Көзі көрмейтін қыз
Дәліздің өн-бойына төселген кілемшені сыбыссыз басып, мен үлгерем дегенше ол үлгеріп есікті сипалай ашқан сұңғақ бойлы сүйкімді қыз бөлмесіне кіріп кетті.
Ағылшын құлыпты қызыл есік тырс ете жабылды. Ім-м, он төртінші бөлмеде тұрады екен! Меніке оныншы, онан ары болатыны, бөлмелер оңнан солға қарай айналмалы нөмірленген еді.
Қымбат жиһаздар қойылғанда дыбыстар өз-өзінен жұтылып, ауыр тыныштық орнайтыны секілді айнала маңғаз қалпы. Бассаң былқылдаған түкті кілемдер ары қарай тыныштыққа жетелейтіндей.
Сары перделер төбеден еденге дейін шұбала қалған. Болмашы тербелістің өзі толқындала қайталанып жайлап барып басылады.
Ойланып жатырмын «Анандай» болғаны ма? Мүмкін емес!
Қимаймын. Демалушылар серуенге шығатын себепті кешкісін манағы қызды сквердегі тербелмелі орындықта кездестірдім. Түйсігім алдамапты. Дөңгелек жүзді, күлгенде беттерінің ұшы шұқырлана қалатын ол сұлу еді. Келте қиылған шашы иықтарын жауып, қара көзілдірігімен өзіне тән ашық дауысы оған кереметтей жарасатын.
Ол өзі сияқты екі-үш жігітпен әңгімелесіп отырды. Тағдыр! Бірін-бірі қалай табады десеңізші? Әлде зағиптардың біз білмейтін түйсігі бар ма?
Сүйкімділігі тартса керек. Байқағаным, демалушылардың қай-қайсысы болсада онымен сөйлесуге құмар-тын. Тіпті жасамыстардың өзі бұрылып келіп басқа амал таппай: «Қызым, қай жерден келдің?». Келгеніңе қанша күн болды? – деп сұрап жатқаны. Дұрыс қой басқалай қалай етсін. Бізде соның біріміз. Жалғыз кейде жұртпен бірге осы тағдыры құпия жанға білсек деген сұрақтарымызды жаудырамыз:
- Атың кім?
- Айгүл.
- Ауыл қайдан?
Өзі айтқандай Айгүл Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, қазіргі Қазығұрт аулында 1986 жылы дүниеге келіпті. Қазақ қарап қалсын ба, тергей жөнелдік.
- Тұрмыста болғансың ба?
- Болғанмын.
Қызығушылықпен айтсақта оғаштау сұрақ қойғанымызды бәрімізде кейін білдік. «Болғансың ба» деп алдын-ала сәуегейлік танытқанша неге «тұрмыстасың ба?» - деп нақтылай сұрамадық деп өкіндік. Неге десеңіз бетінде күлгенде пайда болатын шұқыры жоғалып, сұқ саусағымен көзілдірігін сәл көтерген Айгүл тоқтап-тоқтап сөйлеп кетті:
Мектеп бітірісімен Шымкенттегі әлеуметтік-гуманитарлық Университеттің бастауыш сынып бөліміне оқуға түстім. Үшінші курста Тоқтар есімді жігіт мені құда түсіп алды. Үйленгенімізде ол жиырма алты, мен не бәрі жиырма бір жаста болатынмын.
- Ол кезде көзің көретін бе еді?
- Көретін!
Жылдам мінезді әйелді тездете түртіп қалдым. Айгүл терең күрсініп демін асықпай алды. Бәріде кейін басталды деді ол. Екінші ұлымды босанарда көз қысымым артты да бірден көрмей қалдым. Айтсам ешкім сенер емес, кешкісін сау. Ертесіне көрмеймін. Шуласа кеттік.
- Ай, айналайын-ай!
- Ботадай қыз жанарынан айрылып...
- Қаралмадың ба?
Қаралдым. Шымкентте Рощада көз аурулары емханасында он күн жаттым.
