Адам қарады: 186 | Жарияланды: 2017-08-14 08:32:30

Өмір иірімдері

                                               Өмір   бастауы

 

     Ілияс Мағриби ғұламаның «Адамның аспани табиғаты» кітабында еркектің ұрығы қырық күннің ішінде судан қанға айналатыны, осы іс әрекетті жеті қат көктен Зухал жұлдызының басқаратыны баяндалған. Ендігі қырық күннің ішінде ұрықтың қаннан етке айналуын Муштари жұлдызы жүргізетін көрінеді. Онан соң, қырық күн бойына ұрықтың еттен сүйек пайда болуын Маррих жұлдызы басқарса керек. Күннің қырық күнгі әсерінен ұрыққа жан бітеді екен. Жан біткен ұрықтың қырық күннің ішіндегі адам пішініне бейімделуі Зуһра жұлдызына байланысты болса керек. Осы шақта адам пішіні қозғалысқа енеді екен. Ал, нәрестеге сезімнің пайда болуы Ғұтрад жұлдызының әсерінен делінген. Баланың Айдың қамқорлығымен толысып, екі жүз сексен күнде, дәлірек айтқанда 9 ай, 10 күн шамасында дүниеге келетінін  растапты.

    Жұлдыздардың мұндай басқару іс-әрекеті рас болса, жыл мезгілінің жазын Алатаудың бел ортасындағы жайлауында, қысын Қоғалының бойындағы қыстауында өткізген, сол өңірдегі Жаныс елінде болыстық биліктің тізгінін ұстаған, ұлтшылдығымызға ұстын болған, елінің бірлігі мен тыныштығы, ынтымағы мен берекесі үшін тірлік кешкен Байғұл бабаның кенже ұлы Сыдық пен Арыс бойын мекендеп, аты сол өңірге жайылған Төле Шымырдың ұрпағы Рзуаның Қоғалыдағы қонысында өмір есігін 1953-жылғы ақпан айының 14-жұлдызында ашыппын. Ол өзіндік ерекшелігімен тарих қойнауынан орын алған жылдың бірі. Тап сол жылдың 5-наурызы коммунистік қағидамен  Кеңес Үкіметін басқарған И. В. Сталиннің қайтыс болған күні екен.

   Ғұламаның айтуынша, Адам заттының рухы бұл өмірдің тіршілігіне қырық күннің ішінде қалыптасатын көрінеді. Ал, көзқарасының  қалыптасуына  кәмелет жасының төңірегін, толысуына 43 жастан әрменгісін меңзейді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

   Туылған нәрестенің омыртқасы бекіп, қабырғасы қатқан соң, төрт жасқа дейін Айдың қамқорлығымен бес түлейтін көрінеді. Мұны бізде «бесік баласы бес түлейді» -дейді. Баланың төрт жастан он екі жасқа дейінгі ғұмырын Ғұтрад жұлдызы басқарса керек. Бұл өте жылдам, баланың шапшаң, балалық балғын шағы. Жиырма мен отыздың арасын, ең шешек атқан шақты Зуһра, одан кейінгі отыз бен елу жастың аралығын әуелі Күн, кейін Маррик жұлдызы басқаратынын ескертеді. Ол кез- Адам баласы әбден шарықтау шегіне жетіп, бар өнерін сыртқа шығаратын кез. Адам баласы елуге келгенде есін жиып, ақыл тоқтататын шақ. Кәрілік келіп, адамның қозғалуы қиындаған кезін Зухал жұлдызының басқаратынын  жазған.   

  Ғұламаның жұлдызнамасында Ғұтрад атаулы жұлдыздың болмысыма күш-қуат дарытып, түйсігіме көгілдір көкке көз тігуге, ұшқыр қиял қанатымен көңілді қиянға шарлатуға септігін тигізгені айтылады. Қалай десек те, бала кезден оянған зеңгір көкке деген құштарлық қиялды әлдилеумен бірге, азаматтық миссияларға бастаудың  қайнар көзі екендігі айқынды.

   Мұнан шықты, аспан әлемі-шексіз кеңістік, мөлдір әлемнің бейнесі, тазалықтың символы. Зеңгір көк  әрқашан бала кезімде көрген қалпында, сәбидің жанындай  таза, жігіт арманындай асқақ, бабалар өсиетін дей мәңгі... Табиғатқа деген махаббатым балалық шағымда-ақ ашылғандай. Өйткені, оның әсері өзгедей көріністен өзгеше. Қаншама елдің табиғатына қызықсам да, олардың көркін өскен ел мен жерімнің көркіне теңестіре алмадым.  

О, Жер, Анам!

Өзіңнің сәбиіңмін құндақталған,

Түсіндім...

Сенсіз, Ана, күн жоқ  маған,

Асылып жауыр қылған арқаңнан да

Қойының  әлдеқайда қымбат  маған!

   Менің жарық дүниенің есігін іңгәлап ашқаннан бергі балалықтың таңғажайып қиялы мен арманына толы кезеңі қасиетті Ұзынарық елді-мекенінде өтті. Одан дүрбелеңді жігіттік пен үйлі-баранды шақтар облыс орталығында жалғасын тапты. Мінез-құлқым да сол өлкенің ауа райындай, көркім Қоғалының көркімен үйлесім тапқандай. Қасым Аманжолов айтпақшы:

Адаммын, ала құйын мінезі бар,                            

Жанының желі жоқтар қайтып ұғар.  

Сары аяз, сықырлаған үскірікпін,                                                                                             

Кейде жаз, кейде күзбін, кейде бұлтпын.  

Табиғи анама  мен тартып туғам,  

Туғанда күн нұрымен бетті жуғам.

    Айтса айтылғандай, өмірімнің рухани ажары, болмысымдағы қасиеттің бәрі Аллаһ Тағаланың бұйрығы мен Ұзынарықтың топырағынан, суы мен ауасынан пайда болғаны хақ... Мұқағали ағам айтқандай: 

 

Мен Таулықпын!

Тау дейтін алып жүрек  АНА  туған!

Киік  сүтін  еміп  ер  жеткенмін,

Қуат  алып  қыранның  қанатынан»-  деуге толық құқым бар. 

 

                                                                 *     *     *

 

  Ғалымдар қандас, жақын туыстар арасындағы неке мен бір ауылдың жігіттері қыздарының  үнемі  бір-бірімен ғана үйленуі (мұны андогамды неке деп атайды екен)түбіндей қайғылы салдарға ұрындыратынын айқындап келеді. Соңғы кезде біздің облыс тұрғындарының арасында  осындай  некелер азды- көпті орын алуда. Оның ауыр зардаптарға соқтыру ықтималдығын Әзербайжанның  ұлттық  дәстүрі баяндалған Комсомольская Правда(Москва) газетіндегі мына жазбадан байқауға болады.

  Осы елдің Қобы ауыл тұрғындарының  80 нен астамының терісі тым созылмалы және де адамның жасы артқан сайын терісі тым кең киімдей салбырап, иірім- иірім болып, салпылдап  қалған.Зерттеушілер мынаны анықтаған. Бұл ауыл тұрғындарының  бәрінің арғы атасы бір адам екен және ол кісінің терісі резина сияқты созылмалы болыпты. Оның ұрпақтары жақын туыстар арасындағы неке және андогамды неке( ерлі-зайыпты лардың екеуінің де үнемі бір ауылдан болуы) жолы мен ғана тұрмыс құрып, балалы- шағалы болған. Соның әсерінен арғы атаның терісінің созылмалығы ұрпақтан-ұрпаққа  жұғысты болған.

   Әзербайжан ұлтында тіптен, ағалы-інілі кісілердің ұл-қыздары бір-бірімен некеге тұруға жол берілген. Сондықтан да болар, медицинаға белгілі тұқым қуалайтын 4 мың ауру түрінің бұл елде талассемия деп атала тын түрі көп тараған. Ол қауіпті кесел. Ондай аурудың түріне сырттай қарап ажырата алмайсың. Оның пайда болу, даму кезеңін білмей қаласың. Сәби сияқты болып дамиды. Салмақ қосады. Бірақ, алты айға толған шамада кенеттен қандағы қызыл түйіршіктер кемиді. Бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Сөйтіп, бала көбіне шетінейді. Медицинада қандас және андогамды некеден туған баланың талма, керең, мылқау, ақыл-естің әртүрлі кемдіктегі-«қоянерін», «қасқыр жақ», «алты саусақ» сияқты ауру түрлеріне  жиі ұшыртайтыны дәлелденген.

  Оларға «патша ауруы»- гемофилия , яғни, қанның ұйымауынан оның тоқтамай ағуы да тәндік қасиет. Бұл тікелей жақын туыстық некенің салдары. Демек, қандас және андогамды некелерге жол бермеген дұрыс. 

   Міне, ұлттығымыздағы жеті атадан аспағанмен құда болуға тыйым салынғаны да сондықтан болар, сірә! Тіптен бір атаның ұрпақтары тек екіншісінікімен ғана қандас болуы өзгелерге тәнті.

   Десем де, үш жүздің  ішінде Аллаһ Тағаланың бұйрығымен өз руының ұл-қыздары бір-бірімен некеге тұрмайтыны да баршылық. Бұған да тәубе! Өйткені, бұл рудың асыл қасиеті бүкіл қазақ еліне үлгі! Ол жалғыз- Жаныс бабамның  ұрпақтары . Жастарымыздың талаптанып көргендері бар. Бірақ, оның соңғы жағы ел-жұртымызға қасіретті жағдайымен мәлімді.

 

                                                                     *   *   *

 

 Шұрайлы Қоғалының тумасы- Қазанғаптың ақындық дастанында баяндалғандай, ұлылығымен аты әлемге әйгілі Бәйдібек бабаның кіші тоқалы Домалақ Анамыздан кенжелеп туылған Дулатқа Аллаһ Тағаладан бақ қарап, Қыдыр дарыған. Айтқаны тегін кетпеген, ауызы дуалы бабамыздан Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр есімді ұлдары қасиетті Қазығұрт тауы мен Әбілқасқаның (үлкен Шымған) аралығында туылып, сонау Алматы облысына дейінгі аралықта өсіп-өрбіген. Қазанғап Байбол ұлының дастанында Дулат бабамыздың төрт ұлының төртеуінің бойларына  біткен  қасиеттерін  байқамаққа:

«Сынамаққа  балларын,

-Қоныс көріп келгін,- деп

Кезегімен жіберді.                                                        

Сиқым барып көреді,

Шоқпар сайлап жүргенді.

-Нәсілің шырағым,

Серілікті бердім,- деп                                                                          

Бата беріп жіберді.

Ботбай барып екінші,

Найзаласқан жау көрді.

-Ұрпағың батыр болсын-деп,

Бұған да жауап берді енді.

 Енді Шымыр жөнелді,

Қоныс қарап қыдырған,

Шұбырған талай ел көрді.

-Байлық тиді еншіңе,-

Деп айтады ілгергі.                                                                                                  

Төртінші Жаныс  барғанда,                                                    

Төбелесіп екі адам,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Жүгініскен дау көрді.

-Нәсілің бек болсын,-деп

Беріпті рұқсат дейді енді»-деп, бата бергендігі жырланады. Расында да, Сиқымға серілік, Жанысқа билік, Ботбайға батырлық, Шымырға байлық дарыған екен.

   Бергісіне келгенде, Жаныстың бәйбішесі Толғанайдан Жанту, Жантан, Жарлықамыс, Оймауыт, Бөгежіл дердің туылғаны шежіреден белгілі. Жеңгелей алған әйелінен- Қара, Қапал туылса керек. Қапалдың шешесі қайтыс болған соң, оның сіңлісіне үйленген. Одан- Өтей туылған. Ал, жеңгелей алған екінші әйелі Нұрия  қайтыс болған соң, оның сіңлісі Қарашашты әйелдікке алған. Одан Өтеулі дүниеге келген. Өтеулінің көзі көкшіл, әрі шегір көзді болғандықтан, Шегір деген лақап атқа ие болған деседі. 

   Ал, Жантудан- Жайылмыс, одан- Қожамберді, одан- Құдайберді, одан- Әлібек туылған. Құдайбердінің Құдайменде, Әлібек, Тоқпан, Ақтай, Түгелбай, Балқыбек, Данай, Қарашәуке, Тасыбек есімді тоғыз ұлы болыпты. Майлықожа ақынның:

 «Ер Төле Әлібектен әзіз туған,

 Бектігі тоғыз ата тұқым қуған»-дегеніндей, Әлібектің бірінші әйелі Малбикеден Ақбота, Шора дүниеге келсе, екінші әйелі- Боқтықтан Өтебай, Елібайлармен бірге Ташкентті он екі жыл билеген, ұлтына тіреу, халқына сүйеу болған Төле би бабамыз туылса керек. Тарих беттерінде Төле би баба жөніндегі айтылымдар жетерлік. Оны түгелімен естелік жиынтығына кіргізу мүмкін емес.

    Әйтсе де, Төле би бабамның артындағы ұрпағына ұлттың мұратына адал болуды, халықтың мүддесіне қиянат жасамауды, осы жолда шындықты жасырмай айтып, жағымпаздық пен жалтақтыққа жол бермеуді өсиет етіп қалдырғаны дүйім елге мәлім. Қайткен күнде де семсер сөзді сертке ұстап, бүкіл күш-жігерін, ақыл-парасатын ұлтының өсу, өрлеу-өркендеу жолына бағыштап ғұмыр кешкен ұлы тұлғаның аманатына қиянат жасауға болмайды деп ұғынған жөн.

    Төле би бабадан Қожамжар, Жолан туылса керек. Одан Шойбек датқа, Қасымбек болыс, Момынбек

болыс бабаларымыз туылса, қазіргі таңда Астанадағы ғылыми институттың бірін басқаратын академик

Тынысбек Қалменов, атақты әнші, Парламент Мәжілісінің депутаты болған өнер иесі Нұрлан Өнербаев,

Оңтүстік Қазақстандағы мемлекеттік университетінің тарих саласындағы ғалымы Алтаев  Болаттемірлер де Жолан бабамыздың ұрпақтары. Атам:

- «Біздер Құдайбердінің Әлібегінен тарағанбыз. Оның Бесбала есімді ұрпағының ішіндегі «Қой соймас» әулетіненбіз»-деп отыратын. Айтса айтқандай, Құдайберді ұлы Әлібектен үш ұл тараған екен. Олар- Өтебай, Төле (Төлеби) мен Елібай. Өтебай бабаның ұрпақтары Қасқасу, Керегетас және Алғабас елді-мекендерін жайлаған. Төлеби бабаның ұрпақтары Көксәйек, Қазақстан мен Сайрамсу  бойындағы т.б. елді-мекендерде өсіп-өрбіген. 

    Ал, Елібай бабаның ұрпақтары Дәуітбай, Қойсоймас, Айтбай, Айтқұл, Айтқожа есімді ұлдарынан өсіп-өрбіген. Олардың негізгі шоғырланған жері Ұзынарық ауылы. Ұрпақтарының жалпы  атауы- «Бесбала Жаныс» болып аталып келеді.

    Жер бетін топан су басқанда, Нұһ пайғамбардың кемесі тоқтаған, тіршіліктің келесі кезеңі нің басталған жері- Қазығұрт тауының шығыс бетіне жалғас, қоңыр нардай жерге шөккен ақшулан өркешті Алатаудың іркес-тіркес шоқылары ның бел ортасындағы «Байғұл баба» жайлауы сонаудан көзге ілінеді. Бұл жердің табиғаты  ерекше. Жайлаудың төңірегі аршалы. Жан қадырын мал аяғымен теңгерген  бабаның малы Сусіңген көлінің суын ішіп, төңірегіндегі шүйгінді жайылым да жанын жайлаған.

    Байғұл бабамның іс-әрекетінің жұрнағы күні бүгінге дейін сақтаулы. Ол тау етегіндегі Қасқасудың суын Қоғалыға жеткізетін арық. Мұхаммед(с.ғ.с) Пайғамбардың Қадисінде айтылғандай: «Мұқтаждыққа сай су көздерін ашқан, жол, ғимарат салған, бала оқытып біліммен сусын датқан адамды қалай құрметтесе де оған лайықты». Сол айтқандай, Байғұл бабам Ресей патшасының Ташкенттегі губернаторына бір үйір жылқы беріп, қыстауына арық тартқызып, су жүргізу үшін жер маманын ауылға  ертіп келген. Жер маманы арықтың орналасу жоба сын картаға енгізіп, бір данасын Байғұл бабама берген. Арық қазылатын жердің басында есекке тас толты рылған қоржынды артып, ауылға қарай басын бос жіберген. Оның жүріп өткен жерінен арық тартқызып, Қасқасудың бір құлақтан астам суын «Бесбала Жаныс» ауылына жеткізіпті. Содан «Бесбала Жаныс» елді-мекені арықтың ұзындығына сай, бұрынғы «Қоғалы» атауы енді «Ұзынарық» боп аталып кеткен.

 Қоғалы жер атауы, ендігісі Ұзынарық,

Байғұл баба қаздырған қонысына күшін салып.

Жаныстың Бесбаласы қыстағына қоныстанған,

Қойсоймас  әулетімен  бүгінде ұрпақ жайып. 

 

Бұл жерің соншалықты жұрттан қалған қоныс,

Тұл денесін қаншаманың қойнауына алған қоныс.

Баласын әкесінен, қосағын күйеуінен ажыратып,

Олардың қайғысынан, жоқтауынан қалған қоныс. 

 

Асан қайғы кезінде бұл араны шолып өткен,              

Жер қарап, он екі жыл бойында желмаямен.

Соңынан, кезектісі  Байғұл бабам жөнін тауып,

Ұрпақтары оның да бұл өмірді талақ еткен.

 

Мінәжатым Аллаһқа!

Тіленішпен көкке қарап, қол жайғанда

Өмір шіркін,  шолтаңды көш қой қашанда,

Сол көшіңе ілесіп кетсек-дағы бәріміз де,

Аты өшпесін, мекеніміз Қоғалының әманда!

   Елібай бабамыздың ғұмыры қысқа болыпты. 37 жасында дүние салып, артында қалған бес бірдей баласы Өтебай мен Төленің қамқорлығымен ер жеткен көрінеді. Ол кезде олардың мекен-жайы Шыршықтың бойында болса керек. Кейін Өтебай бабамыз Қасқасудың Сарыбұлақ жайлауына келіп тұрақтаған. Екі баласы- Құрманәлі мен Қонысбайдың ұрпақтары бүгінде Алғабас ауылында өмір сүруде. Төле бидің ұрпақтары Сайрамсудың басынан Көк сәйек елді-мекеннің аралығына жайғасқан. Ал, Елібай бабамыздың ұлдарынан тарағандар Ұзынарық елді-мекенінде.  300 ден аса үйдің түтінін түтетіп, тату- тәтті өмір сүруде.

                     

 

                         «Бесбала Жаныс»тың үлкен ұлының есімі  Дәуітбай.

 

 

Дәуітбайдың ұрпақтары- Босмойын, Тағай.

Босмойыннан- Тұрсынбай, Тұрсын, Есқара, Досай. Соның ішінен мен білетін

Тұрсынбай әулетінен- Әсілбек, Әуелбек, Ботбай, Шымыр, Байлар, Жандар, Досай, Әжібектер тараған.

Әсілбектен- Жарас, Дәулет, Тәшімбет. Жарастан- Тәкіш, Смаил, Иса. Тәкіштен- Батан, Мәден, Жандар,

                       Мұрат. Жандардың емшек жасында, Мәденнің емшектен енді шыққан кезінде аналары қайтыс

                    болыпты. Рзуа апам оларды бауырына алып, емшек сүтімен аяқтандырған екен.

Смаилдан- Есен, Әбдікерім. Есеннен- Мәткерім, Асан, Үсен, Тәңірберген, Құдайберген.

Исадан –Жарылқап. Ол бүгінде ауыл кәриесінің бірі.

Дәулетінен- Оразбай Шана, Сапарбек.

Оразбайдан- Жұман, Бейсен.

Шанадан- Жұмағұл, Әмірбек.

Жұмағұлдан- Анарбек.

Әмірбектен- Алтынбек, Әуез, Әсет, Қалдыбек.

Сапарбектен- Аманта, Аманқұл. Амантадан- Нұрлыбек.

Аманқұлдан- Бәңкебай.  

Тәшімбетінен-Әбдірахман, Қалтай. Әбдірахманнан- Әлімқұл, Сатымбек.

Әлімқұлдан- Мұхит.

Сатымбектен- Әлібек, Әуелбек, Шыныбек, Шырынбек. Қалтайдан- Базарбай,Өмірбай, Керімбай, Сейілхан.

Досайдан- Өтеген, Төленді.

Өтегеннен-Ордабек, Майлыбек. Ордабектен- Арысбай. Одан Қостыбай, Мұздыбай,  Садырбай,   Наурызбай.

Майлыбектен- Көштан(Көкінбай), Шымыр.

Көштаннан-Айдар, Қалмахан, Әлмахан, Мейірхан, Әсілхан, Уәлихан.

Төлендіден- Сұлтанбек, Қожабек, Мырзабек. Ал, Шымырдың  төрт баласы бар.

Сұлтанбектен- Әбу, Сәуірбай, Әбдез.

Әбдез көкемнен- Иманбек, Медетбек, Қуатбек, Сыпабек, Дайырбек, Нұрландар туылған.

Қожабектен- Тұрысбек, Таразы туылған.

Таразы көкемнің Мақсат, Данияр, Мадияр, Бақтияр, Ілияс есімді ұлдары бар.

Мырзабектен- Қасымбек, Балқыбек, Рыстанбек, Арыстанбек, Ержан, Мамырбек,  Ақылбектер өсіп-өрбуде.

Әжібектен-   Ахмет, Байбосын, Жолымбек. Ахметтен-Таубай. Таубайдан-Әскер, Сайлау туылған.

Байбосыннан- Айтбай, Мұса, Иса, Айтқожа.

Айтбайдан- Садуақас, Еркінбай, Тоғысбай, Жұмабайлар туылған.

Жолымбектен- Абыл, Қасым, Есім.

Абылдан- Әмірбек, Ниязбек. Әмірбектен- Сопбек, Момбектер туылған.

Ниязбектен- Күмісбек, Жарқынбек, Жақыпбек.

Есімнен- Мейірбек, Жұма, Сансызбек.

Ботбайдан- Бейсенбай, Үсен, Абылай.

Бейсенбайдан-Қыдыралы, Сүгірәлі, Шабай, Тыби, Шаутайлар тараған.

Қыдыралыдан- Әштай, одан- Бекмұрат, Алтынбай, Балтабай, Асқар, Нұрландар туылған.

Шымырдан- Қалдыбек, одан Серікбай, одан Сақалбай, Сауранбай, Нұрманбайлар тараған.

Сақалбайдан  тарағандар- Ниязбай, одан Медет, Абат, Қуат, Қанат, Рәт. 

Сауранбайдан- Сайызбек, Шегебайлар өсіп-өрбіген.

 

 

                                          ТҰРСЫН ның  ұрпақтары

 

Тұрсыннан- Боқы, Байбота, Байғабыл.

Боқыдан -Күсеген, Алшымбай, Тілеген.   

Күсегеннен- Әлмәмбет, Сәмет.

Әлмәмбеттен- Сүлейменқұл,

Сәметтен- Сұлтанқұл.

Алшымбайдан- Бәйімбет. Одан- Жансейіт, Сыдық, Әбдір,Әбдіманап, Қаппар.

Жансейіттен- Әбдіпәтте, Әбдірәшит.

Әбдіпәттеден- Ерлан, Ергали, Қалдан, Бақытжан.

Әбдірәшиттен- Серғали, Біржан, Нұрсейіт, Қалсейіт.

Әбдірден- Әшірәлі, Жандаралы, Ералы, Наралы.

Қаппардан- Нұрлан,Сәкен, Асқар, Марат, Самат.

Тілегеннен- Қожаберген, Оразбай, Қожабергеннен- Қансейіт, Құрбан, Қамбар.

Қансейіттен- Асан, Үсен, Сабыралы, Мамыралы.

Байботадан- Жұмәділ, Баяділ. Жұмәділден-Бидайбек, Мұхитбектер тарайды. 

Есқарадан-Сүйінбек, одан- Ержан, Нұржан. Ержаннан- Бескемпір, Дастан, Сәрсенбай, Дүйсебай,

                         Бердібай, Тілеубай.

Сәрсенбайдан- Биназар, Пірназар, Әбдірәсіл.

Дүйсебайдан- Назарбек, одан-Рай, Райдан- Ермахан, Бақытжан, Анархан.

Пірназардан- Сейітхан, Қалдыбай, Асқар, Қойшыман.

 

 

                    «Бесбала Жаныстың» келесі ұрпағы- ТАҒАЙ.

 

 

Одан- Көшер, Көпек. Намаз

Көшерден- Арғынбай, Намаз.

Арғынбайдан-  Есенгелді, Есмырза, Бекмырза, Есеналы.

Есенгелдіден- Әбілда. Одан-Орынбасар, Әбдіқасым, Жетпіс,Сексен, Бахтияр.

Есмырзадан- Әбдіраман, Раманқұл, Сыдық, Кенжебек.

Әбдіраманнан- Әуез, Әшірбек, Сәттібек.

Раманқұлдан- Ислам, Исабек. 

Сыдықтан- қыздар. 

Кенжебектен- Сыпабек, Қалаубек, Омарбек, Маратбек, Мұқалбек. 

 

 

                                 ТАҒАЙ дың НАМАЗ ынан:

 

 

Сатқыбай, Айтымбай, Жетібай, Тойболдар туылған.

Сатқымбайдан- Кенеш, Кенештен- Тілеуқабыл, Тілеуқабылдан- Серік туылған.

Айтымбайдан- Құрманбек, Үсенбек, Бөрібек.

Құрманбектен- Тезекбай, Бөкебай.

Үсенбектен- Үшкемпір, одан Әуесхан, Әзімхандар туылса,

Бөрібектен- Мейірхан, Мизамхан, Төрехандар бар. 

Жетібайдан- Сұлтанбек, Қосмұраттар туылған.

Сұлтанбектен- Пазыл, одан Омархан,  Жақсыхандар өсіп-өрбіген.

Қосмұратта- ер бала болмапты.

Бекмырзадан- Аймағамбет, одан- Жандарбектің перзенттері өсіп-өрбіген.

Төлепбергеннен- Жақсылық туылған.

Қожахметтен- Асқар, Сапарғали туылған.

Мыңбайдан- Сәрсен, Сәрсеннен- Сәділла, Сейділлә, Айтмырза, Бақтияр, Сәкендер туылған. Көпектен- Жидебай, Бөлеген, Төлеген, Сарыбас. Бөлегеннен-Тоқсан, Мыңбай, Қосалбек.

Тоқсаннан- Жүнісбек, Төлепберген, Қожахмсет.

Жүнісбектен- Андас, Нұрғали, Жұмағали, Сайлау, Қасымғали, Қайрат, Дүйсенғали.

Қосалбектен- Зиятбек, Саттарбек. Зиятбектен- Сағын, Айсұлу. Сағыннан- Өмірзақ. 

 

                                 АЙТҚОЖА ның ұрпақтары

 

 

Айтқожадан- Кешубай, Өтеміс, Нысан.

Кешубайдан- Сарымырза, Нәбет. Сарымырзадан- Байбол, Ермен. Байболдан- Қазанғап ақын, Жолдасбек

                      (Тұтқыш), Қартай.

Қазанқаптан- Иманбек, Сабай, Шәріп,Оңғар.

Қартайдан- Алтынбай,Айқынбай, Сырлыбай, Шымырбай, Шеризат, Бекзат.

 

 

                                       ӨТЕМІС бабадан тарағандар:

 

Өтемістен-Байбек, Бибек, Сайбек, Тыныбек. Бибектен-Жамалбек, Қамбарбек, Кемелбек, Ортай, Кенжебек

Тыныбектен- Қыстаубай. 

Жамалбектен- Молберген, Қолтай, Жолтай.

 

 

                                               АЙТБАЙ бабадан:

 

Айтбайдан- Бекберді, одан- Құжы, Байбөрі, Беласар, Қосбармақ.

Құжыдан-    Қуатбек, Жылқыбай, Жасбай, Байбөріден- Төрекелді, Мырзакелді, Төребек.

Беласардан- Құдайберген, Құдайқұл.

Төрекелдіден- Жолдас, одан- Қамболат. Қамболаттан- Құралбек, Оралбек.

Қуатбектен- Тұрдалы, Тұрдалыдан- Ешмет, Ешметтен- Шаншархан, Әуесхан.

Байбөріден- Төрегелді, Мырзакелді, Төребек. 

Төрегелдіден- Жақыпбек, Нақай.   

Жақыпбектен- Сапарбек,(Боқай),Бекет. Сапарбектен- Иманбек.                                          

Беласардан- Құдайқұл, Құдайберген. Құдайбергеннен-Қырғызбай,Мырзабай.

Қырғызбайдан- Тойшыбек, Артықбай, Сатай.

Тойшыбектен- Қалдыбай, Батырбек, Айтжан.

Қалдыбайдан- Нұржамал,

Батырбектен- Батырхан, Зұлбұқар.

Айтжаннан- Айтқадыр.

Мырзабайдан- Күзенбай, Қылышбай. Күзенбайдан- Тұяқбай, Қылышбайдан- Жанәбіл,  Қалиолла, Әбусали.

Мырзакелдіден- Жолдас, Мұсабек, Исабай. Мұсабектен- Әбілдабек.

Әбілдабектен- Сейітхан, Сейітқұл, Дүйсен, Нұрғали, Байғали.

 

 

 

                                        ҚОЙСОЙМАС тан:

 

Айдар, Бекайдар, Бекназар, Қайып, Байсал, Жайсал бабалар туылған.

Айдардан- Байшора, Бибатыр. Байшорадан- Сағындық, Атымтай, Нұртай.

Сағындықтан-  Сәлі, одан- Тұрғынбай, одан- Шархан, Доқтырхан, Әділхан.

Атымтайдан- Тұрап, Сәрсенбай. Тұраптан- Сапар, Сапардан- Асан.

Асаннан- Әбдікерім, одан-Әуелбек, Дәуренбек.

Бектен- Жаңабай, одан- Дүйсен, Әшір, Үсен, Жұмабай, Нұрсұлтан.

Бибатырдан- Тұрымқұл, Торы, Бердіш.Сәт,Әжібай.

Сәттен- Сұлтанбай, Өсербай,Өскенбай. Сұлтанбайдан-Әбдіхан, одан- Мухитдин, т.т.

Өсербайдан- Махамбет, Ахмет, Сағынтай, Баймағамбет.

Әжібайдан- Бәймеш, Қошан.

Бәймештен- Балғабай, Жарқын.

Қошаннан- Орынбай, одан- Рысқұлбек, Бесбай, Қаныбек. 

Нұртайдан- Құдияр,Бақтыбай, Оразбай, Қырықбай,Кенжебай.

Бақтыбайдан- Олжабай, Бегалы, Үсіпбек, Есалы.

Бегалыдан- Ерсейіт, Ерсейіттен-Қойшыман.,Батырхан.

Құдиярдан-Ерменбай. Оразбайдан-Бердалы, Бердалыдан-Сабыралы.

Үсіпбектен- Мұхтар,одан-Пернебек,Қаныбек.

Есалыдан- Жайлау.

Кенжебайдан- Көшкінбай, Қошқарбай, Кешубай.

Көшкінбайдан- Сүйінбай,одан Наурызбай, Қуаныш, Мұзаффар, Ақанәлі.

Кешубайдан-Сайлау, Мырзабек, Ақылбек.

Қырықбайдан- Әбілда, Піртай, Оңғарбай.

Әбілдадан- Жолдыбек, Бердібек, Әлібек, Ахмет, Әлдібек.

Піртайдан- Пернебек, Бақтияр.

Оңғарбайдан- Арап, Кендебай, Анарбай, Әлібек, Әнуар, Рүстем, Рахман.

Қошқарбайдан- Тастемір, одан-Талғат.

Кешубайдан- Сайлау, Мырзабек, Ақылбек.

 

                        

                                      БЕКАЙДАР  бабамыздан:  Өтеп,

 

 

одан- Бектұрған, Байғұл.

Бектұрғаннан- Күзенбай, Мамыр, Иса.

Күзенбайдан- Балтабай.Оның үш баласы бар.

Мамырдан-Қуаныш. Одан Бақтияр, Бақтығали,Бегайдар.

Байғұлдан- Ахмет, Ысмайыл, Сыдық, Көшербай.

Ахметтен- Ешет, одан- Мүсәлі, Махамбет, Шералы.

Мүсәліден- Нұралы, Пірәлі, Құрбаналы, Сүгірәлі, Сапарәлі,

Махамбеттен- Әлібек, Балабек, Әділбек, Жәнібек.

Шералыдан- Бақтияр, Тұрар.

Сыдықтан- Төлебек, Зұлбұқар.

Төлебектен- Бекболат, Есболат, Биболат, Ерболат, Нұрбақыт, Нұрдаулет.

Зұлбұқардан- Нұрболат, Бақытжан, Сабыржан. 

Көшербайдан- Тұрсын, одан- Әліхан, Нұрхан, Әсілхан, Марат, Жұмат.

Смаилдан- Айтбай, Сүлеймен. Сүлейменнен- Мүсірәлі, Темірәлі, Өмірәлі,Әмірәлі,Оразалы.

Мүсірәліден- Сержан, Біржан, Талғат,Ғабиден, Жандос, Дінмұхаммед.

Темірәліден- Бақдаулет.

Өмірәліден Ғабит. Оның Нұрәділ, Жанәділ, Әділет, Санжар есімді ұлдары бар.

 

 

                                   БЕКНАЗАР әулеті

 

 

Бекназардан- Жарылқамыс. Одан- Сәрпек, Әйнебек, Тасболат.

Сәрпектен- Емберді, Ембердіден- Оспан, Бәкір, Сыламбай.

Оспаннан- Рысбай, Кемелбай, Рысбек.

Рысбайдан- мен білетін алты бірдей баласы бар. 

Кемелбайдан- бес бала,

Рысбектен- үш бала бар.

Бәкірден- Сағынбек, одан үш бала барлығы айқынды.

Әйнебектен- Жұмағұл, Алдаберген, Серікбай, Елікбай.

Жұмағұлдан- Балықбай, Әшімбай.  Балықбайдан Батыр, Қыдыр, Сайрамбай, Әсіл, Үсен.

Әшімбайдан-Еркебай.

Серікбайдан- Шыршықбай, одан- Нышан, Қасымбек, Лесбек.

Елікбайдан- Жолдас, одан- Медеу. 

 

                                    ҚАЙЫП  бабадан:

 

 

Атығай, Толыбай.  Алғашқысынан- Мырзахмет, Шөкей. Шөкейден- Құдагелді, одан- Керімбек, Шапай,

                                Жүніс. 

Керімбектен- Зарлық,одан- Нұрлан,Қуаныш, Жәнібек, Олжас.

Мырзахметтен- Жақсыбай,одан-Ибатбек(Анар),Сеитбек, Бәйдібек, Қамбарбек, Жандарбек.

Анардан- Асқар, Алтай, Бауыржан.

Бәйдібектен- Махмұт, Үбайда,Ұлықбек.

Толыбайдан- Билібай, одан-Барқы, Дәулет.

 

 

                                   БАЙСАЛ  бабадан:  

 

 

Нарымбет. Одан- Ортай, Боранбай.

Боранбайдан- Нақыпбай, Нақыпбайдан- Көбеген, Ереген, Ерғазы.

Көбегеннен- Мақсат.

Ерегеннен- Марат, Қуаныш,

Ерғазыдан- Ербол,Нұрбол.  

                  

 

                                        ЖАЙСАЛ әулетінің ұрпақтары

 

 

Жайсалдан- Оразалы, Күздеу.

Күздеуден- Құли. Құлидан- Бәйгелді.

Бәйгелдіден-Төлеген. Оның төрт баласы бар.

 

 

                                      АЙТҚҰЛ бабамыздан:

 

 

Айтқұлдан-Масабай, одан-Мырзалы, Мырзалыдан-Сатыбалды, Белгібай, Ыбырайым, Төлемет.                       

Ыбырайымнан-Онланбай, Рауымбек палуан, көкпаршы. 

Оңланбайдан- Пернебай, одан- Бекжан, Бауыржан, Ғалымжан мен Бақытжандар туылған.

Төлеметтен- Ергеш, одан- Ержан.

Рауымбектен- Жұқа туылған.

    Біздің үйде осы тектес тарихи шежірені атамнан кейін Төлеш (Төлебек) көкем жақсы білуші еді. Көкемнің жадысының тұтқырлығы таң қаларлықтай еді. Біздің әулеттің, тума-туыстарымыз бен ата-бабаларымыздың қиын-қыстау кезінде қандай оқиғаларды бастан өткергендерін қолмен қойғандай етіп әңгімелеп отыратын. Кім қай буыннан тарады, оның ата-бабасының өмір тарихы қалай басталып, қай бағытқа ұласады. Солардың өріс-қоныстары қай маңда еді, үрім-бұтақтары мен жер-су атаулары - осының бәрі көкемнің жадында сақтаулы болатын.  

    Бір өкініштісі сол, кезінде білгенінің түп-тұқиянына дейінгісін не қағаз бетіне, ең  болмаса  таспаға жазып

алсамшы?! Ал, Бәйдібек көкемнің ұлдары мен Қазанғап ақынның немерелері құлықсыздықпен қолдарын дағы барынан айрылған. Менің жеті ата мен жеті бабам туралы деректерден білетінімнің бары осы ғана.

   Сәбит Мұқановтың «Сырдария» деген жинағының шыққан кезі екен. Әркім әртүрлі пікір айтады, жинақ көпшіліктің талқысына түскен соң кімнің аузына қақпақ қоясың. Бір күні елден хат келеді. Оқып көрсе:

 « Қарағым, Сәбит! Осындай бір кітабың шыққан екен. Өзім хат танымаймын. Балама аяғына дейін оқытып, қызығып тыңдадым. Бірақ саған қояр сұрағым бар. Сен ескі өмірді білетін жігіт едің. Түйе егіз таппайтын еді ғой. Кітапта күрішші Сырбай дейтін шал геройың бар екен. Кітабыңа қарағанда, оның жалғыз түйесінен екі буыршын бар. Соның біреуін майданға ақша жіберу үшін сатып жібереді. Оған сенейік, мақұл. Ал, күздікүні Дәулет дейтін баласы фронттан бір аяғынан айырылып келген екен. Шал қуанғаннан буыршынның бірін сойған. Осы екі буыршынның біреуі саған қайдан келді, осыған жауап берші! Сатып жіберген буыршы ныңды қайтып сатып алдың ба, әлде түйең егіз тапты ма, соны түсіне алмай-ақ қойдым»- деген екен.

    Сәбең сонда ұялғаннан жерге кіріп кете жаздапты. Сол кезде мүйізі қарағайдай Есмағамбет Ысмайылов, Мұхамеджан Қаратаев сияқты сыншылар болған. Профессор- сыншылардың біреуі де аңғармаған кемшілікті ауыл адамының аңғарғанынан қайран қалады. Сөйтіп, хат жазған шалдан кітаптың авторы кешірім сұрапты. Сол сияқты, егер де қате жерлері болса, білімділердің алдында басымды ие отыра кешірім сұраудың ешбір ағаттығы жоқ шығар, сірә?!

 

 

                                                                    *      *      *

 

 

   Байғұл бабаның малы Сусіңген көлінің суын ішіп, өсіп-өрбігенін жоғарыда айтып өттік. Ол су еш уақытта ернеуінен асып-таспаған. Көл ортасында судың  иірімделіп, жер астына сіңіп кететін жері  барын ауыл кәриелері әңгіме леп отыратын. Сыдық атамның інісі Ешеттің ол жөніндегі мына бір деректі әңгімесі есімде....

    Таудың арғы бетіндегі Сіргелі елінің Келімбет есімді батыры жайлаудағы Байғұл бабаға келе жатқан. Сусіңгенге тоқтап, намаз дәретін алған. Намаз оқу үстінде байлаулы аты шылбырын үзіп, көл суына қойып кеткен. Енді судан қайтып  шыға алмасын сезген жануар иесімен қоштасқандай бар даусымен кісінеп, көл ортасындағы иірімге батып кете барған. Сөйтіп, Келімбет батыр Байғұл бабаның жайлауына жаяу жетіп, оның мініс атымен үйіне қайтқан екен.

   Арада біраз жыл өткен. Сайрам  ауылындағы шәйхана да тамақтанып отырса керек, бейтаныс бір  кісі атынан түсіп, шылбырын талға байлайды. Сөйтіп, Келімбет батырдың қарсы бетіндегі орынға жайғасып, тамақтанады. Ат үстіндегі ер Келімбеттің көзіне шоқтай басылады. Тамақтан соңғы шәй үстінде әлгі бейтаныс кісіні әңгімеге тартады. Оның есімі Жаңабай, Қарақия еліндегі Қаңлы руынан болып шыққан. Келімбет батыр Жаңабайдан ерді қайдан алғанын сұрайды. Ол өзінікі екенін айтып, дес бермейді. Болмаған соң, екеуі сол елдің биіне  жүгінген.

   Би алдында да Жаңабай ердің өзінікі екенін, Келімбет те одан қалыспай, өзін ердің иесі екенін айтып тұрып алады. Би алдымен Келімбеттен ердің иесі екенін дәлелдеуді талап етеді. Келімбет батырдың айтуынша, қалмақтың Қалдан Серен есімді батырының әскерімен соғысу кезінде аты жығылып кетіп, ерін сындырып алыпты. Жызақтағы ағаш ұстасына бір жылқының құнын беріп ер жасатқан.Ағаш ердің оң жағында ғы белдемшесінің артқы бұрышына Мұстафа молданың берген тұмарын қойып, сыртын қайыспен қаптатқан. Күннің күнінде таудың күн шығыс бетіндегі Байғұл болысқа бармақ болып жолға шыққан. Таудан тау асып, Сусіңген көліне жетеді. Көл суымен дәрет алып, намаз оқыған. Сол сәтте байлау жібі шешіліп, ат көлге түсіп кеткен. Орта шеніне жеткенде, су иірімінен құтыла алмай, суға батып кеткенін әңгімелеп берген. Қайтарда Байғұл болыстың мінуге жарамды атымен еліне қайтқанын, енді сол ерді Жаңабайдың атының үстінен көргенін айтады. Би ерді алдырады. Пышақпен ердің әлгі жерінің қайысын тілдіреді. Айтулы жерден тұмар шығады. Би енді Жаңабайдан да шындықты  айтуды талап етеді. Сонда Жаңабай:

- «Осыдан 5-6 жыл бұрын Шымды қаланың Қошқар Ата суына таңертеңгі намаз дәретін алуға бардым.

Таңның әлі ата қоймаған кезі. Су бастауының иірімінде қалқып жүрген ерді көрдім. Біреу оны суға әдейіге тастаған дейтіндей, су бастауының төңірегінде ешкім жоқ. Бұл: «Аллаһ Тағаланың маған берген  олжасы  болар»- деп, иемденген едім»- деп жауап берген екен.

    Би екеуінің сөзіне не сенерін, не сенбесін білмейді. Базардан қызыл бояу алдырып, әлгілермен бірге Сусіңгеннің басына барған. Бояуды суға тастап, оның иірімге сіңіп кеткенін көреді  де, суыт жүріспен Қошқар Атаның басына келеді. Су бастауынан судың қызыл түспен шығып жатқанын көреді. Сөйтіп, екеуінің айтқан сөздеріне сенген.

 

 

                                                                     *     *     *

 

   Әкесі Байғұл- болыс, үлкен ұлы Ахмет- би. Сөз білем дегендердің өзі оларға ығысып жол берген. Беттеріне қарап теріс сөзге келген адам болмаған. Бір қауым елдің қыбыла желінен панасы болған, таңдайы жарылып туған бірі болыс, енді бірі би болғандар. Байғұлдың екінші ұлы Ысмайыл, одан кейінгісі Сыдық.Тоқалынан Көшербай. Оларды төрге шығарып, алқалы әлеуметті аузына қаратқан да олардың ақ жолдан ауытқымай, әділдік атты киелі құндылықты өле-өлгенше жақтап өткендерінде болса керек. Әлі де болса қаймағы бұзыла қоймаған, сағы сынбаған қазақ қоғамындағы тұтас әлеуметтің түгел мойындаған билік пен билеріне қояр басты талабы да осылар емес пе еді? 

    Ахметтен Ешет атам туылған. Ешет атам өте тақуа, ішіп- жеуден артық дүние жинамай өмірден өткен кісі. «Ликбез» курсын бітіргендіктен бе, қолынан газет-журналдар түспейтін. Әңгімесінің көбі әлем жаңалығынан өрбитін. Қазақ қандының жаратылысына тән табиғи өзгерістерге ерекше байқағыштық, кең далада қозғалыс бағытын айқындау, жайылымдар мен егістіктің күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын-ала болжау, өсімдіктердің атауын дәлме- дәл айту сынды қасиеттер оның түйсігінен табылатын. Түнгі аспандағы Темір қазыққа қарап, Жеті қарақшы, Шолпан, Үркер жұлдыздарының орналасуына байланысты малды қашан өріске шығаруды, қай дақылды қай мезгілде егу керектігін болжамдап отыратын.

