Баққараның билігі
Думанды драма
2 бөлімді
Қатынасушылар
Баққара 42жаста
Гүлмарал 19жас
Айшуақ 21жас
Айерке 18жас
Көркем 22жас
Жайдарбек 22жас
Мейірім 36жас
Ақсәуле 40жас жас
Кунайым 35жас
Гүлпатша 30жас
Тобанияз 36жас
Байбота 68жас
Ақсақал 80жас
Сейсекүл 65жас
Ерхан 48жас
Әзиз /азият/38жас
Әзиздің әйелі 36жас
Эпизодтағылар,халық
1 бөлім
1ші көрініс
Баққараның мекені,тоғай ішінде орналасқан,Екі шетінде екі биік дуал шлакаблоктан қаланған.Екі қабатты салтанатты үй,алыстан көрінеді. Алдында ауласы,ортаға үлкен әсемделген қақпа қойылған екі шетінде сәндеп металлдан жасалған шарбақ,екі жағында кулиса есебінде жасалынған биік шлакаблок дуал.Шарбаққа баклашка,пакеттер қой терілері ілінген.Байдың үйі бірақ іретсіз көрініс.Үлкен сәнді жасалған дарбаза қақпа.Алды тоғай.Осы қақпа ойнайды.
Свет.Музыка.Би сахнасы.Баққара мен жанындағылар биі.
Баққараның әні. /рок стилінде/
Менің атым Баққара
Бекер мені даттама
Келмей жатса қолымнан
Сен сыртымнан мақтама
Гөй гөйлетіп жүріп ақ
Жеңді былай түріп ап
«Сындыруға» болады
Әк сатып ақ, жүріп ақ /саусағын шошайтып,көзін қысып/ Уақ,уақ,уақ
Әк те саттым ,тұз саттым
Жаздың күні мұз саттым
Менен қалған барлығы
Қос қоянды бірге аттым
Еркек болып тұрайық
Болмас енді бұл айып
Қатын алдым қос-қостан,
Атағыма ылайық,Ха-ха.Ха-ха.
Бергені ғой бағыма
Күн көрмеймін жағына
Қалам ба енді үшеумен
Үмітім бар тағы да
Ойнамаңдар бізбенен,
Мафиямыз біз деген
Біз төртеуміз біргеміз
Бірге байлық іздеген
Қарамаймыз айлыққа
Жүзіп жүрміз байлыққа
Сатып алам барлығын
Сатып алам сені де,/халыққа қарап,қолын шошайтып/
Сатып алам сені де
Кел жақында қаймықпа
Баққара боп байыдым
Осы менің айыбым
Бір шыбықпен айдайтын
Осы жердің байымын
Мен Баққара мырзамын
Мені тыңдап жүр жаным
Көнсең осы айтқанға
Мен алдыңда ырзамын /қолын кеудесіне қойып,еңкейіп/
Барлығыңнан дарамын
Өйткені Бақ қарамын
Байып кеттім ұрлықпен
Ісім де жоқ тірлікпен.
(2рет, кеудесін ұрып шығып кетеді/ Ха,ха,ха-ха.
/ Музыка жалғасады артынан екі әйел, екі еркек,билеп шығады /
1-ші әйел /Көзін көлегейлеп Баққара кеткен жаққа қарап/
Жүрген едік жоқ қарап
Сен кез болдың Баққара
Айтатын бір кез келді
Тыңда бізді Баққара
Баққараның маңайы
Болып шықты анайы
Шеттерінен мақтаншақ
Ал өздері жабайы
Бақ қараған сізбісіз
Көріп жүрміз сізді біз
Бақырауық текедей
Басынбаңыз бізді сіз
Боқ сасыған неменің
Бай болғаны жақпайды
Бергіш болса жаратқан
Неге басқа таппайды
Керек емес мұныңыз
Біліп алдық мұны біз
Баққарасыз білеміз,
Сасып тұр ғой түріңіз
/Музыка бітіп тыныштық орнайды,қарға қаңқ ете қалады/
1-ші әйел Ей Баққара.Құсың қарға,ісің сауда,басың дауда. / күліп кетеді /
/Арт жақтан Баккара шығады жалаңдап,/
Баққара /қолын сілтеп/ Кетіңдер,кетіңдер барыңдар шуламай,бәрі де жекеменшік.менің дүнием,дүние тап та еге бол.Кезінде халықтыкі болған шығар кәзір менікі.Барыңдар шуламай.Өйт. /Залға қарап/
Баққара /Монолог/ Мені танып алыңдар.Мен осы ауылдың «делевойымын» кәзіргі тілмен айтқанда /кеудесін қағып/іскер қазақ,осы ауылдағыларға анықтама керек пе,жер актісі керек пе таныс арқылы мен жасап беремін,ақысын аламын.Не істеймін жерімді арендаға беріп қойғанмын.Өзім күнделікті табыс түсетін әк,тұз,көмір,темір сатамын,ақша түссе болды емес пе.Маған бәрі айтады айналаңның бәрін қоршап алғансың,іші күл сырты қоқыс,жел тұрса бүкіл ауылды алып кетеді деп.Тапқанымды салықтан жасырып іс жасамасақ болмайды.Ойбай отыз елдің қатарына кірейін деп жатырмыз,таза бол, отырған жерің де таза болуы керек,салықтан қашпа,ортаңа көңіл бөл дейді. Осы күні халық біздің үй жаққа ашкөздене қарайтын болды мына дуалдың аржағында не боп жатыр екен деп.Міне мына ыдыстарды да тіл-көз бар, көз өтіп кетпесін деп ілгізіп қойдым.Білсеңдер сендердің алдарыңа мен өзіме симағандықтан келдім. Анау жалғыздықтан /үй жағын бас бармағымен көрсетіп/әбден шаршадым,Маған бәрі жетеді ақшамен бәрін сатып аламын,бірақ түбі ішім жарылып өлетін сияқтымын./әбіржулі көзі аларып кеткен/Осыны айтуға келдім сіздерге.Сен осыны неден бастап жүрсің дейтін шығарсыңдар.Енді жасырын нәрсенің ұрлыққа қатысы болуы мүмкін ғой.Мен де де сондай, әйтпесе маған кім үйіп төгіп бере салады.Мысалы банкілер халыққа кредит аларда алдымен «шапкісін» алып сонан соң берген жоқ па кредитті.Шапкісін бермесең кім береді саған кредитті,сол шапкіні кім төлейді кейін.Не бір қолынан іс келетін адамдар ақшасы жоқ тірлігін бастай алмай жүрген жоқ па.Мен де ақшасыз ешнәрсе істей алмайтынымды білдім.Ол кезде бәрі тоқтап тоқырап қалған заман. Қазақтардың үйі ашық-шашық дарбазасы да жоқ,шарбақ есікті іліп қоя салады. Бір үйдің есік алдында жигулиі шарбақ ішінде тұратын.Сол жигулиге көптен көзім түсіп жүрді.Соны ұрлап сатып жіберсем әжептеуір ақша болады екен.Күздің қара суық бір күні түнде остановкаға шықсам бір студент жігіт жаурап автобус күтіп тұр екен.Қайда барасың десем ойында ештеңе жоқ «самалға» барамын дейді.Айттым үйде машинам оталмай тұр еді,итеріп жібересің бе апарып тастаймын деп.Жаурап тұрған студент бірден келісе кетті.Остановкадан үш төрт көше өтіп жигули тұрған көшеге келдік.сен осында тұра тұр деп алдымен барып бақылап алдым,бәрі шырт ұйқыда жатыр екен.Студентке артынан итер дедім.Ол ойында ешнәрсе жоқ бар ықыласымен итерді машина зыр деп оталып кетті мен газды басқан күйі тоқтамай жүріп кеттім,Артыма қарамадым да.Сол күйі машинаны бөлшектеп сататындарға апарып сатып жібердім.Бәрі ойдағыдай болды.Содан менің бизнесім басталды да кетті,кәзір де жартысы ұрлықы заттар сатамын.Ал ана машинаны итерген студент бишара ұсталып сотталып кетіпті.Менің тірлігім осылай басталған айтуға болмайтын тірліктер еді. Енді Ішіме симай бара жатқан соң айтып қойдым сіздерге./қолын сілтеп/ Кәзір заман «Су суға құяды,қу қуға құяды»ғой.Ақша ауысады деген жылдары біраз ақшаға алтын заттар алып бәйбішем Ақсәулеге беріп қойғам.Байлық жетеді тек қатал болу керек.Көрдіңдер ғой бизнесте аяушылық деген болмайды,ақшаға тоймайсың.Ал ақша талай қызығы мен былығын алып келеді екен.Ана екі тоқалымсол тосын сыйдың бірі.Міне Баққараның бақытты өмірі осылай басталған. Ауылдағы таныс достарым сатуға жарайды деп тапқан заттарын маған әкеп арзанға беріп кетеді.Мен үш есе бағасына сатамын маған жетеді сол.Мынау қорада 2тонна тұз,2тонна әк,тағы анау мынау тола.Сонда жұрттар менен әктен де пайда барма деп сұрайды.Пайда түгіл мына екі әйелім Күнайым мен Гулпатша осы әктің арқасында келген.Менің кәзір үш әйелім бар./қолымен үш саусағын көрсетіп/Осы үшінші әйелім Гулпатша осы ауылда шешесімен бірге тұратын отырып қалған қыз еді.жасы 26да.Бір күні шешесі осы қызын ертіп келіпті әк алуға.Қарызға сұрайды бердім.Ертеңіне келесі көшедегі жесір келіншек Күнайым келіпті,қарызға әк бересіз бе деп.Бердім.Содан екеуі күнара келеді әк сұрап.Күндіз ала беріңдер десем кешке келеді білмеймін./иығын қиқаң еткізіп/Қора қопсысының бәрін,әжетқанасына дейін әктеп алды.Содан ойлана бастадым, Күнайым мен Гулпатша әкті қарызға алып жатыр не болар екен деп.Содан не керек бизнесім тоқтамай жалғаса берді,ана екі қарыз алған Күнайым мен Гулпатша қарызға батып ақыры маған тоқал боп күйеуге тиді.Мен ойлаушы едім,осы адамдар екі үш әйелді қалай алады деп.Көбісі осындай жолмен үйлене береді екен ғой.Міне біз де үш әйелі бар бай болып шыға келдік.Енді міне қыздарым бой жетіп тұрмысқа берейін деп жатырмын.көресіздер.
