Қалқанқұлақ
Олжас бүгін ерте тұрды. Күн жексенбі! Сағат 7-ден 20 минут кетті. Ол сағатты қолына алып:
- Мен саған ертерек оят деп едім ғой...
Олжас:
- Әй, сен де... Ұят емес пе? Сен мені емес, мен сені оятып жатырмын... – деп сағатты орнына қоя салады.
Сағат: (анимация):
- Өзің емес пе 7-ге қойған... Менің не кінәм бар?
Олжас тез-тез жаттығу жасаудың ырымын істеп бола-бергенде жерде жатқан гантельдер:
- Ал біз ше?!!Бізді ұмыттың...
Олжас:
Жарайды... – деп қолына алып, жаттығуын жалғастырады.
Гантельдер «е, бәсе...» - деп мәз болып қалады. Олжас тез-тез жуынып сүртініп жатқанда тіс щеткасы мен паста қосарланып:
- Бізді ұмыттың... – деп шулайды.
Олжас:
- Кейін, кейін... қазір уақытым жоқ!
Щетка:
- Күнде осы... – деп өкініш білдіреді. Олжас досына телефон соғады..
- Ало, Бақберген?! Сен әлі ұйықтап жатырмысың? Қайдағы ерте? Біз барамыз дегенше сағат 10 болады? Балықтардың бәрі тойып алып, біздің жемімізге қарамай қояды,түсіндің бе? Ал аш болса, біз не ілсек те, қағып салады! Бол, тез! Мен сені аялдамада күтемін!
* * *
Әпкесі Айжан зарядка жасап (тренажер) жатыр.
Айжан:
Е-е-е қайда?! Таң атпай ерте қайда жиналып барасың?
Олжас:
Балық аулауға көлге барамыз.
Айжан:
Кіммен?
Олжас:
Бақберген екеуміз...
Айжан:
Мамаға айттың ба?
Олжас:
Айтқан жоқпын... Бірақ түске дейін кеп қаламын!
Айжан:
Онда бармайсың!
Олжас:
Бізге демалыс қой. 3-ші тоқсан бітті. Көктемгі демалыс! 2-апта! Айжан:
Мен бәрін жоспарлап қойғанмын, бүгін үй жинаймыз! Сен шаңсорғышпен бөлмелерді тазалап шығасың.
Олжас:
Жо-о-оқ! Тек бүгін емес!
Айжан:
Ал ертең зообаққа барамыз!
Олжас:
Мен зообаққа барғым келмейді! Исі ұнамайды... Сутышқандар, Жайра... Фу-у!
Айжан:
Неге?! Онда да балықтар бар! Әдемі алтын балықтарды көресің!
Олжас:
Оларды қармақпен ұстай алмайсың. Мен көлге, Бақбергенмен, қармақпен отырып балық аулағым келеді. Қалытқы бүлк-бүлк еткенде жүрегің лүп-лүп етіп... Бірақ сен оны түсінбейсің...
Айжан:
Аха... Ал мені кім түсінеді? Сенің жүрегің лүп-лүп етіп балық аулап отырғанда менің маңдайым шып-шып терлеп үй жинап жатамын, солай ма? Сонда енді үйді кім жинайды?
Олжас:
Ту-у-у, Айжан, өзің жинай салшы, Сен... қызсың ғой... Қыз деген үй жинау керек...
Айжан:
Аха, балалар балық аулау керек! Тапқан екенсің, ақымақты!
Олжас:
М-м-м... мен саған балмұздақ әкеліп берейін! Өзің ұнататын шие қосылған балмұздақ!
Айжан:
М-м-м... және шоколад! Қара плиткалы – «Қазақстан».
Олжас:
Жәрайды, дегенің болсын! Ендіше мен кеттім!
Айжан:
Ұмытып кетпе! Балмұздақ пен шоколад!
Олжас апасына:
Апа, мен кеттім!
Апасы:
Абайлап жүр балам. Су кешпе, шомылма әлі ерте, басыңнан күн өтіп кетпесін, айналайын жолың болсын...
* * *
Олжас қала ішінен Цирктің жарнама плакаттарын көріп қалады. Қызыға қарап тұрып, өзін арыстандарды үйретуші ретінде елестетіп, қиялданып кетеді. Бір кезде Цирк ғимаратының жанына келіп қалғанын көріп, солай бұрылады. Касса алдында кішкентай баланы жұбатып, бір әйел кетіп барады.
Әйел:
Жүре ғой, қазір саған балмұздақ әперемін!
Бала:
Арыстандарды көремін...
Әйел:
Арыстандар бүгін ауырып қалыпты... ертең келеміз...
Бала:
Жо-оо-оқ! Арыста-а-андар!!! (Олар кетіп барады)
Кассаға келген Олжас:
Саламатсыз ба, апай?! Апай арыстандарға бүгін демалыс па?!
Кассирша:
Балақай, арыстанның баласы ауырып қалды...Содан үлкен арыстандар ойын көрсетуге шықпай қойды...
Олжас:
Шықпағаны қалай? Баласының қай жері ауырады екен?
Кассирша:
Мен қайдан білейін?! Аң үйретушінің өзі де білмейді. Қиын, қиын... Анау үлкен арыстанды айтамын да... Баласын уайымдап, енді міне бүкіл көрсетілім тоқтап тұр...
Олжас:
Ал дәрігерлер не деп жатыр?
Кассирша:
Дәрігер келді де кетті... Ол аңдардың сөзін түсінбейді ғой... Түсінсе емдер еді...
Олжас:
Ех, шіркін аңдардың, құстардың тілін түсінсем ғой... Арыстанның баласын қай жері ауырады екен сұрап алып емдеп жіберетін едім...
Кассирша:
Ой, айналайын... Жүрегіңде мейірім бар екен ғой! Атың кім балақай?!
Олжас:
Олжас!
Кассирша:
Арыстандар жазылған соң, циркке кел, Олжас! Тегін кіргізем, Қатира апай десең болды...
Олжас:
Келемін, досымды да ертіп келемін! А-а-а айтпақшы арыстанның тұрағы қай жерде?!
Кассирша:
Анда, бірақ ол жерге баруға болмайды, өте қауіпті.
Олжас:
Жарайды апай, сау болыңыз, мен кеттім...
Кассирша:
Сау бол, Олжас!
* * *
Қыз:
Тиме! Ол менің арыстаным!
Олжас:
Жәрәйді... Сонда мына арыстан сенікі ме? Мен жәй әншейін... Өй-өй тістеп алады ғой... Байқасай.
Қыз:
Ол ауырып жатыр. Тамақ та жемей қойды.
Олжас:
Нан да жемейқойды ма сонда? Кішкене май жағып берсең...
Қыз:
Жоғей, ол ет жейді. Бірақ қазір не берсең де жемейді.
Олжас:
Ал, сен аңдардың тілін түсінесің бе?
Қыз:
- Кейде түсінемін?!
Олжас:
- Сонда олар не дейді?!
Қыз:
- Кейде су ішкісі келеді... кейде ойынағысы келеді... ал, кейбір кезде жатып демалам дейді.
Олжас:
- Сонда қалай? Жатып демалам дегенді қалай айтады? Ақырады ма?! а-а-а -деп?!
Қыз (күледі):
- Жоғей, есінейді, керіледі, жатып аунайды. Сол кезде желкесінен сипаласаң маужырап ұйықыға кетеді.
Олжас:
- Қызық екен... Ал, мен желкесінен сипаласам ол ұйықтайды ма?
Қыз:
- Қайдам...Үйренбеген адамға айбад шегіп ырылдайды...
Олжас:
- Ал, сен олардан қорықпайсың ба? Тістеп алса қайтесің?
Қыз:
- Несіне қорқамын? Мен Қайсар туылғаннан бері біргемін. Анам екеуміз үйретеміз.
Олжас:
- Ал, анаң қайда?!
Қыз:
- Анам иттерді үйретіп жүр. Көргің келсе, жүр кеттік. Сенің атың кім?
Олжас:
Олжас!
Қыз:
- Ал мен Перизат.
* * *
Аренада анасы күшіктерді ойнатып жүр. Қыз бен Олжас екеуі келеді.
Перизат:
- Анашым...
Анасы:
- Келе ғой, қызым. Мына бала кім?
Перизат:
- Бұл – Олжас. Аңдарды өте қатты жақсы көреді екен. Мен оған күшіктерімнің өнерін көрсетейін деп едім...
Анасы:
- Жақсы... Көрсете ғой, қызым.
(Иттердің өнері көрсетіледі. Олжастың телефоны шырылдайды)
Олжас:
- Алло,Бақберген...
Бақберген:
- Сен қайда жүрсің өзі?! Жарты сағат болды күтіп тұрғаныма. Өзің тез-тез кел дейсің, келмейсің.
Олжас:
- Бақберген! Мен мұнда...арыстан ауырып қалыпты, түсінемісің? Содан мына күшіктерді көрейін деп...
Бақберген:
- Арыстан ауырып қалды? Сен өзің ауырып қалғаннан саумысың? Күшіктері несі? Балық! Балыққа барамыз емес пе?
Соңында: Олжас:
- Болды! Қәзір жетемін...
Қыз бен анасына:
- Жарайды, кешіріңіздер, мен ертең келемін. Арыстан жазылып кетсін.Жақсы!
Анасы:
- Сау бол, Олжас!
Перизат:
- Келіп тұр. Арыстандармен ойнаймыз!
Олжас:
- Келемін
Жүгіріп кетеді.
* * *
Олжас қармақтарын алып аялдамада тұр. Бір кезде Олжас Бақбергенге жетеді.
Бақберген:
- Қорқытып жібердің ғой, кешікпе, кешікпе дейсің...өзің кешігіп жүрсің...
Олжас:
- Әпкем жібермей қойды, әрең қашып шықтым, қане, не алдың көрсетш? Аха, тоқта-тоқта, мхм о, нан,тағын не бар? ірімшік,шұжық... Бірақ балықтар шұжық жемейтін шығар?!! Мейлі,өзіміз жейміз. Әне,автобус! Кеттік!
Олар автобусқа кіреді. Олжас өзімен бірге оқитын Біржанды көріп қалады да жәйләп артынан барып құлағынан шертіп қалады.
Біржан:
Ай, құлағым!!!
Олжас:
Сәлем, Қалқанқұлақ! Құлағың қалқиып қайда шықтың?
Біржан:
Онда сенің шаруаң болмасын! Осыдан мектепке барайын, сынып жетекшісіне айтып сазайыңды тартқызамын...
Олжас:
Бар, бар... қазір айт! Не? Қалқанқұлақ екенің өтірік пе?
Бақберген:
Қойсыңшы, Олжас... Біржан... бізбен бірге балыққа жүрсеңші...
Біржан:
Жоқ, бармаймын, рахмет... Мен қазір түсемін.
Олжас:
Бармасаң қой... Саған жалынбаймыз. Сенің құлағыңды көріп балықтар қашып кететін шығар...
Бақберген:
Әне билет тексеруші апай келе жатыр...
Билет тексеруші келе жатыр.
Олжас:
- Өтірік ұйықтап қалайық...
Билет тексеруші:
- Әй, балалар! Жол ақысын төлеңдер!
Олжас өтірік оянып кетіп:
- А-а-а.… апай, емдеу орталығына келіп қалдық па?
Билет тексеруші апай:
- Ойбуй, айналайындар-ай, төлемей-ақ қойындар...
Олжас:
Рахмет, апай!
Бақберген:
- Жоқ,апай... бізде бар, қазір... – деп қалтасын қарай бастайды.
Билет тексеруші:
- Қандай көргенді балалар... Керегі жоқ, сол ақшаға балмұздақ алып жеңдер...
Олжас:
- Рахмет,апай!!!
Бақберген:
- Төлей салмадық па?
Олжас:
- Апай не айты?.. Сол ақшаға балмұздақ алып жеңдер деді... Үлкендердің айтқанын тыңдау керек! Ұқтың ба?
Бақберген:
- Жоқ,біз ауру бала емеспіз! – деп орнынан тұрып, апайға:
Олжас:
- Өй, сен де бір...
Бақберген:
- Апай міне, алыңыз... Екі адамға...
Апай түсінбей қарап қалады.
* * *
Екеуі қала маңындағы көлге келе жатыр.
Олжас:
- Осылай мені ылғи ұятқа қалдырып жүресің? Айтшы, сен осы менің доссың ба, дос емессің бе?
Бақберген:
- Доспын!
Олжас:
- Қайдам-қайдам... Доспын дейсің... Дос деген бір-бірін қорғап, қолдап жүреді емес пе? Ал сен болсаң...
Бақберген:
- Сен өтірік айтқанды қашан қоясың осы а?..
Олжас:
- Өтірік?! Мен қашан өтірік айттым?
Бақберген:
- Сен жаңа ғана автобуста емделуге барамыз деген жоқпысың?
Олжас:
- Деген жоқпын! Мен жай ғана емделу орталығына келіп қалдық па? – дегенім ғой...
Бақберген:
- Иә... Ал келіп қалсаң не болыпты?
Олжас:
- Міне... емделу орталығынан соң үш аялдамадан кейін түсеміз дегенім ғой...
Бақберген:
- Туһ, саған дауа жоқ екен... – деп күліп жіберді.
Олжас:
- Жоқ, тоқта! Сен дәл қазір,айт! Мен егерде өтірікші, суайт болсам, неге менімен дос болып жүрсің?! Айтшы...
Бақберген:
- Өзім де білмеймін... Бірақ сенімен жүрген, көңілді, қызық...
Олжас:
- Көңілді, қызық?! Өте, қызық! Сонда мен сені ылғи да күлдіріп жүретін сайқымазақ болдым ғой... Солай ма?
Бақберген:
- Жоқ, Олжас... Сен жақсы баласың... Сабақты да менен жақсы оқисың... Жарайды, кешір енді...
Олжас:
- Жоқ!! Кешірмеймін!!! Сен мені өтірікші деп айыптадың!
Бақберген:
- Жарайды, не істесем кешіресің!
Олжас:
- М-м-м онда мені көлге дейін арқалап барасың... Содан кейін ойланып көремін.
Бақберген:
- Сонда қалай болғаны? Мен сені көлге дейін салпақтап арқалап барамын! Ал сен тағы да ойланамын дегенің не?
Олжас:
- Көп сөзді қой да, арқалай берсеңші... Мүмкін жарты жолда-ақ сені аяп, кешіре салатын шығармын... – деп Бақбергенге секіріп мініп алады.
* * *
Олжас Бақбергеннің арқасына мініп алған. Ойланып келеді.
Олжас:
- Бақберген... менің не ойлап келе жатқанымды білесің бе?
Бақберген:
- Жоқ... менің ойым тезірек көлге жету...
Олжас:
- Ой, сенің ойларыңның бәрі түкке тұрмайтын нәрселер... Ал мен... Арал теңізі туралы ойлап келе жатырмын. Аралдың суын қалай қалпына келтіріп, тезірек толтыруға болады екен деп...
Бақберген:
- Арал теңізін қалай толтыруды менің арқамда ойланбай-ақ, басқа жерде-ақ ойлануға болмас па еді? Мысалы, балық аулап отырып?
- Бір жағынан сен туралы да ойланып келе жатырмын... Кешірсем бе, кешірмесем бе деп...
Бақберген:
- Болды, жетер! Түс... Арал туралы жаяу жүріп ойланғаның дұрыс.
Олжас:
- Жәрәйды... ашуынды бас... Өзің емес пе, менімен жүрген көңілді деп... Ал енді шыда ... Қане, әкел қолды... Доспыз ғой?! Доспыз!
Әне көл де көрінді!
Екеуі қол алысты да, көлге қарай жүгіре жөнелді.
* * *
Олар көлге жетіп қармақтарын реттей бастайды. Анадай жерде бір қария балық аулап отыр екен. Басына сауысқанның ұясын киіп алған ба? Хи-хи-хи...
Олжас:
- Өзі ертегідегі Қаңбақ шалға ұқсайды екен. Жүрші жақынырақ барып сұрайық... Не істеп отыр өзі?!
Олжас:
- Ассалаумалейкум, ата! Қалай, балық ұстадыңыз ба?
Шал бұларға бір қарады да, үндемеді.
Бақберген:
- Құлағы, естімеді ғой деймін...
Екеуі шалға келеді.
Олжас шалдың құлағына жақындап:
- Ата!!! Балық бар ма екен?! – деп айқай салады.
Шал отырған орнынан құлап қала жаздады.
Атып тұрып:
- Сен бала неге айғайлайсың?
Олжас:
- Кешіріңіз, мен сізді естімейді екен деп...
Шал:
- Естімегені несі? Менің құлағым көл түбіндегі балықтардың сөйлегенін де естиді...
Олжас (күліп):
- Ой, ата, сіз де айтады екенсіз-ау... Біріншіден балықтар сөйлемейді... Екіншіден, сөйлей қалған жағдайда оны кім естіп, кім түсінеді?!
Шал:
- Сонда сен бала, маған сенбей тұрмысың?
Олжас:
- Өй, ата өтіріктің де жөні бар ғой, ата... Мен де анда-санда өтірік айтып қоямын...
Бақберген(қуанып кетіп):
- Аһа-а... мойындадың ба, өтірік айтатыныңды!
Олжас:
- Сен қоя тұршы, жағаласпай... Сонымен ата... Менің өтірігімнің қасында сіз айтқан өтірік ертегідей болды ғой... Сондай өтірік айтуға сақалды басыңызбен ұялмайсыз ба? Біз сияқты балаларға ақыл айтудың орнына...
Шал:
- Әй, бала! Сен менің ашуыма тиме! Мені өтірікші дегеніңді қайтып ал, әйтпесе...
Олжас:
- Иә, әйтпесе не болады?! Мен қазір қашып кетсем, сізге жеткізбеймін... Бірақ, сіз жаңағы айтқан сөзіңізді дәлелдеңіз! Сонда ғана сенемін...
Шал:
- Жетер!!! Сен бала, өзің қалай-қалай сөйлейсің! Сен ұқсап менімен дөрікі етіп ешкім сөйлемеген!!! Мен ертегілер елінен келген «алтын балықтарды асыраушы» шалмын! Сен сияқты үлкендерді сыйламайтын балаларды... қоңызға айналдырып жіберемін!
Олжас күлкіден жарылып кете жаздады.
- Ой, ішегім-ай, қоңызға?!! Ахха-ха-ха!!! Ертегілер елінен... «Алтын балық» өсіруші шал! Онда мен Тазша баламын! Сізбен мен өтірік айтудан жарысайық! Кім жеңер екен?! Ха-ха-ха!
Бақберген:
- Олжас, қойсаңшы... Атадан ұят қой... Ата, Сіз бізді кешіріңіз... Біз, барайық...
Шал:
- Енді ешқайда да, бармайсыңдар!!!
Осы кезде ағаштан жасалған тор екеуінің үстіне түседі. Олжастың күлкісі сап тиылады.
Шал:
- Ал, қаша қойшы енді, көрейін... Қазір сендерді... көл бақаға айналдырамын! Жүріңдер содан соң, бақылдап... Анереймус... каламбос...
Екі дос қатты қорқып, шалға жалына бастайды.
Бақберген:
- Ата, кешіріңізші бізді... Олжас, сен неге үндемейсің, атаға айтсаңшы! Мен көлбақа болғым келмейді!!!
Олжас:
- Ата, қойдым, сөзімді қайтып алдым! Сендім, сендім! Сіз жеңдіңіз!
Шал:
- Аха... солай ма?! (Бақбергенге қарап) Сен бала... боссың!!! Бара бер!
Бақберген тордан шығады. Бірақ кетпейді.
Бақберген:
- Ата, менің досымды да босатыңыз! Өтінемін ата, бір жолға оны да кешіріңіз!
Шал:
- Досым, дейсің-ә?! Досыңды жақтап, қорғап тұрғаның өте жақсы... Бірақ сенің досың, өтірік айтамын деп тұр... Сонда сен өтірікшімен қалай дос болып жүрсің?
Бақберген:
- Ата, Олжас Сіз ойлағандай жаман бала емес... Сабақты да «4» пен «5»- ке оқиды! Мектептегі хорда ән айтады... Олжас, ән айтып берші, атаға...
Олжас:
- Тордың ішінде ме?!Тордағы бұлбұл ән салмайды...
Бақберген:
- Ой, бұлбұлым-ай! Көлбақа болып бақылдап жүргеннен гөрі қазір ән айтып бергенің жақсы емес пе? Атаның аяғына жығыл! Кешірім сұра! Саған адамдарды мазақтама деп қанша рет айттым? Жаңа ана Біржанды да «Қалқанқұлақ» деп бекер ренжіттің.
Олжас:
Өйткені ол - «Қалқанқұлақ»!.. Ән де айтпаймын, ал қайтесің?..
(сыбырлап)
Бақберген! Анау... кинодағы етік киген мысық сияқты көзіңді мөлитетінің бар еді ғой, мүмкін сол өтер...
Бақберген:
Жәрәйді, көрейін... (образға кіреді) Ата... ата деймін... өтінемін...
Шал сәл жібиін дегендей:
- Жәрәйді... ән айтпай-ақ қойсын! Мен сенің досың үшін шырылдап ара түскеніңе, жүрегім жібиін деді... (Олжасқа қарап) Бірақ, мен сені жазаламай жібере алмаймын! Мен сені... «қалқанқұлаққа» айналдырамын! Калиманжаррус... фассаттал – манус! Суф!!!
Олжастың құлағы 5 еседей үлкейіп шыға келді. Ол құлағын ұстап көрді де, тізерлеп отыра қалып, жылап жіберді:
- Ата, атажан, ататай... атеке, атажантай! Мынадай құлақпен мен қалай жүремін? Мектепке қалай барамын? Мені бәрі мазақтайды ғой... Кешіріңізші, бір жолға! Өтінемін...
Шал:
- Мен сиқырды қайтара алмаймын! Енді бәрі де сенің қолыңда. Егер де сен өтірік айтқаныңды қойып, жеті түрлі жақсылық жасасаң құлағың қайта орнына келеді. Ал сен балам, достыққа әрқашан адал бол! Мына алтын балықты саған тапсырдым. Көлге жіберерсің... - деді де Олжасқа қарап:
Айтпақшы енді сен де балықты ести аласың... Ха-ха-ха!
Шал жоқ болып кетеді. Аспандағы бұлттың арасынан шалдың бейнесі пайда болады да:
- Жеті жақсылық жасайсың!!! – деп ғайып болады.
Олжас:
- Ата-а-а!!! Кетпеңіз, ата-а-а!!!
Шал бұлттарға айналып, көзден ғайып болды.
* * *
Бақберген Олжастың қасына келіп:
Ойбай, құлағыңды қара! Чебурашка... (күліп жібереді) енді не істейміз?! Ұстап көрейінші... шын құлақ па? Әлде... шын ей!!! - Қалқанқұлақ! Мәссаған!!! Құлағың қалқандай болып кетіпті ғой, Олжас?! Не істейсің енді?!
Олжас:
Жетер енді!!! Айта бермеші, өзім де көріп тұрмын...
Бақберген:
Көріп тұрған жоқсың... Жүрші, ана көлдегі өз бейнеңді көрші... Жүрсеңші...
Олжас амал жоқ орнынан тұрып көлге жақындап, еңкейіп судан өз бейнесін көреді де суды шапалақпен бір ұрады:
Енді қайттім-а?! Нем бар еді ана шалда? Көшеде қалай жүремін мынадай құлақпен? Мектепке қалай барамын? Ана Берікті қалқанқұлақ деп мазақтаушы едім. Енді менің құлағым оныкінен он есе үлкен боп кетті...
Бақберген:
Әне... күлме досқа, келер басқа... – деген бар...
Олжас:
Қойшы-ей, сен де табалай бермей... Сені де дос дейді-ау... (Бақбергеннің қолындағы алтын балық салған банканы көреді)
Олжас:
О, алтын балық! Әкелші бері... Мүмкін бұл менің құлағымды орнына келтірер...
Бақберген:
Әй, қайдам... Жаңа ата айтты ғой, мұны көлге жіберу керек деп...
Олжас (банкадағы алтын балыққа қарап):
Алтын балық... мен сенен үш тілек сұрамаймын. Бір тілегімді орындашы, өтінемін! Құлағымды кішірейтіп берші! Бір-ақ тілек!
Бақберген:
Балықтар сөйлемейді...
Олжас:
Тыныш, ол бірнәрсе деп жатыр...
Алтын балық:
Мен сенің бір тілегіңді де орындай алмаймын...
Олжас:
Неге?!
Бақберген:
Не деп жатыр? Мен ештеңе естіп тұрғаным жоқ...
Олжас:
Қоя тұршы... Неге, алтын балық?
Алтын балық:
Өйткені сен... біздің асыраушы шалды ренжіттің! Енді тек жеті жақсылық жасасаң ғана құлағың орнына келеді!
Олжас банканы жерге бір ұрып сындырады да балыққа:
Мә, саған ендеше! Дәл қазір менің құлағымды орнына келтірмесең... көлге жете алмай осында жан тапсырасың, ұқтың ба?
Балық жерде ауа қармап шоршып жатыр.
Бақберген Олжасты итеріп жіберіп, балықты көлге жібереді. Балық судан басын шығарып:
Жақсылық жасауды досыңнан үйрен! Деп көлге сүңгіп кетеді.
Олжас Бақбергеннің жағасынан ала түседі.
Сен не?! Алтын балыққа жаның ашиды да, маған... досыңа жаның ашымайды ма?
Бақберген:
Есіңді жи, Олжас! Біріншіден, шал алтын балықты көлге жіберуді саған емес, маған балықты көлге жіберуді саған емес, маған тапсырған! Егер де оның айтқанын істемесем... кім біледі не болатынын... Мүмкін мені де сен сияқты қалқанқұлаққа айналдырар ма, кім білсін?!
Екіншіден – обал ғой... Ауа жетпей өліп қалса қайтесің... Оның үстіне жәй балық емес – алтын балық! Тоқташы сонда сен оның не айтқанын естідің бе? Не деді ол? Жаңағы шал сен енді балықты еститін боласың деген жоқ па еді?
Олжас:
Иә, оның айтқаны болды... Мен тіпті ана көлбақалардың не айтып жатқанын естіп тұрмын!
Бақберген:
Қой-ей, рас айтасың ба? Көлбақалар не деп жатыр, сонда?
Олжас:
Ана екі аяқтылар бір-бірімен ұрысып жатыр, қойыңдар, ұрыспаңдар деп жатыр...
Бақберген:
Мен оларды соншалықты ақылды деп ойламаппын! Ал алтын балық ше? Ол не деп кетті?
Олжас:
Жеті жақсылық жаса! – деді. Ал өзі маған бір жақсылығын қимады. Осыдан қарап тұр, бір күні оны қармаққа түсіріп ұстап алсам, тура қуырып жеймін! Пияз турап...
Бақберген:
Ашуыңды бас, Олжас! Одан да сенің құлағыңды кішірейтуді ойласайық! Жақсылық... жақсылық... Жеті жақсылық...
Олжас:
Мен қазір үйге барамын да, әке-шешеме құлағымды көрсетемін де... пластикалық операция жасап, құлағымды кішірейтіп беруге көндіремін.
Бақберген:
Табылған ақыл! Қазіргі доқтырлар бәрін істейді! Кеттік онда!
Олжас:
Қазір, көйлегімді басыма орап алмасам, бәрі мазақ етіп, жүргізбей қояды. (көйлегін шешіп басына орайды) Ал енді кеттік!
* * *
Кухня. Газ плитада сковородка. (крупный план, үстінен) жұмыртқа жарылып түседі.
Мамасы:
Әлгі Олжас әлі жоқ па? Балықшылардан қалдық қой... Ұқсамасаң тумағыр... Әкесінен қалып едік, енді баласы шықты... Әй, осы балық жегілерің келсе сатып-ақ аламыз ғой... Өзім-ақ қуырып берем...
Әкесі:
Өй, сен де айтады екенсің... Сен түсінбейсің, балық аулау деген... ол дегенің... керемет демалыс қой... Қалтқы бүлк-бүлк еткенде...
Айжан:
Жүрегің лүп-лүп етеді... білеміз...
Әкесі:
Әй қызым... сен оны қайдан білесің?! Балық аулап көріп пе едің?!
Айжан:
Жоқ, балыққа барған да жоқпын, бармаймын да... Күннің астында күйіп, масаға таланып... Фу-у-у...
Әкесі:
Сен де түсінбейсің... Демалыс деп соны айтады...
Мамасы:
Аха, демалыс... Демаламыз деп кетіп, кешке үйге сүрлігіп, шаршап әрең келесіңдер ғой осы. Демалыс дейді ғой... Сондағы ұстағандарың 3-4 шабақ балық... Қабығын аршысаң түгі де қалмайды, соны әлдеқандай етіп әкелмей суға қайта жібере салмайсыңдар ма, обал тіптен...
Әкесі:
Енді еңбекпен ұстаған соң үйге әкеліп... көрсетіп... жемейміз бе?
Мамасы:
Балық жегің келсе... сатып-ақ аламыз, мынадай- мынадай сазандар сатылып жатыр, тіпті барғой өздері тазалап береді...
Әкесі:
Қойшы енді, ту-у-у, екеуің екі жақтан. Әке көрген оқ жонар деген, несі бар, балыққа барса... Келсе ұрыспаңдар. Кішкентай шабақ үстап келсе де, қайта мақтап қою керек. Оңай деймісің күннің астында, қалытқыға телміріп...
Мамасы:
Әне өзің де айтып отырсың... Баламның басынан күн өтіп, ауырып қалмасын...
Осы кезде қоңырау соғылады. Үшеуі бірдей:
Келді!!!
Мамасы:
Айжан ! Есікті аш, балықшы баламыз келді!
Есіктің қоңырауы басылады. Айжан есіктің глазогына қарасы ар жағында Олжас тұр. Басына футболкасын орап алған.
Айжан есікті аша сала:
Қане, менің балмұздағым мен шоколадым?!
Олжас:
Балмұздақ та шоколад та жоқ! Былай тұр!..
Айжан:
Немене?! Мен... саған сеніп... үйдің бәрін тазалап... шаңсорғышпен шаң жұтып... Бар, тез алып кел, балмұздақты! Әйтпесе кірмейсің, кіргізбеймін!
Олжас:
Мама!!! Айжанға айтыңызшы, үйге кіргізбей жатыр.
Кухнядан мамасы шығады.
Мамасы:
Әй, Айжан, қане былай тұр! Өз үйіне кіргізбегені несі?
Айжан: (кетеді)
Мен саған әлі көрсетемін! Өтірікші.
Мамасы:
Әй, балам... Басыңнан күн өтіп кетті ме, не? Баскиім киіп жүр деп қанша рет айттым саған! Түрің біртүрлі болып тұр ғой өзіңнің. Ауырып қалғаннан саумысың? Әкесі!!! Мына балықтың басынан күн өткен бе, қарашы... Айттым мен, балыққа барсаң бас киім киіп кет деп... Тыңдамайсың ғой, айтқанды... Әкелген балығың қайда? Әй, аман болшы әйтеуір...
Әкесі газет оқып отыр.
Әкесі:
О-о-о, балықшы кеп қапты ғой... Қане, балам келе ғой, маған! Балық аулау деген рахат қой... Жақында бері... Тіліңді көрсет! Ә-ә-ә-де... Көзің? Дұрыс бәрі... Басыңдағы Көйлегіңді алшы мынау
(өзі көйлекті жұлып алады.)
Астафыралла!!! Құ-құ-лағыңа не болған балам ау? Мамасы... Мына, балаңның құлағына қарасаңшы!
Мамасы көріп, талып құлайды.
Папасы:
Айжан!!! Тез жедел жәрдем шақыр! Мамаң құлап қалды. Мен су әкелейін.
Айжан жүгіріп келеді:
Мама, сізге не болды? (Олжасты көріп қорқып, шыңғырып жібереді) А-а-а!!! Олжас, құлағыңа не болған?! Қорқытпашы мені! Алып таста әне пәлені!
Олжас:
Алынбайды бұл... міне (тартып көрсетеді).
Папасы су әкеліп мамасына бүркіп жібереді.
Олжас бақырып жылай бастайды. Папасы мамасына бір баласына бір жүгіріп әлек болады. Ас үйден су әкеліп мамасының бетіне бір, баласының бетіне бір бүркіп жібереді.
Мамасы «А-а-ааа!» - деп есін жинап алады да баласының құлағын көріп:
Не болды саған, балам-ау? Құлағыңды автобустың есігіне қыстырып алғаннан саумысың? Қане, қане... ауыра ма?
Дәрігерге бару
Мамасы:
«А-а-ааа!» - деп есін жинап алады да баласының құлағын көріп: Не болды саған, балам-ау? Құлағыңды автобустың есігіне қыстырып алғаннан саумысың? Қане, қане... ауыра ма?
Олжас:
Жо-о-ооқ!!!
Әкесі:
Бал аралар шақты ма? Нең бар олардың ұясында?! Үйде де бал бар ғой, жеймін десең...
Олжас:
Жо-о-оқ! Бал ара да шаққан жоқ, автобустың есігі де қысқан жоқ?
Айжан, әкесі мен шешесі бірдей:
Не болды енді, айтсаңшы!
