Махаббаттың ажалы
Тоғыз актіден тұратын таргедиялық- драма
Қатысушылар:
Нұртас-сәулетші
Таңгүлі -дизайнер
Бекбол -кәсіпкер
Сәбира-экономист
Ғалия - экономист
Жайлау-бизнесмен
Бұқар- киллер
Ғалым-олигарх
Азамат-олигархтың баласы
Сәуле –әйелі
Сыган әйел.
Қыз-жігіттер–КЭМП-ті бітіруші жастар.
Бірінші акт
бірінші көрініс
Ғашықтар
Көктөбе
(түнгі көрініс)
( Сахна көрінісі. Алматы. Көктөбе .Бір топ КМЭП-бітіруші жастар қоштасу кешін тойлауда. Баяу есілген «Сағындым-Алматымды» әні естіледі. Қыз-жігіттер дуылдасып , әңгіме дүкен құруда. Ортада сымбатты жігіт Нұртас пен сұлу бойжектен Таңгүлі би ырғағымен жәй қозғалуда.)
Таңгүлі( жігіттің иығына басын сүйеп) – Нұр, қарашы қандай керемет көрініс!– (биіктен түнгі Алматыны көрсетеді.) – Қала шамы биіктен шашып жіберген жұлдыздар тәрізді. Осы ғажайып шаһардағы бес жылымыз бес күндей болмай өте шықты-ау.
Нұртас: ( қыздың маңдайынан өбеді ) - Ол біздің жастығымыздың , , мөлдір махаббатымыздың куәсі.Оны ешуақытта ұмытпаймыз.Үбірлі -шүбірі болған соң , балаларымызды әкеліп, осы арадан анау төменде жатқан ертегі елін тамашалаймыз.
Таңгүлі:-– (көзін жұмып) Сенімен алғашқы кездескен сәтті есіме түсірудемін.
Нұртас:– Қымбаттым, сол сәт менің мына мишығымда , яғни флешкімде жазулы. «Сохранить»дегенді басып, мәңгіге сақтап қойдым. Айтайын ба? Біз Нұрила екеуміз соңғы пардан шығып, достарымызды күтіп тұрғанбыз. Сол сәт басқалдақтан өткен дәуірде сұлулығымен әлемді таң қалдырған Клеопатра түсіп келе жатты. Мойны құрықтай, жүзі мәрмәрдей аппақ, тостағандай көздерін ұп-ұзын кірпіктері қалқалап, билеп келе жатқандай ,аяғының ұшымен ғана қозғалады.О, жасаған, мұндай періштені түсіңде көрмесең. Өңіңде көру мүмкін емес қой. Мен естанды боп қалдым. Ерік деген сол еліктің лағына еріп кеткендей.Жан-жағымдағылардың бар-жоғын ұмытып, саған қол созып, джентельмендік жасағаным ғана есімде. Сол күнен бастап ,сенен басқа ешкімді көрмей көр соқыр боп қалдым.. Өтірік деші..
Таңгүлі : (Күліп ) – Рас, жаным рас. Мен де сені бірден байқадым. Сенде өзгеше едің. Бірден байқағаным,қой көздерің мейрім шуағын шашып, күлімдеп тұрады екен. Көзі күлген кісіден бойыңды аулақ ұста деп анам айтушы еді. Бірақ , сенің нұрлы келбетің мені де селт еткізді.- Көп рахмет, ешкімнің көмегіне зәру емеспін дегенім есім де , бірак, сенің қолтығымнан демеген жып-жылы саусақтарың тұла бойыма адреналин таратып жатқандай , сезіндім.
Нұртас ( ой , қарлығашым..) ,– Сен аппақ лағыл тістеріңді жарқ еткізіп, жүрегімді жандырдың да, бұрылып жүре бердің. Менің аузыма сөз түспей, жанымда тыпыршыған Нұрилаға бұрылып, «Бұл кім?!»дедім....Ол « Жүрсеңші, неге сонша аузыңды ашып қалдың » деп ұрыса жөнелді. Сол күннен бастап, сен жүрген маңды айналшықтап шықпайтын болдым ғой.. Тіпті жерлес екенімізді де кейін білдім емес пе?!
Таңгүлі: (сықылықтап)– Сені көрген қыздар әне Ромое келеді , Джулетта қайдасың ?– деп мені әжуалайтыны есің де ме?!.
Нұртас:(доп қуып,жүрген жігіттерге қиын болатын.Сен есіме түссең . ойыннан қашып кететінмін)–Сені бір күн көрмесем , бойыма ас батпайтын.Ылғи біреулер ғайыптан арамызға түсіп, сені айнытып жіберетін дей алаңдайтынмын..
Таңгүлі: ( алысқа қарап, ойлана сөйлейді)– Ал мен ше, әсіресе , сені мектептегі махаббатың Нұриладан қатты қызғанатынмын. Ол деген жанып тұрған от қой. Оның пысықтығына қызығамын. Ал, билегенде, елдің бәрін аузына қартады.Сен де кейде мені тастай салып, ортаға түсіп, билей жөнелесін. Сондағы күйімді сезсең.Мен биге шорқақпын.. Мектепте би үйірмесі болған жоқ.
Нұртас: (қызды құшағына тартып )–Бірақ екі көзім сенде болады.
Таңгүлі : – Иә..иә ..оны мен де сеземін.. Би аяқталысымен жаныма жетіп келетінсін.
Нұртас:– Таңгүлі қарашы , төменге қарашы .Қандай сұлулық.Көліктерді қара .Жыбырлаған қоңыз тәрізді. Адамдар қандай қызық болып кеткен. Кіп-ішкентай.Тіпті қала , түнде де ұйықтамайды екен-ау.–Жаным, сенің студенттік өмірмен қоштасу кешін «Көктебеде» өткізейік деген ұсынысың қандай жақсы болды. Мынадай сұлулықты көзбен көру бір ғанибет қой. Ақын боласм, осы жерде тұрып жырдың тиегін ағытар едім. Әттең, ондай өнерім жоқ,
(Бір топ қыз-жігіттер бұларға таяп келді.Ішінде Нұрила бар)
Қыздар : – Ее.. қос ғашық , бес жыл бойы айтып тауса алмаған сырларыңды әлі жалғастырып келсіңдер ме, одан да, екі жарты бір бүтін болатын уақыттарың жетті ғой. Той қашан, соны айтыңдаршы? Сендердің тойларыңды күте- күте екі көзіміз төрт болды. Мұндай сезімге де,төзімге де берік болармысыңдар?! Сендердің бер жағыңда, қанша жұп той жасап, уже айырлысып та үлгерді.
Нұртас( сұқ саусағын шошайтып):– Міне..міне соны айт. Асыққан шайтанның ісі. Біз той жасаймыз, бірақ айрылыспаймыз, мәңгі бірге боламыз. Сол үшін де асықпаймыз. «Асықпаған арбамен қоянға» жетеді деген .
Қыздардың бірі: –Байқа, Нұртас, асықпаймын деп жүргеніңде , қояныңды біреу қағып кетіп жүрмесін.
Нұртас:– (күліп) Біздің қоян бір қолға үйренген, алып қашуға көнбейді.
Қыздар бен жігіттер : –Қош ғашық, онда Сіздерге арнап , ақиық ақын Мұқағали Мұқатаевтың «Махаббат монологін» , мынадай табиғаттың сұлулығы аясында, Көктөбенің төбесінде тұрып, орындап берейікші. Сіздердің де, біздің де есімізде қалсын бұл кеш..
(Қыз–жігіттер қос ғашықты айналып, өлең оқиды):
–Құс болып ұшып жоғалсам , не етер едің? –деді көгілдір көйлек киген ару.
–Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.–деді жігіт.
–Отқа түсіп өртенсем , не етер едің?
–Күл боп бірге соңыңнан кетер едім..
–Бұлдырасам сағымдай не етер едің?-деді көрікті қыз күлімсіреп.
–Жел боп қуып ақыры жетер едім.-деді сері жігіт көгілдір көкті қолымен нұсқап.
–Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?– деді сұлу күлімдеп.
-Қойшы ,сәулем, бәрін де көтеремін ,–деп жігіт қызға қолын созды..
(Жастар ду қол соқты. Нұртас пен Таңгүлі құшақтарын жазбай тұрып, қатты тебіренді).
Нұртас: – (қол соғып) Достар, бұл бізге ғана емес, күллі ғашықтарға арналаған ғашық жүректің дүрсілі. Өзі де Алатаудай биік ақын жырының Көктебенің ұшар басында оқылуы қандай жарасымды! Сіздерге көп-көп рахмет! Бұл бір ұмтылмайтын сәт болды.
Таңгүлі :– Шынында да, мен осы керемет арнауды талай рет оқыдым.. Бірақ , тап осы кеште, жер мен көктің ортасында тұрып, тебірене тыңдау ерекше әсерлі екен. Рахмет достар. Сіздердің әрқайсың мөлдір махаббатқа лайықсыңдар.Армандарың орындалсын.
Қыздар:- Алла жазса, Сіздердің тойларыңда да осы монологті орындап береміз.
Нұртас пен Таңгүлі: – Келістік .Тамаша болар еді. Осы кешті де есімізге саласыңдар.Ол күнде алыс емес.
Қыз-жігіттер қосылып,»»Сағындым Алматымды» әнін салады. (Сахна жабылады.)
Екінші көрініс
Сыган церинадасы
( Күндіз.Сахнада бір топ студент жастар.Шат-шадыман күлкі, әзілдері жарасқан жастар дуылдасып келе жатады.Нұртас пен Таңгүлі оңаша қалады.)
Нұртас(қыздың саусақтарын уысына қысып)– Гүлім, уақыт қандай тез, кеше ғана оқуға түскен сияқты едік , міне, оқуды бітіріп , диплом алдық. Мен дипломды– сәулетшімін. . Сен дипломды –дизайнерсін. Көп ұзамай ата-аналарымыздың алдынан өтіп, дуылдатып той жасаймыз.
Таңгүлі: –Қойшы Нұртас, соншама дүрілдетіп неге керек, жақын- жуықтарымыз болса болмай ма?
Нұртас:– Жо-ға... мұныңа келіспеймін.. Мен ол күнді дуылдатамын, дүрілдетемін. Барша әлем көрсін менің сүйген жарымның айдай сұлу екенін. Сені көрген жанның бәрі таңқалатын болады.
Таңгүлі:– (Нұртастың қолынан тартып).Ана жаққа қара, қыздар әлденеге үймелеп жатыр. Жүрші, барып көрейік.
Нұртас:– Тоқташы, жаным, оңашада ерніңнен бір рет қана сүйейін...Онсыз да мен сенің рұқсатыңсыз жаныңа жолауға қорқамын....
Таңгүлі:–Өй , қорқақ, әлгі бір өлең бар емес пе, қыз да болса үмітің, батылдау бол жігітім..
Нұртас:– Әә...әй сұм қыз, солай ма, мен сені аялап, мәпелеп жүрсем..ендігәрі есте болсын...
Таңгүлі:– Нұр...ойнап айтамын... сенің үйіңе судан таза . сүттен ақ болып, ақкөйлегіме дақ түсірмей кіргім келеді... Есіңде болсын..маған саусағымның ұшын тигізбеймін деп уәде бергенсін...
Нұртас:( қос қолын көтереді)
Нұртас:– Сөзінде тұрмаған жігіт жігіт емес – мігіт. Менің мігіт болғым келмейді. Уәде..Уәде...
(Нұртас қыздарға қарай жүгіріп бара жатқан Таңгүлінің соңынан тамсана қарап тұрып қалады. Жол жағалауындағы биік еменнің түбіне емініп қалған жастар «ендігі кезек менікі...менікі... », деп үсті-басы алба- жалба сыган әйелінің жанына топырлап қалған.
Нұртас: (қызды қуып жетіп)––Таңгүлі , олар шылғи өтірік айтады. Болашақты болжап қайтесін,–деп алдын кес-кестейді. (Қыздың біреу қақпаласа қасарысып қалатын өжеттігі ұстап, алға қарай ентеледі)
(Алдына келген жас сұлудың мінсіз жүзіне тесіле қараған сыган көзін, жұмып,басын шайқады да:
–Әрі..әрі тұрыңдар ,–деп айналасындағыларға қолын сілтейді.
Сыган әйелі (көзін жұмып, қыздың тамырын ұстап) –Ах...айдай сұлу бойжеткен,сенің нұрлы бейнең , суалып бара жатқан жанарыма жарық нұр түсіргендей ,көз алдым жарк етті. Сені көріп, жас кезімдегі өз бейнемді елестетім.. Уһ...Уһ...ой-хой... сұм дүние-ай....Сұлуларға сұғын қадаған опасыз дүние.. Жүзің нұрлы, жүрегің таза болғанмен, тағдырдан татар дәмің ащы екен..Сорлы бейбақ....(Қыздың білегінен ұстаған сиқыршының тұла бойы қалшылдап, Көзі аларып кетті.)
– Әй, бәйкүне сұлу, бұл жалғанда сүйгеніңе қосыла алмай, арманда өтеді екенсің...Көңілің құсадан, өмірің қысқадан болады екен...Уф..уф ..бойыңда сұғанақ көздің уы бар екен, сусылдақ тілдің сұғы бар екен.. Ее..е.. байғұс қыз, алдыңда асу бар, алыстарға қашу бар... (Таңгүлі ашуланып, қолын жұлып алды да, сыганның алдына тұтас мың теңгелікті тастай салды )
Сыган әйел: (селкілдеген күй) – Е, пенде шіркін, мен сендердің бергендерің үшін жазымыштан озып, жалған сөйлей алмаймын. (Сәуегей жұмуыл көзін ашып алды.Жанары аспан түстес көкпеңбек, сұп-суық екен.Ол әрі қарай Уу..Уу.бей-шара...ауа қарманды.)
( Таңгүлінің құп-қу өңіне үңіліп, сұп-суық қолынан ұстаған.)
Нұртас: –Не деді , соншама бүлінетіндей.Мен саған айтпадым ба, барма, алдайды деп. Олар ақша алу үшін аузына келгенді айта береді. Қыз дел-сал..
Екінші акт
үшінші көрініс
Өткен күннің белгісі...
(Сахнада сазды музыка әуені)
Сахна сыртындағы дауыс: – (Қаланың ортасындағы бесқатарлы сұрғылт үйде бірнеше ЖШС-тің офистері орналасқан. Таңгүлінің анасы Сәбира жаңа қызмет орнынан түскі үзіліске шығып бара жатып, күйеуінің бір кезде көңілдесі болған Ғалиямен коридорда бетпе –бет ұшырасып қалады.. Сәл толысқанымен жас кездегі сән-салтанатынан айырылмаған сылқым келіншек мұны да танып, ернін жыбыр еткізіп, амандасқан ищарат білдірді..Оның қасындағы жас жігітті көргенде, Сәбира есінен танып қала жаздады. Ол –қызының сүйген жігіті–Нұртас. Төбесінен біреу суық су құйып жібергендей, шошынған әйел аттап басуға әлі жетпегендей, қалшиып қалады. «Сонда бұл Ғалияның баласы болды ғой!» деп ойлаудың өзі қорқынышты болып көрінді. «Тіпті Бекболдың баласы болса ше?!» Маңдайынан бұрық еткен суық терді саусағымен ысырған әйел «Жоқ! Жоқ!» Ол мүмкін емес.» О, тоба, қырсығыңнан сақтай гөр»деп күбірледі. Сол сәтте :
Нұртастың : –Анашым,қажет болсам, телефон шал ,–деген даусы анық естілді.
Сәбира (Өзімен-өзі): – Жоқ,жоқ .Ол мүмкін емес. Бұл әйел Бекболмен әуре болғанда, бір баласы бар деп естіген. Бұл сол болар. Егер солай болғанда да,асыл жарын құшағынан суырып алып, бір жыл бойы көзінен жас , көңілінен қайғы кетірмеген әйелмен ендігі жерде «құдағи» деп сызылып, сыйластықта болуы керек пе?! Бұған оның ерік-күші жете ме?! Бір кезде отбасының жылуын кетіріп, бала-шағасын шулатып, күйеуінің нақ сүйеріне айналған әйелді енді қалай қабылдамақшы?! Бұл жағдай асқынып кетпей тұрып, алдын алу керек.Еегер қызы араласып қойса ше?! Сонда да мұндай махаббатқа жол бермек емес. Ол менің өлігімді аттап қана Ғалияның босағасына келін болып түседі. ( Күтпеген соққыдан есін жия алмаған ол , кабинетіне кірген соң жанындағы әріптесіне)
Сәбира:–Сіз Ғалияны танисыз ба?–деді.
Экономист(жалт қарады)– Әә.. Ғалия Өсербаевна ма, олардың офисі екінші қатардағы құрылыс компаниясы. ЖШС-те күйеуі директор, өзі экономист.
Сәбира:– Нұртас соның баласы ма?
Экономист :–Иә, үлкен баласы.Жақында КЭМП-ті бітіріп келді.Архитектор. Бір қыздың маңдайы жырта қарыс болып ашылғалы тұр.
Сәбира:-– Сонда баласы біреу ме?
Экономист:–Мен көп білмеймін. Бірде туған күніне шақырған. Жұрттың өсегіне қарағанда, Нұртас алғашқы күйеуінен , екінші баласы туралы білмеймін.Ол да ержетіп қалған. Қазіргі күйеуден баласы жоқ.Оны неге сұрадыңыз? Бұрын танитын ба едіңіз?
Сәбира :– Әншейін.
(Оның басын ұстап біртүсті күйге түскен түрін сезген):
Экономист:–Сәбира Таласовна, түріңіз бұзылып кетіпті. Ауырып отырған жоқсыз ба? Сіз барлық бағдарламаны жақсы меңгергенсіз.Сондықтан үйіңізге барып дем алыңыз ,су әкеп берейін бе ? ( Осы кез үстеріне жүзі гүл-гүл жайнаған Ғалия кіріп келеді.)
Экономист (орнынан ұшып тұрып, жалпылдап:–Пәлі, Ғалия Өсербаевна кіріңіз, кіріңіз, сізді көргеніме бар уақытта қуаныштымын. Өзіңіз қандай жасарып, құлпырып кеткенсіз. Просто перелесть! ( Ғалия қызарақтап Сәбираға қарап , басын изейді).
Экономист :– Не жаңалық? Нұртасыңыз үйленейін деп жатқан жоқ па? Қандай керемет жігіт! Қандай әдепті, қандай мәдениетті! Қандай сымбатты. Біздің компанияның қыздарының барлығы оған сырттай ғашық. Ол келгенде барлығы терезеге жабысып қалады. Қызы да бар шығар?
Ғалия( қабағын шытып) :– Жақсы жігітті кім жек көрсін! Әзірге жіп таққан ешкіміз жоқ..Бірақ институтта бір сұлумен бес жыл бойы жұптары жазылмады. Екеуі сондай жарасымды.Бұйырса , жақында тойлары да болатын болар .Тіпә..тіпә.,тіл-көзден аулақ болғай... Ондай жаңалық болса ,бірінші сіздерге айтам ғой.»
Сахнадағы қосымша дауыс: (Ғалия көзіңнің қиығымен Сәбира жаққа қарап алды да, баяғы еркін де, ерке сиқырлы күлкісмен сылқылдады. Сәбираның тұла-бойы түршікті. Оның осы күлкісі қақ төрінен қайта төгіліп, тағы да Бекболдың жүрегіне шоқ түсіруіне қалай жол бермек... Ғалия төмен қарап , қағаздарын ауыстырып отырған Сәбирадан сескенді ме, құрбысын ымдап оңашаға шақырды. Екі әйелдің шиқылдаған күлкісі жүйкесіне тиіп ,титықтап отырған да,
Кабинетке компанияның вице-президенті
Ғалым кіреді.( Әдеп сақтап орнынан көтеріле берген Сәбираға):
–Сәбира ,отыра бер.Сені әріптестерің мақтап компьютердің құлағында ойнайды деп жатыр. Үйде отырып жұмыс жасағансың ғой.
Сәбира:–Құрдасыңыздың барлық бухалтерлік , экономистік құжаттарын мен жасап беремін. Ол да жұмыс. Асыл тұқымды жылқы фермасын ашамын деген соң , бүкіл бизнес жоспарын құрып бергенмін.
Ғалым:– Олай болс, мына кісіні жібере беремін. Ол жоғарыдағы құрылыс компаниясына ауысқысы келіп жүр. Сол жайлы сөйлесіп тұрған болар. Біз ешкімді ұстамаймыз. Менің келген бұйымтайым– сенбіге Сіздерді отбасыңызбен үйге қонаққа шақырамын. Жаңа Бәкеңе де айттым, студенттік кездерді ,жастық шақты еске алып , бір сергіп қалайық. Айтпақшы, қызыңды да ерте кел. Азаматпен таныссын-біліссін, достығымызды жалғастырсын.
Сәбира (қысыла , баяу үнмен):–Әуреленіп қайтесіз, біз шақырып жібереміз деп жүргенбіз.Бекболдың жәйбасарлығын білесіз ғой.
Ғалым:–Игіліктің ерте-кеші жоқ .Үлгереміз.Ал қазір кете берсең де болады. Келесі жетіден бастап өзің істейтін боласың.
Сахнадағы дауыс: (Бастықтан рұқсат алған Сәбира коридорға шыққанда, екі келіншек әлі сыңқылдасып тұрды. Осы кез есік алдында анасын күтіп, көлігінен шыққан Таңгүліні терезден көрген Нұртастың шешесі бұдан аз уақыт бұрынғы Сәбираның күйіне түсіп, шоқ басып алғандай, ыршып түсті.Оның да бір кезде өзінің көңілдесі болған, кіші баласының әкесі Бекболмен құда болып, қайта кездесуге зауқы соқпаған еді...)
Отбасының құпиясы
(Жиһаз толы ,жайлы үй. Басын орамалмен таңып алған Сәбира. Осылай қатты ашуланғанда, немесе бір нәрсеге жүйкесі жұқарғанда, сол жақ шекесінен жармасып, көзін аштырмай тастайтын бұл ауру әбден сүйегіне сіңген. Сонау күйеуі көзіне шөп салған жылдары жиі ауырып, қалаға келген соң, сиреген. Бүгін таңертеңнен көзінің алды көбелектеніп, аурудың алғашқы белгісі білінген. Қазір шекесі солқылдап,шығып барады.Тағы бір аналгинді аузына салып жібереді.)
Сәбира (өзімен бірге кірген қызына қарап):–Шай қой.Екеуміздің әңгімелесуміз керек,–деді диванға қисая беріп.
Таңгүлі:–Қазір киімдерімді ауыстырайын ,–деп бөлмесіне кіріп кетеді.
–Апа ,шәй дайын. (Таңгүлінің дауыс асхана жақтан естілді. )
Сахнадағы дауыс:–(Орнынан шоу көтеріліп, ас үйге өткен Сәбира Таңгүлінің табиғат аямай берген ажарына сүйсіне қарап алды да,оның алдында әрі де талай жігіттің табынатын көңіліне медеу тұтып, сенімді үнмен сөзін бастады. Бірақ, бұл жолы байғұс ана бақтың тек қана сұлулыққа тәуелді емес, тайғақтығын ескермеген болатын.)
Сәбира:–Қызым менің әңгімем саған жақпас.Ең бірінші сұрағым– Нұртас екеуіңнің араңда қандай байланыс бар? (Таңгүлі жанарын төмен салып, қолындағы жұқа кесенің ернеуін сипалайды. Анасымен бұрын-соңды мұндай тақырыпқа сөйлеспегендіктен , жүзіне лып етіп қан жүгірді.)
Таңгүлі :– Ешқандай.Біз бір-бірімізді ұнатамыз. Достығымызға бес жыл болды.
Сәбира:–Оған да шүкір.( ауыр күрсінеді)
Таңгүлі:–Апа , біз сөз байласқанбыз.Оқу бітірген соң ,қызметке орналасып, пәтер мәселесін шешкен соң, қосыламыз деп шешкенбіз. Сіз турасын айтыңызшы,Нұртас ұнамай ма?
Сәбира(басын қыса ұстап , тікейіп отырды):–Қызым, біреуді сыртынан ғайбаттап, обалына қалып қайтемін. Жігіт жақсы болар. Бірақ, оның анасын көргенде, ескі жараның аузы өз-өзінен ашылды. Мен бір сыр айтайын. Одан арғы шешімді өзің қабылдайсын. Мұны айтпауға хақым жоқ. Әкең кеншардың директоры болғанда, Нұртастың шешесі оның қармағында экономист болып қызмет істеді. Сен сол жылы дүниеге келгенсің. Өзі сұлу, өзі жесір әйелдің кеңсеге келуі, шағын ауылды дүр еткізді. Қысқасы, сенің әкең мен Нұртастың шешесінің арасында «служебный роман» басталды... ( Қыз орнынан атып тұрады.)
Таңгүлі :– Апатай, бір нәрсені шатыстырып тұрған жоқсыз ба?!
Сәбира:–Жоқ қызым. Мен болған оқиғаны ғана айтып отырмын.
Таңгүлі:–Сонда Нұртас менің ағам ба?!
Сәбира:–Ол мүмкін емес. Себебі Ғалия біздің ауылға келгенде, оның бірінші сыныпта оқитын баласы бар деп естігенбіз.Сол осы Нұртас болды. Ол сенен екі-үш жас үлкен. Бірақ Ғалия біздің ауылдан кеткенде, сенің әкеңнен аяғы ауыр деген өсек өрттей қаулады. Демек, ол үйде сенің қандас бауырың өсіп жатыр. (Қыздың жүзі ақ шүберектей бозарып, буын-буыны босап , отыра кетті.)
Сәбира (басын таңған орамалды жұлып тастады):–Әрбір ата-ана қызын ұяға , ұлын қияға қондырып,олардың бақытты болғанын армандайды. Бірақ мен бір кезде өзімді жесір еткен, балаларымды жетім еткен әйелді ендігі жерде отбасыма жақындатқым келмейді. Шешең ендігі қалған өмірінде тыныш, алаңсыз өмір сүрсін десең, Нұртасты ұмыт! (Сәбира ауыр қозғалып, орнынан тұрды.) Ештен кеш жақсы деген. Мен бар шындықты айттым. Ендігі шешім сенде. Не мені, не оны таңдайсың.Екінің бірі!
****
(Таңгүлінің бөлмесі.Отырған орнында тас мүсіндей қатып қалған қыз өзінен -өзі күңірене күмбірлейді. ):
«Қалайша, мен оны біржолата ұмыта аламын?! Ұмытпағанда, осыдан соң, оны бұрынғыдай жақсы көру, онымен бірге тұрып, бақытты болам деу мүмкін бе?! Жоқ! Жоқ! Ол мүмкін емес! (Осы кез оның ұялы телефоны безілдеп, бетінен Нұр деген жазу шықты. Қыз дірілдеген саусақтарымен бос емес деген кнопканы басты да, телефонын өшіріп тастады. Күңіренген музыка.Қыз бетін басып, отырып қалады.)
Сахнадағы дауыс:– Таңгүлінің Нұртаспен бірге өткен бар өмірі бейне таспа түсіріліміндей көз алдынан тізбектеліп өтіп жатты. Өткенін ойласа, бәрі-бәрі Нұртаспен байланысты екен. Таңгүлі осы кезге дейін онсыз өмір бар, онсыз тіршілік бар деп ойламапты. Ол бір сәтте өзін қоршап тұрған қара орманы өртеніп,, айдалада жападан жалғыз қалғандай сезінді. Тіпті сырын айтар ,жанына жақын тартар досы да жоқ екен. Ол осы кезге дейін бар тіршіліктің мәні де , сәні де Нұртас деп келген екен. Оның достары -мұның досы. Оның қалауы –мұның қалауы. Бұл өзіне таңдау тастамапты! Бұл қалай соншалықты еркін билеген , ессіз махаббат?! Әлде басқалай бір сыр бар ма! Ол менің туған ағам болғанда ше, білмеген у ішеді деген осы. Бұл біздің қатеміз бе ? Жо..қ..., жо... оқ.. ата- анамыздың қатесі! Бірақ солардың күнәсінің азабын біз тартуға тиістіміз.Осы да әділдік пе!?
