Балалық шақ
Жанарымда нұр ойнап,шаттық күлген
Бойымнан арылмаған пәктік мүлдем
Қайран менің,балалық балдай кезім
Доп қуалап,шыбықты ат қып мінген
Көңіліме алаң мен кірмей күдік
Жадырадым уайымсыз күндей күліп
Ғарышкер боламын деп армандадым
Ғарыштың не екенін білмей жүріп
Сол арманмен кетемін айға да ұшып
Баламын ғой толмаған бойда күші
Үйге кеш оралғанда анам кейде
Қоятын қабақ шытып,жайлап ұрсып
Алысқан соң ұлдармен жұлқып жұлқып
Киімімде болатын жыртық-жыртық
Бұрымынан тартамын қыздардың кеп
Мұрынымды мен әрең сүртіп жүріп
Достар жүрсе сабақпен басы қатып
Мен жүремін далада асық атып
Үйге жылап келгенде әкем маған
Деп айтатын "жігітсің,жасыма түк"
Солай өтті қызықпен талай күндер
Сол сәтке қия алмай қараймын мен
Есейгім кеп жүргенде білмей қалдым
Есейіп кеткенімді қалай бірден
Жанарымда нұр ойнап,шаттық күлген
Бойымнан арылмаған пәктік мүлдем
Қош бол енді балалық балғын шағым
Доп қуалап,шыбықты ат қып мінген