Тəуелсіздік атқан ақ таңым
Тəуелсіздік атқан ақ таңым
Төбемде туым көсілген.
Тəңірім өзің сақтадың
Зобалаң, зұлмат, кесірден.
Рухымды қайрап, жаңалап
Намысты қылып өсірген
Атадан қалған аманат
Өлеңім өзің несібем.
Кешегі Алаш, Арыстың
Арнасын, көшін жағалап
Арманы үшін алыстым.
Азаттығы деп елімнің.
Ертеңін ойлап жерімнің
Жазықсыз жанын бағыштап
Қыршыннан кеткен ар ұстап
Бабаларыммен баһадүр
Тарихын біліп таныстым.
Лəззатым, Қайрат, Сабирам
Сексен алтыда сенделіп
Елімдеп жанын кенде қып
Қиылып кеткен тағдырын
Санама салып бекітіп
Жырым ғып мəңгі қалдырдым
Бейбіт күндерім өрлігім
Егемендігім өр күнім.
Желтоқсан желі ызғарлы
Бұрқасын борап, мұз, қарды
Егемендікті алсақта
Естелік болып санада
Жазылмайтындай сыз қалды.
Төбемде күліп тұнық күн
Шындықты естіп шынықтым
Бейбітшілік заманда
Мұсылман діні аманда
Тəубə қылу бүгінге
Керектігін шын ұқтым.
Бақыттың кешіп бал күнін,
Жырыма малтып қалқығын,
Мəңгілік ел боп шалқығын
Көктүрік баба арманы
Тəуелсіздігім еліме
Тəңірі тартқан тартуым.