Адам қарады: 27372 | Жарияланды: 2018-08-27 05:42:29

Мақұлықтар әлемінде

Таным кітабы

І

КІМ  НЕДЕН ЖАРАЛҒАН?

Түйе – сордан.

Жылқы – желден.

Сиыр – судан.

Қой – оттан.

Ешкі – тастан.

 

ІІ

 

КІМ ҚАЛАЙ ЖҮРЕДІ?

 

Түйе – тайлақтайды,

тайраңдайды,

тапырақтайды,

тойтаңдайды,

еседі,

 

Жылқы –

аяңдайды,

ілбиді,

шоқырақтайды,

текіректейді,

тайпалайды,

бүлкілдейді,

желиді,

шабады,

 

Сиыр – тапырақтайды,

шапқылайды,

өңкілдейді,

 

Қой – саулайды, жүгіреді,

 

Ешкі – саулайды, қайқаңдайды.

 

ІІІ

 

ЖҮЙРІКТЕР ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

 

Желмая – түйенің жүйрігі.

Тұлпар – жылқының жүйрігі.

Қаратіл – сиырдың жүйрігі.

Келепан – қойдың жүйрігі.

 

ІҮ

 

КІМНІҢ МІНЕЗІ ҚАНДАЙ?

 

Түйе – қашаған.

Жылқы – тебеген.

Сиыр – сүзеген.

Қой – момақан.

Ешкі – секек.

 

Ү

 

ҚҰСТАР ҚАЛАЙ ҰШАДЫ?

 

 

Безгелдек – безілдейді.

 

Құтан – далпылдайды.

 

Шағала – далпылдайды.

 

Тарғақ – жорғалайды.

 

ҮІ

 

БАЛАПАНДАР ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

 

Апақ – қарғаның балапаны.

Балақаз – қаздың балапаны.

Көгілдір – аққудың балапаны.

Мамыр – үйректің балапаны.

Шөже – тауықтың балапаны.

Шөжей – сұқсырдың балапаны.

Шөжен – қырғауылдың балапаны.

 

ҮІІ

 

КҮШІКТЕР   ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

 

Алан – барыстың күшігі.

Әзборақ – борсықтың күшігі.

Безек – күзеннің күшігі.

Бөлтірік – қасқырдың күшігі.

Жаутаң – түлкінің күшігі.

Жәутік – қарсақтың күшігі.

Қонжық – аюдың күшігі.

Мәулен – мәлімнің күшігі.

Сарымақ – жолбарыстың күшігі.

Соқыр – мысықтың күшігі.

Шөншік – арыстанның күшігі.

Кей жерде шөншікті шөнжік деп жұмсартып айту да кездеседі.

Інсін – сілеусіннің күшігі.

 

ҮІІІ

 

КІМ ҚАЛАЙ ҰЙЫҚТАЙДЫ?

 

Аю бір жағына қисайып жатып ұйықтайды.

Жарқанат аяғына ілініп ұйықтайды.

Жылан оратылып ұйықтайды.

Жылқы тұрып ұйықтайды.

Ит басын жерге салып ұйықтайды.

Керік тұрған бойы ұйықтайды.

Қасқыр төрт аяғын қосып ұйықтайды.

Сиыр бір жағына жантайып ұйықтайды.

Түйе шөгіп ұйықтайды.

Құмырысқа ешқашанда ұйықтамайды.

 

ІХ

 

ТӨЛДЕР ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

 

Бақашық – бақаның баласы.

Бота – түйенің төлі.

Бұғышық – бұғының бұзауы.

Бұзау – сиырдың төлі.

Жұмсақ – кірпінің баласы.

Зәрре – биттің баласы.

Күрре – есектің құлыны.

Қодыға – маралдың қозысы.

Қодық – құланның құлыны.

Көне түркі тілінде қоды /қозы/ деген сөз төл деген ұғымды білдіреді.

Қозы – қойдың төлі.

Қозықа – арқардың қозысы.

Құлын – жылқының төлі.

Құралай – киіктің лағы.

Лақ – ешкінің төлі.

Талан – қандаланың баласы.

Торай – шошқаның төлі.

 

Х

 

КІМ  ҚАЛАЙ ДЫБЫСТАЙДЫ?

 

Аққу – сұңқылдайды,

сыңсиды /сыңарын жоғалтқанда/.

 

Арқар – маңырайды,

бұрқылдайды /маталғанда/,

уілдейді /құжын/ үйірге бірінші түскенде/.

 

Арыстан – ақырады,

күрілдейді /айбат шашқанда/.

 

Аю – ақырады,

гүрілдейді,

өкіреді /оқ тигенде/.

 

Әупілдек – әупілдейді.

 

Бақа – бақылдайды,

құрылдайды.

 

Безгелдек – безектейді.

 

Борсық – борсылдайды /жүгіргенде/,

пырсылдайды /қауіп төнгенде/.

 

Бөгелек – ызылдайды.

 

Бүркіт – саңқылдайды,

шаңқылдайды /тоят тілегенде/,

бістәктайды.

 

Бұлбұл – сайрайды.

 

Бытпылдық – бытпылдықтайды.

 

Есек – ақырады.

 

Ешкі – бақылдайды /теке/,

бақырады /түбіттегенде/,

бұрқылдайды /маталғанда/,

маңырайды.

 

Дуадақ – дулайды.

 

Жапалақ – уаңдайды.

Жолбарыс – күрілдейді,

ақырады.

 

Жылан – ысқырады /өртенгенде/,

ысылдайды /қорғанғанда/,

суылдайды.

 

Жылқы – кісінейді,

шұрқырайды /табысқанда/,

осқыранады /бөтен дыбыс шыққанда/,

шыңғырады /қылбұрау салғанда/,

оқыранады /ес бергенде/,

пысқырады,

арқырайды,

азынайды /айғыр/.

 

Ит – үреді,

ұлиды,

шәуілдейді /қанден/,

қыңсылайды /тепкенде, ұрғанда/,

шабаланады /байлауда тұрғанда/,

арсылдайды /шабаланғанда/,

ырылдайды /ызыландырғанда/.

 

Кекілік – шақылдайды.

Киік – маңырайды.

 

Көгершін – уілдейді.

 

Күркетауық – күркілдейді.

 

Күшіген – шақырады.

 

Қаз – қаңқылдайды,

шулайды /қорыққанда/.

 

Қарға – қарқылдайды.

 

Қасқыр – ырылдайды,

ұлиды.

 

Қой – маңырайды,

пысқырады,

шулайды.

 

Құлан – ақырады.

Құндыз – сыңсиды.

 

Құр – құрқылдайды.

 

Қырғауыл – қиқулайды.

 

Марал – маңырайды.

 

Мысық – мияулайды,

барылдайды.

 

Сауысқан – шақылықтайды.

Сиыр – мөңірейді,

өкіреді,

күжілдейді /бұқа/.

 

Суыр – шаңқылдайды.

 

Тауық – қытқыттайды,

күркілдейді /балапанын қорғағанда/,

шақырады /қораз/,

қақылықтайды /жұмыртқа тапқанда/.

 

Торғай – шырылдайды.

 

Түйе – боздайды,

аңырайды,

бақырады,

бұрқылдайды /бура/,

сарнайды.

 

Түлкі – шәңкілдейді,

ырсылдайды.

 

Тырна – тыраулайды.

 

Тышқан – шиқылдайды.

 

Шағала – шаңқылдайды.

 

Шегіртке – шырылдайды.

 

Шиебөрі – шәуілдейді.

 

Шошқа – қорсылдайды,

шыңғырады,

торсылдайды /торай/.

Шыбын – ызыңдайды.

 

Ұлар – шулайды.

 

Үйрек – барқылдайды,

қырқылдайды.

 

Үкі – шақырады.

 

ХІ

 

КІМ ҚАНША ТОЛҒАТАДЫ?

 

Шиебөрі бір жарым ай көтереді.

Тасбақа жұмыртқасын екі ай басады.

Мысық екі ай көтереді.

Ит екі ай /63 күн / көтереді.

Ешкі бес ай көтереді.

Қой бес ай көтереді.

Маймыл алты ай көтереді.

Аю жеті ай көтереді.

Сусиыр сегіз ай көтереді.

Сиыр тоғыз ай көтереді.

Жылқы он ай көтереді

Түйе он екі ай көтереді.

Піл жиырма екі ай көтереді.

 

ХІІ

 

МАҚҰЛЫҚАТТАРДЫ  ҚАЛАЙ ЕСТЕЙДІ?

 

Бүркітті

бапым-бапым деп шақырады,

күшім-күшім деп балдаққа қондырады,

һайт-һайт деп құс ілдіреді,

пысайт-пысайт деп пістелейді.

 

Ешкіні

шөре-шөре деп шақыралы,

ешім-ешім деп суғарады,

шек-шек деп қудалайды,

күргей-күргей  деп иіреді.

 

Жылқыны

құрау-құрау деп қайырады,

моһ-моһ жемдейді,

тәк-тәк деп жуасытады,

құр-құр деп тыныштандырады,

шу деп жүреді,

айтшу деп шабады,

дыр деп тоқтатады.

 

Итті

күшім-күшім деп еркелетеді,

айт-айт деп айтақтайды,

каһ-каһ деп деп шақырады,

кет/шық/ деп қудалайды,

жат деп тыныштандырады.

 

Қазды

ғар-ғар деп шақырады.

 

Қойды

пұшайт-пұшайт деп шақырады,

төйге-төйге деп қозыны телиді,

қотш-қотш деп желін қақтайды,

ірит-ірит деп /қошқарды/  сүзістіреді,

шәй-шәй деп қойды айдайды,

шуай-шуай деп қайтарады,

қайт-қайт деп қоралайды.

 

Мысықты

кіс-кіс деп сүт ішкізеді,

мышым-мышым деп шақырады,

мырс деп қудалайды.

 

Сиырды

ауқау-ауқаулап шақырады,

шәуһіт-шәуһіт деп жемдейді,

шәугім-шәугім деп суғарады,

өк-өк деп қудалайды,

соп-соп деп арбаға жегеді.

 

Тауықты

тіпі-тіпі деп қонақтатады,

шіп-шіп деп шақырады,

кіш-кіш деп қудалайды.

 

Түйені

көс-көс деп шақырады,,

сорап-сорап деп суғарады,

шөк-шөк деп шөгереді.

 

ХІІІ

 

ТАБЫНДАР ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

 

Әуек – қасқырдың үйірі.

Келе – түйенің табыны.

Қорамта – арқардың табыны.

Орда – жыланның табыны.

Отар – қойдың табыны.

Табын – сиырдың табыны.

Үйір – жылқының табыны.

Үйірім – құстардың табыны.

Шаң – шегірткенің табыны.

 

ХІҮ

 

МАЛ АСЫҒЫ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

 

Ешкілтай – ешкінің асығы.

Кеней – киіктің асығы.

Қидасып – жылқының асығы.

Қоңқар – арқардың асығы.

Топай – сиырдың асығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған