Адам қарады: 71 | Жарияланды: 2017-09-17 05:59:39

Тілек

Бұғауындағы барларға тұр ма ауық күле,
Қаңғыған қарт - қасірет?
Сені Бабалардың сан жолды сырлы әжіміне,
Кетеміз бе жасырып?

Толқын жалдыны толқытып маң отау кездің,
Жүректің жарып солқылын.
Тау шоқысындай қылаңды жанартау көздің,
Жасын кесеге толтырып.

Шоқынған шырай замана малтасын малды,
Сорға былғанған шағы ұрттап.
Әруақ әрлі даланың жартасын мәңгі,
Еңіретті сол жарықшақ.

Бір ғасыр өтіпті ботадай түбіті мүлгіп,
Бөрі жұтымы - екінді.
Мағжан да ақшам көнерген үміті үркіп,
Төре тұқымы секілді.

Отты кеуделер сабалап қызығым кейпін,
Шоқ күйіндемін қалғыған.
Түс көріп жүр ме біздің өң өзі білмейтін,
Күйік иісі аңқыған.

Елітіп жүрген кештегі дерт - шұғылалы із,
Танытып жүрген Хақты ашып.
Төрт әріп - Алаш, жердегі төрт құбыламыз,
Төртқұлақ зиратта жатпашы!

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған