Кішкентай тілазар
Қыстың қысқа күні,
Батыр ұзақ ойнады.
Тыңдамады анасын,
Қой десе де қоймады.
Енді міне тамағы,
Қарлығып тағы тұр-ау.
Дәрігер келіп қарады.
Деді «Бұл- тұмау».
Енді емделу керек,
Сырқат емес оңай.
Емделеміз қалай?
Тамақ шаю, майлап-сылау,
Батыр үшін болды сынақ.
Айқайлайды, ойбайлады,
Құтылмады бірақ.
«Ұнамайды емдерің,
Керек емес дәрі де.
Ұйықтап тұрсам дәл қазір,
Жақсы болад бәрі де!»
Бірақ, оған болмады,
Көтеріліп қызуы,
Қызарып кетті беттері.
Батыр ұйықтап тұрса да
Төсектен тұрып кетпеді.
Келді тағы дәрігер,
«Бәрін өзің шешетін,
Ұқсамайсың балаға.
Дереу саған жату керек,
Көп күттірмей емханаға».
Тек сол кезде Батыр бала,
Дәрігерді тыңдады.
Дәрі ішіп, ем қабылдап,
Мүлдем қарсы тұрмады.
Бала ауырса жазылсын деп,
Дәрі-дәрмек береді,
Тез сауығып кету үшін,
Тілазарлық кедергі.