Адам қарады: 305 | Жарияланды: 2018-06-30 05:23:31

Шыңғыстау 

Шыңғыстау Арқа жерінде орналасқан,

Хан биігі жоталардан биіктіктен озған.

Сарыарқа мақпал  желі мамырдағы...

Табиғат анаменен тылсым сырласқан!

Шыңғытау қасиетті туған жерім,

Шыңғыстау кіндігімді кескен жерім,

Азан, намаз оқып ғұмыр кешкен...

Текті бабаларым өскен қайран елім!

Шыңғыстау атынан сенін айналайын,

Көгінде қыран құстар қалықтаған

Жайлаудың анқыған исі мұрын жарар,

Даланың ғажабын құдайым жартқан!

Есімнен шықпас Шыңғыстау түндері,

Бақытты шақ жас дәурен күндері,

Ақ көңіл, ғашықтық бой жеткенге

Осыған куә айлы түн кештері!

Шыңғыстау әр затын қымбат маған,

Қыдырып ішінде асырсап ойнағам,

Сан құпиясы тарихтын сақталған,

Қарт Шыңғыстау тастарында жазылған.

Шыңғыстау басынан көп қайғы кешкен,

Жетім-жесір көз жасын ол көрген...

Зұлмат заман аштық пен қиянаттын,

Пана болған жартас пен тоғайын.

Қасиетті бабалар мекен еткен,

Тау самалы соғады жылы неткен,

Алай-дүлей бораны қыстыгүнгі...

Мұсылманның көктемі деп кеткен!

Бойға сіңген  Шынңыстау мінезі

Көз көргелі жерұйық мейрімі...

Ер жігітке ыстық әрқашан өз ұясы,

Сұлтан емес ұлтаны өз елінде!

Сарыарқада Шыңғыстау елжіреген,

Алашқа атын шыққан Ұлы Абаймен.

Шыңғысхан Орда тіккен Хан биігінде!

Әлемді жорық жасап билегенде...!

Шыңғыстау шежірелі дана бабамдай,

Шыңыстау елжіреген асыл анамдай!

Тауынан нәр алып өскен ұлмын,

Жол сілтеп болашаққа сен тұрғандай.

Қасиеттінен айналдым туған далам,

Өзекті өртеген небір қилы заман.

Тарихтын қасіретін оқып көргенде,

Ет жүрегім елжіреп көп ойландым!

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған