Алма
Зілбатпан, ап-ауыр бірдеме кеудемнен басып, тұншықтырып барады.Басымды көтерейін деп ұмтыла беріп, ортан беліме мініп отырған Мәриямді көрдім. Екеуміздің креуетіміз қатар тұратын.
-Өй, бұның не? Дейін деп аузымды аша беріп едім, ол:
-Тіс-с-с! Ақырын, Сәлима! Креуеттің астында біреу бар деді үрейлене сыбырлап, жан-жағына алаңдай қарап.
Күздің айсыз қараңғы түндерінің бірі еді. Бөлме іші тым-тырыс, қап-қараңғы. Пыс-пыс еткен ұйқыдағы қыздардың демалдысынан басқа дыбыс жоқ.
-Ей дос, қойшы-ей-дедім мен ұйқымды бұзғым келмей кейіп. Жатшы орныңа! Мәриямді өз кіреуетіне қарай итере салдым.
Жамбасы креуетке тиер-тимес ол:
-Ой-бай! Әне! Көтеріп барады мені-деп қарғып келіп менің үстіме тағы отыра кетті. Ол үнемі қылжақтап жүретін.Сондықтан тағыда ойнап тұр екен деп ойладымда:
-Қойшы-ей ойнамай! Жатшы-дедім оны тағыда креуетіне қарай итеріп.
-Ж-о-о-қ жатпаймын! Креуеттің астында біреу бар.
Қалтыраған оның үрейлі дауысы жарқышақтана шықты. Мен тұрып шам жақтым. Екеуміз креуеттің астын, шифоньер мен шкаптардың ішін, үстел, орындықтардың астын түгел қарап шықтық.
- Әне ештеңе жоқ. Жата бер енді-дедім шамды сөндіріп.
Ол креуетіне күмп етіп жата кетті. Жамбасы креуетке тигені сол екен дағыда:
-ой-бай, өл-д-е-е-м-деп жерге домалап түсті де, қайтадан қарғып тұрып келіп менің креуетіме секіріп шығып алды:
-Ж-о-о-қ дос! Креуеттің асытнда біреу бар-деп шыңғырып жіберді.
Оның дауысынан шошып оянған қыздар:
- Не болды? Не болды?!- десіп үрейлене секіріп, секіріп тұрысты төсектерінен.
-Бөлмеде біреу бар! – деді үрейлі дауысы дірілдеген Мәриям сыбырлап.
-А-аһ?! – десті қорыққан қыздар.
Одан соң біреуі барып шам жақты.
Бірін-бірі жетектеген қыздар бейне біреу оянып кетпесін дегендей сыбырласа жүріп, қорқа-қорқа креуеттердің астын, шифоньер мен шкпатардың ішін, есіктің артын, тумбочкалардың ішіне дейін тағы бір қарап шықты.
Онша-мұнша дауысқа ояна қоймайтын Міргүл орнынан керіле түрегеліп, саспай барып Мәриямның матрасын көтеріп қалды. Оның асытнда үлкен қызыл алма домалап жатыр екен.
-О, қасқалар! – деді Міргүл.
Ол әлгінде ауылдан келген. Сәлемдеме үлестіргенде Мәриям арамызда жоқ еді. Оған тиесілі алманы креуеттегі матрастың астына таға салған. Ол домалағанда креуеттің сертпелі темір торлары қозғалып әлгі Мәриямның жамбасын қытықтаған болу керек.