Бұл ертегі емес...
Ертегіге құрылған драма
Қатынасушылар
Аян -жас бала 12жас
Ерлік-жас бала 10жас
Гүлән –балалардың анасы,34жас
Ақсақал-80жас
Байсал қарт-70жас
Бірінші ұры-35жас
Екінші ұры-33жас
Арыстан-аң патшасы
Аю- уәэір
Қасқыр-күэет бастығы,оққағар.
Түлкі-сарай қызметшісі
Қарлығаш
Бұлбұл
Сауысқан
Бас қарға
Қарға бике
Қират /қарға/
Жас қарға
1ші көрініс
Жарық берілмес бұрын,музыка баяу басталып ауыр сарынға ұласады.Қараңғы сахнаның артынан кішкене жарық көрініп, өшіп жанып тұрады.Арқыраған су сарынымен аралас жел ызыңы,су гүрілі естіледі.Әр жерден халық дауысы жарыса естіліп жатыр.Фонграммада.
Халық дауысы Тазабұлақ тоқтапты.
Халық Не дейді,о несі
Халық Суы тоқтапты
Халық Шіркін Тазабұлақ
Халық Не болды соша жоғалса,жерді қазсаң су шығады, техника бар құдық қазамыз.Соған бола таусылып.
Халық Тоқта сен сандалма Тазабұлақ құдайдың адамға тартқан сыйы ғой,суы қандай мөлдір балдай еді.
Халық Бүгінде теңіз қурап жатқанда бұлақты да сөз қылып
Халық Жетер. Тазабұлақтың орны бөлек қой.Түбі осылай боларын сезгем,адамдардың пейілі жаман боп бара жатыр.Ақшасы барлар ішетін суына дейін қоршап алған.
Халық Солардың басын тықпаған жері қалмапты әйтеуір,жуас халықтың ішіне кіріп алып кеулеп жалмап барады ақыры өзенді де суалдырды.
Халық Тазабұлақ тоқтаса,не болады қасиетіңнен айналайын Тазабұлақ.
/Жарық, жарқ етіп күшейіп жанып лып етіп өшеді,музыка өшіп тым-тырыс боп қалады./
/Сахнадағы көңіл-күй түгел өзгерген қалыпты.Домбырада жанға жайлы баяу шертпе күй әуені ойнап тұр.Сахнаға жарық толық беріледі.Табиғаттың әсем көрінісі, арт жағы тау іші,қалың жынысты орманды алаңқай аңдар патшалығымен қатар жасалған үй ауласы.Сахнаның сценографиясы тылсым табиғатпен бүгінгі адамдар тұрмысымен астасып « сиқырлы» атмосфера құрап тұр.Есік алдында қазақы оюлы текемет үстінде Ақсақал мен Байсал қарт отыр/.
Ақсақал Көрдің бе заман емес адам бұзылды.Заман орнында.Әне ана тау біз ес білгелі сол қалпында орнында тұр,міне мына өзен бұл да, асып-тасып жатушы еді міне он шақты жыл болды су жоқ,қайда кеткенін табаны құрғап қалды.Осы жердегі қаптаған аң құстың бірі де қалмады жоқ қайда.
Байсал қарт Осы өзеннің басы Тазабұлақтан басталмаушы ма еді,сол су қайда кетті таң қаламын./Аян мен Ерлік келеді/
Аян,Ерлік /қосарлана/ Ассалаймалейкум ата /келіп қол беріп амандасып жатыр/
Ақсақал Әй бәрекелді кімнің баласысыңдар
Байсал қарт Еламанның балдары ғой.
Ақсақал Ә адам боп қапты ғой айналайындар
Байсал қарт Отыр балам тыңда мына атаңның әңгімесін.Ақсақал айта беріңіз.
Ақсақал Сол Тазабұлаққа оп-оңай барып келе беретін едік қой.Ол кезд осы өзеннің суы мол,симай тасып жататын,жағасындағы жолды су алып кететін. Сонда /биік жартасты көрсетіп/ анау биік жартас ортасындағы кішкене бір аяқ соқпақпен бұталардың астымен,тастың қуысымен барушы едік қой зорға әйтеуір.Одан басқа жол жоқ. Енді өзен құрғағалы бері,өзен арнасын жағалап барғанмен жолда аңдар қаптап жүр өткізбейді дейді ғой.
Байсал қарт Арада бір шекара пайда болды.Айналайын табиғат көз алдымызда тозып бара жатыр ғой.
Ақсақал Құдайдың құдіреті.Аспанда кемпірқосақ көрініп,жаңбыр себелегенде жер дүние құлпырып айнала тап-таза боп кетуші еді,жарықтық ай.Ана таудың етегінде бұрқырап шығып жатқан бастау бар.Сол бастауды жұрт Тазабұлақ атайды.Сол Тазабұлақты адамдар қоқыс тастап бүлдіріп,бұлақты әбден былғады. Содан аң құстар қашып кетті.Енді сол жерден басталатын өзен сарқылып,суды жерден сорып алып отырмыз./Аян мен Ерлік ауыздары аңқиып тыңдап отыр/
Байсал қарт Ол кездер алысқа кетті ғой.Тау да алыстап кетті
Аян Ата сонда ол жаққа ешкім жете алмайды ма.
Байсал қарт Кәзір ол жаққа ешкім аяқ баспайды.Бірлі жарым кірген адам, мал қайтып оралмайды дейді ғой.Ана шәйді қашан әкеледі мыналар /үй жағына қарайлап/
Аян Біз қайта берейік апам іздеп қалады
Байсал қарт Бара беріңдер шырақтарым.
Аян /орындарынан тұрып алға жүріп,құлағын тосып/ Қарашы бір әдемі үн естіледі/тыңдап/
Ерлік Тоқта,тоқта /аспанға қарап/ Ғарыштан естіліп жатыр
Аян Жоқ,жақыннан естіліп жатыр
Ерлік Сарқырап аққан су, Тазабұлақ емес пе.
Аян Барып көрсек ә
Ерлік Тау алыс емес пе
Аян Қарасай несі алыс /тауға қарап/ Күлкілі кәзір айға адам ұшып жатқанда мына тауға қалай бара алмаймыз.
Ерлік Баруға болады
Аян Түк те алыс емес,таңеретең шығып кешке қайтып келуге болады.
Ерлік Көреміз кәзір үйге барып планшеттен қарап көрейікші не боп жатыр екен.
Байсал қарт Көріңдер сендер онсыз өмір сүре алмайсыңдар ғой.
2ші көрініс
Байсал қарт екі ұрыны алдына салып алып келеді.Артынан үрейлі екі баласымен жас келіншек Гүлән еріп келеді.
Бірінші ұры /дегбірі қашып/ Полицияға бермей ақ қойыңыздаршы.Бәрін айтамын.
Екінші ұры Бәрін орнына қоямыз. /Гүләнге қарап/ Жалынамын Гүләнді тыңдашы.
Бірінші ұры Солай бір ай мұрсат берші.
Байсал қарт Ақсақал мына екеуі,мына Гүләннің жалғыз сыйырын ұрлапты,жетім балдардың аузынана жырып.Өздері мойындап отар.
Ақсақал /үнсіз қарап шығып/ Бұл екеуі қалаға қызметке тұрып жатыр деп есітіп едік қой.
Байсал қарт Қайдам мұндай сұғанақтарды кім жұмысқа алып жатқанын.
Екі ұры /қосарлана жанұшыра/ Рас айтасыз біз жұмысқа тұрдық,бірақ сол бастығымыз кішкене соғым дәметіп,соның ретін келтіреміз деп.../күмілжіп / осы жағдайға ұшырадық.жаздық,жаңылдық кешіріңіз ата,кешіріңіз Гүләнді. /бастарын иіп қолдарын қусырып./ Кішкене мұрсат беріңіз орнына қоямыз.Өтінеміз бір ай уақыт беріңізші. /аяғына жығылады/
Ақсақал /жекіріп сұсты/ Тұр орныңнан бір ай деп не көкіп тұрсың.
Гүлән Ата сауып ішіп,бетіне қарап отырған жалғыз сиырымыз еді.
Байсал Бір ай дейді оған дейін мына балдар не істейді.Сен бір күн тамақ ішпесең не болады көрер ем.Бұлар сол жалғыз сиырдың сүтін сатып тиын-тебен жасап отыр.Қалай дәттерің барды сендердің а.
