Қарлығаштың құйрығы не айыр? Білгіңіз келсе...
Балаларға арналған бір сағатты аңыз спектакльді көріңіз
Қатысушылар:
1. Қызыр ата.
2. Күн.
3. Қара бұлт.
4. Қарлығаш.
5. Қара торғай.
6. Қарға.
7. Адам.
8. Аю.
Басталуы.
(Көңілді музыка ойнайды. Сахна пердесі ашылмай турып қараңғы ортаға қолына әйбетті аса ұстаған Қызыр ата ақырын жүріп шыға келеді. Асасын еденге тарс ұрған кезде оның бас жағында жарық жанады. Сөз бастайды).
Қызыр ата:
Ерте-ерте ертеде,
Күлімдеп күн шыққанда.
Ай жұлдыздарын аспанға,
Маржандарын шашқанда.
Қол созсаңда жетпеген,
Лақтырсаң тас тимеген,
Биік-биік аспанда,
Жасапты бүл жас желкен.
Оның дархан көңілі мұқиттай терең, жүрегі оттай ыстық, таза, жаны мейірім шапағатқа толы болғандықтан оны адамдар Күн деп атайды екен. (Қызыр ата қолдағы таяғын еденге және бір урғанда сахынада Күннің нұры (сәулесі), жалт-жұлт еткен жарығы пайда болады).
Нұрдың астынан Күн жүгіріп шығып келеді, залдағы балалармен амандасып, (диалог басталады).
Күн: -Сәлеметсіңдерме балалар! Қалдарың қалай!
-Театырға өздерің келдіңдерме, жоқ, ата-аналарыңмен бірге келдіңдерме? Иә, түсіндім. Муғалімдерің ертіп келген екенғой. Қанеки сол мұғалімдеріңе бір қол шапалақ шалайық. (Мұғалімдерді орнынан турғызады).
Күн: -Рахмет, балалар, рахмет. (Залдағы балаларға алғыс білдіреді).
-Қане-қане е, ал сендерді ата-аналарың ертіп келдіме? О, керемет! Қанеки, олай болса ата –аналарғада бір шапалақ шалайық. (Ата-аналардыда орындарынан тұрғызады).
Күн: -Иә, сен қолыңды көтеріп жатырсыңғой? Не айтайын деп едің? -Мені ағам ертіп келді дейсіңбе? О, керемет, керемет. Олай болса інілеріңмен қарындастарыңды театрға ертіп келген аға, әкпелерге бір рет қол шапалақ тап жіберелік. (Аға, әпкелері орындарынан турады).
Күн: -Иә, енді болған шығар, енді тағы шапалақты кімдерге шаламыз? Дәл айтасыңдар, сахнада рөл ойнайтын әртістерге шапалақ шаламыз. Солай емеспе балалар. (Тыныштық орнайды).
Күн: -Балалар, менің бір ұсынысым бар. Сендер қалай қарайсыңдар? Міне сендер мектепте өз ана тілдеріңде - қазақ тілінде білім алып, оқып жатыр- сыңдар, распа? Немесе, жалғаннан қурыбекер мектепке барып, келіп, смартфон ойнап уақыт өткізіп жүрсіңдерме? Қандай баға алып жүрсіңдер. Бес пе? Бәрекелді! Қанеки, сол беске оқып жүрген балалар, орындарыңнан тұрыңдаршы. Өздеріңе өздерің тағы бір шапалақ шалып жіберіңдерші, (орындарынан турғызып шапалақ шалады).
Күн: -Иә, міне енді болдығой деймін. Шапалақ шалуды осымен тоқтата турайық, қазір спектаклімізді бастаймыз. Спектакль негізі неден басталады? Білесіңдерме балалар? Білмесеңдер мен айтайын, ол қуанышты, көңілді әнмен басталады. Сол үшін не істейміз? Дурыс! Шапалақ шалып спектакльге қатынасатын әртістерді сахынаға шақырып, таныстырайық. (Әртістерді таныстырады).
Күн:
Қолындағы асасы,
Үшкір әрі айбынды.
Салып қалса еденді,
От ушқынын шашады.
Күн: -Сақал мурты аппақ бұл кісіні Қызыр ата деп атаймыз. Байқаған боларсыңдар, ол ертегіні бастап берді, әрі соңынада осы Қызыр ата шығарады.
Күн: -Балалар мына кісіні танисыңдарма, бұл кім? – Әртіс. Дәл айтасыңдар, бұл әртіс (фамилиясы айтылады).
-Балалар, мен сұрағымды тағыда қайталаймын, бұл кім? Басы бар, басының үстінде қара шашы бар, шашының астында ақылды мыйы, қара түсті екі көзі бар, узын екі қолмен екі аяғы бар, онда оннан оннан жиырма саусағы бар, бұл қандай жан? Кітап оқийды, жазу жазуды, қысқасы, жұмысты зерікпей істей алатын ол кім? Оны балалар Адам, деп атайды!
Адамдардың, адамы,
Мейір, шапағатты адам.
Жақсылыққа, жаны қумар,
Бұл әлемде, бар шығар,
Дәл, осындай бір адам.
Күн: -Мынау, әртист Қарлығаш ролін атқарады..
Қарлығаш,
шиық – шиық,
Есігіңді аш.
Есігіңді ашпасаң,
Түңлігіңнен түсемін, - деген өлең жолдарын, сендер оқығанба? Иә бұл осы ғажайып сұлу, әдемі дауысты құсқа арналып жазылған өлең жолдары, балалар. Мен бұл өлеңде бір сөзді түсіне алмадым, сендер түсіндіңдерме, білесіңдерме? Түңілік деген не? Бүгінгі мына бақытты заманда түңілік деген нәрсе барма? Бар болса қай жерге қойылады? –Бәсе, балалар, дәл айтасыңдар. Ертеде үйлердің төбесінде тесік қалдырлатын еді, ол үйдің ауасын тазартып, желдетіп тұратын рөл атқаратын. Әне сол тесікті түңлік деп атайды. Түсіндіңдерме? (Залда балалар жауабы естіледі).
Күн: -Балалар, мына құсты сендер білесіңдерме? Дұрыс айтасыңдар, бұл Қара торғай. Ол туралы өлең білесіңдерме ? Білмесеңдер мен айтып берейін:
Төресі бұл құстардың,
Құрметтейді барлығы.
Үй жасап әп-әдемі,
Кіргізіпте қояды.
Күн: -Солайма, балалар! Қара торғайға үй жасап тал-теректерге ілгендер араларыңда барма? Қанекі, кім? Сенбе? Атың кім? (Атын айтады, таныстырады). -Иә, балалар, мына жігітке бір қол шапалақ шалып жіберейік.
Күн: -Балалар бұл кім? (Қарғаны көрсетеді. Балалар айтуы керек). Дұрыс айтасыңдар, бұл Қарға.
Күз келгенде сап сары,
Тіл бітеді бұл құсқа.
Қар, қар, керек деп Қарға,
Кешкедейін қарқылдар.
Күн: -Балалар, бұл өлеңде, сендер түсінбейтін сөз барма? Жоқ? Онда мына «қарқылдайды» дегені несі? Түсінбедімғой? Қанеки, сен айтшы, айқайлайды деген сөзбе? Иә, енді түсіндім.
Күн:
Лезде-ақ түнеріп,
Жетіп келер бұл бейбақ.
Боран-шашын ап келіп,
Жоғалады, тез қашып.
Жаудырады жаңбырын,
Сұрамастан ешкімнен.
Бұтақтарды сындырып,
Бақшаларды ойрандап.
Күн: -Бұл кім? Балалар, бұл адамызат пен табиғатқа апат алып келетін Қара бұлт. Бірақ уайымдамаңдар, тәртібі жоқ баланы тәрбіелеуге болғандай, Қара бұлттыда тура жолға салатындар бар. Сендер осы аңыз - ертегіні көрген соң бәрін түсінесіңдер.
Күн: -Мынау тойтаңдап жүрген үй жаныуарыма, әлде жабайы жануарма? Кім біледі? Дұрыс, бұл Аю! Жабайы жаныуарлар тобына кіреді. Ал енді үй жануарлары қайсылар? Білесіңдерме? Дұрыс, жылқы, сыйыр, қой, ешкі, есек, бұзау, іт, мысық, марғау, қозы, ылақ, тауық, қораз, үйрек, қаз міне бұлар үй жануарлары болып саналады. Солайма, балалар?
Патышасы орманның,
Тойтық Аю бұл өзі.
Жаздың бойы бал жинап,
Күшіктерін бағады.
Күн: -Байқаймын залда отырған балалардың маған сұрағы бар сияқты? Қанеки – қанеки? Аюдың баласын не дейміз? Күшікпе, немене баласы деймізбе? Екеуде дұрыс, көбінесе біз сөйлегенде, «баласы» деп солай атаймыз. Бірақ қасқыр, аю, түлкі, іттің балалары күшік болып саналады. Сондықтан бұл жануарлардың балаларын күшік дегеніміз дұрыс болады. Түсіндіңдерме балалар? (Тыныштық сақталып, жауап алынады).
Күн: -Ал, енді балалар мені таныдыңдарма? -Мен кіммін? Аспандағы ыстық күн? Оны басқалар қалай атайды? Нұр? Жарайды, күн депте, нұр депте атайық.
Күндізі мен адамға,
Әділ қызмет етемін.
Беріп қуат оларға,
Жасына жас қосамын.
Түн ішінде жұлдызбын,
Ай перінің өзімін.
Жүрегіне ғашықтың
Күйік отын саламын.
Күн: -Ашығын айтқанда мен Күнмін. Кім түсінбеді, сенбе? Қайсы сөзді? «Күйік оты» деген сөздіме? Ол махабат деген сөз, балалар, сендер есейгенде бұл сезімге сөзсіз бөленесіңдер. Түсіндіңдерме?
-Түсінсеңдер, енді ертегімізді бастайық, алдымен достарымызбен бірге ән салайық, сол үшін не істеуіміз керек, дұрыс! Шапалақ шаламыз. (Музыка ойналып, хор айтылады).
Туған жерім байтағым, Қазақстан нұр отан,
Туып өстім осында, нұрын құштым бақыттың.
Жүз отыз ұлт халқы бар, бірлікте қол ұстасқан,
Берекелі мекен жай, достығымыз жарасқан.
(Қайырмасы).
Біз бақытты, біз бақытты балалар,
Қайғы көрмей өсіп жатқан балалар.
Қазақ деген халықтың болашағы біз,
Біз бақытты, біз бақытты балалар,
Ля ля ля - ля ля ля - ля ля ля - ля ля ля – ля ля ля ля ля ля ля...
Соғыс деген сұмдықты көрмейікші достарым,
Сол үшінде тату боп, қол устайық достарым.
