Адам қарады: 47 | Жарияланды: 2017-09-15 15:55:38

Тарих

 

Қою-қою тарихым бар қатпарлы,

Сан ғасырдың қойнауына сүңгіген.

Кешегі өткен Скифпенен Сақтарды,

Төныкөктің тіліменен жыр қып ем.

 

Алтын ғасыр тарих жортқан жонында,

Жөргегінде алтын басты ұл туған.

Шыңғысханның ұрпағының қолында,

Заңдылық бар айырылмас ұлтыңнан.

 

Жаһандану дәуіріде қазақ үшін зор сынақ,

Бабалардың батпан-батпан аманатын арқалау.

Арқар тарих көзден жасы тамшылап,

Іштегі шер тарқамау...

 

Ешкімгеде бас имеген алыптардың,

Басы қайда қалмаған.

Тәуелсіздік ала алмаған халықтардың,

Ішкі жауы жалмаған...

 

Бұлдыр-бұлдыр болашақты ойласам,

Әрпіл-тәрпіл аяғым.

Біздер дейміз әй қашан,

Өз-өзімді аядым.

Еске түсіп баяғым...

Қазақ тілінде жазылған