Адам қарады: 35 | Жарияланды: 2017-09-15 17:01:43
Самсаған сұрақ санада
Арай боп алдап ататын,
Мезгілден бұрын бататын,
Құбылма қиял сиқырлап,
Арманын мыңның сататын
Қоғамың маған не керек?!
Ойымды айтып қалмасам,
Тойымда бір ән салмасам,
Егер мен туған елімде
Алшаңдап жүре алмасам
Азаттық маған не керек?!
Біреуге бөтен көрінсем,
Өзімнен өзім жерінсем,
Ұлтымның ұлы көшінен,
Жұртымнан қандас бөлінсем
Қазақтық маған не керек?!