Адам қарады: 43 | Жарияланды: 2017-09-17 05:57:52

Шертолғау

Мені жалғызсыратты қайта көмескі үн,
Шомылғанда сәулесіне мезеттің.
Ұғындым,
Өткенімнің көлеңкесі емессің!

Талай ұран айтылады керексіз,
Шындығында, шынарым,
Ойды кезген елеспіз.

Дұғаларды ұмытқанда киелі,
Ең ұнамсыз сағатына күнәнің,
Сұлулығың басын талай иеді.

Мен де ұмыттым,
Бұл уақыттың күйісін
Елемеймін.
Аңсап кетем тұнжырап,
Кәрі әжемнің шаштарының иісін.

Қазақ тілінде жазылған