2ші көрініс
/Баққара үйі,бай жиһаз,дүние,үйде Баккара,Ақсауле,Күнайым,Гүлпатша шай үстінде/
Баққара Ақсәуле ана заттарды
Ақсәуле /сөзін бөліп/ Қай заттарды
Баққара /жақтырмай/ Ана заттарды айтамын,тығып қой деген,айттым ғой бұл қатырмайды деп.Әй сол заттарды мына екеуіне бөліп бер еге болсын, жақсылап тығып қойсын
Ақсауле А а көтек оларды қайда қойып едім.
Баққара Өй әкеңді,қай жері несі ей мынаның.Бол тап тез. /көзі аларып кетеді/
Ақсәуле Болды әкесі болды, есіме түсті болды .Кәзір беремін
Баққара Болса соны алып кел кәзір,осы жерде мына екеуіне беріп қойяйық, тығып қойсын сен қартайайын дедің бір күні қай жерге қойғаныңды ұмытып таппай қаларсың, мына түріңмен.
Ақсәуле /орнынан тұрып,екі түйіншекті алып келеді.Мінеки әкесі әкелдім./ Жеңі мен балағына алтын тығылған шапан мен шалбарды әкеліп жерге қояды./
Баққара Бер мыналарға тығып қойсын адам баласы көрмейтін жерге.Естідіңдер ме жан баласы бімейтін болсын. /ала көзімен қарайды Сейсекүл мен Үрпатшаға/
/Күнайым мен Гүлпатша қосарлана/ Әрине,әрине
/Ақсәуле түйіншекті шешіп қарай бастайды қазақы шапан мен шалбардың,жеңі мен балағынан оралған алтынды алып/ Әкелдім Бәке мінеки.
Ақсәуле /Күнайымга/ Мә мына алтын сенде болады жақсы сенімді бір жерге жасырып қой /екінші алтынды Гүлпатшаға ұсынып/
Сен мынаны алып тығып қой.Ешкім бімейтін болсын естідіңдер ме.Өздерің ғана біліңдер.
Баккара /шапанды ұстап көріп/ Атамның көзі ғой бұл / Ақсәулеге қарап апарып қой деп береді.Өзі де сыртқа шығып кетеді./
Гүлпатша Мұны қайда тығамыз енді,білмей тұрмын.
Күнайым Мен де /ойланып/ Осыны сол шапанның ішіне жасырып қойсақ,содан сенімді жер жоқ сияқты маған
Гүлпатша Шынында содан сенімді ешнәрсе жоқ кіліті де біреу ақ,абысында болады
Күнайым Дұрыс айтасың,табылған ақыл сөйтеміз.Онда кәзір мен абысыннан өткендегі тығып қойған жүзігімді аламын деп сандықтың кілтін сұрап алайын,бола ма.
Гүлпатша Әрине болады ол да білмеуі керек қой
Күнайым Жүр ендеше /екеуі шығып кетеді/
/ Баққара мен Ақсәуле шығады/
Ақсәуле Ана аудандағы милиса бастығының баласы біздің Гулмаралды жақсы көремін депті.
Баққара /таңдана/ А а,оны кім айтты /құлағын тосып/
Ақсәуле Гулпатша кеше ауданға барғанда,сол ауылдағы таныс әйелімен кездесіп қалып сол айтыпты
Баққара Тағы не депті
Ақсәуле Не дейді,мен Гүлмарал деген қызды ұнатамын,соған ғана үйленемін дептіі.
Баққара Бақ деген осы даярлана бер.Болды,болды /кеудесін кере/ Бір ауданның начальник милицясы құда болам деп жатса жүрегің неге жарылмайды а бәйбіше. Ха-ха ха /күледі/
Ақсәуле Жарылады,неге жарылмайды әкесі
Баққара Полиция.Бастық.Құда. /екеуі кетеді/
/Күнайым мен Гүлпатша шығады.Авансценада./
Күнайым Енді дұрыс болды ол үйге артық адам кірмейді,жата береді,шапанға ораулы кілті бәйбішеде.
Гүлпатша Ол шапан осы уақытқа дейін ешкімге керек болмаған,енді керек дейсің бе кім іздер оны
Күнайым Иә /кетіп барады/
3ші көрініс
/жарық жанады,Қолдарына кетпен күрек ұстаған бір топ адам Баққараның үйінің жанынан өтіп бара жатып қақпа алдындағы Баққараны көріп тоқтап/
Шал Ай Баққара өткенде ана қалаға кеткен баламның атындағы жерге гос акт шығарып беремін дедің.Шапкісін бердім.Кейін бір жылдан кейін анау Дауылбай келіп тұр.Мынау менің жерім міне гос актісі Баққара жасатып берген деп.Қарасам менікі мен екеуі бір жер ол қандай болды сонда.
Баққара мен білмеймін көке.Мөр басылған ба басылған.Қол қойылған ба қойылған.Оны ана жақтан сұраңыз.
Шал Енді мына жерді кәйтеміз /күмілжіп/
Баққара /Қолын шыртылдатып/Шәпкі,шәпкі көке онсыз бітпейді,болды әкеңіз,не деген түсінбейтін адамсыз.
Шал Осы бұрын бәрі тегін еді ғой.Кішкене пенсиямды қайда жеткізем.Күн көрісіме ме шәпкіге ме айтыңдаршы /қалыққа қарайды сұраулы жүзбен/ Осы шәпкісіз тірлік біте ме.
Баққара Шәпкісіз тірлік біткенін қай жерден көрдіңіз./Саусақтарын санамалап/ Жұмысқа тұрасыз ба шәпкі. Қит етсе шәпкі сұрайды.Осыдан он жыл бұрын кредитті де шапкісін беріп алған жоқ па. ба едіңіз.Онсыз тірлік бітпейді.Солай көке мен кеттім,асығыспын. /шіреніп кетеді,шал басылып қалады.Ерхан көріп тыңдап келеді/
Ерхан /Баққараның артынан/ Ей шәпкі,шәпкіңді таппай қаласың.бар,бар. /қолын сілтеп.
Шал /Ерханға мұңын шағып/ Осы жерге құжат жасап бер дегеніме бес жыл болды.Өзімнің жақыным ғой деп күтіп келемін.
Ерхан /кекете/ Бұл не дейді
Шал Анау дейді мынау дейді.Істеп беремін күте тұрыңыз дейді.Сөйтіп жүргенде ауылда бос жер қалмапты ғой.
Ерхан Сіз мынадан сұрап жүрсіз бе.Осы жерлер мұның әкесінен қалған жер ме екен,ол өзінің жұмысын білсін.
Шал Ойбай ау осы ауылда жер туралы сөз айтсаң Баққарға бар,Баққара тындырады дейді.Кәзір жер қалмады Баққара бәрін беріп қойды дейді, мен қайдан білейін.
Ерхан Әй бос белбеу бауырларым ай /төбеге қолын шошайтып/ Аноу жақта елдің егесі үкімет бар.Бәріңнің көзің ашық,қайдағы біреудің барып кел шауып келін құдайдай көріп.кім ол Баққара деген,ол өз жұмысын білсін.Әкімшілік бар жер комитеті бар ,өздерің шешсеңдер болмай ма.Ай аңқау қазағым ай кім көрінгенге жем болған./кете бастайды/
/Ашық дарбазадан,Баққараның қыздары Гүлмарал мен Айерке қарап тұр.Көңілді таңырқай халыққа қарап қалған/
/Жайдарбек Айшуаққа қарап ымдайды қызды көзімен көрсетіп/
Жайдарбек /әндете/
Баққара байдың мекені,
Жас дәурен зулап өтеді
Қос сұлу шықты алдымнан
Желбіреп желмен етегі
/Басын изеп,ымдап/ Танисың ба
Айшуақ Әрине танимын /күлімсіреп Гүлмаралға қарап тұр/
Көркем Мынау қасындағы сіңілісі ме
Жайдарбек Иә сіңлісі
Көркем /таңырқап/ Мәә, мен әкесі дүлей болғанға қызы қандай екен деп жүрсем
Жайдарбек /Көркемге/ өзің бір шабыттанып тұрсың ғой.Кәне бір шумақтан жіберші төгіп,төгіп.
Көркем /қораздана тұрып,бүйірін таяна/
Келген де жерім Шекелі
Бағым бар екен екі елі
Ілер ме екен көзіне
Біз сияқты текені
Осындай қыздар қайда бар
Осындай қыздан пайда бар
Орайы келсе ойнап қал
Қондырсаң қолға пайда бар
/Жайдарбек жастар,қарқылдап күліп жібереді/
Мейірім /Гүлмаралға қарап,күлімсіреп/ Жастар жүрген жер көңілді ғой.