   Атамның түйсігіндегі дарындылықты күні кеше, ең алғашқы нұсқасын 1472-жылы  ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы  жазған, одан Райымбет, Шыбыл, Қоңыр бөрік, Тама, Бұршақ би  бабаларымыз  бір-біріне  өсиетпен  тапсырып, хижраның 1170-жылы келгенде (1827-1827-жылдары) бесінші рет, 1952-жылы Түменбай Ыстанбайұлы алтыншы рет, 1992-жылы Нұртай Түменбайұлының жетінші рет көшіріп жазған «Шипагерлік баян» атты киелі кітапты қалтырай ұстап, ішіне көз тіккенде ғана айқын таныдым.

    «Іс оңына үкім басар. Зарлағанша түзейтінін түзеп, күзейтінін күзеп, жазғандарымды жөндей берейін. Ұрпақтардың игілігі ғой. Ажалым жетсе, кеміс қалар «үмітсіз сайтан». Дәмжалақ- түбі бақ, мехнат түбі- алтын тақ, осы түйнемем өзіме жебеуіш, ой жондымақ тиянағын:

«Қалмады ұрпақ, Өтейбойдақ аяндалды,

Мені өшірмес «Шипагерлік баян» қалды.

Бұ да менің ұрпағым жөн білгенге,

Тілкіммен жалғасқан аян қалды»- деуімен қолға тиген қасиетті кітаптан Ешет атамның: «Дүниеге іңгәлап

бір нәресте туылса, бір жұлдыз сол туманың жұлдызы ретінде көкте туылады.Бір адам өлсе,оның жұлдызы жаны шығысымен тең ағып түседі. Жұлдыздың күндіз көрінбеуі жердегі адамның сорын жасырып, сездір

гісі келмегендігісі. Ал түнде көрінуі «Бағың жанады, деміңді ал»- деп, пендесіне дем бергендігін аңғартатын ұғымның айқындығын аңғартады.

    Жұлдыз бен адамдар арасындағы байланысы пенденің оң, сол иығындағы періштелер- Кәлиман, Кәтиман өзара хабарласып, адамның бақ-сорын, кінәлі-кінәсіздігін айтып отырудан тұрады. Ұйықтағанда жұлдызы қарсы немесе жұлдыздастық пен тағдырластық адамдарға да хабар береді. Немесе ойлағанда есіне түсіріп, бағы болса- ортақтасып жандандырады; соры болса-итерісіп түсіріседі»-деген жорамалы Ешет атамдыкімен дәлме-дәл екеніне көзім жетті.     

   Ешет атамның жұлдызға қарап жорытуы шындыққа өте-мөте үйлесімді келетін. Өте бауырмашыл еді. Жанұяның мүшесіндей, бос уақытын көбіне біздің үйде өткізетін. Кейде, үйіне бас сұқсам, орнынан ыршып тұрып сәлемімді алушы еді. Кенже ұлы Шералы ағамның келіншегіне шәй даярлатып, алдындағы дастарханынан дәм таттырмай жібермейтін. Бауыр машыл пейілінен көзі жұмылғанға дейін де арылмады. Бекзада апамнан туылған Мүсәлі, Махамбет, Шералы есімді ұлдары мен Рыскүл, Жұпаркүл есімді қыздары болды. Көзінің тірісінде олардан немерелі болса, бүгін-дері рухына бас иетін шөберелері мен шөпшектері де жетерлік. Дегенмен де, өзін көрмегенге келбетінің елесін беретіндей, Ешет атама тартпаған...

  Байғұл бабамнан туылған екінші ұлының есімі- Ысмаил. Одан Айтбай, Сүлеймен есімді ұлдары болған. Айтбайдан ұрпақ  жоқ.  Ерте жасында соғысқа кетіп,  қайта оралмапты.

  Одан кейінгісі Сүлеймен көкем Мүсірәлі, Темірәлі, Өмірәлі, Әмірәлі, Оразалы және Фатима, Зәбира есімді ұлды-қызды еді. Жеңгесі Күлімшеден туған ұлы Темірәліден бүгінде 7 қыз бір ұл бар. Сүлеймен көкем өмірін колхоз тіршілігімен өткізді. Колхоздың сол кездегі басқарма төрағасы қойма кілтін көкемнің қырқын

өткізген соң ғана Мейіз жеңешемнің қолынан алғаны есімде.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

   Сүлеймен көкемнің көзі-қасы қияқтай сұлу кісі еді. Қолқа ауруынан қайтыс болды. Ол кезде шекпенінде шені барлар есірткімен күресу жұмысын жүргізбеуші ме еді, атам жылда үй іргесіндегі азын-аулақ жерге көкнәрі егетін. Өзі апиын мен көкнәріні өндіргенімен, тек суық тигенде ғана аузына алатын. Көпшілігінде оларын суық тиіп ауыратындар санды еді. Сүлеймен көкем суықтап ауырса болды, үйге келіп: «Бабай, бірдеңең бар ма, бүгін табым жоқ»- деп отыратын. Таңғы астың алдында атам даярлап берген көкнәріні сіңіру үшін самаурындағы шәйді ұзақ отырып ішуші еді. Қайнысы емес пе, апам оның алдына барын қоятын. «Ішкеніңді осы арада жатып сіңір»-деп өбектеп, атамның үлкен ішік тонын үстіне жауып, ұйқтатар еді. Оянғанша, ол бөлмеге ешкімді жолатпайтын. Оған арнап қоян етінен сорпа даярлайтын. Әлде бір уақытта оянған көкемнің қолына су құятынмын. Ішкен көкнәрінің күшінен бе, әлде тонның жылуынан ба, қара терге малынған көкем ұзақ отырып жуынып-шайынатын. Сорпаға тояттанған соң, әлгі тонға оранып, қайтадан ұйқыға кірісетін. Апам енді әл жинасын деп, Сүлеймен көкем үшін ет асатын. Осындай ем-домнан соң кейде үйде қонып қалушы еді. Таңертеңгі шәйдан соң, көңілденіп жұмысына кететін. Осы аурудан қартайған шағына дейін арылмады. Шымкенттегі үлкен ұлы Мүсірәлінің үйінде емделіп жатып, өмірден озды. Денесі Байғұл баба қыстауының орнындағы үйден шығарылып, бабасы мен әкесінің іргесіне жайғасты. 

   Мүсірәлі көкем ұзақ жылдары Шымкенттегі цемент зауытынан зейнетке шығып, қайтыс болды. Марқұм ның артындағы ұл-қыздары бүгінде жанұялы, балалы-шағалы. Фатима менен үш жас үлкен. Өмір ағымына кім тосқауыл болар дейсің. Жас кезімізде үй ішінде  үй тігіп, асыр салып ойнаушы едік. Бүгінде 5 ұл-қыздың анасы. Зейнет жасында. Шымкент қаласында тұрады. Одан кейінгі ұлының есімі- Өмірәлі. Ол көп жылдар бойы мектеп директоры, ауыл Кеңесінің төрағасы, колхоз төрағасының орынбасары, ауыл әкімі қызметін атқарып келді. Әлде де мектеп директорының орынбасары. Ұлын ұяға, қыздарын қияға қондырған. Ұмсын есімді келіншегі мектепте ұстаздық қызмет атқарып, бүгінде зейнет жасында. Әмірәлі деген інім Шымкент қаласында көлік жүргізуші болып істейді. Үйлі-баранды. Оразалы ініміз көп жылдан бері прокурорлық, келіншегі салық комитетіндегі қызметте.

   Байғұл бабамның тоқалынан Көшербай деген кісі туылыпты. Ол Еңбек Армиясына кетпей тұрғанда, Күлімше апамыз одан Тұрсын есімді ұл туған. Көшербай Армиядан елге қайтып оралмаған. Тұрсын көкем Шымкенттегі құрылыс мекемелерінің бірінде дәнекерші болып істеп жүріп, өмірден озды. Күлімше апамыз Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Қыпшақ руынан болатын. Өте реңді, өткір сөзді еді. Сондықтан да болар, оны біздің әулеттің еркек атаулысының әмеңгерлікке алмағаны. Тек, Сүлеймен көкем ғана оған көз қырын салып жүріп, Темірәліні өмірге келтірген.

   Темірәлі құдды Сүлеймен көкемнің өзі еді. Бет терісін сойып қаптап қойғандай. Сол секілді мысқылшыл, қу тілді. Өмірәлі үшеуіміздің ортамызға түскеннің әңгімемізге қосылуы екіталай еді. Өйткені, оның мысқыл ды мазағына кез-келгеннің шыдамы жетпейтін. Кейде мен де оның әзіл-оспағына шыдамай өкпелеп қалатын

мын. Сонда атам:

-«Балам, қалжыңға келгенде Темірәлі жатып атар, жер тесер екенін өзің де білесің. Ол  бәрібір мысқылы мен қағытпасын тастамайды. Одан да онымен қосыла күлгін. Оны сонда ғана жеңесің»- дей отыра: «Аузында әзілі жоқтың қолында шоқпары бар»-деген сөз бар. Әзіл-қалжыңды түсінбей,ақ пен қара ны ажырата алмай жүрмегін. Қашан да көңіліңді көлдей, жаныңды жайсаң етіп, өзгені жадыратып, өзіңді жарқыратып жүруге дағдыланғын, балам»- деп, мені пышақтың жүзіндей қайрап отыратын, жарықтық.

   Темірәлі күлкі, мазақ шақырып тұрған нәрселерді көрсе бітті, іліп түспей қоймайтын. Ал, қалжыңға келгенде алысым, жақыным, келінім, әйелім деп қарап жатпайтын. Тек қармағына ілінсе болғаны. Оны өзі әдемілеп айтып бергенде, тыңдаушыларың есінен кете күлуге мәжбүрлі еді. Тағдырының жазмышы болар, Темірәлі облыстық ауруханада жеті рет пышаққа түсіп, ерте қаза болды. Иманды болсын.

    Ал, Байғұл бабамның кенже ұлы -Сыдық. Ахмет пен Ысмаилдың ұлдары Ешет пен Сүлеймен Сыдық атамды аға ретінде қадірлеп, өмірден бірін-бірі сыйлаумен өтті. Тіптен, Байғұл әулеті атамнан бата сұрамай келелі істі бастамайтын, жолға шықпайтын. Байғұл бабам о дүниеге атамның қолынан аттанса керек. Содан ба екен, біздің үй-«үлкен үй» болып аталады. Атам 87 жасында- 1969-жылғы 27-қыркүйекте, апам 1980-жылғы 4-сәуірде сол жаста қайтыс болды.

    Апам үш ұл, үш қыздың анасы. Екі ұлы 12-13 жасында көзік-кеннен қайтыс болыпты. Екі қызы- Әнапия мен Сәнтай Қара төбе ауылының Лауланбек, Әшім есімділеріне күйеуге шыққан. Әнапия әпкемнің Шымыр руының Лауланбегінен туған екі қызы бүгінде үйлі-баранды. Озипа Сайрам ауданында, Бибайша Қазығұрт ауданында тұрады. Әке-шешелері қайтыс болған. Өздері балалы-шағалы. Сәнтай 57 жасында о дүниелік болды. 3 ұл мен 3 қыздың анасы еді. 1954-жылы туған Зүрипа есімді қызы 1974-жылы қайтыс болды.

Қалғандары үйлі-жайлы.

   Одан  кейінгісі- Төлебек (Төлеш) көкем. Ұзақ  уақыт  Калинин атындағы ауылдық Кеңестің хатшысы болып істеді.  Мектеп қабырғасын аттап басысымен-ақ, көкем кеңсе жазуының біразын маған жүктеді. Мүм кін, сөз бен сөйлем мағынасына жетігуім содан шығар. Көкем алғашқы жеңгелерімнен перзентсіз болып, 1960- жылы Асан Сиқымның Хайрыниса есімді қызына үйленген-ді. Апамның Аллаһ Тағаладан тіленіші қабыл болғаны шығар. Болмаса, аялы алақанымен күздік бидайдың талқанынан жасаған быламығы мен ботқасының қуатынан болар, бүгінде одан туылған 11 ұл-қыздары тіршіліктің қамында. Бәйбішесінен туылған бір-ұлы мен екі қызы да өсіп-өрбуде. Жан ұясында адам басы көбейген соң, фосфор зауытында жұмыс істеді. Содан демалысқа шығып, 78 жасында қайтыс болды.   Жеңгем Хайрыниса  сол «Үлкен үйде» өмір сүріп келеді. 

   Орынша әпшем Ленгір қаласының іргесінде тұрады. Қаладағы  № 2-мектепте мұғалім болып істеп, дем алысқа шыққан. Жездем Баубек Қаратөбедегі Сиқымның алакөздісінен еді. Жазмыштың  ісі болар сірә, жездемді  60-жасында  айықпас  ауру  алып  тынды. 

 

 

                                                                     *       *       *

 

 

     Атам араб тілін жетік меңгерген екен. Құран кітабының кез-келген бетіндегісін оқып, оның мәні мен

 мәнісін айтып отыратын. Тіптен, ауыл молдасымен бірге «Чил Ясин» сүресін оқитын. Қандай да бір қарба лас тірлікпен айналыспасын, бес мезгіл оқылатын намазды қаза еткен емес. Намазды көбіне апаммен бірлесіп оқитын. Мәнісін білмесем де, солардың артында тұрып, намаз оқудағы қимылдарын қайталауға мәз едім. Бір өкініштісі сол, маған не намаз оқуды, не құран кітабын оқуды үйретпепті.

     Армансыз адам бола ма? Арманың орындалса, өзін бақыттымын  деушілер, қайбіріне қолын жеткізе алмаса күйіп-пісіп, өзін түңіліске жетелейтіні бар. Онысы орынды ма, орынсыз ба, ол бір өзіне ғана аян. Сол сияқты, мен де атамның мұнысына көпке дейін ренжумен келдім. Соңыра, атамның  діни сауаттылығын орындаушылық күймен ғұмыр кешкені санама жетті.

   Ренішім сол, күллі мадақтар пен мақтаулар әлемдерді жаратып, сәнін асырып құдыретімен айшықтаған, жаратқандарына  рақымы мен  мейірімін төккен, бізді  жоқтан  бар еткен Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағалаға ғана тән екенін.  Адамзатта ең терең құрмет пен тағзымға  лайық  -Хазіреті  Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар екенін. Ол әлемнің түңлігін түріп, жер мен көк арасындағы нәзік байланысты жандандырғанын. Жанды- жансыз барлық мақлұқатты танып-біліп, көкірек көзімен оқи білгенін. Оларын Адам заттыға сөздің асыл маржанымен жеткізгенін. Нығметтерге шүкіршілік етіп, Аллаһ Тағалаға мадақ айтуды соның хадистерінен үйренумен ислами діннің қақпасын ашатындығынан  хабардар  етсе болмас па еді?- дегендер еді.

    Мақсат-мұратқа жеткізуді  Адам затынан емес, Жаратушы Иеміз ден тілеуді біз ол кезде  біліппіз бе? Есті жинап, естиярлықта Аллаһ Тағаланың жаратқанына дарынын біреуге ерте, енді біреуге кешірек бұйыраты нын аңғарғанымыздың өзіне  шүкіршілік етелік.     

   Әйтсе де, атам үй шаруасына мені ерте жекті. Бес жасымда қой мен қоянды қалай бауыздап,  етін терісінен іреп алуды, бел орақпен пішен оруды үйретті. Көктем шығысымен үйдегі қоян мен тауықтарға жем мен жас шөп беру көпшілігінде  менің мойнымда еді. Күннің қай мезгілі болмасын, қол орақпен орылған қап-қап жас шөпті есекке артып әкеп, күнделікті солардың  алдына тастауға машықтады. 

    Апам маған үнемі: «Атаң өте әруақты кісі. Қарғысы түгілі, қатты налыса, соның өзі мірдің  оғын дай.  Сондықтан, оған жақпас  сөз айтып, көңілін қалдырушы болма»-деп отыратын, жарықтық. Онысын мына бір әңгімемен айқындап  берді. 

  - «Ауылдың шетінде Мәмірай деген кісі тұрды. Оның бір-ақ қызы болыпты. Оны да асырап алса керек.

Онысы да менің ес білмес кезімде күйеуге шығып кеткен көрінеді. Мәмірай кезінде колхоздың қарауылы болып істепті. Күндердің күнінде, Қоғалының сайында арқандаулы тұрған бие қазығының бостығынан түнде босанып кетіп, колхоздың жүгері егістігінің ішінде таң атқанша жайылып жүрген. Оны көрген Мәмірай, құлынымен бірге қорасына апарып қамап қойыпты. Онысын біздің үйдің адамдарына  айтып, ескертпеген. Тіптен сұраса да айтпаған.

  Арада үш-төрт күн өтеді. Атам мен апам биені іздеп, ауыл маңын шарлаумен болады.Ұрыға қолды

болғандай, биенің жоқтығы олардың қитығына тиген. Таңғы намаздың кезінде олар ауылдың төменгі

жағынан биенің кісінеген дауысын естиді. Үйме үй жағалап жүріп, оның дауысы Мәмірайдың қорасынан

шыққанын естіп-біледі. Мәмірайдан құлынды биені қорадан шығарып беруді сұрайды. Ол қасарысып, бермей тұрып алады. Атам мен апам екеулеп жүріп, зордың күшімен құлынды биені қорасынан шығарып алыпты.

  Мәмірай кінәсін мойындап, кешірім сұраудың орнына атамды боқтық сөзбен әбден жәбірлеген. Інісіндей көріп жүрген адамның мұндай өрескелдігіне қатты ренжіген атам, үйге келісімен бүк түсіп жатып қалады. Ауру адам секілді тамақ ішуден де қалған. Түс ауа орнынан әрең тұрған. Мәмірайдың ащы сөзі мен ісіне күйініп, намаз үстінде Аллаһ Тағаладан жаза сұрапты. 

  Келесі таңның қылаң берісінде ауылдың бір топ шалдары үйге келеді. Келе, атамның алдына жығылып, Мәмірай үшін кешірім сұрайды. Мәмірайдың айтқан сөзінің қамшысы жан дүниесіне қатты тисе керек, атам көпке дейін жұмған ауызын ашпаған. Сонда  Ешет атам тұрып:

- «Көке, кеше Мәмірай тексіздігін білдіріп, Сізді әбден жәбірлепті. Сол үшін оны қарғамапсың, қатты налысаң керек. Қарғыс түгілі, соның өзі  атылған оқтай жанды  жеріне тиген. Кешкісін биесін саумақ болып, оған жақындай берсе, артқы аяғын қатты сермеп, бір көзін ағызып жіберіпті. Тексіздің ісі мен тілі Сізге тисе, ол үшін Аллаһ Тағаладан жазасын алды. Енді ашуды басыңыз. Ел билеген болыстан туылғансыз. Байғұл атам болыс, ағаңыз Ахмет би болған, текті адамдар. Налығаның  рас  болса, енді оның бетін қайтар. Тексізге тектілігіңді көрсет»- деп, отырып алған. Сонда атам:  

-«Бүгін сағым сынды деп, жақыныңды басынба»-деген сөз бар, Ешет інім. Ол  жақыным  емес, қашан да жатым екен. Налысам, ел ішіндегі әдетті сөзбен Мәмірайдың бұл сорақылығын бір құдай, екі әруаққа тапсырғанмын. Ол жазаны солардан алды. Еліме кесапатым тиердей, кекшіл емеспін. Енді, кешірімді де бір

құдай, екі әруаққа тапсырдым»- деген екен. Сонда Ешет атам:

-Көке, сөзің орынды. «Сұлтан сүйегін сатпайды»-деген. Сіз үшін ессізбен белдесуге де, білектің күшін

көрсетуге де шама-шарқымыз бар. Бірақ, ел ішінің тыныштығы үшін кешірім беріңіз»-деп тұрып алады.

Сыртта көзінің қанын сүртумен болған Мәмірәйді үйге алып кіріп, алдына жығады. Сонда атам, тұрып:

-«Дау мұраты-бітім»- деген, Ешет. Аталы сөзің үшін Мәмірайдың күнәсін кештім»- деген екен. Мәмірай жиылған топты үйіне апарып, сойылған бағлан қойдың етімен күтсе керек. Атамның үстіне шапан жауып, батасын алыпты. «Жетім бала кекшіл»-дегендей, Мәмірай сонда да болса, бізге қырын қарауын қойған емес»- деп, әңгімесін аяқтады.

  Бала көкірегі балғын ойдың ордасы. Оғаш әңгіме оған түрпідей тиіп, кекшілдігін  оятты.  Көпке дейін Мәмірай зәбірлігін маған көрсеткендей сезімнің ырқында болдым. Ес біліп, ер жеткенше оған  іштей  өштігім басылмады... 

                                                                *      *      *

 

   Адамның наласы мен қарғысына қалмау керек дегеннен шығады, бағзы оғыз-қыпшақ заманын дағы батырлығымен ел басқарған, әрі діндарлығымен даңқы елімізге жайылған Қарабура әулиенің қызы Бегім сұлу жөніндегі деректі әңгімені де тыңдай отырғын, оқушым! Өйткені, ақылға сыйымсыз іс-әрекетпен  адамның наласына қалу  тарихта ізі қалған  мына бір  оқиғамен де  дәлелді  екеніне көзіңді жеткіз!

...Қарабура әулиенің Бегім есімді елді аузына қаратқан әрі сұлу, әрі жаратылысынан көркіне сай парасатты

қызы болыпты. Оның сұлулығының алдында ешкім тұра алмапты. Бегімнің  онысына ғашық болған

жігіттердің талайы сөз салып, мойнын бұрғыза алмаса керек.

    ХІ-ғасырда Сырдарияның орта белінде өмір кешкен Салжук тайпасынан тұратын мемлекетті басқарушы  Мәлік шахтың Санжар есімді баласы Бегім сұлудың даңқын есітіп, оны айттыруға келеді. Ақыр соңында, Бегіммен көңіл жарастырып, үлкен той жасап, ғашықтар отау тіккен дейді.    

   Күндердің күнінде, Санжар сұлтан саятшы нөкерлерімен Қаратауға аңға шығады. Дарияға келіп, қайықпен өтерде қанжарын үйінде қалдырғаны есіне түседі. Оны алып келу үшін бір нөкерін үйіне жұмсайды. Нөкері оның ордасына келіп: «Сұлтанның қанжарын жылдам алып берсеңіз, кідіруге уақыт жоқ»-деп Бегім сұлуды асықтырады. Ханым үй сыртында тұрған нөкерге қанжарды ұсына салысымен үйіне кіріп кетеді. Ал, оның аппақ білегін көрген нөкер сол жерде талып құлап қалыпты. Бегім сұлу нөкердің мұнысын білмейді. Әлден соң нөкер есін жиып, атына міне сала дарияға қарай қайта шабады. Оның кешіккенінен сұлтанның  ашуы терісіне сыймай, қаһарланып тұр  екен.

-«Тақсыр, қасық қанымды қия көріңіз. Қанжарды Бегім ханымның қолынан ала бергенімде, ол білегімнен ұстап, жібермей қойды. Содан қолымды әрең дегенде босатып алам деп жүріп, біраз кешігіп қалдым»- деп өтірікті соғады. Нөкерінің мұндай жексұрынды сөзіне имандай сенген Санжар сұлтан аңға шығар сапарын тоқтатып, кері қайтады.

   Қызғаныштан есірген Санжар сұлтан үйіне келе сала, кінәсіз Бегім сұлудың оң қолын, оң бұрымын кесіп, оң танауын тіліп, зынданға тастайды. Сөйтіп, істің ақ-қарасын тексерместен, ашу үстінде Адам заты кешірмес күнәға батады. Ондағысы, Бегім сұлу оң қолымен опасыздық іс-әрекетке барды деген ойдан болса керек. Бегім сұлу  күйеуінің мұндай қорлығынан күйініп, көрер таңды көз жұмбай қарсы алады. Келесі түнде

Қарабура әулие қызының түсіне  кіріп:

-«Балам, бұлтартпай шыныңды айтқын. Ақпысың әлде қарамысың? Ақ болсаң Аллаһ Тағаламның жәрдемі мен жараң жазылар. Қара болсаң  құдайдың қарғысына қаларсың, тек турасын айтқын»-депті. Сонда Бегім сұлу жылап тұрып әкесіне:

-«Әкежан, Құдай атымен Сізге ант етемін. Егер күйеуіме қиянат жасасам, Құдайым өмірімді қысқартсын.   

  Сөзіме сеніңіз, ақпын»- деп зар илейді. Қарабура баба енді Санжардың түсіне енеді.

-«Санжар, сен де баламның бірі едің. Егер Бегім саған опасыздық жасаса, келесі күні кесілген қолы, танауы тілінген, бұрымы кесілген күйде мүгедек болып қалар. Егер олай болмаған күнде, қызымның ақ пен қарасын тексермей, жаза қолданғанда бір ауыз әділ сөзін айтпаған шаһар халқы мен өзіңді жылан жұтсын»-деп қарғыс айтып, теріс батасын беріпті. 

   Ертеңіне жаны пәк Бегім сұлудың бұрымы мен кесілген қолы өз орнына келеді. Танауы өз қалпына келіп, түрі Аллаһ Тағаланың нұрымен онан да бетер нұрлана түседі. Тән жарасы жазылғанымен, сүйген адамының жанына салған жарасы жазылмайды. Әйелінің бейкүнә екеніне көзін жеткізген Санжар, одан қаншама рет кешірім сұрағанмен, Бегім сұлу илікпей, оған бұрылып та қарамапты. Аллаһ Тағалам оның болмысына қапияда қанат бітіріп, аққуға айналдырыпты. Лезде, көкке самғап кете барыпты. Әсте, Бегім сұлудың жүрегін реніш-лайдан аршып, кейіс-наладан құтқарып, көк аспанның рахатына батыру үшін көкке ұшырса керек. Сөйтіп, көзін жастан, көңілін қаяудан тазартқан деседі.   

   Қара бураның аузы дуалы  болғандықтан айтқан сөзі бос кетпеген. Көзі тірісінде асыл қасиеттілігі әлемге жайылған екен. Санжардың түсіне еніп, айтқан сөзі расқа айналады. Күннің күнінде, аспанды қара бұлт тұмшалап, Оғыз мемлекетінің астанасы- Жанкент шаһары шаң боранға оранған. Артынан  жаңбырдың нөсерлеп құйған кезінде аспаннан жерге қойдың қарыны түсіпті. Әлгі қарынның әр жерін тесіп, сыртқа шыққан жыландар бірте- бірте үлкейіп, ордалы жыланға айналған. Адам айтқысыз іс-әрекетпен қала халқына ажал болып төнген. Саусақпен санарлықтайы ғана қашып құтылған. Ал, қалғандары жыланның салған ойранынан қырылған. Құжынаған халқы бар Жанкент қаласы әп-сәтте ұялы жыландардың  мекеніне айналыпты. Саржан нөкерлерімен бірге ат аяғы жеткен жердегі өзге мемлекетке барып паналайды.

   Жанкент қала тұрғындарының әлгі тірі қалған бірлі-екісі күн көріс үшін ұсақ малдарын Санжар келіп

тоқтаған бөгде елдің базарына сатуға әкеледі. Қошқардың мүйізіне оралып келген жыланның шуалшындайы

жерге түсіп, үлкейген. Сөйтіп, Санжардың да ажалы әлгі жыланнан болған екен.     

   Бегім сұлу, әкесі Қарабура баба рухының көмегімен Жанкент шаһарының бір шетіне «Бегім Ана» мұнарасын салдырған. Санжардың әділетсіз зорлығынан запы болған Бегім сұлу: «Мұнан былай еркекті көрмеймін»- деп, қалған ғұмырын сол мұнараның ішінде өткізіпті. Ата- бабасының  қасиеті дарып, «Бегім әулие» атанған. Тәу етуге келген баласыз әйелге бала дарытатын, мейірім-шапағатына бөлейтін, нағыз керемет әулие Анаға айналыпты. Бүгіндері «Бегім әулие» мұнарасына зиярат жасауға талапкер ер азамат

тардың санаулысының ғана аяғы жететін көрінеді. Жолшыбай көліктері түрлі себеппен бұзылады, оқыстан

ауруға ұшырайды, әйтеуір аяғын жеткізудің өзі қиынның- қиыны. Бәлкім, мұндай құбылыс Бегім сұлудың күнәлі азаматқа деген наласынан болар. Онысы бір Аллаһ Тағалаға ғана аян...

  Лұқпан хакім: «Адам ағзасындағы 362 тамырдың біреуінің ғана харамдығын»- айтқан. Кейде, адам санасының түйсігіне сыймайтын қайбір жанның осындай айуандық іс-әрекетін естіп-білгенде, тамырының біреуі ғана емес, 362 тамыры түгелімен харамдыққа көшкен бе деп күйінесің. Біздің ұлттық түйсігімізде: «Жеті ата- бабаңның  қайсы бірінің ауыртпалығы түскен»-  деген діни  ұғым бар. Сонда әлгі күйініштің жалғасы ретінде: «Ата-бабамның қай бірінің ауыртпалығын неге мен көтеріп, азабын тартуым керек?»,- деген ойда қаласың. Әйтсе де, тағдырдың жазмышына бұлайша тіксіне қарау- тастың төмен қарай құлды рауына, жалынның жоғары қарай лаулануына таң  қалумен  бірдей шығар, сірә. Қалай десек те, Ібілістің  азғыруымен Адам заттының қатыгездік іс-әрекетке баратыны бірден кімнің есіне түсе қояр дейсің?!

 

 

                                                                      *      *      *

   Бүгінде Байғұл бабаның таудағы жайлауы өзінен қалған ескерткіштей. Бірақ, меншіксіз күйде. Ал, қыстауы Ысмаил атамның ұлы- Сүлеймен көкем, бүгінде оның ұлы Өмірәлінің еншісіне тиген. Оның күн шығыс бетіне Байғұл бабам өз қолымен еккен түрлі ағаштар жайқалып өсуде. Бізге құдды кішігірім ну ормандай боп көрінетін. Жаздың аптап  ыстығында баудың іші қоңыр салқын болып тұратын. Сондықтан ба екен, Өмірәлі екеуіміз ес жияр шағымызда сол баудың ішінде «телефонмен сөйлесу» ойынын ойнаушы ек. Ара қашықтығы 15-20 метрдей болатын, екі теректің басына ескі шүберектен жалғап жасалған жіпті тартып байлайтынбыз. Бұл жіп бізше телефон сымы. Сым байланған екі талдың орта беліндегі бұтақтарын байлас тырып, оның үстіне орылған жас шөпті төсейміз. Бұл жер біздің отыратын, жататын жеріміз. Екеуіміз екі теректің әлгі жеріне отырып алып, «телефонмен» жалыққанша сөйлесетінбіз. Салқын самалдың лебінен кейде, отырған орнымызда ұйқтап қалушы ек. Мүсірәлі көкем үйленгенде, ауыл тойы осы баудың ішінде өтті. «Келіншектің бетін кім бұрын  ашса, оған сол ыстық көрінеді»- дегендей, Бидайшы Сиқымның тумасы Айдын есімді жеңгемізді алып келушілердің тобын, Сайрамсудың ауыл жағындағы беткейінде ең бірінші болып Өмірәлі екеуіміз күтіп алғанбыз. Сөйтіп, жеңгеміздің ырым алды етіп ұсынған бет орамалына ие болғанбыз. 

   Баудың қарсы бетіне егілген қауын-қарбыздың ұрланып, желінетін жері де осы баудың іші. Таусылуға айналған көкөністің қабықтары бау ішінен табылған соң, аңдуға түсіппіз. Ертеңгі уақыттың кезінде екі жүйектің шетіне еңбектеп жеткеніміз сол еді, қарулы қолдар желкемізден бүріп алып, екі басты бір-біріне

соққылаудан басымыздың ісігі көпке дейін қайтпай жүрді...Тап, сол қыстаудың қарсы бетін Сыдық атам

иеленіпті.

Қоржын тамда...

Балалығым өткен-ді,

Қоржын тамда күткем талай көктемді.

Қоржын тамда тәй-тәй басып, тік тұрдым,

Тұрғызам деп, бейнетті анам көп көрді,- дегендей, мен сол арадағы үш бөлмелі қоржын тамда өстім.    

    Тамның төңірегі төрт бұрышты етіліп мал қорамен қоршалған еді. Бүгінде ол өзгертілген. Оның бір қанаты ғана ашық күйде. Төрт қанатты қора- қопсының ішіндегі қоржын тамның есігі күннің шығысына қарайтын. Кіре берісі оның ортаңғы бөлмесі еді. Есіктің оң жақ іргесіндегі ұрада күзде жинап алынған картоп, пияз, сәбіз сақталатын. Бөлме қабырғасындағы сөрелерде апамның ыдыс аяқтары тұратын. Ортадағы ошақта күздің қара суығынан көктемнің шуақты күндеріне дейін от үзілмейтін. Оң жағындағы бөлмеде мен, атам, апам мен Орынша әпшем төртеуіміз тұрып келдік. Ал, сол жағындағы үлкен бөлмені дәу там дейтінбіз. Дәу тамда көкем мен жеңгем жатып-тұрды. Әпшем ол кезде мектептің  кітапханасында  істейтін. Атам 1958-жылы қоржын тамның  іргесіне фундамент құйылған, төбесі түнікемен жабылған, едені тақтайланған

6 бөлмелі үй тұрғызды. Сайрам ауылынан келген өзбек достары үйдің ірге тасы мен кірпішін құйып,

қабырғасын қалады.Төбесін түнікемен жауып, қошқыл қызыл бояумен сырлап берді. Ал, үйдің  іші  мен сыртының әрлеу, еденіне тақтай төсеу жұмыстарын  көкемнің танысы, орыс ұлтты шебер кісі жүргізді.

   Әдетте, үй құрылысының жұмыстары жылдың жаз мезгілінде атқарылады. Атамның өзбек, орыс ұлтты достары бұл жұмыстарды үйде жатып істеді. Қазекеңнің қонақ жайлылығы дастархан мәзірімен танымды. Арланып, соңғы малын сойып, еті мен нанының соңғы түйірін қонағының аузына тықпалайтын халық. Аллаһ Тағаладан: «Жанымды алсаң ал, пейілімді алма»-деп сұрайтын бірден-бір ұлттың өкілі.

    Менің білуімше, қазекеңдер қонақты арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ деп ажыратқан. Арнайы қонақ- әдейі сәлем беруге келген, немесе арнайы шақырылған қонақ. Құдайы қонақ-алыстан келе жатқан, танымаса да дем алып, астындағы атын суытуға тоқтаған қонақ. Қыдырма қонақ- сол үйдің семіз соғымы мен болмаса, дәмді тамағын аңдып келген қонақ. Қонақ асы беру мен қонақ күтудің өзі- атам

заманнан бергі қанымызға сіңген әдет-ғұрып. Қонақтарға арнайы сойыс, арнайы қонақ асы дайындамаған үй

болмаған.

    ХҮ111-ғасырдың орта кезінде Қытайдан келе жатқан Абылайды Саңқай есімді төре қонақ етіп, 115 бас тай сойған деседі. Тап сол жер қазіргі күнде Тайсойған деп аталса керек. Айтса айтқандай, қотанындағы малды құдай айдап келе қалған кезбе қонақтың ауызына ұстауға жиятын, кейінгі ұрпаққа сол қонақтың ел арасына жайып кеткен әңгімесін мирасқа қалдыратын  қазекемде ат шығарғаннан артық мұрат болушы ма еді?!

    Ал, бүгінде қонағына жалғыз атын сойған Атымтай Жомарттың қонақ асы берудің үлгісі аңыз әңгіменің арқауында. Апақ-сапақта, қарбалас шақта келген қонаққа реніш білдірмей құрметтесе, ол үйге: «Қыдыр қонады»- деген сынды есім «Қыдыр», «Қыдыр дару» ырымының үмітті атауы. Адам баласына мейірім-шапағаты мол, жомарт адамның басына: «Бақ қонып, Қыдыр дариды»-деген сенім осы Қыдыр бабамен үндес. Тіптен, қонақ  асымызды: «Тәңір асы»- деп дәріптейтін халықпыз. Әрбір жиын-тойдың алдындағы күні алыстан ат сабылтып келген қонақтарға арнайы ас дайындаумен келеміз. «Қонақ  асы»- деумен  бабадан атаға, атадан балаға мирасты әдетімізді қастерлеп, жалғастырудамыз. Мұның барлығы меймандостықты ерекше қастерлеуден болар, сірә. Дегендей, атам сол жазда үй құрылысшыларының құрметіне алты бірдей қойды сойып, жетіншісін «малдың обалына қалатын болдым»-деп қиналып, Сүлеймен көкеме сойдырғаны есімде.

  Төлеш көкем өмірінде үй жұмысына қол тигізбеген жан еді. Соның өзі Алшалыдағы ұстаханада үй құрылысы үшін ағаш тілдіріп жатып, сол қолының бас бармағынан айрылды. Шымкенттегі ауыл шаруа шылық техникумын бітірген-ді. Мамандығы агроном. Онысын жаңа үйдің айнала төңірегіне бау-бақша егіп көрсетті. 40 түптей түрлі алма ағаштары бүгінде 1,0 -1,5 тоннаға жуық алма өнімін береді. Ал, баудың айналасына терек ектік. Олар да әжеттің түр-түріне  жарауда.

  Үйге 1960-жылдың қысында қоныстандық. Әшейінде үйден шықпайтын атам мен апамның құрбы-

құрдастары аздай, енді үйдің ақ шағаладай көркіне қызығып, оның болмысын көруге аудан көлеміндегі

лердің келіп-кетуі жиіледі. Апам киік отымен ысталған арша күбідегі дәмі бал татитын қымызды, қоян

етінен жасаған қуырдақ пен қазан жаппаны солардың аузына тосумен болды. Әдейі арнап қонуға келгендер

үшін қазан толы ет асылушы еді. Олардың мінген аттарын арнайы жерге байлап, жем-шөп беру менің  ісім болатын. Атамның тұрғызған жаңа үйі өңірдегілерге үлгі болды. Осыдан кейін ондай үйді колхоздың бас есепшісі Үшкемпір мен Ешет атам тұрғызды.

 

 

                                                              *      *      *

 

    Алтын күрек желінен сөгілген қар көбесінің суы жылғаларды қуалай ағып, ауыл іргесіндегі Қоғалы сайына құяды. Сол кезде Қоғалының суы арнасына толып ағатын. Қояндардың жер асты індерінен қора ішін су  басып кететін. Ажырықты жерден шым ойып, оларын бітеумен болатынбыз. Су тасқынының басылуын тағатсыздана күтетінмін. Өйткені, су сарқылысымен Қоғалы сайындағы су иірімдері  шабақ балықтарға толып қалатын. Шелек толы балықты үйде емес, іргесіндегі арық суымен тазалап әлекке түсетінбіз. Өйткені, апам балықты тазалау түгілі, жегенді де  қаламайтын. Қалғандарымыз оны табаға қуырып жеп, рахатқа батушы ек.

    Енді бірде көктемнің ақ жаңбыры төбеден жауған қисапсыз жебедей күнді араға салып төгілетін. Үйдің түнікелі шатыры жауын сатырынан қақырап айрылардай үн қатады. Келген қаздың гәк-куіне үн қосып, көктемнің күні сағынышпен көз жасын осылайша ағызушы еді. Терезеден көк аспанның мұндай сиқына қызыға оқтын-оқтын көз тастау мен үшін қызықты еді.

   Сонда құлағыма сона-а-ау Қаратөбеден Сайрам су бойындағы ғашықтарын іздеп келген екі қыздың қас қағым сәтте қалмақ қанішерлерінің өмірін қиған мың шақты адам арасынан табылған ғашық жігітерінің өлі денесін құшақтап отырып айтқан жоқтауы, олардың Аллаһ Тағаладан қалмақ сарбаздарынан құтқарып, рухтарын қайтарып алуды сұраған азалы үндері боп келгендей. Ал, бүгіндері сол арада жайқалып өскен қызғалдақтың түсі, сол сәтте шейіт болған мың шақты адам қанының түсіндей. Уақыт дейтін сыншының дәлелінше, олар халқының  ары мен ожданын, жігері  мен намысы үшін шейіт болғандар. Олардың бүгіндегі жатқан жерінің: «Мың шейіт»-деп аталуы да сондықтан. Олар ары мен иманын тұмар етіп түйе білген. Қалмақтардың арам пиғылдарын  намаз оқумен  қайтарамыз деп, әрісінде намаз оқуды имандарын үйіруге балаған. Ал, қалмақтардың  жауыздығы мен қылықтары тұп тура  тура қасқырдыкі секілді. Құдайға жалбарынып, намаз оқып отырған мың шақты адамды қалай болса солай қыра беріпті. Бүткіл беткей жайраған өлік. Айтса адам нанбайтындай, көзің сенбейтіндей сұмдық қой бұл!?  Құлдыққа алса мейлі еді, өз ажалынан өлетін. Жазықсыздан- жазықсыз қаншама адамның өмірі тапа-тал түсте қиылып түскен. Оларды адам деуге кімнің аузы барады, сонда?! Жендет! Жай емес, қанішер жендет! Сонда ата-бабамыздың қай күнәсі үшін? Момындығымен өзін өз жерінде қорғай алмағаны үшін бе? 

  Десек те, қалмақтардың сол сәтте қандай ойдың орманында болғанын дөп басу қиын. Олары тап сол оқиғаның ортасында болғанға ғана мәлімді. Десем де, мен үшін бір нәрсе анық. Олар сол сәтте бойларын билеген қорқыныш пен үрейді аластап, барынша батылдылықпен салқынқандылыққа, сабырлылыққа жүгіндіре білген. Өмір мен өлімнің теке-тіресінде имандылықты ту етіп, келесі өмірдің табалдырығын батылдықпен аттаған. Ал, батылдықты- өзі алда болғалы тұрған оқыс тірліктің өте қорқынышты екенін жан-тәнімен сезіне тұра, діттегенін іске асыру деп түсінемін. Батырлық та сол сияқты, ештеңеден қорықпайтын емес, өн бойындағы қорқынышты баса білетін ержүрек адамның қабілетіне берілетін баға.

   Біздің кейбір бейғам, бейдауа тарихшының атын жамылушы өз жерлесіміз ата-бабамыздың рухтарын, тарихи деректің шынайы болмысына ашынудың орнына: « Бұл мазаратқа жерленгендер араб ұлттылардың денесі»-деп бөскен. Енді онысы несімен дәлелді? Ал, сол ауылдың қарсы бетіндегі ауылда (Кеңес арықта)туып- өскен екінші біреуі: «Мұндағы көмбенің көлемі өте үлкен. Мұнда ғының әрбіріне бір адамның емес, көп адамның денесі көміл ген. Оның әрбірінде бір адамның денесі жатыр деудің өзі күмәнді»-деп,туған жерінің тарихына емес, өлі дененің үлкен- кішілігіне мән беріпті. Ой, дүние-ай!  

   Сол өңірдегі халық арасында Қаратөбе елінің жасөспірім екі қызы Жоланның екі жігітіне ғашық болғанын
айтады. Бір-бірлеріне барып кездесудің кезегі әлгі екі қыздікі болса керек. Таңертеңгі уақытта жолға шыққан екі қыз қырдан қыр асып, Сайрам суының бойына жайғасқан әлгі жігіттерінің ауылына түс әлетінде жетеді. Ауыл іші тіршілік тынысынан ада, тып-тыныш екен. Осыдан секем алған екі қыз, ауыл тұрғын дарын іздестіре бастайды. Сайрам суының бұл бетінен ешкімді көрмеген соң, арғы бетіне өтеді. Ол арадағы тау етегінде біраздаған жазық жер бар. Олар соның әр жерінен бірдеңенің қарасын көреді.Жақындап келіп қараса, мыңға жуық адамның өлігі. Ғашық болған жігіттерінің денелері де сол арадан табылған.

   Қаншама уақыт бойында оларды жерлегені белгісіз, әлгі екі қыз соңғы адамның денесін жерлеп жатқанда, төменнен қай тып келе жатқан жаудың қарасын көрген. Содан таудан аққан судың бойымен олар  тауға қарай қаша жөнеледі. Олардың қарасын көрген жау сарбаздары, енді бұлардың соңына түседі. Әлгі екі қыз Аллаһ Тағаладан жаудың қолына түсіріп қор қыл май, о дүниелік етуді сұрап, жалынып- жалбарынады.  Олар                                                     қашып келе жатып, тау шатқалының күншығыс жағынан кіші гірім бір үңірді көреді.Соның ішіне кіріп қараларын батырады. Артынша-ақ, жаудың екі адамы үңгірге кіріп, ешкімді таппай, тобына кері оралған екен.

  ...Сағыныштан ба екен, әлде жау қолынан шейіт болған ғашықтарымен, болмаса бұл өмірмен қоштасудың белгісі ме, әйтеуір «Сулы үңгір»дің ішіндегі төбе тасынан тарам-тарам болып аққан мөлдір судың тамшылап ағысы, екі қыздың көздерінен аққан жастың тамшысын дай боп сезіледі. Жаныстың  Жолан әулетін намаз үстінде қырып, қанға боялған даланың «Мың шейіт» аталған жеріндегі қалмақ соғысын аңсағаным емес. Қайта ұрпақтары ардақтаған Жолан Жаныс бабаның есімін, ұрпақтарының ұранына айналған Жаныс бабамның рухына тағзым еткенім деп білемін.

 

                                                                  *    *    *

 

...  Көктемнің күндері жөнінде  Қуандық ақынның:

Жіпсігенмен тоң қапқан топырағы,

Бүрленгенмен жазылмай жапырағы.

