Жала зобалаңы
Қоғабай жайбарақат барып әскери прпокуратура орналасқан бес қабат ғимараттың есігін асықпай ашып ішіне кірді. Бұл жерде қызмет істейтін заңгерлердің бәрін де жақсы танитындай еді, кездескен жерде жылы амандасып тұратын,олар да өзіндей погон таққан қазақ жігіттері еді. Бұрын осындай жоғарғы өкілетті ұжымдарда көбіне басқа ұлттың өкілдері қызмет істейтін, егер арасында қазақ көрсең қуанатын кез болған. Тергеуші капитан Сеілхановқа барып жолығыңыз - деді суық жүзді әскери прокурор,-сіздің мәселеңізбен сол тергеуші айналысады. Қоғабай болса ішінде еш жаман күдігі жоқ адам болғандықтан, әскери прокурордың сіздің ісіңізбен деп нығыздай айтқан сөзіне онша мән бермеді. Қызметін адал атқарып жүрген адамға қандай үйдей пәленің өзі келіп жабысуы мүмкін. Тергеуші капитан Сеілханов болса Қоғабаймен бұрынғыдай жылы амандасып, қол алыспай бас изеп қана амандасты. -Солдат Боранбаевты танисыз ба. Қоғабай әрине ол солдатты жақсы таниды. Ол солдат подполковник Қоғабай Сапақовтың қарамағында әскери борышын өтеген, бірақ қызметінің соңғы күндерінде әскерден қашқан. Бірақ қызметі күрт жоғарылап генералдық қызметке ауысқан полктің бұрынғы командирі өз полкінде мынадай тәртіп бұзушылықтың бар екенін жасыру үшін Боранбаевты қашқындар тізіміне қоспай қызмет мерзімін толық өтеп болған солдаттар тізіміне қосқан. Сол жайында полк командирі өз бұйрығын шығарып қолын да қойған. Сыртынан бір қарағанда істің бәрі заңды сияқты. Олай болса тергеуші неге сұрақтар қойып жатыр. Бір жауынгердіңәскери қызметінің бітуіне подполковник Сапақовтың еш қатысы жоқ сияқты. Әрине подполковник Сапақовтың айтылған істерге еш қатысы жоқ та сияқты. Бұрынғы полк командирі полковник Федоров заңды белінен басып отыр, Абірақ сол астан-кестен заманда кім соған мән беріп жатыр,ең бастысы сарбаздардың бәрі өз орынында, өлген,жараланған адам жоқ. Қол сынса жең ішінде, бас жарылса тымақ ішінде. –Боранбаевтың әпкесі азаматша Жамал Айдархановадан екі жүз мың теңге пара алыпсызОл аздай зорлағансыз,ұрғансыз. Айдархановадан арыз түсті. Соған сәйкес үстіңізден қылмыстық іс қозғалды. Осы сөздерді тергеушінің ауызынан алғаш естігенде Қоғабайдың үстіне жай түскендей жағдайда болды,тіпті бірнеше секундқа сөйлей алмай да қалды. . Иә,пәле. Алла тағалам өзің сақтай көр. Естімеген елде көп деген осыНе айтып отырғанын тергеушінің өзі түсіне ме екен. Қазақ армиясының жоғарғы шенді офицері,білдей қазақ подполковник өзінің қарындасы,қазақ әйелін ұрды,зорлады дегеніміз ақыл-есі дұрыс адам сенбейтін жағдай. Бұл енді подполковник Сапақовтың дүние танымынша. Ал тергеуші СЕйілхано мүлде басқа әлемде тәрбие алған адам сияқты. ТЕргеуші айтып отырған аюандықтар жайлы шынымен бұрын естіп едік,бірақ ондай жағдайлар қашан,қайда болған еді. Иә,иә, фашистер соғыс кезінде бір әйел түгілі толық бір деревняларды ұрмақ зорламақ түгілі шырылдаған сәбилерді де аямастан бәрін күлге айналдырып өртеп те жіберген. Керек десеңіз ауылдан бір шығып көрмеген қазақтың қариясына жапонның тыңшысысың деп айып тағып сотталған дегенді де естіп өскенбіз. Міне енді ел аман жұрт тыныш замандаөткен замандағы фашистерге ғана тән аюандық кінәні ұлты қазақ тергеуші басқа бір ұлты қазақ офицеріне ұялмастан тағып отыр. Оның үстіне Қоғабай Жамалды осыдан екі күн бұрын ғана көрген. Ойламаған жерде әскери қалашықта кездесіп қалып,екеуі ескі таныстардай,күлімсіреп жылы амандасқан. Жамалдың түрі Қоғабайға тым көңілсіз көрінген. Қоғабайға әлдебір туысындай жылы ұшырай қарап,ішіндегі буып тұрған сырын да айтқан,Жамал солдат бауырының құжаттары қолына тие сала,алыста тұратын туыстарын қуанту үшін,еш адамды ескертпестен сол жаққа аттанып кетеді. Үйіне келген соң күйеуі Жеңісбек әйеліне қатты ашуланып оны ұрған екен. Әйел соған ренжулі. Қоғабай ерлі зайытылар арасында ондай жағдайлар болып тұрады дегендей басу сөздер айтқан. Енді міне барлық айып Қоғабайдың өзіне жабылып отыр. Терегеушінің беті де шімірікпейтін сияқтыЖамалды ҚОғабаймен екі күн бұрын болған өзара әңгімесіне еш куә жоқ,араларында қандай әңгіме болғанына еш жан сенбес. . Тергеушілердің тәрбиесі,өмір жайлы пікірі бәлкім басқа жұрттан бөлек болар. Мүмкін ойда жоқ жерде Қоғабайды шошытып прокуролар ойнап та отырған шығар. Подполковник Қоғабай Сапақов қазағым десе бүйрегі бұрып тұратын, әр қазақ менің жалғызым деп санайтын,мінезі барынша аңғал,сенгіш,әзілге жақын,қазақы мінезді адам еді,Әскери прокуратура қызметкерлерін де дәл өзіндей нағыз қазақтарға балайтын. Оларды көрген сайын күлімдеп, қол алысып амандаспай өтпейтін. Тергеушінің бүгінгі қойып отырған сұрақтары Қоғабайдың миына,жүрегіне инедей қадалуда,әзілдесіп отырған адам мынадай сұрақтарды қоймас та еді. Көрген түске де ұқсамайды. Бірақ солай болса жақсы ақ болар еді. Бірақ суық жүзді прокурор да,Қоғабайдың айтқан бір де бір сөзіне сенбей отырған тергеуші де ащы шындық. Осылай басталған әңгіме,жоқ,әңгіме емес,тергеу бірнеше күнге созылып кетті. Барған сайын тергеушінің шабуылы басылудың орынына үдей түсті. Жәбірленушіі деп саналатын әйелмен беттестіру де болып өтті. Денесінде,қолында көгерген дақтар болыпты,сарапшылар соның бәрін,зерттеген,растаған. Әйелдің айтуынша бәріне подполковник кінәлі екен. Ұрған,зорлаған,қинаған, алдап қонақүйге апарған. Зорлау сондай күні,қонақүйдің бәленше бөлмесінде кушетканың үстінде болған. Қай қонақ үйде болса да міндетті түрде келіп кетушылердің тізімі болады. Қоғабайдың дәл сол күні қонақүйде болғанын немесе ол жақта мүлде болмағанын тексеру ең оңай шаруа. Қоғабайдың ешқандай қонақүйде болмағаны өзіне аян. Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды дейді дана халқымыз. Әр ер адам офицер погонын кигенге дейін талай сынақтан өтеді,оның бойы да,ойы да сан текесерістен өтеді. Офицер погонын ақшаға сатып алудың өзі де мүмкін емес. Офицер деген қауым әрдайым әйел халқының назарындан тыс қалмайды. Ұстап қолымды көгертті деп шағымданып отырған әйел мүмкін әлдебір подполковник келіп тым болмаса қолымнан ұстаса екен деп прмандап жүрген шығар. Тергеушінің айтып отырған күні Қоғабайдың қан қысымы көтеріліп әскери бөлімнің дәрігерлік пунктіне баруға мәжбүр болған. Інісінің құжаттарын алу үшін Айдарханова подполковникті сол жерге іздеп келген. Соны көрген куәгерлер де көп. Елдің көзінше қағаздарға қол қойылып әйелдің қолына берілген. Ол болса рахметін жаудырумен қоштасып,өз шаруаларымен кеткен. Соның бәрін,есіген,көрген адамдар жетерлік,сенбесеңіз шақырыңыздар,сұраңыздар. Тергеуші болса Қоғабайдың бір де бір сөзін естімейтін адам сияқты. Қайтсең де Қоғабайдың қылмыскер екенін дәлелдеп,оның көзін қайтсең де жоясың деп жоғарғы жақтан нақты тапсырма алған адам сияқтыҚоғабайдың еш қылмыс жасамағанымды бір-екі күнде ақ дәлелдеп шығармын деген сенімі күн өткен сайын кеми бастағандай еді. Оның үстіне тергеушілер де жиі ауыса бастаған. Бірақ қай тергеуші келсе де қоятын сұрақтары бір сарында. Қоғабайдың ешуақытта ешқашан қонақүйде болмағаны туралы мың айтылса да сол бір сұрақ қайта қайта қойыла берді,қойыла берді. Айтылып отырған жайлар тоқсаныншы жылдардың оқиғалары,қазақтың енді ғана егемен ел болған кезеңі, ел өмір сүрген алып мемлекет тарап кетіп,жас елдің жаңа заңдары әлі қабылданып үлгермеген шақ еді. Кеңес өкіметінің заңдарының талай әділетсіз тұстарын көрген адамдар да жас қазақ мемлекетінің өмірі әлі қалай болатындығын еш жан әзірге көз алдына да елестете алмайтын заман еді. Бұрынғы кеңес заманында пркуратура қылмыскерсің деп күдігіне бір ілікке адам ақыры жазаланбай қоймайтын. ОЛ туралы қарапайым халықтың ортасында түрмеге неғұрлым ертерек отырсаң ертерек шығасың деген сөз де бар еді. Сол жылдары Қоғабайдың прокуратураның табалдырығын тоздырып жүрген шағында тергеушілердің өзара әңгімесінен білгені Қазақстанда қылмыстық істерді жүргізу жайында жаңа заңдар жазылып жатыр. Қылмыс істеген жанның қылмыстары нақты айғақтармен дәлелденуі керек, еш кінәсіз адамға кінә тағып,бостан бос күйе жағуға болмайды. Керек десеңіз күйе жаққан тарапқа заң алдында жауап беруге тура келеді. Бұл заң егер құдай оңдапқабылдана қалса подполковник Сапақовқа ең керек заң екен. Нағыз елге ең жағымды,айналайын заң осы. Бірақ ондай әділ заң қашан жазылмақ,қашан қабылданбақ. Кеңестік жүйеде тәрбиеленген тергеушілер болса істі тез арада бітіре салмақшы,бүркітше басқа қонып алып,өткір тырнақтарымен қан шығарып бүріп барада,бүріп барады,жан шыдатар емес. Тергеушілерді адам тағдыры мүлде ойландырмайтын сияқты,олардың мақсаты күрмеуіне бір іліккен адамды кінәсі болсын,болмасын әйтеуір түрмеге отырғызу,өз жоспарларын орындау. Қоғабайбала кезінен мойынына құрық түскен асау айғырларды талай көріп еді. Алғашында құрық арқаны қыл мойыннан алыстау іліккендікткен асау жылқы бақташысын ат матымен сүйрей жөнеледі. Жануар байғұс жұлқынған сайын арқан мойын жіңішкегіне жақындай түседі. Сондағы асау айғырдың жанары шарасыздықтан алайып туған даласын басына бір көтеріп арқырата бір кісінеуге де,үйірімен қоштасуға күш қайраты жетпей қалады. Демі таусылғандығы сонша,ол бір жұтым ауаға зәру. Жылқышының күші,қайраты қолына ұстаған арқанда болса,тергеушінің күші қолданып отырған заңында,оған пәрмен беріп отырған қарсылас жақ жазған арыз. Оның кіршіксіз жанға жағылған күйе екенін,жабылған айыптың жала екенін дәлелдеуің керек. Болмаған істің расында да дәлелдеуің түк емес,егер айтылған айғақтарды көретін көз, еститін құлақ болса. Қоғабай атын атаған куәлер тергеушіге шақырылмайды,қонақүйді де әдейі барып тексерген адам жоқ. Подполковник жан айқайын еш адам ести алмайтын,сырылдаған қалың құмның нақ ортасында қалғандай мең-зең күйге түсті. Оны күні түні бір ғана ой мазалайды,қайтсем мына жабылған жала,жағылған күйеден құтыла аламын. Еш адамды зорламағаны,пара алмағаны өзіне аян,бірақ бұрқ етіп сондай бір сөз шыққаннан кейін қалған ел де саған күдіктене қарайды екен. Оның үстіне гарнизонға тексеріспен келген бір адуынды генерал мінбеге шығып бір сөйлеген сөзінде сөзін тұздықты ету үшін елді елең еткізу үшін подполковник Қоғабай Спақовтың істеген қылмысы жайлы да әңгіме қозғапты. Әскердегі жазылмаған заң бойынша қолында үлкен билігі,иығында үлкен жұлдызы бар адамның айтқаны ақиқат саналады. Осы оқиғаны естігеннен кейін подполковник Қоғабай САпақов елдің бәрі солай деп шуласа мен бәлкім шынымен есімнен адасқан шығармын,ақша алғаным да,әйелді зорлағаным да рас та шығар деп те ойлай бастады. Бұлісте енді соңғы нүктені тек заң орыны ғана қоя алады. Бірақ жалпы адамзат өмірінде шынымен де әділдіктің бар екеніне сенейін десе. . . Осыдан бір екі жыл бұрын Қоғабай бір әріптесінің шақыруымен бір тойдың сыйлы қонағы болған еді. Сол тойда жасы елулерге таяп қалған салиқалы адам сот болып істейді екен. Тойға келгендердің көбі сол кісіге келіп иіліп сәлем беруден бір айнымады. Сол сот төрағасы сөз алғанда жас жұбайларды құттықтап тұрып менің сендерге берер сыйлығым сол,ертең маған кім не әкелсе де сендерге сыйға тартам теп еді. Масайрап отырған жұрт мынадай сөздерді естіп ду күлген. Тіпті шыдай алмай қол соғып жібергендер де болған. Сотта қандай адамдардың істейтіндігі,ондай жерде әділдіктің болмайтындығы түсінікті сияқты да еді. Ондай соттың әділдігіне сенгеннен гөрі жұмақта өмір бар дегенге сенген дұрыс шығар. Қоғабай өз өмірінде алғаш рет енді ажал жайлы да ойланатын болды. Өлім туралы ойлаудан басқа жол қалмағандай еді. Бір адамдар үшін сотты болу,сотталу түкке тұрмайтын мәселе. Кей пенделердің мынау қысқа өмір ішінде аз уақытқа сотталып шығу өмір жоспарында болуы да мүмкін. Тіпті сотталып келгенін мақтаныш көретін адамдар кездеседі. Кей бейбақтар тіпті бір орден алғандай,кеудесіне өшпестей етіп не забуду,мать родную деген сияқты сөздерді кеудесіне жазып та алады. Моншаға барып шешінгенде Қоғабай ондалардың талайын көрген, сондай жындылардан әрі жүруге, сөйлеспеуге тырысатын. Өзі болса әулетінің,бір мектептің бетке ұстар мақтанышы еді,Қоғабайға дейінде өзі оқыған ол мектептен әскери оқуға түсемін деп аттанғандар болған. Бірақ олар не емтихан тапсыра алмай немесе денсаулығы жарамай ауылға қайтып келетін еді. Қазақ балаларының ішінен офицер болған Қоғабай жалғыз болатын. Мектепті бітіргендеріне талай жыл өтсе де демалысқа келген сайын Қоғабайды мұғалімдер оқушылармен кездесуге шақыратын. Отан үшін отқа түс күймейсің деген Бауыржан Момыш ұлы атамыздың сөздерінің мағынасын Қоғабай мектеп қабырғасындағы балаларға талай рет түсіндірген. Отан үшін отқа түсуге дайын жүрген жандардың бірі өзі еді ғой,енді офицер сотты болса,онда оның нағыз азамат емес,соқыр көбелек болғаны да. Мектептің мақтан етер түлегі ретінде Қоғабайдың суреті мектепте күні бүгінге дейін ілулі тұр еді. Қоғабайдыңауылына ол туралы тек жақсы хабарлар жететін. Енді подполковник Қоғабай Сапақов соттала қалса,ол ауылға бомба түскендей әсер етер еді. Туыстар,достар қапа болады. Сондай суыт хабарға бәлкім біреулер сенбес те. Бірақ қуанатындар да табылар. Әсіресе аналар,кеудесінде ана туралы жазуы бар жандар. Мынадай ұятқа шыдамай әкенің,ананың өліп те кетуі мүмкін. Өлімнен ұят күшті деген осы. Жабысқан жаладан қалай құтылады. Саянда күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ. Шіркін,құзыреттен адам келіпбір-ақ күн тек бір рет жала жабылып отырғандығына бірден көз жеткізер еді. Подоллковник Сапақов арызын жоғарғы жаққа жолдап,маған жала жабылып отыр деп арызданған. Бірақ оның жазғандарының бәрі қылмыстық істі алғашқы болып қозғаған әскери прокуратураға қарауға қайта жіберіледі екен. Тышқан мысықтың үстінен арыз жазса,сол арыздың мысыққа қайта жіберілетіні сияқты ғой,баяғы. Содан Сапақов шарасыздың күнін кешіп жүрді. Қорғансыздың көрген күні осындай ақ болар. Егер шынымен де біреуден пара алып,шынымен әйелді зорласа дәл осылай қиналмас та еді. Өйткені қай адам болса да қолымен істеген қылмысты мойынымен көтеруге тиісті. Өмірде ең қиыны нахақтан күю екен. Қылмыс жасасаң оны істеген өзіңсің,өзің кінәлісің,шынтағыңды тістейін десең,ауызың жетпейді. . Өмір болған соң,өкінетін жерің де табылады,әрине. Не үшін солдаттың айтқанына ердім, ресми түрде шенімді атап подполковник деп айтпай,қазақшалап аға дегеніне ери кеттім. Бұрынғылардан,генералдардан,полковниктерден қалған нақыл сөз бар,онда солдаттың қай жерін меірлене сүйсең де,оның сүйілген жері оның дәл көтені болып шағады делінген. Солдатпен офицердің қарым қатынасы қандай болуы керек шаралар әскери жарғыларда,қай елдің болса да қорғаныс министрлерінің бұйрықтарында аса нақты көрсетілген. Және де ол заңдар,нақылдар көп ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибеден,саған дейіін де қызмет еткен миллиондаған офицерлердің шын көз жасынан алынған,керек десеңіз адамдардың қанымен жазылған дүниелер. МАрат Боранбаев еш себепсіз әскерден қашқан. Оған біреу зәбір көрсетті деген мәлімет жоқ. Оның өзі де еш жерге еш уақытта шағым