Сұлулықтың да сыны мен салмағын сезінетін ол кейде өзінің елден ерекше көріктілігі бақытқа емес, бақытсыздыққа бастайтындай, тұла бойын қорқыныш билейтін. Нұртастан көз жазып қалам ба деген үрейге толы күндерді басынан өткеретін. Маңын жағалаған көптеген сұғанақ көздерді сезсе де, олардың сүйгенінің көзіне түсіп, қызғанышын оятпауын қалайтын. Бірақ, үнемі бір сенімсіздікте, сергелдең күйде жүретін. Соның аяғы осы екен ғой?! Ендігі өмірінің мәні не?! Шынында да , бір кезде әкесінің нақ сүйері болған жігіттің анасын, бұл екінші анам деп қабылдай алар ма? Жоқ! Тіпті оны қойғанда,оның үйінде қандас бауыры өсіп жатса? Оны кім деп атауға тиіс?! Демек. Бәрі бітті. Жүрегіңді жұлып таста! Сезіміңді су құйып сөндір! Ертеңнен бастап, тіпті қазірден бастап Нұртас деген жігіт сенің өміріңде болған жоқ. Бұдан былай болмайды да!!
Таңгүлі қолына сурет салған альбомын алып, екеуінің бірге жүрген бақытты шақтарының белгісіндей суреттерді ұсақтап тұрып, жыртты. Бәрінде «Жаным –ау, менің не жазығым бар» деп, күліп тұрған Нұртас, «Оны шешеңнен сұра!» ызаланған қыз , қолындағы сүреттерді күлдей ғып жыртып, өртеп, оның бықсып жанғанына қарап отырды.
Сахнадағы дауыс :– Тағы телефон. Бұл Нұртас.Іле СМС түсті.
Нұртас телефоннан :– «Таң , не болды. Кездесейік.Мен сені мәңгі сүйемін!» деген бейнежазба жолдады. Қыз сол бойы:
«Ал мен сені сүймеймін. Нұртас , бәрі бітті. Мені аясаң , енді мазалама ! » деп жазып жіберді.
Сөйті де таң қалды. Жүрегі бұрынғыдай алып –ұшпайтын тәрізді. Жүрегі бұрынғыдай ол деп солқылдап соқпайтын тәрізді. Бір мырғау күйде. Шынында да, біз пешенеге жазылғаннан атап кете алмайтын шығармыз. «Жазымыштан озымыш жоқ» . Ол тым бақытты болып кеткеніне сенбейтін.. Жалпы бір- бірін құлай сүйген ғашықтар ешуақытта қосылмайды , қосылған күнде бақытты бола алмайды, деген қағида дұрыс шығар.
Сонау сыганның ашқан балы көпке дейін көңілін күпті етіп , ойынан шықпай жүргенмен, келе-келе ол да ұмытылған. Енді сол алым- жұлым бақсының айтқандары есіне түсіп, тұла бойы түршікті. Жамандықты білмеген жақсы деуші еді. Құдай-ау, сол сиқыршының алдына мені кім сүйреді десеңші! Шынымен, оның айтқаны келсе ше?!. Бірақ адамның тағдырды өзгертуге күші жете ме?! Жетпейді. Тағдыр деген бір еркіңнен тыс күш. Жетелесе, еріп отырасың.
( Есікті түртіп, әкесі кіреді)
Бекбол:–Қызым, аурып қалған жоқсың ба?.
Сахнадағы дауыс: - Таңгүлі бөгде біреуді көргендей, оның бетіне самарқау, самсоз кейіппен тесіле қарады. Жанындай жақсы көретін ерке қызының жанарындағы жат, жатырқау сезімін байқаған Бекбол оның жан дүниесінде бұл білмейтін бір құбылыстардың болып жатқанын сезгендей, әлденеге тіксініп қалды..
Бекбол:–Көңілсізсін ғой, бәрі жақсы ма ?
Таңгүлі:–Аздап басым ауырады.
Бекбол:–Шешең де басым деп жатыр. Жатып дем ал. Жұмыс жағыңа айтармын.
Таңгүлі: –Жоқ. Барамын.Жиналып жатырмын.
Сахнадағы дауыс: – Әйелінің де, қызының да көңіл күйлерінің бұзылғанын неге жорырын білмеген Бекбол «бұларды түсініп болмайсын» деп басын шайқап, шығып кетті.).
Үшінші акт
төртінші көрініс
Олигархтың үйі
Сахнадағы дауыс: – ( Бекбол ,Сәбира,Таңгүлі мұнай саласының олигархы Ғалымның үш қатарлы сәнді коттеджісін аралап , тамашалап жүр. Қымбат арабтық жиһаздар көздің жауын алады. Холлдағы гобеленмен қапталған Италяндық кресло , таза ағаштан ойылып жасалған орындықтар, жұмсақ диван, экраны ат шаптырым теледидар , анау- мынаудың қолына түсе бермейтін қымбат дүниелер. Ғалымның әйелі Сәуле томпақ бет , мұрнының ұшы келтелеу , күлім көз, ашық-мінезді сөйлеп тұрған жан екен. Мұнай компаниясының вице- президенті көптен көрмеген курстастарына дағырадай үйінің сән-салтанатын аралатып, көрсетті. Жалғыз ұлы- Азамат Таңгүліні бильярд ойнайтын, түрлі жаттығулар жасайтын залына бастап, қонағының көңілін аулауға барын салды.)
Таңгүлі (кең сарайды тамашалай жүріп):–Бұл үйде неше адам тұрасыздар ?!–деді
Азамат:–Үшеуміз.Қазір ата-анам ғана тұрады.
Таңгүлі: –Бауырларың қайда?!
Азамат:– Мен жалғызбын,– (жігіт күледі) Келешекте осының ішін балаларға толтырсам деген арманым бар.
(Таңгүлі қызарып кетеді. Жігіт оның білегінен ұстайды.)
Азамат:–Таңгүлі , сол балалардың анасы сен болсаң ше?!
Таңгүлі:–Осы кезге дейін іздемедіңіз бе?
Азамат:–Осы кезге дейін, сізді кездестірмедім. Енді көз жазып қалғым келмейді.
Таңгүлі:–Бұл сөзіңіз тым асығыстық, сіз мені тіпті білмейсіз.
Азамат:–Таңгүлі, мен сізді бір көргенен ұнаттым. Жаным, тек қана мендік болшы. Төбеме көтеріп жүріп , бүкіл Еуропаны аралатамын. Шет елдіктер көрсін, менің жарымның қандай екенін!Тек қана, жауабыңды айтшы ?
Таңгүлі:–Білмеймін, көрерміз. Танысқанымыз жаңа емес пе?
Сахнадағы дауыс: –(Қыздың үзілді- кесілді кет әрі демегеніне мәз болған жігіттің қуаныштан төбесі көкке жетті.)
– О кей –дейді қуанышты үнмен.
Сахнадағы дауыс:– (Қызға басқа уақытта, біреу осылай сөз салса ,ол шаншудай қадалып, бас салып ашуланар еді. Қазір оған бәрібір сияқты. Нұртас болмаса, кез келген көлденең көк аттыға тұрмысқа шығып кете беретініне күмәні де қалмаған. Сүйгеніме қосыла алмайтын болған соң ,тезірек күйеуге шыққаным да дұрыс деп шешті. Жанындағы еуропалық білім алған сымбатты жігіт ендігі жерде іздесе таптырмайтын , өзіне лайық жар екендігін де іштей мойындаған Таңгүлі зорлана күлімсіреді.)
Сахнадағы дауыс:–(Жастар жарасымды әзілмен қонақ күтетін залға кіргенде, үлкендер оларға сұқтана көз тікті.Жұптары жарасқан қыз бен жігітке сүйсіне қарағандар , дастархан басында шүйіркелесіп «бұйырса құда-құдағай болып та қалармыз»,-дегенді айтып қалып отырды. Кешеге дейін сөз байласқан жігіті бар қызының аяқ астынан ши шығаруын неге жорырын білмеген Бекбол ғана селсоқ күйден арылмады. Оның ішкі түйсігі келе жатқан бір жамандықты сездіргендей, бір сергімей қойды.
Ал Сәбира болса осындай ауқатты үйге қызы келін болып түссе, бір бас, бір тақ дегендей, өзі би өзі қожа болып шыға келетінін ойлап , оның Азаматпен тіл табысып кетуін шынымен тіледі. Қонақтар ас- су ішіп, біраз әңгіме дүкен құрған соң )
Бекбол:–Ғалеке, қонақта отырған жақсы, бірақ өз үйің одан да жақсы,–деген бар емес пе,біраз отырдық енді қайтайық . Сіздер де демалыңыздар ,–(деп, кететін ыңғай танытты)
Сәбира : – Жастар ше?
Сәуле: – Азамат өз қонағын өзі шығарып салады, олар біз құсап шаршайды деймісіз. Мүмкін театрға, киноға баратын ойлары бар шығар.
(Сәбираны иығынан қағып) Екеуі де бала емес, көңіл көтерсін , тіпті әрі кетсе, құда-құдағай болармыз. Несі бар, іздесең таптырмайтын жұп болайын деп тұр. Так что , құдағи , жастардың ісіне араласпайық .( Ол жарасымды әзілмен сыртқы есікке дейін Сәбираны қапсыра құшақтап шығырып салып, қоштасарда бетінен сүйді)
- * **
Сахнадағы дауыс: (той көрінісінен бейне таспа) Таңгүлі жүрегінен Нұртасты бір жолата өшіріп тастауға бел буды да, өмірінің сын сағатында кездескен Азамат оған құтқарушысындай болып көрінді. «Сүйгеніме қосыла алмайтын болған соң , маған бәрібір» деген тоқтамға келген қыз жігіттің ыңғайына тез көнді. Тағдыр соққысынан майысқан жас сұлуды қақпанына түсірген олигархтың баласы тез арада үйлену тойын жасап, жас жұбайлар Америкаға жүріп кетті.
Төртінші акт
бесінші көрініс
Күтпеген кездесу
( Темір жол маңының көрінісі. Өткен ғасырда салынған үйлер. Жыпырлаған көліктер. Сауда саттық дүңгіршіктері.Сапырлысқан жүргіншілер. Вокзал ішіне енген ұзын бойлы , сымбатты жігіт газет сататын павилонға бұрылғанда, екінші қатардан аяғын санап басып түсіп келе жатқан жас сұлуды көріп, тұрған орында қатып қалды. Париждің сән моделінен аумаған бойжеткен мұның ғана емес , айналасындағылардың назарына бірден іліккен тәрізді. Құрықтай мойны, мәрмәрдей аппақ мінсіз жүзіндегі үлкен қара көздері жаудырап, қою кірпіктерін шанши бұған тесіле қарады.)
Нұртас: – Таңгүлі!
Таңгүлі:– Нұртас!–(қыз лап еткен қуанышын игере алмай, жақындай беріп қалт тоқтады. Жігіт бойын тез жинап, павилонға неге келгенін ойына түсіргендей, газет сататын сатушыға) :
–«Спорт жаңалықтарының»соңғы санын бер салыңызшы? (Жанында мелшиіп қалған сұлудың қайқиған қою кірпігіне мөлдір жас тамшылары ілінген.)
Таңгүлі:–Нұртас , кешір мені... (үлбіреген ерні сәл ашылды)
Нұртас:–Кешіре алмаймын ,Таңгүлі .(жігіт булығып тұрған ішіндегі жанартаулары атылып кеткендей, ашудан шиыршық атты).
Нұртас:– Мен сені кездестірген күніме, сен деп атқан таңыма, сен деп батқан күніме лағынет айтамын! Сен қанжар салып қансыратқан жүрегімді жамап-жасқап , әлі де болса өмір сүргім келеді. Сен мені әп-сәтте сатып кеттің.Менің кіршіксіз сезімімді, аялаған аяулы махаббатымды көзді –ашып –жұмғанша, байлыққа айырбастадың.Ең өкініштісі, сенің бет пердеңді сыпыра алмай, көр соқыр болғандығым.
(Қаққан қазықтай бір орнында тапжылмай қалған қыз аяқ-қолы сал болып қалғандай міз бақпады.)
Таңгүлі: (жыларман боп, қолын созып): – Жаным, Нұртас, егер мен білген шындықты білген болсаң , мені бұлай жазғырмас едің-ау, кешір мені.Адасқанның алды жөн, арты соқпақ деген...басқа амалым қалмады...
Сахнаға сыртындағы қосымша дауыс:
(Нұртастың бұдан әрі қыздың жанында қалуға шыдамы таусылғандай, шорт бұрылып, жүгіре жөнелді. Жанын жегідей жеген қайғы –қасыретінің иесін ұмытқысы келгендей қолын сілтеді.Қайда ондай күш! Жүрегі өрт болып өртеніп, оны бұрынғыдан да қатты сүйетінін, оны сағынғаны сонша, осы арадан кетпей, ең болмаса сыртынан тағы бір көріп қалғысы келетінін сезді. Сосын не істерге білмей іштей тынды. Неге сонша алдандым! Неге сонша соқыр болдым! Ақыры шырағданның жарығын алам деп мерт болған көзсіз көбелектің күйіне түстім. Неге ғана жолықтым баянсыз махаббатпен!)
ОЛ көліген отырып, бет алды құла түз жүйтки жөнеледі.