Достықты бузған адам, дұшпан деген махлуқты,
Бірлесіп жоғалтайық біз оларды достарым.
(Қайырмасы).
Біз бақытты, біз бақытты балалар,
Қайғы көрмей өсіп жатқан балалар.
Қазақ деген халықтың болашағы біз,
Біз бақытты, біз бақытты балалар,
Ля ля ля - ля ля ля - ля ля ля - ля ля ля – ля ля ля ля ля ля ля...
(Ән айтылып болысымен спектакль басталады).
Қараңғы сахына. Айналада толған жамыраған жұлдыздар, мұңлы музыка ойнап турады. Күн үстіне кійіп алған үлкен қап қара тонына оранып жатыр, оған суық тійіп қалған, жөтеледі, түшкіреді. Оң, сол қырына аунап жатады, отырады, сөз бастайды.
Күн: -Тауба, маған не болған? Еш уақытта мундай муздап, дірілдемеген едім? Бұл діріл қайдан келді, кімнің тілі тійді? Кеше аяқ астынан ауа райы бұзылып, бұлттап жаңбыр жаумақшы болып еді. Мен оны тоқтатқан едім, сол кезде денеме біраз суық су тійгенде денем тітіркеніп кетіп еді, іә содан суық тійдімекен? Осы Қара бұлтта қызық екен, шөп шабыс кезінде келгенін қарашы, диқандарға обал емеспе, жаздай тапқан – таянғанын бірақ күнде шірітіп жіберсе, бала –шағалары аш қалатын болдығой? -Тұратұр мен тағыда біраз оранып, қымтанып жата тұрмасам болмайтын сияқты.
(Күн оранып жатады, жөтеліп түшкірген көрініс оның ұйықтап кетуімен боранын қуйындатып Қара бұлт пайда болады).
Қара бұлт: -Ха, ха, ха! Ха, ха, ха! Мен деп кеудесін қағып жүрген Күннің түрін қараңдар, ха, ха, ха! Әне ол оранып бүркеніп, бұратылып жатыр. Кешеғана мені елдің алдында масқаралап, жаңбыр суларымды тоқтатып тастаған еді. Міне бүгін өзінің қалін қарашы, ха, ха, ха! Мені тыңдамаған едің, енді ауырып жатырсын. Ха, ха, ха! Ха, ха, ха!
Күн: -Ей, Қара бұлт сен не деп жатырсың, тағы келіпсіңғой, не бәле болды, кімнің шапқан шөбін шірітейін деп келдің?
Қара бұлт: -Сенің шаруаң болмасын, мен өзім білемін, ха, ха, ха! Менің ісіме араласпа десем тыңдамайсың, енді міне. Болды жатып деміңді ал ха, ха, ха! Ха, ха, ха! Мен өз білгенімді істеймін. Ха, ха, ха! Ха, ха, ха! Сен Күн әуеге шығып байтақ жерге нұрыңды шашып, жарқыратып тұрып алсаң, біз бұзақы істерімізді істей алмайды екенбіз, міне сен оранып жатып қалып едің, бізге рахат болды. Ха, ха, ха! Қарашы енді түнгі қараңғылықта, ұрлық істеүге болады екен. Ешкім көрмейді.
Күн: -Ей, Қара бұлт сенің нійетің недеген жаман, ұрлық істесем, біреудің шапқан шөбін шірітсем, даұылды боран соқтырып, бақшадағы жел-жемістерді қағып түсірсем дейді екенсің. Сенің осы қолыңнан бірер жақсы іс істеу келеме өзі тегі?
Қара бұлт: -О, недегенің Күн, сен менің ызамды келтіріп жатырсың, көптеген пайдалы істер, меніңде қолымнан келеді.
Күн: - Айтшы онда досым, ол қандай пайдалы істер? Менде бір естіп қалайын.
Қара бұлт: -Қарада тұр Күн, мен бұлттарымды қаптатып жаңбыр жаудырсам, атыздарды, далаларды суарамын, су шықпайтын тау жоталардағы гүлдермен өсімдіктерді суландырамын, нәр беремін, міне бұл аз шаруама?
Күн: - Бұл істеріңе разымын бұлт, бырақ әр нәрсенің өз уақты болады. Сен көктемде, күнде жаңбыр жаудырып, өзендермен көлдерді сумен толтырсаң, су тасқынын әкеліп егістік жерлерді саздандырсаң, бұдан адамдар зардап шегеді, астығын уақтында еге алмай қалады.
Қара бұлт: -Берсең көп дейді, бермесң жоқ дейді. Бұл адамдардың көңілін қайтіп тапса болады екен өзі? Әне, анау біік бүтақтардағы қолдары жетпейтін алмаларды қағып түсіріп берсем бұл ісімді де көрмейсің.
Күн: -Істеген ісіңді ешқашан міндет қылма. Істесең түзу істе, ағаштың ұшында қалған алманы қағып бергенің қуптарлық іс екен. Ал неге сен бұтақтарды сындырасың? Келер жылы ол бұтақтардан жаңа жемістер шығадығой? Тағы бір айтатын сөз, адамдардың шатырын ұшырып кетіпсің?
Қара бұлт: -Жұмыс жасаса қолының ұшыменғана жасамасын деп, мен олардың жұмыстарын тексеріп көргенімғой, Күн досым.
Күн: -Адамдарды тексеретін сен кім едің? Бізді, оларды, барлық тіршілік ійелерін, біздің жейтін азығымыз бен, әрбір, сағат, күнімізді, жаратқан бір ғана ұлы Алла. Сұрақтыда сол сұрайды.