Олжас:
Ештеңе болған жоқ! Өзінен өзі осылай үлкейіп кетті... Папа, мама! Енді не істейміз!!! Пластикалық операция жасап, кішірейтпесек, демалыстан соң мектепке қалай барамын... А-а-а-аа.... (жылайды)
Әкесі:
Пластикалық операция? Мамасы?! Өткенде сен бір клиникаға барып жүрген жоқ па едің?
Мамасы:
Иә, барғанмын... Мына көзімнің айналасындағы әжімдерді кетірейін дегенмін ғой... Сөйтсем 560 мың дейді! Удай-ау, удай бағасы!
Әкесі:
Әй, қойшы сен де! Әжімді емес мына баланы ойлайық! Ертең мына түрімен көшеге шығудан да қалайын деп тұр ғой... Балам, болды, жылама! Ертең... мамаң екеуміз сені сонда доктырға апарып көрсетеміз, жарай ма?
Олжас:
Жәрәйді... (жылағанын қоя бастайды)
Әкесі:
Ертең... қоя қой енді... ал қазір жатып дем-ал... мүмкін ертеңге дейін кішірейіп те қалар... (Олжасты жатқызады)
Олжас:
Пап, кішіреймейді!
Мамасы:
Мен қазір сулы шүберек орап қояйын, пайдасы тиіп қалар...
Олжас:
Керек емес! Ештеңе көмектеспейді!
Мамасы:
Жарайды, балам, жарайды... Сабыр етші сәл-сәл... Ертең барамыз дедік қой, докторға... Болды енді... Әп – әдемі балама, көз өтті ма не болды? Бұл не деген, пәле? (бетін басып жылайды)
Әкесі әйелін жұбатып тұр.
Айжан Олжастың құлағын сипап, жаны ашып, үпілеп қояды.
Айжан:
Олжас... енді не болады, а? Сен ... бәрін ұмыт, маған балмұздақ керек емес... Шоколад та... Тек құлағың орнына келсе болды...
Айжан Олжасты жұбатып жатқан кезде ол ұйықтап кетеді.
«Олжастың түсі»
Бір бала ентігіп класқа кіріп келеді де:
Балалар!!! Анда... Олжас!!!
Бір бала:
Не болды оған, айтсаңшы тезірек!
Бала:
Құлағы... құлағы... мынандай... (көрсетеді)
Қыз:
Ара шағып алған ба?
Бала:
Жоқ!!! Қазір көресіңдер...
Осы кезде Олжас кіреді. Шулап жатқан балалар жым-жырт болады. Бәрінің көзі Олжаста. Олжас келіп өз партасына келіп отырған кезде ғана сықылықтаған күлкі естіледі.
Біржан:
Ах-ха-ха-ха... Құлағын қараңдар! Чебурашка! Қал-қал-қалқанқұлақ!!!
Олжастың жанына келеді де құлағын түртіп қалады.
Біржан:
Мені қалқанқұлақ деп мазақтаушы едің? Мынаны қараңдар!!! Құлағы менікінен 2 есе... жоқ 4 есе үлкен!!! Ах-ха-ха!!! Не болды ей, айтсаңшы, құлағыңа...
Балалар күле бастады. Бәрі Олжастың жанына жиналды.
- Шын құлақ па?
- Қане, ұстап көрейікші...
Олжас:
Тарт қолыңды!!!
Маржан:
Балалар, қойсаңдаршы, ұят емес пе? Күлме досқа, келер басқа деген...
Біржан:
Ха!!! Маған күле берген соң өзінің құлағы пілдің құлағындай болып кетті! Ал, енді қайтесің?
Маржан:
Біржан, қой дедім саған...
Бақберген:
Не болды?
Олжас:
- Саған не жоқ? Сен менің досымсың ғой Бақберген...
Бақберген:
- Жоқ! Кешір! Мен енді сенімен дос бола алмаймын! Әйтпесе де мені қалқанқұлақтың досы деп мазақтайды. (Балалар хормен қалқанқұлақтың досы деп мазақтайды) Әне, көрдің бе? Мен енді Біржанмен ғана доспын...
Олжас:
- Сен мені сатың Бақберген!!!
Осы сәтте сырттан мұғалима кіріп келеді. Бәрі өз орындарына апыл-ғұпыл отырады. Мұғалима тақта алдына келіп плакат іліп қояды. Плакатта құлақтың құрылысы көрсетілген.
Мұғалима:
Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз – құлақ!
Балалар ду күледі.
Мұғалима:
Тынышталыңдар! Неменеге күлесіңдер? Құлақ көрмеп пе едіңдер?!
Балалар одан сайын күледі.
Біржан:
Апай, Олжас сабақ айтайыншы дейді, үй тапсырмасын...
Мұғалима:
Олжас?! Сапаров па? Қане, тұра ғой орныңнан... Кел, тақтаға...
Олжас:
Жоқ!!! Жо-о-оқ! Мен сабақ айтпаймын!!! Жо-о-о-оқ!!!
Ұйқыдан шошып оянады. Түсі екенін біліп «уф-ф-ф, түсім екен ғой...»
Олжас:
Мама!!!
* * *
«Космо» клиникасы. Қабылдау бөлмесінде 3 – 4-адам отыр. Олжас, папасы және мамасы үшеуі келіп бос орынға жайғасады.
Папасы:
Соңы кім екен?!
1 клиент:
Мен... менен кейін мына кісі...
Папасы:
Ауған соғысының ардагері едім... мені кезексіз өткізіп жіберсем пе екенсіздер?
2 клиент:
Жоқ!!! Таңертеңнен бері отырмыз. Жап-жас болып ардагермін дейсіз, ұялмайсыз ба?
Папасы:
Несіне ұяламын? Біле білсеңіздер оқ пен оттың арасынан өткенбіз...
Осы кезде іштен кішкентай баласын ерткен ер кісі шығады. Бала қыңқылдап келеді.
Ер кісі:
Қой енді балам, жылай берсең ана кісі (докторды көрсетеді) құлағыңды кесіп алады! Түсіндің бе? Жүр кеттік!
Олжас папасына қарайды.
Папасы:
Қорықпа... сенікін ауыртпай кеседі... (басынан сипап қояды)
Мамасы:
Туһ сен де... баланы қорқытып...
Олжас:
Қойыңыздаршы енді! Әне шықты, жүріңіз, кіреміз!
Олар кабинетке имене кіреді.
Клиника «Космо». Доктор:
Кіріңіздер... отырыңыздар... Иә, (мамасына) қай жеріңізді... үлкейтіп, әлде кішірейтіп беруді қалайсыз?!
Мамасы:
Ә-ә-ә, мәселе менде емес, мына балада болып тұр... Папасы...
Папасы:
Иә... баламыздың құлағы...
Доктор:
Түсінікті! Кішкентай кезімде мені де «қалқанқұлақ» деп мазақтайтын. Қазір, үйреніп кеттім... Қане, каскаңды шеш! Шеше ғой, қане...
Олжас каскасын шешкен кезде, орнынан тұрған доктор қайта отырып қалады.
Доктор:
А-а-а-а... бұл туылғалы бері осындай ма?
Мамасы:
Жоқ, дәрігер! Әп – әдемі бала болатын. Кеше ғана осындай бәлеге душар болдық! Балам стресс болып, сөйлеуден қалды. Тамақ та ішпей қойды.
Папасы:
Енді бір-екі аптадан соң мектепке барады. Балаларды білесіз ғой, мазақтайды, құлағынан тартады...
Доктор:
Білемін, білемін... Бастан өткен... Тә-ә-әк! Қане, көрейік! Мына жерден былай кесіп алып тастасақ... сосын... құлақтың формасын берсек... Бұрында өз құлағы қандай еді?!
Мамасы:
Мінекейіңіз, мына суреттегі осы бала... (Фото көрсетеді)
Доктор:
Жақсы, жақсы... Атың кім, балақай?!
Олжас:
Олжас...
Доктор:
Бәрекелді, Олжас! Сен еш уәйімдама! 2 сағатта құлағыңды қалпына келтіріп беремін!
Мамасы:
Ой, рахмет, дәрігер!
Доктор:
Рахметті кейін айтасыздар. Қазір, баланың құлағын ренгенге түсіреміз. Содан соң операцияға дайындаймыз.
Әкесі:
Ал, бағасы қанша болады?
Доктор:
Сіз бағасын емес, мына кішкентай баланың көңіл – күйін ойлаңыз... Ертеңгі күні не болатынын ойлаңыз...
Мамасы:
Соны ойлап келіп отырған жоқпыз ба, енді?! Әлде тегін жасап бересіздер ме?
Доктор:
Әрбір еңбектің өтемі болады. Қысқасы - 700 мың теңге!
Мамасы:
Айттым ғой, удай деп!
Доктор:
Бұл бір құлақтың бағасы!
Әкесі:
Не дейді? Сонда бір құлағына ота жасап, екіншісіне жасамайсыздар ма?
Доктор:
Жасаймыз... неге жасамасқа. Екі құлақтың ақшасын кассаға төлеңіздер, ертең жасап тастаймыз.
Мамасы:
1 миллион 400 мың теңге?! Скидка жоқ па, сіздерде...
Доктор:
Бар... егер де мына баланың құлағының қалған бөлігін бізге берсеңіздер...
Әкесі:
Ойбай, алыңыздар... Оны қайтесіздер?
Доктор:
Бұл материалды (ұстап көреді) басқа пациенттерге пайдаланамыз. Түсінікті ме? Ім-м-м, бізге құлағын сындырып алған спортсмендер көп келеді.
Мамасы:
Түсінікті! Біз келістік!
(Қол алысады.)
* * *
Сюжет:
Ренгенге түсіру. Маркермен сызып қай жерінен кесілетінін сызады. (Операция)
Палата. Әкесі мен мамасы гүл шоғымен келіп тұр. Олжастың басы дәкемен ораулы. Тек көздері көрініп тұр.
Мамасы:
Балам, қазір дәрігер сенің дәкеңді шешеді. Міне, айна да алып келдім... (Дөңгелек айна береді)
Дәрігер кіреді:
Қане, қане... батырымыз жатыр ма? Қазір, шешеміз... мәселенің бәрін... Қайшыны, беріңдер! (Қайшымен қырқып шеше бастайды)
Доктор:
Мінекей, қабылдап алыңыздар! Олжастың құлағы әп-әдемі, баяғы қалпында.
Олжас:
Айна беріңіздерші... тезірек!
Мамасы:
Міне, балам, көре ғой... құлағың әп – әдемі!!!
Олжас айнадан өз түрін көріп, мәз болып күлімсірейді. Сол сәтте құлағы қайтадан үлкейіп шыға келеді.
Олжас, мамасы, дәрігер, папасы шошып бірдей айқайлайды:
А-а-а-а-а-а!!!
Мамасы талып құлайды. Жүгіріп кірген медбике «Не боп қалды?» дейді де ол да құлайды.
* * *
Папасы мен мамасы Олжастың екі жағынан жұбатып отыр. Олжас бетін жастықпен басып алған.
Папасы:
Балам, біз қолымыздан келгенін жасадық... Өзің көрдің ғой... Нәтижесін... Бір аптадан соң, 1-ші қыркүйекте мектепке өзім ертіп барамын! Бір бала күліп, мазақтап көрсін!
Мамасы:
Иә, директорға да, бәріне айтып қоямыз. Біреуі мазақтап көрсінші, тура мектептен шығарып жіберейін... Қалқанқұлағым менің!!! Ой кешір, жаным... Байқаусызда айтып қойдым... Құлағың түк те үлкен емес сенің... Міне, тотықұс та алып бердік...
Осы кезде торда отырған тотықұс:
«Қалқанқұлақ... қалқанқұлақ!» деп қайталай бастайды.
Папасы нәскиін шешіп алып лақтырады:
Өшір, үніңді, әйтпесе қазір Муркаға беремін! (Нәски торға ілініп қалады.)
Тотықұс:
«Фу! Алыңдар-р-ршы мына пәлені...» (басын шайқап қояды)
Кереуеттің астынан мысық Мурка шығады:
Мияу... не беремін деді маған?!!
Олжас мысыққа қарап:
Ештеңе! Жәй әшейін ашуланған соң айтты...
Мысық:
Өй-й-й, осы сендер де... айтып аласыңдар да істемейсіңдер...
Папасы:
Мамасы... біз барайық... Олжас демалып алсын. Ертең мектепке барады...
Мамасы:
Жәрәйді... демалсын... Ертең ерте тұрады. Бүгін жата тұрсын...
Папасы мен мамасы кеткен соң, Олжас басын көтеріп, керуетінде шоқиып отырады. Ол аквариумда жүзіп жүрген балықтардың сөзіне құлақ түреді:
1 – балық:
Түсінбеймін... Осы алтын балықтың бізден несі артық. Біз де алтын балық емеспіз бе?!
2 – балық:
Иә, соны айтамын-ау... Оны бір әлдеқандай етіп...
3 – ала балық:
Ол үш тілек орындайды. Ал сендер жем жеп, сәнденгеннен басқа ештеңе білмейсіңдер.
4 – қара балық:
Осы жақын маңдағы көлге де бір алтын балық жүр екен... Бірақ, оны әлі ешкім ұстай алмапты.
3 – ала балық:
Оны ұстаса да, адамдар әкеліп аквариумға сап қояды. Өйткені қазір ешкім ертегіге сенбейді! Сондықтан оның алтын балық екенін де білмейді.
5 – кәрі балық:
Мен оны қалай ұстау керек екенін білемін...
Балықтардың бәрі:
Айтшы, қалай?!
Иә, қалай, немен ұстайды екен?
Айта қойшы енді...
Кәрі балық:
Оны қармақтың ілгегіне алтын сырға салса, және басына сары жүгері іліп: «Отырмын қармақ салып, ілінсін алтын балық!» - деп жеті рет айтса, болды...
Балықтар:
Ойпырмай, оп-оңай екен ғой, ә?!
Оны адамдар неге білмейді...
Қызық екен...
Кәрі балық:
Білсе, екінің бірі алтын балық ұстап ала бермей ме? Бұл құпия! Ешкімге айтпаңдар!
1-балық:
Ойбай, кімге айтамыз? Мына жерден шыға алмаймыз да ғой... Ех, шіркін, кең көлде ме, теңізде ме өмір сүрсек қой... Бәріне жайып салатын...
Олжас бұл әңгімені естіп алды да, Бақбергенге телефон шалады.
Олжас:
Бақберген! Қалайсың! Тез маған жет! Көлге барамыз...
Бақберген:
Көлден не істейміз? Ертең сабақ, мектепке дайындаламыз...
Олжас:
Өй, қызсың ба шашыңды өріп дайындалатын? Көлден алтын балық ұстаймыз!
Бақберген:
Охо! Ол жүдә, аузын ашып, сен қашан келеді деп күтіп отыр екен-дә... Алтын балық ұстала салады деп кім айтты саған?!
Олжас:
Аквариумдағы кәрі қара балық айтты! Құпия сөзді де біліп алдым. Тез жет!
Бақберген:
Рас, айтасың ба? Қазір, барамын!
* * *
Олжас мамасының қорапшасынан алтын сырғасының біреуін алып алады. Ас үйден пакетке «Бандюель» қалбырынан жүгерінің дәндерін салып алады да қармағын алып, сыртқа шығады. (көзіне көзілдірік маска киіп алған)
Бақберген күтіп тұрады.
Бақберген:
Оу, маскаң не?! Жаңа жылға әлі ертерек емес пе?!
Олжас:
Масканы әдейі кидім... Құлағым да маска екен деп қалады...
Бақберген:
А-а-а... Кеттік әне, автобус!
Екеуі жүгіріп автобусқа мініп кетеді.
* * *
Автобус ішінде.
Бақберген:
Сабақтың басталуына 1 ақ апта қалды ғой... Мектепке де осылай барасың ба?
Олжас:
Жоқ әрине!
Бақберген:
Жоқ па, әрине ма?
Олжас:
- Жоқ!!! Әрине жоқ! Тіпті мектепке бармаймын-ау деймін! Қазір алтын балықты ұстасам, ана шалды қайдан табатынымды сұрап алмақпын.
Бақберген:
Ол саған айтпаса ше? Есіңде ме, оны өлтіріп қоя жаздағаның? Алтын балық саған өкпелі...
Олжас:
Маған айтпаса, саған айтады... Сен оны аман алып қалдың ғой...
Бақберген:
Ал ол айтты деп қояйық... Сонда сол шалды іздеуге кетпекпісің?
Олжас:
Екеуміз кетеміз! Жер көреміз, ел аралаймыз! Нағыз саяхатшы балалар боламыз! Күшті емес пе?!
Бақберген:
Күшті! Ал сабақ ше?! Мектеп, мұғалімдер... ата-анамыз ше? Олар не дейді... Бізді жіберіп қойып, қарап отырады ма?
Олжас:
Біз ешкімге айтпай, кетіп қаламыз. Ары кетсе он шақты күн, сабақты қуып жетеміз. Сен мені, досыңды ойласаңшы... Мен осылай жүре беремін бе? Елге күлкі, бүкіл мектепке мазақ болып?! Мазақ дегенді білесің бе... Бұл нағыз азап!
Бақберген:
Мазақ – азап! Сен өзі ақын болайын деп жүрсің ау, қалқанқұлақтар күйші болады деуші еді, атам...
Олжас:
Міне, сен досым бола тұра, мені «Қалқанқұлақ!» деп мазақтап отырсың. Ертең Біржан қыр соңымнан қалмай мазақ етеді ғой... Түсінсеңші...
Бақберген:
Түсінемін... Жарайды, алдымен ана алтын балығымызды ұстап алайықшы!
Автобус диспечері:
Аялдама – көл! Түсетін бар ма?
Екеуі атып тұрады:
Біз түсеміз! Біз!!!
Олжас:
- Бақберген мен алтын балықты түсіндім... Ал, басқа да аң-құстарды естіп, дәл солай жақсы естіп түсіне аламын ба?!
Бақберген:
- Оның білудің бірақ жолы бар...
Олжас:
- Ол қандай жол?
Бақберген:
- Қазір біз сол зообақтың жанындамыз...анау қара, көріп тұрсың ба?
Олжас:
- А-а-а енді?!
Бақберген:
- Біз ол жерде... біраз нәрсе анықтап аламыз және аңдардың біз туралы ойлайтынын біліп аламыз...
Олжас:
- Тамаша!!! Кетік ендіше...Міне зообақа да келіп қалдық. Қазір менің құлағымның қасиетін тексеріп көреміз... Кеттік тезірек барайық, олардың не айтатыны білейік...(зообақтың ішін аралау)
* * *
Көлде. Екеуі қармақты реттеп отыр.
Бақбергенге Олжас:
Сырғаны мықтап байла, түсіп қалмасын! Енді мына жүгеріні шаншиық...
Бақберген:
Біреуі жететін шығар?!
Олжас:
Иә, әкел енді, сиқырлы сөзді айтайын... (сыбырлап айтады да, көлге тастайды.)
Сөздерді қайталап отырады.
«Отырмын қармақ салып, ілінсін алтын балық!»
Бақберген санап отыр.
Бесеу, алтау, жетеу...
Қалтқы бүлкілдей жөнеледі.
Бақберген:
Тарт! Ілінді!!!
Олжас:
Алақай!!! Алтын балық!
Алтын балық:
Ә-ә-ә, бұл сендер ме?!
Олжас:
Айттым ғой, сені ұстаймын деп... Ал, қалай екен?
Алтын балық:
Мен сендерге жалынбаймын да, көлге жібер деп, бәрібір сен мені қуырып жеймін дегенсің...
Бақберген:
Иә, пиязбен бірге...
Олжас:
Сен қоя тұршы... Алтын балық!!! Алтеке! Біз сені қуырып жемейміз, 3 тілек те сұрамаймыз... Сен бізге алтын балық өсіруші шалдың қайда екенін айтшы... Содан соң көліңе кете бер!
Бақберген:
Менің бір тілегім бар еді...
Олжас:
Қоя тұршы, жағаласпай...
Бақберген:
- Айтайық та енді, 3 тілек те күйіп кетейін деп жатыр ғой... Ең болмаса біреуін... айтайыншы...
Олжас:
- Жоқ! Алтын балықты мен ұстадым, ал ертегінің заңы бойынша тілекті де ұстаған адам айтады, солай емес пе, Алтеке!
Алтын балық:
Иә, солай... заң бойынша... Тезірек айтыңдаршы енді тілектеріңді! Ауа жетпей жатыр маған, уһ-һ-һ, жаным-ай өкпем қысылып кетті ау...
Олжас банкіге су толтырып ішіне алтын балықты салады:
Ал, енді асықпай сөйлесейік! Сен менің құлағымды кішірейте алмайсың, солай емес пе?
Алтын балық:
Жоқ! Ол тек біздің Асыраушы шалдың қолынан келеді.
Олжас:
Ал сенің қолыңнан не келеді, сонда?
Алтын балық:
Бәрі келеді! Үш тілек айт, орындайын!
Бақберген:
Арал теңізінің суын қалпына келтіре аласың ба?
Алтын балық:
Ол табиғат, ауа- райына жауапты Микаил періштенің қолынан келеді, бірақ Жаратушы иеміздің рұхсатымен ғана! Оның үстіне...
Олжас:
Әй, Аралды қоя тұршы, мына құлағым ше?..
Бақберген:
- Ту-уһ! Сенің құлағың да бәле болды ғой... 3 – тілек – бонус күйіп кетейін деп тұрғанда. Жаңа ғана айтты емес пе, ол тек шалдың қолынан келеді! Біз алтын балық емес, сол шалды ұстайық онда!
Олжас:
Мен енді соны сұрап жатқан жоқпын ба?
Алтын балық:
Жарайды, балалар таласпаңдар... Сендер жақсы бала екендерің көрініп тұр. Әсіресе мына Бақберген... Мен сені де түсінемін, Олжас! Сендердің жүректерің дүние байлығымен әлі ластанбаған екен! Әйтпесе қазіргі заманның адамдары менен қымбат көлік, үй – жай, қызмет сұрайды. Ал сендер табиғат, Арал теңізі дейсіңдер... Мен сендерге өз ақылымды айтайын! Сендер сол аталарың айтқан жеті жақсылықты жасасаңдар, ол кісі сол сәтте өзі – ақ табылады. Құлағыңда өз қалпына келеді. Бәрі де оп – оңай шешіледі! Түсінікті ме?
Екі дос бір – біріне қарап бас изейді.
Түсінікті!
Алтын балық:
Ал енді. Мен барайын... Мына банканың ішінде жүрегім қысылып барады.
Олжас:
Иә, иә бара ғой. Рахмет саған Алтын балық!
Алтын балық:
Саған да рахмет Олжас!
Олжас:
Маған?! Не үшін?!
Алтын балық:
Мені пиязбен бірге табаға қуырып жеп қоймағаныңа!!! (күледі)
Олжас (басын қасып):
Ә – ә –ә, ол жәй әншейін қорқытқаным ғой. Жолың болсын Алтын балық!!!
Алтын балық:
Сол үшін менің де сендерге көмегім тисін. Мен сендерге жол көрсетуші көлбақа берейін... Әне, анау отырған көлбақа... (Көл шетінде отырған көлбақа – «Қуақ- қуақ» деп қояды)
Бақберген:
Рахмет, Алтын балық! Ә – ә –ә, менің бір тілегім бар еді. Жарайды, болды... бәрі бітті.
Олжас:
Біткені несі досым – ау?! Бәрі енді басталады. Жеті жақсылық!!! Бүгіннен бастап жақсылық жасаймыз! Сонда менің құлағым орнына келеді – і – і !!! Еһе – һе –һе – ей!!! (Екі қолын жайып айғайлайды) Жүр, ана көлбақаны банкіге сап алайық!
Олар көлбақаны банкіге салып алады.
* * *
Олжас азық-түлік дүкеніне кіреді. Басында кеңдеу қыста киетін тоқыма шапка киіп алған. Ол дүкен сөрелерінен өзіне қажетті нәрселерді алып жатқанда дүкенге кірген Біржанды байқап қалады. Олжас оның көзіне түскісі келмей тығылып қалады. Артқа қарай шегініп бара жатқанда екеуі соғысып қалады.
Біржан:
С-с-сәлем... Сен неғып жүрсің?
Олжас:
Жәй әншейін... Өзің ше?!
Біржан:
Мен нан алуға келгенмін. Күн ыстықта мына бас киімің не?
Олжас:
М-м-м... Құлағымды суықтатып алдым...
Біржан:
Құлағыңды?! А-а-а... түсінікті. Олжас мен саған бірнәрсе айтайын... тыңдашы... Сен мені «Қалқанқұлақ» деп мазақтай бермеші... Әсіресі, мектепке барғанда...
Олжас:
Сен де мені мазақтама, жарай ма?
Біржан (таңданып):
Мен сені қашан мазақ еттім?! Ылғи да мені қыздардың көзінше мазақ етесің... Сенің құлағың менікіндей болса, қайтер едің?
Олжас:
Болды, жетер! Мен енді сені ешуақытта мазақ етпеймін!
Біржан:
- Рас, айтасың ба?! Рахмет саған, Олжас! Сені көрсем мазақтай ма деп қашып кеткім келетін еді... Тіпті басқа мектепке де ауысайын дедім. Бірақ... онда да сен сияқтылар табылады ғой деп ауыспайтын болдым.
Олжас:
- Біржан, сен мені кешір! Егер де біреу сені мазақтаса, маған айт, келістік пе? Шын сөзім...
Біржан:
Келістік, рахмет саған Олжас! Сонда біз енді доспыз ба?
Олжас:
Иә, әкел қолды!
(Бір-бірімен қол алысады)
Біржан:
- Келесі жолы балыққа бірге барамыз ғой, сонда, ия?!
Олжас:
Әрине! Бақберген үшеуміз бірге барамыз!
* * *
Бақберген күтіп тұр. Олжас келеді.
Бақберген:
- Не болды саған... 15 минут кешіктің...
Олжас:
Дүкенде Біржанды кездестіріп қалдым...
Бақберген:
Біржанды?! Ол сені мазақтады ма?
Олжас:
Жоқ... Ол менің құлағымды көрген жоқ... Мен одан кешірім сұрадым.
Бақберген:
Не үшін?
Олжас:
Ылғи да мазақ еткенім үшін. Мен енді өзімді оның орнына қойып, оның жағдайын түсіндім...
Бақберген:
Ә-ә-ә, қалай екен?! «Қалқанқұлақ» деп мазақтаушы ең, «Күлме досқа – келер басқаның» - дәл өзі болды ғой, ә?!
Олжас:
Енді сен маған, күліп жатсың, абайла!
Бақберген:
Жоқ, мен саған болған нәрседен сабақ ал деймін...
Олжас:
Өй, қойшы сенде... Сабақтан енді құтылып демалысқа шықсақ, сабақ ал дейсің... Сабап ал десең мақұл... (Бақбергеннің құйырығынан бір ұрады)
Бақберген:
Әй, қой енді... Сабағаны несі? Уф, шаршап кеттік-ау... Сәл демалып алайықшы... Олар бір жерге жетіп, отыра кетеді.
Олжас (көлбақаны көрсетіп):
Мынау да секіруден шаршамайды екен... Әй, жалпақбас! Көзің бақыраймай сен де тынығып ал... Шыбын шіркей жеп... Біз де әлденіп алайық. Қане, дорбаңда не бар, шығар...
Бақберген:
Міне, айран... Нан...
Олжас:
Сол ақ па?!
Бақберген:
Енді?! Мен әке-шешеме балыққа кеттім дедім ғой... Ал сен ше? Сен не дедің?
Олжас:
Мен таудағы Ермек атама барып келемін деп кеттім. Үш күнге...
Бақберген:
Үш күнге?! Жеті күннен соң сабақ басталады емес пе?
Олжас:
Біз осы үш күнде жеті жақсылық жасап үлгеруіміз керек! Ары кетсе бес күн! Мектепке барғанда өз құлағыммен барайын да...
Бақберген:
Өз аяғыммен десеңші...
Олжас:
Өз аяғыммен, өз құлағыммен! Қысқасы сен қазір үйіңе хабарласып, анаңа менімен бірге Ермек атаның үйіне баратыныңды айт. Сонда олар да көңілі жәй тауып, сені іздемейді.
Бақберген:
Жарайды, айтайын... (телефонды алып) Ало, мама...
(Бақберген мамасына түсіндіріп жатқаны көрініп тұр) Олжас көлбақаға қарайды ол ұшып бара жатқан шыбынды тілімен қағып алып жұтып қояды да, кекіріп салады.
Олжас:
Жалпақбас, сен осы бізді қайда апарасың? Сиқыршы шалға ма, әлде тағы басқа біреулерге ме? Соны түсіндірші!
Көлбақа:
Қуақ-қуақ! Мен оны түсіндіре алмаймын. Мен тек сендерге жол көрсетушімін. Тапсырма солай... Қуақ-қуақ! Бірақ бір білерім, сендерге жолда ертегілер кейіпкерлері кездесуі әбден мүмкін!
Олжас:
Ертегі!.. Ха-ха-ха! Мен ертегіге сенбеймін!
Көлбақа:
Сенбесең, сенетін боласың! Мысалыға, жәй өмірде сен менімен сөйлесе алар ма едің?!
Олжас:
М-м-м... жоқ әрине! Көлбақамен сөйлесемін деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірмес еді.
Көлбақа:
Төрт ұйықтасаң да... кірмейді. Сиқыршы шал, алтын балық... бәрі ертегі емей немене? Қуақ-қуақ!
Бақберген:
Болды, айттым... Ермек атаға шөп жинауға көмектесеміз дедім!
Олжас:
Жарайсың! Мүмкін расында да шөбін жинауға көмектесерміз. Бұл да жақсылықтың бір түрі емес пе?
Бақберген:
Әрине, және сен де, мен де әке-шешемізге өтірікші болмаймыз!
Олжас:
Кеттік ендеше, Ермек атаның үйіне...
* * *
Таусоғармен бірге...
Ермек атаның үйі. Сәкінің үстінде Олжас пен Бақберген дастарханнан дәм татып шәй ішіп отыр.
Ермек ата:
Шөпті жинап қойғанбыз... Ниеттеріңе ризамын, айналайындар.
Олжас:
Қап, әттеген-ай... Сізге көмектесіп, қолғабыс болсақ па деп едік...
Ермек ата:
Өй, түрлеріңе болайын... Маған көмектескілерің келсе, отын жарып беріңдер... Анау жатқан ағашты аралап берсеңдер, үлкен көмек болар еді... Отын жаруға белім құрғыр жарамай...
Олжас:
Болды, ата! Қазір біз сізге бір қысқа жетерлік отын жарып береміз!
Бақберген:
Иә, ата! Балта қайда?!
Ермек ата:
Әп – бәрекелді...балаларым! Жігіт болды деген осы! Мен сендерге балта мен ара тауып берейін. Жүре қойыңдар...
Ермек ата:
Әй, баламысың деген... Ағашты аралаған кезде... араны бір-біріңе итермеңдер! Әркім өзіне қарай тартсын... Міне, былай... Сонда ара өзі-ақ аралай береді. Қане, көріңдерші!
Олжас:
Иә, күшіміз де көп кетпейді екен! Ата, сіз бара беріңіз енді... Беліңіз ауырып қалар... Біз – өзіміз...
Сюжет:
Екеуінің тез-тез (жылдамдатылған кадр) отын жарып, жинап жатқандарын көрсету керек. Соңында таудай үйіліп жатқан отын мен әбден шаршаған Олжас пен Бақбергенді көрсету.
Олармен бірге көлбақа да маңдайын сүртіп:
«Уф-ф-ф!» - деп шаршап қалжиып жатыр.
Ермек ата келіп балалардың тірлігіне риза болды.
Ермек ата:
Бәрекелде-е-е балаларым! Өркендерің өссін, дәу жігіт болыңдар, қарақтарым!
Бір кезде Олжастың құлағы қызара бастайды. Ол орнынан атып тұрады.
Олжас:
Құлағым қызып бара жатыр! Су... су әкел! Тез!
Бақберген жүгіріп барып шөмішпен су әкеледі де аузымен Олжасқа су бүркіп жібереді. Олжастың құлағы сәл кішірейіп қалғандай.
Олжас:
Бақберген! Құлағыма қарашы, кішірейіп қалған сияқты!
Бақберген:
Расында да, Олжас! Сәл – пәл кішірейген. Бірақ... әлі де қалқайып тұр!
Олжас:
Міне, біз атама отын жарып беріп жақсылық жасадық! Сондықтан да құлағым сәл де болса кішірейді! Шалдың айтқаны келді! Кеттік, тағы да Жақсылық жасайық!
Бақберген:
Қазір... сәл демалып алайықшы!
Олжас:
Мен түк те шаршаған жоқпын! Жақсылық жасаған адам шаршамайды! Кеттік!
* * *
Олар жол бойымен жүгіріп келеді. Бір кезде жолда жатқан тастар кездеседі.
Олжас тоқтап қалады.
Бақберген секіріп-секіріп өтіп кетеді де артына бұрылып:
Ей, не болды саған? Сен шаршамайтын едің ғой...
Олжас:
Тоқтай тұршы сен де... Мына тастарды жолдан алып тастайық та... Қазір мәшине келсе де өте алмай қалады ғой.