айтпаған. Генералдық қызметке жоғарылап кеткен полктың бұрығы командирі Федоров полктің жағдайын жақсырақ көрсету үшін Боранбаевты әскерден қашып жүргендер тізіміне емес,әскери қызмет мерзімі аяқталған солдаттар сапында өз бұйрығмен әскерден босатқан. Солдат әскерден қашқан жағдайда ол жөнінде әскери прокуратура міндетті түрде қылмыстық іс қозғауға тиіс еді. Жаңа мемлекет құрылып жатқан мынау ала сапыран замандақайдағы бір солдаттың қылмыстық ісі туралы еш құжаттың болмауы да мүмкін. Ол заманда әзірге компютер деген бірен саран,офицер кадрлар жетіспейді. Боранбаевтың құжаттарының мән жайын анықтау үшін дивизия штабы орналасқан Аякөз қаласына басқа да полктіңжиналып қалған шаруаларын бітірейін деп подполковник С апақов Боранбаевты поезбен өзімен бірге ала келген. Солдатты көзімнің алдында жүрсін деп өзімен ертіп жүруінің тағы бір себебі екі күн бұрын бұл солдатты асылып тұрған жерінен қызметтестері құтқарып қалған едІ Бір дем алуға тоқтаған сәтте солдат аға деді. Жақын жерде менің туған әпкем тұрады. Сонда барайықшы. Подполковник Сапақов алыс жерде әскери оқу оқып,қызмет істеп қазағын аңсап жүрген жан еді. Әпкем,жиендерім,туған жездем деген сөздер құлағына жаға кетті. Солдат бастап,подполковник қостап аяздан дірдектеген екеуі жеткенде үй ішінің адамдары бәрі орынында екен. Бұл екеуі кіріп келгеннен кейін бір сәт бәрі абыр сабыр күйге түскен. Үй ішінің бәрі қуанып қоштап,құшақтап солдат нағашысын сүйіп жатыр. Сол қуаныш,қошеметтің біразы Қоғабайға да бұйырып жатыр. Туысын алып келгені үшін подполковникке алғыстарын жаудыруда. Біраз әңгімелесіп сөйлескеннен кейін подполковникпен солдат үстеріндегі әскери формалары шешкен соң жылынып көңілдері көтеріле бастады. Мараттың әпкесі Жамал,жездесі Жеңісбек азғантай әңгімелескеннен кейін ақ нағыз қазақтарша ортақ тіл табысып,тіпті байырғы таныстарындай шүйіркелесе бастады. Офицермен солдат ойламаған жерден келген қонақтар болғандықтан дастарханның жұпынылығына ешқандай мән берген жоқ. Дастархан жайылғанда мені де ұмытып кетпеңдер дегендей қылтиып бір көкмойын келді. Қоғабай бұл өлкеге жаңа келген адам болғандықтан жаңа адамдармен танысқанына қатты қуанып отырды. Кім біледі,бәлкім туыстай болып жақын араласып кетерміз деген дәмесі де жоқ емес еді. Әңгімеден әңгіме шығып отырып Қоғабай өзінің неміс жеріндегі бұрынғы қызметі,өз өмірі жайлы айтты. Жеңісбектің де,Жамалдың да ауыздарын аша,қызыға тыңдағаны неміс жерінен айдап әкелінген ақ мерседес жайлы әңгімесі болды. Сол Мерседестің т үсі аппақ еді,қараған адам көзін ала алмай қалатын. Тоқсаныншы жылдары кәрі болсын,жас болсын,жеңіл машиналар жайлы әңгімелерді аса сүйіп тыңдайты. . Өйткені ол заманда жеңіл машина дегеніміз әркімнің қолы жете бермейтін үлкен бір дүние еді. МАшинасы бар адам бай адам саналатын. Волга машинасын мініп жүрген адам шіреніп жүретін заман еді,ал әлемдегі ең жүйрік немістің мерседес машинасын тіпті мінбек түгілі,әлі көрмеген де адамдар бар еді. МАшина дегеніміз көздің құрты болатын. Подполковник Қоғабай Сапақов мерседес жайлы сөз болған сол бір кешті ойлай келе бір нәрсені енді түсіне батағандай күйге енді. Жеңісбек пен Жамал Қоғабайды бай офицер деп санағанЖалпы халық бай адамдарға қызғанышпен қарайды,реті келсе солардан бірдеме жұлып қалуға да онша қарсы емес. Сондықтан жала жауып сотқа берген. Жанрдың жаңы бойынша,олардың арызын қайтару үшін Қоғабайдан енді ақша немесе сол құрып кеткір Мерседестің дәл өзінен дәмеленіп отыр. Бірақ подполковник Қоғабай Сапақовтың жаман аты енді елге гу гу тарап кетті,алдағы уақытта Мерседес жақсы атыңды қайтара алмайды,қалай болғанда да дақ түскелі тұрған жақсы атыңды қорғап калуың,адалдығыңды дәлелдеп шуғуың үшін аянбай күресуің керек. ОНда айдархановтардың дегеніне сеніп тергеушілер неліктен соншама қадалып отыр. Олар да бірдеңе дәм етеді ау шамасы. Айдархановтар да тергеушілер де бір қаланың тұрғындары. Олардың бірін бірі тануы,тіпті жақын туыс немесе бір кездегі көршілері болуы да мүмкін. Арыз беруші әйелдің,тергеушінің мақсаты біреу,ол ақша табу,бірақ осыны дәлелдеу мүмкін емес. Тағы бір себеп әскери адамдармен полицияның арасында бәсекелестік баяғыдан бар. Мемлекет үшін әскер өзінің көзінің қарашағындай сақтайтын туған перзенті сияқтыПәтер бөлістіргенде де мемлекет бірінші әскери офицерлерінің жағдайын ойлайды,еңбекақы төлегенде де солай. Ең бірінші кезекте офицерлердің еңбекақысын көтереді. Ел бәленбай жыл бейбітшілік жағдайда өмір сүруде. Ешқандай соғыс жоқ. Офицерлер жүр шіреніп,тамақтары тоқ,киімдері көк. Енді полицияның қолына жолы болмаған бір офицер түссе,енді олар аянбайды,қайткенде де офицерді уысынан шығармайды. Бірақ сол полицияның өзін әскер тәрбиелеп шығарғанын да ұмытып кетеді. Әскери қатал тәртіпке үйретілмеген адам шын полиция бола алмайды. Сондықтан полиция боламын деп алғашқы қадам жасаған адамға қойылатын бірінші сұрақ ол әскерде болып келдің бе. Егер жас әлі әскерде болмаған болса,оған дәл әскердегідей оған оқу дұрыс жүруді,тұруды үйретуден басталады. Міне солай,әскер мен полиция арасындағы бәсекелестіктің бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ мемлекет ішінде қандай да бір ланкестік жағдай туа қалса,онда полиция алға. Шекара тыныш болса болды,ел ішіндегі жағдайға әскердің қатысы жоқ,сондықтан офицерлердің өмірі сырт көзге жайлы көрінеді. Үстінен қылмыстық іс қозғалғалы подполковник Қоғабай Сапақов полицияның тегеурінін әбден сезінді,тергеуге шақырылған сайын сол сәттерде адам бар құқығынан айырылады екен. Адам өзінің үйіне қашан қайтып ораларын білмейді екен. Тергеу бүгін бітеме,әлде осы бетіңмен сотың болып,түрмеден бес,он жылдан кейін шығасың,соны да білмейсің,ертеңгі күнің бұлыңғыр. Қыспаққа әбден ілінген подполковник Қоғабай Сапақов заң алдында еш кінәсі болмаса да,тағдыр тәлкегіне түсіп тұрғанын білгенде әділдіктің шынында да бар екеніне сенуден басқа амалы қалмады. Соңына дейін сол әділдік үшін күресемін деп шешті. Бірақ соңғы кезде жүрегі жиі ауыратын болып жүр. Жағдайдың дұрыс болмай бара жатқанын жүрек құрығыр көзі бардай сезеді ау. Адамның жаны машинаның қозғалтқышы емес,оны уақытша өшіріп қоя алмайсың. Адамның басы шыдағанмен жабылған жаланың ауыртпалығынан жүректің шыдай алмауы мүкін. Сырттан қараған жұрт киген киіміне қарап офицердің бәрі командирлер деп ойлайды. Подпорлковник Қоғаба» Сапақовтың өзі де он тоғыз жасқа келгенше дәл солай ойлайтын еді. Шындап келгенде лейтенант формасын кигендердің бәрі взвод командирі емес екен. Олардың ішінде дәрігер де,заңгерлер де,психологтар да бар екен. Олардың әскери форма кимейтін мамандықтардан айырмасы олардың әскер тәртіппен өмір сүретін мемлекет адамдары. Олар қай кезде болса да кеуделерін отан үшін оққа төсеуге дайын болуға тиіс. Сол үшін де мемлекет оларға ерекше қамқорлық жасайды. Мысалы,бетін аулақ қылсын, соғыс бастала қалса жәй адам қолына қару алып отан қорғауға кіру үшін кемінде жарты жыл уақыт керек,ал әскери адам оқтаулы тұрған мылтық сияқты. Отанын қорғауға ол офицер,ол дайын,керегім болса мен мұндамын деп тұрады. Оған қоса әскерде өз сазггерлерін,музыка мамандарын дайындайтын да жоғары оқу орындары бар екен. ОБлыстық газеттің штаттан тыс белсенді тілшісі Қоғабай Сапақов жасынан қағазға әуес жан еді,. жазғандары республикалық газет журналдарға жиі басылатын. Қаламақы алуға біраз үйреніп қалған кезі еді. Әкесі Құттыбай онша хат танымаса да қазақтың ауыз әдебиеті фольклорын жақсы білеті. ,Қоғабай жасынан Ақан серінің,Біржан салдың,Естай ақынның әндерімен сусындап өскен бала еді. Атасы Жақан тура сексеннің сеңгіріне шыққанша өлең жазған ақын адам болған еді. Сондай қой бағып жүрген қазақтардан тәлім тәрбие алып өскен Қоғабай кітапқұмар болып ержетті. Атына мініп қой бағып қырға шыққанда оның қойын қонышы кітаптарға,газет журналдарға толы болатын. Ол кітап оқып,қой бағып жүргенде мынау сырын білмейтін адам үшін қазақтың кең даласы Қоғабаймен адамша сырласатын. Мынау кең жазық дала шопандардың жүрегіне жақын құт мекені болса да қойшылардың адал еңбегі,күнде көріп жүрген бейнеті неге дұрыстап бағаланбайды,еңбекақылары неге соншама төмен. Осының бәрін өскенде зерттесем,жазсам деп армандайтын еді,есейе келе Сәбит Мұқановтай,Мұхтар Әуезовтей ұлы жазушы бола алсам деген арман туындады. Сол армандардың,мақсаттардың бәріне жету ең бастысы білім,оқу керек. Далада қой бағып өз өмірін өткізген көп оқымаған қазақ сол білімнің ,оқудың не үшін қажет екенін шегіне жете түсіне де алмайды. Баласы үйден шықса қаланың балаларына қосылып жынды болып кетеді деп қорқады, соншама ақша шығарып,көп оқудың не қажеті бар деп те ойлайды. Дәл сондай жағдайда өскен Қоғабай жоғары білімі бар мұғалімдердің балаларының өміріне шындап қызығатын еді. Олардың ата анасы жоғары білім алған ұстаздар болса,олар ерте кезден ақ балаларын институтқа түсіп оқуға дайындайды, Қойшының баласына институтте оқуы үшін әке шешесін көндірудің өзі кейде оңай шаруа емес,Шопандар малын бағып,өз күнін өзі көре алатын адамға сол институттың не үшін керегі бар екенін түсінбейді. Қоғабай өміріндегі бірінші мақаласын он жасында жазған. Сол он жасқа дейін қолына іліккен қазақтың бар ертегілерімен қоса мың бір түнді де оқып тауысқан бала еді. Оқу,жазуды білсе де әзірге қолына конверт ұстап,хат жолдауды үйренбеген. Шопандар жайлы жазған мақаласын қайда жіберерін білмей көшеде келе жатқанда Сағындық атты зоотехник ағатай кездесті. Ол Қоғабай баланың тырнақалды мақаласын оқып болып біраз күліп тұрды да баланы өзінің үйіне ертіп барды. Шопанның баласы Қоғабай үшін зоотехник деген үлкен бастық. Ол келгенде қойшылар оны мәртебелі адамдай бас иіп қарсы алады. Зоотехник дегеніміз ферма меңгерушісінен кейін лауазымы жағынан екінші адам. Сол зоотехник САғындық ағай бала Қоғабайды менсініп үлкен адамдай құрметтеп ерінбей облыстық газетті әдейі іздеп тауып оның қай жерінде адресі жазылатынын көрсетіп айтып,түсіндіріп берді. Көп жыл өткеннен кейін әскери журналист подполковник Қоғабай САпақов балалық шағындағы сол күнді сағына еске алса,зоотехник Сағындық ағатайы журналистика ғылымынан сабақ берген алғашқы ұстазы екен. Рахмет сізге ағатай,сол істеген жақсылығыңызды өмір бойы ұмыта алмай,есте сақтап жүрмін деп күбірлеуші еді Қоғабай кейде. СОл сәттен бері Қоғабайдың қолынан газет түскен емес. Ішіндегі ойлары қайнап,тіпті жазарға қағаз таппай,онекі беттік оқушы дәптерінің өзі толып кетіп,сол дәптерді редакцияға жөнелтетін де дәрежеге жетті. Редакцияның хат бөліміне алғаш кіргенінде апайлары айтты,мақалаларын дәпте дәптер етіп жіберетін облыстағы жалғыз автор өзі екен. Қорабай бір күні қой бағып жүргенде осы әскердің өздері үшін журналистерді бөлек оқытуы мүмкін ау деген ой келді. Ауылға әскерден қайтқан бір де бір солдат өзімен әскери газет алып келмеген еді. Әскер дегеніміз мемлекеттің ішіндегі мемлекет іспетті. ӘСкердің өз газеті,өз журналистері болмауы мүмкін емес деп ой түйді Қоғабай шопан. Аудандық әскери коммисариатқа барып Қоғабай бірдеме сұрап білейін деп еді,әлі әскерге де барып көрмеген жас жігіт сол жердегі ең үлкен бастық Козырев деген подполковникке кіріп сұрақ қоюға батылы бармады. Прапорщиктен бірдеме білейін деп еді,ол әскери газеттер түралы естімеген екен,еш нәрсені білмейтін адам болып шықты. Қоғабай ойлап отырса өзі білетін ауданда,облыста газет бар,соншама адам қызмет істейтін әскерде де өз газетінің,журналистерінің болмауы мүмкін емес. Бұрын әскерге бармай қашқақтап жүрген Қоғабай енді арнайы әскери коммисариатқа келіп әскерге өзі сұранатын болды. Дәл сол сәт,іздегенге сұраған кезең екен. Тепсе темір үзетін,еңгезердей шопан жігітті әскер тез арада-ақ өз сапына қабылдап алды. Далада қара атымен қой бағып жүрген шопан жігіт әсем лайнермен болашақ Балтық әскери-теңіз флоты жауынгерлерінің сапында Мәскеуге ұшып бара жатты. Мынадай болар деп кім ойлаған,Павлодардан ұшып келген жолаушыларды туристік автобус қарсы алып,күні бойы Москваның әсем жерлерін аралатты. Күні кеше ғана сайын сахарада қой бағып жүрген жігіт аң-таң . Әскери өмір өзіне ұнап барады. Совет елінде Москваны бір көруді армандамайтын жан жоқ шығар,сол Москва шахары міне табанының астында жатыр,Қызыл алаң да,Кремль де мінеки,қол созым жерде. Айнала әсем ғимараттар,зәулім үйлер. Қоғабай өскен ауылда Бақтылы деген бір сауыншы әйел өмірінде қалаға барып көрмеген екен,соны біліп алған ауылдағы Қали деген бір қу шопан жігіт Бақтылыға үш-төот айдың еңбеақысын алғызып облыс орталығы Павлодар қаласына ертіп барады. Екеуі күні бойы жүріп Павлодарды аралайды. Бақтылы көп қабатты үйлерді көріп таңдайын тақылдата таң қалады. Алғаш рет қалаға келіп балмұздақ жегенде де,осы балдай тәттінің өзі шелектеп сауып жүрген сүттен жасалғанына сене алмайды. Бақтылы Павлодарда ертегідей күн кешеді. Байқонысқа Қайтып келгенде сауыншы Бақтылының шопан Қалиданн алғашқы сұрағаны:-Қали,тек шыныңды айтшы,Москва Павлодардан да үлкен бе,-деген екен. Сол мал баққан адамның бір көруге армандаған Москвасы мінеки,Осы жерде Красная Звезда атты әскери аса беделді әскери газет шығатынын,сол газетке өзінің де талай фамилиясы басылатынын болашақ әскери журналист Қоғабай Сапақов ол кезде әрине,әлі білген жоқ,тіпті армандаған да жоқ,Бірақ талай қиын сынақтардан тайсалмай өткен подполковник Қоғабай Сапақов сол Москвада әскери акададемияда жоғары білім алды,Қызыл алаңдағы әскеи шерулерге де талай қатысты. Өмірінің талай қиын белестері,сынақтары,оған қоса қызықтары да,бейнеттері де әлі алда еді. Кітапханаларда өзі болашақта оқитын том-том кітаптар,оқулықтар жатыр еді. Ол кітап парақтарына әркімнің қолы жете бермейді,сол кітап беттеріне әлі талай емтихан тапсырып,сынақтардан өзіңнің сол ғылымға лайықтылығыңды дәлелдеуің керек. Бірақ сен енді әскери адамсың,сол әскерге сен енді керексің,мемлекет қамқорлығындағы адамсың,киімді,тамақты енді ойламайсың,тәртібің дұрыс болсын,қызметіңді,оқуыңды біл . Самолетпен сонау Москваға апарып,Қызыл алаңда қыдыртып жүрген айдалада қайдағы жатқан құйрық дер,кейбір оқырман. Сол жылдары Мәскеуде автобекеттерден,аэропорттардан қалаға алғаш келген жолаушылардан аз аздан ақша жинап,Мәскеуді аралататын автобустар болатын,қазір де бар шығар. Қоғаба сияқтылардың мініп жүргені сондай автобус. Әскерге алынушылар Балтық жағалауына ірі қарай поезбен аттанады екен. ӘСкери бөлімге жете сала,Қоғабайдың командирлеріне қойған бірінші сұрағы – әскерде журналистерді дайындайтын оқу орыны бар ма,болса ол қайда болды. Түйсік алдамапты. Ондай жалғыз оқу орыны бар екен. Бірақ қазақ жерінен тым шалғайда,Украйнаның батысында. Львов қаласында. Қоғабай ондай қаланың бар жоқ екенін мүлде естімеген екен. Львов жоғары әскери саяси училищесінің журналистика факультеті Совет одағындағы жалғыз оқу орыны екен. Жай әскери училище емес,атағынан ат үркетіндей, социалистік алыс шет ел азаматтары оқиды ол элиталық оқу орынында. Бірақ әр жауынгердің өз командирі атына рапорт жазуға құқы бар,солай сонда барып оқуға түсу үшін емтихан тапсырады,конкурсқа қатысып өз бағын сынайды. Бірақ бұл жерден ол жаққа оқуға аттанып түсіп кеткен бір де бір жауынгер болмапты. Құласаң шыңнан құла деуші еді шопан әкесі. Бірақ Қоғабай құлау үшін көтерілмейді ол шыңға. Қоғабай өзін қыран сезінсе,сол шыңдардың бірінде шын қыранға арналған орын да болуы керек. Әр адамның тағдыры өз қолында. Әскери училищеге қабылдау емтихандары келес жазда екен. Осы екі арадағы уақытта әскерде жақсы жауынгер ретінде көзге түсіп,әзірге шалалау білетін орыс тілін барынша жақсы меңгеріп,емтихандарға дайындалып үлгеруі керек. Осының бәрі оңай шаруа емес. Кей адамдар өмір бойы осы істермен айналысса да шаруаларын аяқтай алмайдыҚоғабайдың арманы орыс тілінде екеуара еркін сөйлесу емес,орыс тілінде еркін жазсам да дейтін . Ауылда жүргенде жас Қоғабай қазақ мәселесі,ұлт мәселесі,тіл мәселесі көп ойланбаған екен. Украина жеріне келіп,украиындықтармен араласқалы өз қазақ ұлтының тағдыры,тілі оны енді қатты толғандыра бастады. Вилис Лацис деген латыш ұлтының жазушысының бұрын Қазақстанда жүргенде бір де бір кітабын оқымаған еді. Енді оның кітаптарын іздеп жүріп оқитын болды. Вилис Лацис нағыз өз ұлтының жанашыры,ұлт қайраткері екен. Латыштардың кедейлігі,басқа ұлттардың қанауына түсуі,Америка кемелеріне жүк артып ақ негрлер атануы жазушы Лацистің шығармаларының негізгі арқауы екен. Лацистің кітаптарарын оқу,жәй оқу емес,сүйсіне оқу Қоғабайға рухани жетілу үшін ғана емес,орыс тілін терең меңгеру үшін де аса қажет болды. Жастық шағының бір кездерінде егер кітаптың кейіпкерлері басқа ұлттан болса ол оны оқымайтын. Сол Қоғабай енді орыс тілін жетігірек меңгеру үшін Лев Толстой дейсіңбе,Достоевский дейсіңбе,олардан бергіде қаншама ұлы орыс халқының қаншама жазушылары бар,солардың бәрінің кітаптарын іздеп жүріп оқитын болды. Мектепте оқып жүргенде ауыл кітапханасын оқып тауысып еді,енді міне әскери гарнизонда да ол оқымаған кітап қалмады. Командирлер қандай тапсырма берсе де,тез тез орындап,жүгіріп келіп кітапқа үңіледі. Ақыры көзілдірік кимесе,көзі көрмейтін дәрежеге жетті. Үнемі қазақ ортасында жүрсең өзіңді де көп қазақтың бірі санап қазақтығың жайлы ойланбассың да. Бірақ басқа көп ұлттардың ішінде жүрсең,міндетті түрде қасыңа біреу жақындап,сені қазақсың деп айтады. Қазақ екенсің,сол қазақтың туын биік ұста,көрсет қазақтың қандай екенін. Қоғабай Сапақов Нәби Әбдрахманов дейтін журналисті білуші еді. Ол адамға оңы мен солы бірдей болатын. Қазақша болсын,орысша болсын,мақалаларды жаза беретін. Бірақ Қоғабай танитын журналистердің арасында қос тілді бірдей жетік меңгерген Нәби ағадай басқа тіл маманы жоқ та еді. Қоғабай егер ондай маман табылса,сол мен болуым керек деп ойлайтын. Қоғабайдың ата әжесі,әке шешесі тек қазақ тілінен басқа тілді білмейтін,баланы да қазақ мектебінде оқытқан. Әскери училищеде оқу таза орыс тілінде екен,оқуға түсу емтиханы да ауызша,жазбаша сол орыс тілінде алынады екен. Болғың келсін,келмесін бәрібір Нәби Әбдірахманеовтай екі тілді де жетік меңгеруге тиіссің. Қоғабай басқа тілдерден өз туған тілін білетіндігімен мақтанар еді,туған қазақ тілің өзің үшін,өзіңнің тарихың,жүрегің,түпкі жан дүниең үшін,басқа тілдің бәрі күнделікті тіршілігің үшін деп санайтын,өз қанын,ұлтын ешуақытта сатпайтын. Күні кеше шәй-шәйлеп қой бағып жүрген Қоғабай жоғары оқу орынында шынымен орыс тілінде емтихандардың бәрін жақсы тапсыра алып,өз білімімен оқуға түсіп оқып жүргеніне көпке дейін сене алмай да жүрді. Бірақ көз қорқақ,қол батыр дегн рас екен. Қоғабай бірінші семестрдің емтихандарын кілең беске тапсырды. Қоғабаймен бірге оқуға түскен жастардың ішінде Мәскеуде институттың екі курсын тәмәмдап келгендер де бар елі. Қоғабайдың жазған мақалалары әскери газеттерде орыс тілінде де жарық көре бастаған. Совет одағындағы бұл жалғыз әскери журналистика факультетіне шынымен де курсанттар іріктеліп барып қабылданады екен. Қоғабай оқуға түскен жылы республикалар ұлттарының өкілдерін қабылдау туралы бір дұрыс шешім болғанға ұқсайды,Сондықтан курсанттардың арасында бір бірден болса да латыш,эстон,әзірбайжан бар екен. Бірақ бәрі мектепті алтын медальмен бітірген кілең үздіктер. Сол курсант жігіттердің арасында бір қырғыз баласы Ақжол да бар екен. Бірақ қырғыз жігіті тым жуас адам екен. Мен атайын,сен тұр Қоғабайға ілесе алмады. ҚОғабай сөзден тайынбайды,кіріспейтін жерге де кірісе береді,әр неге өз көзқарасы бар жігіт. Есесіне көп көзге түспейтін,үндемей жүрген Ақжол курсанттар ұйымына тез сіңісіп кетті. Қай жерге курсанттар арасында дауыс беру арқылы сайлап,бір жерге аттандыру керек болса,сол тізімде Ақжол бірінші тұрады екен,Соған қаррап Қоғабай өзінің тым белсенділік танытып жүргенін түсініп атының басын болашақта тежей бастады. СОвет елінде он бес ұлт жоқ,тек екі ғана ұлт бар дейтін бір Мәскеулік курсант. Олар орыстар және орыс еместер. Әскери училищедегі курсанттардың екіге бөлініп жүретінін сыртынан қараған адам байқамай қоймас еді. МЫсалы,командир бір курсантты бір жерге жұмсап, кіммен баратыныңды өзің таңда десе жаңағы айтылған екі ұлт бірін бірі таңдайды. Қоғабайдың жақындасқан адамы қырғыз Ақжол бір курс төмен оқитын,ал татар Хамит Ғабдуллин бір курсте оқиды,тек группасы ғана бөлек екен Қоғабай әскерге алынғалы татар халқының өкілдерін өзі қызмет еткен Калиниград қаласында да,сонау қиыр шығыстағы Владивостокте де кездестірген. Татарды көріп қалса Қоғабай өзінің туған қазағын көргендей қуанатын. Татарларға да айтар реніш жоқ. Олар да қазақ көрсе жылы қабақ танытатын. Қазақ,татардың тілі ұқсас,түркі тектес ағайын . Сол татарлар әскери училищедеде бар екен. Соның бірі Марат Буркланов дейтін аға сержант,төртінші курсте оқиды. Қоғабай сияқтылар үшін төртінші кусте оқитын адам аталары сияқты,жаңа келген балапан курсанттарға аға сержант Буркланов полковник сияқты үлкен адам. Сол Марат Қоғабайды нағыз жерлесім деп құшақтап қабылдады. Марат Солтүстік Қазақстан облысынан екен. Алыстағы Львов қаласында жүргенде Перопавловск,Павлодардың адамдары шынымен ақ нағыз жерлес еді. Жастықтың жалынымен жүріп аңғамапты,Хамит Ғабдуллин Уфаны жиі айта беруші еді,сөйтсе ол татар да емес,башқұрт екен. Хамитке он жылдай ғана офицерлік өмір бұйырыпты. Әскери журналист гвардия майоры Хамит Ғабдуллин сырқаттанып қайтыс болды. Оның шын ұлты қазаққа тым жақын ұлт ноғай болып шықты. МАрат Буркланов тым белсенді азамат екен. Оқуда да,спортта да ол бірінші,қызыл дипломнан үміткер. Марат Львов қаласында тұратын татарлардың бәрімен танысып алыпты. Солардың бірі Жәмилә апай екен. Соғысқа қатысып,кейін сол жақта тұрақтап қалып қойған жалғыз басты әже. Ол кісі татар халқының әдет ғұрпын қатты сақтайды екен,намаз да оқиды,алланы ауызынан тастамайды,Қоғабай ол кісінің орыс тілінде сөйлегенін естіген емес,украйынша немесе татарша сөйлей береді екен. Сол Жәмилә әжені Львов қаласында тұратын татарлардың бәрі біледі ,силайды екен. МЕрекелерде татарлардың бәрі жиналып келіп Жәмилә әжеге сәлем береді, Мараттың,Хамиттің арқасында Қоғабай Жәмиләнің үйіне жиі барып жүріп Львовтегі татарлардың көбімен жақын танысып алды. Әскерде болған адамдар біледі,әр солдаттың мақсаты реті келіп тұрса,бір жерден үйдің тағамын тойып ішіп алу. Ол әскерде тамақ тапшы деген сөз емесМәселе сол тамақтың қатаң түрде өлшеммен берілетіндігінде. Әсіресе тауықтың жұмыртқасы. . Тек жексенбі күні екі дана. СОл жұмыртқаның үйі төгіп бірден оншақтысын берсе мүмкін адам соның біреуін де жемей кетер еді. Тағы бір көрнекті мысал ол сары май. Күнде таңертең жиырма грамм ғана май беріледі. . Солдаттың соны ылғи да көбірек жегісі келеді,бірақ жоқ,берілмейді. Нан,май,шай. Солдат үшін осы үшеуінен асатын дәмді ас жоқ сияқты. Бір солдат он күнге үйіне дем алысқа барған екен. Жолда бара жатқанда бар ойы сол сары майды нанға аямай жағып,армансыз бір тойып жеу екен. Әскери бөлімге қайтар жолда поезда бірақ есіне түсіпті Май,нанға тою арманы мүлдеұлде есінен шығып кеткен екен. Үйіде,ата анасының қасында болған шағында нан мен майды әбден тойып жеп алуды мүлде ұмытып кеткен екен. Адам қандай тамақты өлшеп қана жесе,соған өш болады екен. Бұл солдат өмірінің ерекшелігі,солдат психологиясы. Оны тек сұр шинельдің астында жүрегі дүрсілдеген адам ғана түсіне алады. Жәмилә апайдың үйі түркі тектес жерлес курсанттар үшін арасында келіп бір дем алатын арал еді. Жәмилә апай соғыс көрген адам ғой,курсанттардың жайын жақсы түсінетін жан еді. Аналық мейірі,айтар ақылы таусылмайтын. Жәмилә апайдың сол жылдарда жасы қырықтардан асып кеткен бір қызы бар екен,өте ерке болып өсіп,шешесін тыңдамай,бой жеткен соң өз бетімен лағып кеткен екен. Жәмилә апай қызының қай жақта жүргенінен де бейхабар. Өзіне қарсы бір ауыз сөз айтпайтын. жоғарғы оқу орынында оқитын,әскери киімдері өздеріне тым жарасқан мына әдемі,ақылды балаларға қарап ана жүрегі елжірейтін. Курсантты солдатпен де,студентпен де салыстыруға болмайды. Курсант деген ол солдатпен студенттің арасындағы белгісіз бір қойыртпақ. Солдаттың ішкі жан дүниесін курсант дәрежесіне жеткізу үшін оны әлі бір кітапханаға қамап қойып көп уақыт тәрбиелеу керек. КУрсантқа студент өміріндегідей еркіндік,рахат өмір арман ғана. Студент уақытқа көп қарамайды,қалтасындағы әке шешесі жіберген ақшасы таусылып қалмаса болды. Курсант болса оқуы бітіп,әскери шен,диплом алатын күнін құдайдай күтіп жүреді. Содан кейін де еркін өмір басталады деп айту қиын. Қалтасында бір парақ құжат бар. Сонда бәлені күні бәлен сағатта бәленше гарнизонда болуға тиіссің деп нақты жазылған. Бірнеше минутқа да кешігіп жете алмайсың,әрі қарай офицерлік тағдырың басталады,әр сағаттағы өмірің сен тумай жатып-ақ әр қадамың есептеліп,жазылып қойған. Осы сағаттан осы сағатқа дейін дегендей. Әскери форма кие сала ант бергенсің,қандай қиындықтар болса да шыдаймын деп. . . Сол жиырма бес жылда беліңді әбден бүгеді,шашыңды ағартады,тісіңді түсіреді,бойыңдағы бар күш қайратыңды әскери өмір сарқып,сығып алады. Әскери адам құдай берген тағдырым осы екен деп қиындықтардың бәріне соңына дейін шыдайды,Бауыржан бабамыздың түсінігімен,тәрбиесімен өмір сүреді,Отаны үшін отқа да түседі,бірақ жанып кетемін-ау деп қорықпайды,өйткені бәрібіп мүлде күйіп кетпейтінін біледі. Подполковник Қоғабай Сапақов жас кезінде сол ашқарақ көп солдат курсанттың бірі еді. Львов қа ласының татарлары оған құшағын жайып, қазақты өздерінің татарларының біріндей қабылдап Жәмилә апаның үйіде кездесен қалған кездерінде өз адрестерін жазып беріп үйлеріне де қонаққа шақыра бастады. Курсант үшін қонаққа бару,үйдің тағамынан дәм тату бір бақыт,естен кетпес күн. Қоғабай Сапақов берген адресі бойынша бір татар жанұясының пәтерін ідеп барған еді. Пәтердің адресін дұрыс жазып алмаған екен,іздеп жүрген таныстарын бірден таба алмады. Сонымен керек үйді іздеп жүргенде көршілерінен татарлар қайда тұрады деп сұрауына тура келген. Керек пәтерін солай сұрап жүріп әрең тапқан. Татарлар дастархандарын жайып,шын көңілдерімен өте жақсы қарсы ады. Пәтерге кірсе батыс украйна жерінде жүрсең де,Қазан қаласында жүргендей әсерде болды. Дастархан мәзірі татарша,үй жихазынан да татарларға ғана тән белгілер кездеседі екен. Арада екі – үш ай өткенде Қоғабай Жәмилә әжесінің үйіне барған еді,Сонда Жәмилә әжесі Қоғабайдың қалай қонаққа барғанын,сол пәтерді қалай іздеп тапқанын есіне салды. Татарлардың көбінің көзі көк,түрлері слаян халқына ұқсайды. Батыс Украйнаның тұрғындары орыстарды жамандап боқтап отырса,татарлар да орыстарды жек көргенсіп жергілікті халықтың әңгімесін қостай кетеді,украйн тілінде таза сөйлейді. ,өздерінің басқа ұлт өкілдері екенін көп көрсете бермейді екен. Сөйтіп жүргенде ақылы аспаған бір қазақ келеді де,шын мәнінде кімнің кім екенін көрсетіп айқайлап кетеді. Татарлар тамағын тығып береді екен. Татарлардың ұлттық тағамдарының қазақтардыкіндей еті,майы көрсетіліп жарқырап жатпайды,олар мысалы самса сияқты тағамындағыдай қамырға орап,яғни тығып,жасырып береді екен. Майдың,еттің дәмін ауызға түскеде бірақ сезесің. Автордың осы жолдарын оқыған адам бұл не қылған қатал тәртібі болуға тиіс әскери училищ,е,курсанттары татар аралап ылғи да қыдырып жүреді дер. . Бұл ой өте орынды. Львов жоғары әскери саяси училищесінің екі факультеті бар. Бірі журналистика факультеті,екіншісі болашақ солдат клубтарының бастықтарын дайындайды. Ол факультетте театр өнерін үйретеді, ол факультеттен жақсы актерлер,режиссерлер шығуы да мүмкін. СОндықтан қаншама жерден әскери саналғанымен,бұл жерде тәртіп,тәрбие басқа әскери училищелермен салыстырғанда біршама бөлектеу,Курсанттар солдатта сияқты казармаларда тұрмайды,дәл студенттердікіндей әр бөлмесінде төрт адамнан тұратын жатақханалар бар. Бұл жерде оқитын курсанттардың өмірі өмірі студенттердікіне ұқсайды,тек асханада тамақ тегін,ішкен асына ақша төлемейді. Бәрі мемлекет есебінен. Автобусқа отырсаң да,моншаға барсаң да сондай коммунизм өмір. Киімді де тегін береді. Енді курсант құтырып қыдырымпаз болып алған,болашақта олар әскерден гөрі өздерін шығармашылық топтың адамдарына санайды. Өйткеі олар шығармашылықпен әскердің қиылысқан жерінде жүрген жастар. Курсант Қоғабай Сапақовқазақ жерінде көп ұлт ішінде шын интернационал болып тәрбиеленген адам еді. Оны тек тіл мәселесі ғана қатты толғандыратын. Орыстар,украйындар,молдавандар қазақ жерінде тұра берсін,тек бәрі қазақша сөйлесе ,қазақ тілін үйренсе екен. Бауыржан Ықыласов деген бала Қоғабайдан бір класс жоғары оқыды. Оның аты да Бауыржан деп жайдан жай қойылмаған. Оның әкесі Әбікен аға соғыс ардагері,мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Баласына Момыш ұлының есімін сол атасына ұқсасын деп қойған- ау. Кіші Бауыржаннң өзі де аяғы талтақтау демесең,жүріс тұрысын,сөйлеге сөзін Момыш ұлына ұқсатуға қолынан келгенше тырысып жүретін. Қоғабайға әскери училищеде тегін білім алуға болатынын Қоғабайға бірінші болып айтқан да сол Бауыржан Ықыласов еді. Мектаптегі ұлдардың арасында алғаш рет әскери училищелер туралы әңгіме қозғаған да осы Бауыржан болды. Сол Бауыржан бір күні ойламаған жерден Қазақстан Россияның колониясы деген сөзді төбеден. түскендей етіп қойып кеп қалды. Қоғабайдың бұл сөзді өмірінде бірінші рет естуі. Балалар бұл сөзді бірден қабылдай қоймады. Көбінің түсінігінше Ресей,Қазақстан одақтас елдер,ресми ұғым мекткпте солай қалыптасқан,дәлірек айтқанда ұстаздар сондай ресми ұғым қалыптастырған. Бауыржан оқуды кілең беске оқитын,қазақ балаларының көсемі еді. Кітап құмар балалардың бірі болды. көптеген кітаптарды Қоғабай бала кезінде сол Бауыржаннан кейін,одан сұрап алып оқитын. Орыс балалары денесі ірі Қоғабайға басқарма деп өздері ат қойып алған еді. Бауыржан да өлең жазбақ болып,сөз құрастырып жүретін. Қоғабай газетке өз өлеңдері шықса қуанатын, Қоғабайдың