Қара бұлт: -Күн досым, сөзің өтті, мені кешірші, ойламаптым.
Күн: -Кешірімді менен емес, кімге жамандық жасасаң, кешірімді содан сура. Бұл дүнійеде біз бір бірімізді қадірлеп өткеніміз дурыс, соны қулағыңда мықты сақта, досым.
Қара бұлт: -Мен сені түсіндім, бұдан кейін мен ондай жаман істерді істемеймін деп үәде беремін, Күн. Сенің сырқатың біраз ауыр сияқты, жарайды, жатып емделгін, мен барып өз шаруаларымды істейін.
Күн: -Жарайды бауырым, шаруаларыңды жақсы істе басқаларға, жамандық жасама, және жамандық ойлама. (Олар кіріп кетеді).
(Қараңғылық, жұлдыздар жамырай жарық шашып тур. Сахнаға Адам, Аю, Қарлығаш, Қара торғай, Қарға шығады. Айналадағы ағаштар, шөптер, сөредегі жүзім жапырақтары, алапес ауруына шалдыққан, әүел десең Аю, Қарлығаш, Қара торғай, Қарғаның да түрі ақсур тартқан, Адам айғайлап сөйлейді).
Адам: -Оу, қалайық! Бұл заманға не болған? Ақырзаман деген осыма? Күннің сарысын көрмегенімізге он күннен асты, міне айналадағы барлық өсімдіктер сарғайған, әуел десең, адамдарда алапас аурумен аура бастады, қара құстар аққа айналды. Не істейміз?
Аю: -Не істеуші едік аспанға тезірек шығып, бізге нұрын шашып жылтып отырған Күннің қалін біліп келіуіміз керек. Ол неге жоғалып кетті, ауырып, жатып қалдыма екен?
Адам: -Аю дұрыс айтады, ауырып қалған болса қалін білейік, бұл сауапты іс, сол үшін ол жаққа мен барайын.
Аю: -Жоқ бауырым, Күннің алдына мен барамын. Күн нұрын шашса, сендер күйіп кетесіңдер, менің үстімде жүнім, қалың терім бар. Сендердің терілерің жуқа, әүелдесең жүндеріңде жоқ.
Адам: -Ой, мынаны қарайгөр, өзің тойтық бауырым, сен оған қашан жетесің, сенің мына жүрісіңмен барғанша, дүнійе өртеніп, ақырзаман боп кетіүі турған сөз. Сабыр сақтасаңшы.
Аю: -Не бопты, тойтық болсам өзіме тойтықпын, қудай мені осылай жаратқан, саған қарағанда менің төрт аяғым бар, ал сенде әрең екеу ақ. Аяңдап жүріп жетемін.
Адам: -Аю жан, сен естімедіңбе? Қазыр ғылым техника дамыған заман, не түрлы самолет, ракеталар бар, мен самолет немесе ракетамен ұшып барамын. Қалін білемінде бірден қайтамын.
Аю: -Ой бой, сен ұшқыштың оқуын оқып болғанша, жылдар өтер, ана самолетпен ракетаға жанармай қуймасаң, ушпайды, білетін шығарсың оны? Тағыда күнге жету үшін, қаншама жанармай кететінін білесіңбе өзі?
Адам: -Жоқ, білмейді екенмін, аюеке, жанар майдығой табармыз, кәзір әрбір бес адым жерде бір жанармай бекеті бар, бырақ бес жыл оқып ұшқыш болғанша, мына дүнійе табиғат күйіп бітетін шығар, расында оған жету мүмкін емес сыяқтығой онда.
Қарлығаш: -Не үшін мүмкін емес, мүмкін, міне біз барамыз.
Аю: -Ей, туратуршы, біз дегенің кімдер? Қазандай басы бар, ойланатын қабілиеті бар адамға болмайды десем, сендер қайдан шықтыңдар, жердің қурты уқсап?
Қарлығаш: -Біз қустар, өзіміз кішкентай болғанымызбен, жанымыз үлкен. Жаратқан ійеміз бізді ұшу үшін жаратқан, қапталымызда қудай берген қос қанатымыз бар. Аяғымызда күш қуатымыз бар, демала-демала жайлап ушып барамыз.
Адам: -Аю еке, бұл қустардың ойы дурыс екен, расында бұлар демала –демала ушып жетіп барады. Ушұға руқсатта, қужатта, жанармайда қажет емес, Күннің қалін жылдам біліп келе қалады.
Қара торғай: -Біз Қарға үшеуміз ақылдасып осы бекімге келдік, ойымызды Қарлығаш жеткізді, ұшуға біз дайынбыз. Руқсатпа?
Қарға: -Қанеки достарым, менде дайынмын, бізге ақ жол тілеңдер достар!
Адам, Аю: -Жаратқан ійеміз сендерге күш қуат берсін, алыс жолдарың жақын болсын, Күннің қалін біліп келу шапағатты іс, мақсаттарыңды Алла қолдасын, туысқандар ақжол болсын сендерге. (Дуға жасалады).
(Үшеуі жолға шығады, бір күн ұшады, он күн ұшады, қарға өзінің қалінің мүшкіл екенін айтады).
Қарға: -Бауырлар, мен өзім дәү болғаныммен, осал екенмін, осы араға дейін шыдап келіп едім, шынымды айтпасам болмайтын болды, менде әл қалмады. Ұшуды жалғастыра алмайтын сыяқтымын, мені кешіріңдер.