Бақберген:
Өй, қойшы, кеттік тезірек... Жақсылық жасауға!
Олжас:
Бақберген! Мына жерді тастардан тазаламай кетпейміз! Жақсылық жасау еш жаққа қашпас. Кел, қане, мына тасты екеулеп көтерейік!
Екеулеп тасты көтере алмайды.
Бақберген:
Күшіміз келмейді бәрібір... Бізге көмек керек! (Жан-жағына қарап) Кім бар екен, а?
Көлбақа:
Мен бармын!
Олжас:
Өй, жалпақбас, саған не жоқ? Тастың астында бастырылып қаласың ғой... Ех, шіркін! Қазір Қажымұқан ата болса ғой! Мына тасты бір қолымен көтеріп, лақтырып салатын...
Бақберген:
Немесе Толағай... Тау көтерген Толағай ше?! О-о-о, Илья Ильин!!! Былай келеді де (көрсетеді) қолын майлап алып (топырақпен) «ауп-па» деп көтеріп алатын еді...
Олжас:
Жалпақбас, сен не дейсің?! Немене, өкпелеп қалдың ба?
Көлбақа:
Өздерің ғой, көмектесейін десем, тыңдамайсыңдар... Мен күшіммен емес, ісіммен... жоқ, ақылыммен көмектеспекпін!
Бақберген:
Не деп жатыр бақылдап?!
Олжас:
Қоя тұршы... ал айта ғой ақылыңды...
Көлбақа:
Мен сендерге ертегілер елінен Таусоғарды шақыртып бере аламын!
Олжас:
Таусоғарды? Қалай сонда? Ол қазір осында келе ме?
Көлбақа:
Ол жақындап қалды... Әне өзі де көрінді.
Олжас пен Бақберген аң-таң болып көлбақа көрсеткен жаққа қарайды. Алыстан алып трактор-бульдозер көрінді. Тұп-тура бұларға қарай келеді. Трактор тоқтап ішінен алып денелі тракторист шығады.
Таусоғар:
Иә, балалар, неге шақырдыңдар?
Олжас:
А-а-а... біз емес, мынау шақырған... (көлбақаны көрсетеді) Біз... жәй әншейін... мына тастарға әліміз жетпей... Ал Сіз кім боласыз?
Таусоғар:
Мен бе? Мен – Таусоғармын!
Бақберген:
Таусоғар?! Ертегідегі ме?
Таусоғар:
Иә, дәл соның өзі!
Олжас:
Мүмкін емес... Ал мына трактор ше? Ол заманда трактор болған ба еді?
Таусоғар күліп:
Ол заманда бәрі де болған. Ұшқыр кілем – ол қазіргі ұшақтар... Піс қазаным піс - ол микроволновка... Тағы сондай-сондайлар! Ал, тракторға келсек – қазіргі заманға сай техника! Күш жіберіп, шаршап-шалдыққанша осымен-ақ шаруаны бітіре бермеймін бе? Ал, қане, былай тұрыңдар!
Таусоғар әп-сәтте тракторымен жолды тастардан тазалап тастайды.
Балалар:
Рахмет, Таусоғар аға!
Таусоғар:
Сау болыңдар, балалар! Әй, мына тасты да алып тастау керек екен-ау... (Жол шетіндегі үлкен тасты оп-оңай көтеріп алып, алысқа лақтырып жібереді). Міне, енді сендіңдер ме?
Олжас:
Не деген күш? Таусоғар аға сізге бір өтініш айтсақ...
Таусоғар:
Айта қойыңдар, қане... Қолымнан келсе орындайын.
Олжас:
Ой, Таусоғар аға! Ол сізге түк те тұрмайды (Бақбергенге сыбырлайды, ол күліп басын изейді) Етік киген мысық болшы...
Бақберген:
Бізге тракторға мінген қызық емес... (Көзі мөлиіп) Екі иығыңызға екеумізді мінгізіп былай-былай жүріңізші... өтінеміз...
Таусоғар:
Ха-ха-ха! Жәрәйді, балақайлар! Қане, келіңдер онда...Екі баланы екі иығына отырғызып алған Таусоғар былай-былай жүреді. Балалар мәз-мейрам болады. Таусоғар балаларды түсіреді.
Олжас:
- Рахмет, Таусоғар аға, біз үшін керемет қызық болды!
Бақберген:
Таусоғар бізді де көтерген деп айта жүретін болдық!
Олжас:
Иә, жақсылығыңызға да ризамыз!
Таусоғар:
Сендер де жақсылық жасауды жалғастыра беріңдер!Өйткені жасаған жақсылығың үшін алғыс алу – «рахмет» деген жылы сөзді есту, ол нағыз бақытты сәт! Түсіндіңдер ме?
Олжас:
Түсіндік, Таусоғар аға! Келесі кездескенше... Сау болыңыз!!!
Бақберген:
Нағыз Таусоғар!
Таусоғар тракторға мініп кетіп бара жатып ғайып болады.
* * *
Олар бір төбенің басына келіп тоқтайды.
Олжас:
Туһ-һ! Табиғат қандай керемет!
Бақберген:
Сәл-пәл тынығып, демалып алайықшы, жүгіре беріп шаршап кеттім!
Олжас:
Жарайды. Анау баудың етегіне барып демалайық!
Олар солай қарай жүгіре жөнеледі. Бір алма ағаштың түбіне жайғаса сала Бақберген жатып көзін жұмып алып, маужырай бастайды.
Олжас болса айналасына қарап, табиғатқа тамсанып отыр. Оның көзі ұшіп жүрген араларға, қонып отырған инелікке, қыбырлап жүрген қызыл қоңызға түседі. Олар орнынан тұрып көбелектерге жақындайды.
Олжас:
Өй, қорықпаңдар мен сендерге тиіспеймін! Эх-х-х... мен сендерді түсінгенмен, сендер мені түсіне алмайды екенсіңдер ғой... өкінішті ақ...
Ей, жалпақбас! Мені осы жәндіктер әлеміне ендіре алар ма едің?!
Көлбақа:
М-м-м... болады әрине... азғана уақытқа ғана... Бірақ саған қояр талабым бар...
Олжас:
Жарайды, келістім!.. Азғана уақытқа болса да мына айналадағы ұшып жүрген көбелектердің, инеліктердің, мына кішкентай бал аралардың не тірлік жасап жатқандарын өз көзіммен көргім келеді! Оһо! Нағыз 3D Мультфильм сияқты болар?! Тезірек, талабыңды айт, жалпақбас!
Көлбақа:
Мм... қуақ... қуақ... мені бұдан былай жалпақбас деуіңді қоясың!
Олжас:
Жарайды, жалпақбас! Қоямын!
Көлбақа:
- Әне, тағы да айттың... Мен сенің құлағың туралы ештеңе айтпаймын ғой...
Олжас:
Айтып көрші, қане! (жұдырығын көрсетеді) Басыңа бір ұрып, жалпайтып жіберейін!
Көлбақа: (қорқып кетеді)
Қуақ-қуақ... Менің басым онсыз да жалпақ емес пе... Қуақ-қуақ!
Олжас:
Міне, өзің де мойындап отырсың... Менің құлағым... сиқырдан осылай болған... Ал сені осылай жалпақбас етіп о баста жаратқан, оған несіне ренжисің?! Ха-ха... Мен саған анекдот айтып берейін. Бір күні асқабақтың баласы анасына, яғни асқабаққа жылап келіпті. «Не болды?» десе, мені бәрі қазанбас деп мазақтайды десе анасы, «Жылама, балам, сен қазанбас емессің» деп былай басынан сипап жұбатып жатыр дейді... (көрсетеді) Ха-ха-ха!!!
Көлбақа да күледі:
Қу-қу-қуақ! Қуа-қуақ! Сонда расында да қазанбас екен-ау!
Олжас:
Міне өзің де күлесің... Мен сені жақсы көрген соң жалпақбас деймін... Әйтпесе басқаша да атасам болады. Мәселен... «Бақырақкөз» немесе «Шибұт». Қайсысын таңдайсың?
Көлбақа:
Басқа ат жоқ па сонда?!
Олжас:
Жоқ!!! Таңда!
Көлбақа:
Жәрәйді... Жалпақбас дей бер, сол дұрыстау екен... қуақ... қуақ...
Олжас:
Келістік, әкел қолды! (екеуі шарт-шұрт қол алысады). Ал, жалпақбасым, көрсет өнеріңді!
Көлбақа:
Тек қана аз ғана уақытқа!
Олжас:
Болсаңшы енді...
Көлбақа сиқырлы сөздерін айтып түрлі қимылдар жасай бастайды.
Қуақ-қуақ... Куандар-саламма, калафандур!!! Суф!!! (Олжас ерекше бір әлемге енеді...)
Бал аралар гүлден нәр жинап ән салып жүр. Көбелектер бірін-бірі қуалап ойнап жүгіруде. Ұлу тас үстінде күнге қыздырынып жатыр. Бау-бақша, гүлдеген алма ағаштарының арасынан Қыз Көктем нөкерлерімен келеді.
Бәрі Көктем Қызды қарсы алады.
Көктем қыз:
Мен көктем қызбын! Өзіммен бірге табиғаттың ең бір ғажайып сән-салтанатын алып келдім! Жер Анамызға көрік берер гүлдердің сан-алуан түрін сендерге сыйға тартамын!
Аралар:
Сіз, өте көріктісіз!
Көктем қыз:
Рахмет, рахмет! Көрікті екенімді өзім де білемін! Мен мәңгі жас, сұлулықтың символы – Көктем Қызбын!
Бірақ жылдың әр мезгілдері – жадыраған Жаз да, Алтын Күз де, тіпті қаһарлы Қыс та – Жер Анамызға ерекше көрік береді... Солай емес пе?!
Ал... Гүлдердің дәмі қандай екен?
Көктем Қызға бал аралар алғысын жаудыруда:
Жақсы! Рахмет Сізге Көктем Қыз!
Керемет!
Шырыны балдай екен!
Бәрі күледі.
Көктем қыз:
Сендерге әлі де 10 күндей уақыт беремін! Содан соң жеміс гүлдері түседі де жеміс байлайды.
Аралар:
Иә, біз үлгере алмаймыз!
Біз әлі тойған жоқпыз.
Өтінеміз!
- Өтінеміз, ең болмаса 15 күнге созыңызшы тағы да!
Көктем қыз:
Жәрәйді, жәрәйді... 5 күн қосайын, әрі қарай... ағаштар жеміс байламаса болмайды. Әр нәрсе өз уақытымен! Іске сәт!
Көктем қыз нөкер қыздарымен кетеді
Аралардың басшы қызы:
Әне, естідіңдер ғой, мына гүлдердің бір де бірі назардан тыс қалмасын! Біз тек қана бал жинап қоймаймыз! Біз бау-бақша, гүлдерді тозаңдандырамыз! Яғни, жеміс-жидектердің жақсы, мол өнім беруіне біздің үлесіміз зор! Кәнікей барлықтарымыз тараймыз!!!
Бір көбелек ұшып гүлге келіп қонғады. Осы кезде көбелектің үстіне тор түседі.Көбелек жанұшыра тордан шығуға әрекет жасайды:
Құтқарыңдар! Көмектесіңдер!!!
Жіберіңізші өтінемін, мені үйде ата-анам, інілерім күтіп отыр... Бүгін менің туған күнім! Жіберіңізші, жалынамын... (жылайды)
Адам болса:
Ух, ұстадым-ау, әйтеуір! Ертең сені табиғаттану мүйісіне өткізіп, Раушан апайдан тоқсанға 5 шығамын!
Осы кезде Олжас келіп:
Қане, тез арада жібер көбелекті !
Адам:
Не-ме-не?! Сен кімсің өзі?! Құлағың қалқиып алып... менің көбелегімде нең бар?
Олжас:
Құлағымда жұмысың болмасын! Көбелекті босат! Оны үйінде ата-анасы, інілері күтіп отыр... және оның туған күні.
Адам:
Не? Інілері күтіп отыр... Ха-ха-ха! Туылған күні?! Ха-ха-ха! Сен оны түс көріп білдің бе, жоқ әлде мына құлағыңмен естіп қойдың ба? Ха-ха-ха!!!
Олжас:
Иә, естідім! Ал сен мейірімсізсің, сондықтан көбелектің жанайқайын естімейсің! Қазір көбелекті босатпасаң... мынауыңды сындырып тастаймын, ұқтың ба?!
Адам:
Тиме менің торқақпаныма!
Олжас:
Жібер, көбелекті! (екеуі алыса кетеді)
Адам:
Жібермеймін, менің табиғаттанудан 3-тігім бар...
Олжас:
Онда сабақты жақсы оқы! Өмір бақи көбелек аулап күнелтпекпісің...
Адам:
Сенің онда жұмысың болмасын...
(Осы кезде көбелек ұшып кетеді.)
Қап, әне кетті! Ал, енді не болды?! Тоқсанға 3 шығатын болдым, сенің кесіріңнен.
Олжас:
Оған мен емес, өзің кінәлісің! Сабақты жақсы оқысаң ғана 5 шығасың! Бірақ... несі бар, менің де 3 алатын кездерім болады.
Адам:
Рас па?! Ха-ха-ха! Атың кім ей, сенің Қалқанқұлақ?!
Олжас:
Олжас... ал сенің ше?!
Адам:
Ақылбай...
Олжас:
Ақылбай... Есіміңді кім қойса да сені ақылды бала болсын деп қойған болар... (Қол алысады)
Осы кезде Бақберген келеді:
Олжас, кеттік пе, күн батқанша жақсылық жасап үлгеруіміз керек...
Ақылбай:
Жақсылық дейсің бе? Бұл жаңа ғана көбелекке жақсылық жасап, тордан босатып жіберді.
Бақберген:
Жоқ-ей, ол жақсылыққа жатпайды. Біз...
Ақылбай:
Неге олай дейсің?! Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Жаңағы көбелек саған алғысын жаудырып кеткен болар.
Осы сәтте Олжастың құлағы қызарып, кішірейе бастайды.
Бақберген:
Расында да Олжас, құлағың кішірейген сияқты.
Осы сәтте әлгі көбелек Олжастың құлағына келіп қонады:
Рахмет саған, адамзат баласы! Үлкен рахмет!
Олжас:
Оқасы жоқ! (күледі) Сені бау-бақша, гүлдерің күтіп қалған болар, ұш, ұша бер, көбелек!!! Көктем қызға сәлем айт!
Көбелек ұша жөнеледі.
Олжастың үйі:
Әкесі:
Анасы, мен баламды сағынайын дедім, атасының үйінде жата бере ме? 3 күн өтті, тым-тырыс...
Мамасы:
Оның атасы – сенің әкең екенін ұмытпа! Жатса несі бар?! Қазір демалыс, оның үстіне жалғыз өзі емес, жанында Бақберген бар... Өзі сондай жақсы бала! Сабағы да, тәртібі де жақсы. Баянда ойнайды!
Әкесі:
Сонда да, хабарласып қою керек!
Айжан:
Атам телефон ұстамайды. Ал Олжас жауап бермейді, өшіріп тастаған...
Мамасы:
Таза ауада біраз сергісін... Ана құлағы құрғыр уайым болды ғой... Қашан кішірейеді, ол да белгісіз. Шетелге апарып емдеп көреміз бе?
Әкесі:
Оған түкірту керек!
Айжан:
Ту-у-у, әкеее... Сәл бірнәрсе бола қалса, түкіріктеріңіз дайын тұрады екен... Басқа жолын қарастырсаңыздаршы...
Әкесі:
Әй, көрдік қой... Ота да жасаттық... Не болды? Ештеңе де өзгерген жоқ! Енді қазақылық жолмен түкіртіп көрейік те... Өткен жылы қолыма сүйел шыққанда дәрі жақтым, емдедім, ештеңе шықпады. Болмаған соң анау Мейіз апаға бардым емес пе?
Айжан:
Мейіз апаның медициналық білімі де жоқ!
Әкесі:
Әй, қызым, алдымен тыңдап алсаңшы... Содан, апаға барған едім... кәдімгі алманы алды да оқып-оқып, сұф-сұф деді де... «алманы көміп таста, шіріген кезде сүйелің кетеді» - деді.
Мамасы:
Сонымен не болды?!
Әкесі:
Алманы көміп тастадым. 3 күннен соң сүйелім жоқ, ал бұған не дейсіңдер?
Мамасы:
Алма ше? Алма не болды?
Әкесі:
Мен қайдан білейін? Сол 3 күнде шіріп кеткен шығар...
Айжан:
Енді Олжастың құлағы да мүлде түсіп қалса ше? Құлағы жоқтан гөрі, құлағы қалқайып тұрған дұрыс сияқты ғой... Әке, менде мынадай ұсыныс бар... Мен атамның үйіне барып қайтайын. Олжастың да жағдайын біліп, Сіздерге айтармын. Ертең қайтып келемін.
Әкесі:
Ой, айналайын, алтын қызым-ау! Інісіне жаны ашып жүрген... Онда жолға жинал. Анасы, қызыңды көлікке отырғызып, шығарып сал... Атасы да қуанып қалады, солай емес пе?
Мамасы:
Жарайды, барса барсын... Ылғи үйден шықпайды, айран ішіп, таза ауада құрт-май жеп қайтсын...
Айжан:
Алақай! (папасы мен мамасының бетінен сүйеді) Мен жиналайын онда!
Айжан шығып кетеді.
Папасы:
Қызымыз есейіп келеді... Тіпәй – тіпәй, тіл көзім тасқа...
* * *
«Көлтауысар мен Алтын сақа»
Балалар бір ауылдың шетіне келіп тоқтайды. Тас үстінде қолында кетпені бар ақсақал отыр.
Олжас:
Ассалаумағалейкум, ата!
Бақберген:
Ассалаумағалейкум...
Ата:
Өй, өркендерің өссін! Уәғалейкумассалам! Қайдан келесіңдер, балаларым?!
Олжас:
Біз жәй әншейін... жақсылық жасап жүр едік...
Бақберген:
Иә, ата, Сізге көмек керек емес пе?
Ата:
Ой, айналайындар! Сендер жақсы балдар екенсіңдер ғой... Жақсылық жасау, біреуге көмектесу әркімнің қолынан келе бермейтін игілікті іс! Бақытты болыңдар, қарақтарым!..
Олжас:
Ата, ал Сіз біреуді күтіп отырсыз ба?
Ата:
Е-е-е, балаларым, сендер маған көмектесе алмайсыңдар... Мен мына жерге қызанақ, қияр еккен едім... Қазанарықтардың суы тартылып, арыққа су шықпай қалды. Еңбегім еш кетеді ме екен деп, уәйімдап отырған жайым бар... Су болмаса мына егістік қурап қалады емес пе? Содан Алладан жаңбыр жауса деп тілеп отырмын!
Бақберген:
Ал жаңбыр жаумаса ше?
Олжас:
Қап, әттеген-ай, енді не істейміз? Шелекпен тасып құйсақ ше?
Ата:
Қазанарық сонау тұрған жерде... Екі шелек су әкелемін деп шаршап қалдым... Судың деңгейі көтерілмей арыққа су шықпайды...
Олжас пен Бақберген ақылдасып алады да, атаға қарап:
Ата, біз Сізге көмектесеміз! Сәл күте тұрыңыз!
Екеуі ауылға қарай жүгіре жөнеледі.
Бақберген:
Бұл ауылдың балалары қайда кеткен?
Олжас:
Әне біреуі! Ей-й-й, бала!!! Қайда жоғалып кетті? Тығылып қалды ма? Жүрші сонда барайық!
Екі бала тұрған жерге келеді. (Үлкен ағаш)
Бақберген:
Ей, бала, шық бері! Біз саған тиіспейміз!
Осы кезде екеуі де арқан тұзаққа түсіп жерге құлап түседі.
Бақберген жамбасын уқалап:
Ой, ой, ой!
Әр жерден тығылып жатқан балалар шыға бастады. Бұларды қоршап алған.
Біреуі:
Ха!!! Қалай екен? Біз саған тиіспейміз, - деп қояды.
Балалар мазақтап ду күледі:
Мынаның құлағын қараңдар, Қалқанқұлақ!
Ах-ха-ха, маска емес пе өзі? (түртіп көреді)
Олжас:
Тарт қолыңды! Күлме досқа, келер басқа деген...
1-ші бала:
Сен бізді өйтіп қорқытпай-ақ қой! Біріншіден, сен бізге дос емессің! Қанша күлсек те өзіміз білеміз. Екіншіден, сендер біздің тұтқынымызсыңдар!
2-ші бала:
Қайдан келдіңдер, кімсіңдер?
Бақберген:
Біз «Тасарықтанбыз!». Ал сендер кімсіңдер? Неге тұзақ құрып жүрсіңдер?
1-ші бала:
Біз қарақшы-қарақшы ойнап жүрміз. Сендерді қазір Соқыр атаманға апарамыз.
Олжас:
Неге қарақшы-қарақшы? Бір рет айтсаңдар болмай ма не?!
Балалар бір-біріне қарап не айтарын білмей қалады.
2-ші бала:
Сенің онда жұмысың болмасын! Біз «қойшы-қойшы», «шпион-шпион», «қарақшы-қарақшы» ойнаймыз. Бәрі екі реттен айтылады. Түсіндің бе?!
Олжас:
Түсіндім, түсіндім! Ал, атамандарың қайда? Соқыр дедіңдер ме?
Осы кезде талдың үстінен бір бала секіріп түседі.
Атаман:
Мен – атаман! Ал көзім, міне, соқыр емес. Бірақ кинода атамандардың бәрі соқыр болады. Ал сен Қалқанқұлақ, біздің ауылда жәйша жүрсіңдер ма?
Олжас:
Шәй ішесіңдер ма дейсің ба? (күліп) Сен нешінші сыныптасың?
Атаман:
Төртінші!
Олжас:
Мен де төртінші! Менімен күресесің бе? Жеңсем, сендер бәрің менің айтқанымды істейсіңдер!
Атаман:
Өй, мынауың күшті ғой...
Жанындағы балалар:
Күрессей!
Күрес, атаман! (бәрі шуылдап кетеді)
Екеуі қол алысып, Олжас пен Атаман күреседі. Олжас жеңіп шығады.
Олжас:
Олжас! (қолын береді)
Атаман:
Қалеш, ой, Қалқаман!
Олжас:
Ал енді уәде бойынша мен командир. Келісесіңдер ғой!
Балалар:
Келісеміз!
Жәрайды!
Не істейміз, айт!
Олжас:
Онда, былай... Қазір бәрің үйлеріңе барып 2 шелек алып шығыңдар!
1-ші бала:
Шелек? Алма ұрлауға барамыз ба?
Бақберген:
Жоқ, жақсылық жасауға барамыз!
Олжас:
Ауылдан басқа да ұл-қыздарды ертіп шығыңдар. Қарындас, інілеріңді... Бағбан атайдың егістігі қурап барады екен. Сол кісіге көмектесеміз, яғни, бақшаға су тасимыз. Түсінікті ме?
Балалар:
Түсінікті, жолдас командир!
Олжас:
Онда іске кірісейік! 15 минуттан соң дәл осы жерде кездесеміз.
Бәрі жан-жаққа жүгіре жөнеледі.
3 көрініс
Бір кезде 30 шақты үлкенді-кішілі балалар жиналып қалады. Бәрінің қолдарында шелектері бар.
Ұзыннан қаз-қатар тұрып алған ұл-қыздар суы бар шелекті бір-біріне беріп ұзатуда. 1-2 бала егістегі жеміс көшеттеріне су құйып жүр.
Бағбан ата:
Әй, айналайындар-ай, қандай ұйымшыл, еңбекқор балалар, ә?! – деп риза болып отыр.
Бір кезде балалар шаршай бастайды. Егістіктің әлі суғарылмаған жері көп-ақ.
Олжас көлбақаға келіп:
Жалпақбас, жатысың жайлы ғой... Көмектессеңші сен де...
Көлбақа:
Жәрайды... көмектесейін... Мен қазір Көлтауысарды шақырайын...
Олжас:
Көлтауысар?! Ертегідегі ма? Табылған ақыл! Ал ол келе ме?
Көлбақа:
Қазір, көрейік... (ысқыра бастайды)
Алыстан машина көрінеді. Кәдімгі су таситын «водовоз». Оның ішінен бір кісі түсті. Ол жақындап келіп:
Иә, неге шақырдыңдар?
Олжас:
Сіз кімсіз?
Көлтаусыар:
Көрмей тұрмысың?! Көлтауысармын мен... Қызық-ей, мыналар... Шақырып алып, сен кімсің дейді?! Одан да не істеу керек, соны айтыңдар!
Бақберген:
Мына егістіктегі бақша сусыз қурап барады...
Олжас:
Балалар әбден шаршады... Сіз бізге көмектесе аласыз ба? Ертегіде бір көлдің суын сіміріп салады деуші еді... Сол рас па?
Көлтауысар:
Хе-хе-хе... Сәл асыра сілтеп жіберген енді... Ертегіде әсірелеп жібереді ғой бәрін. Қане, суды қай жерден тасу керек?
Бақберген:
Анау, қазанарықтан.
Көлтауысар:
Жүріңдер ендеше! Көрейік...
Көлтауысар машинасына мінеді. Олжас пен Бақберген кабинаға мініп отырады:
Кеттік!
Олар қазанарыққа жеткенде Көлтауысар мәшинесінен түсіп шлангты суға тастайды.
Көлтауысар:
Міне, техника! Заманауи Көлтауысар осы! Өз-өзімді қинап не қылам? Оның үстіне қарным да әжептеуір кішірейіп қалды... Хе-хе-хе!
Олжас:
Көлтауысар аға, шыныңызды айтыңызшы, қанша су кетеді қарныңызға?
Көлтауысар Олжастың құлағына сыбырлайды.
Олжас таңдана:
Қойыңызшы, рас па?
Көлтауысар:
Ешкімге айтпа, бірақ...
Олжас:
Жарайды аға!
Су таситын мәшинемен бүкіл егістіктің бәрін суғарып бітеді.
Көлтауысар:
Ал, сау болып тұрыңдар, балалар!
Балалар:
Сау болыңыз, Көлтауысар аға!
Рахмет Сізге!
Бағбан ата:
Жүз жаса айналайын!
Бақберген:
Жүзіңіз не, ата, мың жасаған Көлтауысар ол, ертегілер елінен келген...
Ата:
Әй, айтасың-ау сен де, балам! Сендерге де рахмет! Өздерің болмағанда бақшам қурап, жеміс бермей қалар еді. Сендерді жіберген Алла тағалама мың да бір шүкір!
Олжас:
Сау болыңыз, ата!
Ата:
Жеміс піскенде келіп жеп кетіңдер!
Бақберген:
Келеміз, ата!
Балалар ұзап бара жатқанда Бағбан ата Сиқыршы шалға айналады.
* * *
Кесірлердің жиналысы.
1-ші басшысы:
-Қолдарыңнан түк те келмейді! Үлкен адам болса мақұл, кіп-кішкентай екі балаға кесір келтіре алмайсыңдар! Олар әлі де жақсылық жасауларын жалғастыруда. Ал, неге үндемейсіңдер?!
2-ші:
-Сіз әбден ұрсып алсын деп тұрмыз...
3-ші:
-Иә, бір нәрсе десек ұрсып тастай ма деп, үндемей тұрмыз.
1-ші басшы:
-Бір нәрсе?! Нақты не істеу керек, соны айтыңдар.
2-ші:
-Айтсаңшы, жаңа айтам деген ойларыңды.
3-ші:
-Ә-ә-ә...ұмытып қалдым .Өзің айта берші мен айтқан нәрселерді.
2-ші:
-Сенің ойың бас кесірге ұнамай қалса ше? Сен үшін сонда мен таяқ жеуім керек пе?
1-ші басшы:
-Доғарыңдар ұрысты! Енді мені тыңдаңдар. Ана екі баланы бір-бірімен ерегістіру керек. Достықтарына кесірімізді тигізіп, ұрыстыру қажет. Сонда екеуі екі жаққа кетеді. Жақсылықтары да жайына қалады.
Екі кесір қол шапалақтап тұрады.
2-ші:
-Табылған ақыл!
3-ші:
-Менің жаңа айтайын дегенім де дәл осы ойлар еді.
1-ші басшы:
-Ал енді оларды бір-бірімен қалай ұрыстыруды ойластырайық.
2-ші:
-Балалар бір нәрсеге таласып қалсын. Сосын ерегіседі.
3-ші:
-Иә, сосын төбелеседі!!!
1-ші басшы:
-Дұрыс! Бірақ ол не нәрсе? Ойланайық...(үшеуі де ойланып қалады)
* * *
Балалар жолда келе жатыр. Тасқа қарға келіп қонады да, «қарқ!»етіп, қолында таяғы бар, көзі нашар көретін адамға айналады. Балалар жақындағанда ол айналадан бір нәрсе іздеген сияқты болып жүреді.
Олжас:
-Ассалаумағалейкум, ата! Не іздеп жүрсіз?
Бақберген:
-Не жоғалтып едіңіз? Көмек қажет пе?
Шал:
-Е-е-е балаларым. Мына көзі құрғыр көрмей...қалтамнан түсіп қалған затымды таба алмай, әбігерге түскенімді қарашы. Сендер бара беріңдер, жолдарыңнан қалмай.
Олжас:
-Ой, ата, ол не зат еді? Айтсаңыз біз де іздеп көретін едік. Екі көзден 6 көз артық емес пе? Бізге ол түк те қиын емес.
Бақберген:
-Иә, ата, оның үстіне біз жақсылық жасап жүрген балалармыз.Сізге жоғалған затыңызды тауып берсек, ол да бір жақсылық болар еді.
Шал:
-Жақсылық?! Ә, онда іздеп көріңдер. Табылса жақсы болар еді-ау «Алтын сақам»...
Олжас:
-Алтын сақа?! Ертегідегі алтын сақа ма?
Шал:
-Ертегі деймісіңдер?! Оны білмедім. Бірақ алтын сақамның қасиеті бар екені анық. Жәрәйді, оны тапқан соң айтармын. Ал, неге тұрсыңдар? Іздеңдер.
Көлбақа:
-Мен де іздейін.
Олжас:
-Иә, Жалпақбас.Мына бақырайған көзіңнің пайдасын көрейік те.
Бақберген:
-Қане, кім бірінші табар екен?!
Бәрі іздеуге кіріседі.
Көлбақа:
-Таптым!!!
Бәрі:
Қане?! Көрсетші!
Көлбақа:
-Міне!!! Осы ма? (қолында жәй асық)
Шал:
-Жоқ, ол емес! Менікі алтын сақа! Жәй асық емес...
Бір кезде Бақберген шөптің арасынан тауып алған алтын сақаны көрсетеді.
Бақберген:
-Алақай! Алтын сақа! Мен таптым! Мен таптым!
Олжас:
-Қане, көрейінші!
Көлбақа:
-Сенің көзің менікінен де үлкен екен-ау...
Шал:
-Қане, қане...(қолына алады). Дәл өзі!!! Алтын сақам менің! (сүйіп қояды). Рахмет сендерге, айналайындар. Көп жасаңдар!
Олжас:
-Ата, жаңа сіз тауып алсам ,алтын сақаның қасиетін айтамын деген едіңіз.
Шал:
-Айтайын, айтайын. Бұл сақа-жәй асық емес! Сақаны қолыңда ұстап тұрсаң, ақылың он есе көбейіп, күшейеді. Әсіресе мына сендерге өте қажет! Мектепте бақылау жұмысы,шығарма жазғанда алтын сақаның көмегі зор! Есептер оп-оңай шығарылып, шығарма өз-өзінен жазыла береді. Ал жаттау бере қалса, ол да оп-оңай ойыңа келе береді. Тек айтып тұрсаң болды! Мысалы сен айта қойшы...123-ті 68-ге көбейтсең қанша болады?
Бақберген басын қасып:
-М-м-м сегіз жердегі үшім 24...Ой, қағазға жазып шығармасам болмайды, қиын есеп.
Шал:
-Түк те қиын емес! Міне, мына сақаны ал қолыңа! Ал енді айта қойшы?!
Бақберген:
-Сегіз мың үш жүз алпыс төрт. Солай ма,расында?!
Олжас:
-Қане, мен есептеп көрейін! (Жерге жазып есептейді). Тұп-тура! Керемет!
Шал:
-Ал сен Абай атаңның «Күз» өлеңін жатқа айтып бере аласың ба?
Олжас:
-Ой, есімде қалмапты...2 жыл бұрын жаттаған едік...
Шал:
-Қане, сақаны қолыңа ал.Ал енді сайра!!!
Олжас:
-Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз келіп,дымқыл тұман жерді басқан...
Шал:
-Жетеді, жетеді...Міне, көрдіңдер ғой.
Олжас:
-Өлең сөздері аузымнан өзінен-өзі шығып жатты. Бақберген, мынау сақа керемет қой!
Бақберген:
-Иә, тіпті сабаққа дайындалудың да қажеті жоқ!!! Бәрін біліп тұрасың! Үздік оқушы атанасың.
Олжас:
-Күнделік толы «бестік» бағалар! Ата, бұл асық сізге не үшін қажет? Сіз мектепте оқымайсыз ғой.