Ақсақал О көргенсіздер.
Бірінші ұры /безілдеп/ Ата,ата біз,біз жұмыссыз өлетін болдық.Сосын біз оны жұмысқа тұру үшін.../күмілжіп/
Ақсақал Тоқтат.Сонда мына бейкүнә келіншектің не жазығы бар.
Екінші ұры /жанұшыра/ Ата,ататай бізді жұмысқа қабылдап қойды,бір ай мұрсат баріңізші.Орнына осындай бұзаулы сиыр әпереміз.Ата. /еңіреп аяғына жығылып екеуі/
Байсал қарт Әй неге ана байдың малын алмайсыңдар сендер.Неге жетімнің несібесіне жармасасыңдар
Бірінші ұры Ойбай ол байдың малын алсақ,құримыз ғой ұрып,соғып,қаматып тастайды ғой аямайды.
Байсал қарт /кекетіп/ А,а,аямайды де, сонда кедейдің малын зар еңіретіп ала беруге бола береді екен ғой оңбағандар.Жетім мен жесір ештеңе істей алмайды дейсіңдер ғой.
Екі ұры /қосарлана/ Жоқ олай емес атамаңыз /күмілжіп/ Біз,біз
Ақсақал /қаһарланып/ Жетер өз малың қайда.өз сиырың бар ма.
Екі ұры /еңбектеп Ақсақалдың Гүләннің аяғына жармасып/ Ешкім білмей ақ қойсыншы біз,біз үйден сендерге тамақ алып кеп берейік.
Бірінші ұры /жылап/ Менің де бала шағам бар,жалынам ата ел жұрт білмей ақ қойсыншы.Жұмыс қу жұмыс,өлетін болдық қой барсаң ақша сұрайды.Не істейміз енді.ата енді не істейміз /еңіреп/ Мұны ана милитса да біледі қайда кетеміз.
Екінші ұры Гүлән масқара болдық.Кешірші.Мен,мен кәзір ә міне,міне /қалтасын қарап ақша шығарып/ Әзірше осыны ала тұршы./Гүләннің қолына ұстатып жатыр,ол алмай жатыр/ Ана милитсаға да беру керек.
Ақсақал Милитса дейді.Тарт қолыңды қасиетсіз, болды жетер енді.Ана үйіңдегі сиырыңды мына адамға әкеліп бер,болды сөз бітті бар, барыңдар /теріс айнала қолын сілтеп/
/Екі ұры сылқ түсіп мелшиіп қалған/
Байсал қарт /ұрының қолындағы ақшаны жұлып алып,әйелге санап ұсынып/ Мынау сенің сиырыңның ақшасы ғой ал,ұялма аш отырасыңдар ма.
Ақсақал Сиырды бүгін әкеліп беріңдер
Байсал қарт /ашулы екі ұрыға бұрылып/ Бар,барыңдар кетіңдер енді.
/екі ұры жалтақ-жалтақ қарап кетіп барады/
Ақсақал /Гүләнге қарап/ Гүлән қарағым бара ғой, енді бәрі жақсы болады.
Байсал қарт Біз бұлай қалай оңаламыз.Енді ар намысымызға ауыз салды ма.
Ақсақал Бұларды осылай жасамасаң қалай оңаламыз
Байсал қарт Дұрыс жасадыңыз.Сол милитсяң да, әкімің де, біз сияқты адамның баласы,бірақ олар да біліп жүрсін нағыз ел азаматы болса,адамдық қасиеттің алда тұратынын.
3ші көрініс
/Аян мен Ерлік планшет қарап отыр/
Аян Ерлік қара таптым,Тазабұлақ тартылмапты.Міне қасында үлкен көл.Таудың ортасында.
Ерлік Кәне,кәне.Мәә мынау керемет жер ғой.Кәне не жазыпты, кімдер тұрады екен адамдары қандай.
Аян /планшетті оқып/ Тазабұлақ мекенінде тек қана аң мен құстар тұрады.Тазабұлақ мекенін аңдар патшалығы деп атайды.Кәзіргі кезде аңдар қолдан көл жасап атын Айнакөл деп қойыпты міне бәрі жазулы тұр.Тазабұлақты ертеде адамдар да мекендеген.Адамдар бұлаққа түрлі қоқыстар тастап,былғап қарамай Тазабұлақ бекітіліп құруға айналғасын аң мен құстар өздеріне алған.Содан табиғат жанашырларының қатаң бақылауымен бұлақ суы көлге айналып,жағасы жасыл желекті орманға айналған.Бұл жерге аңдар тарапынан адамдардың келуіне қатаң тиым салынған.Кәзіргі кезде барлық аң мен құстар осы жерде өмір сүреді.
Аян Қарашы Байсал ата айтқандай бар керемет осында екен.Ғажап біз болсақ ваннада,бассейінде шомылып жүрміз.Айнакөлді бір көрер ме екем шіркін.
Ерлік Көлде жүзген қандай керемет.
Аян Мен әлі көлде шомылып көрмеппін.
Ерлік Кім көрді дейсің
Аян Өзенде су тоқтап қалды.Шіркін Айнакөлді бір көрсек ә.Тазабұлақтың суы қандай екен шіркін.
Ерлік Кәне көрейінші картадан қайда екен./планшеттен көріп/ Тура осы өзеннің басында екен ғой./тауға қарап/ Әне анау таудың басында. /Аңдардың Арыстанның ақырған дауысы естіледі/
Аян Мынау Арыстанның дауысы ғой тыңда.Арыстанның дауысы жеті-сегіз шақырымға жетеді деп естігенмін, алыс емес қой.Аңдар патшалығы алыс емес екен
Ерлік Онда баруға болады екен
Аян Әрине болады
Ерлік Бірақ Тазабұлақ аңдар қоршауында оны кәйтеміз.
Аян /ойланып/ Амалын табамыз.Аталар айтты ғой жартастың астында жол бар деп.Ертең ертемен жолға шығайық.Су тамақ алып алайық.Планшетті зариядттап ал.
Ерлік Жарайды онда мен сенің үйіңе сабаққа дайындалуға барамын деп кетемін, сен біздің үйге барамын бақылау жұмысын жазуға де
Аян Ой данышпаным ай
Ерлік Келістік /алақандарын бір-біріне ұрып қоштасып/
4ші көрініс
/Қарғалар қонысы,қоқыс жәшігі қойылған айнала үйілген қоқыс.Бас қарға,Қарға бике, Қират қарға,Бала қарға қоқыстан жемтік теріп жеп жатыр./
Бас қарға Қаррр. Біз өзі қарғалар біраз бармыз бұл жақта.Мына жақта жар жағалап жүрген көк қарғалар,ана жақта ала қарғалар,мүнда біз қара қарғалар, жетеміз құдайға шүкір.Біз көп нәрсені қаламаймыз.Қанағат.Жақсы жер,таза су үшін таласпаймыз бізге бәрібір.Анау аңдар мен құстарға да қосылғым келмейді. Мен ешқайда кетпеймін,адамдарды қимаймын,мұндай адамдарды қайдан табамын.Қарр.
Қарға бике Қайда барамыз,осында өстік.Басқа құстар барса бара берсін,біз бармаймыз.
Бас қарға Қарр.Бұл осы бес жүз жылдық өмірімде көрмеген бір сұмдық болды.Сауысқан сатып кетті.Сауысқанды сатып кетеді деп кім ойлаған.Жүре берсең көре бересің деген осы екен ғой.
Қират қарға Қарқ.Сауысқанға сенім бар ма еді,көреміз әлі.
Қарға бике Қарр.Таза су,таза су деп аңдар адамдардан бөлініп жатыр.Бізге бәрібір қалдық су болса да жетеді,қосылмаймыз.
Бас қарға Қарр. Кемпір олай деме біз ешқайда кетпейміз.Біз осында өсіп өнген жерімізде өмір сүре береміз.Бұлар не біледі мынау аңдар мен құстарыңда кешегі балдар ғой,олар не көріпті.Мен не көрмедім,мұндай жағдай еш уақытта болған емес.Қанша ғасырдан бері көріп келемін.Аңдар мен адамдар шекарасын бекітіп ажырасыпты дегенді бұрын-соңды естімеппін.
Қарға бике Е ондайды бұрын соңды кім естіген.
Қират қарға Қарқ.Айналайын ата бабаларым ай,дұрыс жолды таңдаған екен.Қара мына адамдар не боп жатыр,бір-бірін күндеп сен білімдісің,сен өнерлісің деп, сен байсың,сен кедейсің деп бір-бірін түртпектеп жеп, бар болғаны жетпіс,сексен жыл жасайды.Баланың жасайтын жасы обал емес пе.Шеттерінен тыраштанғыш не бір нәрсені ойлап табады.Ана самолет дегенді шығарды,ғарышқа ұшты әбден жүрегімізді ұшырып бітірді.
Қарға бике Бұлардың ішетін тамағы да өзгеріп кетті.Ана аңдарға рахмет еш өзгермейді
Бас қарға Қойыңдар енді.Біздің адамдардан айырмашылығымыз, мейірім,тазалық армандау дегенді қаламаймыз.Біздің бір ақ мақсатымыз бар, ол ұзақ өмір сүру.
Жас қарға Қарққ.Мен де ұзақ жасаймын ба
Қарға бике Жаным сол, неге жасамайсың,жасайсың қарғасың ғой.
Қират қарға Әрине ұзақ жасайсың біздің жолымызбен жүрсең.
Жас қарға Қарғамыз ғой енді,жүреміз ғой
Бас қарға Қарр.Қарашы айналаға,Кешегі Бұлбұл,Аққу,Көкек бәрі қайда кетті.
Жас қарға Олар неге кетті
Бас қарға Қарққ. Олар таза су ішеді.Әдемі гүлдерді иіскеп таза шөп жейді.Біз құдайға шүкір кез-келгенін жейміз сасып жатса да.Кәзір рахат болды ғой әр қалада қоқыс орыны бар,не керектің барлығы бар.Көзің тоймайды неше түрлі тамақ бар қалағаныңша же,бірақ біз осы үшін адамдарға рахмет айтуымыз керек.Адамдардан мағыналы өмір сүретін ешкім жоқ.Олар жүзге жетпесе де өміршең,ұрпағымды жеткізсем соларға жақсылық көрсетсем деп өмірден өтеді,адамдар сол үшін де бақытты.Менің ұзақ жылда көргенім осы,оларды кіналай беруге болмайды.Мейлі аңдар адамдарды кіналай берсін мұны да көреміз.
Қират қарға Қарр, Қайдам менің есімде осыдан жүз жыл бұрын адамдар бір-бірімен соғысып,қырылып жатқан адамдарды жеп үлгере алмай жатушы едік қой.
Бас қарға Сен осы қаншаға келдің
Қират қарға Екі жүзге келіп қалдық қой
Бас қарға Ә,Әлі бала екенсің
Жас қарға Мен сонда әлі балапанмын ба жүзге енді толдым
Қарға бике Әрине сен балапансың ботам,бар болғаны жүздесің
Бас қарға /қарқылдай күліп/ Сен балапансың әлі балам.
Қарға бике /жанына қарап/ Боқыш, ана жаққа қарашы жаңадан өлген бірдеңке жатыр.Қарр.
Жас қарға /жалт бұрылып қарап/ Кәне, о керемет.Көзі бүтін екен ешкім тиіспепті.Мен кәзір /қуанып шығып кетеді/
/осы кезде арт жағынан бульдозер қоқысты сүріп өтеді,қарғалар қозғалақтап қашады/
/Қират қарға ақсаңдап қалады/
Қират қарға Қарр.Қаштық.Осы адамдар қызық «Иттің малын шошқадан аяйсыңдар ма дейді» де өздері тыныштықпен тамақ жегізбейді.Белгі беріп ұшырып жіберіп сырса болады ғой./кирелеңдеп/ Ата бабасының көзін көріп едік қой,сыйласа кәйтеді.
Бас қарға Болды кеттік.Бұлар кәзір бұрынғы адамдар емес өзгерген.
/Артынан қоқысты тағы сүріп жібереді/
Қарға бике Ойбай көтек,Кетейік бұл жерден
Басқарға Қарр.Қарр. Қаңқ,жүріңдер /кетеді/
5ші көрініс
/Құстар сайрап жатыр,аңдар түрлі дауысы естіліп тұр.Аян мен Ерлік келеді қамданып алған,арқасында рюкзак,қолдарында планшет және үлкен айна алып алған.Тоқтап отырады/
Аян Қарашы құстар сайрап жатыр
/алдынан Қарлығаш шығады/
Қарлығаш Сендер неғып жүрсіңдер
Ерлік Сенің нешаруаң бар
Аян Ерлік бұл Қарлығаш қой,Қарлығаш адамдарға дос.Қарлығаш сен қайдан келесің
Қарлығаш Мен ауылдан келемін,ұяма барып балапандарыма жем беріп келемін.Сендер қайда барасыңдар.
Аян Біз Тазабұлаққа барамыз.
Қарлығаш Ол жаққа жету оңай емес.Ол жаққа жібермейді
Ерлік Кім жібермейді
Қарлығаш Онда аңдар патшалығы орналасқан,ол жаққа адмдарды өткізбейді
Аян Аңдар патшалығы ол әлі алыс па.
Қарлығаш Аңдар патшалығына келіп қалдыңдар,ол осының арғы бетінде.Тек абай болыңдар алдарыңда қасқырлар күзеткен шекара бар,
Ерлік Онда кіруге бола ма
Қарлығаш Болмайды.Адамдарды мүлде жолатпайды.
Аян /ойланып қалады/ А,а,Қарлығаш шөлдедің бе,су ішесің бе /кола ұсынады/
Қарлығаш /қарап/ Жоқ мен мұндай су ішпеймін
Ерлік Неге
Қарлығаш Ол таза емес мен тек қана Тазабұлақтың суын ішемін.
Аян Ерлік /қосарлана/ Ол қандай су
Қарлығаш Ол нағыз тәтті су,бұл маңайда Тазабұлақтың суынан тәтті су жоқ.
Ерлік Қарлығаш біз сенімен дос болайықшы
Қарлығаш Біз онсыз да доспыз ғой.
Аян О жарайсың.Онда сен бізге Тазабұлаққа қалай бару керек соны айтшы
Қарлығаш /шошып/ О,о,ол болмайды.Ол жаққа адамдарды кіргізбейді.Сендер ұсталып қалсаңдар олар аямайды
Аян Сен енді біздің досымызсың ғой,жол көрсетшейші біз өзіміз барамыз
/Құстар сайрап жатыр,аңдар дауысы естіледі/
Ерлік Көргім келіп шыдай алмай барамын,Қарлығаш.
Қарлығаш /маңғаздана/ Кәзір ойланып көрейін.
Аян Сен бізге жол көрсетсең болды
Қарлығаш Қараңдар анау жартастың басында биікте жол бар бірақ өте тар, бұталардың арасында.Бірақ сақ балыңдар сауысқан, қарсақтың көзіне түсіп қалмаңдар.Ана жаққа бірден жеткізеді.
Ерлік О алақай
Қарлығаш Мен кәзір сол жолдың бойындағы ағаш басына барып отырамын.Сендер бұта арасымен көрінбей сонда келіңдер.Мен алдарыңда жол көрсетіп отырамын,артымнан жүріп отырыңдар./жүреді/
6шы көрініс
Аян Тазабұлақ қайдан шығып жатыр.
Қарлығаш Әне анау жоғары жақты көріп тұрсың ба сол жерде
Ерлік Онда қалай барамыз.
Қарлығаш Онда күндіз бару мүмкін емес.аңдардан кұзет қойылған.Сауысқан,Үкі бәрі сонда сақадай сай күзетіп тұр,бір адамды өткізбейді.
Аян Түнде ше
Қарлығаш Түнде де
Ерлік Түнде кім күзетте тұрады
Қарлығаш Үкі,Кірпі,Атжалман,күзеттің бастығы Аю.Тура Тазабұлақтың басында тұрады.бірақ көрдім Аю ұйқыны басып ұйықтайды /шықылықтап күледі/
Аян Ол дым сезбейтін шығар.
Қарлығаш Абайлаңдар патша Арыстанның тәртібі қатал,содан кейін ғой бұл жаққа ешкім жолай алмайтыны.Бұлбұл менің досым,мен Бұлбұлға айтамын сен Тазабұлақ маңынан бізді күтіп ал,алдын ала не боп жатқанын айтасың бізге деп.
Аян О жақсы болды.Ерлік Бұлбұл біздің досымыз.Жақсы болды,онда жүрейік біз дайынбыз.Кәне Қарлығаш сен баста біз артыңнан жүріп отырамыз
Ерлік Екі жүз метр жүріп қарап отырасың ғой,біз жеткенше.
Қарлығаш Қанатын қағып кетеді
7ші көрініс
/Қарғалар мекені.Бас Қарға төрде отыр.Жанында Қарға бике,Қират қарға,Жас қарға./
Қират қарға /Бас қарғаға/ Қарққ. Сауысқанды көрдіңіз бе сатқынды.Біз өліктің етіне жабыссақ,артына жармасатын сасық Сауысқан Тазабұлақты күзетіп жүр.
Қарға бике Шікін ай оған не жоқ.Әнеки сатқын арамызда жүр.
Бас қарға Мен оны бұрыннан білемін.Одан бізге келіп кетер ештеңе жоқ.Сабырлы болыңдар.
Бала Қарға Қарққ. Жыным келеді да,бірде анда,бірде мұнда.
Бас қарға Қарр. Жының келмесін,бекер өзіңді мүжіп қартайтпа,әлі жассың бар болғаны жүздесің.
Қират қарға Бір кездері ата-бабаларымыз жеті-сегіз жүз жыл жасаған екен ғой,соған мына адамдардың да әр нәрсені ойлап тауып,химия,газ,ГМО,тамаққа жасанды қоспалар қосып жасауы,соның зияны бізге де тиіп жатыр.Бірақ біз қалай жаратылдық солай өмір сүріп келеміз.
Қарға бике Анау аңдар Арыстан,Аю,Қасқыр,Жолбарыс секілді қырып жойып,Аққу сияқты сыланып сұлу болып көзге түсіп,Бұлбұл сияқты сызылып ән салып қылмыңдап,Бүркіт,Қаршыға секілді шүйіліп ешкімнің мазасын алып жатқан жоқпыз.Ешкімге соқтықпаймыз сонда да ешкімге жақпаймыз.
Бас қарға Жаңа айттым ғой,біз мына адамдармен аңдар секілді бөлініп жатқан жоқпыз.Біз биіктен аласа,аласадан биік боп жүре берсек осылай көп жасай береміз.Анау орыс адамдарында «Тихо идеш,дальше едиш»деген мақал бар.
Бала қарға Ой ата ай,сіздің де білмейтініңіз жоқ.Орысшаны да қатырасыз.
Бас қарға Енді мен бес жүз жылдан бері осылардың арасында өмір сүріп келемін ғой.Қазақша орысша,өзбекше бәрін білемін.Қазақта «Көре-көре көсем боласың,сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген сөз бар.Құспыз ғой енді, ана торғайлар туралы қазақтар «Торғайдың миындай миың жоқ» деп жатады тегіміз бір болғасын намысым келеді құспыз ғой.Мына сен жүзге келдің бір түйір мақал білмек түгілі,адамдардың тілін де білмейсің.Мүмкін бізді адамдар сияқты ақылы кіре ме деп олардан он есе көп,ұзақ өмір берген шығар.
Бала қарға /кұмілжіп/ Енді әлі жаспыз ғой үйренеміз ғой ата,адамдардың бізден несі артық.
Бас қарға Қарқ.Әне кешегі екі шалдың айтқандары жөн.Істегендері дұрыс.Қанша ғасырдан бері келе жатқан дәстүр айналдырған жүз жылдың ішінде өзгеріп шыға келді.Кәзіргі адамдардың аңдығандары телевизор,шұқылағандары сотка,құлағын тас бекітіп алып қарағандары интернет.Ұрлықты да,зорлықты да солар жасайды.Бұзылып барады әйелі еркек,еркектері әйел болам дейді не сұмдық.Мына екі қария Ақсақал мен Байсал қарт дұрыс істейді бәрін тазалап,жазалау керек.Біз көріп жүрміз ғой бес жүз жылдан бері,бұрын соңды бұндай масқара болған емес,адамдардың арасында.
Қарға бике Рас ау бұл масқара ғой.Адамдардан обал болды.
Бас қарға Қарр.Бәлкім адамдардың осы қылығынан да аңдар қорқып,қашып кетті ме.
Бала қарға Білеміз ата бұларды,біз де білеміз.
Қарға бике Көзбен көріп жүргеннен кейін шыдай алмайды екенсің.
Бас қарға Ана екі шал дұрыс айтады жастардан шығып жатыр.Бәрі интернеттен шығып жатыр.
Жас қарға /ашуланып тызылдап/ Жастар,жастар дейсіз қайдан біледі сол жастар үлкендерден көрген шығар.
Қарға бике Болды болды,балам басыла ғой сені айтып жатқан жоқ қой. /арқасынан сипап/
Бас қарға Қарр.Жарайды не болды сонша.Мен ана екі қарттың қарапайым жан дүниесінің өзгермегеніне сүйсініп,ана екі ұрыға қаным қайнап айтып отырмын.Әйтпесе мен де сол адамдарды жақсы көремін.
Жас қарға Сол ұрыларыңыз жас емес қой. /бұрқылдап/
Қарға бике Жарқыным саған не болды сонша,әлі жап-жассың.
Жас қарға Сонда да жастар деп жаман айтты ғой.Қарр.
/Аян мен Ерлік шығады/
Аян Жас қарға ашулысың ғой
Жас қарға Қарр.Міне, мінне жасс-тар.Осы ауылда тұрады.Жақсы балалар табиғатты сүйеді,өнерлі балалар.
Қарға бике Қарр.Бәріміз білеміз ғой бұларды.Ойбай ау бұлар жақсы балдар ғой.
Бас қарға Бұлар аталарын тыңдайды мен де білемін.Анау Ақсақал мен Байсал қарт кемеңгер дана адамдар,мен олардың жеті атасына дейін білемін,көзім көрген.Таза жүректі адамдар./Аян мен Ерлікке,Жас қарғаны көрсетіп/ Сендер мынау сияқты аталарыңды тыңдамай жүрмеңдер.
Бала қарға /тызылдап/ Ата мен сізге қарсы сөз айтқан жоқпын,тек жастарды кіналамаңыз дедім.
Қарға бике Ой кішкене қарғам.Болды,болды,келе ғой ботам келе ғой.
Аян Рахмет ата қарға
Ата қарға Иә қайда жол тарттыңдар.
Ерлік /жылдам/ Табиғатты тамашалап көріп қайтайық деп едік
Ата қарға Жарайсыңдар, барыңдар.
Аян /Ерлікке/ Бұларға Тазабұлақтың қажеті жоқ шығар.
/Аян мен Ерлік артына қарап шығып барады,жарық сөнеді/
Келесі көрініс
/Аңдар патшалығы,аңдар мен құстар түгел жиналған/
Арыстан /Айнала қарап Аюға / Аңдар мен құстар түгел жиналды ма.
Аю Барлығы жиналды.Тек қарғалар жоқ.
Түлкі Арыстан тақсыр Қарғалар қарны тойған жерде жүре береді ғой. /Қылымсып/
Арыстан /гүрілдеп/ Жарайды Қарғалар өздері де таза емес.Өздері білсін. /Түлкіге қарап/ Ал Сауысқан келді ме.
Қасқыр Жоқ көрмедім
Түлкі /бетін шымшып/ Өлә, Сауысқан болмаса кім «стучать» етеді.
Аю /кеңк-кеңк күліп/ Қарақұс оны жібере қояр.
Қасқыр /Кеңкілдеп күліп/ Қарақұс үнемі, Сауысқанның құйрығы әдемі деп айтып отырады.
Түлкі Сауысқанды Қарақұс жібере қоймас. /қулана/
Аю Хі-хі-хі,осы Түлкі біледі бәрін.
Түлкі /жылдам/ Білемін бәрін білемін.Ана Бұлбұлды Бүркіт тойда өлең айтуға жібермей қойыпты ғой,оны да білемін.
Арыстан /қатуланып,әрі қызғана/ Жетер енді мен Қарғаларды не істейміз десем сендер не айтып кеттіңдер.Қазір ауылда да,қалада да,Қарғалардан басқа құстар қалмады,Қарғалар бізге қосылмайды,неге бұлай.