Қарлығаш: -О, недегенің бауырым, жасың үлкен, солай болсада осы арағадейін ұшып келдің, бізге медет бердің.
Қара торғай: -Біз Қарлығаш екеуміз жолды жалғастыра берейік, сен осы жерде дем алып біздің қайтуымызды күткін. Болама?
Қарға: -Рахымет, достарым нійеттерің ақ болғай, жол ақ болып осы жерде көрісуге Алла нәсіп етсін.
Қарлығаш: -Амиын досым, тілегің қабыл болсын, бәріміздің нійетіміз аққой, Күн досымыздың қалін білуге ұмтылып жатырмыз, қудайым жолымызды беріп, бізді қолдасын.
Қара торғай: -Амиын, қанеки онда екуміз әнімізді айтып, сапарымызды жалғастырайық.
Қарлығаш:
Қарға менің оң қолым,
Қара торғай сол қолым.
Үшеуміз дос болуға,
Қол алыстық мәңгіге.
Үшеуміз дос болуға,
Қол алыстық мәңгіге.
Қара торғай:
Күннің қалыны білмек,
Біз үшін бұл аманат.
Қуанышпен көріссек,
Болар еді керемет.
Қуанышпен көріссек,
Болар еді керемет.
(Біраздан кейін Қара торғай тоқтап, қалінің мүшкіл екенін айтты).
Қара торғай: -Бауырым, қарға сыяқты менде әлжуаз екенмін, қанаттарымда әл қалмады, енді қайтеміз?
Қарлығаш: -О, недегенің бауырым, сен екуіңде әлсіз емес, шыдамды, қайратты қуссыңдар, сендердің дене салмақтарың ауыр болғандықтан, шаршап қалдыңдар. Онда турған не айып бар, Қара торғай бауырым деміңді алып осы жерде мені күткін. Төменге ушу жеңіл болады, үйге бірдемде барып аламыз.
Қара торғай: -Айтқаныңның жаны бар бауырым, төменге қарай тез жетеміз, Қарға бауырым неғып жатыр екен? Бізді күтіп зеріктімекен.
Қарлығаш: -Аз қалды бауырым, шыда, қарыс жер қалдығой, сен отыратур мен қазыр (ән айтылады).
Қарлығаш:
Еркін ұшып қалықтап,
Көк аспанда самғаймын,
Мамық мамық бұлттарды,
Жастық етіп ійлеймін.
Мамық мамық бұлттарды,
Жастық етіп ійлеймін.
(Сол аралықта сахынада Күннің оранып жатқан (бастапқы) көрінісі пайда болады. Қарлығаш келіп оның үстіне қонады, сол кезде Күн бір көзін ашып қалғанды, лап етіп нұр шуғыласы шашылады, ол шуғыла тура Қарлығаштың қуйрығына түсіп, оны күйдіріп екіге бөліп жібереді, Қарлығаш дереу Күннің көзін жауып, сөйлейді).
Қарлығаш: -Оу, күн досым, оу, досым, бір уақ көзіңді ашпай туршы.
Күн: -Ей, қайсысың бұл? Мені шошытып оятқан кім?
Қарлығаш: -Менғой бұл Күн досым, жер деген саялыда туратын, Қарлығаш деген қуспын.
Күн: -Е, Қарлығаш даусыңнан таныдым, әлгі электір сымдарына тізіліп отырып алып, сайрайтын қустар, сол сендер емесіңдерме?
Қарлығаш:-Ійә Күн, сол қус біз Қарлығаштар боламыз, бырақ қазір ол сымдар жоқ, сондықтан ұйамызға қонып алып, жумыртқадан енді шыққан балапандарымызға, ән салған болып сайрап аламыз.
Күн: -Е, сендерге қыйын болған екен, ол сымдар қайда кетті?
Қарлығаш: -Тышқандарды ән салып сайрасын дедіме, барлығын жердің астына көміп тастады.
Күн: -Бүгінгі күнде адамдар топырақтан соғылған, батпақтан қуйылған үйлерде емес , барлық жағдайы жасалған, үйлерде өмір сүріп жатыр, сендердің үйлеріңде өзгерген шығар?
Қарлығаш: -Біздікі сол баяғы ата бабаларымыз салып үйреткен үйлер, аузымызбен лай жасаймыз, лайға сабан, қустардың қауырсынын араластырып, тамды турғызамыз, содан жұмыртқа басып, урпағымызды көбейтеміз.
Күн: -Қазіргі адамдар үйлерінің қоршауларын бійік қылып жасап, терезелерін қымтап тастайды екен, сендер үйлерге қайтіп кіріп жүрсіңдер? Сендерді кіргіземе?
Қарлығаш: -Ауылдық жерлерде жақсы, адамдар бізді келеді деп, әр жылы күтеді, даланғы үйлерінің есіктерін, терезелерінің әйнектерін ашық қалтырады, салған үйлеріміздің тамдарын ағартып қояды. Ал қалалықтар олай емес, олар өте қазмыр пысық.
Күн: -Е, содан екенғой, сендердің қаладан көрінбейтіндерің.
Қарлығаш: -Қала, қала дегендер сол сасық қаласында тура берсін, бізге ауылдың таза ауасымен табіғаты унайды.
Күн: -Әңгімемен болып сенің неге келгеніңді сурамаптымғой. Қарлығаш бұл жақта неғып жүрсің, мен орнымнан турсам күйіп кетесіңғой.
