Қарғыс тиген тағдыр
детективті роман
1
***
Ұзынынан созылып, құдды табиғаттың басқа көріністерімен бәстескендей, тік тұрып, Жоңғар Алатауының бойында орналасқан бұл ауыл бір кездері алтын сақинаға жақұт көз жарасқандай, осы өңірге көрік беріп тұратын. Оның атына заты сай, «Бостан» деп аталуы да бекер болмаса керек. Екі биік шыңның ортасынан тіпті пышақпен тілгендей, қақ бөліп тұратын жырадан мойнақтап ағып жатқан су не бәрі төрт көшеден тұратын бұл ауылға келгенде, барлық көшелердің екі жағында тартылған арықтарға тең бөлініп, өзінің сотқарлығын қойғандай, салмақты ағатын. Ауылда су құбырлары болмағандықтан, ауыл жұрты таң сәріде, тауық шақырмастан, орындарынан тұрып, тіршілік басталғанша, арық суын ыдыс-аяқтарға толтырып алатын. Аңыздарда айтылған зәм-зәм суынан, бұл судың емдік қасиеттері еш қалыспайтын. Адамның ұзын, қысқа өмір сүруі бірінші кезекте тұрған жеріндегі қоршап тұрған аумаққа, жер - суына байланысты болғандай, бұл ауылдың адамдары да ұзақ өмір сүретіндігімен ерекшеленген. Егер бұл ауылда кімде біреуі жетпістен асып дүние салса, байғұс жас кетіпті, деп қоятын. Бұл ауыл айналасындағы алыс- жақын жиырмаға жуық ауылдардың ішінде палуандарымен де атақты еді. Бәйге, көкпар, лақ тартуда да заманынан еш кімді алдына салмаған екен. Сондықтан ауыл жұрты көкпар, бәйге тағы басқа жарыстар өтетін күні, лақтың етін аз көріп, алдын-ала екі қойды сойып, дәу қазандарға салып жібереді екен. Ол күндері бұл ауыл мерекелік түс алып, үлкен – кіші болып, таң атқанша тойлайтын еді.
Қара топырақты жалғыз мәшине жолымен тау жаққа қарап ауылдан үзіліп шыққан кезде, оң жақтағы, тура үстін қырқып қойғандай, «Бәйге төбе» деп аталған тегіс дөңде, түрлі мерекелерде ауыл – ауылдан келген палуандар, бәйгешілер, көкпаршылар күш сынасатын. Ауылдың тағы да бір ерекшелігі, басқа ауылдардан келген палуандардың белін жерге тигізіп, осы ауылдан екі палуан шығып қалса, оларды еш қашан бір-біріне салмайтын. Жергілікті қалыптасқан ереже сондай. Олар тек басқа күндері өз ара күш сынасуы мүмкін еді.
Ауылдың негізгі тіршілігі шаруашылық, орманшылық пен егіншілік. Күздің басталуымен, тауда қарағай кесу маусымы басталып, көктемге дейін жалғасатын. Негізгі табыстың бірі осы қарағай болғандықтан, олар көшет отырғызуға да айрықша көңіл бөлетін. Сондықтан олар қарағайлық тау бөктерін оннан астам бөліктерге бөліп, оларды кезек –кезегімен кесетін. Ағашы кесілген бөліктерге дереу көшет отырғызатын. Е, ол сондай замандар еді. Қазір мемлекет иеліктері таратылып, колхоз – совхоздардың мал-мүлкі талан- таражға түсіп, ауылдың берекесі кетіп, табиғи апаттан кейінгі ауылға ұқсап қалды. Онша үлкен болмаса да, көрікті етіп салынған Мәдениет үйі, аурухана тағы басқа мәдени ғимараттардың кәдеге жарайтын ағашы мен кесегі, шиферлері таланып, соғыстан кейінгі ойраншылықты еске салатын. Тіпті ауылдан бірнеше шақырым алыстағы мал қоралары мен егістіктерінен, қашан да бір кездерде бұл жерде тіршіліктің болғандығынан белгі беретін ізі ғана қалған. Ғасырлар бойы бағып өсіріп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ретінде өтіп, жер – әлемге ерекше көрік беретін тау арулары – қарағайлар жас – кәрісіне қарамай кесіліп, ескі мазарларды еске салып, тек шошайып қана қалған. Шығуға мүмкіндік болмаған биік тастар арасында, таздың басындай, анда- мұнда бірен-саран қарағайлар көзге түседі. Тіршілік қуып көптеген отбасылар ауылдан әр жаққа көшіп кетті. Олардың үйлерін сатып алатындай адам болмағандықтан, қора-жайын бұзып өздерімен бірге алып кетті. Бұзылмай, тасталған үйлер де ақырындап талан- таражға түсті.
Қандайда он-он бес жыл бұрын ғана көркем көрінісі, ынтымақты халқымен ауызда дастан болған бұл берекелі ауылдың құдды тіл тигендей суалып, солып бара жатқанына қарап, әркімнің іші күйеді.
Ауылдың батыс жағында, негізгі үйлерден алыста, шетке салынған тамнан соғылған төрт ауыз үй бар. Оның не іргесі, үстіне жабылған шифері немесе қаңылтыры жоқ. Іргенің орнына қазылған жерге үлкен-үлкен тастар толтырылып, үстіне тамы соғылыпты. Үстіне жабылған шифер, қаңылтыр мен ағаштарын иелері көшкенде алып кеткен бе, немесе кейін талан- таражға түсті ме, беймәлім. Әйтеуір қазір үстіне қара қағаз, түрлі парша-парша қалайылар салынып тастармен бастырылған. Әр жерінде ағарып көрініп тұрған борларға қарап, бұл үйдің қашанда бір кездерде құммен лайланып, борланғандығынан дерек береді. Аула мен қора-жай мүлде қоршалмаған, ашық. Қыстың күні мұржадан шыққан түтін мен жаздың күні аулада жүрген азды көп тауықтар, онша- мұнша көрініп қалатын адамдарды демесеңіз, бұл үйде тіршіліктің болып жатқанына сену қиын. Қамыспен қоршалып, үсті жабылмаған қорадағы жалғыз сиыр мен ешкі де айналадағы көрініске сай келгендей мүсәпірленіп кеткені соншалықты күні бойы «мө» деген дауысын шығармайды. Бұл үйде Искендер бригадир деп аталып кеткен елу жас шамасындағы бір кісі отбасымен тұрады. Искендер негізінен Түркмәнистанның Бәйрәмәли деген қаласынан болып, жетпісінші жылдардың соңында осы ауылда пайда болып қалған. Айтуларына қарағанда, ол қандайда бір себептермен төрт-бес жыл түрмеде отырып шыққаннан кейін өз жұртына бара алмай, осы ауылға орналасқан. Алайда ол осы күнге дейін бұл туралы ауыз ашқан емес. Ол алғаш сарымсақ егілген егістіктерде су ұстап жүрді. Одан соң аз уақыттан кейін звено жетекшісі, одан соң бригадир лауазымына көтерілді. Қыстың күні қарағай кесу маусымы басталғанда, қарағай кесушілер бригадасына, заман өзгергенге дейін, жетекшілік етті. Өзі келіскен, бойлы, аз сөйлейтін, салмақты бұл жігіт ауыл жұртшылығы арасында құрметке ие болатын. Солай болмағанда ше, ол ауылға жаңа келгенде бір- екі жылдай мерекелерде өтетін жарыстарға қатыспай жүрді. Кейін ол бірден облыс көлеміндегі жарыста, осы күнге дейін еш кімге тізе бүкпеген палуанды жеңіп, шексіз абыройға жеткен еді. Ол оқиға бұлай болған.
9- мамыр, - Жеңіс күні өткізілген жарыста «Қара палуан» атымен көрші ауданнан келген күресші бірнеше жігітті жер тістетті. Тіпті ондаған жылдар бойы ешкімге тізе бүкпеген бостандық палуан Мадияр чамбаш та «Қара палуан»мен тең келе алмады. Бұл рет бас жүлдеге жирен қасқа ат қойылғандықтан, оның шетке кететініне көзі жеткен бостандық палуандар мен иелік басшылары жұрт алдында бас көтере алмай қалып еді. Сол кезде Искендер, күресушінің арнайы киімі болмаса да, аяқ киімі мен жейдесін шешіп тастап, шалбарының балақтарын түріп алаңға шықты. Барша жұрт таң қалуда, тыныштық жайлаған. Бұл екеуінің сыртқы көрінісін салыстыру мүмкін емес. Екеуінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Искендер «Қара палуан» алдында диюмен күресуге шыққан адам сияқты. Көпшілік ішінде қазір «Қара палуан» бір әрекетпен ақ аш бөрі қозыны бүктегендей бүктеп, сындырып жібереді деп ойласа да, қандай да бір ішкі күш қуат бергендей, көздерінде үміт ұшқындары көрініп тұратын. Олар тіпті терең тыныс алудан қалған тәрізді еді. «Қара палуан» Искендерге піл алдындағы тышқанға қарағандай, жақтырмаған іспетті, екі қолын беліне ұстап тұр. Міне қазылар бастауға белгі берді. «Қара палуан» бір адым алға жүріп, екі аяғын керіп тұрды да, сәл ғана алдына іиліп, Искендерге бері кел дегендей, қолдарын былғады. Искендер де алға бір адым аттап, басын иіп, өзінің дайын екендігін білдірді. Ол бүкіл денесін кірістіріп, бүркіттің көздеріндей көздерімен қарағанда, атылайын деп тұрған жолбарысты елестететін. Оның түрілген қатты бұлшық еттері жүрек соғысымен бірге, тынымсыз ойнап тұр еді. Осы көріністе олар алаңды бір айналып шықты. Одан соң айқайлаған күйі тұйықтан «Қара палуан» Искендерге қарай атылды. Әйел-қыздар «Ойбай»деп шулап, қолдарымен көздерін жауып алды. Искендер өзін сәл ғана шетке алды да, ептілікпен басын оның қолтығына тығып, бір қолымен қолынан, екінші қолымен аяғын ұстап, Қара палуанды көтеріп алды. Халық шулап кетті. Искендер айқайлаған күйі оны басынан
4
бір айналдырды да, жерге атып ұрды. Жерге оңайшылықпен түспеген «Қара палуан» намыстанып, орнынан тұрмақшы болғанда, Искендер найзағай шапшандығында шалқасынан жатты да, оның қолын екі аяғының арасына алып, білегінен қайыра бастады. Қаншама палуандарды тізе бүктіріп, мына бір «шүметектен» бірден құлағанына намыстанған «Қара палуанның» мүлде жеңілгісі келмеді. Ол екінші бос қолымен жерге таянғандай болып, бір уыс топырақты алып, сездірмей Искендердің көзіне шашып жіберді. Жекпе-жек ережесін бұзған палуанның бұл әрекетіне ызаланған Искендер тұла бойын іске қосып, оның қолын одан да қатты қайырып қатты үн қатты:
- Тағы бір қимылдасаң, сындырып тастаймын. – «Қара палуан»ның да бұл қақпаннан құтылып шықпайтынына көзі жеткен еді. Оның үстіне қолының ауруына шыдау мүмкін емес еді. Ол енді амалсыздан жеңілгендігінің белгісін берді. Бұл өте тез және ептілікпен болған оқиғаның күәсі болған халық таңданып қалды да, содан соң айқайлап, шу көтеріп алаңға атылды.
- Жарайсың, Искендер! Ерсің! Атаңа рахмет! Палуан деген осындай болады! – деп жас жігіттер Искендерді көтеріп алды. Искендер олардың мақтауларын естімегендей, шалбарын қақты да, ашып жатқан көздерін алақандарымен басып, өзін шетке алды. Ол арықта ағып жатқан тау суымен көздерін жуып көрді. Жоқ, болмады. Оның көздері шыдаусыз ашып, қызарып кеткен еді. Искендердің әрекеттерін байқап тұрған дәрігер қыз Нұржамал оның жанына келді.
- Искендер аға, жүріңіз, көзіңізді дәрімен жуып берейін, болмаса кейін оның дертін тартып қалуыңыз мүмкін.
Искендер Нұржамалға бір қарады да, көздерінен тоқтамай ағып жатқан жасын жасырғандай, қолымен жауып, оны еріп жүрді. Ол тез жәрдем мәшинесінің жанына келіп, Нұржамал көрсеткен орындыққа отырды. Нұржамал сандықшасынан мақта, дәкі, дәрі- дәрмектерді шығарып, Искендердің көздерін жуып, тазалауға кірісті. Сол кезде Нұржамалдың мақтадай жұмсақ, әппақ қолдары Искендердің бетіне тигенде, ол көздерінің ауырғанын ұмытыпқандай хош сезімде қалды. Нұржамал жұмысын аяқтағанша, бұл тек сыртынан ғана танитын сырлы жігіт еш болмаса есімімді сұрайды деп күткен еді. Өкінішке орай, Искендер ләм-мим деп ауыз ашпады. Тек соңында Нұржамал құтыдағы қандайда бір сұйықтықты беріп:
- Бұны күніне үш рет, бір тамшыдан көздеріңізге тамызыңыз, - дегенде, Искендер:
- Рахмет, - деп оның көздеріне қарады. Нұржамал өзіне тігілген бұл оқтай көздерге шыдамай, дереу жерге қарап алды.
5
***
Есіктен кірген кең үйде асхана. Ол жерде екі қазанды, сырты қалайымен қапталған ошақ бар. Бөлменің бір шетіне тапшан жасалған. Оның ортасына қойылған жозы ешқашан жиналмайды. Бір бұрышта пеш болып ол оң жағындағы бөлмені жылытады. Ол бөлмеде балалар жатады. Енді тура кіргенімізде, үлкен тағы бір бөлме болып, еденге ескі киіз салынған. Терезеде де ескіріп, гүлдері өңіп кеткен перде тартылған. Терезенің алдына сым төсек қойылып, онда арықтап, терісі мен сүйегі ғана қалған, ауыр «уһ» тартып науқас жатыр. Төсектің басында, қабырғада, бір- біріне өте жарасымды, сымбатты жігіт пен сұлу қыздың суреті ілінген. Төсекте жатқан Искендер. Қабырғадағы сурет Нұржамал екеуінің тойда түскен суреті. Оның жансыз көздері еріксіз тағы суретке түсті. Сол бір кездер, өмірдің ең тәтті кездеріне еніп, көзінен тамған бір тамшы жасты сезбестен, қиялы өткен өмірді шарлап кетті.
***
Сол күні түрлі жарыстардың соңы көкпарға ұласып, мереке кеш батқанша жалғасты. Искендер, қай жерде жүрседе, көздерін тез жәрдем мәшинесінің айналасында сыпайы әрекеттерімен қызмет көрсетіп жүрген Нұржамалдан үзбеді. Тіпті ауылдағы әзілқой балалардың бірі Шаһмурат Нұржамалға жақындаспақшы болып, қолын орамалмен байлап, мойнына асып алып, оның қасында ұзағырақ тұрғанында, өз-өзінен ызаланып, олардың қасына қалай барып қалғанын сезбей де қалған еді. Ол кезде Нұржамал Шаһмураттың білегін бармақтарымен басып көріп жатыр еді. Оның әрбір: «бұл жеріңіз ауыра ма? Мына жеріңіз ше?» - деген сұрақтарына Шаһмурат: - «Ойбай, ақырын, ауыртып жібердіңіз» - деп жауап беретін. Ары жақта оның әрекеттерін күзетіп тұрған бір топ достары Шаһмураттың «әртистік қабілетін қызықтап күлуде. Тұйықсыз басын көтерген Нұржамал Искендерді көріп қалды. Оның қып - қызарған түрін байқаған қыз:
- Искендер аға, не болдыңыз, тағы көзіңіз ауырып жатыр ма? – деп сұрады. Искендер не дерін білмей сасқалақтап қалды. Шаһмурат сөзге араласты:
- Ауырып жатыр, Нұржамал ауырып жатыр. Бірақ, бұл рет көзі емес, жүрегі ауырып жатыр. Искендер өзін біраз ұстап алған еді.
Шаһмурат, Нұржамал сынықшы емес, дәрігер. Сенің қолың шығып кеткен сияқты. Менің сынықшылықтан онша- мұнша хабарым бар. Әкел қолыңды мен салып берейін, - деді. Шаһмурат қолын тез арада орамалдан босатып:
6
- Жоқ, жоқ, керегі жоқ, менің қолым жазылды, - деп көзден ғайып болды. Жағдайдың түбіне енді ғана жеткен Нұржамал ыңғайсызданып:
Е, енді түсіндім. Мен оның қолы шынымен бір нәрсе болған екен деппін, - деді. Искендер сыпайы жымиып қана қойды. Екеуінің арасында тағы да азапты тыныштық басталды. Олар «ләм» деп ауыз ашпаса да, тамырларында қан айналымы күшейіп, жүректерінің әдеттегіден тезірек соғуын сезіп тұр еді. Бұндай ауыр жағдайдан құтылудың бірден бір амалы – қызғын сұхбат. Алайда кім, кім алғашқы болып ауыз ашсын?! Мүмкін осы тыныштықтың жалғасқаны да жақсы шығар? Өйткені олар бір- бірін ешбір сөзсіз ақ бүкіл жан- тәнімен түсініп, сұхбаттасып жатыр емес пе! Сондықтан екеуінің де бұл қолайсыз жағдайдан құтылып, әрі кеткісі келмей жатыр еді. Демек, бір- біріне қарауға ұялып тұрған екі жас, өмірбақи осылай өтуге разы.
Кешкісін, күн бойы өткізілген жарыстардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар тиісті жүлделерін алды. Бас жүлде – жирен қасқаны Искендерге тапсырғанда ол ептілікпен атқа мінді де, тартып қалған кезде ат бір орында тұрып, алдыңғы екі аяғын бірдей көтеріп, кісінеп кетті. Одан соң құйын тәрізді алға қарай атты. Енді Искендер атты өз еркіне жіберген еді. Оның аяқтары жерге бір тиіп, бір тимей, ұшып бара жатқандай білінді. Төбені бір айналып келгенше оған әуеспен қарап тұрған көпшілік, олар жақындаған кезде күмбірлеген қол шапалақпен қарсы алды.
Бұл кеңес дәуірінің соңғы тыныс алып жатқан кезі еді. Дегенмен, мейлі, кім не демесін, бұл дәуірдің өзіне тән артықшылығы, тәтті демдері болғаны анық. Үлкен әулет өкілдерінің сондықтан да бұл дәуірді сағынышпен еске алатыны бекер емес. «Қара палуан»ның осал әрекетінен Нұржамалмен алғаш рет байланыс жасауына ие болған Искендердің қуанышында шек жоқ. Ол үшін жүлдеге алған жирен қасқадан бұрын, Нұржамалмен болған, бес-он минут бірнеше есе қымбат еді. Өйткені ол үшін бұл қысқа да тәтті демдер, тағдырдың өзі силаған теңдесі жоқ сыйлығы емеспе еді!
***
Нұржамал отбасындағы жалғыз қыз. Анығырақ айтқанда, әкесі Сәбит Нұржамал бірінші сыныпқа барған кезде жол апатынан қаза тауып, шешесімен қалған. Жанға бататын бір жері, бұл оқиға Нұржамал жеті жасқа толып, бүкіл отбасы мүшелері оның туған күнін атап өтуге дайындалып жатқан күні болған еді.
Сәбит ата кәсібін иеленіп, колхозда мал дәрігері болып істейтін. Қызы Нұржамал тұңғыш рет мектеп босағасын аттап, арадан бір апта өтпестен Сәбит жұмыс бабымен таудағы мал қораларына аттанады. Екі күн аралап, шаруаларын бітіргеннен кейін Нұржамалдың туған күні және бірінші сыныпқа
7
баруына байланысты туған- туыс, достарын шақырып қойғанын есіне алып, кешкі сағат бестер шамасында ауылға қарай жолға шығады. Қойшы шал Амантай ағаның:
- Сәбит балам бүгін қал. Қазанға ет асып қойдым, бір сағаттан соң піседі. Бүгін ет жеп, әңгімелесіп жатайық, ертең таң сәріде кетсең де болады, - дегеніне қарамастан, ауылға асығады. Арадан он бес, жиырма минут уақыт өтпей ақ, атын өлеріне қарамай шауып келген Амантайдың немересі Нұртай алыстан айқайлап келеді.
- Ата, ата, Сәбит ағаның мәшинесі таудан құлап кеттау шамасы, - ентігіп, сасқалақтап тұрған Нұртайдың сөзіне сөзі қосылмай тұрғандықтан, шал қайтадан сұрады:
- Тоқта, өкпеңді бас. Қашан, қай жерде? Қалай болды, өз көзіңмен көрдің бе? Нұртай аттан түсіп, атасының қасына келді.
- Менқойларды жайып қойып, анау үлкен тастың үстіне шығып отыр едім. Сәбит аға біздің қорадан шығып, төменге қарай жүрді. Анау екінші қарағайлы қырдан өткеннен кейін, маған мәшине өте жылдам бара жатқандай білінді. Мен қайта ойлаппын, охо, Сәбит аға асығыс екен, ешқашан төменге қарай бұлай айдамаушы еді,- дедім.
- Кейін қарасам, мәшиненің жылдамдығы барғансайын артып барады. Дереу түсіндім, мәшинесі бір нәрсе болғанға ұқсайды. Сол ақ екен мәшинесі бір жағымен тауға соғылды, одан қаңғып, екінші жағын соқты. Содан соң мәшине құлап, төменге құлап кетті.
-Әй, көңіл деген ұлы деп бекер айтпаған ғой. Бір қауіптің болатынын сезіп едім, қал десем мүлде құлақ аспады. Бар, қорадан қызыл күреңді алып шық. Ерді тоқыма, уақыт жоқ. Арқанды алуды ұмытпа. Тез бол,- деп етігін киіп, шапанын үстіне артты да, немересі алып шыққан қызыл күрең атқа жас жігіттердей секріп мінген Амантай аға немересіне:
- Жүр, кеттік,- деді де, атты ашуменен қамшылады. Ат та құдды бір қауіптің бар екенін сезгендей, иесіне мойын сұнып, әдеттегідей мойнын алға созып, төменге қарай ұшты. Бұл аралық мәшинемен жүргенде жиырма минуттық уақытты алғанымен, төте жолмен, жеті- сегіз минутта жетуге болады. Олар тез арада көздеген жеріне жетті. Аттарынан түсіп, айналаны тексере бастады. Төмен жаққа қарап жатқан Нұртай айқайлап жіберді:
- Ата, көрдіңбе, әне сайға қара, мәшинені көріп тұрсыңба?!
Көздерін күннен қалқалап, төменге қарап жатқан шал, суы тартылып кеткен сайдың түбінде тас талқаны шығып жатқан мәшинені көрді.
Мәшиненің мына түрінен адамның аман қалуы мүмкін емес еді. Жамандықтың лебін сезген шал жүрегін ұстап, жолдың шетіндегі тасқа отыра қалды. Оның
8
көздерінен еріксіз төгіліп жатқан жастар, тітіркеніп жатқан күміс реңді сақалын жуып түсіп жатыр еді. Бір кезде жасын алақанымен сүрттіде, немересіне бұрылып:
- Бар, балам. Сен төменге түсіп қарап шық, - деді.
- Болады, ата, - деп Нұртай енді ғана орнынан қозғалғаны сол еді, жақын жерден біреудің ыңылдаған дауысы естілді. Екеуі бір-біріне мағыналы қарады да, дауыс шыққан жаққа жүрді. Бұлар тұрған жерден он, он екі адым жердегі үлкендігі бір ауыз үймен тең үлкен тастың жанында қып-қызыл қанға боялып Сәбит жатыр екен. Мәшине төменге құлаған кезде, есігінен өзін тастаған болуы керек. Жаңағы тасқа басымен соғылғанға ұқсайды. Басының нақ үсті зақымданып, қан ағып жатыр еді. Шал дереу шапанын жыртып, мақтасын біраз шығарып алып, күйдірді. Оның күлін зақымданған жерге басып, жұқа жейдесін жыртып, таңды. Қан тоқтағандай болды. Тәлейіне қарай Сәбиттің есі бар еді. Ол әрең дегенде сөйлей бастады:
- Қарашы, Амантай аға. Мәшиненің тежегіші істемей қалды. Мен еш нәрсе істей алмай қалдым.
Амантай ата:
- Тағы қай жерің, қай жерің ауырып жатыр?
Сәбит:
- Еш нәрсені сезбей жатырмын. Тек басым айналып жатыр.
Амантай ата:
- Нұртай, кел балам. Екеуіміз екі жағынан сүйейік ші. Сәбит балам орныңнан тұра аласыңба? Ата мен немере Сәбитті сәл ғана қимылдатып көріп еді, шалға барлық нәрсе аян болды. Сәбиттің белінен төмен жағы жаншылған еді.
- Тоқта, балам, жағдай ауыр.Сен бар да анау ағаштың бұтақтарын сындырып алып кел. Төрт, бес бұтақты үсті-үстіне қойып, зеңбіл жаса. Сәбитті соған салып сүйрейік. Нұртай тез арада бұтақтарды сындырып алып келді. Олардың бас жағын үйден алып келген арқанмен байлады.
Дайын, ата, Сәбит ағаны жатқызайық. Олар амалдап Сәбитті зеңбілге жатқызып алды. Содан соң Амантай ата:
- Сен балам, атты ақырын жетекте. Анау төмендегі сиыр фермасына жетіп алсақ болды. Ол жерде мәшине, тракторлар болу керек. Ақырын, асықпай жүр.
- Жарайды, ата, - деп Нұртай атты жетеледі. Амантай ата да атқа мінбей Сәбитпен қатар жүрді. Олардың тәлейіне фермаға азық-түлік алып келген автолавка аудан орталығына жүргелі жатыр екен. Автолавкаға сабанды қалың етіп салып, үстіне көрпе салғаннан кейін, көпшілік болып, Сәбитті жатқызды. Амантай ата немересіне тапсырды:
- Сен балам, аттарды алып үйге қайта бер. Мен Сәбит ағаңмен барайын, ертең бір амалдап өзім жетіп алармын. Ол Сәбитттің жанына отырды.
Дәрігерлер қанша күш шығарсада, Сәбит түзеле алмады. Бастың зақымданғанынан сырт, жамбас пен бел сынған. Ол аудандық ауруханада үш күн жатқаннан кейін дүние салды. Сөйтіп Нұржамал шешесімен жападан жалғыз қалды. Енді ғана ақылы кірген жеті жасар қыздың есінде әкесінің жерлеу рәсімдері мәңгі жазылып қалды. Өмір деген бес күндік бұл әлем соншалықты рақымсыз болады екен. Жарық дүниедегі бұл өмірде, оның рахатын көріп, тәтті демінен ләззәт алудан гөрі, жапа- машақаты, пендесін үлкен-кішісіне қарамастан зар-зар жылататын тағдырдың ауыр сынақтары басымырақ ұқсайды. Нұржамалдың шешесі Саһипжамал Сәбитпен тұрмыс құрып, бір жылдан соң осы қызы туылған. Әрқандай жас отбасылар сияқты олардың да алға қойған арзу- армандары, келешекке түзген мақсаттары болатын. Ойлап қарасаң, олардың перзент көргенінен басқасы орындалмапты. Енді қызын бағып-өсіру, оқыту, қатарға қосу жалғыз анаға жүктелген еді. Мүмкін бұл дүниеге келіп, ешбір рахат көрмеген, тіпті тойғанша еркелеп, әкесінің баурында жатпаған, оған тоймаған қыз үшін тағдырдың тұңғыш сынағы шығар... Ей, алла, жаратқан пендеңе өзің жар болғайсың!
Сәбитті жер қойнына тапсырғаннан кейін, Саһипжамал бұл дүниенің ешбір қызығы қалмағандай, аз сөйлейтін, көп ойлайтын қалге түсіп қалды. Арада бірталай жылдар өтсе де, тұрмысқа шығуды ойлаған да жоқ. Әйтпесе, өзінің бостандықтары, көрші ауылдардан, тіпті үйленбеген жігітттер де айттырған болатын. Саһипжамал Сәбитке болған махаббатына берік болып, қалған өмірін тек жалғызы Нұржамалға арнады. Нұржамал орта мектептен кейін Алматыдағы дәрігерлік институтын үздік аяқтады. Бұл әкесі марқұмның армандарының бірі еді. Оқуын бітіргеннен кейін, Алматыда бірнеше ауруханалар қызметке шақырса да, тіпті, өзі оқыған институтта оқытушы болып қалуға ұсыныс түссе де, Нұржамал жалғыз анасын тастағысы келмеді және туған ауылында өз жұртына қызмет көрсетуді дұрыс көрді. Өйткені әке марқұмның тілегі сол еді ғой. Әлбетте, әрбір ана қызының бақытын тілегендей, Саһипжамал да Нұржамалдың бағының ашылуын жан-тәнімен тілеген. Сондықтан бойжеткен қызына сол жақтарда өзі сияқты оқыған, білімді өмірлік жүбін кездестіріп, бақытты өмір сүруін күндіз- түні Алладан тілеген.
Саһипжамал қызының тағдырын өзінікіне ұқсап қалуынан қорқатын.Ешбір рахат көрмей,бүкіл өмірін ауылда, оның үстіне жалғыз қызына арнап өткізген ананың барлық сенімі мен үміті осы қызында еді. Мейлі қанша сағынса да, отта күйіп күл болса да, жүрегінің бір бөлігі болған қызы дәулетті өмір сүрсе,
11
өл өзінің машақатты өмірінде арманына жетер еді. Е, аналардың көңлі дария, жаны гүл деп бекер айтпаған болса керек. Сондықтан олардың перзентінің бақыты үшін ыстық жанынан да кешуі мүмкін еді. Сәбиттен кейін тек қызы үшін өмір сүрген Саһипжамал, Нұржамалды бір минутта жанынан кеткізгісі келмесе де , өзін тағы да құрбандыққа шалып, көкрегіндегі жалындаған отты түндері өксіп-өксіп, жастыққа жылап өшіргендей болатын. Мүмкін тағдырдың жазғаны сол шығар, деп өз- өзіне сабыр беретін. Нұржамал дипломын алғаннан кейін ауылға қайтып келіп:
–- Апа, мен енді осы ауылда жұмыс істеймін. Енді мен сізді асыраймын, - деген кезде, Саһипжамал қызын бауырына басып, ұзақтан ұзақ жылаған еді. Сол кез үн-түнсіз тұрған олар, бір- біріне ауыз ашып сөйлемесе де, ана мен қыз жүрегімен сырласып жатыр еді. Ана- бала өткізген өмірін, бірі- біріне болған махаббатын, ащы өткені туралы қияли сырласып, өмірінің соңына дейін бір-біріне сүйеніш болып өтетініне серт берген еді. Нұржамал енді қырықтан асқан анасының ақ аралаған шашын көріп, іші ашып кетті. Ол үшін неге екенін, өзін кінәлідей сезінді. Ондай кездерде әйел затының көзіне зорлайтыны бекер емес. Өйткені жүрегіңді өртеп жатқан қайғы –зар мен өкініш – барлығы жаспен шығып кеткендей көңілің жеңілдеп қалады емес пе?! Оның үстіне қыз жанын ана, ана жанын тек қыз ғана түсіне алады, сабыр береді, күйік оттарын баса алады, тәмам.
Сөйтіп, Нұржамал ауылға келіп, біраз күн өтпей ақ, ауылдық ауруханаға жұмысқа орналасады. Күнімен жұмыста, кешкісін үйде. Кейде киноларға барып келеді. Жалпы айтқанда, оның ауыл тұрғындарына сай бір кейіптегі өмірі басталды. Аты затына жарасқан, деп ата- бабамыз бекер айтпаған. Нұржамалдың көркі шын мағынада аңыздардағы перилерді еске салатындай болып өсті. Оны көрген кісі бір қайырылып қарамай өтіп кетуі мүмкін емес еді. Сондықтан ол ауылға келісімен, ауылдағы бойдақ жігіттердің «қоншына бит түсті». Бірақ оқыған дәрігер қызға жақындауға ауылдағы кейбір балалар именсе, оған өзін лайық деп есептейтін, «ауызында ілімі бар» балалар да жақындай алмайтын. Шынымен, Нұржамал өте кем сөзді, салмақты, қимылымен, әркімді құрметпен сөйлесуге үндейтін. Сондықтан ауылға келгеніне бір жылдай уақыт өтсе де, бірер жігіт оған тыс жарып ауыз ашалмай келе жатты. Алайда, көбісінің қолайлы жағдайды күтіп жүргені анық. Міне бүгін ол тұйықтан Искендерді кездестірді. Оны ілгеріде анда- санда көріп жүрсе де, онша көңіл бөлмеген екен. Бүгін оны көргенде, неге екенгі түсініксіз, көңілінде қандайда түсініксіз нәзік сезімдер оянып, жүзі қызарып кеткен еді. Міне, мерекеден кейін үйіне келіп, тамақ ішіп жатса да, неге екені, Искендер ойынан кетер емес. Кейде өзін тоқтатып қояды. «Ойбай, мен не болдым. Мен
12
әлі жиырма үшке толған жоқпын. Ол болса отызға таяған адам. Оның үстіне, ілгеріде үйленген дейді».
***
Күндер өте берді. Искендердің жатса да, тұрса да Нұржамал ойынан кетпес болды. Алайда оның жанына келіп, сөзлесуге тынысы жетпейді. Көріп қалармын, деген оймен күндіздері ешбір себепсіз аурухананың алдынан өтсе, кешкісін олардың үйін айланып жүретін болды.
Бір күні Искендер күн батайын деген кезде, жүлдеге алған жирен қасқаны мініп келе жатып, ауылдың шетінде Саһипжамалды кездестірді.
- Ассаламу алейкүм, Саһимпжамал әпке, кеш батқанда мұнда неғып жүрсіз? – деп сұрады.
- Уалейкүм ассалам, қарамайсызба, Искендер бауырым, бүгін сиырымыз пададан келмеді. Нұржамал жұмыс келе салып, іздеп кетіп еді, әлі жоқ. Содан алдына шығып едім, - деп жыламсыраған халде жауап берді Саипжамал.
- Сіз, әпке, үйіңізге бара беріңіз, осы айналада болса мен тауып келемін. Бүгін падашы қайжерге жайғанын мен көрген едім, барыңыз, қам жемеңіз.
- Рахмет, бауырым, мен онда үйде күтейін, - Саһипжамалға жан біткендей болды.
- Сөйтіңіз, Саһипжамал әпке, - деп Искендер аттың басын бұрды. Атын жорғалатып біраз жүргеннен кейін, айқайлай бастады. – Нұржамал, Нұржамал! Айналаны біраз кезіп шықты. Жым- жырт. Қараңғы тез түсіп келеді. «Тоқта, бүгін пада қайтқан жолдың сәл ғана ары жағында, сол жақта тасталып кеткен бір мал қорасы болатын. Сол жерде болуы мүмкін». Искендер аттың басын сол жаққа бұрды. Ол қателеспеген еді. Қораға жақындай бергенде, «Нұржамал», деп айқайлап еді, қорық тамның ішінен дауыс шықты.
- Мен мұндамын. Сол арада Искендердің жанында қырылдаған дауыстар шықты. Жирен қасқа да бір нәрсенәі сезгендей, құлақтарын тігіп, кісіней бастады. «Бөрі», жалт етіп Искендердің қиялынан өтті. Тез арада, шоқтай жанып тұрған бірнеше жүп көздер көрінді. Искендер сасқан жоқ. Дереу қамшысын дайындады да, жирен қасқаны секіртіп, шу шығара бастады.
- Кет, кет арамдар, кет! Атты жанып тұрған көздер жаққа қаратып, қамшысын іске қосты. Алғашқы шабуылы бекер кетпеді. Ұрған қамшысы бір бөрінің басына тура тиген еді, ол ыңырсып артқа шегінді. Алайда қалған жыртқыштардың қашатын түрі жоқ. Тағы үш қасқыр Искендерді қоршап алды. Искендер атты тоқтатпай, ары- бері қашырып, қамшымен салып жіберді.
13
Қамшы біреуінің дәл көзіне тиген болу керек, байғұс домалап түсті. Енді қалған екі бөрі қашуға көшті. Искендер оларды қуып, тағы біріне қамшысын тигізді. Бір кезде айнала тыныштыққа бөленді. Олардың қашып кеткендігіне толық көз жеткізгеннен кейін, Искендер атын қораға бұрды. Қорық тамның ішіне кіріп, аттан түсіп қараса, бір бұрышта Нұржамал ұзын таяқты ұстап, дірілдеп, бүрсиіп отыр. Искендер оның жанына келіп:
- Болды, Нұржамал, бәрі бітті. Әкеліңіз, ағашты маған беріңіз, - деді. Нұржамалдың ағашты қатты ұстағандығы сонша Искендер қолынан әрен дегенде босатып алды. Искендерді енді ғана таныған Нұржамал:
- Искендер аға бұл сыз ба ? – деді де, жылап жіберді. Искендер оның екі білегінен ұстап, орнынан тұрғызды. Не суықтан ба, әлде қорыққанынан ба әйтеуір әлі дірілдеп тұрған Нұржамал өзіде сезбеген қалде, өксіген күйі өзін Искендердің баурына атты. Искендер еріксіз оның басын сипалай бастады. Сол кезде сиырдың дауысы естілді. Тағы бір бұрышта жаңа туған бұзауын жалап тұрған сиыр өлімнен құтылдырған қорғаушысына рахмет айтқандай, Искендерге қарап тұр еді. Искендер Нұржамалды атқа мінгізіп, алдына бұзауды алып берді. Өзі атты жетектеп, алдында жүрді. Сиыр оларды еріп жүрді.
Саһипжамал әлі үйге кіре алмай қақпа алдында қаққан қазықтай тұр еді. Келе жатқандарды көрген ана:
- Бармысыңдар, балаларым, - жыламсыраған күйі олардың алдына жүрді.
- Бармыз, әпке, сүйінші, сізге тағы бір бұзау алып келдік, - деді Искендер ананың көңілін көтеріп.
- Е, сол екен ғой, әйтпесе сиырымыздың үйден қашатын қылығы жоқ еді. Оның ай-күні жақындағанын білгенімде, падаға шығармайтын едім, - сөйлеп кетті ана. Аулаға кірген соң Искендер бұзауды абайлап алып, содан соң Нұржамалды екі қолтығынан ұстап, көтерген күйі жерге қойды. Жүп көздер тағы кездесіп, істеніп тұрған махаббат оттары лапылдап жанғандай болды.
-Қәне, балаларым, жүріңдер, үйге кірейік. Бір кеседен шай ішейік, тамақ та дайын, - деді ана , сиыр, бұзауларын қораға орналастырып болғаннан кейін.
- Нұржамал қызым Искендер ағаңды үйге баста, - Саһипжамалдың қуанышында шек жоқ еді. Олар Искендерді қоймай үйге алып кірді. Жарық үйге кіргеннен кейін қызының қызарып ісінген көздерін көрген ана сұрады:
- Не болды, қызым, жылапсыз ғой, қорықтыңыз ба?
- Искендер ағама рахметіңізді айтыңыз, мені бір өлімнен құтқарды, - деді Нұржамал. Ана болған оқиғаны естіген соң, Искендерді құшақтап, жылап жіберді.
14
- Рахмет, бауырым, рахмет! Сіз болмағанда бөрілер талап, жалғыз қызымнан айрылатын едім. Бұл дертке мен шыдай алмас едім. Искендер ананы тоқтатты:
- Болды әпке, барлығы жақсы аяқталды. Сөзге Нұржамал араласты:
- Егер не бәрі екі минут кешіккен болсаңыз, не болары бір Алла аян еді.
- Жоқ, өйтіп айтпаңыз, Нұржамал. Құралды беттеп дайын тұрғаныңызға қарағанда, сіз де бой бермейтін едіңіз,- қалжыңға айналдырда Искендер. Олар әңгімелесіп ұзақ отырды.
- Искендер бауырым, сіз жалғыз тұрасыз, мүмкін үйдің тамағын сағынатын шығарсыз, кейде келіп тамақтанып кетіңіз, - деді Саһипжамал Искендерге кетер алдында.
- Рахмет, әпке, маған өмір барлық нәрсені үйретті, - деді Искендер.
- Дегенмен әйел кісінің жасаған тамағы басқаша болады, деп қосып қойды ана, - Нұржамал Искендер ағаңызды шығарып салыңыз.
- Мақұл, апа, - Нұржамал Искендердің артынан ерді. Далаға шығып, олар бір- біріне қарап, не дерін білмей тағы да тұрып қалды.
- Сізге тағы бір рет рахмет, Искендер аға, - деді Нұржамал.
- Оқасы жоқ, Нұржамал, мен сіздің өмір бойы қорғаушыңыз болуға дайын, - бұндай батыл сөйлеймін деп Искендер өзі де ойламаған. Сондықтан шошытып қойған жоқпын ба дегендей, дереу өның көзіне қарады. Нұржамал біраз тыныштықтан кейі:
– Олай демеңізші, Искендер аға, мен ұяламын, - деп жерге қарап алды.
« Бүгінге сол жетеді. Дегенмен қармақ тастап қойдым», - деп ойлады Искендер және:
- Бопты ендеше, қош. Сіздерге үлкен рахмет! – деп қолын созды.
- Қош, Искендер аға, - Нұржамал да қолын берді. Искендер Нұржамалдың жұмсақ әрі нәзік қолын өзінің үлкен қолдарымен босатпай тұрып:
- Нұржамал, енді сол аға дейтін сөзіңізді қойсаңыз, болмаса мені кәртейтіп жібереді екенсіз, - деді.
- Кешіріңіз, менің сізді ренжітейін деген ойым жоқ еді, тек құрметпен, - деді Нұржамал қысылып.
15
- Мен оны түсіндім, енді бұдан кейін есімімді атаңыз, мен оны ең жоғарғы құрмет деп білемін, -деді қолын босатып.
Нұржамал ризашылығын бергендей, күлімсіреп қойды.
- Қош, Нұржамал, жақсы түс көріңіз,- деді Искендер.
- Қош, жақсы түс көріңіз, Искендер, - оны қайталады Нұржамал. Олар күліменен айырылысты.
Арада екі ай өткеннен кейін Искендер мен Нұржамалдың тойын бүкіл колхоз болып салтанатты түрде өткізді.
***
Искендердің көздері тағы да қабырғадағы суретке түсті. Нұржамалдың төгіліп тұрған сұлу көркінен: «сен мені бақытқа бөлеймін деп уәде бергенсің», - деген сөздерді оқыды. Далада жаңбыр жауып тұр. Нұржамал қол арбасына басып алған қиды сүйре алмай әуере болып жатыр еді. Әне Мансұр оған көмекке келді. «Қайта осының бары,- қиялынан өткізді Искендер, - болмаса Нұржамалдың күні не болатын еді?»
Мансұр кейінгі жылдарда Қытайдан қашып өтіп, осы ауылға орнап қалған. Айтуынша жетім көрінеді. Оның басы таз болып, осы жаққа шыққаннан кейін ұзақ жылдар емделсе де, неге екені белгісіз, шашы өспей қалған. Өзі өте пысық, ақ көңіл, ылғи күлүп қана жүретін. «Шыбынды да ренжітпейді деген сөздер» осы Мансұр сияқтыларға айтылған болса керек. Алайда жас қыздар тұрмақ, бір-екі баласы бар күйеуінен қайтып келген әйелдер де оған таз деп қарамады. Оның іскерлігі мен жинақылығын айтсаңызшы. Ешбір мен деп айтқан ер кісі оған тең келе алмас еді. Бір ғана айыбы оның тақыр басы. Мансұр таз ананың, мынаның үйінде жұмыстарын істеп жүргеннен кейін, Искендер оны үйіне кіргізіп алған. Үйге Нұржамал кірді. Искендердің ой- қиялдары шашылып,әйеліне кінәлі адамдай қарады.
-Дәрілеріңізді ішіп алыңыз, тамақ жейсіз бе, қарыныңыз ашты ма? – деп мейірімділікпен сұрады Нұржамал жолдасының басын сипап.
- Қойшы, сол дәрілеріңді, бәрібір көмектеспейді. Не құдай алмады бұл жанды, тірі аруақ болып жатырмын, сені де қинап жібердім, - деді Искендер ақырын ғана.
16
- Неге олай дейсіз, жаратқан Алла бір күні шипасын береді. Үмітпен өмір сүру керек. Бұл күндер де ұмытылып кетер, - деп Нұржамал күйеуінің көңілін көтерді. Содан соң дәрілерін ішкізіп:
- Тамақ ше, қазір жейсіз бе? – деп сұрады.
- Жоқ, қарыным ашпады, кейінірек жейін, - Искендер әйелінің қолынан ұстап, ризашылығын білдірді.
- Дәретші, дәрет жасайсыз ба?- тағы сұрады Нұржамал.
- Жоқ қазірше келмеді.
- Онда мен шығып сиырды сауып алайын. Анау жолдасыңыз Сейдахмет әкеп берген отын жаңбырда қалды, Мансұр тасып жатыр. Содан соң оған көмектесейін. Тамағыңызды кешіректе берермін.
- Менің қамымды жеме, жұмысыңды істей бер, қап... – бір зеңбіл ет болып жатқанына іші-ішінен күйініп, өз етін өзі жеп жатыр еді Искендер.
- Түрлі қиялдарға берілмеңіз, сізге өзіңізді күту керек, - деп күйеуінің маңдайынан сүйіп қойып шығып кетті Нұржамал.
Искендердің қиялы тағы алыс жақтарға шарлап кетті.
Нұржамал екеуінің тойынан кейінгі бес- алты жыл өмірінің ең бақытты жылдары болса керек. Алты жылға жетпей екі қыз, бір ұл перзент көрді. Қуаныштарында шек жоқ. Бір қарағанда екеуі армандарына жеткендей. Өкінішті жері, бұл рақымсыз дүние алдамшы екен. Бүкіл бір отбасының армандары мен үміттері, лезде ойран болуы мүмкін екен. Искендер мен Нұржамалды алда тағы нелер күтіп тұр еді...
***
Искендер үй шаруасына пысық және өте еңбекқор болғандықтан, жаңа келген жылы колхоз берген жерге екі жылдың ішінде дегендей үй салып алды. Үйінің қарсысында жаздық шәйхана, монша, қора- жайы ақырындап өте ұқыпты бітті. Үйі онша үлкен болмаса да, өте жылы және көрікті еді. Аулаға кірген жерде жүзімзарлық болып, түрлі-түрлі жеміс ағаштары бар баққа жалғасады. Ал жаздың күні болса ауланың іші түрлі- түрлі гүлдерге толып кететін. Бұндай жерде, жұмыстан шаршап келгеніңізде, бір аз отырып дем алудың өзі қаншалықты рахат силайды десеңіз ше! Искендер жұмыстан келіп
17
демалудың орнына әр бір гүл мен көшеттің түбін жұмсартып, суарып, арам шөбін жұлып, қараңғы түскенге дейін тыным таппайтын. Үй, аула іші, бағы соншалықты жинақы болғандықтан, үйіне кірген адам оның бойдақтығына сенбейтін. Тіпті ауылда қай әйел болсын күйеуінің кемшілігін бетіне басқысы келсе, Искендерді мысалға кетіретін. Сондықтан ауылдағы талай қыздар оның кеудесіне құлағын қойып, жүрек соғысын тыңдап көруді армандаса да, түрмеде отырып шыққанын естігеннен кейін, өздерін шетке тартатын. Искендер өзі де қыз- әйелдердің артынан жүгірмей, тағдырын күтіп жүрген жігіттерден еді. Искендер үйленгеннен кейін де, Нұржамалға үйдің ауыр жұмыстарын істетпеуге тырысатын.
- Әйел адамның ісі тамақ жасау, кір жуу, үйді таза ұстау, сырттың жұмысын маған тапсыр, - дейтін. Арадан екі ай өтіп Нұржамалдың жүкті екенін білгеннен кейін, Искендер Нұржамалға ешқандай жұмыс істетпейтін болды. Әр күні кешкі тамақтан соң, Нұржамалды қолынан жетектеп, ауылдың сыртына, көрікті жерлерге алып барып айналдырып келуді әдетке айналдырды. Олардың ынтық қарым- қатынасын көріп, әркім қызығып қарайтын. Әсіресе, Саһипжамал ананың қуанышында шек жоқ. «Құдай сақтасын, жаман көз, жаман сөздерден ары қылсын! Әкелерің марқұм болған болса қаншалықты қуанған болар еді. Рухы қуансын!» - деп балаларының амандығын тілеп, күндіз-түні қудайдан сұрайтын. Ә, «екі жақсы бір болып, сайды терсе гүл болар» деп ата- бабамыз бекер өлең шығармаған ғой.
Міне ә дегенше армандап күткен тұңғыш перзент дүниеге келді. Искендердің қуанышында шек жоқ. « Ұл, мен ұл таптым!» - деп жирен қасқаны мініп, ауылды бір айналып шықты. Саһипжамал ана да « Мен немере көрдім, сүйінші!» - деп барлық көршілеріне кіріп шықты. Искендер мен Нұржамал ұлына есім қоюды, жалғыз қызын өсіріп, осы дәрежеге жеткізген, көңілі жарым анасының еркіне тапсырды.
- Ұл сіздікі, оған есімді өзіңіз таңдаңыз,- деп бақты Саһипжамал ана- Жоқ, апа, тұңғыш немереңізге сіз ат қойып беріңіз, құдай бұйырытса, кейінгілеріне біз бар, - деді Искендер. Саһипжамал ұзақ ойланды. Сәбитжан деп марқұм атасының атын қойсақ қалай болар? Е, жоқ. Немеремнің өмірі ұқсап қалмасын. Немерем ұзақ өмір сүрсін. Немесе Сәбитжанға жақын Сабыржан деп қойсақ қалай болар? Нұржамалға жүкті кезінде, ұл тапсаң өзіме жақын Сабыржан деп қоямын деген сөзі есімде. Тоқта, мен балаларға айтып көрейін. Нұржамалды перзентханадан алып шыққаннан кейін Саһипжамал қызы мен күйеу баласына өз ниетін айтты.
18
- Марқұм әкелерің ұл тапсам, есімін өзіме жақын Сабыржан қоямын деп, арманда кеткен еді. Сол марқұмның рухын қуантып, ұлдарыңды Сабыржан деп атасақ қалай болар? Қарсы емессіңдер ме? Искендер мен Нұржамал бір- біріне мағыналы қарады да, келісіп алғандай, күліп жіберді. Саһипжамал тапқан есімі бұларға ұнамай қалды деп ойласа керек, өте қолайсыз жағдайда қалды. Ол не істерін білмей, отырып қалды. Сөзге Нұржамал араласты:
- Апа, Искендер екеуіңнің ойы бір жерден шығыпты. Оның атасының есімі Сабыржан болған , жүз екі жыл өмір сүрген екен. Ұлымыз ұзақ та бақытты өмір сүрсін деп, сол атасының есімін қоюды армандаған болатын. Мына тағдырды қараңыз.
Саһипжамал ерекше ашылып кетті.
- Тоба, мына құдайдың құдіретін қараңдар. Бұл да бір жақсылықтың белгісі болар. Болды немеремдің есімі Сабыржан болады!
Үшеуі қуанып отырып шәй ішті. Баланың қырқы суы құйылғаннан кейін, Искендер қой сойып, той жасап берді. Өзі арақ- шарапқа жақын болмаса да, қонақтарға арақты жәшигімен қойып берді. Ілгеріде Искендер енесіне бірге тұрайық деп бірнеше рет айтса да, Саһипжамал күйеу баласымен тұруға қарсы болып келіп еді. Енді осы сәтті пайдаланып, Искендер енесіне тағы бір рет айтып көруді жөн көрді.
- Апа, жасыңызда жетіп қалды. Енді немереңізге қарайласып, осы үйде тұрсаңыз болатын еді. Нұржамал да қиналмайтын еді, қалай қарайсыз? – деп сұрады.
Саһипжамал ұһ тартты дағы, үн қатты:
- Ниетіңізге рахмет, балам. Бірақ әкеңіз марқұмның шамын жағып, өзімнің үйімде тұра берейін. Арамыз бары жоғы бір ақ көше ғой, келіп- кетіп жүрермін. Сол ақ екен, бұл тақырыпқа басқа ешқашан қайтып оралмады.
Күннен күнге Сабыржанның тәтті қылықтары шығып, Искендер мен Нұржамалдың арасындағы қатынасты мәңгі ажырамас етіп шегелеп еткен еді. Олардың бір- біріне болған махаббаты екінші перзенті Айнур дүниеге келгенде, одан әрі шарықтады. Айнур туылып, үш күннен кейін Сабиржан екі жасқа толды. Бұл кезде оның тілі шығып, әке- шешесінің қуанышына жүгріп жүрген еді.
19
Нұржамал енді екі баласымен үйде отырды да қалды. Искендерге болса отбасы қатары көбейген сайын, одан да көбірек жұмыс істеуіне тура келді. Құдайға шүкір, көкөніс пен мәуасын сатып алмайды. Бағындағы көктат пен мәуе өздерінен сырт көршілеріне де жетіп артылады. Мансұрдың барына да шүкір. Үйдің барлық ауыр жұмысы соған жүктелген. Жалғыз адамның күші жетпейтін жұмыстарға Искендер оған көмектесетін. Дегенмен тіршілігі жаман емес. Онның алды болса, онның арты болып, жұрт ішінде өздеріне сай беделге ие отбасылардан болып жетілді. «Қора-жай бар болғандықтан, бес-он қара мал мен жиырма-отыз қой бағып қойсақ қалай болады екен? Мен бұл туралы Мансұрмен сөйлесіп көрейін», - деп бір күні таңертеңгілік шайда отырып, ниетін Мансұрға білдірді. Мансұр қуанып кетті.
- Дұрыс ойлапсың, Искендер аға. Мен де колхозда істемегеннен кейін нанымды еңбекпен жейін де,- деді қуанып.
- Сен өйтіп айтпа, олсыз да жұмысың жетерлік. Жақында егер лайық әйел шыға қалса, тойыңды жасаймыз, пұл керек,- қалжыңға айналдырды Искендер.
- Ой, менің кімге керегім бар. Шам өшіп қалғанда менің басыммен үйге жарық түсірмесе, одан басқа не пайдам бар дейсің, - қалжыңға қалжыңмен жауап берді Мансұр.
- Сіз қателесесіз, Мансұр,- сөзге араласты Нұржамал,- ер адамның сыртқы көркемдігі қажет емес. Ер адамның ішкі дүниесі қажет. Сіз сияқты ақ көңіл, көңілі пәк адамды мен әлі кездестірмеппін. Оны біздің ауылдың қыздары әлі білмей жүр. Егер одан барлығы хабардар болса, таласта қаласыз әлі.
- Енді қайттім, қатын шықпай жүріп кейін таңдамасам болды,- ризашылықпен жауап берді Мансұр.
-Жоғы жаман, бауырым, - әңгімені қолға алды Искендер,- көптің арасынан біреуін таңдап алу қиын емес. Құдай сол күндерге жеткізсін, күркіретіп тұрып тойыңды жасаймыз.
- Оһ, олай болу қайда,- қосымша сөйледі Мансұр. Ол Искендерден төрт жас кіші, Нұржамалдан үш жас үлкен болатын. Алайда Искендердің құрметіне Нұржамалды әпке дейтін. Жақсы көретін мәшинесінен айрылмайтын әрдайым сүйреп жүретін Сабыржан келіп әкесінің құшағында отырды.
20
- Міне, құдай бұйырса, біздің палуанның сүндет тойы бар әлі. Балам, сені қашан «алап» етеміз? – деп сүйсініп сұрады одан.
-Ертең,- дереу жауап берді бала. Бәрі күліп жіберді.
- Асықпа балам, Мансұр жиенің екеуіңдікін бірге жасаймыз,- деді Искендер. Тұйықсыздан телефон шырылдап кетті. Нұржамал барып тұтқаны алды:
–Алло, апа не болдыңыз? Міне қазір, - Нұржамалдың түрі бірден өзгерді,- Искендер апам ауырып қалыпты. Тез барайық. Мансұр сіз балаларға қарап тұрыңыз. Искендер мен Нұржамал көшеге шықты. Арадан екі-үш минут өтпей ақ олар анасының үйіне жетіп келді. Сыртқы есікті ашып кірсе, анасы телефон тұтқасын ұстаған күйі еденге құлапты. Бұны көрген Нұржамалдың зәресі ұшып, айқайлап жылай бастады.
- Нұржамал, өзіңді бас, апам тыныс алып жатыр. Дереу дәрігер шақырт, - деп Искендер енесін көтеріп, ішкері үйге алып кіріп керуетке жатқызды. Одан соң, аяқ-қолы дірілдеп, телефонды тере алмай жатқан Нұржамалдың қолынан тұтқаны алды да, дәрігер шақыртты. Сол арада Нұржамал сәл өзін басып, үйдегі танометрді алып шығып, анасының қан қысымын өлшеуге бекінді.
- Искендер, апамның қан қысымы екі жүзге көтеріліп кетіпті. Дереу ауруханаға жеткізу керек,- деп бір нәрсе есіне түскен сияқты, дәрі салынған құтыны ақтара бастады. Одан қандай да бір дәріні тауып алып, анасының басын көтеріп ішкізді. Искендер:
- Мен сыртқа шығып қарап көрейін, дәрігер келе жатырма, - деп Нұржамалждың жауабын күтпей ақ сыртқа шығып кетті. Шынымен, көп кешікпей жергілікті аурухананың дәрігері Рәшида сөмкесін көтеріп жетіп келді.
- Рәшида болыңыз, апамның қан қысымы екі жүзге көтеріліп кетіпті. Дереу ине салу керек. Дәрі берсем көмектеспеді,- жағдайды түсіндірді Нұржамал.
- Мақұл Нұржамал әпке, мен қазір,- деп инені дайындады Рәшида, - Искендер аға, енді сіз шығып тұрыңыз, бұл ине кіндікке салынады.
Искендер:
Құп, сіңлім, құп, - деп шығып кетті.
21
Екі инені қатар салып, арадан он бес минут өткеннен кейін, қан қысымын тағы да өлшеп көрді.
- Нұржамал әпке, жүз сексенге түсіпті, біріақ өзіңіз білесіз, бұл да қауіпті, дереу аудандық ауруханаға жеткізу керек, - деді Рәшида, - Біздің ауруханада мәшине жоқ, ауданнан шақырсақ, кешігіп келеді. Одан да Искендер ағам мәшине тапсын.
- Әлбетте, әлбетте, Искендер, сіз қайдасыз? - есікті ашып шақырды Нұржамал.
- Мен осында,- дереу пайда болды Искендер.
- Жолдастарыңызда кімде мәшине бар, апамды тез аудандық ауруханаға жеткізу керек.
- Қазір мен телефон шалайын. Сайдахметке телефон шалып еді, ол үйде болмай шықты. Қадыр үйінде екен.
- Қадыр , тез келмесең болмайды. Апамның халі нашар. Аудандық ауруханаға жеткізбесек болмайды.
- Сөз жоқ, досым, қазір, бес минут,- Қадырдың дауысы естілді арғы жақтан.
- Нұржамал, сен балалармен үйде қал, апамды өзім алып барайын, - деді Искендер. Нұржамал жауап қатқанша, сөзге Рәшида араласты:
- Сіз жас баламен қалай барасыз, Мен бірге барайын, ол жердегі дәрігерлердің бәрін таныймын, Нұржамалға амалсыз көнуден басқа амал қалмады.
- Барғанда дереу телефон соғыңдар,- деді Искендерге Нұржамал.
-Әлбетте, Нұржамал қам жеме. Оған дейін Қадыр да жетіп келген еді. Искендер мен Қадыр Саһипжамалды көтеріп мәшинеге салды. Оның жанына Рәшида отырды.
- Мына үйді құлыптап, үйге барабер, Айнұр оянып жылап жатқан шығар,- деді Искендер.
- Мақұл, жақсы жетіп алыңыздар. Мәшине орнынан қозғалып барып тоқтады. Рәшида есікті ашып, Нұржамалды шақырды:
22
- Нұржамал әпке, сізді анаңыз шақырып жатыр, – деп Саһипжамал отырған жақтағы есікті ашты. Анасы әлсіз көздерімен Нұржамалға қарап, әрең сөйледі. Оның сөздерін түсіну қиын еді:
- Қызым Искендер қәне?
Алдынғы орында отырған Искендер енесіне бұрылды:
- Міне мен, апа мына жерде.
Саһипжамал тынып-тынып әрен сөйледі:
- Балаларым, бір жағдай бола қалса, мен сендерден о дүние бұл дүниеде ризамын. Мен сендерге батамды беремін.
- Апа, өйтіп айтпаңыз. Сіз сөзсіз жазылып кетесіз. Қан қысымы деген бір көтеріліп, бір түсетін нәрсе, -деді Нұржамал жыламсырап.
- Әлбетте жазылып кетесіз, апа. Қазір қан қысымы ауруы әр екінші адамда бар,- деді Искендер. Саһипжамал жансыз қолын зорға көтеріп, тыныш дегендей ишара қылды, - Дегенмен де, естіп қалыңдар. Менің көңілім тыныш емес. Қызым, мен сізге қолымнан келгенін жасадым. Қолым қысқа болып, көңіліңізді қалдырған жерім болса, мені кешіріңіз. Искендер балам, мен сізден өте ризамын. Сіздер де менен разы болыңдар. Қызым мен немерелерім сізге аманат, - деп ана көздерін жұмып алды. Оның көзінен түскен бір тамшы жасты алақанымен сүрткен Нұржамал анасын құшақтап:
- Бәрі жақсы болады, апа, немерелеріңіздің тойын ойнайсыз әлі. Қәне, жүріңіздер, уақыт қыс,- деп анасының маңдайынан сүйді Нұржамал. Рәшида бір бұрышта жылап отыр еді.
- Рәшида, жолда қан қысымын тағы бір рет өлшеп көрерсіз, - тапсырды Нұржамал. Рашида жылағанын сездірмеу үшін, басын изеп қана жауап берді.
Ауылдан аудан орталығына жиырма бес шақырым жол еді. Мәшине жолдан қозғалып, жарты сағатқа жетер- жетпей аудандық ауруханаға жетіп келді. Қабылдау бөлімінің қызметшілері Саһипжамалды зеңбілге жатқызып, алып
23
кіріп кетті. Рәшида олармен бірге кіріп кетті. Искендер мен Қадырға есік алдында күтуден басқа амал жоқ еді. Арада тағы жарты сағат өткен соң Рәшида шықты.
- Қалай?- Искендер мен Қадыр теңдей сұрады одан.
- Қан қысымы біраз түскендей, аспалы ине салып қойды. Екі-үш күнде толық тексеруден өткізу керек дейді. Қазір жан сақтау бөлімінде.
- Өзі есін біле ме?- асығып сұрады Искендер.
- Есін біледі, сөйлеп жатыр. Бірақ, сөзін түсіну мүмкін емес, халі ауыр. Дәрігерлер қазірше еш нәрсе айта алмаймыз дейді.
- Онда қалай, мен бүгін қалайын ба?- сұрады Искендер.
- Қажеті жоқ. Кезекші дәрігер бар, медбикелер жеткілікті. Бәрібір сізді кіргізбейді, қалғанда не істейсіз? Одан да таңертең Нұржамал әпкемді алып келерсіз. Иә, айтқандай жан сақтау бөлімінің телефон нөмірін жазып алдым. Бүгін ол жерде менің институттағы сабақтасым кезекші екен. Кешкісін тағы бір хабарласып, Саһипжамал тәтемнің жағдайын біліп беремін.
- Нұржамалға телефон шалып қойсақ жақсы болатын еді, қайғырып жатқан шығар ол байғұс, - деді Искендер.
- Қайғырмаңыз Искендер аға. Саһипжамал тәтемді орналастырып болғаннан кейін, Нұржамал тәтеме телефон шалып, барлығын толық түсіндірдім,- деп жауап берді Рәшида.
- Жақсы, өте жақсы, рахмет сізге, Рәшида. Құдай бұйрытса, бұл жақсылығыңызды тойыңызда қайтарармыз, - деп ризашылығын білдірді Искендер.
- Ой, ол не дегеніңіз? Ол біздің міндетіміз ғой, деді Рәшида, - онда ақырындап жүрейік. Менен де үйдегілер қайғырып жатқан болар.
- Қәне, мәшинеге отырыңдар,- деді Қадыр. Олар ауылға келіп, өздері жаққа бұрылғанда, шам жарығында Нұржамалдың қарасы көрінді.
- Нұржамал көшеде тұр, үйде отыра алмапты да,- деді Искендер.
24
- Әлбетте, ана деген, ана ғой, Искендер аға, - деді Рәшида, содан соң біраз тыныштықтан соң, - Саһипжамал тәтем оңалып кетсе болатын еді, алтындай әйел еді. Нұржамал Айнурды көтеріп жүр еді. Мәшине келісімен велосипедта отырған Сабыржанды сүйреп, ауладан Мансұр шықты. Нұржамал дереу жүгіріп жетіп келді:
- Қалай, біраз жақсы ма?
- Бәрі жақсы, Нұржамал әпке. Кезекші дәрігер менің курстасым екен. Саһипжамал тәтем қазір аспа ине алып жатыр. Бірақ, төрт- бес күн жатуы керек, толық тексеруден өткіземіз дейді, - телефонда айтқан сөздерін тағы да қайталады Рәшида.
- Құдайға шүкір, орнымда отыра алмай қалып едім. Қәне, жүріңдер, үйге кіріп, бір шыныдан шай ішейік. Рашидәм қарсылық білдірді:
- Рахмет, Нұржамал әпке, кеш болып кетті. Мен үйге барайын.
Қадырда қосылды.
- Рахмет, менің де баратын жерім бар еді. Рәшида отырыңыз. Мен сізді жолдан тастап өтейін.
Рәшида:
- Болады, рахмет сізге, Қадыр аға.
- Рахмет, сендерге, туыстар,- ризашылығын білдірді Искендер.
- Мен біраздан соң аудандық ауруханаға телефон шалып, сіздерге хабарын беремін, - деп Рәшида мәшинеге қарай жүрді.
- Ұмытпаңыз, біз күтеміз, - деді Нұржамал.
- Бопты, қош, аман болыңдар,- қолын сілтеп қалды Искендер.
Қадыр мен Рәшида мәшинеге отырып кетті. Кешкісін сағат он бірлерге жуық телефон келді. Мұндай уақытта телефон дауысы да өте қорқынышты естіледі емес пе. Отырған үшеуі бір-біріне қарап, кім жауап береді , дегендей тыңдап қалды. Искендер тұтқаны көтерді. Бұл Рәшида болатын. Искендердің дауысын естіген Рәшида:
25
- Искендер аға, Нұржамал әпкеме беріңіз ше, - деді.
- Тыныштық па?- асығыс сұрады Искендер.
- Тыныштық, тыныштық, бәрі жақсы,- естілді ана жақтан. Нұржамал телефон тұтқасын алды.
- Алло, тыңдап тұрмын,- сұрады Нұржамал.
- Саипжамал тәтем біраз жақсы болып қалыпты. Ине, дәрілерден кейін ұйықтап жатыр дейді, деді Рәшида.
- Рахмет, рахмет сізге сіңлім, - Нұржамалдың тағы да жылағысы келді.
- Сен өзіңді ұста, Нұржамал. Кешкісін түнде жылаған жақсы емес. Жақсы болып қалды деді ғой, - деді Искендер. Нұржамал:
- Құдайға шүкір, барлығы жақсы сияқты. Алла шипалығын берсін.
Дәрігерлер қанша күш шығарса да, Саһипжамал толығымен жазылып кетпеді. Оның бір жағы мүлде істемей қалды. Сөзді де әрең дегенде сөйлейді. Дәрігерлердің айтуынша ұзақ мерзімде емделуі қажет. Мүмкін, кейінірек жер басып жүріп кетуі мүмкін. Искендер мен Нұржамал анасын алып бармаған жері қалмады. Бірақ бәрінің сөзі бір жерден шықты. Енді Искендер мал санын көбейту жоспарынан қайтты. Өйткені, енесін емдету үшін, бар тапқанын жұмсап жіберген еді.
***
Биыл қыста қар өте қалын жауды. Мұндай кездерде тау бөктеріне орналасқан ауыл көрінісі одан әрі көрікті болып кететін. Айнала аппақ тонға оралан. Әне, ат қосылған шанамен бір кісі тау жақтан келе жатыр. Әлі мәшине жүрмей, жол ашылмағандықтан, қарды жарып келе жатқан атты қырау байлап кетіпті. Мұржалардан шығып жатқан түтіндер аспанға тік көтеріліп, биіктікте бір-біріне қосылғаннан кейін тура бұлттай болып, тау жаққа ақырын ағып барады. Ал қар жауған күні балалар үшін мереке. Ауылдың шетіндегі дөңде шынымен мереке болып кетеді. Кім немен, шана бар ма, шаңғы ма, тіпті мәшинелердің балондарын сүйреп алған балалардың шулағаны айналаны көтеріп жібереді.
26
Аулада Нұржамал мен Мансұр арамен отын кесіп жатыр еді. Нұржамал ара тартудан біраз тоқтап, маңдайына түскен терді шапанының жеңімен сүртіп жіберіп, тағы жалғастырды. Әйтеуір, Мансұр бірнәрсе айтқан болу керек, Нұржамал күлген күйі артындағы ағашқа отыра қалды. Сабиржан арғы жақта жарылған отындарды бір жерге жинап жатыр. Айнур да ағасына «жәрдем» беріп жүр. Түскі тамаққа келген Искендер кіріп келді. Оны көріп, Сабиржан мен Айнур «шаруаларын» тастап, әке, әке деп алдына жүгірді. Нұржамалдың отын кесіп жатқанын көріп Искендер қапаланды:
- Нұржамал, сенің отын кесіп жатқаның несі, өзің жүктісің?
- Е, міне, сол үшін маған көп әрекеттену керек. Есіңізден шығармаңыз, мен дәрігермін ғой, - қалжыңдады Нұржамал. Искендер:
- Отын кесуден басқа үйде басқа жұмыстарда жетеді емес пе. Мен дем алған күні Мансұр екеуіміз бітіретін едік бұл шаруаны.
- Мен де айттым , Искендер аға, Нұржамал әпкем келіспеді,- сөзге араласты Мансұр.
-О-ой, сіз тыныш тұрыңыз шы, отқа май құймай, - тағы да қалжыңдады Нұржамал.
- Болды, қой, шайың дайын ба? – сұрады Искендер.
- Құп, жолдас бригадир, қойдым. Жүріңіз, шәй дайын, жаңа ғана апама шәй беріп едім. Аздап ет қуырып қойып едім, олда әлі ыстық. Олар анасы ауырып, арбаға отырып қалғаннан кейін оны да үйге әкеліп алған еді. Анасы арбада отырып, теледидар көріп жатып, ұйықтап қалыпты. Искендер арбаны итеріп, анасын өзінің бөлмесіне алып кірді де, Нұржамал екеуі екі жақтан сүйеп, төсекке жатқызбақ болды. Ана оянып, көзін ашты.
- Апа, төсекке жатып, біраз дем алыңыз, - деді Нұржамал. Ана мақұл дегендей басып изеді. Искендер қолын жуып, шәйға отырды.
- Мансұр шәй ішеме екен, шақырсаң шы?
Нұржамал:
- Мансұр жаңа ғана апаммен ішіп алған,- деді Нұржамал тамағын салып күйеуіне ұсынды. Содан соң бір кесе шәй құйды. Өзіне кішірек пиялаға құйып, Искендерге қарсы отырды. Искендер шайдан бір жұтым сіміріп:
27
- Бүгін аудан орталығына барып едім қара, анау Саут досымның үйіне Үрімшіден бір туысқаны әйелімен келіпті, сол кісі ине салатын дәрігер екен. Апам туралы айтып едім, көрейін деді. Апамға ине салдырып көрсек қалай қарайсың? -деді. Нұржамал қуанып кетті:
- Жақсы болатын еді де, Искендер. Бірнеше жерде инемен емдеп көріңдер деп айтып еді ғой.
- Онда, апам екеуіңді апарып қояйын. Балаларды да алып кетуге тура келеді. Егер ана кісі емдеп қалса, бес- он күн тұрып қалуларың мүмкін. Ертеңге мәшине сөйлесіп, сендерді жеткізіп тастайын. Бірсі кұнинен бастап біз тауға қарағай кесуге шығады екенбіз, - деді Искендер.
- Искендер, бес-он күн тұрып қалсақ, анау Нұрбүбі үлкен апамдардың үйіне түскеніміз дұрыс болама екен? Саутжандардың үйінде қонақтары болса, тағы біз төртеуіміз ол жерге барып алсақ, ыңғайсыз болмай ма? – сұрады Нұржамал.
- Мен Саутқа айттым, мүлде келіспеді. Нұрбүбі әпкеміздің үйі біздің үйден тым алыс, апаларыңды емдеп қалса, күнде мәшине жалдау керек, одан да осы жерде тұра берсін, үйіміз кең дейді. Бір екі күнде бір қой сойып апарып беремін, - деді Искендер.
- Бұны жақсы ойлапсыз, Искендер. Алла шипасын беріп, апам жер басып кете ме, - күйеуіне ризашылықпен қарады Нұржамал. Шәй ішіп болғаннан кейін, Искендер сағатына қарап:
- Тағы біраз уақытым бар екен, шығып, мәшине іздестірейін. Сен сырттың шаруасын қой. Өзіңді біраз аясаңшы, - деді.
- Мақұл, мақұл. Ертең апамды емдеуге алып барсақ, үйді жақсырақ жылытып, жуып қояйын, - деді Нұржамал.
- Мансұрға айтсаңшы, моншаны онша қызытпай жағып берсін. Сол жерде ыңғайлы емес пе,- деді Искендер үйден шығып бара жатып.
- Не болмаса, сөйтейін бе? – ойланып қалды Нұржамал.
- Әлбетте, солай істе, Мансұрға мен өзім айтып қоямын, - деп есіктен шықты Искендер. «Құдайым пәле – қазадан өзің сақтағайсың. Әйел кісіне басқа не керек? Жақсы көретін, құрметтейтін күйеуім бар. Апамды да өзінің анасындай жақсы көреді. Жинаған ақшасын апамды емдетуге жұмсап
28
жіберді. Бағы ашылды деген осы емес пе? Алтындай екі баламыз өсіп жатыр. (Ішін сипап қойып), міне құдай бұйырытса үшіншісіне де аз қалды», деген қиялдармен еріне амандық тіледі Нұржамал.
Үрімшілік инеші дәрігер Исмайыл Саһипжамалды көріп шығып, анаға білдірмей Искендерге ишара қылды. Олар аулаға шыққанннан кейін, ол асықпай темекісін тұтатып:
- Аналарыңның ауырып жатқанына қанша уақыт болды? – деп сұрады.
- Екі жарым жылдай болып қалды, - жауап берді Искендер.
- Мен де солай ойлап едім, аналарыңның қан қысымынан зардап шеккеніне кем дегенде екі жыл болған ғой деп. Мұндай кеселді жаңа кезінде емдесе тиімді болады. Соның өзінде оның сауығып кететініне ешкім кепілдік бере алмайды. Кесел ескіріп қалған. Оны емдеу меніңше болса нәтижесіз болады. Аналарыңның өмірін Алладан сұраңдар. Тағы төрт- бес жыл өмір сүрсе ғажап емес, - деп ашық айтты Исмайыл. Ол Нұржамалдың келе жатқанын көріп, темекісін аяғымен басып өшірді де, үйге кіріп кетті.
- Дәрігер не деді? – асығыс сұрады Нұржамал.
- Апамның кеселін инемен емдеудің қажеті жоқ дейді. Алла шипасын берсе, ақырындап жазылып кетеді дейді, - әйелінің көңілін ауыртпас үшін өтірік айтуға мәжбүр болды Искендер. Нұржамал да бәрін түсінген еді. Сол кезде Саутжанның әйелі Нұрбүбі айқайлады:
- Искендер, Нұржамал, үйге кіріңдер, тамақ дайын. – Барлығы жиналып, асқа отырды. Үй иелері қанша тырысса да, қонақтар ашылып- жайылып отыра алмады. Тек Айнурдың мазасызданып оны-бұны сұрағанынан басқа ешкім ләм-мим деп ауыз ашпады. Тамақ желініп, шәй ішіліп болғаннан кейін Үрімшілік қонақ бата жасады. Содан соң Искендер:
- Саутжан, Нұрбүбі сендерге көп рахмет, әуреге салдық. Сендер де қонақтарды алып біздің ауылға шығыңдар. Қонақтар ауылдың таза ауасында бір-екі күн дем алып, соғым жеп қайтсын. Енді рұқсат болса, біз қайтайық, - деді.
29
- Неге сонша асығыс, әрен бір келгенде түнеп қайтсаңдар болмай ма, - деп өтінді Нұрбүбі.
- Рахмет, рахмет, келмей- келмей бүкіл отбасымызбен келіп, сіздерді әуреге салдық, - деп ризашылығын білдірді Нұржамал.
- Ештеңе емес. Қандай кез болсын сендер үшін есігіміз ашық. Сендермен біз дос қана емес, біз баяғыдан туыс болып кеткен адамдар, - деді Саутжан.
- Әлбетте, солай, бірақ ертең қарағай кесуге жүрдік, досым. Барып құрал-саймандарды дайындау керек. Қыстың күні қараңғы тез түседі, - деп орнынан қозғалды Искендер.
- Иә, күн жарығында жетіп алайық, балалар бар. Сендерге көп рахмет, - деп Нұржамал Үрімшілік қонақтарға қарап: - Сіздер де біздің ұйге келіңіздер, күтеміз.
Өз кезегінде қонақтар да ризашылығын білдірді.
- Сендер жиналып шыққанша мен мәшинені қыздырып тұрайын, - деп Искендердің досы Қадыр қонақтармен қоштасып шығып кетті.
***
- Е, биыл қар қалын, қарағай кесу оңайға соқпас, - деді айналаны көзімен бір шалып шыққан Искендер. Аппақ қарға оранған тау көрінісінің көркем болып кеткендігі соншалықты, қарағай кесуге келген жұмысшылар табиғаттың бұл көрінісінен көз алалмай ұзақтан ұзақ тұрып қалды.
- Қәне, жігіттер, жұмысты бастайық. Құрал-сайманды мәшинеден түсіріңдер. Трактор келгенге дейін әрқайсымыз үшеуден қарағай құлатсақ, бүгінге жетеді. Ертең құдай бұйырытса, бензин арасы келеді, шаруамыз алға басады деген сөз, - деп Искендер мәшинеге қарап жүрді. – Авут аға, сен мес қазаныңды анау түзу жерге қой. Алдымен қарды біраз тазартып жібер. Түскі тамақтың дайындығын жасай бер.
- Авут аға, бүгін не дайындап бересің? Қатты илеп, ащы-тұщы лағман жасайсың ба? - деді қалжыңсыз жүре алмайтын Ғәзиз.
30
- Ә, мен саған бұл қыс- қырауда, ашық аспан астында, лағман жасап берейін. Бәріне етті тамақ жасап, ал саған картоп қуырып беремін, - деді Авут аға да лайығында жауап қайтарып. Бәрі күліскендей болды.
- Искендер аға, мен бүгін жұмыс істемей Авут ағамның ошағына от жағып берсем қалай? Жалғыз өзі қиналып қалама дегенім ғой, - деп енді Искендерге тиісті Ғәзиз.
- Қам жеме, бүкіл жұрттың қызметін атқарып жатқан адам сенің ботқаңды дайындап бере алмайды дейсің бе? – деді Искендер, - үш қарағайды кесіп, бұтап тастағаннан кейін от жағасың ба, лағман созасың ба- өз еркің.
- Әне бұлар, жақсылық жасайын десем. Мен от жаққан болсам тамақ дәмді болатын еді де,- деді тегі бос келгісі келмеген Ғәзиз.
Аздан соң, балталардың тарс-тұрс шапқан дауысы, аралардың ғарт-ғұрты, адамдардың «қаш, абайла, ары тұр, кетті» деген дауыстарына араласып, таудың ішіне жайылды. Шамамен бір жарым, екі сағаттан кейін, жігіттер құрал- саймандарын тастап, дем алуға отырды. Тартатындар темекілерін тұтатты.
- Шегіңдер, тағы шегіңдер, Қара бұларды, мына табиғаттың сондай таза ауасын бұзып, - деп келген Ғәзиз тегіс кесілген бөренеге орналасты да, жанында отырған Әсетке, - әке, аға темекіңді, - деп көпшілікті тағы бір күлдірді.
- Искендер досым, осындай адамдардың бары да жақсы. Күлдіріп шаршағаныңды сезбей қаласың, - деді Әсет ғәзизге темекіні беріп жатып.
- Әлбетте,- оның сөзін қолдады Искендер, - әзіл- қалжыңмен халқымыз бұрыннан ішіндегі мұң- зарын басып келген ғой. Мұндай адамдарымыз болмаса, халқымыз дертке тұншығып қалар еді.
Бригадирдың сөзінен рахаттанған Ғәзиз арты- артынан Алдар көседің әзілдерінен бес-алтауын ұрып жіберді. Олардың күлкісі таудың ішіне жайылып, алыс- алыстарға кетіп қалды. Тіпті аспаз кепсерін көтеріп, бұлардың қасына келіп алған еді.
- Авут аға, бар, қазаныңа қара, не түске бізге күйік бересің бе? – деді Ғәзиз оны көріп. Тағы да күлкі көтерілді.
31
- Тұра тұр, осы айтқаның үшін саған күйіктің ең үлкенін бермесем, - деп Авут аға қазан басына кетіп қалды. Ғәзиз төмен дауыспен:
- Қызыңның дертінде өзім күйік болып кеттім, енді сен жетіспей тұр едің, - дегені сол еді, жігіттер жарылатындай күлісті. Өйткені Ғәзиз Авуттың қызының артынан жүгіргенін, кейін ол қызды әрең көндірген кезде, көрші ауылдың бір жігіті алып қашып кеткенін, көпшілік жақсы білетін еді.
- Бүгін Ғәзиз ашылды, - деді шетте отырған Заманбек өзін күлкіден баса алмай.
- Егер Искендер ағам рұқсат етсе, сөмкемдегі дәрімді азырақ ішіп алсам, ашылмақ тұрмақ өнім беретін едім, - деді Искендерге қармақ тастап.