Шал:
-Ә-ә-ә...мұның басқа да қасиеттері бар! Мысалыға, көзім жақсы көреді! Әне,ана-а-ау аспанда ұшып бара жатқан құсты көріп тұрмысыңдар?
Балалар:
-Қайда? Қане? Көрінбейді ғой...
Шал:
-Сендерге тым алыс...Ал мен көріп тұрмын. Шағала... Тұмсығында балығы бар.
Бақберген:
Ата, өтінемін, осы сақаңызды маған бересіз бе? Есеп шығаруға келгенде қатты қиналамын...
Олжас:
-Неге саған? Мен ше?
Бақберген:
-Сен есепті онсыз да жақсы шығарасың ғой.
Олжас:
-Мен шығарма жазғанда қиналамын. Ойланып отырғанда қоңырау соғылып, ештеңе жаза алмаймын.
Шал:
-Болды, болды. Таласпаңдар, балалар! Сендер жаңа жақсылық жасап жүрміз дедіңдер ме?
Бақберген:
-Иә, ата, біз әр күні жақсылық жасауға тырысамыз.
Олжас:
-Міне, бүгін сізге де жоғалған Алтын сақаңызды табуға көмектестік.
Шал:
-Рахмет, балаларым! Сендер болмағанда, бұл асық табылар ма еді, жоқ әлде шөптің арасында жатар ма еді...Сондықтан да жақсылыққа жақсылық жасап, мен бұл асықты сендерге сыйлап кетейін. М-м-м өздерің шешерсіңдер, асық кімдікі боларын.
Бақберген:
-Алақай!!! Рахмет сізге, ата! Енді мен мектепте есеп шығарудан алда боламын!
Олжас:
-Ал мен шығарма жазудан қиналмаймын!
Шал:
-Ал, балаларым, сау болыңдар. Мен барайын...(Шал жоқ болып кетеді).
Бақберген:
-Өй, қайда кетіп қалды?
Олжас:
-Ертегілер елінен келген болар. Мейлі, алтын сақа бізде қалды! Бұл сақа...менде болсын. Сен жоғалтып қоясың!
Бақберген:
-Жоғалтпаймын! Менің бірнәрсе жоғалтқанымды қайдан көрдің? Маған бер, қалтама салып алып жүремін!
Олжас:
-Жоқ! Айттым ғой, сен ұйықтап жатқанда қалтаңнан түсіріп аласың. Солай емес пе, жалпақбас?! Айтшы мына Бақбергенге.
Көлбақа:
-Сол Алтын сақа менде болса болмай ма?
Олжас, Бақберген екеуі бірдей:
-Саған не жоқ, Жалпақбас?!
Олжас:
-Сен мектепке бармайсың ғой...
Бақберген:
-Есеп те шығармайсың.
Олжас:
-Жаттау да жаттамайсың...
Көлбақа:
-Жә-жә жетер! Не болды сендерге?! Жаңағы шал айтты емес пе, сақаның басқа да қасиеттері бар деп. Мысалы көзің жақсы көреді деді. Мен де ұшып жүрген масаларды, майда шыбын-шіркейлерді кейде көрмей қаламын. Ал көрсем, қалт жібермес едім. Міне, былай...(бір масаны тілімен қағып алады)
Бақберген:
-Өй, сен де бір қарныңның тойғанын ойлайсың. Ал бізге білім алу үшін керек!
Көлбақа:
-Мен де білімді көлбақа болсам деймін...Есеп шығарудан көлбақалардың алды болсам болмай ма екен?!
Олжас:
-Қап, мына Жалпақбасты-ай, ә?! Есеп сенің не теңің? Көліңде масаларға тойып алып, «бақылдап» ән салып жата бермейсің бе?!
Көлбақа:
-Мен жәй көлбақа емеспін! Сөйлейтін көлбақамын! Естеріңнен шығып кетті-ау деймін, ә?! Мен де өлең оқығым келеді. Кейде...өлең де шығарамын. Міне...
Көл бетінде ай сәулесі дірілдеп,
Масалар да ұшып жүрер гүрілдеп.
Қалай?! Бола ма?!
Олжас пен Бақберген бір-біріне қарап күліп жібереді.
Олжас:
-Ха-ха-ха..Масалар...гүрілдеп...Ызыңдап демейсің бе?
Бақберген:
-Бас жағы тәп-тәуір-ақ басталып еді...
Көлбақа (өкпелеп):
-Неге күлесіңдер?! Ызыңдап десем, ұйқасы келмейді ғой. Әй, мейлі...мен кеттім. Алтын сақаларың өзіңе.
Олжас:
-Әй, әй, Жалпақбас. Сен не, ренжіп қалдың ба? Жап-жақсы-ақ өлең! Тек масаларыңның гүрілдегені болмаса...
Көлбақа:
-Рас па?! (бері бұрылады). Дірілдеп, гүрілдеп...басқа ұйқас таппадым...
Бақберген:
-Жәрәйді, қане бері келіңдер! Біз-екеуміз...
Көлбақа:
-Үшеуміз!
Бақберген:
-Иә, үшеуміз, ал сақа-біреу.
Көлбақа:
-Сонда қалай болғаны? Сақаны үшке бөліп аламыз ба?
Олжас:
-Жоқ! Сақа бүтін болса ғана қасиеті жоғалмайды! Үшке бөлсек, ештеңеге жарамайды!
Көлбақа:
-Енді не істейміз?!
Бақберген:
-Баян тартудан жарысайық!
Көлбақа:
-Жоқ, тілімізбен маса ұстаудан жарысайық.
Олжас:
-Жоқ! Болмайды! Біз қалай тілімізбен маса ұстаймыз? Былай ма?! (көрсетеді). Бақберген, сен де айтады екенсің. Баянда сенен басқа ешкім ойнай алмайды ғой. Жалпақбас тіпті көтере де алмайды. Және де баянды қайдан көріп тұрсың?
Бақберген:
-Қалаға барған соң дегенім ғой...
Олжас:
-Алтын сақаның кімге тиесілі екенін қазір шешу керек. Әйтпесе, мен шыдай алмай, асықты сендерден күшпен тартып алуым мүмкін.
Көлбақа:
-Күшпен?!
Бақберген:
-Күшпен?!(қабағын түйіп). Күресесің бе сонда?! (Орнынан тұрады) Мен дайынмын!
Олжас:
-Әй, әй, түрлерің бұзылып кетті ғой. Ойнап айтамын. Жалпақбас, саған не жоқ? Сенің де жеңістен үмітің бар ма?
Көлбақа:
-Мен Таусоғарды көмекке шақырамын!
Бақберген:
-Таусоғарды?! Болмашы нәрсеге бола оны шақырудың қажеті не?
Көлбақа:
-Шақырамын дедім бе, шақырамын! Болды!
Олжас:
-Ешкімді де шақырмаймыз! Біз бұл мәселені өзіміз шешуіміз керек!
Бақберген:
-Қалай?!
Көлбақа:
-Суға секіруден жарысайық! Ең биік жерден...
Бақберген:
-Жоқ, мен жүзе алмаймын!
Олжас:
-Жетер енді!!! Бізге төреші қажет! Әйтпесе, бір-бірімізбен ұрсысып қалармыз.
Бақберген:
-Келісемін! Бірақ оны қайдан табамыз?!
Олжас:
-Қазір осы жерге бірінші келген адам бізге төреші болады.
Көлбақа:
-Жарайды, келістік! Бірақ сендер мені де қосуды ұмытпаңдар!
Олжас:
-Ал онда...күтейік.
Кесірлердің біреуі адамға айналып шыға келеді.
Бақберген:
-О, міне, төреші келді!
Олжас:
-Саламатсыз ба, көке! Біздің таласымызды әділ шешіп беріңізші.
Көлбақа:
-Біз үшеуміз мына «алтын сақаға» таласып жатырмыз!
Кісі:
-Өй, мынау көлбақа сөйлеп жатыр ма өзі?!
Көлбақа:
-Иә, иә, сөйлеп жатырмын!!! Несі бар екен сөйлесе?
Кісі:
-Жоқ, жәй әншейін. Қазіргі заманда ештеңеге таң қалмайтын болдық қой. Иә, айта беріңдер. Не талас болып жатыр?
Олжас:
-Қысқасы, былай...(олар түсіндіре бастайды,без звука). Енді міне, сіз осы мәселені шешіп берсеңіз..
Кісі:
-Қиын екен, қиын екен. Шешіп көрейік... Баяғының батырлары мүндайда жекпе-жекке шақыратын. Қылыш, найза, садақ...Ең оңайы-садақ ату. Нысанаға кім дәл тигізсе - асық та соныкі. Қалай? Келісесіңдер ме?
Бақберген:
-Ал садақты қайдан аламыз?
Кісі:
-Менде бір садақ бар еді. (тез барып тастың артынан алып келеді). Міне! Мына нысанаға атасыңдар! 30 метр жерден.
Олжас:
-Келістік! Оһо! Мынау баяғының батырларының садағы сияқты ғой.
Кісі:
-Иә, дәл солай. Баяғы батыр бабамыздан қалған көз еді(көз жасын сүртеді). Ал, не тұрыс, бастайық!
Көлбақа:
-Мен ше? Мен?! Мен қалай садақ атамын?!
Кісі:
-Сенің орныңа мен атайын. Сен былай-былай деп айтып тұрасың.
Көлбақа:
-Ал сіз жақсы атасыз ба?
Кісі:
-Ол саған байланысты..
Жарыс басталды.
Бақберген атады. Олжас атады. Көлбақа атады. (көрсету керек). Әрқайсысы 3 оқтан атады. Бәрінікі бірдей болып шығады.
Кісі:
-Болмады! Бәрің теңдей өнер көрсеттіңдер. Енді қылыштасу өнерімен сайыс бастаймыз.
Олжас:
-Қылышты қайдан аламыз?
Кісі:
-Менде бар еді...Аталарымыздан қалған жәдігер. Қазір әкеле қояйын (лезде әкеледі). Екі қылышты Олжас пен Бақбергенге береді. Екеуі қылышты ұстап, бір-біріне тап берердей айналып жүре бастайды. Бақбергеннің ойына екеуінің дос екені түсіп, қылышты жерге тастай салады. Олжас та қылышын төмен түсіреді.
Бақберген:
-Олжас, не болып барады?! Біз дос емеспіз бе? Қазір бір-бірімізді абайсызда жаралап алсақ ше?
Олжас:
-Иә, дұрыс айтасың, Бақберген! Сен мен үшін талай қиындықтан өттің. Сақаны сен ала ғой.
Бақберген:
-Жоқ, маған сақа керегі керегі жоқ! Біз одан да жақсылық жасауды жалғастырайық! Ал сабақты өзіміз-ақ жақсы оқуға тырысайық. Есепті де... Әйтпесе, осы сақаға өмір бақи сеніп, нағыз жалқауға айналамыз.
Олжас:
-Дұрыс айтасың, Бақберген! Бізге достығымыз қымбат. Ал сақаны Жалпақбас ала берсін.
Көлбақа:
- Оһо!!! Рахмет! Алтын сақа менікі!
Көлбақа Алтын сақаны қолына ала бергені сол еді, ол құмға айналды да, сусып түсті. Балалар аң-таң...
Олжас:
-Өй, сақа қайда кетті?!
Бақберген:
-Әлгі кісі де жоқ!
Олжас:
-Бұл – кесірлер! Бізді ұрыстырып, сақаға таластырып, достығымызды ажыратпақ болды! Бірақ біз – дұрыс шешім қабылдадық. Бақберген, біз сен айтқандай жақсылық жасауды жалғастырамыз! Ал сен, Жалпақбас, ренжіме...Өлеңің де жаман емес. Сонымен достар! Жақсылық жасауға – алға!!!
Бәрі қуана жолға шығады.
Мыстанмен кездесуі
Айжан «Газельден» түсіп, атаның үйіне келеді. Атасы самауыр қойып жатыр екен.
Айжан:
Ата!!!
Атасы:
Өй, бұл кім десем, Айжаным екен ғой... Айно-о-лайын, қане келе ғой...
(Маңдайынан иіскеп, сүйеді)
Айжан:
Ата, қалайсыздар!!!
Атасы:
Құдайға шүкір... аман-есенбіз. Өткенде Олжасжан досымен келіп, отын дайындап беріп кетті, өркені өскір!
Айжан:
Кеткені қалай? Қайда кетті?!
Атасы:
Оны айтқан жоқ. Жанындағы досы екеуі жақсылық жасауға кеттік деді ме?..
Айжан:
Жақсылық жасауға?! Кімге, неге?! Қызық екен... Бұлар менен бірнәрсе жасырып жүр...
Атасы:
Бір-екі күннен соң келеміз деген... Бүгін келіп те қалар... Жүр, қызым, шәй ішейік. Апаң таба нан пісіріп қойды... Жүре ғой, айналайын...
Айжан:
Қап, мына Олжасты ай, ә?! Не бүлдіріп жүр екен, өздері?!
(ойланып қалады)
* * *
Бақберген,Олжас, көлбақа үшеуі әңгімелесіп келе жатыр.
Бақберген:
- Осы Мыстан деген қайдан шыққан өзі?
Олжас:
- Менің Дулат атам айтатын. «Мыстанды мыстан еткен-адамдардың өздері» -деп.
Бақберген:
- Сонда қалай? Түсінбедім...
Олжас:
- Бұрында ол кәдімгі тәуіп әйел болған екен. Ауруларды емдеген. Шөптерден дәрі жасаған. Бір күні оған бір байдың әйелі келіп, «Маған тышқандарды улайтын дәрі жасап берші», - деп алтын теңге беріпті. Үйде тышқандар көбейіп кетті деген көрінеді.
Бақберген:
- Мысық ше? Үйлерінде мысық жоқ па екен?!
Олжас:
- Мен қайдан білейін...Мысығы қартайып тістері түсіп қалған болар...
Бақберген:
- Жарайды, айта берші ары қарай...
Олжас:
- Сонымен, Мыстан улы саңырауқұлақтарды қайнатып дәрі жасап беріпті. Әлгі әйел уды тышқанға емес, өз күйеуінің тамағына қосып, сеспей қатырыпты. Содан ел-жұртқа күйеуін «Мыстан жасап берген дәріден уланды» - деп жала жауыпты. Адамдар соған сеніп, Мыстанды ауылдан қуып жіберіпті. Мыстан қашып жүріп, ауыл маңындағы орманды паналапты. Ит-құстан қорғанып, кесілген томардың үстіне ағаштан үйшік жасап алыпты. Жазықсыздан жазықсыз кінәлап қуып жіберген адамдарға өкпелі Мыстанның жүрегі өшпенділікке, ыза-кекке тола бастапты...Ададамдардың өзі оны түрлі жамандыққа итермелеген, ақша беріп дуа жасатып, сиқыр, бал ашу сияқты нәрселеге итермелепті. Жүрегі қайраған Мыстан жамандық жасауға дайын жаман кемпірге айналыпты...Міне, осылай...
Сиқыршы шалдың батасы:
Алған бетерінен қайтпайтын Қайсар өздері, әлгі екі баланы айтамын да, қиыншылықтарға тап болсада, қоймай жақсылық жасап жүр, олар енді өркені жайып өсіп келе жатқан, тал шыбық емес пе?! Дәл осы кезде, балаға дұрыс тәрбие беріп, түзу жолға салмаса, өз еркімен өскен бұтақ, қисық ағашқа айналуы мүмкін. Ал, мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп түзу етіп өсірсең, әуелі ағашқа айналып, өз жемісін береді. Сондықтан кейде қаталдықтың да пайдасы бар. Бала деген мына, саз балшықтай, қалай елесең де икімге келіп, ырғыңа көнеді ғой... Ал, осы саз балшықтан шеңбердің қолын өнерлеп, туып пішіндерге келтіріп, әдемі дүние шығарады. Сондықтан бала тәрбиесіне үлкен ықласпен, жауапкершілік пен қарау керек. Сонда бала да жақсы адам болып өседі... Ал, жамандыққа үйретіп, баланы теріс жолға салатындардың беті аулақ... Әйтеуір бізді олардың кесірінен сақтасын... Жамандық атаулы, жер бетінен жойылсын, ағып жатқан су мен кетсін... батып бара жатқан, күн мен кетсін... жаңбыр мен жуылып кесіп өткен жермен кетсін... Ертеңгі күнің айралған таң шапағаты, жер анамызға, тіршілікке, адамдарға тек жақсылық нұрын алып келсін....Әумин!
* * *
Көлде келе жатыр:
Олжас:
- Ей, жалпақбас! Сен де бір жайрақ жүрсеңші. Өзінің үйінде жүргендей тіпті...
Көлбақа:
- Батпақ менің өз үйім. Мен бұл жерде өзімді судағы балықтай сезінемін.
Бақберген:
- Судағы балықтай емес, батпақтағы бақадай десеңші. (күледі)
Олжас:
- Қап, бекер түстік бұл жолға. Әлгі тастағы жазбаға сеніп қалдық қой. «Жақын да болса алыс» деген. Бекер таңдадық соны.
Бақберген:
- Иә, «Жақын да болса алыс» деген осы жол ғой. Енді өзің ғой таңдаған.
Олжас:
- «Жақын да болса алыс» деген қиын жолды білдіреді. Солай емес пе?
Бақберген:
- Дәл таптың! Енді өзі мыстан болса, анда оған апарар жол да қиын шығар?
Олжас:
- Әрине. Олай оңай болса, адамдардың барлығы баяғыда-ақ оны тауып алып, жазасын беретін еді ғой.
Бақберген:
- Ол, бізге Алтын балықасыраушы шалдың қайда екенін айтуы керек шығар?
Олжас:
- Айтуы керек. Қайткенде де айтқызуымыз керек, түсіндің бе?
Бақберген:
- Түсіндім... Ой, бірақ қорқынышты...
Олжас:
- Екеуміз бірге болсақ, ешқандай да қорқыныш жоқ. Солай емес пе?
Бақберген:
- Иә!!!
Олжас:
- Ей, мынау жаңағы қызыл пәле емес пе?
Бақберген:
- Қане?!
Олжас:
- А-а-а! Ой-ой! Аяғымды ала алмай қалдым, Бақберген! Көмектес!!!
* * *
Сиқыршы шалға көгершін ұшып келеді.
Сиқыршы шал:
- Ал, көгершінім, тағы не боп қалды? Қандай хабар әкелдің?
Көгершін:
- Балаларға көмек қажет.
Сиқыршы шал:
- Ааа, солай де... Қап, мына балаларды-ай, ә! Өзім бармасам болмас.
Көгершін:
- Олар Мыстанға бара жатыр.
* * *
Ауыл іші. Айжан көшемен келе жатып, өз-өзімен сөйлеп келеді.
Айжан:
- Олар қайда кетті екен, а? Не бүлдіріп жүр екен ол екеуі?
Көше маңында 3-4 бала асық ойнап жүр.
Айжан:
- Балалар! Сендер осы ауылдан 2 бала көрген жоқсыңдар ма? Қолдарында қармақ болуы мүмкін.
Балалар жақындап келіп Айжанға:
1-ші: - Ал сен өзің кім боласы?
Айжан:
- Мен бе? Мен олардың біреуінің әпкесі боламын. Сонымен, сендер менің інімді көрдіңдер ма?
2-ші: - Иә, көрдік. Біз «қарақшы-қарақшы» ойнап жүргенде оларды ұстап алғанбыз.
Айжан:
- Ұстап алдық?! Олар не , ұрлық жасады ма? «Қарақшы-қарақшы» деген қандай ойын? Неге екі рет айтылады?
Балалар бір-біріне қарап күліп жібереді.
1-ші: - Тұп-тура соның әпкесі. Ол да тура осы сұрақты қойған. Бірақ ұқсамайдыү Ол қалқанқұлақ қой.
Айжан:
- Қалқанқұлақ?! Олжас...Ол менің інім ғой...Ол қалқанқұлақ емес.
2-ші: - Қалқанқұлақ!!! Біз өз көзімізбен көрдік. Құлағы мынандай (көрсетеді.)
3-ші: - Бірақ олар жақсы балалар. Олар бізге жақсылық жасауды үйретті.
Айжан:
- Жақсылық жасауды?! Мүмкін Бақберген болар үйретіп жүрген?
1-ші: - Жоқ! Қалқанқұлақ! Сол бәрін бастап жүрген. Біз бақташы атаға барып, гүлдеріне су құйып көмектестік. Бізді Қалқанқұлақ бастап барды.
Айжан:
- Қызық...Олжастан ондай күтпеген едім... Ал Бақташы ата қай жерде? Гүлдері қайда екен?
2-ші: - Сон-а-ау қырдың арғы жағында.
Айжан:
- Рахмет, балалар! Мен сол атаға барып сұрайын. Мүмкін інімнің қайда екенін сол кісі айтар!
* * *
Орман іші бара-бара қорқанышты дауыстарға тола бастайды. Балалар жан-жақтарына алақтап, қорқып, Көлбақаның соңынан еріп келеді.
Көлбақа:
Біз жақындап қалдық... Анау тұрған кәрі ағаш – Мыстанның үйі!
Балалар үлкен кәрі ағаштың жанына тоқтайды.
Олжас:
Мына ағаш – Мыстаннан кәрі шығар...
Бақберген:
Иә... ал өзі қайда?!
Көлбақа:
Мына ағаштың қуысы арқылы өтеміз... Жүріңдер...
Балалар бір-біріне қарап алып ағаштың қуысына кіреді. Ағаштан түтін шығады.Түтін сирегенде балалар Мыстанның үйінен бір-ақ шығады.
Қазанға түскенде «Ай!», «Ой!» Ауырып қалды!
Олжас:
- Біз қайда келдік?!
Бақберген:
- Мыстанның үйі емес пе?
Көлбақа:
- Иә, Мыстанның үйі осы...
Олжас:
- Ал, өзі қайда сонда?!
Бақберген:
- Ей, тыныш мүмкін сыртқа шығып кеткен шығар?!
Олжас:
- Қазір келіп қалса не істейміз?!
Бақберген:
- Өй, сен қорықта бермеш, онсыз да мына жер қорқынышты...
Олжас:
- Ту-у-у шаңнан көрінбейді ғой. Апчхи!!! (түшкереді)
Бақберген:
- Сау бол.
Олжас:
- Рахмет!!! Мына жерден сау шықсақ жарар еді.. Ой! Қимылдап жатыр! А-а-а! Мыстан!!!
Бақберген: (көзін жұмып алған)
- Мен көргім келмейді» Қарамаймын!
Мыстан:
Аха!!!! Кеше қазаныма қабан түсіп еді, бүгін екі жас бала түсіпті ғой...қазір, тұзсеуіп қайнатайын.
Олжас:
- Қазан?! Біз қазанда отырмыз, Бақберген. От жағып жатыр! А-а-а...
Бақберген:
- Апатай. Сіз бізді жеп қоймақшысыз ба?Біз тәтті емеспіз ғой!!!
Олжас:
- Иә,біз улымыз!Улы саңырауқұлақ сияқты мына менің құлағым улы! Жемеңіз бізді.
Мыстан:
- А?! Улы деймісің?! Мұндай құлақты бірінші рет көріп тұрмын... Қане бір жақындашы, жақында-жақында...Сиқырдың исі шығады.Ал сиқырланған құлақты жеуге болмайды.
Олжас:
- Иә, апа, ол сиқырлы ғой...
Мыстан:
- Қане, түсіңдер қазанымнан.От,өш!
Олжас Бақбергенге қарап:
- Көрдің бе? Меніңде құлағым пайдасы тиді..
Мыстан:
- Иә, қайдан жүрсіңдер......
Олжас:
Амансыз ба, Мыстан шешей...
Бақберген:
Мал-жан, бала-шағаңыз аман-есен бе?
Мыстан:
М-м-м, шешей дейді... қайдағы мал, қайдағы жан?! Жалғыз мысығым бар еді, ол да дүниеден өтті... Енді міне, жападан жалғыз қалдым, қайтейін... (кемсеңдеп жылайды).
Олжас:
Жыламаңыз, апа... Мыстандар жыламайды емес пе?
Мыстан:
Біле білсеңдер мыстандар да жылайды...
Бақберген:
Сіздің ұшатын сыпырғыңыз қайда?
Мыстан:
Әне, анау сынып жатыр. Ол да жарамай қалды. Аяқтарым қақсап, сүйектерім шашылып қалайын деп жүр...
Олжас:
Жасыңыз қаншада сонда?
Мыстан:
Сен сұрама, мен айтпай-ақ қояйын... Өйткені өзім де білмеймін...
Ажалың жетпесе өлмейді де екенсің. Істеген жамандықтарымның өтеуі ме, адамдардың қарғысы ма білмеймін, осы Әзірейіл келмей-ақ қойды маған... Әйтеуір түбінде тозаққа түсетінім анық...
Бақберген:
Мыстан шешей... Сіз осы бізді жеп қоймайсыз ба? Жалмауыз деген атыңыз бар... дегенім ғой...
Мыстан:
Жо-жо-жоқ, атай көрме... Оның үстіне ет жейтін тіс те қалмады ғой ауызда. Жалмауыз деген атым ғана...
Олжас:
Ал сіз өміріңізде біреуге жақсылық жасап көргенсіз бе?
Мыстан:
Жақсылық дейсің бе? Оны неден жасайды? Жейтін нәрсе ме өзі?
Олжас:
Түсінікті... Сіздің жүрегіңіз қарайған екен...
Бақберген:
Әрине, өмір бақи жамандық жасап келген Мыстан шешей жақсылық жасаудың жақсы екенін қайдан білсін?!
Олжас:
Онда біз Сізге жақсылық жасайық...
Мыстан:
Қалай сонда? Ол ауырмай ма?
Бақберген:
Қазір көресіз... Олжас ең алдымен үйді тазалайық. Тазалық – денсаулық кепілі!
Бақбереген:
Жарық түспеген жер ғой мынау... Сіз Сыртқа шығып серуендеп келе қойыңыз... Барыңыз, қане, барыңыз... (Мыстанды шығарып жібереді.)
Екеуі үй-жинауға кіріседі. (Тез-тез көрсетіледі)
Мыстан: (терезеден қарап)
- Әй, балалар! Абайлаңдар. Менің заттарымды, анау тұрған күбі, самауырларды бүлдіріп қоймаңдар!
Олжас:
- Мыстан апа! Сонда сіз сиыр сауып, күбі пісесіз бе?
Мыстан:
- Жоқ ә! Қайдағы сиыр? Ормандағы өткен-кеткен бұғы, маралдарды сауып аламын. Ағарған деген жақсы ғой, шіркін!
* * *
Үй тап-түйнақтай етіп жиналған. Төртеуі самауырдан шәй ішіп отыр.
Мыстан:
Туһ... жәнім кіріп қалды ғой, шәй ішіп... Мұндайда не айту керек дедіңдер?
Олжас:
Рахмет деу керек...
Мыстан:
Рах-мет... дұрыс айттым ба? Тәп-тәуір сөз екен...
Бақберген:
Дұрыс... Енді Сіз де бізге бір жақсылық жасаңыз...
Мыстан:
Қолымнан келсе жасайын...
Олжас:
Мыстан шешей, сіз мына менің құлағыма қараңызшы...
Мыстан:
Несі бар?! Әп-әдемі – қалқайып-ақ тұр...
Олжас:
Менің құлағым одан да әдемі болатын...
Мыстан:
Тоқта-тоқта... сонда мына құлақ сенікі емес пе?
Бақберген:
Олжастың құлағын Алтын балық асыраушы шал сиқырлап үлкейтіп жіберген. Жеті жақсылық жасасақ ғана құлағы баяғы қалпына келеді...
Мыстан:
Алтын балық асыраушы шал?! А-а-а, ол қақпас әлі тірі ме еді?!
Олжас:
Сіз сонда оны танисыз ба?
Мыстан:
Танығанда қандай... Жас кезімізде... хи-хи-хи... қыр соңымнан қалмай... гүл әкеліп тұратын. Эх, өтті дәурен, кетті бәрі... Иә, сонымен...
Олжас:
Сіз бізге сол шалды табуға көмектессеңіз жақсылық жасаған болар едіңіз.
Мыстан:
Жақсылық... жақсылық... Жәрәйді, көрейік, анау менің қол айнамды әперіп жіберіңдерші... Сүф-ф-ф... Айнаға қарамағалы қай заман... Қане, қалай еді өзі?!. ұмытып та қаппын А-а-а, иә...
Айнам, айнам, айнашым
Жүзің жарқын жайнасын...
Көрсете қой, қанекей
Сиқыршы шал қайдасың?! Суф-ф-ф!!!
Айнаның беті нұрланып, айқындала бастады. Түркістан жақтың көріністері, жайылып жүрген түйелер, Сауран, Отырар қалашығы. Сол жақта жүрген Сиқыршы шал көрінді.
Олжас:
Дәл өзі!!! Сиқыршы шал! Мына жер ескі Сауран қалашығы ғой... Рахмет, Сізге, Мыстан апа!
Бақберген:
Міне, жақсылық жасау деген осы! Көп жасаңыз!
Мыстан:
Апа дедің бе жаңа?! Туһ, жүрегім шым ете қалды ғой... Жақсылық жасау дегенің осындай болса, тағы бір жақсылық жасайын...
Олжас:
Мыстан апа, бізді қайдан келдік, сонда жеткізіп тастаңызшы... тағы бір жақысылық жасап...
Бақберген:
Иә, апа, ал біз Сізге келіп тұрамыз... Солай емес пе, Олжас...
Мыстан: (көзіне жас алып)
Сөйтіңдер, балалар... Келіп тұрыңдар... Мен сендерге қозықұйрық қуырып, бүлдіргенмен шәй беремін! Мына жемістердің бәрін өз қолымен орманнан теріп әкелгенмін. Табиғи таза өнімдер. Тосап та, таңқурайдан жасалған, мынау итмұрыннан жасалған...
Бақберген:
- Итмұрын?! Сонда итмұрыннан жасалған ба?!
Мыстан:
- Ей-й-й, итмұрын деген – жеміс, өсімдік... Айтпақшы, тұра тұрыңдар, мына менің сыпырғымның бұтағы... (сындырып береді) қиын кездерде сындырсаңдар мен жетіп келемін, сендерге тағы бір жақсылық жасағым келіп тұр, хе-хе-хе!
Олжас:
Рахмет, апа! Ал, ешқандай сиқырлы сөз айту керек емеспе?
Мыстан:
Жоқ, керек емес... бірақ қызық болу үшін бірнәрсе айта салыңдар енді ...
Бақберген:
Не айтамыз сонда?
Олжас:
Сыпырғым – сыпырғым сыпырма. Бекерден-бекер құтырма... – десек бола ма?
Мыстан:
Болады... болады... хи-хи-хи... Жаттап алу керек екен...Е-е-е кезінде он саусағымнан өнерім тамған шебері болатынмын. Енді міне, кемпір болдық. Саусақтарым икемге келмей, ине сабақтай алмай қалдым. Иә-ә... мына бір туыма былай деп ат қойдым. Қалай еді өзі? А-а-а қазір... «Айдаһардың үстіне қонайын деп жатқан шыбынның ызыңынан оянар сәттегі беймаза күй»
Олжас:
- Мәссаған, аты қиын екен?! Бірақ ғажап екен...хи-хи-хи сөз жоқ.
Мыстан:
- Ал мынау киізім «Қуырмаш» деп аталады.
Бақберген:
- Осылай қып-қысқа етіп қоя салдыңыз ба атын?
Мыстан:
- Мына иректі көрдің бе? Енді алақаныңды әкел. Қуыр-қуыр-қуырмаш, Тауықтарға бидай шаш (балалар бірге айтады.)
Ал олай болса, бері келіңдер...
Қайдан келдің, сонда бар!
Алыс сапар жолға бар! Суф-ф-ф!!!
Балалар жоқ болып кетеді. Мыстан кемпір қимастан қол бұлғап қалады.
Саққұлақ пен Қалқанқұлақ
Олжас пен Бақберген Талдың түбінде демалып отыр.
Бақберген:
Олжас, сен неге көңілсізсің?.. Міне құлағың біршама кішірейіп те қалды... Енді 3-4 жақсылық жасап тастасақ болды емес пе?
Олжас:
Сен мені бәлкім түсінбейтін шығарсың... Өйткені дәл қазір маған жақсылық жасауды тоқтатсақ қайтеді деген ой келіп отыр...
Бақберген:
Олжас?! (маңдайынан ұстап көріп) Сен өзі күн өтіп ауырып қалған жоқпысың? Не айтып отырғаныңды өзің білемісің?
Олжас:
Білем, білем... Құлағым кішірейген сайын мен ақ-құстардың даусын жөнді ести алмай жатырмын. Бұлай жалғаса берсе, мен бұл қасиетімнен мүлдем айрылатын сияқтымын. Мен қазір дүние жүзіндегі аң-құстардың даусын түсінетін жалғыз адаммын. Ертең атағым жер жарып, жер жаһанды аралап жүрмеймін бе? Әрине, жанымда сен боласың. Бізде – әр елдің президенттері қарсы алатын болады... Сүлеймен патшаның қасиеті дарыған бала ретінде, түсінемісің?
Бақберген:
Түсіне бастаған сияқтымын... Сонда сен осы құлағыңмен өмір бақи жүрмекпісің?