Қарлығаш: -Сондықтанда тыныш жат деп отырмынғой Күн бауырым. Бір көзіңді ашып едің құйрығым күйіп айыр болып қалды, жарым жолда қалған достарым, Қарға мен Қара торғай не болды екен? Оларда күйіп қалмаса жарар еді.
Күн: -Өзін емес, қайда жүрседе жолда қалған достарын уайымдап отырғанын қарашы. Оларға не болатын еді, түрлері қап қара көмірдей боладыда.
Қарлығаш: -Ондай болса мейліғой, олардыңда үйінде бала шағалары қалдығой.
Күн: -Сонымен неге келдің, Қарлығаш досым?
Қарлығаш: -Сен нұрыңды шашпағалы он неше күн болды. Жан –жағыңа қарашы, барлық өсімдік, ұшар қанат, жан - жануар, адамдар күн нұрын көрмей, аппақ күйге өзгерді. Менің достарым Адам, Аю, Қарға, Қара торғай, сенің жумысқа неге шықпағаныңды біліп келу үшін мені жіберген, қаліңді білейік деп едік.
Күн: -Қалімді білмек болғандарыңа рахымет, достарым, біраз жақсы болып қалыппым, міне қазір орнымнан турамын.
Қарлығаш: -Жоқ, жоқ досым, қазірше жатыптур, әйтпесе мен күйіп кетемін.
Күн: -Оны білем досым, сол үшінде басымды ішіме тығып сөйлеп отырмаймынба.
Қарлығаш: -Қазір мен қайтіп кетемін, жолдан Қара торғай мен Қарғаны алып үйге жетіп алғанша жата тур.
Күн: -Төменге тез түсесіңдерғой, таң атуға біраз бар, мен жарым сағаттан кейін турамын, жерде кездескенше аман болайық.
Қарлығаш: -Рахымет Күн досым, мен сенің амандығыңды жердегілерге айтып барамын, мен кеттім. (Жолда Қара торғайды кездестіреді).
Қара торғай: -Оу, Қарлығаш досым амансыңба? Менің түріме қарашы, аяқ астынан күйіп қап қара болып қалдым.
Қарлығаш: -Білемін досым, Күн досымыз қайта бір көзін ғана ашты, екі көзін бірдей ашқанда пісіп кететін едік, көзін әрең жауып үлгірдім.
Қара торғай: -Сенің ана қуйрығыңа не болған? Балалардың рогатка жасайтын айырындай айыр болып қалыптығой?
Қарлығаш: -Егер балалар біз, қустарға тас лақтырса, менде қуйрығымды рогатка етіп оларға тас атамын.
Қара торғай: -Жаман балалар мен жаман болу саған жараспайды досым, сен қустардың ең ақылды, ең назігісің, сені устап алған, сені қыйнаған баланың қолы дірілдек ауыруына шалдығады.
Қарлығаш: -Қара торғай досым, сен мені қасійетті қустардың қатарына қосып жібердіңғой.
Қара торғай: -Сен маған сенбейсіңбе, міне сен кеткеннен кейін мен дірілдедім, сен аман есен келіп едің басылып қалды. (Екуі Қарға отырған жерге келеді).
Қарлығаш: -Қарға досым! Неменеге жабырқап отырсың,.
Қарға: -Қарлығаш, Қара торғай! Амансыңдарма? Сендерді сағынғаным соншалық, сендерге арнап өлеңде шығарып қойдым, тыңдаңдаршы.
Қарға:
Менің көріп түрімді,
Байқус қарға дермекен?
Тәлейіме екеуі,
Аман - сау келермекен?
Қустың бегі Қарлығаш,
Қара торғай төресі.
Мен Қарғаны көрместен,
Өтіп кетпес екеуі.
Қарлығаш, Қара торғай: -Па, шіркін, сенің шығарған өлеңдеріңе різамыз. Көп рахымет досым, сені қайтіп ұмытамыз? Міне Күннің қалін біліп қайтық, жүр тезірек төменге түсейік. Егер Күн орнынан турса, бізді күйдіріп жібереді.
Қарға: -Ойбайау! Мен ғана күйіп, қарайып қалдымба десем, сендерде көмірдей болып қалыпсыңдарғой?
Қарлығаш: -Ійә, Қарға досым, Күн бір көзін ашып, қайта жауып алды, егер екеүін ашқан болса біз күлге айналар едік. (Сол кезде Қара бұлт пайда болады).
Қара бұлт: - Ей, бұл кім, менің уйқымды бузған? Не қылған дабыр-дүбыр? Қиық-шиық етпей, қурыңдар бұл жерден, қазір орнымнан турсам, бәріңді сыпырып тастаймын.
Қара торғай: -Аға сіз, сыпырғыға емес қабағы қатулы, қара бұлтқа ұқсайды екенсіз?
Қара бұлт: -Дәл, айтасың інім, мен сол қара бұлттың нақ өзімін. Бір бақырып суларымды шашсам, боранымды үйірсем, кірерге тесік таппай қаласыңдар. Ха, ха, ха, ха!
Қарға: -Дурыс айтасың бауырым, қашайық, қазір қара боранын алып келсе барлығын сыпырып қуйындатып, артынан жаңбырын қуйып жібереді, қанаттарымыз су болса уша алмай қаламыз.
Қара бұлт: -Ха, ха! Ха, ха! Мененде қорқатындар бар екен ау, ха, ха ,ха, ха! Ей, қара негірлер тез қашыңдар.