- Жә, жә, тауда қарағай кесу - ойыншық емес. Шаруаны бір жақты етейік, содан соң дәріңді көкірегің қанғанша ішерсің, - деді Искендер. Шынымен, Ғәзиздің ауызына арақ тисе, төрт- бес күн қуып жүріп ішетін әдеті бар. Ал ішпесе, бес-алты ай ішпей жүре береді.
- Мақұл аға, мақұл. Жоспарды артығымен орындап жіберетінімді білесің ә, -деді Ғәзиз кемшілігін мойындағандай.
- Дұрыс, дұрыс, қауіпсіздікті сақтамасақ болмайды, - деді жігіттер. Жұмыс тағы бір сағаттай қызды.
- Жігіттер, тамақ дайын,- деп Авут аспаз кепсерімен табақты ұрып бәрін шақырды. Көпшілік жиналған соң, аспаз кеше сойылған қозының етімен дайындалған тамақты таратты. Таза ауада жігіттердің қарны қатты ашқан болар, аспазды мақтай отырып әр қайсысы бір табақтан жеді.
- Әсет аға, қарның тойды ма? – деп сұрады тамақ желініп болғаннан кейін оның қасына отырған Ғәзиз.
- Тойғанда қандай, өте жақсы жеп алдым, -деп жауап берді Әсет.
- Тоймасаң, қысылмай айт, мен аспазды жақсы танимын. Тағы салдырып беремін, ол маған кеңіртекпен тең қарыз, -деді.
Бәрі тағы да күлісті.
32
- Рахмет баурым, рахмет. Бүгін жұмыста емес, отырыста отырғандай рахаттанып жатырмыз, - деді Әсет. Ғәзиз алақандарын бір-біріне соғып, қағып:
- Олай болса, әкел темекіңді.
Жігіттер тағы күлді. Осы кезде тартылдап тракторда жетіп келді.
- Болат аға, сен тамақтанып ал, жігіттер біз біраз демімиізді алып, құлатқан қарағайларымызды прицепқа басайық, - деді Искендер, - болды, бүгін басқа қарағай құлатпаймыз. Анау екі қарағай бұталмай қалыпты, Ғәзиз сен Әсет ағаңмен соларды бұтап жіберіңдер.
– Құп, жолдас бригадир, - дереу жауап қайтарды Ғәзиз. Искендердің жанында отырған Болат:
- Достым, анау жалғыз қарағайды қарашы. Кереметтей бой тартыпты. Екеуіміз соны құлатып жібермейміз бе? – деді таудың бөктерінде тік өсіп тұрған қарағайды көрсетіп.
- Бағана мен оны көрдім. Қарасам, сәл тіктеу жерде өсіпті. Тартып шығарғанша қиналып қаламызба деп кеспеген едім, - деді Искендер.
- Оның несі қиын дейсің, досым, сонша жігіт жабылсақ, тауды көшірмеймізбе, - сөзге араласты Заманбек. Искендер ойланып қалды.
- Тұр, тұр қәне, тіпті бірінші рет қарағай құлатып жатқандай, -деп тұрып алды Болат. Искендер «қалай болар» дегендей, айналасындағы жігіттерге қарады.
- Сөз жоқ, тартып аламыз. Одан үлкен қарағайларды тартып шығарған, бұл не. Болмаса, трактор бар ғой, - деді жігіттер. Искендер басын шайқап орнынан зорға тұрды. Барлық жігіттер жұмысқа кірісіп кетті. Заманбек екеуі жаңағы жалғыз қарағайды арамен кесіп, жарты белінен өткеннен кейін Искендер:
- Енді қарсы жағынан біраз кесейік, достым, жарылып кетпесін, - деді.
- Болады, аз қалыпты, - келісті Заманбек. Олар қарағайдың қарсы жағынан бір қарыстай кескеннен кейі:
- Е, енді болар, - деді Заманбек.
33
-Болып қалды, енді итерсек құлайтын шығар. Біраз дем алып ал,- деп Искендер жанындағы ағашқа отырды. Заманбек темекісін шегіп болғаннан кейін:
- Қалай итеріп көемізбе? – деп Искендерге қарады. Искендер бір қарағайға, бір итеретін жаққа қарап.
- Қәне, көрейік, - деді. Екеуі қарағайды итеріп көрді. Әлі мықты сияқты көрінді.
- Сынады, суықта қарағай оңай сынады. Шайқап, шайқап содан соң итерейік, деді Искендер, - қәне, бір, екі, үш, итер! – Қарағай қарсылдап барып бір жағына қисайды.
- Енді кетеді, - деді Заманбек, - тоқта азырақ дем алып алайық. Олар шамалы дем алып алған соң:
- Кеттік пе?- деп сұрады Заман және Искендердің жауабын күтпестен орнынан секіріп тұрды. Искендер де орнынан тез тұрды да, санай бастады:
-Қәне, бір, екі, үш, итер! Қарағай қарсылдап құлай бастады.
– Қаш, қаш, абайла! – айқайлады Искендер. Қарағай өте қорқынышты үн шығарып құлай бастады. Барлығы орындарында бір мезгіл тұрып қалып, бұл көріністі күзетіп тұрды. Тұйықсыздан күтілмеген жағдай жұз берді. Қарағай құлап, бел ортасынан үлкен бір тастың үстіне соғылды. Сол кезде оның бас жағы екі-үш метр биіктікке көтерілді. Енді оның бір жаққа ағып кету қауіпі бар еді. Бұны көрген Искендер мен Заманбек екеуі екі жаққа қарай қашты. Қарағайдың басы қаншалықты тез көтерілген болса, соншалықты тездікте қайтып түсіп келе жатыр еді. Күтпеген жерден ол Искендер жаққа ағып кетті. Искендер бұл кезде екі-үш метрдей қашып үлгерген болса да қарағай оны қуып жетті. Нақ белге тиген қарағайдан Искендер екі-үш метр жерге ұшып кетті. Искендер құлағанда арқасынан қарағай келіп, оның үстіне, екі жамбасқа келіп түсті. Барлығы шулап оның қасына жүгіріп келді. Жабылып оны қарағайдың астынан босатты. Жігіттер оны оңынан жатқызғанда, ол әлі есін білетін. «Мен жасап болғанға ұқсаймын, қалғандарың аман болыңдар», - дегендей Искендер барлығына түгел қарап шығып, есінен танды.
-Қәне, жігіттер, неге қарап тұрсыңдар. Жан-жақтан абайлап көтеріп, мәшинеге салайық. Рәхим аға машинаңды от алдыр, - деп жүгіріп кетті Авут аспаз.
- Е- ей, осы қарағайды оның кескісі келмеген, мен оны көндіргенмін.- деп күнәлі түрде сөйледі Заманбек.
- Өзіңді олай айыптама, баурым. Маңдайға жазғаны сол да, - деді тағы Авут аспаз. Искендерді қара мәшиненің үстіне шығарып жатқызды. Одан соң Заманбек:
- Қәне, барлығың мәшинеге шығыңдар. Болат аға, сен де шық. Тракторың қала берсін, ертең бәрібір қайтып келеміз, - көпшілікті асықтырды. Бәрі мәшине үстінен орын алғаннан кейін, ақырын төменге қарай жол тартты.
Искендер ауыр жарақат алған еді. Оның белі мен екі жамбасы сыныпты. Сондықтан ауданның дәрігерлері онымен күш алыса алмай, Алматыға, облыстық ауруханаға ауыстыруға тура келді. Алматыда ұзын мерзімді емдеу курсынан өтсе де, Искендер оңалып кете алмады. Ол мүлде жатып қалған еді. Нұржамал күйеуінің жазылып кетуі үшін бар амалды істеді. Анасының үйін сатып, соған жұмсады. Өкініштісі, тәлейге қарсы, еш нәтиже шықпады. Искендерді үйіне алып шығып, үш күннен кейін олардың қызы Гүлнур дүниеге келді. Нұржамалдың басына ауыр күндер келді. Енді үй тіршілігінен сырт, екі науқасты бағуға тура келді. Анасының арбада отырғаны аздай, енді күйеуі төсекте қозғалмай жатты. Бір жақтан балалар өсіп жатыр. Бар малды ақырындап сатуға тура келді. Тағы сол Мансұр, әр жерде бір жұмыс істеп, бес-он теңге тауып келеді. Олардың тұрмысы барғансайын нашарлай бастады. Сабыржан да мектепке барды. Оның ізінше Айнур келе жатыр еді.
Айнурды алты жастан асқанда мектепке бере салды. Қызы мен ұлы үздік оқып, мектептегі әр түрлі іс-шараларға белсенді қатысып, ана көңілін көтеріп, болашаққа болған үміт ұшқындарын жандыратын. Адам баласы өмірде әрқандай жағдайға көніп, бейімделеді екен. Нұржамал да енді сондай өмірге үйреніп қалған еді. Басқа не шара? Пенденің басқа келгенді тартпастан басқа амалы жоқ екен. Енді бар үміті- балалары үшін тырысып өмір сүру.
Осылайша өтіп жатқан күндердің бірінде Саһипжамал екінші рет қан қысымынан зардап шекті. Бұл рет өзі жарым жан ананың жүрегі көтере алмаған еді. Мүмкін, жаратқан иесі Нұржамалдың дертін біраз жеңілдетейін деген шығар. Бірақ, бұл жеңілдік дүниеде ең жақын адамы – анасына тиесілі болғаны аянышты, әлбетте. Садағаң кетейін жұрт. Мұсылман жұрттары бұрыннан ынтымағы, бірлігі, біреудің қайғысына ортақтасуы секілді қасиеттерімен ерекшеленетін емес пе. Саһипжамалдың да жаназасында жұрттан, дос-жарандарынан түскен пұл, қой, майы мен күріші барлық астарына жетті. Олар тек қан шығару мақсатында ғана үйінен бір қойын сойды.
***
Уақыт күтпейді. Өлмеген жанда үміт бар дегендей, тірі жан тағы ертеңгі күнге үміт байлап өмір сүреді екен. Құдай бұйыртса, балалардың қолы жұмысқа тисе, біз де бұрынғыдай жоқшылықсыз өмір сүрерміз, өзіне өзі сабыр беретін Нұржамал. Е, көрінген тау алыс емес дегендей, Сабиржан әкесі сияқты кеуделі, сымбатты жігіттерден болып жетіліп жатыр еді. Міне бұйыртса ол биыл орта мектепті бітіру алдында тұр. «Апа, сіз қыйналып қаласыз, болды, мен оқымай ақ қояйын, ауылда бір жұмыстың жолы болар», - деп көрді. Алайда, ана оған мүлде келіспеді. «Жоқ, балам, егер сен оқымасаң, мен саған бұрын-соңды разы болмаймын. Төрт- бес жыл деген түк те емес. Тез өтіп кетеді. Бізден қам жеме, құдайға шүкір, біраз жылдарға жететіндей жағдайымымыз бар», - деп тұрып алды.
Сабыржан жетінші сыныптан бастап мектептегі бокс секциясына қатысып, оныншы сыныпты бітіргенге дейін біраз жетістіктерге жеткен болатын. Аудандық жарыстарда тұрақты түрде бірінші орынды бермей келсе, облыста екінші орынды иеленді. Негізінде оның көңілінде дене тәрбиесі институтында оқу арманы еді. Енді анасының қатаң талабына байланысты, бағын сынап көрмекші болды және көп өтпей осы білім орнының студенті аталды. Бұл хабарды естіген ананың қуанышында шек жоқ. Сабыржан үшінші курсқа өткенде, Айнур қыздар педагогикалық институтына түсті.
***
36
Искендерге түскі тамағын беріп, оның ауыздарын сүртіп жатып Нұржамал күйеуіне соңғы жаңалақтарды жеткізді:
- Әлемде өзгерістер көп. Кеңес Одағы тарапты. Кешкісін теледидар көрейік.
- Бұл қалай, енді Кеңес Одағының құрамындағы республикалар өз алдына тәуелсіз боламекен?- таң қалып сұрады Искендер.
- Солай болу керек, енді он бес республика өз алдына тәуелсіз мемлекет болады екен, - жаңа ғана ас берген жерден естіп келген хабарларын толығымен айтып берді Нұржамал. Искендер не сенерін, не сенбесін білмей, басы қатып қалды.
- Онда, барлық туыс, достарды құттықтап қойсақ болады екен. Қазақстан, тәуелсіз Қазақстан! Қандай жақсы! Бұдан асқан қуаныш бола ма?!
- Әлбетте, Искендер, бұл үлкен өзгеріс, қазақ халқының тарихындағы ұлы өзгеріс, енді біздың өз еліміз, өз мемлекетіміз бар деген сөз,- қосып қойды Нұржамал.
Арадан көп өтпей, Қазақстан республикасы өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халық шаруашылығының барлық салаларында жекешелендіру компаниясы кең қанат жайған еді. Ілгеріде «Октябрь» колхозының құрамындағы Бостан ауылының да мал-мүлкі талан-таражға түсті. Колхозға тән бүкіл техника, мал- мүлік, қора- жайлар, тіпті қарағайлы тауларға дейін жекенің қолына өтіп кетті. Әлбетте, нанның үлкен бөлігі «ағасы барлардың» еншісіне тиді. Қандай да бір-екі жыл ішінде бұрын миллионер атанған колхоз ойран болды. Бұлай боларын кім білген, халықтың тұрмыс жағдайы күннен –күнге нашарлай бастады. Бұрынғы Кеңес халқының ілгеріде тек кітаптардан оқыған бай, кедей немесе орта бай деген ұғымдары, енді өз басына ақырындап келе жатыр еді.
37
***
Айнурдың оқуынан енді стипендия төлемейтін болды. Керісінше, жоғарғы және орта оқу орындарында білім алу үшін белгілі бір дәрежеде ақы төлейтін ереже кіргізілген еді. Сондықтан ол анасына қиындық салмау үшін ағасынан кеңес сұрады:
Аға, сырттан оқуға ауыссам қалай? Өзім бір жерге жұмысқа орналассам, апамға да онша-мұнша жәрдемдесетін едім.
- Жоқ, қарындасым, сіз күндізгі бөлімде оқи беріңіз,- деді Сабыржан,- мен сырттай оқуға ауыстым. Сіздің оқуыңызға өзім төлеп беремін. Аға- қарындас шәй ішіп отырып, осындай шешімге келіп қоштасты.
Бұл кезде үшінші курста оқып жатқан Сабыржан республика көлемінде танылған боксшылардан болып жетілген еді. Сондықтан оны жұмысқа шақырушылар да көп болды. Ақыры ол талдап-талдап, үлкен бір кәсіпкерге оққағар болып жұмысқа кірді. Жалақысы жаман емес. Одан сырт киім- кешегі және тамағын толығымен қожайыны тәмін ететін болды. Арадан бір апта өтпей ақ, оған қожайыны бір тапанша беріп:
- Мынаумен атуды білесің бе? Егер білмесең арнайы дайындықтан өтесің. Бұныңсыз болмайды, - деді. Көп өтпестен Сабыржан дайындықтан өтті және қожайын оған тапанша ұстауға рұқсат қағазын алып берді. Жалпы жұмысы шаң-тозаң емес, таза киініп, қарны әрдайы тоқ жүреді. Қожайыны қайда барса, оның машинасының алдында отырып барады. Ол кіріп шыққанға дейін мәшинеде күтеді, кейде бірге кіресің дейді. Тіпті бір күні қожайыны оған қалталы телефон берді. Сабыржан мұндай телефондарды тек теледидарда көрген болса, кейінірек, қожайынының қолында көрген. Бұндай күтілмеген сыйлыққа ол өте қуанды. Бірақ, ол қожайынының қандай жұмыс жасайтынын білмейтін еді. Бір рет қызығушылық танытып, оның жүргізушісінен сұрағанда, өзі сияқты спортшы жігіт Азамат:
38
- Оны ешқашан сұрама, пәлеге қаласың. Аз білсең, тыныш ұйықтайсың. Әйтеуір сауда- саттық кәсібі,- деді. Сабыржан кешке дейін қожайынымен болса, уақыты болған күндері бокс клубына барып шұғылданады. Аптасына бір-екі рет қарындасының жағдайынан хабар алады. Әр айда бір-екі рет ауылға, анасына бес-он теңге жіберіп тұратын болды. Әйтеуір жаман орналасқан жоқ.
***
Айнур өзінің курстас досты, көрші ауылдық Шолпанмен екі ауыз үйді жалға алып тұратын. Бір күні Шолпан туған күнінде жүріп жатқан жігіті саяжайға шақырғанын айтып, Айнурдың бірге барып келуін өтінді.
- Достым, Шырын де барады, жігітім екі досымен болады, бірге барайықшы, - деп тұрып алды. Айнур танымайтын жігіттермен сыртқа шығуға мүлде қарсы болды.
- Ой, достым, менің туған күнімде де бірге болмайсың ба? Екеуіміздің достасқанына үш жыл болды, осы күнге дейін мен сенің бірде-бір ұсынысыңды қайтармадым, – деп тұрып алды. Айнур Шырынді жақсы танымаса да, Шолпанмен бірнеше рет көрген. Жігіті Нұрлан оқуды бітіріп той жасаймыз дегеніне қарағанда, ол да жаман бала болмаса керек деп ойлады.
- Егер үшеуіміз барсақ, мейлі, бірақ қонбастан, кеш болса да қайтып келеміз. Егер соған келіссең, барамын, - деді.
- Болды, келістік, сөзсіз қайтып келеміз, - қол берді Шолпан. Келіскен уақытта Шолпанның жігіті мәшинесімен келді. Оған дейін Шырын да жетіп келді. Қыздар отырғаннан кейін:
- Менің есімім - Нұрлан, - деді рульде отырған жігіт,- біз Шолпан екеуіміздың достасып жүргенімізге бір жылдай болды, солай ғой, Шолпан?
- Бір жыл он күн, Нурик, - деп оны еркелетіп, артында отырған достарына таныстырды Шолпан. Жап-жаңа шет елдің мәшинесі қаладан үзіліп шығып, тау жаққа екі-үш шақырымдай жүргеннен кейін саяжай емес, үлкен бір үйдің алдына келіп тоқтады. Қыздар жерге түсіп, айналасындағы бірінен бірі үлкен салынған заманауи типтегі үйлерді көріп, бұл жерде шенеуниктер мен
39
кәсіпкерлердің тұратындығына көз жеткізді. Олар аулаға кіргенде Нурланның достары кәуап пісіргішке от жағып жатыр еді.
- Келіңдер, қонақтар, келіңдер. Дер кезінде келдіңдер, қазір тура он бес минутта кәуап дайын болады, - деді олар қонақтарды қарсы алып. Үйдің безендірілуі, ауласының жасалуын тура шет ел киноларындағы байлардың үйлеріне ұқсатуға болатын еді.
- Қәне, қыздар, дастарханға келіңдер, оқу, оқу деп өздерің де шаршаған шығарсыңдар. Бүгін достарыңның туған күнін есте қалатындай ойнайық, - деді Нұрлан қыздарды дастарханға шақырып. Олар отырып бір кеседен шәй ішкенше қой етімен тауықтан дайындалған кәуап келтірілді. Жиналғандар толығымен дастарханда отырғаннан кейін Нұрлан қонақтарды бір біріне таныстырды. Жігіттердің ұстаған қалта телефондарына, үстіндегі киімдеріне қарап, жәй адамдардың балалары еместігін бірден білуге болады. Олардың өздерін жоғары ұстауына, мақтаншақ сөздеріне назар аударған Айнур келгеніне іштей өкініп отыр еді.
- Қәне, олай болса, бүгін біздің Шолпанның туған күні екен, юбилей. Тура жиырма жасқа кіріпті. Сол үшін шараптар құйылса,- деді Нұрлан отырыстың тізгінін қолына алып, - қәне, Арман, сен айналдырып бәріне құйып шық.
- Құп, Нурик братан, ай момент, - деп Арман орнынан тұрып дастарханды айналып, бәріне құйып шықты. Айнурға келгенде, ол алақанымен стаканды жауып:
- Жоқ, ренжімеңіздер, мен ішпеймін, - деді.
- О-о, олай болмайды. Достыңыз үшін бір рюмка ұстамасаңыз қалай болғаны? Досыңызды құрметтемейді екенсіз,- деді Нұрлан ренжігендей.
- Мен еш қашан ішіп көрмеген, - деді Айнур ақталып.
- Барлық нәрсе бірінші рет болады, - деді Арман,- бұл арақ деген нәрсе бірінші рюмканы ішкенде ащы білінгенімен, кейінгілері махаббаттай тәтті болып кетеді.
Жігіттер күліп жіберді.
40
- Енді үшінші курс студентін арақ ішпейді, темекі тартпайды десе кім сенеді? Колхоз имени «40 лет без урожая». Ол дәуірлер әлдеқашан өтіп кеткен, біздің капитализмда өмір сүріп жатқанымызға үш жыл болды. Назданбай, ұстаңыз, - деді Ринат.
- Дұрыс айтасың, Рина, қәне, Айнур, достыңыздың құрметіне бірді алып қойыңыз, одан басқа ішпесеңіз де болады, - деп зорлап тұрып алды Нұрлан.
- Мен үшін бірді алып қой ә, ешнәрсе болмайды. Әне Шырын де ішіп жатыр, - деп қыстады Шолпан.
-Рас, мен ішпейтін едім. Бопты, онда мен қызылдан бірді ішіп қояйын, - деді Айнур досын қимай.
- Бопты, бопты, жуасынан бастайын депсіз де, - деп Арман қызыл арақтан үлкен стақанға толтырып құйды.
- Қәне, қонақтар, туған күн құтты болсын, ура! – деп орнынан тұрды Нұрлан. Бәрі оны еріп орындарынан тұрды және стақандарын шағыстырып алып жіберді. Айнур екі ұрттап қана, стақанды қоймақшы болып еді, оны күзетіп отырған Ринат:
- Жоқ, жоқ, болмады. Қызыл арақты да асырып қойды деген не ол? Қәне, соңына дейін алып жіберіңіз, Айнур,- деп тұрып алды.
- Алып қойыңыз енді, сонша ма не болды ? – ренжігендей болды Арман. Айнур соңына дейін ішуге мәжбүр болды.
- Е-е, міне, енді дұрыс болды, жарайсыз, - деді Арман. Жігіттер екі-үшті алғаннан кейін, айдағы тәртіпсіз әзілдерді айта бастады. Жігіттермен теңдей ішіп жатқан Шолпан мен Шырын олардың аузынан шығып жатқан әзілдерге мәз болып күліп отыр еді. Шолпан мен Шырынның сөздері, қылықтарына қарап, жігіттерімен ер-әйел арасындағы қарым-қатынаста жүріп жатқанын білу қиын емес еді. «Қап, мен қайда келіп қалдым?»- деп өз етін өзі жеп отыр еді Айнур. Бір кезде Шолпан Шырынге:
- Жүрші достым, сыртқа шығып келейік, - деді . Одан соң Нұрланнан:
- Нурик, әжетхана қай жерде?- деп сұрады.
- Үйдің ішінде де бар, болмаса артына өтсеңдер, ол жерде де бар, - деді Нұрлан. Оларға Айнур да ілесіп алды. Сонша бірге тұрып, дос болып,
41
Шолпанды соншалықты жеңіл қыз деп ойламаған еді Айнур. «Тоба, тыныш саздықты жындар ұялапты деген осы екен де». Олар қайтып келе жатқанда, Айнур Шолпанды тоқтатып:
- Шолпан, енді кетуге дайындалайық. Нұрлан ішіп алды, енді ол бізді апара алмайды. Жолға шығып мәшине ұстап кетерміз, -деді.
- Асықпа, Айнур, сағат әлі үш. Тағы бір-екі сағат отырайық, кейін Нұрлан өзі жеткізіп салады. ГАИ дегенің оның алдында би билейді, - деді. Айнур амалсыздан келісті. Қыздар өз орындарына отырғаннан кейін, Нұрлан «асаба»:
- Қәне, жігіттер, тағы бірден құйыңдар, содан соң музыка қояйық, дискотека болсын,- деп ұсыныс берді.
- Дұрыс, дұрыс пікір, - оны қолдады жігіттер.
- Айнур, сіз бірнеше стаканды жібердіңіз, үндемедік. Енді мынаны алып қойыңыз, басқа зорламаймыз, - деп қызыл арақты тағы толтырып құйды Арман.
-Әлбетте, әлбетте, мынандай таза ауада бір стақан қызыл арақ деген не, - оны қолдады Нұрлан. Барлығы шағыстырып тағы ішті. Айнур бұл рет айналадағылардың зорымен әрең ішкен еді.
- Е-е, бәрекелді, бәрекелді, Айнур, жарайсыз. Қәне, Арман мәшинеңді бері тартып, музыкаңды қой,- деді тағы да Нұрлан. Арада он- он бес минут өтті ме- өтпеді ме, Айнурдың басы айналып, есінен танып қалды...
Таң атып келе жатыр еді. Айнур өзіне келіп, көзін ашты. Оның бүкіл денесі құдды біреу ұрып-соғып тастап жіберген сияқты ауырып жатыр еді. Басы ауырып, тамағы кеуіп кеткен еді. Айналасын бір шолып шықты. «Мен қай жерде жатырмын? Бұл кімнің үйі?» Бөлмеде өзінен басқа ешкім жоқ. Орнынан тұрмақшы болып, көрпені көтеріп еді, анадан туғандай жалаңаш жатыпты... Ол бәрін түсінді. Қалай киініп аулаға шыққанын білмейді. Аулада кеше жайылған дастарханнан минерал суды алып, жарты стақан ішті. Айнала жым-жырт. Ол көшеге қалай шыққанын, қаяққа бара жатқанын өзі білмей, сандырақтап кете берді...
42
***
Айнурдың ауылдас жігіті болып, ол әскери қызметін өтеп жатыр еді. Қаншама жігіттер оның артынан жүгірседе, олардың еш қайсысына жақындамаған еді. Оның қолын ұстауға институтта оқитын әрбір жігіт арманда еді. Әсіресе, былтыр өзі оқып жатқан институтта студенттер арасында өткен арулар байқауында бірінші орынды алғаннан кейін, оны көшеде жүргізбейтін болды.
Негізінде бұл былай болған. Нұрлан достарына Шолпанның кереметтей сұлу достының бар екенін айтқаннан кейін, Арман оны бір рет көреді. Сол күннен бастап, жатса да, тұрса да, оны қолға түсірудың амалын іздейді. Шолпан оның әскери қызметтегі жігітін күтіп жүргендігін, сондықтан бекер әуере болудың қажетсіз екенін айтсада, мүлде есінен шығара алмайды. Бұл рет Шолпанның туған күнін Нұрлан қаланың сыртындағы үйінде өкізіп бермекші болады. Арман тағы да Шолпанмен сөйлеседі.
- Шолпан, сіз сол достыңызды ертіп келсеңіз, мен сізге жүз доллар беремін, - деп уәде береді. Шолпан дереу қызығып:
- Уәде, уәде ғой? Жүз доллар бересіз? деп, нақтырақ келісіп алмақшы болды.
- Әлбетте, міне қазір беруім де мүмкін, - Арман қалтасынан бір уыс пұл шығарып, арасынан жүз долларды шығарып, Шолпанға береді. Шолпанның көздері ойнап:
- Болды, уәде беремін, Айнурды алып барамын, - деп жүз долларды алып, кеудесіне жасырады. Сөйтіп, олардың үш жылдық достығы жүз долларға сатылған еді.
Айнур қаншалықты жүргенін өзі білмейді. Бұл кезде күн арқан бойлы көтерілген еді. Айналадағы өткен- кеткен адамдар бір нәрселерді айтып жатыр, сұрап жатыр. Алайда, олардың еш қайсысы құлағына кірер емес. Айнур өз қиялымен әлек. «Мені бағып, өсіргенше анам не көрмеді. Бүкіл өмірі жапамен өтіп жатқан анамның ақ сүтін ақтай алмадым. Ағам ше, бір жағынан оқып, бір жағынан жұмыс істеп, мені еш нәрседен қысылдырмай
43
оқытып жатыр ғой ?! Енді оларға қай бетіммен қараймын? Ел –жұрттың алдында олардың бетін жерге қараттым ғой?! Болды, болды, бұлай өмір сүргенше өлгенім артық. Мені кешіріңіздер, қадірлілерім!» - деп налыды. Ол тура дәріханаға кіріп, түрлі дәрілердің бірнешеуін алды. Үйіне қалай кіргенін білмейді. Дәрілерді шетінен ашып, аузына уыстап салып, жұта берді. Қолдары дірілдеп, ауызын табуға шамасы жоқ, дәрінің жартысы жерге түсіп жатыр. Ол шәйнектегі суық шәйді ішті де, дәрілерді ауызына тағы да бүктеп тыға бастады...
Бүгін жексенбі болғандықтан ауылдан олардың апасы мен сіңлісі Гүлнур келмекші еді. Биыл Гүлнур мектепті бітіреді. Сондықтан соңғы қоңырауға киінуге келетін. Сабыржан ертеңгісін сағат ондар шамасында келіп, Айнурды алып, екеуі аналарын күтіп алмақшы еді. Сабыржан келіп есікті қақты. Жым- жырт. «Ой, сағат оннан кетті. Бұлар әлі ұйықтап жатырмекен», - тағы да есікті қағып шақырды.. «Айнур! Айнур! Бүгін жексенбі деп әбден ұйықтапты да бұлар», - деп есікті тартып еді есік ашылып кетті. «Қызық, есікті де ілмепті», - деп ішке кірді. Кірген үйде ешкім жоқ. Қыз балалардың бөлмесіне басып кіруге именіп, бөлменің есігін қақты. Тағы тыныштық. Қаттырақ ұрып көрді, әлемнің іші тағы тып- тыныш. Есікті ақырын ашып еді, көзі Шолпанның төсегіне түсті. Төсек бос еді. Оның қарсысына қойылған Айнурдың төсегінде қарындасының киімдерін шешпей жатқанын көріп, жүрегі бір қауіп- қатердің бар екенін сезгендей, тез кірді. Қарындасына иіліп, екі иығынан ұстап сілкіді:
- Айнур, Айнур не болдыңыз?- Айналасында шашылып жатқан дәрілерді көргеннен кейін, Сабыржанға мәселе айқын болды.
- Бұл не істегеніңіз, қарындасым, неге? Сізге қандай дерт келді? – деп айқайлап жібергені сезбей қалды. Содан соң қапшығынан қалта телефонын шығарды да, тез жәрдем шақырды. Дереу келген тез жәрдем мәшинесі Айнурды салып, қала ауруханаларының біріне алып кетті. Қарындасының жанына отырып алған Сабыржан тынбастан сұрап келеді.
- Айтыңызшы, жолдас дәрігер, қарындасымның қалі қалай? Қалай болар? Үлгіресіздер ме?
- Қам жемеңіз, қазірше жүрек соғысы жаман емес. Уақтында келіпсіз, тағы біраз кешіккен болсаңыз, жағдай шатақ болатын еді, - деді Айнурдың қабақтарын ашып, көздеріне қарап шыққан дәрігер.
44
- Қанды тез тазалау керек, үлгіреміз, - деді. Аппараттың көрсетуі бойынша, жүрек бірдей соғып тұр еді. Ауруханаға келгенде, Айнурды зеңбілмен көтеріп, жан сақтау бөліміне алып кіріп кетті. Сабыржан үшін азапты күту басталды. Ол өзін қоярға жер таппай, ары-бері тоқтамай жүріп жүр. Арада жарты сағаттан астам уақыт өткенде, жан сақтау бөлімінің дәрігері шықты. Оның алдына жүгіріп барған Сабыржан сұрады.
- Қалай? Есін жиды ма? –Дәрігер көзілдірігін шешіп:
- Сіз ағасы боласыз ба? - деп сұрады.
- Иә, мен туған ағасы боламын, - асығыс жауап берді Сабыржан.
- Қарындасыңыздың жағдайы орташа. Қазір оның қанын тазалап жатырмыз. Меніңше жақсы болып кетеді, - көзілдірігін қайтадан киген дәрігер, - қарындасыңызды зорлаған, - деп қосып қойды.
- Не, кім?- Сабыржанның жұдырықтары түйіліп, кез келген адамды түтіп жіберуге дайын еді.
- Ол бізге белгісіз, - екі иығын көтеріп жауап берді дәрігер,- сақшыларға хабар бердік.
- Бір нәрсе керек пе, не қажет? – кетіп бара жатқан дәрігердің артынан сұрады Сабыржан. Дәрігер артына бұрылып:
-Қазірше еш нәрсе керек емес, - деп жүруін тездетті. Сабыржан маңдайы мен жұдырықтарын тамға тіреп, біраз тұрып қалды. Одан соң қалта телефонын шығарып сағатқа қарады. «Апамдардың келетін уақыты болыпты. Барып оларды алып келейін. Арасы онша алыс емес қой» - деп қиялынан өткізді. Ол автобус станциясына келгенде, жаңа ғана келген автобустан жолаушылар түсіп жатыр еді. Әне, есіктен Гұлнур көрінді. Ол да бой тартып, өсіп қалыпты. Артынан апасы түсті.
- Айнур қәне, көрінбейді ғой? – сұрады ана қал-ахуал сұрасқаннан кейін.
- Оның бір жұмысы шығып қалыпты. Қазір оған барамыз, - анасына бірден айтқысы келмеді Сабыржанның.
45
- Өзіңнің бір жерің ауырып жатқан жоқ па, өңің бір түрлі ғой? - ана жүрегі сезгіш дегені бекер емес.
- Бәрі жақсы, кеш жатқанмын, ұйқым қанбаған болар. Өздерің қалай жеттіңдер? Жолда қиналмадыңдар ма? Үй-іші аман ба? Әкемнің қалі қалай, тыныштық па? – сөзді басқа жаққа бұрмақ болды Сабыржан.
- Барлығы жақсы, әкең сол, жатыр, - деді ана. Сабыржан такси тоқтатып, оларды үйіне алып кетті.
- Балам біз қайда жүрдік? Айнурлардың үйіне бұлай жүрмеуші едік қой? – сұрады ана біраз жүргеннен кейін.
- Біздің үйге барамыз, Айнур сол жерге келеді, - деп өтірік айтуға мәжбүр болды Сабыржан.Үйіне келіп бір кесе шәй ішкеннен кейін Сабыржан жағдайды түсіндірді:
- Апа, қам жемеңіз. Қазір мен бәрін түсіндіремін. Сіз тегі уайымдамаңыз. Айнурдың біраз денсаулығы болмай, ауруханаға апарып қойдым. Оған укол, дәрісін беріп жатқызып қойды. Қазір дем алып жатыр. Кеште барып алып келеміз, түсіндіңіз бе?
- Сол, мен сезгенмін. Бір жағдай болмаса ол бізді күтіп алуға сөзсіз келетін еді. Қай жерде, қай ауруханада? Оған не болды? Жүр, мені қазір алып бар, - деп сұрақты жаудырды ана.
- Екінші ауруханада, салқын тигенге ұқсайды. Сіз біраз тынығып алыңыз, кейін барайық, - деді Сабыржан.
- Жоқ, қазір барамыз. Тынығатындай, мен жолда кетпен шаппадым, қазір алып бар мені, -деп тұрып алды ана.
- Мақұл, апа. Гүлнур сіз үйде отырып тұрасыз ба, біз тез келеміз? – деді Сабыржан қарындасына.
-Аға мен де бірге барайыншы?- деп тұрып алды Гүлнур.
46
- Бопты, жүріңдер ендеше, бәріміз бірге барып келейік, - деп Сабыржан орнынан қозғалды. Олар көшеге шығып, тағы да такси тоқтатып, ауруханаға жол тартты. Жолда үшеуі де ләм-мим демеді. Ауруханаға келіп, Сабыржан оларды жан сақтау бөліміне алып жүріп еді, ана тағы да қорқа бастады:
- Әй, жан сақтау бөліміне жүрдің ғой? Шыныңды айт, мені қинамай. Апаң дерт тартып пісіп кеткен, Айнурға не болды?- деді Нұржамал оның киімінен тартып.
- Апа, қорықпаңызшы, бәрі жақсы. Бұл бөлімде менің бір танысым жұмыс істейтін еді, сол қарап жатыр, - деді Сабыржан. Ана оның сөзіне бір сеніп, бір сенбей, еріп жүрді. Дәлізге кірісімен дәрігер олардың алдынан шықты. Сабыржан бармағымен ауызын басып дәрігерге «тыныш» деген ишара білдірді. Дәрігер де оны түсінген еді. Ол Сабыржанның қолынан жетектеп, шетке тартты.
- Қарындасыңыз жақсы, есін жиді. Қазір тергеуші сұрап жатыр. Ол шығып кеткеннен кейін палатаға ауыстырамыз. Кіріп көрсеңіздер болады, - деді.
- Рахмет, сізге дәрігер. Егер қажет болсам сіздің қызметіңізге әрқашан дайынмын, - ризашылығын білдірді Сабыржан.
- Оқасы жоқ, қарындасыңыз тез жазылып кетсін, - дәрігер жолын жалғастырды.
- Дәрігер не дейді?- дереу сұрады Нұржамал.
- Жан сақтау бөлімінде орын жоқ деп, Айнурді палатаға ауыстырып жатыпты. Біраздан соң кіріп көрсеңдер болады дейді,- түсіндірді Сабыржан. Ана біраз тынышталды. Сол арада бір жас жігіт шығып, сыртқы есікке қарай жүрді. «Тергеуші болса керек», - ойлады Сабыржан.
- Апа, сендер мына жерде отыра тұрыңдаршы, мен қазір, - деп тергеушінің артынан шығып кетті.
- Кешіріңіз, сізді бола ма? – деді Сабыржан.
- Сіз кім? Не керек еді?- сұрады тергеуші.
- Мен Айнурдың ағасы боламын, есімім – Сабыржан. Не болғанын білейін деп едім.
47
- Қарындасыңызды үш бала зорлапты. Жақсысы, біреуінің мәшинесінің нөмірін қарындасыңыз біледі екен. Енді оларды ұстау қиын мәселе емес. Меніңше, оларды бүгін ақ ұстаймыз.
- Сіздің телефоныңызды жазып алсам бола ма?- сұрады Сабыржан.
- Әлбетте, болады, - тергеуші визит карточкасын шығарып, Сабыржанға берді. Олар қоштасып, Сабыржан қайтып ауруханаға кірді. Айнурды палатаға ауыстырғаннан кейін, оның қасына кірді. Айнурдың өңі бозарып кеткен. Оның көздерінен жас тоқтамай ағып жатыр еді.
- Айнур, қарындасым, қалайсыз? - сұрады Сабыржан, одан соң жауабын күтпестен, - апамдар келді, олар қазір еш нәрсе білмей тұрса, - деп төсектің басында ілулі тұрған сүлгімен Айнұрдың жастарын сүртті. Айнур мақұл дегендей, басын изеді. Сабыржан шығып апаларын ертіп кірді. «Қазір апам жылап аурухананы басына киеді, өзі бірнәрсе болмаса игі», - деп ойлап еді Сабыржан. Нұржамал кіріп, қызының маңдайынан сүйді. Гүлнур да әпкесін сүйіп қойды. Нұржамал қызының қолын ұстап біраз отырғаннан кейін:
- Сабыржан балам, Гүлнур екеуің шығып тұрсаңдар. Біз Айнур екеуіміз сөйлесіп алсақ, - деді. Гүлнур таңданып қалды. Сабыржан оның иығынан құшақтап алып шығып кетті. Ішінде: «Анашым! Нағыз қаһарман! Не деген сабырлылық. Жаны темірден жаралған менің анамның!» - деп ойлады.
- Бізді неге шығарып жіберді? Мен де әпкеммен сөйлесейін деп едім, сағынып кеттім, - деді Гүлнур дәлізге шыққанда.
- Қазір кіресіз, қарындасым, алдымен апам сөйлесіп алсын, көп адам бірге кірсе, дәрігерлер ұрысады, - деп түсіндірді Сабыржан.
- Қызым бір пәле-қазаға кездесіпсіз, көздеріңізден көріп отырмын, - деді ана қызының қолын қатты қысып. Айнур өзін ұстай алмай, өкіріп жылап жіберді.
- Болды, болды, көз жаспен іс бітпейді,- сабыр берді ана, - біз не көрмедік. Бұл күндерімізде ұмытылыды. Ең негізгісі, өзіңіз аман екенсіз, қалғаны түкте емес, - деп Нұржамал тынбай қызының көз жасын сүртіп жатты. Анасының
48
сөзінен кейін, Айнур сәл өзін ұстап алғандай болды. «Енді бұны қалай айтып берермін, масқара ғой бұл» ішінен азаптанды ол.
- Ауруды жасырсаң, өлім әшкере, қызым. Ішіңіздегі бар дертті жасырмай, маған айтыңыз. Ішіңіз жеңілдеп қалады. Бір- біріміздің мұңына өзіміз жетпесек, кіміміз бар біздің. Кәне, қызым құлағым сізде. Рақымсыз бұл дүниеде мықты болу керек, - деп қызын рухтандыруға тырысты Нұржамал. Айнур біраз тыныш жатқаннан кейін ақырын дауыста:
- Сіздің тартқан жапа-машақатыңызға алақанда көтеріп бағамын, берген ақ сүтіңізді ақтаймын, деп ойлағанмын, - ол жылаудан бас көтере алмай, тоқтап қалды. Ана оның сөздерін бөлмей, тыңдап отыр еді. Айнур сәл өзін басып алып, жалғастырды:
- Мен сіздерді масқара қылдым. Менсіз де, әкем екеуіңіздің дерті аз ба еді. Мен сіздердің беттеріңізді жерге ұрдым. Менің енді жер басып жүруге қақым жоқ.