Бесінші акт
алтыншы көрініс
Киллер
( бүгінгі күннің әуені )
Сахнадағы дауыс:.(Қаланың ауқаттылар түратын ауданындағы үш қабатты коттеджі Азаматтың үйі. Азамат холлдағы креслода шайқалып, плазмалық телевизордың ат шаптырым экранына қарап отырғанда, Таңгүлі бөлмесінен шығып, ваннаға кіреді. Оның сыланып-сипанып шығып болмайтынын білетін Азамат осы сәтті күнде аңдып отыратын. Бүгін де, шапшаң тұрып, жатын бөлмеге кірді де, ұялы телефонына үңілді. Жіберілген СМС-тен қыздың Нұртасты саябаққа шақырған жолдамасын оқыды. Оған түскен жауапты да тауып алды. Демек, бүгін саябақтағы су бұрқақтың жанында , кешкі сағат 10-да кездеседі..Ол зып етіп шықты да, орнына отырды. Сол бойы ұялы телефонын қолын алып ,ескі танысының нөмірін терді.)
Азамат :– Сәлем Борис , мен Азаматпын.
Бұхар:–Оһо, Азик. С приездом !Менің телефонымды қайдан таптың?
Азамат:–Достардан. Бәке, кездесейік. Гольф ойнайсың ба?
Бұхар:–Ондай ойын бізде бар ма?!
Азамат:–Менің үйімде гольф ойнайтын алаң бар.
Бұхар:– Мен Америкада болған жоқпын. Ондай ойынды білмеймін. Бірақ сенімен кездесіп, өткен- кеткенді еске алуға қарсы емеспін.
Азамат:– Бүгін сағат бірде күтемін.Мекен-жәйды вацаппен жолдаймын.
Борис:–Жарайды.
Сахнадағы дауысы:– (Азамат Бұқарды жақсы біледі.Бір ауылда өсті.Көше балалары сәл нәрсеге келісе алмай қалып, ауыз мұрындарын шиедей қылып жатқанда, соның ішінде ылғи бойы сорайып, даусы гүрілдеп Бұқардың жүретінін байқағандықтан, оны өз жағына тартып дос болуға тырысқан. Ауқаты жан ұяның жалғыз баласы шағын ауылда компьютерді де бірінші болып иеленді. Сондай да ондағы қым- қиғаш ойындарды ойнауға Бұқарды ғана шақыратын. Сөйтіп екеуі ортақ тіл табысып кеткен.Кеңшар тарап, қалаға көшіп келген соң, вокзалда арба итеріп, жүк тасып жүрген ескі досын көріп, танымаған сыңай танытып, бұрылып кетті.Артынан сотталып кеткенін естіді.)
* * *
Сахнадан: –(Сыртынан көз тартатын зәулім үйге кіруге бата аламаған Бұқар , жан- жағына алақтап біраз тұрды. Сосын барып домовонды басты.)
( Іштен .
ұзын бойлы сұлу бойжеткен есік ашады)
Бұхар :– Саламатсыз ба? Азаматтың үйі осы ма?!
Таңгүлі:–Кіріңіз , сізді бақта күтіп отыр.
Сахнадан: –(Түрлі түсті мәрмәр қыш төселіп тасталған ауладан өткен ол көгәлдың ортасында қамыстан тоқылған креслоның үстінде теңселіп отырған сұлу жігітті шыраматты. Ол орнынан тұрып, бұған қарсы жүрд).
Азамат:–Арада қанша уақыт өтті. Бұхар, досым!– ( құшағын аша ұмтылды. Өзінің түрінен қысылған жігіт именіп, қолын ұсынды).–Көрмегелі көп болды. Қалайсың?
Бұхар:–Жүріп жатырмыз.Әкем қайтыс болды. Анам сырқат.
Азамат:–Сені отырып шықты дегенді естідім ғой.
Бұхар:–-М..м ондай да болған.
Азамат:–Кофе ме, шай ма?!
Бұхар:–Жоқ.Рахмет! Жүремін. Жұмысқа баруым керек.
Азамат:–Жұмысың қай жерде. Кім болып жасайсың?!
Бұхар:–Жүк тиеушімін. Ол да тұрақты емес.
Азамат:–Борис , мен саған тапсырыс бергелі отырмын. Әрине , көп ақшаға.?!
Бұқар:–Қандай?!
Азамат:–-Менің сұлу әйелім бар.Жаңа саған есік ашты.Сен көрсін деп әдейі жібердім. Сол бүгін саябақтағы су бұрқақтың жанында , сағат 10-00 де ашынасымен кездеседі. Анығын айтқанда ,любовнигімен. Сол жігіттің көзін құрту керек.
Бұхар:–Сонда не істеу керек?!
Азамат: –Өлтіру керек.
Бұхар:– Одан басқа амал жоқ па,айрылып кет!
Азамат:–Болмайды. Мен оны сүйемін!
Бұхар:–Ол сүймесе, зорлап ұстайсың ба?!
Азамат:–Борис, біз ер адамдармыз ғой. Тірі жүрсек, ешкімге жағамызды бастырғымыз келмейді.
Бұхар:–Ол байларға тән сезім...
Азамат:–Жақсылап төлеймін. Егер ешкім білмейтіндей, жым-жылас қылсаң, елу мың доллар төлеймін!!
Бұхар :–Елу мың доллар!!
Азамат:–Иә, айтқаным айтқан.
Бұхар:––Мм... солай де.. Мен бала кездегі дос деп шақырды ма десем, сол үшін шақырған екенсің ғой.Мен бұрын төбелескенім үшін сотталдым. Адам қанын мойныма жүктеп көрген жоқпын. Басқа біреуді тауып ал!!
Азамат:–Сонда өмір бойы осылай қайыршы болып өтпекпісің?!
Бұхар:–Маған жаның ашып отыр ма?!Ол менің проблемам...
Азамат:–Дегенмен маған кешке шейін хабарлас . Қару дайын , жоспар дайын.Ақша да дайын!
(Азамат визиткасын ұсынады.
Бұқардың қолы еріксіз созылды.)
Азамат:–Хабарлас. Қорықпа, барлық жауапкершілікті өз мойыныма алам!– .
- * * *
Сахна жұпыны пәтердің көрінісі,.
Сахнадағы дауыс:– (Бұқардың үйі.Сәнді сарайдан кейін өзінің жөндеу көрмей азып-тозып тұрған екі бөлмелі пәтерін көргенде, жігіттің көңілі ала бұртты. Әжетханасының суы жүрмейтін, вананың іріп -шіріген құбырларының бәрінен су ағатын , еденге төселген төсеніштің қай замандікі екені белгісіз көтеріліп, сүрінбесең жүре алмайтын халдегі үйінің сүдініне қарап, қу кедейліктен шығатын жол жаңағы мырзаның тапсырысын орындау екендігін мойындағандай Азамат тоң- торыс күйде..Анасы шай іш деген соң , ас үйге келгенде, қатқан нан мен шекерден басқа тіске басар дым жоқ дастарханды көріп, нәр татып алмастан жатын бөлмесіне барып, атам-заманғы темір керуетке құлай кетті.)
Бұхар :–«Мына залымға келіссем , не болады?! Ендігі қалғаны адам қанын мойныма жүктеу еді. Қалтасында көк тиыны жоқ, бұрын сотты болды деген сорақылығы бар , мұны тәуір айлығы бар жұмысқа ешкім жолатпайды. Тіпті шөпірлікке де алмайды. Еш кінәсі жоқ сотталды емес пе, мықтаса енді қылмыс жасап сотталар...» Ол Азаматтың ұялы телефонын терді.)
Бұхар:–Мен ғой. Келістім. Қай жерде кездесеміз?!
Азамат:–Үйде ешкім жоқ. Үйге кел!
Бұхар:–Нешеде?
Азамат:–Қай уақытта келсең де үйдемін.Күтемін.
(Бұқар телефонды тастап жіберді.
Азамат миығынан күлді.)
***
Сахнадағы дауыс. – Азаматтан аванс алған Бұқардың бар ойы жалғыз қарындасын бір көріп, оның жағдайын білу. Дүкендерден азық –түлік алып , үйіне келгенде анасы шошып кетті. Жұмысқа кіргеніне бір ай болмаған баласының айлық алатын уақыт болмаған. Тағы да бір сұмдықты сезгендей кеудесін уайым жайлады. Бұрын жаламен қапыда сотталған баласы енді қылмыстың жолына түссе қайтеді! Үкіметтің құрығы ұзын, бәрібір ұстайды. Баласы үйде көп кідірмей : «Апа, Ақмаралдың үйінің адресін айтшы , барып көрісіп шығайын»деді . «Қайтесін олардың олардың мазасын алып, шошып кетер «деді шешесі. « Мен не адам шошырлық құбыжықпын ба? «Жоға...сотталды деген атының өзі жаман ғой.» «Телефон шал, айт , ағаң кіріп шығады де « деді де шығып кетті. «Бірге туған бауырыңның үйіне рұқсат сұрап бару деген не сұмдық»деп ренжіді, ..
Оның көз алдынан кішкентайында есік алдында картоп пісірем деп от жағып , көйлегінің етегін отқа шалдырып алып, енді не кием деп жылаған Ақмаралдың бейнесі кетпейді. Қалаға келген соң, бұрыңғы күйлерінен де айрылып, бір де аш , бірде тоқ болып, киер киімге , ішер тамаққа жарымаған тапшылыққа тап болып, көне киімдерін жамап –жасқап киіп жүретін қарындасын аяйтын. Содан кейін сотталып кетті. Қарындасына ағалық қамқорлығын жасай алмағанына, іші удай ашиды. Бірақ, қайда барса да Қорқыттың көрі, жұмыссыздық , жоқшылық еңсесін көтертпейді. Екі қолға бір күрек дегендей, қара жұмыстың да тұрақты, айлығы өнімдісін таба алмай қор болды. Мектепте жүргенде пысық , еті тірі, қатарының арасында беделі бар жігіттің жоқшылық жігерін құм етті. Бұрынғы достары оған жолы болмаған, қолынан түк келмейтін қауқарсыз бейшара деп қарайды. Көбісі кездесе қалғандда сәлемдесуге жарамай, бұрылып кетеді. Жақын достарының бірі болған олигархтың баласы шақырғанда, көмектесер , ең болмаса дұрыс жұмыс тауып берер деп үміттенген, бірақ ол сотталғандығын пайдаланып, өз мақсатына жұмсады.
Күздің суық желі жұқа киімінен өтіп, жігіт бүрсеңдеп, қаңғалақтап келеді. Бір үйдің жанындағы трактордың қаңқасы , үюлі шөп өзінің бір кездегі алаңсыз балалық шағын, ауылын есіне түсіргенде жүрегі сыздады. Бұқар тентек соқ болатын. Даусы зор, ылғи жанындағы балаларға команда беріп жүретін әкесі мақтан тұтып « генерал болады « дейтін. «Қайран әке, қайдағы генерал , өмірі түрмеде өтетін төремішік болатын шығармын. Сенің көрмегенің де жақсы болды.» Ол ақ кірпіш қаланған , төбесі көкқаңылтырлы үйдің қасына келіп, қолындағы нөмірге қарады. Осы үй. Аулаға еніп, есікті тықылдатты.
Қисалаңдаған қара кемпір айқайлап шықты:
- Әй бұл кім, есікті ашып кетіпсіндер ғой..
- Сәлем бердік ,– (Сірә, кемпір хабардар болса керек. Ернін жыбыр еткізді. Қатыңқы қабағынан жақтырмағаны білінді).
- Осы қаңғыған қайыршылардан-ақ басымыз бәлеге қалды ,–деп күңк етті.
- Мен Ақмаралдың ағасымын.
- Ақмаралдың ағасы бар дегенді бірінші рет есітіп тұрмын.
Сахнадан: ( ішкі есіктен қолына сәбиін көтеріп шыққан қарындасы амандасуға қара сұр кемпірден қорыққандай, табалдырықта тұрып қалды. Ағасының жалғыз бауыры сағынған шығар, мойнына асылып егіл-тегіл жылар деген үмітінің күлі көкке ұшты. Ол тіпті мұның келгеніне қуанбаған да тәрізді. Аяқ кимін шешер-шешпесін білмей аңтарылған Бұхар:
–Сені көріп кетейін деп келдім ,Қалайсың?.
–Шүкір,–( қыз тағы да кемпірге жалтақтады.).–Жоғары шықсайшы.
–Жоқ.Асығыспын. тек саған айтар бір –екі ауыз сөзім бар еді.
–Баланы әкел! –кемпірдің даусы өктем шықты.
Екеуі далаға шықты.
–Өздерің салып алдыңдар ма?
–Иә, жоқтан бардан құрап. Әйтуір тұрғыздық. Қарындасының балпанақтай сәбиін баурына басып, бір иіскей алмағанына өкінген Бұқар :
–Аты кім ? –деді.
–Мағзұм.
–Марал, Мен тағы ұзаққа кетіп қалуым мүмкін. Апама қара, сосын сені ұзатқанда дүние –мүлкіңді де бере алмадық. Мынаны ағам «қыз сандығы» деп беріп кетті де. Ешкімге ештеңе айтпа. Мен тағы да отырамын шығар. Талайыма осы жазылған болса керек.. Апам да таршылық көрмесін деп, азғантай тиын тебен қалдырып кеттім. Өзің қамқор бол. (Қарындасының алақанына асығыс конферт тыққан ол бетінен сүйді де:
–Кешір мені .Енді көрісеміз бе, жоқ па...( үні булығып шықты да, жалт бұрылып жүре берді.)
–Бұқан ,аға ... мұның не?!
Сахнадағы дауыс. – Өкпек желдің өтінде шашы желбіреп тұрған Ақмаралдың жасқа толы жанарын көргісі келмеген ағасы сүрініп , қабынып , емпеңдеп бара жатты.Әкесінің өзін еркелетіп айтатын «Бұқан»деген есімін қарындасының аузынан естігенде, ет бауыр езілді. Қайран әке, адасқанның алды жөн, арты соқпақ деген, алңғасар , ақымақ балаңды кешір! Ол қисық-қисық көшелердің арасымен автобус аялдамасына баратын жолды таба ламай адасып көп жүрді. Есіне қара кемпір түсті. Ең болмаса , нан ауыз ти, отырып шай-су іш деп айта алмаған «құдағайының» қылығы қытығына тиді. Мен туған құда баласы емеспін бе,? Дымы жоқ, қу кедей деп , басынады- ау иттер.!–деп кіжінді. Жер басып жүрсем, төріңде отыруға лайық екенімді дәлелдеймін «–деп күбірледі. Бірақ, қалай дәлелдейтінін өзі білмеді.
Атылған оқ
(Күз көрнісі.Саябақ іші.)
Сахнадағы дауыс: –-Айнала қою қараңғылық. Аспанға таласқан қарағай мен қайыңдардың жапырақтары жынды желмен жайқала тербеліп ,ызыңдаған үн шығарады..Нұртас су бұрқағының жанындағы орындықта отырған қызды анадайдан таныды. Ол да орнынан көтерілді.Екеуі де амандасқан ишаратпен бастарын изесті. Қыз күрсінеді. Жігіт оның жанынан әрігірек ысырлып, қолапайсыздау қимылмен отырды.)
Таңгүлі (баяу үнмен) :–Түсінемін,–деді.
Нұртас (ашулы):– Нені түсінесің?! Менің алданған , азапқа түскен жанымды түсінемісің? Түсінбейсің Таңгүлі! Оны мен сияқты опасыздықта басынан кешірген адам ғана түсінеді.
Таңгүлі:– Сенің ойыңша, мен басымнан кешірмеген екенмін ғой ?!
Нұртас (қолын сілтейді):–Жоқ! Таңгүлі сен мені сүймеген екенсің.Сен мені де ,өзіңді де алдап жүрген екенсің! Саған мен емес байлық керек екен. Сенің қылуаңынан соны ғана түсінуге болады.
(Таңгүлі ұшып тұрады.)
–Жалған!
–Жалған! Сонда сенің қылығыңды қалай түсінуге болады?!
Таңгүлі:–Қалай түсінсең олай түсін.Саған тұрмысқа шығуыма анам рұқсат етпеді.
Нұртас: (даусы оқыс қатты шықты): –Немене олар астыртын сөз байласып алған ба? Менің де анам «через мой турп» деп тұрып алған. Дегенмен, сен соны күткендей–ақ, қас-қағымда күйеуге шығып үлгердің.Маған деген мәңгі сөнбестей болған сезімің де лезде су сепкендей өше салды. Ақтал! Ақтал!Сен естіген үкімді мен де естігем. Бірақ мен айтысқан серт , берген әуедеден де тайған жоқпын. Ал сен болсаң..алды артыңа қармай, олигархтың баласының шылауына жармасып кете бердің...Демек, «қашайын деп тұрған қоянға тәйт дегесін не жорықтың» күй келді..
Таңгүлі :–Нұртас, не десең де, қалай мені жерден алып жерден салсаң да , саған айтар уәжім жоқ. Әліптің артын бақпаған асығыстығымның жазасын тарттым. Сені біржолата ұмыту үшін өзге біреудің шылауына жармасып, көз көрмес, құлақ естімес алысқа кетіп тынайын дедім. Бірақ, бәрін кеш түсіндім. Адам өзінен- өзі қашып құтылмайды екен. Кешір, жаным.Менің алдымда анам мен екеуің таразыға түстіңдер. Қайсыңды таңдарымды білмедім. Ақыры-өзімді құрбан еттім. Бұл құрбандығымның тым қымбат екенін де кеш түсіндім. Сенсіз өмір маған қара түнмен тең. Ақыры тым болмаса, сен дем алған ауамен дем алайын, сен жүрген жермен жүрейін деп , елге оралдым.
Тек бір ғана өтінішім бар, менің ендігі жерде өмір сүруім үшін тырнағым ілінетін бір сәуле керек.Онсыз мен басыма түскен тағдыр тұманынан адасамын. Мен есінен адасып, аһа ұрсын демесең, маған аналық бақыт сыйла! Егер сенен ,жаныма балап сүйген жалғызымнан , сәби сүйсем, соны қалған өміріме талғажу етіп, тірек етіп өтер едім.Сенің маған сыйлаған өлшеусіз бақытың деп алқаныма салып аялап өтер едім... ( Қыз тізерлеп отыр кетті.)
Сахнадағы дауыс : (Арқалығы бар биік орындықтың арт жағы ну орман. Жүзін жас жуған Нұртас теңселіп, су бұрқаққа қарай бұрылды. Қыз бүгіліп барып , орнынан тұрды. Осы сәтте емен ағаштың арт жағынан мылтықтың үні тыңқ етті. Ауыр ойдағы Нұртас үнсіз . Бар ойы екеуінің махаббатына ара тұрған отбасының құпиясына ауысқан. Неге?. Не үшін? Ол сәлден соң кейін бұрылғанда,аяғының астында қанға бөгіп жатқан Таңгүлінің жансыз денесін көріп, өкіріп үстіне құлай кетті.)
Айқас
Сахнадан:( Киллер жол жиегінен ытқып шығып, машинаға келіп отырды.Екі иығынан дем алған ол біразға дейін тіл қатпады.
Азамат( мырза шошынып) :–Не болды? Соңыңнан түскендер бар ма?!
Бұхар:–Жоқ.Бірақ сұмдық болды. Ана қыз. Оққа кеудесін тосып, жігітті қалқалап қалды.
Азамат:–Не дедің?!( Машина кілт тоқтады.) –Сонда өліп қалды ма?!
Бұхар:–Енді кеудесін оққа тосқан соң , не істеуші еді?Ән сала ма?!
Азамат:–Сен немене, мен саған әйелімді өлтір деп заказ бердім бе?!
Бұхар :– Енді қайт дейсің, жігітті көздегенмен, әлгі сенің әйелің, оны кеудесімен жаба құлады. Оқ соған тиді.
Азамат:–Әкел , қаруды!
(Бұхардың даусы бірден қатаяды)
Бұхар:––Жоқ! Мырза, ең бірінші ақша! Ақшаны бергенде , мылтығыңды қайтарамын.Осы уақытқа дейін тышқан мұрнын қанатпаған мені адам өлтіруге жетелеген де сенің ақшаң!Қайыршылық өмірден шаршадым! Қазір бір шұңқырға апарып ауната салсаң, менің іздейтін адамым жоқ. Ақшаң өзіңде қалады. Сондықтан ақшаны қолыма тигізген минөтте ғана қаруыңды аласың! Мен әдейі атқан жоқпын. Оның өзі түсті оққа.
Азамат:–Соқпа!
Бұхар :––Демек,уәдеңнен шығатын ойың жоқ қой.
Азамат–Жоқ. Қаруды әкел бермен!Иттің баласы, заказымды орындамай, әйелімді өлтірдің , еще менен ақша сұрайсың.Аларсын менен ақшаны. (басбармағын көрсетеді) .–Түрмеде шірітемін!
Бұхар : Онда өз обалың өзіңе.
Сахнадағы дауыс:( Бұхар Азаматты қақ жүректен көздеп атады.Көлік ішіндегі жансыз денеге жирекене қарап, біраз тұрады да,«Қанға қан, жанға жан!» деп күбірледі. Оның көз алдына жігітін қалқалап , құлап бара жатқан жас сұлу елестеді де «Кешір мені ,сен барған жерге ,ол да кетті, енді мен де баратын жерге барып, қылмысымды мойындайын».–деп күбірлейді.)
Алтыншы акт
Жетінші көрініс
«Сайттағы» хаттар
( Нұртастың бөлмесі , алдындағы компьютерге үңіліп, Амеркадан жазылған Таңгүлінің хаттарын оқып отыр. Шет елдік көріністен бейне таспа көрсетіледі. )
(Таңгүлі рөліндегі актриса ақ киім киіп аруақтың рөлінде сахынаға шығып монолог оқиды. Қобыздың үні)
– Жарық дүниеде таңдап сүйгенім, жарық жұлдызым, Нұртас , ең біріншіден сенің аяғыңа жығылып, кешірім сұраймын. Кешіре алсаң, мендей ақмақты кешір! Өзімнің түзеуге келмейтін қателігімді ойласам, өртеніп кете жаздаймын. Өз қолымды, өзім кесе алмай, ішқұста болып өмір сүрудемін. Мұның бәрі- менің асығыс шешімімнің кесірі. Өз бақытымды өз қолыммен тұңғиыққа батырдым.. Мен анамның аузынан отбасылық құпияны естігенде, біріншіден, қатты жақсы көретін әкемді сенің анаңнан қызғандым. Тұла бойымды қызыл көз қызғаныш жәйлап алып , басқа ешнәрсе ойлауға шамамды келтірмеді... Сол сәтте « олар да біздер сияқты бір- біріне өлердей ғашық болған шығар» деген ой келгенде ғой... Кектен кешірім басым болар ма еді?! Әттең, ақымақтың ақылы түстен кейін енедінің кері келді. Білмеймін мені не әзәзіл түрткенін , үзілді -кесілді кесім жасап, сенен бірден бездім. Осы уақытқа дейін бір –біріне адал деп жүрген ата- анамның арасында да алалық жатқаны есімді тандырды. «Адам аласы ішінде , мал аласы сыртында» дегендей, әркімнің жүрегінде бір құпия жататынын мен қайдан білейін...
Қайран, Нұртас, жаным деп сүйген жалғызым, сөйтіп екеуміздің арамызға өткелі жоқ терең өзен ағыздым, асуы жоқ асқар тау тұрғыздым. Тағдырымыз тас талқан боп, екеуміз екі айрық жолға түстік. Осы кезге дейін бұның бәрі менің басымда емес, өзге біреудің өмірінде өтіп жатқандай мең-зеңмін.
Құдай –ау, «сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей, әліптің артын бақпай, көлденең көк аттының етегінен ұстап жүре бергенім не істегенім?!
Сенің алдыңда ақталайын, немесе алдап -арбап аянышыңды оятайын деген ойым жоқ. Тек оңбай жараланған жүрегіңнің жарасын жазбасам да, жеңілдетіп, ең болмаса ғалам тор арқылы шерімді тарқатайын дедім.. Егер екеуміз осындай шым-шытырық жағдайға кездеспегенде, бақытты болар ма едік?! Егер осының бәрін кейін білгенде, бір- бірімізге кешіріммен , түсіністікпен қарар ма едік! Кім білсін...
Аяулым ,Нұртас, өз ақмақтығымнан өзім опық жеп, сенен жырақта жүргеніме міне екі жыл. Артым өрт, алдым тұман.Елге қайтсам, екеумізді сергелдеңге салған махаббат машақатына қайтадан шалығатын тәріздімін, өзімнен-өзім қорқамын. Сен мені кешірмейсін. Оны өзім де қалмаймын. Бір сәт біздің тағдырымызды тас -талқан еткен отбасылық шытырман төңірегінде ойланамын. Өзімді анамның орнына қоямын.Егер мен болсам, қызымның бақыты үшін , сол бір сырды сақтап қалар ма едім..Несіне жасырайын, кейде анам неге солай етпеді екен деп, қапаланамын. Бірақ , ол мүмкін емес қой.Түбінде шындық ашылады.Шындықтан қашып құтыла алмайсың!
Бірақ өзімнің кешірілмейтін қате, түзелмейтін іс жасағанымды , мойындаймын.Мойындаймын да, өмірден түңілем. Обалына не керек , Азамат өзіне деген ешбір сезімімнің жоқ екендігін білді,білсе де кінәламады. Қолдан келгенінің бәрін жасады. Қаласаң , екеуміз екі бөлек тұрайық. Бірақ елге барған соң ғана ажараса аламыз деп , маған бостандық берді. Ол жалдаған вилланың жоғарысында, мен төменінде тұрып жатырмыз. Жұмысқа бір көлікпен барамыз. Екі жылға жасалған контрактымыз біткен соң , елге қайтамыз.« Өзге елде сұлтан болғанша , өз еліңде ұлтан бол» деген рас екен, жатсам тұрсам , ел –жұртым, өскен ортам естен кетпейді. Көбіне өзіңмен бірге өткен студенттік күндерді сағынамын. Осындай да , өз ортаңда, туған жерде жүрген сен менен әлдеқайда бақытты болып көрінесін. Біз көбіне бақыттың өлшемін махаббатпен , байлықпен өлшейміз, ал туған еліңнің топырағын басып жүруден асқан бақыт жоқ , оны Отаныңнан жыраққа кетпей сезінбейді екенбіз.Өкінішті –ақ!
Мен бұрын Еуропаның сәулетті шаһарына , жоғары мәдениетіне қызығатынмын. Ол бізден басқаның бәрі жақсы деген адасушылық екен.Туған жеріңдің топырағынан бастап, баршасының баға жетпес байлық екенін енді түсінгендеймін.
Бүгін осымен жазуды аяқтаймын.
* * *
Аяулым , Нұртас, хатымды жалғастырайын. Әйтуір бір кез маған деген ашуың тарқар , сонда оқырсын.
Бүгін көшеде сатып жатқан қып- қызыл қызғалдақты көрдім.Студенттік шақта тауға шығып, қызғалдақ тергеніміз, сондай бір саяхатта Еңгілік гүлін тізерлеп тұрып табыс еткенің есіме түсті. Сол шақ қалай ғана енді оралмайды?! Біздің жас композиторларымыз баянсыз махаббат туралы көптеген әндер шығарып жүр, солардың көбісін ұялы телефоныма жазып алғанмын.Соларды тыңдап отырып, жүрегім қан жылайды. Жаным , Нұртас, біз екеуміз неге ғана кездестік екен.?!Кездескен болсақ , неге ғана осылай тағдырдың қолындағы ойыншыққа айналдық екен! Менің сұлу жүзімді көріп, сен ғашықтық дертіне шалдықтың. Саған менен басқа да шығарда жаны басқа сұлулар көп еді ғой. Бірақ сен мені ғана қаладың. Мен сені қаладым. Амал не , тағдыр бізге қатал сынын дайындапты. Мұнда жүріп жарасқан жұптарды көрсем , қандай армансыз жандар деп қызығамын.Осы күндері сенің не күйде жүргеніңді білгім келеді.Бар арманым бар, сыртыңнан болса да, көзімнің қиғымен бір көрсем. Уақыт емші дейді ғой , бірақ ол мен үшін айтылған сөз емес. Мен тіпті уақыт өткен сайын, сені сағына түсемін.Мүмкін , сен үйленген де шығарсын. Бірақ сенің жүрегіңнің тек қана мен деп соғатынын білемін. Бұл жараның екеуміздің де жүрегімізде мәңгі жазылмайтынын да білемін.
