Адам қарады: 40 | Жарияланды: 2017-09-15 16:59:02
Заман-толғақ
Қорланып шындық жоламай,
Зорланып пұшпақ қанамай,
Алжыған ойлар көр іздеп,
Алмасқан пірлер заман-ай.
Қарманып қилы амалың,
Жалданып нұрлы жамалың,
Толыспай тулап құрсақта
Толғақпен өткен заманым.
Табылмай озған жан сайлы,
Тілегін тозған тамсайды,
Омалып қалып орнында
Күрп етер күнді аңсайды.
Қиялын қимай өлімге,
Нәсібі жетпей бөлуге,
Шарқ ұрған заман шырқырар,
Танылмай тұлпар төлінде.
Түлегін текті туғызбай,
Кіндігін күпті қиғызбай,
Елесін ескек қылғандар
Ел есін қойды жиғызбай.
Кезегің келді ұл туар,
Кезеңің келді ұмтылар,
Мезгілді сәтте жұмылсаң
Арайлы Азат Күн туар!