Тұмса анадай жас көктем дел-сал күйде,

Өзіне өзі келе алмай жатыр әлі- дегені, енді болмаса Қадыр Мырзалының:

 

Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,

Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.

Тосады жалпақ дала Күнге жонын,

Денесін жазайын деп құрыстаған.

 

Ала  бұлт  аспанның  қабатындай,

Ақырын төмендейді қонатындай.

Күміс бу жер бауырлап қозғалады,

Ұшатын қарлығаштың қанатындай- деп айтқанындай, көп ұзамай жердің беті қардан тазара бастайтын. Жердің күнгей беті қарайып, күн түспеген жағы әлі қарлы күйде. Жер құрғап, шөптің басы қылтия бастаған кез де  өзіне тәндік қызығымен сәнді. Нәуріз құстың пайда болысы мұсылман қауымының тойлайтын жаңа жылын сездіргендей. Самарқандағы көк тастың еритін кезімен дөп келіп жатады. Қазіргідей наурыз тойын тойлау қайда, ол кезде. Ауыл адамдары Қоғалы сайының іргесіндегі бір бөлмелі кішігірім мешіт төңірегіне жиналып, тай қазанға бидай ботқа пісіріп, ауыл молдасына құран оқытып, мерекелік дастарханға қойған тапқан-таянғандарын ішіп-жеуді мерекеге санайтын.

    Көктем тынысымен дем алушы ауыл тұрғындарының қауырт тіршілігі де осы кезден  басталатын. Бұл да болса, ғаламдағы табиғи заңдылықтың нәзік дәлдігімен  жаратылысы болар, сірә. Ал, жыл сайын наурыз мерекесі жақындағанда баяғы қарлығашым мен көкегім еске түсіп, жан дүниемді жастық шағыма, оларға деген сағыныш сезімі баурайды. Еріксіз үйге жетелейді. Өйткені, ол араға ақ  батамен талай қойдың  қаны тамған...

    Десек те, ата-анамыздың, қариялардың әңгімелерінен, болмаса оқу құралдарынан  Наурыз  мейрамының шығу тарихының ауыз тұшымдыдай  дерегінен хабарсыз өстік. Ал, қазіргі кезде оның тарихына үңілушілері міз Наурыздың бет-бейнесін айқындаумен келеді. Аудармашы Клара Серікбаева көрнекті ақын, математик, астроном, философ ретінде аты әлемге әйгілі Омар Һайямның (Ғийас әд-Дин Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-һайям) «Наурызнаме» атты еңбегін қазақшаға аударып, 2014-жылдың  наурыз айында оқырманына ұсынды. Айтысына қарағанда, Кітаптың бір бөлігі Германия (Берлин) мемлекеттік кітапханасындағы, кейбір бөлімдері Британия(Лондон) мұражайындағы қол-жазбалардан аударылып жазылған. Бұл еңбектің құндылығы наурыз айындағы күн мен түннің теңесетін уағының астрономиялық тұрғыдағы терең ғылыми негізі дәлдігімен құнды. Төменде баяндалатын мәліметтер «Егемен Қазақстан» газетінде жария болған құнды дүние.

    Айтса айтқандай, кітап іші  Иран патшаларының заманында Наурыз қай  күндері тойланған, қай патшаның

дәуірінде бұл дәстүр бастау тапқан, ол күн не себептен тойланатын болған деген сияқты Наурызға қатысты мәліметтерге толы. Сондай-ақ, патшалардың басқа да салт-дәстүрлері, олардың күнделікті тіршілікте 

қолданылатын түрлі амал-әрекеттері сөз етілген.

    Иран мүбәдтары, өз замандарының ғұлама ғалымдары болған. Олардың айтуынша, құдыретті де қасиетті жаратушы Йзад көне замандарда Иранда он екі періште жаратып, олардың төртеуін көк дүниесін жын-шайтаннан қорып тұруы үшін көкке жіберген. Төртеуін жын-шайтандардың Каф тауынан асып-өтіп кетпеуін бақылап тұру үшін дүниенің төрт тарапына жіберген. Қалған төртеуіне адам баласын жын- шайтанның

терістігінен сақтап тұруды бұйырған.

    Мүбәдтардың айтуынша,бұл ғалам көне ғимараттың ішінен жаңа ғимарат салынғандай басқа бір ғаламның ішінде тұр. Патша құлдарының біріне ерекше мейірімін төгіп, барша қауымның алдында оның артықшы лығын ерекшелеп отыратын болса, патшаның сүйікті құлына құрметпен қарау- патшаның өзіне құрмет көрсеткенімен бірдей болғаны сияқты, Йзад басқа жаратылыстарынан гөрі күннің жаратылуына ерекше көңіл аударып, Оны өзінің нұрынан жаратқан. Сол үшін де барлық адам баласы Күнді салтанатты түрде құрметтейді. Қасиетті Йзад жер мен көктерді күннен соң жаратқан деп түсіндіреді. Күн сәулесінен келер берекет барлық жерге бірдей түсуі үшін Қасиетті Йзад Күнге орнынан сәл қозғалуды бұйырады. Тұрған орнынан сәл қозғалған Күн Тоқты жұлдызының тұсына көтеріледі. Сол мезетте жарық пен қараңғылық айырылады, тәулік күн мен түнге бөлінеді. Дүние тарихы осылай басталады.   

   Күн  мың төрт жүз алпыс бір күн өткен күні, белгілі бір сағатта  дәл сол жерге қайтып оралады. Ал,

есептегенде- 1461=4 х 365 ¼, яғни, Күннің жылдық айналымы 365 ¼  тәулік десек, тура 1461 жылдан соң Күн аспанның дәл сол нүктесіне, дәл сол минутта қайтып оралатыны дәлелденген. Осы мерзімде Юпитер

мен Сатурн жетпіс үш рет түйіседі екен. Ол  заңды түрде жиырма жылда бір рет қайталанып тұратын  көрінеді. Күн айналымын аяқтап, сол нүктеге қайтып оралғанда, Сатурн мен Юпитердің түйісуі Сатурнның құлдырау мерзіміне сай келетін жұлдызбен ұшырасады. Ал, ол жұлдыз- Сатурнның өрлеу сәтіне қарама- қарсы тұрған Таразы (Мизам) шоқ жұлдызы. Бұл Күннің бір айналымы.

   Екінші айналымы- жоғарыда көрсетілген ретімен және көрсетіліп кеткен жұлдыздардың жолымен өтеді.

Бір-біріне қарама- қарсы тұрған, геоцентрлік ұзындығы түйісетін екі жұлдыз- Юпитер мен Сатурн 19 жыл

314 күнде түйіседі екен. Ал, 1450 жылда бұлар 73 рет түйісетінін дәлелдеген. Күн Тоқты жұлдызынан

шыққан сәтте құдіретті Йзадтың әмірімен Сатурн, Юпитер және басқа да жұлдыздар сол жерге шоғырланып,

дүниенің реті өзгереді, дүниеге және оның тағдырына байланысты басқа құбылыстар да орын алады екен.

   Күн айналымын әркім өздігінен мұнан өзгедей бағдарлап тануы мүмкін болмағандықтан  және Күнге деген

ерекше құрметтерін білдіру мақсатында Иран патшалары осы күнді тойлау дәстүрін енгізіп, ол дәстүрдің

өзгермей сақталып отыруын қадалаған.

  Күннің екі түрлі айналымы бар екені баршамызға мәлімді. Оның бірі-әрбір үш жүз алпыс бес күн. Екіншісі- тәуліктің төрттен бір бөлігі толғанда Тоқты жұлдызының бірінші минутында еш өзгеріссіз тұратындығында. Соңғысы белгілі мерзімде жыл сайын қысқарып тұрады екен. Тоқты жұлдызының Күнмен қиылысқан алғашқы сәті өзгермейтін заңдылық пен қайталанып тұратынына көзін жеткізген соң, Иран елінің тұңғыш патшасы Кайумарс осы күнді Наурыз деп атап, бұдан былай жыл басы дәл осы уақыттан басталатын болсын деп өкім береді. Жоғарғы дәрежедегі ғалымдары(мубәдтары) да кеңесе келе, жыл басы дәл осы уақыттан басталсын деген шешім қабылдайды.

    Сөйтіп, Тоқты жұлдызының Күнмен қиылысқан алғашқы сәтін тойлап отыруды дәстүрге айналдырған.

Осыдан соң Иран патшасы  мүбәдтарына жылдың айлары  мен күндеріне атау беруді,  жыл  есебін жүргізуді 

бұйырады.   

   Кайумарс бұл күнді жаңа жыл есебінің басталуы деп жария еткенде, Күннің әрбір үш жүз алпыс бес күндік айналымын он екіге бөліп, әр бөлігін отыз күннен тұратын қылып, оларды құдыретті Йзад ғаламға жіберген он екі періштенің атымен атаған. Және ол үш жүз алпыс бес күн мен тәуліктің төрттен бірінен тұратын үлкен айналымды анықтап, оны үлкен жыл деп атап, төртке бөлген. Үлкен жылдың төрт мерзімі өткенде үлкен Наурыз келеді де, бар дүние түлеп- жаңарады. Патшалардың орнатқан тағы бір дәстүрі- жаңа жыл басында жарылқап  алу ниетімен. олар басқа да күндер мен даталарды атау рәсімдерін өткізіп отыратын болған. Наурыз күнін көңілді өткізген адам жыл бойы көңілді де жайлы күй кешеді деп ұғынған. Бұл тәжірибені ғалымдар патшалары үшін арнайы белгілеп беретін болған.  

    Иран патшасынан жылдың айлары  мен күндеріне атау беруді, жыл есебін жүргізу жөнінде бұйрық алған мүбәдтар Жаңа жылдың алғашқы айын Фарвардин(Наурыз) айы деп атаған. Ол пехлеви тілінен келген сөз. Өсімдіктердің өсіп-өне бастаған уақытын білдіреді. Бұл ай Тоқты-шоқ жұлдызына жатады. Күн айдың басынан аяғына дейін Күн осы жұлдыз шоғырынан табылатын көрінеді. 

  Мүбәдтар келесі айды Урдбихишт( сәуір) айы, көктемнің бел ортасы деп атаған. Бұл ай көтеріңкі

көңілдің жайы бейішке ұқсайды. Пехлеви тілінде бихиш-бейіш, урд-сияқты (ұқсас) деген мағынаны

білдіреді екен. Бұл айда Күн Торпақ жұлдызынан табылатын көрінеді. Көктемнің бел ортасы.

   Хурдад(мамыр)айы-адам баласын астық өнімімен, алғашқы көкөніс-жемістермен қамтамасыз ететін  ай. Бұл айда Күн Егіздер жоқ жұлдызында.  

   Тир(маусым) айы- бидай, тары сияқты астық түрлерінің алғашқы өнімдерін бөлісетін уақыттың атауы. Шаян шоқ жұлдызында тұрған Күн төмендей бастайды. Жаз маусымының алғашқы айы.

   Мурдад(шілде)айы- жер бетіне жеміс өнімдерін толық беретін ай. Бұл айдың ауа райы жер топырағының  табиғатына ұқсас келеді. Жаз маусымының тең ортасы. Бұл айда Күн Арыстан шоқ жұлдызында.

    Шахривар(тамыз) айы- патшалардың  қазынасын толтыратын молшылық айы. Шаруа адамының салық төлеуіне қолайлы мезгіл. Бұл айда Күн Бикеш шоқ жұлдызында. 

   Михр(қыркүйек) айы- адам баласының арасында достық пен бірлік нығая түсетін кез. Жердің берген астық өнімі, миуа-жемістер солардың ризығы үшін. Олар бас қосып бұйырған молшылыққа ортақтасып ішіп-жейтін уақыт. Күн бұл айда Таразы шоқ жұлдызына ауысатын кез. Күз маусымының алғашқы айы. 

   Абан (қазан) айы- жаңбыр көп жауатын мерзім болғандықтан, су мол болады. Диқандар егістіктерін суғарумен айналысады. Бұл айда- Күн Шаян шоқ жұлдызына көшетін көрінеді.

   Азар (қараша) айы- пехлеви тілінде- «Азар»- «от» дегенді білдіреді. Ауа райы суыта бастағандықтан, от жылуына мұқтаждық күшейе түседі, яғни бұл «от» айы. Күн бұл айда  Мерген шоқ жұлдызында.

   Дай (желтоқсан) айы-пехлеви тілінде «дай»-«сайтан» дегенді білдіреді. Қыс маусымының алғашқы айы. Бұл айдың райы қаһарлы, жер бетіндегі жайдары жайсаңдық өткен сәт болған дықтан, оны жайсыздығына орай «дай»  деп атаған. Күн Таутеке шоқ жұлдызында.

   Бахман (қаңтар) айы- ауа райы суыта түседі. Құрғақшылық орнайды. Бұл айдың мінез-құлқын «дай» айына ұқсатады. Бұл айда Күн Сатурнмен Су құйғыш жұлдыздар шоғырында. Тау теке жұлдызына жақын тұратын көрінеді.

    Исфандармуз (ақпан) айы- пехлеви тілінде «асфанд»- «жеміс» деп аталады. Яғни, бұл айда  өсімдіктер тамыр жібере бастайды. Осы айда Күн жұлдыздар керуеніндегі соңғы- Балықтар шоқ жұлдызына қарай ойысатын көрінеді.

    Осылайша, жыл есебі басталған уақыттан бері бір мың қырық жыл өтіпті. Фарвардин айының алғашқы тәулігінде Күн тоғызыншы (Мерген) шоқ жұлдызына енген. Фарвардин айының бірінші күнін жаңа жылдың басы деп, оны Күннің үлкен айналымы басталғанға дейін мейрам күні есебінде тойлап отыру дәстүрінің 

сақталуын бұйырған.Наурыздың басталу тарихы Иран елінде осылайша белгіленсе керек.

 

 

                                                                *      *      *

 

    Еліміздің дәстүрлі күнтізбесінде де Жаңа Жыл күн мен түннің теңесу уақыты 22-наурызда келеді. Бір

жылда  30 күннен 12 ай болады. Қалған бес күн «бес қонақ» деп аталады. Тіптен, жеке адам өмірінің 12 жылы бір мүшел болып есептеледі. Мүшел дегеніміз- қазақ қандының өмірлік қасиетті циклі, дүниені танудың негізі. Мүшел- өмірдің бір кезеңін аяқтап, екінші кезеңіне өтетін өтпелі кезеңді білдіреді. Сондық тан да, өмірдің 13, 25, 37, 49, 61, 73 және онан әрменгісінде  адам өзіне өзі сақ болып, денсаулығына абай болуы керек. Мүшел кезеңдері медицинадағы адамның гормональдық жүйесінің  ауысу кезеңдерімен дәлме-дәл келеді. 13 жас-жыныстық пісіп-жетілу кезеңі, 25 жас-өсу гормондарының тоқталуы, 37 жас-психология лық дағдарыстар кезеңі, 49 жас -туу қызметінің сөну кезеңі.

   Бәрімізге мәлімдісі сол, бойына сенген түйенің жылдан құр қалғаны. Сөйтіп, жыл басы тышқаннан басталатыны. Әйтсе де, көпшілік үшін беймәлімдеу тағы бір ертегідегідей деректі айтуға тиіспін. Ол- бірінші түрік қағаны Хисаға -Тенгридің аңшылығынан жылдар циклының аттары басталды деп есептеледі. Жан-жануарлар хан аңға шығады дегенді естіп, Іле өзені арқылы бірінің соңынан бірі жүзіп, арғы жағалауға өтеді. Бірінші болып, тышқан, одан кейін өгіз, жолбарыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, (ол кезде тауықты арам деп санап, орнына қырғауыл аты аталған) ит, доңыз өткен. Күнтізбеде де осылай  жазылған. Ата-бабаларымыз әр жылдың қандай жақсылықтар мен қауіптерді әкелетінін жақсы білген. Олардың уақыт жөніндегі болжамы халықтың төзімді болуды, сынақтар алдында мықты болуды және өмірдің ұсақ-түйегін елең қылмауды насихаттайтын философиясын  құраған.

   Уақытты жұлдыздардың орналасуы мен қозғалыстары арқылы есептеу жүйесімен анықтағанына дәлел ретінде Ай батыстан туып шығысқа қарай қозғалысы мен Үркер жұлдызының шоғыры шығыстан туып, батысқа қарай  қозғалады деген тұжырымын айтқан жөн. Бір-біріне қарсы бағыт тағы қозғалыспен кездескен сәті «тоғысқан»-деп атаған. Олар есеп бойынша бір-бірімен әрбір 28 күнде бір рет тоғысып тұрады екен. Жыл мезгілінің 14-мамыры мен 21-маусым аралығынан басқа уақытта Үркер жұлдызының шоғыры шоқтай болып жарқырап тұратын көрінеді. Қазіргі ғалымдарымыздың айтуынша, Үркер жұлдызы 27 күн 7 сағат 43 минутта бір рет Аймен тоғысатын көрінеді. Ал ежелгі есепшілеріміз оны 28 күнде бір рет деп есептеген.

Сонда олардың бір жылдың ішіндегі 13 рет тоғысуының жалпы есебінде 364 күн болады екен.

    Еліміздің атақты ғалымы Әділ Құрманжанұлы Ахметов, адами заттының ежелгі рухани ошағының бірі болып саналған «Майя» қауымы мәдениетінің зорлық-зомбылықпен аяқ асты етілгенін анықтаған. Сонымен бірге, олар да  жұлдыздардың  қозғалыстарына  сай  жасаған космоногиялық күнтізбесін ғылыми түрде дәлел деген. Олар да күнтізбесін Ай мен Үркердің тоғысуына негіздеген. Майялықтар бір жылда 13 ай болатынын анықтаған. Олар обсерваториялар мен пирамидалар арқылы жұлдыздардың қозғалысына бақылау жүргізген. Ай мен Үркердің нақты қозғалысын  зерттеудің нәтижесімен 13:20 деген өлшеммен ғаламдық уақыттың эталонын жасаған.  

   Алайда, 1553-жылы Ватикан дінбасы Ұлы Григорий Бірінші католик шіркеу басшыларының басын

біріктіріп, өзінің атымен аталатын ақауы көп, ғылыми дәлелі әлсіз 12 айлық күн тізбесін іске асыру мақса тында 13 санымен жасалған күнтізбені пайдалануға тыйым салған.

  Бүгіндегі әр адамның пайдалануындағы 12 саннан тұратын уақыт мөлшерінің өмірге келуін ғалым Ә.Қ. Ахметов осылайша баяндайды. Ол, осыдан кейінгі уақытта адамның уақыт заңының шынайы сырын ұғыну дың орнына, оны кеңістікке мәжбүрлікпен шатастырып, мүлдем жасанды құндылыққа басымдық берілгеніне ашынады.Оған бүгіндегі әр адамның пайдаланып жүрген сағаты жататынын бұлтартпас дәлел еткен. Өмірдің жасанды ағымына, табиғи заңдылыққа қашан да қарсы асау толқынға қарсы жүзетін, сырты сырбаз болса да, ішкі жан дүниесінде баһадур бабалардың бұла қаны тулап жатқан, рухы жігерлі жанның болмысы осы жөніндегі жанайқайымен айқынды. 

   Журналист А.С.Нысаналиннің пайымдауынша, астроном Созигеннің жасаған күнтізбесін Рим императоры Цезарь бекіткеннен кейін, Юлиан күнтізбесі болып, тұтынысқа енген. Күнтізбесінің жаңа түріндегі өнер тапқыш Лилий жұмысын 1582-жылы папа ХІІ-Григорий  қолдап- қолданғандықтан, «Григорян календары» осы күнге дейін қолданыста.   

   Қалай айтқанмен де, ой мен сезім түбіне жет

кен ешкім жоқ. Ұлы көшің бір пәс те тоқтамай, үнемі алға  қарай жылжуда. Адам заттылар жер мен көктің жұмбақты құбылыс тарын үздіксіз зерттеумен келеді. Шиырлы белгілеріне зер салып, жаратылыстың сиқырлы сыры мен қырын ашуға жан сала тырысуда. Ізденіс үстінде жасалған небір тәжірибелер толысып, адам бала сының жүрегі дауаламайтын жетістікке қол жету де. Сол көп ізденістің жеке тақырыпқа айналға нының бірі уақыт өлшемі. Адамзат ой жүйесінің асқар таудай ақылман абыздарымыз дүниедегі осы жөніндегі ізденіс туындыларын зерттеп-зерделеп, нәтижесін әйгілеген өз қандыларымыз жөнінде ауыз толтырып айтылардай әңгімелер, ғылыми тұжырымдамаларымыз баршылық.

    Кез-келгеннің санасына жуымайтын қасиетті құндылықтар мен игі іс-әрекеттердің жетістіктерін баяндауымен дәріптеу, әмәнда қаламгердің еншісінде. Дегенмен, иесімен бірге оның  иінін босатып, жігін-жіктеуге де дарынды талант керек. Онсыз баяндамаңның өңі реңсіз, дәмі татымсыз боп келеді. Ең керектісі сол, шынайылықтың шекарасын бұзбаған оңды. Осы тұр ғыда Қазақстанның құрметті журналисі Аян-Сейітхан Нысаналин ағамыздың  еңбегі еренді. Осы жазылым дағы деректі мәліметтің біразы сол кісінің еңбегінен алынды. Бұл Аян- Сейітхан ағаның еңбегін жандан дыру, халық арасында қанатын кеңінен жаю мақсатындағы тірлік.              

   Қаламгердің айтқанындай, біздер- жады мықты халықпыз. Өмірден  өткен ақ  сақалдыларымыздың аңыз-жырлары, көне тарихымызды таспаға жазып алғандай жатқа айтатындарының куәсіміз. Ұлтымыздың  ғарыш туралы түсінігі де тап осындай жүйемен ауыздан- ауызға беріліп келеді. Сонымен бірге, шежірелер тасқа шекіліп, папирустар мен қамыстар һәм бұзау терілеріне, ең берісінде ақ қағаздың бетіне жазу көбейді. Барған сайын жетіле түскен күнтізбелер дүниеге енді. Бұларға байланысты әр халықта, ұлттар мен ұлыстар да қисапсыз ырым-жырым, болжам жоралғылар, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар дағдысына айналды. Дүние диірментасы шыр айналып, айлар мен жылдар оның пәресіне су құйып, мезгіл сынаптай сырғыды. Аталы сөздер сөйленіп, шежірелер шертіліп, жылнамалар жалғасып, тарих түзілді. Жер бетінде уақыттың дәл өлшемімен жыл қайыру амалдары мен тәсілдері кездейсоқтықтан туа қойған жоқ. Халық ойшылдарының ақыл таразысына салынып, қатаң сұрып тауынан өткен. Торғай өңіріндегі сыры беймәлім таңбалар, Арал теңізінің астындағы қаланың орындары және де сыры беймәлім дүниелер осындай зерттеу қорытындысы мен әңгімелі.

    Тіптен, ХІ-ғасырдың ғұламасы Махмұд Қашғари:«Түркілер осы жылдардың әрқайсы сында бір қасиет бар деп есептейді. Көшпелі өмір сүретін түркілер жылды төрт маусымға бөліп, әр үш айды сипатына орайлы атпен атайды. Жылдың өтуін сол тәсілмен белгілейді»- деп жазған. Сол айтқандай, бізге белгілі екі зерт теушінің ой тұжырымдамаларында жыл бойындағы әр айдың  қалай аталғанын оқушымның назарына ұсынамын.

  Жоғарыда баяндалғандай, Өтебойдақ Тілеу қабылұлының  кітабының 45-тілкім, 922-ашжаз дан 46 тілкім, 951 ашжазға дейінгі аралығындағы жазылымдарынан осы кітапта орын берсек, онысында:

-«... Айғақ саналғысының толымы он екіні толықтырғанда бір жылды тауысады да, он үшке аяқа басқанда келесі жыл басталмағы айқындылығы әйгіленімі шарт. Үш жүз алпыс ұйқаш уыстаған жыл толыңғысы 180 қарықтау,180 жарықтау және 48 мерекені несібелеп еншіліктеп, өтерден өтердендік жыл мәнісін бідіргілігі көземелік. Қыста, қарықтау ұзармағы мен жарықтау қысқарым тапбақтанса, артынша жазда қарықтау қысқарғыланып, жарықтау ұзармалығы теңгермеленіп, жалғастырғылы ауысымы Алла құдыре тімен жаратқан парызы болмақ. Ұйқаш  толығымындық саналғы мереке жиналғылық толғыс ұйқаш аталымдары:

Бақтал    (сенбі)

Баттал   (жексенбі)

Сақтал    (дүйсенбі)

Жақтал   (сейсенбі)

Аттал     (сәрсенбі)

Ғаттал   (бейсенбі)

Мереке (жұма). Бір ай төрт мерекеге толмақ. Қолжазба иесі мерекені былай деп ұғындырады: «Аллаһ Тағала он сегіз мың ғаламның бәрін алты-ақ күнде жаратып, жетінші күнін мереке (жұма күні) күн қуанышына белгілегені анық»-деп.

«Аллаһым алдыменен нұр жаратқан,

Нұр дарияның түбінде мың жыл жатқан»-дегендей, Аллаһ Тағала алдымен жарықты, нұр иесі Күн мен Айды жаратқан. Сонымен қоса әлемнің кіндігі Жер де жаралып, Күн мен Ай су ішінде мың жыл жатып, дүниені қараңғылық басқан. Кейін келе, Аллаһ Тағала құдіретті әмірімен Күн мен Айды көкке шығарып,  жарық дүниені бізге берген дегендік.  

  Алды-арты өліаралық  ұйқаш пен отыз күн болмақ. Бұл айлар жылға аманмен алдынан шығып жолық пақ, сыйға толған жыл толықпақ. Жасы жетіп шекті ғұмыры біткен жыл күні тайай зорықпақ.Ажалы жете көзі жоғалып, ата-бабасының томпаймасыздығы молықпақ. Осыны  өткермелегіштеуші айғақ  аталғылар:

Ергеу              (наурыз)

Көктеу           (көкек)

Мезгеу            (мамыр)

Көзгеу            (маусым)

Шілдеу           (шілде)

Тамызық        (тамыз)

Дәндеу            (мизам)

Соқтау          (қазан)

Күйек             (қараша)

Қауыс             (ықтырғы)

Ығыс              (желтоқсан)

Қаңтар          (қаңтар).

    Аяңдық аңдып басудан тайынбаған да танбаған он екі айғақ өткен жылдың ергеншегіне байлап, келген жылдың бетін ашып, өз саналғысымен теңестіріп, жылды он екіге  толтырып, он үшке аяқ басарда жыл шыға келмек. Мүшелік жасалғылық  түпкілік өзектілігі өрелгі жыл дар аталымдары етектеуіш көз  көргілі  болмағы: 

       Сумақы- ( тышқан)

       Маңғаз-  ( сиыр)

       Айбар-( барыс)

       Секем- ( қоян)

       Сумаң- (ұлу)

       Тұлпар-(жылқы)

       Иртек- (жылан)

       Шопан- (қой

       Мешін- (мешін)

       Айтақ-(ит)

       Шақырауық- (тауық)

       Қорысқы- (доңыз)- деп аталғыланып, бір һалал, бір һарамнан теңгерімделгі тапқаны айқын ұғыныс.          Әрі көсем, әрі білгір ата-бабаларымыз осы жыл аталымдарын хайуанат, мақлұқат аталғылығымен атаған. Алла адамзатына өзінен кейінгі ақыл-парасатты беріп,18 мың ғалам ның бәрін бағындырушы еткені хақ. Ал, адамзаты өзінен басқаның бәрін мойын ұсындыратыны да дәлелімдік саналғылық. Әне, соның үшін 18 мың ғалам-адамзатының несіптік ризығы. Бұл Алланың жаратымы. Неліктен жылдар аты мақлұқат аталғылырымен аталған?

    Алла біледі ғой, бірақ ата-ана балаға сыншы. Ата-бабаларымыз әр жылғы туылған нәрестелердің жыл басындағы бір жұма ішінде туылғандардың мінездемелік құлқы мен сол жылғы жылдық ырайлық құбылым- өзгерімінің және ауысымдық алтылық өзгерісінің  ұқсастығы барлығын аңғарған. Бірте-бірте көзі әбден жеткілік болған айқындығы туылан. Осыған сай кемеңгер ата-бабаларымыз әр жылғы туылған балалардың мінездемелік пейіл, мінездемелік һарекет, мінездемелік сөйлемелік, мінездемелік құлық ұқсасты ғына сай баса маңыз беріп, деңгейлес құлық, сыпаттас мінезге дәл түптес хайуанаттармен мақлұқтарды талдап, соның аталғысымен аталған...»-дегенін еске салудың өзі біз үшін бақыттылық. 

      Ал, қаламгерлер қауымындағы алыптар тобының өкілі, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов ағамыз ақпан мен қаңтардың  ауысып жүргенін қадап тұрып айтқан: «Қазақ пен өзге де халықтар жыл қайыруында  жыл  аттарының  негізгі құрылым принципі бұзылып кеткен. Екі адал- жылқы мен қой қатар  тұрып қалған... Қазақ  қаңтар-ақпан деп  ешуақытта айтпайды. Керек болса, айта алмапты. Ол тіліміздің сөйлеу дәстүрін бұзар еді.  Біз ылғи ақпан-қаңтар деп сөйлейміз. Сондықтан да, мен осы екі айдың аттары ауысып тұр ма деймін. Дұрысы-ақпан( январь), қаңтар (февраль) болуы керек»-дегені еске алынған.

    Аян-Сейітханның тіліне көп жылдар бойына  қазақтың баспасөзіне қара нардай жегіліп, елеулі еңбегінің шырайымен  атақты Балғабек  Қыдырбекұлының «Түгел сөздің түбі бір» атты еңбегіндегі көңіл түйткілері тиек болған: «Мен жыл басы көкек дегім келеді. Ол март айын көрсетеді. Одан кейін мамыр-апрель, май-маусым, шілде-июнь, сарша- июль, тамыз- август, қыркүйек- сентябрь, желтоқсан- ноябрь, қаңтар- декабрь деп аталса қалай болар еді? Ал, январьдың ақпан, февральдың отамалы, марттың көкек екеніне дау болмаса керек».

  Бұл түгелдей келгенде, әрқалай кереғар пікірлердің бір арнаға тоғыспай өрбуі- әлі күнге дейін тұрақты ен тағылып, бұлтартпайтындай лайықты бағасын алмаудан туындаған жәйт.   

    Айтса айтқандай, профессор Н.Сауранбаевтың 1954-жылғы орысша-қазақша  сөздігінде декабрьді-ақпан, январьды- қаңтар депті. Міне, бұл жұрттың құлағына орнықты сөз...

1. Наурыз-  март Жаңа Жыл. Көне түркі аты ұмытылған. Мүмкін, шуақ(ұзынсары)болар.

2. Отамалы( сәуір)- сәуір-көкекті әлі суық жібермей тұрған шақ. Қарасуықтың кезі. Тырбиған көктің  мал

   аузына енді іліне бастаған кезі. Оны кейде көкөзек деп те атайды.

3. Көкек(май)- мамыр- көкек шақырған, көк молайған тұс. Жер бәйшешекке толып, мамырлаған кез.

4. Шілде(июнь)- ыстық аса көтерілген уақыт. Бұл кезде үркер көрінбейді. 

5. Сарша(июль)- маусым. Бұл айда жасыл желекті өңір құбақан тарта бастайды. Саржағал белгі көрініс

    береді.

6. Тамыз(август)-далада жидек, тауда қарақат пісіп тамылжыған шақ. Қуырған ыстық қайтып, өте берген

    жазды көңіл де қимай, тыраулап шырқ айнала  ұшқан  тырналарға елегізи берген тұс.   

7. Қыркүйек(сентябрь)- түн суый, яғни  үркер көтеріле, Таразының таң сууы, түннің салқын тартуымен

    ұласып,  арамза болмақ үшін ел қошқарды  90 күн  күйекке байлаған шақ.

8. Қазан(октябрь) –қоңыр  күздің сіңген шағы, кәрі-құртаң  малды тауысып, қыстың, қара қазанның қамын

    еске алған шақ. Алғашқы қырау. Оны кейде Бозқырау, Боқырау деп те атайды.  

9. Қараша(ноябрь)-атының өзі айтып тұрғандай, жер әлі қараша, яғни тұна бастаған аппақ қар жоқ. Бірақ,

    биік шоқ талдың көлеңке түбінде ептеген қар болуы  мүмкін. «Қарашадан қар қалса жұт  болады»- деп,   

    кейде: «Қараша- қауыс, кәрі құртаңды тауыс»- дейміз. Ол қыстың қаһарына шыдайтын малыңды

    қалдырып, кәрі-құраңдарын сойып ал дегені. Бұл айды Желтоқсан айы деп атайды. Себебі, үш айдың

    басын шалған(тоқсан, тап тоқсан күн болмаса да) күздің желді суықтарына байланысты.

10. Ақпан( декабрь) –Қарашаның желі көрінбейді. Әлемді ақ ұлпа қар басады. Төбе, таулар,  айдала  

     жұмыртқадай біркелкі. Қытсың қысқа күнін ел ат адымындай ғана деген. Ақпанды ат  адымындай деген   

    сөздің мәні осы.

11.Қаңтар- қардың әбден бекіген кезі.Ұсақ мал өз бетімен жайыла алмай қаңтарылып, қолға қараған кез. 

    Жылқы да бір жерге тебінге түскен. Қыстың қысқа күні қарға адым ұзаған шақ, яғни, ақпандағы ат

    адымындай күнге қарға адымындай уақыт қосылады деген сөз.  

12.Үт- басқаша аты сақталмаған. «Үт –малыңды күт», «Үт келді- жұт  келді»- деседі.  Мал ерекше күтімді

керек етеді.

   Ал, Түркістандағы Қожа Ахмед Йассауидің кесенесінің ішіндегі тайқазанның төбесінде Жердің өз осінен қалай айналатынын есептеп, онысын дәлелдейтін әлемдегі тұңғыш астрономиялық маятник болыпты. Ғалымдар оның осыдан үш ғасыр бұрынға дейінгі уақытта тербетіліп тұрғанын айтады. Олардың пайымдауынша, маятник пен 6 шырағданды 799-жылы Изз-ад-дин Исфахани деген ұста жасапты. Қазіргі кезде ол шырағданның бірі Париждегі Луврда, екіншісі Санкт-Петербургтағы Эрмитражда сақтаулы деседі. Ал қалғандарының қайда екені беймәлім. Қожа Ахмед Йассауидің басына 34 бөлмелі, биіктігі 39 метрден тұратын ғимаратты тұрғызу 1390-жылы басталып, 1405-жылы аяқталса, «Көшпенді, мәдениеттен мақрұм  халық»-деген ұлттының сол кездегі ғылым мен білімдегі артықшылығын кешегі мен бүгіндегі кемсіту шілерге мұны біліп алғаны жөн болар.  

   Оңтүстік өңірінің халқы Наурыз мейрамын 2013-жылдан бері қатарынан тоғыз күн бойына тойлап келеді. Оның әр күнінде атқарылған игілікті іс-шаралар өзіндік ерекшеліктерімен есте қалатыны хақ. Ұлыстың ұлы күндеріндегі мейрам наурыздың 14мен 22- күндерінің аралығында  мерекеле нуде. Оның әрбір күні дербес атауға ие. Әрбір атау-атқарылатын мерекелік іс-шаралардың мәні мен мазмұнына байланысты. Әр күн өзіндік ерекшеліктерімен есте қалуда. Наурыз мейрамын мерекелеу дің бұл жаңа түрі халқымыздың ежелгі дәстүрін жаңа дәуірдің ерекшелігімен үйлестіріп, өткенді саралап, бүгінгіні бағамдауға арналған  сәтті күндерге айналуда.

14-наурыз- «Алас  күні» айдарымен  өтеді. Оның ұғымының астарында тазалану, тазарту деген мағына жатыр. Бұл күні тазару табиғатқа да тәндік. Сондықтан, мекен-жайды, үй- ішін тазартудан тыс үй іргесіне қол ұшын тигізіп, өсімдіктер мен жас көшеттер отырғызу  өмірдің сәнін келтірері сөзсіз.

15-наурыз- «Береке күні» деп белгіленген. Несібесін Жер Анадан теруші диқан үшін нағыз қарбалас уақыт. Еңбек етуден жалықпаған диқан ескі өнімді жаңартудың қамына кіріссе, артығын аудан мен қалаларда өтетін жәрмеңкелерде «Қазақстанда жасалған»-деген айдармен тұтынушыларға ұсынылады. Отандық өнімдерді насихаттау ісі де осы арада атқарылады.

16-наурыз -«Жайнау күні» деп аталған. Бұл күні елді-мекендер мен қалалардың орталық көшелерімен  бірге қоғамдық көліктер безендіріліп,Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік құттықтаулар ілінеді. Оқу орын дары мен мәдени орталықтарда түрлі мерекелік шаралар  ұйымдастырылады.

17-наурыз- «Мейірім күні» деген атауға ие. Халқымыздың Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жоқ-жітікке қол ұшын беру, қамкөңіл жандардың жағдайын түзеуге көмек беру сияқты қайырымды істермен дәстүрлік әдет-ғұрыпты жалғастыратын күн. Бұл күні балалар үйлері мен мүгедектерді оңалту орталықтарында қайырым дылық шаралары ұйымдастырылады. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек беріледі.

18-наурыз- «Құрмет күні» айдарымен өтеді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету- халқымыздың болмысын дағы қасиет. Қарияны елдің қазынасына балап, игі бастамаларымызға абыз ақсақалдың батасын аламыз.

19-Наурыз- «Шаттық күні» атауымен өтеді.Наурыз табиғаттың жаңғыруы ғана емес, өсіп-өнудің басы

болып саналады. Жер жүзі қайта түлейді, жан-жануар төлдейді. Айнала шаттыққа, қуанышқа бөленеді. Бұл

күні дүниеге келген сәбилерге құттықтау хаттар  жолданып, сыйлықтар беріледі.

20-наурыз- «Тағзым күні» деген атаумен мәлімді. Наурыз мерекесі қарсаңында ата-бабаларымыз көпшілік болып бата жасаған. Осы сынды дүниеден өткен азаматтардың рухына Құран бағыштау игі істердің санатына енеді. Мереке аясында мешіттерде өтетін намазда бабалар рухына Құран оқылады. Имамдар жүргізетін уағыздарда  Науыздың ұлтты ұйыстыратын мейрамның бірі  екендігі жөнінде насихат айтылады.

21-наурыз- «Үйлесім күні» айдарымен өтеді. Наурыз мейрамының ең басты сипаты үйлесімде Табиғат пен адам заты үйлесім табады. Бұл күн-Күн мен түннің теңеліп, әдемі үйлесімдікке  келген тұсы.  Сондықтан да, қадірі ерекше.

22-наурыз «Ұлыс күні» атауымен өтеді. Ұлыстың ұлы күні халқымызда мерекелердің төресі болып саналған. Бұл күні бата жасалынып, үлкен той- думан ұйымдастырылады. Ұлыстың ұлы күніне арналған кешенді шаралар осы күні өткізіледі. Бұл күні ұлттық  өнер насихат талып, ұлттық спорт сайыстар ұйымдас тырылады. Оңтүстік өңірінде игі дәстүрлер осылайша жалғасуда.

   Қарап отырсақ,  күнтізбенің  жолы тым ұзақ.  Ол әр уақытта атқан оқтай түзу  емес, кедір-бұдыр. Ала-құла. Бір ізбен жүйеге түсіруді керек етеді. Күнтізбе жасап, оны насихаттау кез келгенге бұйыра бермейтін дүние. «Көш жүре-тұра түзеледі»- десек те, уақыт шіркін, бізге өз дегенін дер кезінде орындауды талап ететіні бар. Сондықтан да, барға қанағат етумен көңілді жайландыру аздық етеді. Аллаһ Тағаланың жаратқанына оң көзбен қарап, дәлдігіне ұлттық сезімді бойлатуымыз керек. Оған егемендігіміздің ерік бергенін ескерген жөн. 

   Дегенмен де, ой мен сезім түбіне жеткен ешкім жоқ. Ұлы көшің бір пәс те тоқтамай, үнемі алға  қарай жылжуда. Адам заттылар жер мен көктің шеш етектен  тұратын  жұмбақтарын үздіксіз зерттеумен келеді. Қат-қабат құбылыстарына зер салып, жаратылыстың сансыз сиқырлы сыры мен қырын ашуға жанталасуда. Ізденіс үстінде жасалған небір тәжірибелер толысып, адам баласының жүрегі дауаламайтын жемісті жетістіктерге қол жетуде.  

 

 

                                                                   *       *       *

 

 

   Наурыз айы- күн шапағы Алатаудың жотасын сәуірдің ортасынан бастап қыздыра бастайтын кез. Сай саласындағы қарлардың еріп, өзен суларының тасқындап ағуды бастайтын шағы. Бірін-бірі қуалай аққан қар суларының гүрілді үндерінен құлақ тұнардай. Енді бұл үнге құстар әнін қосыңыз. Алатаудың нәурізі мен

сандуғашының, сары шымшығы мен өзгелерінің сайрасы көктем хабаршысындай. Құстар табиғатттың тамыршысы. Климаттың өзгерісін дөп басады. Осы мезгілде қонысын өзгертетін құстың бірі- тырналар. Олар күзгі қара суықтан көктемнің жылы лебі сезілгенге дейінгі уақытта Индия өңірін мекендейді. Көктемде қаз-қатар болып солтүстікке қарай ұшуының өзі қандай сәнді. Ұзын мойнын алға қарай созып, саған деген сағыны шын тыр-р-у-у-лаған үнімен білдіріп, сәлем бергендей. Саған жақындаған сайын жиі қағылған қос қанатының сусылы естіліп, әсері сені құшағына алып, мауқын басардай. Саған бір сәт қауышу рәсімін білдіргендей, енді өз жөніне бет түзейді. Қас қағымдай сәттегі осы бір балдай тәтті сезім жан дүниеңді рахатқа бөлеп, жүрегіңді елжіре теді. Атам оның төмендеп ұшуын осы жыл елге арзаншы лық әкеледі, ал биіктеп ұшуын жыл мезгілдері қымбатшы лықпен өтедіге жоритын. 

     Апам үлкен арықтың жар қабағынан сары топырақ алдырып лай илейтін. Лақ- қозылардың ойнағынан құлаған есік алдындағы ошақты жөнге келтіретін. Оған тезек қалап, бісмілләсін айтып от жағатын. Шұбалаңды түтін тезектің көңірсіген иісін көкке көтеріп, ауа кезетіні маған біртүрлі қызық сияқты еді...

  Сәуірдің орта шенінде құс төресі, адам баласының досы, айыр құйрықты қарлығаш та үйге асыға жеткендей. Достық пейілмен, шынайы ниетпен адам баласына арқа сүйеп келетіндей сезілетін. Халықтың түсінігінде қарлығаш киелі құс. Ол  жөнінде  халқымызда: «Адам баласы үй тұрғызуды қарлығаштан, өрмек тоқуды өрмекшіден»-деген сөз бар.  Өзі ұя салған шаңырақтың тілекшісі. Ол тек қуаныш пен ырыс әкеледі деп ырымдайды. Қарлығаш тіптен, бесіктегі баланың уіліне би билейді екен. Алысқа аттанған жолаушының аман- есен оралуына тілектестігін білдіретін көрінеді. Сондықтан да болар, қазақ жанына ең жақын, қимас қарындасын қарлығашқа теңейтіні. Халық арасында Төле би бабамның қарлығашқа қатысы жөнінде мынадай әңгіме бар.

 ...Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап келе жатады. Малын бағып, қамсыз отырған ел

тым-тырақай босып, үдере көшеді. Сонда жалғыз-ақ үй түтінін түтетіп отыра береді. Жоңғардың қонтайшы сы батырларын жұмсап:

- Анау жалғыз үй неге көшпей отыр, барып біліп келіңдер»-дейді. Олары үйге келсе, ол Төле бидің үйі

болып шыққан. Жоңғар жігіттері әкіреңдеп:

- Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен неғып отырсың»- дейді. Төле би олардың алдынан шығып:

- Жігіттер, сабыр етіңдер! Алдымен үлкен кісіге сәлем қайда? Әдет-дәстүрден бір сүрінген олар, Төле биге сәлем беріседі.

 -Енді тыңдаңдар!-деп, Төле би сөзін бастайды:

-Шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс, қашан сары ауыз балапандарын қанаттандырып болғанша мен ешқайда көшпеймін. Қарлығаш қасиетті құс. Адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме:

- Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұқ пайғамбардың кемесін суға батудан алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ  болған жыланнан да қорғап қалған осы қарлығаш! Мен жау келді екен деп, үйімді жығып, оның ұясын бұзып, балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала-шағаларың бар. Сендерді жұмсап отырған ханның да бала-шағалары бар. Сендер сияқты біреулер оларды улатып-шулатып, қырғын-сүргін қылып жатса, жақсы көресіңдер ме?! Хандарыңа осы сөзде рімді айтып барыңдар! Жоңғар жігіттері хандарына барып Төле бидің осы сөзін айтса, қонтайшысы:

- Ол әулие адам екен. Оған тимеңдер, оның төңіре гіндегі елді де қозғамаңдар!- депті. Содан былай қарай Төле би «Қарлығаш әулие» атанып кеткен екен.   