- Жоқ, қызым. Сіз қателесесіз, сіздің келешегіңіз әлі алдыңызда. Қазір мен барда сендерді ешкімге қор қылмаймын. Айнур енді тоқтамай ағып жатқан көз жасын алақанымен сүртті де, болған істі шетінен бірін қалдырмай айтып берді.
Қызының сөздерін естіп, бір азға дейін үнсіз отырып қалған ана, үн қатты:
- Рухыңызды түсірмеңіз, қызым. Есіңізде болсын, ит тигенмен, дария арам болмайды. Өмірдің арқаны ұзын, бұл дүниеде әркім өзінің жасаған кінәсі үшін жазасын алады. Сол арада палатаға дәрігер кірді:
- Қалайсыз, Айнур? Еш жеріңіз ауырмай ма?- сыпайылықпен сұрады ол.
- Жоқ, тек басым айналып тұр, - жауап берді Айнур.
- Ондай болады. Бір-екі күн басыңыз айналуы мүмкін. Әпке, Айнур бүгін кешке дейін осында жатсын. Кешкісін алып кетсеңіздер болады, - деді дәрігер Нұржамалға қарап.
49
- Сіздерге көп рахмет, қызымды о дүниеден қайтарыпсыздар. Алла сіздерге жар болсын! – деді ана өз ризашылығын білдіріп.
- Оқасы жоқ, біздің қызмет сол. Ана сұмдардың әке-шешесі кешірім сұрап келсе, мықты тұрыңыздар, әке-шешесінің байлығымен құтырып жүрген арамдар тиісті жазасын алсын. Болмаса олар тағы талайын қақсатады. Бәріміз қыз өсіріп жатырмыз, құдай сақтасын!- ашынған күйде сөйлеп кетті дәрігер.
Сабыржан анасы мен қарындасын үйге алып келгеннен кейін, тергеушіге телефон соғып көру үшін, сыртқа шықты.
- Мен Сабыржан, Айнурдың ағасы. Жаңалық бар ма, білейін деп едім? – сұрады ол жақтан жауап келгеннен кейін.
- Ә-ә, Айнурдың ағасы дейсіз бе. Барлығы жақсы, біз олардың үшеуін де ұстадық, - естілді ол жақтан.
- Мен сізбен сөйлесейін деп едім, барсам бола ма? – сұрауға асықты Сабыржан.
- Әлбетте, болады, келе беріңіз, - деді тергеуші. Сабыржан үйге кіріп анасына бәрін түсіндіріп, дереу жолға шықты.
- Біз алдымен Айнурдың айтып берген мәшине нөмірі бойынша Нұрланды ұстадық. Ол дереу қалған екеуін сатып жіберді, -деді тергеуші мақтанғандай, - олар қазір барлық қылмысын мойнына алды. Енді сараптаманың нәтижесі келсе болды, істі сотқа жібереміз. Әр қайсысы кем дегенде сегіз жылға сотталады.
- Мен оларды көрсем бола ма?- сұрады Сабыржан.
- Жоқ, менің ондай құқығым жоқ. Мүмкін кейінірек бір мүмкіндгін жаратып берермін, - енді олардың туысқандары келіп сізден кешірім сұрайды, жалбарынады, аяғыңызға жығылады. Кешірім бермеңіз, қоғамымызды ондай
50
хайуан терісін жамылып алған мақұлықтардан тазартуымыз керек. Бүгін сіздердің басыңызға келген ертең әркімнің басына келуі мүмкін.
- Дұрыс айтасыз, мен оларға сондай кешірім беремін, туғанына өкінетін болады, - деді Сабыржан жұдырықтарын түйіп. Одан соң Сабыржан тергеушімен қоштасып шықты. «Уақыт әлі бар екен, апамдарды базарға апарып келсем үлгіремін. Бүгін жексенбі болғандықтан олар алатынын алып алсын», - деген оймен такси тоқтатпақшы болып еді бір мәшине өзі келіп тоқтады.
- Қайда жүрдің Сабыржан достым? - деп сұрады жүргізуші жігіт есіктің әйнегін түсіріп. Бұл Сабыржанның бокс клубында бірге машықтанатын досы Баратжан еді.
- Ассаламу-алейкүм, Барат достым, сені маған құдай жеткізді ғой деймін, қаншалықты уақтың бар?- деп сұрады Сабыржан мәшинеге отырып жатып.
- Достым, саған қаншалықты қажет болса, соншалық қызмет етейін, - деді Баратжан.
- Өте жақсы, бір күні қайтарып жіберермін, достым, -деді Сабыржан қуанып.
- Бұл не дегенің, достым? Қәне қайда барамыз?
- Ауылдан апамдар келген еді. Жайма базардан алатын онша-мұнша бір нәрселері бар көрінеді. Соларды апарып келсек? –деп Баратқа қарады Сабыржан.
- Сөз жоқ, кеттік. Апаңдарды қайдан алмыз ? – мәшинесін орнынан қозғап сұрады Баратжан.
- Біздің үйде тура жүре бер. Кейінгі бағдаршамнан оңға бұрыласың, - жол көсетті Сабыржан.
- Білемін үйіңді, арғы күні апарып қойдым ғой, - деді Баратжан күліп.
- Е-е, рас, кешір, досым, бас бір жерде емес. Мәшине келіп Сабыржанның есігіне тоқтады.
51
- Үйге кіріп, шәй-пай ішіп жүреміз бе, қалай?- сұрады Сабыржан машинадан түсіп жатып.
- Рахмет досым, жаңа ғана тамақ жеп алдым. Базар тарқағанша барып келейік, -деді Баратжан.
- Жақсы, мен қазір, бес минут, -деп Сабыржан кіріп кетті.
- Апа, базарға барып келсек қалай? Жүріңдер, досымның мәшинесінде келдім, бірге барып келейік.
- Балам, бүгін саулығым жоқ. Ертең барсақ қалай?- баласына қарады ана.
- Апа, ертең дүйсенбі ғой, базарлар істемейді. Дайын мәшинемен тез барып келеміз.
- Шынымен ақ ертең базар істемейді ғой,есімде жоқ. Міне қазір, біз дайын ғой. Анау жұмыстар қалай болыпты?
-Қам жемеңіз, бәрі дұрыс, мен келгенде бәрін айтып беремін.
- Мейлі, балам ертең ертерек жолға шығып кетпесек, әкең қиналып қалады. Мансұр ер кісі емес пе, - деді ана енді күйеуінің қамын ойлап.
Мәшине базардың алдына келіп тоқтағаннан кейін Сабыржан:
- Апа сендер кіріп шығыңдар. Біз Баратжан екеуіміз сөйлесіп отыра тұрайық, -деді Сабыржан машинеден түсіп жатқан анасына, - әлде мен бірге кірейін бе?
- Е жоға, балам. Біз өзіміз кіріп шығамыз, көп кешікпейміз, сендер мәшинеде күтіңдер, - деп Гүлнурді ертіп жүрді Нұржамал.
- Әпке, асықпаңыздар, әлі уақыт бар, - деді Баратжан оларды ыңғайсызданбасын деп.
- Мақұл балам, алатын нәрсе көп емес. Сабыржан мәшинеден түсіп қарындасының қолына біраз ақша ұстатты.
- Мынаған өзіңізге қажет нәрсені алыңыз.
52
- Балам, не істеп жатырсың, ақшамыз бар. Айнур екеулеріңе қажет болып қалар, - деді ана тағы балаларын ойлап.
- Қам жемеңіз, апа, менде ақша бар, Айнур да қыжалат болмайды, - деді Сабыржан.
Баратжанмен ары- бері әңгімелескенше, бір сағаттай уақыт өтіпті. Сол кезде Нұржамал мен Гүлнур да алғандарын көтеріп шықты.
- Сендерді күткізіп қойдық па қалай?- деді ана ыңғайсызданып.
- Жоқ, әпке, біздің әңгімеміз енді басталып еді. Өте тез шықтыңыздар ғой, -деді Баратжан.
- Керек затты алдық, қайттық, -деді Нұржамал.
-Әйтеуір, іздегендеріңді таптыңдар ма?- сұрады Сабыржан.
- Ә-ә, таптық. Қазір пұлың болса не жоқ десеңші, ең негізі Гұлнур өзінің іздегенін алды, - деді ана, - әслі осыны деп келдік қой.
Мәшине орнынан қозғалғаннан кейін Баратжан:
- Әпке, сіз өте тез сауда жасайды екенсіз, -деді, -менің әкем әрдайым шешемді мазақтайды, осы базарға кірсе, сағатына жүз доллар жылдамдықта жүрмесе, көңілі су ішпейді дейді. – Бәрі күлісіп алды.
- Базарда құры ары-бері жүрудің не қажеті? – деді Нұржамал.
Сабыржан апаларын үйге жеткізіп қойып, Айнурды үйге әкелуі керек еді. Сондықтан ол досына:
- Досым, Айнур қарындасым ауырып, екінші ауруханада жатып қалған, бүгін шығады, апамдарды жеткізіп салып, мені сол ауруханаға жеткізе салсаң, -деді.
- Болды, Айнурді алып үйіңе де жеткізіп саламын, біраз уақытым бар, - деді Баратжан.
- Рахмет, досым, бүгін өте көп көмектестің, әйтпесе үлгере алмайтын едім.
53
Сабыржан анасы мен Гүлнурді үйіне жеткізіп қойып:
- Апа, біраз дем алып отыра тұрыңдар, біз барып Айнурды алып келейік, -деді.
- Мақұл, балам, сендер келгеншще тамақ жасап тұрайын, Айнурдың да қарны ашқан шығар, -деді ана.
Сабыржан палатаға кірген кезде, Айнур жылап отырыпты.
- Айнур, не болдыңыз, бұл не жылау? Болды, сабыр етіңіз, аналардың барлығы ұсталыпты. Енді тиісті жазасын алады, - деді оны басу мақсатында. Айнур төсектің жанындағы тумбаның үстіндегі визит карточканы көрсетіп:
- Анау арсыздардың біреуінің әкесі келді. Сақшылардан арызымды қайтарып алуымды өтінді. Маған ақша ұсынды, бір пачка доллар.
- Арсыздар, бұлар өмірде барлық нәрсе пұлмен өлшенеді дей ме, - деп визит карточкасына қарап, қатты да қалды.
- Не болды, аға? Ол кісіні таныйсың ба? – таңданып сұрады Айнур. Сабыржан басын изеп, - таныймын, - деді. Одан соң терезенің жанына барып далаға көз тастап:
- Бұл менің қожайыным, - деді.
- Алла, онда мен саған да жұмыс тауып беріппін ғой. Енді сені де жұмыстан шығаратын болды, - қайғырды Айнур.
-Ондай лас, арамдардың қолында өзім де істемеймін, - деді Сабыржан ойланып. Ол визит карточкасын жейдесінің төс қалтасына салып жатып:
- Мақұл, қарындасым, сіз дайынсыз ба? Үйде апамдар күтіп қалды, - деді.
-Мен дайын, аға, тек сізді күтіп тұр едім,- деді Айнур.
-Қәне, олай болса, жүріңіз, далада мәшине күтіп қалды, - деп есік жаққа жүрді. Айнур еріп жүрді.
53
Олар келген ше, анасы кеспе жасап қойыпты. Сабыржанның көңілі тыныштық таппады. Ол бір кесе кеспені асығыс ішті де, ана- баланы ашылып сырласуға қалдырып, далаға шықты. Төс қалтасынан қожайынының визит карточкасын тағы шығарып, дауыстап оқыды:
- Рустамбеков Нияз Болат ұлы. Халықаралық сауда палатасы ашық акционерлік қоғамы, президент. Тоқта, президент, мен сенімен сөйлесемін әлі. Ол үйге кіріп, төсектің астына тығып қойған тапаншасын алып, қойнына салды. Содан соң апасына:
- Апа, менің бір жерге барып келетін жұмысым бар еді, бір сағаттан кейін келемін, -деп сыртқа қарай жүрді.
- Кеш қалма, балам, өзіңе сақ бол, - деді ана мейірімімен.
Ол дереу такси жалдап, қожайынының үйіне тартты. Қақпа алдында оны үй күзтшісі қарсы алды.
- Сабыржан, жексенбі күні не істеп жүрсің? – сұрады ол Сабыржанды көріп.
- Білмеймін, қожайын шақырыпты, - деді Сабыржан. Оны ішке жіберді.
Аулада бір бейтаныс мәшине тұратын.
- Бұл кімнің мәшинесі? – деп сұрады.
- Қожайынның үйде қонақтары бар, солардың мәшинесі, - деді күзетші. Сабыржан қожайыны қонақтарымен отырған үйге басып кірді. Қатты сұхбаттасып жатқан үшеуі Сабыржанды көріп, бұрқырап қайнап жатқан қазанға суық су құйғандай, тыныш бола қалды.
- Бұл жігіт Сабыржан болады, менде жұмыс істейді. Келешегі бар жігіт. Жексенбі күні келгеніңе қарағанда, менде өте маңызды шаруаң бар ғой деймін? деді қожайын, содан соң қолындағы арақты көтеріп жіберіп, жалғастырды: - ал, жігітім, қызмет?
Сабыржан отырғандарға түгел қарап шықты. Ол қала әкімінің орынбасарларының бірі Тұрсыновты дереу таныды. Екіншісін есіне түсіре алмады. Ол қаладағы бір ауданның прокуроры Хәмитов еді. Сабыржан:
54
- Иә, қожайын, жұмысым, өте маңызды, - деп оған жақындасты және қалтасынан визит карточкасын шығарып, оның алдына қойды.
- Бұл не? сұрады қожайын.
- Бұл сіздің визит карточкаңыз, - асықпай, салмақты жауап берді Сабыржан.
- Көріп тұрмын, бұны не істеймін?- қожайыны таң болып тұр.
- Бұны сіз бүгін екінші ауруханада жатқан қызға қалдырып кетіпсіз, - түсіндірді Сабыржан. Қожайынның көздері аларып:
- Сен... Сен ол қызды таныйсың ба не?
- Өте жақсы таныймын. Ол менің қарындасым болады, - Сабыржан қожайынының көзіне қарап тұрып алды. Қожайын дірілдеп, не дерін білмей, біраз отырып қалды. Анау екеуі аң-таң болып, бір-біріне қарап қалыпты. Ұзақ тыныштықтан кейін қожайын тіл қатты:
- Е-е, түсіндім, түсіндім. Жаман іс болыпты. Міне мына ағаларың қалған екеуінің әкелері. Біз де осы мәселе үстінде бас қатырып отыр едік. Сол, жабық қазан жабулы күйінде қалса. Жас қыз екен, әлі келешегі алда. Бұл ағаларыңның арқасында Алматыда патшалардай өмір сүресіңдер. Сендерге еш кім тыс жарып сөйлей алмайтын болады. Ал анау сұмырайларды біз өзіміз жазалаймыз. Солай емес пе?- ол қонақтарына қарады.
- Иә, олармен сөйлесеміз ғой әлі, - деді прокурор.
- Әлбетте, олардың танауын тартып қоямыз,- оған қосылды екіншісі.
- Мен бағана барып, анау қызшақпен сөйлескен, ағасын жібергеніне қарағанда, екеуі кеңесіп, дұрыс шешім шығарғанға ұқсайды. Бұл жігіт өте тура жігіт, сол атағанымызды берейік, -деді қожайын.
- Дұрыс айтасың, Нияз. Бұл жігіт те саған жат емес екен, кетсе жатқа кетпейді. Жетіспеушілігі болса, кейін тағы келісіп аларсыңдар, - қосымшалады прокурор. Қожайын:
- Мен қазір, - деді де орнынан жеңіл тұрып басқа бөлмеге кіріп кетті. Сабыржан өзін зорға басып тұрды. Өйткені ол жақсы білетін еді, қазір үшеуін
55
де ұрып сындырып жіберу қиын мәселе емес, бірақ, оның нәтижесі қалай болады? Қолында бір пачка доллар ұстаған Нияз оны Сабыржанға ұсынып:
- Міне, баурым, мына жерде тура он мың доллар. Жетпесе тағы мен бар. Қарындасыңның көңілін көтеріп қой, өмірде ондай істер болады. Уәде береміз, анау сұмырайларды өзіміз жазалаймыз.
-Е-е, он мың доллар аз пұл емес қазіргі заманда, - деді Тұрсынов.
- Әлбетте, Сабыржан дегендей шет елдің мәшинесін алып алатын болды да. Нияз, бұл жігіттің жалақысын тағы біраз көтеріп қой, - прокурор да шетте қалмады. Сабыржан пұлды алып:
- Сендерше, біреудің жиырма жыл асыраған сүттен пәк қызының ар-намысын он мың, жиырма мың долларға сатып алуға болады дейсіңдер ме? Сендер үшін барлық нәрсе пұлмен өлшенеді. Жақсырақ пұл берсе, қатын-қыздарыңды әркімнің астына салып беруге дайынсыңдар. Ал, бізде болса, бірінші орында ождан тұрады. Сендердің балаларың заң алдында жауап береді., - деді де, пұлдың дәл ортасынан байлаған қағазын жыртып, төбеге атып ұрды. Доллар шашылып, бүкіл үйге жайылып кетті. Одан соң Сабыржан асықпай беліндегі тапаншаны шығарды. Үшеуі орындарынан тұрмақшы болды да, қайтадан отырып қалды. Барлығының көздері аларып, «ләм» деп ауызын аша алмады. Рустембековтың тіпті мұрындарынан тер шығып кеткен еді. Ол безгек адамдардай, дірілдей бастады. Сабыржан асықпай тапаншаның оқтарын шығарып, тапаншаны Рустембековтың алдына тастап қойды. Одан соң секіріп тұрып, қожайынның кеудесіне тепкен кезде, ол отырған кресломен бірге артына ұшып түсті. Анау екеуі ендігі кезек біздің дегендей, Сабыржанға қараудан именіп, үн-түнсіз дірілдеп отыр еді. Сабыржан оларға қарап та қоймай сыртқа қарай жүрді.
56
***
Ұлдарының ісінен хабар алған үш әке алдымен, сақшылар мекемесіне телефон шалып, балаларын босатқызады. Одан соң Нұрланның әкесі Рустамбеков ауруханаға барып, Айнурды пұлға көндірмекші болады. Алайда Айнур көнбегеннен кейін, олар кеңесіп, басқаша жұмыс жасауға көшеді. Бұл лас жоспарды прокурор Хәмитов түзіп шығады. Сабыржан апаларын алып базарға кеткенде, Нұрлан Шолпан арқылы шешесінің өте қымбат жақұт көзді алтын сақинасын, Айнурдың үйде қалған сөмкесіне салғызып қояды. Бұл қызметі үшін Шолпан тағы жүз доллар көлемінде сыйақы алған еді.
Әслі Нұрлан мен оның қарындасы Рустамбековтың бірінші әйелінен болған балалар. Соңғы жылдары ол өзінен жиырма екі жас кіші қызға үйленіп алған. Ол қала сыртындағы үлкен үй мен қала ішіндегі үш ауыздық үйді балаларына беріп жіберген еді. Сабыржан апаларының қасына баруға асықты. Есік алдында сақшылардың машинасы тұр еді. Бұл не жағдай, деп үйге кірсе, апалары жылап отырған.
- Не болдыңдар?- асығыс сұрады Сабыржан.
- Сіз өзіңіз кім боласыз? – деп сұрады сақшылардың бірі.
- Бұл кісі менің анам. Мына екі қыз қарындастарым болады, - өзін таныстырды Сабыржан.
- Айнур қарындасыңыз кеше қонаққа барған үйден қымбат бағалы алтын сақина жоғалған. Қазір күәгерлердің алдында, тынту нәтижесінде сақина қарындасыңыздың сөмкесіне шықты. – Сабыржан бәрін түсінген еді. Айнурдың денсаулығына байланысты, еш жаққа кетпейтіндігі туралы қолхат алды және ертең сақшы бөліміне келуді тапсырып, сақшылар кетіп қалды. Сабыржан апасына барлығын асықпай түсіндірді.
Айнурдың ондай іске жол қоюы мүмкін емес еді. Алайда, сақина қалай ша оның сөмкесінен шықты?
- Сізбен бірге тұрып жатқан достыңыз Шолпан салып қоюы мүмкін бе?- сұрады Сабыржан қарындасынан.
57
- Мүмкін, - деді Айнур ойланбастан, - шынымды айтсам, бар пәлені жасаған сол қыз. Енді барлық нәрсе аян болған еді. Ана қайғыда қалды. « Бұл қалай болғаны, енді не болады?»
- Апа, сіз қорықпаңыз. Ақиқат бәрі бір жеңеді. Заң бар ғой! Ол сақинаны Айнур көзімен көрмеген, қолымен ұстамаса Шолпанның бармақтарының ізі шығады. Тегі уайымдамаңдар, - деп түсіндіруге тырысатын Сабыржан.
Ертеңіне Нұржамал кетпейтін болды.
- Алдымен сендер сақшыханаға барып келіңдер, содан соң кетерміз. Бұл шаруа бір жақты болмай, мен кете алмаймын. Көңілім орнына түсіп кетейін, - деді. Сабыржан амалының жоғынан, апасымен келісіп, Айнурды алып, сақшы бөліміне қарай жолға шықты.Тергеуші Сабыржанды қалдырып, алдымен Айнурды бір сағаттай сұраққа алды. Одан соң көздері жасқа толып шыққан Айнур ағасын шақырып жатқандығын хабарлады.
- Онда сіз такси ұстап кете беріңіз, үйде апам көзі төрт болып күтіп отыр, -деді Сабыржан. Айнур ағасымен келісті.
- Іс басқаша болып өзгеріп жатыр, - деді тергеуші,- қарындасыңыздың арызданған жігіттерінің түсініктемелері бойынша, барлық іс екі жақты келісіммен болған. Оны қарындасыңызбен бірге болған достары да растап жатыр. Бұл бірінші рет емес екен. Ол аздай олар қонақта болған үйден жоғалған алтын сақина қарындасыңыздың сөмкесінен шықты. Одан хабарыңыз бар. Енді қылмыстық іс қарындасыңыздың үстінен қозғалды. – Сабыржан таң қалды.
-Кеше ғана сендер қатты тұрыңдар, кем дегенде сегіз жылға сотталады деген адам, бүгін жүз сексен градусқа бұрылып, өзін айыптап жатқандарыңды қалай түсінуге болады? Бұл не өзі? Бұның бәрі әдейі ұйымдастырылған.Сіз басында не деп едіңіз? – үсті-үстіне сұрақтарды жаудырды Сабыржан.
- Рас. Мен дедім. Бірақ дәлел деген дәлел. Дәлелге қарсы тұруға болмайды. Дәлелдердің барлығы қарындасыңызға қарсы.
58
- Түсіндім, - деді Сабыржан, - кеше анау бір есерсоқтың әкесі арызыңызды қайтарып алыңыз деп, он мың доллар ақша ұсыныпты. Кейін ол ақшаны маған да ұсынды.
Тергеуші:
- Біз оны көрмедік.
- Демек, біз алмаған ақша, сенің қалтаңа түсіпті де?
Тергеуші орнынан атып тұрып:
- Сіз мені олай балағаттамаңыз, ол үшін жауап берсіз!
Сол кезде бөлімге үш жігіт кіріп келді. Тергеуші олардың әр қайсысының алдына барып амандасты. Содан соң оз орнына отырып:
- Міне осы жігіттер. Енді қарындасыңызды аман алып қаламын десеңіз, осылармен келісіңіз. Келісе алмасаңыздар қарындасыңызбен төрт - бес жылға қоштасуға тура келеді, қарындасыңыздың тағдыры осы жігіттердің қолында, - деді. Сабыржан орнынан тұрып, бір-бірден оларға қарап шықты. Олардың отырысынан, «мына жердің иесі міне біз, қолыңнан не келеді», - деген мағына шығып тұр еді.
- Келісеміз, әлбетте, келісеміз мен сендерді сыртта күтемін,- деп шығып кетті. Артынан сөйлегендері, төртеуінің бөлімді басына киіп күлгендері естілді. Сабыржан өзін бақылаудан мүлде қалған еді. Ол өмірінде мұндай кемсіту, қорлауды ешқашан, ешкімнен көрмеген еді. Бұл қандай заман өзі? Адамгершілік, адамдар арасындағы махаббат пен сый- құрмет қайда қалды? Пұл- дүние адамдарды соншалықты улап жіберді ме? Сабыржан арадан қанша уақыт өткенін білмейді. Тек есік ашылып, анау үшеуі көрінгенде, өзін зорға басып тұрса да, жұдырықтары өздігінен жиналып, оларды шайнап, түкіріп жіберуге дайын еді. Үшеуі жақындағанда, Сабыржан олардың алдына шықты.
- Сөйлесеміз бе? – қысқаша сұрады ол. Жігіттер бір-біріне қараған соң Нұрлан:
- Сөйлесейік, анау бұрылыста кафе бар. Сол жерге кіріп сөйлесейік, - деді.
59
- Жоқ, мен асығыспын, - қарсылық білдірді Сабыржан, - адам аз жерге барайық. Олар жақын жердегі тасталып кеткен бір құрылыстың ауласына кірді.
- Бізге ешнәрсе керек емес, құдайға шүкір, өзіміздікі өзімізге жетеді, - тағы да сөз бастады Нұрлан, - Айнур арызын қайтарып алсын. Бізге дауым жоқ деп қолхат жазып берсін. Біз де оған тыныштық береміз, - деп қасындағыларға қарады, - қалай дедім жігіттер?
- Әлбетте, жас қыз екен, бір жақсылық қылып қояйық, - деді Арман.
- Көпшілік не десе мен сол, - қосылды Ринат.
- Демек, бәрің келістіңдер? – бәріне қарап шықты Сабыржан,- онда сол қолхатты мен жазып берсем қалай? – Мұндай күтілмеген ұсынысқа үшеуі таң қалды. Тағы да Нұрлан сөз бастады:
- Сен қызық екенсің, достым, біз сенімен болғанымыз жоқ қой. Бұл сөзге үшеуі әбден рахаттанып күлісіп алды. Сол арада иектің астынан тиген жұдырықтан, Нұрлан үш-төрт метр жерге ұшып түсті. Оның бет-ауызы боқ жеген иттей қанға боялған еді. Санаулы уақыт ішінде, оның қасындағылары жұдырықтасу былай тұрсын, ауыз ашып үлгірмей, әр жерде домалап жатты. Сабыржан оң жұдырығын сол қолымен уқалап:
- Бұл сөзіміздің басы ғана, жалғасы әлі алдымызда, - деп айналып жүрді. Екі үш қадам жүрмей ақ, біреу қара дегендей болды. Бұрылып қарағаны сол еді, пышақ көтерген Ринат оған атылғалы тұр екен. Сабыржан келген беті секіріп оның кеудесін тепті. Ұшып барып шалқасынан түскен Ринаттың енді қимылдауға да шамасы жоқ еді.
Сабыржан үйге келсе, апасы мен Гұлнур жолға дайындалып жатыр екен.
- Келдің бе, балам, олармен тең болуға болмайды, одан да сенікі рас деп бұл істі бір жақты етіңдер. Олар кім, біз кім? Олсыз да бізге өзіміздің дерті жетіп артады. Әкеңнен қайғырып жатырмын, біз жүрейік. Айнур саған аманат,- деді ана.
- Бізден алаңдамаңыз, бәрі жақсы болады, - деп Сабыржан олардың жүктерін жинауға көмектесті. Одан соң барлығы отырып, бір кеседен шәй ішкеннен
60
кейін, Сабыржан оларды автобус станциясына алып кетті. Оларды шығарып тұрып, Сабыржан ойланып қалды. «Бірге тұрып жатқан серігім кетіп қалды, үш ауыз үйде жалғыз өзім не істеймін. Одан да Айнурды жаныма алып алайын» деді ол. Сол оймен, Айнурдың жүктерін жинастырып, үйге келгені сол еді, екі сақшы кіріп келді.
- Сабыржан деген сіз боласыз ба?- сұрады олардың бірі.
- Ә-ә, Сабыржан мен боламын, - жауап берді ол.
- Сіз қамауға алындыңыз, сіздің үстіңізден үш адамнан арыз түсті. Олар қазір ауруханада жатыр. Бірінің мұрны, тағы біреуінің екі қабырғасы сынған. Үшіншісінің үш тісі түсіп қалыпты, - деді бағанағы сөйлеген. Сабыржанға амалсыздан олармен жүруге тура келді.
- Айнур, сіз алаңдамаңыз, мен қазір қайтып келемін. Үйлерді жинастырып тұрыңыз, - деп сақшылардың алдына түсіп жүрді. Олардың артынан Айнур өзін айыптап, жылай бастады. «Ағам оларды ақыры таупты да. Енді пәле болмаса болды. Қап, қайдан ғана бардым, соның туған күніне» - өзін өзі кінәлады. Ол күні Сабыржан үйге келмеді. Ертеңінде Айнур ерте тұрды. Себебі, сағат тоғызда тергеушіге баруы керек еді. Асықпай үйлерді жинап, шәй қайнатып ішті. Одан соң «бісмілла» деп, жолға шықты. Сақшы бөлімінде Айнурды үш сағаттан астам ұстады.
- Мақұл, сізді алмады делік. Бірақ сақина қалайша сіздің сөмкеңізге түсіп қалды? – қайта-қайта сұрайды тергеуші.
- Мен де соны түсінбедім. Мүмкін, мен ауруханада жатқанда, досым сөмкеме салып қойған шығар.
- Куәгер бар ма?
- Жоқ.
- Міне көрдіңіз бе, күмәнді алып делоға тігіп қоюға болмайды. Бізге дәлел керек.
- Сақинаны тексеріңіздер, онда менің қол таңбаларым жоқ.
- Әлбетте, тексереміз, сараптама бәрін анықтайды. Бұл істі күшейтпей, сақинаның иелерімен бір жақты етсеңдер, өздеріңе жақсы болатын еді.
61
- Қалай?
- Мен сақинаның иесін шақырайын, сағат алтыда келіңіз, екеуіңіз бетпе- бет сөйлесіңіздер, қалай? – деді соңында тергеуші. Айнур онымен келісіп, сыртқа шықты. Енді ол кезекші бөліміне жолығып, ағасынан хабар алмақшы болды.
- Ағаңызбен көрісуге рұқсат емес, кезекші тергеушімен сөйлесіңіз, - деді кезекші,- одан соң тергеушінің телефоны жазылған бір парша қағазды Айнурға беріп:
- Міне мына тергеушімен хабарласып, ағаңыздың хабарын алсаңыз болады. Айнур қағазды уыстап ұстап, сыртқа қарап жүрді. Еден жуып жатқан әйелдің жанына келгенде, ол, - мені далада күтіңіз деп қалды. Айнур далаға шығып, әлгі әйелді күтті. Еден жуушы әйел далаға шықты да, жан-жағына бір қарап алып, тез Айнурға жақындады. Айнурдың білегінен ұстап әрі қарай алып барып, жан-жағына алақ-жұлақ қарап алғаннан кейін сөз бастады:
- Қызым, менің бұл жерде істеп жатқаныма он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде менің көрмегенім аз. Сіздің де анаңыз бар шығар, мен сізге анаңыздың орнында айтып жатырмын. Сіздің ағаңыздың ісінен де хабарым бар. Бұл жерде ақиқатты іздеп әуере болмаңдар. Ақиқат ол- пұл, қоғамда иелеген орны. Солар не десе сол. Сіз бен біз олардың алдында малдың орнында. Қаласа, біреуге сатып жібереді, қаласа, құабандыққа шалып жібереді. Олар - адамды бүтін жұтып жіберіп, бүркіп тастауға дайын машина. Олармен күш алысамын демеңдер, мүмкін емес. Мүмкін болса, солардың айтқанындай болып, істеріңді бір жақты етуге тырысыңдар. Болды, мен кеттім, сіз мені көрмедіңіз, мен сізді көрмедім. Ол әйел қалай тез пайда болған болса, солай көзден ғайып болды. Айнур оңым ба бұл, түсім бе деп бір орында қаққан қазықтай тұрып қалған еді. «Бұл әйел дұрыс айтады. Біз кім, олар кім? Дәрияның ағымына қарсы жүзіп жоқ болу ақмақтың ісі емес пе? Қарсылықты қойып, олар не десе, көнуден басқа жол жоққа ұқсайды. Өзім тапқан пәлеге, қайда барайын дауаға, деп бекер айтпаған болса керек. Пәлені өзім бастадым ба, одан ағамды да, өзімді де аман алып шығу, менің қолымда», -деген ойлармен үйіне қарап жүрді Айнур.
***
Нұржамал мен Гүлнур өте рухы түскен күйде үйіне келді. Жол бойы әкесіне болған істер туралы айтпау керектігін қызына түсіндіріп келді ана.
62
Искендердің терезеден сыртқа қарап жатқаны жатқан. Мансұр бұл кезде малдың аяғын тазалап жатыпты. Мал дегендей мал да қалмаған. Бір бұзаулы сиыр мен екі қой. Бұрынғы береке тозып біткен еді. Нұржамал дереу күйеуінің қасына кірді. Оның қасына отырып, қолын алды:
- Сіз қалай? Біз жоқ қиналып қалған жоқсыз ба?- сұрады сыпайылықпен.
- Жоқ, бәрі жақсы, - деді Искендер, - Мансұрға рахмет. Балалар қалай екен?
- Балалар жақсы екен, сізге сәлем айтты. Айнур оқып жатыпты, Сабыржан жұмыс істеп жатыпты, әйтеуір жақсы екен.
- Е-е, бопты, аман болсын. Олар ары-бері әңгімелесіп біраз отырып қалды. Бір кезде Нұржамал сағатына қарап:
- Гүлнур қызым, әкеңіз бен Мансұр ағаңыз лағманды сағынып қалған шығар. Сіз қыймасын жасаңыз, мен нанын илейін, қолма-қол лағман жасайық, - деп сырттағы үйде отырған қызын шақырды.
- Болады, апа,- деген Гүлнурдың дауысы естілді. Сізге бір нәрсе керек пе?- сұрады Нұржамал күйеуінен.
- Жоқ, рахмет. Мансұр қазір ған қарнымды тойдырды.
Нұржамал күйеуінің маңдайынан сүйіп, сыртқы бөлмеге шықты. Ауылдағы аурухана жабылғаннан бері Нұржамал еш жерде істемейді. Алайда жерлестері укол салып қойсаңыз, қан қысымын өлшеп көрсеңіз және тағы басқа жұмыстармен келетін. Нұржамал Алматыдан келіп екі күн өтпей, түңліктен ай түскендей, үйге Айнур кіріп келді.
- Қызым, не болды, тыныштық па? – ана жүрегі тағы лүпілдей бастады.
- Тыныштық апа. Екі күн боспын, әкемді көріп келейін деп келдім, - деді Айнур. Оның өтірік айтып жатқанын ана жүрегі бірден сезсе де, оны қыстамады. Кеш батып, бәрі жатқаннан кейін, Нұржамал мен Айнур аулаға шықты. Олар жүзім ағашының астындағы орынға көрпе салып, орналасып алғаннан кейін Нұржамал:
63
- Қәне, қызым сөйле. Еш нәрсені жасырмай айт. Мені аяма, мен дерт тартып пісіп кеткен қатын, - деді. Ана дұрыс айтады. Анасына айтпаса басқа кімге айтады? Кім оны тыңдайды? Кім оның қадіріне жетеді?
- Апа, бұл не, пәле-қаза бізді айналып қалды ғой? Біз кімге, не жамандық жасадық сонша?- көзіне жас алып сөзін бастады Айнур.
- Сабыр, сабыр етіңіз, қызым. Көздің жасы дертке дауа болмайды. Мықты болыңыз. Қазіргі қатал заманға қарсы тұра алмасақ, ойран болғанымыз болған, - қызының басын кеудесіне қойып сипалады ана. «Бейшара анам. Не деген күш-жігері мықты жаралған адам. Басқасы болса әлдеқашан есінен адасып кетер еді», - жалт етіп қиялынан өткізді Айнур.
- Апа, рас айтасыз, сізге айтпай кімге айтамыз дертімізді. Мықты болыңыз ана. Басымызға келгенді өзіміз тартпасақ, кім тартып береді бізге,- сөзді алыстан бастады Айнур. Одан соң асықпай, ағасының түсіп қалғанын толық айтып берді.
- Солай, апа. Мал иесінен ұры мықты шығыпты дегендей, айналдырып өзімізді айыпты етіп қойды. Кеше анау арсыздармен сөйлессем, ағамның ісін жабуға үш мың доллар сұрап жатыр. Егер оны бермесек, ағамның үш-төрт жылға кететін түрі бар. Апа, олар өте қауіпті адамдар екен. Мен қорқып қалдым. Сіз ацтқандай, бұлардың айтқанын рас деп, құтылмасақ болмайды екен, - деп сөзін аяқтады Айнур. Ана ләм-мим демей ұзақтан- ұзақтан отырды. Одан соң бір «уһ» тартып алып:
- Қызым, ағаңның халі ауыр екен. Жанымыз шықса да , оны құтылдыруымыз керек, - деді ана, - қәне ойластырайық. Олар ұзақ сырласты.
- Болды,қызым, енді дем алайық, - деп ана орнынан тұрғанда, таң сүзіліп, асығыс қораздар шақыра бастаған еді.
Өз үйім өлең төсегім, деп дана аталарымыз айтқандай, Айнурдың мұндай рахаттанып ұйықтамағанына көп болыпты. Ол орнынан тұрған кезде сағат он бір болған еді. Ол асығыс беті-қолын жуып, әкесіне кіріп амандасты. Гүлнур мектепке кеткен. Мансұр қорада жұмыс істеп жүр. Әке, апам көрінбеді ғой? Бір жаққа шықты ма? – деп сұрады Айнур әкесінен.
64
- Зейнеп әжесіне укол салып қойса деп немересін кіргізген екен, кешігіп жатыр ғой, шәй ішіп отырып қалдымекен, -деді әкесі.
- Әке, шәй іштіңіз бе, алып кірейін бе?
- Апаңыз шәй беріп шыққан, рахмет қызым. Өзіңіз ішіп алыңыз, - деді ата мейірімділікпен.
- Онда мен шәйімді ішіп, үйді жинастырайын, - деп шығып кетті Айнур. Ол шәйін ішіп, жинайын деп тұрғанда, апасы кіріп келді.
- Сәлеметсіз бе апа, ертеңгісін қайда барып келдіңіз?
- Анау Зейнеп әжеңіз ауырып жатыр, барып укол салып бердім. Одан соң анау Аббас бастыққа кіріп шықтым, -деді ана. Аббас бастық дегені Кеңес кезінде бастық болып істеген еді. Колхоздар әлдеқашан тарап кетсе де, ол бастық болып аталып қалды. Бір пиалаға шай құйып ұсынған Айнур:
- Аббас ағамдардікіне неге кірдіңіз?- деп сұрады.
- Қызым, Аббас ағам күзде кірген еді, кіші баласына үй сатып алып бермекші. Ауылда сенің үйіңдей үй жоқ, сатасыңдар ма деп. Бүгін түнімен Сабыржанды ойлап , ұйықтамадым. Оған үш мың долларды қайдан табамыз. Үйді сатсақ сатайық деп, алдына кірдім.
- Ойбай, апа, үйді сатып жіберіп, өзіміз қайда тұрамыз?-қорқып сұрады Айнур.
- Бір нәрсесі болар, қызым. Ағаңыз анандай жағдайда тұрғанда қол қусырып тұрсақ болмас. Тау жаққа жүргенде, ауылдың шетінде, Аббас бастықтың мал қорасымен бірге төрт ауыз үйі бар. Кеңес кезінде ол малдарын сол жерде ұстайтын. Қазір қоралары бұзылып кетіпті. Бірақ, үйін онша-мұнша жөндесе тұруға жарайды. Сол үйді берді, - деді ана, - мына үйімізге үш мың доллар берді. Ауылда ол аз пұл емес. Сіз пұлды беретін жерге беріп, ағаңызды шығарып алыңыз. Содан соң ағаңыз келіп, анау үйді тазалап, бізге көшуге көмектессін. Қалғанын ағаңызбен кеңесіп шешерсіз.
- Әкеңізге өзім бір нәрсе деп түсіндірермін. Бүгін- ертең Гүлнур мектепті бітіреді. Оған сол ағаң ие болмаса, бізде асып-тасып тұрғандай ештеңе жоқ.
65
Бір аптаның ішінде үйді босатып беріңдер деді. Күн түс болды, сіз де ертерек жолға шығып, кеш батқанша жетіп алыңыз, - деп қызын асықтырды. Нұржамал.
Бұл істің бәріне өзін кінәлі сезінген Айнур анасына қалай жәрдем беруді ойлап, ішінен азаптанып жатыр еді.
Айнурдың жолы ашық болып, қалаға тез ақ жетіп алды. Енді үйіне кірейін деп тұрғанда, Сабыржанның досы Баратжан келіп қалды. Баратжанның барлық істен хабары бар еді. Сондықтан ол Сабыржан екеуінің ортақ достарынан бес жүз доллар жинап келген еді.
-Айнур қаліңіз қалай? Бүгін сізді іздеп екінші рет келуім. Таңертең бір келіп кетіп едім, - деді машинасынан түсіп жатып.
- Иә, Баратжан аға, амансіз ба? мен ауылға кетіп едім, келуім осы, - деді Айнур.
- Біз достар, Сабыржанға біраз ақша жинап едік, соны сізге берейін деген, - деп оралған ақшаны Айнурға берді Баратжан.
- Рахмет Баратжан аға, бекерге әуере болыпсыздар. Мен ауылға барып олар сұрап жатқан ақшаны тауып келдім, - деді Айнур.
- Рахмет деудің қажеті жоқ, осындай басымызға іс түскенде бір - бірімізге көмектеспесек, қалай дос болғанымыз? Бұл да артық болмас, сіздің ісіңіз қаяққа ауып кетеді әлі, құдай өзі біледі.
- Олай болса, Баратжан аға, олармен сөйлесуге екеуіміз бірге барайық, мен олардан қорқамын, - деді Айнур
- Болады, мен бүгін оларды табайын. Беретінді беріп, ертең Сабыржанды шығарып алудың қамын жасайық.
- Тоқтаңыз, Баратжан аға тергеуші маған олардың телефон нөмірін берген. Мен алып шығайын, - деп Айнур үйге кіріп кетті. Дереу шыққан Айнур телефон нөмірі жазылған қағазды Баратжанға ұзатты. Баратжан қалта телефонын шығарып, дереу телефон шалды:
- Алло, Нұрлан , бұл сен бе? –сұрады Баратжан.
66
- Мен, бұл кім? – естілді ол жақтан.
- Мен Сабыржанның досы Баратжан боламын. Сендермен сөйлесетін шаруа бар еді,- деді Баратжан.
- Біз айтатынды қарындасына айтып болған, тағы не сөз?- дөрекі сөйледі Нұрлан.
- Сол қарындасы сендермен сөйлеспекші. Айтқандарыңды дайындап қойыпты, - мақсатын айтты Баратжан.
- Олай болса, жарты сағаттан кейін Туран кафесіне келіңдер.
Олар көздеген мәреге он минуттай кешігіп барды. Есіктің алдында күтуші жас жігіт олардың алдына келіп:
- Баратжан, Айнур деген сендер ма?- деп сұрады. Баратжан басын изеп, белгі бергеннен кейін:
- Менің артымнан еріңдер, - деп оларды ертіп, онша үлкен емес VIP залға алып кірді. Ол жерде Нұрлан, Арман, Ринат тағы бір жігіт отыр еді. Айнур бұл жігітті дереу таныды. Ол Сабыржанның тергеушісі еді.
- Ал, не ұсынып келдіңдер? – сұрады Нұрлан Баратжан мен Айнур отырғаннан кейін.
- Сендер қолдарыңнан дене жарақатымыз үшін үш мың доллар көлемінде емделу үшін ақша алдық, Сабыржанға еш қандай дауымыз жоқ деп қолхат жазып беріңдер, - деді Баратжан. Нұрлан енді ғана ауызын ашайын дегенде, шулап бір топ қыздар кіріп келді. Олардың екеуі Шолпан мен Шырын еді. Ең алдында кірген Шолпан Айнурды көріп, тұрып қалды. Содан соң ақырын артына жылжып, қыздардың артына жасырынды.
Нұрлан орнынан тұрып:
- Қыздар, сендер бес-он минутқа залға шыға тұрыңдар, кейін өзім шақырамын, - деді. Қыздар шығып кеткеннен кейін:
- Біз қолхат жазып береміз. Бірақ тек сендер біздің шартымызды орындағаннан кейін, - деді Нұрлан достарына қарап шыққаннан кейін.
67
- Шарттарың дайын. Бірақ, Айнур студент, ағасы ана жерде, әкесі науқас, мүгедек. Еш болмаса үштен екіге түсіріп беріңдер, ынсап деген болу керек қой, -деді Баратжан олардың адамшылығын тағы бір рет сынап көру мақсатында.
-Сен бізге ынсаптың сөзін айтпа, - деді Нұрлан, - біз ынсаптық жасап, мына қызға он мың доллар бергенде, алмаған. Енді өз обалы өзіне. – Айнур Баратжанның қолын тартып:
- Болды, Баратжан аға, бұлардың алдында өзіңізді төмендетпеңіз. Барлығын бере салайық, - деп пұлды Баратжанға берді.
- Мақұл, хатыңдарды жазыңдар, пұлдарың дайын, - деді Баратжан қағазда оралған ақшаны көрсетіп. Тергеуші папкасынан қағаз, қалам шығарды. Анау үшеуі сенжаз, сен жаз, деп біраз уақыт бір-біріне сілтеп тұрды. Өйткені үшеуінің де қолхат жазатындай сауаты жоқ еді. Амалдың жоғынан олардың атынан тергеуші жазуға мәжбүр болды. Одан соң үшеуі қол қойып берді. Баратжан хатты бір рет көзімен шолып шыққаннан кейін тергеушіден:
- Сабыржанды қашан шығарасыңдар? - деп сұрады.
- Қандай іс болса да ұл баладай орындағанды жақсы көремін, - деді ол, - біз де кеудемізге ұрып жүрген ұл бала, егер жігіттер қарсы болмаса, қазір бір телефон соғып, досыңды босатып беремін, - деп қасындағыларға қарады. Олар:
- Болды, дауымыз жоқ, шығара сал,- деді.
- Олай болса телефон соқ, міне пұл санап алыңдар, - деп ақшаны олардың алдына тастады. Нұрлан пұлды қолына алып:
- Болды санамаяқ қояйық. Саған сенеміз, -деді.
- Тергеуші біреумен сөйлесіп:
- Досың тура он бес минуттан кейін шығады, барып күтіп алсаң болады, -деді.
Баратжан Айнурдың қолын алып:
68
–Жүріңіз, Айнур, кеттік, -деді де, ешкімге тіпті қош айтпай, есікке қарап жүрді. Олар есіктің қасына барғанда Нұрлан:
- Бір-бірімізден разы болайық, иә?- деп айқайлады.
- Біз Айнурдан разы,- деді Арман. Бәрі шулап күліп кетті. Баратжан тоқтап, артына қайтпақшы болғанда, Айнур оны итеріп дегендей алып шығып кетті. Олар барысымен, сақшы бөлімшесінен Сабыржан да шығып келді. Олар құшақтасып көрісті. Одан соң мәшинеге отырып үйге қарай жүрді.
- Менің таңым бар, бұлар қалайша мені босатты? Немесе сен бір таныс таптың ба, Баратжан досым? – сұрады Баратжан мәшинеге отырғаннан кейін.
- Сені үш мың доллар пұл беріп алып шықтық, олар солай шарт қойды, - деді Баратжан.
- Не? - шошып кетті Сабиржан, - ондай ақшаны қайдан таптыңдар?
- Ауылдағы үйді саттық, - деді Айнур. Сабыржан ашулана бастады:
- Неге өйттіңдер. Бір тиын да бермеу керек еді. Енді әкем мен шешем көшеде қалды ма?
Айнур жағдайды асықпай түсіндірді.
- Кім сендерден сұрады, неге оларға пұл бересіңдер? –деді, өзін басалмай жатқан Сабыржан.
- Өзіңді бас, достым. Пұл табылады, үш- төрт жылға сотталып кетсең, анаңа таусылмастай дерт тауып беретін едің, -деді Бартжан.
- Жексұрындар, мен оларға көрсетемін әлі, кегімді бәрібір аламын, - Сабыржан сәл өзіне келе бастады. Олар Сабыржандардың үйіне келіп, әңгімелесіп түн ортасы болып кеткенін сезбей де қалыпты. Сабыржан досы Баратжанды шығарып салғаннан кейін, біразға дейін ұйықтай алмай қиналды. «Бұл не деген масқара, не деген дерт! Ақиқат деген бар ма бұл әлемде? Он гүлінің бір гүлі ашылмаған қызды зорлап, оның болашағын ойрандап тастаса да, оған сұрақ болмаса. Керісінше, өзіңді айналдырып айыпты етіп жатса, ақиқат іздеп арсыздарға жұдырығыңды тигізсең, заң тағы
69
да оларды қорғап жатса, қалай ша тыныш өмір сүруге болады? Өмір сүргізбейді де!!!» Түрлі- түрлі ойлармен Сабыржан тек таңға жуық әр жерде шамдар жана бастаған кезде қатты ұйқыға кетті. Ертеңінде тұрып, қарындасымен бір кесе шәй ішкеннен кейін, ауылға барып келуді ұйғарды.
- Сөйтіңіз, аға. Болмаса апамның көңілі тынышталмас. Одан соң апам, бізге де көшуге көмектесіп жіберсе деп еді, - деді Айнур.
- Мақұл, қарындасым. Мен ауылға бір-екі күнге барып келейін, қалған жұмыстарды келгеннен кейін кеңесерміз. Мұнда біраз шаруам бар, түске дейін бітіріп алсам түстен кейін жолға шығамын, - деп орнынан тұрды Сабыржан.
-Е-е, айтқандай аға, Баратжан ағамдар достарымен бес жүз доллар жинап алып келген, ол артылып қалды. Апама ала кетіңіз, - деп пұлды ағасына берді Айнур. Сабыржан пұлды алып, қарындасымен қоштасып шығып кетті. Айнур ыдыс-аяқтарды жуып тастап, сағатына қарады. Сағат тілдері онды көрсетіп тұр. Сағат он бірде тергеушіге баратындығы есіне түсіп, шаруаларын тастап, киіне бастады.
Айнур тергеушінің бөлмесіне кіргенде, орта жастағы, толықтау, қолдарына, мойындарына ірі-ірі алтын бұйымдар асып алған бір әйел отырды. Айнур кіріп олармен амандасқанда, ол Айнурға бастан аяғына дейін бір қарап шығып сұрады:
- Осы қыз ба?
Тергеуші:
-Солай Әмина әпке. Айнур деген осы қыз, - деді. Содан соң Айнурға бұрылып:
- Бұл кісі сіздің сөмкеңізден табылған сақинаның иесі Әмина Рустембекова болады. Айгүл орнынан тұрып:
- Сәлеметсіз бе, Әмина әпке. Әпке мен сақинаны алмадым, имандай шыным, ант етемін, маған сеніңіз, - деді.
70
- Олтырыңыз, - қолын сілтеді Әмина, - сізден әлі ешкім ешнеңке сұраған жоқ. Айнур сөйлемей орнында отыра қалды.
- Бұл қыз қылмысы үшін қанша жылға сотталуы мүмкін? – сұрады Әмина тергеушіден. Тергеуші алдында жатқан қылмыстық істер кодексіне қарап:
- Заң бойынша екі жылдан бес жылға дейін. Енді ол сотқа байланысты, кім...
- Орта есеппен үш-төрт жылға кетеді деші, - деді Әмина тергеушінің сөзін бөліп.
- Әріне, солай болады, - дереу оны қуаттады тергеуші. Әмина Айнурға қарады:
- Иә, енді сөзіңіз болса айтыңыз.
- Әпке, мен ол сақинаны алмадым, тіпті көзіммен көрген жоқпын,- Айнурдың дауысы дірілдеп әрең шықты.
- Егер алмаған болсаңыз, қалайша сіздің сөмкеңізден шықты? Немесе мені салып қойды дейсіз бе?- көтеріңкі дауыспен оған тікірейіп қарады.
- Соны өзім де түсінбей жатырмын, мен оны досымнан күмәнданып жатырмын, - Айнурдың дауысы одан сайын шықпай қалды.
- Досыңызбен өзіңіз сөйлесіп алыңыз. Сот күмәнге сенбейді, сотқа дәлел керек, дәлел. Сақинаның сіздің сөмкеңізден шыққаны дәлел, күәгерлер бар, солай ғой деймін? – деп тергеушіге қарады Әмина.
- Әлбетте, солай, міне хаттамада жазулы тұр, - жауап берді тергеуші.
- Ол аздай, балама достарымен жала жауып, пұл алмақшы болыпсыз. Біз ондай көрінгенге пұл шашатындардан емес, - шабуылын жалғастырды Әмина. Оның үкімдар дауысы Айнурдың сүйек- сүйегінен өтіп жатыр еді. Бір ауыз сөз қайтарса, пәлеге қалатынын түсінген Айнурдың басы салбырап, тыныш отырудан басқа амалы жоқ еді.
- Қайтеміз, Әмина әпке, істі сотқа жіберуге барлық құжаттар дайын, бере берейін бе? – Айнурдың олсыз да азаптанып жатқан жүрегіне тұз септі тергеуші.
71
- Мен білмеймін. Кінәні мойнына алып, кешірім сұрап, аяғыма жығылудың орнына, мен алмадым, білмеймін деп тұрса, мен не істеймін? Солай емес пе? – деп тергеушінің сұрағына жауап берді Әмина.
- Егер сіз айтқандай, айыбын мойындап, кешірім сұраса, кешіретін түріңіз бар ғой ә, Әмина әпке? – сұрады бүгінгі собал-сұрақтардың жоспар бойынша кетіп бара жатқанына мәз болған тергеуші.
- Оны көрерміз. Біз де онша тас жүрек адамдардан емес қой. Өзі әлі жас екен, болашағына балта шаппайын десе әне, өзі білсін, - деп өзінен үміттендіріп қойды Әмина.
- Дұрыс айтасыз. Айнур сіздің тағдырыңыз өзіңіздің қолыңызда, - қосымшалады тергеуші.
Айнурдың жүрегі ождан азабынан өртенуде. «Бұл не деген тағдыр? Мені қалағанынша балағаттады, намысымды төгіп, жерге басты. Тағы мен сол лас мақұлықтардан кешірім сұрауым керек пе? Әй, ұлы Алла, мен кімге жамандық жасадым сонша, сенің қаһарыңды қоздыратындай?! «Заман зордікі, тамаша соқырдікі» дегені осы ма? Бірақ не шара? Жоқ!» Оның қиялына еден жуушы әйелдің сөздері келді: «Бұл жерде сіз ақиқат іздеп әуере болмаңыз қызым. Анаңыздың орнында айтып жатырмын, солардың райынша болып, сенікі рас десеңіз, жеңесіз».
Айнур көзіне жас алып:
- Менен өткен болса кешіріңіздер, балалық жасап қойыппын, - деп өзін ұстай алмай өкіріп жылап жіберді. Тергеушінің Айнурға « іші ашып», стақанға су құйып берді. Содан:
-Е-е, міне, енді дұрыс болды. Сіз не дейсіз Әмина әпке? Міне Айнур кінәсін мойындап, кешірім сұрап тұр, - деді Айнурға күйінгендей болып.
- Менің де бұл іске аз уақтым кетпеді, жүйкем тозды. Екеуіміз жеке сөйлесейік, содан соң мен ойланып саған бір жауабын берермін, - деді Әмина Айнурдың қармаққа түскеніне көзі жетіп.
- Мақұл, онда өздеріңіз сөйлесіп, бір хабарын берерсіздер, - деді тергеуші.
72
– Жүріңіз, біз басқа жерде сөйлесейік, - орнынан тұрып есік жаққа жүрді Әмина, - мен өзім телефон соғамын, - деді есіктен шығып бара жатып тергеушіге. Айнур оны ерді. Сыртқа шығып, Әмина мәшинесінің есігін қолындағы басқару кнопкасын басып ашты да, Айнурға:
- Отырыңыз, - деді. Айнур мәшинені артындағы орнына жайғасты.
- Қайда барамыз? – деп сұрады Айнур мәшине орнынан қозғалғаннан кейін.
- Анау қиылыста жақсы кафе бар. Сол жерде отырып, сөйлесейік, - деді Әмина жолдан көзін үзбей. «Бұл тағы қанша сұрайды екен?Ауызын жалмауыздай ашпаса еді», деп ойлады Айнур. Дегендей ақ, мәшине біраз жүргеннен кейін, «Дияр» деген кафенің алдына келіп тоқтады.
- Жүріңіз ішке кірейік, - деп Әмина Айнурдың жауабын күтпей ақ мәшинесінен түсті. Айнур оның артынан жүрді. Олар кафеге кіріп, шеттегі, үстелге келіп отырды. Дереу кітапшасын көтеріп даяшы жетіп келді.
- Айнур, сіз не жейсіз? – сұрады Әмина. Айнур оның лезде жүз сексен градусқс өзгеріп кеткеніне таң қалды.
- Рахмет, мен еш нәрсе жемеймін. Жаңа ғана үйден тамақ жеп шығып едім, - деді.
- Жоқ, олай болмайды. Қысылмаңыз, кафеге кіргеннен кейін азырақ бір нәрсе жеп отырайық. Онда мен өзім біліп бұйыртайын, - деп біраз тамақтарды бұйырытты. Даяшы бұйырытпа алып кеткеннен кейін:
- Менің ағаңыз екеуіңізге қатты ашуым келген еді. Қарасам сіз өте мәдениетті, тәрбие көрген қызға ұқсайсыз. Сондай ақ сіздің гүлдей шырайыңыздың түрмеде солғанын қаламаймын. Менің де қызым бар. Байқауымша, бұл істі жабу үшін беретіндей пұлыңыз да жоқ көрінеді. Солай ма?- деп сұрады Әмина.
- Рас, дереу беретіндей нақ пұл жоқ, - деді Айнур, - бірақ қажет болса бір жерден қарызға болса да аламыз.
- Сіз бір нәрсені дұрыс түсініңіз, үш-төрт мың доллар аз пұл емес. Қарыздың да бермегі бар емес пе. Өзіңіз оқып жатыпсыз, оны қайдан жинап беремін
73
дейсіз? Сондықтан мен сізге бір жұмыс ұсынайын деп тұмын, қалай қарайсыз? – Айнурдың көзіне тігілді Әмина. Одан бұндар сөздерді күтпегендіктен, не дерін білмей, аң-таң болып қалды Айнур. Атқан оғының дәл тигенін байқаған Әмина сөзін жалғастырды:
- Менің қала бойынша бірнеше сұлулық салондарым бар. Солардың бірін сіз басқарсаңыз. Жалақыңызды жақсылап төлеп беремін. Бірақ бір шартым, оқуыңызды сырттай немесе кешкі оқуға ауыстырып аласаңыз – Тұйықтан айтылған бұл сөздерге Айнур не сенерін, не сенбесін білмей, басы қатты. Негізінде Айнур өзі де оқуын сырттан немесе кешкі оқуға ауыстырып, бір жұмыс іздемекші болған. Себебі жақын арада Гүлнур оқуға түссе, оны да қамту керек. Жалғыз ағасының қолына қарап отыруды дұрыс көрмеген. Өмірде ұрылып - соғылып, тұрмыс еркелетпеген ақ көңіл, надан ауыл қызына мұндай жылы сөздер наркотиктей әсер еткен еді.
- Өзім де соны ойлап жүр едім. Бір айдан кейін сіңлім оқуға келеді. Оны оқыту керек.
- Е, міне, бәрекелді. Екеуіміздің ойы бір жерден шығыпты. Демек, шығысып істеп кетеміз. Бұл жерде ойланатындай еш нәрсе жоқ. Сіңліңізді қиналмай оқытып аласыз, - соңғы шабуылға өтті Әмина. Айнур тұрып есін жиді. «Ой, тоқта, кеше ғана ұлы мені зорлап, өзі болса, сақинамды ұрладың деп жала жауып, түрмеге қамап тастауға аз қалды. Енді бәрін ұмытып, маған тура туысқандардай жақсылық істеймін дегені несі? Тоқта, бұның түбінде бір гәп болуы керек».
- Мақұл, мен ойланып көрейін Әмина әпке. Ағаммен кеңесіп көрейін, - деді Айнур.
- Әлбетте, ойланып көріңіз, бірақ көп кешіктірмеңіз, - деді Әмина, - қызым, бұл жұмысқа кім болса да «жан» деп келеді. Туған- туыстардың ішінде де бұл жұмыстан үміттеніп жатқандар жетерлік. Алайда, өзіңіз білесіз туыстар болмайды. Содан соң ұлымның достарымен сізге істегенін естіп, өте қапа болдым. Сондықтан сізге бір жақсылық істеп қояйын деймін. Шынымды айтсам, ол бала мені де қинап жіберді. Хабарыңыз болса керек, балалардың әкесі бізді тастап, жап-жас бір қызға үйленіп алған. Әкеден айрылғаннан кейін ұлым басқара алмайтын дәрежеге жетті. Айтқаны айтқан, істегені
74
істеген. Түк тілімді алмайды. Әйтеуір пәле - қазаның ішінде жүреді, - деп көзіне жас алғандай болды Әмина. Бірден жұмсарып, ішіндегі бар дертін төгіп жатқан мына әйелге қарап, не іші ашуды, не ренжуді білмей қалды Айнур. Көз алдына өзінің анасы келді. Ертеден кешке дейін әкесіне қарап, Мансұрмен тең ауланың жұмысын атқарып, ешбір рахат көрмей, өмірі өтіп жатқан анасын көз алдына келтіргенде, тек әйелдерге тән нәзік көңілі күйіну отында өртенді және дертін айтып алдында отырған мына әйелге аяу сезімдері оянды. Олар тамақтанып отырып, ұзақ әңгіме соқты. Айнур бұл ұсыныс жөнінде ағасымен кеңесіп көруді жөн көрді. Алайда үйге келсе, ағасы бір досының мәшинесімен жүргелі жатыр екен. Айнурды көріп ағасы мәшинеден түсті.
- Сіз де келіпсіз ғой жақсы, мен ауылға жүрдім. Екі-үш күндей болып, апамдарды орналастырып болғаннан кейін екі айға Шымкентке кетемін. Сол жерде біздің бокс клубымыздың басқаруымен боксшыларды машықтандырамын. Бопты, қош, қалғанын мен ауылдан келгенде сөйлесерміз, - деп мәшинеге отырды.
- Аға,бес жүз долларды алдың ба?- сұрады Айнур.
- Алдым, алдым, - терезесі ашық мәшинеден айқайлады Сабыржан.
Сабыржан ауылдан келіп, Айнурмен кездесе алмады. Себебі оған өте асығыс Шымкентке жүруге тура келді. Сондықтан, қарындасына хат жазып қойды да, жолға шығып кетті.
***
Май айында Бостандық ауылы өте көрікті болып кетеді. Төменгі ауылдарға қарағанда бұл жерге көктем бес-он күн кешігіп келеді. Әйтсе де биыл көктем жаңбырлы болды. Сәуір айының басында басталған жаңбыр мамырдың ортасы болса да, тоқтар емес. Бір күн, жарты күн ашылғандай болады да, тағы апталап жауады. Кеше кешке Искендер жатқан бөлменің төбесінен су өтіп кетті. Таң ертеден бері Мансұр мен Нұржамал үйдегі бар парша-пұрша қара қағаз, қалайыларды төбеге шығарып, жамап жатыр. Бір кезде тамшы тоқтағандай болды. Мансұр мен Нұржамал қап-қара батбақ болып үйге кірді.
75
- Құдайға шүкір, тоқтапты, - деді Нұржамал төбеге қарап, - биыл не деген таусылмайтын жаңбыр бұл. Аспанның бір жері тесіліп кетті ме не? - тартқан жапасына шыдамай сөйледі ол, - жазда бір әрекетін жасап, ескі шифер болса да алып, төбесін жауып алмасақ болмас. Не күн бұл?
Искендер ішінде тағы да азаптанып жатты. «Рас айтады, бүгін ғана емес, міне он сегіз жыл бопты, менің тірі аруақ болып жатқаныма. Мен Нұржамалды бақытқа бөлеймін, деп үйленіп таусылмайтын жапаға қойдым. Өмірінің жартысы машақатта өтіп жатыр. Болды, әрнәрсенің шегі болу керек», - деп, көңілінде ұзақтан бері қинап келе жатқан ойын бүкті.
Искендерді тамақтандырып болғаннан кейін оның ауызын сүртіп:
- Тағы бір нәрсе керек пе? – сұрады Нұржамал.
- Сол жеңіл дәретім бар еді, - деді Искендер. Нұржамал төсектің астынан тегешті алып, ептеп қойып берді. Одан соң Нұржамалдың қолдарын әлсіз қолдарымен тартып, жанына отырғызды. Искендердің азып кеткені соншалықты, бір тері , бір сүйек болып қалған еді.
- Бір сөзіңіз барма, Искендер? – сұрады Нұржамал.
- Біраз , қасымда отыршы, - өтінді Искендер.
- Құп, бегім, - деп Искендердің мұрнын жеңіл шымшып қойып, қасына отырды Нұржамал.
- Нұржамал, мен сенен о дүние, бұл дүниеде разы. Алайда, мен сені өзім уәде еткендей бақытты тұрмысқа жеткізе алмадым. Өмірің менің қамыммен, машақатпен өтіп жатыр.
- Сіз олай демеңіз, - қарсылық білдіргендей болды Нұржамал.
- Тоқта, сөзімді бөлме, - оны тоқтатты Искендер.
- -Өміріңнің ең жақсы дәуірі ойнап-күліп, бұл дүниенің бар жақсылықтарынан ләззәт алудың орнына, жапа, дерттен ары бола алмадың. Мен саған уәде еткен тұрмыстың орнына таусылмастай дерт алып келдім. Барлық кінә менде. Бұл туралы мен саған бір неше рет иіскетсем де, сен жақындамадың. Бұл рет шешімім қатты. Сен әлі қырық бесте. Он сегіз жыл
76
ердің қойнында жатпадың. Сенің мықтылығыңа таң қаламын. Мен саған ризалығымды беремін. Менің көңіліме қарама. Енді менің түзеліп кетуім жоқ сөз. Балаларды жалғыз өзің өсірдің. Мансұр саған үлкен сүйеніш болды. Оған рахмет. Енді сен менің жүзіме қарама. Жақсылап ойлан. Енді қалған өміріңді киімің бүтін болмаса да, көңіліңнің тоқ өткенін қалаймын, - деп Искендер тып-тыныш болып қалды. Оның екі көзіне жас лық толған еді. Нұржамал оның жастарын сүртіп, бір нәрсе айтпақшы болып еді, Искендер қолын сілтеп, ешнәрсе деме дегендей қарады. Нұржамал оның қолдарын ұстап ұзақ отырды. Ол да алыс өтмісті бір шарлап келген еді.
- Сабиржан азырақ пұл жіберіпті, мен ертең аудан орталығына барып, ет-май бір нәрселерді әкеп алайын, - деді Нұржамал біраздан кейін.
-Болады, өзің біл, - деді Искендер.
- Онда сіз деміңізді алыңыз. Мен шығып Мансұрға көмектесейін, көшедегі барлық су біздің аулаға кіріп жатыр. Азырақ арық алып жіберейік. Искендер мақұл дегендей, басын изеумен шектелді.
Ертеңінде ерте тұрған Нұржамал үйдегілерге тамағын беріп, аудан орталығына жол тартты. Искендер қасына Мансұрды шақырып алды.
- Мансұр баурым, сен барып, Санжар имамды алып келсең. Искендер ағамның өте маңызды шаруасы бар екен десең, жоқ демейді, - деді.
-Мақұл, Искендер аға. Мен қазір малға шөп салып болып, одан соң барып келейін, - деді Мансұр.
- Болады, бірақ, көп кешікпе, ә? - ерекше тапсырды Искендер. Бірер сағат өтпей ақ, қабырғада ілулі тойда түскен суретке қарап, тағы да өткенді шарлап кеткен Искендердің қиялы аулада Мансұр мен Санжар имамды көргенде, ықтиярсыз шашылды. Санжар имам өте ақылды, ақ көңіл адам болып, жасының жетіп қалғанына қарамай, жеңіл еді.
–Ассаламу алейкүм, Искендер баурым. Қалыңыз қалай? Жақсы тұрып жатырсыздар ма? – есіктен қолын кеудесіне ұстап кіріп келді Санжар имам.
77
–Ваалейкум ассалам, Санжар қажы, өзіңіз қалайсыз? - жауап қатты Искендер.
- Құдайға шүкір, - имам келіп Искендердің қолын алды.
- Ренжімесеңіз Искендер баурым, көп болды сіздің қаліңізді сұрай алмағаныма.
- Оқасы жоқ, қажым. Сіз мені кешіріңіз, алдыма шақырып сізді әуреге салдым, - деді Искендер имамды қарсы алып.
-Еш нәрсе емес. Әслі сіздің қаліңізді сұрап келу біздің міндетіміз. Сол баяғы тіршілік, ойласам үш-төрт ай болыпты сізді көрмегелі, - деді имам.
- Келіңіз, қажым, келіңіз, отырыңыз, - деп төрге шақырды Искендер. Имам төсектің бір шетіне отырды да, батаға қол көтерді.
- Амин, қадам жетті, пәле жетпесін, аллаһу- акбар, - деп екі алақанымен бетін сипап бата берді. Содан соң екеуі тағы да қал жағдай сұрасты.
- Иә, қажым, өздері жігіттей тұрсыз, тіл тимесін. Ауыл ішінде не сөз, не жаңалықтар бар?- алыстан бастады Искендер.
- Уай, баурым, оны сен сұрама, мен айтпайын. Бұл әлем не болып жатыр, әйтеуір. Ауылда жұмыс жоқ, жастардың бәрі қаңғып кетіп жатыр. Көптеген отбасылар да көшіп кетті. Қысқасы, ауылымыз жүнжіп кетті. Ертең не боларын ешкім білмейді, - қысқаша ақпарат берді имам. Олсыз да барлығынан хабары бар Искендер:
- Айтпаңыз, қажым. Бұл заман халықты ойрандады. Тағы келіп, ауыртпашылық қарапайым халықтың басына түсіп жатқанын айтсаңыз ше, - деп оның сөзін қолдады.
- Айтпаңыз, баурым. Енді бұлай қалмас. Қазір өтпелі дәуір емес пе, уақытша қиындықтар болады. Болашақта бәрі жақсы болады дейді, илаһим солай болсын, - деді имам.
- Түзеледі, қажым, түзеледі. Алла бұйрытса, бәрі жақсы болады, - имамға қосымшалады Искендер.
78
- Қош, баурым. Бір кіріп шықса деп шақырыпсыз. Бірер ісіңіз барма еді?- сұрады имам. Искендер неден бастарын білмей, төбеге қарап жатып қалды. Одан соң бір «уһ» тартып алып:
- Қажы аға, мені бұл мәселе көптен бері қинап келеді. Мен көп ойландым. Ақыры сізбен кеңесуді дұрыс көрдім. Себебі, сіз жақсы білесіз, біз Кеңес дәурінің тәрбиесін алған балалар. Шариғатқа сай келе ме, келмей ме, маған ол жағы беймәлім. Сондықтан, сіздің кеңесіңізге мәжбүр болдым.
Искендер тағы да тыныш болып қалды. Ол көздерінен еріксіз ағып түсіп жатқан жастарды сүртіп жатыр еді. Санжар имам оның мақсатының түбіне жетпей, сөздің соңын күтіп тыныш отыр.
- Менің Нұржамалмен отбасын құрғаныма жиырма төрт жыл болыпты. Оның он сегіз жылында мен тірі аруақ болып осы төсекте жатырмын. Демек, өміріміздің бары-жоғы алты жылын бақытты өткізіппіз. Өзіңізге мәлім, екі жас бас қосқанда, шариғат бойынша әрқайсысы бір - бірінің алдында өзіне тиісті міндеттерді алады. Солай ма, қажым? – деді Искендер.
- Әлбетте, солай, - Искендерді қолдады имам, міндеттерді орындау, екеуінің де парызы және қарызы.
- Бәрекелді, қажым, мен нақ сол сөздерді айтпақшы едім. Былай ойласам, Нұржамал менің алдымда сүттен пәк. Өзіне алған әйел кісінің міндеттерін, толығымен, жіптен инесіне дейін орындап келе жатыр, десем қателеспеймін. Менің боқ-сүйдігімді тазалап, күткені аз дай, балаларды өзі жалғыз бағып, қатарға қосты. Меніңше болса мен оның алдында кінәға баттым. Үйленгенге дейін берген уәделерімнің оннан бірін орындай алмадым. Әлі де болса, ол әлі жас. Төрт мүшесі сау бір еркекпен неке қиып, қалған өмірін ел қатарлы өткізсе деймін. Егер мен оған осылай істесем, оның алдында ожданым таза болатын еді. Алла-тағала алдында өткізген кінәларымді жуған болар едім. Осыған сіз қандай кеңес берер едіңіз?
Имам бір сәт үн-түнсіз отырып қалды. Одан кейін тамағын бір қырып алды да, үн қатты:
- Искендер, бауырым, менің сіз айтқан сөздеріңізге қосарым жоқ. Сексен алты жыл өмір сүріп, мұндай іспен алғаш рет кездесіп отырмын. Бірақ, сіздің
79
былай жатып қалғаныңызға, өзіңізді онша айыптап кетпеңіз. Ол да бір Алладан келген іс. Дұрыс айтасыз, неке деген ұлы нәрсе, онымен ойнауға болмайды. Әлбетте, сіздің бұл пікіріңіз, жүрегіңіздің қаншалықты тазалығын, мейіріміңіздің шексіздігін, нағыз ерлерге сай жомарттығыңызды дәлелдеп береді. Әслі, шариғатта, некеде тұрған ер-әйелдің біреуі айтса, некенің бұзылуы мүмкін. Егер әйеліңіз айтса, бұзылдар еді. Бірақ, Нұржамал оны істемеді. Сізге болған шексіз махаббатына берік болып, өмірінің тәтті ләззәтінен кешті. Бұл әр қандай әйелде бола бермейтін қаһармандық, ерлік. Санжар имам тағы бір сәт үндемей қалды. Одан соң асықпай сөзін жалғастырды:
- Нұржамал басқа еркек пен некелесуі үшін, алдымен екеуіңіздің некелеріңіздің бұзылуы шарт. Яғни, сіз зайыбыңызды талақ етуіңіз керек. Міне сонда ғана басқа еркек некелесіп Нұржамалды өзіне ала алады.
- Мен сізді түсіндім, қари қажым, басқа сөзім жоқ, - деді Искендер. Олар әр түрлі тақырыпта біраз әңгіме соғып отырды. Санжар имам төс қалтасынан шынжырға асылған сағатын шығарып қарап:
- Искендер бауырым, енді рұқсат етсеңіз, сағат он бірге Әшим ағашшы шелпек салып қойыпты. Мен сол жерге кіріп шықсам, - деді.
- Әлбетте, қажым, үйде Нұржамал жоқ, сізге бір кесе шәй да бере алмадық, ренжімеңіз, - деді Искендер қысылғандай болып.
- Оқасы жоқ, оқасы жоқ, шәй ішпеген үйме еді бұл. Мақұл, бауырым, Алла сізге шипасын берсін, - деп бата беріп, орнынан қозғалды имам.
- Қажым, рахмет сізге, әуереледім, қапа болмаңыз, құдай сізге денсаулық берсін, - деп қоштасты Искендер. Ол көптен бері ішінде мұз, тас болып жатқан сөздерін шығарып, өзін жеңілдеп қалған сияқты сезінді. «Уһ, құдайға шүкір, енді Нұржамалмен сөйлесу керек»,- деп көңіліне бүкті.
***
80
Айнурдың жазғы демалысқа шығуына аз қалған еді. Сондықтан ол емтихандарын алдын - ала тапсырып, жұмысқа орналаспақшы болды. Содан күзге жақын, жаңа оқу жылы басталғанға дейін, сырттан оқуға ауысуды көңіліне бүгіп қойған. Сол мақсатта бір апта бойы жұмыс іздеп бармаған жері қалмады. Алайда өзіне ұнайтындай жұмыс таба алмады. Сондықтан ол жаз шыққанға дейін Әминаның қолында істеп тұрмақшы болды. Оның визит карточкасын тауып, телефон шалғанда, ол өте қуанып кетті.
- Өте дұрыс ойлапсыз, Айнур. Жаз шыққанға дейін екі-үш ай жұмыс істеп тұрыңыз, көңіліңізге ұнаса қаларсыз, болмаса, тағы көрерміз, - деді Әмина.
- Онда тағы бір аптадан кейін демалыс басталады, сол кезде барайын ба? – деп сұрады Айнур.
- Бір апта күтіп не істейсіз? Түске дейін оқысаңыз, түстен кейін келе бермейсіз бе. Ақша деген ешқашан артықшылық етпейді, - деді Әмина аналардай мейірімділікпен. Олар ертеңіне көрісетін болып қоштасты.
Әминаның Айнурға ұсынған жұмысы үйінен онша алыс емес еді. Сондықтан ол автобусқа отырмай, жаяу барды. Сұлулық салоны кәдімгідей үлкен болып, онда онға жуық қыздар жұмыс істейді екен. Айнур қыздармен сәлемдесіп, Әминаны сұрап еді, ол әлі келмепті. Қыздар оны демалу бөлмесіне шақырып, ыстық шәй дайындап берді. Олар өзара танысып, әңгімелесіп отырғанша, Әмина да жетіп келді.
- Ә, міне, жарайсыз Айнур. Мен келгенге дейін қыздармен танысып, шығысып қалған сияқтысыз, - деп кіріп келді ол.
- Қәне, жүріңіз, менің бөлмеме кірейік. Қыздар бізге шәй дәмдеп кіріңдер,- деп Айнурды бастады.
- Міне осы салонды сіз басқарасыз. Өткендерге салаут дейік. Ертеңнен бастап Айман деген қыздың қолында тәжірибеден өтесіз. Мен ертең Түркияға кетемін. Бір аптадан кейін келемін. Оған дейін сіз де тәжірибеден өтіп боласыз. Жалақыңыз қазірше үш жүз доллар болады. Кейін ақырындап көтеріп беремін, бола ма?- деп турасын айтты Әмина.
81
«Паһ, болғанда қандай, мұндай істі басқа қайдан табамын», жалт етіп өткізді қиялынан Айнур.
- Әлбетте, болады. Сізге көп рахмет, - Айнурдың қуанышында шек жоқ еді.
- Жұмыс таң ертең оннан кешкі сағат онға дейін. Тәжірибеден өтіп болғаннан кейін, екі күн істеп, екі күн дем аласыз, - қосымшалады Әмина, - бұл сұлулық салоны. Қызметшілердің киген киімі, шаш - қасының жасалуы, қолданатын опа - далаптары оған сай келу керек. Сондықтан мына ақшаны алыңыз, сіз деген енді осы салонның жетекшісі, салонның бет әлпеті деген сөз. Киінуіңіз, жалпы, сыртқы көрінісіңіз, өзіңізді ұстауыңыз, барлығы жетекшіге сай болу керек, - деп Әмина сөмкесінен екі жүз доллар шығарып, Айнурдың алдына қойды. Айнур не істерін білмей, оның көзіне қарады.
- Алыңыз, алыңыз, қысылмаңыз. Несіп етсе, мұндай пұлдың талайын табамыз әлі, - деді Әмина пұлды Айнурдың алдына итеріп.
Айнур ертең сабақтан кейін келетін болып, қоштасып шықты. Ол бұл жұмысқа тез үйреніп кетті. Түркиядан сегіз күннен кейін келген Әмина, Айнурдың жұмысынан көңлі су ішіп, жаңа ұсынысын айтты:
- Айнур, мен Түркиядан келісім түзіп келдім. Демалыс маусымында үш-төрт айға Анталияға барып істейтін қыздар керек. Жалақысы бір жарым мың доллардан кем болмайды. Егер ағылшын тілін білсе екі мың доллардан асады.
- Ол жерде не істеу керек?- қызығып сұрады Айнур.
- Сол қызмет көрсету саласында. Кафе, мейрамханаларда күтуші, тағы басқа жұмыстар. Айтпақшы, сіздің ағылшыныңыз қалай?
- Мен ағылшынша еркін сөйлеймін. Институтта үш жыл ағылшын тілін терең үйренгенмін.
- Қандай жақсы. Демек, сіз ол жерде жәй қызметші емес, кәдімгі жақсы қызметте тұра аласыз. Әлбетте, жалақыңызда соған лайық болады. Жатақхана, тамақпен мекеме өзі қамтамасыз етеді, - Әмина Айнурдың ішіне от қойып жіберді.
82
- Қалай, бара аласыз ба? Осы бір апта, он күннің ішінде мен бір топ қыздарды жіберіп беруім керек. Өзім арттарыңнан бір айға қалмай жетіп барамын. Егер барамын десеңіз, топқа сіз өзіңіз жетекші болып кетесіз.
- Білмеймін, барып апаммен кеңесіп көрейін, - деп ойланды Айнур.
- Мақұл, онда сіз ертең ауылыңызға барып, апаңызбен сөйлесіп келіңіз, Бірсі күні қайтып келсеңіз болады. Апаңызға жақсылап түсіндіріңіз, мына жерде жарты жылда тапқан пұлды, ол жерде бір айда табуға болады. Үш ай деген не? Тез өтіп кетеді. Елдер ондай жерлерге өмір бойы армандап баралмайды. Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді.
- Аз күнде сіңлім келуі керек еді. Ол биыл оқуға тапсырмақшы болған.
- Бәлкім, сіңліңізді де алып кетерсіз? Екеуің бірге жұмыс істесеңдер жақсы пұл тауып келесіңдер. Одан кейін бір-біріңе сүйеніш дегендей.
- Оның оқуы қалай болады?
- Ол қызға әлі он жеті жас. Биыл әпкелі-сіңлілі болып барып бес-он теңге пұл тауып келесіңдер, мүмкіншілік бар кезде. Кейінгі жылы, құдай бұйрытса, қалаған оқуына түсуге өзім жәрдем етемін.
- Ойланып, кеңесіп көрейін, Әмина әпке, - деді Айнур қоштасар алдында.
