреуі.

 

Мойнын бұрап тесік қалта-жоқтардың,

Ортасында «блат - слат» оттардың.

Бұқпантайлап бұқараның алдында,

Ұят болды-ау, сотталғаны соттардың.

 

Көзбен көрді саудагерлер  ұшпақты,

«Кәсіпкер» боп шыға келді тісқақты.

Шайтани бір бармақ басты, көз қысты,

Ұят болды-ау, қайда барсаң «ставкі»

 

Әуежаймен қайда барсаң жол қымбат,

Үй бағасы аспанға атты толқындап.

«Алас- қалас, күнмен талас» туатын,

Ұят болды-ау, заңдарымыз солқылдақ.

 

Жемқорлық ит іштен шалды тегінде,

Шегірткедей қаптайтұғын егінге.

Мұның бәрін білмейтіндей мынау жұрт,

Ұят болды-ау, «мөңкігенім» менің де.

Қазақ тілінде жазылған