Адам қарады: 82 | Жарияланды: 2017-09-15 03:40:01

Алаши әфсана. Бабадан кешірім сұрау

Әлихан рухына

 

Арымен қосып баласын сатар,

Елі мен жердің моласы қатар.

Ерлікке емес елдікке емес,

Еркек кіндікке таласып жатар.

Қыздардан ертен не күтем баба ?

Өзімшілдіктің зәһары қоңған,

Еркектің жалған сақалын таңған.

Бойынан шыққан бір уыс қанын,

Бөтеннің қойнына апарып салған.

Ұлдардан ертен не күтем баба ?

Заман болғасын еркіне салар,

Құлағын оған ел түре салар.

Жатырға біткен жалғыз баласын,

Өз қолымен өлтіре салар.

Ұрпақтан ертен не күтем баба ?

Сіздердің арға кірін келтірген,

Айырған елдің күнін еркіннен.

Тумаған біреумен былдырласам деп,

Өзінің туған тілін өлтірген.

Биліктен ертен не күтем баба ?

Атып түсетін өлеңі мірден,

Қазақтың кем ед өнері кімнен?

Жын-шайтандарға дұға жасатқан,

Заманның зарын көремін кімнен?

Айтатын саған жырым мұңдана,

Теріс айналды пірім «бір бала».

Ұрпақтын тасын домалататын,

Ертеңі елдің бұлыңғыр баба .

Тұншықтым осы зарыққан үнге,

Сыймайды-ау жаның табытқа мүлде.

Қазақты тағы не күтер екен?

Жер ана дейтін алып қабірде...

кешір баба....

Қазақ тілінде жазылған