Айнур келгенде, ана - баланың ұзақ отырып сырласатын әдеті бар еді. Бұл ретте де барлығы жатып қалғанда, олардың бірде жылаған, бірде күлкімен алмасатын, тек әйелдерге сай сұхбаты басталды. Айнур Әминаның берген ұсынысын толығымен апасына айтып берді. Алайда, неге екендігі белгісіз, Аминаның оны зорлаған балалардың біреуінің анасы екенін жасырды. Ана қызына кеңес беруден бұрын ұзақ ойланды. Искендер екеуі жүріп жүрген кезінде, «құдай бұйырытса, Нұржамал, екеуіміз жаһанды кеземіз. Мен саған дүниені көрсетемін», дейтін. Ол сонымен бірге жоғрапия пәніне жақын болатын. Білмейтін арал- теңізі, тау, дариялары, үлкен- кіші мемлекеттер, жер климаты, әйтеуір, дүние картасын ішіп алған десе де болатын. «Мен көрмегенді балаларым болса да көріп алсын», деген ойға да келді. Содан соң кедейшілікте өтіп жатқан бұл өмірі тек өзімен кетсе екен, балаларым жақсы тұрмыс кешірсе екен, деген арманы да оған әр күні тыным бермейтін.
83
- Сендер пұл жинап, шет елдерге барып дем алып келуге несіп ете ме жоқ па, құдай өзі біледі. Міне біздің өміріміздің жартысынан көбі өтіп кетті. Әкелерің мен не деген армандарымыз болатын. Біреуі де орындалмады. Бұндай сәт келе бермейді. Мүмкіндігінше жас кездеріңде жер көріп ойнап алғандарың жақсы, қызым, - деді ана өткені ойлап ауыр уһ тартып.
- Апа, сіз онша күрсініп кетпеңіз. Құдай берсе, кәрілікте берсін дейді ғой. Біз міне үлкейіп, құдай бұйырытса, көмектесеміз. Жапаны тарттыңдар, міне енді дәулетте өмір сүретін кездерің келе жатыр, - деді Айнур.
- Ниетіңізге рахмет, қызым. Илаһим солай болғай, - ананың тағы көңілі бұзылды, - сіз кетсеңіз, Гүлнур жалғыз қайтеді? Үлкен қалада адасып қалармекен? Ол шет елдер тілі институтында ағылшын тілін оқимын деп, қатты дайындалып жатыр еді.
- Міне нақ сол мәселені сізбен кеңесейін деп едім. Гүлнурды да өзіммен алып кетсем, маған да серік болар еді. Ол әлі жас қой, оқуға келесі жылы тапсырса да болады. Екеуіміз үш - төрт айда әжептәуір пұл табатын едік. Сіз қалай ойлайсыз? – сұрады апасынан.
- Білмеймін, қызым. Өзі не дейді. Екеулеріңнің бірге болғандарың жақсы еді, мен де сенімдірек болатын едім. Әкеңізбен кеңесіп көрейін бе?,- ана екі ортада қалды.
- Әкемді қинап қайтеміз, ағылшын тілін білгендердің жалақысы жақсы болады дейді. Гүлнур бұл жерде қосымша сабақтарға барып жүріп, ағылшыншаны менен кем білмейді, - деді Айнур.
- Қәне, асықпай, ойланайықшы, ертеңгісін өзімен сөйлесейік, ол не дейді әлі. Болды қызым, енді жатайық, кеш болып кетті, - деп орнынан қозғалды ана.
Гүлнур жақын арада Алматыға жүргелі жатыр еді.
- Қызым, сіз Алматыға әпкеңізбен бірге кетіңіз, - деді ана Гүлнурға, - әпкеңізге үш-төрт айға Түркияға, Анталияға барып жұмыс істеп келуді ұсыныпты. Сіз қалай қарайсыз? – деп сұрады Нұржамал ертеңгісін шәй ішіліп болып, үшеуі жалғыз қалғанда.
-Не? Анталия? – Гүлнурдың көздері ойнап кетті, - мен ше?
84
- Сол, әпкеңіз бізбен кеңесуге келіпті. Сіз қалай ойлайсыз, биыл оқуға түсесіз бе, немесе әпкеңізбен барып жұмыс істеп келіп, оқуға келесі жылы түсесізбе?
- Не, мағанда жұмыс бармекен ?- сұрауға асықты Гүлнур.
- Сіңлім, жұмыс болғанда, жаз бойы демалыс маусымында күзге дейін кафе мейрамханаларда немесе қонақ үйлерде күтуші болып істейтін жұмыс. Бірақ жалақысы жақсы екен. Жазда сол жерге барып жұмыс істеп келсем деймін, - түсіндірді Айнур.
- Анталияға менің де барғым келеді, - деді Гүлнур.
- Әпкеңіз, ағылшынша білгендердің жалақысы жақсы дейді, - деп қосылды ана.
-Мен ағылшынша білемін ғой, -деді Гүлнур.
- Әпкеңіз соны айтып жатыр. Гүлнур ағылшынша біледі, екеуіміз бірге жаздай істеп келсек, Гүлнур әлі жас, оқуға келер жылы түссе де болатын еді деп.
- Болды, келістім, - қуанғанынан секіріп кетті Гүлнур, Алақай! Түркия! Анталия! Содан соң әпкесін құшақтап, ағылшынша бір нәрселерді деп сүйіп кетті. Әпкесі сіңлісінің балаларша қылықтарына әуестеніп қарап, күліп жатты.
- Болды, қыздарым. Барсаңдар, барып келіңдер. Қыздарының айтқанына келісті ана.
- Онда мен барып бастығымды келістіріп көрейін, ол не дейді, әлі, - деді Айнур.
- Айтып көрші, әпке, өзі жұмысты жақсы істейді. Ағылшын тілін жақсы біледі деңіз, - қайнап кетті Гүлнур. Ананың екі қызымен кеңесі піскендей еді. Олар әпкелі-сіңлілі болып, үйлерді екеулеп жинастырып жіберіп, жолға шықты.
Ендігіне он жетіге толған Гүлнур да, әрқандай жігіттің көз майын жейтіндей өсіп қалған еді.
85
Ертесіне Айнұр Гүлнурді жұмысына ертіп барды.
- Әмина әпке, бұл менің сіңлім, есімі - Гүлнур. Ағылшын тілінің маманы болмақшы.
- Өте жақсы, өте жақсы. Менің есімім- Әмина. Демек, ағылшынша хабарыңыз бар екен де?
Гүлнур:
- Өз ойымды толық түсіндіре аламын. Айнур қосымшалады:
- Әмина әпке, өзіңіз айтқансыз, бір маусым бірге істеп келсеңдер болады деп. Сіңлімнің де барғысы бар.
- Рас, мен солай дегенмін, бірақ бұл қызымыз әлі он сегізге толмапты. Түркиядағылар не дейді екен?- қыздардың оттай жанып тұрғанын сезген Әмина әдейі созып қойды, - бірақ бұл істі көп созбай, мен бүгін ақ олармен сөйлесіп көремін.
- Рахмет, Әмина әпке , - дейісіп әпке - сіңіл екеуі де теңдей ризашылығын білдірді.
- Оқасы жоқ, рахмет айтуға әлі асықпаңдар. Мен алдымен сөйлесейін. Егер бұл жұмыс шешіліп қалса, оқуыңызды бір жылға кейін қалдыруға тура келеді. Әлбетте, қалтада пұлың болса, кез келге оқуды ойнап жүріп бітіруге болады, - деп сөзін қорытындылады Әмина.
- Әмина әпке, біздің екеуіміздің де шет ел төлқұжаттарымыз жоқ қой? – деді Айнур.
- Ол үлкен мәселе емес. Алаңдамаңыз, оны өзім шешіп беремін, - сенімді сөйледі Әмина.
Сол күні түстен кейін ақ:
- Құтты болсын, Гүлнурдың мәселесі шешілді, - деп Айнур мен Гүлнурды қу антты Әмина. Әпкелі-сіңлілер құшақтасып, бір-бірін құттықтады.
Арадан он күн өтпестен Әмина Түркияға жүретін сегіз қызды жинап алды:
86
- Қыздар, құтты болсын, төлқұжаттарың дайын. Самолетқе билеттеріңді де алып қойдым. Құдай бұйырса, үш күннен кейін Стамбулға ұшасыңдар. Ол жерде сендерді біздің адамдар күтіп алады. Екі аптадан кейін өзім жетіп барамын. Соған дейін менің орнымға Айнур сендерге жетекшілік етеді. Сұрақтарың бар ма?- деп сұрады ол. Қыздар бір сеніп, бір сенбей, бір-біріне қарап қалған еді. Әмина сөмкесінен пұл шығарып, барлығына жүз доллардан таратты:
- Мынаны бір қажетіне салып қойыңдар. Барған соң бір тиын пұл жұмсамайсыңдар, барлық шығынды, біздің мекеме көтереді. Болды, бүгіннен бастап барлықтарың бос. Жолдың дайындығын көре беріңдер, - деді Әмина.
Қыздар шулап, бір-бірін құттықтады.
***
Күннен күнге нашарлап бара жатқан Искендер бүгін Нұржамалмен шұғыл сөйлеспекші болды. Тамақтан кейін аула жұмыстарына Мансұрға көмектесіп кіргеннен кейін, оны сөзге тартты Искендер:
- Нұржамал , отыршы, сөйлесетін шаруа бар. Нұржамал келіп оның жанына отырды.
- Өткенде сен аудан орталығына кеткенде, мен имамды шақырып ұзақ сөйлестім, кеңес сұрадым. Одан сен де хабардар бол. Міне он сегіз жылдан бері сенің өмірің өмір емес, тозақ болды. Оның барлығына мен айыпты. Тіпті Алла-тағаланың алдында кінәларымды жеңілдету үшін, сенің басыңды босату да, басыма келмепті. Менің қаншалықты өмірім қалды – бір Аллаға аян. Мен сенен екі дүние разы. Сен де басыңа сонша азаптарды салғаным үшін мені кешір. Менен разы бол.
Нұржамал:
- Искендер, не айтып жатырсыз? Мен сізге өткенде айттым ғой бұл туралы басқа сөз қозғамаңыз деп.
88
–Жоқ. Нұржамал, сен сөзді тыңда. Мен ол дүниеге тағы бір кінәні арқала кетуді қаламаймын. Жастығымда жасаған кінәларым жетерлік. Мүмкін, бүгінгі өмірім солардың кесірінен шығар. Сонша жыл сені қинағаным үшін, бір сауапты іс істеп кетейін. Ол дүниеге барғанда маған да жеңіл болады. Аяқ- қолымды ұзын сұнып жатамын. Қысқасы шешімім, мен сені қойдым, үш талақ, - деді. Сол кезде ауа күркіреп, шағылған найзағайдан үйдің іші жап-жарық болып кетті. Нұржамал не дерін білмей, мас адамдай отырып қалды. Сыртта сарқырап жаңбыр басталды.
- Міне, көрдің бе, менің шешімімді Алла - тағала да қуаттап жатыр. Енді менің соңғы тілегімді орындасаң, Мансұрмен некелес. Алайда, мен сені мүлде мәжбүрлемеймін. Меніңше болса, сенің мұңыңды тек Мансүр түсінеді. Саған мың рахмет, енді саған Алла жар болсын! – деп Искендер басын қабырға жаққа бұрып алды. Ол екі көзінен тоқтамай төгіліп жатқан жастарын Нұржамалдан жасырмақшы болды. Нұржамалдың да басына базған тиіп, есін жоғалтқан адамдай, үнсіз жастары төгілуде.
Ертеңіне Нұржамал Искендердің тамағын беріп жатып:
- Искендер, Санжар ағам ауырып қалған ұқсайды. Ине салып қойсын деп, немересін жіберіпті. Мен сол жерге барып келсем , - деп сұрады.
- Бара бер. Енді қайда барсаң да, не істесең де - өзіңнің ісің. Менімен есептеспесең де болады, - деді Искендер Нұржамалдың бетіне тура қарай алмай. Нұржамал үн - түнсіз сыртқа шығып кетті. Терезеден аулаға қарап жатқан Искендер Нұржамал қақпадан шығып кеткеннен кейін Мансұрды шақырып алды.
- Мансұр баурым, сенімен бір үйде тұрып жатқанымызға міне тура жиырма жылдан асыпты. Осы уақытқа дейін бір-бірімізді ренжіткеніміз жоқ. Міне мен жатып қалғаннан бері он сегіз жыл бойы үйдің бүкіл тіршілігі сенің мойныңа түсті. Саған көп рахмет. Мен күннен күнге нашарлап жатырмын. Мен сенен екі дүние разы. Сен де менен разы бол, - деді.
89
- Ой, о не дегенің, Искендер аға, керісінше, әке - шешемнің орнында бас пана болдың. Мен саған екі дүние қарызбын, - деді Мансұр екі қолын кеудесіне қойып.
- Ешқандай, ешқандай,- жалғастырда Искендер, - менің саған соңғы тілегім, егер мен бір нәрсе болып қалсам, сен менің балаларымды, Нұржамалды тастамай, осы үйде, менің шамымды жағып қалсаң. Себебі мен бұл жақтарда сен сияқты жетім. Бала-шағамнан кейінгі, сенен жақын менің ешкімім жоқ. Сенің жасың да елуге таяп қалды. Әлі үйленбедің. Енді саған лайық адамның шығуы да қиын. Мен Нұржамалды талақ еттім. Егер мүмкін болса оныңмен некелессең, мен разылығымды беремін. Балаларға да сен жат емес. Сені жақсы көреді, құрметтейді. Нұржамал екеуің ойланып көріңдер. Мен де ол дүниеге алаңдамай кетейін.
Бұл сөздерге не дерін білмей аң-таң болған Мансұр Искендерді бірінші рет көріп тұрғандай, қарап тұрып қалған еді.
- Мен, мен, астахпыралла, Искендер аға, саған не болды, түсінбедім, - деді Мансұр әрең дегенде өзін ұстап.
-Солай, Мансұр бауырым. Сен барлығын түсіндің. Балалар үлкен болып қалды. Енді сендерге ауыртпашылығын түсірмейді. Әйтеуір Нұржамал екеуің бақытты өмір сүрсеңдер, ен көрімде тыныш жатамын. Бар, бауырым, басқа еш нәрсе айтпа, ойланып көр.
Таң ертеден кешке дейін үйдің шаруаларында әпке-бауырдай қарым-қатынаста жүрген Мансұр мен Нұржамал соңғы күндері ұялғандай, көздерін бір-бірінен қашыратын болды. Мансұр тұңғыш рет ғашық болған жігіттердей, Нұржамалға жер астынан қарайтын қылық шығарып алды. Ондай кездерде Нұржамал қызарып, қысылатын болды.
***
Арадан екі ай өтіп, Сабыржан Алматыға қайтып келді. Үйіне кіріп, көптен бері бұл үйде адамның тұрмағанын сезген ол алаңдай бастады. Айнур айнаның алдына хат қалдырып кетіпті. Хатқа «Аға, біз Гүлнур екеуіміз апаммен кеңесіп, Түркияға кетіп қалдық. Бізге үш-төрт айға жақсы жұмыс ұсынды. Жалғыз сенің қолыңа қарап отырамызба. Құдай бұйырытса,
90
қыркүйектің соңы, қазанның басында қайтып келеміз. Аман бол, аға!» Хатты оқып, Сабиржанның жүрегі «қарт» етіп қалды. «Бұл қалай болғаны?» Ол көшеге шығып такси ұстады да, автостанцияға қарай жол тартты. Сабыржан ауылға барып, бұл істің жай жапсарын апасынан білмекші болды. Бас-аяғы жоқ, түрлі-түрлі ойлармен ауылға қалай келіп қалғанын білмейді. Үйіне келсе, апасы мен Мансұр бақта көкөніспен істеп жатыпты. Олармен құшақтасып көрісіп, хал-ахуал сұрасқаннан кейін, әкемді көріп шығайын деп үйге кірді. Искендер ұйықтап жатыр еді. Оның арықтап кеткен шырайына қарап, өткен кездегіге қарағанда кәдімгідей нашарлап қалғанын сезді Сабыржан. Ол иіліп, әкесінің бетінен сүйді. Искендер көзін ашты.
– Келдің ба, ұлым? – деді ол күлімдегенсіп.
-Келдім әке, қалің қалай? – Сабыржан әкесінің қолдарын уқалап.
- Шүкір, міне менің барым сол, - деді Искендер де ұлының қолдарын қысып. Ата мен бала ұзақ сырласқандай болды.
- Балам, қарындастарың саған аманат, оларға жақсы қара. Апаңды ренжітпе, ол бұл дүниеде өте көп дерт тартып кетті. Бұл үйде Мансұр ағаң менің орнымда қалады, оны құрметтеңдер. Сендер үлкейгенше ол да аз жапа тартпады.
- Ол не дегенің, әке? Құдай бұйырса жаз да келді. Сырттағы төсекке алып шығайын ба? Өткен - кеткенге қарап, көңілің көтеріліп, жақсы болып қаласың.
- Рахмет, балам, Мансұр ағаң күнде алып шығып жатыр. Жамандықты айтпай, жақсылық жоқ дейді балам. Сен менің жалғыз ұлымсың. Кейде сендерге әкелік қателігім болса, мені кешіріңдер, менен разы болыңдар.
-Әке жоқ сөзді қойшы. Міне көресің, сен жақсы болып қаласың.
- Илаһим солай болсын. Балам, енді мен біраз дем алсам.
-Мақұл, әке, мақұл. Су ішесің бе, шөлдедің бе?
- Анау терезеде суық шәйім бар, бір жұтым ішкізіп қойшы.
Сабыржан әкесінің басын көтеріп шәйін ішкізіп:
91
- Енді деміңді ал, кейін сөйлесерміз, - деп апаларының қасына шығып кетті. Әкесінің күннен күнге солып жатқанын көріп ешқандай шара табалмай жатқанына іші - ішінен күйінді Сабыржан.
Сабыржан апасынан Айнурдың Әмина деген ірі кәсіпкер әйелмен танысып қалғандығын, одан кейін оның «Диана» деген сұлулық салонында біраз істеп, сол әйелдің ұсынысы бойынша, сіңлісін алып Түркияға кеткендігін айтып берді.
- Пұл таппаса да, үш-төрт ай жер көріп, қала көріп келер, балам. Тұрмысқа шықса қандай жерге барады, Алла өзі біледі, - деді ана. Сабыржанның бір ауыз сөз айтуға шамасы жоқ еді. Өйткені қыздардың шет елге шығып, қалай пұл табатыны оған жақсы аян еді.
- Апа, сол «Диана» деген сұлулық салоны қай жерде екен?- деп сұрады Сабыржан.
- Анық білмеймін, балам. Сол сендер тұрып жатқан жерден онша алыс емес сияқты, жұмысқа жаяу барамын дегендей айтып еді, - деді ана, - оны неменеге сұрап қалдың?
- Анау Әмина деген әйелді тауып, Айнурлардың телефондарын алып, қалай орналасып алғанын сұрап көрмеймін бе.
- Дұрыс балам. Олай істесең тіпті жақсы болар еді.
Таңды әрең атқызған Сабыржан ерте тұрып, Алматыға қарап жолға шықты. Түске дейін үйіне жетіп келген Сабыржан жейдесін ауыстырды да, «Диана» салонына жетіп барды. Ол жердегі қыздардан алдымен Айнурды сұрады. Олардан Айнурдың Түркияға кеткеніне бір айдай болғандығын естігеннен кейін, Әминаны сұрады. Қыздардан қожайын әйелдің күнде таңертең сағат оннан он бір аралығында келіп кететінін естігеннен кейін рахмет айтып, сыртқа шықты.
Ертеңгісін сағат он болмай салонға келіп алған Сабыржанға жарты сағаттай күтуге тура келді. Бір кезде бүкіл денесін ойнатып, жасына қарамай соңғы сән бойынша киінген әйел кіріп келді. Қыздар оның алдына келіп сәлемдесіп болғаннан кейін, олардың бірі:
92
- Әмина әпке, сізді анау жігіт күтіп отыр, - деді. Әмина Сабыржанға бастан аяқ бір қарап шыққаннан кейін, өз бөлмесіне шақырды.
- Ал, құлағым сізде, жігіт, не мәселемен келіп едіңіз? – деп сұрады.
- Менің құлағым сізде, мен Айнур мен Гүлнурдың ағасы боламын. Менің қарындастарым қайда? – сұрады Сабыржан. Әмина бір сәт тұрып қалып, үстелінің тартпасынан визит карточкасын шығарды.
- Айнур бір айдай осы салонды басқарды. Кейін бізге келген түркиялық бір әйелмен танысыпты. Ол әйел Айнурды Түркияға жұмысқа шақырған көрінеді. Сол әйелмен келісім-шарт түзіп, сіңлісін алып кетіп қалды. Осы жерде істей беріңіз десем, маған пұл керек, деп қалмады. Менің бұл іске ешқандай қатысым жоқ. Міне ол әйелдің визиткасы, Айнурдың үстелінде қалыпты.
Сабыржан карточканы алып бір қарады да, сөйлемей шығып кетті. Ол сыртқа шығысымен, тез келген шет елдің мәшинесі салонның алдына келіп тоқтады. Оның нөміріне қарап, Сабыржан дереу таныды. Бұл Нұрланның мәшинесі еді. Сабыржан өзін ағаштың артына алды. Мәшинеден бірінші болып түскен Нұрлан артқы есікті ашты. Артынан екі қыз түсті. Нұрлан оларға салонды көрсетіп, бірнәрселерді айтты. Олар қатты күлісті. Үшеуі салонға кіріп кетті. Сабыржан оларды күтпекші болды. Арадан көп өтпестен, Нұрлан шықты. Мәшинесінің есігін ашқаны сол еді Әмина шықты.
- Нұрлан, аналардың төлқұжаттары дайын екен, Ильяс ағаңа жолығып алып ал,- деп айқайлады.
- Мақұл, апа, - деп қолын көтерді Нұрлан.
Апа? Демек, Әмина Нұрланның анасы екен?! Міне енді барлық нәрсе түсінікті болды.
***
Тепсе темір үзетін, әрқайсысы төрт-бес адамға қарсы тұра алатын жеті жігіт Сабыржандардың үйіне жиналды. Олардың барлығы бүл өмірде ақиқаттың
93
түбіне жете алмаған, кейбіреулері қалталылардың мазағына айналып, оқуынан, қызметінен айрылған, қысқасы кек алуға бел байлаған жігіттер еді. Олар түн жарымына дейін отырып кеңесіп, жаңа топ құрды. Топ «Көк бөрілер» деп аталды. Әрқайсысы өз ой- пікірлерін ортаға салды. Әлбетте, әрқандай істі бастау үшін ақша керек. Олар алғаш рет екі жеңіл мәшине және тапанша сатып алуға шешім қабылдады. Алайда, ақшаны қайдан алу керек? Бір аптадап соң ережесіз жекпе-жек бойынша жарыс өтетін еді. Жарыс жеңімпазына он мың доллар шамасында сыйақы белгіленген. Сабыржан сол жарысқа қатысып көруді ұсынды. Бірақ бұл өте қауіпті еді. Себебі, жеңіп шықсаң жақсы, керісінше болса, спортпен мәңгіге қоштасуға, тіпті мүгедек болып қалу қауіпі бар еді. Бұл мәселені шешу барысында жігіттер арасында үлкен талас болды. Бұл ұсынысқа мүлде қарсы болғандар да болды. Сонда да, көпшілік дауыспен Сабыржан бұл жарысқа қатысатын болды.
Он жылға жуық үздіксіз бокспен машықтанып келе жатқан Сабыржанның көкірегінде қандай да үміт ұшқындары жанып тұр еді. Олар бір апта бойы барлық жұмысын тастап, дайындық жасады. Жекпе жек қаланың сыртына орналасқан, Кеңес дәуірінен кейін жабылып, тасталып кеткен ескі зауыттың ғимаратында өтетін еді. Сабыржан құрған топ – «Көк бөрілер», жекпе - жек басталудан екі сағат бұрын барды. Бүгін жекпе - жек бойынша үш кездесу өтпекші. Яғни, бірінші, екінші кездесулердің жеңімпаздары үшінші майданда кездеспекші. Ішінде үлкен залдың ортасында ринг орнатылған. Рингтің айналасына қай жақтан да әкелінген орындықтар қойылыпты. Олар онша көп емес еді. Алдыңғы орындықтар алдына аласа үстелдер қойылып, минерал сулар және басқа ішімдіктермен түрлі жеміс- жидектер қойылыпты.
Бұл мүмкін құрметті қонақтар үшін болса керек. Сабыржан, Батыр, Наримандар ресімдену үшін арнайы бөлмеге кірді. Ол жерде ұйымдастырушылар әрбір қатысушы және оларды жаттықтырушыларымен жеке-жеке сұхбат өткізіп жатыр еді. Кезек Сабыржандарға келді. Ұйымдастырушы жігіттердің бірі оларды кездесу ережелерімен таныстырып өтті. Жекпе - жек кездесулерінің ережелері бойынша, қатысушыларды таныстырғанда, олардың қол жеткізген жетістіктері және есімі мен қосымша аттары жарияланатын еді. Сабыржан достарына бір қарап алып:
- Сабыр «Көк бөрі», - деді. Серіктері бас бармақтарын көрсетіп, оны құттықтады. Ресмиеттер біткеннен кейін, Сабыржан киімдерін ауыстырып
94
дайындала бастады. Жекпе-жектің басталуына жарты сағат қалғанда, бос орындар қалмай, көрермендер лық толып отыр еді. Міне майданға жүргізушы көтерілді. Ол бүгінгі кездесулердің өте қызығарлық дәрежеде өтетіндігін, алғашқы екі кездесуден жеңіп шыққандар өзара үшінші майданға шығатынын жариялады.
- Палуандарымыз жекпе - жекке дайындалғанша назарларыңызға қаламыз эстрада жұлдыздарының концертін ұсынамыз, - деп жүргізуші майданнан түстіп кетті. Концерт басталды. Өздерінің сүйікті жұлдыздары әнімен көңілдерін көтеруге қанша тырысса да, көпшілік жекпе-жек кездесулерін күтіп жатыр еді. Міне жүргізуші тағы майданға көтеріліп, алғашқы кездесу палуандарымен таныстырды. Гүрілдеген қол шапалақтары мен ысқырулар жайрады. Бірінші кездесуге Қайрат «Қара ілпіз» бен Леща «Базған» есімді палуандар шақырылды. Көп ұзамай, жекпе-жек басталды. Ол және бұл палуандарды қолдап жатқан көрермендердің шапалақтары, айқай - шулары мен ысқырулары басылар емес.
Бес минуттық үш майданнан тұратын кездесудың бірінші майданы бітіп, демалыс жарияланды. Бірінші бес минуттық теңдей өтті деуге болады. Кездесудің екінші майданының ортасына келгенде, Леща «Базғанның» базғандай жұдырығы Қайрат «Қара ілпіздің» жағына тиді. Қалпақтай ұшып түскен «Қара ілпіз» қыбыр етпей жатып қалды. Айқай - шу тағы көтерілді. Оны жаттықтырушылары майданнан көтеріп алып шығып кетті. Енді кезек жаңа палуандарға берілді. Жиырма минуттай ән мен күй жайнап тұрса да, көрермендер оған көңіл аудармай, жекпе-жектен алған әсерлері мен өзара ортақтасып отыр еді. Әне, майданға тағы жүргізуші көтерілді. Залда шыбын ұшса естілетіндей тыныштық орнады.
- Құрметті көрермен достар! Енді майданға кезектегі жекпе - жектің палуандарын шақырамыз, - өзіне сай дауысымен сөзін бастады ол, - шығыс жекпе-жек күрестері бойынша екі дүркін республика чемпионы Мұстафа «Тау». Ду шапалақтар мен ысқырулар күшейді. Өйткені көпшілікке бұл есім жақсы таныс еді.
- Мұстафаның қарсыласы, - жалғастырды жүргізуші шу біраз басылғаннан кейін, - бокс бойынша екі дүркін қала және облыс чемпионы Сабыр «Көк бөрі». Көпшілік шапалақ ұрса да, бұл кім дегендей, бір-біріне қарап, тыныш
95
болып қалды. Майданға Сабыржан көтерілді. Әлбетте, дочылардың көпшілігі Мұстафа «Тауға» тігісті. Көпшіліктің көзі биік бойлы, өзі келіскен Сабыр «Көк бөріге» тігілген еді. Өйткені Сабыржан Мұстафамен салыстырғанда кәдімгідей кішірек көрінетін. Мұстафа оның жанында шынымен де таудай көрінетін. Көпшілік өзара тағы да өзара талдауға көшті. Сабыржан алдыңғы қатарда отырғандарға түгел қарап шығып жатыр еді. Тұйықтан көзі әлгі екі досымен отырған Нияз Рустембековқа түсті. Рустамбеков та оған тікірейіп қарап отыр еді. Олардың көздері кездесті. Сабыржанның көздерінен өшпенділік оттары алаулап тұрса, Рустембеков: «Қазір Мұстафа сенің сыбағаңды береді», - дегендей мазақпен күліп отыр.
Жекпе - жектің басталғандығы жарияланды. Майданның ортасында екі аяғын керіп, тұрып алған Мұстафа екі қолымен бері кел, бері кел, деп ишара беріп тұр еді. Сабыржан ептілікпен оған жақындасты. Егер Мұстафа ұстап алса, жағдайдың қиын болатындығын Сабыржан жақсы білетін еді. Залда бұрқырап қайнап жатқан қазанға суық су құйғандай, тыныштық жайлады. Өзінің соншалықты үлкен болғанына қарамай, Мұстафа «Тау» өте шеберлікпен Сабыржанның мойнынан іліп ұстап алмақшы болды. Алайда, қатерді сезген Сабыржан дереу иіліп, өзін шетке алды. Мұстафаның қолынан Сабыржанның басы тайып шығып кетті. Сол кезде қандайда бір сәт Мұстафаның беті ашылып қалды. Жұдырықтасу үшін аралық өте жақын болғандықтан Сабыржан баспен атып жіберді.
Әлбетте, бас жұдырық емес қой. Екі - үш метр артына қайтқан Мұстафа рингке тартылған арқанға барып тірелген кезде арқан созылып барып оны алға қарай атты. Оңайшылықпен тимеген бастың зардабынан ауызы - мұрнынан фонтан сияқты қан аққан ол есін жоғалтқан еді, үш -төрт қадам алға жүрді дағы, еденге етбетінен түсті. Үлкен адам құласа, бір түлі қорқынышты болады екен. Бұл жағдай соншалықты тез болғандықтан, тіпті бар назарымен күзетіп отырған көрермендер еш нәрсе түсінбей, бір сәт тұрып қалды да, одан соғ айқай - шумен орындарынан тұрып кетті. Бұл жекпе – жектің бары- жоғы сегізінші секунды еді. Сабыржан барып, Мұстафаны сүйеп тұрғызбақшы болды. Алайда оның орнынан тұратындай шамасы жоқ еді. Залда айқай - шулар басылар емес. Сабыржанның серіктері – «Көк бөрілер» майданға атып шығып, оны құшақтап құттықтап жатыр еді. Арада бес- он минут өткеннен кейін айқай - шу ақырындап басыла бастады. Жүргізушінің
96
хабарлауымен тағы да концерт басталды. Енді залда отырғандардың ешқайсысының құлағына ән мен музыка кіріп - шықпайтын еді. Олар соңғы, шешуші жекпе-жектің талдауына қызғын кірісіп кеткен еді. До қоюшылар есеңгіреп қалды. Күтілмеген жерден ережесіз жекпе - жекте жаңадан келген Сабыржанның Мұстафа «Таудай» палуанды құлатуы барлығын есеңгіретіп қойған еді. Ендігі кезекте жекпе - жек майданында Сабыржан Леща «Базған» мен кездеседі. Леща ойыншық емес, аты бекер «Базған» емес қой. Оның жұдырығы тиген адамның есін қайтадан жинауы екі талай. Көрермендер арасында бәс-талдаулар қызып кетті. Бұл екеуінен кім жеңіп шығар? Леща «Базған» ережесіз жекпе - жекте осы күнге дейін әлі ешкімнен жеңілген емес. Сонымен бірге бүгінгі жекпе - жекте көпшілік Мұстафаның жеңіп шығатынына ешбір күмәнданған жоқ еді. Алайда күтілмеген жерден тұңғыш рет түсіп жатқанына қарамай Сабыржанның бір бас атып, Мұстафадай палуанды «ұйықтатып» қоюы баршаға ой салып қойған еді. Көпшілік бүгінгі ережесіз жекпе - жектердің соңғы – шешуші кездесуін шыдамсыздықпен күтіп жатқан болса да, кімге до қоюды әлі білмей жатыр еді. Дегенмен талай сынақтан сүрінбей өткен Леща «Базғанға» үміт атқандар да жетерлік болды. Сабыржан да бірінші жекпе - жекте жеңіп, өзіне жетерлік жанкүйерлерді тауып алған еді. Майданға жүргізушінің көтерілуімен бірге, залды тағы тыныштық жайлады.
– Соңғы - шешуші жекпе - жекке бірінші және екінші кздесулерден жеңіп шыққан палуандарды шақырамыз. Леща «Базған», - дегенде оның жанкүйерлері шулап, орындарынан тұрып кетті. Шу біраз басылғаннан кейін жүргізуші сөзін жалғаыстырды:
- Оның қарсыласы Сабыр «Көк бөріні» шақырамыз, - деді ол көтеріңкі дауыста. Тағы шапалақтар мен ысқырулар залды көтеріп жіберді. Белгі беріліп, бірінші бес минуттық басталды. Екі палуан бір - біріне үрпиіп, майданды бір айланып шықты. Бірінші болып шабуылға шығуға екеуі де бата алмай жатыр еді. Олар өздері үшін қолайлы сәтті күтіп жатыр еді. Тұйықсыз алға бір қадам тастап, арты-артынан екі-үш жұдырық атқан Леща «Базған» шабуылды Сабыржанның аяғына тебумен аяқтады. Оның атқан жұдырықтары межеге дәл тимеген болса да, аяғы сезілерлік тиген еді. Залда шу бір көтеріліп, басылды. Сабыржан әлі ашық шабуылға өтпей, қолайлы сәтті күтті. Леща «Базған» тағы шабуылға өтті. Енді екеуі де бір- бірінің тура
97
келген жеріне ұра берді. Тұйықсыз, әдейі ме, жоқ байқамай қалды ма Леща «Базған» тізімен Сабыржанның екі аяғының ортасына теуіп жіберді. Әлбетте, мұндай соғу шектелген болса да, неге екені байқаушы жекпе - жекті тоқтатпады. Шыдамай иіліп тұрып қалған Сабыржанның жағына бір жұдырық келіп тиді. Сабыржан теңселіп барып, еденге құлады. Айқай - шу көтеріліп, біраз ға дейін басылмай қалды. Байқаушы Сабыржанға иіліп, санай бастады. Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті дегенде Сабыржан бар күшін жинап орнынан тұрды. Ол екі қолын жоғары көтеріп, жекпе - жекке дайын екенін білдірді. Әслі ол есін әлі толық жимаған еді. Енді оның міндеті толық есін жиғанша, өзін қорғау, қарсыласына ұстатпау, қашып жүру еді. Сабыржанның бағына белгі беріліп, бірінші бес минуттықтың аяқталғаны жарияланды. Батыр мен Нариман Сабыржанның бет-ауызын сүртіп, денесіне суық су шашты .Оның сол қабағы жарылып, қан тоқтамай ағып жатыр еді.
- Сабыржан достым, не жекпе-жекті тоқтатамыз ба? – сұрады Батыр оның жарақатына қарап.
- Солай істегеніміз дұрыс болатын шығар, мына қабағыңнан аққан қан тура көзіңе құйылып жатыр. Мұнымен қалай соғысасың? – Батырға қосылды Нариман. Бұл сәтте Сабыржанның көзі, сен біттің, қазір сені сындырып жібереді, деген көзімен ыржиып отырған Рустембековта еді.
- Жоқ, мен шығамын, - Сабыржан , - солай керек. Батыр оның жарақатына май жағып, жабысқақты жабыстырып қойды. Екінші бес минуттық басталды. Кездесудің басында екі палуан да бір неше рет шабуылға өтсе де, ешқандай нәтиже болмады. Екінші бес минуттық толығымен тепе - теңдікпен өтті. Екі палуанның да шаршағаны көрініп тұр. Шешуші үшінші бес минуттық басталысымен, Леща «Базған» күшті шабуылға өтті. Бір-екі жұдырық дәл тимесе де, Сабыржанға сезілерлік әсер етті. Тұйықсыз «Базған» оң аяғымен Сабыржанның беліне тепкенде, Сабыржан сол қолымен оның аяғын ұстап, қолтығына қысып алды. Леща «Базған» тепе-теңдігін жоғалтып, бір аяғында тұрып қалған сәтте, Сабыржан оң қолымен беліне ұрып жіберді. «Базған» белін ұстап, бір сәт тұрып қалды. Сол сәтте Сабыржанға қарсыласының жүзінен ыржыйып отырған Рустамбековтың бет-жүзі көрінген еді. Ол сол қолымен ұрған болып алдамшы әрекет жасады да, оң қолымен бар күшін салып жақтың астынан ұрып жіберді. Бір көтеріліп, одан соң артына құлаған Леща «Базған» тайған беті рингтен шығып, жерге бір ақ түсті. Айқай-шу
98
көтерген көрермендер орындарынан тұрып кетті. Майданға көтерілген Сабыржанның достары – «Көк бөрілер» оны көтеріп алып, рингті бірнеше рет айналып шықты. Залдағы шу басылар емес.
Сабыржандар залдан соңынан шықты. Олар - жеті «Көк бөрі» бүгінгі жеңісті мейрамханада атап өтпекші болды. Сыртқа шыққанда оларға үш қыз жүгіріп келді. Олар Сабыржанмен суретке түсуді өтінді. Қыздардың үстіндегі киімі, қалталы телефондарына қарап, кәдімгідей бай адамдардың бала-шағасы екендігін білу қиын емес еді. Дереу шығарып беретін аппараттарға тартқан суреттерге Сабыржанға қолын қойдырып алғаннан кейін, қыздар оларды жеткізіп салуға ұсыныс жасады. Үш қыздың екеуі мәшинеде болғандықтан, олар мәшинелерге бөлініп отырып, «Чинар» мейрамханасына қарап жол тартты.
Жігіттерге олардың мәшинесімен келгендіктен, мейрамхана алдында олармен қоштасу ыңғайсыз көрінді. Сондықтан оларды да шақырып еді, қыздар жан- тәнімен қабылдады. Негізінде ол қыздардың да бұл жігіттерден айрылғысы жоқ еді. Олардың үшеуі де Сабыржанға бірден ғашық болып, оны бір - бірінен қызғанып жатқаны білініп тұр еді. Олар мейрамханада түн жарымнан асқанға дейін отырысты. Мадина есімді қыз қайтарда Сабыржан, Батыр, Наримандарды үйіне жеткізіп қоймақшы болды. Жолда Батыр мен Нариман түсіп қалғаннан кейін, олар Сабыржандардың үйіне қарай жүрді.
– Сіз осылай ішіп алып мәшине жүргізе бересіз бе, Мадина? – деп сұрады Сабыржан жолда келе жатып.
- Алаңдамаңыз, бұл қалада жол сақшылары бізге тиіспейді, - деп жауап берді Мадина мақтанған сыңайлы.
- Демек, әкеңіз кәдімгідей үлкен жерде істейді екен де?
- Әкем- ірі кәсіпкер. Қала бастықтары, жалпы барлық лауазымды тұлғалармен жақсы. – Сабыржанның көз алдына неге екені дереу Рустембеков келді.
- Жақсы екен, - деумен шектелді ол. Олар Айнур істеген сұлулық салонының жанынан өтіп бара атқанда Мадина тағы да мақтанды:
99
– Сабыржан, қараңыз, мына сұлулық салоны - шешемнің. Мұндай салондардың қала бойынша тағы үшеуі бар. – Бұл сөздерден кейін Сабыржанның жүрегін қысқышпен қысып жатқандай сезілді. Бағана оның көз алдына Рустембеков бекерге келмеген екен де. Сол сәттен бастап, Сабыржанның қасында отырған қызға өшпенділігінің оянғандығы соншалықты, тура қазір оны ауызына алып шайнап, бүркіп жіберуге дайын еді. Ол Рустембековтердан кек алуға өз-өзіне ант еткені есіне түсіп, енді осы ниетін жүзеге асыруға қолайлы сәт туғандығын сезді және көңіліне бір нәрсені бүкті.
- Қателеспесем, шешеңіздің есімі Әмина ғой деймін? - дегенмен тағы бір мәрте пысықтап алу мақсатында сұрады Сабыржан.
- Дәл өзі. Сіз шешеммен таныссыз ба? – таңданды Мадина.
- Өзін жақын танымайын, осы салонда бірнеше рет шашымды жасатып едім, - деп сөзді жасады Сабыржан.
- Сабыржан, өзіңіз не істейсіз?
-Бокстан жаттықтырушымын, - жауап берді Сабыржан.
-- Егер қаласаңыз әкеме айтып, жақсы бір жұмыс тапқызып беремін, - деді Мадина.
- Рахмет, - деді Сабыржан, -қазір ше қажеті жоқ.
Олар Сабыржанның үйіне жетіп келген еді.