   Қарлығаштың ұясы біздің қоржын тамның кіре берісінде болатын. Алғашқы келген күні үйдің, қора-қопсының ішінде ары-бері ұшумен болатын. Құдды ол араны жын-шайтаннан аластағандай. Сонан соң ұясындағы былтырғы «көрпе-төсектерін» жаңалауға кірісетін. Апам оның келген күнінен бастап кіре беріс есікті айқара ашып қоятын. Осыдан бастап, қарлығаш құдды осы үйдің адамындай, ұясына ешкімнен қымсынбастан кіріп-шығушы еді. Қарлығаш құс біткеннің ішіндегі ең тазалық сүйгіш құс. Ұясының төменгі жағына бір түйір де саңғырығын түсірмейтін. Оның таңғы үні әдеттегісінен ерекше болып естілетін. Басын жан-жағына жалт-жұлт бұрып, көзін бізден айырмай шықылықтайтын. Оның жылдағы әдеті жұмыртқа басып, балапан ұшыру. Күн ұзаққа шыбын- шіркей аулап, солардың аузына салумен болатын. Балапандары

өте нәзік, тек тұмсықтары ғана қатқылдау болушы еді.

   Ал, көкек құсы жылда қораның боғатына салған ұясына қоныстайтын. Оның да көркінің көркемдігі көз тартарлықтай. Ол да үйдегілердің ешқайсысынан қаймыққан емес. Тіптен, алақанымдағы бидай жармасын тұмсығымен шоқып емін-еркін жейтін. Есімді енді жиған, ештеңенің қадырын білмейтін кезім. Сонда да болса, қарлығаш пен көкек ұяларына тиіскен емеспін.

   Онан кейінгі сәуір мен мамыр айларында шық суына малшынып қозқұйрық  терген кез бүгінде көз алдың дағы елеске түрленген. Табиғаттың жылдағы осы бір әсем көркі балалық шақтың бақытты күндерін жүректі сыздата еске түсіріп, сағыныш тұңғиығына еріксіз бойлатады. Қыр қызғалдағы мен дәмі тілді үйіретін рауаш теруден шаршаған шақты айтсаңызшы. Құшақты қызғалдаққа, дорбаны рауашқа толтырып үйге әрең жететінбіз. Апам даярлаған майлы қазан жаппасын тояттана жеп, киік оты мен ысталған күбідегі балдай тәтті қымыздың рахатына батушы ем. Жан дүниені масайратып, арсыз ұйқымен көзді тұмшалайтын қасиетін қалай ұмытарсың. Емірене отыра, күс басқан аяқты жуып-шайып, артынан қойдың құйрық майымен майлап төсекке көтеріп жатқызған анамның өбектеуімен ұйықтайтын кезді ше?! Жастығының астындағы кәмпитті аузыма тосып: « Құшағыма біткен балам-ау, асықпай же, асықпай»- деп, әлгі сөзін қайталаумен болатын.  Ананың ыстық құшағында еркелеуден артығы бар ма екен бұ дүниеде? Ыстық лебімен жан дүниемді балқы тып, жұмсақ алақанмен бастан сипап, көзді ұйқыға батыратын әдетінен ше?!

   Жаз айының кезінде бау ішінде ұйықтауды сүйетінмін. Кейде, қанар қаптың ішіне кіріп алып, күндізгі ұйқының рахатына бататынмын. Үйдегілер талай рет осы қылығымның куәсі болды.  Ал, түнгі самалдың әсері жаныңды тербетіп, көзіңді шырын ұйқымен жұмардай. Құс төсекте жатып, көз талғанша көк аспанның өрнектеріне қарау қандай керемет. Ешет атамның жұлдыздарға қарап ауа райына болжам жасауынан жұғысты ма екен, аспан әлемін дегі сан алуан жұлдыздарға құштарлықпен қараудың соңы ұйқыға ұласатын.

   Жаз мезгіліндегі қым-қуытты ауыл өмірінің бейнесін тілмен айтып, көңіл торына түсіру қиынның- қиыны екен. Кең алқапты жайлаған ауылдың алты ай жаздағы тіршілік дүрбелеңіне белшесінен бөгіп, дені бір жайылып қалардай түрін сөз маржаны мен бейнелеу құдды суретшінің тірлігіндей. Ел ішіндегі қимылдың қайсы біріне көз тіксең де көңілді тасытар көрік пен сән. Қайда тұмсық бұрмағын, көкіректі жайлайтын қазандағы еттің жұпар исі мұрныңды шүйірер-ді. Оған іші ысталған күбідегі қымыз иісін қосыңыз. Сәнқой қатынның қос қолындағы  шүйкедей жүннен иретіліп шыққан жіп сияқты, көк сылаңды түтіннің будақтап жатқаны. Құлағыңды қайда қарап тоспағын жабыр-жұбыр үнді, қилы-қилы әңгімені естисің. Аспан астын шатыната шырқалған асқақ үнді ән, сылқ-сылқ күлкі. Адам түгілі жылқының кісінесі, азанды-кешкілі бұзауын іздеген сиырдың мөңіресі, қойдың маңырасы мен есектің аңырасы өнер сиқырына еніп кеткендей. Жаздың тұнық аспанын сызылта салған әннің әуені кернеп тұрғандай. 

  Алатау-осы өңірдің тарихи тал бесігі. Аспанға қарай шаншылған шыңдары сұстиған суық келбетімен

қатпарлы ескі тарихқа куә. Өте-мөте көне, әрі сымбаты ерекше- айбарлы. Таусылмайтын әппақ қары ақ сәлделідей екенін әйгілеп, қасиеттілігін еріксіз мойындатқандай...

   Ақ басты, әрі асқақты кәрі Алатау баурайының тамылжыған тамаша табиғаты керемет қой, шіркін! Көк күмбезді аспан астында, күн нұрына шағылысқан ақ бураның жалдарындай, төбесінен төнген алтын арайлы күн сәулесіне жон арқасын тосқан жап-жасыл биік-биік бел-белестері мен  көкорай шалғын ды жоталарына бір сәт те болса көзіңді тігіп көрші? Шашыранды шатқал-шыңы мен сай-саласын көм керген, жапырағының түр-түсін өмірі өзгертпейтін арша мен шырша сияқты ағаштары қандай?!

  Олардың ара-арасымен етекке қарай ентелеп, еңіс-еңісті қуалай өскен, дәмі тіл үйіретін жеміс-жидек тері, иісі мұрын жаратын гүлдері ше? Таудың жер құрсағын түртіп, тепсініп шыққан ботакөз бұлақтың  жоғарыдан төмен қарай қыз қылығындай сылаңмен  мың  құбылып аққан мөлдір суының көркінен көзді айырғың келмейді. Сол суды сіміріп, есіліп жатқан топыраққа табан тигізу қандай ғанибет! Бірде қалыңның ішінде қарайып жүретін, одан ойқастай шығып құз басынан көрінетін, ал енді бірде еркелегендей елге де таяп-тақап келетін андыздаған аңдарына аңсарың ауса ше?! Ашық аспанда сән-салтанатын асыратын, қанат қағысы мен тынық ауаны дірілдететіп, сан түрлі үнімен жаныңды жайландыратын құстардың өмір тіршілігіне бір сәтте болса да үңіліп көріп пе едіңіз? Табиғаттың адамның жан дүниесіне бұдан артық әсері бола ма? Мұндай жерде жаныңның жадырамауы, көңілге көктем шуағының құйылмауы, қиялдың қияға шарықтамауы, сезімнің селт етпеуі, әдемілікпен әсемдікті сүйетін жүрек қылының шертілмеуі әй, мүмкін емес-ау, мүмкін емес! Сондықтан да болар, Алатаудың айналасын жайлаған жалпақ жұрттан шыққан жазушы, ақын мен композитор, әнші мен басқа да өнер иелерінің сансыздығы...

   Қанша дегенмен де, қай баланың болмасын, рухы өзінің бұрынғы табиғатынан әлі алыстай қоймаған кезі. Оның жүрекпен сезінуі жасы үлкен адамдардан анағұрлым жоғары. Жастық шағында ата-анасынан алған тәлім-тәрбиесі, табиғаттың жан дүниесіне берген әсері әсте бұлақтың көзін ашқанындай. Ғұмырының

соңына дейін есте қалатыны да сондықтан болар. Мұхтар ағаның:

...Балаң жылдар байқатпастан өте шықты аяңдап,                                                                           

Балалықтың біздің бастан көшкендігін баяндап.

Балалық шақ -іңкәр дәурен сұңқар тауын шарлаған,

Өз көктемін сағынбайтын, аңсамайтын бар ма адам? 

 

Балалық шақ- гүл жазира, балалық шақ-байтақ ән,

Қартаямыз, бірақ саған ораламыз қайтадан .

Саған оймен ораламыз, көңіл шалқып айтады ән,

Ал сен қайтып келмейсің-ау, оралмайсың қайтадан»- дейтініндей, қайта оралмастай болып артта қалған балалықтың бал дәуренін бүгіндері сағынышпен еске алуың жиілейді екен. Бір сәт көзіңді жұмып толғансаң, сол өмірге қайта оралғандайсың. Бәрі де күні кешегідей сияқты. Мүмкін, қартаюдың  өзі балалықтың бір түрі болар, сірә?!

 

                                                                *       *       *

 

 

   Алатаудың етегіндегі бұрынғы Ленгір, қазіргі Төлеби ауданында бәрі де бар- қайыңды тоғайы, аршалы беткейі, жер астындағы көмір, мұнай байлықтары, астығы, малы болып жалғаса береді. Асан қайғының арман еткен «Жер ұйығы»ның  суы сүттей, топырағы майдай, тасы алтындай, мәуелі ағашы толған жеміс-жидек, сұққан шыбығың шынар болып өсетін шұрайлы жері құтты қоныс. Бұл өңірдің тылсым жұмбақтары толық ашылмаған, мүлдем басқа табиғат әлемі. І.Жансүгіров айтқандай:

 Мың тамыр, жуа, рауғаш, жау жапырақ,

 Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.

Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,

Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.

Ішінде сол қурайдың сұлу солар,

Шырмауық, кендір, қылжа, жылан қияқ.

Қанжыға, қоға, сасыр, аққой болып,

Бөлінеді жуалар мен тау сарымсақ.

Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.

Ішінде сол қурайдың сұлу солар,

Шырмауық, кендір, қылжа, жылан қияқ.

Қанжыға, қоға, сасыр, аққой болып,

Бөлінеді жуалар мен тау сарымсақ.

Қымыздық, қыз саумалдық дейтіндерге

Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.

  Алатаудың қатпарлы жондарындағы қар суынан құралған, тарихи сыры мол  өлкенің долдана аққан Ақ суы мен Сайрам суының ақ көбікті толқындары, сылдыры мол Балдыберек, Қасқа су мен Бадам өзендерінің  суы зәм-зәм суындай, ел- жұртының құты. «Ат баспаған жерін үш басады»- дегендей, 1968-жылы Ақсу бойын жайлаған мәдениліктер ауылына қазақ вальсінің «королі» мен бүгіндегі Ел ұранының «түп нұсқасы» болып танылатын Шәмші Қалдаяқов ат басын бұрып, ауыл ақсақалы Дербіс қарияның үйінде қонақ болған.

  Шәмші ағамыз жүрек толқынысын осы өңірдің өмір тынысымен үйлесуін «Ақсудан ұшқан ауылым» әнімен әйгілеген. Оның  осы жолғы «қонақ кәдесі» дүйім елге Мұхтар ағамыздың сөзімен жариялы.

                                  

Ақсудан ұшқан аққуым

 

Кеудемде тұрдың жұлдыздай жанып,

Шаттығым болып аңсаған.

Араға талай айларды салып,

Оралдым, жаным, мен саған.

 

Алатау баурайын келемін аралап,

Жасқанбай жаңбырдан.

Ақсудың өзенін көп жүрдім жағалап,

Аққулар ұшады алдымнан.

 

Жеңешең сенің өзенге келіп,

Су алып қайтып барады.

Көңілсіз тұрған қалпымды көріп,

Қиыла неге қарады?

 

Сұрауға батпадым, көңілім жабығып,

Аңсадым әніңді.

Мен жырақ жүргенде бір бақыт жолығып,

Баурап ап қойды ма жаныңды?

 

Не деймін саған, не деймін саған?

Хабарың, еркем, жоқ мүлде.

Әлде сен, жаным, қайрылмай маған,

Аққу боп ұшып кеттің бе?

 

Қай жерде жүрсең де талмасын қанатың,

Талмасын мәңгілік.

Кім білсін, кеудемде өшпестей жанатын,

Кеттің бе бір арман қалдырып?- деп шырқалатын өлеңді сөздер, бүгінде бүкіл еліміздің жүрегінде.                                                                                          

 

   Қыздың қос бұрымындай болып ағатын Сайрам су мен Қасқа су ішіндегі тастары алыстан меруерттей көрінеді. Толқыны би билеген қыз қолының ырғағындай әсемдікпен ағатын судың сарылы қыл қобыздан шыққан күйдің ырғағымен үйлесімді. Сылқым ағысының осы бір дауысын тыңдаудан, сұлу көрінісіне қараудан жалықпайсың. Тұңғыш тұмса сезімге сұлулық сәулесін түсіріп, өн бойымды балқытқан да солардың осы бір әсем көрінісі болар...

Таң мен күннің арасы таянғанда,

Таудың басы алаумен боялғанда.

Тірілетін таудағы бар тіршілік,

Құстардың қиқуынан оянған ба?!- дегендей, таңның бозарып атқан шағында ұлар құстан бастап, бір-бірі

мен жарыса сайрайтын өзге де құстардың құлақ тұндырардай әсем үндері Алатаудың ұшар басында күн шапағының пайда болғанын сездіреді.

    Осы бір сәтте Байғұл бабаның жайлауының жотасынан төменге көз салсаңыз, Аллаһ Тағаланың нұрына

малынған күн арайы жер бетін айрықша мейірімге бөлегенін сезер едіңіз. Көз таларға дейінгі адырлы жердегі көк құрақтың тау самалы мен бірге тербелісіне елітіп, өзіңді пәк қиялдың қанатымен қалықтаған құсқа теңейсің.   Күн шапағымен қызынған тау ішінің тыныштығы сондай, ол арада жас жоңышқаның басын шалған желдің есуі мен сонаудағы ат тұяғының дүбірі анық естіледі.

  Тау бөктеріндегі жеміс ағаштары гүлдейтін кезді көз алдыңа елестетіп көрші. Жапырақтары аппақ ақ шағаладай. Оның ішінде өрік ағашының гүлдесі де өзгеше. Бірдеңенің алды-артына назар аударып,

барысын бағамдап жатпай-ақ кірісіп кететін қазақ қандыға ұқсайды. Алда не тұрғанын пайымдамай, мезгілі

келсін-келмесін гүлін аша береді. Осы мінезі мен суыққа жиі-жиі ұрынатыны бар.  

   Аллаһ Тағала Жерді жаратқан соң, оны лалагүлмен көркемдесе керек. Олардың саны  Жер шарындағы  бүкіл өсімдік атаулыдан басым болған. Сол лалагүліміз бүгінде қызғалдаққа түрленіп, Алатаудың ажарын қызыл түспен ашқандай. Оларды ешкім арнаулы құралмен екпейді. Тұқымы желдің әсерімен, тозаңдандыру шы жәндіктердің іс-әрекетімен таралады. Тау жотасы сол мезгілде қызғалдақтың қызыл реңімен танымды. Самал желдің тербетуімен, ол енді бірде алаулап жанған оттың жалынындай болып сезіледі. От жалынынан гөрі қызуының молдығын көңілге ұялатып көріп пе едің? Ал, уысыңдағы қызғалдақтың хош иісіне елтіген сәтте оның сағымнан да нәзіктігі, үлбіреген сұлулығы жаныңды жібектей желпитінін сезіп пе едің?! Толғанып көр! 

 

                                                             *      *      *

 

    Атам мен білетін ғұмырындағы тіршілігін төрт түлік мал бағумен өткізді. Мал өсірудің нағыз маманы десем де болғандай. Төрт түлік малдың күйі мен жайын айқындай білетін. «Сәуірдің аяғы мен мамырдың бас кезінде Арқада «Алтын Күрек»- деген амал бар. Сол кезде таудағы киіктер мен түздегі бөкендер төлдейді. Содан біраз күн өткенде қатты дауыл соғады. Ол-киік пен бөкеннің төлін өргізетін кезі»- деп отыратын. Ал, Шақпақтың  желі:  «үш күн, болмаса бір жеті тұрады»- дейтін. Шындығында оның азынаған суық желі не үш күн, не бір жеті бойы тұрушы еді. Жарату шымның осы желмен қыстағы қардың, көктемгі

жауын суларынан жерді құрғатып, өскен өсімдіктің  түбін қатайту амалы екенін өсе келе аңғардым.

   Атам үнемі: «Сәуір  болмай, тәуір болмайды», «Сәуір айы- жауын айы»- деуші  еді. Мұның бәрі өмірден

алған тәжірибесінен болар. Қаршадайынан мал мен егін шаруасымен шұғылданған  адамның болжамы дөп

келетін. Мұқағали ағамның:

Сәуір айы шопанға –сары уайым,

 Малмен бірге болады ауа райың»- дегеніндей, атам сәуір айының әр күніне болжам жасап  отыратын. Сәуір айында түрлі амалдың болатынын айтып отырушы еді. Олардың «Бес қонақ», «Шақпақтың желі» дейтіндері ғана есімде қалыпты.

    Атамның айтуынша, Сыр бойының бес жігіті қыз көруге Арқаға бет алады. Сырдың бойында күн ыстық болғандықтан қызулы жігіттер жолға жейдешең шыққан. Жол-жөнекей  қарлы жаңбырға тап болып талай рет суға малшынған. Сәуірдің орта шенінде болатын бұл амалдың «Бес қонақ» деп аталуы да сондықтан дейтін. Бес қонақты күтпей гүлдеген өрік пен алма ағаштарын жаңбырдың қармен аралас жауынында «үсік ұрмасын»-деп, баудың ішінде тезек жағып, түтіндетумен болатын.    

    Атамның таңғы намазды оқи салысымен «Таңғы ауа жанға дауа»- деп, мені оятуы оның күнделікті әдеті еді. Ал, сағат алты болмай жатып ұйқыдан оянуды еске алып көріңіз... «Ұйқың ашылады»-деп, үлкен арықтың мұздай суымен беті-қолымды жуындыратын. Қожа Ахмет Йассауи бабамның 68-хикметінде: 

...Таңсәріде тұрғанның ырысы артып, тасады,

Тәңірі хабар шашады таңсәрінің кезінде.

Таңсәрінің кезінде көк қақпасын ашады,

Дидарға қадам басады таңсәрінің кезінде.

Таңсәріде тұрғайсың, Құдайға құлдық ұрғайсың,  

Күнәдан сөйтсең жұрдайсың, таңсәрінің кезінде»- деп жырлағанындай, атам таңсәрідегі намазбен Құдайға құлшылық қылып күнәсінен арылса, менің әлгіндей

 бет жуудан ұйқым ашылып, көңілім серги тін. Сол сияқты, бүгіндегі ерте тұру, қысы- жазы салқын сумен

 жуыну сол кезден басталған.

   Содан соңғы іс-әрекетіміз  қорадағы мал қамына кірісуден басталатын. Екеулеп жүріп, жылқыларды арқандаушы ек. Онан соң қозыларды көгендеп, апама қойды саудыратынмын. Қозыларын жамыратып алып, қайта сауатын. Оларды көгендеп болысымен сиыр сауып жатқан жеңгеме көмектесетінмін. Ол да апам секілді, сауын арасында бұзауларын еміздіріп, сиыр емшектерін идіріп алушы еді. Қора-қопсыны мал қиларынан тазалаудан соң таңғы асты ішетінбіз. Атам дастархан үстіндегі әңгімесінде: «Үйдің берекесі үйдің бір адамының тағдырына жазылған. Оның қадыры о дүниелік болған да ғана білінеді»-деп отыратын.  

   Айтса айтқандай, өсіріп-баққан түрлі тауықтары мен қояндары, үйрек пен қаздары, қой мен ешкілері,

жылқылары мен сиырлары, өзі  о дүниелік болғаннан соң құдды біреу жерді қоқыстан тазартқандай, қора мал мүлкінен тазарып шыға келді. Түрлі себеп-сылтаумен үйден шықпайтын  атамның құрдастары да үйге келуден сап тиылды. Апамның қоян етінен даярлаған қуырдағы, сары май мен тауық жұмыртқасынан жаса ған қазан жаппасы, киік отымен ысталған күбідегі бал татитын қымызы, қысы-жазы ұн ішінде сақталатын соғым еттері мен қазы-қарталары сиреп, соңында естелікке айналды. Тап осы жөнінде Шағырай шешен:

Ел қадыры болмайды бас кеткен соң,

Сөз қадыры болмайды жас кеткен соң.

Бәйбішенің қадыры болмайды екен,

Құйып берер қолынан ас кеткен соң- деп, бостан-босқа  айтпаған  болар.

 

 

                                                                *        *        *

 

    Жаздың алғашқы айында жекенің малын бағатын қойшы мен сиыршы табылғанша оларды кезекпен бағушы едік. Мамыр айының кезі болар, бірде малды бағу кезегі бізге тиді.  Апам  мен жеңгем үшеуіміз, таңғы намаздан соң оларды Қоғалы сайдағы жайылымға жеткіздік. Жайылымның екі шеті колхоздың егістігімен шектесетін. Малдың алғашқы қарқындағы жайылымында, оларды егістікке түсірмеу үшін өкпең күйгенше жүгірумен боласың. Тояттаған кезде ғана көңілің жайланады. Осы сәтті пайдаланған апам таңғы асты алып келу үшін үйге кетті. Біршама уақыт өте апамның екі қолындағы ауыр жүктен әрең жүрісін көріп, оған қарсы жүгірдім. 

    Жаңбыр мен қар суының көктемгі ағындысынан Қоғалының сайы жер бетінен 10, 15 метрге төмендеп, сайдың екі қапталы тіке жарға айналған. Сайдың іші қой тасқа толы. Тек судың айналма  жерін ғана құм басқан. Жар қабағынан әрменірек жүрудің орнына тіке жүріп, жардан құлағанымды аңғармаппын. Мұны көрген апам қолындағыларын жерге қоя сала маған қарай жүгірген. Жеңгем де егістік шетінен еңістеп, сайға қарай жүгірген. 10 метрдей биіктіктен құлап, кеудеме дейін құмға батып кетіппін. Екеулеп жүріп, ағынды сумен үсті-басымды жуып-шайып, орнымнан тұрғызса керек. Есімді жисам, апам мен жеңгем қолтығымнан сүйемелдеп, сайдан өрлеп келеді екен. Аузым толған құм. Түкірініп жүріп, ауызымды әрең дегенде тазарт тым. Жардың айналма жеріне басыммен құлаппын. Ал, қой тасты жеріне құлағанымда не боларын осыдан-ақ біле беріңіз...Таңғы астың дәмдісін аузыма тосқан анам мені өбектеп, көзінің жасын төгумен болды. Бірақ, жаспен жуылған жүзі ашық-жарқын еді. Іштей егіліп жылаудың сырын сол жолы ұққан едім...

...Ескі заманның есте жоқ кезінде елді билеген бір әйел патша дүниедегі бар асыл тастардың құнын білмекке құмартып, жинаса керек. Бүкіл ел-жұрты тартысып- тырмысып жүріп жинаған асыл тастардың ішінен ол, гауһар тасты асылдың асылына теңепті. Өзінен жарық шығарып, жалтылдайтын одан өзге асыл тасты таппапты. Түн қараңғысында гауһар тастың кереметіне таң-тамаша болып тұрған қауым жұрт, кенет жарығы гауһар тастыкінен де әсерлі жарығымен қара түнді қақ жарып, қою қараңғысына еніп жатқан затты көреді. Әйел патша әлгі заттың жарығына елігіп, енді гауһар тастың жалтылынан жери бастайды. Жалма-жан әлгі көрі ністегі затқа қарай кісі шаптырып, оны алып келуге бұйырады. Жіберген адам дары әлгі жерге барып, ол арадан ешқандай асыл затты таппайды. Тек, ағыл-тегіл жылап отырған кейуананы көреді. Бағып қараса, түн қараңғысын қақ жарып, көз нұрын қарықтырған манағы беймәлім зат- ол кейуананың жүрек бастауынан шығып, көзінен тамған жасы екен.

    Хауа Анамызға бұйырған қабырғамызды бұлдап жүргенде, Анама  деген қарызымның  бастан асқанын сезбеппін. Ана кірпігінен үзілген тамшыны алмастыратын өзге асыл жаратылмапты бұ дүниеде. Осылайша, ақыл таразысының өлшемінен өткен құдыреті күшті Ананың көз жасы адамзат өмірінің мәңгілік мәніне айналыпты. Емшегін иіндірген ботасы үшін алақанын көкке жайып Жаратқан Иеге жалбарынып, пір тұтқан Ұмай мен Тұмардан перзентінің амандығын сұрау үстінде, ерні кеберсіген қара топырақтың талай рет Ананың көз жасымен шайылатынын білетін бе едің? Ең болмаса, осы жөнінде ойланып-толғанып көріп пе едің, достым?! Анамның тебіренісінен жерге тамған көзінің жасы қазір де көз алдымда. Жан дүниемді тебірентіп, ойымды сан рет толғатқан туындыны Саған  ұсынамын, оқып- түсін деп?! Қабыл ал, Сен де сондай Анадан туылғансың ..!

    Әрбір ата-ананың жанұядағы орны ерекше. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әкені жанұяның

асыраушысы, тірегі десек, анамызды оның ұйытқысы, жылуы, шуағы деп білеміз. Адамзат баласы ең алды

мен бұл өмірде АНА алдында қарыздар. Өйткені, Ана- әрбір Адам Заттының ұлы ұстазы. Ана қарызының өтемі оны алтынмен бөлеу, Ақ Орда салумен емес, ендігі жерде оның рухына арнап дұға оқып, Аллаһ Тағаладан ғұмырына жайлы тілек тілеу.

   Мен анамды үйде өсетін раушан гүліне санаймын. Онсыз реңсіз бөлменің іші суық та, бос сияқты. Қалай болғанда да, жанұяның жылуын сақтап, бұрынғы өткен ата-әжелеріміз секілді, ол да  перзенттерін азамат етіп тәрбиелеп, отбасының жанына жалау бола білді. Анамнан алған тәрбиенің мәні осыған меңзейді. Өйткені, мен күш пен қайратты, ақыл мен парасатты оның маған деген кіршіксіз таза махаббатынан алдым. Ол- ұлылықтың белгісі, ұлылық- әр пенденің төл құжаты секілді қасиет.

«Білсеңдер, дүниеге әйел ана,

 Әйелсіз дүниеге келмес бала.

Алып-анадан дегендей, ат биеден,

Әйелден неше түрлі туған бала»-демекші, тұлпар-биеден туылса, жер жүзіне аты жайылған  данышпанды

да АНА  туған.

    Спорт әлеміндегі жеңімпаздың аты әлемге жайылғанымен оның бапкері ескерусіз қалаты нындай, атақты

алыптарымыз бен данышпан- Арыстан баб, Әбу Насыр Әл Фараби, Жүсіп Баласұғыни, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Рудаки, Фердауси, Низами, Науаи сияқты ғұламалар, беріректегі Төлеби, Абай бабаларымыздың есімдері, Мұхтар Әуезов сияқты жазушыларымыздың көркем шығармаларымен жер жүзіне танымал болғанымен, тарихшыларымыз аналары мен әйелдерінің кім екенін ұмытқандай. Қожа Ахмет Йассауи бабам да ғұламалығымен  әлемге  әйгілі. Әйтсе де, анасы Қарашаш пен әйелін еске алушы ларымыздың саны санаулы.

  «Алып та анадан туылған»-демекші, от арбаға арналған темір жолдың шойын темірін қыл арқандай етіп,

мойнына ораған Қажымұқан бабамыз туралы ел арасында неше түрлі әңгімелер бар. Жазушыларымыз ол жөнінде кітап та жазды. Оның Қыпшақ бабамыздың ұрпағы екені белгілі. Ал, анасы туралы мәлімет шығар машылық туындыларда жоқтың қасы.

  Айтар болсақ, ер жүректі Сақ патшайымы Тұмар(Томирис) ханша- байырғы замандағы сақ халықтарының бір қолымен бесік, екінші қолымен ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Тарихшыларымыздың дәлдеуінше, ол б.д.д.520-570-жылдар аралығында ғұмыр кешкен. Оның есімі тарихқа еніп, әлемге танылуы-Парсының әйгілі патшасы Кіреукенің (Кир-б.д.д.530-558)«жеңілуді білмейтін» әскерін шайқасу үстінде тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

  Кіреуке- батыс елдерін жауламас бұрын, әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіріп алуды көздеген. Соғысуға желеу іздеп, күйеуі өліп, жесір қалған Тұмарға өзіне әйел болуды ұсынып, оған елші жібереді. Тұмар ханша Кіреукенің ұсынысын қабылдамайды. Осыны желеу еткен Кіреукенің жау қайдалап жұтынған жау жүрек жауынгерлері шығысқа қарай жорыққа шығады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлер құрып, кемелер кермесінде мұнара, қамалдар тұрғыза бастайды. Өздерін жаулауға келген парсылардың әр қадамын Тұмар ханша алыстан бақылап, біліп отырған. Олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салып  жатқа нын көріп-білген ханша, Кіреукеге арнайы жаушы жіберген.

  -«...Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, билігіңді жүргізе бер. Бізді күндеме. Егер дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, мен үш күндіктей жерге кетіп, жол ашамын»- деп сәлем жолдайды. Соғыс құмар Кіреуке оның ұсынысын қабыл алады. Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күндіктей жерге шегінеді. Олардың шегінгеніне көз жеткізген Кіреуке, бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, кеңесшісі Керзінің  үйреткен айла-тәсілімен сақтардың шабуылдаушы тобын қолға түсіріп, түгелімен қырғынға ұшыратады. Топ басшысы-Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады. Осыдан кейін екі жақтың арасында бұрын- соңды болмаған, көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл соғыс басталады. Ақыр соңында далалық соғыс тәсілін жете меңгерген түркі сақтар, парсылардың әскерін түгелімен дерлігін жайратып салады. Бас сауғалай алмай, қоршауға түскен Кіреукенің шағын тобы да қырылады. Тұмар ханша шайқас соңында алдына кешірім сұрап келген Керзіге қарап тұрып:

Қанға бөккен сұмырай,

Мына далам тыншымас,

Қорқау Керзі құрымай...

Жүзіңнің мынау сұрын-ай!

Жүзіңнің мынау сұрын-ай!

Жалғыз ұлымды өлтірген,

Кіреукенің шоқпары...

Алдыма келіп құладың,

Кешірім менен сұрадың.

Кіреукенің жансызы,

Еңкілдеп маған жыладың.

Әділдік жеңді көз көрді,

Арамдық туы құладың.

От  боп лаулап жанамын.

Ақ семсермен Керзі арам,

Басыңды сенің аламын!

Алып болып басыңды,

Торсық толған қанға мен,

Басыңды әкеп саламын.

Кіреукенің басындай,

Сусының қанға қансын бір,

Осы істеген қылығым,

Ұмытылмай мәңгі қалсын бір...»-деген Тұмар патшайымның семсері күнге шағылысып жарқ етіп, Керзінің

басын жерге томалатып түсіреді...Соңынан Кіреукенің  өлі денесін таптырып: «Сен қан ішуге құмар едің, енді шөлің әбден қансын»- деп, басын қан толтырылған меске салып қойған деседі.Халқын жанындай

сүйген, жауына қатал, тәуелсіздік үшін күрескен сақтың батыр әйелі Тұмар патшайым, ел аузында мәңгі

ұмытылмайтын осындай аңыз болып, өмір сүріп келеді.

... Ал, көне түркілердің мифологиясында «Ұмай Ана» ұрпақ жалғастығын желеп-жебейтін періште болып саналады. Ерте замандағы шежіремізге үңілсек, ерте дәуірдің бірінде Алтай тауын мекендеген түркі жұрты қайбір жылдың қысында құрық бойы жауған қардың астында қалып, қырылып қалады. Қақаған аязда тек Айсұлу есімді қыз бөстекке оранып аман қалған. Алтайдың үңгірін мекендеген Аю батыр оның сұлқ жатқан жерінен тауып алып, Ұмай Ананың көмегімен тірілтіп алады. Көп ұзамай Айсұлу Аю батырдан жүкті болады. Аю батыр үйде жоқта толғағы қысқан Айсұлуды Ұмай Ана жебеп, бір ұл бір қызды дүниеге әкеледі. Содан түркі қауымы рулы елге айналып, бүгінгі күнге жеткен деседі. 

   Тарихшылар Ұмайды: «Аналарды қолдайтын періштенің есімі»- деп санайды. Қыз ұзатылғанда, неке қиылғанда, әйел босанғанда Ұмай Анадан медет тілеу осыдан келіп шықса керек. 2009-шы және 2012-жылы Ұмай Ананың тасқа қашалған бейнесі Алматы облысының, Жамбыл ауданындағы таудың Қоғалы шатқа лынан табылған. Оған дейін өзіміздің облыстан табылып, мемлекеттік Орталық музейге қойылғаны мәлімді.

 

 

                                                                      *       *       * 

 

    Тарих бетіне үңілер болсақ, Бәйдібек бабамыздың Нұрила есімді кенже тоқалынан Жалмамбет (Жарықшақ) тің еркек кіндікті- Албан, Суан, Дулат есімді ұлдары болған. Ал, Дулаттан Сиқым, Жаныс,  Ботбай,  Шымыр есімділер туылған. Жаныс бабамның денесі Сайрам ауданындағы Қара мұрт елді-мекенінде жерленген. Төле би бабамыз оның тоғызын шы перзенті Әлібектен туылғанын білеміз. Ол жөніндегі тарихи деректер Қоғалының тумасы Қазанғап ақынның өлеңдер жинағында кеңінен баяндалған. Жалмамбеттің Шымырынан тараған ұрпақтарының бірі Төле Шымыр.  Оның шығу тарихын іздер болсақ:

Шымырдан- Шынқожа, Бекболат, Темір.

Шынқожадан- Марсым, Марсымнан-Қонақбай.

Қонақбайдан- Қарқара,

Қарқарадан-Базаркелді,

Базаркелдіден- Төле ұрпағы тарайтын болса керек. Ал, Төледен- Байқара, Байсейіт ұрпақтары тарапты.   Шымкент маңындағы Қайтпас еліндегі Шымырлардың басым көпшілігі осы Байқара ұрпақтарынан көрінеді. Қайтпастың ең алғашқы атауы- «Шымыр» ауылы, кейін «№10»-шы ауыл, ал бертін келе «Жасасын»-деп аталса керек. Ресей империясын құраған  ішіміздегі бай-шонжарлардың қанауынан әбден теперіш көрсе де, жарқын болашаққа деген сенімнен ажырамаған Шымырлар игілікті істерге білек сыбана кірісіп, отырықшы лық тұрмысқа батыл кіріскен. Олардың мұндай іс-әрекеттеріне сырттай көз салушылар: «Не деген жанқияр лық еңбек, ешқандай қиындықтан қайтпайтын  ел екен»- деп, риза болысады екен. Ақырында оларды қиындықтан «Қайтпайтындар», «Қайтпастар»-дей келіп, ақыр соңында «Қайтпас»- ауылы деп атап кеткен көрінеді. Ал, қайсыбіреулер осындағы «Албастысайдан» адамдардың қайтпай қалуымен байланыстыратыны  тағы да  бар.

 

                                                                 *      *      *

               

    Төле Шымыр Рзуа апамның төртінші бабасы екен. Оның мекен- жайы Арыс өзенінің бойындағы қазіргі

Амангелді ауылы. Аллаһ Тағаладан келген дарынмен аты елге жайылған. Қолындағы қобызын тартып,

оқыған дұғаның құдыретімен арықтағы судың ағысын кері бұруға шамасы жеткен. Кез-келген сырқаттың

бетін дұға оқумен, әрі қыл қобыздың  үнімен  емдеу құдіретінің иесі болыпты. 

   Бірде, өзеннің арғы бетіндегі ауыл тұрғыны келін түсіріп, той жасаса керек. Арада ұрыс-керіс болмаса да Төле баба тойға шақырусыз қалыпты. Осыған күйініп, қыл қобыз тартудан көңілі көнші меген бабам бүк түсіп, ерте жатып қалған. Таңертең қарсы беттегі ауыл тұрғындары Төле бабамның іргесінде екенін біледі. Айтса айтқандай, ауыл тұрғындарының үй-жайларын, қазан-ошақтарына дейін құдды біреу қолмен көшіріп қойғандай. Ауыл қариелері бұл Төле бабаның ісі деп ұғынады. Той иесінен Оның тойға не себептен шақырылмағанын сұрайды. Ол нақты жауап бере алмай, кінәсін мойнына алады. Осыдан соң қариелер Төле бабаның үйіне барады. Ту биені сойып, бабаның үстіне шапан жауып, кешірім сұрайды. Ренішін басқан Төле баба екі жасқа батасын беріп, тойды жалғастыруға ризалығын береді. Олар енді өзеннің арғы бетіндегі қоныстарына қайтаруды сұрайды. Сонда Төле баба:

- «Ол Жаратқан Иемнің ісі, тойды жалғастыра беріңдер. Ата қонысқа қайтып бару таңертең белгілі болады»-десе керек. Төле баба кешқұрым қыл қобызын тартып, Аллаһ Тағаладан бұл істің артын қайырлы етуді сұраған деседі. Айтса айтқандай, ертеңіне көрші ауыл тұрғындары өздерінің үй-жайымен, тайлы-таяғымен

 ата қоныстарына қайта оралғанын көрген.

   Төле бабаның қыл қобызы мен қозы қарындағы сары майы апамның Қайтпас ауылында тұрған ағасы Мыңбай атаның қолында болған. Бүгінгі таңда олар енді немересінің қолында. Наурыз мейрамының алдында қыл қобыз өзінен-өзі дыбыс шығарып, қарындағы майдың бір тамшысы жерге таматын көрінеді. Сол сәтте, үйдегілер құдайы тамақ беріп, Төле бабаның, Мыңбай атаның, оның қаза болған Үшкемпір есімді ұлының  рухына құран бағыштаумен келеді.  

    Кезінде, Үшкемпір көкем қыл қобызды иеленуге маған рұқсатын берген-ді. Бірақ, 1996-2000 жылдар

 аралығы осы өмірдегі  қалпымды сақтап қалу үшін арпалысып жүрген кез болатын. Ағзамның күйі тайған шағында оның шартын орындауға мүшкіл едім. Сол себептен, оны кейінге қалдырғанмын. Оным бекер болып шықты. Үшкемпір көкем қайтыс болып кетті. Перзент терінің алдына барып, бұл мәселені қайта қозғауға енді зауқым жоқ.   

  Апамның өзі жас кезінде екі аяғының ыстық лебінен азапқа түскен. Оның күйіп-жануын басу үшін, арықтағы суға салып отырады екен. Атама күйеуге шығып, әлгі азаптан құтылғанымен, ең үлкен әпкем- Әнапия жүйке ауруына душар болды. Ол кезде мен 4-5 жаста едім. Әпкем  осы аурудан 1980-жылы 4-қазанда қайтыс болды. Екінші қызы- Сәнтайдың Зурипасы 7 жыл бойында ауырып, 1974- жылғы ақпан айының 24- жұлдызында өмір ден қайтты.Ендігі кезек маған келгендей,43 жасым да белгісіз ауруға душар болдым. Сайрам елді-меке ніндегі  Сәйдікәрим молданың емімен алғашқысын да тәнім мен жан дүнием арпалысқа түсті. Ондай сырқаттың кірісінен гөрі шығысы қиын екен. Қайсарлық пен бар қиыншылығына төтеп бердім. Сөйтіп, 2000-жыл дың аяғында ғана өзіме-өзім келдім. Аллаһ Тағаланың мұнысына шүкір, бүгінде республи калық газеттің бірінде журналиспін. Облыстық Журналистер Одағы 2005-жылы, ал Қазақстан Журналистер  Одағы  2007-жылы өзіне мүше етіп қабылдады. 

 

 

                                                             *       *       *

Апам ауыл әйелдерінің арасындағы игілікті істерге белсене қатысты. Әсіресе, киіз басу, атамның бұзаулы сиырды сатып, ақшасына әперген «Зингер» тігін машинасымен тон мен көрпе тігу, кілем мен алаша тоқу істерінің шебері, әрі ұйытқысы бола білді. Жаңа үйге орныққан соң, бұл істермен алаңсыз айналысты. Кілем мен алашаны бірде біздің үйде, енді бірде Ешет атамның үйінде Бекзада апаммен бірлесіп тоқитын. Өйткені, ол үйдегі Рыскүл, Жұпаркүл  есімді әпшелерім тоқу ісіне жәрдемдесетін.

   Ауыл шетінің екі жерінде сазды жер болатын. Қамыс атаулы өсімдік сондай жерде өсе ме, ол аралар қамыс

тан көрінбеуші еді. Оның іші ақ шағала дейсің бе, жабайы үйрек пен қаздар дейсің бе, әйтеуір жабайы

жәндіктер мен құстарға толы болатын. Іргелерінен өтер болсаң, қамыс ішіндегі тіршілік иелерінің шуылы

нан құлақ тұнардай еді. Қаз-үйректердің қаңқылы, шегірткелердің шырылы, әупілдек құстың әупілі.

Осының бәрі қосылып жанымды сондай бір мамыражай рахат күйге бөлейтін. Осы көп дауыстың арасынан

тіпті құрбақа дауысының өзі сондай бір сүйкімді болып естілуші еді. Олардың әрқайсысы өзінше бір ызың мен құдды той тойлағандай. Одан шыққан саз нағыз симфония сазының күйіндей-тін.

 

Бөріге белден асып таң құламас,

Жан-ділім-жапырақсыз жалбыр ағаш.

Қош айтса қанатымен көкала үйрек,

Қалайша қам көңілім қан жыламас»- дегендей, бүгінде олардың  орындары түк болмағандай, жып-жылас. Сол сияқты, оларды еске алушылардың  да саны санаулы, көңілдері қаяулы...

Е-е-ей, бауырым!

Бұраңы қыз беліндей бастаудағы құрақтарым,

Үніңнің сыңғырымен еліттіріп есімді алдың.

Самалымен ырғалып, ажарың таң нұрымен,

Қарағанның өзіңе, көздерінің нұрын алдың.

 

Құстың шуы әннен әрмен елімнің базарындай,

Басқан ізі қай кезде де еліктің таңбасындай.

Желкілі бұрымының өркештінің шудасындай,

Сезімді оятатын қамыстардың сылдырын-ай!

 

Жайқалған қоғаңменен еліме көрік бердің,

Деген соң жер жәннаты сезімге еліктедім.

Куәсі едің әр ғасырдың өмірден өткеніне,

Тақыры о заманның саған да жеткені ме?!..

 

 

                                                                     *   *    *

 

 

      Мен ес біле танығаным- әкем қайратты, еңбекқор, сол еңбегінің арқасында қайырымды, әрі қолы ашық  кісі болды. Әкем де, шешем де ағайынға қайырымды, жанашыр, имандылықты ұстаным еткен еді. Өткен өмірлерінде сол заманда халқымен  бірге қиыншылықты  бірге өткізген. Бидің, байдың, тектінің  тұқымдары ретінде тап жауларымен күрестің, жиырмасыншы жылдардың аяғын дағы солақай «кәмпескенің» құқайын, отыз екінші жылғы аштық пен шұбырындының нәубетін, отыз жетінің қара бұлтын, қырық бірінші жылғы соғыстың зобалаңын, бәрін-бәрін бастарынан өткерген жандар. Сонда да, қазір де таң қалатын әрі сүйсінетін жайым- өмір бойы сол кісілердің мейірім төгілген байыпты жүзінен біреулерге деген өкініш, өкпе мен

 қыжыл табын аңғарған емеспін. Өмірлеріне риза, тәубесі түгел, әрісі тілеуқор қалпында көріп-біліп өстім.

Мұндай сабыр, имандылық пен мықтылық кісінің ақыл-парасатына байланысты емес пе екен?! Мүмкін, Құдай деген пенде осылай болатын шығар,сірә?!

    ...Атам жылда сол араның қамысын әкеліп, ши тоқитын. Ши тоқуына кейін мен де араластым. Қырқылған қой жүндерін жуып-шайып, оны сабау мен бояудан өткізіп, қайта сабап, әлгі шидің үстіне жайған қара түсті жүнді ыстық сумен ширататын.  Одан соң барып бетіне түрлі түсті жүндермен өрнек салатын. Ыстық суға мали отыра  ораудан өткізіп, біз секілді жастарға күннің таңынан кешіне дейін шидің екі бүйірінен тепкілету ші еді. Одан қалса білектетіп, қайта орап, ыстық суға малып барып қалың шөптің үстіне жайып құрғататын. Кептіру процесінен өткен, төсеніш ретінде пайдаланатын киізді дүниеге келтіру ісін бүгінде  әрмен  қарай  жалғастыратын  келін-кепшіктердің саны санаулы.   

  Атамның келте, ұзын тондары үшін қой терісін апам өз қолымен илеп, бояп, тігіп беруші еді. Жылдың төрт мезгілінде киетін ішкі киімдері, шапандары да апамның қолынан шыққан дүние лер еді.Тіптен, басына киетін тақия мен түрлі бас киімдерін де тігіп беретін. Сәнді етіп тігілген түрлі- түрлі сыртқы, ішкі киімдерін сандығында сақтаушы еді. Тігуге қажетті материалды атам екеуі Шымдыкенттен әкелетін. Өзі елден ерекше етіп тіккен кимешегін қысы-жазы киюмен өмірден озды.

   Ал, олардың қонақ жайлылығы Қоғалы төңірегіндегі ауыл аймағына да әйгілі болса керек. Оның да өзіндік себебі бар. Қоғалыдан әрмен 6-7 шақырымдай жерде Тоқпан ауылының  тұрғыны Айтмахан Садықов «Калинин» колхоз басқарма сында екі жыл партия ұйымының жетекшісі, 23 жыл бойы оның төрағасы болып істеген. Демалысқа шыққанмен де, көпке дейін оның ревизия құрамын басқарды. Ерлік естілігімен ел тағды рына жете көңіл бөле білген жан еді. Өте қарапайым болатын. Аты үзеңгіге іліксе атты өзі көтеріп келе жатқандай сызданатын пенде шіліктен аулақ, атақ- даңқтың желігін азаматтығы мен адалдығына жеңдірген кісі еді. Өзі омырауына Ленин орденін тағып, колхоз қойшысы Ахмет Сапаров деген өзге ұлттың өкіліне Социалистік Еңбек Ері атағын бергізген. Жүгері звеносының тракторисі Таразы көкемнің Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесіне депутат етіп сайлануына ықпалы жүрген. Сонан да болар, ел іші оны ерекше құрметтейтін.

   Тоқпан мен Қоғалы ауылының аудан мен облыс орталығына барар жолдары бір жол. Екі ауылдың екеуі де сол жолдың бойына жайғасқан. Орталықтың қайсы бірінен келе жатса да,  Айтмахан көкем «Әпше, қалыңыз қалай»- деп, үйге атының басын бұрмай кетуі сирек еді. Әпше дейтін себебі- оның анасы да Амангелдідегі

Шымыр  руынан екен.  

    Айтмахан көкемнің бір ұл бір қызы болатынын білетінмін.  Әйелі аурушыл дейтін. Туа бітті табиғи болмысы ма екен, әлде аурушыл адам үй ішінің тірлігіне олақтау бола ма, әйтеуір Айтмахан көкем үйіне келер қонағының басы көптеу болса, біздің үйде күтуші еді. Атам мен апамның қонақ жайлылығынан болар, келген қонақтарының жүздері жайдарлы, бір-бірімен құшақтасып, сүйісіп қоштасатыны маған қызық болып көрінетін. Жаны жайсаң жандар бірін-бірі «Әпшем», «Айтмаханым» -деп өбектеумен о дүниелік болды. Бірінің екіншісіне сүйіспеншілік көзбен қарасы кино лентасындағы  көріністей, көз алдымда...

   Төлеби ауданының Құрметті Азаматы, «Тарих пен тағылым» атты кітаптың авторы Әсет Кембаев ағамыз

Айтмахан жөніндегі естелігінде былай дейді: «Ол кезде кімнің кім екенін ажырата білетін кез еді. Қағілез

 ғана, шағын денелі Айтекеңде алыптарда болмайтын күш-қуат, қайрат жігер жеткілікті еді. Өзіндік киер

киімін, жейтін дәм- тұзын, тұрмысын түзеу- оның өмірдегі мақсаты емес-тін. Кезінде оның басшылығымен

бой түзеген ғимараттар оған арналған ескерткіштей. Қазір ауылдың сән-салтанатын көркейтіп тұр». Десе дегендей, 1922-жылы 4-қаңтарда Диханкөл ауылында туып-өскен Айтмахан Садықов Ұлы Отан соғысына қатысып, майдандағы ерлігі үшін үшінші дәрежелі Даңқ ордені мен, Отан Соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» т.б. медальдарымен марапат талыпты. Елге оралысымен колхоз басқармасында есепші, 1953-1975-жылдар аралығында Калинин атындағы колхоз басқармасының төрағасы, одан кейін колхоз басқармасының ревизия комиссиясының төрағасы болып еңбек еткен. Осы жылдары шаруашылықтың абырой- атағы облыс, республика көлеміне әйгілі болды. 1967-жылы колхоз орталығында жаңа үлгідегі Мәдениет Үйі, үш қабатты мектеп, екі қабатты колхоз басқармасының ғимараты, Диқанкөл, үлкен Алшалы ауылдарында клубтар тұрғызылды. Қасқасу-Ұзынарық- Шошқабұлақ елді-мекендерінің аралығында тас жол салынды. Ауыл шаруашылығын дамытудағы еренді еңбектері үшін 1965-жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медал ымен, 1966-жылы Ленин орденімен, 1972-жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен  марапатталған.   

 

                                                                

                                                               *       *       *

 

  Өткен ғасыр өзімен бірге талай дүниені тарих қойнауына әкетті. Сонау соғыстан кейінгі заман, адам басына

түскен қиыншылық. Н.С.Хрущевтің ел басқарып, халықты жүгері ұнымен «жарыл қауы». Қой үстіне боз

торғайдың жұмыртқалаған жетпісінші, сексенінші жылдардың жайлылығы. Одан кейінгі тоқсаныншы жылдардың аласапыраны. Осының бәрі қатпар-қатпар кәрі тарихтың қойнауына еніп кетті. Осы күндері өткенді айтсаң, кеңес заманын көксегендей боласың. Бірақ бұл арада анық бір нәрсе бар. Ол- еткен

еңбегіңнің бағалануы. Соның арқасында мамыражай  тоқтық  аспаннан топ етіп түсе салған жоқ еді. Бәрі

еткен еңбектің, төгілген маңдай тердің арқасы-тын. Сол кезде ел- жұртымыз ауыр еңбектің азабын да тартты, оның рахатын да көрді. Олар орақ пен балға ның қадірін біле білді. Орақ дегеніміз- шаруа, балға дегеніміз- жұмысшы.  Бүгінде кімнің шаруамен, кімнің жұмысшылықпен шұғылданатынын жіктеп айтудың өзі қиындау. Өйткені, олардың арасына «бизнес» деген алпауыт сына болып қағылған. Еңбек коллективін басқарушылар бүгінгідегідей жал тақтау мен емес, ар деген ардақты атқа қылау түсірмей, халыққа адал қызмет атқаруға тырысты. Бұл өткенді аңсау емес, бұл сол кездегі арда туған ел ағаларының еңбегін ұлықтау, ұмытпау. Бүгінгі, келер ұрпаққа үлгі ретінде айту. Бүгінде Таразы көкемнің тракторист бола жүріп Қазақ ССРі  Жоғарғы Кеңесіне депутат болғанын, Қолтай мен Зиятбектің, болмаса Бәйдібектің бригадирлік қызметтерін бүгінгілерге неге үлгі етпеске?! Айтмахан көкемнің ел басқарып жүріп, Ахметтей қойшының кеудесіне алтын жұлдыз тағуын неге айтпасқа?!

 «Қара сөзбен жырлаған боз даласын,

 Пір тұтпайды қай іні өз ағасын.

Көрген емес алдыңды кесіп өтіп,

Жұрттың бәрі білетін өз бағасын»- дегендей, жан дүниемнің толғауымен шамам келгенше тірілерінің еліне еткен  адал тіршілігін  ардақтап,  өлісінің  өткенін  қайта тірілту. Мұны азаматтық борышым  деп білемін. Олар руханият әлемінде өзіммен үнсіз ұғысқан, жан жүректің нәзіктігін түсіне білетін аяулыларым. Күсті қолдары мен аймалап, мейірімділікпен жан дүниемді баурап  алған  жандар. Сондықтан да, әлемді жаулаған Шыңғысханды жатсынбаған бұл өңірдегі кең қолтықты қазекең нің жүрегінен олар үшін қашан да лайықты орын табылатынына  бек сенімдімін.

    Адам баласының қаншалықты іс-әрекеті, мінез-құлқы бір-біріне ұқсас десек те, әр адам өзінше бір әлем. Шамасы, миллиондарға ортақ саналатын өмірдің ғажабы мен ұлылығының өзі әр адамның жеке тұлға.Адам баласының қаншалықты іс-әрекеті, мінез-құлқы бір-біріне ұқсас десек те, әр адам өзінше бір әлем. Шамасы, миллиондарға ортақ саналатын өмірдің ғажабы мен ұлылығының өзі әр адамның жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерінде жатса керек. Демек, әрбір адам өзінше жеке дара құбылыс. Ол еш уақытта толық зерттеліп бітпейтін тақырып. Қоғамның диалектикалық даму сырлары осыған ұқсас.   

    Айтса айтқандай. 1926-жылы Шешенстанда туылған Ахмет Сапаров, 1944-жылғы қуғын- сүргін кезінде оның отбасы Ұзынарыққа қоныс аударыпты. Жастайынан қолына таяқ ұстап, колхоздың қойын баққан. Оның қажырлы еңбегі елеусіз қалмай, Қазақ ССРі Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1956-жылғы 23-мамырдағы Жарлығымен Құрмет Грамотасы берілген. Кейіннен де осы Грамотамен бірнеше рет марапатталыпты. Ал, Қазақстан  Компартиясының Орталық Комитеті, Жоғарғы

Кеңес Президиумы мен Министрлер Кеңесінің Қаулысымен ауыл шаруашылығындағы еренді табыстарына

 сай,  есімі  Қазақ  ССР-нің  Алтын Кітабына жазылған.  Сонымен бірге, екі рет Ленин орденімен, «Октябрь

револю циясы», «Еңбек Қызыл Ту»,«Құрмет белгісі» ордендерімен, олардан тыс көптеген  медальдармен наградталған. Бірнеше рет ауылдық, аудандық Кеңестерінің депу таты, облыстық партия комитеттерінің мүшелігіне сайланған. Ал, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971-жылғы 8-сәуірдегі Жарлығымен ауыл  шаруашылығы өнімдерін өндірудегі еренді еңбегі үшін оған Социалистік  Еңбек Ері атағы берілген.

    Бесбала Жаныс»тың үлкен ұлы Дәуітбайдың Қожабегінен 1942-жылы туылған немересі Таразы көкем жастайынан колхозшы болып, кейінірек көкөніс звеносында тракторист, звено жетекшісі болып істеген. Ауыл қариялары айтқандай «Таразының еткен еңбегінің табысы сөзімен емес, еткен еңбегімен белгілі. Кезінде ауданның көкбалауса дайындайтын звено жетекшілері Таразыдан тәлім алды»- десек те болады.

   Таразы көкемнің өнегелі еңбегі бағаланып, 1975-жылы №466-шы  Георгиев сайлау округі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депу таты болып сайланды. 1976-жылы «Еңбек Қызыл Ту» ордені мен, 1977-жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Қазіргі кезде қәриелік жасына қарамай, ауылда шаруа қожалығы мен ауылдың  Ардагерлер  Кеңесінде  төрағалық етуде.

   «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артында із қалдырған»- деп ойшыл Абай бабам айтқандай, өмірдің аптап ыстығы мен сұрапыл суығына көнпіс жандардың артында осындай, құнына дүние жетпес іс-әрекеттерінің ізі қалды.

    Ақиқатты әрлеудің қажеті жоқ. Сол кезеңнің куәсі тірі тұрғанда ол  өлмек емес. Адамзат қауымының дамуында өшпестей із қалдырған тарихи тұлғалардың шынайы болмысы тарих атты кеңістіктен орын алып, халықтың жадында сақталып қала бермек. Сондықтан да, қазекеңнің «Алып таудың тұлғасын алыстан көз салғандар ғана анығырақ таниды»- дегеніне қосар сөзім жоқ.

 

 

                                                                  *        *        * 

 

 

    Барғың келіп, көргің келіп, аңсап тұратын адамдар болады. Олар ақылыңа ақыл қоспаса да, мал-мүлкінен

 бөліп бермесе де өзінің мейірімімен, ақ пейілі мен адал ниетімен-ақ рухыңды байытардай. Атам мен апам да осындай қасиеттілер еді. Оның үстіне, қыс мезгілі. «Қыстың көзі қырауда» ауыл адамдарының арқасын кеңге салатын кезі. Жанға жайлы, әрі  ішіп-жемі мол жаңа  үй кімді болса да өзіне жіпсіз тартқан дай. Біздер жаңа үйге көшкен соң, атамның құрдастары «құтты болсын»-деумен келуді жиілетті. Үйдің төріне  атамнан екі жас үлкен Тәкіш пен Ордабек қалғандары: Тұрғынбай, Абыл, Айтбай, Ешет, Елікбай, Оспан, Қылышбай, Ысмайыл, Қалтай, Аманта, Аманқұл мен Мырзабектер жайғасатын. Сүлеймен көкем колхоздың қоймашы лық жұмысында болғандықтан, олардың арасында сирек болатын.

    Қанша дегенмен, менің балалық шақтан арылмаған кезім. Есіл-дертім даладағы Керімбайдың асық ойынында болғанымен, уақыттың көбісі қонақтардың ішіп-жеміне бас-көздікпен өтетін. Өйткені, апаммен жеңешем ошақ басында тамақ даярлаумен әуре. Оларға қымыз бен  самауыр шәйін  құйып беру, көпшілі гінде маған жүктелуші еді. Көңілдері жайланған қонақтар енді әңгімеге көшетін. Көбіне ата-бабалары, олардың өмір тарихы мен сол кездегі зиялы қауымның іс-әрекеттерін әңгімелейтін.  Жадымда қалғанын жандандырар болсам, олар әдеп-ғұрыптың ішіндегі  ала нәрсені жаман ырымға жоритын. Себебі, ала деген сөздің кесірі ауыр дейтін. Есімде қалғандары: 1.ала арқан жолға кесір, онда ауыр қиянаттың белгісі бар. Адал адамдардың біреудің ала жібін аттамадым деп ант етуі содан қалса керек. 2.Ала аяқ. Бұл тым қу, алдамшы, айлакер, залымдардың рәмізі ретіндегісі. 3. Алапес- денені ақ таңдақтар басып кететін ауру. 4. Ала бұлт, 5. Ала құйын. Бұлар мінезі құбылмалы, екі сөйлейтін, үнемі қабағы қатулы жаман мінездемелерге тән деп айтылады екен. 6.Ала ауыз-береке, бірлікке, татулыққа іріткі салып, ауыл-аймақты бүлдіретін жаман нәрсе. Осындай құбылыстар өмірде кездесер болса, одан сақтанып жүру керектігін айтатын.

     Олар, ел ішінде адал өмір сүріп, нақақтан қорланып, жазықсыз жазаланғандарды: «Ол біреудің ала жібін аттамайтын еді»-дейтін, ағынан жарылып. Ту-у заманнан бергі уақытта даудың ақ-қарасын анықтап, әділ

шешім қабылдау- ауыл ақсақалдарының үлесінде болып келген. Егер дау үлкендердің сөз тоқтамымен түйінделіп, шешімін таппаса- даугерлер биге жүгінген. Дәлелдікке Жаныс Әлібек биден туған Төлеби мен бергісі- Байғұл бабамның ел арасында жүргізген билігі тілдеріне тиек еді. Дау-шарға төрелік айтып, әділ шешім қабылдау үшін болған бас қосуды дау жиыны деп атаған. Дау мәселесі өте маңызды болса- мал сойылып, тілек-дұғалар оқылған. Салт дәстүріміз де  дау соңында қарсы жақтар ала жіп алып, оны керіп отырса керек.

    Егер де, ала жіп ортасынан шарт кесілген болса- ол екі жақтың мәмілеге келіп, бидің шешіміне риза

лығын білдіргені. Егер көпшілік ала жіп кесілмей тараса, онда даугерлердің шешімге риза болмай, дауды 

әділ шешіммен қортындылау кейінге қалдырылғанын білдірсе керек. Сондықтан да болар, халқымыздың ала жіпті құрмет тұтып, аяқ  асты етпейтіні. 

   Қазбалай берсең, тарихи дерегімізде осындай алты саннан тұратын сөз құрамы  да мол екен. «Алты алаш»

деген сөздің айтылымы ықылым заманнан бері бабадан атаға, атадан одан кейінгілерге мирас. Оның нақты мағынасын көбіміз түсіне бермейміз. Біріміз Алты алаштың түп қазығына: Қазақты, Қарақалпақты, Өзбекті, Түркіменді, Қырғызды, Жайылғанды  жатқызса, екінші біреуіміз ұлы жүзді, орта мен кіші жүзді, Қарақалпақ ты, Қырғызды, Қазақтың  құрама руларын жатқызып жүр.

    Меніңше, бұл негізінен дұрыс емес. Өйткені, Алаштан Арыс туылса, одан алты ұл туылған. Міне, сол алты ұл «Алты Алаш» деп аталған. Бүгіндері қазақты үш жүзге бөліп, ұлы жүзді -Ақарыс, орта жүзді –Бекарыс, кіші жүзді- Жанарыс деп айтушылар пайда болды. Ал, тап сол Ақ, Бек, Жанның өздері- Арыстың ұлдарының есімдері екенін олар ажырата біліп пе екен? Міне, ата-бабаларымыздың қарекетінен туындайтын осындай тарихи, әрі нақты деректерді өз білермендікпен бұрмалауға болмайтынын олар әңгіменің тиегі ететін. Сол бір көнекөз қариялардың ешқандай жоғары оқу орындарын бітірмей-ақ соншалықты зерек, зиялы, ақылды да парасатты бола білгендеріне  еріксіз  таң  қаласың...

  Біздің аузымыздан түспейтін: «Игіліктің ерте-кеші жоқ»- деген сөздің түпкі төркіні: денсаулық,  қазына, дос, әйел (жар), білім, бала (ұрпақ) деген ұғымнан тұрады екен.  Ал, алты асқар деген ұғым: ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейілден тұратынын есте сақтау былай тұрсын, ұрпағымыздың жетесіне жеткізуді борышым деп ұғынған жөн шығар.   

 

   Қылышбай ақсақал діни ұғымдағы қайбір нақыл сөздің құрамы бізге алты ауыз сөзбен жеткенін: бір-біріне

әдейі барып сәлем беру, шақырса-міндетті түрде бару, кеңес сұраса- ақыл қосу, сұрағына жауап беру, науқас

кісінің көңілін сұрауға, қайтыс болғанның жаназасы мен жерлеуіне қатысу міндет екенін әрдайым сөз ететін. Олардың  дастархан басындағы әңгімелері осындай ұлағатты сөздерден тұратын. Кейде, ауылдағы кейбір мәселенің түйіні де осы арада шешілетін. Кім үй тұрғыз бақшы, кім ұзақ жолға шықпақшы, кім той жасамақшы, құдайы бермекші, осының барлығы солардың бәтуасымен атқарылатын. Қарттарды: «Заман

ның қазынасы, ақылдың кені»-дейтініміз де сондықтан болар. Сондықтан да, өзімізді демократия атауы тілімізге  енбей тұрып-ақ шынайы демократ болған ұлттың өкіліміз деуге құқығымыз бар. Өйткені, ол кездегі атқа мінерлер тек жағымды сөзге ғана құлағын тоспаған, тікендей қадалар сөзді де тыңдаған, одан қашып құтыла алмаған. Сүйектен өткен сөзге де көніп, сабырмен саралап, керектісін алған, керексізін

тастаған халықпыз.Ұлты неміс болса да, орыс пен қазақ тілін ана тіліндей ұғынған Герольд Бельгер: - «...Өмірімнің  43 жылын қазақтардың  арасында, қазақ  тіліне құлағымның құрышын  қандырумен өткізген екенмін. Менің ұғым-түйсігімде қазақ  тілі құдды қазақтың  осынау кең пейіл, мейірбанды дархан  даласы 

 

сияқты  ғажайып ұшан-теңіздей бай, шешен де көркем тіл. Тек сол оралымды, бай тілді  қиыннан қиыстырар

ер данасы керек. Өз басым солай түсінемін»-деген сөздері  әлі  құлақтың  түбінде.

   Сәске түсте келген  тілге  шешен, «демократтар тобы» кешқұрым дастархан батасынан соң, үйді-үйіне

тарайтын. Олардың аттарының шылауын бір қолмен ұстап тұрып, екінші қолмен атқа мінушінің қолтығынан демеушілік жасау да еншімдегі істің бірі еді. Жас кезімізде атам мен апамның құрдастарының «Бұрынғының адамдары»-деп басталатын құлаққа жағымды өнегелі осындай әңгіме лерін талай есітіп, талай тыңдадық. Енді жасымыз солардың жасына теңесер кезінде, соларға ұқсай алар ма екенбіз, сірә?!

   Байқаймын, бүгінде олардың орнын толтырардай тұлғаның саны сирек секілді. Алдымызда жасап кеткен нің бірліке, достыққа, тіпті, өмірге деген іңкәрліктің тәлім-тәрбиелік үлгісін айналадан, қала берді өзімізден таба алмай, себебін неден іздерімізді білмей дал болып жүрген сияқтымыз... Ғасыр лар қойнауына тамыры

тереңге бойлап жайылып, ұлттық әдет-ғұрыптың бірте-бірте құрдымның қойнауына ене бастауы сезімдінің

санасын шошытардай...

   Жүздік, ру-тайпалық  жүйе сонау көне дәуірден келе жатқан құбылыс. Қазақ  қауымының, қоғамының негізі. Бұл жүйені қаншалықты жоямын дегенмен ол жойылмайды. Бізді 240 жыл билеген моңғол мен 300 жылға жуық билеген орыстар да бұл жүйені жоя алған жоқ. Керісінше, қазақты қазақ күйінде сақтап қалған да осы жүздік, ру-тайпалық жүйе, оның әдет-ғұрпы. Өйткені, қазақ қандылар мемлекетшіл, тарихшыл,

шежірешіл халық. 

   Әлгінде  айтқандай, алты Алаштың түп қазығына кім  көрінгенді  жатқызу- тарихи сананың таяздығынан, төл тарихымызға деген сенімнің, құрметтің жоқтығынан. Болмаса, қазіргі атқа мінерлердің оны бас пайда сына жаратудың амалы десем де болады.Осы орайда, тәуелсіздіктің алғашқы жыл дарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: 

-«...бүгінде бұрмаланған тарихтың үйінділерінен өзіміздің түпкі тамырымызды іздеуге мәжбүрміз. Мұндағы

әңгіме халқымыздың қандай да бір бүркемеленіп, дәріптелген тарихы емес, бастан кешкен сан алуан, әрі шынайы оқиғалары жайында болып отыр»-дегені еске түседі. Қалай айтсақ та, тарих дегеніміз- халқымыз дың өмірбаяны. Ал, ата-бабаларымыздың өткен тарихи жолының шынайы болмысын білу, оны жадымызда сақтаумен бірге, ұрпақ пен ұрпағына жеткізе білу- әрбіріміздің борышымыз. Шығыс танушының: «Тарихты сезіну, оған қызығу, тарих тереңіне ұмтылу, одан өз халқының тамырын іздеу-қоғамдық сананың жоғары дамуының белгісі»- дегенін естен шығармау лазым.

                        

 

                                                            *       *       *

 

   Біздің елге Өзбекстанның Сұрхандария облысынан Мұхтархан есімді молда кісі әр жылдың мамыр айында келіп, күздің  қара суық кезінде еліне қайтатын. Кейде жалғыз өзі, кейде екі ұлымен бірге келуші еді. Атамның айтуынша, Мұхтархан молданың әкесі 1920-жылдары Кеңес Өкіметінің қудалауынан біздің елге бас сауғалап кесе керек. Ол кезде Мұхтархан молданың жасы бес-алтыларда екен. Әкесін біздің елдегілер «бір түкірер молда» деп атаған. Атам: «Оның бір рет дұға оқып, бет сипасынан сауықпаған адам кемде-кем»-деп отырушы еді. «Әке көрген оқ жонар»- демекші, Мұхтархан молда да әке жолын қуып, ел ішінде Аллаһ Тағаланың дұғамен емдеу дарыны мен танымды болған. Мұндағы айтпағым- менің есімім сол кісінің айтуымен Зұлбұқар боп танылған. Зұлбұқар деген сөз араб тілінде- Зұлфагар-«шаншушы, түйреуші, қақ жарып түсетін қылыш»-деген мағынаны білдірсе керек.

    Осы сөздің тарихына үңілсек, Әзірет Әлі - Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбары мыздың сүйікті кенже қызы Фатиманың күйеуі. Ислам дінінің құдіретін мойындап, пайғамбарымыздың ең әділ деген өзінен кейінгі төртінші халифасы болған.

Бірінші халифасы ел арасына Әбубәкір Сыдық- шыншылдығымен,

Екінші халифасы- Омар  әділеттігімен көзге түскендігімен,

Үшінші халифасы-Оспан сыпайылығымен,

Төртінші халифасы- Әлі- ер, батыр, қайтпас қайратымен елге танылған. 

    Майлықожа жырлаған «Зарқұмң» дастанында: Охат тауының етегінде Әбу Суффин бастаған қолдың шайқасында жан аянбай шайқасқан Мұхаммедтің немере ағасы Хамза- «исламның арыс таны»- аталады. Бұл соғыста дүлділ атына мінген Әзірет Әлі «Зұлфагар» қылышын қолына алған»- деген атаққа ие болғанын айта келіп: алып, ертедегі ислам батыры кейпінде суреттеледі. Сөйтіп осы соғыстағы мұсылман қауымын:

Ия, Алла!-деп, дін үшін,

Бір сапты қосып, бір сапқа

Дүркіретіп жүрісін,

Қахан мен Зарқұм таң қалды,

Әлінің көріп ұрысын.

Әліге келген өліп тұр,

 Қылышпен екі бөліп тұр»- деп, суреттейді. Хазірет Әлі 661-жылы Муавинге қарсы күресте Куф мешітінің

кіре берісінде Хариджидтің есімді жау оғынан ауыр жараланып, қайтыс болыпты. Бүгінде Хазірет Әлінің

ұстаған төрт қылышының төртеуі де Түрік империясын құрған Осман патшасының Ыстамбұл қаласындағы сарайында сақтаулы. Оны 1993-жылы өз көзіммен көрдім.

 

 

                                                                   *       *       *

 

    «Ақиқа» құрбандығы деген- біздер үшін бейтаныс ұғым. Ал, «шілдехана тойы»- кімге болса да белгілі. Жаңадан туылған нәрестенің кіндігін кесіп, алғашқы рет жерден көтеріп алу құрметіне малды құрбандыққа шалады. Ібілістің іс-әрекетінен сақтау, қорғау үшін әйел мен нәрестені босанған үйде жалғыз қалдырмай, күзету мақсатында бұл түні қыз-қырқын, келін-кепшік пен боз балалар сойылған малдың етін жеп, сол үйден шықпай көңіл көтерумен көрер таңды көздерімен атқызады. Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбарымыз сәби өмірге келген алғашқы күндерден-ақ мұсылмандық жолмен оның құлағына азан айтып, ат қоюды өсиет еткен. Содан келіп, ел ішінде: «Азан шақы рып, атын қойған» деген сөз қалыптасса керек.

   Сонымен бірге, бүкіл ислам дініндегілердің «сүндет тойы»- құрметті де қасиетті әдетінің бірі. Әдет

дейтініміз- шариғатта парыз, сүндет деген екі ұғыммен: парызы- міндетті, сүндеті тиісті деп түсіндіріледі. Сүндет тойы деп ауыз толтырып айтқанмен, ат шаптырып дабыраламайды. Сүндетке отырғызылған баланың

көңілін аулап, соның құрметіне сойылған мал етін жеп тарасар жиынның бір түрі. Халқымыз сүндетке

 баланы жас кезінде отырғызуды жөн санайды.

  Сол сияқты, Мұхтархан молда мені 5 жасымда Сәнтайдың Сапар есімді ұлымен бірге сүндетке отырғызды.

Сол кезде, Төлеш көкем екі-үш бойына қасымыздан шықпады. Түннің бір уағына дейін домбыра тартып, өлең айтумен болды. Көкем домбыра мен «Казань» гармонын керемет тартатын. Қоңыр үнімен өлеңді айтқанда қияқтай қасын қағып, құлағын ойнатып отыратын. Бір өкініштісі сол, домбыраға, болмаса гармонға қосылып айтқан әндерін таспаға жаздырып алуды ескермеппін. Сонда да болса, күлімдеген қос жанарымен

өлең айтқан кездегі бет-бейнесі таспадағыдай, көз алдымда.

    Көкем әруағын шақырған бақсыдай, әп дегеннен домбыраның қос шегіне күш салмастан бірауық дыңғырлатып отыратын. Сонан соң барып, тыңдаушысын мұңға батырып, шер шеңберінен шыға алмай қайта-қайта күрсінтетін зарлы үн сай-сүйегін сырқырата түсетін.  Барған сайын удай ащы өкініштің жетегіне сүйрелеп, күңіреніске түскен зарлы ырғақтың әсері бейтаныс күйдің тұңғиығына қарай тартқандай. Саусақ тары пернелер бойында жоғары- төмен сусыған сайын домбыраның үні  сұңқылдап, жоқтауға айнал ғанын білдіреді. Саусақтары ең төменгі пернелерге жеткен тұста, жан ұшырып шырқыраған пенденің болмысы көз алдыңа елестейтінін қайтерсің?!

   Бас сүйегі жоқ бас бармағымен үстіңгі шекті басып сатылап жоғарылай түскен сайын, онсыз да қайғыдан өксіген жүректің қылын үзіп жіберердей сезім баурайды. Домбыраның қос шегін әлсін-әлсін үстемелей соққан оң қолдың саусақтары енді бірде шанақты кектене жанши шертсе, енді бірде барынша абайлап, әр шекті үздіге шерткені- жоқтаушының солқылдап жылағанындай...

  Хайрыниса жеңгемнен бұрынғысынан туылған  екі ұлы 12-13 жас кезінде бірінен кейін екіншісі көздігіп қайтыс болғанынан хабарым бар. Мүмкін,көкемнің соларды жоқтап шығарған күйі болар, мына үннің сары ны. Бар ойы мөлтілдеген жасқа толы көз жанары перне бойлап жорғалаған саусақтарын ұмыт қалдырып, шетіне көз жетпес өмір жолын бойлап кеткен сияқты.  Көзіне мұң толып, маңдай әжімдері тереңдеп, өзінен өзі тебіреніп, ерекше күй кешетін еді. Оның сондағы кейпін көріп, біз қиналатын едік.  Домбыраның мойнын сығымдай ұстап, әсте бәріне сол кінәлідей қылғындыра қысып, салалы саусақтарымен мыта түсіп, өзінің еңіреп жылауын тыңдаушысына қоңыр домбырасы арқылы жеткізіп отырған күйге түсетін.    

  Тұрлаусыз дүниеге деген ащы ыза мен наланың домбырадан шыққан үнмен бірлесіп қайсарлы жігер таныт қандай. Әсері жан дүниеңді еріксіз баурайды. Белгісіз күйдің соңы алғашқы бастау тұсындағы ырғағына қайта оралғанымен білінгендей. Мына жалған дүниеде көкемнің бүкіл құқайы мен тартқан азабының  көңіл табына  өшпес із қалдырған  ащы шындықтың  сарыны сыңсумен аяқталатын сияқты.

   Күй деген жарықтық, атының өзі айтып тұрғандай, кісінің көңіл күйінің қуанышынан, күйзелісінен, сүйіспеншілігі мен қайғысынан туылған дүниенің болмысы десе де болғандай. Осы күйінен серпілісі оны тұңғиықты бойлап кеткен ой шырмауынан босанғанын сездіретін. Қоңыр дауысымен енді «Жиырма бес»-ке ауысатын.

Мыс па екен, алтын ба екен, қола ма екен,

Көңілім жаман күйге тола ма екен.

Тұйғын деп ұстағаным қарға шықты,

Қарғаға пенде ғашық бола ма екен.

Жиырма бес тотыдайын толғайтұғын,

Қызыққа ертелі кеш тоймайтұғын.

Суалып тұла бойда тамыр біткен,

Кәрілік келіп жетті-ау қоймайтұғын.

О-о-ой, жалған,

Жиырма бес қайта айналып,

Шіркін-ай келмес саған!-деген ыңылымен, түйсіктегі өнерге деген саңлауы домбыраның сол бір үнімен ашылғандай...  

 

                                                                         

                                                              *       *       *  

 

    Мектеп табалдырығын 6 жасымда аттадым. Атам мен апам Шымкенттегі қырғы базарға ертіп апарып, сол

кездегі оқушы формасындағы әскери адамдікі секілді бас киім, үстіме қазіргі әскер сарбаздары киетіндей қайыс белбеулі ұзын көйлек пен шалбар, керзі бәтеңке сияқты  аяқ  киімді кигізіп көріп, денеме шақтап әперді. Сатып алынған былғары сөмкені кітаптар мен дәптерлерге, сия сауыт пен түрлі қаламдарға

толтырды.

   Шымкенттің күн шығысындағы Қотыр төбе деп аталатын ауылда тұратын апамның Оразбай есімді ағасы

мен Ибрагим есімді інісінің үйінде қонақ болып, елге қайтып келдік. Бірақ, олардың 50 шақырым жерге атпен қалай барып, қалай қайтқаны есімде жоқ. Есімдегісі- базар базарлап жүрген кез бен нағашыларымның үйінде қонақ болғанымыз ғана... Кейінірек, қосымша киімдерді Шошқа бұлақтағы тігіншінің қолынан

кигізді.  

   «Ауру қалса да әдет қалмайды»-дейтіндей, ауық- ауық апамның емшегін сору менің үйреншікті әдетім еді.

Онсыз мектепке бару мүмкін емес-тін. Ауа райы мен үйге келген қонақтар онымызға бөгет бола алмайтын...

Сол әдеттен бастауыш мектепті бітіргенге дейін арыла алмадым. Әлемде өзгермейтін- ананың ақ сүті, сәби дің күлкісі мен күннің нұры десем қателеспейтін болармын. Сәбилік күлкіден ерте айрылдым. Ал, ана емшегінің дәмі әлі аузымда сияқты...  

   Әліппенің алғашқы бетін біз үшін  қара төбелік Сарыбай есімді мұғалімнің ашқаны есте. Екінші класта қасқасулық Артық деген кісі дәріс берді. Үшінші, төртінші класта  бастауыш мектептің меңгерушісі Кенжебек Есмырзаевтан дәріс алдық. Ол кісі Төлеш көкеммен түйдей құрдас еді. Көкем бірде менен:

 -«Кенжебектің құлағы қандай екен?»- деп сұрады. Бетіне қарасам да құлағының қан дай екенін білмейтінімді айттым. Сондағы айтқаны:

- «Оның екі құлағы да жырық, есек шайнап  тастаған»- деді  жымиып. Ертеңіне сабақ  үстінде көзімді Кенжебек  ағайдың  екі  құлағынан ажырата алмадым. Ешқандай жырығы жоқ, кәдімгі құлақтың түрі.  Менің қадала қарағанымды

аңғарып:

-«Неге қадалып қарайсың»- деді қасыма келіп. Балалық болар, айтар сөзімді ақылға салмай:

 -«Көкем Сіздің екі құлағыңыздың екеуі де жырық. Есек шайнап тастаған. Соны ертең барып көргін деп еді. Құлағыңыз бүтін ғой»- деппін. Сабақ үстінде демді іштен алып, ұстаз сөзін тыңдаумен қыстығып отырған оқушылар әлгі сөзімді күлкіге айналдырды. Кенжебек ағай «Мені мазақтады»- деп, ашуланатын шығар деп едім. Қайта, ол да бірауық езуін тыя алмай, бөлменің  іші күлкіге толтырды. Кешкісін ас үстінде:

-«Көке неге өтірік айттың,  Кенжебек  ағайдың  екі құлағы  да  бүтін ғой?»- дегенімде:

-«Бұрынғы Шошқабұлақ ауылы, қазіргі Георгиевка селосы аудан орталығы болатын. Ұлы Отан соғысы жылдары сенің жасыңдай кезі мізде колхоз бидайын аудан орталығындағы астық қоймасына есекпен таситынбыз.Үйренбегендіктен бе, екі қап бидайды арқалаған Кенжебектің есегі алғашқы кезде қиқарланып, жөнді жүрмейтін. Есегінің мұнысын сылтау ратып, Кенжебекті кекетіп, мазақтайтын быз. Есегінің мұндай қылығынан әбден ығыры шыққаннан ба, әлде біздің кекетуі мізден ызасы келді ме екен, бір күні жол үстінде есегінің құлағын шайнай бастады. Жаны қиналған есек, үстіндегі екі қап бидай мен Кенжебекті шыбын құрлы көрмей, шаба жөнелді. Сол шабысынан танбай, аудан орталығына елден бұрын  жеткені бар. Сол есіме түсіп, әзілмен: «Кенжебектің құлағын есек шайнаған»- деген едім,  деп  оның жөн- жосығын  айтып  түсіндірді.

   Қалай десем де, «Ұстаз болу- өз бақытын аямай, өзгенің бақытын аялау»- деп, француз философы Ж.Руссо

ның айтқанындай, ұстаз өз білгенін өзгеге үйрету жолындағы маман. Ұстаз мәңгі нұрдың шуағы, сөнбес сәулесі. Ұстаз жүрегі үнемі адамгершілік пен адалдыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке толы. Жанары нұрланып, сәулесін шашып тұрады. Ұстазға барша Адам заты басын иеді. Өйткені, ол- күллі Адамзат ұрпағының тәрбиешісі. Ұстаз туралы сыр шерткенде, Зейнолла Қабдоловтың: «Ұстаз көрмеген кісі, үлгі- өнеге көрмеген кісі. Үлгі- өнеге көрмеген кісіде қандай қасиет болмақ? Асылы, адам алдымен өзінің ұстазы на қарыздар»- дегені еске түседі.

    Қалай айтсақ та, ұстаз-мәңгілік бейне. Ұстаз-мәңгілік алау. Олар сенім мен сезімталдықты, ізгілік пен ілтипаттықты санамызға жеткізе білді. Дүниенің қыры мен сырын, әртүрлі құбылыстарын кеңінен тануға жол ашты. Сондықтан да, мен үшін ұстаздың бәрі бірдей. Артық та, Сарыбай да, Кенжебек те. Олардың бәрі де елдің сыйлысы, елдің құрметтісі еді... Олардың әрбірі мен үшін үлгі тұтардай, ардақты тұлға... Сондықтан да, қарызым мен парызымның өтемі ретінде рухтарының алдында басымды иіп, оларға бағыштап дұға оқу бүгіндегі міндетім. 

    Кенжебек ағай біздің үйде жиі болатын. Көкемнің құрдасы, әрі әйелі Шымыр руынан екен. Бір атаның

қызына санап, апам оны туған сіңлісіндей сыйлаушы еді. Бір ауылдың ішінде болса да, олар бірін-бірі қонақ

етпей жібермейтін. Оның үстіне, Қалау есімді ұлымен бір класта оқыдық. Олардың сыйластығы о дүниеге аттанумен, біздікі сегіз жылдық мектепті  бітірумен  ғана  шектелді...

«Аттың белі қайыспас жеңіл жүкке,

Үй аралап кезуден еріндік пе?!

Талай рет үй алдына келіп тұрдық,

Шақырар деп тым құрыса еріндікке»-дегендей, ауылға барғанда көріскенімізбен, бөлем бір шәйнек

шайына шақыруды білмей келді... Көрдің  сиқын көргенмен, үйінің төрін көрген емеспін. Онысын өзі

өлгенде бір-ақ көрдім.Біздерге бас пен балтырдың сыздайтын уақыты жақындап келеді. Бес атадан тараған

ел ішінде Қалаубектей өзіңді жатқа санау, әсте қисынсыз демей жатып, Қалаубегім осы естелікті жазу кезінде о дүниелік болды...

   Осылайша, алғаш рет білім ордасына қадам бастық. Өмірге деген көзқарасымыз қалыптасты. Сауаттануға

мектеп кітапханасының көп септігі тиді. Оқу бағдарламасынан тыс әдеби кітаптарды оқуға төселдім. Клас

тасым  Арыстанның үлкен ағасы Қасымбек бізден біраз жас үлкен еді. Жоғарғы сыныптың бірінде оқитын. Соған қарамастан, үйіндегі сөрелер түрлі әдеби кітапқа толы болатын. Арыстанның Қасымбектен кейінгі ағасы Рыстан екеуіміз, әлгі кітаптарды жарыса оқып, талқыға салатынбыз.

    Әпшемнің кітапханашы болғандығынан ба, әлде көкемнің музыкаға құмарлығынан ба, үйде түрлі-түрлі музыка аспаптары болатын. Қолмен бұрап жүргізетін патефоннан әр түрлі әндерді тыңдауға құмар едім. Әттең-ай, соншама музыка аспаптарының бірде-біреуі кәсіби, болмаса әуесқойлық тірлігіме жарамапты. Тек, Казань гармонына ғана  шамалы ептілігім бар.

   Ауылда Майлыбек деген кісі болды. Атамнан біраз жас кіші еді. Шал кезінде «Казань» гармонын сатып алып, «гармонь тартуды үйрет»- деп, Артық ағайға жиі келетін. Ал, менің жасымның  саусақ пен санайтын дай кезі ғой. Қаншама талаптанғанмен, аспапта еркін ойнауға ебім болмады. Осыған таңым бар. «Таудай талаптан гөрі, бармақтай  бақ»тың өрелі екені құп рас екен. Аллаһ Тағаланың маған бұйырғаны тек қағаз бен қалам болса керек. Бұған да шүкіршілік. 

   Ауылдың төменгі жағында тұратын Қостыбай, Қалжан, Керімбай, Бекмұрат, Әбдікерім, Мұрат тармен бір сыныпта оқыдым. Мектеп іргесіндегі үйлерден Қойсын, Үсен, Мейірхан, Сейітқұл, Дүрия менн Қалипалар, ал, ауылдың жоғарғы жағынан Жолдас, Айсұлу, Озипа, Шерхан, Тоғыс, Қалаубек, Сүлеймен мен Исламдар келіп оқыды. Жандары жайсаң Сүлеймен, Шерхан мен Тоғыстың, Жолдас пен Исламның ғұмырлары  қысқа  болды,  арамыздан ерте кетті.  Иманды  болсын.                                                                

 

 

                                                                     *     *    *  

 

 

    Жастық шақтың кезеңінде аңғалдық  қашан да басым болады екен. Үшінші класта оқитын  жылдың мамыр айында ауылда құрымшылар қаптап кетті. Ат арбалары әрдайым біз сияқты жастар ды қызықтыратын ойыншықтар, қораз кәмпиттердің түр-түрі, түрлі- түсті шарлар, апамдарға қажет ті  жүн бояулары сияқты дүниелерге толы. Құрымшылар оларын ақшадан тыс жұмыртқаға,  жүнге, теріге айырбастайтын. Солардың бірі сенбі күні мектеп маңына келе қалды. Сабақ арасындағы үзілісті пайдаланып, үйден тауықтың төрт жұмыртқасын әкеп, екі шарға айырбастадым. Келесі үзілістің кезінде оның біреуін үрлеп жүріп жарып алдым. Екіншісін Сүлей есімді кластасым жарып қойды. Төрт жұмыртқаға не алғанымды апама көрсетпеген соң, шардың жарылғанын қалай айтамын деп басым қатты. Сүлей Беларусь тракторының от алысы секілді, тұтығып барып сөйлейтін. Ізде генге сұраған, Сүлей апасының бұларды қалпына келтіріп беретінін айтып, үйіне шақырды. Үйдегі лерге қайда баратынымды ескертудің орнына, ертерек Сүлейдің апасына шарларды бүтіндетіп алып үйге қайтуды жөн көрдім. Сөйтіп, Сүлейге ілесіп үйіне бардым. Қу аңғалдық-ай!!

   Аңғалдық десең, ол менің  жас  болғандығымнан. Ал, атамдыкіне  жол  болсын?! Ол түгілі, ауыл адамдары

да ел арасындағы жаңалықтан бір күн кеш туған сияқты. Атамның қырық қабат өнімінен не істеу керектігін білмегеніне қайранмын. Үй іргесіндегі колхоздың егістік жеріне 1960-жылы қырыққабат екті. Оны жинап алу кезінде, атам өспей қалғаны мен түбіртегін жинап әкеп, қораның бір бөлмесін толтырды. Оларды шетінен қояндарға турап беретін. Қаладағы қоғамдық тамақтанды ру жүйесінен алған тағлымы болар, келесі жылғысынан әпшем бір ағаш бөшкені толтырып, тұздап алды... Міне, аңғалдық деп осыны айт! 

 

 

                                                                 *    *    *

 

...Сүлейдің үйін бұрын көрмегенмін. Біздің ескі үй секілді, тұрғын үйлерімен мал қорасы бірге екен. Үйінің

ішіне енгенде, оның көркі мені ерекше сезімге бөледі. Іші мұнтаздай тап-таза. Үй жиһаздары мен

бұйымдары күні кеше қойылғандай, көрікті. Әке-шешесімен амандасып болған соң, олар мені қонақ күтетін бөлмесіне кіргізді. Бір бөлмедегі жиһаздарының әсемдігі екінші бөлмедегісінен де әрмен. Қонақ бөлмесінің ортасына аяғы қысқа ұзын стол қойылған. Шет-шетіне қалың көрпешелер жайылған. Оның үстіне Сүлейдің апасы біздерге бір-бірден құс жастықты ұстатты. Енді, жамылғы көрпесіз-ақ  аяқты созып жіберіп ұйықтасаң да болғандай.