- Өзгеріс болды ма?
- Жоқ!
Бұрын ақ-қараны сезуші едім. Кейін мүлде тас қараңғылық орнады.
Тағатсыздана сұрап жатырмыз:
- Дәрігерлер не дейді?
- Глаукома. Көз қарашығы орнынан жылжыған деп тапты! Қаралмаған жерім қалмады. Үмітсіз екенін түсіндім.
- Сонан не болды?
- Сонан әлеуметтік қамту орталығы шақырып алып, қолыма магнитофонмен жиналмалы таяқ ұстатқанда денем дір ете қалды. Жылағанымды айтыңыз. Мүгедектік деген осы. Енді мен бірінші топтағы мүгедекпін!
- Обал, обал!
- Алланың ісіне шара жоқ.
Әркім мейлінше өз мүсіркеулерін білдіріп жатыр. Осы кезде кешкі ас мезеті басталып қалды да санитар қыздар Айгүлді демей қолтықтап ішке алып кіріп кетті. Сырттай қараған адам осындай сұлуда сымбатты қыздың өміріне аяушылықпен қарайтын. Ол сәл жымиып бойын тәкаппар ұстаған қалпы, тағдырына көнгеннің әсері болса керек нәзік те салалы саусақтарын жетектеушінің ыңғайына беріп қайда болса да кете баратын. Айгүлдің алып жүрудің өзі бір ғанибет. Жетектеуші оны кедергісіз жерлермен алып өтуге тырысып, баспалдақ не есік ашарға келгенде ауызша ескертіп отыратын. Қалғандарымыз бәсекелес бақылаушы ретінде қадағалайтынбыз. Онымен отырғанда әр дайым өзіміздің бар екенімізді сездіруге асығатынбыз. Жағдайын пайдаланып үндемеудің өзі ыңғайсыз. Ия, біз демалушылар солай жасайтынбыз. Бірде Айгүлді шыршалардың саясынан таптықта сұрағымызды қайта жалғастырдық.
- Сөйтіп көрмей қалған соң күйеуің не деді?
- Не деуші еді. Іше бастады.
Ол жиналмалы таяқшасын сипалай отырып ағытыла кетті:
Төздім. Алғашқыда мән бермедім. Бірақ ішінде айта алмай жүрген дерті бар екенін білетінмін. Бүйтіп күйікті болғанша айтса екен дедім. Ақыры айтып салды:
Айгүл сен кешір. Кластастарымның әйелдерінің бәрі көреді. Сен көрмейсің. Осы үшін намыстанамын деді. Олар келгенде тамақты да бөтен беретін болды. Отырғандар өре түрегелдік.
- Қатыгездік деген осы!
- Кетіп қалмадың ба?
- Кеткенде Нұрасыл, Нұрайдар балаларымды қимаймын. Әкем Тағайбайды да ойлаймын.
Бір кезде сүйіп қосылып едік. Күйеуім Тоқтар менің осындай халге ұшарағанымды түсінер деп ойласам, қателесіппін. Ол оны мұныны айтып тыншымды ала берді де, бір жылдан соң ақыры ажырасып тындық.
- Балаларың ше?
- Сот Тоқтарға шешті.
- Неге?
Мен бірінші топтағы мүгедек болғандықтан бағып-қаға алмайды екенмін. Тоқтар ол кезде мектепте оқу ісінің меңгерушісі болатын. Осыны айтқанда Айгүлден қиналудың табын аңғарармыз деп ойлағанбыз. Көндіккеннің әсері болса керек. Бірі де сезілген жоқ. Бар айтқанымыз.
- Күйеуің сол кеткеннен кете берді ме, сен не дедің? – деп жан ашырлық танытып жатырмыз.
- Не дейін бақытты болыңдар дедім. Ол енді шешілді. Айтарын айтсамда төбемнен жай түскендей болдым.
