Адам қарады: 397 | Жарияланды: 2018-05-17 02:47:52

Сауысқан

Мəлік дəптерлерін ақтарып жатқан баласының жанынан өтіп бара жатып:

-Балам-ау,қай сабағыңды орындағалы отырсың?-деп үйреншікті əдетімен сұрай салған.

-Əдебиеттен құстар жөнінде шығарма жазып келіңдер деп еді.Маған сауысқан туралы тап келгені.Интернеттен қарасам ба деп отырғаным.

-А-а,сəл шыдасаң мына көрші үйге барып келейін.Келген соң,пайдаңа жараса басымнан өткен бір жəйтті айтып берейін.

-Мақұл.

Шəй қайнам уақыттан кейін оралған Мəлік баласымен екеуі диванға жайғасып,əнгімесін бастап кетті.

-Зейнеткерлікке шығуға шамалы-ақ қалған Андрей атты орыс ағаймен жұмыстас болғалы үш-төрт айдай болған-ды.Сыйластықтармыз əке мен баладай.Оған себеп,жұмыстасым əкеммен түйедей құрдас.Алғашында аты-жөнімен айтып жүрдім де,кейін"батя"деуге көшкен едім.

Кезекшіліктерімізді қабылдаған соң,екеуіміз-ақ қаламыз.Жұмысымыз жылу беру орыны яғни,жалпақ сөзбен айтқанда"котелный"Ол кезде газ əлі келмеген.Отты көмірмен жағамыз.Менің міндетім түнгі он екі-бірге дейін құрылғыларға қарап қойып,таңертеңге жететіндей қылып көмір тасып қою.

Кейде Андрей шалға қызықты орысша кітап əкеліп берем де,жұмыстарымды бітіріп ертерек жатып қаламын.Ол кісі қазақша сөйлеу білгенімен де,орысша басылымдарды оқитын.Сөйтіп,алаңсыз күндер өтіп жатты.Бір де таңертең басшылар келіп қалады-ау деген уақытта оянсам,шалдың түрі қатулы."Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ"демекші не де болса жөн сұрамақ боп:

-Батя,что случилось?И ты такой хмурный?-деп жаман орысшамды басып жібердім.

-Əй бала,қазақша айтсаң да түсінем ғой.Ана далаға қойған"салоны"сен жеп қойдың ба?Сұрасаң да беретін едім ғой.

-Жоқ"батя"мен алғаным жоқ.

Ант етейін

-Сонда кім алған?-деді мұның сөзіне сеніңкіремей.

Арада бір-екі кезекшілік өтіп кеткен.Əдеттегідей мезгілде тұрсам,Андрей шал күлімсіреп:

-Сен бала айып етпе"Салоны"кім алғанына көзім жетті.Күндегі жеріне қойып,таң ата барсам,қалай еді əлгі құс,сорока...

-Сауысқан деңіз.

-Иə,ия сауысқан ауызына қыстырып ұшып бара жатыр Маған ренжіме.Шынымды айтсам,сен жеп қойған болар деп ойлап едім-деді арқамнан қағып.

-Сонда білдім сауысқанның қандай құс екенін-деп Мəлік əнгімесін аяқтады

Қазақ тілінде жазылған