жақсы көрер жақын досынан бір озған жері осы еді. Қоғабайдың тұқымында өлең жа зған адамдар болған еді,сондықтан ҚОғабай досынан озған сәттерінде бұл шын еңбектен,ақылының асқандыңынан емес өзінің бойында бір тек қанмен берілетін қасиет бар шығар деп ойлайтын, ешқашан жан досының алдында мандайсымайтын. Қазақстан Ресейдің колониясы деген Бауржанның ауызынан алғаш естіген сөз Қоғабайдың құлағына түрпідей тиген. Бірақ Бауыржан соғыс ардагері,көп оқыған, көпті көрген тарихшы мұғалімнің баласы. Қазақстан Ресейдің колоениясы дегенге келіспей уәж айтқан балаларды сөзбен,фактілермен оңай жеңіп шықты. Қоғабай шопанның баласы,оның әкесі шала орысшасымен орыстың шалдарын отец,кемпірлерін мама дейтін Әкесі Құттыбай Байқоныс совхозының бас зоотехнигі Иван Васильевич Томко дейтін досы болды,соның әр сөзіне құдайдай сенетін. Енді Қоғабай есейе келе досынан алғаш естіген отар,колония деген деген сөздердің байыбына бара бастады. Жоғары оқу орынында оқи бастаған шақта колония деген сөздің мағынасын енді толық түсінді. ӨЗі түріне қарап көкпеңбекк көзіне қарап орыс деп жүрген ТОмко да шын мәнінде орыс емес,ол да бір сол колония болып жүрген украйын елінің азаматы екен. Львов қаласындаВильна Украйна деген газет шығады екен. Қоғабайдың түсінігінше вильна деге сөздің орынына Советская деген сөз тұруы керек еді. Өзінің колония екенін түсініп,Вильна,орысша айтқанда Вольная деп еркіндікті ежелден аңсап келген де ел бар екен ғой. Қоғабайдың ұлтшылдығы алыса кеткенде біреудің астына түсіп қалмау,қазақтың атына еш кір келтірмеуден аспайтын. Львов қаласында украйна мектебін бітіріп келген Львов қаласының тұрғындары да бар екен. Баяғы Бауыржан Ықыласов айтатын колония туралы сөздерді Қоғабай енді жаңа жерге келгелі жиі еститін болды. Бірақ соны айтушыларға қарсы еш уәж айтып әлі көрген жоқ. ,бірақ олардың әңгімелерін бұрынғыдан да зейін қойып тыңдай бастады. Бұл жоғары әскери саяси оқу орынындағы әңгімелер баяғы кілең қазақ балаларының әңгімелеріне мүлде ұқсамайды,өйткені әр сөзде саяси салмақ,керек десең нақты жоспар да бар екен. Кеңес елінің құруы,қылышынан қан тамған коммунистік партияның күйреу мүмкіндігі жайлы әлі күнге дейін бір де бір жорамал айтылып көрген жоқ,ондай көріпкелдер де сондай жағдайды болжай алмас еді,Қатқан қалың мұздың сеңілуіне алда әлі табандайнақтылап айтқанда Алматыдағы желтоқсан оқиғасына әлі табандай жиырма жылдай уақыт бар еді. . Коммунистік партияның сьездері,партия конференциялары бірінен кейін бірі өткізіліп жатқан заман еді,қайдағы Вильна Украина,қайдағы егемен ел,дербес республика. Сол кездегі Қоғабайдың пайымдауынша қазақ елі,жері үшін аюдың арбауынан құтылса да,қасында айдахар бар. Орыстар қай республика ұлты болсын,уысынан шығармайды. Өйткені Мәскеудің қаруы жарамды,әскері мықты. Басқа да факторлар аз емес. Украйна дербес ел болса, Польша,Германия оның жерін жаулап алуға тырысуы мүмкін. Осы ойын Қоғабай курсанттар арасындағы пікірталас кезінде ортаға салды. Жаулап ала алмайды,- деді Игорь КОшель деген курсант Біз ол елдермен өкономикалық серіктестік құрамыз,қорғаныс блоктарына кіріп Мәскеуден қорғанамыз. Игорьдің айтқандарын қоштап көздері жайнаған мына жас саясаткер украйындықтар осы әңгімені өзара талай талқыға салған адамдар сияқты. Дербес украйна мемлекетін құруға сөздеріне қарасаң өткен ғасырдың жетпісінші,сексенінші жылдарында күні ертең мына курсанттар дайын сияқты. Саяси дүрбелең бұған дейін сол кездегі Чехословакия мемлекетінде болып. Мәскеу оны әскер жіберіп күшпен басқан еді. Сол кездегі Поляк халқы да толқуға жақын жүрген кезең,Украйнадағы жағдай мынадай. . . Тек қазақ халқы ғана малын бағып,егінін өсіріп тып-тыныш сияқты көрінген. Желтоқсан айындағы Қазақ жастарының сексеналтыдағы дүмпуі алыстағы Украйнадағы Қоғабайға еш сезілмейтін. Львовте оқитын курсанттар арасында Мәскеу шенеуніктерінің балаларының саны аз емес ед. і. Бірақ олар өздеріне бұл әңгімелердің еш қатысы жоқтай,әңгімеге еш уақытта араласпайтын. Соған қарағанда олар өздерінің Москвасының тегеурініне әбден сенімді болған,бос қиял әңгімелерге араласып қайтеді. Олар мына орыс еместердің жиналып алғанда айтатын сөздеріне іштерінен күліп те жүрген шығар. Осы әңгімелерді көбіне бастайтын Игорь Кошель деген курсант еді. Ол осы Львов қаласының тұрғыны,басқалармен салыстырғанда жасы ересектеу,екі жыл әскерге барып келген. Біраз уақыт украйн тілінде шығатын бір газетте тілші болған тәжірибе жинақтап үлгерген дайын журналист десе болады,соған қарамастан Игорь әскери училищеге құжат тапсырып,конкурстан әрең өтіп курсанттар тізіміне әрең іліккен. Ілінбей қалуы да мүмкін еді,генерал туысы бар екен,сол көмектесіпті. Игорь Кошель түсінігі өте мол адам еді. Қоғабай,сен мектепте қазақша оқыдым дейсің,өз тіліңде сөйлейсің,Соған қарағанда сенің өмірге талпынысың өте жоғары адамсың,міндетті түрде журналист,жазушы боламын деп,соншама алыс жерге оқу іздеп келген екенсіңУкрайн тілінде де мектептер өте көп. Егер мәскеу ұлт тілінде балалардың білім алуына қандай да бір кедергі жасаса украйындықтар бұған шыдай алмас еді,тіпті ондай сорақылыққа жол да бермес еді. Халықтың көтеріліп кетуіуі де мүмкін. Біздің мовиіміз біз үшін ең қымбат,баға жетпес дүние. Өзінің тілі б олса ұлт құрымайды. Соңғы украйндық өліп жерленгенше біздің тіл жер бетінде болуға тиіс. Қазақтар мен украйындықтар соны жақсы түсінеді екен. Соны айтып отырған Игорь КОшель кенет отырған орынынан тұрып,Қоғабайды иығынан құшақтап алды. Қоғабайдың есіне сол кезде өзінің Байқоныс совхозында тұратын тойған ойған жерінде жүрген Бондаренколар,Игнатеколар түсті. Олар өздерінің украйындықтар екенін ұмытып,өздерін орыспыз деп жүрген. Қазақ жеріне тың көтеруге келген механизаторлар еді. Халықтар достығы деген осы деп Мәскеу қазақты да,украйындарды да араластырып,екеуінен де орыс жасап жатыр. Игорьдің айтуынша белорустарда жағдай өзгерек. Олар тіпті аянышты халде. Беллоруссияда бірде бір белорус ұлттық мектебі жоқ. Белоруссияда соғыс туралы талай керемет роман жазған жазушылар бар,бірақ олардың кітабын өз ұлты оқи алмайды,мектеп жоқ,тіл жоқ,ұлт жоқ. Қоғабай қазақ жерінен мыңдаған шақырым алыста жүріп ұлтшыл украйындықтардың арасында ұлт тағдырын,қазақ тағдырын үнемі ойлап жүретін адамға айналды. Ол өзінің нағыз қа зақ екенін қа зақ жерінен тым алыста жүріп толық сезінді. Үлкен,алып дүниенің қаншалықты алып екенін көру үшін,оған алыстан барып қарауың керек,ішіне кірсең оны мүлде көре алмайсың,жақын жерден тек бір бөлігін ғана көре аласың. Ал алыстан қарасаң. . . Ол ай сияқы. Алыстан қарасаң иін ағаш көтеріп су алып бара жатқан бойжеткенді көресің. Алыстан айға тағы бір қарашы. Қорабаймен Игорь Кошельдің әңгімелері осы сарында жалғаса берді. Қоғабай бұрын бір аудиторияда отырса да кей курсанттардың украйын мектебін бітіріп келгендігін бұрын білмейтін. Өйткен курсанттардың бәрі орыс тілінде тәлім алады. Бір жолы профессор бір сары шашты,көзі көк балаға даңқты классиктің еңбегін кітаптан оқымағансың,бір украйындық курсанттың дайын конспектісіненкөшіріп алғансың деп жабысты. Курсанттар аң-таң. Профессор ондайды қайдан біліп отыр. Профессор Энгельс деген жазудың орынына енгельс деген жазуды көріпті. Э деген әріп украйынша жұмсартылып е деп жазылады. Яғни конспект бір хохолдан көшіріп алынған. Курсант солай әшкере болып қалды. Бұл украйындықтарды арасында біраз тұрып, жақсы білмеге адам оларды соншалықты ұлтшыл халық деп қарамайды. Шашы Сары,көзі көк,украйн тілімен орыс тілі өте ұқсас,славян тілдері. Бірақ украйындардың ең жанды жері ол украйын мовиі,мовиін сыйлап бағаласаң олар сені де жоғары бағалайды. Бірақ қазақ украйын тілінің қиын жері осы екі бауырлас тілдің тым ұқсастығында,бірақ әундері екі түрлі. кей сөздердің орысшасы қалай,украйыншасы қалай,ара жігін айыра да ала алмайсың. Егер тілдер орысша немісше сияқты мүлде екі бөлек болса сөздерін жаттап алып-ақ үйреніп кетуге болар еді. Қазақ жерінде шашы сары,көзі көк адамдар өте көп. солардың көптігің өзі адамды қаймықтырады. Бірақ олардың ішінде татар да,әзірбайжан да жетерлік,қазақпен тектес,бауырлас халықтар. Қорабай Сапақовпен бірге Литвалық мектепті алтын медальмен бітірген горь Лавренов деген бала оқыды. Курсанттар оған әзілдеп фашист дейтін. СОл фашист орыс әріптерін мүлде танымайтын,латиницаны жетік меңгерген жігіт,неміс тілінде таза сөйлейді. Әскери училищені Лавренов өте үздік,алтын медальмен бітірді. Осы Украйын еліне келмесе бодандықтағы мемлекетте өмір сүріп жүріп,әйтеуір тойып ет жегеніне мәз болып,басқа алып елдің шын мәнінде колониясында екендігін де сезбей мақтамен бауыздалып құри берер ме еді,ұлы бабам Ленин дегенді сәби жүрегі қабылдаған. Бала кездегі талтақ,қисық аяқ досы Бауыржан Ықыласов бастап,кейін Игорь КОшель қоштап Қорабайдың көзі ашылған. Бауыржан Ықыласов тарих пәнінің мұғалімі ,соғыс ардагері Әбікен ағаның баласы еді. Ұстаз мектепте сабағында барша балаға айта алмайтын шындықтарды баласына жеке түсіндіріп,үйде оның көзін ашқан. Қорабай бала кезінен бодан. бодандық деген сөздерді естімей өскен. Бірақ жеке мемлекет,дербес ел деген сөздер еміс еміс естілетін Бауыржан Ықыласов досының алғаш айтқан Қазақстан Россияның колониясы бала Бауыржанның ашына айтқан сөздері,жайнаған жанары,жұмылған жұдырығын қалай ұмытарсың. Львов қаласы,,Карпат тауы,ол жердің ауасы. батыс украйнаның ауа райы қысы көктемдей жұмсақ мүлдем басқа еді,Тың жерді игеруге Қазақстанға келіп жерсініп қалып қойған Бондаренко,Игнатенко,Петренколар шын мәнісінде орысқа жұтылып бара жатқан құрбандар,олар солардың ұрпақтарын қазақша тәрбиелеп,,домбыраны сүйсе,олар қазақ болып кетер еді. Қазақ өзінің кең даласын қызғанбайды,тек қасында қазақтың тілін,жанын түсінетін адамдар болсын. Қазақ даласын өз отаным деп қорғасын,қазақтың сойылын соқса,қазақтың намысшылдығын бойларына сіңіре алса оның көзінің көктігінде кімнің қандай шаруасы бар. Адам қай тілде оқыса,ойласа,жазса сол ұлттың өкіліне айналып кетеді. Ешқашан өзге ұлтқа ол құл болмақ емес. Баяғыда курсант Игорь КОшель әлі-ақ Украйна егемен ел болады деп армандағанда курсант Қоғабай Сапақов оның сөздерін бас шайқай тыңдайтын. Екі курсанттың сырласуы екі ұлттың диалогына айналғандай еді. Батыс украйындықтардың өз ұлтын,өз тілін құрметтеу қасиеті өте жоғары дәрежеде еді. Батыс украйынада орысқа күйеуге тиіп, Мәскеуде өмір сүріп жатқан қыздарының өзі өз басы кетсе де,жүрегін елінде қалдырады,балаларын украйынша тәрбиелейді. Бір жолы осы тақырыптағы жарнамада естен кетпес кадрлар көрсетілді. Мектепте мұғалім картадан Германияны көрсет деп өтінеді,Содан кейі Польшаны. Оқушы картадан бар елдерді мүдірмей көрсетеді. Ал Украйна қай жерде. Украйна міне. Оқушы бес саусағымен юірдей жүрек тұсын ұстап тұр екен. Батыс украйындықтармен шығыс украйындықтар мүлдем бөлек әр түрлі ұлт сияқты. Шығыс Украйнаға келген адам адам өзін Россияда жүргендей сезінер еді. Тілдерінде де сөздерінде де еш айырма жоқ. . Батыс украйнада орысша сөйлеген адамды жақтырмайды,ал м ысалы өзбек,армян орыс тілінде бір сұрақ қойса,оған дұрыстап жауап қатады,Өйткені ол орысша сөйлеп тұрғанына кінәлі емес,өздері сияқты уақытша орыстың илеуінде жүрген ұлт өкілі деп қабылдайды. Львов жоғары әскери училищесі элиталы оқу орыны,ерекше деп саналатын. Өйткені ол жерде тек советтік курсанттар емес,кубалықтар,чехтар,венгрлер,поляктар тағы да басқа социалистік лагерь елдерінің өкілдері ақша төлеп оқитын. Әр курсанттың оқуы үшін олар сол кездегі курспен он алты мың доллардан ақша төлейтін. . ШЕт елдік курсанттардың жатақханасы училище аймағында он бес қабатты ғимарат сыртынан қарағанда бес жұлдызды қонақ үйге ұқсайтын еді. ШЕт елдіктердің асханасының өзі ресторан сияқты безенділілген. Шет елдік курсаннттар сабақтан келе сала әскери формаларын шешіп ел қызығатын джинси киімдерін киіп,сол жерді торуылдап жүрген әдемі қыздардың бірін қолтығына іліп алып,қыдыруға кететінСовет курсанттарында ондай еркіндек жоқ. Львовтың көшелерін офицер бастаған патрульдер торып жүреді. Курсант солдат сияқты. Егер қалада бос жүріп патрульге ұсталсаң қалтаңда командирдің қолы қойылған,училищенің мөрі басылған рұқсат қағазың болуы керек. Патрульге ұсталып,әскери комендатураға түссең,саудаң бітті. Оқудан қуыласың. Шет елдік курсанттар сабақтан келе сала әскери формаларын шешіп ел қызығатын джинси киімдерін киіп,сол жерді торуылдап жүрген әдемі қыздардың бірін қолтығына іліп алып,қыдыруға кететін. Нағыз еркін,рахат өмір сол шетелдік курсанттарда болатын. Совет адамдары оларға қызыға қарайтын. Бір күні әскери формалары советтікііне ұқсамайтын курсанттар пайда болды. Шет елдіктер тұрағының есігінен бұрын көбіне негрлер кіріп шығып жататын,араларында Польшадан,Монғолиядан келген курсанттар болатын. Ауғанстанда соғыс жүріп жатқан кезең еді. Бір қызығы ауғандық курсанттар үйіп-төгіп нақты бір базарға келгендей сатуға капиталистік елдерде ғана шығатын неше түрлі әдемі киімдер ала келген екен. Ұлты өзбек,тәжік совет курсанттарының арасынан ауған тілін түсінетін бір курсант табыла кеткен екен. Сол курсант ауғандықтардан көп киім сатып алған екен. Ақшасын да шытырлатып төлеген. Ауғандарда еш күдік болмаған. Өйткені ол сытырлаған ақшаларда Кремльдің,Лениннің суреті бар. Бірақ ол ақша осыдан елу-алпыс жыл бұрын ақша реформасына дейі қолданыста болған ескі ақша. Солай ауғандықтар зар илеп алданып қалған. Әскери училище курсанттарының арасынан ол ала аяқ ізделінді,бірақ табылмады. . Жалпы әскери адамдардыцң негізгі ісі отан қорғау болғандықтан әскерилердің арасында сауда саттық деген болмайды. Бірақ сол саудаға жақын тұратын,саудагерлікке бейім ұлттар болуы мүмкін. Ауғандықтар да сондай ұлттар қатарына жататын шығар. Саудаға жақын тағы бір ұлт ол п оляктар. Халықаралық әскери жаттығуларға келген Польша офицерлерінің өздерімен косметикалық бұйымдар әкеліп сатып жүргенін Қорабай өз көзімен талай көрген. Қоғабаймен Журналистика факультетінде оқитын курсанттардың ішінде өз ынта жігерлерімен шет тілімен айналысып жүргендер де аз емес еді. Олар қай тілмен айналысса сол тілге құмар еді. Күні- түні ағылшынша,испанша,немісше бір кітапты қолтығына қысып алып,жүріп келе жатқанда да,бірдеме деп күбірлеп келе жататын. Жеті,сегіз тілді меңгерген курсанттар бар еді. Жатақханада түнгі сағат үштерде сол заманда ленкомната деп аталатын үлкен бөлмеге кіре қалған адам құлақ қабын киіп алып,кітапқа шұқшиып,күбірлеп отырған курсанттарды көрер еді. Журфактың курсанттары ішінде шет тілін оқып меңгеру кәдімгідей модаға айналған сияқты еді. КОмандир сапқа тұрғызғанда да сол курсанттар уақытты босқа өткізбей,шет ел сөздіктерін өздерімен ала жүретін. . Сол шет тілімен айналысатын курсанттардың жиі баратын орыны ол шет елдік курсанттар тұратын мекен. Фанаттардың шет ел тілінде әңгімелесіп,тұжірибе жинайтын ордасы. Олардың куболықтармен испанша,немістермен немісше таза сөйлескендеріне қарап,көрген ел таң қалатын едіСол шет елдіктер тұратын жатақханаға жиі баратындардың бірі Қоғабай болып алды. Сонда тұратын монғолдардың түрлері бір бірінен аумайтын сияқты Сап құрып өтіп бара жатқан монғол курсанттар кездеске сайын өздеріне ұқсап қалған Коғабаайдан көздерін қадап өтеді. Сол көп монғолдардың ішінде бір күні бір қазақ та табыла кетті. Көзі сығырайған,аласа бойлы қара бала. . Қазақпен монғолдың түрі бір біріне қатты ұқсағанымен,қазақ баласының өз ерекшелігі бар. Қазақтың қазақ екенін бірден білдіріп тұратын бірінші белгі ол қазақтың нұрға толы көзі. Қоғабай сапта тұрған қырық шақты монғолдың ішінен дәл осы жігіттің қазақ екенін бірден тани алды. Оның көзінің мейірі,нұры,жылылығы мол еді. Туған жерінен алыста елін сағынып,аңсап жүрген екі қазақ баласы құшақтасып амандасты. Қоршаған монғолдар қарап қалыпты. Бәрі аң-таң. Сол монғолиядан келген қандастың аты Серік екен. Екі бауыр ойламаған жерден қазақша сөйлесетін адам тауып,екеуі де разы,бақытты еді сол сәтте. Қоғабай сол күннен бастап шет елдіктер тұратын жатақханаға жиі баратын болды. Күбірлескен бұл екеуі үшін қазақтың тілі күмбірлеп домбыраның үні,Құрманғазының күйі сияқты. Екі қазақ бірін бірі көргенінің өзінен,қол алысып амандасқанынан ләззәт алады. Туған жерге деген,туған тілге деген сағыныштарын басады. Қазақ елі тезірек егемендік алса,жер бетіндегі бар қазақ бір тудың астында , бір әскерде қызмет етсек екен. сондай күнді армандайды. Бірақ сол жылдары ол туралы ойлаудың өзі қол жетпес арман еді. Серік монғол тілін жетік білетін,Совет елі жерінде жүргендіктен және әскери училищеде оқығандықтан орыс тілін де жақсы меңгеріп алған. МОнғол әскерінің киімі совет елінің әскери киімінен аумаайды,Бірақ монғол әскери киімінің совет генералдарынікіндей шалбарларының жалпақ лампасы бар. Сол Серік бір күні жатақханаға Қоғабайды іздеп келіпті. Лампасы бар шалбар киген Серікті көріп тексеруге бір генерал кіріп келе жатыр екен деп советтік курсанттар шошып кеткен. Осы оқиғадан кейін ҚОғабай Серік келгенде оны жатақхананың алдына шығып қарсы алатын болған. Әскерде бір қазақ бір жерге келсе,ол өз үйірін іздеген жылқыдай басқа қазақтарды іздейді. Бұл егер өзін шын қазақпын дейтін,ата әжесінің тәрбиесін көрген,қазақ мектебінде оқыған адам болса,ал орысша оқып,орысша тәрбиеленген адам өзінің қазақ екенін жаны қысылған сәттерде ғана өзіне бір медеу табу үшін,жерлестерін іздеуі мүмкін. Ал орыстар бір бірін мүлде іздемейді,өйткені олардың саны өте көп. Бірақ олар жерлестерін іздейді екен. Жаңадан әскерге шақырылған бір автобус солдат түсіп жатса,сол жерді адамдар қоршап алып айқайлайды. Владивостоктен бар ма,Сочиден бар ма,Иркутскіден бар ма. Егер жерлестері табылса,соған қуанып,ақылдарын айтып жатады. Азербайжандар,өзбектер,қырғыздар олар да бірін бірі қатты іздейді,совет одағы бар кездеараларын біріктірмеу,керісінше бір бірінен алыстату үшін түркі халықтары деген үлкен ұғым жойыла бастаған Бірақ кавказдықтар деген ұғым берік болды. Әскерге жаңа шақырылғандар егер өз ұлтының өкілін таба алмаса онда географиясын кеңейтіп іздейтінЖаңа жерге келген әрбір адам алдынан ертең қандай күн,қандай қиындықтар күтіп тұрғанын біле алмайды. Сондықтан қандай да болса өзіне бір тірек іздейді. Тауып алғанша,жаны тыншымайды. Әзірбайжан ұлтының жөні бөлек. Олар өте ұймшыл. Ұлттық мәдениеті қатты сақталған. Егер бір полктен бір полкке барып,бір әзірбайжанды әңгімелесуге шақырсаң,олар іздеп келген кісімен оны жалғыз жібермейді,оншақты әзірбайжен соңдарынан қалмай бірге еріп жүреді. Әзірбайжандар басын кессең де бұл әйелдің жұмысы деп еден ,,әжетхана жумайды. Командирлер қарауына осы ұлттың өкілдерін алмауға тырысады. ӘСкери клуб бастықтарын дайындайтын факультетте біраз қазақтар бар екен. Солардың бірі өзін Мұратбек Қамкетаевич деп таныстырған аякөздің жігіті. Өзінің ауызын ашса жүрегі көрініп тұратын қарапайым жігіт екен. Олар оқитын факультет мәдениет қызметкерлерін дайындайтын болғандықтан олардың факультетін культурно-просветительный работник,қысқаша КПР деп атайтын. Сол Мұратпен танысқаннан бері қазақтардың басы қосылған жердеБалқадиша әні жиі айтылатын болды. Әуенінде қимастық бар,сағыныш бар бұл әнде елді аңсау мұңы бар еді. Әр факультетте оқитын қазақтардың жиналатын орыны жаздың күні күн жылыда стадион,қақаған қыста күн суықта кітапхананың оқу залы болатын немесе клуб. Ол да оңаша,әңгімелесетін тамаша орын. Кітапхананың кітапр қоры аса бай болатын. Қолдарына ақша тисе курсанттар кітап дүкенінен де шықпайтын. Жалпы бұл жоғары әскери оқу орыны жас адамның еш алаңсыз рухани баюына бар мүмкіндік жасалған орда еді. Қоғабай журналистика факультетіне түсерден бұрын бұл факультетте Сапар Жағыпаров деген қазақ баласы оқып,диплом,әскери шен алып кеткен екен. Ол туралы жаман деп те,жақсы жігіт еді деп те ешкім ешқандай пікір айтпайды,соған қарағанда Қоғабай ол туралы қақ соқта жұмысы жоқ,өз ісіне мығым адам екен деген ой түйген. Қоғабай Сапақов сұрастырып,зерттеп көрсе соңғы онбес- жиырма жылда әскери журналистика факультетіне оқуға түскен сол қазір Тынық мұхит флотында қызмет етіп жүрген капитан-лейтенант Сапар Жағыпаровтан кейін небәрі екінші қазақ баласы өзі екен. Бірақ журфакта оқыған қазақтар саны енді көбеюгі тиісҚ. оғабай алтыны бар жерді тапқан жағдайда оны қызғанып басқа жұрттан жасыратын жандар қатарынан емес еді,сол үшін де қазақ елінің баспасөз беттерінде өзінің өлеңдері,мақалалары жарияланған сайын өзінің қайда оқитынын жазып өзі оқитын жоғары оқу орынын насихаттап ,бүкіл елге атын шығарып,танытып ақ келеді Қоғабай қазақ жастарының ішінде журналистиканы армандайтын жандардың өте көп екенін біледі. Ендеше олар қайда жүр,мында келіп неге оқуға түсуге талпынбайды. Қазақ баласы туған жерде алысқа кеткісі келмейдіді,жер шалғай. Қоғабай да бала кезінен тек Алматыға барып оқысам деп армандаған. Журналистика факультетінде бірінші емтиханда шығарма жазу керек екен. Бұл Қоғабай үшін еш қиындық тудырмайтын емтихан. Ол жерге оқуға келген жастар бір бірінен таныспай жатып ақ бір бірінен сен ақынсың ба,прозайксың ба деп сұрайлы екен. Шығарманың тақырыптары жарияланғаннан кейін бір жас,шығарманың тақырыбына поэма жазуға болама екен деп сұрады. Оқуға кілең сен тұр,мен атайын таланттар келген сияқты. Үміткерлер қатарында ол кезде жас,кейін елге дүрлігіп аты шыққан Есенғали Раушанов,Жаркен Бөдешев,СЕрік Ақсұңқар ұлы,Лениншіл жаста сол кездің өзінде – ақ өлеңдерімен танылып үлгерген ақын қыз Гүлбараш Жұмаханова жүрді. Алматыдағы емтихан мерзімі таусылмай жатып ақ Қоғабай баланың қалтасындағы ақшасы таусылды,Қаңғырып оншақты күн Алматыда мүлде аш жүрді,әкесі бір тиын ақша жібермеген соң бала амалсыздан арманымен қош айт ысып үйіне қайтуға мәжбүр болды. Қоғабай жоғары әскери саяси училищесінің екі курсын бітірген соң өзі баяғыда үміткер кезінде уақытша жатақхана сұрап алдына да бір барған ТЕмірбек Қожакеевке хат жолдаған. Оған жауап та тез келген. Жоғары оқу орынында оқыған құжаттарын толық алып келсе,қабылдануы да мүмкін екен. Баяғы жартас бір жартас,мәселе тағы да қаржыға барып тірелді. Курсантқа бәрі тегін,студент болсаң өз күніңді өзің көруге тиіссің,немесе сені уақытша асырайтын адам керек. Отан курсантты тегін оқытып. асырап жатыр,бірақ егерертең керек десе отан үшін оған ертең жаныңды да бересің. СОндықтан Қоғабайға әзіре өкіметтің өз адамы офицер болудан басқа жол жоқ та еді. Бірақ Қоғабай талпынып жүріп,тырмысып жүріп,ізденіп жүріп,адасып та жүріп ақыры соңында өз жолын тапқандай да адам едіПавлодар облысында қой бағып жүрген заманында сол кездегі облыстық газет Қызыл туға университет бітіріп Мейрам Асылғазин атты жас журналист келгенСол мейрам Асылғазин көп ұзамай қарымды журналистен жас жазушыға,аудармашыға айнала бастады. Қоғабайды болашағынан үміт күттірер балаға санап өз қамқорлығына алды. Ата бабалар шежіресін қозғай келе екеуінің туыстығы да бар екені анықталды. Бұйра шашты,бойы келісті,аса ақылды азамат еді. Газеттен баспаға ауысты,жазған кітаптары жарық көре бастаған. Қоғабайды жазушылармен таныстырғанда менің інім деп айтатын болды. Сол Мейрам Асырғазин аға Қоғабайдың болашақта әскери журналист болатынын естіп балаша қуанған жанның бірі ед. Әскери қызмет аяқталып, әлі күш қайраты бойында зейнетке шыққан қандай рахат. Жазушыға ең керегі уақыт,талай кітап жазуыңа уақытың молынан болады,-дейтін еді жазушы Мейрам Асылғазин. Мейрам ағаның өмірі үлке өкінішке орай ұзақ болмады,ол ауырып кемел шағына жетпей өмірден ерте озды. . Мұны естігенде Қоғабай барып ағаға топырақ та сала алатын жағдайы болмады,соған қатты қайғырды,Халима жеңгесіне барып көңіл де айта алмады. Тағдыр солай болды. Львовтегі оқуында Қоғабай қолда барды қанағат тұтып жүрген курсантты аз кезіктірген. Өйткені әр курсант міндетті түрде ең үздік курсант болуға тырысады,оқуда да,спортта да чемпион болсам дейді. Училищеде Политрабоник деген газет аптасына бір рет шығады екен Сол газеттің бетіне бір кішкентай мақалаңды бастырудың өзі оңай шаруа емес. Училищенің аудандық газетпен көлемдес газеті түгілі Мәскеулік үлкен газеттерге жазған әңгімелері шығып жүрген кілең жайсаңдар жол бермейді. Тіпті Василий Солкин,Василий Дандыкин дегендер орыстың ұлы жазушысы Толстойша сілтейді екен,курсанттардың қолы күні түні оқудан,жазудан босамайды. Күндері оқу аудиторияларында,кітапханада,стадионда өтеді,көбінің осы училищені бітіргеннен кейін міндетті түрде ең жоғарғы әскери академияларда оқығылары келеді. Алда аты шыққан үлкен қаламгер бола алатындығына сенеді. Бұл о қу ордасы болашақ кілең атақтылардың фабрикасы іспетті. Сол дүрбелеңнен Қоғабай да қалысар емес. Шығармашылықта да,оқуда да,спортта да алда. Ол өзінің қазақ екенін де,осы журфакта жалғыз екенін де еш уақытта естен шығармайды,қазақ деген халықтың қандай екенін танығың келсе,Александр Бектің Волоколамск Тас жолы романын оқыңдар дейтін ол. Қатты қуантатын бір жері жоғары оқу орынының бағдарламасында ол роман да бар екен. Львов советтік басқа қалаларға ұқсамайтын мекен екен. Ғимараттары сан ғасырлар бұрын салынған сәулетті үйлер көздің жауын алады екен архитектурасы керемет әдемі. Германия,Польша,Англия,Италия туралы фильмдер сол Львов қаласында түсірілген екен. Бұл жердің ауа райы да жанға аса жайлыБұл маңда қатты суық та,ыстық та өте сирек,сіркіреп көбіне жауын жауып тұрады. Жер беті жап- жасыл желекке бөленген. Үш-төрт адам қатар тұрып құшақтаса,саусақтары бір біріне әрең жететін сан ғасырлық жасыл емендер жайлы әңгіме м үлде бөлек. Львовтен шығып батысқа қарай сапар шексеңіз жүз елу километдей өткенд, қақ алдыңыздан Ужгород қаласымен ора жолда алыңыздан Карпат тауы шығар еді. Әскери училищенің дәл Львов қаласында орналасуының саяси себебі де бар екен. Львов батыс украйнаның ұлтшылдар қаласыУкрайындықтардыңҰлттық сана сезімі осы жерден бастау алады. СОл қаланың дәл орталығында орналақан қызыл погон таққан комиссар курсанттар Москваның жұдырығысияқты,орыныңнан қозғалма,әйтпесе мен осы жерден бәрін сезіп,көріп отырмын депсес көрсетіп тұрғандай. . . Жасыл желекке оранған қалаға көп ғасырлық тарихы бар жуан емендер ерекше сән береді. Облыстың басты газетінің Вильна Украина аталуы да көп нәрсені меңзеп тұрғандай. Львовте оқып жұрген студент қазақ жастары, бар екен. Бір күні солардың бір тобын кезіктірген Коғабай Сапақов қатты қуанған. Бірақ ол студенттер Қоғабайдың киген курсант формасына қарап,Қоғабайды өздеріндей білім іздеп келген болашақ мамандық иесі деп емес,борышын өтеп жүрген жерлес солдат ретінде қабылдады,тіпті жатақханаға ертіп барып қонақ етіп,ауылдан дәм келген екен,содан ауыз тигізді. Қоғабай ол жерден жағасы жайлау болып,аса риза болып шықты. Қоғабайдан айырмасы студент болып жүрген қазақ жастары жоғары оқу орындарында украйн тілінде білім алады,украйынша таза. еркін сөйлейді,жергілікті халықпен әбден сіңісіп,бауырласып алған екен. Болашақ әскери журналист ретінде курсант Қоғабай Сапақов әскери жазушылардың жазған кітаптарын іздеп жүріп,тауып алып оқитын. Олардың ішінде Льовте оқыған әскери журналистер,полковниктердің жазған кітаптары да кездесетін. Орыс халқында Владимир Карпов атты белгілі жазушының бар екенін,оның жазған кітаптарын бұрын да оқыған еді. Жазушы Владимир КАрповтың өмір жолы да адам сенбестей шытырман оқиғаларға толы еді. Шын батыр,ержүрек а дам қандай жолға түссе де өзінің қандай ержүрек батыр екенін, елге дәлелдей алады. Карповтың өмір жолы соның айғағы. Сұрапыл соғыс жүріп жатқан қырық бірдің қысында орта азия әскери округінің шешімімен совет өкіметіне қарсы үгіт жүргізгені үшін ол кезде жас,әскери училищенің курсанты Володя Карпов бес жылға сотталады,Калинин майданындағы айытылар ротасына жіберіледі. Сол жерде айыптылар ротасының қызыл әскері КАрпоа өзінің ержүректілімен, батырлығымен бірнеше рет көзге түседі. Соғыс басталмай жатып оның бокстан орта азияның чемпионы деге атағы бар еді. Рингтегі өзінің ерліктерін ол енді майдан даласында да көрсетеді. Ақыры көп уақыт өтпей-ақ барлаушы Карпов тағылған жаладан толық ақталып коммунистік,партия қатарына қабылданады. Бұл бұрын ел естімеген,болуы да мүмкін емес оқиға еді. Соғыс кезінде айыптылар ротасында жүріп ақталу,партия қатарына қабылдану адам сенбес жағдай. Бірақ бұл әңгіменің әлі басы ғана. Қызыл әскер КАрпов медаль алып мараппатталады. ,барлаушылар взводының командирі болып тағайындалады,алғашқы офицерлік шен алып лейтенант атанады. Карпов жау тылына талай аттандырылады. Барған сайын неміс тылынан аман есен,көп олжамен ораладыКеңес әскеріне аса құнды мәліметтер жеткізеді. Майдангер Владимир Карпов батыр деген ең жоғары марапат алтын жұлдызға ие болады. оғыстан кейін кеңес әскри штабының тыңдаушысы болған КАрповтың алғашқы жазған әдеби еңбектері жариялана бастайды. Карпов соғыстан кейі екі жыл өткенде Москвадда Фрунзе академиясын тәмамдайды. Курсант ҚОғабай Саппақов үшін Карпов өзіне өмірлік жол сілтеп тұрған аспандағы жетіқарақшы жұлдыз сияқты,Кароповтың өмір жолы ерлікке,еңбекке толы. Карповтей мықты, ерлікке дайын жүрегің болса, аянбай еңбек етсең аңсаған арманның бәріне міндетті түрде жетуге болады. Елу төртінші жылы Карпов Горький атындағы әдебиет институтының кешкі бөлімін бітіреді. Бұл кезде ол кеңес өкіметі жеріндегі ең көп оқырманы бар автор,аты елге әйгілі адам. Оған қоса ол бірнеше академияны тәмамдап үлгерген офицер,ондай білімі бар офицер жоққа тән. Енді аз ғана уақытта генерал шенін алатын кез келді. Орта Азиядағы дивизиялардың бірінде штаб бастығы болып жүрген полковник Владимир Карпов әдебиетке бір жола бет бұрады. Москвада шығатын атақты Новый мир журналына бас редактор болып тағайындалады,Россияның жазушылар одағының төрағасы болып сайланады. Генерал болудан бас тартқан адам енді әдебиеттің маршалы атанады. . Жазушы ВЛадимир КАрпов милиондаған