Қарлығаш: -Бұлт аға, менің бір сөзім бар еді, тыңдап көріңізші.
Қарабұл: -Ей, қанат қуйрықтарың жылтылдаған кімсің сен? Шымшықтай болған кішкентай неме, сені неге тыңдауым керек.
Қарлығаш: -Аға, мен Қарлығашпын, шиқылдап уйқыңыздан оятып жіберсек кешіріңіз, бұдан кейін бузықтық жасамаймыз, тыныш жүреміз, біз үшеуміз Күн досымызды іздеп барып, қайтып едік.
Қара бұлт: -Күндіме? Оны неге ертіп келмедіңдер? Ей, Қарлығаш, сенің қуйрығың ондай емес едіғой? Қазір не болған? Жоқ сен мені алдама? Мен Қарлығашты көргенмін, олардың ұшқанын қызыға тамашалайтынмын.
Қарлығаш: -Дұрыс айтасыз аға, бүгінге дейін менің қуйрығым бүтін еді, кеше Күн досымды іздеп барғанымда, ол көзін ашып еді, нұры қуйрығымды екіге бөліп жібердіде содан айыр болып қалды.
Қара бұлт: -Тауба. Мына Күннің қылғаннын қара. Ей, ол адамызатпен хайуанаттарға нұрларын шашып, тек қана жақсы істермен айналысатын, мына істегені несі?
Қарлығаш: -Бұлт аға, Күн дурыс істеді, айттымғой, қуйрығым арылып, енді ушуға өте қолайлы болды.
Қара бұлт: -Қазір ауырмайма?
Қарлығаш: -Жоға, ауырмайды аға.
Қара торғай, Қарға: -Бұлт аға бізді кешіріңіз, бұдан кейін сіздің уйқыңызды бузбаймыз.
Қара бұлт: -Бір есептен бузғандарыңда жақсы болды, өзімде зерігіп отыр едім. Қарлығаш інім, Күннің қалы қалай екен, әнеу күні төсекте жатып қалыпты екен, содан бері Күнмен жолыға алмадым.
Қарлығаш: -Жақсы екен аға, жақсы, қәзір ол орнынан туруы керек, таң атып келеді!
(Олар енді төртеуі - Қарлығаш, Қара торғай, Қарға, Қара бұлт Адаммен Аюдың қасына жақындасады).
Адам: -Аюжан, әй Аюжан, мына ауа райы бір түрліғой? Қара бұлттың бұлттап келе жатқанына қарағанда, боран соғып жауын жауармекен? Қиын болатын болдығой, ана үшеуі жаңбырдың астында қалатын болды ау.
Қара бұлт: -Ей, сен екуің неғып отырсыңдар? Жаңбыр керекпеді.
Адам: -Жоқ, жоқ, бауырым керек емес, қазір шөп шабыс мезгілі, шапқан шөптер шіріп кетеді.
Аю: -Орманда гүлдер жайқала ашылып, аралардың бал жинайтын мезгіліғой, жаңбыр жауса олар ұйасына кіріп кетеді, аз уақыт тура турсаң жақсы болатын еді.
Адам: -Біз Күн досымыздың халін біліп келуге Қарлығаш, Қара торғай және Қарғаны жіберген едік, олар әлі жоқ. Күннің қалінен алаңдап, отыр едік,
Қара бұлт: -Бұларың жақсы екен достар, енді сендердің өтініштеріңді орындаймын. Жаңбыр жаумайды, қорықпаңдар, алаңдамаңдар.
Адам: -Рахымет, рахымет Бұлтбауыр. -Ей Аю бауырым қарашы, тағы біреулер келе жатырма, қалай? Біз жіберген қустар әне солар емеспе?
Аю: -Бауырымау мен қайдан білейін, көзім жақсы көрмейдіғой, оны аз дегендей айналаның қараңғылығын айтпайсыңба? Маған қарағанда сенің бойың бійікқой, көзіңде өткір.
Адам: -Айттымғой? Міне оларда жетіп келіпті, ойбай ау бұлар соншама неге қарайып кеткен? Қарлығаш жаным, Күннің ден саулығы жақсыма екен? Неге көрінбей кетіпті.
Аю: -Ей, Қара торғай, Қарға екеуің тып тыныш отырсыңдарғой? Айтсаңдаршы бір хабарын?
Қарға, Қара торғай: -Оны Қарлығаштан сұраңдар, барған сол, көрген сол.
Адам: -Сендерші, сендер не істедіңдер? Бірге кетіп едіңдерғой?
Қарға, Қара торғай: -Бірге шыққанымыз рас, жолда екеуміз болдырып қалдық, сонымен Қарлығаш өзі барып, Күннің қалін біліп қайтты.
Аю? -Қарлығаш досым, тезірек айтшы бұл өзі не сөз?
Қарлығаш: -Қайсысын, жақсысынба, әлде жаманынба?
Адам: -Ойбай, недейсің, әуелі жаман хабарда барма?
Қарлығаш: - Бар адам аға, жаманы Күн менің қуйрығымды күйдіріп, екі бөліп айыр айыр жасап қойды. Жақсысы Күн досымызға, Қара бұлттың суығы тійіп, оранып жатқан екен, сол үшін жерді қараңғылық басыпты, міне бізде келдік, таңда атты, ол орнынан турады. (Сол кезде сахынаға шарқ етіп жарық жанады, Күн нұрын жан-жаққа шашып шығады, барлығы қуанышқа бөленеді).