Гүдмарал /есітіп,үнсіз жымияды/
/Баққара күлкіні есітіп қақпадан шығып қарап қалады,сұстана.Халық кетіп барады,,Айшуақ Гүлмарал екеуі бір-бірімен баспен ымдасып амандасып өзімен өзі күлімсіреп жатыр,басқа әңгімемен ісі жоқ,Баққара байқап қалады тіксініп ала көзімен ата қарайды./
Жайдарбек /Айшуаққа/ Жүр, мына әкесі жаман ғой
/Айшуақ артына алаңдап кетіп барады/
Жайдарбек /Айшуаққа сыбырлап/ Кешке келеміз
Баққара /артына қарап/ Әй Мейірім неменеге мәз болып тұрсыңдар,кіріңдер ішке жұмыстарыңа барыңдар.Гүлмарал мен Айерке қыздарына үйге кір деп ала көзімен қарап,қолын көтеріп сілтеп жатыр.Мейірімді иығынан ұстап тоқтатып/
Баққара Мына қызға көз қырыңды көбірек салып жүр.
Мейірім Жарайды әрине
Баққара Ана Ақсәулеге де айтып қоямын,қызына еге болсын сол қыздың келешегінің жақсы болуы екеуіңнің қолыңда.есіңде болсын./кетеді қақпаны жауып жатыр/
Мейірім О не дегеніңіз,аға.
4ші көрініс
/Баққара үйі.Баккара,Ақсәуле, Мейірім отыр.Гүлмаралға құда түсуге құдалар келеді деп,соған дайындық жасап жатыр,Байбота шалға ұлттық шапан кигізілетін болып Баққара өз атасының шапанын Байботаға бермекші болып жатыр. Ақсәулеге шапан мен шалбарды әкел деп бұйырады./
Баққара Аудандық полиция бастығының баласы біздің Гүлмаралды ұнатып қапты,жақында кісі жібереміз деп жатыр деп естідік.Ақсәуле екеуміз құдалыққа бас құда болып Байбота көкем барсын деп шештік,сен де барасың құдалыққа /Мейірімге қарап/
Мейірім /таңдана/ Міне жаңалық,оны кім айтты.
Баққара Кім айтқанында нең бар.Полиция бастығы өтірік айтпайтын шығар
Ақсәуле Баланың өзі Гүлмаралға үйленемін депті.Жеңгесінің өзі айтыпты Күнайым айтты.
Мейірім Ә гәп қайда
Баққара Әне /Мейірімге қарап/ Естідің бе
Ақсәуле Жігіт жақсы таниды екен біздің Гүлмаралды
Баққара Жігіт сөз салып жатса кәйтеміз енді.Жақында құдалар келеді дейді.Байбота көкем бата береді жөнді шапаны да жоқ екен,қайда барса да кеудесіне темір таққан костюмін тастамайды сақырлатып,Ақсәуле ана үйдегі сандықтағы атамның құндыз жағалы зерлі шапаны мен шалбарын әкел,берейік сол шалға.Бұрынғы ата бабаларымыздай киіп отырсын құдалар келгенде,бата береді.
Мейірім Тым асығыс емес пе
Баққара Не деп тұрсың,сен /ақия қарайды/
Ақсәуле Жарайды әкесі тұр ғой үйде кәзір /шығып кетеді/
Мейірім Гүлмаралжан бой жетті, дұрыс қой.Қыз жігітті көріп пе өзі
Баққара Әй көргенде тұрған не бар,жүре ме сол сүйдім,күйдім деп.Кәзір құдаң мен күйеу балаң лауазымды бай бақуатты болса одан артық не керек
Мейірім /төмен қарап/ Ым,Ымм
Баққара Әкел ана шапан мен шалбарды,кәзір апарып береміз,
Мейірім Бәккара аға,қыз ол жігітті тани ма өзі
Баққара /дауысын көтере/ Мен танимын оны мен /ала көзіиен қарайды/әкесін ,әкесін танысақ болды емес пе
Мейірім А а болды көке,болды
/Ақсәуле кіреді/
Баққара /Мейірімді көрсетіп/Мынаған бер,Мейірім мына шапан мен шалбарды апарып далаға қағып әкел,/түйіншектегі шапан мен шалбарды береді.өзі киініп жатыр./.Мейірім түйіншектен шапан мен шалбарды алып далаға шығып қағып алып келіп сол түйіншекке орап жатыр.Баккара алып жүр ана түйіншекті, есікке қарай кетеді.Мейірім түйіншекті алып соңынан ілеседі.сәлден соң Ақсәуле Кунайым мен Гүлпатша кіреді,Ақсәуле сөйлеп келеді./
Ақсәуле Шүкір қызымның теңін тауып той жасайтын да кез жетті ау әйтеуір,Гүлмарал қызыма аудандық милицяның бастығының өзі құда болайын деп жатыр.Жақында құдалар келеді.Күтеміз дайындала беріңдер
Күнайым,Гүлпатша /жарыса/ Құтты болсын,
Ақсәуле Құдалыққа кімдер баратынын да ойластырып қойдық,Ертең құдалар келгенде бас құда болып Байбота қайнаға отырады,ол кісіге ақсақал деп үйдегі атам марқұмның зерлі шапаны мен шалбарын бердік қазақша киініп отырсын деп
/Күнайым мен Гүлпатша бір-біріне қарап,аң-таң болып/ Сол шапанды ма
/Ақсауле елейтін емес самбырлай сөйлеп жатыр/
Ақсәуле Сол шапанды өздеріңе берген едік қой, шапан мен шалбарды. /Күнайым мен Гүлпатша екеуі,аң-таң/Жақсы болды.Даладан Баккараның дауысы естіледі.Баккара мен Мейірім кіреді үйге/
Баққара Әй Ақсәуле Байболат көкеме шапан шап шақ екен, қуанып қалды,апам риза болып жатыр елеп ескергендеріңе рахмет деп
/Күнайым мен Гүлпатша көздері атыздай болып, сытылып шыға береді/
5ші көрініс
/Тоғайдағы көрініс,Баққара үйі.Ауласы қақапасы алыстан көрінеді.авнсценнада Көркем,Жайдарбек,Айшуақ тұр//
Жайдарбек Сен оған ғашықсың ба
Айшуақ Ия ғашықпын.Бірақ ондай қызға кім ғашық болмайды.
Кім біледі мүмкін жігіті бар шығар
Көркем Тоқта мен оны біліп беремін
Жайдарбек Ха-ха Баққараның үйіне кіру оңай емес,қызымен сөйлесу білмеймін енді
Айшуақ Гүлмарал мүлдем басқа әкесіне ұқсамайды.
Көркем Қызы өте ақылды,бірақ қасында сіңілісі бар,Гүлмаралдан мінезі де,түрі де басқа
Жайдарбек Көрдік қой өткенде
Көркем Сол.Маған сол екеуімен кездессем жетеді.Гулмаралдан бар сырын біліп келемін.Кәзір барамын.Кеттім мен. /кетеді/
Ставка айналып дарбаза болады,алдында Көркем.Ішінде аулада Гүлмаралдың сіңілісі Айерке жүр./
Көркем /Қақпаны тақылдатып,дауысын өзгерте// Ау-у,кім бар екен.
Айерке /Айерке келеді, қақпа астынан аяғы көрініп тұр,Көркем екеуі екі жағында көрініп тұр,қақпа қырынан ортада тұр/ Мен бар
Көркем Гүлмарал сенбісің
Айерке /дауысын өзгертіп/ Менмін ғой не керек
Көркем Сен керек едің
Айерке Міне алдыңда тұрмын ғой
Көркем Мен Көркеммін ғой.достық ниетпен бір құпия айтайын деп келдім
Айерке /Құлағын тосып/А ол не құпия
Көркем Сені бір жігіттер алып қашпақшы,өздері жақсы жігіттер емес,соны айтып қояйын деп едім /дауысын өзгерте шошыта/
Айерке /шаттана,естіртпей,өз дауысымен қуана/ Мені ме ол кім,қашан алып қашпақшы
Көркем /Айерке екенін біліп қояды,дауысын өзгерткен кұйі қолын аузына апарып/ Ертең кешке
Айерке /қуана қолын шапаттап/ Алақай
Көркем Неге қуандың Гүлмарал /наздана/
Айерке /ызақорлана қызғанышпен/ Мен мен,Гүлмарал емес,жоқ оның сүйгені бар
Көркем /көзін халыққа қарай қысып,қуланып/А а,Гүлмаралдың жігіті кім ол сонда
Айерке Осы ауылдағы жігіттің төресі,Айшуақ.Ол соны сүйеді.
Көркем /Көзін бадырайта таңдана/Айшуақ Болды,болды.Бірақ ана жігіттер сені,/сасып/ Гүлмаралды, ертең алып қашады,иә,иә Гүлмарал сені, сақ бол /еңбектей отырған күйі артқа қарай кетіп барады/
Айерке /қуана естіртпей/ Ертең алып қашады
6шы көрініс
/Баққара үйінің алды,Күнайым мен Гулпатша үрейлі /Тал түбінде отыр.Авансцена/
Күнайым Шапан мен шалбар кетті.Алтын шапан
Гүлпатша Менің шалбарым,алтын шалбар
Күнайым Иә саған атамның шалбары.Алтын шалбар
Гүлпатша Бәйбіше алтындарды іздей ме. /сасып/
Күнайым Әрине іздейді шапан мен шалбар не керек алтын тұрғанда /пауза,ойланып/.Шапанды апарып берген Баққара мен Мейірім ғой,содан сұраймыз ба.
Гүлпатша Мен қорқамын қалай сұраймыз оның қасында Баққараның өзі болды ғой.Қорқамын
Күнайым Ия екеуі бірге барды.Онда алтынды Баққара мен Ақсәуле алып қалды.Солай,солай.
Гүлпатша Ал егерде қалтадағы алтынды көрмесе ше онда не істейміз,оны кімнен сұраймыз.
Күнайым Ақсәуледен сұрасақ ол Баққараға айтады.Ал Баккакра алтын жоғалды десең білесің бе өлтіреді екеумізді
Гүлпатша /баж етіп/Ойбай атама,өлдік онда
Күнайым Сонда кімнен білеміз /ойланып/ Мейірімге айтуға болмайды,Байболат шалдан қалай білеміз
Гүлпатша Білейік те онда,қалай сұраймыз
Күнайым Ол шал алтынды алып осы уақытқа дейін үндемей жатса тірі айтар саған мен алдым деп.айтса сол кезде әкелер еді ғой шапанның қалтасынан шықты деп.
Гүлпатша Енді не істейміз.Байбота атамыз жайбарақат,шапанды киіп алып жатыр.
Күнайым Мұның бір жолы бар,жақсылап ас әзірлеп шалдың кемпірін шақырып шай үстінде әңгімеге тартып білсек болады.Көйлек орамалыңды даярла.
Гүлпатша Осылай істесек болады екен. Ертең шақырайық көз алдыма Баққара елестеп,жүрегім зуылдап барады.
Күнайым Тоқта ол болмаса тағы кім алуы мүмкін.Е е Ақсәуле алып қалуы мүмкін бірақ ол ойнамайды қызы күйеуге шығайын деп жатыр өзі ақ айтар еді тыққан алтындарыңды тауып алдық деп.
Гулпатша Иә Баккара да тып-тыныш олай болса білінер еді ғой
Күнайым Болды. Байбота шалдың айналасынан іздейміз,шапан мен шалбар соларда ертең кемпірін қонаққа шақырамыз болды.
7ші көрініс
/Баккара үйінің жанындағы тоғай маңы,Гулмарал мен Айерке шығады,қарайлап./
Гүлмарал Кім болды екен олар.
Айерке Әне біреулер келеді.Ты,ғыл шықпа өзім сөйлесемін.
Гүлмарал Сен сөйлесіп көр кімдер екен./Талдарды жағалай Айшуақ,Көркем,Жайдарбек келеді.Айеркені көріп Көркем /
Көркем Гүлмарал
Айшуақ /жан-жағына алақтап қарап іздеп/ Кәне Гүлмарал
Айерке /күліп/ Мен Гүлмарал /Айшуақ қарап қалған/
Көркем /жақындап/ Бұл менің Гүлмаралым /Айерке,Жайдарбек мәз,Айшуақ түсінбей қалған/
Айерке Көркемге наздана еркелей қарап,кәне қыз алып қашатын жігіттерің
/Тал тасасынан Гүлмаралга сығалап/
Көркем /жарқылдай/ Міне /Айшуақ пен Жайдарбекті көрсетіп.
Айерке Ал мен келдім орталарыңа кәне алып қашыңдар мені /қолын жайып шалқалай Көркемнің құшағына құлай кетеді.Айшуақ үнсіз таңырқап тұр/
Көркем Міне алып қашатын жігіттер.Айшуақ кәзір алып кетеді /Айшуақ басын шайқап саусағын шошайтып жымияды/
Айерке О-оо, мен онда шақырайын қалай алып қашады екенсіңдер көрейін,Гүлмарал а Гүлмарал
/Гүлмарал шығады Айшуақ қолынан ұстап тал түбіне барып тұрады,Көркем Айеркенин қолынан ұстап сол жағына кетеді,ортада Жайдарбек /
Жайдарбек /қолын жайып,бармағын көтеріп/ Міне осылай,во /шығып кетеді/
Айшуақ Гүлмарал сені алғаш көрген кезде ақ осы үйде әсем бір құс қамауда тұрғандай осы жаққа аңсарым ауып,келгім келе беретін болды. Құс боп ұшып төбеңнен түскім келеді.Осыншама әдемі құс қоршау ішінде қалайша өмір сүріп жатыр деп қиналдым. Күн сайын көргім келді.Тағатым таусылды.Ақыры кездестік ау.Енді жібергім келмейді.
Гүлмарал /жарқ етіп күле/ Алып қашасың ба
Айшуақ /ойлы/ Білмеймін.Саған біреулер құда түсіп жатыр деп есіттік.Сені ешкімге қимаймын. Сені ешқайда жібергім келмейді.
Гүлмарал /ойланып қалады/ Мен де,ұнатқанымды тапқым келеді
Айшуақ Ғашықтығымды қалай сездірсем деп ойланып жүр едім.
Гүлмарал Менің әкемді білесің ғой,біреуге жаман, /пауза,бетіне қарап/ Маған әке, кім болса да.
Сол әкем мені бір байдың баласына тұрмысқа берейін деп жатыр. Осы аптада алып кетуге құдалар келеді. Ал мен өз сүйгеніме қосылсам деп ойлаймын.
Айшуақ Осы аптада құдалар келеді деймісің, /шалт өзгере/ Менімен кетуге дайынсың ба
/сұраулы жүзбен/
Гүлмарал Сен дайын болсаң
Айшуақ /ойлана/ Мен сен үшін бәріне дайынмын,әке шешем айтады олар қалыңмалды көп сүрайтын шығар,біз ел сияқты барымызды береміз сенен аямаймыз,оларға біздің алыс берісіміз жақпай жүрмесе деп /төмен қарап/
Гүлмарал Алыс беріс. Мен сатылмаймын,бақытты өмір сүрсем болды,сол байлық жетеді
Айшуақ /қуана/ Не деген ақылдысың Гүлмарал,Мен бұрынғыдан да ынтық боп бара жатырмын,тіпті қос қанат біткендей жүрегім алып-ұшып тұр /жақындап көтеріп алып айналдырып ала жөнеледі.
Гүлмарал /сықылықтап күліп/ Жарайды,жетеді /қысылып жатыр/ Қоя бер
Айшуақ /көңілді/ Не істейін енді алып қашайын ба ертең
Гүлмарал Қойшы /Тал арасына қарай кетеді/
/Көркем мен Айерке сол жақтан шығады паралельно жүрген көрініс/
Көркем Білесің бе Айерке
Айерке Нені білем .
Көркем сені жақсы көремін соны білесің бе
Айерке Білемін әрине,Сені де білемін мен шақырсам, маған құстай ұшатыныңды
Көркем Өйд де жаным,осы дуалдың арғы жағындағы сені көз алдыма елестетсем қаз,үйректер елестеп кетеді көз алдыма Сені аяймын қамалып бір жерден шықпайтын ерке құсым далаға шығып қанатын жайып ұша алмай тордың ішінде отыр ғой деп.Бірақ маған осылай ұнайсың әдемісің.Қиналатыным өзіңе ғашық болғалы бері осы дуалдың есігіне телміріп қапастағы тотыма қалай жетемін деп күн өтіп келеді.Сенесің бе
Айерке Әрине сенемін.Сен келеді деп темір торға тесіктер жасап қойғанмын.Дауысың естілсе болды дуалды жағалап жүргеніңді білемін де, жүгіріп қақпа алдына келе қоямын.Білесің бе.
Көркем /көтеріп алып айналдыра бастайды,көңілі жадырап,билеп кетеді/ құтқарайын ба тордан
Айерке Тотым десең,құтқарарсың қашанғы қамаламын
Көркем / жадырап / Онда құтылдым дей бер.Ертең алып қашамын сөздің ашығы.
Айерке Дұрыс ойлаған екенсің.Лашыным.
Көркем Ойым осы.Уәде осы ғашығым. / Айеркени қолынан ұстап ортаға шығарады,арғы оң жақтан Айшуақ,Гүлмаралды алып шығады қолынан ұстап.музыка/
Жайдарбек Дәурен күнде тұрмайды
Теңіз бол да тасып қал
Бақыт қолын бұлғайды
Табыссын шын ғашықтар
8ші көрініс
Байбота шалдың үйі.Дуал /ставка/ үйдің сырты.Есік аузында Күнайым мен Гулпатша дауысты есітіп есік аузында тыңдап тұр.Үй ішінен Байбота шалдың дауысы шығып жатыр.Байбота төрде шапан мен шалбарды киіп жамбастап шіреніп жатыр.