оқырмандардың ең сүйікті жазушысы еді. Командиры седеют рано,Двадцать четыре часа из жизни разведчика,Маршальский жезл,Вечный бой,Взять живым,Не мечом единым,Эстафета подвига,Полководец кітаптарын кітаптарын қолдан қолға беріп оқитын еді. Еді. Егер сондай атағы жер жарған жазушының ұлы болса анадай жазушы әкенің жолын жалғаушы еді,сол үшін ол Львов жоғары саяси училищесінің журналитика факультететінде оқу оқуға тиісті. Жазушы. Батыр. полковник ВЛадимир Карпов те дәл солай ойлаған болуы керек. Курсант Қоғабай САпақов ВЛадимир Карповтың жазған барлық кітаптарын баяғыда ақ оқып тауысқан. Әскери жазушы кітаптарының ойының тереңдігіне таң қалатын. Жазушы Владимир Карповтың жазғандарын қазақ жазушысы Қасым Қайсеновтың барлаушылар жайында жазған кітаптарымен салыстыратынБірақ Владимир Карповтың өзімен тетелес ұлы бар,онымен жуық арада танысамын деп қорабай ешқашан ойлаған емес. Өмір жолдары мың бұралаң. . Жоғарылау курсте оқитын бір орыс баласы Қорабайды бір күні оңашалау жерге шақырып алып –Джинсы сатамын,аласың ба,-деген. Жалпы төменгі курс курсанттары жоғарғы курстағылардан қорқатын. . Әскерде солдат формасын жарты жыл болса да сенен сол киімді ектерек кигендердің әмірі кішіге жүріп тұрады. Сондықтан әскерге кейін келген адамның күші молдау екені көзге ұрып тұрса да,әскерге бұрынырақ келгенн адамның мысы басым. Бұл әскердің жазылмаған заңдарының бірі. –Джинсы шалбарын сатып аламын десең,Вранглер фирмасы,нақты америкадан сатып әкелінген,маған үлкендеу болып тұр. Сенің денең зор екен,бойың да биік. Саған сол шалбар дәл келуге тиіс,мүмкін киіп көрерсің. . Екі курсант тым сыпайы сөйлесті. Джинсы сатушының ауызында сағыз. Иісі тым тәтті екенҚымбат шоколад жеп тұрған адам сияқты. Қоғабайдың да аузының сілекейі бөліне бастағанға ұқсайды. Ол түкірігі шашырап ондай кезде көп сөйлей алмай қалатын. Джинсы сатушы Қоғабайды жатақхананың курсанттар тұратын бір бөлмесіне ертіп келдіде керуртіні ң астынан судай жаңа көлемді қоңыр чемоданды сүйре п шығарды. –Москвадан папам осы чемоданға салып беріп жіберген екен,кеше ғана алдым. Сатушы курсанттың аты Вася екенОл неше түрлі көздің жауын алатын әдемі заттарды чемоданнан шығара бастады. Чемоданда джинсы көйлектің де,шалбардың да түр түрлері бар екен. Шалбарларының артқы қалтасына ағылшынша сөздер жазылған екен,Америкадан әкеліндіктері бірден көзге ұрып тұр. Қорабай бағасын сұрап еді. Өте қымбат джинсы шалбар екен. қолына ұстап,уқалап көріп еді,матасы қалыңдау және қатты көрінді. Джинсы шалбардың бағасыб ір тайдың бағасындай тым қымбат екен. Қоғабай мынадай қымбат затты сатып аларға ақшасы жоғын білдіріп ақыры басын шайқады. Үшінші курстың курсанты Василий Карповпен қоғабай Сапақов солай танысып еді. Сол күннен бастап ВАся КАрпов жайлы Қоғабай жиі еститін болған. Василийді курсанттар толық атымен ешқашан айтпайтын,тек қана Вася дейтін еді. Ол айтқанға көнбейтін,бір үйдің кенже,шолжаң ұлы сияқты екен. Бірақ әскер дегеніміз өзінің ерекше қатал заңдары бар орын. Қоғабай алғаш әскери форма кигелі мынадай жағдайды бірінші рет көріп отыр. Вася сәби кезінен полковниктердің,тіпті генералдардың да алдына сиіп өскен балаға ұқсайды,Командирлерге бағынбақ түгілі,оларды көзіне де ілмейтін бала сияқтыОл Вася ғой,Васядан несін сұрайсың дегендей командирлер Васяның істеп жүргендерін мүлде байқамайтын,көрмейтін сияқты. Өйткені Вася Карповты оқудан шығарып,әскери училищеден мүлде қуып,шығарып жіберу мүлде мүмкін емес. Училищенің бастығы генерал майор Зиновьев жағдаймен жақсы таныс. бірақ курсанттар ротасының командирі майор Макаров неше рапорт жазса да,оған қолын қоймайды,командир екенсің,бағынышыңдағы адамды дұрыс тәрбиелеу сенің міндетің,ол қолыңнан келмесе,орыныңды босат,ол іспен басқа офицер айналысатын болады. Вася Карповке жаза жоқ. Сөзбен айтқанды ол құлағына ілмейді,ұруға болмайды. Қалай болғанда да училище Васяға шыдау керек,,бір ерке,жынды бала не істесе де оған көнуге мәжбүр. Әкесі,СОвет Одағының батыры,жазушы полковник Владимир Карпов өзі келіп,мынае рке ұлына өзі бір шара қолданбаса болмайды,бір құмалақ бір қарын майды шіртетін болды. ,Васяға қарап,соған ұқсаймын,соның істегенін істеймін деп оқудан қуылған шынымен болашақта журналист,жазушы болуы мүмкін талантты курсанттардың да бағы жанбай,оқудан қуылуы мүмкін. Васяның осындай босбелбеу болып өсуіне әрі батыр,әрі атақты,әрі бай әкенің өзі кінәлі Жазушы Владимир Карповтың ВЕчный бой романы аты солай меңзеп тұрса да ол кітап мүлде соғыс жайлы емес. Вечный бой-ол ғасырлар бойы таусылмайтын күрес. Адам тәрбиелеу үшін еш уақытта аяқталмайтын күрес жайлы роман. Бұл кітап кезінде миллиондаған тиражбен талай рет басылған. Россияның жоғары әскери училищелерінде,әскери академияларда оқулық ретінде оқытылады. Жас офицерлерден оларды рота командирі етіп тағайындамас бұрын Владимир Карповтың романын оқыдың ба деп сұрайды екен. Львов қаласына жазушы Владимир КАрповтың өзі келіпті. Бұл қалада да атағы жер жарған жазушының оқырмандары көп,оның үстіне баласы осы қалада оқыса,мұнда келмегенде қайда барады. Сүйікті жазушының курсанттармен кездесуі училищенің клубында өтті. Ортадан сәл ғана жоғары бойы бар,кең иықты,қимылы жылдам,жинақы адам екен. Сөйлегенде асықпай,тым байсалды сөйлейді екен. Әскерилердің түсінігі бойынша мыңдаған адамды бұйрығыңа бағындыру үшін командирдің бетінде біреуді түтіп жейтіндей бетінде ызғар болуы керек. мына кісінің қай жері полковник. Москвадан келген интелигент адам Оның білімділігі,зиялылығы әр сөйлеген сөзінен білінеді,көрінеді. Курсант ҚОғабай Сапақов жазушының жұмсақ дауысын тыңдай отырып бір қазақтың үлкен адамымен әңгімелесендей күйінен арыла алмады. Карпов әрине,орысша мәнермен туған жерім Оренбург деді. Оренбург. Бұл кісі біздің қазақтың орынборында туған екен ғой. Нағыз жерлес. Қоғабай Павлодар облысында туған бала болғандықтан Ресейдің түйісіп жатқан Алтай өлкесінен тіпті жоқ іздеп атпен жүрген орыстың малшыларын да көріп өскен. Төбеде жер бетін күйдірі тұған күн біреу болғандықтан ба,қазаққа өте ұқсаған түріне қарап,қасыңа келіп сөйлескеше,келген адамның басқа ұлттан екені аңғармауға да болатын едіС. оны есіне алып отырған курсант ҚОғабай жазушының бет әлпетінен қазаққа ұқсаған жерлерін іздеп отырғанын өзі де байқамай қалды. Роман қалай жазылады,жазушы көбіне қанша,қай уақытта жұмыс істейді. Болашақ журналист,жазушылардан сол іспетті сұрақтар көп қойылды. Курсанттар клубында бес жүздей адам отырды. Жазушы әр қайсысының бетіне зерлей қарайтындай. Бір уыс құм ішінен бір жылт ете қалатындай алтын табыла қоярма екен. Осы бес жүз курсанттың ішінен бір жазушы болашақта табыла қалса, соның өзі халқына олжа,сол халықтың әдебиетінің жетістігі. ӘСкери журналист подполковник Қоғабай Сапақов бүгінгі жеткен өзінің өмірлік биігінен жас шағында өзі көзі көрген орыстың атақты батыр,полковеник жазушысымен осылай тілдеседі,сырласады. Карпов өз өміріндегі соғысты да,түрмені де көріп,соңында ақыры қиындықтардың бәрін жеңіп,жеңіске,жетістікке жеткен адам. Подпоковник Сапақовтфың өмірден өтер сындары алда,оған өмірдің көрсетер өз құқайлары бар,солардан өте алса,оның да батыр болмаса болмай-ақ қойсын,ел іргесі тыныш болсын,ал жазушы болу үшін ол соңғы демі қалғанша күресері анық. Львов жоғары ескери саяси училищесіндегі журналистика факультетінің курсанттарына деген көзқарас ерекше еді. Мүмкін болашақ әскери журналистердің өзіне солай көрінген де шығар. Бұл жерде оқып жүрген әр курсант өзін орстың ұлы жазушылары Толстойға,Бунинге,Достоевскийге балайтын. Болашақ әскери мәдениет соласының қызметкерлері, орысша қысқаша айтқанда КПРовшілер өздерінің журналистерден кем емес,артық екендерін дәлелдеуге тырысатын. Кпр факльтететінің курсанттарының сахналық қойымдары шынында естен кетпестей керемет еді. Өйткені олар өздері әнші,өздері актер,өздері продюсер еді. Ол курсанттар МОскваға барып жоғары оқу орындарының студенттерімен бірге көңілділер мен тапқырлар конкурсына қатысып,оның жүргізушісі Масляковтың өзін таң қалдырып жыл сайын жеңімпаз атанып талай жыл жүрді. Сол кпр факультетіне бұрын да оқуға түсу қиын еді, анадай атақтары шыққаннан кейін ол жерге оқуға тусу енді тіпті қиындап кетті. Соған қарамай училищеде қазақ балаларының саны көбейді. Қоғабайды іздеп бір күні жатақханаға бірінші курсқа жаңа қабылданған бірнешн бала келген екен. СОл кездегі Гурьев Атыраудан Айболат,Алматы облысынан Әжімат,Бақыт,Қарағандыдан ӘМіртай деген бала, бәрі де болпшақ солдат клубтарының бастықтары,яғни КПРовшілер. Біз қаза қ аз болсақ та екіге бөлінуді қоймаймыз. Бөлінуге болмайтынын,керісінше біріге беру керек екенін айқайлап айтып тұрып бөлінеміз. Советтік мектептерде аралас мектеп деген пәле шығып қазақ баласының жарымы орыс мектептерінде оқыған. Осы екі қазақтың менталитеті екі бөлек шындап келгенде тілі де екі бөлек,қазақшасы екі бөлек. Мысалы орысша оқыған бала шымбайыма тиді деп сөйлесе,қазақша тәрбиеленген баланың шымбайына еш адам ешқашан тимейді,шымбайына батады. Қазақы ортада өскен адамдар бірін бірі ісінен,сөзінен танып,бір біріне бүйрегі бұрып тұрады. Қоғабай Алматы облысының жеткіншектерін бірден жанына жақын сезінді. Әжімат пен БАқыттың қазақша мектеп бітіргендері бірден сезіліп тұр еді. Әжімат Әлімов әр қазаққа белгілі Үшқоңырдан екен. үріс-тұрысы биязы,сөйлескенде шынайы жымиып,адамның іші бауырына кіріп тұрады екен. Және де бір өзі жалғыз жүрмейді, ылғи да қалдырмай қасына Айболатты, Бақытты ерте жүреді. сондай бауырмал жігіт екен. Сол курсанттар екінші курстың басында коммунистік партиясы иүшелікке өтуге арыз жазды. Саяси училищенің тәртібі солай еді. Училище түлектері болашақ мемлекеттік саяси қызметкерлер. Сондай жоғары дәрежелі қызметті партия тек өзінің сенімді мүшелеріне ғана сеніп тапсыра алады. Газеттің тілшісі немесе солдат клубының бастығы міндетті түрде компартия мүшесі болуға тиіс. Әкем соғыс басталғанда қызыл әскер екен. Мына соғыстың басталғаны жақсы болды. орыс қырылып,саны азаяды деп айтқан. Сол сөз үшін сотталған. Әжімат сол туралы өмірбаянымда жазайын ба. жазбайын ба деп бір келгенінде ақылдаса келген екен. Ол туралы сенен біреу нақты сұрап тұр ма еді. Жоқ. Онда сорың осы тіліңнен болады,ондайды ешқашан еш жерде жария етуге болмайды. Соны вйтып туған бауырындай болып жүрген Әжіматты үлкен бір қателіктен аман алып қалды. Әкесінің қалай солай сотталғаны туралы ақпарат құжатқа бір іліксе сосын оны балтамен шауып өшіре алмайсың. Ол туралы еш жерге жазушы болма. Осы әңгімеден кейін демалыста Әжімат пен Қоғабай циркке барған. Бұл қаладағы опера театры да,барлық кинотеатрлар курсанттарға әбден таныс болатын. Цикке келіп,енді шешінетін орын гардеробқа жақындай бергенде Қоғабайдың есіне бірақ түсті. Қоғабай курсант кезінде көйлектің сыртынан тек шинель киіп жүре беретін. Өйткені оның денесі шыныққан ,иығы кең,денесі ірі еді. Бастырып бар киімін киіп алса,тым үлкен,дәу болып көрінетін. ОЛ кездегіә әскери көйлекте погон әлі болмайтын Әскери фома киген адам,мейлі ол солдат болсын,полковник болсын, ол заманда шинельді шешсе,күн қандай ыстық болса да,погоны бар китель киіп жүруге мәжбүр еді. Көйлекке погон тағып жүруге мүлде рұқсат етілмейтін. Көйлекке тағатын арнайы погон ол кезде жоқ еді. . Әскери адамға погонсыз құр көйлепен жүру ыңғайсыз Қоғабай шинелін Бауыржан Момыш ұлы атасына ұқсап. бір газеттегі суреттен көргеніндей,шинелін иығына іліп жүргенді ұнататын. Шинельді шешпейін десе,цирктің іші ыстық. Сонымен не істеу керек. Қоғабай кәдімгідей сасып қалды. Сол кезде мынадай жағдайды көрген Әжімат гардеробқа жаңа ғана тапсырған шинелін қайтарып алып,тез киіп алды. . Бір курсант шинельмен жүрсе,ол бірден көзге түседі,ал екі немесе одан көп курсант шинелін шешпей жүрсе ол заңдылық сияқты. Қоғабайға сол күнгі Әжіматтың іс қимылы бір үлкен ерлік сияқты көрінді. Сол жерде жерлес досын інісін құшақтап қысып қысып алды. Сол күннен бастап екеуінің арасы бұрынғыдан да жақындай түсті. Әжімат анасы,әкесі туралы әңгіме айтқанды жақсы көретін. Әкем айқайласа,дауысы ауылдың бір шетінен екінші шетіне жетеді деп әкесінің сол айқайын сағынып отыратын,Ал анасын сағынып еске алғанда,тыңдап отырғандар көзі нұрға толы,ақсары ананы көз алдарына елестететін. Әжіматтың Үш қоңырда үш әпкесі бар екен. Сығырайған көздері жылтырап отырып,әпкелерін мақтағанда,ең ақылды,ең сұлу қыздар тек қазақта ғана бар сиқты көрінетін. Қоғабай татар әжесі Жәмилә әженің ұйіне бір бюарғандаРая есімді жасы үлкен Рая атты бір әйелмен танысқан. Сол Рая мұсылман баласын көргеніне балаша қуанып, қызым Рая жуырда мектеп бітіреді,өте әдемі қыз болып бой жетті,енді тұрмысқа өз ұлтымның өкіліне куйеуге шықса екен деп армандаймын. Бір татар курсант болса таныстыр деп өтінген. Қоғабай Тамараға сәйкес келетін татар баласын танымаймын, бірақ қазақтар бар деген. Рая апай қуанып,онда қазақ болса,болсын,біз өте жақын,туыс халықпыз деген. Қоғабай келіскен күні қасына Әжіматты ертіп,Рая апайдың үйіне барған. Екі курсант келсе,Рая тәте қызымен үш бөлмелі пятерде тұрады екен. Үй иесі жақсы дайындалып,столды жайнатып қойыпты. Қай қазақ той,құдалық дегенді жақсы көрмейді. Оның үстіне әскери қызметте жүрген адамдарпүшін үйде отырып,бір шай ішкеннің өзі нағыз мейрам. Қоғабайдың тағы бір таң болған дүниесі,кешкісін дем алатын уақыт жеткенде бойжеткен Тамараның бөлмесіне Әжіматқа да төсек салып беріп. қыз жігітті оңаша қалдырып,сол бөлменің есігін өз қолымен жапты. Бұл Қоғабай күтпеген жағдай еді. Қоғабайдың пайымдауынша екі жасты бүгін тек жай ғана таныстыру болатын. Қыз,жігіт бүгін бір бірін жай ғана көріп,егер бір біріне ұнап қалса,кейінгі күндері өздері келісер,киноға бара ма,театрға бара ма,жастар өздері біледі,солай бір бдірімен өздері таныса жатар деп ойлаған. Қыз анасы болса,мына қазақтың бір әдемі ұлын тезірек иемденіп алғысы келетін сияқты. Бірақ ӘЖІмат та жай бала емес,ақырын жүріп,анық басатын адам. Қыз жігіт жатқан бөлмеден ешбір үн,дыбыс естілмейді. Қыздың анасы перзентінің пәктігін неге ойламайды,ертең қызы бәрібір бір күйеуге тигенде еріне не бетімен қарайды,әлде қыздың адалдығы,пәктігі деген ұғым Европада мүлде жоқ па екен. Соны ойлап жатқан залдағы диванда жатқан Қоғабайдың көзі ілініп,ұықтап кетіпті. Таңертең көзін ашса,училищеге қарай жүгіретін кез де болып қалған екен. Қоғабайдың есіл дерті Әжіматтың әңгімесін тезірек есту. Әжіматқа қараса,досының түрі бір қалыпты,қуанғаны да,ренжігені де бет әлпетінен еш сезілмейді. Түрі тек ұйқысы әбден қанған адамға ұқсайды. Қайдағы ұйқы,қасыңдағы төсекте кер маралдай кеіліп бойжеткен қыз жатқанда. Жігіттің өмірінде мынадай оқиға бір –ақ рет болады. Оның өзінде түсіңде,арманыңда ғана. Бірақ Тамара көшеде ерігіп жүріп танысқан қыз емес,оның анасы Рая апай қазақ татар туысқан халықпыз деп,сыйлап,сеніп адал а сын алдымызға жайып,қарсы алып отыр,сондай адамдардың