Олжас:
Несі бар... мен осы құлағыма үйреніп те қалғандаймын... «Қалқанқұлақ» десе дей берсін. Жалпақбас, сен қалай ойлайсың?
Көлбақа:
Өзің біл, маған бәрібір...
Бақберген:
Ал маған бәрібір емес... Сен ертең мектепке барасың, оқисың... Бәрі сені мазақтайды! Мектеп бітірген соң жігіт боласың, әскерге барасың... осы құлақпен... Кейін үйленесің... Тойыңда да осы құлақпен тұрасың... Қалай?!
Олжас:
Иә, ол жағын ойланбаппын... Ех-х-х!!! Жәрәйді, жақсылық жасауды жалғастырайық!
Бақберген:
Міне, енді жөнге келдің!
Олжас:
Өкініштісі, дүние жүзін аралай алмайды екенбіз...
Бақберген:
Неге олай ойлайсың? Мүмкін мына құлақсыз-ақ өз еңбегімізбен, өз білімімізбен жер жаһанды аралап шығармыз!
Олжас:
Сен нағыз доссың, Бақберген!
(екеуі қол алысып орындарынан тұрады.)
* * *
Бақберген:
Бірақ білесің бе, әлемде мұндай қасиеті бар тек сен емессің.
Олжас:
Мм-м, солай де?! Сонда мен сияқты тағы да Қалқанқұлақтар бар ма?!
Бақберген:
Онысын білмедім, бірақ... ертегілер еліндегі Саққұлақ бер емес пе?
Олжас:
Саққұлақ?! Мен – Қалқанқұлақ, ол – Саққұлақ?! (сәл ойланып тұрып) Қайсымыз күшті екенбіз, а? Мен бе, әлде Саққұлақ па?
Бақберген:
Оны білу үшін, біз онымен кездесуіміз керек!
Олжас:
Иә, әрине! Ей, Жалпақбас! Сен бізге Саққұлақты шақырып бере аласың ба?
Көлбақа:
Ол неге керек сендерге? Бекерден бекер ертегілер кейіпкерлерін мазалауға болмайды! Олардың өз әлемі бар...
Олжас:
Ой, сен де... әлдеқандай болып қаласың... Мен онымен сайысып көрмекшімін, түсінесің бе?..
Көлбақа:
Түсінемін... Бірақ ол келісе қояр ма екен? Сен сияқты баламен жарысуға...
Олжас:
Келіседі! Келістіреміз! Өзіме де қызық болайын деп тұр... Қане, шақыр оны, көрейік...
Көлбақа:
Жәрәйді... (ысқыра бастайды.) Ол анау жартастың ар жағында... жүріңдер... (жәйлап сол жаққа қарай аяңдап барады)
Екі дос көлбақа кеткен жаққа қарай барса бір адам жерге құлағын төсеп, тың тыңдап жүр екен.
Бақберген:
Не істеп жатыр?
Олжас:
Тың тыңдап жатыр... Саққұлақ деген аты бар емес пе? Ол алты айлық жерден келе жатқан тұлпардың тұяғының даусын естиді...
Бақберген:
Онда трактордың даусын 2 жылдық жерден еститін болар? (күледі)
Олжас:
Тс-с-с... Бәрі мүмкін... Жүр, жанына барайық...
Олар Саққұлаққа барып амандасады.
Олжас:
Ассалаумағалейкум...
Бақберген:
Саламатсыз ба Саққұлақ аға!
Саққұлақ:
Өй, дәу жігіт болыңдар, балаларым... Сендер мені қайдан танисыңдар?
Бақберген:
Ертегіден білеміз... Ертөстікті оқығанбыз.
Саққұлақ:
Ә-ә-ә, жақсы, жақсы... Әрбір ертегі сендерге тәлім-тәрбие беріп, ақ пен қараны, жаман мен жақсыны ажырата білсеңдер, біздің де ұтқанымыз! Мына баланың құлағы елден ерекше екен, қане бері келші... (көреді), бұл жаратылысыңнан ба, әлде сиқыр ма?
Олжас:
Сиқыр... бәріне өзім кінәлімін... енді міне сол қателігімізді түзеп жүрген жәйіміз бар...
Саққұлақ:
Мм-м, солай де... Сенің өз кінәңді түсініп, түзетемін деген... Ол жақсы қасиет... Ал, мен неге қажет болдым, сендерге?!
Бақберген:
Саққұлақ аға! Мына менің досым Қалқанқұлақ сізбен сайысып көрмекші... егер әрине... қарсы болмасаңыз...
Саққұлақ:
Менімен?! Хе-хе-хе!!! Сайыспақшы де... Қалқанқұлақпын деймісің?! Хе-хе-хе!!! Ал көрейік, қалай сайысамыз сонда?!
Олжас:
Менің ұсынысым бар... Біз ауыл балаларын жинап жасырынбақ ойнатайық. Іздеуші біз боламыз, иә, иә... Сіз және мен... Кім жасырынған балаларды көбірек табады, сол жеңеді. Қалай?!
Саққұлақ:
Бұл мен үшін түкке тұрмайтын нәрсе... Жәрәйді, келістік! Жинаңдар, балаларды!
Осы сәтте ауылға балық сататын мәшине жақындап қалған болатын. Ішіндегі сатушы кісі дыбыскүшейткішпен айғайлап келеді.
Балық! Балық аламыз! Сазан... сазан!
Олжас:
Міне, бізге көмектесетін кісілер!
Қол көтеріп, машинаны тоқтатады.
Сатушы:
Иә, балақай... Қанша келі тартайын?
Бақберген:
Ағай, бізге сіздің көмегіңіз қажет...
Сатушы:
Ол не көмек?
Олжас:
Сіз үшін түкке тұрмайды, ал бізге ол өте маңызды! Біз ауыл балаларымен жарыс өткіземіз...
Сатушы:
Ал одан маған не пайда?
Бақберген:
Пайдасы сол... адамдар жиналған жерде сауда да қызады емес пе?
Сатушы:
Жарайды, не істеу керек!
Олжас:
Мен қазір Сіздермен бірге жүріп хабарлама жасайын! Қане, дыбыс күшейткішіңізді бере тұрыңызшы... (мәшинеге отырады)
Хабарландыру, хабарландыру!
Бақберген:
Ал достым, мүдірме! Машина ауыл арасына кіреді.
(Дауыс дыбыскүшейткіш арқылы шығады)
Олжас:
Балалар, балалар! Ойын ойнауға келіңдер! Қане, бәріміз жасырынбақ ойнауға шығамыз. Орталық алаңға жиналайық!
Ауыл балалары тез-ақ жинала бастады. Бәрі жиналып болған соң Олжас шығып дыбыскүшейткіш арқылы хабарлама жасады.Саққұлақ өзінді таныстырып, балаларға ән айтып береді.
Олжас:
Балалар! Қазір бәрің жан-жаққа жасырыныңдар! Ал біз сендерді іздеп табамыз! Бір баланы таба алмасақ сендер жеңген боласыңдар! Келістік пе?
Балалар:
Келістік!
Мені ешкім де таба алмайды!
Жасырынуғақанша уақыт бересіңдер?
Олжас:
Он минут! Содан соң іздейміз... Ал, бастайық! Біз теріс қарап тұрамыз.
Балалар жан-жаққа жүгіре басып, жасырына бастайды.
Балалар түрлі жерлерге тығылуда.
Иттің ұясына
Қорадағы шөп салатын ақырға
Үй шатырына
Талдың үстіне
Шөп арасына
Қиын табылатын жерлерге. т.б.
Уақыт бітті! Саққұлақ пен Қалқанқұлақ тың-тыңдай бастайды. Саққұлақ «сытыр» ете қалған жаққа жалт қарап 1-ші баланы тапты.
2-ші, 3-ші бала табылды... 3:0!
Қалқанқұлақ иттің даусын естиді:
Осы адамдар қызық, менің үйшігіме кіріп алғаны несі?
Сиыр:
Шөптің арасында біреу жатыр.
Торғай:
Шатырда біреу бар, ұямды бұзбаса игі еді...
Мысық:
Алма ағашта несі бар-ей, адамдардың...
Қалқанқұлақ 4 баланы тауып алады.
3 : 4.
Жарыс жалғасуда! Саққұлақ тағы да 2-еуін табады.
5 : 4.
Қалқанқұлаққа көбелектер, құмырсқалар көмектесе бастайды.
Осылайша 10 : 10 болады. Тағы бір бала табылған жоқ.
Арықтағы судың ішіне жасырынған баланы инелік көріп:
Ой, мына бала судың ішінде неге отыр? Хи-хи-хи!!!
Қалқанқұлақ жүгіріп барып судағы балаға
Таптым! Шыға бер!
Судағы бала шығады:
Айттым ғой, мені ешкім таба алмайды деп...
Бәрі күледі!
Бақберген:
Алақай! Қалқанқұлақ жеңді!
Балалар:
Қалқанқұлақ! Қалқанқұлақ! – деп ұрандата бастады. Бірақ бұл мазақ емес еді. Оны Қалқанқұлақтың өзі де сезінді. Дәл осы сәтте ол құлағына риза еді...
Саққұлақ Қалқанқұлаққа қолын ұсынады.
Ал, бала, сен жеңдің! Мойындаймын! Бірақ қалай менен озып кеткеніңе таң-қаламын... Мен де қартаяйын деген екенмін.
Бердім саған батамды!
Сыйлап жүр мендей атаңды!
Құлағың әр кез сақ болсын
Басыңа кетпес бақ қонсын!
Әумин!
* * *
Олар өзен жағасында демалып жатыр. (Шомылған)
Бақберген:
Жарайсың, досым! Өзіңнің кім екеніңді көрсеттің! Ертегідегі әйгім Саққұлақтың өзін жеңдің!
Олжас:
Саққұлақтан ұят болмады ма, әйтеуір жеңіп қойғаным?!
Бақберген:
Жоқ, ол не дегенің? Жарыстың аты жарыс емес пе? Күш атасын танымас деген бар...
Олжас:
Иә, ол өзі де мойындап, батасын беріп кетті. Бірақ, менің құлағым бара-бара кішірейіп, есту қасиетім де төмендеп барады...
Бақберген:
Өй, тағы да бастадың ба? Әр нәрсенің жақсы жаман жақтары болады. Бұл өмір заңы!
Олжас:
Сен осындай ақылды сөздерді қайдан табасың? Тіпті үлкен адам сияқтысың...
Бақберген:
Маған әжем ылғи мақал-мәтелдер айтып, олардың мағынасын түсіндіріп отырады. Шынымды айтсам, әжемді сағындым... Әжемнің таба нанын, сары майын, маңдайымнан сипайтын алақанын сағындым...
Олжас:
Міне, көрдің бе, біз осылай үйден шықпай отыра берсек, сағыныш дегеннің не екенін білмейтін едік. Бәрі дұрыс болса, достарымызбен де, ата-аналарымызбен де қуана қауышамыз. Солай емес пе?
Бақберген:
Ал онда ұрыста тұрыс жоқ! Жақсылық жасауға... алға!!!
Олар орындарынан тұрады. Көңілді әнмен жолға шығады.
* * *
Олар жолда келеді.
Олжас:
- Бақберген!
Бақберген:
- Не дейсің?
Олжас:
- Сен бұрын ертегіге сенетін бе едің?
Бақберген:
- Жоқ, ертегіге ешкім сенбейді емес пе?
Олжас:
- Ал сенбесек те қызыға тыңдаушы едік қой ия?
Бақберген:
- Иә, оның рас, енді міне өзіміз сол ертегіде жүргендейміз. Мектепке барғанда балаларға айтсақ, бізге сенбейтін де шығар.
Олжас:
- Әсіресе, әдебиет пәнінен беретін Күләш апай «-Қайдағы жоқты айтпаңдар маған! О несі ей, Таусоғарды көрдік деп! Мен сендерге жас бала емеспін!» - деп күнделікке екілікті тарс еткізіп қойып береді емес пе?
Бақберген:
- Тура апайдың дәл өзін салдың. Мен тіпті Күләш апай екен деп, қорқып кетіп, «Сәлеметсізбе?» - дейін деп қалдым.
Олжас:
- Жалпақбас қайда өзі?
Көлбақа:
Мен мұндамын.Іздеген кезде пайда боламын! Атымды айтсаңдар болды, лезде жетіп келемін.
Олжас:
- Бақберген осы менің құлағым кішірейіп жатыр ий, айтшы!
Бақберген:
- Иә, сәл-пәл кішірейген сияқты, бірақ сиқыршы шал айтып еді ғой, 7 жақсылық жасасаң ғана кішірейді деп...
Олжас:
- А-а, түсінікті, жарайды. Мына жерде кішкене демалып алайықшы.
Олжас:
Жалпақбас, осы Сиқыршының мекені алыс па екен? Қанша күндік жер өзі?
Көлбақа:
Білмеймін. Оның қайда тұратынын ешкім білмейді... Мүмкін 3-күндік жер, мүмкін 6 айлық жер шығар... айта алмаймын.
Бақберген:
Эх, шіркін! Бізде қанатты пырақ, тұлпарымыз болса ғой...
Олжас:
Біздің елтаңбамыздағы ма?
Бақберген:
Иә... Сона-а-ау... бұлттардың үстімен ұшып отырып, қалаған жерімізге лезде жетіп баратын едік!
Олжас:
Немесе ұшқыр кілем болса...
Бақберген:
Мен, Желаяқ болсам ғой... Жүргенде шаршамасам... Желдей есіп жетіп бара беретін аяқ киімім болса... Киіп алсаң болды... Желаяққа айналатын...
Олжас:
Туһ, сенің қиялың желден жүйрік екен... Ей, Жалпақбас, сен не дейсің. Көлтауысарды көрдік... Таусоғармен таныстық... Саққұлақпен де сайыстық. Ал енді Желаяқпен жарыссақ ше? Ол мүмкін бе?
Көлбақа:
Бәрі де мүмкін... Бірақ Желаяқпен жарысып абырой таппассың... Өйткені ол – Желаяқ емес пе?!
Олжас:
Жарайды, жарыспай-ақ қояйық... Бірақ танысайық, білісейік... Мүмкін ол Сиқыршыны білетін шығар?! Жер жаһанды кезіп жүгіріп жүргенде көріп қалуы мүмкін ғой...
Көлбақа:
Бәрі де мүмкін! Біз қазір барлық мүмкіндікті пайдалануымыз керек!
Бақберген:
Дұрыс! Өйткені уақыт өте аз қалды... Сабақ басталып кететін болды. Солай емес пе, Олжас?!
Олжас:
Әрине! Қане, Жалпақбасым, Желаяқты шақыруға әрекеттен... Ысқырасың ба, түшкіресің бе, әйтеуір бір амалын тап!
Көлбақа:
Өтініш... Тек қана мені асықтырмаңдар!
Мен қазір ертегілер әлеміне өтуге тырысамын, маған тыныштық керек! (Өзі иогалар сияқты отырады.)
Бақберген:
Жәрәйді, болды... Біз саған кедергі болмай-ақ қояйық... Жүр, Олжас, алысырақ барып тұрайық...
Олжас:
- Жалпақбас, желаяқ кәні көрінбейді ғой?...
Көлбақа:
- Міне, қазір келе жатыр...
Бақберген:
- Қайда? Қайда кетті өзі?
Бір кезде алыстан қатты жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан біреу көрінеді.
Олжас:
Әне, Желаяқ!!! – дегенше жандарынан өте шықты.
Бақберген:
Мынауың тоқтай алмай қалды-ау деймін... Қазір күтейік, қайтып келер...
Олжас:
Не деген жылдамдық! Олимпиадаға қатысса медальдің бәрін осы алады-ау...
Бақберген:
Иә, бәрін шаң қаптырып кетеді бұл! Әне, келе жатыр! Тоқта әй, тоқта!
Желаяқ тағы да өтіп кетті...
Бақберген:
Қап, мынаны әй, ә! Қалай тоқтатамыз енді?!
Олжас:
Әне тағы да бері бұрылды. Енді тоқтайтын шығар.
Желаяқ балалардың жанына әрең тоқтайды.
Олжас:
Тоқтады!
Бақберген:
Сіз – Желаяқсыз ба?
Желаяқ:
Дәл соның өзімін! Ал сендер кім боласыңдар? Мені тыныш жатқан жерімнен осында шақыртатындай не болып қалды. Тыныштық па? Әлде Ертөстік келе жатыр ма?
Олжас:
Жоқ, ешкім де келе жатқан жоқ. Мен – Олжаспын, ал мынау менің досым – Бақберген. Біз жақсылық жасап жүрген балалармыз.
Желаяқ:
Жақсылық деймісің? Бұларың жақсы екен! Жамандыққа жаным қас! Әйтеуір ертегінің соңы жақсылықпен бітуі – заңдылық! Өйткені түбінде бәрібір жақсылық жеңеді!
Бақберген:
Дұрыс айтасыз, Желаяқ аға! Ал сізді шақырған себебіміз, бізге көмегіңіз тиіп қала ма екен деп...
Желаяқ:
Маған, мынаны айтыңдар! Менен не көмек?! Бір жерге барып кел десеңдер барып келейін, алып кел десеңдер алып келейін!
Олжас:
Сіз... Алтын балық асыраушы атаны танисыз ба?
Желаяқ:
Қайсы?! Анау басына сауысқанның ұясын киіп алған шал ма?
Бақберген:
Иә, дәл соның өзі... Сіз оны қайдан көрдіңіз?
Желаяқ:
Мен оны бірнеше рет, әр жерден көрдім. Көбіне көл жағалап жүреді... Соған қарағанда Көлтауысардың досы емес пе деп қоям...
Олжас:
Жоқ, ол алтын балықтарын көлге жібереді...
Желаяқ:
Ә-ә-ә, солай ма? Бәсе... Өзі біртүрлі қызық кісі... Ассалаумағалейкум десем үндемейді. Құлағы естімей ме деп кетіп қалдым...
Бақберген:
Кетіп қалғаныңыз дұрыс болған. Әйтпесе құлағыңыз қалқайып жүретін едіңіз... Мына Олжас дәл солай амандасып, ақырында міне... құлағы қалқандай болды...
Желаяқ:
Ойбуй-й-й, құлағыңды кішірейтіп жіберді ме, сонда?
Олжас:
Сіз мені мазақ етіп тұрсыз ба? Кішірейткені несі?!
Желаяқ:
Құлағыңның бұрын қандай болғанын қайдан білейін, қарағым ау! Көңіліңе тисем, айып етпе... Бізде, ертегілер елінде ештеңеге таң қалуға болмайды. Керек десең пілдің құлағын кішірейтіп, дәл мына сенікіндей етіп тастауы мүмкін. Сиқыр жама-а-ан!!! Ойнауға болмайды!..
Бақберген:
Жәрәйды енді, бізге сол адамды табуға көмектессеңізші...
Желаяқ:
Оның қайда жүретінін ешкім білмейді. Естуімше... ол кез келген жерде пайда болады да, ұшты-күйлі жоғалып кетеді екен!
Олжас:
Қалай сонда? Бірден жоқ болып кететіндей... сиқыршы ма екен?!
Желаяқ:
Әрине, сиқыршы! Әй, өздерің айтып отырсыңдар ғой, құлағымды сиқырмен кішірейтіп жіберді деп...
Бақберген:
Үлкейтіп!!! үлкейтіп!!!
Желаяқ:
Бәрібір емес пе енді?! Сиқырдың аты – сиқыр!
Олжас:
Бәрібір емес!!! Кішірейтіп жіберсе мұнша қиналмас едім-ау...
Желаяқ:
Жәрәйді онда... Мен сендерге сол шалды табуға көмектесейін...
Олжас:
Рас айтасыз ба?! (қуанады)
Бақберген:
Алақай!!!
Желаяқ:
Бірақ, менің сендерге қоятын шартым бар...
Олжас:
Біз – келістік!
Бақберген:
Иә, келісеміз, айта беріңіз, Желаяқ аға!
Желаяқ:
Мм-м... естеріңде болсын, балалар! Ешқашан да, еш уақытта, шартты естімей жатып келісуге болмайды!
Балалар ойланып, бір-біріне қарап, ұялып қалады.
Олжас:
М-м-м, біз...
Бақберген:
Кешіріңізші бізді, енді шартыңызды естуге бола ма екен?!
Желаяқ:
Болады... Менің шартым – мынау! Сендер менімен, яғни Желаяқпен жарысуға тиіссіңдер! Ал... не дейсіңдер?
Бақберген:
Өлең оқудан ба, жоқ әлде есеп шығарудан ба?!
Желаяқ:
Есепті айта көрмеңдер! Мен өзімнің оң аяғымның саусақтарына сол аяғымның саусақтарын қоса алмаймын. Санаған сайын әр кезде, әр түрлі болып шығады. Мен мына екі аяқпен жарысуды айтамын! Жүгіреміз!!!
Олжас:
Оу, Сізден ешкім оза алмайды ғой... Бәрібір сіз жеңесіз!
Желаяқ:
Әңгіме жеңуде емес! Әңгіме жарыста! Мен жиі жарысып тұрмасам, қасиетімнен айрылып қаламын! Яғни, Желаяқ деген атымды сақтап қалу үшін! Түсінікті ме?
Бақберген:
Сіз жаңа екі аяқпен жарысамыз дедіңіз, солай емес пе?
Желаяқ:
Иә, дедім... Екі аяқтылардың бәрін жарысқа шақырамын!
Бақберген:
Айтылған сөз – атылған оқ! – деген мақалды білетін шығарсыз?!
Желаяқ:
Естімеппін, кейініректе шыққан мақал-ау? Бірақ «ер екі сөйлемейді» дегенді білемін!
Бақберген:
Олай болса келістік! Бір сағаттан соң жарыс басталады! Сіз дайындала беріңіз!
Желаяқ:
Маған дайындалудың қажеті жоқ! Мен анау талдың көлеңкесінде жатып, мызғып алайын. Жарыс басталарда оятарсыңдар. (кетеді)
Олжас:
Бақберген, сен не ойлап таптың? Желаяқпен кім жарысады?!
Бақберген:
Біз жарысамыз! Және ауыл балалары! (Олжастың құлағына сыбырлайды)
Олжас қуана бас изейді.
Жарыс жолында 10-15 велосипедке мінген балалар. Олжас Желаяқты ертіп келеді.
Желаяқ:
Оһо! Мынау не ? Дөңгелек темір арбалар ма?
Бақберген:
Сіз өзіңіз жаңа ғана екі аяқтылар деген жоқсыз ба? Міне, екі аяқты көлікке мінген балалар? Немене, айнып қалдыңыз ба? (қулана күледі)
Желаяқ:
Мен бе? Жоқ ә... Иә... айтылған сөз, атылған садақ дедің бе, жаңа?
Бақберген:
«Атылған оқ!» – дедім. Ал, жарысты бастаймыз ба?
Желаяқ:
Әй, қу бала! Сен мені сөзден ұстадың! Жарыссақ жарысайық! Мен дайынмын! Амансыздар ма балалар!
Балалар:
- Саламатсыз ба?!
- Сіз кім боласыз?!
(Желаяқ өзін ән айтып түсіндіруде)
Бақберген:
Енді біздің шартымызды тыңдап алыңыз! Біз 100 қадам алыстағанша сіз орныңыздан қозғалмайсыз. Өйткені сіз – Желаяқсыз!
Желаяқ:
Жарайды, оған да келістік! Мына жарыстың қызық болатын түрі бар...Нартауекел! Екі аяқты темір көлікпен де жарысып көрейік!
Бақберген:
Ал олай болса, дайындалыңдар. Мен қолымды жоғары көтеріп «Баста!» – дегенде жарыс басталады. Ауыл шетіндегі көпірден айналып қайта осында келесіңдер! Түсінікті ме?
Балалар:
Түсінікті!!!
Бақберген:
Олай болса... (қолын жоғары көтеріп). Бір... екі... үш! Баста!!!
Балалар велосипедпен алға жылжиды. 100 қадамдай ұзағанда Желаяқ та жүгіреді. Желаяқ велосипедтегі балаларға жетіп алып, қызық үшін бірге біраз жарысады. Бірақ Желаяқ бәрібір бірінші болып келеді.
Желаяқ:
Мұндай қызықты жарысты бірінші рет көруім! Баяғыда Мыстанмен жарысқанда да бұлай көңілді болмап еді! Тамаша жарыс! Рахмет, сендерге, Балалар! Ал енді мен өз сөзімде тұрып, жерді жеті рет айналсам да Сиқыршы шалды тауып көрейін! Ал, мен кеттім! (Желаяқ лезде алысқа ұзап кетеді.)
Олжас пен Бақберген, Көлбақа үшеуі қыр басында отырып, Желаяқты күтеді.
Олжас:
Жерді жеті рет айналып шығу оңай деймісің...
Бақберген:
Иә... күтейік... ол келеді...
Олжас пен Бақберген:
Әне, келе жатыр! Желаяқ келе жатыр!
Желаяқ келеді:
Уф-ф-ф, шаршап кеттім-ау...
Олжас:
Не болды? Таптыңыз ба атаны?!
Желаяқ:
Таптым!
Бақберген:
Қайдан таптыңыз? Ол не деді Сізге?
Желаяқ:
Сен бұл іске араласпай, тыныш жүр деді... Әйтпесе қоңызға айналдырып жіберемін деп қорқытты...
Олжас:
- Ал сіз не дедіңіз?
Бақберген:
Сіз қоңыз болсаңыз да тез-тез жүретін зуылдақ қоңыз болатын шығарсыз... (күледі)
Желаяқ:
Иә, жүрейін содан... құрт-құмырсқалармен жарысып...
Желаяқ:
Мен бе? Мен «жарайды, мен араласпай-ақ қояйын» – дедім. Қоңыз боп жүрген кімге жақсы? Ал ол сендерге сәлем айтты. Жақында жолығып қаламыз деді...
Олжас:
Жақында деген қашан? Екі күн бе, әлде 3 апта ма? Қай жерде жолығамыз деді?!
Желаяқ:
Ол жағын білмедім. Бір білерім – сендер жақсылық жасауды жалғастыра беріңдер! Айтпақшы... Сиқыршы шал айтты: «Біреуге істеген жақсылығың, ерте ме, кеш пе, өзіңе қайта келеді!» – деді.
Олжас: Екі бала бір-біріне қарап:
Біз, білеміз! (күледі)
Желаяқ:
- Ал балалар, сау болыңдар!
Балалар:
Сау болыңыз, Желаяқ аға!
Бақберген:
Көріскенше күн жақсы болсын!
Саудагердің сиқырлы заттары
Күн ыстық. түйеге мінген, басында сәлдесі бар, шапан киген бір жігіт адасып қалада жүр.
* * *
Әтеш шақырып ауыл таңы атты. Олжас пен Бақберген сәкі үстінде ұйықтап жатыр. Ата мен апа оларға мейірлене қарап, сөйлесіп тұр. Апаның қолында құлпынай толы ыдыс.
Апа:
- Оятамыз ба, тұрып сүт ішсін...
Ата:
- Сәл жата тұрсын... өздері әбден шаршаған сияқты.
Апа:
- Иә, жақсы балалар, өте тәрбиелі...
Ата:
- Қаланың балалары болса да қазақтың салт-дәстүрін жақсы біледі екен... «Кімсіңдер?» дегенде «Құдайы қонақпыз...» деді ғой... Ал атам қазақ «құдай қонақпыз» деген жолаушыға әрқашан есігін ашып, қонақжайлық танытқан.
Апа:
- Кімнің балалары екен, мұнда не істеп жүр?.. Әлде, саяхаттап жүр ме екен?
Ата:
- Жақсылық жасап жүрміз дейді! Осы бір ауыз сөздері үшін жақсы көріп кеттім бұл балдарды. Жәрәйді, жүр, шәйіңді жасап, содан соң оятармыз...
(Екеуі кетеді)
Бірінші болып Олжас оянды.
Олжас:
- Бақберген, тұр! 3-күннен соң сабақ басталады! Ал біз әлі Сиқыршы атаны тапқан жоқпыз. Құлағым да әлі қалқиып тұр...
Бақберген:
- Мм-м... біраз кішірейген! Тағы 3-4 жақсылық жасасақ бәрі дұрыс болады. Көлбақа қайда?
Көлбақа:
- Мен мұндамын... Көріп қоймасын деп сәкінің астында ұйықтадым!
Ата:
- Әй, балалар! Беті-қолдарыңды жуып келе қойыңдар, шәйға. Апаларың сендерге сүт пісіріп қойды!
Олжас:
- Қазір, ата! Жүр, Бақберген! Шәй ішіп алып, жолға шығайық...
Ата:
- Е-е-е, сөйтіп жақсылық жасап жүрміз деңдер...
Бақберген:
- Иә, ата.
Ата:
- Жақсылық жасасаңдар, бір күні сол жақсылық алдарыңнан шығады. Жақсылықты кімге жасасаңдар, ол кісіден болмаса, Құдайдан қайтады.
Ата (палатка туралы):
- Әй, бері келіңдер, балаларым! Мен де сендерге жақсылық жасағым кеп тұр. Мына шайла сарайда бекерге тұр. Осыны сендер алыңдар. Кез келген жерге құруға болады. Бір пайдасы тиер...
Балалар:
- Рахмет, ата!
* * *
Зарина дихан атаны іздеп жолмен келе жатады.Алыстан дихан атаның шайласы көрінеді..
Зарина:
-Саламатсыз ба, ата?
Ата:
- Амансың ба қызым?Гүл алуға келдің бе?
Зарина:
- Жоқ, ата..Мен інімді іздеп келе жатырмын.Бойы менен сәл кішірек қараторы бала...
Ата:
- Осы айналада қарадомалақ балалар толып жүр...Қайсыбірін тани берейін...
Зарина:
- Оның құлағы мынандай көрсетеді.Көрсеңіз бірден есіңізде қалады.Қасында Бақберген деген досы бар...
Ата:
- Ә,ә ол әлгі жақсылық жасап жүрген балалар ғой.Олар маған да көмектескен, көп жасағырлар.Өздері сондай жақсы балалар...Анау ертегідегі Көлтауысарды ертіп келіп мына менің гүлдерімді суғарып кетті ғой.
Зарина:
- Жақсылық жасап жүр дейсіз бе? Қызық... Осымен үшінші рет естіп отырмын. Мен білетін Олжасқа ұқсамайды.Әлде Бақбергеннің ісі ма екен?! Ата сіз жаңа ертегідегі Көлтауысар дедіңіз бе?
Ата:
- Иә, өзі бір қызық жігіт екен! Мұрты да ерекше, киген киімі де өзгеше..Не де болса олар маған жақсылық жасады.
Зарина:
- Ата, сонда олар Көлтауысармен бірге кетті ме?
Ата:
- Жоқ ә, қызым...Көлтауысар өз жолымен, ал балалар мына жаққа қарай кетті. Көрсетеді. Ал сен кімі боласың олардың?
Зарина:
- Мен бе? Мен..Қалқанқұлақтың әпкесімін!
Ата:
- Мм-м, жақсы ендеше қызым! Жолың болсын! Балаларды көрсең менен сәлем айт!
Зарина:
- Жарайды, ата айтамын! Сау болыңыз!
Ата:- Аман бол, қарағым! Зарина кетеді.
Ата ойланып тұрып:
-Расында да, жап-жақсы балалар!
* * *
Палаткадан Олжастың басы көрінеді, аспанға қарайды:
Олжас:
- Бақберген, тұр! Жаңбыр жауайын деп жатыр!
Бақберген де шығады.
Бақберген:
- Иә, жаңбыр жаумай тұрып ауылға жетіп алайық. Шатырды жинау керек.
(екеуі тез шатырды жинап жатқанда алыстан түйемен саудагерді байқайды , келе жатқанын).
Олжас:
- Бақберген, ана жақтан түйелі кісі келе жатыр!
Бақберген:
- Әртіс пе өзі?! Киімі өзгеше екен...
Олжас:
- Қазір білеміз, жақындап қалды.
(саудагер келеді) Ассалаумағалейкум аға!
Саудагер:
- Уағалейкумасссалам, молда бол балам!
Бақберген:
- Амансыз ба, аға?!
Саудагер:
- Әй балалар осы жақын маңда Сауран шаһары бар еді... Келіп қалдым ба десем, көрінбейді ғой өзі...
Олжас:
- Сауран?! Естімеппін... бірақ таныс сияқты.
Бақберген:
- Шаһар деп қаланы айтады.
Олжас:
- Жоқ аға! Ондай қала бұл маңайда жоқ!
Саудагер:
- Жоғы қалай? Мен адассам да түйем адаспайтын еді... тезірек шаһарға жетіп алсақ дұрыс болар еді. Жаңбыр жауып кететін түрі бар. Анау тұрған киіз үйге барайық. Жүріңдер сендер де! Жауынның астында қалсақ заттарым су болып қалады. Ал бұл заттар жай емес сиқырлы заттар.
Олжас:
- Сиқырлы заттар дейді? Жүр барып көрейік...
Бақберген:
- Қызық екен , кеттік ендеше!