Күнайым Тиішш /Саусағын ерініне апарып,аңырып бір біріне қарап қалған/
/Іштегі дауыс,/
Сейсекүл Шал ау нағыз бай патшаның өзі болдың ғой,енді бір құндыз бөрік болса
Байбота Болсақ боламыз да,әкеміздің шапаны ғой,әкеміз бай болмап па еді
Сейсекүл Ал мынау қалай көрші
Байбота шал дауысы Пах-пах шіркін.құлпырып кеттің ғой кемпір у аа
Күнайым Тыныш тыңда. /Бір біріне аңырып қарайды,иектерін көтеріп/ Естідің бе
Сейсекүл /іштегі дауыс/Мынау ше
Байбота шал Өй мынаның жарқырауын ай тегі
Күнайым Естідің бе,алтынды айтып жатыр /есікті нұсқап/ кәзір
/Күнайым мен Гүлпатша ымдасып таң қалып мақұлдап жатыр үнсіз,есіктің жақтауынан сығалап жатыр еш нәрсе көрінбейді/
Сейсекүл Ал мынаған қарашы енді /Күнайым мен Гүлпатша екеуі есікке жабыса қарап жатыр/
БайботаАй кемпір ай Енді мынауың күннің көзі түссе тіпті жалтырап кетеді екен шіркін әдемі боп кетті
/Күнайым Гүлпатша одан сайын ынтыға есікке жабыса түседі бірақ іштегі ешнәрсе көрінбейді,есікке пистолет жарығы түсіп тұр қалған сахына қараңғы.Кунайым мен Гүлпатша асығыс есік ашқанда сахнада жарық жанып Байботаның үйінің іші көрінеді./
Байбота Жетер енді біратала жас келіншектей жасандың ғой /Күнайым мен Гүлпатша бір-біріне қарап алып Күнайым есікті ашып жіберіп екеуі кіріп келеді де селтиіп түрып қалады.Байбота шал шапан мен шалбарды киіп алып төрде жамбастап жатыр.Алдында дастархан жаюлы.Ортада кемпірі жаңа мәсісін киіп шалына көрсетіп тұр Мәсісі жаңа әміркен мәсі, жалт-жұлт етеді/Күнайым мен Гүлпатша көздері шарасынан шыға бір-біріне аңтарыла қарап қалған, пауза./
Күнайым Гүлпатша /қосарлана бастарын изеп/ Дұрыс,дұрыс
Сейсекүл Ойбай ау неғып тұрсыңдар отырыңдар. /екеуі есік аузына отыра кетеді/
Байбота /көңілді/Иа келіңдер келгендерің жақсы болды.Мына кемпір құдалыққа не киемін деп сандықтағы жаңа кебіс мәсісін шығарып киіп көріп жатыр еді
Сейсекүл Кәзір мен шай қойып жіберейін /ойында ешнәрсе жоқ/
Күнайым мен Гүлпатша /қосарлана сасқалақтап/Жоо-жоқ әуре болмаңыз біз әшейін,мына жақтан келе жатыр едік
Байбота Нан ауыз тиіңдер онда
Күнайым мен Гулпатша нан ауыз тиіп жатыр,бір-біріне бұлар емес дегендей көздерімен ымдап, тұра бастайды/
Байбота А келін не болды сонша асығысып
Кемпірі Шай ішіңдер /Күнайым мен Гүлпатша орындарынан тұрып кемпірді қолтықтай есік жаққа барып/
КүнайымАпа сізді ертең түсте ұйден шай ішшін деп едік,құдалықты да біраз ақылдасып алсақ деген едік қой
Гүлпатша. Соған ертең түсте біз сізді үйге қонаққа шақыра келдік /орындарынан тұрып кетеді/
/Кемпір есік аузынан қалады/
Байбота Жай жүр ме екен сонша асығыс
Сейсекүл Е анау,ертең келіңіз құдалық туралы әңгімелесейік дейді.Ой шал ай сен де әйелдердің тірлігіне араласып. /Шәйнегін алып кетіп барады/
9шы көрініс
Баққара үйі.Жасаулы сәнді бай мебельдер қойылған.Баккара сырттан кіреді.
Баққара Ақсәуле құдаларға беретін алтындарыңды дайындай бер.
Ақсәуле Е алтын дайын ғой,одан қам жемеңіз
Баққара Білемін ғой алдын ала түгендеп дайындап қой,деп жатқаным ғой /Сыртқа шығып кетеді.Ар жағында сахынада Ақсәуле дауыстап,Кунайым мен Гулпатшаны шақырып жатыр/
Ақсәуле Күнайым Гулпатша /Екеуі келеді сәл күдіктілеу үрке қарап тұр/
Ақсәуле Өткенде берген алтындарды әкеліңдер,құдағиларға сый сыйапат жасаймыз
Гүлпатша /Үрейлі/ Әкелеміз /бір-біріне қарап жалтақтай/
Күнайым Әкелеміз бір екі күннен кейін /дауысын созып,күдікті қарап/
Ақсәуле Әй құдалардан хабар келіп қалады,ертерек әкеліңдер
Күнайым Әрине /Ақсәуле сыртқа шығып кетеді,Күнайым мен Гүлпатша үйде қалады/
Гүлпатша Енді кәйттік
Күнайым Іздеу керек
Гүлпатша қайдан іздейміз Баққараға айтамыз ба
Күнайым Өй жындысың ба өзің,қоя тұр ол білмейді.Білсе сол кезде айтар еді сендердің тыққан алтындарыңды тауып алдық деп.Тоқта анау қасындағы Мейірім алмады ма екен.Бірақ олай бола қоймас Баққара екеуі бірге барды ғой,Баккараның көзінше бақыр тиын да ала алмайсың,мүмкін емес. Ымм.
Гүлпатша Туу басым қатып кетті.Енді қайдан іздейміз
Күнайым Табылады біреу алып тығып қойып не болар екен деп отыр мен білсем шығады іздеу керек жақсылап, қорықпа.
Гүлпатша Қорқамын Баккарадан қорқамын /Осы кезде Баққараның зор дауысы естіледі/
Баққара Әй қатындар
/Гүлпатша селк етіп бүрісіп,қолын аспанға көтеріп басын бұға қорғаншақтап дір-дір етіп/
Гүлпатша Әне айттым ғой
/Баккара кіріп келеді,артында Мейірім,Күнайым мен Гүлпатша қолдарын қусырып/
Кунайым Гүлпатша. Келіңіз
/Баққара масаттанып,қоқилана Мейірімге қарап/
Баққара Ал айт мыналарға,құдалар қашан келетін болды /ары-бері жүре бастайды/
Мейірім /кербездене/ Келесі сәрсенбі күні келтіреміз
/Күнайым мен Гүлпатша саусақтарын бүгіп санап жатыр/
Сейсекүл /сыбырлап/ Келесі апта
Баққара /тоқтап қолын аспанға шошайтып, шірене/ Сәрсенбінің сәтті күні /Бар дайындала беріңдер /екеуі асығыс шығып барады/
/Ақсәуле кіреді,Мейірім амандасады/
Мейірім Саламатсыз ба
Ақсәуле Саламатпыз
Мейірім /Ақсәуле мен Баққараға қарап қулана/ Аға,жеңге қарындасым Гүлмаралдың өз теңін тауып қосылатынына қуаныштымын
Ақсәуле Соны айт,теңін тауып жатқаны қуантады ғой бізді
Баққара Әрине солғой,хе-хе-хе /күледі/
Мейірім Онда Гүлмаралдың өзін шақырып, разы ма сұрайық
Баққара /Елпілдеп/Шақыр,шақыр сондай жігітке бара жатыр неге бақытты болмасын /Ақсәулеге/ Шақыр Гүлмаралды келсін осында
Ақсауле /есік жаққа барып дауыстап/Гүлмарал қызым келе қойшы бері
/Гүлмарал келеді,Баққараның арт жағында Мейірім Гүлмаралга ымдап тұр/
Ақсәуле Қызым қосағыңды тапқаныңа ырзамысың /Гүлмарал жаутаңдап Мейірім жаққа қарайды Мейірім ырзамын деп айт деп ымдап жатыр/
Гүлмарал Ырзамын
Баккара /Масаттана қоқиланып/ Айттым ғой әне менің қызым
Ақсәуле Бағың ашылсын күнім,қосағыңмен қоса ағар. /Мейірім бас бармағын көрсетіп мынадай болды деп ымдап мәз болып жатыр/
Баққара /маңдайынан иіскеп/ Ақылды қызым менің /дауыстап/ Ақсәуле әкелші ана қызыма деген ақшаны беріп қояйын
Ақсәуле Кәзір папасы /барып алып келеді/
Баққара Бетті әкел мінки,олар бай адамдар жақсылап киін,тағатын алтындарың ешкімде жоқ бағалы болсын,Күйеу бала өте бай жігіт. /сүйеді/
Ақсәуле /Баққараға ақша ұсынып/ Мінекиіңіз
Мейірім /Баққараға/ Енді қызыңызға жақсылап бата беріп жіберіңіз кәнеки
Баккара Бақытты бол, әумин. /барлығы бетін сипайды/
/Мейірім Баккара үйінен шығып сыртында,Күнайым , Гүлпатша екеуімен кездесіп қалады/
Мейірім Жеңгелер құдалар өте жақсы адамдар.Бәріміз танимыз,несін сасамыз күйеу жігіт өте ақылды керемет жігіт
Күнайым мен Гүлпатша Біз де соны білейік деп едік,қандай екен,құдалықты сәл кейінге қалдырсақ болмай ма екен.
Мейірім /іші сезіп/ Не сіздер,сонда қалай.
Күнайым Жо-жоқ біз әншейін,дайындық аз боп қалады ма деп
Мейірім /әтейі/ А а,Баққара ағам мен Ақсәуле жеңгем дайын болса болды ғой,қыз мақұл деп отыр.
/Мейірім ары жүріп кетеді,Гүлпатша Күнайымдыі алдыңғы авансценаға шығарып сыбырлап/
Гулпатша Менің басым қатайын деді.Не істейміз.Шақырдық Байботаның кемпірін барымызды алдына қойдық күттік,Сөз сұрап алғандай сұрадық мардымды жауап болған жоқ. Сонымен кетті,түк те біле алмадық.
Күнайым Бұл кемпірдің асты үстіне түсіп жатсаң да ешнәрсе сұрап ала алмайсың
/ Мейірім үйдің есігін ашып ойланып қайта жауып бұрылып Үрпатшаларға жақындайды/
Мейірім Жеңеше /екеуі селк ете қалады/
Күнайым А біз осындамыз./Екеуі абдырап қалады/
Мейірім Сіздерге не болған
Күнайым /тез есін жинап/ Ешнәрсе айта бер
Мейірім Ана Байболат ата мен Сейсекүл апа ертең қалаға базарға алып барып кел құдалыққа анау мынау аламыз дейді,сіздердің анау-мынау ала кел дейтін тапсырмаларыңыз жоқ па соны айтайын деп едім
Күнайым мен Гүлпатша / көздері алара қосарлана/ Жоқ,жоқ бара бер
/Мейірім үйге кіріп кетеді/
Күнайым /артына қарайлап/ Өмірі қалаға бармайтын бұл екеуі, базаршыл бола қалыпты,пенсиядан басқа ешнәрсесі жоқ көп ақшаны қайдан алды екен
Гүлпатша Мен де соны ойлап тұрмын
Күнайым Бұл екеуі құдалыққа белсенді дайындалып жатыр,мұнда бір гәп бар мен білсем
Гүлпатша Ымм солай сияқты.
10шы көрініс
/Баққара үйінің іші,сырттан Ақсәуле кіреді айқайлай/
Ақсәуле Ойбай құрыдық
Баққара /көзі ақшия/ Не жау шапты ма
Ақсәуле /аузын алақанымен басып үрейі ұшып тұр/
Баққара Айт тез не айқай
Ақсәуле Алтындар жоқ /зәресі ұшып/
Баққара Жоғы қалай қандай алтын
Ақсәуле Өткендегі Гүлпатша мен Күнайымга берген алтындар.
Баккара /орнынан көтеріое/ Жоғы қалай шақыр ана екеуін
Ақсәуле /айқайлап шақырады//Күнайым мен Гүлпатша артынша кіреді. Күнайым мен Гүлпатша екеуі көздері шығып бір-біріне соқтығысып зорға тұр,дір-дір етеді/
Баққара /зәрлі екеуіне/ Алтынды қайда құрттыңдар
Күнайым мен Гүлпатша //бір-біріне қарап/ Біз,біз ана шапан мен шалбарға салып қойғанбыз
Баққара Ана менің атамның шалбары мен шапаны ма
Күнайым мен Гүлпатша /қосарлана/ Иә,иә сол
Баққара Өй әкеңді,әлгі шал,мен, мен қазір /есікке қарай атылып шығып кетеді,жолындағы Ақсәулені итере мит
бір-біріне қарап көздері аларып,тізелері қисайып иықтарын түйістіріп құлап отырып қалған/
/свет өшеді, дүсірлеген музыка,қайта жарық жанады Ақсәуле келеді/
Ақсәуле Ойбай құрыдық ол үйде де жоқ /көздерін ашқан Күнайым мен Гүлпатша қайта талықсып кетеді/ Қайнаға алтын көрген жоқпыз дейді біттік енді өлтіреді
/даладан айқайлап Баққара кіреді,Күнайым мен Гүлпатша селт етіп атып тұрады/
Баққара /Күнайым мен Гүлпатшаға тесіле қарап/ Ол жерде кемінде бір миллионның алтыны бар табыңдар,қайдан тапсаңдар да./жерді ұрғылап,Ақсәулеге /
Баққара Миғұла
Ақсәуле /көзін жұмып ашып/ А-ааһ
Баққара Күнайым мен Гүлпатшага қарап/ Сайтандар қайда жібердіңдер
/Күнайым мен Гүлпатша көздері ала пұла болып/
Баққара /айқайлап тесіле айнала қарап/ Табыңдар тез,Жоғалыңдар/ Ақсәуле,Күнайым Гүлпатша милары ашып қалбалақтап айналып бір-бірімен соқтығысып шығып барады/Баққара соңынан кетеді свет өшіп,жарқ-жұрқ етіп жанып,Дүңк-дүңк еткен дыбыстар,ыңқ-ыңқ еткен Кунайым мен Гүлпатша,Ақсәуленің дауыстары қосылып шығып жатыр,
Дыбыстар Ойбай өлдім,өлтірді.Әкесі.Аңқ./тарс тұрс дыбыстар./
/екі минуттан соң Ақсәуле басын ұстап Күнайым қолын ұстап,Гүлпатша аяғы ақсаңдап шығып келеді,артынан Баккара ақырып алдына салып кетіп барады/
2ші бөлім
11ші көрініс
/Авансценада Мейірім шығып өтіп бара жатып тоқтап/
Мейірім Бұл не боп барады өзі,қорқайын дедім мен.Мына Баққара қатындарын қырып тастамаса болғаны /өтіп кетеді./
Баққара үйінің қақпасының алды.Қақпа есігінен Тобанияз сүріне қабына атып шығады.Қолында телефон,шұқылап келеді
Тобанияз Осы телефонға бір тыным жоқ не деген адамдар ақшасы таусылмайтын./телефонға шұқшиып үңіле/ Желдің ұйтқуы,секундына...жаңбыр жауады.Жел күшейеді найзағай ойнайды,дауыл тұрады. /басын көтеріп,халыққа қарап/
Күндіз де осы, тіпті түнде де осы, хабарлама таң атқанша үш төрт рет оятады.Бұлардың ақшасы тасып бара жатыр ма,қазақстанда қанша миллион халық бар.Солардың әрқайсысына күніге бес алты хабарлама жібере беретін не деген сұмдық таусылмайтын ақша бұл.Кім беріп жатыр соншама ақшаны үйіп төгіп.Сел болады,дауыл тұрады дейді.Бүрсігүні боран басталады Баккараға жібердің бе хабарламаңдыЯ алла сабыр бере гөр Баққараға /телефонды шұқылап жатыр,артынан Мейірім келіп күліп қарап тұр.
Тобанияз Мә-мәссаған,үніңді біржолата өшіріп тастайын./телефонды өшіріп/Кәзір барып Мейірім құрдасымнан білемін жағдайларын /артқа бұрыла беріп Мейірімді көреді де өзгере/ А а,екеуі қосыла күледі,Мейірім басын шайқап,Тобанияз иығынан ұрып мәз болып біраз күледі/ Мейірім А Тобанияз сонша не болды телефонға шұқшиыпӘйеліңнен жасырған бір сырың бар ма. /күледі қарқылдап/
Тобанияз Мына бір хабарлама /сасқалақтап/ жел,жаңбыр,дауыл дей ме күндіз түні келеді де тұрады.
Мейірім Иә қалай амансың ба /әлі де күлкісін баса алмай/
Тобанияз Аман,аман
Мейірім Соған үйрендік қой түнде телефонды өшіріп тастайтын болдық.Бірле дұрыс келеді ,бірде қате.Бірақ бір дауыл шынымен кле жатыр ау деймін,/сынай қарап күлімдеп тұр/
Тобанияз /қобалжып,кейін бірден өзгере,арқасынан ұстап/ Бұл дауыл түсініксіз дауыл боп тұр тосыннан
Мейірім Аңқылдап/Түсініксіз дауыл бола ма екен,солай деп жазып жіберіп пе.
Тобанияз /қулана/ Мен жазып әкеліп тұрмын ғой /сынай қарайды/
Мейірім /күдіксіз аңқылдай/ Не әкеп тұрсың айта бер
Тобанияз Сен құрдасымсың әрі ауылдасымсың.Айтайын.Қарындасың Гүлмаралды құда түсіп ұзатқалы жатыр екенсіңдер.
Мейірім Иә,иә
Тобанияз Баккара көкеңнің жайын білеміз.Гүлмарал өз сүйгеніне бара жатыр ма
Мейірім /ойлана/ Әй құрдас ай енді сол жағы маған да түсініксіз болып тұр.Қыз ол жігітті көрмеген Баққара ағамды білесің,өзіне ұнаса болды ешкімді тыңдамайды.
Тобанияз Баққара ағаңның аяғын алып келе жатқан сен ғой енді,сені тыңдар мүмкін
Мейірім Кім тыңдар,Баққара ма ал тыңдады не айтасың сонда.
Тобанияз Мені білесің
Мейірім Әрине,құрдасымсың /арқасына қолын салып/
Тобанияз Менің Айшуақ деген інім бар
Мейірім Білемін,білемін
Тобанияз Сол інім мен Сенің қарындасың Гүлмарал жақын құсайды./Мейірімге қарайды/Сөз байласқан екен,жас қой енді
Мейірім /басын изеп/ Ымм
Тобанияз Мен өзіңді арқа тұтып құрдасыи деп,құда түсіп келсек қалай болар екен деп айтуға келдім
Мейірім Дұрыс,дұрыс,мен қосыламын
Тобанияз /бірден көңілденіп/ Мұның жақсы болды ау Мәке
Мейірім Мұны ешкім білмесін /бас бармағымен арт жақты көрсетіп/ Жігіт пен қызға қиын болады.Ағамның сырын білесіңдер.
Тобанияз Болды, болды
Мейірім Ақбалға жаным ашиды айналайын ақылды қыз ғой.Сол қыздың бақыты үшін еш нәрседен аянбаймын. Өзім де біліп жүрмін екеуі бір-біріне жарасып ақ тұр
Тобанияз Әп бәрекелді Мәке.Жолым болды.Көңілім енді орнына түсті рахмет
Мейірім Ағыл тегіл дүниеге үйреніп қалған ағамның көңілін табу қйын болады,әрине сендерге соны ойлаңдар.Баққара да басқа да ешкім бұл жайды білмеуі тиіс,құрдас,ешкімге тіс жарма.
Тобанияз Құлдық/екі қолын кеудесіне қойып иіле/ білмейді.Білсе қуып шығар
Мейірім Тысс үндеме ол жағын өзім жайғастырам
Тобанияз Ой алтын құрдасым ай
Мейірім Тек жігіт пен қыз, алдын ала сыр білдіріп қоймасын
Тобанияз Одан қам жемеңіз ақылсыз балдар емес
Мейірім Жарайды,құда /қарқылдап күліп кете барады/
Тобанияз Жақсы,жақсы /телефоны шыр ете қалады/ тез-тез телефонды алып көріп жатыр үңіле/ Ертең бірсүгүні дауыл тұрып кешке қарай басылады. О дайындалу керек. Дауыл күтілуде. Саусағын көтере шошайтып кетіп барады.
/Мейірім артынан шығады./
12ші көрініс
Дуал қоршау сыртындағы ағаштар арасында Айерке,Көркем,Айшуақ,Гүлмарал кездесіп тұр.
Айерке Әкем күйеу балаларын көрмей жатып,полицияның бастығымен құда боламын деп елді дүрліктіріп жатыр.
Гүлмарал Енді не істеймін,әкемнің бары сол.елдің бәрімен жақсы емес.Бірақ бізді жақсы көреді, ешнәрсесін аямайды.
Айерке Күйеу баласын көрмей жатып мақтай береді.
Айшуақ /қызғана/ Гүлмарал сен оны көрдің бе.
Гүлмарал Жоқ.Үйде оны әлі ешкім көрген жоқ.
Көркем Міне қызық жиырма бірінші ғасыр,бірін-бірі көрмей үйлене береді.
Гүлмарал /қысылып/ Қойшы Көркем
Айерке Енді үйленбейсіңдер ме, өздерің.
Айшуақ /Гүлмаралдын қолынан ұстап жеке шығарып/ Мен әке шешеме айттым,қуанып дайындалып жатыр.Бірақ анам әкесі біздің бергенімізге көне қояр ма екен деп ойланып қалды.
Гүлмарал Ол жағын ойластырармыз.Маған соншалықты даңғазаның керегі де жоқ Айшуақ /бетінен сипап/.көреміз
/Мейірім жақын келіп тыңдап тұрған.Шығып/
Мейірім /жұмсақ үнмен/ А Гүлмаралжан
/Гүлмарал бетін басып төмен қарап қалады/
Айшуақ Сәлеметсіз бе
Мейірім Саламат па айналайын. Гүлмаралжан бәрін білемін.Қысылма шырағым.Бері қара. /қолынан ұстап шетке шығарып./ Мына екі қалтада алтын бар,сен Айерке екеуің алыңдар.Осы бір бақытты күндеріңе жаратсын деп өздеріңе арналған алтын жүзіктер мен алтын әшекейлер. /Гүлмарал аузын қолымен басқан күйі /алады/ мұны ешкім білмесін. Бұл жөнінде ешкімге айтпаңдар, керек десең әкең мен шешеңе де.Кейін өзім айтамын,жарай ма. /арқасынан қағып кетіп барады,Гүлмарал пакеттегі алтынды алып Айшуаққа қарай барады./
Гүлмарал /Айшуаққа/ Тысс,Айерке жаққа қарап Көркем мен Айерке талдың арғы жағында көрінбейді/
Гүлмарал Осы алтын жетеді бізге./қуана/
Айшуақ О не алтын ба.Соншама көп алтын не үшін берді.
Гүлмарал Өзімнің алтыным ғой.Осыны керегімізге жаратамыз. Міне./Қуанып.Екі қалтаны көрсетеді/
Айшуақ Аа-а
Гуүмарал Айшуақ сен қысылма мен өзім саған мына ақшаларды беремін деп алып келген едім./қалтасынан ақша шығарып/ Мына ақшаларды ал, қажетіңе жаратасың./
Айшуақ /шошып/ А аа,Бұл не,сонда
Гүлмарал Ақша да алтын да өзімдікі сен қысылмай ал./жалтақтап жан-жағына қарап қолына ұстатып,қалтасына салып жатыр//
/Айерке мен Көркем көрінеді,Гүлмарал алтынды жасырып, ақшаны Айшуақтың қолына ұстатып қалтасына салып жібереді
Айшуақ А-аа
Айерке /жақындап келе жатыр/ Не боп жатыр
Гүлмарал /қулана Айеркеге/ Болды қайтамыз,жүр бізді іздеп жатыр. /Айшуаққа сыбырлап/ Жақсы. Ертең таңертең осы жерде кездесейік /қолын көтеріп қоштасып жатыр/
Айшуақ Жарайды /Көркем екеуі кетеді/
13ші көрініс
/Баққара үйінің сырты.Қақпасы ашық тұр.Ерхан мен Баққара тұр сөйлесіп./
Баққара /қолындағы гос актыны Ерханға беріп/ Мә, осы жақсылығымды ұмытпа.Мынау өзің айтқан Шерхан ағаңның жерінің гост актісі.Кәзір кім көрінгенге гост акт жасап бере бермейді бәрі таныс арқылы.,оңай емес.Сен енді тыңда тегіннен тегін ешнәрсе жасалынбайды,осыны біліп ал.
Ерхан /гост актіні ашып көріп,көзі шыға дірілдеп/ Он бес соттық,қалғаны қайда,отыз соттық еді ғой.
Баққара /ыржалақтап күмілжіп/ Енді... біз де
Ерхан /көзі қызарып ашуға булығып /О азғын.Біз Баққара байыды,бізді жарылқайды деп жүрміз. /жұдырығын түйіп алған/ Әкелеріміз елге ел қосылса құт,елге келіңдер деп құшағын ашушы еді. Есіңде ме әне бір қйын жылдары анаң екеуің нағашыларыңа кеткенде Мықтыбай атам мен Зейін атам, қайта-қайта барып жүріп алып келген жоқ па еді.Ағайындар жиылып асарлатып үй салып беріп құшағына алған еді ғой.Соны жасаған біздің ата бабаларымыз емес пе, солардан қалған аманатқа билік жасап білгеніңді істеуге қандай қақың бар сенің, опасыз.
Баққара Ол қалада тұрады келмейді,одан да екеуміз бөліп алайық дедім.Өзі жоқ қой дұрыс па.
Ерхан Мә дұрыс. /Жұдырығымен періп қалады,Баққара қолы ербеңдеп құлап барады,шалқасынан екі шынтағын тіреп жатып қалады/ Өй аузыңды...сс-сенің
/Баққара еңбектей тұрып қақпаға қарай кетіп барады.Мерген келе жатыр/
Ерхан Бар,бар.Кір ініңе.
Мерген /Ерханға/ О ағалар сіздерге не болған.
Ерхан /ашуға булығып тұтығып тұр/ Симай жатырмыз
Мерген Не, неге симай жатырсыздар.
Ерхан Симай жатырмыз, қимай жатырмыз,Баққара екеуміз.Ағайындар бір-бірінен алыстап барады, келсеңдер жер бөліп беретін едік қой деп қимай жатырмыз.Сол айқай. /кеңкілдеп күліп,кекете/ Мына Баққара солар кеп қалар деп жердің бәрін алып қоршап жатырмын ғой дейді.Мен не керегі бар сонша жерді қоршаудың десем ол,қоршау керек деп екеуміздің басымыз бір қазанға симай жатырмыз,қимай жатырмыз.
14ші көрініс
/Баққараның үйі есіктің звоногы шырылдайды,Баккара есікті ашып/
Баққара /зәрлі,ашулы өктем/ Кім бұл
/Сыптай киініп галстук таққан екі жігіт келеді.Документтерін көрсетіп./
1ші жігіт Саламатсыз ба
2ші жігіт Баккара сіз бе
Баққара /дауысын көтере/ Ия менмін
1ші жігіт /қалтасынан бүктеулі қағаз алып/ Сізге мынаны полиция бастығы полковник Дауылбай мырза беріп жіберді /ұсынады/
2ші жігіт Сау болыңыз /екеуі бұрылып кетеді/
Баққара /жүзі көңілдене шетке шығып қағазды ашып оқиды дауыстап/ Баққара мырза.сіз не деген надан адам едіңіз,менің сыртымнан аудандық полиция бастығымен құда болайын деп жатырмын деп,дүйім жұртқа жар салып жүр екенсіз.Мен сізге қашан құда боламын деп айтып едім.Мен туралы әңгіме айтуды доғарыңыз,болмаса жауап бересіз. /Баққараның түсі өзгеріп / А а а. Өңім бе түсім бе. /басын ұстап отыра кетеді./ А-а,қатындар. /артына қарап жұдырығын түйіп,үй жаққа бұрылып үйге кіріп барады./ Баққара /қолын сілтеп/ Бітті бәрі.