құдығына қалайша түкіріп кетуге болады. Бірақ бір жерге түкіріп кетуге болмас,бірақ қызбен көбірек сөйлесіп,белінен қысқанның,оның бетінен шөп еткізіп бір сүйіп алғанның еш айыбы жоқ. Аласұрған көңілдің екпіні басылады,жас жігіт соның өзіне риза,сонымен-ақ бақытты. сонда қой да аман,қасқыр да тоқ. Бірақ байсалды отырып,ақылға салып ойлағанда ғана солай,өмірде шын мәнінде мүлде басқаша болуы мүмкін,шөа еткізіп бір сүйіп алу демекші,қасқыр да қойды бір тістеп қоя бере алмайды,бәрібір со қой бейшараны жеп тынады. Ал әжімат пен Тамараның арасында не болды екен. Әлде татардың ерке өскен жалғыз қызы Әжіматқа өзі тиіскен бе. Қалай болғанда да,жағдайдың қалай болғанын Әжіматтың өз ауызынан естиін. Қоғабайдың естиін деген қызықтары ақыры болмай шықты. Әжімат шаршап келген адам болған соң жастыққа басы тиісімен,ұйықтап кетіпті. Өзімен бірге оқитын Ренат деген татар баласы бар екен. Әжімат келесі сенбіде Тамарамен таныстыру үшін сол курсантты ертіп кетті. Сол Ренат ақыры Тамараға үйленіп,өзі оқыған училищеде командир болып қалды,бірақ ол Тамарамен ұзақ тұрған жоқ,екеуі айрылысып кетті. Сол кездері Қоғабай Әжіматтың дініне беріктігіне қатты сүйсініп жүріп еді. Оның ата анасы әсіресе әпкелері ешқандай татар қызын қабылдай алмас еді. Қоғабай Әжімат туыстарын аса жақсы көргендіктен олардың көңіліне қарап Тамараға да қарамай қойған екен деп ойлаған,Әжімат тек жақсы қазақ қызын іздейтін азамат. Солай ойлап жүргенде досы да училищені тәмамдап. Түркменстанға қызметке жіберілген. Сол түркмендердің құмында қызмет істеп жүрген жерінен бір күні анасына офицер ұлынан жеделхат келген. Мен ауғанстанға аттанып барамын. Менің әйелімді өздерің алып кетіңдер. Анасының төбесінен жай түскендей болады. Келіні бар екеніне қуанайын десе қуана алмайды. Ауғанстандағы соғысқа аттанып бара жатқан офицер ұлы туралы хабар қай ананы болса да жайпап кетер еді. Елде қалған әлі көрмеген келіннің ішінде мүмкін перзент қалған шығар. Қайдан ғана барып еді,сол әскери оқуға. КЕлінді алып келуге үлкен қызы Қаламқастың күйеуі Серік аттанады. Осы оқиғалардың бәрін сол кезде Сарыөзекте әскери газетте тілші болып жүрген аға лейтенант ҚОғабай Сапақов естіп біліп жүрді. Дәл сол уақытты Әжіматтың үлкен ағасы Асхат Жаркентте мектепте мұғалім еді. Әпкелері Жаркентке барған сайын Алматыдан аттанған автобус Сарыөзекті басып өтетін. Ауғанстандағы Әжіматтан да хат алып тұратын. Бірақ көктен түскен қандай келін екенін еш жан әзірге білмейтін. Ақыры Әжіматтың қандай әйелге үйленгенін білуге асыққан ел көктен түске екіқабат келінді де көрді. Бірақ ол жас әйел көргендерге бірден ұнамады. Әжіматтың өзі сұңғақ бойлы қараған адамның көзі тоятын офицер,онымен аз да болса біраз сөйлеске адам оның кішіпейіділігін,қарапайымдылығын байқар еді. Жас келін қазақ тілін мүлде білмейтін болып шықты. Оның үстіне дөрекі сөйлейді екен,ұлты татар. Оны көргенде Қоғабайдың есіне баяғы жас кездеріндегі Қоғабай таныстырып Әжімат қарамай кеткен бойжеткен татар қызы Тамара түсті. Тамара татардың ең сұлуы еді. Оның көріктілігіне қызығып үйленуге де болатын. Таманың қасында мына жас келін үстіне ертоқым салынған сиырдай көрінді. Студенттердің өмірі сияқты курсанттардың өмірі де жеке бір әлем. Курсанттар мода қуып,алабажақ киіне алмайды. Үстерінде әрдайым бір түсті әскери киім. Бірақ әскери училищеге түсу үшін бойың бәленше сантиметрден кем болмау керек деген қатал заң бар. Бойы кішкентай,жуан,қарыны бар ұсқынсыз адам курсант бола алмайды,денсаулығының жарамдылығы да мұқият тексеріледі. Әрбір курсант жақсы спортшы болуға міндетті. Нормативті орындамаған адам курсант бола алмайды. Бойы сұңғақ,иығы кең жас адамдарға әдетте курсант формасы тым жарасады. Ұшқыштар көк,шекарашылар жасыл ,танкшілер қара форма киеді. Бірақ қыздың көзі қызылда. Қызыл фуражка киетіндер ол жая әскер,орысша айтқанда пехота. Қарулы күштердің негізгі бөлігі сол пехота. Болашақ ұшқышың да,артиллияшың да соло әскери қызметін сол жаяу әскерден бастайды,әуелі өз аяғын алып жүруді үйренгеннен кейін ғана басқа әскери мамандыққа үйренеді. КУрсанттардың формасы бір қарағанда солдат формасынан аумайтын сияқты. Бірақ курсант формасы офицерлерге арналған қымбат матадан тігіледі. Қыз қауымы соны байқап қалады. Ылғи әскери формада жүргендіктен қыздар қарамай жүр деп курсант айта алмайды. Ең жақсысы әскери училищеде шынымен білім аламын деген адамға толық жағдай жасалған. Әскери училищеден өз мүмкіндігіне өзі сенбейтін әлсіз адамның бас тартуы мүмкін. Курсантқа жетіспейтін бір ғана нәрсе бар. Ол адамның бас еркіндігі. Қалағаныңша ұйықтап,тек өзіңе ұнаған тамақты жей алмайсың, әскери тәртіпке,күн тәрт ібіне бағынасың. Сенң таң ертең нешеде тұруың,жатуың керек,қай кезде киноға барасың,паркте қыдырасың,соның бәрін сен емес,күн тәртібіне қарап,командирлерің шешеді. Тәртіпке бағынған құл болмайды,курсанттың ақыл ойы қатал тәртіпке үйреніп алғандықтан,ол дұры жолдан,арманына апарарп жолдан ауытқымайды,өзінің көздеген мақсатына түбі жете алатынына сенеді. Үшінші курстан бастап жас адам әскери жарғыларды,бұйрықтарды терең түсіне бастайды,әскери заңдар адамның көп жылғы тәжірибесімен,,адамзаттың,отанның амандығы үшін жазылған. Курсант күні ертең өзі командир болғанда да бағынышындағы солдаттарға өзінің осы түсінігін тезірек жеткізуге тырысады. НЕегізі курсанттар модашыл. Фуражканы да,тымақты да,етікті де мемлекет тегін береді,онда модашылдық қайдан келеді?Шын модашыл әскерилер мемлекет тегін берген киімді кимейді. Ірі әскери гарнизондарда әскерилер арасында аты белгілі тігіншілер болады. Ондай шеберлеге генералдар,полковниктер ғана емес,әсіресе курсанттар жиі барады. Курсантқа ақша қайдан келеді дейсіз ғой,Оның оқуына еш шығын шығармайтындықтан,курсанттың әскери форма тіктірем деген еркелігіне ата ана онша қынжылмайды,көтереді. Жалпы курсанттардың арасында үлкен шенеуніктердің,халықаралық ведомстволардп қызмет ететін адамдардың балалары жиі кездеседі. Жас кезінде жастықтың буымен лағып кетпесін деп шет елде қызмет ететін елшілер балаларын әскери учищеге тығады екен. Есейген жігіт баласын өзімен шет елге апара алмайды,әскери училище тегін қатаң да дұрыс тәрбие алатын орын. . Жоғары әскери училищеде кадеттердің алатын орыны ерекше еді. Кадет деп суворов мектебін бітіргендерді айтады. Жәй мектепте кілең бестік деген баға алатын бір класта төрт-бес бала ғана болса,ол жерде бір класс бір взвод деп аталады екен. Олар кадеттер сол взводымен кілең беске оқиды екен. Олар бала емес,роботтар сияқты,бар істі нақты уақытында және өте жақсы орындайды. Жоғары әскери училищелерге олар мүлде емтихансыз қабылданады екен,конкурс та олар үшін жоқ. Мына робот балалармен ешкім бәсекелесе алмайды. Олар шетінен оқу озаты,жақсы спортшылар,олардың жүргендері де тұрғандары да бір біріне қатты ұқсайды,бір инкубатордың балалапандары сияқты. Училищеде емтихан болсын,қандай да бір қиын сынақта кадеттердің бірі топ бастап,алда жүреді. Тіпті қан тапсыру кезеңінде де курсанттар кадет училищесін бітіргендерді алға итермелейді,дәрігердің инесі кірсе де,бірінші кадетке кірсін,олар әбден бала кезінен сыналған,шыңдалған адамдар. Кадеттердің басқалардан тағы бір айырмашылығы олармен бірге мысалы жер қазуға немесе кірпіш тасу сияқты шаруаларға олардың мүлде қыры жоқ,жалқау емес,бірақ жұмысқа мүлде икемсіз адамдар. Жалпы қаланың мәдени өмірінен курсанттар қалыс қалмайтын. Әскери училищеде мәдени жорықтар жиі ұймдастырылатын. Қай жерде қандай премьра бар. қай кионотеатрда жаңа фильм қойылады сол жайлы жаңалықтарға курсанттардың құлағы қашан да түрік жүретін еді. КУрсанттардың өмірі де,оқуы да сонысымен қызық. Курсанттар дәл солдат сияқты қарауылда тұрады,училищедегі бар қара жұмысты өздері атқарады,училищенің әр метрін тілмен жалағандай тазалықта ұстайды машинамен әкелінген тонна тонна картопты кейде кезегі келгенде түнімен тазалайтын кездер болады,бірақ көңілде болашаққа деген арман бар,сол үшін еш қиындықтардан қорықпайды. Табандай төрт жыл солдат сияқты қатардағы жауынгер ретінде жүру әрине,оңай емес,оған әркім шыдай да алмайды,бірақ көппен көрген ұлы той,сол ешқашан өтпестей,бітпестей көрінген курсанттық төрт жыл да бір күні бітеді. Жоғары әскери саяси училище терең білім алған мәдениетті адам тәрбиеленіп шығуға тиіс. Львовте әскери оқу орыны болғанымен қаладағы бар мұражайларға,театрларға курсанттардың мәдени жорығы үзбей ұймдастылып тұратын. Москвадан не тағы бір жерден атақты,халық қызығатындай бір өнер адамы келе қалса міндетті түрде училищеге шақырылатынӘр сенбі сайын оқу орынында курсанттар бір киломметрге жүгіретін. Әскери формамен, ауыр етікпен сол шақырымды жүгіріп өтуғе небәрі үш минут берілетінӘр курсанттар группасында жиырма бес курсант болады екен. Әр сенбі сайын сол группа әскери формада бір киломметрге жүгіру дәстүрі бар екен. Рота командирі секундомер ұстап тұрады. . Группаның орта шенінде асықпай жүгірсең бұл қашықтықтүк емес бірақ группада спортпен әбден айналысқан спортшылар да бар. Группада жалғыз қазақ бола тұра оларға оздыртып қоя алмайсың,қазақ атың бар,намысқа тырыс асың,бәрінен озасың. . Қатаң әскери нормативті орындай алмайтын адам ол курсант емес,ол оқудан шығарылады. тек денсаулығы темірдей адам ғанна офицер бола алады. Кілең күші тасыған жастар жиналған сол курсанттардың арасында ерегес,,төбелесу деген ерлер арасында жиі болуға тиіс мәселелер мүлде болмайтын,болуы мүмкін емес те болып көрінетін Қоғабай ойламаған жерден бір жақсылыққа тап болды. Әскери училищеде күрес с екциясы бар екен. Соның бірде бір жаттығуына қатыспастан,бірден Училище біріншілігіне қатысатын болды. Күрес қазақтың қанында бар қасиет. Бірігші рет кілемге шықса да өткен жылдардағы чемпиондардың бәрін жеңіп, жаңа жеңімпаз атандыУчилищеде спорттық емес бәсекелестітер бар екен. . Бірақ бұл бәсекелестіктер еш зілсі,тек күлкі үшін ғана болатын еді. Солардың ең есте қалар қызықтысы кім бәляшты көбірек жейді деген жарыс болатын. Сол жарысқа талай дәу,жайын ауыз жігіттер шығатын. Бірақ солардың бәрін арық. кішкентай татар жігіт Хамит Ғабдуллин жеңетін. Сол Хамит екі үш жыл беляш жеуден училищенің чемпионы болып жүрді. Әскерде татар халқының өкілдері көп кезігетін еді. Әскери адамдардың ортақ ойынша татарлар әскери қызметке ете бейім ұлт. Осы ұлттың училищеде оқыған тағы бір өкілі ол Марат БурклановҚоғабайды өзіне нағыз жерлес санап,жақын тартатын. Өйткені оның да туған жері Қазақстаннан еді. Оның жазған мақала,очерктері газет беттерінен түспейтін. ,училище өмірінде де белсенді жан еді. Училищеде ешкім ештеңені жасыра алмайды,өйткені курсанттардың өмірі бір бірінің көз алдында өтеді. Сол Марат Надежда атты өте әдемі украйн қызына үйленеді,балалы болады. Келесі жылы Марат Надядан да сұлу тағы бір қызға ғашық болады. Бұл жолғы ғашығың аты Галина. Бұл екі жас арулар бірін бірі,әрине танымайды. МАрат болса партия қатарына өту үшін бір жыл бойғы мерзімде үміткер,кандидат болып жүруге міндетті. Содан кейін ғана қайтадан партия жиналысы өткізіліп,егер ұжым толық қолдап дауыс берсе ғана мүшелікке өте алады. Егер Мараттың екі әйел алған бүлігі әшкере бола қалса,училищеден де партиядан да қуылуы мүмкін. Марат алғашқы әйелі Надяғв училищеде қонып жүрмін,командирлер жібермейді деп алдап,істің мән-жайы ашылып қалама деп қорқып тағдыры қыл үстінде жүреді. Бір жағынан курсанттардың бірі көрсетіп жібере ме деп те қорқады. Бірақ еркектер арсында біреуді көрсеткен адам да абыройдан айырылады. Сондықтан бәрі үнсіз:Марат тып-тыныш дипломын,партбилетін алып,қаладан қашады,бірақ алименттен қашпайды,уақытында төлеп тұрады. Сол Маратты жақсы таныған курсанттар оған сенбейтін болған,оны тым жылпос санайтын,түбінде бәрібір бір жазаға ілігер. Бір жазғы Аякөзге барған дем алысынан Балқадиша әнін жақсы көретін курсант Мұрат жары Гүлияны ертіп оралды. . Ол жартылай қазақ,жартылай татар қызы екен. Львовтегі оқу әскери аталғанымен мәдениет қызметкерлерді,журналистерді дайындайтын боллғандықтан бұл жерде білім алу шығармашылық мамандыққа дайындалатындықтан өмір жылдам,уақыт қызықтарға толы. Курсанттық уақыт тез өтеді екен. Совет елі бір кезде өте үлкен мемлекет еді. Оқу бітіретін кезде курсанттар қиыр шығыстың қай түкпіріне немесе солтүстіктегі суықтың қай бұрышына жіберілер екенмін деп толқып жұреді. Олай толқымайтындар Генералдардың балалары. Өйткені олардың мәселесін әкелері шешеді. Әкесі қайда болса,сол жерге барады. Қай жерге қызметке барамын деп толғанбайтындар олар қазақтар. Жалпы сол замандағы совет офицерлерінде қазақ жері жазда ТАшкенттегідей ыстық,қыста сібірдегідей суық аяз деген ұғым қалыптасқан. СондықтанҚазақстанға барып қызмет етуден офицерлер ат тонын ала қашады. Ал ҚОғабай сияқты қазақтар үшін әскери қызметке аңсап жүрген туған жерге келуден асқан бақыт жоқ. Қазақ болған соң да ол туған жерге ғана сұранады. Қоғабайға да Европанның жайқалған көк майса бұрышы керек емес еді. Оқуды жаңа бітірген офицерлерді жер жерге бөлетін комиссия мүшелерінен,кілең генералдар мен полковниктерден Қоғабай өзін тек Қазақстанға жіберуін өтінді. Арада көп уақыт өтпей-ақ әскери журналист,дивизия газетінің тілшісі лейтенант Қоғабай Сапақов Сарыөзекте жүрді. Рахат өмір енді басталды. Самал ыстық желге бетін төсеп тұрғанды ұнатады. Кейде редакцияға бірден кірмей,ғимарат қасында біраз уақыт аялдап тұрып қалады. Самайымнан желпіп өткен самалды. туған жердің алақаны деп білем деген осы екен. Гарнизоннан шығып,автобус бекетіне барса,ішіндегілер кілең қазақтар екен. Оң жағына қараса да,сол жағына қараса да көретіні қазақ,еститіні қазақша лебіздер,айналаңның бәрі ән салып тұрған сияқты. Адам туған жерден жырақта әскерде екі жыл болып келгеннің өзінде,еліне өзегі таусылып әрең шыдайды. Қоғабай болса шетте бақандай бес жыл жүріпті. Соншама жыл жырақта жүруге жаны қалай шыдаған?Қоғабайдың соған сенер сенбесіне өзі де таң. Әрбір құрылысшы адам түбінде архиктор болуды армандайды,ал кешегі өлең,мақала жазған Қоғабайдың арманы жазушы болу. сол үшін де ол солдаттық өмірдің бар қиындығына шыдап әскери журналист болды. Бұл ароманға апарар жолдың алғашқы баспалдағы ғана. Қоғабай осы күнге дейінгі өмірінде ондаған, жүздеген жазушылардың өмірін зерттеген. Олардың ішінде бола алғандары бар,ал бола алмағандары да өте көп. Өйткені ол белес белеңі көп аса ауыр жол. Әдетінше басындағы фуражкасын қолына ұстап,бетін самал желге төсеп бейқам тұрған жас лейтенанттың қасына бейтаныс подполковник келіп қатқыл үнмен құжаттарын көрсетуін талап етті. Сасып қалса да онысын білдірмеуге тырысқан Қоғабай подполковниктің талап етуіменУАЗ машинасына мінді. Ол жерде тағы бір подполковник шеніндегі офицер отыр екен. Енді Қоғабайдың құжаттарын олар екеулеп ақтара бастады. Ақыры машина дивизия штабының алдына жетіп бірақ тоқтады. Сол жерге лейтенант Сапақов нақты бір аса қауіпті қылмыскердей. Шамасы бір ротадай солдат сапқа тұрғызылып,лейтенант ешқайда қаша алмайтын жағдайда Қоғабай шұғыл кезекші отырған кабинетке кіргізілді. Әрі қарай не бола екен?