Саудагер:
- Жоқ?! (Жан-жағына қарап) Бәсе... бәсе... Өзім де сендерді көргенде күдіктеніп едім... Тағы да басқа заманнан бір-ақ шыққаным ба? Жаңа ғана қалың тұман түсіп еді... Бұл жердің жусандары да өзгешелеу сияқты. Мен осы өңірге белгілі саудагермін! Есімім – Ибн әль Харасани, ибн әль... – жарайды сендер мені бәрібір танымайсыңдар... Қане, келе қойыңдар, мен сендерге Арафат тауынан аққан бұлақтан алған судан берейін... Кел, балақай, Жаратқан ием жолымнан адастырып жіберсе, жақсылық жасау керек екенін білемін! Сонда өз жолымды да қайта табармын...
Олжас:
- Жақсылық? Аға, біз де жақсылық жасап жүрген балалармыз.
Саудагер:
- Бәрекелді!!! Онда жолым болады екен! Білсеңдер... мен жәй саудагер емеспін. Мен (балаларға сыбырлап қана айтады) – тек сиқырлы заттарды ғана саудаға шығарамын!
Бақберген:
- Сиқырлы? Ол қандай заттар сонда?
Олжас:
- Иә, аға айтыңызшы, қандай сиқырлы заттарыңыз бар?!
Саудагер:
- Көп заттарым өтіп кетті... Ұр тоқпақ, ұшқыр кілем, піс қазан...
Бақберген:
- Піс қазаным?
Жігіт-саудагер:
- Иә, дәл өзі...
Олжас:
- Аға, көрсетіңізші... ол қандай қазан?
Саудагер:
- Көрсетейін... міне... (қап ішінен орта қазан алып шығады)
Олжас айналдыра қарап шығады да:
- Кәдімгі қазан... мұның қай жері сиқырлы?
Саудагер:
- Ә-ә-ә... міне мәселе қайда жатыр... Сендер сиқырлы сөзді білмейсіңдер.
Бақберген:
- Білеміз... оқығанбыз... «Піс қазаным піс!» - десең болды, ас дайын болады деп...
Саудагер:
- Ха-ха-ха, ал қане айта қойшы сол сөзді... Көрейік...
Бақберген:
- Піс қазаным піс! (Қазанда ештеңе пайда болмайды.)
Саудагер:
- Ертегідегі ол жәй әншейін жарнама ғой... Айтатын сөз мүлдем басқаша... Егер сатып аламын десеңдер... айтамын.
Олжас:
- Сонда бұл қазан қанша тұрады. Дәл осындай қазандар біздің базарда 10 мың теңге.
Саудагер:
- Ол жәй қазан, ал бұл сиқырлы қазан!!! Жеті жүз елу үш мың динар тұрады...
Олжас:
- Не деген қымбат қазан!!! Мұны ешкім алмайды ғой...
Саудагер:
- Алмаса қойсын... Мүмкін мен әдейі осылай қымбат баға қойған шығармын. Әр күні тамағым дайын, қарны тоқ адамның уайымы да жоқ... Әзірше, маған мұны ешкімнің алмағаны дұрыс боп тұр.
Бақберген:
- Аға, біздің де қарнымыз ашты... Сіз жақсылық жасап, қазанның өнерін көрсетсеңізші бізге...
Саудагер:
- Әй, қу бала! Жарайды.. Сәске де болып қалыпты... Қане, қандай тамақ жегілерің келеді?
Балалар бір-біріне қуана қарап, алақандарын ысқылап:
Олжас:
- Палау!
Бақберген:
- Қуырдақ!
Саудагер:
- Сонымен... палау ма, қуырдақ па?
Олжас:
- Палау!
Бақберген:
- Қуырдақ!
Саудагер:
- Сендер менің қазанымның миын ашытып жіберетін болдыңдар-ау. Онда алдымен – палау, соңынан – қуырдақ! Келістік пе?
Балалар:
- Келістік!
Саудагер қазанға еңкейіп сыбырлап еді бір сәтте дәмді палау дайын болды.
Олжас:
- О-о-о, керемет!
Бақберген:
- Исін айтсаңшы... менің апамның палауына ұқсайды!!!
Саудагер:
- Ал, балалар, ас болсын ендеше...
(Олар палау жеп отыр. )
Саудагер:
- Кейде, ойлап қоямын, осы қазанды ешкімге сатпай бір жерге көміп тастасам ба екен деп.
Олжас:
- Неге?
Бақберген:
- Не үшін?
Саудагер:
- Қазір түсіндірейін... Бұл қазанды сатып алған адам – нағыз жатып ішер жалқауға айналады! «Еңбек етсең ерінбей – тояды қарның тіленбей» - деген мақал жәй сөз болып қалады. Оның ұрпақтары да жалқау болып өседі. Еңбекпен тапқан бір үзім нан – қандай дәмді! Солай емес пе? Ал мынау ше?! (қазанды көрсетіп) Ешқандай маңдай терсіз әп-сәтте дайын ас! (жеп көріп) Тұзы аздау сияқты ма, қалай өзі?!
Бақберген:
- Сіз тояйын дедіңіз-ау деймін... (күледі)
Саудагер:
- Жеңдер, балалар, жеңдер... Тойып алыңдар, әлі қуырдақ бар...
Олжас:
- Жоқ, аға рахмет! Біз тойып қалдық.
Саудагер:
- Иә, қанағат қарын тойғызады деген бар... Бар екен деп жей берген де болмайды...
* * *
Қара киімді 3 «кесір» бас қосып жиын өткізуде.
Басшы:
- Ал, тағы не деп өздеріңді қорғайсыңдар?!
1-ші:
- Мыстан! Бәріне кінәлі – Мыстан!
Басшы:
- Мыстан? Әлгі орманда жалғыз тұратын кемпір ме?
2-ші:
- Иә, дәл соның өзі! Сыпырғысымен былай-былай ұшып, құстарды үркітетін...
Басшы:
- Ол біздің жақта емес пе еді?! Адамдарға жамандық жасағаны үшін «Алғыс хат» бергенбіз.
1-ші:
- Иә «Жыл жамандығы» бәйгесінен 2-ші орын алған... өзіңіз тапсырғансыз...
2-ші:
- Есіңізде ме сол кезде 1-ші орынды мына бізге бергенсіз! «Адамдарға кесірін тигізгені үшін» деген «Алғыс хат»!
Басшы:
- Есімде, есімде... Ал енді не боп қалды Мыстанға?!
1-ші:
- Ол әлгі екі баланы...үйінде қонақ етіп, шәй беріп шығарып сапты...
2-ші:
- Иә, балалар Мыстанға да жақсылық жасапты!
Басшы:
- Жақсылық?! Мыстанға ма? Жамандық жасап үйренген жанға қалайша жақсылық жасайды? Мен осы адамдарға түсінбеймін!
1-ші:
- Біз де түсінбейміз... Сіз одан да зорын естімедіңіз...
Басшы:
- Тағы да не бопты? Айтсаңшы тезірек!!!
2-уі тез-тез сөйлей бастайды.
Басшы:
- Сәл жәйірақ...
Тағы да дауыс өзгереді (жәй эффект)
Басшы:
- Не боп кетті өзі?! Түсінікті тілде сөйлеңдерші...
1-ші:
- Өзіңіз емес пе? Біресе тезірек, біресе жәйірақ... деп. Ал біз сіз не айтсаңыз соны орындаймыз.
Басшы:
- Орындап қарық қылғандарың шамалы... Екі кішкентай балаға әлдерің келмей, енді міне Мыстанды кінәлап отырсыңдар... Енді не істейсіңдер, соны айтыңдар?!
2-ші:
- Біз, Мыстанға барып сөйлессек дейміз! Оның бетін қайтадан өзімізге бұрып, жаман жолға түсірсек...
Басшы:
- Дұрыс! Менен сәлем айтыңдар! Егер есін жиып, жамандық жасауға қайта кіріссе, жаңадан шыққан «Сыпырфон-12» - ні сыйға тартамын! Ана ескі сыпырғысы жарамай қалған болар...
1-ші:
- О-о-о, сыпырғы-12 деген қандай сонда?!
Басшы:
- Оның мініп жүргені «Сыпырғы-6», ескірген... Ал «Сыпырғы-12» соңғы шыққан, сәнді, әрі сағатына 240 шақырым жылдамдықпен ұшатын спорттық түрі! Және арт жақты көріп жүретін айнасы бар!
2-ші:
- Оһо! Бізге де әперсеңізші!
Басшы:
- Жоқ! Сендерге оның қажеті жоқ! Ал Мыстан оған қызығары анық! Барыңдар! Мыстанды көндіріп, балаларға қарсы қойыңдар!
Екеуі:
Құп болады, тақсыр! (Кетеді)
* * *
Саудагер:
- Ал, енді мына асықты ешкімге, ешқашан сатпаймын, өйткені бұл өзіме керек!
Олжас:
- Алтын сақа ма?! Бір жолы Бақберген екеуміз осы алтын сақаға таласып қалғанбыз!!!
Саудагер:
- Бұл тіл алғыш асық, бірнәрсе қажет болса жұмсаймын. Осы асықты жұмсаймын, тез барып, алып келіп қояды. Қазір, қазір «Ал асығым, барып кел, ұр торпақты алып кел!»
Саудагер:
- Ал мынау әйгілі «Ұр тоқпақ». Мені талай ойы бұзық қарақшылардан қорғап қалған. Менің сенімді оққағарым!
Олжас:
- Қарақшылар дейсіз бе? Кәдімгі қырық қарақшы ма?
Саудагер:
- Оларды қырық қарақшы деп айта береді. Шындығында олардың саны-отыз екі! Мен өзім санағанмын.
Бақберген:
- Онда неге оларды қырық қарақшы дейді?
Саудагер:
- Отыз екі дегеннен гөрі, қырық қарақшы деген қорқынышты естілмей ме? Айтуға да ыңғайлы....
Олжас:
- Сонымен сізді олар қалай қолға түсірді?!
Бақберген:
- Иә, айтыңызшы, қалай құтылдыңыз олардан?
Саудагер:
- Бәрі де осы ұр тоқпақтың арқасы! Мені байлап алып келгенде «Ұр тоқпағым-Ұр!» деген едім, қырық қарақшыны тоқпақтап қырғынды салды келіп...
Олжас:
- Олар 32 емес пе? Сегізі қайдан шықты?!
Саудагер:
Ой, жаңа ғана айттым емес пе Қырық қарақшы десем әңгіме қызық болады...
Бақберген:
- А-а-а, солай ма? (күледі)
Саудагер:
- Содан қарақшылар заттарымды түгел өзіме қайтарып берді, және кешірім сұрап жылады. Амал жоқ, кешірдім!
Олжас:
- Ұр тоқпақты ешкімге сатпайтын шығарсыз?
Саудагер:
- Жоқ... Ол не дегенің? Мына Жібек Жолы бойында сауда керуендерін тонайтын қарақшылар көп кездеседі. Ұр тоқпағым жанымда болса, ештеңеден қорықпаймын!
Бақберген:
- Ұр тоқпақты бізге екі-үш күнге бере тұрасыз ба? Өтініш!
Саудагер:
- Жо-жоқ, балалар! Мұндай заттарды беруге болмайды! Өйткені адам жақсы нәрсеге тез үйреніп қалады да, бергісі келмей қалады. Пенде ғой... Ал балаларға мүлде беруге болмайды. Сендер бұл заттарды ойыншық көресіңдер! Сиқырлы заттар – ойыншық емес! Түсіндің бе?
Бақберген:
Түсіндім... Ал енді мынау – ұшқыш кілем!
Олжас:
- Иә, білеміз, аспанда ұшып жүретін кілем емес пе ертегідегі?
Саудагер:
- Дәл соның өзі...
Олжас:
- Ендіше аға,бізді сол ұшқыш кілеміңізге отырғызып, аспанға ұшыртып әкеліңізші, өтініш!!!
Саудагер:
Жарайды!
Кілем аспанда ұшып келеді:
Саудагер:
- Ал, балалар қалай екен?
Олжас:
- Керемет!!! Бақберген анау тауды қарашы...
Саудагер:
- Ол киелі Қазығұрт тауы! Жер бетін топан су басқанда Нұх пайғамбардыңкемесі осы тауға тоқтаған екен...
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған? – деген жыр жолдары бар, балақайлар!
Бақберген:
- Иә, бұл аңызды маған апам айтып берген...
Саудагер:
- Аңыз түбі ақиқат! Туған жердің тарихын біліп жүріңдер балақайлар!
Олжас:
- Ал, анааау көрінген ескі қаланың орны-ау деймін...
Саудагер:
- Қане,қане көрейінші... Ойпырмай бұл жерде Сауран қаласы болмаушы ма еді?(Таңдана басын щайқады.) Е-е-е өтіп жатқан заман-ай десеңші... Жібек жолы бойындағы ең ірі сауда орталығы осы болатын... Менің керуендерім Сауранға соқпай өтпейтін..
Бақберген:
- Ал, анау төбе ше? Ол да қала болған ба?
Саудагер:
- Иә, бұл жерде білім ордасы- Отырар қаласы болатын!
Олжас:
- Біз Отырар туралы тарихтан оқығанбыз. Шыңғысханның шабуылына алты ай бойы ерлікпен төтеп берген қала!
Бақберген:
- Қандай қызық! Сіз сонда Отырарда да сауда саттық жасағансыз ба?
Саудагер:
- Иә, мен Отырарда оқып, білім алғанмын! Ал, енді қайтайық балалар... Уақыт болса өтіп барады, мен де өз заманыма оралайын!
Олжас:
- Керемет саяхат болды! Рахмет сізге саудагер аға!
Бақберген;
- Иә, саудаңыз жүре берсін!
Саудагер:
- Рахмет, рахмет, айналайындар! Өздерің бір жақсы балалар екенсіңдер... Жақсылық жасауды жалғастыра беріңдер!
Ал кілемім байқайық,
Кері қарай қайтайық!
(кілеммен қайтады)
* * *
Мыстан үйінде баянның клавиштерін басып ойнап отыр:
Сағынды-ы-ым, каішкентай бала-а-ларымды...
Осы кезде екі кесір пайда болады.
1-ші:
- Сәлем, Мыстан!
2-ші:
- Хеллоу!!! Хелуин!!! Хи-хи...
Мыстан:
- Әй, шошытып жібердіңдер ғой, тіпті! Есікті қағып кірмейсіңдер ме, әніме кесір келтірмей...
1-ші:
- Ән?! Бұл не? Фу-у, даусы қандай ащы еді...
Мыстан:
- Тарт қолыңды! Даусы ащы болса да, бұл сандықтан ойнай білсең тәтті күйлер шығады. Мен енді-енді үйреніп жүрмін...
2-ші:
- Жәрәйді, Мыстан... біздің сенімен салғыласып отыруға уақытымыз жоқ! Саған Бас кесір сәлем айтты. Ол саған ашулы!
1-ші:
- Иә, естуімізше сен әлгі жақсылық жасап жүрген балалармен достасып, жамандықпен қоштасты дейді, рас па?!
Мыстан:
- Олар жақсы балалар! Тимеңдер!!! Не істесем де өзім білемін!!!
2-ші:
- Ха-ха-ха! Мен не естіп тұрмын? Сен – Мыстан - қашаннан бері кішкентай балаларды жақсы көріп, қорғайтын боп қалдың, а?!
1-ші:
- Адамдар сен туралы не дейтінін білесің бе өзің?! Олар балаларын сенімен қорқытады емес пе? «Ойбай! Мыстан келе жатыр!»-деп.
2-ші:
- Иә, балалар бізді танымайды, мына сені таниды, сенен қорқады! Өйткені сенің Жалмауыз деген атың бар! Ертегілер елінің жұлдызысың! Жамандық жасаудан алдыңа жан салмайсың!
1-ші:
- Ал енді не болды? Осынша жасқа келіп, кішкентай балалардың сөзіне басың айналып, жолдан тайдың! Ұялмайсың ба?!
Мыстан:
- Ұят туралы сендер әңгіме айтпай-ақ қойыңдаршы. «Ұят» дейді ғой! Біле білсеңдер адамдарға жасаған жамандықтарың үшін – мына сендер ұялуларың керек! Тфу...ұятсыздар!!!
2-ші:
- Мыстан, бұл расында да сен бе? Бізге... кесірлерге әңгіме айтып, тәрбиелемекпісің?
1-ші:
- Әй, қойыңдар, ұрыспайық! Одан да отырып әңгімелесейік! Шәй ішіп дегендей...
Мыстан:
- Сендерге шәй түгілі, қара су да жоқ!
2-ші:
- Ал ана балаларға шәй беріп, шығарып салыпсың... билеп, ән салды дей ме... хи-хи..
Мыстан:
- Олар мені «Апа!» деді...
1-ші:
- Апа?! Ха-ха-ха! Біз де сені «Апа» дейік онда, шәй бересің бе? Ха-ха-ха!
2-ші:
- Апа! Хи-хи-хи! Ой, ішегім-ай!
Мыстан сыпырғысын алып, екеуін сабап тастайды. Сабап жүріп:
- Мә, саған... мазақ еткенді көрсетейін сендерге...
1-ші:
- Қойдық, енді, қойдық!
2-ші:
- Болды, болды, Мыстан, ашуыңды бас!
* * *
Бақберген:
Сіз жаңа тағы бір зат туралы айтайын деп едіңіз... Ол не?!
Саудагер:
Ол ма? Ол үлкенді кішірейтетін, кішкентай нәрсені үлкейтетін таяқша. Мысалы жолбарысты кішірейтсе мысық болып қалады, сол сияқты...
Олжас:
О, аға! Менің құлағымды кішірейтіп бере аласыз ба?
Саудагер:
Көрейік, қане тұр орныңнан!
(Дорбадан таяқшаны алып сиқырлы сөздерді айтады да құлағына тигізіп қалады. Олжас үш есе кішірейіп кетеді, құлағы да сол күйінде)
Бақберген:
Әй, Олжас! Ха-ха! Осылай жүре берсеңші, мен сені жол дорбама салып алайын.
Олжас:
Аға, мені қайта қалпыма келтіріңіз! Мені мына түріммен түйеңіз таптап кетер...
Саудагер Олжасты қаз-қалпына келтіреді.
Саудагер:
Ал енді мына белдікке қараңдаршы. Бұл да жәй белдік емес.
Олжас:
- Сонда бұл белдіктің қандай қасиеті бар?
Саудагер:
- Бұл белдікке: Кемер белдік, саған сендік,
Ойлаған жерге барып келдік! – десең болғаны қай жерге барғың келсе сол жерге лезде жеткізеді.
Бақберген:
- Қалай сонда? Ұшатын белдік пе?
Саудагер:
- Жоқ ә... Белдікті тағып алып сиқырлы сөзді айтсаң болғаны, қайда барғың келді – сол жерден бір-ақ шығарсың...
Олжас:
- Тамаша! Қай жерге барамын...Мына белдіктен ұстасаңдар. Ал, қайда барғыларың келеді?
Бақберген:
- Саудагер аға! Сіз айтып жатқан тарихи кезеңдегі заттар бізде мұражайда сақталады. Мынандай белдікті де мен сол мұражайдан көрегм!
Саудагер:
- Мұражай?! Мұндай сөзді бұрын естімеппін, бұл не өзі шахар ма?
Олжас:
- Мұражайды көргіңіз келсе, мына белдікке айтайық та... апарып келсін.
Саудагер:
- Жарайды онда... Көрейік мұражайларыңды... Менің өзіме де қызық болып тұр... Қане бері жақындаңдар... Мына белдіктен ұстай қойыңдар. Ал кемер белдік, саған сендік, мұражайға келдік! (Мұражайдан шығады.)
* * *
Үшеуі де отырады.
Мыстан:
- Уф-ф-ф, жаным-ай! Сендерді сабау – рахат екен-ау!
1-ші:
- Міне, өзіңе енді келдің!
2-ші:
- Иә, сөйтсеңші, ашулансаң – жасарып, әдемі болып кетесің! Нағыз – Мыстан боласың!
Мыстан:
- Иә, сонымен не айтты, анау қызылбет басшыларың?!
1-ші:
- Ол саған жап-жаңа сыпырғы сыйлаймын деді! Сыпырфон-12!!! Арт жақты көрсететін айнасы бар. Бұрылғанда қызыл жарық жанады.
2-ші:
- Иә, жылдамдығы да сұмдық! Кері қарай да ұшатын тетігі бар!
Мыстан:
- Аһа-а-а! Мені сыпырғымен сатып алайын дедіңдер ма? Маған мына жаман сыпырғым да жетеді! Тіпәй-тіпәй... Жеті жүз он екі жыл болды, жолда қалдырған емес! Мына жері... Сәл ескіріп, сынайын деді ме қайдам...
1-ші:
- Әрине ескірді!!! Тозығы жеткен сыпырғыны таста да, жаңа – заманауи сыпырғыға мін! Сен соған лайықсың, Мыстан! Өзің ойлап қарашы, орман үстінде, немесе батпақты жерде ұшып келе жатып, сыпырғың «пыт-пыт» етіп өшіп қалса ше? Бітті бәрі! Батпаққа батып кетесің ғой, Мыстан-ау!
Мыстан:
- Оттама! Ажалың келсе осы жерде отырып-ақ, жан тапсырасың!
Жарайды! Алмақтың да салмағы бар, менен не сұрайсыңдар?!
1-ші:
- Е, бәсе... Міне енді жөнге келдің... Қысқасы, әлгі балаларды қорқытып, үйлеріне қайтар! Жақсылық жасауларын доғарсын!
2-ші:
- Иә, әйтпесе жамандық жасайтындар күннен-күнге азайып барады. Бүйте берсек, өзіміз де ертең ешкімге керек болмай қаламыз ғой, солай емес пе, Мыстанжан?! Жұмыссыз... бейшара болып...
Мыстан:
- Сендерді қайдам, мен балаларға – керекпін!!! Олар маған келіп тұрамыз деді! Қашан келер екен?! Сағынып кеттім өздерін ... әсіресе анау құлағы қалқиып қалған қара баланы...
1-ші:
- Сағынсаң оларды күтпей-ақ, сыпырғыңа мініп, зымырап жүріп тауып ал! Айт, оларға! Қайтсын үйлеріне! Жақсылық жасауды тоқтатсын!
2-ші:
- Иә... бала болып бұзықтық жасасын! Құстардың ұясын бұзсын. Терезелерге тас атсын... Көп қой енді айта берсең...
Мыстан:
- Жо-о-оқ! Олар-жақсы балалар! Менің үйімді жинап берді...
1-ші:
- Ой, сен де айтады екенсің-ау? Біз-ақ тап-таза етіп жинап берейік саған!!! Бізді де жақсы көр... айтқанымызды істе! Жамандық жаса!!!
Мыстан:
- Қане, көздеріңді жоғалтыңдар бұл жерден! Әйтпесе қазір... адыраспан түтетемін...
2-ші:
- Адыраспан?! Қой, Мыстан, оның не?! Біз өзіміз-ақ кетеміз...
1-ші:
- Кетпейміз!!! Ал қайтесің!
Мыстан:
- Онда... қайда кетті өзі... ә-ә... міне (адыраспан түтетеді) Уф-ф-ф... Кет, бәлекет, кет!!! Аһа-а-а-а, қалай екен?!!! Алас-алас!!! Кетіңдер, кесірлер! Кетіңдер!
Екі кесір жоқ болып кетеді.
Тасбақа мен Алтын адам
Көлбақа:
Ей, балалар! Мында... бері келіңдер!
Бақберген Көлбақаға барады да еңкейе қарап, отырады.
Олжас:
Бақберген! Не болды? Алтын тауып алдың ба?
Бақберген:
Қазір... (жүгіріп келіп қолындағы кішкентай тасбақаның баласын көрсетеді) міне,... тасбақаның баласы... жалғыз өзі жүр... адасып қалған сияқты... көзін қарашы... мөлт-мөлт етеді...
Көлбақа:
Мен таптым...
Олжас:
Қане, берші маған... не айтатынын тыңдап көрейін...
Бақберген:
А-а-а... айтпақшы сен жан-жануарлардың да тілін түсінеді екенсің ғой...
Олжас:
Тс-с-с... тыныш... сен дұрыс айтыпсың, бұл анасынан адасып қалыпты...
Бақберген:
Айттым ғой мен саған, сен тілін түсінсең, мен жүрекпен сезінемін... тағы не дейді?!
Олжас:
Бұлар үш ағайынды болған, яғни үшемдер... екі ұл, бір қыз... бұл аяғы тайып қырдан домалап жолға шыққанда мұны біреулер алып кетіпті. Үйлеріне апарып, ауласына жіберіп қойған. Сол үйдің балалары мұнымен әбден ойнаған... Сосын оларға өкпелеп, түнде ауылдан қашып шыққан...
Бақберген:
Бұл да өздері сияқты бала емес пе?!
Оларға бұл ойыншық сияқты болған... Ең жаманы балаларға үлкендердің қой демеуі.
Бақберген:
Иә... ал енді біз тасбақаның баласын анасына апарып берейік те...
Олжас:
Өкінішке орай қай жерден келгенін мұның өзі де білмейді. Бір білетіні – жардан су ағып тұратын жер.
Бақберген:
Сарқырама ма сонда?
Олжас:
Жоқ, жартасты жарып, төбеден аққан су туралы айтады. Сол маңда мұның үйі...
Бақберген:
Біз ол жерді табамыз! Тасбақаны бауырлары мен анасына апаруымыз керек.
Олжас:
Жарайды... Біз мұны өзімізбен бірге алып жүрейік! Өзі туылған мекенді таныса... сол жерде қалдырамыз.
Бақберген:
Осы маңдағы адамдар ол жерді білуге тиіс... Жүр, анау жүрген кісіден сұрайық.
(Тау етегінен біреу түсіп келеді).
Олжас:
Жалпақбас, сен мына тасбақамен танысып осында бола тұр, жарай ма? Байқа, зуылдап кетіп қалмасын! (күледі).
Олжас пен Бақберген ана кісіге қарай кетеді. Көлбақа тасбақамен әңгімелеседі.
(Крупный план).
Көлбақа:
С-с-сәлем, Тасбақа! Менің атым – Жалпақбас... жо-жоқ, Жалпақбас деп мені Олжас атайды... Ол саған да ат қоюы мүмкін... Жалпақбас деп... Сен оған ренжіме... Олжас жақсы бала... Ал сенің есімің бар ма?!
Тасбақа:
Иә, Жүйрік...
Көлбақа:
Жүйрік?! Сен бе жүйрік сонда? Ха-ха-ха! Сен жүйрік болсаң, мен зуылдақ шығармын?!
Тасбақа:
Мен туғанда... қолды-аяққа тұрмайтын жыбырлақ болыппын. Іннен сыртқа тырбаңдап шығып кете берсем керек. Сонда анам маған Жүйрік деген есімді қойыпты... Жүйрік болсын деп...
Көлбақа:
Туһ! Не деген ат – Жүйрік! Бірақ, әй қайдам... Тасбақаның жүйрік болғанын көргенім жоқ...
Тасбақа:
Енді ырымдап қойған болар... Ал өзіңнің шын атың қалай еді?
Көлбақа:
Ол өте қиын, әрі ұзақ есім... Сен оны айтам дегенше, мен кетіп қалуым мүмкін... Мен алыс жақта туғанмын... жергілікті көлбақа емеспін.
Тасбақа:
Бәсе, біздің көлбақаларға ұқсамайсың... Көзің де қып-қызыл... Түнде ұйықтамағансың ба?
Көлбақа:
Жоқ, өзімнің көзім осындай...
Тасбақа:
Мен сені Қызылкөз десем қалай? Ренжімейсің бе?
Көлбақа:
Қызылкөз? Жалпақбас? Қызылкөз... Жалпақбас... Жарайды... Жалпақбастан тәуірлеу сияқты... Сен қорықпа. Біз сені анаңа жеткізіп тастаймыз... Бауырларыңды да сағынған боларсың...
Тасбақа:
Иә... сағындым... Әсіресе анамды... Олар да мені іздеп жатқан болар... Анашым...
(Крупный план).
* * *
Екеуі қайта Тасбақа мен Көлбақаға келеді.
Олжас:
Қалай? Тіл табыса алдыңдар ма?
Көлбақа:
Иә... Біз танысып алдық.
Бақберген:
Келе ғой, Тасбақажан! (қолына алады, сипайды). Енді сені ешкім де ренжітпейді...
Олжас:
Жалпақбас, жүр ауылға барамыз. Тасбақа айтқан Жартасты табуымыз керек...
* * *
Бақберген:
Мм-м... түсінікті. Мен өскенде шекарашы боламын!
Олжас:
Баян тартып отырғанда шекараны бұзып кетсе ше? (күледі)
Бақберген:
Музыка көңіл – күйіңді жақсартады, қуаныш сыйлайды...
Олжас:
Ал мен домбыраның даусын жақсы көремін! Әсіресе күйлерді... әттең өзім тарта алмаймын... Әйтпесе домбырамды тастамай арқалап жүрер едім...
Бақберген:
Ал баянды арқалап жүре алмайсың. Домбыра жеңіл, алып жүруге де ыңғайлы. Мен кейде , бұрынғы батырларға таң қаламын... Бес қаруы бойында дейді: Шоқпар, найза, қылыш, балта, садақ... жебе салатын қорамсағы бар...
Олжас:
Қалқанды ұмыттың! Үстінде оқ өтпейтін сауыт бар! Соның бәрін қалай көтеріп жүрген?
Бақберген:
Сондықтан олар – батырлар! Жерімізді жауға бермеген!
Олжас:
Мен де кейін өскенде – батыр боламын! Қылышыммен былай – былай сермеп... Әй, анау не?
Олардың жолында үлкен кесіртке тұрды.
Бақберген:
Ал... кім батыр болғысы келді?!
Олжас:
Тасбақаны жіберіп көреміз бе? Мүмкін, қашып кетер (қорқып қарап тұр.)
Бақберген:
Сен сөйлесіп көрсеңші, тілін түсінесің ғой...
Олжас:
Мынаның тілі де, түрі де жаман... Ей, жолдан былай тұр! Әйтпесе... мына Бақберген ашуланса, көрсетеді саған! Кет! ... Үндемейді ғой мынау...
Кесіртке орнынан тапжылмай, айбат шегеді.
Бақберген:
Мен ашулансам... қашып кетемін!
Олжас:
Өй, қорқақ! Шекарашы боламын дейсің тағы да... Әкелші анау таяқты...
Бақберген:
Олжас, қоя салшы, басқа жолмен-ақ жүрейік, жарай ма?
Олжас:
Жоқ! Бұл біздің жолымыз! Бізге кесірін тигізе алмайды – кесіртке!
Бақберген:
Сен нағыз батыр екенсің, Олжас! Мен сені мына айдаһармен жалғыз қалдырмаймын, өйткені біз доспыз!
Олжас:
Рахмет! Достық деген – үлкен күш! Бірге болсақ бізді ешқандай жау ала алмайды! Қане, екеуміз бірден шабуылдаймыз!
Көлбақа:
Мен де сендермен біргемін!
Олжас:
Оһо! Біз тағы да күшейдік! Алға-а-а-а!!!
Үшеуі бірдей алға ұмтылады. (Рапид)
Кесіртке жоқ болып кетеді. Балалар аң-таң.
Олжас:
Қайда жоғалып кетті өзі?!
Бақберген:
Тығылып қалған болар?
Олжас:
Ей, қайдасың?! Шық бермен!
Бақберген:
Біз сенен қорықпаймыз!
Олжас:
Тасбақа қайда?
Тасбақа:
Мен мұндамын!
Олжас:
Уф-ф, анау жеп қойды екен деп қалсам... Жарайды, кеттік бұл жерден...
Бақберген:
Шынымды айтсам, қатты қорықтым... Ал сен ше?
Олжас:
Мен бе?! Мен де қорықтым! Егер сендер болмағанда мұндай батыр бола алмас ем (күледі.)
Бақберген де күледі. Екеуі құшақтасып, тасбақаны алып, жолға шығады. Жартастың артынан қара киімді адам қарап тұрды
* * *
Балалар жолмен жүріп келеді. Бақберген Тасбақаны қолында алып келеді. Жаңғақты жаққа жақындап қалғанда Тасбақа:
Балалар, мына жерлер маған өте таныс... көзіме ыстық көрініп тұр...
Бақберген:
Әркімге өз туған жері ыстық көрінеді, қуана бер Тасбақатай, біз сен айтқан жартасқа жақындап келеміз!
Олжас:
Қазір анаң алдыңнан жүгіріп шығатын болар?!
Бақберген:
Жүгіріп?! Жәй жүріп десеңші...
Олжас:
Енді... тасбақаша жүгіріп дегенім ғой... Көз алдыма елестетіп тұрмын, екеуі екі жақтан бір-біріне құшақ жая жүгірсе, «Анашым!», «балам» деп... Әдемі музыка ойналса...
Бақберген:
Өй, қойшы, сен де... кино сияқты...
Олжас:
Кино емес, жан-жануарлар өмірінен деректі фильм! Тыныш, тасбақа бірнәрсе деп жатыр...
Бақберген:
Не деп жатыр?!
Олжас:
Міне, мен айтқан жартас осы дейді... Ары қарай үйіне өзі бармақшы...
Бақберген:
Апарып тастайық... Тағы да адасып қалса ше?
Олжас:
Енді адаспаймын дейді. Ол анасы мен бауырларына тосын сый жасамақшы... Өзі білсін... Жіберейік!..