Мен бүгін бірі қара нәсілді, екінішісі ақ нәсілді жұптарды көрдім. Тіпті бірінің тілін бірі түсінбейді. Мен ағылшын тілінде еркін сөйлеймін ғой. Екеуі бір зат сатып алуға келіп тұрды. Мен олардың қиналысын түсініп, жандарына барып аудармашылық қызмет атқардым. Менің ағылшын тілін білетіндігіме таң қалған қара нәсілді :
–Сіз қайдансыз ?! –деп сұрады.
–Қазақстаннан ,-дедім.
–О’ кей . О’ кей ,большое спасибо ,–деп орысшалады.
–Сіз орысшаны қайдан білесіз?- дедім.
- Россия , Патрис Лумба.
Олардың Ресейде оқығанын түсіндім. Екеуінің екі тілде сөйлеп, бір-бірін түсінбегенін қармастан, жұбы жазылмапты.Бұл да махабаттың заңы. Олар бір-бірімен жүректерімен ұғысады ғой. Мен қатты әсер алдым.
Бір фирмада дизайнер болып жасаймын. Онда әртүрлі тілде сөйлетін түрлі ұлт өкілдері бар. Бірақ олардың бір- бірін түсінбей ұрысып жатқанын естіген жоқпын. Менің бойымдағы екі өнерім , бірі- табиғат берген сұлулық..Екіншісі- оң қолымнан өнері таматын шеберлігім.Бұл екеуі де әжемнен маған ауысқан генетикалық мұра.
Әкем бірде мені алдына алып отырып :
–Бұл қызым әжесіне ұсаған.Әжеміз туғанда шаңыраққа ел арасында сирек кездесетін бөдене деген құс қоныпты. Қазақ халқының бір ерекшелігі балаға бұйырған атты қоя берген. Бала жерге түскен соң , шаңырақта қонақтап отырған құсты көрген әйелдер мұның аты «Бөдене» болсын деп шешіп тастапты. Әжеміз күн санап құлпырып , ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу болып өсіпті. Көздің жауын алып өсіп келе жатқан бойжеткенге атының сай еместігін сезген ауыл адамдары оны «Бөкен-ай» деп атап кетіпті. Ол Бөкен-ай сұлу атанып ақылымен, ажарымен елді аузына қаратқанымен тұрмай, бармағынан бал тамған шебер бопты. Ол тіккен киімнің құны үйір- үйір жылқы, атан түйеге бағаланыпты. Өзі сұлу , өзі шебер әжеміз ақылдылығымен сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүріпті.
Сол әжемнің сұлулығы да, қолының шеберлігі де менің басыма ауыпты, ал ақылдылығын білмеймін.Мектепте жүргеннен киім пішіп, түрлі сән жорналдарын жинап, үйдің бір бөлмесін тігін шеберханасы етіп алдым.Барлық киімдерімді өзім пішіп ,өзім тігіп киетін едім. Әке- шешем біреулерге ақша қосып, Жопаниядан тігін машинасын алдырып берді. Сол күнгі қуанышымды көрсең, жұрт көлік алғанда қуанады. Ал мен болсам , әлемге аты жайылған Жапондықтардың тігін машинасына қолым жеткеніне мәз болып, бірнеше күн үйден шықпай, іс тіктім. Онымен жұмыс жасау сондай жеңіл, әрі киіміңді ойдағыдай сәндеуіңе болады.Сол өнерімнің маған көп пайдасы тиді. Мен фирмада әрі дизайнер ,әрі пішуші міндетін атқарамын. Арасында аудармашы боламын. Әйтуір уақытымның қалай өткенін білмей қаламын. Енді , амандық болса елге жеткен соң , жекеменшік Сән үйін ашсам деп қаржы жинап жүрмін. Табысым жақсы.Мұндай ақша біздің жақта түске кіреді.
Күндіз ешнәрсе ойлауға мұршам болмайды.Кешке үйге келгесін ғана ойланып, түс көріп жүргендей күйге енемін. Мен бұл жақта не істеп жүрмін!! Нұртас қайда , мен қайдамын деп ойлаймын. Кейде жынданып кете жаздаймын. Қасымда сырласатын достарым жоқ. Далаға шықсам, мұндағы экзотикаға толы табиғат көрінісінің бәрі маған жат. Көшенің бәрі бейтаныс адамдарға толы. Мен жапанда жалғыз өмір сүріп жатқандай әсер аламын. .Әркімнің өзінің туған жері - Мысыр шаһары деген рас екен. Мынау менің елім емес, мынау менің жерім емес. Мынау менің халқым емес.Мен адасып жүрген құс сияқтымын. Құдай- ау, өзгелер шет елге кетуге неге құмар?! Шет елде оқығысы, тұрғысы , жұмыс жасағысы, тіпті шет елдің азаматтығын алып, сол жақта қалып қойғысы келеді. Сонда олар қандай топырақтан жаралған жандар екен.?!Мен армияда жүрген солдаттар сияқты қабырғаға күн тізбекті іліп қойып, өткен күнді сызып тастаймын.Күн өткен сайын қуанамын. Есіл дертім, елге жету. Тіпті сол жақта тозақ оты болса да түсуге дайынмын.
- * *
Жаным, Нұртас , соңғы күндері мен жаман түстерді көп көретін болдым. Үнемі саған қолым созып жылап жүрем де, құрдымға құлап кетем.Елге қайтуға да аз уақыт қалды. Азаматпен жие кездесіп, сөйлесіп тұрамыз. Екеуміздің арамызда ешқандай сезім жоқ. Дос болып қалуға уәде байластық.Ол да ел жақты сағынып жүр. Енді қайта келмеймін дейді.
ҚҰлай сүйген қуанышым! Менің шалыс басқан қадамымды кеш! Мен сенен осылай тез көз жазам, сенен осылай мәңгілікке ажырасып қалам деп ойламаған едім. Ккеудемде шыбын жаным барда, сені ұмыта алмайды екенмін. Соған көзімжетті. Қайта бұрынғыдан да қатты сүйем. Екеуміздің арамызда аттап өте алмайтын ор барын, ар намыс деген зор барын сеземін! Сенің биігіңді аласартуға, өзім де жол бермеймін. Сені ондай еңкейуге қимас та едім. Сен олай еңкейетін болсаң , мен сені сүймес едім. Асқар тауым аласарма , тек қана маған деген адал сезіміңе дақ салмай, өмір бойы таза ұстасаң болды. Сенен басқа ешнәрсе талап етпеймін.
Егер мен мезгілсіз өмірмен қоштассам, маған арнап , өзіңе арнап махабаттың күмбезін тұрғыз.Ол сенің қолыңнан келеді.Менің қазіргі кезде бірақ арманым бар, сенің көзіңе қарап тұрып, сенен кешірім сұрау. Саған бақыт тілеу.
Мәңгілік сенің махаббатың – Таңгүлі.
Айтпақшы, менің соңғы кезде Азамат туралы пікірім өзгеріп жүр. Ол маған білдірмей, детектив жалдап алып, соңыма салып қойған сияқты. Компьютерді де ашатынын байқаймын.
***
Аяулым Нұртас, мен қас- қағымда екеуміздің болашағымыздың тамырына балта шаптым. Менің ақымақтығыма, асығыстығыма бола сен жабығып, жалғыздықтың зарын тартып жүргеніңді ойласам, өзімді қоярға жер таппаймын..Мен сені сүйдім. Күндіз күннен қызғандым, түнде айдан қызғандым, жымыңдаған жұлдыздардың сәулесінен сені көлегейлеп, тек менің ғана сәулеммен нұрланғаныңды қаладым.Бәрі де өтті, кетті. Осы күні сенің анаң да менің әкемді мен сияқты сүйген шығар деп ойласам, оларды да кешіре алады екем ..Әттең ,бәрі кеш . Уақытты кері айналдыруға адамның құдыреті жетпейді. Енді саған бақыт тілеуден басқа амалым жоқ. Мен сені өле- өлгенше сүйетін бір адамды білемін. Ол– Нұрила. Ол әлі күнге сені күтіп, екі көзі төрт болып жүрген шығар.Ең болмаса сүйгеніне қолы жетіп, Нұрила бақытты болсын!! Кейде осы бақытсыздықтың бәрі соның көз жасынан ба деп те ойлаймын. Біреуді жылатып, бақытты бола алмайсың дегеннің де жаны бар шығар.Орталарыңа мен түстім емес пе?! Мені көрдің де, сен нілдей бұзылдың Нұрилаға да оңай тимеді.
Шынында да, екеуің бақытты болуға лайықсыңдар.Тілімді алсаң, Нұрилаға үйлен. Мен соны шын жүрегімнен қалаймын. Оның сені сүйетіндігін бұрынан білетіндіктен , оған сенемін. Ол саған адал жар бола алады.
Міне, көзіме ұйқы тығылып, жастыққа басым тисе ұйықтап кеткелі отырмын. Кейде түнімен неше түрлы жан шошырлық түстер көріп, көз ілмей шығамын. Сосын ұйықтар алдында саған хат жазсам, жеңілденіп қаламын. Осы интернетті ойлап шығарған адамға мың-сан рахмет. Ал , аяулы досым , әзірге сау бол. Тағдыр жазса, көрісерміз, көріспесек ,өз отын өзі сөндірген мендей мұңлықты кешіргейсін.
Сені мәңгі сүйетін–Таңгүлің.
Жетінші акт
сегізінші көрініс
Қауышу
Сахна: Бекболмен Сәбираның үйі.Сүйікті қыздарынан айрылған соң , қала сыртындағы шаруашылық қожалықтарына бір жолата көшіп алған. Жұртттың түрлі өсек-аяңы мен алып-қашпа әңгімелерінен аулақ оңашаға қоныс аударғандарына Сәбира да дән риза. Бекбол жаңа кәсібіне жан сала кірісіп, асыл тұқымды жылқы өсіруде.
Бекбол:– Биелер байланған уақытта сауатын, қымыз ашытатын маман іздеу керек. Қымыздың емдік қасиеті күшті. Сондықан қымыз ашытып, қала тұрғындарын емдік қасиеті мол сусынмен қамтамасыз ету игілікті іс.
Сәбира (оның сөзін бөліп) :– Бекбол тергеушілер хабарласқан жоқ па? Жауызды ұстайтын уақыты бола ма , болмай ма? Нұртастың кінәсіздігі дәлелденсе, кінәліні таппай ма?
Бекбол:–Хабарласпадым. Азаматтың өлімінен кейін тым-тырыс. Олар олгархтың баласы қызғанышпен әйелін атып тастаған соң, өзіне-өзі қол жұмсады деген тұжырымға тоқталатын тәрізді. Тіпті істі жауып тастауы да мүмкін. Бүгін –ертең соғып білемін.
Сәбира (ауыр күрсінеді):–Бекбол мен саған бір сыр айтуым керек, бұдан әрі шыдай алар емеспін.–( Есікке таяна берген Бекбол кілт тоқтайды. Өзі де Сәбираны мазалап жүрген бір нәрсенің барын сезетін-ді)
Сәбира(үні шығар-шықпастан): – Мен Таңгүлінің алдында кінәлімін.
Бекбол:– Сәбира, не деп отырсың?!
Сәбира:– Мен оны сүйгеніне қоспай, бақытсыз еттім, аяғы мынадай болды...
Бекбол:- Сәбира , есіңді жи. Өзіңді-өзің қажай бергенмен өлген адам тірілмейді.
Сәбира: – Егер мен өзімшілдігімді жеңіп, қызымның бақытын байламасам, бұлай болмас па еді! ( Сәбира жылап жібереді).– Бекбол, оның сүйген жігіті Нұртас – Ғалияның баласы. Мен соны білдім де ол жігітке тұрмысқа шығуына үзілді-кесілді қарсы шықтым. Оған қоса...оған қоса...ол үйде сенің балаң өсіп жатыр...
Бекбол(тіксініп) :– Қайдағы бала?!НЕ сандырақтап отырсың !
Сәбира :– Ғалия біздің ауылдан кеткенде , аяғы ауыр болатын.Ол сөз жоқ, сенің балаң.
Бекбол(ашулы):–– Сен осының бәрін қайдан білесін? Көріпкелің бар ма?
Сәбира:– Ғалияның офисі мен менің офисім бір ғимаратта болды. Бір күні Нұртас оны жұмысқа әкеліп тастады. Мен оны бірден таныдым. Таңгүлінің жігіті екенін білем ғой. Қасымдағы әйел Ғалияның подругасы.Содан сұрадым. Ол Нұртас Ғалияның алғашқы күйеуінен туған баласы екендігін, одан да басқа жігіт болып қалған баласы барын айтты. Екінші бала жиырмада екен, сөз жоқ сенікі. Ғалия біздің ауылдан кеткелі жиырма жыл болыпты. (Бекболдың жүзі күреңітіп, қолындағы қамшысына сүйеніп , тізерлеп отыра кетті)
Бекбол:– Осының бәрін уақытында неге айтпадың?!
Сәбира(жыламсырап):- Саған айтуға батылым жетпеді..
Бекбол:– Енді болар іс болғанда несіне айтасың?
Сәбира:–Балалар үйінен бір қыз асырап алайық.Таңгүлінің орнын бассын. Сосын балаңмен қауыш.