- Міне, анау тұрған мәшинеден өтіп тоқтасаңыз болады, - деді көршісінің есік алдында тұрған мәшинені көрсетіп.
- Енді қашан көрісеміз, Сабыржан? – сұрады одан айрылғысы келмеген Мадина.
- Білмеймін, қашан көріскіңіз келеді? – өзіне сұрақ қойды Сабыржан.
- Маған десеңіз, бүгін менің сізден айрылғым жоқ, - ашық айтты Мадина, - егер шаршап қалмаған болсаңыз, тағы бір сағат, жарты сағат сырлассақ болатын еді.
100
- Болады, әлі шаршаған жоқпын. Алайда бойдақ болғаннан кейін сізді қонақ ететіндей үйде ешнәрсе жоқ, --деді қысылғандай сөйледі Сабыржан.
- Оқасы жоқ, мейрамханадан жаңа ғана шықтық қой, қарын тоқ, - деді Мадина Сабыржанның да кешті жалғастыруға қарсы еместігін сезгеннен кейін.
- Қәне, онда мәшинеңізді шетке қойыңыз, үйге кірейік, - деді Сабыржан. Олар үйге кіргеннен кейін Сабыржан:
- Өзім ішпегеннен кейін үйде арақ - шарап деген нәрсе жоқ, айып етпеңіз, - ақталғандай болды Сабыржан.
-Менің ше, олсызда кешті көңілдегідей өткіземіз деп ойлаймын, - Сабыржанға еркелегендей қарады Мадина.
- Енді ашылып - жайылып әңгімелесіп отырайық десеңіз, азырақ көңіл күйіңізді көтеру үшін спайс ұсынуым мүмкін, - Мадинаны сынамақшы болды. Бұл наркотиктың жеңіл түрін Сабыржан Шымкентте істеген кезде бір шәгіртінен тартып алған еді. Оны кейін тастап жіберемін деп, сөмкесіне салып қойып, ұмытып кетіпті.
- Мен темекі шеккеніммен. Ондай нәрселерді бір-екі рет қана қолданып көріппін,- Сабыржанға бірден ғашық болып, есін жоғалтқан қыз ол не десе соны орындауға дайын еді. Спирттік ішімдіктен кейін бе, әйтеуір, арадан көп уақыт өтпей, наркотик өз құдіретін көрсете бастады. Мадина барған сайын ар-ұят шеңберінен шығып, не ауызына, не іс-әрекетіне ие болалмай қалды. Ол келе-келе өз еркін Сабыржанның мейліне тапсырған еді... Арадан екі сағат өткеннен кейін, қыз біраз сергігендей болды. Ол жанында жатқан Сабыржанның кеудесіне басын қойып:
- Мен бүгін сізбен қалайыншы? Сізден айырылғым келмейді, - деді еркелеп.
- Өзіңіз біліңіз, бірақ шешеңіз алаңдамай ма?- сұрады Сабыржан.
- Мен бағана мейрамханада отырғанда, достымның үйінде қонып қаламын, деп айтып қойған, -деп төсектен екі аяқын салбыратып отырып, темекісін тұтатты. Ол өзінің жалаңаш отырғаны енді ғана есіне түсіп, көрпені тартып үстіне жауып алды.
101
Сол кештен кейін олар жиі-жиі кездесетін болды. Арадан екі апта өтпестен, Мадина бір күн болса да наркотик қолданбаса шыдай алмай, қақсап ауырып кететін болды. Енді ол кайф дәрісі – наркотик үшін барын беріп тастауға дайын еді. Сәттің келгенін байқаған Сабыржан енді оны инеге үйретті. Көп өтпей ол да нәтижесін берді. Мадина енді инеге шегедей отырған еді. Енді оған еш нәрсе, тіпті Сабыржан да керек емес еді. Ол үшін наркотиктен басқа өмірдің қызығы қалмағандай.
***
Әмина сегіз қызды ұшаққа отырғызу үшін шығарып салуға келгенде, әлі жаңа ғана тіркеу басталған еді. Ұшақтың ұшатынына не бәрі екі сағат қалса да, Гүлнурдың тағамы таусылды. Оған өтіп жатқан уақыттың әр бір минуты сағаттай білінетін. Міне бұл азаптық минуттар да артта қалып, ұшаққа отырғызу жарияланды.
– Қыздарым, жақсы істеңдер, ынтымақты болыңдар. Алла бұйырытса, мен екі аптадан кейін барамын. Мен барғанша барлығың Айнурды тыңдаңдар, - арты-артынан насихат етті Әмина. Тіпті арада бет орамалын алып, көздерін сүрткендей болды. Қыздар кезек-кезекпен Әмина анасымен қоштасып, күту залына кіріп кетті. «Құдайға шүкір, бәрі жақсы», деген ойлармен сыртқа шықты. Аэропорт ғимаратынан онша алыс емес жерде фонтан болып, оны айналдырып отыратын жер жасалған. Ол ұшақ көтірілгенге дейін сол жерде отырып тұрмақшы болды. Бір кезде тік көтерілген ұшақ ақырындап көзден таса болды. «Ә-ә, міне, енді болды», - ойлады ол, - «Бұл да болатын кәсіпкерлік екен».
Гүлнур сырттан көз үзбей, ұшақ көкке көтерілгенге дейін терезеге жабысып отырды. Тек ұшақ бұлттардың үстіне көтерілгенде, әпкесіне бұрылып:
- Не деген әдемі көрініс ә, әпке?- деді қуанғанынан, - Стамбулға дейін қанша сағат ұшамыз?
- Алты жарым сағат ұшамыз, - деді Айнур сіңлісінің өзіне симай қуанып жатқанына әуестеніп.
102
- Қандай жақсы, ұшаққа отыру түсіме де кірмеген. Әмина әпкемізге рахмет. Егер екеуіміз екеулеп істеп, көп пұл тапсақ, апамдарға жақсы бір үй алып береміз ә әпке?- деді әпкесінің мойнын құшақтап Гүлнур.
- Әлбетте, сіңлім. Апамдарға аудан орталығынан үй алып береміз, әкемді жақсы дәрігерлерге көрсетеміз, - Гүлнурдың басын сипап, баурына басты Айнур.
- Әпке, әпке, егер ақшамыз артылса, ағама мәшине алып берейік ше? – деді Гүлнур тағы балаларша еркелеп.
-Әлбетте, Гүлнур ағама мәшине алып береміз. Құдайым сол күндерге жеткізсін, ісіміздің берекесін берсін, - деді сіңлісінің ниетіне риза болған Айнур. Сол арада күтуші қыздар тағамдар мен сусындар тарата бастады.
Бұған таң қалған Гүлнур тағы сұрады:
- Әпке, бұл заттар қымбат емес пе, ақшамыз жете ме?
- Жоқ сіңлім. Бұған ақша төлемейміз. Бұлар билеттің бағасына кіреді.
- Уай, қандай жақсы, - деді Гүлнур алдындағыларға қарап.
Қыздар түрлі әңгімелермен алты сағаттың қалай өтіп кеткенн сезбей қалды. Ұшақ та ақырындап төмендей бастады. Гүлнур тағы терезеге жармасты.
- Әпке, қараңызшы, теңіздің үстінен ұшып барамыз. Қараңызшы, қандай таза су, көп-көк, - таң қалғанын әлі басалмай жатыр еді Гүлнур.
- Көрдім, көрдім, шулама, сіңлім, - деп оны басып қойды Айнур.
- Әпке, қараңыз. Әне қала көрінді, Стамбул. Қараңызшы, қандай әдемі, сурет сияқты, - бір терезеге, бір әпкесіне қарап жатқан Гүлнур басылар емес. Сол арада ұшақ дөңгелектері жерге тиді. Қыздар күту залына кіргенде, Әмина айтқандай, қолында «Айнур» деп жазылған бір парша қағазды ұстап, жас орыс жігіті тұр еді.
- Сіз Николай ма?-оның жанына келіп сұрады Айнур.
-Нақ өзі. Демек сіз Айнур?
103
- Мен Айнур боламын.
- Дүниенің жұмағы Түркияға қош келдіңдер! – деді күтіп алған жігіт. Одан соң ол қыздарға қолын беріп, бір-бірлеп танысты:
- Менің есімім - Николай, сендер үшін Коля. Бүгіннен бастап мен сендердің достарың, ағаларың, әкеңдер және шешеңдер, - деп қыздарын бір күлдіріп алды ол. Қыздардың қолдарынан ауыр сөмкелерді алып:
- Қәне менің артымнан марш, - деп алдына түсіп жүрді. Сыртта Оларды кішкентай автобус күтіп тұр еді. Олар автобусқа жайғасып, қалаға қарай жүріп кетті. Бір сағат жүргеннен кейін, онша үлкен емес қонақ үйінің алдына келіп тоқтады.
- Қәне, қыздар, сөмкелеріңді алыңдар, әркім өздеріңдікін алыңдар. Кейін таласып мен ажыратып жүрмейін, - қыздарды күлдіре бастады. Қонақ үйде қыздар үшін нөмірлерді дайындап қойыпты. Николай оларға кілттерін таратып беріп:
- Сендерге он бес минут уақыт. Тура он бес минуттан кейін астына түсесіңдер, міне анау мейрамханада тамақтанамыз, түсіндіңдер ме? Иә, айтқандай төлқұжаттарыңды алып алыңдар, - деді. Қыздар түсіндік деп, әркім өз бөлмелеріне кіріп кетті. Қыздар мейрамханаға кіргенде, Николай елу - алпыс жас шамасындағы үш кісімен сөйлесіп отырыпты. Қыздарды көріп, ол дереу олардың жанына жүгіріп келді.
– Қәне, шығыстың арулары, қәне, мына үстелге отырыңдар, - деп әр түрлі тағамдармен жасалған дастарханға шақырды. Олар негізінен ауылдың қыздары болғандықтан, мұндай мейрамханаларда алғаш рет отыруы еді. Сондықтан шығыстың әдісімен жасалған, керемет әдемі безелген мейрамханаға қарап, таң қалғанын жасыра алмай жатыр еді. Дастарханға қойылған түрік халқының түрлі-түрлі тағамдары көздің майын жеп түр еді. Оларды өмірінде жеп көрмеген қыздар, неден, қалай бастауды білмей, отырып қалды.
- Ал қыздар, енді маған төлқұжаттарыңды жинап беріңдер. Мен ертең таңертең барып, есепке отырғызуым керек. Сендер қазір асықпай тамақтаныңдар. Қарындарыңды жақсылап тойғызыңдар. Бүгін дем
104
аласыңдар, қалғанын ертең сөйлесеміз, - деп қолындағы төлқұжаттарды көтеріп, бағанағы кісілердің жанына кетті Николай. Қыздар тамақтана бастады.
- Әпке, енді біз күнде осындай мейрамханаларда тамақтанамыз ба? – деді қуаныштан көздері жайнап тұрған дөп-дөңгелек көздерімен Гүлнур, әпкесіне қарап.
- Білмеймін мүмкін солай шығар, - деді Айнур. Қыздар қатты сөйлеуден именіп, сыбырлап сөйлесіп жатыр еді.
- Неменеге сонша тартынасыңдар, еркін отырыңдар, - деді Айнур оларға. Тек содан кейін ғана олар сәл босағандай болды. Олардан бір үстел ары отырған бағанағы үш адамның бұларға көз үзбей қарап отырғанын байқаған Айнұрдың көңілі алаңдай бастады. Олар тура мал таңдағандай, қыздардың төлқұжаттарына бір - бірлеп қарай бастады, оның көңілі бір нәрсені сезгендей болды. «Әйтеуір, жамандыққа жорымайын, құдай бұйырытса, барлығы жақсы болады», ойлады ішінде. Алайда көңілі бір жамандықты сезгендей, келгеніне өкініп жатыр еді. «Дегенмен қыздарға сездірмейін. Оларды алдын - ала қорқытып не істеймін!» Оның басына түрлі ойлар келіп қорқа бастаған еді.
- Қәне, қыздар, жолдан келдік, шаршап қалдық. Енді кіріп дем алайық, - деді Айнур тамақтанып болғаннан кейін. Артынан Николай да бұлардың қасына келді.
- Қалай қыздар, қарын тойды ма? Тағы бір нәрсе бұйрытайын ба? – деді ол.
- Жоқ, Болды рахмет. Өте жақсы тамақатып алдық. Сізге көп рахмет, - деді қыздар.
- Олай болса, кіріп дем алыңдар. Қалған жұмыс ертең. Жақсы түс көріңдер, түстеріңде мені көріңдер, - деп қалжыңдады Николай.
Арадан тағы бірер сағат уақыт өтті. Айнур мен Гүлнур бір нөмірде болғандықтан, Гүлнурдың таусылмас, балалаша сұрақтарына жауап беріп, олар әлі ұйықамаған еді. Тұйықсыз көрші бөлмеден опыр - топыр дауыстар естілді. Содан соң бір қыздың:
105
- Көмектесіңдер, - деген дауысы қатты естілді. Гүлнур қорыққанынан орнынан секіріп тұрды да, әпкесінің қойнына қалай кіріп кеткенін өзі де сезбей қалды.
- Әпке , ол кім? Мен қорқып жатырмын, - деп әпкесіне жабысып алған еді.
- Қорықпаңыз сіңлім, есік ілулі, - деді Айнур Гүлнурды құшақтап. Одан соң біреулер соғысып жатқандай дауыстар шықты да, ақырындап басылды. Бағанатан жылап жатқан қыздың да үні өшкен еді. Арадан тағы он бес, жиырма минут уақыт өтті. Айнала жым-жырт.
- Орныңызға жатыңыз, Гүлнур. Бәрі тынышталды ғой, - деді Айнур сіңлісіне. Гүлнур орнына барып жатқаны сол еді, есікті біреу қақты. Айнур үстіне халатты артты да, есіктің қасына келді.
- Кім бұл?
- Мен, Коля, Николай, - естілді ол жақтан, Айнур есікті ашыңызшы. Қыздардың жүрегі орнына түскендей болды.
- Қорықпаңыз сіңлім, бұл біздің Коля ғой, - деп Айнур есікті ашты. Бөлмеге Николай мен бағанағы мейрамханада отырған кісілердің бірі кіріп келді.
- Айнур танысып қойыңдар, бұл кісінің есімі Әлі. Сендердің қожайындарың болады. Енді сендер осы кісінің қол астында істейсіңдер, - деді Николай оны әпкелі - сіңілге таныстырып. Айнур не істерін білмей аң - таң болып тұрып қалды.
- Қазір бұл кісі Гүлнурды бір - екі сағатқа алып кетеді. Бір жұмысы бар екен, - деп Гүлнурға бұйырды, - қәне, сіз тез киініңіз. – Гүлнурдың қорқып кеткені сонша, аппақ болып, сөйлей алмай қалған еді.
- Николай түннің жартысында не жұмыс ол? Ертең істеуге болмаймекен ол істі? – деді Айнур қарсылық білдіріп.
- Бұл жерде қожайынның айтқаны айтқан. Сөз қайтармаңыз, - деді Николай қатаң түрде.
- Қазір сіңлім еш жаққа бармайды, - деді Айнур да қатаң түрде. Николай Айнурды бір шетке итеріп жіберіп, барған бойы Гүлнурды тартып тұрғызды.
106
Қорқып кеткен Гүлнур жұқа іш көйлекте аш бөрінің алдында тұрған қозыдай дірілдіп тұр еді. Айнур барып сіңлісінің алдын торап алды.
- Гүлнур еш жаққа бармайды дедім. Тұйықсыз тиген жұдырықтан Айнур төсектің үстіне түсті. Оның мұрнынан оқтай қан кетті. Николай Гүлнурдың қолынан ұстап, сүйреп жүрді. Айнур қан ағып жатқан мұрнын алақанымен басып, оған тағы асылды.
- Сіңлімді қойып жібер , жексұрын?
Жаңа ғана қыздардың көңілдерін көтеріп, жәй ғана жүрген әзілқой жігіт, қазір жүз сексен градусқа өзгеріп, атылайын деп тұрған жыртқыш хайуанды еске салатын. Енді екінші жұдырық Айнурдың ішіне соншалықты қатты тигендіктен, ол ішін ұстап отырып қалды. Оның тыныстануы да қиын болып жатыр еді. Айнур бір қолымен ішін ұстап, екінші қолын алдына созып жалынды:
- Өтінемін, сіңліме тимеңдер. Міне, мені не істесеңдер істеңдер, сіңліме тимеңдер, - деп орнынан тұруға шамасы келмей, бетімен құлады. Анау екеуі Гүлнурды іш көйлекпен ақ сүйреп алып шығып кетті. Айнур есін жиғанда, арадан қанша уақыт өткенін өзі де білмейді. Ол жуынатын бөлмеге өрмелеп кіріп, бет-аузын жуды. Әлі өзін бір біліп, бір білмей жатыр еді. Ол амалдап төсегіне жатып алды. Тағы бір қыздың шыңғырған дауысы жүректерді езіп жіберді. Айнур дереу сергігендей болды.
- Бұл кім? Сіңлім емес шығар, Гүлнур емес шығар? – деп арты - артынан қайталап, құдайға налыды.
***
Сабыржан бұл кезде ережесіз жекпе - жектен ұтып алған ақшаға «БМВ» мәшинесі мен екі дана тапаншы сатып алған еді. Ол өз тобындағы балалармен Рустембековты қалай жазалаудың жоспарын түзіп қойған. Енді оны жүзеге асырудың сәті келді. Алайда Рустембековқа қастандық жасаған күні Алматыда болса, ол біріншілерден болып күмәнділердің тізіміне кіреді. Бұны жақсы түсінген Сабыржан ерте тұрып Қырғызстанға өтіп кетті. Кеңес өкіметі тарағаннан кейін, екі мемлекет арасындағы шекара әлі нақты белгіленіп, ажыратылмағандықтан, кеденді айналып өтетін жолдар көп еді.
107
Ол жолдарды мал ауыстыратындар кең түрде пайдаланып келе жатыр еді. Сабыржан Бишкек қаласындағы боксшы балалармен бір сағаттай болды да, сол жолдар арқылы Қазақстанға қайтты. Шекарадан өтіп, бергі жаққа қалдырған мәшинесіне отырып, үйіне келді. Келіскен уақытта топ мүшелері - «Көк бөрілер» Сабыржанның үйіне жиналып, кеште жүзеге асыратын жоспарын тағы бір рет талқылауға отырды.
Түнгі сағат он бір. Қалаға жалғасып салынған үлкен үйлерді бойлап екі жеңіл мәшине келе жатыр. Алдында келе жатқан қара «БМВ да» үш, «Ауди» мәшинесінде төрт жігіт отыр. Қара «БМВ» Рустембековтардың үйінен отыз метрдей жерге өтіп тоқтады. «Ауди» керісінше, сондай аралыққа жетпей тоқтады. Әр мәшиненің жанында бірден жігіттер қалды. Қалған бесеуі қақпасының алдына келіп, бастарына бетперделерін тартып киді.
- Мүмкін болса, оқ шығармаймыз, болмаған жағдайда аяғына атамыз, - деді олардың арасындағы биік келгені. Бұл әлбетте Сабыржан еді. Екі жігіт тапаншаларын дайындады. Олардың ұшына оқ атқанда дауысын азайтатын арнайы қондырғы орнатылған. Сабыржан қақпаны сенімді түрде қақты.
- Кім? Ол жақтан дауыс естілді.
- Мен, Рустембековтардың үйі осы ма?
- Осы, сізге кім керек?
- Рустембековқа жедел телеграмма.
- Пошта жәшігіне салып қойыңыз.
Жігіттер бұны күтпеген еді. Сабыржан дереу сөз тапты:
- Болмайды, қол қойып алуың керек. Күзетші бір нәрселерді айтып, қақпаны ашты. Ептілікпен оның жағасын алған Сабыржан баспен бетін ұрып жіберді. Екі жігіт оны дереу сүйреп, алма-өрік ағаштарының артына апарды да, бет- ауызы мен аяқ - қолдарын байлап тастады. Олар үй жаққа қарай жүргенде, темір тордағы иттер үріп кетті. Әдетте бұл иттерді түнде аулаға қойып
108
жіберетін еді, бүгін үлгірмеген болулары керек. Жүгіріп барған жігіт оларды атып жіберді. Жігіттердің бірі басындағы бетпердені алып, есік алдындағы баспалдаққа теріс қарап отырып алды. Қалғандары жасырынды. Олардың бірі есікті қақты. Темір есік ашылап күзетші көрінді. Ол баспалдақтағы адамды көріп:
- Бұл қайсың, неге отырсың? - деп оған қарай жүрді. Ол газ тапаншасын шығарды. Артынан келген Сабыржан тапаншаның артымен оны соқты да, етбетінен түсірді. Жігіттер тез арада оны да байлап биік баспалдақтың астына жасырды. Бес жігіт үйге кірді.
- Тағы күзетшілер бар ма? - сұрады жігіттердің бірі сыбырлап.
- Жоқ, енді Рустембеков әйелімен ғана болуы керек, - жауап берді Сабыржан. Кіре берістегі үлкен залда Рустембеков үй халатында теледидар көріп отыр. Қара бетперделерде арты – артын кіріп келе жатқан адамдарды көріп, оның есі шықты. Ол әлі креслода қатып қалғандай, қыбыр етпей отыр. Сабыржан оның алдынак келіп, «тұр» деп бұйрық берді. Ол орнынан тұрғанша Сабыржан оның жағасынан алып, орнынан жұлып алды. Оның бір ауыз сөз сөйлеуге шамасы жоқ еді. Оған тиген жұдырық оны креслоның артына ұшырып жіберді. Сабыржан оны үйдің ішінде домалатып жүріп, көңілі қанғанша сабады. Енді оны байлаудың да қажеті жоқ еді. Сол сәтте оның жас әйелі залға кіріп келді, Мүмкін жуынып шықса керек, ол да үй халатында болып, басына сүлгі орап алыпты. Ол қанға боялып, жартылай жалаңаш жатқан ерін көріп жанының барынша айқайлап жіберді. Бір жігіт барып оның ауызын жауып алды. Сабыржан:
- Егер біздің дегенімізді орындасаңыз, сізге тимейміз, - деді. Әйел «мақұл» дегендей басын изеді.
- Пұл қайда?
- Жататын бөлмеде, темір сандықта,- деді әйел дірілдеген дауыста. Ол енді ғана тілге келгендей.
- Кілт қайда?- тағы сұрады Сабыржан. Әйел жолдасын көрсетіп,- мойнында асулы,- деді. Жігіттер оның да аяқ - қолын байлап, диванға жатқызып қойды. Содан соң кілтті Рустембековтың мойнынан жұлып алып, жататын бөлмеге
109
қарай жүрді. Шкафтың ішіне оналастырған темір сандықта доллар, теңге, рубльдардан басқа алтын бұйымдары бар екен. Жігіттер мұндай пұлды бірінші рет көргендіктен, таң қалып, бір-біріне қарап қалды. - Ақшадан басқа ешнәрсе алмаймыз, -деді Сабыржан, алтын-күміс бір күні бір жерден шығып қалады. Жігіттер онымен келісті. Өйткені сандықтағы пачкасымен тұрған ақшаның өзі жеткілікті еді. Олар бар ақшаны шкафтан тауып алған сөмкеге салып алды да, үйді тастап шығып кетті. Олар келіскен жерге тоқтағаннан кейін Сабыржан:
- Мен Бішкекке кеттім. Отырып пұлды санап шығыңдар. Одан соң сенімді жерге жасырыңдар. Бір айға дейін ол жерден ешкмі пұл алмайды, - деді де, жігіттермен қоштасып мәшинесіне қарай жүрді.
Серіктері:
- Алаңдама, жолың болсын, - деп қалды. – Мен өзім келмейінше маған ешқайсың телефон соқпаңдар, - деді Сабыржан мәшинесіне отырып жатып. Екі сағаттан сәл көп жүріп, шекараға жеткен Сабыржан осы жаққа өткен жолымен қайтадан Қырғызстанға өтіп кетті. Ертеңіне тағы бір күн достарымен болып, кеш үйіне қайтты. Оны есік алдында сақшылар күтіп алды.
- Сіз кеше қайда болдыңыз?- деп сұрады өзін тергеуші деп таныстырған жігіт, Сабиржанды сақшы бөліміне алып барғаннан кейін.
- Мен кеше таңертең Бішкекке кетіп едім, қазір келдім. Не болып қалды? – тергеушінің өзіне сұрақ қойды Сабыржан.
- Кешіріңіз, бұл жерде сұрақты мен қоямын, - деп тергеуші темекісін тұтатты.
- Онда, сұраңыз ,- деді Сабыржан.
- Бұл сөзіңізді дәлелдеп беретін адам бар ма? – сұрады тергеуші.
- Мен жалғыз бардым, Бишкекте мен барған адамдар дәлелдеп береді, - деп салмақты жауап берді Сабыржан, - болмаса, кеден арқылы анықтасаңдар болады. Ол жерден өткен адам компьютерге тіркеледі ғой.
110
- Жақсы анықтаймыз, - деп өзіне қарсы үстелде отырған жігітке «бар» дегендей белгі берді. Жігіт дереу шығып кетті.
- Темек шегіңіз, - деп үстелінде жатқан бір қап темекі мен күлсалғышты Сабыржанның алдына итерді.
- Рахмет мен темекі шекпеймін, - деді Сабыржан.
- Бишкекке қандай шаруамен бардыңыз?
- Мен бокс жаттықтырушысымын, Бишкектің боксшыларымен жарыс өткізуге келісуге бардым.
Бағанағы жігіт қайтып кірді:
- Кеше таңертең сағат сегіз қырық бесте Қырғызстанға өткен, бүгін сағат он жеті отызда Қазақстанға қайта өтіпті.
Тергеуші бір сәт тыныштық сақтап отырғаннан кейін Сабыржанға:
- Кешіріңіз, сіз боссыз, - деді. Сабыржан көшеге шығып, тура Батырдың үйіне барды. Ол да жаңадан келіп, әлі үйіне кірмепті. Олар құшақтасып көрісті. Сабыржан сақшылар бөлімінен келе жатқанын айтты.
- Қырғызстанды өте дұрыс ойлапсың да, достым, - деді Батыр.
111
- Айтпа, енді ешкім де тісін батыра алмайды.
- Пұлды санап шықтық. Бес жүз қырық мың доллар, үш жүз алпыс мың рубль, екі жүз мың теңге, - есеп берді Батыр.
- Жақсы, бір сағаттан кейін «Шынар» ресторанына балаларды жина. Сол жерде кеңесеміз., - деді Сабыржан
- Жақсы, болады. Бүгін Нариманның туған күні екен. Өзіміз де сен келген соң отырмақшы едік, шеттен ешкімді қоспаймыз ба? –сұрады Батыр.
- Әлбетте, қажеті жоқ, өзара отырайық. Бопты, «Шынарда» көрісейік, менің бір жерге баратын жұмысым бар,- деп мәшинесіне қарап жүрді Сабыржан.
Келіскендей, бір сағаттан соң «Көк бөрілер», «Шынар» мейрамханасында кездесіп отырды. Олар алғаш Нариманды туған күнімен құттықтады. Одан соң әртүрлі әңгімелерге өтті. Қаладағы ең ірі кәсіпкердің үйін тонап кеткендігі туралы түрлі сөз, қалаға тарап кеткен еді. Тіпті, бес - алты күзетшіні автоматпен атып жіберіп, екі-үш миллион долларды алып шығып кетіпті, деушілер де болды.
- Сабыржан қарашы, анау Мадина емес пе?- сұрады Батыр.
Сабыржан бұрылып бір жаққа қарап еді, көкірегі ашық, әдеттен тыс қысқа юбка киген Мадина мас, ол жігітке, бұл жігітке асылып жүр. Ол тағы бір жігіттің мойнына асылып еді, жігіт оны итеріп жіберді. Мадина артына қайтып барып, барға сүйеніп отырып қалды. Оның оң көзінің асты, аяқтары көгерген еді. Мейрамхана қызметшілері – екі жігіт оны сүйреп, сыртқа алып шығып кетті.
- Мүмкін сол шығар, ұқсайды, - деді Сабыржан.
- Обал, сондай әдемі қыз еді, бұзылып кетіпті де, -сөзге араласты Нариман.
***
Сабыржан теледидар көріп, төсекте жатып, терең қиялға батқан. «Қарындастарымның тағдыры не болып жатыр екен. Әй, Айнур. Әй ақымақ
112
қыз. Енді бір амалдап, Әминаға жол тауып, олардың хабарын алу керек. Басқа амал жоқ. Араға бір адам салайын, ол білуге тиіс. Қанша пұл десе берермін». Дәл сол сәтте теледидарда жүргізуші:
«Стамбул аэропортында адам сатумен шұғылданып жүрген Қазақстан азаматшасы Әмина Рустембекова қолға алынды», - деп қалды. Сабыржан орнына секіріп тұрды да, теледидардың дауысын шығарды. «Рустамбекова қылмыстық топ құрып, жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз етеміз деп, жас қыздарды алдап, Түркияда жеңіл жүріске мәжбүрлеген. Енді ол Түркия мемлекетінің заңдарына сәйкес тиісті жазаға тартылады», - деді және қолдарына кісен салынған Әминаны сақшылардың аэропорт ғимаратынан алып шығып кетіп барғанын көрсеткен еді.
- Міне саған, - өз-өзіне дауыстап сөйлеп кетті Сабыржан, - Енді қарындастарым сөзсіз табылады. Әйтеуір аман болса болды.- Оның көңілі біраз тынышталғандай болды. «Міне, елді қақсатқанның ақыры. Рустембеков әйелімен тиісті жазасын алды. Қызы Мадинаның бүгінкі жағдайы Айнурдың басына салған азаптарына жауап. Енді Нұрлан мен достарынан кек алу керек».
Рустембековқа тиісті іс қалада кәдімгідей қозғалып, өсек-аян күшейген еді. Сақшылар күмәнданған ондаған адамды тергеп, еш нәтиже шығара алмады. Рустембеков өзі ауруханада бір айдай жатып шықса да. Құлан таза жазылып кете алмапты. Өмірі ойын - күлкімен өтіп жатқан Нұрлан, әке - шешесініңсінің жағдайынан кейін оданда әрман ішімдікке беріліп кетті. Әлбетте, кешкі клуб, барлардан шықпайтын ол, түрлі шегетіндерден де бас тартпайтын болыпты. Өйткені, шегетіндердің түр-түрін осы орындардан оңай табуға болатын еді. Сабыржан енді одан кек алудың жолдарын ойластырып жатыр еді.
Бір күні Сабыржан түс мезгілінде тамақтану үшін өзі оқып жатқан институттан онша алыс емес асханаға кірді. Тамаққа енді ғана бұйырытпа беріп отыр еді, қарсы орындыққа келіп бір қыз отырды. Сабыржан басын көтеріп, үшінші курсқа дейін бірге оқыған сабақтасы Райханды көрді.
- Сабыржан қаліңіз қалай? Таң қалып тұрсыз ба ? -сұрады Райхан.
113
Сабыржан бірінші курста оқып жатқанда, бұл қыздан үміті бар еді. Оның артынан жүгірген болса да, Райхан Сабыржанның кедей отбасынан шыққанын білгеннен кейін, құйрығын ұстатпаған еді. Ол ешнәрседен қыжалаты жоқ, ойнап-күліп оқып жүрген жігіттермен араласқанды жақсы көретін. Бұны сезген Сабыржан өзін уақтында өзін шетке тартқа еді. Өзі өңінен нұр жауып тұрған бұл қыздың артынан жүгірмеген жігіттер кем болатын Бүгін міне көрінгенге күлмейтін сол қыз оның алдына келіп отыр.
- Қалайсыз, Райхан?- сұрады Сабыржан оған таң қалып.
- Қалай десем болады, Сабыржан. Жаман деуге тілім бармайды. Жақсы десем өзімді өзім алдаған боламын, - көзіне жас алды Райхан.
- Сіз олай көңіліңізді бұзбаңыз, сабыр етіңіз. Әр істің шешімі болады. Егер менің қолымнан келетін іс болса, сөзсіз көмектесемін, - тоқтатты Сабыржан.
- Рахмет сізге , Сабыржан. Мен қазір екі ауыз тәтті сөзге мұқтаж болып қалдым. Заманында сізді қайтарып жібергеніме қазір құдайдың құтты күні өкінемін. Ауылдан қалаға келіп, есімізді жоғалтып қойыппыз. Ақ пен қараны айыра алмай, талай пәк жүректерді ренжіттім. Кінә өзімде, бүгінгі басымда тұрған дерт Алладан келген жаза болса керек. Болар іс болды. Енді өкінудің қажеті жоқ, тағдырға мойын сұнудан басқа амал жоқ екен, - Райхан бір нүктеден көзін үзбей сөйлеп жатыр еді. Сабыржан оның бір пәлеге ұрынғанын сезді. Райхан бір ауыр тыныс алып, жалғастырды:
- Есіңізде ме, Сабыржан, мен бірінші курстың соңында үшінші курста оқып жатқан Данияр деген баламен кездесе бастаған едім. Ол қаладағы ірі шенеунктің баласы екен. Оның мені уақытша пайдаланатыны ұйықтасам түсіме кірмепті. Басында өлемін, өшемін, сізге үйленемін деп уәде берген еді. Түрлі клуб, дискотекаларда жүріп өмір деген осы екен деп ойлаппын. Мені шегу, ішу басқа да жаман істерге үйретті. Міне енді сол ойламаған істерімнің дертін тартып жатырмын. Ақырында мені ұятқа қалдырып, өзі басқасына үйленіп алды, - Райхан тағы бір ауыр «уһ» тартып отырып қалды. Ол бір нәрсені айталмай қиналып жатыр еді. Сабыржанның ойына дереу қарындасы Айнур келді. « Бейшара қыздар, заман не болып кетті, ә? Не деген әділетсіздік, не әлем бұл? Не болмаса кедей қорланып қала бере ме? Осыларға сұрақ бар ма?».
114
- Райхан , басыңыздан көп нәрселер өткенге ұқсайды. Алайда менен бір нәрсені жасырып жатқаныңызды біліп жатырмын,- оның көздеріне тігіліп қарап алды Сабыржан.
- Мен сізге шынымды айтайын, - ішінде ұзақ қиналып содан соң сөзін жалғастырды Райхан,- ауруды жасырсаң, өлім әшкере деген сөз бар. Мен жазылмайтын кеселге дұшар болдым.
- Тоқтаңыз, мен еш нәрсе түсінбедім. Не ауру, қандай кесел ол? Анықтамақшы болды Сабыржан.
- Ер - әйел арасындағы қалаймақан қатынастардан келіп шығатын кесел, - деп Райхан жерге қарап алды. Сабыржан таң қалып, оған тігіліп қарады. Райхан енді басын көтеріп:
–СПИД, – деді.
Сабыржанның басынан суық су құйылғандай, денесі тітіркеніп кетті. Ол біраз уақытқа дейін не дерін білмей, тыныш отырып қалды. Райхан шетінен болған істің бәрін айтып берді. Оны тыңдап отырған Сабыржанның жұдырықтары кейде түйілсе, кейде тістерін тістеріне тістеп қоятын еді. Алдында көз жасын төгіп, шарасыз отырған бұл қызға не деп айтуды да білмеді. Ақырында ол сұрады:
- Райхан, бұл сөздерді не үшін маған айтып отырсыз? Менен сізге қандай көмек керек?
- Білесіз бе, Сабыржан, сізден маған еш қандай көмек керек емес. Біздің үйде ұл жоқ, үш қыз. Әкеміз жоқ, ауырып, жастай қайтыс болған. Туысқандар бар әріне, алайда олармен мұндай тақырыпта әңгімелесу мүмкін емес. Оны өзіңіз жақсы білесіз. Институтты да тастадым. Міне жарты жыл болды ауылға да баралмай жатырмын. Бір неше рет өліп алмақшы да болдым. Алайда жаннан кешу оңай емес екен. Не істерімді білмеймін. Неге екенін білмеймін, көңілім сізге жақын тартады. Ағам ретінде сізден кеңес сұрайын деймін. Бір неше рет сіз машықтанып жатқан бокс клубының алдына барып, сізді күттім. Бірақ қасыңызға баруға бата алмады. Уақтыңызды алған болсам кешіріңіз. Шынымды айтсам, мен біткен адаммын. Тек анама ішім ашиды. Анамның берген ақ сүтін ақтай алмадым. Бұл істерді естісе анамның жүрегі
115
шыдамайды, Бізді жалғыз өсіргенше, не көрмеді, кімдердің алдында сарғаймады десеңіз ше?
Райхан тоқтамай сөйлеп жатыр еді. Сабыржанның қиялы, дәл сол кезде ауылдағы анасында еді. Ол қалай да болмасын бұл қызға көмектеспекші болды.
- Бұл кеселді емдеуге болмайма екен, Райхан? - сұрады ол.
- Бұл кеселді емдеу мүмкін емес ұқсайды. Алайда оның тез күшеюінің алдын алуға болады екен. Бірақ оған сізбен біздің шамамыз жетпейді, ол өте көп пұл тұрады екен. Олар ұзақ отырып әңгімелесті. Ойлап қараса, Сабыржанның қарындастарымен осындай отырып сырласпағанына көп болыпты. Мүмкін олардың да маған айтатын сөздері, мұң-зары болған шығар. Ондай сәт жаратып бермегені үшін, өзін айыптағандай болды.
- Райхан, мен сізге туған қарындасымның тағдыры туралы айтып берейін. Бірақ, бұл сөз арамызда қалсын, - деді Сабыржан.
- Әлбетте, Сабыржан. Маған өзіңізге сенгендей сенуіңізге болады. Мен бұл дүниеде бір ескілікті істеп қойдым. Міне оның салдарын өзім тартып жатырмын. Енді қалған өмірімде өзім сияқты дерт тартқандарға сүйеніш болып, қолымнан келгенше жақсылық жасасам деймін. Осыдан, менің бұл
116
дүниедегі жіберген қателіктерім мен кемшіліктерім біраз болса да жуылар деймін.
Сабыржан өзі және қарындасының басынан өткендерін түгелімен айтып берді. Оның сөзін бөлмей, бар назарымен тыңдап отырған Райхан арасында көзіне аққан жастарды сүртіп қоятын еді.
- Сіздің тағдырыңыз да қарындасымның тағдырынан қалыспапты. Мен сіздің емделуіңізге қолымнан келгенше көмектесемін, - деп сөзін аяқтады Сабыржан.
- Ниетіңізге рахмет, Сабыржан. Бірақ айттым ғой, менің дертіме бес-он теңге ем бола алмайды. Мен өзімді қандай кезде болсын өлімге дайындап қойдым. Маған бұл әлемде өмір сүру үшін қысқа ғана бір өлшем бөлінген болуы керек, - деді Райхан өкінішпен.
- Жоқ сіз олай демеңіз, Райхан. Бұл дүниеде әркім өз бақыты үшін күресуі керек. Сіз өзіңізді оншалықты тастап жібермеңіз. Үмітпен өмір сүру керек. Өйткені бұл рақымсыз дүниеде әйелдердің сорлағаны сорлаған. Мен сіздің емделуіңізге көмектесемін. Менде пұл бар. Бұл сөздерді естіген Райханның олсыз да дөп-дөңгелек көздері одан әрі үлкейіп, сыртына шығайын деп қалды. Бұл әлемде, тіпті бір туғандарынан мұндай жақсылық көрмеген Райхан Сабыржанға қалай рахмет айтарын білмей қалды. Олар тамақтанып отырып, ұзақ әңгімелесті.
–Сабыржан, деди бир кәмдә Рәйһан, – яхшилиққа яхшилиқ билән жавап бериш – һәрқандақ инсанниң қәрзи һәм пәрзи. Мәнму сизгә әву терисигә патмай қутурап жүргән мунапиқлардин өч елишқа ярдәм қилимән. Сиз маңа уларни көрситипла қойсиңиз болди.
-Сабыржан, - деді бір кезде Райхан, - жақсылық жасаған адамға жақсылық пен жауәп беру қарыз мен парыз. Мен сізге анау терісіне сіймай қутырап жұрген жексұрынлардан өш алуға көмектесемін. Сіз тек қана оларды маған көрсетып қойсаңыз болды.
- Жоқ, Райхан, сіздің оларға шамаңыз жетпейді. Олардан өзім кек алмасам көңілім көншімейді, - деді Сабыржан.
- Сабыржан, мен сізге айттым ғой, қалған өмірімді мен сондай біреудің пәк қызын аяқ асты еткен ожданы жоқтардан кек алуға арнаймын деп. Мүмкін,
117
ондаған қара көздерімізді ондайлардың құрсауынан аман алып қалармын. Менің де сол кезде ғана кегім шығады. Осы сәтті маған жаратып беріңіз, өтінем, - деп тұрып алды Райхан. Сабыржан оны түсінген еді.
- Мен сізді түсіндім, бірақ сізді ондай іске салуға менің арым шыдамайды, - деді ол.
- Ардың сөзін сіз бен біз айтсақ болады. Ондайлармен солардың тілінде сөйлесу керек. Қазанына қарай шөміші деген емес пе?- қатты тұрып алды Райхан. Сабыржан ұзақ отырып ойланып қалды. Оның ойына тағы да Айнур келді.