Бақберген:
Жарайды... Мен тасбақаның орнында болсам, өзім де сөйтер едім... Ал, тасбақажан... жортқанда жолың болсын!
Олжас:
Сендердің жақсылықтарыңды өмір бақи ұмытпаймын дейді... Біз де сені ұмытпаймыз, тасбақа! Бара ғой енді... Бар... Анаң мен бауырларыңды қуант!
Көлбақа:
Сау бол, Жүйрік!
Тасбақа:
Сау болыңдар достар!
Олар тасбақаны жіберіп қарап тұрады.
* * *
Бақберген жан-жағына қарап тұрып:
Әне, жартастан ағып тұрған су! Жүріңдер, кеттік! Су ішіп, салқындап алайық!
Олар жүгіре барып, суға да жетеді.
Бақберген:
Иә, расында да керемет жер екен! Тасты жарып су ағады деп еді ғой, Тасбақа!
Олжас:
Қане, су ішіп алайық!
Су ішіп, беті-қолдарын жуып алады. (Су шашып ойнайды (Рапид)).
(Жартасты алыстан общий кадр алу керек).
* * *
Кесірлердің жиналысын көрсету
(Бастық сред.план қолында шыбын ұрғышы бар)
Бастық:
- Шыбын жандарыңды қағып алайын ба?! Қашанғы сендерге үйретемін, адамдарға кесірді қалай жасауды?! Сөзге түсінбейсіңдер ме? Енді мынаны түсінерсіңдер?! (Ұра бастайды)
1 кесір:
- Ой,ой,ой түсіндік, ұрмаңызшы, біз бәрін түсіндік.
2 кесір:
- Иә, енді істемейміз енді бұзіқ болмаймыз...
Бастық:
- Мен сендерге қайта бұзық болыңдар деп жатырмын, ақымақтар!
1 кесір:
- Кешіріңіз, бұзық боламыз... балаларды да бұзықшылыққа, тәртіпсіздікке үйретеміз!
Бастық:
-Е, бәсе солай демейсіңдер ме? Барыңдар, көзіме көрінбей! Ана балаларды қалай да тоқтатыңдар!
Жиналыстан шыққан кесірлер өзара сөйлесіп кете барады.
1 кесір:
- Түүүй, енді мына балаларды қалай тоқтатамыз?
2-ші кесір (сәл ойланып тұрып):
- Таптым! Менде бір ой бар! Осы жолы ол балалар бізден құтыла алмайды. Жақсылық жасауын доғарады.
* * *
Үлкен жолдың (трасса) бойында Олжас пен Бақберген (қолында «Avtostop» деген жазу бар) тұр. Олжастың иығында көлбақа жолға көз тігіп:
Әне, келе жатыр, тоқтатыңдар!
Екі бала қолдарын бұлғап Камазды тоқтатады.
Камаз жүргізушісі:
Қай жерге дейін барасыңдар?!
Олжас:
Түркістан жаққа...
Бақберген:
Алып кетіңізші, ағай, өтінеміз!
Камаз жүргізушісі:
Жәрәйді, тез отырыңдар!
Олжас пен Бақберген Камазға мініп алды. Көлбақаны қорапша ыдысқа салып қояды.
Камаз жүргізушісі:
Ал, балалар, жолақысын қалай шешеміз?
Олжас:
Біз Сізге қызықты әңгіме, анекдот айтып береміз! Жол қысқарады.
Камаз жүргізушісі:
- Келістік, құлағым сендерде... Бас киіміңді шешіп еркін отырсаңшы, ыстықтамай!
Олжас:
- Жоқ, ағай, құлағыма суық тиген, ауырады!
Камаз жүргізушісі:
А-а-а, солай ма? Мұздай суға шомылғансың ғой, сірә... Есімдерің кім?
Олжас: Мен – Олжас, ал мынау – Бақберген! Бір сыныпта оқимыз!
Камаз жүргізушісі:
Дұрыс... Мені Серік аға дей беріңдер... Түркістанға қонаққа бара жатырсыңдар ма?
Бақберген:
Иә, Серік аға... Менің нағашыларым сонда тұрады.
Камаз жүргізушісі:
М-м-м, жігіттің жақсы болуы нағашыдан деген...
Бақберген:
Сіздің мәшинеңіздің сыртындағы Алтын адамның орны ерекше ғой.
Олжас:
- Біз тарихтан өткенбіз. САҚ дәуірінде жер бетінде алтын көп болған екен. Сол алтынды шеберлер өңдеп САҚТАР қару-жарақ, киім, әшекейлеріне пайдаланған.
Бақберген:
САҚТАР – біздің ата-бабаларымыз!
Камаз жүргізушісі:
- Иә... тарихымыз мақтануға тұрарлық! Батырлығымен де, өнерімен де әлемді таң қалдырған САҚ бабаларымыз...
Олжас:
- Кир патшаны жеңген Тұмар ханшайымды бәрі – Томирис ретінде таниды емес пе?
Камаз жүргізушісі:
О-о-о, сендер тарихты 5-ке оқитын балалар болдыңдар ғой! Жарайсыңдар! Жақсы оқыңдар! Еліміздің болашағы – мына өздерің!
Трасса. Алыстан камаз келе жатыр.Жол бойында қара киім киінген кесір пайда болады.
Кесір МАИ қызметкеріне айналады.Камазды тоқтатады.Камаз тоқтайды. МАИ қызметкері шопыр жақтан келіп:-Сержант Кесір Кесапатұлы! Құжаттарыңызды көрсетіңіздер!
Шопыр:
- Не боп қалды? Былайша жылдамдығым жоғары емес еді ғой!?
МАИ:
- Сөзді қой, құжаттарыңды әкел! Не әкеле жатсыңдар?!
Шопыр:
- Боспыз! Ешқандай жүк артқанымыз жоқ.
МАИ:
- Онда көлігіңнің артын аш! Бізге қазір хабар келді. ЗООБАҚТАН арыстан ұрланыпты.
Шопыр:
- Арыстан?! Құдай сақтасын! Ол түгілі өзім иттен қорқатын адаммын!- деп сөйлеп тұрып көліктің артын ашып жатады. Сол кезде МАИ шопырға білдіртпей көлікке магнит секілді зат жабыстырып қояды.
МАИ:
- Болды! Айып етпеңіздер! Жолдарыңыз болсын!
Камаз кетеді. МАИ камаздың артынан қарап тұрып, күледі. Сол сәтте қайтадан қара киімді кесірге айналады.
Көлік кабинасының ішінде.
Олжас:
- Не болды аға? Тыныштық па?
Шопыр:
-Әй, ештеңе емес! ЗООБАҚТАН арыстан жоғалыпты дейді.
Бақберген:
- Арыстан?!Оны тезірек ұстамаса қауіпті ғой!
Олжас:
- Атама айту керек, сиырларына абай болсын!...
Осы кезде қалың тұман басып, жол көрінбей қалады.
Бақберген:
Не боп кетті өзі? Жаңа ғана күн шайдай ашық еді ғой!
Олжас:
Түк түсінсем бұйырмасын...
Камаз жүргізушісі:
- Қазір, балалар, қосымша жарық-фараларды қосайын... Мына тұманнан өтіп алайық, содан соң Алтын адам туралы әңгімемізді жалғастырамыз...
Тұман сейілген кезде олар мүлдем басқа жерден шығады. Айнала жап-жазық дала. Жол да көрінбейді.
Камаз жүргізушісі:
Міне қызық! Жол қайда?
Олжас:
Әне, қараңдар! Алтын адамдар! Атпен шауып келеді!!!
Бақберген:
О-о-о, кино түсіріп жатқан болар? Көрейік қане!
Көлбақа қораптан басын шығарып:
Не боп жатыр? Мен де көрейінші...
Олжас:
Қайдағы кино?! Түсіріп жатқан ешкім көрінбейді ғой...
Бақберген:
Бізге қарай шауып келеді! Алақай!!! Жақыннан көретін болдық!
Серік аға:
- Қоя тұрыңдаршы, балалар! Мыналар бізге шабуылдап келеді. Әне жебелерімен атқыламақшы...
Бақберген:
- Олжас, бұл менің түсім! А-а-а-а-!!! Мені оятшы! Тез! Аналар кеп қалады...
Олжас:
- Бұл түс емес! Серік аға, басыңыз! Жылдамырақ!!!
Атпен қиқулай қуған аттылы жауынгерлер қоршай бастады.
Серік аға:
- Біз осы неден қорқамыз? Жаңа ғана ата-бабамыз деп мақтанып келе жатқан жоқ па едік?
Олжас:
- Иә, несіне қорқамыз? Тоқтайық!
Бақберген:
- Әйнекті ашыңызшы, мен ақ бет орамалымды бұлғайын! Баяғыда елшілер ақ орамал бұлғаған...
Олжас:
- Ашпаңыз, олар оны түсінбеуі мүмкін!
Бақберген:
- Түсінеді, ашыңыз!
Олжас:
- Ашпаңыз, атқан жебелері кіріп кетеді!
Серік аға бірден тежегішті басып қалады. Мәшине кілт тоқтайды.
Серік аға:
- Болды, жетер енді! Не де болса көрейік... Бізді ұстап алып жеп қоймайтын шығар?
Бақберген:
Ал егер жеп қойса ше?
Жауынгерлер жақын келіп, аң-таң болып Камазды айнала қарап жүр... Суреттегі Алтын адамды көрсетіп даурығып қояды.
Серік аға әйнегін ашып:
- Ассалаумағалейкум, біз қазақпыз!
Жауынгерлер бір-біріне қарап, бірдеңе деп сөйлесе бастайды. Серік аға мәшиненің есігін ашып, секіріп түседі де екі қолын көтерді.
Серік аға:
- Міне, бізде қару жоқ! Бейбітшілік жасасын! САҚТАР жасасын!
Жауынгерлердің ішінен өзгешелеу киінген біреуі Серік ағаға жақындап:
- Сендер кімсіңдер? Қайдан келесіңдер? Мына темір арбаның аттары қайда?
Серік қуанып кетті:
- О-о-о, қазақша түсінеді екенсіздер ғой! Біз Сіздердің ұрпақтарыңыз – қазақтармыз! Сіздер туралы тарихымызда жақсы жазылған... Бұл жер біздің де Отанымыз – Қазақстан!
САҚ жауынгері:
- Бұл жер – САҚТАРДЫҢ мекені! Қазір сендерді көсемге апарамыз! Қарсылассаңдар өздеріңе қиын болады...
Серік:
- Болды... болды... Қарсыласпаймыз! Балалар, түсіңдер! Қорықпаңдар...
Олжас пен Бақберген де жерге түседі.
Олжас:
- Серік аға, бізді қайда апарады?
Серік аға:
- Білмеймін... бара көрерміз... Үндемей ерейік!
Оларды өзен бойындағы үлкен шатырға (киіз үйге ұқсас) әкеледі. Оған әлгі бұлармен сөйлескен жауынгер бірнәрселерді түсіндіруде...
Көсем:
- Ат жекпей жүретін темір арбамен қалай келдіңдер? Арбаға менің суретімді кім салды?
Серік аға:
- Сәлем бердік, О, САҚТАРДЫҢ көсемі! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Мен темір арбаны осы жерге айдап келейін, өз көзіңізбен көріңіз! Біздің ешқандай жаман ойымыз жоқ! – деп қолындағы сары сағатты көсемге шешіп ұсынды.
- Бізден сыйлық, Сізге!
Көсем сағатты алып қарап шығады да түсінбейді.
Серік аға:
- Бұл сағат! Уақытты көрсетеді. Алтын емес әрине, бірақ Сізге жарасып тұр!
Көсем қолына тағып, жанында тұрған жауынгерлеріне қарайды.
Олар:
- Жаса, Көсем! Мың жаса!
Көсем басын иіп ишарат етеді.
- Сыйлықтарыңа рахмет! Мына екеуі сенің ұлдарың ба?
Серік аға:
- Жоқ... а-а-а, ия, менің ұлдарым – Олжас, Бақберген!
Көсем:
- Ұлдардың осында қалады, ал сен... темір арбаны осында әкел!
Серік аға:
- Құп болады жолдас Көсем! (жүгіре жөнеледі) Соңынан 2 жауынгер ілеседі.
Көсем:
- Ал, ұлдарым, сендер біздің кім екенімізді білсіңдер ме?
Олжас:
- Білеміз, көсем. Біз тарихтан оқығанбыз. Томирис патшайым туралы да, Кир туралы да...
Көсем:
- Кир? Парсының қанішер патшасы Кирді қайдан білесіңдер?
Бақберген:
- Тарихта бар... Кирдің басын Томирис – САҚ патшайымы кеседі... Парсылар жеңіледі!
Көсем:
- Парсылар жеңіледі десіңдер ме? Сендер көріпкел болдыңдар ғой, сонда! Жақсы хабарларың үшін сендерге сыйым дайын...
Екеуіне екі алтыннан жасалған бұйым береді Олар қуана алып, мұқият көре бастайды.
Олжас:
- Сыйыңызға рахмет, құрметті Көсем! Сізге зор денсаулық тілейміз!
Бақберген:
- Еңбекте алда, оқуда озат бола беріңіз!
Олжас Бақбергенді түртіп қалды:
- Қайдағы оқу, қайдағы еңбек?
Бақберген:
- Енді мен де Көсемге өз тілегімізді айтайын да...
Осы сәтте Көсемге бір жауынгер келіп бірдеңе дейді. Көсемнің қабағы түйіліп кетеді.
Көсем:
- Менің тұлпарым үш күн болды, ауырып, жем-шөп жемей қойды... Не болғанын біле алмадық... Жануарды қинамай-ақ қояйын десем қимай тұрмын! Эх-х!
Олжас:
- Көсем, мен Сіздің тұлпарыңызды көрсем бола ма? Мүмкін көмектесе алармын...
Көсем:
- Сен атбегісің бе? Онда жүр, тұлпарымды көріп, емдеп жазсаң ат басындай алтын беремін!
Тұлпардың жанына келіп, жалынан сыйпайды. Тұлпар осқыра кісінегендей болды. Олжас бәрін де түсінді.
Олжас:
- Тұлпардың таңдайы өскен... Содан жем-шөп жей алмай тұр. Таңдайға толған қанды істікпен піспелеп, тұз жағу керек!
Көсем таң қала қарап тұрып, жанындағы көмекшілеріне:
- Естіңдер ғой не дегенін... Тез айтқанын орындаңдар!
Табақтан ет жеп отырған Олжасқа Көсем:
- Сен менің сенімді серігім – тұлпарымды аман алып қалдың. Осы жақсылығың үшін Ат басындай алтыным дайын!
Олжас:
- Ат басындай алтын? Сонда кәдімгі аттың басындай ма?
Бақберген:
- Бізге мысықтың басындай да алтын да жетеді...
Көсем:
- Жоқ..бізде мысықтың басындай деген өлшем болмайды. Тек қана аттың басындай алтын беру сендерге лайық сый!!!
Олжас (Бақбергенге):
- Оһо, велосипед алсам да, артылып қалады екен- ау, ә?!
Бақберген:
- Велосипедің не? Оны аттың құлағына да сатып алуға болады!
Көсем:
- Қане, әкеліңдер сыйымды!
(Екі жауынгер матаға оралған алтынды көтеріп әкеліп Олжастың алдына қояды.)
Олжас:
- Бұл не?
Көсем:
- Ашып көр! Менің тұлпарымды аман алып қалғаның үшін саған берген сыйымды қабыл ал!!!
Олжас:
- Ат басындай алтын! Мұны екіге бөлуге болады ма? Ортасынан аралап? Жартысын досыма беремін!
Көсем:
- Бұл алтын енді сенікі! Қаншаға бөлемін десең де...
Камазист:
- үшке, үшке бөл балақай! М-м-м.. сендер жолақысын төлеген жоқсыңдар, солай ма? Және мен болмасам...сендер мұнда келе алмас едіңдер...Немене, өтірік пе?!
Бақберген:
- Олжас! Маған ол алтынның қажеті жоқ! Ал сенің көңіліңе ризамын! Менде дәл қазір.. мм.. қарбыз болса.. жартысын саған бөліп берер едім...
Олжас:
- Рахмет, Бақберген! Онда бұл алтын маған да қажеті жоқ!Біз кейін өз еңбегімізбен қаржы табамыз, солай емес пе?
Бақберген:
-Иә, өз білімімізбен, өз еңбегімізбен табамыз!
Камазист:
- Қап, мына балаларды- ай, ә?! І-і-і..Көсем, бұлар жәй әншейін әзілдеп жатыр...Бала ғой.. Баланың ісі шала! Қане, мен мұны көлігіме сап қояйын... ( ауппа, ауппа, не деген зілдей өзі... Керек тастың ауырлығы жоқ деген...)
Көсем:
- Бұл сый саған емес, мына балаға беріледі! Соңғы рет сұраймын, аласың ба?
Олжас:
- Жоқ, алмаймын...Сізге рахмет!
Көсем:
- Менен кетті... енді суға кетсін!!!
Екі жауынгер ат басындай алтынды суға апарып тастай салады.
Камазист:
- Ей, тоқтаңдар.. әй...әй.. ат басындай алтын! Қап, мына Қалқанқұлақты- ай, ә!? Қайдан ғана келіп едім... Қайдан ғана көріп едім.. Түсім бе, әлде өңім бе?...
Көсем:
- Сен нағыз тектілердің – біздің ұрпағымыз екеніңді сөзіңмен де, ісіңмен де дәлелдедің. Мына жүзікті ал, менен естелік болсын!
Олжас:
- Рахмет, Көсем! Біз де Сіздердей батыр бабаларымызбен мақтанамыз! Рұхсат етсеңіз ертең таңертең жолға аттанамыз!
Көсем:
- Жортқанда жолдарың болсын! Ал қазір жатып, демалыңдар!
Ертеңіне ұйқыдан тұрса, баяғы трассада, жол шетінде тоқтап тұр екен.
(САҚТАР билейді)
Олжас(оянып кетіп):
- Бақберген, тұр, Серік аға... Алтын адамдарды көрмедіңіздер ме?
Серік:
- Қайдағы алтын адамдар? Түс көрдің бе не?
Олжас:
- Қайдағы түс?! Кеше бізге шабуыл жасаған САҚТАР... Көсем... оның Тұлпары ше?
Бақберген:
- Ту-у-у, сен де қоя тұршы енді!..
Серік:
- Ал жолға шығайық, дегенмен қиялың жаман емес...
Көлбақа:
- Көсемнің берген жүзігі сенде емес пе?
Олжас қалталарын қарап жүзікті тауып алады да, күлімдеп, қайта салып қояды.
Жарайсың жалпақбасым! Ал, кеттік ендеше, алға!!!
Көлбақа мен Тасбақа
Көлбақа: - Сәлем, Тасбақа!
Тасбақа: - Амансың ба, көлбақа?
Көлбақа: - Тасбақа, көлбақа...Осы біз екеуміз туыс емеспіз бе? Біз – бақалармыз! Сен – тас бақасың, ал мен – көл бақамын! Қуақ – қуақ.
Тасбақа: - Қайдам... Ол туралы ойланбаппын.
Көлбақа: - Ойлану керек! Қуақ – қуақ. Туысқандар бір-біріне жақын, жанашыр болады. Ұқтың ба? Мысалы сенің ішің ауырып қалса, мен сені емдеп жазар едім... өйткені біз туыстармыз ғой...
Тасбақа: - Хм, хм... сен сияқты көлбақаны бұл өңірден кездестірмеппін...
Көлбақа: - Оһо, мен де сендей үлкен тасбақаны көрмеген едім! Сен өзі мені көтере аласың ба? Менің аяғым ауырып тұрғаны...
Тасбақа: - Әрине, сенің салмағың жеп-жеңіл сияқты... Кел, отыр арқама. Баратын жеріңе жеткізіп тастайын...
Көлбақа: - Ой рахмет, туысқан! Қазір мені көтере аласың ба, тексеріп көрейік! Оуппа! (мінеді). Ал қане, алға!!!
Тасбақа алға қарай өте баяу жылжиды.
Көлбақа: - Иоһһо-о-оу! Мен желдей ескен тұлпармен келемін! Шу, жануар! Айхо-о-ой! Тасбақа, бар жылдамдығың осы ма?!
Тасбақа: - Иә...осы
Көлбақа: - Мен жаяу жүрсем 10 рет барып келетін жерім. Ехх! Кеттік ендеше! Алғааа!!!
* * *
Палатканың ішінде ұйықтап жатқан Олжас оянса жанында Бақберген жоқ.Олжас палаткадан басын шығарып:
-Бақберген!Қайдасың? жауап жоқ.
Олжас:
-Жалпақбас! Бұлар қайда кетті екен, а? Әлде мені іздесін деп жасырынып қалды ма екен? Бақберге-е-н!!!
Алыстан Олжастың «Жалпақбаас!» деп іздеген даусы естіледі.
Көлбақа:
- Тоқта, Тасбақа! Мені Қалқанқұлақ іздеп жатыр! Тыныштық болса жарар еді. Жақсы, сау боп тұр туысқан!
Тасбақа:
- Сау бол, Көлбақа!
Бір кезде көлбақа көрінді
Көлбақа:
-Қуақ- қуақ, мен мұндамын...
Олжас:
-Жалпақбас?!Сендер қайда жүрсіңдер?Бақберген қайда?
Көлбақа:
-Білмеймін, қуақ-қуақ...Таңертең оянсам екі қолын алдына созып алып, былай қарай кетіп бара жатқанын көргенмін...Қуақ- қуақ.
Олжас:
-Жүр, кеттік іздейміз...Бақбер-гееен!!!
Көлбақа:
-Бақ, бақ,Бақ-берге-ееен! Сен мына жақты ізде, ал мен мына жаққа барайын...Жарты сағаттан соң осында кездесеміз...Қуақ,қуақ...
Олжас:
-Бақберген, Бақбергеее-н!!!
Олжас Бақбергенді іздеп біраз жерді кезеді.Қаз үйректен сұрайды. Кездескен бұзаудан сұрайды.Ол да көрмепті.Жайылып жүрген аттардан сұрайды.
Олжас:
- Түк түсінсем бұйырмасын... Тыныш қане! Бәрің бірдей шуылдамай, біреуің айтыңдаршы?! Не боп қалды?
Қалқанқұлақ мұңайып келеді.
Қалқанқұлақ:
- Қап, әттеген-ай! Қайда жоғалып кетті екен... Енді әке-анасы балам қайда десе, не деп жауап беремін...
Күбірлеп сөйлеген күйі төбеге келіп отырды. Ауыр күрсініп, шәпкесін жерге бір-ақ ұрды.
Қалқанқұлақ қайта жан-жағына қарап:
- Қой, қол қусырып отыра бергеннен ештеңе шықпас... Тағы іздейін... – деп тұрып, жүре берді.
Біраз жүрген соң ол кенет көл жағасынан бірдеңе байқағандай тоқтай қалды. Анадай жердегі қамыс арасынан бірдеңе қыбырлайды.Көл жағасында кішкентай шал ау салып, балық аулауда.Ауға түскен балықты алып, былай-былай қарап мәз болады.
Шал:
- Ә-ә-әп, бәрекелде! Бүгінгі несібеміз жаман емес кемпір! Екі күнге жетіп қалатын болар... Құдайға шүкір...Әйтеуір пендесін аш қалдырмайды...
Жан-жағына абайлап қарап:
-Анау қу түлкі келіп тартып алмасын тағы да...Қой, бүгінге осы да жетер,қайтайын....Барып кемпірімді қуантайын...Қазан асып, балық сорпасын ішейік! Кедейдің бір тойғаны-шала байығаны! Солай емес пе, балығым?! Сенде жазық жоқ, менде...азық жоқ! Ехһ-е-һе-һе! Күледі
Осы кезде Қалқанқұлақ келеді.
-Ассалаумағалейкум, ата!
Қаңбақ шал қорқып кетеді:
-Әй, бұл кім-әй?! Уф түлкі кеп қалды ма деп зәрем қалмады ғой...Сен кімсің-ей, бала? Менің ертегімде сендей бала жоқ еді...Әлде...Басқа бір ертегіден адасып келдің бе?А-а-а.. «Алтын сақадағы» бала емессің бе?Әлгі мыстаннан таймен қашатын?
Қалқанқұлақ:
-Жоқ, мен ертегілер елінен емес басқа жақтан келе жатырмын. Ал мен сізді танитын сияқтымын...Сіз ертегідегі...қазір айтам...-Ерте, ерте, ертеде....бір шал мен кемпір өмір сүріпті..Шал өзеннен балық аулап күн көреді екен. Оның балығын сол маңдағы бір қу түлкі тартып алып жеп кетеді екен...
Шал:
-Түлкі?! Қайда?! Жоқ, бермеймін, балығымды, өзім ұстадым...Сен де кет бұл жерден...Балық менікі!
Қалқанқұлақ:
-Ой, ата! Қорықпаңыз, ешқандай түлкі жоқ..Келе қалса, мен қуып жіберемін...
Шал:
-Рас па?! Сен түлкіден қорықпайсың ба? Оның тістері өткір...тырнақтары мынадай көрсетеді. Өткенде қолымды тырнап алған, әрең жазылды...Күнде келіп, балығымды тартып алады... кемсеңдеп жылайды. Ол кеткен соң, тағы да бір балық ұстауға тура келеді...Кейде, тіпті ұстай алмай, бос қайтам...Кемпірім ұрсады... «Кіп-кішкентай түлкіден қорқы, ел- жұртқа күлкі болдық»- деп...Әлім келмесе, қайтем, енді...
Қалқанқұлақ:
- Расында да, сол түлкіден неге қорқасыз? Мен сізге садақ жасауды үйретейін! Сол түлкіні атып аласыз.Терісінен түлкі тымақ жасап киесіз! Қалай? Әйтпесе анау басыңыздағы қаңбақ шөпті көріп, бәрі Қаңбақ шал деп мазақтар!
Шал:
-Е, несі бар?! Мен дәл сол әлемге әйгілі қаңбақ шалмын! Міне, мынау тасты ұшып кетпейін деп, беліме байлап жүремін.Мені білетін боларсың..
Қалқанқұлақ:
- Әрине білемін!Қаңбақ шалды ертегі кітаптан оқығанмын..Бірақ, бүкіл әлем біледі дегеніңіз өтірік шығар...
Шал:
- Әй бала! Мен ешқашан өтірік айтпаймын! Мына жағы Каспий теңізінен бастап, мына жағы Алтай тауларына дейінгі әлемнің барлық қариясынан бастап, жасына дейін мені біледі.
Қалқанқұлақ:
- Ата, Каспийден ары елдер көп қой! Одан ары Европа, ал одан ары сонауууу алыста Америка бар! Олар ше...
Шал:
- Әй қу бала, сен мені ақымақ қылғың келеді ә! Мен Қаңбақ шалмын дедім ғой! Жел қайда тұрса, сонда ұшамын. Ұшып жүріп, араламаған жерім жоқ. Ал сенің Ебір апа, Әмір екі деген ауылдарыңды көрсем, көзім шықсын!
Қалқанқұлақ қарқылдап бір күліп алды.
Қалқанқұлақ:
- Жарайды, Ата солай делік... Бірақ, Сіз қорқақ екенсіз ғой... Жаңа түлкі дегенге есіңіз шығып кетті.
Шал:
- Ешқандай да! Түлкі деген сөз боп па! Мен кезінде түлкі түгілі жолбарыстарды алдыма салып айдағанмын! Мен келе жатқанда бүкіл аң-құстардың, тіпті дәулердің зәресі қалмайтын.
Осы кезде анадайдағы бұтаның түбі сықыр ете қалды.
Шал жалт қарап:
- Өй, ол не!
Қалқанқұлақ қолын нұсқап:
- Ата, түлкі! Әне түлкі!-деп айқайлады.
Шал басын жасыра отыра кетіп:
Ойбай, түлкі! Тығыл!-деп зәресі қалмады.
Бірақ, бұта жақта ешнәрсе жоқ еді. Қалқанқұлақ шалдың тығылғанына жақсылап тағы күліп алды.
Қалқанқұлақ күлкісін зорға тиып:
- Жарайды, Ата... тұра беріңіз... Ешқандай да түлкі жоқ... Сіздің батырлығыңызға да, ешқандай өтірік айтпайтыныңызға да көзім жетті...
Шал енді намыстанып, қайта тұрды:
- Әй, сен бала мені мазақ қылып тұрсың ба! Қазір мен саған көрсетейін! Менің кім екенімді білмей жүр екенсің! Қане сен жерді бар күшіңмен тепші!
Қалқанқұлақ:
Қалайша, кәдімгі мына жерді тебейін бе?
Шал:
Иә, бар күшіңмен теп! Көрейік күшіңді...
Қалқанқұлақ анадай жерге барып, қайта жүгіріп келіп, бар пәрменімен секріп келіп аяғымен жерді тепті. Бірақ, бұрқ еткен шаңнан басқа ештеңе шықпады.
Шал оған қарап, рахаттана бір күліп жатты.
Шал:
- Әй, ешқандай қауқарың жоқ біреу екенсің ғой! Енді мені қара, қазір тепкенде жердің миын шығарамын!-деп айналып келіп, секіріп жерді бір тепті. Осы кезде жерден шашырап, ақ түсті сұйық шықты.
Шал жалт қарап:
- Көрдің бе! Теуіп, жердің миын шығардым! Бұл жәй тепкенім... Қатты тепсем, аспан айналып, жерге түсуі мүмкін. Енді, жерден тас ала қойшы.
Қалқанқұлақ еңкейіп жерден тас алды.
Шал :
- Енді қолыңмен бар күшіңді салып, тасты қыс! Жарайды, сен екі қолыңмен қыса ғой, жеңілірек болсын...
Қалқанқұлақ тасты қысып жатып:
- Тасты қысқанда не болады...
Қалқанқұлақ тасты ары-бері ырғап қанша қысса да ештеңе шықпады.
Шал:
- Айттым ғой! Сен әншейін әлжуаз біреу екенсің. Енді мені қар...-деп еңкейіп шөптің түбінен қоңыр жұмыртқаны алып, сығып қалды. Осы кезде шалдың саусақтарының арасынан су ақты.
Шал енді кеудесін көтеріп:
- Міне, мен қысқанда, тастан май шықты. Көрдің ғой атаңның күшін! Мойындайсың ба?
Қалқанқұлақ шалды айнала жүріп:
- Иә, расында мықты екенсіз... Батырдың денесіндей денеңіз болмаса да, күшіңіз зор екен...
Шал:
- Әлбетте! Сыртқы көрініс қашан да алдамшы! Әйтпесе, менің қасымда Таусоғар дегендерің доп ойнап жүрген балалар ғой!
Қалқанқұлақ баяу барып, жерден шыққан ағарғанды саусағымен алып, дәмін көрді.
Қалқанқұлақ:
- Ия, мына жердің миынан айранның дәмі шығады екен... Қане ата қолыңызды беріңізші-деп қолындағы майдың дәмін көрді.
Қалқанқұлақ сәл ойланып:
- Ал, мынау қателеспесем, жұмыртқаның дәмі....
Бұл кезде Шал көзі бақырайып, тұтығып:
- Әй, әй бала сен не ннн не деп тұрсың... Қандай айран, қандай жұмыртқа! Сен менің күшіме күмән келтірме! Қазір ашулансам... Өте қиын болады!
Қалқанқұлақ жымиып, мазақ ете:
- Ата мені кешіріңізші! Ашуланбаңызшы! Әйтпесе, аспанды айналдырып, жерге түсіресіз!
Шал:
- Иә, иә м м мменің ашуым солай...
Қалқанқұлақ:
- Жарайды, ата, осымен ойынды тоқтатайық... Комедия бітті. Мен сіздің бұл әрекеттеріңіздің бәрін ертегі кітаптан оқып қойғанмын! Қалай, түлкіні алдағаныңызды, дәулерді қалай қорқытқаныңызды бәрін білемін! Ол кітапта жердің миын шығардым деп айранды, тастың майын шығардым деп жұмыртқаны пайдаланғаныңыздың бәрі жазылған! Сондықтан ол айлаңыз маған жүрмейді!
Шал енді мұңайып:
- Қалайша! Сонда ол айламды жұрттың бәрі біле ме!
Қалқанқұлақ:
- Ия, бәрі біледі.. Оның үстіне қазір 21 ғасыр. Технология дамыған заман ғой... Оныңызға ешкім алданбайды.
Шал енді жылай бастады:
- Басымнан бақ тайды деген осы! Ай, қайран өмірім-ай! Енді ешкімнің алдында шыбындай да беделім қалмағаны ма!....Енді тағдырым не болады... Осымен Қаңбақ шал деген атым өшті дей бер...
Шалдың жылағанын көріп, аяп кеткен Қалқанқұлақ:
- Өй, ата не болды сізге... Жыламаңыз ата... Не істесем екен... Ата есесіне сізді балалардың бәрі жақсы көреді. Сіз туралы қазір көптеген мульфильмдер, кинолар түсірілген. Сіз бар ғой ата, балалардың арасында жұлдызсыз!
Шал жылағанын тоқтатып:
- Жұлдыз? Қалайша... Ол аспанда ғой.. алыста
Қалқанқұлақ:
- Бізде солай! Атақты адамдарды жұлдызға теңейді. Ол халықтың ең үлкееен бағасы деген сөз!