Түлкі /қулана/ Мен білмеймін,Қарғалармен байланысым жоқ.
Арыстан /Түрі өзгеріп қатуланып/ Қосылмаса қосылмасын,қойшы соларды жүре берсін солай.Тек біз Қарғалардан адамдар не ойлап жатыр біз туралы,біз адамдардан хабар алып тұруымыз керек Сауысқан арқылы. Бірақ анау Сауысқанға сақ болыңдар,Қарғалармен байланысып хабарды дер кезінде жеткізіп тұрсын.
Түлкі Құп болады, Арыстан тақсыр.
Арыстан Онда жиналысымызды бастаймыз. Барлық жерге хабарлама жіберіңдер.Біз адамдарды қолдамаймыз.Адамдармен ара қатынас үзілген.Аңдардың барлығы білсін.Біз олар былғаған суды ішпейміз.Олар жеген тамақты жемейміз,олар тамаққа түрлі қоспалар қосады.Адамдар шексіз семіріп, бұзылып барады.Біз тазамыз.Бұл көлді Таза бұлақ көлі деп атаймыз.Қараңдаршы қандай кермет көл болған жоқ па.
Қасқыр /аузын жалап айнала қарап/ Иә бәрі керемет.
Түлкі /көлге қарап/ Мына үйрек пен қаздың қатар жүруін қарашы./Қасқыр шығып кетеді/
Арыстан /кеңк-кеңк күліп/ Бұрын соңды аңдар патшалығында мұндай аң мен құстар қатар қонған заман болған емес./Қасқырға қарайды ол жоқ.Түлкіге/ Осының бәрін жасаған өзім емес пе. /масаттанып/
Түлкі Аса мәртебелі Арыстан тақсыр,әрине. /Үйрек қаздың қаңқылдап дауысы шығады/
Арыстан /құлағын түріп/ Бұл не айқай
/Аю шығып кетеді/
Түлкі Кәзір көріп келейін /кетеді,қайтып келіп / Ана жақта Қасқыр үйректі ұстап алып жейін деп жатыр.
Арыстан А оңбаған Қасқыр,мен кәзір /соткасын алып/ Тыңдаңдар,тыңдаңдар күзет,күзет.Қасқырды ұстап тез арада маған жеткізіңдер.
Түлкі Қасқыр оңбаған көлдің шырқын бұзып.Мен кәзір көріп келейінші.
/Қасқырды Аю алып келеді.Қасқырдыңқолында бір үйрек,кіре бергенде бір үйрек қолынан түсіп қалады./
/Түлкі жылыстап шығып кетеді/
Арыстан /айқайлап/ А оңбаған Қасқыр.Мен сені өзімнің сенімді оққағарым деп жүрсем,Сен не істеп жүрсің.
Қасқыр Ареке мен судан шыға алмай бұтаға ілініп қалған үйректі құтқармақшы болып ұстап алдым әнеки. /артына қарайды үйрек жоқ/ Қайда кетті жаңағы үйрек.
Арыстан Мынау неге қан. /қолындағы үйрекке қарап/
Қасқыр Бұта жырып кеткен шығар.
Арыстан /Аюға/ Мынанікі рас па
Аю Көрмей қалдым /Аю иығын қиқаң еткізеді,осы кезде Түлкі келеді жылмиып/
Арыстан Түлкі бикеш, мына Қасқыр үйрек бұтаға қысылып қалған екен, шыға алмай жатқанда босатпақ болып ұстадым дейді рас па
Түлкі Білмедім мен дауысын естідім осы жерден
Арыстан Сен не дейсің Аю.
Аю Солай сияқты
Арыстан Жарайды енді олай істемеңдер
Қасқыр Істемеймін
Арыстан /қатулы/ Тыңдаңдар, бүгінгі күн тәртібінде аңдар мен құстардың тәртібі қаралады.Тоғайдың бір қуысынан қаздың жүні табылды.Түлкі ұрлап тығып жеген деген қауесет бар.
Түлкі Туу ағай, кешіріңізші. /бірден өзгере/ А, Арыстан тақсыр,менің сарай қызметінен бір түйір де қолым тимейді.Қазды неғылам ағай бәрі алдымда тұр ғой.
Қасқыр Ағайың қалай сенің
Түлкі Кешіріңіз. Құрметті тақсыр
Қасқыр /даңғойланып өзімен-өзі күліп/ А,а солай де
Арыстан Түлкі оны шығарып отырған мен емес осындай мәлімет бар./Қасқырға/ Бүркітке айтыңдар құстарға жақсылап қарау керек. Қарлығаш ауылға жиі барады екен,ол не істеп жүр ол жақта. Бұлбұл барып ауылдың шетінде сайрайды екен,неге ол осы жерде орманда сайрамайды.Оны неге ормандағы аңдар тыңдамайды.
Бұлбұл Ағай
Қарлығаш /жылдам/ Тыныш тұр сені ешкім тыңдамайды /қанатынан тартып/
Арыстан /Қасқырға/ Сен тәртіпті қадағалаушы емес пе едің
Қасқыр Әттең құс та әйтпесе,қолыма түссе қылғыта салар едім. /тоқтап көзі алақтап/ Бүркітке айтып сазайын бергізейін бе.
Арыстан Кәне қорлық көріп немесе көңілі толмай жүрген кім бар
Аю /қипақтап/ Патша тақсыр емін еркін тауды аралау дегенді қойдық қой.Бір мезгіл аунап-қунап қыдырып қайтсақ болмай ма
Арыстан Тәртіп.Тәртіп болмаса осының бәрі қайдан болады.Анау Тазабұлақ,Мына Айнакөл, қандай жайнап жасанып тұр,жеміс-жидек не керек бәрі бар.Тәртіп болмаса бұл қайдан болады.Ана қарғалар кетті өзімен –өзі.Әне анау адамдар жақта соғыс,өзен көлдер суалып қурап жатыр.Орман оталып жатыр,осының бәрі тәртіпсіздіктен.Тәртіп бомаса болмайды.Біз кәзір сол адамдардан қорғанып осылай жасап жатырмыз.Адамдар тәртіппен жұмыс жасап табиғатты бүлдірмесе біз де шекараны ашып баяғыдай араласып жатар едік.
Түлкі Осы шекара қиын боп кетті, кәзір оларда тірі аң көрмегендері көп.Жазатайым шекарадан өтіп кетсең ұстап алып зоопаркке тығып жібереді,одан соң шығып көр.Егер емін еркін бұрынғыдай жүргенде ондай болмас еді аү.
Арыстан Сен тауықты сағынып жүрсің ау осы.
Түлкі Жо-жоқ.О не дегеніңіз,осында бәрі жетеді ғой.Мен жай әншейін,солай деп жатқаным ғой.
8ші көрініс
/Тау іші соқпақ жол бойында екі ұры тал арасымен келеді/
1ші ұры /Тау жақты нұсқап/ Осы өзенді жағалап жүре берсең тура Тазабұлаққа барып тіреледі.Сол Тазабұлақтың басында адамдар қанша жылдан бері темір ақша,алтын сақиналарын әулие бұлақ деп садақаға тастап кетеді.Мен осыдан бес жыл бұрын барғанымда көргенмін.Тазабұлаққа қарасаң тұп-тұнық астында тиын дейсің бе,алтын жүзік сырғалар толып жатыр.
2ші ұры Оны білеміз ғой бірақ жете аламыз ба.Аңдардың барлығы күзетеді екен ғой Тазабұлақты.Аңдар адамдарға әбден өшігіп алған жақындай аламайсың дейді сол рас па.Барлығы жолды күзетеді дейді құстар да сол рас па.
1ші ұры Мен білемін естігенмін анау жартастың ортасында қалың бұтаның ішінде дәу тастардың арасымен өтетін кішкене ғана соқпақ бар.Жартастың ортасында соған шығып қалың бұталардың арасымен жүріп отырасың.Әйтпесе жерде өзен жағасында аңдар қаптап жұр жеп қояды екен.
2ші ұры Бізге адам өтетін жер болса болды ғой./екеуі тал арасына кіріп кетеді/
Келесі көрініс
/Бұлбұл отыр тал үстінде/
Қарлығаш Мынау менің досым Бұлбұл
Аян мен Ерлік /таңырқап/ Бұлбұл, бірінші рет көруім
Бұлбұл Мен адамдарды жақсы көремін.
Ерлік Алдына қарап.Мә мына көлдің керемет жалтырауын ай
Бұлбұл Осы Айнакөл
Аян Бұлбұл айтшы,Тазабұлаққа келдік пе
Қарлығаш Әне анда қара көлге құйып жатқан сол Тазабұлақ
Аян Тазабұлақ керемет /тамсанып қарайды/
Ерлік Ғажап қандай әдемі /тамсана/
Аян Қарлығаш айтшы аң патшалығы осы ма.
Қарлығаш Осы жердің барлығы аң патшалығы.
Бұлбұл Бірақ бұл жерден әрі өте алмайсыңдар.Ол жерде аң патшасы Арыстан отыр.Осында Тазабұлақ басында отырады.Ол жаққа адамдарды кіргізбейді.
Аян Неге
Бұлбұл Өйткені адамдар бүткіл ауаны суды ыластап,табиғатты тонап бүлдірді, соған бүткіл аң мен құстар наразы.Олар кәзір Тазабұлақ басын толық тазартып болды,Арыстан,Қасқыр,Аю,Түлкі бәрі осында бір адамды да кіргізбейді,сондықтан ол жерге жете алмайсыңдар.
Аян Бұл жақсы ғой бізге де керегі тазалық, біз де таза суды іздеп келе жатырмыз
Бұлбұл Бәрібір бұған адамдар кінәлі.Арыстанның арнайы жарлығы бар,бір адам да өтпесін деген.Бұдан әрі бармаңдар өте қауіпті. /Бұлұл кетеді.Арыстанның ақырған, аңдардың дауысы күшейе түседі/
Қарлығаш Естідіңдер ме Бұлбұл дұрыс айтады,ары қарай өту өте қауіпті.
Аян Жақыннан бір көрсек
Тек Абайлаңдар алдарыңда Қасқырлар күзеткен шекара бар.
Аян Одан кіруге бола ма
Қарлығаш Болмайды осы жерден көріп кері қайтыңдар.Ол жерден тірі жан өте алмайды.
Ерлік Қарлығаш. Біз Тазабұлақты көруге келдік қой.
Қарлығаш О ол мүмкін емес оны Аю күзетіп отыр.Аң патшасы Арыстанның ордасы сол жерде.Онда бару тіпті мүмкін емес сендер енді кері қайтыңдар әйтпесе ұсталасыңдар.Одан соң кері қайту жоқ.
Ерлік Енді не істейміз
Аян Кері қайтуға болмайды,онда не үшін келдік.Қарлығаш ол жаққа барудың басқа жолы бар ма
Қарлығаш Бар бірақ онымен сендер жүре алмайсыңдар.Анау жартастан тік төмен түсу керек.Тасқа жырылып,тікен тырнап әбен қиналасыңдар.
Аян Мейлі біз Тазабұлаққа жетсек болды
Қарлығаш Мен кәзір Тура сол Тазабұлақтың төбесіндегі жартасқа барып қонамын,тура сол жерге келсеңдер көресіңдер.Ары қарай білмеймін.Ешқандай дыбыс шығармаңдар.Сендер ұсталсаңдар мені де тірі қалдырмайды.
Аян,Ерлік /қосарлана/ Келістік жарайды Қарлығаш
Қарлығаш Кәзір мен барып анау жар жиегіндегі бұтаға қонамын қарап отырыңдар сол жерге келіңдер.Абайлаңдар өте сақ болыңдар.
Аян Рахмет саған қарлығаш
9шы көрініс
/Аян мен Ерлік жартас түбіне келіп шығып төмен қарап отыр.Үңгір аузында.Гүрілдеп сарқыраған су дауысы естіледі./
Қарлығаш Әне Айнакөл,төменде Тазабұлақ құйып жатыр қараңдар
Аян Ғажап не деген керемет.
Ерлік /таңданып/ Мәссаған.Мынау ғажап қой бәрі осында.
Аян Сонда құстар мен аңдар бірге өмір сүреді ме.Әне Ерлік қарашы,Қасқыр,Қоян,Қабан бәрі бір жүр.
Ерлік Бұлар қайда өмір сүреді десем осында екен ғой бәрі
Аян Ана көлдің мөлдірін қарашы
Қарлығаш Осы ғой Тазабұлақ суы. Осы аңдар адамдарға ашуланып бәрі жабылып Тазабұлақтың суын бұрып осы жерден көл жасады.Барлық аң мен құстарға суды былғамауды,суға еш нәрсе тастамауды қатаң ескертті.Егер де кім де кім суды былғаса қоқыс тастаса соны бұл жерден қуып шығамыз деді.Содан бері міне осындай айнадай жарқырап жатыр.
Аян Біз де осындай істегенде,көрдің бе
Ерлік Адамдардан аңдар ақылды болғаны ма
Қарлығаш Төменде үйіліп жатқан тастармен бекітіп бұлақ суын Айнакөлге бұрып қойған.Ал мен жоғарыдан қарап отырамын сақ болыңдар.
Аян Жарайды Қарлығаш рахмет.Сен бара бер./жан-жағына қарап/ Өте сақ болайық.Аңдардың барлығы төменге жиналып жатыр,көрдің бе.
Ерлік Әне Сауысқан келіп анау талға қонды көрдің бе
Аян Иә көрдім тыныш
Ерлік Қайта ұшып кетті
Аян /Үңгір аузына кіріп Ерлікке/ Тысс.Кел мұнда.Біз кәзір мұнда тығыла тұрайық.Сосын төменге түсіп тез-тез,тасты жылжытып суды бұрып,қайта өрмелеп шығып үлгеруіміз керек.Сақ бол.
/Жарық өшіп жанып,өшіп-жанып су сылдырап ағып жатыр/
Сауысқан /дауысы/ Балалар сендер тығылмай ақ қойыңдар сендер ұсталдыңдар.Ешқайда кете алмайсыңдар.
Аян мен Ерлік /бұтаға қарап / Сауысқан келіп қапты ғой. /екеуі қорқып тұр/
Қасқыр /Қасқыр келеді./ Кәне олар.Сауысқан сен неге бұрын айтпайсың
Сауысқан /дауысы/ Мен бұларды шекарадан өткелі бері аңдып келемін.Мен бұлар не істейді екен білгім келді,енді білдім болды әкете бер.Міне мұнда үңгірде.Бұлар қараңғы түскесін Тазабұлақтың басына бармақшы.Ұста қасқыр./үңгірді нұсқап/
/Қасқыр Аян мен Ерлікті алып шығады,жартас үстінде бір шетінде Бұлбұл мен Қарлығаш,Екінші шетінде Бас қарға,Қарға бике,Жас қарға отыр жартас үстінде./
Бұлбұл Қасқыр бұлардың қасында тура дәл сен сияқты Қасқыр оққағарлары бар.Абайла.Сенбесең жаныңа қара.
/Аян мен Ерлік өзімен алып келген дәу айнаны үңгір аузына тасқа сүйеп қойған.Қасқыр жанына қарап айнадағы өзін көріп тосылып қалады,үлкен айна көрерменге қарап тұр./
Қасқыр /аң-таң/ Сен кімсің /Айнадағы Қасқыр Сен кімсің, деп қайталап жатыр/
Қасқыр /шошып/ Мынау кім ей /жан-жағына алақтап/
Қасқыр /айнаға үңіліп қарап еңкейіп/ Мен саған айтып тұрмын
Қасқыр /ашуланып/ Кет бұл жерден тез арада
/Бұлбұл мен Қарлығаш шықылықтап күледі,жартаста отырған Қарғалар қарқ-қарқ күледі/
Қасқыр /Қасқыр оларға ызғарлы қарап,Бұлбұлға ашуланып саусағын безеп/ Бұлбұл мен Қарлығаш сен екеуіңді бүгіннен бастап орманнан қуамыз. /Еңкейіп айнаға қарайды үңіле/
Бұлбұл Қара қасқыр сен ол Қасқырдан мықты емессің
Қасқыр Мен кәзір бұны. Ар-рр.Мәссаған. / Артқа шегініп келіп баспен ұрады айнаны. Айна сынып қалады. /Қасқыр басы ауырып басын ұстап ойбайлап қалады айналып./
/ Бұлбұл,Қарлығаш,Қарғалар Аян мен Ерлік күліп жатыр./
Қасқыр /Басын ұстап.Алақ-жұлақ етіп айнаға қарап алып,Аян мен Ерлікті алып кетіп барады./
Бас қарға / Қасқырға/ Қарққ. Ақымақ,Адамнан ақылдымын деп ойлайсың ба сен.Қар-ырр.
Қарға бике Осы аңдарға таң қаламын.Арыстан,Қасқыр,Аю,Жолбарыс екі иығын жұлып жеп адам көрсе атылады жегісі кеп.Тыныш біз секілді ілінгенін жеп жүре берсе болады ғой.
Бұлбұл /Шықылықтап күліп Қасқырға/ Қасқыр абайла кәзір артыңнан барады/
Түлкі /Келеді/ Неғып тұрсыңдар жүріңдер.
/Қасқыр айна тұрған жаққа жалтақтап кетіп барады,артынан Бұлбұл мен Қарлығаш кетеді/
Бас қарға Қаррқ.Ақымақтар табиғаттың заңын бұзып,екіге бөлініп.Аңдар азулы болса адамдар қарулы.Сонда бұлар бүлік салып бүткіл табиғаттың тынышын алмақшы ма.Оған ақылды адамдар жол бере қоймас. Ақымақтар.Қар-рр.
Жас қарға /қоқиланып қодырайып/ Көпті көрген әрі көп жасаған мына бізден ақыл сұрамай ма бұлар. /Көкірегін соғып/
Қарға бике /Жас қарғаға/ Өй ақылдым сол /үш қарға шығып барады/
10шы көрініс
/Ымырт, кеш батқан кез.Тазабұлақ суының сарқыраған дыбысы.Аңдар патшалығы азан-қазан у-шу.Дабыл қағылып,аң-құстар абыр-сабыр болып жатыр/
Аю /дауыс күшейткішпен/ Дабыл,шұғыл дабыл.Тыңдаңдар,тыңдаңдар аң мен құстар түгел жиналыңдар.
/Аңдар жинала бастайды Арыстан төрде тақта отыр./
Аю /Арыстанның жанына келіп,жан жағын иіскелеп/ Күні бойы осы жақтан адамның иісі шығады. /Судан шолп еткен дыбысы шығып абыр-сабыр у -шу болып кетеді/ Аю ентігіп келіп,екі ұрыны алып келеді,екі қолымен ұстап алған.Ұрылардың үсті су./
Арыстан /қаһарланып/ Бұлар қайдан жүр.
Түлкі Бұлар ұрылар.Су түбіндегі алтын теңгелерді алып жатқан жерінен,қолға түсірдік.
Арыстан /Қасқырға ақырып/ Бұлар қайдан кіріп кеткен.Бұл маңға тірі жан өте алмайды дегенің қайда.
Қасқыр /Ұрыларға қарап/ Мен де бұларды кәзір көріп тұрмын.
Арыстан Ым,мм.Сонда бұлар ұшып келді ме.Қасқыр сен күзет бастығысың,бұл сенің жұмысың шекара неге бақылаусыз қалған.Жауап бересің.
/Екі баланы ұстап алып келе жатқан Түлкіні көріп/
Арыстан Бұлар кімдер тағы
Түлкі /екі баланы ұстап алып келеді/ Мына екеуін Сауысқан ұстап берді, Тазабұлаққа келе жатқан жерінен.
Арыстан /Ақырып./ Жетеді бұл не тағы да. /Түлкіге,Қасқырға қарап/
Қасқыр Бұл екі баланы мен ұстап алып келдім,үңгір ішінен.
Арыстан /Шүйліге ашуланып/ Адамдар ,сендер табиғаттың жауысыңдар.Біз сендерден сол үшін қашып өмір сүріп жатырмыз./Аюға/ Аю тез арада аңдар мен құстарды хабарлаңдар.Адамдар келді көрсін.
Аю /рациямен,дауыс күшейткішпен айқайлап/ Уа жарандар. Тыңдаңдар,тыңдаңдар.Барлық аң мен құстар патшамыздың жарлығымен тез арада Тазабұлақ басына жиналыңдар./Аңдар құстар жинала бастайды/
Арыстан /Орнынан тұрып/ Тазабұлақ маңын мекендейтін аң мен құстар,бүгін біздің бұлжымас заңымызды бұзып келген төрт адамды ұстадық.Біздің ережеміз бойынша табиғатты аялай білмеген адамдарды Тазабұлақ маңына жолатпаймыз деген шешімімізді бұзып,кіріп кеткен жансыздарды жазалаймыз.Келіңдер.Көріңдер.
Екі ұры /қосарлана зәрелері ұшып Арыстанға еңбектеп жалынып/ Тақсыр.Арыстан ием,кеше гөріңіз,бір жолға.Жалынамыз,біз қарамызды көрсетпей кетейік бұл жерден. /аяғын құшып/ Жанымызды қия көріңіз,аң патшасы Арыстан тақсыр.Қия көріңіз.
Арыстан /ақырып/ Адамдар сендер ұрлық істеуді қоймайсыңдар біз теледидардан күнде көріп отырмыз,интернеттен де, күнде пара беру,ұрлық,зорлық біз сендерден қашсақ та,сендер іздеп жүріп сұғанақтық жасауларыңды қоймайсыңдар.Дұрыс па. / екі ұрыға зәрлене қарап/
Екі ұры /жанұшыра/ Дұрыс,дұрыс. Мойындаймыз тақсыр, тек қана шыбын жанымызды қия көріңізші. /Табанын жалап/
Арыстан /бір теуіп/ Жексұрындар,сендер ашкөз ұрысыңдар.Сол үшін алтын ұрламақшы болған қолдарыңды осы жерде қалдырасыңдар. / Аюға ақырып / Аю әмір етемін орында /Аю екі ұрыға бас салады,Екі қолымен иығынан бүріп тырп еткізбей ұстап тұр./
/Екі ұры жанталаса айқайлап,еңбектеп аяғын құшып,Аян мен Ерлік тік қарап тұр/
Екі ұры /жанұшыра,дірілдеп/ Ойбай.
Арыстан /Түлкіге/ Түлкі тез арада инстаграм,ютубтан таратыңдар адамдардың барлығы көрсін. /Түлкі соткамен суретке түсіріп жатыр,Арыстан қаһарлы бұрылып,екі балаға/ Ал сен екеуің тыңда.Біз аңдар табиғатты,тазалықты сүйеміз.Қалай жаратылдық солай өмір сүреміз.Өзгермейміз.Сендер өзгеріп кеттіңдер.Жеген тамақтарың да,ішкен суларың пепси,да таза су емес,кола,дизи,бәрі өзгеріп кетті.Табиғи дауыстарыңды да естуден қалдық,фонграммамен ән айтасыңдар.Айналаның барлығы түтін,қаптаған көлік газ, тұншығып қашуға тура келді бізге.Бәрін бүлдіріп жатырсыңдар,табиғи ештеңе қалмады.Бәрін тауысып барасыңдар. Табиғаттың жаратылысына қарсы шыққандарың үшін сендер жазаланасыңдар.Адамдар бүткіл табиғаттағы аң мен құстың бәрін құлға айналдырып жібердіңдер,соның ішінде бізді де./бәрі үнсіз қалады.Түлкіге Аян мен Ерлікке қарап / Түлкі. Бұлар не жасады
Түлкі Бұлар аңдар патшалығына ұрланып кіріп Таза бұлақ суын бұрынғы арнасына ағызбақшы болды
Арыстан /ақырып/ А-аа,бұлар да қылмыскер екен ғой.
Қарлығаш /шырылдап/ Аң патшасы Арыстан ием,бұл екі бала менің досым еді.Бұлардың кінәсі жоқ,жол бастап ертіп келген мен едім.Бұлар туылғалы бері табиғи жерден шығып жатқан бұлақ көрмепті.Біздің Айнакөлді,Тазабұлақты көргісі келді.Мына ұрыларды танымайды бұлардың жазығы жоқ.
Аян Ерлік /қосарлана/ Біз,біз мына көлді,Тазабұлақты көргіміз келді.
Аю /ұрыларға төніп гүжілдеп / Сендердің балаларың ба
Ұрылар /қосарлана қолдарын қусырып / Жоқ,жоқ. Біз оларды мүлдем білмейміз.
Түлкі /жылмия күліп/ Сендер мына ұрылар секілді ұрлық істеуге келмегендеріңді қалай дәлелдейсіңдер.
Сауысқан /Шықылықтап күліп/ А-а-а,бұлар қалай дәлелдейді.қолдарынан телефон түспейді.Құлақтарында құлаққап,өздері компютер алдынан шықпайды,не дәлелелдейді бұлар.
Аю /Қарқылдап күледі,екі ұрыны желкесінен ұстап тұр/ Рас,рас.
Түлкі /қадала/ Иә қалай делелдейсіңдер ұры емес екендеріңді.
Арыстан Арр,кәне біз ойнап отырған жоқпыз.
Қарлығаш /Аузын бұртитып/ Адамдарды мен жақсы көрем,әрине аналарды емес. /Ұрылар жаққа қарап/
Аян Арыстан тақсыр мына өзенде су болмағасын тал бұталардың бәрі қурап, орман тоғайлар тақырға айнала бастады.Мына Тазабұлақ суы осы өзенге ақса барлығы көгерер еді,жеміс-жидек бүлдірген теріп,балық аулап жер едік.Бау-бақша егер едік.Суды бізге аңдар беріп жатыр деп қуанар едік.
Сауысқан /тақылдап жіңішке дауыспен/ Қарлығашқа сенбеңіз.Осы балаларға жол көрсеткен сол.Мен бәрін бақылап келдім.Қарлығаш көмектесті бұларға.
Арыстан /қаһарланып түнере/ Қарлығаштың қанатын қырқып жазалаңдар.Кәне ол /пауза/
Қарлығаш /Арыстанның артынан алға шығып/ Мен мұндамын.Бұл балалар шын айтып тұр сеніңіз.
Қасқыр Ареке.Адамың баласы бізге дос бола ма.Олар бізді қызық көреді қызықтау үшін ғана келеді.Біздің қанша бауырларымыз адамдардың арасында тордың ішінде тұр ғой.
Қарлығаш Сіздер адамдардан алыс болған соң білмейсіздер.Олар өзді-өзімен күресіп жатыр.Не бір сұмдық қаруларды ойлап тапты,мылтық бомба,сол бомба жарылмас үшін,соғыс болмас үшін, бір-бірімен айтысып,тартысып,келісім жасап тоқтатып жатыр.Оны істемесе не болар еді,бәріміз де қырылып қалар едік қой.
Арыстан /ойланып/ Мынауың дұрыс екен.Сонда адамдар жақсы ма.
Қарлығаш Мәртебелі Арыстан тақсыр,әрине адамдар жақсы, мен көктемін, сіз жердесіз мен бәрін көріп жүрмін ғой, балапандарыма қауіпсіз болсын деп ұямды адамдардың үйінің ішіне саламын.Олар бізге тиіскен емес.Мен қалай адамдарға сенбеймін,қалай адамдар жаман деп айтамын.Жаманы әні өзі ақ қолға түсіп тұр./Ұрыларды көрсетіп,балаларға қарап/ Бұл балалар біз сияқты табиғатқа жанашыр тазалықты жақсы көреді.Осында таза табиғатты аңсап келді.
Бұлбұл Мен де адамдардан алыстап кеттім.Мені кәзір көбісі танымайды.Бірақ мені адамдар сүйіп тыңдайды.Адамдар әдемі әншілерді Бұлбұлға теңейді,әдемі қыздарды Аққуға теңейді,ең күштісін сізге теңейді,мықтысын Аюға,Қасқырға, теңейді./Түлкіге көзі түсіп кетіп тез көзін тайдырып/ Осының бәрі бізге құрмет емес пе.
Қасқыр /Кеңк-кеңк күледі/ Аһ-ха-ха.
Арыстан /көңілденіп/ Аһ-ха-ха.білемін,білемін,рас оның.Рас,рас. Бірақ біз аңдар сендерге өкпеліміз.Қолдарыңнан қару түспейтін болды.Бір-біріңмен соғысып қырып жатырсыңдар.Бізге де қару кезейсіңдер,біз қорқамыз.
Түлкі Аямау керек адамдарды.Бізді ұстап алса терімізді сыпырады.
Қасқыр /алақ-жұлақ етіп,жан-жағына қарап/ Менің терімді талай адам үйлеріне іліп қойған.
Бас қарға /Сөзге араласып отырған жерінен/ Қарққ. Мені де бір тыңдаңдар өтінемін. Мен білемін адамдарды, осылардың ортасында жүрмін.Аталарымыз айтатын осыдан алты мың жыл бұрын адамдар алтынды тапты, содан кейбірі қызығып жолдан тайды.Кейін ақша дегенді ойлап шығарып кәзір сол ақшаға құнығып алды.Әне анау екі көзі қарауытып кеткен екі ұры сол ақша үшін мына екі жетім баланың жалғыз сиырын ұрлады.Оларды аямай жалаңдар ал мына балаларды несін жазалайсыңдар айтып отырғандары рас.Мен көріп келдім.
Аю /гүжілдеп/ Бас қарға дұрыс айтады,Қарғалардың көргені көп.Бәрі рас.Бірақ орманды отап, тауды қопарып,суды сорып жатқан осы адамдар.
Аян Ардақты аң мен құстар,біз шынында да адасып барамыз.Мына жайқалған табиғатты бүлдіргеніміз рас.Сіздер бізді кешіріңіздер.Біз Арыстанның айбатына,Қасқырдың қайратына қайран қаламыз,Аққудың әсемдігіне тәнтіміз,Бұлбұлдың дауысын сағынамыз. /Кемсеңдеп қалады/ Біз сіздермен бірге болсақ дейміз.
Арыстан /ойланып/ Білемін,бәрін білемін,тіпті анау әншілерді қолдан «жұлдыз» жасап алып тыңдап жүрсіңдер обал ақ шынында
Аян /Шабыттанып «Адасады адамдар» өлеңін оқиды.
Құстар қайтып оралды мекеніне,
Талмай ұшса қанаты жетеді де
Өз жолы бар аспанда,өз бағыты
Өз жолымен ол дағы кетеді де
Көкке сүңгіп самғайды көтеріле
Көк төсінде күндері өтеді де
Қатар түзеп ұшады қаз,тырналар
Ермейді олар ешкімнің жетегіне
Аң мен құсқа аса бір алаңдама,
Ақыл берген адамзат саған дара
Адаспайды жолынан аң мен құстар
Адасып қап жүргендер адам ғана
Арыстан /ұйып тыңдап қалған/
Бұлбұл Мен балалармен дос болғым келіп тұр.
Қарлығаш /Бұлбұлға/ Бұлар біздің досымыз
/Аян мен Ерлік жымияды/
/Аян табиғат туралы бір әдемі ән салады,Арыстан ән тыңдап көңілдене бастайды.Қарлығаш,Бұлбұл, Аю гүжілдеген дауысымен,Қарғалар қосылады.Сауысқан,Түлкі,Қасқыр үнсіз тұр./
Арыстан Нағыз адамның дауысы
Қарлығаш Ғажап
Бұлбұл Керемет
Арыстан /Көңілі жадырап Аянға/ Әй балақай,не тілегің бар айт,не үшін келдіңдер бұл жерге.
/Түлкі Қасқырға күдікті қарайды/
Аян мен Ерлік /жарыса/ Жаңа Қарлығаш досымыз айтқандай,Тазабұлақтың суын бізге жіберсеңіз басқа ештеңе керек емес.Сізге зор алғыс айтамыз.
Арыстан /кеңк-кеңк күліп/ Жарайды.
/Аян салған ән салған әннің аяғы көңілді музыкаға ауысып аң мен құстар билеп кетеді.Бас қарға,Қарға бике,Қират қарға,Жас қарға келіп теңселіп биге қосылып тұрады/
Арыстан /Көңілді жадырап/ Кәне Тазабұлақтың суын ашыңдар. / У -шу,музыка,сарқыраған су сыңғыры/
Аян Аңдар құстар, бізден алыстамаңдар.Бізді тастап кетпеңдер. /Аян Ерлік екеуі биге қосылады/
Ерлік /айқайлап қолын көтеріп/ Біз сендерді жақсы көреміз /Көңілді музыка салтанатты серпінге ауысады.Бәрі көңілді билеп жүр./
Соңы.