- Мақұл, сіз айтқандай болсын. Мен сізге оларды көрсетіп қоямын. Райхан соңғы кездерде тіпті қарнына жөнді бір нәрсе жемей жүр еді. Үстіне киген киімі де онша емес. Сабыржан асханадан шығып, Райханның келіспегеніне қарамай, дүкен аралап, оған киім - кешек алып берді. Тұрып жатқан үйінің пәтер ақысын төлеу үшін біраз пұл берді. Әрдайым байланыста болу үшін қалталы телефон сыйға тартты. Одан соң кешке кездесетін болып, қоштасты. Сабыржан бұл қызға қолынан келгенше көмек беруге бел байлады. Оның Алматыдан үй алып, аналарын әкеп алу ниеті бар еді. Енді ол жоспарын кейінге қалдыруды жөн көрді.
Сабыржан Нұрландарды табу үшін, Райханды мәшинесіне салып алып, үш күн бойы түнгі клуб, бар, дискотекаларды аралап жүрді. Үшінші күні бір диско бардан үшеуінің тамаша құрып отырған жерінен тапты. Бір нәрсені қызғын таласып жатқан оларды көрген Сабыржан Райханның қолынан тартып шетке тартты. Бардың алдында, Нұрландарға теріс қарап тұрып сусын ішкендей болып, Сабыржан оларды сыртынан табыстырды.
- Анау бұрыштағы үстелде отырған үшеуін көрдіңіз бе? – сұрады Сабыржан. Райхан ақырын бұрылып, билеп жатқандарға қараған сыңайлы, Сабыржан көрсеткен жаққа қарады:
- Иә, көріп жатырмын, арақ ішіп отыр, солар ма?
- Иә , солар. Анау көзілдірігін шекесіне тағып алған – Нұрлан. Оған қарсы отырған ақ жейдедегі Ринат, жанындағы Арман.
118
- Болды, түсіндім. Енді сіз ақырын шығып кетіңіз, сізді көріп қалмасын. Қалғанын маған тапсырыңыз.
- Дегенмен де, көңілім алаңдап тұр. Мен алыс кетпеймін. Сізді күтіп, мәшинеде отырамын, - деді Сабыржан.
- Мақұл, түсіндім. Алаңдамаңыз, бәрі дұрыс болады. Болды шығып кетіңіз, аналар орнынан тұрғалы жатыр, - асықтырды оны Райхан.
- Өзіңізге сақ болыңыз, қауіпті сәт туса, дереу телефон соғыңыз. Мен алыс кетпеймін, - деп тағы қайталап, есік жаққа қарай жүрді Сабыржан. Ол, тоқтап, артына бір қарады. Райхан, шыныменен де, он қыздың арасындағы ерекшеленіп тұрған сұлу еді. « Не деген сұлу қыз едің, өкінішті», жалт етіп өтті оның қиялынан. Ол мәшинесіне отырып, ойланып қалды. «Кетсем қалай болады? Аналардың қолынан бар пәле келеді, одан да біраз күтейін». Арадан бір сағаттан астам уақыт өткенде, есіктен Нұрлан мен Райхан көрінді. Олар сыртта әңгімелесіп, күлісіп біраз тұрды. Одан соң Нұрланның мәшинесіне отырып жүрді. Сабыржан олардың артына түсті.Олар екі көше жүріп оңға бұрылып, қонақ үйдің алдына келіп тоқтады. Мәшинеден түсіп, Нұрлан біреумен телефонда сөйлесті. Одан соң Райханды қолтықтап, қонақ үйге кіріп кетті. «Оның жалғыз болғаны жақсы болды. Оның үстіне қонақ үй, дегенмен, сенімдірек. Енді кетсем болатын шығар», деп ойлады ішінде. Бірақ, тағы да көңілі шыдамай, біраз күтуді дұрыс көрді. Сол арада Райханнан хабарлама келді.
Онда «алаңдамаңыз, бәрі жақсы» деп қысқа ғана жазылған еді. Сабыржанның жүрегі орнына түсіп, үйіне жүріп кетті. Бірақ үйіне келіп те, ол ұзаққа дейін ұйықтай алмай қиналды.
Ертеңіне ерте, Сабыржан әлі ұйықтап жатқанда, Райхан жетіп келді.
- Телефон соқсам өшірулі тұр екен, сондықтан сізді алаңдатпау үшін бір көрініп кетейін дедім, - деді ол үйге кіргенде.
- Тыныштық па?- асығыс сұрады Сабыржан.
- Алаңдамаңыз, бәрі жақсы, кейін сөйлесерміз, - деді Райхан.
- Онда, мен шәй қояйын, отырып сөйлесерміз, - деп Сабыржан ас үйге шықпақшы болып.
119
- Жоқ, Сабыржан. Шәй ішпеймін, таң атқанша көз ілмедім, мен үйге барып біраз ұйықтап алайын, - деді Райхан шаршағандай болып.
– Ондай болса, үйіңізге барғанда не істейсіз, мына Айнурдың бөлмесі, сол жерге кіріп деміңізді ала беріңіз. Мен қазір өте маңызды кездесуге кетемін, түсте келемін, алаңдамай ұйықтай беріңіз, - деп Сабыржан сағатына қарады, - мен де жүрейін, сіз келмегенде ұйықтай беретін едім.
Сабыржан тез киінді де, сыртқа қарай жүрді.
- Келгенде сөйлесерміз, есікті жауып ұйықтай беріңіз, - ол есіктен жүгіріп дегендей шықты.
Сабыржан жұмыстарын бітіріп, Райханға телефон соқпақшы болды. Сағатына қарады да ол ойынан қайтты. «Байғұс тағы да ұйықтап алсын. Сағат әлі он екі болмапты», деп ойлады ол. Сол кезде Сабыржанға оның досы Баратжан телефон соқты.
–Ассаламу-алейкум, Баратжан ағайын, жақсы ма? – қал сұрады Сабыржан.
–Шүкір, өзің қалай? Денсаулығың жақсы ма? – естілді ол жақтан.
–Болады, қудай деп жүрдік. Өзіңде не жаңалық?
–Достым, соңғы жаңалықтардан хабарың бар ма? – сұрады Баратжан.
–Қай жаңалықты айтасың? – түсінбей сұрады Сабыржан.
- Кеше түнде Арман мас, мәшинесімен әлде біреумен жарысып, Қарасу өзеніндегі көпірден түсіп кетіпті. Жанында тағы бір досы Ринат бар екен, - деген хабарды жеткізді Баратжан. Сабыржан бір сәт тыныш тұрып қалды да:
- Өздері сау ма? – деп сұрады.
- Қайдан сау болады дейсің, оларды таңертең бір ақ көріпті. Таң атқанда көріктен өтіп бара жатқан біреу судан шығып тұрған мәшиненің құйрығын байқап қалыпты.
«Тоба, қанша ма жанды қақсатып едіңдер. Шектен шығып,
120
терілеріңе симай жүр едіңдер, міне ақыры. Бұл дүние жақсыдан да, жаманнан да қалады екен. Сондықтан әр бір атқан таңды қарсы алғанда, ол дүниені де ойлап істеу керек екен де», ол түрлі ойлармен үйге келді. Райхан да жаңа оянып, Сабыржанға телефон соққалы отыр екен.
- Қалай, Райхан, жақсы дем алдыңыз ба?- сұрады Сабыржан.
- Ой, Сабыржан қатып ұйықтап қалыппын. Жаңа ғана тұрдым, - деді Райхан.
- Мен сізге бір жаңалық айтайын, - деді Сабыржан, Нұрланның достары Арман мен Ринат кеше мәшинеде Қарасу өзеніндегі көпірден түсіп кетіпті.
- Ой алла, не дейсіз, тірімекен ?- таңданып сұрады Райхан.
- Қайдағы оларды таңертеңгісін бірақ көріпті.
-Бұны қалай түсінуге болады? Бұл оқыс жағдай ма әлде Алла - тағаланың адам терісін киіп алған мақұлықтарға жолдаған жазасы ма?
Сабыржан екі қолын жайып, иығын шығарып қана қойды. Бұл сәтте ол не іші ашуды, не қуануды білмей отыр еді. Райхан:
- Кеше олар арақ ішкені аздай, қандай да наркотик қабылдаған. Демек, кейін шығып рульге отырыпты да, - деді.
Олар шәй ішіп отырып, тағы да әңгімеге кірісіп кетті.
- Сабыржан, мүмкін сіз менен жіркеніп жатқан шығарсыз? – деп сұрады Райхан.
- Жоқ, Райхан, сіз мүлде олай ойламаңыз. Керісінше мен сізді бұл іске тартқаныма қысылып отырмын, - деді Сабыржан.
- Ешқандай, сіз мені тартқан жоқсыз, мен өзім сізге ұсыныс жасадым. Сіз қысылатындай еш нәрсе істегеніңіз жоқ. Мен және мен сияқты қыздардың болашағын сондай сұмырайлар ойрандады. Он гүлімнің бірі ашылмай, ақырындап өлімге бара жатырмын. Айнур ше? Ондайлар ондап, жүздеп саналады. Кедейдің сөзі еш жерде өтпесе, біздің не істеуіміз керек
121
сонда? Айтыңызшы, Сабыржан біздің тегі не істеуіміз керек ? Өмірбақи құл болып өтуіміз керек пе? Құлдың да өзіне жетерлік құқығы бар ғой ақыры, - қызып сөйлеп кетті Райхан.
Сабыржан бір сөз айта алмай, отырып қалды. Оның өзі тура сондай жағдайдың құрбаны болса, не айтуы мүмкін?
- Бопты, Райхан, сізге көп рахмет. Айдың он бесі қараңғы болса, он бесі жарық дейді ғой, біздің көшелерге де айт келер. Білесіз бе, біздің бокс клубында бір жаттықтырушының танысы тура сіздікіндей кеселге шалдыққан. Сол кісі Израилге барып емделіп, құлан таза жазылып келген деп естігенмін. Мен барып, соның ақ-қарасын анықтап келейін. Егер сіздің ешқандай ісіңіз болмаса, үйде отырып дем ала беріңіз.
- Мақұл, Сабыржан, бірақ үйге ешкім келмей ма? Тағы біреуі келіп қалып, сізді ыңғайсыз жағдайға қалдырмайын, - алаңдап сұрады Райхан.
- Алаңдамаңыз, ешкім келмейді, - деп Сабыржан шығып кетті.
Арадан бір айға жуық уақыт өткенде, Сабыржан сол таныстары арқылы Райханды Израилға емделуге жіберді.
***
Бүгін «Көк бөрілер» Сабыржанның үйінде тағы бас қосты. Олар топ жұмысының екінші қадамын белгілеп, оны жүзеге асырудың жоспарлары айналасында сөйлеспекші. Бұл мәселе бойынша барлық топ мүшелері өз ойларын ортаға салды. Көпшіліктің сөзін бөлмей тыңдап отырған Сабыржан:
-Жігіттер, айтқан сөздеріңнің бірінен- бірі дұрыс. Елдің қанын ішіп, бықсып жүрген жалмауыздар мейлі ілгері, мелі кейін бәрібір тиісі жазасын алады. Бірақ асығудың қажеті жоқ. Сездіріп қоймайық. Естеріңде болсын, біздің мақсат- тек пұл табу ғана емес. Біздің мақсат - ешқандай заңға бағынбай, пұлына немесе иеленген лауазымына сеніп, шектен шығып жүргендердің дәккесін беру. Мен кезектегі ісіміз туралы Баратжанның берген ұсынысын дұрыс көріп жатырмын. Бұның інісінің жағдайынан барлығың хабардар болдыңдар. Шегуге беріліп, ата-анасын зар қақсатады. Ондай жастарымыз
122
ондап, жүздеп саналады. Тек ұл балалар ғана емес, бұл лас жолға кіріп қалған қыздарымыз да аз емес. Сол уды таратып жүргендердің бірінің жолын шектесек, үлкен істі тындырған болар едік. Алайда сендерге айрықша түсіндіремін, олардың артында өте зор күштер тұр. Олармен алысу оңайға түспейді. Сондықтан, бұл іске бел байласақ, тағы қайталап айтамын, өте сақ болуымыз керек. Қәне, кімнің қандай пікірі бар? – деп жігіттерге қарады.
Барлығы бір сәт жым-жырт отырды. Одан кейін Нариман:
- Дұрыс айтасың Сабыржан. Олардың қорғаушылары сақшылардың арасында ғана емес, үкімет адамдарының арасында да болуы мүмкін. Бірақ қасқырдан қорықсаң, орманға барма, деген емес пе, мен де Баратжанды қолдаймын, - деді. Одан кейінг пікір айтушылар да бұл іске қарсы емес екендігін білдірді.
- Олай болса, - деді Сабыржан, - Баратжан, сен ол кісі туралы өзің білетін бар ақпаратты ортаға сал, кеңесейік.
– Оның есімі- Сәлім. Сәлім босс деп те атайды. Малды Тәжікстаннан алады. Үйін, мәшинесінің нөмірін білемін. Қайсы мейрамханада жиі-жиі дем алатындығын да білемін. Әр дайым екі күзетшісімен бірге қара джип мәшинесінде жүреді.
- Оның айналасындағылардан бірер адамды танисың ба? – сұрады Сабыржан.
- Ондай адам бар. Оның үйінде бау-бақшасына қарайтын бір кісі маған туысқан болады. Сәлімнің барлық лас істері туралы сол кісі айтып берген. Оның да бір немересі екі ай бұрын шеккеннен өліп кетті. Ол да осыдан қалай кек алсам екен, деп жүр. Сен оған тең болалмайсың, сабыр ет, деп басып қойдым, - білгенін сөйлеп берді Баратжан.
- Жақсы ол кісі бізге керек болады. Бірақ Баратжаннан басқа еш кім ол кісімен байланыс жасамаңдар, істі бұзып аламыз, - деді Сабыржан,- бір жолын тауып, Сәлімді бізге көрсетіп қойсаң болатын еді. Барлығымыздың танығаны жақсы.
-Болады, бірақ оны есік алдында күзеткенімізден де, мейрамхананың алдында күткеніміз жақсы шығар, - деді Баратжан.
123
- Әлбетте, мүмкін болса оның есік алдына жоламауымыз керек. Бүгіннен бастап ол баратын мейрамхананың алдында екі адамнан күзетте тұрайық. Егер ол мейрамханаға келе қалса бір-бірімізге хабарласып, дереу жиналамыз,- ұсыныс берді Сабыржан. Онымен барлығы келісті.
- Мен ол мейрамхананың барында істейтін бір жігітті таныймын. Сәлім келгенде, маған хабар беріп қой десем қалай? – тағы сұрады Баратжан.
Сабыржан қарсы болды:
- Жоқ, бұл шаруаға басқа ешкімді тартпауымыз керек.
Баратжан да қателігін түсінген еді:
- Дұрыс айтасың, мен ойламай сөйлеп қойыппын.
- Олай болса бүгін кімнің уақыты бар? –сұрады Сабыржан, - Баратжанмен кім бара алады?
- Мен барайын,- деді Нариман.
- Басқа сөзіміз болмаса бүгін тарқайық. Егер Баратжан телефон соқса, қандай жұмысымыз болса да тастап, «Хан тәңірі» мейрамханасының алдына жиналамыз, - деді бүгінгі отырысты қорытындылап.
Жігіттер қоштасып шықты.
«Көк бөрілер» үш күн қатарынан мейрамхананың алдында Сәлімді күтіп отырды , алайда оның қарасы да көрінбеді. Төртінші күні кешкісін Баратжан тағы мейрамханаға бара жатып, жолда Сәлімнің үйінде жұмыс істейтін туысқаны Әзімді кездестіріп қалды.
–Ассаламу алейкум, Әзім аға, кеш батқанда қайда жүрдің? – сұрады ол мәшинесінен түсіп. Әзім шошығандай айналасына қарады:
- Мәшинеге отырайық, -деді. Бір маңызды хабардың бар екенін түсінген Баратжан дереу мәшинесінің есігін ашып Әзімді отырғызды. Ол тағы да бір нәрседен шошығандай айналасына қарап шығып:
124
- Бауырым, бүгін кешке Сәлімнің әйелі екі баласын алып, шет елге дем алуға ұшады. Кешкі сағат тоғыздарда бір күзетші шопырымен оларды шығарып кетеді. Үйінде Сәлім бір күзетшісімен қалады, - деген хабарды жеткізді.
-Е, сен не істемекші едің? Көңіліңе бір нәрсе түйген сияқтысың ғой? – сұрады Баратжан. Әзім не дерін білмей кішкентай бала сияқты сасқалақтап қалды.
-Саған қалай айтсам екен, сол бір тәуекел етіп көрейін деп едім.
- Сен бұл ойыңнан қайт. Пәленің үлкенін шығарасың. Онан да сен маған айт, оның қорасына ақырын, білдірмей кіруге бола ма? – Әзім бір сәт ойланып тұрып қалды, содан соң:
-Артқы жағында, бақтан кіретін бір есік бар. Оның кілті менде бар.
- Сен бүгін тағы жұмысқа барасың ба әлде болдың ба?
- Бүгін басқа бармасам да болады.
-Ондай болса әкел, сол кілтіңді маған бер. – Әзім ойланып қалды.
- Қалай болар екен.
- Қалай болатын еді, мен қазір барып, жарты сағаттың ішінде оның көшірмесін жасатып, кілтіңді қайтарып беремін. Содан соң сен алаңдамай ұйқыңды ұйықтай бер. Қалған жұмысты бізге тапсыр.- Әзім қалтасынан жіпке ілулі кілтті шығарып берді:
- Балаларың сенімді ме?
- Алаңдама, сенімді. Баратжан жігіттерге телефон соғып дереу кездесудің қажет екенін айтып, өзі кілт жасату үшін кетті. Жігіттер келіскен жерге жиналып, тек қана Баратжанды күтіп отыр еді.
Баратжан оларға бар жағдайды түсіндірді. Сабыржан сағатына қарап:
- Тағы бір сағат уақытымыз бар екен. Олай болса, дайындалайық. Тура қырық минуттан кейін қаладан шыққан жердегі кәуапханадан өтіп көрісеміз. Еш нәрсені ұмытпаңдар. Нариман, Батыр ойыншықты алуды ұмытпаңдар.
125
-- Алаңдама, Сабыржан, бәрі дайын. Үйге кіріп алып алсақ болды, - деді Нариман.
- Қәне, ондай болса жүріңдер, кешігіп қалмаңдар, – Сабыржан мәшинесіне екі жігітті салып, үйіне қарай кетті.
Сабыржандар келіскен жерге жетіп келгенде, екінші мәшине оларды күтіп тұр еді. Олардың келісімен жігіттер мәшинелерден түсіп, Сабыржанның айналасына жиналды.
- Мәшинелермен жақын бармаймыз. Екі-үш жүз метр жерде қалдырып, артқы көшемен жаяу барамыз, - деді Сабыржан, барлықтарың дайын ба?
- Дайын, жүрсек болады, - деді Батыр.
- Онда кеттік. Жігіттер мүмкіндігінше оқ шығармаймыз, - тағы бір мәрте ескертті Сабыржан. Барлығы екі мәшинеге отырып жүріп кетті. Міне Сәлім босстың үш қабатты керемет үлкен үйі.
Қора- жайдың артқы жағындағы есік арқылы баққа кіруге болатын еді. Мәуелі бақ үйдің артқы жағына орналасқан. Олар ешбір қиындықсыз Баратжан жасатқан кілтпен есікті ашып, баққа кіріп алды.Үйге жақындағаннан кейін:
- Енді Батыр, Нариман, сендер барып бас қақпаны ашып сыртқа шығыңдар. Одан соң қақпаны жаппастан қоңырауды басыңдар. Күзетші шығады. Қалған шаруаны ыңғайына қарай жасайсыңдар, - деді Сабыржан. Екеуі бастарына бетперделерін киді де, бас қақпа жаққа жүрді. Нариман сақтық үшін тапашасын шығарып, беттеп алған еді.
Қақпаның қоңырауы естілді. Жым-жырт. Батыр тағы қоңырауды басты. Енді үйдің есігі ашылып, күзетшінің басы көрінді.
- Кім? – одан соң қақпаның ашық тұрғанын көріп, сыртқа қарай жүрді. «Ғажап, жаңа ғана аналарды шығарып салып, қақпаны жауып едім ғой», деп ойлады ол бара жатып. Ол қақпаны жабудан бұрын сыртқа қарамақшы болды. Сыртта, көшенің қақ ортасында, бір кісі тұр. Күзетші оған, - сен кім? - сұрап үлгірмей ақ, артқы жағынан басына тиген зардаптан етбетімен түсті.
126
Оны қораға сүйреп алып кіріп, дереу қақпаны жауып алған жігіттер, аяқ- қолын байлап тастады.
Күзетші үйге кіретін есікті жаппай шыққан еді. Сабыржан екі жігітті сыртта қалдырып, бесеуімен үйге кірді. Бір бөлмеден жеңіл әуен естіліп тұр. Сол арада қыздардың күлкісі естілді. Демек, Сәлім үйде жалғыз емес. Олар ақырын дауыстар шыққан бөлмеге қарай жүрді. Қара бетперделерде, қолдарына тапанша ұстаған бес жігіт бөлмеге басып кірді. Бұл үйдегі ең үлкен бөлмелердің бірі болып, Сәлімнің достарымен дем алатын бөлмесі еді. Бөлменің қақ ортасында бильярд үстелі қойылған. Қабырғаны айналдырып диван, креслолар, онша үлкен емес үстелдер қойылып, қабырғаларға атақты суретшілердің суреттері ілінген. Бақ жақтағы қабырға толығымен терезе болып, оның алдына үлкен ыдыстарда түрлі-түрлі гүлдер тізіліпті.
Сәлім креслолардың біріне шөгіп, виски ішіп отыр еді. Алдындағы журнал үстелшесіне жеміс-жидектер қойылған. Оған қараған диванда екі жартылай жалаңаш қыздар қолтықтарына жастық қыстырып, шылым шегіп отыр еді. Қыздардың сыртқы көрінісі мен көңіл-күйінің жоғары екендінен, шылымның құрамына Сәлімнің өнімдерінің қосылғандығын білуге болатын. Сәлім Рустембеков сияқты қорқып, дірілдеген жоқ. Ол тіпті қолындағы бокалдан бір жұтым вискині ішіп, асықпай үстелге қойды. Одан соң бір тал жүзімді үзіп, аузына салды. Сабыржан келіп оның жанына отырды. Сабыржан алдындағы қыздарға бір сәт қарап отырып, Сәлімнен сұрады:
- Сенің қыздарың бар ма?
Сәлім Сабыржанға қарап та қоймай, ауызына тағы бір тал жүзімді салып алып:
- Оны не қыласың? – деп өзінен сұрады.
- Сенің қызың өзінің әкесінен үлкен ер кісілермен осылай отырса сен оған не дейтін едің?
Сәлім жүзім жеуді жалғастырып:
- Түсінбедім, сен маған ақыл үйретуге келдің бе, әлде...
127
Ол енді Сабыржан жаққа қарады және үзіліп қалған сөзін жалғастырды:
- Білесің бе, мен жеті жыл түрмеде отырып шыққан адаммын. Не үшін деп сұрамайсың ба?
Сабыржан:
- Жоқ, сұрамаймын. Оның бұл іске еш қандай қатысы жоқ.
- Қателесесің. Таза байланысы бар. Мен ақиқатты айтқаным үшін, қоғамдағы әділетсіздікті паш еткенім үшін құрбан болған адаммын.
- Енді ол кегіңді мыналар сияқты бейкүнә қыз - жігіттерден алып жатырсың ба?
- Біріншіден, егер сенің үш жасар балаң мен әйеліңді мас рульге отырып, көз алдыңда басып кетсе, және ол жоғары лауазымды тұлға болғандықтан ешқандай жауапқа тартылмаса, әділеттілікті қайдан іздейсің? – Сәлім вискиден тағы бір ұрттады. Одан соң тура Сабыржанды көрмей жатқандай қыздар отырған жаққа қарап жалғастырды.
Енді Сәлім Сабыржанға қарап:
- Мен бұларға не жамандық жасаппын? Өздерінен сұрап көр. Қәне, қыздар, айтыңдаршы, мен сендерге бірер жамандық жасадым ба?
Бағанадан бері қорқып, не істерін білмей қалған қыздар олардың салмақты сұхбатын тыңдап отырып, еш нәрсе түсінбей таң қалып отыр еді. Сондықтан олар қожайынының сұрағына жауап беруге асықты:
- Жоқ, Сәлім аға. Керісінше, сіз бізге әрдайым көмектесіп жатырсыз.
-Міне көрдің бе, мен бұлардың оқуының пұлын төлеп беріп жатырмын. Өйткені әке-шешесінің жағдайы жоқ. Бес-он теңге пұл беріп тұрамын. Заман солай, жәй адаммен ешкім есептеспейді. Барлығын қалтаңдағы пұлыңмен ие болған қызметің шешеді. Ақиқатты іздеп өмір бойы басқалардың көзіне
128
телміріп, жоқшылықта өмір сүрген ше, арамдықпен болса да пұл тауып, адам сияқты өмір сүруді дұрыс көрдім.
Сабыржан не дерін білмей отырып қалды.
Жігіттердің бірі сөзге араласты:
- Білесің бе, сен наша, наркотиктеріңмен қаншама жастардың болашағын ойран еттің? Олар да біреулердің арзулы перзенттері еді ғой!
- Оны мен істемесем, басқасы істейтін еді, істеп жатыр. Сөзге тағы бір жігіт араласты:
- Сен өзің үшін жауап бер және бересің. Сен және сен сияқтылардың кесірінен қанша ма жастардың тағдырына балта шабылып жатыр. Жаны қиылып жатыр. Мысалы, мен жиырмаға толмаған туған туысымнан айрылдым. Сәлім ішінен тынып отырып қалды.
Одан соң вискині ішіп, жүзім жеп отырып жалғастырды:
- Сендер әлі еш нәрсе көрмепсіңдер. Уақыты келгенде көресіңдер, түсінесіңдер. Мұндай адамдармен маған сөйлесу қиын. Қысқасы, сендерге қанша керек?
Сабыржан қыздарға қарап:
- Қыздар енді сендердің керектерің жоқ. Жігіттер бұларды қақпаның жанындағы қарауыл отыратын бөлмеге қамап қойыңдар. Телефон болса сымын жұлып тастаңдар. Қараңдар, қыздарда да телефон болмасын.
Екі жігіт қыздарды алып шығып кеткеннен кейін, Сабыржан Сәлімге бұрылып:
- Ал, бар дүниеңді көрсет, - деді.
Сәлім оған қарап:
- Төменге түсейік, -деді.-
- Алдыма түс, бұйырды Сабыржан.
129
Сәлім қолындағы бокалды үстелге қойып, ақырын орнынан тұрды.
Жол баста, жүр, - тапаншасын оған тіреді Сабыржан. Сәлім оның алдына түсіп жүрді. Жігіттер оған ерді. Үйдің ішіндегі баспалдақпен жер асты үйіне түсуге болатын еді. Ол жерде өте үлкен бөлме болып, ортасына өте үлкен үстел қойылған. Үстелдің үстінде бүгін келген, жылтырақ қағаздарға оралған жиырма бума «мал» жатыпты.
Жігіттердің бірі пышағын шығарып, біреуін кесті. Оның ішінен ақ түсті ұнтақ төгіліп түсті.
- Түсінікті, - деді Сабыржан, - пұл қайда?
Сәлім қабырғада ілулі тұрған суретті көрсетті.
- Аш, көрсет, - деді Сабыржан. Сәлім суретті алып, жерге қойды. Оның артында қабырғаны ойып орнатылған сандық көрінді.
- Аш,- тағы бұйырды Сабыржан.
Сәлім суреттің артында жасырылған кілтті алып ашты.
- Бұл жерде алпыс мың доллар, - деді Сәлім және үстелдегі бумаларды көрсетіп, қалған пұлды «малға» салып жіберген.
- Қапқа сал.
Сәлім үстелде тұрған қаптардың бірін алып, сандыққа жақындады. Сол арада жігіттердің бірі:
- Анау жерде тағы бір сандық тұр, - деп үйдің тағы бір бұрышында тұрған үлкен сандықты көрсетті.
- Сабыржан, байқа! – жігіттердің бірі қатты айқайлап жіберді. Сәлім темір сандықтан тапанша шығарып, Сабыржанға беттеп жатыр еді. Алайда ол тапаншасын қауіпсіз режимнен шығарып үлгірмеді. Сабыржан мен тағы бір жігіттің атқан оқтары нысанаға дәл тиген еді. Сәлім еденге құлап түсті. Жағдайдың бұлай болуын жігіттер күтпеген еді.
130
Олар темір сандықтағы ақшаны қапқа салды да, енді не істейміз дегендей, Сабыржанға қарап қалды. Сабыржан үстел үстіндегі бумаларға қарап:
- Мынаны сол күйінше қалдырсақ, талай баланың обалына қаламыз. Бұны жоюымыз керек.
- Қалай?- сұрады жігіттердің бірі.
- Бұны өзімізбен сүйреп жүрудің қажеті жоқ.Үйге от қойыңдар. Жігіттер бір-біріне қарап бір сәт тұрып қалды. Одан кейін қалталарынан шақпақтарын шығарып, күйетін нәрсенің бәріне от қоя бастады. Бірінші қабатқа көтеріліп, ол жерге қағаз, газеттерді қалаймақан шашып, от қойды. Терезе перделері бірден тұтанып, күйе бастанды. Олар тез арада бақ жақтағы артқы есіктен үйді тастап шығып кетті. Жігіттер мәшинелеріне жеткенге дейін, Сәлімнің үйі лаулап күйіп, айналаны жап-жарық етіп жіберді. Көздеген жерге жеткеннен кейін, өзен бойында тоқтады. Олар үн-түнсіз темекілерін тұтатып отыра қалды.
Менің оны өлтіретін ойым жоқ еді, - деді Сабыржан тыныштықты бұзып.
- Басқа амал болмады ғой, - деді Батыр, - егер атпаған болсақ, ол бірімізді, мүмкін бірнешеуімізді атып тастауы мүмкін еді. Дегенмен қаламыз былғаныштардан біраз болса да тазаланып қалатын болды.
- Батыр тапаншаңды маған бер, - деді Сабыржан, - бұл тапаншалардан оқ шықты. Енді бұлардан құтылуымыз керек. Ол оқ атқан тапаншаларды ағып жатқан өзен суына тастап жіберді.
- Болды, жігіттер, бүгін дем алайық. Ертең кеште «Шынарда» көрісеміз. Олар бір-бірімен қоштасып, үйлеріне жүріп кетті.
* * *
Стамбул - сауда-саттық қаласы. Бұл жерде дүниенің түкпір-түкпірінен келген түрлі ұлттардың өкілдерін кездестіруге болады. Олардың кейбіреулері қала көріп, түрік халқының мәдени мирастарымен танысуға келсе, кейбіреулері Түркияның арзан малын алуға келген суадагерлер. Әлбетте, тіршілік пен жұмыс іздеп келгендер де жетерлік. Әсіресе жаздың күндері қала көшелерінде адам соншалықты көбейіп, тура құмырысқа ұясын еске
131
түсіреді. Жолдың екі қанатында қатар салынған дүкендер түн жарымына дейін жабылмайды. Өйткені жаздың ыстығында күндізден көрі, кешкісін салқында дүкен аралап, сауда жасау өте қолайлы. Он сегіз миллион халқы бар бұл қаладағы ғимарат, үйлердің бірінші қабатын толығымен дүкен немесе басқа қызмет орындары иеленген. Қай дүкенге кірсеңіз де, қонақжай түрік саудагерлері алдымен сізге бір стақан шәй немесе кофе ұсынады.
Одан кейін ашылып күліп:
- Қош, туысқан, қызмет? – деп сұрайды.
Мұндай сыпайы қарым-қатынастан кейін, алмаймын деген малыңызды да алуға мәжбүр боласыз. Әлбетте, жеп-ішу бұл жерде өз алдына бір дүние. Жер шарының әр жерінде өскен жеміс-жидек, көкөнис түрлерін бұл жерде кездестіруге болады. Сондай ақ түрікше кәуаптар, донер, гамбургер тағы , түрлі тағамдар әр бір қадамда өздерінің жағымды иісімен танауыңды жарып тұрады. Жалпы айтқанда, қала көшелерінен нағыз қайнаған өмірді көресіз.
Міне көше бойлап шаштары қойылған, жалаң аяқ, жап-жас бір қыз әрең дегенде жүріп келе жатыр. Ол неліктен екен, аяқ киімін шешіп, екі қолымен кеудесіне қатты басып алыпты. Өзі сұлу, көрінісі аңыздардағы перілерді еске салатын бұл нәзік жанға қарап, әркімнің іші ашиды. Қызшақ өткендерге, саудагерлердің алдына келіп, тек екі сөйлемді ғана қайталайды:
- Менің әпкемді көрдіңдер ме? Әпкем мені жоғалтып қойды. Кейбіреулердің оған іші ашып, пұл берсе, кейбіреулер жейтінін беріп қояды. Енді біреулер әлі ауызынан сүттің иісі кетпеген бұл жап-жас нәрестенің болып қалғанына қарап, көздеріне жас алады. Иә, әлбетте, бұл Гүлнур еді. Екі ай барысында әр күні көрсетіліп жатқан зорлық - зомбылық, балағаттарға сәби жүрегі шыдай алмай, ақылынан адасқан еді.
***
Искендер жатқан бөлмеге қойылған жозы айналасында Санжар имам бастаған тағы аппақ сақалды екі шал отыр. Оларға қарама - қарсы Мансұр келіп, отырды. Дастархан жәй ғана жасалған. Нұржамал қонақтарға шәй
132
құйып жатыр. Оның жылаған көздері қызарып, кабақтары ісінген. Искендер одан көз үзбей, әрбір әрекетін күзетіп жатыр. Нұржамал бүктеліп, кәртейіп кеткендей білінді оған. «Тоба, заманында бүкіл ауылдың жігіттері ғашық болған мына бір арудың болып қалғанын қара».
«Мен айыпты, әлбетте, мен айыпты. Күте алмадым. Үйленгенге дейін уәде еткен дәулетті көрсете алмадым. Басқасына тиген болса, мүмкін, қайғысыз, бақытты өмір сүрген болар еді. Мені бағамын деп, бұл осы қалге түсті. Міне енді дұрыс істедім. Өлер алдында болса да, бір сауапты іс істедім», - деген ойлармен ішін күйдіріп жатқан дертін басқандай болады ол. Шәй ішіліп болғаннан кейін:
- Тамақты тарта берейім бе, қажым? – деп сұрады Нұржамал.
-Біраз тұра тұрасыз ғой деймін, қызым, - деді имам, - алдымен некені қиып жіберсек. Қәне келіңіз, Мансұржанның қасына отырыңыз. Одан кейін имам кеңертегін бір қырып алып, неге екені белгісіз, Искендерден сұрады:
- Искендер некені қия берсек бола ма?
- Әлбетте, қажым, менен неге сұрайсыз? Бастай беріңіз, - деді. Имам барлық талап- ережелерге сәйкес неке қию рәсімін өткізді. Келген екі шал қыз атасы мен ұл атасының міндеттерін өтеді. Неке суы ішіліп болғаннан кейін имам:
-Иә, міне енді сендерді ерлі-зайыпты деп жарияласақ болады. Құтты болсын! – деп құттықтады. Оған екі шал да қосылғандай болды.
- Құтты болсын, сендерге ақ жол! – деді Искендер көздерінен еріксіз ағып жатқан жастарын көпшіліктен жасырып. Нұржамал да өзін ұстай алмай сыртықы бөлмеге шығып кетті. Шыбын ұшса естілетіндей жым-жырттық жайлады. Мұндай сәтте ешбір сөздің өтуі мүмкін емес еді. Әркім өз қиялымен отыр. Өзін біраз жөндеп алған Нұржамал кеселерде тұшпара тартты. Тамақ та тыныштықта ішілді. Тек ыстық тамақты үрлеу мен қасықтардың анда-санда кеселерге соғылуы естілетін. Тамақтан кейін тыныштықты тағы да имам бұзды:
- Мақұл, қызым сізге көп рахмет. Бақытты болыңдар, біз шығайық, - деп батаға қол көтерді.
133
Түн мезгілі. Искендер төбеге қарап, тағы қиял дариясына батқан. «Міне бәрі бітті. Болашаққа түзген жоспарлар, армандар барлығы жойылды. Солармен бір қатарда ұзын жылдар бойы өз қолына түсіріп қинап келген қайғы-қасірет бір сәтте таусылған еді». Әне оның бір өмір ғашық сүйгені, үш перзентінің анасы көрші бөлмеде жат еркектің қойнында жатыр. Ол өзі соны қалады. Өзі оны соған мәжбүрледі.
Ол іші-ішінен күйінеді. Оның жүрегін ұзын тырнақты бір мақұлық тынбай қасып жатыр. Алайда көңілінде қандай да бір жеңілдік, жарықты сезетін. Оның көздерінен тынбай ағып жатқан жастан жастығы су болып кеткен. Алайда ол оны сезбейді. Шексіз ой, қиялдар дариясы оны алып кетіп барады. Ол барғансайын алыстап барады...
Таң сүзілген кезде, оның жасқа толған көздері мәңгі жұмылды.
***
Өмір! Адам баласының дүниеге келіп, екі метр жерді алып жатқанға дейінгі болған аралық - өмір деп аталады. Алайда сол уақытша жарық дүниені қайғысыз, қуанышпен өткізунің өзі - әркімге несіп бола бермейтіні ақиқат. Неге солай? Бес күндік бұл әлемді пендесіне несіп етуші жаратушы иеміз өмірдің бар тәтті демдері мен ләззәтін татып өтуден айырады. Мүмкін бұл адамдардың бір - біріне болған қарым-қатынасы, мейірімі ақыры келіп адамилыққа байланысты. Себебі, әрбір адам өз бақытының ашытқысы емес пе? Иә, біз ше болғанда, барлық гәп нақ міне осында болу керек.
Ұлы Алла - тағала, жаратуды мен жараттым, жаралу өзіңнен деген емес пе? Көбінесе біз адамдар осындай нақылдарға көңіл бөлмейміз. Жарық дүние бізга бақидай, ертеңгі күнімізді еш ойламай іс істейміз. Мал - дүние, мансап - пұл үшін адами қасиеттерімізді ұмытып, бір-бірімізден безіп кетеміз. Кейде кемшілігімізді мойындайтын кез келіп қалса, тағы қам сүт ішкен пендеміз ғой деп пендешілікке итереміз. Неге екені, пенде дегеніміздің сіз бен біз
134
екендігімізді мойындағымыз келмейді. Әрбір адам бұл дүниеде жіберген қылмыстары үшін, сауапты істері үшін жауап беруі тиіс. Тағы келіп ақирет күні ғана емес, осы дүниенің өзі ақ есеп-қисап талап ететіні ақиқатқа тура келеді екен.
Бұған еңбегіміздің қаһарманы Искендердің өмірі толық негіз бола алады.
Болашаққа зор үміт артқан бақтияр бір отбасының ойран болып кетуі бекер емес пе? Жоқ! Бұл жерде Искендер кім? – деген сұраққа жауап іздегеніміз орынды. Бұл жерге қалай, не үшін келіп қалды? Бұл туралы ол ауыз ашпаған еді.
Әслі Искендер отбасында жалғыз перзент еді. Сондықтан оның айтқаны айтқан, дегені деген ерке - тотай балалардан болып өседі. Әлі балағатқа жетпей ішімдік, шегімдіктерге беріліп, түрлі істерге араласып, әке-шешесін зар қақсатқан еді. Кейінірек, жиырма жасқа толмай тұрып ақ ауылдағы инабатты бір отбасының он алты жасты қызына зорлық жасап, жүкті етіп қояды. Ол да бала тоқтамай туылған жалғыз қыз еді. Ол кезде бүкіл ауыл, жұрт болып араға кіріп, оны түрмеден аман алып қалған. Қыздың әке-шешесі жұрт ақсақалдарының сөзін жерге қоймай, Искендер мен қызының некесін қиып, қосып қоюға разылығын берген. Бірақ онымен Искендердің сотқарлығы басылмайды. Бала құрсақта төрт айлық болғанда, наркотиктың әсерінен есін жоғалтқан ол , әйеліне пышақ салып өлтіреді. Бұған шыдай алмаған Искендердің әке-шешесі өз жұртын тастап кетуге мәжбүр болады. Алайда баланың дертінде күйіп күл болған ана жүрегі ұзаққа бармай мәңгіге тоқтайды. Жалғыз қалған ата да жат жұрттарда сарсан болып, көп өтпей дүниеден өтеді. Искендер сегіз жылға еркіндігінен айрылып, түрмеге қамалады. Сот мезгілінде қыздың анасы: «Илаһим, нәсіліңмен құрып кетерсін!» - деп, теріс дуа етеді. Ол бес жыл болғанда азаттыққа шығып, Бостандық ауылына келіп орналасады. Қалған өмірінде адамдарға тек жақсылық етсе де, қарғыс тиген тағдырынан бүкіл отбасы ойран болды.
Айнур мен Гүлнур төрт ай дегенде мемлекет органдарының араласуымен дипломатиялық жолдар арқылы үйіне қайта оралады. Сабыржан болса, жол сақшыларының тексеру нәтижесінде мәшинесінен құрал шығып, үш жылға сотталып кетеді. Сонымен олар құрған топ - «Көк бөрілер де» өз жұмысын тоқтатады. Өйткені Сабыржаннан кейін олар бас қоса алмаған еді...