Дізерлеп отырып жалындым. Тағдырыма екінші тағдыр қосылды. Көрмеймін ғой. Оның қандай күйде болғанын білмеймін. Есікті тарс жауып шығып кетті. Еденге етбетімнен түсіп құлағанымды ғана білемін... Көпке дейін өзіме келе алмай жүрдім. Жалғыздық оңай дейсіздер ме?
- Дос-жаран тамыр-таныстарың бар емес пе?
Қайдан-н! Бірді-екілі хабарласқан болды да соңынан оларда тиылды. Бірақ үйренеді екенсің. Мен жылап, қарманып ыдыс-аяқ жуып жатқанда үлкен ұлым мама, жумашы демалсаңшы дейтін.
- Өзім жумағанда құдай жуып бере ме деп жұбататынмын.
- Құдай қайда дейтін ол.
- Аспанда!
Ұлым аспанға қарап о, құдай! – деп айғайлап, мама, құдай естімейді ғой деп қайтып келетін.
Бәріміз зілді әңгімеден серпіліп күлген болдық. Бірақ Айгүл күлмеді. Былай деді:
- Тоқтар балаларды кейін келіп алып кетті деді.
- Неге?
- Сот шешімі солай ғой.
- Әй, біздің соттар да... әлде біреу кейістік білдіріп жатты. Білесіздер ме, деді ол. Мама, сенімен бірге болғымыз келеді деп ұлдарымның жылағанын көрсеңіздер. Осыны айтып, Айгүл сәл үнсіз қалды. Үнсіздікті біз бұздық:
- Сонан бері бір өзің тұрасың ба?
- Жоқ, ә! Әке-шешеммен бірге. Әкем Тағайбайдың мен дегенде жаны бөлек. Қандай ашулы болса да сездірмеуге тырысатын. Әсте жанын ауырпайын деп ойлайды-ау деймін. Тағдырыма араша түспек боп қай жерлерге қаратпады.
Болмады!
- Екі көзің шырағың деген осы!
- Денсаулықтың қадірін білмейміз...
Қартаң кісілер аяушылық танытып күрсіністі. Бәріміз көңілсіз күйге түстік. Ал Айгүл олай еткен жоқ. Жаратқанның көрсеткеніне риза екенін білдіргел ол, маңдай кекілін бір сілкіп тастады да жаңа әңгіме бастап кетті.
Сіздер ойлағандай емес. Мен осы өміріме ризамын! – деді ол. Неге! Іштен туа біткен зағиптар ше? Мүлдем екі аяғы жоқ мүгедектерде бар емес пе? Есі дұрыс еместер ше? Мен жиырма төрт жыл болсада көрдім. Адам, заттардың формасының қандай болатынын білемін. Есім дұрыс. Балаларымды сағынамын. Ойлаймын! Ал ана бейшараларда ол түсінікте жоқ. Үйді үшбұрыш десең сенеді. Мысықтың табанын адамның қолы екен деп амандасуы соның дәлелі. Мен неге риза емеспін. Ризамын! – деді қайталай.
Тебірену деген осы шығар. Қарағандыдан келген апай орамалының ұшымен көзін сүртіп теріс айналды. Қалғандарымыз жер шұқыладық. Бетін басып тұрып кеткендер де болды.
Осыларды ойлай келіп тағдырыммен күреспек боп шештім деді Айгүл. Баяғы университетке барып оқуымды қайта жалғастырдым.
- Жарайсың Айгүл.
Аузы жылдам біреулер:
«Көзің көрмей қалса қалай оқыдың?» - деп те сұрап қалды. басқа түспеген соң білмейді екенбіз. «Брайлдік» альфавиттің, аудиожазба, арнайы аудармашының болатынында Айгүлдің әңгімесінен білдік.
- Сөйтіп?
- Сөйтіп интернетке кіруді үйреніп Әділет есімді жігітпен таныстым. Семейдің жігіті. Осы арада ол өзінің ашық даусымен бір күліп қойды.
- Үйлендіңдер ме?
- Үйлендік!