   Апасы стол бетіне дастархан жайып, үстіне түрлі тағамдарды қоя бастады. Ірімшік дейсің  бе, нан мен

бауырсақ дейсің бе, бал мен сары май мен сап-сары қолдың құрты дейсің бе, әйтеуір көңіл талғамындағы

 тағамның түгелімен дерлігі дастарханнан орын тауып жатты. Олары аздай, әрбіріміздің алдымызға пиала толы қаймақ қойылды. Құдды құда күтуге даярланған үй секілді. Буы бұрқыраған самауырды алып кірді. Шәй ішіп отырып, Сүлейдің әкесі Амалай мені үлкен кісідей әңгімеге тартып отырды. Қалғандары бір-бірімен өз тілінде сөйлесіп, қауқылдасып жатты.

    Амалай ақсақалдың айтуынша, Ұлы Отан соғысының үшінші жылы Кавказдан жер ауып келген шешен ұлттыларының он шақты жанұясы біздің ауылға келіп қоныстанған екен. Сонда бітпеген біреудің үйін бұлар бітіріп алып, барлығы сол араға  қоныстаныпты. Ұзынарықта қанша үй бар, барлығы дерлігі үйлеріне шақырып, оларға дастархан мәзірін көрсеткен. Тапқаны малын сойып, таппағаны өлі етке тойдырып деген дей, бұларды аш қалдырмаған. Күйлі адамдар бір-бірден мал беріп, аяқтарынан тұрғызса керек. Қолдары ауыздарына жеткен кезде, бүгіндері олар әр жерде өмір сүреді екен. Бірі Қасқасуда, Тасарықта, үлкен Алшалыда, енді бірі Ленгір мен Шымкент қалаларын да. Колхоздың белді шопаны, кейінірек Социалистік Еңбек  Ері атанған Ахмет Сапаров Қарақияда тұрады екен. Амалайдың Сүлейден үлкен екі ұлының екеуі де үлкен Алшалының тұрғыны. Бірі кол хоздың малшысы, екіншісі қойшысы дегендей.

   Шешен ұлттының тұрмысы мені ерекше күйге бөледі. Таңертеңнен бері жөнді тамақтанбағаннан ба, әр тағамның дәмін бір татып отырып, тояттандым. Сүт қосылған шәйді ішіп, мейірімім қанды. Соңынан Амалай ақсақал дастархан батасын жасады. Сүлей апасына шарды қашан бүтіндетеді деп жатып, ұйықтап кетіппін. Бір кезде тұр-тұрлаған Сүлейдің дауысынан басымды құс жастықтан әрең көтердім. Тысқа шықсам, күн әлдеқашан ұясына батып кетіпті. Үй қабырғасындағы шынжырлы сағат тілі түнгі онды көрсетіп тұр екен. Дастархандағы дәмдер бір жағына ысырылып, орнына үйілген еті бар үш леген тамақ  қойылған.

   Кез келген жанның пейілі бет-әлпетінен белгілі десек те, Амалай ақсақал онысын түксиген қабағымен

емес, көз қарасымен білдіріп отырды. Кемпірі құдды апам секілді: «Іш, же»- деп, асты-үстіме түсумен әлек. Қайбір үйде, қаншалықты қарның аш болса да нанның түйірінен артық ас батпайтын. Ал, бұл үйдегілердің маған деген ыстық ықыласы ма екен, жаным жадыраңқы, көңіл-күйім көтеріңкі күйде. Тамаққа қол созуым да өздері сияқты. Ойлап көріңізші, он жасар баланы аса құрметпен үйінің төрінен орын беріп, барын алдына қойып, оның бабын табудың әлегіне түскендерін қалай түсінуге болады? Әлде, қазақ қандылардың оларға көрсеткен құрметінің қайырымы ма? Әлде атам мен апамды сыйлайтын жанұяның оларға деген ілтипатынан ба екен...? Мүмкін, сүйекке сіңген әдет десем де қателеспейтін шығармын.

 ...Ия, қиын-қыстау күндердің өзінде қаншама елге пана, қаншама халыққа қамқор болған кең пейілді көңілімізге олар әлі күнге дейін дән риза.Бүгінде, сол қадыр-қасиеттің қандай да бір жұрнағынан болса да, кәдімгідей марқаямыз, сонымен масаттанамыз. 

   Тамақ желініп болған бойда, алдымызға  сорпа келді.  Онан соң шәй мен қымыз ішілді. Дастархан батасы нан соң Сүлей екеуіміз тысқа шықтық. Амалайдың үйі ауылдың ең басында болатын. Сайдағы  Қоғалының суына бардық. Оның түнгі сылдыры қыз шолпысының сыңғырына үндес сияқты. Арық жағалауына отырып алып, әлгіндей сылдырлы үннен байызым қанды. Суы қамжылым екен. Бел ортамнан келетін жеріне түсіп, жаным жай тапты. Осылайша, өмірімде алғаш рет бөгде біреудің үйінде қонақ болдым. Дастархан дәмінен тояттандым. Алғаш рет бөтен үйдің төсегінде аунап-қунап жатып ұйқыға шомдым...

   Таңертең Амалайдың дауыстап шақырған азан дауысынан сергек ояндым. Далаға шығып, әлгі сайдың суымен белуарыма дейін жуындым. Үйге қайтып кірсек, дастархандағы тағам түрлері кешегі көрінісіндей. Олардың қатарына екі жерге табақ толы тауықтың пісірілген жұмыртқасы қосылған.

   Шәйді алдымызға енді ала бергенімізде, үйге көкем кіріп келді. Жан дүниемді қорқыныш сезімі билеп, жүрегім тас төбеме шыққандай болды. Түрі із-түзсіз кеткен мені іздеп, жаны жай таппаған адамның түрін дей. Маған көз қиығын салған да жоқ. Үй иесімен құшақтасып көрісіп, үйдің төріне жайғасты. Көкемнің алдына пиала толы қаймақ әкеп қойды. Амалаймен түрлі әңгіменің басын қозғап, шәйді ұзақ отырып ішті. Үй иесі сөз арасында Сүлей екеуіміздің кешегі қылығымызды әңгіме қылды. Жарылған шардың қайтып қиюына келмейтінін,шарды қалпына келтіріп береді дегеніміздің бос қиял екеніне күлісіп, бізді мазақтаумен болды.  

   Бата жасалмай, отырған орыннан тұрмайтын тәртіпке бағынып, Сүлей екеуіміз орнымызда әрең отырмыз. Шәйден соң, Сүлей  шара толы қымыз әкелді. Қымыз ішіліп болған соң, Амалай ақсақал дастархан батасын жасады. Сонан соң барып, орнымыздан тұрдық.

   Әдетте, қонақ атының шылбырын үй баласы ұстап тұрып, атқа мінгізісіп жіберуші еді. Бұл жолы Сүлей

емес, Амалай ақсақалдың өзі атқа мініп болғанымызша, шылбырынан ұстап тұрды. Көкем қош айтысып,

аттың басын үйге қарай бұрды.Жолда маған ләм деп ауызын ашпады. Үйге келген нен соң  атам мен апам да ашуын сездірмеді. Апам тек:

-«Шырағым-ау, кетер жағыңды айтып кетпейсің бе, түнімен сені ойлап мазамыз май ішкендей болды»- деген нен әрменге бармады. Көкем оларға Амалайдан естігенін айтып, аңғалдығымды беті ме басып, мазақтаумен болды. Жеңешем дастархан жайып, түнде желінген еттен қалдырған сыба ғамды алдыма қойды. Апам жаныма келіп, алдымен шәйді,сонан соң қымызды құйып беріп отырды. Көкемнің кекеткенін көңіліме алып,

етті қолыма алмай тек шәй ішумен болдым. Мұнымды сезген апам:

 -« Енді не, төрт жұмыртқаны жоқтап отырсың ба? Басың аман болсын, дүние табылады. Күнде өзің жинап жүрген жұмыртқа ғой. Керегіңе қаншасын алып жаратсаң да өз еркің. Ал, Амалайдың аш-жалаңаш жанұя сына атаң кезінде талай рет малдай, заттай жәрдем берген. Сүлей сенің қатарың. Ол үйге барма демеймін. Қайта оны үйге шақырып, қонақ ет. Амалайдың жанұясы тәрбиелі жандар. Сонда да болса, жөніңмен жүріп, жөніңмен тұр. Ынжық болма, ойыңды ашып айтатын бол»- деп, сөзін саптады. Сонан соң барып қана көңілім жайланды. Етке қол созбағанымды көрген апам:

-Неге сыбаға тамағыңды жемей отырсың?»- деп жекіріп еді, оған көкем:

-Амалай, мұны құдасындай күтіп жатыр екен, мен барып Зұлбұқардан қалғанын ішіп-жеп келдім»- деп, мазақтауын жалғастырды. Апам оған:

-«Қылжақтамай отыр. Баламды құрметтеген адам  еш уақытта  жаман  болмайды. «Болар бала боғынан»-

деген. Өзіне тәндік ерекше қасиеті бар. Артық сөз айтушы болма, місесін қайтарасың»- деп жекіп тастады...

   Айтса айтқандай, жас бала рухани тұрғыда өзінің табиғатынан алыстамаған тұлға. Оның жүрекпен сезінуі үлкен адамдардан анағұрлым жоғары. Сондықтан ата-ананың балаға беретін тәлім-тәрбиесі ақыл таразысына бірнеше рет тартылып, қажеттілікке сай тек шынайы жүрекпен ұсынылуымен нәтижелі. Оның санасы мен жүрегіне ізгілікті жол тауып, рух пен парасаттың бірігуіне қарай тәрбиеленуі парыз. Ол тұлғаны сонда ғана өмірдің ағымына қалыптастыра аламыз. Сонда ғана ұрпағымыздың басты Қағидасына айнадағы өз жүзіне қысылмай еркін қарай білгені, жүрегінің таза, жан дүниесінің жайсаң болғаны жатады. Сонысымен ғана келешектегі оның қоғамдағы орнымен қадыры айқынды. Ия, жан дүниемнің иін қандырып, қанатымды қатайтқан атам мен апамның осындай асыл сөздері. Оны қайтіп ұмытайын... Осыдан кейінгі күннің бірінде

Сүлейді қонаққа шақырдым. Онымды атам мен апама айттым. Атам:

-«Шырағым, үйге қонақ келсе өз несібесімен келеді. Ештеңеге алаң болма. Апаң екеуіміз қонақ күтуге машық екенімізді өзің білесің. Шақырғаның дұрыс болыпты. Сабақ біткен соң, үйге алып  кел»- деп, тілегімді қабыл алғанын білдірді.

   Сүлей үйге шақырғанымды атасы мен апасына айтып келіпті. Сабақтан соң үйге келдік. Атам екі қоянды сойып, апам оларды бүтіндей пісіріпті. Жұқпа нан мен бауырсақ пісірілген, жұмыртқадан қуырдақ жасапты. Шәй үстінде дастархан үстіндегілерін ішіп-жедік. Соңынан қымыз ішіп қарынды тойғыздық.Дастархан басында атам Сүлейдің әке-шешесі мен туған- туыстарының біздің елге қалай келіп, орналасқандарын әңгімелеп отырды. Апам Сүлейді төркін жұртындай санап, көңілін көтерумен болды. Бірауық үй іргесіндегі жерді аудардық. Кешқұрым молынан асылған етті қаужадық. Осылайша, Сүлей екеуіміз туыс адамдай болып қатысуымыз жиіледі. Көп ұзамай, Амалай үлкен Алшалыдағы екі баласымен Кавказға көшіп кетті деп естідім. Баяғы мен қонған үйде Сүлейдің бір өзі қалыпты. Мен мектепті бітірген жылдың күзінде Сүлейді Армияға шақырды. Оның  қоштасу кешіне бірге оқыған ауылдың ұл-қыздары түгелімен қатысты.Таң атқанша өлең айтып, би биледік. Ертеңіне  аудан орталығына шығарып салдық. 

  Тағдырдың жазмышы болар, мен оны қайтып көрмедім. Естуімше, Армиядан соң Сүлейменім Жезқазған

 жақтың  қызына үйленіп, үйлі-жайлы болса керек. Совхоздың бір отар қойын баққан. Күннің күнінде әйелі

 оған көмекшісін қарсы қойып, өлтірткен. Оның: «Ора байна, душа байна әндуши ләй ла лә-лә-лә»- деген

ыңылды өлең сөздері бүгінге дейін құлағымда.  Иманды  болсын...

 

 

                                                            *        *        *  

 

 

  Жас кезімізде жиын-тойға жайылған дастархан тамағына әуес едік. Жеңгелеріміз үш-төрт балаға тамақты бір табаққа құйып беретін. Қазіргідей емес, ол кезде ыдыс-аяқтың тапшылау кезі. Жалғыз қасықпен кезек тесіп отырып ішіп-жегеннің өзіне мәз болушы ек. Біз түгілі, үлкендердің өзі екеу ара бір табақтың қасығына таңылатын. Атам Тәкіш есімді құрдасына  айтып жүріп, үйге жылда ағаштан  4-5 қасықты жасатып алушы еді. Ал, күріштен жасалған астың 2-3 баланың  сыбағасын апам қазан жаппасының үстіне салып беретін. Болмаса, тандыр нанның үстіне салып бергені қандай керемет! Палауын жеп болған соң, май сіңген тандыр нанды таласа-тармаса отырып жейтінбіз.  

   Апамның кейде: «бір-бірінің көйлегін ауыстырып кигеннің несі айып? Бауырдың  ықыласын, ағайынның  жақындығын  содан көрмес бола ма?Туысқанның иісі сіңген киім бір-біріне жақсылық қасиетін ауыстырмас па? Онсыз ет жақыныңды, қаныңды қайдан сезінесің? Қайдам, алжыдық па, әлде... әйтеуір татулықтан тандыра көрме, Жаратқан Ием! Сендердің бір-біріңе жанашырлық танытып жүргендерің мен үшін жұмақ

қой»- деп отыратыны бар еді. Апамның осы сөздерінің астарын кештеу ұғындым. Киім ауыстырып кию-жоқшылық пен таршылық заманның  мәжбүрі екенін ол кезде қайдан  білдім? Ауыстырып кию түгілі, бөгде киімнің иісінен жүрегі айнитындар аз ба екен, бұл күнде?!

     Меніңше, елдің жайы-күйі 1960- жылдан бастап оңала  басталды. Біздің ауылдан 6-7 шақырымдай әрменгі Тоқпан ауылында сол жылдары сегіз жылдық мектеп бой көтерсе керек. Ауылдағы бастауыш мектепті бітірген соң, оқуды сол ауылдың мектебіне барып жалғастыруға тура келді. Бізге қазақ тілі мен әдебиетінен Әубәкір ағай, Бөртай ағай математикадан, Махиянова апай химиядан, Мүсәлі көкем тарихтан, Жақсыбай ағай физикадан, Молдатай ағай неміс тілінен сабақ берді. Бастауыш мектепте бір ғана мұғалімнің берген дәрісіне үйренгендіктен бе, мұндағы әр пәннің сабағын әр мұғалімнің беруіне көпке дейін үйрене алмай жүрдік.Бірінің дәріс беру тәсілі, екіншісінің мінез-құлқы дегендей...Оның үстіне, мектептің қарсы бетінде азық-түлік дүкені бар. Сабақ арасындағы 15 минуттық үзіліс кезінде олардың біразы дүкен сыртында топ құрайтын. Кейінірек оның да сыры мәлім болды. Солардың бірінің дәріс беру кезінде бөлмені темекі мен ащы судың кермек иісі жайлайтын. Дегенмен, біздің соншама жерден келіп білім алу құштарлығымызға олары бөгет бола алмады. Үздік оқушының қатарында болдым.

   Бірақ, сол оқу жылының басында мені ауру айналдырып алды. Қыркүйек айының соңында ауруханаға түсіп, одан Жаңа жылдың алдында ғана шықтым. Мен үшін ондағы тәртіп қатаң еді. Таңертеңгі сағат 7-де тұрып, дәрі-дәрмектерді қабылдайсың. Одан кейін тамаққа  бару керек. Ем жүргізетін дәрігерді телміре күтумен боласың. Түскі ас пен кешкі сағат 17-нің аралығы демалыс уақыты. Беймезгіл уақытта тіптен, далаға шығуға тыйым салынған. Кешкі астан соңғы сағат 21-00 де қолында шприці бар медбикені күтумен уақытың өтеді. Сонан соң, түнгі ұйқының құшағына енесің. Осылайша, үш айға жуық  уақытты ауруханада өткіздім.

   Мені Георгиевка  ауылындағы ауруханадан Төлеш көкем шығарып алды. Желтоқсан айының соңғы күндері. Күн ашық болғанмен қардың аязы дем алдырмайды. Қарны ашты ма екен, әлде жылынып алсын деп ойлады ма, мені әр ауылға қатынайтын автобустар тұрағындағы асханаға алып кірді. Кезекке тұрып, екі түрлі тағамнан алып, столға жайғастық. Тағамның бір түрін жеп тауыса бергенде, көкем орнынан тұрып, шәйді әкелуге кетті. Тап сол кезде стол басына бір әйел келіп, маған орыс тілінде бірдеңені айтып міңгірледі. Оның не айтқанын түсінбедім. Үндеместен отыра бердім. Ол болса, стол үстіндегі көкемнің бірін жеп тауыспаған, екіншісіне қол тигізбеген ыдыстағы тамағын алып кетті. Шәйді алып келген көкем, әлгі ыдыс тарды кім алып кеткенін сұрады. Мен әлгі әйелдің алып кеткенін айттым. Көкем оған дауыс көтеріп, бірдеңе лерді айтып, ұрсып жатты. Әлгі әйел тағам толы екі ыдысты қайта әкеліп, стол үстіне қойып кетті. Түрі ызалы адамның кейпінде еді. 

   Көкем тамағын жеп отырып: «Бастауыш мектепті бітірдің, ауруханада орыс кісілердің арасында болдың. Орыстың жеңіл-желпі сөздерін біліп алсаң болмас па еді»-деп, маған біраз  кейіп алды.Осы сөздері маған қамшы болып тиді ме, мектепте ең алдымен орыс тілін меңгеріп алуға тырысып -бақтым. Әйтсе де, орыс тілінде сөйлесетіндей, екі ауылдың екеуінде де бірлі-екілі шешен ұлттыдан өзге ешкім болған емес. Оқып, көңілге тоқығаныңды іс жүзіне асырмаған соң, «білдім», «меңгердім» дегенің әурешілік екен.

 

                                                           

                                                                      *       *       *

 

 

   Ұзақ  аурудан,  дәрі  егу  мен  ішуден  ағзамның әлсірегенін ескерді  ме,  көкем  оқушылардың қысқы демалысы бітер-бітпес, мені диханкөлдік Досберген деген кісінің үйіне жайғастырды. Ол кісінің үйі мен мектеп арасында мектеп интернаты ғана болатын. Досберген көке Қасқасудағы колхоз  басқармасында бас экономист екен. Ол кісі жоқта үй тіршілігін апаммен жасты, Досбергеннің анасы басқаратынын аңғардым. Сол кездегі тәрбиеме сол апамның да көп септігі тиді. Досберген көкемнің інісі-марқұм, Қалмаханды білетін болып шықтым. Колхоз клубының киномеханигі болып істеуші еді. Кейінірек облыстық ішкі істер басқарма сының мемлекеттік автоинспекциясында бөлім бастығы болып, полковник шенімен демалысқа шықты. Ал, Әшірбек деген ұлымен бір сыныпта оқыдым. Ол да әкесі секілді колхоздың экономисі болып істеді. Кейін облыстық ішкі істер басқармасындағы милициялық шекпеніне полковник шенін тағып жүріп, демалысқа  шықты. 

   Мен, ғұмырымның 12 жасымнан бергісін есею кезеңіне жатқызамын. Өйткені, мектепке барар алдындағы

апаммен «кездесу»ден қалдым. Досмахан көкемнің үйінде, мектеп-интернатта жатып оқып, өз үйім өзіме жат көріне бастады. Құдды қонақ адамы секілді, үйге сенбі күні келіп, жексенбі күні Тоқпан ауылына қайта кету әдетке енді. Әке мен шешемнің, аға мен жеңгемнің сол екі күндегі маған деген көзқарастары «қонақ» күтушінің көзқарасындай болып сезілетін...Жер қарайып, күн жылыған кезде көкем Қасқасу ауылындағы дүкеннен үлкен велисопед сатып әперді. Сол күні автокөлікті иеленгендей қуанғанымды көрсеңіз...

Айтмахан көкем Ұзынарық пен Қасқасу ауылының екі арасына шағыл тас төсетіп жол салдырған-ды. Сол

тегіс жолмен үйге қарай зымырап, әп-сәтте үйге жетіп келдім. Үйдегілер көлікті болғаныма қуанып, мәз-мейрам болды. Ауыл ішіндегі ересек балаларда болмаса, мұндай велисопед мен қатарлыда болған емес.

   Сондықтан да болар, бұл жаңалыққа үйдегілер түгілі, өз қатарымдағылар да қуанып жатты. Өйткені, «бере тұршы»-деп қиылып тұрған соң, көңілін қимайсың. Жолдың шаңын көкке көтеріп, айдағанға олар мәз, мен бергенге мәзбін. Мауқымыз басылған соң, енді «бере тұршы» лардың саны кеміді. Ол енді мектепке барып-келуге мінетін көлікке айналды...

    Оқу жылы аяқталар кезде, мұғалімдер мектеп төңірегіне егілген жоңышқаны орғызды. Үйлеріне апарып, түрлі жұмысқа салды. Бірінің үйінде тезек істесек, екіншісінің шөбін ордық. Тағы бірінің тал-теректерін бұтадық. Сөйтіп жүріп, екі ауылдың арасын жол етумен  5-класты да бітірдік.

 

 

                                                                   *      *       *

 

   Ұзынарықтан келіп оқушыларға мектептің іргесіндегі, бұрынғы бастауыш мектеп ғимаратын жатақ орынға айналдырып берген. Олардың тобына келесі оқу жылында қосылдым. Күздің қара суығы басталғаннан көктем шығып, жер кепкенге дейінгі уақытта сонда жатып оқыдық. Ішер тамағымыз мектеп есебінен болғанымен, жейтін нанды үйден әкелетінбіз. Тамақтанатын жеріміз кішігірім  бөлме болатын. Бізден бөлек екі  ошақта үлкен  қазандар орын алған. Бірінде тамақ, екіншісінде ішетін шәйіміз. Қасық, табақ пен шәй ішетін алюмен кружке өзіміздікі. Әр аптаның сенбісінде үйге келіп, жексенбі күні түс қайта, болмаса дүйсенбі күнгі таңғы 7-лерде жолға шығатынбыз. Үйдегілер бір апталық тандыр нан мен жуылған киім-кешекті дорбаға салып, арқамызға таңып беретін. Үйден шыға салысымен, көршілес үйдегі Бекмұрат пен Керімбайды оятып алушы едім. Сөйтіп, жолға бірге шығатынбыз. 1-кластан бастап 8-класты бітіргенше оларды оятып алып, мектепке бірге баруды құдды  біреу  міндеттеп  қойғандай...

  Жол басшымыз- біздің үйден 4-5 үй әрмен тұратын Сатымбек деген мұғалім еді. Қысы-жазы Тоқпан ауылындағы мектепке қатынап, орыс тілінен сабақ беретін-ді. Жердің қара, күннің жылы кезінде соның  соңынан еріп, Ұзынарықтан шыққан жалғыз атты жолмен тау сілемінің жоталары арқылы Тоқпан Жаныстағы мектепке барамыз. Жолда көлемі таудан аққан екі құлақтай судың арнасы кездеседі. Ол Тоқпан ауылы мен Құдайбақ елді-мекенінің арасындағы  арнасымен Қоғалыға жететін. Арна сының кейбір жері жер бетінен 10-15 метрдей төмен-ді. Ал, бұрылып аққан иірімді жерінің тереңдігі онан да әрмен. Оны елдегілер «Шана жар» деп атап кеткен. Оның жағалауымен түнде түгілі, күндізгі күні жүрудің өзі қорқынышты көрінетін. Сол себептен, Сатымбек ағайдың жол бастауы біздер үшін үлкен медет еді. Әйтсе де, сабақ бітіп, үйге әр кластың оқушы лары Сатымбек ағайсыз түрлі уақыт мезгілінде қайтатынбыз. Олай етуге, оқушылардың сабақ оқуының, жол

басшымыздың жұмыстан қайту мезгілі себеп еді. Қалаубек, Ислам, Шерхан, Тоғыс, Айсұлу, Озипа, Жолдас,

Қалипа, Дүрия, Үсен, Сейітқұл, Мұрат, Қалжан, Керімбай, Бекмұраттар болып топ құрап,өзімізше қайтуға бейімделдік.

  Үйден ерте шыққандықтан ба, ауылға үздігіп әрең жетуші ек. Жолшыбай ауылдың жоғарғы жағында тұратын Бекзада, Мейіркүл, Күләнда, Зерхан, Зина, Баян, есімді апа-жеңгелеріміздің кез-келгеніне: «Қарным ашты, нан берші»- деуге қымсынбайтынбыз. Олардың қай-қайсысы болса да, сұрағаныңды алып шықпай, үйіне кіргізіп, алдыңа дастархан жаятын. Аузыңа тостағанмен айранын, сүтін болмаса қымызын тосатын. Онысын апыл-ғұпыл ішіп алып, «болдым, рахмет»ті айтар-айтпас үйге қарай жөнелетінбіз.

  Жастық шақта адам батылдау бола ма, әлде сол кездегілердің кішіпейілдігі ме екен, әйтеуір кімнің үйі бол масын  оны өз үйіңе балап, емін-еркін кіріп-шығу тұрмыс салтындай еді. Мүмкін, жастық шақтың елпілде тіп, елгезек етіп тұрған кезі болар. Досқа да, дұшпанға да құшақ ашық. Жатырқау деген сезім мүлдем жоқ. Бәрі сенің досың, бәрі Сені жақсы көрушілер. Кез-келген үйге кіріп, әлгіндей: «Апа қарным ашты, нан берші»- деуден қаймықпағанымыз да сондықтан болар. Ботай, Қымқанай сияқты мейірімді аналарымыз жайған дастарханға бүгінгідей дүкен сөресіндегі нанды емес, арнайы ошақта даярлаған тандыр, я  тәпенше нанды қоятын. Өз ұлындай «іш, же»-деумен тойындырып жіберетіні мейірімділік пен бірге, аналық пәк сезімінің ұстанымы,  әрі жомарттығы. Ол кезде әр үйдің өз еркесі- «Атасының баласы»- деуге иелер ауылда өріп жүретін. Сондықтан да шығар, ес біліп  ер жеткенше бұл әдеттен арылмадық. Есейген соң да «Нан ауыз ти»- деуден құр болмадық. Енді, бүгіндері ше? Бүгіндері өз бетіңше, я арнайы шақырмаған үйге бас сұғудан арланатын болдық.Жастық шақтың ештеңеге теңдесі жоқ асыл қасиеті, бүгінде бізден сырт айналған сияқты.

  Мұхтар Әуезов кезінде: «Абайдың кіші әйелі Әйгерімді кемпір болғанда көрдім. Содан әжімдеріне қарап отырып, оның жас кезін еске түсірдім»- дейді екен. Сол сияқты, бүгіндері ел ішіндегі көне көздіден Сүлеймен көкемнің кемпірі- алты ұл-қызының анасы, бірін-бірі жетелеген екі ғасыр өмірінің қыр-сырына қанық Мейіз жеңгем ғана тірі. Елге барсам іздейтінім Мейіз жеңгем. Өйткені, жүзіндегі әжімінен жас кезіндегі сымбатты келбетін, киімі ақ шағаладай апамның елесін көріп, сағынышым басылады... 

Сағынамын...                   

Аңсадым-ай, аңсаймын,                  

Әп-сәтте құрбан болған балдай шағым.                  

Ақбоз тартқан шашын иіскеп анамның,                   

Сипалаған сидаланған саусағын...                                       

   Әдетте, сырт айналу, болмаса теріс қарау- адам жанына түрпідей тиетін әдеттің түрі. Бұл дүниеден запы болып, өмірдің екінші есігін ашуға дайындалушының бетін теріс қаратып жатып соңғы демін алатын шағын, болмаса қол алысып амандаспай  жатып теріс қараушының сүлбесін көз алдыңызға елестетіңіз. Баяғы достар дың арасына да бірте-бірте пендешіліктің ең төменгі белгісіндей осы бір СЫНАның қағылғаны жаныңды күйзелтеді. Шешемнің сіңлісі болып табылатын- Күләндадан туылған Қалаубекке өкпелеуім де сондықтан. 

   Атам мен апамның құрдастары «Бұрынғының адамдары»- деп бастайтын құлаққа жағымды өнегелі әңгімелерін талай естіп, тыңдап өстік. Енді жасымыз солардың жасына теңесер шағында соларға ұқсап баға алып жүрміз бе екен, сірә?! Байқаймын, бүгінде олардың орнын толтырардай тұлғаның саны сирек сияқты. «Атасының баласы»-деушілер өмірдің екінші жағына қоныс аударғандай. Орындары жып-жылас. Әйтсе де, құлаққа жылы тиетін сол бір сөздері санада солғын тартса да естен кетпеуде. 

  Ел ішіндегі бірлікке, достыққа, тіпті, өнер мен әдебиетке деген іңкәрліктің алдымызда жасап кеткеннің тәлім-тәрбиелік үлгісін айналадан, қала берді өзімізден таба алмай, себебін неден іздеуді білмей дал болып жүрген сияқтымыз...Ғасырлардың  қойнауына бойлап, тамырын жайған ұлттық әдет-ғұрыптың бірте-бірте құрдымның қойнауына ене бастауы саналының санасын шошытардай. Олармен арамыздағы жарасымның  арқауы үзілгендей сезіммен, аталар мен апалар ұлағатын көрген ұрпақтың соңғы жұрнағы өзіміз бе деп қаламын, кейде.

... Бірде, Дәмелі, көкем мен жеңешем, досым Жүнісбекпен бірге Талдықорғанға құдалыққа бардық. Құдағиымыз келетінімізді біле тұра, 1000 километрден астам жол жүріп келген біздерге:

- «Мен бүгін даяр емеспін»- деп, «орысшаласа» бола ма?! Мысқылшыл көкем:

-« Әй құдағи, сенен басқа даярлығыңды сұрап тұрған ешкім жоқ қой»- деді де, маған:

 -«Дарбазасын ашып машинаңды аулаға кіргіз»- деп, өзі ай-шайға қарамай, үйіне баса-көктеп кіріп  кеткені бар. Мұнысына не дерсің, әдет-ғұрыпты қастерлей білген адам өсте ме екен?! 

... Кезінде Бауыржан Момышұлы болашаққа байланысты үш түрлі қорқыныштан секем алған екен. Оның бірі- «Сәбиіне бесік жырын» айтып бере алмайтын аналардың  көбеюінен, екіншісі- немереле ріне өз тілінде ертегі айта алмайтын әжелердің көбейіп жатқанынан; үшіншісі- жас ұрпақтың салт-дәстүрді қадірлемейтін, өсе келе көкірек көзі көр болатынынан қорқатынын айтып отырады екен. Қалаубегім мен құдағиымыздың әлгіндей қылықтары тап осы қорқыныштың соңғысының кебін кигендей... Жаттың  әдет-ғұрыпқа қайшы қылығын бетке басқанмен де, 10 бірдей немерелерім мен ендігі шөберелерім:

-«Ата, ұлттық дәстүр үрдісін ұстанған адамсыз. Соның танымдық  қоржынын бізге қалдырып кетіңіз»- дей қалса, «Немді қалдырамын»- деген суық ой мазалайды, кейде. Өйткені, ата-баба өресінің көкжиегінен көрі ніс беретін ұлтымыздың өзіндік мұра сайысының мәні, салт-дәстүрінің дәні, ой-өрісінің нәрі, мерекесінің сәні, дастарханының дәмі сияқты рәсімдерін ұсына білемін бе, жоқ па?... 

 

 

                                                                     *       *       *

 

... Жазғы таңның атуы әдеттегідей атамның «тұр-тұр»ымен  басталатын. Сол баяғы әдетпен, таңертеңнен бастап үй тіршілігінің күйбеңшілігі. Таңертеңгі астан соң, жыралардың қай жерінде құнарлы шөп өскен,

орып әкеп қоян мен құстардың аузына тосу. Сондай күннің бірінде Сайрам судың жар қабағындағы жоңышқа аралас шөпті орып, үш қапқа толтырдым. Оларды есектің үстіне арттым. Оның көтере алатын- алмайтынымен жұмысым жоқ, қаптың үстіне қарғып мініп алдым. Сөйтіп, үйге келе жаттым. Қоғалы сайының ішінде маған Жаңабайдың үлкен ұлы Дүйсен кездесті. Қолында аңшының ұзын мылтығы бар.

Оның үңгісін маған қаратып: «Тез есектен түс, болмаса атып өлтіремін»- дейді,  бет әлпетін  түкситіп.

    Ләж жоқ, есектің үстінен түсуге тура  келді. Одан қорғанамын деп жүріп, есектің шылау жібі қолымнан шығып кетті. Есек аяң басып үйге қарай бет алды. Дүйсен мылтық ұңғысымен кеудемді, бірде басымды, енді бірде аяғымның ұшын көздеумен болды. Сөйтіп тұрып, саусағымен мылтықтың шүріппесін тартып қалды. Атылған оқтан құлақ тұндырардай дауыс шығып, мылтық ұңғысының төңірегі көк түтінге оранды. Жүрегім аузыма тығылып, екі тізем қалтырап, жүрелеп отыра бергенімде, апамның ойбайлаған дауысы шықты. Оны естіген Дүйсен, үйіне қарай зытты. Мен сілейіп отырып қалсам керек, апамның аймалауынан есімді жидым. Апам Дүйсеннің бұл ісінен қорланып, көпке дейін көз жасын тыя алмады. Сөйтіп отырса да, іштей дұға оқып, таңдайымды басты.

   Сөйтсем, апам  есектің үстіне артылған үш қап шөбімен, шылбырын шұбатқан күйімен жазғы ақырына келіп, түстік шөбіне бас қойғанын көрген. Үй айналасынан  қарамды таппаған. Болмаған соң шөп оруға кеткен жағым есіне түсіп, Қоғалы сайдың ішімен келе жатқан. Атылған мылтық оғының көк түтінін көріп, алға қарай тұра жүгірген.

- «Сені әлдебіреу мылтықпен атып өлтірді деп ойладым»- деді өзіне-өзі келген соң. Қас қылғанда алға басқан аяғым кері кеткендей болды»- дейді  дірілді  үнмен.

-Ол неғылған адам, неліктен саған қарай мылтық оғын атты?-деп, сұрақты үсті-үстіне қойды. Апама болған оқиғаны баяндап бердім. Оның алдында ешқандай кінәмнің жоқтығын айттым. Жаңабай көкем атамның еті жақын інілерінің бірі. Үйге қонақ келсе, көптің ішінде болсын деп, жиі-жиі шақырып алатын. Бірінің біріне деген көзқарасы түзу, құрметтеуі өзгенікінен кем емес. Дүйсенмен арамызда  ешқандай  ашу- араздық жоқ. Оның үстіне Үсен деген інісімен, Зәуре есімді қарындасымен бірге оқимын. Оның не себептен қитығып, үстімнен мылтық атуы түсініксіз. Апам отырған орнынан тұрмай, көпке дейін үнсіз қалды.

- «Зұлбұқар»,- деді  бір кезде,- ел арасы  бүлініп жүрер. Мұны ешкімге айтушы болма. Оның себебін өзім анықтаймын»- деді, қабағын түйіп. Таңертеңгі шәйдан соң, кешегі жер ден шөп әкелуге кеттім. Апам Жаңабайдың үйіне барып, қырғынды салыпты. Әдейіге алып барған таяғымен Дүйсен екеуін соққының астына алған. Екеуі де селт етпей, тіптен қарсылық та көрсетпепті. Қанша дегенмен, Жаңабай  қайнысы емес пе, ашу үстіндегі мұнысына ләм  демеген...

  Шөпті әкеліп, қоян мен құстарға бердім. Шөлімді басу үшін үйге кіріп, күбідегі қымызды шараға құя бергенде апам үйге кіріп келді. Дастархан басында қымызды құйып беріп отырып, Жаңабай мен Дүйсенді қалай сабағанын айтып берді. Маған сақ жүруді ескертті. Сөйтіп, ойда жоқта Дүйсен бауырым маған «Саяқ жүрген таяқ жейді»-нің керін келтірді...

 

 

                                                                    *       *       *

 

   Жазғы демалысқа шыққанымызға бір апта уақыт өтті ме, өтпеді ме, атамның «тұр-тұр»ын  енді колхоз бригадирі, марқұм Бәйдібек көкем жалғастырды. Өйткені, колхоз тірлігінде шөп жинау жұмысы қызған кезі. Жұмыс қолы жетіспегендіктен, ауыл жастарын әр машинаға үшеу-төртеуден бекіткен. Сөйтіп, колхоздың қай жерінде шөп орылған, сол жерде шомалай салып, оны «мажар» машинаға артуды біздерге жүктеді. Таңның сәрісінде көшенің әр жерінен автомашина сигналымен шөп жинаушыларын оятып жатқан шопырлардың дауысы естіліп жатады. Кеш жатып, ерте тұрып  колхоз жұмысына жегілу- алғашқы рет жасөспірім біздерге ауыр тиді.  Ол кезде қайбір қауқарымыз бар, жас шыбықтай бұралып, белді бекітпеген кез емес пе?!

   Сонда да болса, ұйқыдан ояна салып, бір кесе айранды апыл-ғұпыл ішер- ішпес, шөп орылған жердің басына бару енді дағдыға айналды. Таңғы салқынның  кезінде  екі, үш машинаға  шөпті арту қиынға түспейтін.  Ең қиыны күн қызған кезде дененің дел-сал болып, көзді ұйқы басатыны. Артқан шөпті ферма басына апарып келгенше, шомалай көлеңкесінде дем алатынбыз. Сәлден соң, шопырдың «мұрын қытығы»

нан ыршып тұрып, орныңды сол кісіге бересің. Өзің автокөлікке шөп  артуды жалғастырасың.

  Ұзынарық ауылы таудың етегінде болғандықтан ба, жаздың  аптап ыстығы бұл арада 25-30 градустан аспайды. Жұмыс істегендіктен болар, дененің ыстығы тасып, аузымыз жиі  құрғайтын. Үйден алып келген суымыз таусылған соң ләж жоқ, үлкен арықтағы лайқы суға бас  қоятынбыз. Үстіміздегі тер мүңкіген майка ны шешіп жіберіп, әлгі суды содан өткізіп ішуші ек. Тер сасыған сүзгіміз суды шөп-шаламнан тазартқаны болмаса, лайқы судың кермек дәмі ауызды одан бетер құрғатушы еді. Мұны естіп-білген апам үйдегі 3 литрлік бидонға су толтырып, қалтама құрттың малтасын салып беретін болды. Су таусылса, құрттың  малтасын сорасың. Оның бал татыған дәмінде ауызға сілекей жинап, өңешіңді құрғатпайтын қасиетің барын сонда білдім.    

    Әлгі автокөлікпен түсте үйге келетінбіз. Қояндарыма деп, екі-үш бау шөпті сұрап алып, үйге әкелуші ем. Сағат үштердің кезінде жұмысқа қайта шығамыз. Біздер үшін машинамен ары-бері жүру қызық сияқты еді. Шәмші ағаның әндерін машина үстінде шырқап, марқаятынбыз. Еңбек етушіні елей білген бабамыздың: «Әлемнің әміршісі- еңбек»- деп босқа айтпаса керек. Болмаса, сол кезде буынымыз қатпаған жасөспірімбіз. «Колхоз жұмысына шық»- деп, бізді кім қинапты?  Ешкім. Еңбек ақымыз оқу киімі  мен кітап алуға жетсін деген үміт қой Бәйдібек көкемнің сөзін құлаққа асырған... Бүгінде осы жұмыстың бірі де жоқ.Орылған шөпті кебісімен престеп, жинау жұмысы техникамен атқарылады.
 

 

                                                          *        *        *

 

   Шөпті алқапқа кластасым Сейітқұлдың әкесі Әбілдабек көкем қарауыл еді. Ол кісі көбіне шомалайдың көлеңкесіне келіп, демалатын. Мінген атын шідерлеп тұсаулап, басын бос қоятын. Шөптен бас көтермей, мінер кезінде сол орнынан табылатын. Күндіз-түні ат үстінен түспей шаршайтын шығар, амандасудан соң бірден ұйқыға кететін. Шөп артып, ауылға жіберген машинаның келуін күткен біздер оның жанына барып, тыныс алушы ек. Әбекең әңгімешіл болатын.Соғыста басынан өткен оқиғаларды ерінбей отырып әңгімелеп беретін. Ұлы Отан соғысында немістермен қалай соғысқаны, бір қолынан айырылып, елге қалай оралғаны жөніндегі әңгімесі бізді қатты қызықтыратын. Біздің ортамызға кейде, Әбілдабектің құрдастары- Тоғыстың әкесі Айтбай, Арыстанның әкесі Мырзабектер келіп қосылатын. Ат арбаға артқан бөшкесін ауыз суға толтырып, оларға Қосмұрат көкем де қосылушы еді. Мінген жылқыларын орылған жас шөппен тойғызу үшін бе, әлде әңгіме-дүкен құру үшін бе, бастары жиі қосылатын. Алғашқыда әңгімелерінің төркініне түсінбей жүрдім. Бірде бірін- бірі таяқ астына алардай сөзбен түйгілесе, енді бірде күлкі аралас әзілді сөздер мен қағытпалап отыратын. Қалай дегенде де, құрдастық қылықтары сырт көзге жарасымды көрінетін. Бірде, Айтбай көкем Қарақия жеріндегі шөп орымы кезінде болған оқиғаны әңгімелеп берді.

...  Соғыстан кейінгі жылдары болса керек. Олар да біз сияқты, колхоздың ат шалғысымен шөп орған, орылған шөптен шомалай салған. Орымшылар мен жинаушылардың ішіп-жемі колхоз есебінен. Бір күні бұларға ауыл бригадирі азық есебіне екі қойды әкеп беріпті. Бұлар сол күні қойдың біреуін сойып, кешкі асқа қуырдақ дайындайды. Енді даяр асты  орталарына  алып, қарбытып  жей бастайды.

   Әдетте, тамақтың ыстық кезінде еттен өзгенің дәмі онша  біліне қоймайды. Қуырдақты жеушілер, еттен тұздың дәмі басым екенін тояттанған кезде ғана білген. Сөйтсе, бұл сабаздарың бірі екіншісінен сұрамай, қазандағы етке уыс толы тұзды сала беріпті...Артынан қаншама шәй ішкенмен, тұздың ащы дәмі ауыздары нан кетпей қойған. Енді, шөлдерін сумен басуды ойлап далаға шықса, әлгі су құйылған бөшке арбасымен орнында жоқ болып шығады. Арбаны түн ішінде іздеп, таба алмайды. Сөйтсе, Қосмұрат пен Әбілдабек арбаны қашықтау жерге сүйреп апарып, бетін шомалайдың шөбімен жауып тастапты. Екеуі ғана сумен шөлдерін басқан. Таңдайы кепкен өзгелері таңды азаппен атырыпты. Олар  таңертең арбаның баяғы орнында тұрғанын көреді. Айтбай бұл Қосмұрат пен Әбілдабектің ісі екенін біледі. Ашу үстінде екеуін де жығып алып, тепкінің астына алған. Іші суға қампиған адамда қайбір қауқар бар дейсің. Оның үстіне, Әбілдабек Ұлы Отан соғысына қатысып, бір қолынан айырылып келген. Әбілдабек Айтбайдың тепкісінен домалап аунай берген. Айтбай, оны қуып жетіп, теппек болып енді аяғын көтере бергенде Әбілдабек бұлт етіп, аунап үлгіреді. Айтбай аяғын кері тартып үлгірмей, жерге шалқасынан құлайды. Сөйтіп, сол аяғының шыбығын шығарып алып, біраз күн азапқа түскен екен...

 

 

                                                            *      *      *

 

   Шөп жинау жұмысы аяқталысымен, енді егінді жинау жұмысына көшетінбіз. Біріміз комбайн бункерін дегі астықты машинаға артып, қырманға жеткізсек, енді біріміз қырман басындағы өнімді тазалау, оны қамбаға толтырумен болатынбыз. Ол кездегі комбайндар қазіргі СК-4 комбайнындай емес, ДТ-54 тракторына тіркелген «Сталинец» комбайны еді. Тракторды ауылдағы Пернебай, комбайнды Құдайбақ

ауылындағы Құлман деген кісілердің жүргізгені есте.                               

   Соғыстан кейінгі  жылдары осындай комбайнның бірін Арыстанның әкесі Мырзабек көкем жүргізіпті. Ол кісі үш ағайынды-тын. Ең үлкені-Ордабек, ортаншысы-Сұлтанбек, кенжесі- Мырзабек. Ордабек атаммен құрдас болатын. Ал, Мырзабек көкем ауылдың молдасы, әрі емшісі еді. Оның  дұға оқып салған демінен айықпағаның кемде-кем болатын.

   Мырзабек көкемнің құрдасы Айтбай ауылдың жоғарғы жағында тұратын. Ол кісі кезінде колхоздың белсендісі екен. Колхоз  жиналысының қайбірінде болмасын, басқарма төрағасын сынға алушының бірден-бірі. Заманның ағымына сай сталиндік  үлгідегі ақ  китель-костюмді үстінен, қайыс белбеуін белінен, ақ кепкасын басынан тастамапты. Мен оның кәриеге тәндік киімдегі жүріс-тұрысын ғана көріп өстім.Тоғыс есімді баласымен бірге оқыдым. Ол өмірден ерте кетті. Тракторист еді, иманды болғыр. Әйелі Дүрия  артында қалған ұлын бүгінде ұяға, қызын  қияға қондырып отыр.

   Белсенді Айтбайдың түкірігі жерге түспей тұрған кезі екен. Мырзабек үшін қыз айттыруға барған. Оны қыздың әке-шешелеріне ауыл мұғалімі деп, таныстырған. Ол кезде кім мұғалім- сол елдің құрметті адамы. Сондықтан да болар, қу тілді Айтбайдың өтірігіне сеніп, жеңгеміздің ата- анасы ұсынысына келісе кеткен. Қайтып келісімен, Айтбай Мырзабекке киімдерінің бір-бір данасын уақытша киюге береді. Жеңгеміз ауылға келін болып түсіп, көкемізбен бір жөнге келгенше, қолы үй шаруасына икемденгенше Мырзабек көкем әлгі киімдермен «мектептегі жұмысына» барып келетін болған. Комбайн басына барған соң, оларды жұмыс киімдеріне ауыстырып киеді екен.

  Ол кезде, комбайн жүріп өткен жерден масақ теріп, түскен сабанды тырмамен тырмалап, қанар қаппен тасып алатынбыз. Сол сияқты, сабан жинап, масақ теру үшін егістікке барған Кенже жеңгеміз комбайн айдаған күйеуін көріп, біраз уақытқа дейін қиғылық салса керек. Кейін, қайнағаларының жұбатуымен тағдырдың жазмышына мойын ұсынған.

«Бұл адамдар мәңгі өшпейтін,

 Жүрек пенен көңілден.

 Тірі жүрсе жол сілтер-ед,

 Ай жұлдыз боп көгіңнен»- деп Олжас Сүлейменов айтқандай, Жаныстың  Бесбала  әулетінің осындай

аңғалды- аңқау, болмаса жағымды қулықтарын іске асырған қариялары мен аға буындыларының көркі көздің алдында, дауыстары әлі құлақ ішінде сияқты... 

    

        

                                                                    *       *       * 

 

 

    Қырмандағы астықты тазалап, қоймаға кіргіземіз деп жүргенде тамыз айының үшінші ондығымен бірге мектепке бару уақыты да жақындады. Еңбек ақымызды есептету үшін енді Қолтай көкемді ортаға алдық. Өйткені, ол ауыл бригадирінің есеп жүргізушісі еді. Оның анықтама қағазынсыз колхоз басқармасындағы есепші еңбек ақымызды есептеп, бермейтін. Екі күн ары-бері жүгіріп жүріп еңбек ақы қолға тиді. Содан екі аяқты көлігіммен үйге құстай ұшып келіп, бір уыс ақшаны апамның қолына ұстаттым. Алғашқы табысыма қуанып, мені құшағына алып аймаласын кеп. Атамды шақырып: «Мынау балаңның алғашқы табысы. Қалай жаратуды өзің шеш»-деп, әлгі ақшаны қолына ұстатты. Мені құшақтап өбектеу кезегі енді атама келгендей.

- Аллаһ Тағала  адал еңбегіңді бағалаған екен. Еңбегіңнің алғашқы жемісі бұл, балам.  Кемпір, базардан бір мал сатып әкеп, құдайы тамақ беріп жіберейік. Өлі әруақтар риза болсын»- деп, апама тапсырма бергендей. Апам оған:

-«Оны өзің білесің. Бірақ, балаға оқу құралдары мен киім-кешектерін алып беруді ұмытпа»- деп жауап қатты. Апам қазанға етті молынан салып, алғашқы еңбек ақымның құрметіне Ешет атам мен Сүлеймен көкемді кешкі тамаққа шақырды. Апам оларды әдеттегідей, алдымен қымызбен сусындатты. Атам оларға биылғы тірлігімдегі жаңалықты: қой сою мен шөп оруды үйренгенімді, колхоз жұмысына шығып, алғашқы табысымды түгелімен қолдарына ұстатқанымды айтып, олармен қуаныштарын  бөлісті.

   Айтса айтқандай, атам мал базардан бір қойды сатып әкеп, көрші- қолаңға, інілері мен келіндеріне құдайы тамақ берді. Мектепке киетін киімдер мен оқулықтарды Орынша әпшем сатып әперді. Жетпегенін Шошқабұлақтағы балалар Үйінің іргесіндегі кітап дүкенінен алдық. Ол кезде қашықтығы 10 шақырымдай болатын екі ауылдың арасындағы жол ат пен есек ізінен тұратын. Кейінірек Айтмахан марқұм Сайрамсудың  қайраңындағы шағыл тасты төсетіп, тас жолға айналдырды. Шошқабұлаққа ертерек бару үшін атам мені аттың артына мінгізіп алып, Сайрам суынан өткізіп, Тасарық ауылындағы жол бойына жеткізіп тастайтын.

 Өйткені, Шошқабұлақ пен Қасқасу ауыл арасындағы жолмен автобус қатынаушы еді. Автобусқа мініп,

Шошқабұлаққа барып қайтуға мәз болатынбыз. Қайтар жолда Сайрам суынан өткізіп салардай Тасарық ауылының кез-келген тұрғындарының үйінде жылқы малы бола бермейтін. Ондай кезде аяқ киімді иыққа артып, шалбардың балағын тізеден жоғары етіп қайырып алып, Сайрамсудың арғы бетіне әупіріммен

өтетінбіз.

   Судың ағыны қатты, мұздайлығы шекеңнен өтеді. Су астындағы жалпақ тастарды мүк басқан. Ағыны қатты суды көлденеңінен кешіп, арғы бетіне өтудің өзі мұң. Тіптен, аттының өзі осы су ағынының құрбаны болып жатады. Сондықтан да шығар, оның «қанды су» болып аталуы. Арғы бетіне өтіп біраз жүрген соң дененің қызуы көтеріліп, ауыздан шыққан леп от жалынының ыстығындай боп сезіледі. Содан да болар,

бүгінде сирақ бойының қан тамырлары білеу- білеу. Бұл да болса, аңғалдықтың белгісі.

 

 

                                                                *       *       *

 

 

   Әне-міне дегенше алтыншы сыныптағы оқушылық өмірді де өткердік. Олардың түгелімен дерлігі өткен

5-кластағы өмірдің белгісіндей. Жастық шақтың бір күнінің екіншісінен қызығы мол кезі еді. Ойнасақ

ойынға тоймайтынбыз. Ой өрісіміздің кеңейіп, өмірге деген көз қарасымыздың беки бастаған шағы десем де

болғандай. Мектеп қабырғасында жүріп, көрші ауылдың Орал, Әбдісәмет, Батырхан, Айсұлу, Сағат, Әуес, Айбарша есімді оқушылармен достық сезімде болдым. Бірімізде жоқ болса, екіншіміздегі оқулықты алма кезек пайдаландық. Оқушылық тәртіпті бұзып, мұғалімнің,  сынып жетекшісінің «қаһары» на ұшырап, я болмаса жиналыс талқысына да түспеппіз.

   Қалай айтсақ та, «Түз адамы түбінде тағы болады»- демекші, үйден тысқары жерде өмір сүріп, өз үйіңе өзіңді жат ететін мектеп-интернат екеніне көзіміз жетті. Апта бойында біріміз ата-ананың жылы мейірімін  аңсасақ, енді біріміз жылы төсегімізді сағынатын болдық...                                       

   Жазғы демалыс жылдағы әдеттей, колхоз жұмысының күйбеңімен өтті. Алтыншы класты бітірген жылғы

демалыс кезінде колхоз бригадирі Бәйдібек көкем он бес шақтымызды ертіп, Байғұл бабамның арығының басына алып барды. Қасқасу ауылының басындағы тау шатқалынан басталатын жерін су шайып, арнасын өзгертіп жіберіпті. Сол арада өсіп тұрған ағаш бұтақтарын кесіп алдық. Бірін тігінен жерге қада етіп қағып, екіншісін тас пен топыраққа араластырып, жырындыны бекіттік. Осы амалмен судың жырып кеткен талай жерін бітедік. Арықты бойлап жүріп, ішін қоқыстан тазарттық. Сөйтіп, қаңырап  қалған  арыққа  жан бітірдік.

   Арық ішінде ақ балықтар пайда болды. Бірақ, оларды ұстап, пісіріп жеуге уақыт болмады. Есесіне, қасқасу лықтар бір апта бойына бізді түстендірумен болды. Біздер үшін көше бойын дағы баудың көкмайсаң жеріне текеметтер жайған. Үстінде көрпеше, жастықтар. Ұзын етіп жайылған дастархан түрлі тағамдарға толы.Тамақ даяр болғанша, алдымен бал татитын қымызбен, шәймен шөлімізді қандырды. Сол ауылдың он шақты қариелері бізбен дастархан басында дәмдес болды. Өздерінің бізбен енші алыспаған туыс екенін түрлі әңгіме

леріне арқау етті.

   Байғұл бабаның арығына жан бітіргенімізге ризалықтарын білдірді. Арамыздағы қариелердің алдына қойдың басын қойып, бәрімізге ет жегізді. Байғұл бабаның өткен өмірін еске алып, құран оқысты. Маған ауылдағы бір қарыннан шыққан дардың ынтымағы мен сыйласты ғынан гөрі осы дастархан басындағылардыңтуыстығы артық болып сезілді. Бізді осылай ша құрметтеген жомарттығы, туысқандығы мен қонақ жайлы лығы басым бауырларымыздың жан тебірентердей ыстық ықыласын ұмыту мүмкін емес.

   Расында да, Қасқасу ауылынан Алғабас ауылына дейінгі жерді мекендеген Жаныс әулеті тойы мен жиынын бірі екіншісіз жасамайтын. Өліктің жаназасын шығармайтын. Атам олардың бізбен ағайынды екенін үнемі айтып отыратын. Онысын талай рет қойды атына өңгеріп алып, жиын-той мен өлік шыққан үйлерге барып келгенінен білетінмін. 

 

                                                                  *       *       *

 

   Келесі оқу жылының жазғы демалысында Бәйдібек көкем Сайрамсу бойындағы «Мың шейіт» қорымының үстіндегі жайлауға шөп жинауға апарды. Ауыл мен жайлаудың арасы- жиырма шақы рымдай. Байқауымша, жайлау шөбін жинап, елге тасып алу ісіне ауылдағы барлық техникалар мен адамдар жұмылдырылған. Үш мезгілдегі тамақ сол арада даярланады. Ашық аспан астында, қалың шөптің үстіне төсек салып, Бәйдібек көкемнің талай-талай әсерлі әңгімелерін тыңдап жатып, түнгі ұйқының рахатына батасың. Сондағы:

    -«Сендер қазір лапылдаған жассыңдар. Айтылған сөзге мән беретін кез емес. Бірақ, менің айтқан сөздерім кейінірек ақылдарыңа азық болады. Болашақтағы өсіп- өнулеріңе септігін тигізеді. Тыңдасаңдар, адамды аздыратын екі нәрседен ерекше сақ болыңдар. Біріншісі, ауыздарыңа арақ-шарап алмау. Өйткені, ол барыңды жұрдай қылады. Екіншісі, кез-келген қыз-қырқыннан абай болу. Жастықтың лапылымен қатынның жанып тұрған отына өртеніп кетуден сақ болыңдар. Көрінгенге көздеріңді  сатып, көңіліңді беруден аулақ болыңдар.

     Несін жасырайық, бәріміздің бөрік киген атымыз бар. Атам заманнан бері еркек атты ұрғашыға көз

тігумен келеді. Әдемі қыз-келіншек көрсек көкке тойған текедей қызыл көзденіп шыға келеміз. Қатындар

қылымси жымиса, дүние төңкеріліп кетсе де бәрі бір. Күйлеген құнажынды көріп, жынын шашқан бұқадай

боламыз. Бірақ, қатынның бәрі бірдей емес. Май тақымды, жын тақымды, сұм тақымды деп бөлсек те

болады. Май тақымды қатыннан жолың ашылып, қырсығың кесіліп, мол дәу летке жолығып, берекелі, мерекелі боласың. Жын тақымдыға кезіксең қырсық шалып, абыройдан айырылып, берекең кетіп, өміріңнің тас-талқаны шығады. Құдай сендерді сұм тақымды қатынға кездестірмей-ақ қойсын. Ондай қатындар сатқын, салдақы болып келеді. Беті жылтыраған ондай лардың  кесірінен небір арыстандай алып жігіттер арақ ішіп, қызметтерінен айрылып, құрдымға кетіп жатыр. Олардың мекірлі де кесірлі құшағынан еркек біткен ажал құшып, өмірі ерте үзіледі»-дегені есте.

    Енді бірде, өз басынан өткізген бе, әлде ойдан шығарғаны ма, кім білсін, әйтеуір ертегі секілді, әрі күлкілі әңгімесі күні бүгінге дейін есімде...   

  О кісі содан бірер жыл бұрын колхоздың  Қарақия жерінен шөп орушылар арасында бригадирлік жұмысты атқарыпты.Айдан астам уақытта үй-ішінің хабарын білмек болып күндізгі кезде үйіне келеді. Ұл-қыздарының жас кезі. Шолпан жеңгеммен кәйтіп «көрісудің» амалын таппай,  сарай ішіндегі малға шөп салатын ақыр есіне түседі. Бір құшақ жас шөпті ақырға салып, жеңгем мен «көрісудің» рахатына кіріссе керек. Қан қызуының кезінде ақырдың іргесінен көрші үйдегі Ешет атамның:

-«Бәйдібек-ау, Бәйдібек! Менің бұзауымды көрдің бе?»-деген дауысын естиді. «Кездесудің» қызығын қимай, оның үстіне өзінің жартылай жалаңаш денесін шалдың көргенінен ұялып, қолын артына қарай сермеп:

-«Бұзауың  Жақсылықтың  үйінде»-деп, көршісінің атын атайды. Атам оның сөзін  естімеген сыңайланып:

- «Бәйдібек-ау, Бәйдібек, естімей жатырсың ба? Бұзауды көрдің бе деймін»- деп тепсінсе керек. Енді ләждің жоғынан Бәйдібек ақырдан басын көтеріп, басына төніп тұрған  Ешет атама:

- «Онда, Бекзададан сұра»-деп, кемпірінің атын атайды. Осы сөзін естіген атам:

-  Көріп- білгенің ақырдағың болса, бұзаудың қайда екенін қалай білесің»- деп, қорадан  шығып кетіпті.

Ал, енді күлмей көр!  Оның  үстіне, Бәйдібек Темірәлі секілді уыты мол, мысқылды сөздің шебері-тін. Әңгіме айтушыға қосылып, көпке дейін күлкімізді тыя алмай жататынымыз есте...

  Осындай әңгімелерінің әсерімен ұйқы құшағына енетінбіз. Таңның ертеңіне сағат қоңырауының қажеті жоқ. Бәйдібек көкемнің айқайы-ақ орныңнан еріксіз тұрғызады. Мажар машиналарға шөпті артып береміз. Олар ауылдан қайтып келгенше таңғы шәйға қанып, шомалай салумен боламыз. Ол кісі әңгіме айтудан жалықпайтын. Мақамды сөздің ұстасы еді. Үйінде неше түрлі әңгімелер мен қиссалар жазылған қалың -қалың дәптерлері болатын. Тарихи шежірелер де дәптер бетінен табылатын. Кейінірек, ауыл молдасы болды. Онда да соларынан ажырамады.

    «Мың шейіт»тің тағдырын, қазақ-қалмақ соғысы туралы әңгімені, тау шатқалындағы «Сұлу үңгір» мен

қытайлықтардың қорғасын өндіріс орнының тарихын ең алғаш сол кісінің аузынан естігенмін. Бірақ, ол

араларға апарып көрсетпепті. Тек, 1997-жылдары ғана ол араларға өз аяғыммен барып, аралап көрдім.    

    Өзі айтқанындай, май тақымды екенін қайдам, бірақ бөкселі Шолпан жеңгем оған құт болып кездескен. Оның дауыс көтеріп, біреумен ұрысқанын, өсек айтып ел ішін дүрліктіргенін естімеппін. Марқұмның мінезі сабырлы, өзге түгілі өзін сыйлата білетін жанның бірі еді. Көкеме үш ұл екі қыз туып берді. Ендігі ретте, олар үшін Аллаһымнан иман тілеуден басқа шара жоқ.

 

 

                                                                             *      *      *

 

  «Елдің намысы-ердің намысы»-дейтіндей, біздің оқу жолындағы халіміз ауыл адамдарының намысына тисе керек, аудан басшыларының рұқсатымен бастауыш мектептің іргесіне және сондай көлемдегі ғимаратты тұрғызды. Бастауыш мектеп енді сегіз жылдық мектепке айналды. Ал, бүгінде олардың орнына соңғы үлгідегі орта мектеп тұрғызылған. Ол Қазанғап ақынның есімімен аталады.

    Сөйтіп, 1965-жылы ауыл мектебіне қайта оралдық. «Өз үйімнің өлең төсегінен» тұрып,  мектепке бару мүмкіндігі туды. Мектепте біз сияқты елден жырақтанғандардың саны  жетерлік екен. Қаншама жыл елден тыс жерде жүрген Мүсәлі көкем мектептің директоры болыпты. Сұлтанқұл ағамыз мектеп директорының орынбасары, ал Нұржамал, Мұхит, класта сым Айсұлудың жеңгесі Дүйсенкүл Сейітқұлдың ағасы Сейітхан,

Сұлтанқұлдың  жұбайы  Қалдыкүл пән мұғалімі болған.

   Сұлтанқұл Ұзынарықтың 1936-жылғы тумасы. Мектепті бітірген соң, екі жыл бойында колхоз жұмысын істеп, Шымкент тегі педагогикалық институтқа оқуға түскен. 1962-жылы филолог мамандығын алып, 1997-жылға дейінгі уақыт ішінде мұғалім, мектеп директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Содан,

өмірінің соңғы жылына дейін ауылдың Ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып, 70 жасқа шыққан кезінде, 2005-жылы дүниеден озды.

    Ол түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген әдістеме лік, тәлім-тәрбиелік еңбектерін жариялады. Ақындық талантымен бірнеше өлең кітаптары жарыққа шықты. Мектепке халық ақыны болып саналатын Қазанғап Байбол ұлының есімін беруге, оның мұражайын ұйымдастыруға қажырлы еңбегін сіңірді.Сондықтан да болар, республикалық Журналис тер Одағының мүшелікке қабылдағаны. Кемелді шағында оқырманның назарында болудың орнына, тағдырдың жазуымен бұл дүниені тәрк еткені кімге болса да өкінішті. Ендігі жерде қаламгердің артында қалған еңбектері ұстамды жеткіншектер үшін тағлымды мұра. Кез-келген оқушыға ой жүйесінің мәнімен рухани ләззат сыйлары хақ. Артында қалған әдеби еңбектері жөніндегі ұғым ой толғамын осыған әкеп тірейді.

    Қайран өмір десейші!.. Өмір деген  тұрағы жоқ сусыған бір ғаламат. Көшкен бұлттың көлеңкесіндей, көшкен жұрттың орнында қалған оттың қоламтасындай бықсып өте шығады. Аузымыздан алқызыл гүл төгілген, құмай көзден құмалақтай жас аққан кездер де болды. Соның бәрі көкіректе түйіліп, көңілде көмкеріліп жүргенін мойындасақ екен, сірә!.. 

 

                                                        

                                                                  *       *       *

  

   Нұржамал мен Сейітхан сабақтан тыс уақыттарда бізді өлең айтып, музыка аспаптарында  ойнауға баулыды. Сейітхан кезінде «Айттым сәлем қаламқас» атты өлеңді айтудан лауреат атанған. Мен, оқушылардың салған әндеріне «Казань» гармонымен қосылуды біршама үйрендім. Көктемгі кезде аудандық олимпиада жарысына дайындалдық. Оқушылардың ішінен ән салушылар іріктеліп алынды. Маған гармоньмен сүйемелдеуді жүктеді.Тап бүгін аудан орталығына жүреміз деп тұрғанда Нұржамал неге екені белгісіз, мені сүйемелдеушіліктен шеттетті. Сөйтіп, оған өкпем қара қазандай болып, мектепте қала бердім..

   Одан оралысымен, тағы да мәдениеттік іс-шараның біріне дайындық басталды. Нұржамал мені сүйемел деушілікке қайта шақырды. Өткендегісінің ызасы дайындыққа қатысуға ырық бермеді. Ертеңіне мені мектеп директоры шақырып алып, ай-шайсыз: «Атаңа нәлет, дайындыққа қатыспасаң  мектептен кет, құры»-деп, жекісе бола ма?! Сөмкемді алып, үйге қайтып келдім. Кеудемді кернеген ашудан көзім жасқа толы. Өксігімді баса алмай, үйге әрең жеттім. Келе, атам мен апама болған оқиғаны айтып бердім. Апам құшағына алып жұбатумен әлек, жұбана алмай, көзімнің жасын ағызумен мен әлекпін. Атам ашуланып, Ешет інісіне кетті. Бұл әңгіме кешкі астың үстінде қайта өрбіді. Апам болған оқиғаны енді көкеме айтып берді.   Атам Ешет інісіне барып өкпесін айта бергенде, үйге Мүсәлі көкем кіріп келген. «Атаңа нәлетті кімге айттың?»-

деп, Ешет атам ілулі тұрған қамшымен Мүсәліні сабасын кеп... Ашуға булыққан менің атам ажыратпақ

түгілі, қосыла сабамақ болған. Мүсәлі көкем амалын тауып, үйден қашып шығыпты. Мұны естіген көкем де өзінше долдансын кеп. Маған ертең мектепке бармай, үйде болуды тапсырды. Мүсәлімен жеке сөйлесетінін айтты. Көкем ертеңіне мектепке барса, Мүсәлі жұмысқа келмепті. Одан үйіне барған. Сөйтсе, жон арқасына тиген қамшының орындары білем-білем болып ісініп кеткен. Мойнына тиген жерлері көгерген. Ешет атамнан алған сыбағасы көкемді сабасына түсірсе керек. Жекіп ұрсудан әрменге бармағанын үйге келгесін айтып берді. Мен сабаққа оның ертеңіне де бармадым. Түс қайта үйге Мүсәлі көкемнің өзі келді. Маған жекіріп ұрысқан баяғы түрі жоқ, жүзі жайдарлы. Атам мен апам, оның берген сәлемін алмай қойды. Мүсәлі көкем олардан кешірім сұраудың орнына, әңгімені дау соғудан бастады. Сөйтсем, менің 3-4 жасар кезімде осы құсап, үйге келіпті. Қолымды беріп сәлемдесу үстінде ол маған:

 - «Ей қара борбай, қалай жағдайың»- деген. Сонда мен ашуға булыққан күйде:

- «Өзің қара борбай, шешеңді ... кет үйден»- деп, айбат көрсетсем керек. Шешесін боқтағаныма күйінген Мүсәлі, мені ұрмақ болып тұра ұмтылған. Есік алдында тұрсам керек, далаға атып шығып, Қоғалының сайына қарай қашып кетіппін. Ол үйден кеткен соң, апам мені көрші Ысмайыл шалдың  жар қабағындағы ұйықтайтын жерінен тауып алыпты. Осы оқиғаны еске түсіріп, Мүсәлі көкем маған:

-Зұлбұқар, сен мені шешемнен боқтағаныңда да үндемеп едім. Менің «атаңа нәлет»-деген сөзім өтіп кетсе, кешір»- деп мені құшағына алып, жұбандыра бастады. Апам екеуімізге қарап:

-«Екі тентек, татулассаңдар, дастарханға жақындаңдар»- деді, жарастыр ғандай боп. Алдымен қымыз ішілді,

соңынан далада қайнаған самауырды әкеп, күндегі орнына қойдым. Ол кезде апам ошақтағы қазан толы еттің бетіндегі көбігін алып жатқан-ды. Сабасына түскен үшеуі енді түк болмағандай, ұзын сонарлы әңгімеге кірісті. Мен, Керімбаймен асық ойнауға кеттім. Шам намазының кезінде апам мені үйге шақырды. Жылы лебізден көңілі, еттен қарыны тояттанған Мүсәлі көкем үйіне қайтып  кетті.

   «Бір түйі құмалақ бір қарын майды шірітеді»- дегендей, Нұржамал бір түйір  құмалақ  сияқтанып, екі үйдің бір қарын майын шіріте жаздаған-ды. Сірә, кекшіл адамның іші кіжілге толы бола ма, онысын кекірік атқандай қылығын танытумен келеді. Қандай да бір жерде кездеспейік, Темірәлі секілді, қышырлы тісінің арасынан қыршаңқы сөздің шықпаған кезі жоқ. Әттеген-ай, ажарлының жан дүниесі неге мұндай ажарсыз болды екен? Пайғамбар жасынан әлде қашан асқан жасы бар. Ендігі жерде Аллаһ Тағаладан иман сұраудың орнына, ортамызда ибасыздық көрсетуі тіптен ұяттау, енді. 

   Ұстазға шәкіртінің бәрі бірдей. Оның тек мінез- құлқына қарап емес, оқу үлгірімі мен тоқығанына қарап баға беруі оңды. Құс қанатымен қалық таса, Адам Заты ой толғамымен шарықтаса керек. Қанатын кеңінен жаюы- түйсігінің ауқымына байланысты. Сондықтан да, жазықсызды жамандап, жөнсіз қаралау әсте, саналының ісі емес. Ол түйсіздіктің, тексіздіктің белгісі.Түйсігімнің көлеңкелі жерлері, осылар ғана.

 

                                                                       *      *      * 

 

 

  Жарты әлемді алып жатқан Түркілер қауымы кезінде Құдайды Көк Тәңірі деп, соған табынып келгенімен танымды. Байқап қарасаңыз, Аллаһ Тағала бізден басқа жұрттың бәріне пайғамбарларды жаратып, жолға Жарты әлемді алып жатқан Түркілер қауымы кезінде Құдайды Көк Тәңірі деп, соған табынып келгенімен танымды. Кейіннен Аллаһ Тағаланың ақ жолынан таймас үшін Мұхаммед(с.ғ.с.)Пайғамбардың шариғат шарттары мен Оның ақиқи жолына түскенімізді мойындайық. Кезінде олардың қайбірі Аллаһ Тағаланың елшілерін мойындамағаны былай тұрсын, қинап өлтіріп, қарғысқа ұшыраған.

   Ал, олардың санатына біздің елдің жатпайтыны тарихтан белгілі. Өйткені, Аллаһ Тағала біздің ортамызға әуел баста-ақ білімдіге бергісіз әулие, әулиеге бергісіз дарындыларды жаратқан. Аллаһ Тағаланың Адамзатқа оларды Пайғамбарларға дейін де, кейін де жібергендері деп есептеймін. Өйткені, олар дың жаратылысы, қабілеттері мен қасиеттері өзгелердікінен ерекше. Сондықтан да болар, біздің ел оларды елден-ерекше қастерлейтінімен қадырлы. Бүгіндегі өмірімізде де сондай қасиеттілер жалғасын тауып келеді.

    Әсет Кембаевтың жазғанындай, Бесбала Жаныстың ішінде ауызы дуалы, сөзі дұғалы Қазанғап Байбол ұлы(1886-1946-ж.ж.)16 жасында өлең шығарып, елге танымал болған адам. Ақынды дарындылығымен ХV11- ХV111-ғасырдағы қазақ халқының тарихи өмірін бейнелейтін «Еңсегей бойлы ер Есім», «Төле бидің тарихы» атты тарихи шығармаларын жырлап, ғұмыр кешке. Ол өле өлгенше елі мен жерінің азаттығын, Адам Заттының теңдігін жырлаған. Ел ішінің қал-ахуалы өлеңіне арқау болған. Неше бір жиылыста  ұйқасы шымыр өлеңдерімен саясатты  сапырғанына, сөз ұйқасымен қамшы өргеніне ел куә.Оның өлеңдерінде көненің көзіндей құйылып тұрған астарлы сөздер, әсем теңеулер тізбегі жаныңды жадыратып, сезіміңе сәуле құятындай қасиеті бар. Қоғалының төрінде, Ұзынарық бойын жайлаған Бесбала ның елінде дүниеге келіп- қайтқан Байболұлы Қазанғаптың есімі ел аузынан түскен емес. Құдыретті Құдайдың құлақкесті құлын құрметтемейтін бұл өмірдің жаны жоқ. Ақындығы өз алдына, әдебиетіміздің тарихи бөліміне сіңірген еңбегі де сүбелі. Онысын назарынан тыс қалдырмай, насихаттап жатады туған елі. Еңбектерін жинақтап, кітап етіп шығарып,мақала түрінде жариялағаннан бөлек, Ұзынарық елді-мекендегі Байболұлы Қазанғаптың атындағы орта мектепте «Көне ғасыр күмбірі» деген атаумен жыршы, жырау, термешілердің байқауы өтіп жатады. Мәшһүр Жүсіптің:

Домбырамен айтқанда, қосылса әні,

Сөздеріне өлеңнің кіреді сонда сәні.

Өлген сөзді тірілтіп, сөйлегенде,

Құлақ салған сүйсініп дейді:«Пәлі»,-дегеніндей,Қазанғап ақынды жоқтаушы ақын-жыршылардың қарқындары қарымды, өзекті ойды дөп басып, бүгінгі тіршіліктің тынысын  кеңейтуде. Сөз дарынын домбыраның үнімен асқақтатумен келеді.

    Қалай дегенмен де, күлкі де күйліге жарасымды. Өзге ақын дарға сияқты, Үкімет тарапынан, я жергілікті билік басындағы лардан қолдау көрсетілгенде, ақындық еңбегі күллі түркі қауы мына әйгіленген болар еді. Артында қалған еңбектері қысқа жіп тің күрмеуге келмейтін дәлелдігіне ғана татымды. Зерттеуден де зерделенуден де тыс қалған сыңайлы. Бірлі-жарымды еңбегін қайбір жерлесіміз кітапша етіп шығарғаны ғана көңілге медет. Онымыздың да ақынымыз ды  «Бесбала Жаныс» емес, «Тоқпан Жаныс» деп танығанына қарнымыз ашиды. Ел ішіндегі «атқа мінерлер» ат сабылтып жүріп, ауыл мектебіне Қазанғаптың есімін бергізуге, басына ескерткіш қоюға ғана қолдары жетті. Егер де: «Шыққан тегі күйлі болған күнде, әсте өзгелермен теңдес, мерейі үстем болар еді»- деген ойға шомасың. «Күлкінің де күйге келеді» деуім де сондықтан. Шерхан ағам айтпақшы, бұл жағы енді «Бір кем дүние».

   Сонда да болса, Қазанғаптың есіл еңбектерін елеп, асыл қасиеттерін  ұрпағымызға үлгі етуге ат салысуы мыз қажетті. Бұл жас ұрпақты шынайылыққа, адамгершілік пен адалдық қа үйретудің қандай да бір үлгісі болуға жарамды. Тіліміз бен діліміздің бекуіне қажетті дүние. Амалын тауып, абыройымызды асырғанға не жетсін. Бұл жөнінде ағайынның намысын қамшылаудың жөні осы болар деймін, оқушым!

    Ел ішінде Қазанғаптың ізбасары болып саналатын жеткіншектер баршылық. Соның  ішіндегі «Бесбала Жаныс» Тағайдың Намазынан туылған, Жетібайдың Сұлтанбегінен өрбіген Пазылдың ұлы Омарханды айтсам да болады. Ол аудандық ақындар айтысының басты және облыстық ақындар айтысының белді жүлдегері. Жақында оның баспаға берілмеген өлеңдер жинағын оқып шықтым. Ақынның жүрегінен туындаған жауһар жырлар кез-келген оқырманның жүрегіне жайлы әсері мен өзіне тартып, бірден баурап алатындай қасиетімен танымды екен. Ақындықтың қадырын шын айы жүрегімен сезінетін жан екеніне көз жеткізіп, өзімнің мына бір пікірімді:

- «Омархан інім! Тау да шөгеді, өзендер де суалады. Әрбір жаратылғанның өмір тынысы шектеулі болғанмен де, таланттан туған дүниенің ғана мәңгілік құдіреттілігі бар. Солай дегенмен де, өнердің ішінде де кем талант, кетік талант, жетік таланттар болады. Сенің сол кетік таланттан аулақ, жетік талант иесі болғаныңды қалаймын.

   Қазекең әрдайым «үмітсіз шайтан» болғысы келмей, біреуі батыры мен бағланын іздейді. Мұнысы енді, иісі сасық шалшық судың тыныштығы тудырған сүреңсіз сүрепетпен ұшырасар құбылыстан іргесінің алшақтығын білдіріп уантады. Ал, көзі ашық, көңілі ояулысының ой жүйесі шарықтап, жазарман мен ақын-айтарманның «көңілі қалмас, көйлегі жыртылмасынан» гөрі, басындағы емес, жүрегінің көзі ашық ақыны мен жазушысын іздейтіні тағы да бар.

  Айтса айтқандай, қандай да бір шығармашылық туындыларыма болмасын, болмысына соңғылары ның жүрек жарды шығармаларының үзінділерімен ажар беру әдетімде. Сондықтан да болар, шығар машылық туындыларыңның иесін көкірегі гүмбірлі, жүрек көзі ашық  жандыға балауым.

  Омархан інім, қара судан қаймақ алып, қарынның түгін ойлап, күннен күнге бір сатқыннан бір сатқынның асып түскен шағында ақындар қауымының сапында бой түзеген болмысыңнан ақындық дарынмен туындаған шығармаларыңа тіктей отыра, мына бір:

Құлазытпа  көңілді әр кез жабырқатпа,

Тауқыметі бұл өмірдің таусылған ба?      

Мұңнан серпіл, өлеңменен будақтатып

Құсалықтан бұл жалғаның оңалған ба?                                    

 

Аллаһтан  әр кез қажымас қайрат тіле,

Босатпағын жүйкеңді болмашы, әрдеңеге.

Бұл кезің тау қопарар қайратты кезі емес пе,

Санаңның қайратымен, қуатымен білектің де!

 

Ей-ей, Омарханым, ізбасарым, інім менің,

Топырағын кім баспаған Бесбаладай елден едің.

Киелі әр адамға кіндік қанның тамған жері,

Шалықтап ақындықпен шарлайтын кезің сенің!

 

Ғұмырдың қысқалығын ұзартуға шара бар ма?

Шабытыңды желдіргін ұзағынан қуат барда.

Өн бойдағы, санадағы өлеңді талантпенен,

Қысқа жіпті ұзартардай өзіңде амал барда!

 

Шабыттыны көрер болсам көңілім жайланады,

Жер Анадан қайраттың  әрдайым нәр алады.

 Асу болмас бұл өмірде інім-ау, аса алмайтын,

Несібеден Аллаһтың , талапсызың құр қалады.

                                                                                              

Өлеңнің шумақ-шумақ әр кезде құшағына ен,

Пазылдың елге сыйлы,  мен білетін перзенті ең.

Артыңда перзентіңдей, еккен талдай ізің қалсын,

Нәрлі сумен бұлақтағы, шөл басардай  жырыңменен.  

 

Толғақпен, Анамыздан бұл өмірге перзент келер,

Жүректен өлең туар шабыттың құдыретімен.

Қабыл алғын, ағаңның туындысын жүрегінің

Өлеңіңнің әр шумағы жан дүниені тебіренткен»- деген  мағынадағы жүрек жарды сөзімді «қабыл ал»- деуге мұршаның келгенін ескергейсің. Десем дағы, сартап тартқан сананың сусынын сөз маржаны ғана қандыратынын естен шығармағын. Талантты ақын екенсің, ақын болғанда да арқалысы екенсің. Қаламың әрдайым қарымды, ойың шалымды болсын»- деген сөз тізілімін қағаз бетіне түсіріп, қолына ұстаттым.

     Бір өкініштісі сол, оның да «қысқа жібі күрмеуге келмейтін»-нің санатынан болып шықты. Елуді еңсеріп, есін жиған жанның мұнысы кімді болса да ойландырарлық. Дегенмен де, «Талаптыға нұр жауар»- демекші, оған бүгінгі таңдағы ағамыз Бекет Тұрғараев секілді мейірімді де қолы созымды  жанның бірі мұны ескеретініне бек сенімдімін. 

   Айтсақ айтуға тұрарлықтай  атағы жер-жерге жайылған біздің өңірдің  дарындылары аз емес. Әйтсе де, Адам заттының қадыр-қасиетін өмірден озғаннан соң дәріптеуге дағдыланғанбыз. Мүмкін, ол да дұрыс шығар. Олай десек, олардың өмір деректері тірісінде ел-жұртымызға беймәлім, ел арасында елеусіз қалатыны тағы да бар.

    Қалай десек те, әр азаматтың еселі еңбегін көзі барда елеуді белгілі мақсатта ғана тілге тиек етуіміз, дәріптеуіміз жөнсіз деп білемін. Бүгінде жақсының жақсылығын айтып, нұрының тасуына ниеттестің саны санаулы. Көбісіне билік  басындағылар мен  қалталыларға деген жағымпаздың туын дылары. Онымыз енді, қазекеңнің туа біттісіндегі кесепатты қасиетінің бірі.

   Аллаһ Тағаланың қандай да бір жаратқан пендесінің таланты мен тағдырына қарсы келуге болмайды.

Өйткені, оларымыз өмірге болмы сымен бірге келген. Аллаһ Тағаланың шапағаты мен бойымызға сіңген дарынды ақтау керек. Бұдан шығатын қорытынды, дарыннан ешкім кенде емес. Бірақ имансыздық дарын ның көзін көлегелейді. Адам бой ындағы тума дарынның көзін ашатын бірден- бір күш оның иманы. Егер иман адам бойына қонса, дарын көзін ешкім көлегейлей алмайды. Сондықтан, біздер ішіп-жеуді ғана емес,

рухани деңгейіміздің «темпе ратурасын» да әрдайым өлшеп отыруды ұмытпасақ екен.

   Ал, Академик Тынысбек Калменов ағамыздың  өмір жолын осы жөнінде тілге тиек етудің ешбір әбестігі жоқ. Қайта, өмірдің әрі тар, әрі тайғақты жолынан таймай, ғылым әлемінің  биік деңгейіне көтерілгенін қалай дәріптесек те болады. Өйткені, ол ғұмырының түгелімен дерлігін  ғылым  жолына сарп етумен келеді. 1969 жылы  Жаңа сібір қаласындағы  универси тетті бітірсе, 1972- жылы КСРО ғылым Академиясының Сібір бөлімшесін дегі математика институтының аспирантурасын бітірген. 1973-жылы Мәскеудегі Ломоносов атындағы университетте кандидаттық, 1983-жылы докторлық диссертациясын қорғады.1989-жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясына  корреспендент- мүшелігіне қабылданса, көп ұзамай Академик атанды.

   Жаңа Сібір университетін бітіргеннен бергі кезде Қазақтың Ұлттық Академиясында, Қазақтың мемлекеттік университетінде, Қазақтың химия-технология институттарында белді  қызмет тізгіндерін ұстап, бүгінде  еліміздің математика саласындағы ғылыми- зерттеу институтының Бас директоры қызметін де  екендігін мақтанышпен айта аламын. Ғылым жолындағы еңбегінің нәти желерін 9 доктор мен 50 ден астам ғылым  кандидатын  қорғаушыларымен бөліскені  өзгені  өзінің  бауырына  тартқаны емес пе?! 

    Сайрамсу жағалауындағы ауыл перзентінің отан үшін еткен еңбегі, ұстаздық еңбек жолы Лениндік комсомол және мемлекеттік сыйлықтары мен бағаланып, ендігісінде еліміздің ғылымына еңбегі сіңген қайраткері атағымен, «Астананың 10-жылдығы» медалымен, «Құрмет» орденімен марапатталысы біз үшін мақтаныш емес пе?!

    Ал, Оңтүстік Қазақстан Техникалық университетінде 1923-жылы Франческо Трикомоның шешусіз қалдырған күрделі есептің шешімін тапқан Академиктің ғылыми еңбектерінен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде дәріс берілетінін біріміз білсек, біріміз білмейміз.

 

 

                                                                    *      *       *

 

    Тап сол жылдың тамыз айында, атам бұрынғы қоржын там мен мал қоралардың боғатын алып тастап, төбесін қайта жабуға кірісті. Өйткені, тамның төбесіне ағаш бөренелері, оның үстіне ағаш шыбықтары тасталып, үсті күрек бойындай лаймен сыланған екен. Оны жылда лаймен жұқа етіп сылайтын едік.  Күз басталып, жер қарайғанға дейінгі жауын-шашын мен қар сулары бәрібір саңлау тауып, төбеден тамшы ағатын. Содан ығыры шыққан атам, енді оның бәрін алып тастап, қайтадан істеуді қолға алды. Бөрене үстіндегі шыбықтарды жаңалап, оның үстіне қайтадан жаңа иленген лайды құйдық. Тамның төбесін Әмірбек деген кісі шифермен жауып берді. Көкем 4-5 адамды әкеп, соларға үй мен қора-қопсының қабырғасын қайта сылатты. Кезінде үйдің болсын, сарайдың болсын іргесіне Сайрам судың тасы қаланған екен. Енді ірге тастың үстіндегі дуал қалыңдығының 10-15 сантиметрдейін 40-50 сантиметр биіктікке дейінгісін қырып алдым. Сөйтіп, оның барлық жеріне бетон құйылды. Мектептен тыс  уақыттың бәрі осы жұмысқа  жұмсалды. 

 

                                                                   *       *       *

 

 

   Жыл мезгілімен аңғарымды уақыттың ешбір тоқтауы жоқ. Күздің соңынан қылышын сүйретіп қыс та келді. Адам Затының балтаның сабындай қысқа өміріне ұқсаған күннің кешігіп шығып, ерте бататын кезі. Қазекеңнің «Ерте тұрғанның бір ісі артық»- дейтіні тап осы кезге арналғандай. Мектеп ке бару үшін таңғы 6:30 да тұру қажет. Оның үстіне,  Бекмұратты үйінен алып шығамын. Екеулеп Керімбайдың үйіне келеміз. Оны тұрғызып алып, мектепке жол тартамыз.

     Бір жолы Керімбайдың үйіне тып-тыныш кіріп-шығу әдетімнен жаңылдым. Бекмұраттың әке- шешесі «Шана жардың» бас жағындағы сиыр фермасында малшы, сауыншы болып істеп, сондағы сауыншылар үйінде тұратын. Бекмұрат кеше соларға кетіп, үйіне қайта оралмапты. Енді Керімбай дың үйіне бір өзім бет алдым. Керімбайдың иті ерекше төбет иттің тұқымынан еді. Ауызы кере қарыс, денесі мен көздері қызыл реңді болатын. Өте қабаған еді. Күнде байлаулы тұратын ит, бұл жолы байлауынан босанып кетіпті. Оның үйдің сыртқы есігінің алдында жатқанын таң қараңғысын да байқамаппын. Үйінің кірер есігіне жақындай бергенімде орнынан атып тұрып, маған ұмтылсын кеп! Қорғанатындай қолымда ештеңе жоқ. Сасқанымнан жерге жалп етіп отыра кеттім. Ол кейін қарай 5-6 метрдей жерге атылып барып, қайта ұмтылды. Мен қайтадан жерге отыра кеттім. Ол кейін қарай бұрылып қаша бергенде, жол бойына дейін қашып үлгірдім. Жерге тізерлеп отыруды қайталап жүріп, көшенің арғы бетіндегі Аманта шалдың шарбағына жеттім. Ол кісі жерін ағаш бұтақтарымен қоршаған-ды. Иттің кезекті бір шегінісінде, шарбақтан ұзындығы бір метрдей ағаштың жуан бұтағын алып үлгердім. Иттің ендігі атылысында, таяқпен соққы бердім. Басына қатты тиген болу керек, қыңсылап үйіне қарай қаша жөнелді. Артынан қуып мен келемін. Есік алдына жақындай бергенімде қаппақ болып тағы да ұмтылды. Иттің басын көздеп, бұл жолы таяқты барынша сілтедім. Ол қыңсылаған күйі үйдің сыртына қарай қашты. Басынан аққан қан қар бетіне ізін салғандай. Сол таяқ көпке дейін иттен қорғанатын құралым болды. Керімбайдың үйінен шыққан соң, таяқты Аманта көкемнің шарбағындағы орнына қойып жүрдім. «Қорқақты қуа берсең, батыр болады»- дегендей, иттің үруі түгілі, осыдан соң  шабуылынан да қорықпайтын болдым. Оның сыңарын Аманта асырап алған екен. Біздер 9-класта оқып жүрген кезде екі иттің екеуі де байлауынан шешіліп кетіп, қамысты тоғайдың төбесінде жортып жүрген бір топ қасқырмен айқасқан. Қаншасы ның қашып құтылғаны белгісіз, іздеушілер екі қасқыр мен екі иттің өлігінің үстінен шыққан. Керімбайдың айтысына қарағанда, екі иттің екеуі де қансырап өлген. Ал, қасқырлар иттермен шайқасу үстінде өлсе керек. Қансырап өлсе, өліктері майдан алаңынан тыс жерде жатар еді. Екі иттің бұл ерліктері көпке дейін ел аузында жүрді...

     Керімбайдың итін неге әңгіменің арқауына алған дер болсаңыз, бұл енді өзінше естелік ретінде, екінші жағынан, иттің осындай қасиеттерін біле тұра, өз қорамызды күзеткен иттен гөрі қасқырды  жоғары бағалайтынымызға көңілім көншімейді. Бірақ, еркіндіктің мағынасын дала серісінің бостандықта жүргені мен ұғынып, қастерлесек керек. Ал, құлдыққа деген көзқарасымыздың иттің иесіне қызмет көрсетуінен алшақ еместігін  несіне  жасырамыз?!

    Білуімше, төбет иттің тұқымы  біздің елде 1970 жылдан бастап жоғала бастады. Өйткені, ұлттық жан-жануарларды қорғайтын, оларды этно мәдениеттің нысандары деп қарастыратын  ұйым болған жоқ. Ал, Қытайдың ауылшаруашылық Академиясының ғалымдары қазақы төбет иттің тұқымын зерттеуге алып, нәтижесінде дүние жүзіндегі 400 ит тұқымының ішіндегі он алып иттің  құрамына енгізіп, патент алған көрінеді. Өз дүниемізге өзіміз иелік ете алмай жүрген кезімізде, өзгелердің сырттан итіміздің даңқын өз елінің абыройына телитіні әттең-ай, өрелігімізден  басым. Өстіп, намыссыздықпен, мәңгүрттікпен жүрге німізде ұлттық тағамдарымыздың атауынан да, иелігінен де айрылуымыз да әбден мүмкін ғой...

...Керімбай «маубасым» бүгінде Айткүлге ғана білдірген «ризалығымен» он баланың әкесі болып алды. Жақында ғана кезекті ұлының үйлену тойын жасады. Онысын естіген сәтте «арқам» ұстап, мына бір өлең жолдарын «мәрепеттеп», той үстінде  қолына  ұстаттым:

Ей, Керімбайым, жан досым менің!

Арпалысып  қатар өстік қабағанмен,

Тістесіп, тарпа бас сап талағанмен.

Жазылмай жара құрғыр былай шығып,

Қыңсылап қызыл тілмен жалағанмен.

 

Қартайдық-ау жегізіп тотқа асылды,

Қонағыңыз билейтіндей от басыңды.

 Қырғи тілді қамадық қыл өңешке,

Айта алмастай , ендігі  топқа сынды.

 

Арпалысып  қатар өстік қабағанмен,

Тістесіп, тарпа бас сап талағанмен.

Жазылмай жара құрғыр былай шығып,

Қыңсылап қызыл тілмен жалағанмен.

 

Қартайдық-ау жегізіп тотқа асылды,

Қонағыңыз билейтіндей от басыңды.                           

 Қырғи тілді қамадық қыл өңешке,

Айта алмастай , ендігі  топқа сынды.

 

Құрбым-ау, біз жүреміз енді қанша?

Сұм ажалдың ысқырығы сұр жыланша.

Елге құт боп бұйырса тіршілігің,

Әйтеуір артымызда еленетін белгі қалса.

 

Е-е-ей достым, Керімбайым менің!

Көп болып ед еске алып, бас қосуды,

Дастарханға шақырып жан досыңды.

Шіркін-ай, дархан көңіл, қолы ашық,

Айткүлдің пейілденіп, алдыңа ас тосуы.

 

Ат шаптырып, көкпар беру Сендегі арман,

Арманы ұл-қызыңның атқару той мен думан.

Оныңа орындалған арман-ниет орныменен,

Тілектеспіз, асық ойнап, өзіңмен допты қуған.

 

Көгерсін, көсегең ел-жұрт берген батаменен,

Жұптарың ажырамай сұлуың Айткүлменен

Ұл-қыздарың той жасап, шақырған  дастарханға

Үзілмесін ей, достым, араларың оларменен.

 

Бәрі өтуде өмірден  күн батып, түн кіруде,

Жаңа дәуір ескіреді, қайталанып кезегінде.

Ғайыптан, елестегі  бейтаныс ұрпағымыз,

Босат деп тұр-ау  әсте, орынды естідің бе?

 

Жүз жаса, перзенттермен қосылып жамыраса,

Сөйлерсің, сонда кіммен жақ сүйек ажыраса.

Кетерміз, бәріміз де бақұлдасып бір-бірімізбен,

Татар тұздың орны бос, таусылған кезі болса.

 

 

                                                                  *       *       * 

 

 

     Күн артынан күн өтіп, мектепті бітерер уақыт та келді. Мектеп директоры қоштасу кешінде сегіз жылдық мектепті бітіру куәлігімен қоса, Айсұлу мен маған мақтау грамотасын тапсырды. Ол да болса білім жолындағы еңбектің бағасы. Болмаса, Мүсәлі көкемнің әлгі оқиғадан кейін маған бүйрегі тартты деудің өзі, қиянатқа жатар еді. Айсұлу әлгі мақтау грамотасын пайдаланып, Ленгірдегі медициналық  училищеге емти хансыз оқуға қабылданды. Менің де арманым адам  ағзасының емшісі болу еді. Үйіне тұрғызғысы келмеген

болу керек, Орынша әпшем мұныма қарсы тұрды. Өйткені, училище жатақханасыз екен. Ал, әпшем бұл кезде Баубек деген жігітке тұрмысқа шығып, Ленгір қаласындағы № 2-ші мектептің мұғалімі болатын. Қаны бірдің қайырсыздығы, мені Қасқау елді-мекеніндегі орта мектепке барып оқуға мәжбүрледі. Тағы да, өмірім тірі жетімнің өміріндей, екі жыл бойына Қасқасудың мектеп-интернатында жатып оқуға тура  келді...                                                     

   «Қыстың қамын жазда же»-деген сөз ауыл тұрғындарына арналғандай. Өйткені, малдың жем-шөбі, қыстық азық-түлік түрлері жылдың  жаз, күз айларында дайындалады. Атам сол жылы бұрынғыдан көлемділеу жерге тары, лобия, картоп, ноқат екті. Күзде Қасқасуға барып оқитын болғандықтан, малдың қыстық азығын ерте бастан даярластым. Әлгі дақылдарды пісісімен ұраларға салысып, қалғанын сарайға жинастым.

   Мектеп-интернатта Ұзынарықтан Тоғыс, Дүрия, Сейітқұл, Исламдар болып оқыдық. Бірде, орыс тілі сабағының  үстінде  Сүлеймен  ағай  Исламнан:

-«Как фамилия»-деп сұрады. Ол:

-«Узынарык»-деп, ал:

-«Ты, откуда приехал»- деген сұрағына:

 -«Раманкулов»- деп жауап берді. Сынып оқушыларына да күлкі керек. Ислам сол сәтте 9 «б» клас  оқушыларының күлкісі мен мазағына қалды. Ал, досым Сейітқұл Әбілдабеков  Исламның  сөзіне ерді ме қайдам, осыдан соң екеуі оқудан бас тартты.    

    Шымкенттегі Спатаев атындағы мектеп сияқты жаңадан салынған мектептің 9-б сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиетінен Мұсахан,тарихтан Исатай, орыс тілінен Сүлеймен, физикадан Жақсыбай, математикадан Тасболат, спорттан Әсет ағайлар мен химиядан Диханкөлдегі мектептен ауысып келген Махиянова апай, Өлмес ағай музыка пәнінен сабақ берді. Ал, Бұқарбай, Пазыл  Есжанов  есімді ағайлар

интернатта тәрбиеші  еді.

    Мен, ұстаздар қауымымен етене қатынаста болдым. Жөнін айтсам, класс оқушыларының старостасы мен комсоргі, 5-б сынып оқушыларының қоғамдық жетекшісі, мектептің фото суретшісі, физика кабинетінің киномеханигі сияқты жұмыстарына жегілдім. Олардың рет-ретімен атқарылуына Мұсахан ағай жетекшілік етті. Мұсахан ағайдың қабағы қатыңқы болғанымен, жан дүниесінің жылуы реңінен нұр шашқандай. Өте сабырлы, әр сөзінің саптауы саралы ойдың жүйесінен-ді. Өзінен тыс өзгені де сөйлете білетін. Кемшілігіңді сыпайы түрде ескертіп, тығырықтан шығуға бейімдейтін. Өзімен тең санап, кез-келген мәселеге көз қарасыңды біліп отыратын. Ойыңдағы пікірді емін-еркін айтуға ерік беретін. Өсек пен өтірікке жаны қас еді. Фото суретшілік жұмысына арнап, маған жеке кабинет алып берді.Мұнан өзге жұмыстың құжаттарын сонда жазып, сақтадым. Сондықтан да  болар, Ол кісіні бірте-бірте бауырлас ағамдай көріп кеттім. Жан дүниеме қажеттіні оның өн бойынан таптым.  Ал, тарихшыл Исатай ағайдың сабақ беру тәсілі елдікінен ерекше еді. Бүгінгі сабағын келесісінде пысық тайтын. Өзі емес, оқушысы арқылы. Ең алдымен сұрақты оқушыларға қойдыратын. Сонымен ғана ұғымыңды бағалайтын. Темірәлі секілді, сөзі мірдің оғындай,ешкімге есесін жібермейтін.

      Кластасым Әбдіжәлил Маханов Қасқасу елді-мекенінің ең басынан қатынап оқыды. Кейіннен мектеп-интернаттың бір бөлмесінде қатарласып жатып оқыдық. Өте пысық жігіт. Киім киісі мұнтаздай. Шалбары ешқашан да қырсыз болған емес. Жатар алдында қырын сулап алып, матрац пен кереует торының арасына салып тастайтын.Таңертең сілкіп-сілкіп жіберіп киіп алады. Өтектеудің қажеті жоқ. Онысы маған да жұғысты. Сол досым ССРО бойынша милицияның Волгоградтағы ең жоғарғы мектебін тәмамдады. Шекпеніне полковник шенін тағып, милицияның белді қызметтерін атқарды. Бүгінде зейнеткер болса да  адвокаттық қызметте. Сол Әбдіжәлил екеуімізге және Жамила, Мәлике деген қыздарға Сүлей мен ағай сабақ соңында қосымша дәріс беретін. Сөйтіп, орыс тілінде емін-еркін сөйлеуге машықтандық.

     Физикадан Жақсыбай деген ағай берді. Ол кісі Исатай аға сияқты емес. Өзі дәріс оқып, тақтаға шыққан оқушыға сұрақты өзі қоятын. Ұғым өресін пікір таласуымен анықтауы сирек еді. Дегенмен де, мінезі ашық                                    

 -жарқын кісі. Ол мектеп директоры мен аудандық кино жүйесінің директорына айтып жүріп, физика кабинетіне КН-11 деп аталатын екі кино қондырғыны орнатуға барынша күш салды. Кино көрсетуші механиктің жұмысын маған жүктеді. Сөйтіп, мектептің белді киномеханигі болып шыға келдім. Енді мені жартылай  оқушы, я болмаса қызметкер десе де болатындай. Өйткені, аудандық кино жүйесі маған айына 62 сом 50 тиын жалақы төлейді. Күнде бір рет, кейде екі реттен қойыла тын кино ленталарын өздері әкеп беріп, алып кетеді. Оның техникалық құрылымдарын колхоз орталығындағы клубтың киномеханигі Қасқабайдан үйрендім. Күн өткен сайын көрермендердің саны көбейе түсті. Есесіне, колхоз клубындағы көрермендердің саны азайды. Өйткені, көрсетер киноның қызықтығы өз алдына, мектеп- интернаттың оқушы қыздарына жергілікті жердің жастары қырыңдауды шығарды. Мектеп-интернатқа баруға жүрексінеді. Өйткені, онда тәрбиешілер бар. Ал, мектептегі кино зал олар үшін ең қолайлы жер. Олардың көптігі маған жақсы. Өйткені,  ақша түсімі көбейген сайын біздерге сыйақы беріледі.Уақыт өте келе, Қасқабайдың қабағы қызғаныштан түсіңкілене бастады.

   Алғашқы кезде кино көрсету қызықты болып көрінгенмен, уақыт өте келе ығырымды шығарды. Өйткені, Диханкөлдегі қызара бөртетіндердің бірлі-жарымы бұл араға да жұғысты болғандай. Кино ленталарымен әлек болып жатсаң, жаныңа келіп тұрып алады. Ләж жоқ, кассирге барып жалынасың. Кейде екі, кейде төрт сомды сұрап алып, көрерменнің ішінен Елубай сияқты «қоянды» дүкен қарауылына жұмсайсың. Ол кезде қызыл шараптың түнгі уақыттағы құны 2 сом болатын. Әрине, тегін шарапқа кімнің әуестігі болмасын, «Әуестілер саны көбейіп кетер ме еді, Елубайды дүкен қарауылына жұмсауды сиреттім. Енді олар жалақы алатын күнімді кәдімгідей-ақ «сағынатын» болды...    

    Елубай- Төлеш көкемнің бөлесі, қасқасулық Әліптің үлкен ұлы. Менен 4-5 сынып төмен оқыды. Өте пысық, сабақта алғыр болатын. Інімнен артық көретін жігіттің бірі. Қарағандыдағы Университеттің заң факультетін оқып бітірді. Студенттің қашанда қалтасы жұқа. Артынан жиі барып тұрдым.  Көп жылдар бойына Павлодар облысында судьялық, соттың төрағалық қызметтерін атқарып жүріп, елге оралды. Бүгінде Ордабасы аудандық соттың төрағасы. 

...Киноны көрсетіп болған соң, ленталарын кері орап, қалпына келтірмесең, оны қабылдап алмайды. Соның әуресімен болып, күнде  интернатқа түнгі сағат он бірде, я он екіде келемін.  Бір-екі пиалай шәйді ішіп алып, ертеңгі сабаққа даярланамын. Төсекке түнгі екі, я үштер де жатамын. Ұйықтап қалып, сабаққа бармай қалу әдеті маған жұғысты бола алмады. Өйткені, сабаққа бармай қалу- кино құрудан

қағылу. Одан қағылсаң, жалақыдан айрыласың...

    Мектеп оқушыларына кино көрсету жұмысы мені мұғалімдердің қауымына біртабан жақындатты. Әсет, Өлмес, Пазыл мен Жақсыбайдың жастары біркелкі болғандықтан ба, бір -бірінің үйіне жиі барушы еді. Сирек болса да, олар мені орталарына алатын. Әсет ағай дене шынықтыру пәнінен сабақ берді. Денесі шымыр, сабырлы әрі сөз саптауы өзгелердікінен ерекше кісі еді. Маған турникте ойнауды үйретті. Мектеп-интернат оқушы   ларының ішінен диханкөлдік Қасым, Ұзынарықтан Тоғыс екеуіміз гимнастика лық ойыннан озық болдық. Қасым кез -келген жерде аяғымен емес, қолы мен жүруден алдына жан салмайтын. Ал, жұдырықтасу кездегі қол сермеуіне көз ілеспейтін. Бірде, сыныптасы Елшібаймен араларын да ерегіс туып, соңы төбелеске ұласты. Қасым Елшібайдың ірі денесіне қарамай, сабап тастады. Еңгезердай адамның төбелестен жеңіліп, жас балаша еңкілдеп жыласы бір-түрлі аянышты  екен...   

    Өлмес ағай сабақтан тыс уақытта көркем өнерпаздар үйірме жұмысын атқарды. Оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап, аудандық  көркем өнерпаздар жарысына дайындық жүргізді. Сонау теңіз бурлактарының өмірінен басталған композициялық көрініске Ұлы Октябрь төңкерісінің, Ұлы Отан соғыс майданының, Рейхстагқа ту тігу, соғыстың жеңісін тойлау көріністері қосылды. Оныншы сыныптың оқушысы Шарипа Шыңғыс Айтматовтың қайбір шығармасындағы Жәмила ролін ойнап, көңілі бос көрермендердің көздерін жасқа шылады. Мамыр айындағы ауыл мектептерінің арасындағы жарыста төрешілер Бірінші мамыр ауылы мен Қасқасу ауылындағы мектеп өнерпаздарының қайсысына бірінші орынды берерін білмей дал болды. Екі мектептің өнерпаздары енді өнерлерін Ленгірдегі мәдениет сарайында көрсетті.

   Осылайша, біздер бірінші орынды иелендік. Дайындық  үшін төккен теріміз бен еткен еңбегіміз еш

болмады. Ауданымыздың біраздаған ауыл тұрғындарына өнерімізді көрсетіп, табыспен оралдық. Сөйтіп жүргенде, оқу жылы да аяқталды.

   Әсет ағамыз кейіннен 30 жылға жуық өмірін ауданның мәдениет бөлімін  басқаруға жұмсады. Ол туған жердің өткен тарихын сарыла іздеп,  ата-бабадан мұра боп қалған  құнды лықтарды, аңыз әңгімелерді жинап, зерттеу жүргізу мен келеді. Нәтижесін,  2002-жылы Төлеби ауданының энциклопедиялық анықтамалығы етіп шығарды. Осындай мазмұндағы 2006-жылғы «Тарих пен тағылым», онан әрменгілері- «Боралдайдың боз торғайы», «Алатаудың ақиығы», Алматы облысының құрметті Азаматы атандырған «Бабаларға қоныс болған құтты мекен» мен «Тарих өткелдеріндегі Төле би»- атты кітаптары да оқушыларының құтты қолында. «Төлеби ауданының құрметті азаматы» атанған Әсет ағаның бүгінде елінің қадырлы қариясы екендігіне масаттанамын.   

 

 

                                                                      *      *       *  

 

 

  Тіршіліктің  күйбеңшілігі таусылған ба?! Жылдағы колхоз жұмысына жегілу енді ығырыңды шығарғандай. Үйде бір апта болдың ба, болмадың ба, Бәйдібек көкемнің ат үстіндегі айқайы құдды көкек құсының жылдағы әдетіндей. Біреуі көктемде, екіншісі шөп орымының бастапқы кезінде. Жұмыс істеп беліміздің бекігенін байқады ма, Бәйдібек көкем мені енді шөп ору жұмысына жекті. Шөп оруды таңсәріде бастайсың. Түскі  он екіден үшке дейінгі уақыт арасында тыныс аласың. Сағат үштен кешкі онға дейін тағы да шөп ору. Шөпті орып болысымен енді екі атқа жегілген тырмамен орылған шөптен шомалай салу. Одан қалса шөпті мажар машинаға артысу. Түнгі оннан соң сүйретіліп, үйге жетесің. Шөп ору, жинау, тасымалдау кезеңі бітісімен, орылған бидай өнімін тазалап, қамбаға жинасу. Ара-арасында фермадағы мал қораларды тазалау жұмысы да килігетін. Одан қалса, атамның кішігірім фермасындағы жұмыстар қолды босатпайтын. Өлеңнің: «Жас кезіңде ойнап-күл, жүрме кейін өкініп»-дегені Керімбай мен Бекмұраттарға арналған сияқты. Асық атып ойнаудан қолдары тимейтін. Олары талай рет мектеп жиналысында да қаралды. Ал, маған күліп-

ойнауға уақыт жетіспеді...Мұқағали Мақатаевтың:

Қызық өмір кім білсін, сонысымен,

Аласы мен құласы, торысымен.

Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу,

Ұнатамын өмірді сол үшін мен- деп айтқаны, еңбекпен ерте есейіп Арыстан, Өмірәлі, Керімбай мен Бекмұраттарымнан өзгеше, өмір сүрудің өзге жолымен ғұмыр кешкенімді меңзегендей.

 

 

                                                                      *      *       *

 

   Жыл айналымы бізді мектептің 10-класына әкеп тіреді. Бұл мектеп қабырғасында жүріп білім тану кезеңінің соңғы, жігіттік шақтың есігін қағуды меңзейтін жылы еді. Көктем кезінде Жер Ананың ағзасын Шақпақтың желі қатайтса, соңғы жылдардың жазғы уақытын да колхоз тіршілігіне араласып, ыстық суығына ысылған дененің болмысы бұрынғыдай емес, бой ұзарып, жүріс-тұрысымызға бөгде құбылыс енгендей. Дауыстың өзгеріп, тарғылданып  шығуы ер жетудің белгісі болса керек .

    Интернат қабырғасында жүріп, мектептегі оқуларын алдымызда бітіріп кеткен Қасым, Батыр сияқты оқушылардың есімдерін мұғалімдер жиі естеріне алып жүрді. Мектептің алғашқы оқушылар жиналысында ұстаздарымыз олардың оқуда озат болып, жайдары мінездерімен көптің көзіне түскендерін айтып, бізден солардың орнын басуды тілегені әлі есімде. Өткен оқу жылындағыдай, оныншы сыныптың оқу жылында да

қоғамдық жұмыстармен болдым. Үйреншікті дағдымен оқушыларға кино көрсетуді жалғастырдым. Пән

мұғалімдері былтырғыдай емес, мектеп бітірушілеріне қосымша сабақ беруді жиілетті. Тасболат ағай математиканың ең күрделі логарифмдік есептерін түрлі тәсілмен шығару жолдарын үйретті. Одан Жақсыбай ағай да қалыспады. Ал, Сүлеймен ағай әйтеуір бір ілікпен бізді сабақтан қалдырып оқытуын қоймады. Мұсахан ағай шығарма жаздыруды жиілетті. Исатай ағай өткен сабақтарды пысықтату мен жаңа тақырып бойынша сабақ жүргізуді оқушыларға жүктеп, өзі журналға баға қоюды ғана білді. Олардың сабақ беру ісіне ден қойысы біздер үшін өмірлік азық екенін өздігімізше өмір сүрген кезде аңғардық. «Өзіңнің әке болғаның ды, балалы болғанда білерсің»-демекші, сол кездегі ұғымның тұйықтығы өз перзенттерімнің мектеп бітірер інде ғана сезілді.

   Осы жылы Дәмелі деген қызбен парталас болдым. Ол мектепті бітіргенше бұйығы болып өскен жанның

кейпінде болды. Ешкіммен ашылып сөйлеспейтін. Тіптен, жанында отырған маған да сөзінің «өңін»

танытқан емес. «Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр»- дейтіндей, оның сыпайылығы маған да

жұғысты болды-ау деймін. Мен де онымен сабақтың қамынан өзгедей, Мейірханға ұқсап әрменге бармадым. Тек, сыпайы түрдегі сұрақ- жауапты місе тұттық.  Бір партада отырып, осылайша мектепті бітірдік. Бірде, ол маған:

-«Тобық ойнайсың ба?»- деп, сұрақты төтесінен қойды. Қалтасынан тобықты шығарып, алақаныма салды. 

Жаңадан сойылған ірі қойдың тобығы сияқты. Өзінен сұрап ем, ойымдағыны айтты. Соғымға сойылған

қойдың тобығы екен. Шартын  кім бұзса, қолына жүзік  ұстататын болып келістік.

-«Дәмелі»,- дедім, ойланып отырып. «Сүйірлі жерінен тессем бола ма?»- деп сұрадым. Ол бірден келісімін берді. Бірақ, не үшін екенін сұрамады. Қолым боста оны шегемен бұрғылап, тесігінен жіп өткіздім. Сөйтіп, оны мойныма салып алдым. Мұным ұтылып қалмаудың амалы еді. Желтоқсан айының қайбір күні, Исатай ағай мені тақтаға шығарып, өткен сабақты пысықтауды тапсырды. Онан соң, әдеттегідей сұрақ қоюдың еркін оқушыларға берді. Қайбір сұраққа жауап беріп болып ем, Дәмелі қолын көтерді. Қандай сұрақты қояр екен деп ойлап үлгірмедім, менен тобығын сұрады. Сөйтіп, оқушылардың кекетінді күлкісіне қалдым. Бірақ, олардың күлкісін Исатай ағай тыйып тастады. Ләж жоқ, жұрттың көзінше қойныма қолымды сұғып, тобығын қолына ұстаттым. Енді мұғалімнің мысқылына қалдым деп, қатты састым. Бірақ, ол кісі:

- «Зұлбұқар, ойынның шартын орындадың, жігіт екенсің»- деп, қайта маған қолдау білдірді. Сонда ғана қобалжыған көңілім орнына түсті. Орныма отырысымда Дәмелі мені  жымиып  қарсы алды.  Көңілім орнына түссе керек, оған:

-«Тобықты қайтарып алып, көңілің жайланды ма?- дедім.

-«Рахмет, тобықты тесемін дегеніңнен-ақ, ойын шартымен ұтылатынымды сезгенмін»- деп, ол да ағынан жарылды. Дәмелі келесі аптаның басында, көркіне көзің тоймайтындай, жасыл түсті жаһұт тасты жүзікті саусағыма кигізді... Ондайға ешбір әуестігім жоқтықтан, мұны анама сыйлыққа тартуды ұйғардым. Сол кездегі мектеп ішіндегі тәртіп әрине, бүгінгідей емес, қатаң еді. Оны сақтай да білдік. Қандай жағдайда болмасын жігіттің қызға «қырыңдауы»- мүлдем болмады деуге тұрарлық-ты. Өз басым ондай ойдан мүлдем аулақ болдым. Мүмкін, оған басты себеп қоғамдық жұмыстардың бастан асқандығы болар.

 

 

                                                                    *       *       *   

 

   Сезімталдықтың салмағынан ба, әлде жүйкенің жұқалығынан ба екен, жүректің сыздауы жиілеп, мазам кетті. Болмаған соң, сол жылдың қараша айында аудандық ауруханада емделуге тура келді. Аурухананың қашықтығымен санаспай, сыныптасымның күнде біреуі келіп, қал-жағдайымды біліп тұрды. Рүстем,Жәмила, Дәмелі, Мәлике,Әбдіжалил, Рүстем, Сапар есімді кластастарым түрлі әдеби кітаптар әкеп, көңілімді аулайбілді. Аллаһ Тағаланың салған емінен болар, ауруханада бір ай жатар-жатпас, оқуыма қайта оралдым. Сырқатымнан секем алған  Әсет ағай гимнастиканың күрделі қимылдарын жасауға тыйым салды. Әйтсе де, кино жүргізуді, Тасболат ағаймен бірлесіп, «Айттым сәлем қаламқас»-ты айтуды тоқтатпадым. Білген адамға бұл әннің ырғағы мен сөз тіркестерінде жан дүниеңді тебірентердей құдыреттің күші бар. Оны қысқа түрде айтып жеткізу мүмкін емес. Өлеңнің адамға, дүниенің болмысына деген махаббат сезімінің ашылуына тигізер септігі зор. Сондықтан да болар, Тасболат ағайдың жүзі сұсты болғанымен, сезімтал, әрі жүрегі жұмсақ болатын.

  1968-жылдың қыз мезгілі өзіндік қатаңдығымен есте. Күн ара қар жауып, боран соғудан екі үйдің арасын дағы жол бітелді. Желтоқсан айының сенбі күндерінде үйге барудан қалдық. Өйткені, 8-9 шақырым жердегі Ұзынарық ауылының жолы жабық. Қазіргі кездегідей, колхоз техникалары күнде екі араның жолын ашуға қауқарсыз-тын. Асхананың наны мен сары майын жеп, екі күнді өткізетін болдық.  Іш киім мен көйлек-көншегімізді жуудың әлегіне түстік. 

   Сөйтіп жүріп, желтоқсаның аяғы да келді. Класс жетекшім Мұсахан ағай маған мектеп елкасының Аяз Атасы болатынымды ескертті. Бір апта бойына жатпай-тұрмай соның қимыл әрекетіне бейімделіп, айтар сөзін жаттап, пысықтаумен болдым. Бір күн қалғанда мектеп директоры Ергеш Төлеметов менен емтихан алардай, Аяз Атаның «қал-жағдайымен» танысты. Ол кісі атамның немере ағасынан туылған. Жастайынан қызмет бабымен елден жырақ жүргеннің бірі. Шешесі Қалампыр апаммен жасты болса керек. Мектеп жасына дейінгі кезімде апаммен солардың үйіне келіп, қонақ болып кететінмін. Ергеш- өте сыпайы, көпшілі гінде ресми түрде сөйлесетін-ді. Жания жеңгеміз мектепте кітапханашы болып істейтін. Міне, сол жеңгеміз Аяз Атаның қоржынына салатын сыйлыққа иелік жасады. Бірен-сараңға болмаса, сыйлықты соның ымымен берумен болдым.   

  Шырша мерекесінің алғашқы күнгісі кешкі сағат 20-да басталды. Бұл мерекелік кешке 9-10-класс оқушы лары қатысты. Жаңа Жыл алдындағы мереке болғандықтан ба, бұл кеш өте қызықты өтті. Тасболат ағай жанымда болғанмен,«Айттым сәлем Қаламқас»ты тұңғыш рет жеке орындадым. Өлеңнің нақышына келтіріп айтылғанын Тасболат ағайдың көзқарасынан ұғындым. Мені құшағына алып, аймалағысы келгендей, қайта-

қайта екі қолымның қарынан қысып ұстаумен болды. Оның жан дүниесінен ағаның інісіне деген ықыластың лебі сезілгендей...Ал, «қызара бөртетіндер» сол кеште жиі-жиі фотолабораторияға кіріп-шығумен болғаны есте...

  Жаңа Жылдың алдындағы шырша мерекесі ертеңіне төменгі сыныптағылардың еншісіне тиді. Оны жүрексінбей, әдеттегідей сезіммен басқардым. Аяз Атаның неше түрлі іс- әрекеттерін атқардым. Тақпақ пен өлең айту бастамасынан да құр қалмадым. Үшінші күні бұл мерекені бастауыш кластағылар мерекеледі. Түс қайта үйге қайтатын уақыт болды. Қоржындағы сыйлықтардың бірлі-жарымы қалды ма десем, олар түгелімен таратылып кетіпті. Қоржынымда болған кезде иелік менде емес пе еді. Қайткен күнде де, амалын тауып біразын фотолаборато рияның кабинетіне тыға салсамшы. Апама соның  бірін сыйға апармақ болып, Жания жеңгейге жатып тұрып жалынайын. Оның кешегі көңіл күйі жоқ. Біреу мен ұрысып қалған кісідей, түсі сұп-сұр. Өтінішімді жүре тыңдады. Қалтадағы сыйлықтың бірін бермек түгілі, мұғалімдерге айтып мені мектептің сыртқы есігінен шығартып жіберді. Жылармандай болып, интернаттың асханасына тамақтануға келдім. Аспазшы апай түсімнің бұзылып кеткенін аңғарса керек, менен:

- «Не болды?»-деп сұрады. Оған болған оқиғаны айтып бердім. Апай мені жұбатып  тұрып:

- Қалтаңда ақша бар ма?-деді. Оған осыдан 4-5 күн бұрын кино жүргізгенім үшін жалақымды алғанымды  айттым. Ол мені дүкенге алып барып, мерекелік жазуы бар қалтаға конфет- печеньенің түр- түрінен мол етіп

салдырды да :

-«Құдай Сенің пейіліңе берсін. Апаңа осыны сыйла»- деді, арқамнан қағып. Сатушыға ақшасын төлеп тұрып,

осы сыйлықтың тағы біреуін сұрадым. Оны әлгі апайдың  алар-алмасына қарамай, сый ретінде қолына ұстаттым. Сөйтіп, бір жағы ренішпен, бір жағы дүкеннен алған сыйлығыма қуанып үйге қайттым. Үйге келісімен атамның қолына жалақымның қалғанын, апама дүкеннен алған сыйлықты бердім. Екеуі де қомақты дүниені ұстап, бірауық  үнсіз тұрып қалды. Олардың көздері жасаурап, іштей толқып тұрғанын сездім. Әйтсе де, апама берген сыйлыққа көңілім көншір емес. Әлгі ақшаға апама көйлектік материалды алмағаным үшін өкініш пайда болды. Оған осы ойымды айтым ем, ол мені жекіп тастады:

- «Барына қанағат»-деген сөз бар, балам. Менің онсыз да көйлектерім жеткілікті. Сенің жігіт болып, біздің қамымызды жегенің үшін атаң екеуіміз құдайға шүкіршілік етудеміз. Аллаһ Тағала бұйырса, биыл мектепті бітіресің. Жетімнің жебірлісіндей болып жүрме. Байқаймын, кейбір киімді ауыстыраты ның жоқ.Үсті-басыңдағы киімдерді түгелдегін, шырағым. Пейіліңе ризамыз»- деді, арқамнан қағып. Атам болса:

-Енді, сен үшін ақша жинайтын боламыз. Қажет болса, малды сатамыз. Мектеп оқуымен шектелме.

Оқуыңды әрмен қарай жалғастыр. Апаңның айтқаны орынды. Киіміңді бүтінде»-деді, басымнан сипалап

тұрып. Көптен бері мұндай ыстық лебіздің шарпуын сезбегеннен болар. Жаным жадырағанмен, көңілім толқып, көз жасымды іркуге шамам келмеді. Оған, тап кешегі оқиғаның күйініші қосылғандай. Әсте, ана жүрегі сезімтал ғой, менің күйзелген түрімді аңғарған апам жүзіме үңіліп:

 - «Зұлбұқар, неге мұңайып тұрсың, біреу бірдеңе деді ме?- деп, сұрауын қоймады. Ләж жоқ, Женя жеңгем нің мені бір қалта сыйлық үшін жан азабына салғанын, аспазшы апамның дүкенге апарып, қолындағы сыйлықты әпергенін, оған рахметімді осындай сыйлық алып берумен білдіргенімді айтып бердім. Апам

жүзін құбылтып біраз уақыт үнсіз қалды. Бір кезде маған тіктеп қарап:

- «Ергештің әкесі сенің бабаңмен туыс адам. Ал, Жания жеңешең-батыс жақтың қызы. Бұл өңірдің тумасындай емес. Сыйпағанды сезбейтін сиыр секілді, сыйла судың қадырын білмейтін біреу. Болмаса, сен сұраған сыйлықтың құны 3 сомнан аспайды. Оның енесі мен менің арамда тай мен тайлақтың құнынан артық алыс-берістер болды. Адамның парқын білмейтін жанға дауа жоқ. Есесіне, аспазшы апаң қомақты сыйлық әперіпті. Адамның қадыры осыдан-ақ белгілі. Түсінсең, байлық адамға мұрат емес. Cанаң ақ ниеттің талғамына сай болсын. Бұл сен үшін жақсы мен жаманның жігін ажыратудың бастапқысы. Қадырыңды білмейтінге сырыңды ашпа, қолыңды жайма. Қамықпа, жігерлі бол»- деді, мені жұбатып отырып. Сөйтіп отырған апам бір кезде: 

Е-е-е,

«Текті адамның перзентісің киелі,

Ақылға  сал  әр  ісіңді,  жүйелі.

Менің даңқым саған құрмет болмайды,

Еңбек ет, бақ та басын саған иеді»- деген ыңылымен келініне өкпесін білдірді.Текеметтің жүнін түтіп отырып, кейде өстіп өлеңдететіні бар еді. Қалай болған күнде де, бұл жолғысы намысын кернеген толғаныс тың толғауы болса керек ... 

    Ендігі сыйлығымды апамның қолына қалай тапсыруды білмей дал болдым. «Сыйлық ретінде Сізге сатып алдым»- дейін десем, өтірік сөзді айтпаған басым. Дәмелімен тобық ойнағанымды айтайын десем: «Жаныс тың қызына жанасып, жұрттың қарғысына қалайын деп жүрсің бе»- деген ұрысына қаламын ба»- деп күйзел дім. Үнжұрғам түсіп кетсе керек. Апам менің басымды көтеріп, бетіме тіктеп қарап отырып: 

- « Сен не, бірдеңені бүлдіріп келген жоқсың ба, неге күйзеліп отырсың?- деді, бет-жүзіме тінти қарап. Менің жан дүниемнің қандай да бір өзгерісін апамның көзқарасынан жасыра алмайтыныма көзім жетті. Екі көзінің нұры құдды рентгеннің сәулесіндей, одан ештеңе елеусіз қалмайтындай сезілді. Ләж жоқ, енді бұл

сырды да сыртқа шығаруға тура келді.

-«Апа, менімен парталас Дәмелі деген қыз оқиды. Өткен айдың басында маған тобық ойнауды ұсынды. Ұтысқа жүзік әперуді шештік. Мен ұттым. Ол ұтылды. Бір аптадан соң ол мына бір жүзікті қолыма ұстатты. Мұндайды тағуға үйренбегендіктен, оны Сізге сыйлауды ұйғардым»- деп, жүзікті оң қолының саусағына кигіздім.  Апам оны қолына алып, біраз уақыт аударып-төңкеріп отырып, көз нұрының мауқын басқандай болды.

-«Балам, мынауың қымбат тасты жүзік екен. Мұны қандай оймен сыйлады екен? Әдетімізде, мұның соңы отбасын  құруға жалғасатыны бар. Атаңа айтып көрейін, ол қыздың түбін тексеріп көрсін»- деп, таңырқауы

мен күдігін білдірді. Маған рахметін айтып, жүзікті әлгі саусағына қайта сұқты.

  

                                                                   

                                                                   *        *       *

 

   Үйге келмегеніме бір айдай уақыт болған. Сағыныштың, әлде қуаныштың табы ма екен, апам дастархан

 мәзірін өз қолымен даярлаумен болды. Айналып-толғанып жүріп, алдымен от табына қамжылым еткен

қымызды аузыма тосты. Қуырылған жұмыртқа мен жұқпа нанды алдыма қойды. Шәйді өз қолымен құйып

беріп, көңілімді жайландырды. Кешқұрым малдың қамы үшін далаға шығайын деп ем, апам:

-Бүгін дем ал. Бүгінгісін атаңның өзі жайғастырып жатыр. Одан да маған сойылған қойдың етін жіліктеп бер»- деп, шара толы етті алдыма қойды. Қойды сойып, етін жіліктеуді үйренген кезім. Әр сүйекті тиісті етімен бөлшектеп болған соң, оларды тұздап, шараға қайта салдым. Әрбір қимылымды жіті көзімен қадағалап отырған апам:

-«Ер жеткен адамның ісін істеуге машықтаныпсың, балам. Өркенің өссін. Тіл-көзім тасқа «тіфә- тіфә»- деп, үсті-басыма дұға оқылған суды бүркіп, білген ырымын жасады. 

   Атамның әр жылғы қыста соғымға жылқы сойып, бір аяқ етті үйге қалдыратын. Қалғанын ағайындарына нақтылай ақшаға, болмаса несиеге таратып жіберетін әдеті бар-ды. Биыл да сол әдетімен дайындаған дөнен жылқыны осыдан 4-5 күн бұрын сойып алыпты. Әлгі жіліктелген ет соғым етімен араластыруға арнап сойылған қой еті екен.

   Күн бата көкем жұмысынан келді. Мені құшағына алып, аймалай бастады. Аузынан ащы иіс мүңкіп тұрды. Сағынышты кездесу үстінде «Арақты неге ішесің»-деуге ауызым бармады. Жаңа Жыл мейрамының құр метіне қызара бөрткен жүзін «Суықтан шығар»-деумен ақталып, апамның алдында тән алмады.Төргі бөлмеден домбырасын алып шығып, өлең айтуды «Гәкку»і-нен бастады. Домбыраның қос шегін саусақ ұшымен шерте отыра айтқан өлеңдері құлақ құрышын қандырды. Түсіңкі қабағының астынан күлімдеген көздің құбылысы өлең ырғағымен сайлы еді. Жаңа Жыл алдындағы мектепте болған мерекелік кеш енді біздің үйде жалғасын тапқандай..

 

 

                                                                    *       *       *

 

 

«Ақ киімді , денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

 

Дем алысы-үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң-қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып, ажарланды»-  деп, Абай атамыз айтқандай, сол жылғы қыстың елге салған әлегі көп.

Десек те, қыс өзіндік ғажайып көркімен кімді болса да еліктіретіні бар. Табиғаттың осынау бір әсем шағында ауа тазарып, адамның ағзасына аса бір күш-қуат бергендей. Сол бір қыс айының алғашқысы-желтоқсан айы. Этнографтардың айтуынша, бұл айдың атауы- «жел» және «тоқсан» деген сөздердің қосындысынан туындаған. Ежелгі түркілер бұл айды жел айы деп атаса керек.

    Сондықтан да, олардың қосындысына туындаған-ЖЕЛТОҚСАН деген сөз- бір тоқсан бойына, яғни, үш ай бойындағы күндер желді болады деген ұғымды білдіреді. Желтоқсанда қыс күшіне енеді. Жиі-жиі боран соғады. Қырбастың қызылы деп аталатын алғашқы аяз да желтоқсанның басында болады. Желтоқсанның қатты боран соғатын соңғы онкүндігінде киік текесінің маталуын- текенің бұрқылы (бұрқағы) деп аталады

екен. Бұл айдың 22-жұлдызына дейін күн барынша қысқарады. Бұл қысқы күннің «тоқырауы»-деп аталады.

Ұзақтығының бар болғаны 7-ақ сағат. Әрмен қарай бір минуттан бастап ұзара бастайды. Ал, жазғы күннің тоқырауы- 22-маусым.

  Күннің «қаңтарылып байланатын», онан әрмен тұқырып қысқара алмайтын мезгілін-ҚАҢТАР айы деп атаған. Айдың түс кезіндегі уақытта күннің көзі аспанның оңтүстік жағында және ең биік деңгейде тұратын көрінеді. Күн сайын күннің деңгейі өзгеріп тұрса керек. Қаңтарулы тұрған аттың басы жерге қалай жетпесе, қаңтардағы  күннің көзі де одан әрмен төмендеп, көкжиекке қарай жылжи қоймайды. Мұны  бабаларымыз баяғыда-ақ байқаған. Қаңтарда түн қысқарып, күн ұзаруын жылдамдатады. Атам:

 -«Қаңтарда күн құлақтанып( қызарып) шықса не боран, не аяз болады. Күн құлақтанып батса ертеңгі күн ашық, әрі жылы болады. «Таңғы күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық, күн батарда құлақтанса келінің ұл тапқандай қуан» деп отыратын. Атам қырауға қарап та ауа райын болжай білетін. «Қыстың көзі- қырауда»- дегенін:

- «Қырау көбейсе кешікпей қар жауады. Қар қылаулай жауса қар жауысы ұзаққа созылады. Ал, кейде күн қыраулап қылаулап барып қар жауса күн ашылады. Ал, қырау мен қылау көбейіп күн шаңғыттанса артынша күн ашылады»- деп отыратын.

    Тоқсанның үшінші айы- ақпан (Үт) айы. Ақпан «ақ ықпа» сөзінен шыққан деседі. Ақпандағы ауа райы аумалы- төкпелі, әрі құбылмалы. Сонымен бірге, ақпан айында терезеден үйдің ішіне түскен күннің сәулесі ерекше ақшыл реңге түрленіп, сол тап-таза үйдің өзінде ұп- ұсақ зәредей тозаң күн сәулесін тұмшалайды екен. Міне, осы көріністі қазақ қандыларымыз «үт» деп атаса керек. Атам  ел  аузында:  «Өтіп бара жатқан қаңтар ақпанға мынадай аманатын айтыпты:

 «Ей, Ақпан-Тоқпан,

Ай мүйізді алты күн.

Айқайлап соқпа жеті күн.

Қаһарлы келсе қатты күн,

Қырына алса қырық күн.

Боз тоқтыда құйрық қалды.

Қырлан Ақпан, қырлан!»- дегенін, енді екінші бір түрдегісі:

«Сары қызда сағақ қалды,

 

Қара қызда бұғақ қалды.

Менің шамам келмей қалды,

Ендігі үміт сенде қалды

Қырлан Ақпан, қырлан»-деген екен деп, әрі мақал-мәтелді, әрі ақпан айындағы ауа райының дәлме-дәл болжамын айтып отырушы еді.   

  Ақпанда қыс пен көктемнің белдесетін шағы. Қыс бойына ерімей жатқан қардың  алтын күрек желі мен аяздың құрсауынан босайтын кезі. Кейде аяздың беті қайтып, сынатын, кейде аспан түнеріп, жапалақтап  қар жауатыны бар. Атамның айтуынша:

-«Ақпанның он бесінші жұлдызы- қыс пен көктемнің алғаш ұшырасатын кезі. Осы күні күннің ауа райы қалай болса, көктемнің ауа райы сол тақылетті болады. Егер тап сол күн қарлы болса- көктем жаңбырлы болады»- екен. Боранның бұрқасынды, ашық күннің шуақты кездері алма-кезек. Ақпанның аяқ кезінде аяз айылын жиып, қыс қаһарынан айырылатын кез. Ал, жауған қардың да түр-түрі болады екен. Оны Ешет 

атам:

«Ақша қар- жаңа жауған таза қар.

Ала қанатты  қар- бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге түскен қар.

Жапалақ қар- ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.

Көбік қар- жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.

Күртік қар- беті қатқан, жаяу жүргенде ойылатын қалың қар.

Қасат қар- ұзақ жатқан қалың қар.

Қиыршық қар- жентектелген түйіршік қар.

Қырбақ қар- жұқа жауған қар.

Мұздақ қар- үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр, әрі тайғанақ  қар.

Омбы қар- ат бауырлайтын қалың қар.

Бүрі қар-    ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң-топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.                     

Сіреу қар-  ұзақ мезгіл мызғымай жатқан, аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу болатын, қатты үрпек қар.                        

Үйме қар-  боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.

Үрме қар-  жел үріп, нығыздалып әр жерге жиылып жауған қар»- деп, тармақтап отыратын

Қазақ тілінде жазылған