Адам қарады: 52 | Жарияланды: 2017-09-11 02:39:55

Әлихан Бөкейхановтың басқан топырағымен жүріп өткенімнің өзі бақыт

 

Бүгін міне, Тәуелсіз елім Қазақстанға – 26 жыл. Әр күніміз тарих беттерінен орын алуда. Биылғы  жылы елімізде  «ЭКСПО - 2017» дүниежүзілік көрмесінің өтуі – бүгінгі тарихымыз, тәуелсіз мемлекеттің келбеті. Қазақ хандығының 550 жылдығы да республика көлемінде тойланып өтті. Қазақ елінің ұрпағы өткен тарихын  ұмытпай, сол кездегі оқиғаларды жас ұрпақтың көз алдына әкелуге барынша тырысып, ауқымы кең тәрбиелік шаралар өткізіп тұруы қуантады. Алаш автономиясының құрылғанына  100 жыл – бұл тарих беттерінің қайта жаңғыруы.Алаш- Қазақстанның «Мәңгілік ел»  мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл билік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы.Тарих толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғаларының бірі- Алаш көшбасшысы – Әлихан Бөкейхан.Алаш зиялыларын біз қаншалықты зерттеп бағаласақ, соншалықты ұлтымызды, түпкі тамырымызды, шежіремізді бағалағанымыз. Ұлтжанды ұрпақтың бүгінгі міндеті осындай. Ал, менің тарихқа деген қызығушылығым – теңіздің тамшысындай. Алаш елін сүюуім- батыр елдің қамшысындай.

Әлихан Бөкейханов -  Қазақ мемлекетінің республика ретінде құрылуына, Қазақ  ғылымының қалыптасуына, қазақ әдебиетінің ұлттық мұрасының  насихатталуына тікелей бастамашы болған. 1895 жылдан 1909 жылға дейін Алаш ұлтазаттық  қозғалысының  көсемі ретінде танылды.1917 жылдарда Ақпан төңкерісін дайындауға ат салысты. Масон ұйымының мүшесі ретінде «Қазақ қырылып қалмасын» деп 1916 жылғы көтеріліске қарсы шықты. Алашорда кезеңі – қазақ тарихындағы  жаңа бетбұрыс кезеңі.Қазақ мемлекетінің іргетасын қазақтың соңғы ханы өлгеннен кейін қайта қалады.

       Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 5 наурызда  бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданын­дағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н.Бөкейханов есімі берілген өңір.

 

 

Уақыт өлшеусіз, шексіз болады деп ойлаушы едім. Ғасырмен, жылдармен өлшенетін осы бір уақыт перзентке ғана өлшеулі. Ақсораңның етегінде орналасқан Қызыларай ауылында туып, тоқырауынның суын ішіп өскенімнің өзі мен үшін бақыт. Тоқырауын бойында, көне зират басында бір ағаш өсіп тұр деуші еді көненің көзі әжем.Сол ағашты Әлихан Бөкейханов өз қолымен еккен дейді.

Тарих өшпес мұра.Бүгінде Әлекеңнің жүрген жерлерін мақтанышпен зерттеп, Ақтоғай ауданында мектептің атауы ұлы тұлға есімімен аталуы, ауданға қарасты бір ауылдың да аты «Әлихан» аталуы  жүрекке мақтаныш сезімін ұялатады. Төре тұқымынан шыққан Әлиханның арғы атасы осы өңірге ХІІІ ғасырдың  орта тұсында Қарқаралыдан келіп қоныстаған.

Бөкейхан – Әлиханның төртінші атасы.Бөкейханнан тоғыз ұл тарайды.Олар: Шыңғыс,Есім,Уәлі,Тәуке,Батыр, Сұлтанғазы,Әбілғазы,Әбіл,Мәмбет.Осы айтылған ұрпақтардың ішінен Батырдың бір баласы мырзатай туады, оның баласы Нұрмұқанбет, ал одан Әлихан туған.Әлиханның бір ұл, бір қызы болған.

Әлекеңнің аталас ағайындары тоқырауын бойында тұрады.Қазір «Жіңішке» деп аталатын мал бордақылау алаңының күн шығысында Әлиханның ата- бабасына арналған зират бар.Әкесі  Нұрмұқанбет те осы жерде жерленген.Ол жерді  «талдыбейіт» деп те атайды.Себебі, осы жерде жайқалып тал өсіп тұр.Бұл ағашты 1905 жылы петербургте Орман шаруашылығы институтын бітірген Әлихан Бразилиядан арнайы алдырып, өз қолымен егіпті.1932 жылы ашаршылықта Қарқаралы уезінен Балқашқа қарай бет алған халықтың бір тобы осы зиратты паналаған екен.

Патша заманын айтпағанда, кеңестік тоталитарлық тәртіп тұсындағы дүркін – дүркін аштық, үздіксіз қуғын – сүргін, басқа этностарды мыңдап,миллиондап қазақ даласына тоғыту, орыс тілінің өктемдігі  - бәрі Ұлы даланың тағдырын тәлкекке ұшыратты, ұрпақтар арасындағы  мәдени – рухани сабақтастық  пен жалғастықты әлсіретті. Отаршылдықтың, коммунистік биліктің  жақсылыққа ұласпайтынын түсінген қазақ халқы ұлттық, саяси, эконмикалық, әлеуметтік, әділетсіздік пен қыспаққа қасқая қарсы шықты.

   Төгілген қан, үзілген өмір зая кетпеді.Ұлт – азаттық қозғалыстар – Қазақстан тарихының жарқын да қасіретті беті. Алаш зиялылыры азаттыққа шығаратын жолды анықтады. Және сол көтеріліске басшы болып бел ортасында – Әлихан Бөкейханов ұрпаққа үлгі болды. Әр заманның өз қаһарманы болады деп ойлаймын.Қазақ елін алға жетелейтін, жерін, тілін, дінін сақтап қасқая тұратын батырларымыз бүгінде көк туымызды көкке желбіретуде. Мен де сол қазақ елінің, көкжалды көкбөрінің ұрпағымын деп мақтана айтамын. Жаз мезгілінде Ақтоғай өңіріне барғанымда Әлихан Бөкейхановтың ескерткіштерін өз көзіммен көріп қайттым. Алаш елінің бүгінгі ұрпағы біздер...

Қазақ тілінде жазылған