Күн: -Ассалаумағалайкум, қадірменді бауырлар! Мені көп күтіп қалдыңдарма? Сендерден кешірім сураймын, менің қалімді Қарлығаш айтқан болар, мен азырақ тумау болып қалып, оранып жатып қалып едім, сіздерді осыншалықты, сарсаңға салып қоямын деп ойламаптым. Менің нұрым болмаса, сіздердің ауырып қалатындарыңызды, жасыл табиғатың жоғалатынын қайдан білейін, үш уйықтасам түсіме кірмепті.
Қара бұлт: -Міне, көрдіңбе Күн, сенде адамзатты сарсаңға салыпсың, тағыда мені кінәлайсың. Сенің нұрыңныңда пайдасымен зыйаны бар, егер нұрың өте ыстық болса, қурғақшылық болады, нұрың аз болса қыс келеді дурыспа?
Күн: -Дурыс айтасың бауырым, әр нәсенің өз жолында, өз мөлшерінде болғаны абзал. Мен сенің кемшіліктеріңді айтып едім, бүгін есесін қайтарып алдың, ә?
Адам: -Рас айтасыңдар бауырлар, біз бәріміз бір бірімізге муқтажбыз, мына Күн сен біраз күн болмап едің, біз осындай мүшкіл қалге түсіп қалдық, сені ойлаған Адам, орман патышасы Аю, қанатты қустар Қарлығаш, Кара торғай, Қарға сенің алдыңа жүгірді, қаліңді сурады, мундай уақыттарда біз, бір бірімізге сүйеу болып, тату тәтті өмір сүріуіміз керек. Бізге Қара бұлтта керек, оған ешқашан өкпелеуге болмайды. Ол өз уақытында жаңбыр суын алып келмесе, қурғақшылық болады, диқандардың еңбегі босқа кетеді.
Аю: -Сенің бар болғандығың үшін, менің тау баурайындағы ормандарым көгеріп, жемістерін беріп жатыр, гүлдер ашылып турғандықтан, аралар маған бал жинап беріп жатыр, саған көп рахымет Қара бұлт.
Қызыр ата:
-Сөйтіп, Қарлығаш, жолдан достары Қара торғаймен Қарғаны алып үйлеріне келіпті, оларға қосылып Қара бұлтта адамдар арасына кіріпті. Біреуге өтірік, біруге шын, осы оқиғадан кейін бүкіл дүніені апаттан құтқаруға жанын салған Қарға, Қара торғайдың түрі қап қара болуымен бірге, Қарлығаштың қуйрығы айыр болып қалыпты. Өздері жұдырықтай болсада жүректері ат басындай құстардың бұл ерлігіне бас ійген ата – бабаларымыздан сол оқиғадан кейін «адамның түріне қарап емес, жүрегіне қарап баға бер» деген даналы сөзі қалған екен. Қанеки достарым ата бабаларымыздың сол даналығы үшін алғыс айтып бір шапалақ шалып қоялықта орнымыздан турып, қолдарымызды устап, көңілді бір ән айтайық.
Орныңдардан турыңдар, турыңдар достар,
Қолдарыңды устаңдар, ұстаңдар достар.
Достықты біз көрсетіп, көрсетіп достар,
Татулықта болайық, болайық достар.
Достықты біз көрсетіп, көрсетіп достар,
Татулықта болайық, болайық достар.
Қайырмасы:
Күн нұры, күн нұры, күн нұры, аяулым,
Жарқырайды шығады әр күні, әр күні.
Шықпай қалсаң сен күнім, сен күнім, сен күнім,
Жоғалады қуаныш сол күні, сол күні.
Шықпай қалсаң сен күнім, сен күнім, сен күнім,
Жоғалады қуаныш сол күні, сол күні.
Ля ля ля, ля ля ля, ля ля ля, ля ля ля, ля ля ля ля ля ля...
Көрмесек біз күн нурын күн нурын достар,
Уайымға батамыз батамыз достар.
Ұрыс, жаңжал көбейіп, көбейіп достар,
Бауырластар қалады, таласта достар.
Ұрыс, жаңжал көбейіп, көбейіп достар,
Бауырластар қалады, таласта достар.
Қайырмасы:
Күн нұры, күн нұры, күн нұры, аяулым,
Жарқырайды шығады әр күні, әр күні.
Шықпай қалсаң сен күнім, сен күнім, сен күнім,
Жоғалады қуаныш сол күні, сол күні.
Шықпай қалсаң сен күнім, сен күнім, сен күнім,
Жоғалады қуаныш сол күні, сол күні.
Ля ля ля, ля ля ля, ля ля ля, ля ля ля, ля ля ля ля ля ля...
Әр күніңді қадір тут, қадір тут достар,
Босқа ойнап өткізбе, уақтыңды достар.
Білім алып устаздан, мектепте достар,
Бес деген бағаға оқыңдар достар.
Білім алып устаздан, мектепте достар,
Бес деген бағаға оқыңдар достар.
Қайырмасы:
Күн нұры, күн нұры, күн нұры, аяулым,
Жарқырайды шығады әр күні, әр күні.
Шықпай қалсаң сен күнім, сен күнім, сен күнім,
Жоғалады қуаныш сол күні, сол күні.
Шықпай қалсаң сен күнім, сен күнім, сен күнім,
Жоғалады қуаныш сол күні, сол күні.
Ля ля ля, ля ля ля, ля ля ля, ля ля ля, ля ля ля ля ля ля...
(Соңы).