Сахнадағы дауыс:– (Бейуақытта у ішкендей теңселген әке атқа мініп, даланы бетке алды. Айнала ала қар. Жусанның қылтиған басы көрінетін жерде аттың тізгінін тартқан Бекбол аттан түсіп, қолына іліккен қар аралас топырақты қарпып алып, уыстай құлады.)
Бекбол (айдалаға қарап тұрып сөйлейді»: Дүниеде өз перзентіңнің бақытсыздығына, өзін кінәлі сезінген әкеден шарасыз жан жоқ шығар!! Соқыр болғыр көзім нені көрдің, саңырау болғыр құлағым нені естідің.?!.. . Еліктің лағындай ерке қызымды тағдырдың тасқалдағынан сүріндірмей, қолтығынан демеудің орнына , шыңырауға итеріп шырылдатқан өзім екенмін ғой..(.Өзі бір кез құмығып, құмарын тарқатпақшы болған алдамшы дәуреннің , алдынан ор қазып , оған бауыр еті баласының түсетінін кім білген!!) О опасыз , оспадарсыз дүние?! Кешір, қызым, қызық қуып, бір кез нәпсісін тия алмаған, көрсеқызар әкеңнің күнәсіне сен күйген екенсін ғой!...Бәсе ойымнан кетпей қойған сол бір жат та, салқын көз қарасың, мені кінәлауың екен ғой...
О , қу тағдыр, бір кезде бір- бірін құлай сүйген екі мұңлықтың қыз бен ұлын бір- біріне ғашық еткенің , не мазағың ! Не азабың! Әлде біздей күнәһәрларды жазалауың ба! Онда мені , мені неге көрмедің?! Неге мені отқа күйдіріп, суға салмадың !Неге мені тозақ отына жандырмадың? Жүрегінің қалауына қол созған қос ғашықтың не жазығы бар еді? Оларды айырған , обалына қалған мен екенмін ғой. Менің өткен өмірім екен ғой!
Бекбол:– «Кешір , қозым! сені алған бетіңнен қайтара алатын ба едім, алмайтын ба едім , кім білсін! Бұл адам баласының кеудесінде өзінен басқаның қайғы -қасыретімен есептескісі келмейтін көр соқыр сезім бар. Солардың ішіндегі ең сорақысы, ең қатыгезі- менмендік, өзімшілдік!. Сенің анаң тым құрығанда құрсағын жарып шыққан қызының бақыты үшін де сол сезімін жеңе алмапты.Оның есесіне қазір қайғыдан қан жұтуда. Енді мен қоса жерлегенде, жер жебіріне жеткенде, не табам! Егер адам баласы бір-біріне сәл мейрімдірек болса, сәл кішіпейілдірек болса, жауыздық атаулыға жол берілмеген болар еді-ау!!.. Мен осы кезге дейін білмеген, көрмеген бауыр еті баламның өсіп жатқанын, өз әйелімнің аузынан естідім. Осы әділдік пе?! Біз бір-бірімізді сүюді білгенде, сол сезімнің куәсі нәрестемізді мойындауға неге ұяламыз ?! Мені өз перзентінен бас тартады деп кім айтты?! Бәрін де орын -орнына қоюға , бәрін де реттестіруге болатын нәрсені , өзіміз ушықтырып, ақыры орны толмайтын опық жедік. Қайран , таң шығындай тазалықтың белгісі Таңгүлім, мына күнәкер әкеңді, бір кезде өз кеудесін өзі баса аламай , бүл күндері қайғыдан қан жұтқан анаңды кешір!!»
Сахнадағы дауыс: ( Жапан түзде күңіреніп қанша отырғанын өзі де аңғармаған Бекбол беті- жүзін жуған жас, мұз болып қатып, тұла бойы әбден тоңазыған шақта ғана орнынан тұрды)
Сегізінші акт
Тоғызыншы көрініс
Адасу
Сахна көрінісі: (Бизнесмен Жайлау мен Ғалияның жеке коттеджісі. Жұмыстан кеш келген Нұртас үйден бір жат иіс сезгендей, демін ішіне тартып, жатын бөлменің есігін ашып, ес- түссіз жатқан інісін көріп, жалма- жан тамырын ұстады.Дереу жедел жәрдемнің нөмірін теріп , дәрігер шақырды да, үстел үстіндегі кішкене бос пакетті көріп, шоршып түседі).
Нұртас:–Ербол,ақымақ, бұл не?!Есірткі ме?! Өңім бе, түсім бе?! Жетпегені осы еді!
(Жалма-жан мұзадай суды інісінің басына құйып, көзінің қарашығын айналдырған Нұртас оның аузына да су құя бастады(
Нұртас:–Жұт! Жаның барында жұт , есуас!–.
Ербол (сандырақтап):– Пистолет!Пистолет қайда !Жайлауды өлтіремін.Қанын ішемін. !
Нұртас:–Сандырақтама! Қайдағы пистолет! (Осы сәт екі дәрігер ішке кірді.
(Жігіттің қолын, тұла бойын тегіс қарап шығады.)
Дәрігер:––Егілуден аман. Анашаны көп тартып, содан уланған. Система құйып , тазарту керек.Тездетіп емханаға жеткізейік. Жүрек соғысы тым нашар..
(Аурыхана іші.Анасы Ғалия да жетеді.Оған коридорда кездескен)
Нұртас: –Есілі- кіресілі шығасылы, сандырақтап сөйлейді. Қайдағы пистолет екенін білмеймін пистолет , пистолет деп қоймайды.
(Ғалияның өңі сұп- сұр. Баласының Жайлаудың сефінен ұрлап алған пистолетті іздегенін түсінді. )
Ғалия:–Енді қашан есін жинайды?!
Нұртас:–Білмеймін.
( Нұртас ұялы телефоны шырылдаған соң, қолына алады)
Бекбол:–Саламатсың ба, Нұртас, мен Таңгүлінің папасымен, Ербол қайда?! Таңданған жігіт шешесіне қарап иығын көтерді.
Нұртас:–Ол ауырып ,ауруханаға әкелдік.
Бекбол:–Қай ауруханада.
Нұртас:–Жедел жәрдем ауруханасында.
Бекбол:–Мен барып шықсам, бола ма?
Нұртас:–Қазір жағдайы ауыр. Есін жиғансын болмаса,
Бекбол:–Соншалықты қатты науқас па?!
Нұртас:–Иә, уланған.
Бекбол,–Мен оны көруім керек.
Нұртас,–Жәй ма?!
Бекбол,–Кездескенде айтамын.Сіздер сондасыз дар ма?! Ғалияда сонда ма?!
Нұртас.–Иә.
Бекбол.–Жарар көріскенше...
(Шыдамы таусылған Ғалия) :
Ғалия:–Ол кім сонша қадалып қалған?
Нұртас:–Таңгүлінің әкесі. Ерболды сұрайды.Оның Ерболға қандай қатысы бар?! (Ғалия бір бозарды, бір қызарды)Ақыры:
Ғалия:–Әкесі ғой .
Нұртас:––Әкесі?! (Жігіт ток ұрғандай селк етті. Аздан соң барып есін жиып, басын ұстады.) –Осы екен ғой, осында екен ғой бар сыр..Қайран Таңгүлі!! Сенің нәзік жаның тосын соққыны көтере алмай, сынған екен ғой!! (Нұртастың бетін жас жуды.)
Ғалия:–Кешір,балам, мен бұлай болатынын қайдан білейін. Біз де бір- бірімізді қатты ұнатқан едік.Соның куәсі –Ербол!(ол төмен қарап, күбірледі)
Нұртас:––Апа ,біздің жазығымыз не?! Таңгүлі кінәлі ме еді?! Неге қатал шешім жасадыңдар?!. Ол менің әкем емес, Ерболдың әкесі ғой.
Ғалия:–Бізді ойландыратын мұрша бердіңдер ме?! Болар іс болды. Ербол есін жиса, кіріп шығайын . (Ғалия ішке кіргенде, өңі бозарған ұлы көзін ашып, қайда екенін білгісі келгендей, алақтап жатты. Анасы келіп бетінен сүйеді.)
Ғалия:–Қорқыттың ғой, қалайсын?!
Ербол:–Тәуірмін. Маған не болған?!
Ғалия:–Есірткіден уланғансың?! Мұндай әдетті қайдан шығарып жүрсін?!
(Ербол үндемейді)
Ғалия:–Ербол, Қазір әкең келеді. Дайын бол?!
Ербол:–Қайдағы әке?!
Ғалия:–Кәдімгі әкең... Тамақ әкелдім. Мына жерге қояйын.
( Ғалия палаткіден шыққанда,, Нұртастың жанында тұрған Бекболды көріп, жүзі лап етті).
Бекбол:––Ғалия, сау -саламатсың ба?
Ғалия:–Шүкір , кіріп шығасың ба, мен айттым, келетініңді...
Бекбол:–Дұрыс болған. Ештен кеш жақсы деген. Шындықты жасыруға болмайды. Балалардың кінәсі жоқ қой...
( Нұртас теріс айналды)
Нұртас:–«Әттең .. Таңгүлі.. неге асығыс шешім жасадың!Әкең қандай есті адам. Бізді түсінетін еді ғой... –деп күбірледі.
Сахнадан : (Үстінене жамылған халатын дірілдеген саусағымен қымтанған Бекбол ішке кіргенде, Ербол кеудесін тіктеп , жастыққа сүйенді.Оның көз алды тұманданып, құлағы шыңылдады. «Шыда , Ербол, осы сәт емес пе еді күткенің» деп өзіне дем береді.Есікті жәйлап ашып ,салмақпен кірген Бекбол өзінің бала кезіндегі бейнесін көргендей, оған қадала қарады. «Құдды өзі. Япыр-ау, осылай да ұқсастық бола береді екен- ау. Екеуі бір тамшыдан жаралғандай.» Оның не ойлағанын сезгендей, баланың көңілі босады.
Ербол (басын көтеріп) :–Мен сізді көп күттім ғой.. Неге .. мені жетім еттіңіз ?! – (балаң жастың кеудесінде сар тап болған шері көз жасымен бірге сорғалайды.)
Бекбол:–Балам.....кешір..білмедім ғой.. (Бекбол құшағын ашып, Ерболды баурына қысты.Жетім көкірек боп өскен жігіт әкесінің иісіне еміреніп, тас қып құшақтап алды.)
Ербол:–Мені енді тастамаймысыз ба?!
Бекбол:–Әрине,жазылып шыққан соң , қала сыртындағы жылқы фермасына алып кетемін. Сол жақтан бір жолата айығасын.
Ербол:–Жылқы фермасы?! Сіздікі ме?!
Бекбол:–Иә.
Ербол:–Тамаша! Мен жылқыны жақсы көремін.
Бекбол:––Атаң жылқының құлағында ойнаған. Бұл тұқым қуалайтын қасиет.
( Нұртас ішке енді):
Нұртас:–Құттықтаймын, әкеңнен аумапсын, аузынан түскендейсің.Енді еркелікті қоятын боларсын.Ал, мына қылығың тіпті кешіруге болмайтын нәрсе! Мұндай әдетті қайдан таптың?!
Ербол:–Қайғымды басайын дегем.
Нұртас:-Ойынан от шығады деген, өміріңмен қоштаса жаздадың.Бір жаман жері , енді сені жарылқаушы «достарың» қыр соңыңнан қалмайды.
Ербол:–Нұртас, мен осы институтта оқығым келмейді. Басқа жаққа барып , оқуға түскім келеді. Журналист болғым келеді. Экономист боласын деген апам ғой.
Нұртас:––Жә, өзіңнен де бар. Тұрақты пікір білдірмедің. Біресе сәулетші болам дедің , біресе тарихшы болам дедің.Менің есімде.
Ербол:–Ана кісі, то есть әкем , ауруханадан шыққан соң , жылқы фермасына алып кетем. Сонда дем аласын дейді. Биыл дем алып алып, келесі жылы оқуға түссем қайтеді...
Нұртас:–Шынында да, солай дұрыс шығар. Себебі сенің «жан ашырларың» енді сенің ізіңнен қалмайды. Оларға ақша керек. Әрі беріден соң қорқытып, қоқан- лоқы жасайды.Әзірге көздерінен таса бола тұрғаның дұрыс.
(Ербол басын изеді.)
(Коридорға шыққан Нұртас сөйлесіп тұрған Ғалия мен Бекболдың жанына келді.)
Нұртас:–Сізге рахмет! Ербол мүлдем өзгеріп, көңілі көтеріліп қалыпты. Тіпті сізге қазір еріп кетуге дайын.
Ғалия:–Қайда кетеді?!
Нұртас:–Ендігі жерде әкесімен тұрғысы келеді.
Ғалия:–Сәбира не дейді ?!
Бекбол:–Сәбираның өзі айтты ,әйтпегенде мен білмейтін едім.
Нұртас;–Апа, ең дұрыс шешем, Ербол әкесінің жанына барып дем алсын.Әйтпесе ,жағдай қиын болып кетуі мүмкін. Меніңше, сіз дер кезінде қол создыңыз. Оған әке тәрбиесі, әке қамқорлығы жетіспей жүрді. Ендігі жерде Ерболдың не істейтінін , қайда оқитынын өзіңіз шешіңіз.
Ғалия:–Мындағы оқуы ше?
Нұртас:–Апа, ол бұл мамандықты қаламайды. Сіздің айтуыңызбен түсті ғой. Сондықтан зорламайық.