/Баққара үйінің ауласы,есік алдында өзінің тақ сияқты жасалған айналмалы креслосында отыр.Баккара мас,беті ісіп кеткен./
Баққара /Әрі жылап,әрі кұңкілдей күледі./ Менің бастық құдам қайда.Мен құдай бақ берген Баққара бай болдым, төрт құбылам сай болды,/Өз-өзінен күледі.Кавказдық келеді Әзиз/
Әзиз /Баққараны айнала үңіле қарап,/Кеудесін қолымен басып,басын шайөап,акцентпен/ Вай,вай,вай.Ай өлміштім ай,өлміштім.Баққара көке-е, сізге не болган.Біз сіз деп жүрміз ғой тапқан нәпақамызды сізге әкеліп,не боп кеткенсіз,мыналарды кімге сатып пұл қыламыз енді.Әй өлміштім, ай өлміштім. /Қойнын саусағымен көрсетіп/
Баққара /бұрылып қарап / А келдің бе Әзиз, /ыржиып әзілдегенсіп/ Тауық бар ма,тауық
Әзиз Бар,бар көке тұқымымен бар /Курткасының алдын ашып бір шетінен тауықты көрсетеді.Артынан қабат, қабат көйлек киген сыған әйелі шығып етегіне салған жұмыртқаларды көрсетеді.Екеуі ыржиып жымиып тұр.Баккара тұрып қолынан ұстап отыр. /ылай алақанының ізі түсіп қалған./
Баққара Міне нағыз достар,бұлар тауықты жұмыртқасымен ұрлайды, маладец / Ерсі күледі,сығанның еркегін сүйейін деп қолын созады, анау тауығы қоқылдап қанатын қағып әбіржіп жатыр./Баккара алға ұмтыламын деп креслодан құлап түседі,қолын созған күйі/
Баққара /ыржалақтап/ Әкел тауықты /қолын созып жатыр, барып отырады креслосына/
/Дарбазадан бір топ адам келеді. Баққара бүйірін таянып шүйлігіп отыр.Адамдар арасынан Ерхан шығып/
Ерхан Ей Баққара Сен бүгін Баққара емес нағыз Боққара екеніңді көрсеттің /қолындағы қағазды көтеріп көрсетіп/
Баққара Айта бер,Ерхан айт.
Ерхан Ей Боққара, ал мынау арам қағаздарыңды. /бетіне лақтырады/ Мынауың заңсыз, істеген тірлігіңді жөнде десем,қолыңнан келгенін істе кәзір документ сөйлейді сен емес дейді,бұл алаяқ.Бұл өзі ауылдың бір шетінен үй тігіп алып жатқан өзінше бір билік,ел бар екен деп ешкіммен санаспайды.Міне осы Баққараның билігі.
Халық /шулайды/Бұл Баққара емес Боққара,бұл әбден есірді, анау өзен не боп кетті суалып,іші толған қоқыс.Тозып барады.Осының тірлігі соның бәрі ауылды сасытып тұншықтырып барады.
/Бір топ ауыл ақсақалдары келеді,Баққараны көріп ашулы /
Ақсақал /Баққараны көріп тұрып қалады,аңқиып,қолын кеудесіне қойып/ Астапралла. Астапыр-алла. Мынау не болып кеткен.Азаннан бері ауылды шулатып жатқан сен бе.Тек ит боп үрмепсің шошқа болып аунапсың ғой әбден. /Баққара кеудесіне қолын қойып/
Баққара Ассалаумалейкум
Ақсақал Тәйт,әрі шайтан құсамай,түрің не мынау./жан-жағына қарап/ Ұялмайсың ба елден.
Баққара /төмен қарап/ К кешшіріңіз
Ақсақал Бар,бар мына түріңмен қалай тұрсың ұялмай.Жуынып кел.
/Баққара басы салбырап сұлқ түсіп кете барады/
Ақсақал /Артынан қарап/ Аюан болу бір пәсте,адам болу әсте-әсте.түрін қарашы./адамдар үнсіз қарап қалған/
Ерхан Ей Баққара сен мүлдем азғындап кеттің.Сен асқақтама,Тірлігің алдау, арбау,бірінің малын екіншісіне ұрлатып сатып, пайда табу.Ел бар ау деп айылыңды жыймайсың,әбден есірдің.Жоғарыда өкімет бар ау демейсің,жан-жағыңды қырып барасың құдайдай.Бір өзің,өз алдыңа бір билік жасап алғың келеді. Елбасындағылармен де санасуды қойып барасың.Мен Баққарамын, өзім бимін,өзім қожамын,маған бағынасыңдар деп бұрын соңды болмаған әдетті шығарып жүрсің,тый мұныңды.
Баққара Кешіріңіздерші /басын иіп сұңқиып отыр./
Ақсақал Тұр орныңнан. /зеки/ Сенен гөрі ит ақылдырақ ақымақ.Сен соны білесің бе
Баққара /басын шұлғып,күмілжіп созып/ Біл-мей-мін
Ақсақал «Мықтының боғын иіскеген ит құтырады» дейді.Өсітіп есіріп бай болып жүргенің кешегі мықтылардың арқасы емес пе,осыны білдің бе, сен ақымақ. /таяғын көтеріп/
Баққара /тізерлеген күйі ақсақалдың алдына келіп,басын иіп аяғынан ұстап/ Жаздым ата жаңылыппын,ататай кешіріңізші. /Бәрі Баққараға жақындайды,айнала,үнсіз.Пауза//
Ақсақал Жаңылғаныңды енді білдің бе.Өзім дегенде өзегіңнен теппейтін халқың бар, орныңды тапқаның дұрыс ақымақ
Баққара /одан сайын егіле,жанұшыра/ Ататай,ататай құлыңмын ататай /аяғын құшып жатыр/
Ақсақал /халыққа қарап/ Мынау Баққара елмен санаса ма
Халық Санасады
Ақсақал Жоқ,жітікке қараса ма
Халық Қарасады
Баққара /дір-дір етіп / Міне жаным,міне иманым
Ақсақал Маған емес халыққа қарап айт
Баққара Кешіріңдерші ағайын /қолын қусырып басын иеді/
Ақсақал Баққараның билігі құлады. /халық үнсіз бастарын төмен қаратады,Баққара ұнжырғасы түсіп кеткен,осы кезде Күнайым мен Гүлпатша,Байбота,Сейсекүл,Ақсәуле , шығады сахнаға.Гулмарал мен Айерке Баккараның екі жағына келіп қолынан ұстап тұрғызады.Баккара Гүлмарал мен Айеркенин қолдарындағы алтындарға қарап,күлімсіреп./
Баккара Алтындарды ұстап/ А алтын,алтындарым менің /Есіл дерті алтындарға ауып,алтындарды ұстап таңырқап қарап жатыр/ Алтындарым табылды ма,а-аа /пауза/
Мейірім /жүгіре басып келеді / Құдалар келеді / «Құда,құда дегізген...» әні орындалып тұрады./
Баккара А а,бастық құдам менің кәні /түрі өзгеріп көңілдене/
Мейірім Ойбай ау әне /қақпа жақты көрсетіп/
Баккара /алақтап/Құдам менің /бұрылып құдаларды бастап келе жатқан Тобаниязды көріп,бір қолымен Тобаниязды көрсетіп,бір қолымен кеудесін басып/ Құда, О тоба,Тоба,Тоба-н-нияз ғой мынау./бөліп-бөліп/ Кәне құда /Мейірімге қарап
Мейірім Осы ғой құда, /Баққара мен Гүлмаралга қарап жымиып,Тобанияз қосыла жымияды қалғандары ауыздары аңқиып қалған./
Баққара /айнала қарайды бәрі жымия бастайды,Баққара да күледі/ха-ха-ха /қарқылдап/ Т.Т.Тобанияз ғой мынау,тоба,тоба. /саусағымен көрсетіп/
Мейірім /жымиып/Осы құдаңыз
Баққара А-аа,Мм-ынау,мен құда ха-ха-ха /өзімен Тобаниязды кезек көрсетіп/
Мейірім Я аға құдасыздар,қызыңыз Гүлмаралдың қалаған жігіті Айшуақ әне күйеу балаңыз Тобанияздың інісі./Баққара ежірейе қарайды/ Тобанияз құдаңыз алдыңызда тұр.
Баққара Тоба,тоба /Гүлмарал мен Айерке қолтығынан сүйейді.Баққараны Мейірім қолынан Тобанияз екеуі ұстайды,музыка,би «Ойпырмай,ойпырмай» әні.Свет,қызыл-жасыл.Артқы жақта бидің көлеңкесі силуетпен берілген./ Баққара Гүлмарал мен Айеркенің қолдарынан ұстап кезек,кезек қарап күлімдеп,көңілденіп тұрып келеді.Ақсәуле, Гүлпатша Гүлмарал,Айерке,Байболат,Сейсекүл жақындап сахынаның арт жағына тұрады./свет ауысады.Музыка. Халық ортаға шығып, Баккараны ортаға алып билеп кетедіі.Ортасында Баққара.Арт жақта бөлек Гүлмарал Айерке,Мейірім,Ақсәуле,Айшуақ,Көркем,Байбота,Сейсекүл,Тобанияз қатар тұр.
Баққара Халықпен қосылып ән айтады.Хормен.
Халық
Баққара біз біргеміз
Бірге ойнап күлгеміз
Ешді есің кірді ме,
Тағы адасып жүрмеңіз /соңғы екі жолы екі рет қайталанады//халық айнала отырады шапалақ ұрып би қимылын жасап/
Баққара /Билеп өлең айтады ортаға шығып/
Ей халайық жарандар
Маған жөндеп қараңдар
Баққара боп байыдым
Оған қандай шамаң бар
Шеттен шығып кетіп ем
Сыбаушы едім шетінен
Суайт едім сусыған
Соған енді өкінем
Ниетім де өзгерді
Өзгеретін кез келді
Аталарға рахмет
Мейірімін сезгемді
Халық / Орнынан тұрып айнала қол ұстасып билеп/
Баққара біз біргеміз
Сөгілмесін іргеміз
Жолың болсын Баққара
Тағы адасып жүрмеңіз /Баққараны қоршай билеп айнала ортаға алып шығып кетеді/
Соңы