- Сау болса да үйленіп азамат екен!
- Сүйеді де... Айгүл сұлу ғой...
Сау болғанда Ресейде құрылыс колледжін бітірген. Мен үшін Семейден Алматыға келді.
- Бұрынғы күйеуің біле ме?
- Білсе білетін шығар. Оның менде шаруасы болмаса менің онда жұмысым қанша.
Үйленгеніміздің өзі қызық болды. Ата-анам алғашқыда Әділетке рұқсатын бермеді. Қызымыздың екінші рет жаны жаралы болғанын көргіміз келмейді. аулақ жүр! – дегендей сөздер айтты.
Бірақ Әділет қайсар екен. Нан, құран ұстап қоймады ғой.
- Сосын қайтті?
- Рұқсатын бір жылдан кейін берді.
- Қайтсін-ай!..
Қайтсін боғанда вата кимедім. Әділеттің тамыр-таныс, дос-жарандары жиылып үйлену рәсімін жасадық. Тұрғандардың бірі былай деп салды:
Айгүл кешір. Әділеттің түр-түсін білмейсің сонда қалай болды? «Болды» деген сөздің орнына «тұрмысқа шықтың» - деп айтылуы керек екен бәрімізде түсіндік. Ыңғайсыздау! Бірақ Айгүл қысылған жоқ. Былай деді. Білесіз бе аға, айтушылардың сөзіне қарағанда Әділет толық денелі қара торы жігіт екен. Мен оның түр-түсын емес адамгершілік ұстанымын жоғары бағаладым. Көзі көретін ол маған үйленбекші болғанда, көрмейтін мен қалайша жоқ дейін деп сықылықтай күлді.
- Рас-ау!
- Қазір қайда тұрасыңдар?
- Алматыда.
Тұрғандар Айгүлдің жағдайын өздерінше сан-саққа жүгіртіп жатты.
Қызым бұғанда шүкіршілік ет. Алла жанарыңды алғанмен сын-сымбат, сұлулықты бір адамдай беріпті деді жанымызда тұрған егде кісі!
Расында Айгүл кереметтей сүйкімді еді. Отырысы, тұрысы оған бәрі де жарасатын.
Ашық-жарқын күлкісінен оның қай жерде жүргенін біле қоятынбыз. Өзімізше, біз көңілдегі ең негізгі сұрағымызды қойдық:
- Балалардың ше, екінші күйеуің оларға өгейлік танытпай ма?
- Өгейлікті айтасыз. Жиен баламыз оларды әкеліп көрсетіп, апарып тұрады. Әділет оларды өз әкесінен артық еркелетеді. Тістелеп, қытықтап ойнап отырғаны.
- Жігіт екен!
- Әділет қазір не істейді?
- Бағбан.
- Қызғанатын шығар?
Қызғанғанда аға, әкемдей қамқоршы. тамағымды әзірлеп, туфлилеріме дейін тазартып береді. Қарайтын адамы жоқ демесін деп, бір жаққа шыға қалсам киімдерімді дұрыстап жатқаны.
- Махаббат деңіз!
- Жақсы көру деген осы...
Тағы біраз отырып, бәріміз риза қалыпта тарастық. Бұл әңгіме Сарыағаштағы «Айша - Бибі» шипажайында жаздың жылы күндерінің бірінде болған еді.
Осы тақырыпқа жазарда Айгүлдің қысқаша өмір-тарихын сұрап алған едім. Қалай жазайын? «Зағип келіншек» деп пе әлде «Тағдырлы қыз» деп алайын ба дегенмін. Ол аз ойланып күрсінді де:
- Ой, ағай! Бүркемелеп қайтесіз. Көнгенмін. Бәрінде өз атымен атап, «Көзі көмейтін қыз» деп ала беріңіз деген соң осылай алдым.
Турасында балалары болып, екінші күйеуге шықса да Айгүлдің шипайжайдағы атауы «Көзі көрмейтін қыз» болатын.
Әне сола-й!
.