Оныншы көрініс
Ғалияның ажалы
Сахнадағы дауыс:–
( Ғалия үйіне салы суға кетіп оралды.Ол Бекболмен бір көрісуді армандайтын. Ал көрісті, бұдан көрмегені жақсы еді. Сонау жылдарғысы өзін алдарқату екен. Соған көзі жетті. Бекболдың селсоқтығы жүрегін оңдырмай жаралады..Оның сонау кездегі ынтық-ықласы тек қана еркек адамның көрсе қызарлығындай , әдемі әйелді уақытша қызықтағанындай із- түссіз кеткендей. Екеуінің арасындағы сол бір күндердің куәсі Ербол болмағанда, ол тіпті жүздесуді де қаламайтын тәрізді. Ғалия оны шынымен сүйген, талай жылдар үздігіп күтумен жүрген. Көпке дейін ұмыта алмаған. Біраз уақыт елеңдеп, іздеп келер, тағы да көрісерміз деген үміттен де арылмаған. Бірақ Бекбол қатты екен. Немесе ол тек лап еткен құмарлықпен ғана шектелді.. Сол лездік құмарлығы тарқаған соң , мұны біржолата ұмытты. Бүгін Ғалияның көзі соған жетті. Көңілі құлазып, жалғызсырап қалды. Бұл дүниеде өзін өмір бойы сүйетін бір жан бар екенін сезінетін әйелден бақытты жан жоқ шығар деп ойлады.
Коттеджінің жанына келіп, тоқтады..Жайлау мен екеуінің арасындағы салқындық күннен- күнге асқынып, соңғы кезде бір- бірін іздемейтіндей күйге жеткен. Ғалия сәнді сарайға сыртынан қарап, ойға шомды. Осы үйді салғанда, оған дүние-мүлік сатып алғанда, қуанышында шек болмаған. Қазір сол үй толы жиһаз, жалтыраған ыдыс- аяқ, неше түрлі құндыз тондар мен гауһар тастар - бәрі де қызықтырмайды. Өзін айдалада адасып, қаңғалақтап жүрген қауқарсыз бейшарадай көріп, жие торығады. Елдің бәрінің байлық -байлық деп жанын салып жүргенінің түкке тұрғысыздығына осы күні ғана көзі жеткендей. Бір кезде өзі де солай ойлаған. Сол байлыққа жетем деп, әйел жанды Жайлаудың алдынан олай ойқастап ,былай ойқастап, бар өнерін салып ,өзіне қаратып алды. Енді ойлап отырса, содан тапқаны не?! Жылуы жоқ үйден жатырынан шыққан балалары шошып, бет -бетімен кетті. Ербол әкесін тапты. Бір күні Нұртастың да әкесі іздеп келуі ғажап емес. Ол жеке меншік мектеп ашыпты, қазір ауқатты деп естиді. Сонда жиһаз толы Жайлаудың үйін бағып, оның сүйегінен өткен сөздерін күнде есітіп, байлық үшін бағасын түсіріп жүре бере ме?! «Сен сол үшін , байлық үшін жүрген жоқпысың?! Енді неге көңілің толмайды?!» дейді әр жағынан бір дауыс.. «Мен байлықтың рахатын балаларыммен бірге көргім келді.» «Олай болса, байлықты балаларыңмен бірге жасауың керек еді. Біреудің тапқан-таянғанымен қолыңды жылы суға батырғың келгені әділдік емес!» Ғалия ашуланды. «Мынадай қағынған сауда- саттық заманда қайдағы әділдік , қайдағы еңбек! Заманың қасқыр болса, түлкі болып шал деген нарық заңы осы емес пе?!.» «Олай болса байлыққа жеттің, енді қалай шалқимын десең де, өз еркің ,өзіңде ?! «Мен өз ойымнан айныдым.Бұған дейін бар бақыт пен қызық байлықта деп ойлайтынмын. Ол адасқандық екен.Мен тұйыққа тірелдім.Мені қазір мына жиһаз толы үй қызықтырмайды. Осы үйден кеткім келеді де тұрады. Бірақ қайда?!»
(Әйел аяғын санап басып , үйге кірді. Араққа тойып алған Жайлау алдынан аюдай ақырып қарсы алды )
Жайлау:–Иә, бүгін ашынаңмен кездесіп, көңіліңді бірледің бе?!Әкесін тауып балаң мәз болды ә!.Көңіл күйің неге жоқ?!... Өткен күндеріңді сағынып тұрмысың?! Сені кім ұстап тұрған , балаларыңның соңынан бар! Мен саған мына дүние-мүлікті қалдырмаймын. Мен өлген соң, артымда қалатын мұрагерлікке қызығып жүрген боларсың?! Босқа әуре болма! Мына -дүние мүліктің иесі бар. Мен оны інімнің екі баласына өсиеттеп қойғанмын. (Күйеуі нотариалдық контардан куәландырылған көк қағазды мұның көз алдына тосып, шошаңдатты..)
Жайлау:–Міне , сенбесең?! Тапқан екенсің нақұрысты. Менің үйімді-күйімді басып қалғың келді ғой. Анау жетімектеріңе мені жегізгің келді ғой. Мә ,аларсын... –(ол саусағының арасынан басбармағын шығарды)
Жайлау:–Сен бұдан былай, бұл үйдің қызметшісің?! Жаңа қызметің ұнай ма?! (Естігендері етінен өтіп ,сүйегіне жеткен Ғалияның көзі шарасынан шықты.)
Ғалия:–Мейлі не қылсаң ол қыл.. Мен де өлмеймін, сен сияқты қу бас емеспін. Балаларым бар...
Жайлау:–Қайда сол балаларың , анау қаңғып жүрген ши бұттар ма?!Олар сені бақпақ түгелі , өздерінің тамағын әрең тауып жүр! Бірақ ең басқы көздеген мақсатың .. менің байлығымды басып алу емес пе?! Енді менің өлгенімді күт!
Ғалия :–Өтірікті соқ па!
Жайлау:–Маған сүйіп тиген екенсің ғой. Алғашқы тиген күйеуіңді ақша жасай алмайды деп тастап кетіпсің.Одан кейінгі сенімен көңіл көтерді. Саған үйленуді ойламапты да . Менің басымды байлығыма бола айналдырғаныңды өтірік деші?! Айта алмайсың!. Сен ойлаған арамдықты мен ойламайды деп саған кім айтты?!
Сахнадан: (Қараңғыда үйден ашумен атып шыққан Ғалия машина рөліне отырды.Жүйткіп келе жатқан машинамен бірге өмірінің де өтіп бара жатқанына есеп бермеген әйел қас- қағымда қиылыстан шыға келген КамАЗ-дың астына кіріп кетті. (Сахнада қайғылы күй ойнайды)
Тоғызыншы акт
он бірінші көрініс
«Махаббат күмбезі»
( Саябақтың іші.Қыз атылған су бұрқақ жанынан көтерліген «Махаббат күмбезі» ескерткішін ашылу салтанаты. Сахнада музыка сазы.Саябақтың ішімен жалғыз аяңдап кел жатқан Нұртас көрінеді)
Нұртас: (Өз-өзінен күбірлеп сөйлеп келеді) :–
- Аяулым,Таңгүлі, таң шығындай мөлдір сезіміміз, мөлдір махаббатымыз тағдыр сынына төтеп бере алмады. Әттең... әттең.. сендей аруға оқ ататын зұлымдар жер бетінде болмаса ғой.. Бәрі басқаша болар ма еді?! . Өзін ғана сүйіп, ,өзгелерді табанына таптағысы келген қорқау қасқырдың қолына түскен ерке елігім, қапияда мерт болдың. Мені оқтан арашалаймын деп, өзіңді құрбан еттің. Ал егер мен сенен бұрын қимылдасам, сен үшін өзімді құрбан етер едім. Ол бақыт та маған бұйырмады..Содан бері жылдар өтті , айлар өтті. Уақыт бәрін жазады , уақыт бәрін емдейді деуші еді. Әй қайдам, уақыт өткен сайын, саған деген сағынышым өсе түсіп, өзімді қоярға жер таппаймын. Сол бебулеген сезіміммен безендіріп, саған арнап «Махаббат мұнарасын» тұрғызуды ойлаған едім. Бұл сенің де аманатың.
Әне , солай қарай ағылып бара жатқандардың қарасы көбейді. Бұл мұнара бір-бірін риясыз сүйе тұрып, қосыла алмай , арманда өткен ғашықтардың сезімінің символы. Қос ғашық мұнараның иілген екі доғасынан бір-біріне ұмсына түсіп көрінеді де, көгілдір сәуленің арасына сіңіп, ғайып болады. Оларды тамашалған көкірегінде сәулесі барлар сол көріністен тағдыр ғайыпты түсінеді. Ол іңкәр жүректердің таусылмайтын –сағынышы. Аласапран өмірде адасқан алапат сезім иелерінің бір- бірін іздеп ,аласұруы..
( Сахнадан « Махаббат күмбезінің» ашылу салтанатына жиналғандар.Бекбол.Сәбира.Ғалым мен Сәуле. Ербол.Нұрила.Қыз-жігіттер көрінеді. Ортасына Нұртас қосылады.)
Сахнадағы дауыс : – Бүгінгі «Махаббат күмбезі»– сезімдері тағдыр талқысына түсіп, қосыла алмай кеткен қос ғашықтың мәңгілік махаббатына арналған– мәңгілік ескерткіш. Сол ғашықтар бір кезде Көктебенің басында тұрып, ақиық ақынының ғашықтар туралы монолігін тыңдап, «Біздің тойымызда орындалса » деп армандаған екен. Бүгін сол армандардың орындалған күні..Олардың аппақ сезімдері , арайлы жүздері , әрқайсымыздың жүрегімізден орын алуда. Мынау ескерткіш ашылған күнді , қосыла алмай кеткен қос мұңлықтың осы күн– Той күні деп–Ғашықтардың монолігі орындалады.
(Қыз–жігіттер сахнаға шығады.Күй ойналады. ):
–Құс болып ұшып жоғалсам , не етер едің? –деді көгілдір көйлек киген ару.
–Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.–деді жігіт.
–Отқа түсіп өртенсем , не етер едің?
–Күл боп бірге соңыңнан кетер едім..
–Бұлдырасам сағымдай не етер едің?-деді көрікті қыз күлімсіреп.
–Жел боп қуып ақыры жетер едім.-деді сері жігіт көгілдір көкті қолымен нұсқап.
–Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?– деді сұлу күлімдеп.
-Қойшы ,сәулем, бәрін де көтеремін ,–деп жігіт қызға қолын созды..
САхнадан: (Жастар ду қол соқты. Нұртас қатты тебіренді. Сол күні осы тілекті естіген қазіргі жары - Нұрила болатын. Бұл соның- ұсынысы )
Қала мэрі :– Құрметті қала тұрғындары, осы Елбасы атындағы саябақтың халық көп жиналатын, дем алатын мәдени орынға айналғанына өздеріңіз куә болып жүрсіздер. Ал бүгін қаламыздың талантты сәулетшісі осы саябақтың ішінен жастарға арнап мынадай әсем «Махаббат күмбезі» ескерткішін тұрғызып, жастар тәу ететін тағы бір тамаша демалыс орнын ашып отырмыз. Енді жақсыны көрмек үшін деп , осы еркеткіштің лентасын оның авторы Нұртастың өзіне қиғызайық. ( арт жағында тұрған Нұртасты алға жетелеп, қолына қайшы ұстатады)
Нұртас: –Рахмет. Мен бұл құрметті Сәбира анамызға бергім келеді. Сәбира апа , бері келіп, мына лентаны қиыңыз. Сіз бұл ескерткіштің кімнің құрметіне арналғанын да білесіз. Келіңіз .Құрметті жұртшылық , айып етпеңіз бұл өмірден ерте озып, жауыздың қолынан қаза тапқан жас сәулетші- дизайнер Таңгүлі Бекболқызының анасы. (Көпшілік сыбырласып кетеді.)
(Әреңдеп өзіне-өзі келген Сәбира ескерткіштің жанына келеді.)
Сәбира:-Нұртасжан-ау, мені неге қинадың.Мұның бәрі сенің еңбегің емес пе? (Дірілдеген қолымен лентаны қияды. Жапқыштың әржағынан көгілдір неон шамына бөленген қос доғаның арасынан қыз бен жігіттің бір-біріне қол соза беріп, алма-кезек ғайып болатын бейнесі шығады.(Айналадан таңданған , аһа ұрған дауыстар естіледі. «Нұртас пен Таңгүлінің бейнесі»дейді біреу арт жақтан. «Нағыз қас шебердің қолынан шыққан екен.» деген дауыстар естіледі.
Сәбира(көз жасын сүртіп):– Құрметті, жиналған қауым, ғашық жүректер, осы ескерткіштің жанына келген сайын, бірі- бірлеріңе деген сүйспеншіліктерің , сыйластықтарың артып, содан нәр алыңдар. Мына күмбездегі бейнелерге қарап тұрсаңыздар, көп нәрсені ұғасыздар. Бұл – тағдырлары тоғыспай кеткен қос ғашыққа арналаған ескерткіш. Егер әр адам өз бойындағы өркөкіректік, тәккапарлық,кешірімсіздік тәрізді қасыреті мен кесапаты мол мінез-құлықты жеңе білетін болса , өмірде шалыс басқан қадамдар да болмас еді деп ойлаймын.
– Менің аналарға айтарым– кекшіл болмай кешірімді болыңдар! Жастарға айтарым- өмірде бірақ рет бастарыңа бақ болып қонатын махаббаттарыңнан көз жазып қалмаңдар! Нұртас , балам, өлгенімді тірілттің , өшкенімді жандырдың,
Бекбол екеуміз сол өткен күндер өкінішінің орнын толтырудың қамын жасап, жетім балалар үйінен қыз асырап алдық, Бекбол баласы Ерболды өз тегіне жаздырды, оған ендігі жерде жетімдік зарын тартырмаймыз.. Азаматтың әке-шешесі– Ғалым мен Сәуле де дағырадай үйлерін бала- бақшаға тапсырып, өздері солардың күтіміне араласып жүр. Бәріміз де өткен күннен сабақ алғандаймыз. Енді алғы күніміз ашық,болашағымыз бұлтсыз болсын!
(Жұрттың ең соңынан Нұртас жүкті әйелі Нұриланы ертіп , ескерткіштің алдына тағзым етеді.)
Нұрила:- Нұртас қызымыздың атын Таңнұры қоямыз , мен солай шештім,–деп күбірлейді.
Нұртас:–Ең бастысы бақытты болсын ! ( Ол Нұриланың шашынан сипайды).
Сахна сыртынан музыка әуені ойналады.