Адам қарады: 117 | Жарияланды: 2017-09-12 03:37:22
Алаш арыстарының суреттеріне қарап тұрып туған ой
Намысына қазақтың,
Мың жерден көр қазылды.
Аза тұтқан аз ұлдың
Есімдері тасқа емес,
Көкірекке жазылды.
Періште ойды қозғады,
Алтын көрсе ... азбады.
Қасқайып тұрды алдында,
Дүниежүзілік қазбаның.
Қызықтай алмады байлықты,
Алаған қолдан шайлықты.
Қазына емес, қамба емес,
Қара сөзіне зар қыпты.
Көрінбес сарай құраған,
Хас шебер екен бұл адам.
Атымтай жомарт аллалап,
Атынан түсіп құлаған.
Ақшаның буы – нұр емес,
Еліре шапқан шапқан құр елес.
Естілер соған ермеді, –
Осы бір Рухтың алдында,
Жау қашырған батырдың,
Ерлігі де түк емес.