Шал:
- Рас айтасың ба!
Қалқанқұлақ:
- Иә!
Шал:
- Онда мен... мен... қуануым керек екен ғой... Ой, балам, саған рахмет! Кебісіме түсіп тұрған көңілімді еңсеме дейін көтеріп тастадың! Бірақ, мен енді не айла қолданамын... Дәулерді қалай алдаймын?
Қалқанқұлақ:
- Ол жағынан қам жемеңіз! Дәулер ертегілер елінде емес пе. Ол жақта мен оқыған кітаптар болмайды. Сондықтан оларға айлаңызды асыра берсеңіз болады.
Шал қуанып:
- Бәрекелдііі! Мынау тіпті керемет болды ғой! Өркенің өссін қарағым! Мен саған бата берейін, жай қолыңды!
Қалқанқұлақ қолын жайды.
Шал қуанып:
Қаңбақ шалдың салмағын емес, жасын берсін!
Әл Фарабидей атамыздың басын берсін!
Қаңқылдаған қаздың даусын берсін!
Халқың сені қадірлеп, соңыңнан ерсін!
Бар жасаған жақсылығың алдыңа келсін!
Аумин!
Қалқанқұлақ:
- Рахмет, ата! Дұрыс айттыңыз... Мен қазір қолымнан келгенше барлығына жақсылық жасап жүрген баламын.
Шал:
- Өй, оның дұрыс қой! Жақсылық жасасаң, міндетті түрде алдыңа қайтып келеді.
Қалқанқұлақ:
- Бірақ, мен жақсылықты қайтып келсін деп жасап жүрген жоқпын... Сиқыршы шал, құлағымды үлкейтіп тастаған. Оны орнына келтіру үшін жақсылық жасауым керек. Сол үшін...
Шал:
- Өй, құлағыңда тұрған не бар! Әп-әдемі! Өзіңе жарасып тұр... Менің Саққұлақ деген інім бар. Оның құлағы да осындай үлкен. Есесіне жетпіс шақырым жердегі аттың дүбірін естиді.Сен соның баласы емессің бе?
Қалқанқұлақ:
- Ой ата, сіз де айтасыз! Саққұлақтың баласы емеспін. Басқа балалардың құлақтары кішкентай. Менікі де сондай болу керек.
Шал:
- Болмаса, мені сол сиқыршы шалға апар, сөйлесіп көрейін...
Қалқанқұлақ:
- Ой, ол да бір қырсық шал! Бәрібір көнбейді...
Шал:
- Жоқ балам, қариялар туралы олай деуге болмайды... Көпті көрген адам, ешқашан жамандыққа бармайды. Демек, сықыршы шалдың ісінде бір мән бар. Мүмкін оны кейін түсінерсің...
Қалқанқұлақ:
- Жарайды, уақытысында көрерміз... Бірақ маған қазір тездетіп, құлағымды кішірейтуім керек. Оның үстіне Бақберген досым да жоғалды. Оны да табуым керек.
Шал:
- Қалайша... досың жоғалды ма? Ол қайда кетті?
Қалқанқұлақ:
- Білмеймін, із-түссіз жлғалып кетті...
Шал:
- Онда неге тұрмыз, тездетіп іздемейміз бе?
Қалқанқұлақ:
- Қайдан іздерімді білмеймін, әбден шаршадым.
Шал:
- Олай болса, іске кірісейік! Қане, белімдегі мына тастарды ағытайық... -деп тастарды арқаннан шеше берді.
Осы кезде Қалқанқұлақ түшкіріп жіберді.
Шал орнынан қозғалып, жерге отыра қалып:
- Өй, байқа! Менің қаңбақ шал екенімді ұмыттың ба!
Қалқанқұлақ:
- Кешіріңіз ата!
Шал орнынан тұрып:
- Ал енді, ысқыр..
Қалқанқұлақ:
- Не үшін...
Шал орнынан тұрып:
- Сонда жел тұрады. Сосын мен желмен ұшып отырып, біраз жерді аралап шығамын...
Қалқанқұлақ басын изеп, қолын аузына салып, ысқырды. Сол-ақ екен жел біртіндеп тұра бастады. Артынша Қаңбақ шал ұшып кете берді.
Қаңбақ шал өзендерді, далаларды, тауларды ұшып өтіп барады.
Қолымен маңдайын тосып, жан-жағына қарайды.
Бір кезде төменде жүрген бір баланы көрді.
* * *
(Қалқанқұлақтың түс көруі.)Қалқанқұлақ тақта отыр. Басында айыр құлақ, үстінде шапан. Жанында көлбақа.
Көлбақа:
- Сізге Тарақан келіп тұр.
Қалқанқұлақ жиіркеніп:
- Фу-у-у,тарақан?! Мені жоқ деп айта салшы, Жалпақбас.
Көлбақа:
-Жоқ, болмайды! Бүгін сіздің жәндіктер мен аң- құстарды қабылдап, шағымдары мен тілектерін тыңдайтын күніңіз!
Қалқанқұлақ:
- Ту-у-у, жәрәйді, кірсін!
Тарақан келеді.
Қалқанқұлақ:
- Иә, құлағым сенде, Тарақан!
Тарақан:
- Құлағыңыз өзіңізде, маған сіздің құлағыңыз қажет емес...
Қалқанқұлақ:
- А-а-а, құлағым қажет болмаса неге келдіңіз?! Онда боссың! Келесі кім, кіре берсін!
Тарақан:
- Жо-жо-жоқ! Қалқанқұлақ мырза! Сіз менің арыз-шағымымды тыңдауға тиіссіз! Өйткені әлемдегі бізді түсінетін жалғыз адамсыз! Сіздің құлағыңыз қасиетті...
Қалқанқұлақ:
- Аhа, менің құлағымның қажет екенін мойындадың ғой, я?!
Тарақан:
- Иә, сіздің құлағыңызға жететін құлақ жоқ! Кешірім өтінемін!
Қалқанқұлақ:
- Кешірдім бір жолға! Айта бер арызыңды!
Тарақан:
- Айтсам... мен адамдарға арыз айта келдім! Біз сон-а-а-у динозаврлардың дәуірінен бері келе жатқан жәндікпіз. Тіпті жер жаханды мұз басып, топан су қаптаған кезде де аман қалған Тарақандармыз. Бірақ осы адамдарға еш жақпай қойдық. Бізді үйлерінен қуып, дәрілеп, тәпішкемен ұрып әбден қорлайды. Тіпті барғой ә, улы қарандаштармен сызықтар сызып, жүргізбей қойды! Бүйте берсе- тұқымымыз құрып, жер бетінен жойылып кету қауіпі тұр!
Қалқанқұлақ:
- Дұрыс болар еді...
Тарақан:
- Не дедіңіз?! Дұрыс болар еді дейсіз бе?
Қалқанқұлақ:
- Жоқ, мен жәй әншейін... сенің айтқаныңды адамдар түсіне қойса – дұрыс болар еді деймін!
Тарақан:
- Е, бәсе! Енді не дейсіз?
Қалқанқұлақ:
-Менің саған бір сұрағым бар, Тарақанжан!
Тарақан:
- Иә, айта беріңіз...
Қалқанқұлақ:
– Осы сендер адамдардың үйіне несіне құмарсыңдар? Орман тау-тас жетпеді ме сонда?
Тарақан:
- Біз үйдің қуыс – қуыстарына ғана тығылып өмір сүреміз ғой... Біріншіден – үй жылы, ыңғайлы, әсіресе – ас үйі. Қалған – құтқан тамақтың қалдықтары мен қиқымдарын біз теріп жейміз!
Қалқанқұлақ:
- Сендер нағыз жатып ішер жалқау жәндік болдыңдар ғой!
Тарақан:
- О не дегеніңіз... Біз адамдардың тазалық сақтай бермейтін үйлерге ғана қоныстанамыз. Ал тап – таза үйлерге жоламаймыз да... Біз көбейсек, өздерінен көрсін! Үйлерін таза ұстасын!
Қалқанқұлақ:
- Жарайды. Сендердің шағымдарыңды айтайын адамдарға. Бірақ, сендерге қояр талабым бар.
Тарақан:
-Айта беріңіз!
Қалқанқұлақ:
- Анау мұртшаларыңды қырқып, қысқартыңдар!Балаларды қорқытасыңдар! Келесі...
Көлбақа:
- Кірпі келіп тұр!
Қалқанқұлақ:
- Кірпі?! Инесі бар ма?
Көлбақа:
- Инесіз кірпі болушы ма еді. Әрине инесімен.
Қалқанқұлақ:
- Кірсін!!!
Кірпі:
- Сәлем, о адамдардың Ұлысы!. Сүлеймен патшаның ұрпағы!
Қалқанқұлақ:
- Болды жетер, рахмет! Айта бер, Кірпі! Инелеріңді жоғалтып келіп тұрмысың?
Кіріп:
- Жоқ-ә, менің инелерім жоғалатындай Жайра емеспін ғой.
Қалқанқұлақ:
- Жайра болмасаң, сайра Кірпі!
Кірпі:
- Арман деген таусылмас... Маған мейірім жетіспейді. Адамдардың маған деген мейірімі! Мысықты- мысығым деп еркелетіп сипайды. Итті де, кептерді де, анау сипағанды білмейтін сиырды да алақандарымен аялап сипайды. Ал мені ше? Мені ешкім сипаған емес, сипамайды да. (жылайды)
Қалқанқұлақ:
- Әй, қой, жылама Кірпіжан! Келші басыңнан мен-ақ сипайын.(сипап көріп, саусағын қанатып алады). Ой-ой-ой! Келесі кім еді, кірсін!
Тасбақа келеді.
Тасбақа:
- Айналайын адамзат! Мен Жүйріктің анасы едім. Кішкентай баламды тауып бергендерің үшін алғысымды айтуға келдім.
Қалқанқұлақ:
- А-а-а, сіз біз тауып алған кішкентай тасбақаның анасы екенсіз ғой... Балаңыз өте тәрбиелі жақсы тасбақа.
Тасбақа:
- Аңсаған армандарыңа жетіңдер, қарақтарым. Ал, мен кетейін. Жүйрік іздеп қалар.
Қалқанқұлақ:
- Жүйрік! Тауып қойған екен не де болса. Келесі кім?!
Маса:
- М-м-м, мені бәрі қанішерсің дейді. Көрсе көзімді жоюға тырысады... З-з-з
Еһеей, адамзат! Сен мені естимісің? Еһеей адамзат!
Ұйқыдан оянса, кеудесінде құмырсқа тұр екен.
(Ары қарай түсірілген)
* * *
Жолмен Зарина келеді.Екі кесір бір-бірімен тал артынан сығалап қарап сөйлеседі.
1-ші:
- Әне келе жатыр...Қалқанқұлақтың әпкесі мазақтай.Қазір мұны тоқтатпасаң, інісімен бірге жақсылық жасауға бұл да кірісіп кетеді.
2-ші:
-Қалай тоқтатамыз?!
1-ші:
- Қорқытайық..Қыз ғой...Қорқып қаша жөнеледі де, енді бұл жаққа қайтіп аяқ баспайды!
2-ші:
- Түрімізді қорқынышты етіп алсақ ше?
1-ші:
- Сенің түрің онсызда қорқынышты! Күледі
2-ші:
- Рас па? Сенің де түрің оңып тұрған жоқ.
1-ші:
- Онда неге тұрмыз? Қорқытайық! Олар екеуі де жолға атып шығады.
2-ші:
- А-а-а-а сен қайдан келесің, қыз?! Қорқытып сөйлейді. Зарина тоқтап қалады да күліп жібереді.
Зарина:
- Менде не жұмыстарың бар, қане жолдан тұрыңдар былай? Және анау бетперделеріңді шешіп тастаңдар, түк те күлкілі емес!
1-ші 2-шіге сыбырлап:
- Мынау тіптен қорықпайды ғой, өзі.
2-ші:
-Сен біздің кім екенімізді білесің бе өзі?
Зарина:
- Жоқ, білгім де келмейді. Киноға түсіп жүрген сияқты киініп алыпсыңдар ғой.
1-ші:
- Киносы нес? Мына қыз бізді мазақ етіп тұр. Мен бұдан әрі шыдай алмаспын. Кесірткеге айналады.
2-шісі кесірткені көріп қорқып қаша жөнеледі. -Ойбай, кесіртке!
Кесіртке айбат шегіп, Заринаға қарай жүреді.Зарина қорқып қалады. Шегінеді.
Кесіртке:
- Ал қалай екен? Бар енді, үйіңе қайт! Әке-шешеңе сәлем айт! Ха-ха-ха.Зарина «а-а-а!»-деп шыңғырып қашып кетеді. Кадр тездету керек.
Қалқанқұлақ
Cиқыршы шал теңіздің астында қобыз тартып жыр жырлайды.
Қилы-қилы замандар өтер, қобызым оған мұң қосар, жылдарда жылжып, уақытта жетер. Теңіздің орны құм басар, ештеңгі мәңгі тұрақты емес, тауларда жылжып қозғалар. Ертеңгі аңыз тәрбие көзі, жақсыдан жақсы, сөз қалар, жақсылық жасап үйренсе бала, еңбегін жанса, жарадым, жақсылық әні, өмірдің мәні түіне білсең қарағым...
* * *
Мыстан:
- Бәрі дұрыс па?
Олжас:
- Иә, біз атаны құтқардық...
Бақберген:
- Сізге сәлем айтты...
Мыстан:
- Рас па?! (Риза боп қалады.) Аман болсын әйтеуір, алтын балықтары да... өзі де... Ал енді, балалар, қоштасар сәт жетті-ау деймін... Сендерге әбден бауыр басып қалыппын... Қимаймын тіпті...
Олжас:
- Ой, апа, біз Сізге барып тұрамыз... Бақберген, солай емес пе?!
Бақберген:
- Әрине,... мен Сізге баян ойнап беремін... Шәй ішеміз, тәтті тортпен?!
Мыстан:
- Торт? Ол не нәрсе?
Бақберген:
- А-а-а... Сіз торт жеп көрмегенсіз бе? Ол деген балмұздақ сияқты дәмді нәрсе!!!
Мыстан:
- Балмұздақ? Дәмін татпақ түгелі естімеген нәрсем екен! Біздікі сол... саңырауқұлақ пен итмұрын... анда-санда бүлдірген теріп жейміз... Ех-хһ... шіркін! Жарайді, айналайындар... Сендер өз замандарыңа, ал мен ормандағы өз үйіме қайтайын. Бір келгенде анау төрт дедіңдер ме, бес дедіңдер ме, соларыңнан ала келерсіңдер... Ал әлгі... бал...бал...
Олжас:
- Балмұздақ апа...
Мыстан:
- Иә... сол мұздақтарыңды да жеп көргім келіп-ақ тұр... Әйтпесе осы 738-ге толамын осы күзде... бірақ әлі көрмеген нәрсем көп екен, ә?...
Балалар бір-бірімен сыбырласып, келісіп алады.
Олжас:
- Апа... Сіз бізбен бірге жүрсеңізші...
Бақберген:
- Иә, апа! Балмұздақ жеп қайтасыз... Дәмі деген тіл үйіреді!!! 738-ге келіп балмұздақ жемедім дегенге кім сенеді? Бізден басқа ертегілер елінде мұныңыздыешкім естімесін...
Олжас:
- Біз сізге жаңа қаланы көрсетеміз! Қыдырып, қызық көріп қайтасыз... Қазі үйге барғанда не істейсіз?!
Мыстан:
- Ештеңе де істемеймін...Тек сендер қашан келер екен деп жатамын дә...
Олжас:
- Онда күтіп неғыласыз? Міне, біз алдыңызда тұрған жоқпыз ба? Кеттік, әже...
Бақберген:
- Жүріңіз, ойланбаңыз...
Мыстан (ойланып):
- Эх-һһ, кеттік не де болса!!! Енді қанша өмірім қалды дейсің, әрі кетсе 200 жыл жасармын хи-хи-хи!
Олжас:
- Е, бәсе! Сыпырғыңызды оталдырыңыз онда...
Бақберген:
- Тоқтай тұр! Апа, сіздің мына киімнен басқа киетін көйлегіңіз бар ма?!
Мыстан:
- Несі бар екен менің киімімнің?
Олжас:
- Жоқ апа, сіз ренжімеңіз... Біздің заманда мұндай киімдерді кимейді,... түсінесіз бе? Заман басқа...
Мыстан:
- Ә-ә-ә, солай ма? Жәрәйді ендеше. Ал мына киім ше? (Бірден ауысады.)
Олжас:
- Жоқ, болмайды...
Мыстан:
- Мынау ше? (Қыстық киім)
Бақбарген:
- Жоқ апа, қазір жаз ғой...
Мыстан:
- Мына көйлек қалай?.. (Гүлді көйлек)
Олжас:
- Болады!!! Бас киіміңізді ауыстырсаңыз болды.
* * *
Балалар мен Мыстанның қала аралауы. Көл, «Тұлпар», Мега, зообақ т.б. жерлерді көріп таң-тамаша қалады. Велосипед айдау т.б. Балмұздақ жейді. Көңілді жүреді. Қоштасу сәті.
Мыстан:
- Расында да дәмі керемет екен! Шаһар да маған ұнады! Бір жасап, жасарып қалдым! Сендерге көөөп рахмет! Мен енді ертегілер елінде жамандық жасамауға уәде беремін! Тек жақсылық жасаймын! Оған да уәде беремін!
Олар Мыстанмен қоштасып, шығарып салады.
* * *
Олжастың үйі
Олжас көңілсіз. Мысығын қолына алып:
- Қане, мысығым, бірнәрсе деші...
Мысық:
- Мияу-у-у...
Олжас:
- Жоқ, сөйлесші, менімен... адам сияқты... ой, мысық сияқты...
Мысық:
- Мияу-у-у...
Олжас:
- Түк түсінсем бұйырмасын... Сиқыршы ата жүрегіңмен тыңда деген еді... Жүрекпен қалай естисің, құлақпен естімеген дауысты?! (мысықты жібереді.) Бара ғой, енді... Мияу, мияу... не айтып жатыр екен а?
Аквариумдағы балықтарға келеді. Құлағын тосып тыңдайды.Ештеңе естілмейді.
Олжас:
- Балықтар сөлемейді... Ал бұрын қалай сөйлеген?! Мен олардың не айтқанын естіген едім ғой... Өз құлағыммен... Жоқ... өз құлағым емес... Қалқаңқұлағыммен... Ту-у-у... сол құлақпен жүре беру керек пе еді?!
Көңілсіз кетіп бара жатқанда, тотықұс:
- Қалқан-құлақ!!! – деп сөлейді.
Олжас қуанып кетеді:
- Естідім! Қалқанқұлақ деді!!! Естідім!
Есіктен Айжан қарап тұр еді.
Айжан:
- Оны мен де естідім... «Қалқанқұлақ» - деді...
Олжас:
- А-а?! А-а-а... бұл тотықұс екен ғой... Қуанып кетсемші... Қап... қандай өкінішті!!!
Айжан:
- Олжас, мен сені түсінбеймін. Құлағың қайтадан орнына келді, қуанудың орнына күннен-күнге көңілсіз болып барасың? Неге?!
Олжас:
- Өзім де түсінбеймін... Мен Қалқанқұлақ кезімде құмырсқаның да не дегенін естіп түсінетінмін... Ал қазір...
Айжан:
- Сонда не болыпты?! Құмырсқаның не айтатынында не жұмысың бар? Ата-анаңды, достарыңды... Мына менің айтқандарымды түсінсең болды емес пе? Мұғалімдердің айтқандарын тыңдасаң, білім аласың, ол өзіңе жақсы... Мысықтың «мияу» - дегені, маған тыныштық бер дегені... Оның ұйқысы келді. Ал мына балықтар: «Бізге қашан жем шашасың, асыра алмайтын болсаң, неге сатып аласың?» - деп тұр... Бәрі оп-оңай...
Олжас:
- Иә, саған бәрі оп-оңай... Сен мен сияқты жан-жануарлар мен жәндіктердің тілін түсініп, олардың жан-дүниесіне енген жоқсың ғой!
Айжан:
- Енгім де келмейді! Маған ит үрсе қарны ашқаны, немесе, босат дегені. Қарға қарқылдаса қар жауады. Сауысқан шықылықтаса қонақ келеді!...
Олжас:
- Болды, жетер!!! Сен мені түсінбейсің, ал қарға мен сауысқанды түсінесің... Бұл қалай болғаны? Мен...мен... әй, қойшы...(шығып кетеді.)
Айжан:
- Міне, енді бәріне мен кінәлі болдым... Мысығым, қане келе ғой... (Қолына алады)
Мысық:
- Мияу...
Айжан:
- Мен де сені жақсы көремін мысығым, сүт ішемін дейсің бе? Қазір... беремін...
Олжас үйінен шығып бара жатады. Итіне:
- Ары кет, Акелла! Мен сені бәрібір түсінбеймін.Мысықты да, тотықұсты да, балықтарды да естімеймін! Мен енді баяғы Қалқанқұлақ емеспін. Түсінесің бе? Ех-х-х!!! (көңілсіз кетеді.)
* * *
Саябақта Бақберген мен Олжас сөйлесіп отыр.
Бақберген:
- Олжас, бәрі дұрыс, бәрі жақсы... Енді саған не керек?
Олжас:
- Ештеңе керек емес. Маған баяғы құлағым керек! Мен... қайтадан Қалқанқұлақ болғым келеді!
Бақберген:
- Ту-у-у, сен қызық екенсің... Біз сенің құлағыңды қалпына келтіру үшін небір қиындықтан өттік... Жеті жақсылық жасадық. Мыстанға барарда сәл болмағанда батпаққа бата жаздадық....Ал сен қайтадан Қалқанқұлақболғың келеді.
Олжас:
- Бақберген өтінемін... Сиқыршыны қайта іздеп барайықшы...
Бақберген:
- Сен өзі сөз түсінбейді екенсің... Жоқ!!! Ешқайда да бармаймыз, ешкімді де іздеймейміз! Егер дәл қазір мені тыңдамасаң, мен кеттім! Сау бол!
Олжас:
- Бақберген, тоқта! Сен не, өкпелеп қалдың ба? Сен мені дос ретінде түсінеді ғой десем... Бақберген!!!
Бақберген кетіп қалады.
Олжас орнынан тұрып, көңілсіз жәй басып келе жатыр. Бір кезде есіне баяғы цирктегі ауырып қалған арыстан түседі. Ол сәл ойланып тұрады да тезірек Цирк ғимаратына қарай жүгіре жөнеледі.
* * *
Цирк ғимараты. Олжас кассир апайға:
- Апай, арыстан жазылды ма?
Кассир:
- Жоқ айналайын, әлі жазылған жоқ. Бір апта болды тамақ ішпегеніне...
Олжас:
- Мм-м... түсінікті... ал оны көруге бола ма?
Кассир:
- Жазылғасын көресің... бар, бара ғой...
Олжас көңілсіз жан-жағына қарап тұрды да, ашық тұрған есіктен ішке лып етіп кіріп кетеді. Цирктің ішін тығылып жүріп аралайды. Келе жатқан сайқымазақты көрді.
Олжас:
- Саламатсыз ба, аға!
Клоун:
- Ой, балақай, сәлем! Мұнда неғып жүрсің? Бізде бүгін көрсетілім жоқ...
Олжас:
- Мм...м...мен билет сатушы апайдың немересімін... Сіз арыстандардың тұрағы қайда екенін білесіз бе?
Клоун:
- А-а-а, Қатира апайдың немересімін де... Арыстан деймісің? Мынадан былай қарай тіке жүр де, оңға бұрыласың! Абайла, бала, арыстан ашулы, ауырып жатыр...
Олжас:
- Білемін, мен тек сыртынан бір көрсем деп едім...
Клоун:
- Онда, жақсы! Кездескенше, балақай!
Олжас солай қарай жүре отырып «аң үйретуші» деген жазуы бар есіктің алдына тоқтайды. Есікті қағады. Іштен «Кіріңіз» - деген дауыс естіледі. Олжас жәйлап есікті ашады.
- Амансыз ба?
Аң үйретуші:
- Мен аманмын-ау, менің арыстаным аман болмай, мазам қашып тұр. Бір апта бойы ауырып, тамақ жемейқойды. Не істерімді білмеймін... (беторамалын алып, көз жасын сүртеді.)
- Арыстай болған арыстаным-ау!!! (Жылайды)
Олжас:
- Әлі-ақ жазылып кетеді... Дәрігерлер не деп жатыр өзі?
Аң үйретуші:
- Білмейді ешкім... Үш мал дәрігері келді... Үшеуі де анықтай алмады...
Олжас:
- Аға, мен бір көрсем бола ма? Мен кішкентай кезімнен үйдегі мысығыммен жақсы сөйлесетін едім... Арыстан да мысық тұқымдасына жатпай ма?
Аң үйретуші:
- Ол – аң патшасы! Сенің мысығың оның тырнағына да татымайды! Бірақ... көрсең көр... тіпті не істерімді білмей тұрмын... Мүмкін расында да арыстанымның хал-жағдайын түсінерсің...
Олжас:
- Түсінуге тырысайын, аға...
Аң үйретуші:
- Әне... анау жатқан науқас арыстан. Жүр... жақынырақ барайық.
Олар науқас арыстан жатқан торға келеді.
Аң үйретуші:
- Міне... жанында көп тұра алмаймын... көңілім босап кетеді.Сен сөйлесіп көр... тілін түсінсең... Мен бара тұрайын...
Олжас арыстанмен қалады.
Олжас:
- Арыстан... арыстанжан... Сен аң патшасысың, оны білетін шығарсың... Осыдан екі апта бұрын, мен бүкіл аң-құстардың тілін түсінетін Қалқанқұлақ едім... Ал қазір... жәй баламын...
Арыстан балаға бір қарап, үндемей жата берді.
Олжас:
- Сенің жазылып кетуіңе бүкіл балалар, яғни сенің көрермендерің шын тілектес, естимісің? Әне, сенің үйретуші иең де...жүрегі ауырып жылап жүр... Не болды саған, айтшы... қай жерің ауырады? Не себепті тамақ жемей қойдың?
Арыстан үндемейді....
Олжас:
- Мен саған басымнан өткен қызықты хикаямды баяндап берейін, ал сен содан соң қай жерің ауырып жатқанын айтарсың... келістік пе?
Онда тыңда, арыстаным...
Қалқанқұлақ пен оның адал досы туралы және Сиқыршы ата жайлы оқиғаға құлақ сал...
Олжас арыстанға басынан өткен оқиғаны бастан аяқ баяндап береді. (қысқаша көріністермен бейнебаян)
* * *
Ех-х!!! Сен мені түсінбедің, арыстан. Мен де сені түсінбедім. Өкінішті-ақ! Жарайды, жазылып кет.(Осы сәтте құрмысқамен сөйлеседі.)
Құрмысқа:
- Ей Олжас мен мұндамын, мені естимісің?
Олжас:
- Бұл кім? Құрмысқа? Сен ба сөйлеп жатқан... әлде мен қайтадан естіп тұрмын ба?
Құрмысқа:
- Жоқ... Мені адамша сөйлетірген сиқыршы шал рұқсат берген...Мен саған айтып берейін, арыстанның не үшін ауырып жатқанын, оның екінші сыңары басқа жақта,ол егізін қатты сағынған. Егерде екінші арыстанды алып келсең мына арыстан жазылып кетеді...
Олжас:
Рахмет саған құрмысқа... менен сиқыршы шалға сәлем айт!Жақсы, ал ендіше бара ғой...
Құрмысқа:
- Кезінде сен менің баламды құтқарғасың, жақсылықтың аты жақсылық...
Олжас:
- Алақай!!!
* * *
Аң үйретуші:
- Иә, балақай білдің бе арыстанның қай жері ауыратыны?
Олжас:
- Ия, білдім...
Аң үйретуші:
Рас па?Қане айта қойшы?!
Олжас:
- Бұл арыстанның сыңары бар екен ғой...
Аң үйретуші:
Ия бар, оны зообаққа беріп жібергенбіз...басшылар солай шешкен.
Әп-әпдемі сүйкімді еді. Екеуі күні бойы алсып ойнайтын еді... керемет еді.
Олжас:
- Бұл арыстан, сол сыңарын сағынып ауырып қалған. Түсінесіз бе?
Аң үйретуші:
- Түсінгенде қандай...Өйткенде Астанаға барғанда гастролге кеткем, 3 жасар балам мені сағынып, әкем қашан келеді әкем қашан келеді деп... сағынып ауырып қалыпты. Қазақта мұны ішігу дейді. Оны естіп тез ұшақпен үйге келдім де... Сөйтіде балам мені көрді де бірден жазылып кеті...
Олжас:
- Міне көрдіңіз бе... зообақтан бұл арыстанның сыңарын алдырту қажет.
Аң үйретуші:
- Дұрыс айтасың. Қане жүр директорға барып, осы айтқандардың бәрін түсіндіру керек.
Олжас
- Барсақ, барайық!!!!
* *
Олар директорға кіреді.
Директор
- Ия, не мәселі бойынша?
Аң үйретуші:
- Біз әлгі арыстан туралы...
Директор:
Ия, білемін... Қазіргі жағдайы қалай екен...
Аң үйретуші:
- Сол бір қалыпты... тамақ ішпейді, тек анда санда су ішіп қояды болды... Ойнауды да мүлдем қойды. Мына бала айтады, зообаққа беріп жіберген сыңары бар ғой... соны сағынып ішіккен дейді...
Директор:
- Әбден мүмкін. Бұл бала оны қайдан білген?
Аң үйретуші:
- Арыстанның өзі айтады дейді...(күліп қояды)
Директор:
- Қызық... Сен сонда аңдардың тілін түсінетін болдың ғой я?..
Олжас:
- Иә, мен оны түсіндім... Егер сіздер сыңарын алып келсеңіздер, ол жазылады.
Директор:
- Бәсе, жаңа ғана зообақтан хабарласып еді. Ол жаққа жіберген арыстанымызда тамақ ішпей, дәл осылай ауырып жатқан көрінеді.
Олжас:
- Иә, ағай! Сыңарын алдыртсаңыз екеуі де жазылып кетеді.Бір-біріне ажырап қалған соң, сағыныштан ішқұса болған.
Директор:
Жарайсың, балақай! Мен қәзір зообақтың басшылығына хабарласып, мән-жайды түсіндірейін. Әйтпесе екеуінің де обалына қалармыз. (Ол телефонды тере бастайды)
Олжас пен аң үйретуші бір-біріне қарап, мәз болып күледі.
* * *
Бақберген үйінде баян тартып отыр, бір кезде телефонға Олжас хабарласады.
Олжас:
- Ало Бақберген, Бақберген!!!
Бақберген:
- Мен сенімен ешжаққа да бармаймын!
Олжас:
- Циркке де ме?
Бақберген:
- Циркке дейсің бе?...
Олжас:
- Ия, иә... дәл қазір цирктың алдында отырмын. Мен екеумізге билет алып қойдым... алдыңғы қатардан, Бақберген қызық болады.
Бақберген:
- Ол жақта арыстандар да болады ма?
Олжас:
- Болғанда қандай. Тез кел!!! Жарайды!!!
Бақберген:
Е-е-е, Олжас-ай, сағанда дауа жоқекен...(күледі.)
* * *
(Олжас пен Бақбереген цирк көрінісін тамашалап отыр)
Сиқыршы шалдың өсиеті:
Ал, балалар баршаңға, айтайын бұл ақ түріңде, жақсылық жасап шаршамай, мейірімді бола біліңдер... Ертегі тыңдап жалықпай, тәрбие ала жүріңдер, жаман бір мінез танытпай, жақсы адам бола біліңдер... Судағы алтын балықтай, жарқырап өмір сүріңдер!!!
* * *
(Бақберген мен Олжас паркте келе жатады.)
Олжас:
- Міне, бәрі де жақсы бітті. Арыстанның балалары да жазылып кетті. Цирк қайта жалғасты!
Бақберген:
- Жоқ, Олжас... Ештеңе де біткен жоқ! Біздің достығымыз да әрі қарай жалғасады, яғни бізді алдан қызықты оқиғалар күтіп тұр. Солай емес пе?
Олжас:
- Біздің достығымызға әрине жалғасады! Тек құлағымның кішірейіп қалғаны болмаса.
Бақберген:
- Өй, сен әлі «Қалқанқұлақ» болғың кеп жүр ме? Біз осы өз құлағымызбен-ақ талай жақсылықтар жасаймыз!
Олжас:
- Иә, біз әр күн сайын жақсылық жасауды жалғастыруымыз керек! Тек жақсылық жасаудың жалғасытруымыз керек! Тек жақсылық жасауда біреулердің кесірі тимесе болғаны!
Бақберген:
- Біз олардан қорықпаймыз! Қайта қарсы күресіп, жеңіп шығумыз керек. Түбінде бәрібір жақсылық жеңеді емес пе?
Олжас:
- Иә, солай! Бірлігіміз мықты болса, бізді ешкім де жеңе алмайды. Ал ендіше тек қана алға! (Алға деген сөзді екеуі бірге айтады.)
Олар ұзап бара жатқанда арттарынан үш кесір пайда болып қарап тұрады.
Соңы