Сапақовтың ұсталуына подполковниктер еш ілік таба алмаған сыңайлы. Жарты сағаттан соң лейтенанттың кете беруіне рұқсат етілді. Екі подполковниктің арасынан өтіп бара жатып лейтенант арақтың мүңкіген иісін енді ғана айқын сезінді. Күн жексенбі болатын. штаб ішіндегі кабинеттер бүгін бос. Қоғабай осы тұрған өзінің әдемі күйінде тағы біраз офицерлердің көзіне түскісі келіп еді. Өйткені ауыздарынан арақ иісі мүңкіген мына подполковниктер жас лейтенантты мас болды деуі мүмкін,бірақ ертең арақ ішпегеніңді еш жерде дәлелдей алмайсың. Қайткенде де Қоғабайға нахақтан күймеу үшін жақсы куә керек. Ең сенімді куә ол генерал,дивизия командирі,оның өзі үйінде болмай қалса. оның әйелі лейтенанттты көрсін,сол куә. Генерал-майор Ширниннің пәтерінің есігі қоңыр былғарымен қапталған екен. Басатын қоңырауын іздеп Қоғабай әрең тапты. . Есікті жасы қырықбестердегі жылы жүзді,күлімдеген өте сұлу әйел ашты. Ол келіп тұрған лейтенанттың жүзіне таңдана біраз қарап тұрды да үйге кіруін өтінді. Қоғабай кіре берісте тұрып ақ болған жағдайды баяндап берді. Әйел бір тыңдап алғаннан кейін лейтенантты шай ішуге асүйге шақырды. Сол жерде асықпай тағы бір баяндап беруін өтінді. Генералдың өзі үйінде жоқ болып шықты. Бірақ Қоғабайға енді он подполковник жабылып жала жаба алмайдыНЕгізі сол күні ҚОғабай Жаркент қаласына іссапарға аттануы керек еді. Солнің жерде жыл сайын жаңа оқу бітіріп келген лейтенанттарға арналған оқу жиыны өткізілетін. Қоғабай сол жерге онша барғысы да келмей тұрған,мына подполковниктер сол жаққа бара алмай қалуына қайта жақсы себеп тауып берді. Сол күні не болғанын,Қандай жағдайға тап болғанын лейтенант Сапақов кейін естіп білді. Москвада академия ны жаңа тәмәмдап келген екі жас подполковникер Остапенко және Петриков деген подполковниктер жаңа жерге келген қызметтерін тойлаған екен. Соның буымен мас болып жүргенде қазақтан шыққан сол кездегі санаулы офицердің бірі лейтенант Сапақовты қытайдың тыңшысы деп тұтқындаған. Шовинизмнің буымен Москвадан жаңа жеткен подпролковниктер офицерлік шені бар қазақ барына да сенбеген сияқты. Шындығында ол заманда қазақ баласы бола алмай жүрген жоқ. Отан қорғаушылылық сезімің болу үшін адамның артында өзінің туған жері,өзінің халқы болуы керек,Беллорусияның қалың орманында қазақ баласы автомат асынып жүрсе,отанымды қорғап жүрмін деп аузы айтса да,жүрегі оны сезінбейді. Ол қайда,отан қайда. Екі подполковниктің көп қазақтың ортасынан қымсынбай,қысылмай ұлты қазақ лейтенантты алып кетуі жаулап алушы халықтың менмендігін білдіреді. Қазақты осы жердің шын иесі екендігін олар есіне де алмапты. Олардың әрекететінде менсінбеушілік басым. Лейтенант Қоғабай Сапақовтың Сарыөзектегі әскери қызметі осындай тұтқындалумен басталды. Дивизияның газетінің редакциясы аз ғана адамнан тұрады екен. Бір жақсысы,дивизияның командиріне,штаб бастығына осы газеттің бар жоғы бәрібір екен. . Газет дивизияның саяси бөліміне қарайды. Дивизияның командирі генерал да,полковниктердің барлығы да саяси бөлімнің бастығы подполковник Алексей Гаврилович ПРоцепкоға жалтақтап отырады екен. . Өйткені коммунистік партияға жетекшілік ететін саяси басшы осы подпорлковник Процепко. Газетке тікелей жауапты адам да осы Процепко. Оның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Дивизияда он мыңға жуық солдат офицерлер бар,адам жүрген жерде қателесу де,тіпті қылмыс істеу де болады,соның бірі де саяси бөлімсіз,саяси талқысыз өтпейді. Срндықтан сол саяси бөлім бастығының подполковник Процепконың онысыз да шұғыл шешілуге тиіс мәселелері басынан асып жатыр,оның газет қызметімен айналысатын уақыты да жоқ. Ол үшін ең бастысы газеттің уақытымен еш саяси қатесіз шығуы. Жүздеген газет шығып жатқан елде сол газет кімге керек дейсің?Егер газетте саяси қате кетсе,генерал да,бәрі де қызметтерінен қуылады. Газетте қате кетпеу үшін сонда істейтін журналистердің жұмысына араласып,кедергі жасамау керек. Дивизияның газеті дегеніміз аумағы аудандық газеттің жарымындай ғана,солдаттарға арналған әншейін бір үлкен бір бет парақша. Дивизия газетінің редакторы журналистикаға еш қатысы жоқ адам екен. Бүкіл дивизияда газетке тілші болатын қалтасында партбилеті бар адам табылмапты,ал партияда жоқ а дам журналистік қызметке тағайындала алмайды. Майор очковский Сергей ФЕдорович бірте бірте көтеріліп,газетке редактор болған. Оған редакциядағы еркін өмірдің ұнағаны сонша,ол редакциядан кетпей қойған. Бірақ ол өзінің бір кезде взвод кромандирі болғаны есіне түсетін сияқты,ондай кезде ол типогрфиядағы азғантай солдатты қайта қайта сапқа тұрғызып мазаны алады екен. Сондайдан құтылу үшін редакция журналистері кезектесіп магазиннен вино әкеліп қояды. Сергей Федорович ауызына сол тисе болды,әрі қарай өзі арақ іздеп кетеді екен. САрыөзектегі қызметін гарнизонда қызмет ететін офицерлердің бәрі бір үлкен азап санайды екен. Ал қазақ Қоғабай үшін бұл жер көптеген теміржолдар тоғысқан үлкен аудан орталығы,халқының өзі бірнеше мың. Америка мен САрыөзектің айрмашылығы қандай?Бұл сұрақты алғаш естігенде Қоғабай жауап та бере алмай қалған. Сарыөзекте райком,райсполком дегендеріміз қатар қатар тұрған екі ақ зәулім үйлерге орналасқан еді. Соған қарап әсккерилер америкада ақ үй біреу,ал Сарыөзекте екі ақ үй бар деп күледі екен. Аудан орталығына жақын жерде тұратын жергілікті талай ұлт өкілдері үшін Сарыөзек жер жәннәті. Европаның әр бұрышынан келген офицерлерге ненің ұнамай жүргенін осы жерге әбден бауыр басып кеткен орыстар,украйындар,шешендер түсінбейді. Небәрі бір сағат жол жүрсеңіз түп-түзу ағаштары жайқалған алдыңызда Талдықорған,небәрі бір сағаттық жолда Қапшағай су қоймасы,осы әбден тойынған офицерлердің әйелдеріне не жетпейді,мұрнын шүйірген мына әскерилерді жергілікті халық түсінбейді. Әскери гарнизон үлкен қаланың бір мөлтек ауданы сияқты,магазиндерінде құстың сүтінен басқаның бәрі бар. Ет магазинінде килосы бір теңге тоқсан тиыннан жылқының,сиырдың еті сатылады. Әскерилер алыстағы гарнизонда жүрміз деп жылағанда,көз жастары көл болады. Сондайды көргенде Қоғабай сендер алыстағы гарнизонда қиналсаңдар,алыстағы отгонға жіберіп шын қиындықты көрмей жүрсіңдер- ау деп ойлайтын. Офицерлердің әйелдері қиналып бейнет көріп жүрміз деп есептесе,жергілікті тұрғындар олардың өміріне қызығады. Офицерлердің көбі шет елде қызмет етіп келген. Жақсы киімдері,машиналары бар. Қоғабай көбіне редакторға бәленше полкке кеттім деп кетеді де аудандық КЕрбұлақ тынысы газетіне барады. Бұл жер оның екінші еңбек ұжымы іспетті. Ол жердегі редактор Камал ӘБдірахманов редакцияның машинасына отырғызып алып Қоғабайды қой бағатын ауылдарға апарып қайтуға құмар. Сол жерлерге барғанда Қоғабайдың қатты қуанғанына риза болып,өзі де бірге қуанады. Қоғабай көптеген республикалық газеттердің,қазақ радиосының штаттан тыс тілшісі. Республикалық газеттің жас журналисі Қайнар Олжай таза орыс тілді совет әскерінен қазақша жазылған журналистік тұрғыдан толық қанды матриал келетініне таңданады. . Әскери училищеде туған бауырындай жақсы көріп кеткен Әжімат досынан Қоғабай хат алды. Ауғанстанда соғыста жүр екен. Соны алғаш естігенде Қоғабайдың жүрегі дір еткен. Әйтеуір аман,тірі оралса екен бауырым. Ауғанстандағы соғысқа біреулер жоғары әскери шен алу үшін келеді,біреулерге орден,марапат керек,біздер жәй тек оқ атып ойнау үшін келген жандармыз деп әзілдепті жазған хатында лейтенант Әжімат Әлімов досы. Шындығына келгенде Әжімат досының сөзі жәй ғана әзіл болып шықты. Әжімат Әлімовтың шен алуына да,марапат алуына да ауғанстандағы соғыстың әскери тағдырына ықпалы тимеді деп айту бүгінде қиын. Қызыл жұлдыз орденінің иегері ,АУған соғысының ардагерлерінің бірі полковник Әжімат Хамза ұлы Әлімов көп жыл әскери атташелік қызметте болған адам,қадірлі азамат,адал дос. Қоғабаймен бірге оқу бітірген әскери журналистердің бір тобыТашкент қаласына жіберілген еді. Ташкенттен ауғанстандағы совет әскерінің ерлігін жазу үшін әскери журналистер соғыс жүріп жатқан аймаққа жиі баратын. Ауғанстан тек соғыс алаңы ғана емес,есірткінің де орталығы. Алтын көрсе періште жолдан таяды. Әскери журналистер де сол тұзаққа ілігіпті. Есірткі тасымалына қатысы болғаны үшін бірден бірнеше әскери журналист қолға түскен. Орта азия әскери округі газетінде әскери журналистер үшін бірден бірнеше бос орын пайда болған,Қоғабайдың курстастары сол қолға түскен офицерлердің орынын басқан. Ал Сарыөзекте Қоғабай қызмет еткен дивизия да Ауғанстанға соғысқа аттандырылып,Термез қаласынан Мәскеудің бір жоспары аяқ астынан өзгеріп,кейін қайтарылған. Бұл оқиға Қоғабай Сарыөзекке қызметке келердің дәл алдында болған еді. Дивизия кері қайтарылғанмен соғыста қаза болғандардың орынына взвод,рота,батальон командирлері аттандырылып жатты. Кеше ғана көршің болған капитанның қаза болғанына кейде сенгің де келмейтін. Бірақ бір ғажабы ҚОғабай жақын жерде жүріп жатқан соғысқа аттандырыламын деп қорқып жүрген бір де бір офицерді көрмепті. НЕгізі Ауғанстанда соғысып жатқан дивизиялардың бәрінде өз әскери газеттері бар,егер әскери журналистердің бірі оққа ұшса,олардың бірінің орынына Қоғабай Сапақов сияқты біреудің жіберілуі әбден мүмкін еді,бірақ соны ойлап,қайғырып жүрген бір де бір офицер жоқ. САры өзектегі қызметін өзімнің қуанышым,бақытым деп қабылдаған офицердің бірі Қоғабай САпақов еді,бірақ оның да бір күні төбесінен жай түскендей болды. Сарыөзекпен қоштаса бер,басқа гарнизонға ауысасың,келесі қызмет орының бұл жерден тым алыста,бірақ ол жерде сенің атаң майдангер Жақан атаңның ізі бар. Германияға барасың,аға лейтенант. Бір күніредация журналистері шулап Қоғабайды құттықтап жатты. Қазақ жерінен Германияға көшетініңді естігенде қуанбау үшін нағыз қазақ болып тууың керек. Басқа офицерлер болса жазда күн тым ыстық дейді,ылғи да тынбай жел соғып тұрады дейді,басқалар үшін айналаның бәрі де отырса опақ,тұрса сопақ болып көрінеді,тек жалғыз Қоғабай үшін ғана Жетісуңдың жерінен асқан жер жоқ. Өйткені қазақтың әр бұрышы ол үшін өз жері,туған жері. Сарыөзекпен қоштасуға жайылған дастархан басында Алматыдан іссапармен келген подполковник Сергей Иванович Дорохов деген округ газетінің тілшісі де болды. Оны көптен бері танитындар көріпкелдігі бар адам деп айтып та жүретін еді. Сол әскери журналист подполковник ДОрохов дастарханның қызуымен айтса да Қоғабайға сен туған жерге қайтып оралғанда тұнда дербес мемлекет болады дегенді айтып қалды. Қарапайым офицер тарих доңғалағының болашақта қалай қарай айналатынын қайдан біле алуы мүмкін?Егемен ел болу жайлы арман туралы адамдар сәуегейлік жасап көп айта бермейтін заман еді. Кейіннен СИбирь әскери округі газетінің бас редакторы болып тағайындалған полковник Дороховтың айтқандарының бәрі орындалды. Қоғабай Алматыдағы таныс журналистермен қош айтысқалы қазақ радиосына кіре кеткен. Қоғабайды танитын есепші бөлімінің қыздары оған қомақты Қаламақының почтамен Сарыөзекке жібергендерін хабарлаған. Енді сол ақша Қоғабайдан сенімхат алып қалған ішкіш редакторға бұйыратын болды-ау. Қоғабай редаккциядан шыға сала,такси ұстап Сарыөекке бірақ тартты. Сарыөзекке асығыс жетіп келсе,қаржы жаңа ғана түскен екен,Қоғабай барған таксиімен Алматыға қайта оралып та үлгерді. Ертеңгісін Брест қаласына аттанатын поезға отырды. Қоғабай туған жеріне бір келіп,бір кетіп жүрген адам. Былайша айтқанда ондайға жаны әбде үйренген адам,нағыз оицер,отан қайда жұмсаса,сонда баруға тиіс. Чемоданының ең түбінде жаздың ыстығында бұзылып кетпесін деп,ұнға салып сақталған,әбден сүрленген анасы берген қазы жатты. Шіркіннің иісі мұрын жарады. Қоғабай оны жеу үшін емес,тек иіскеу үшін ағандай еді. Әр адамға анасының мейірі қымбат,туған жерінің дәмі қымбат. ол қазыда анасының қолының иісі бардай. Германия жерінде қызмет етудің не екенін,немістердің тұрмысы жайлы ерекшеліктерді. Бұл жерге бұрынырақ қызметке келген офицерлер айтып берді. Олардың айтуынша жергілікті халық совет офицерлерін оккупант,яғни жаулап алушы деп атайды екен. Бірақ адамдардың ресми қарым қатынасы халықаралық нормаларға сәйкес. еш кикілжің жоқ. Немістің жері көк майса,айнала жап жасыл Қоғабай Германияның оңтүстігінде орналасқан Ордруф қаласына аттанып бара жатқанда поездың әйнегінен емін еркін жайылып жүрген еліктерді көрді. Бұл жерде табиғаттың байлығын бей берекет құрта бермейді екен,аңшылық қағаздарын алу үшін арнайы рұқсат қағаздары керек. Егер еліктер,қабандар өтіп бара жатқан поездың терезесінен көрінетін болса,аңдардың өте көп болғаны ғой. Қоғабайдың жаңа жерге келген соң енді әскери шені де,қызметі де бір сатыға жоғарылады. Ол енді редакция ұжымында екінші тұлға,редакцияда жауапты хатшы,,капитан. Ал офицерлерге еңбекақыны совет өкіметі бір төлесе,екіншісін Германия маркамен төлейді екен. Сондай майшелпек. Дүкендерінде не керектің бәрі бар. Офицерлерге ет,май сияқты ең қажетті тағамдар совет ақшасының есебінен арнайы дәптерге жазылып ақшасыз беріле береді екен. Қоғабай қоймаға ет туралы білейін деп кіріп еді,қойдың етін жұрт мұрындарын шүйіріп,алмай жатыр екен. Қоғабай үшін қойдың еті ең дәмді тағам. Қоғабай сөмкесіне қой етін толтырып алғн. Сол етті өзім де жей алмаймын деп еш ойлаған жоқГерманиядағы қойларды шөбінде ермен,жусан сияқты қазақ жерінің шөптері жоқ,сондықттан да ол жердегі қойдың еті кір сабын сияқты,жей алмайды екенсің. Қоғабай ерменнің,жусанның дәмінің не екенін білмейтін немістің қойларын аяп кетті. . Қоғабай Немістердің қалай қой баққанын көріп таң болған. Біріншіден,олар атқа мінбейді,саулықтарға қошқарларды қосып бағады жаяу бағады екен. Қошқарлардың беліне қап байланған. Бұл елдің шопандары малды алдына салып айдамайды,соңынан ертіп жүреді. Соған қарап Қоғабай қойлар қораға кіре сала жем жейді деп түсінді,бұл жерге текенің де керегі жоқ,шопанның өзі теке. Немістерде отар,отар қой болмайды. бағатын жері жоқ. Немістің шопандарының өміріне қарап Қоғабай жер қадірін тағы бір түсінгендей болды. Немістің елі бай,жері бай,халқы бай,бақытты болғанымен. жусанда жайылымы жоқ қойлары бақытсыз екен. Ол жерде қой етін адам түгілі,қасқыр да жемейтін шығар. Қасқыр демекші Германияның Торгау қаласында көкке қарап ұлып тұрған қасқырдың ескерткіші бар. Ол ескерткіштің қойылу себебі екі ғасыр бұрын ең соңғы жойылған қасқырдың құрметіне қойылған екен. Ет жеуге келгенде қасқыр мен қазақ туыс. Екеуі де етке тойымсыз. Солай десек те тамақ ішкенде нанды мүлде аз жейді екен. Олай істейтін себебі егер неміс нанмен тамақ жесе,тарелкасын тауыса алмайды,өйткені тамағында ет өте көп. Неміс етті қазақтан көбірек жейді,бірақ жесе де жемесе де ауызы қан деп қасқырды,қазақты айтады. . Шығыс германияның аядай ғана жерінде советтің мұздай қарулаған алпыстан аса дивизиясы орналасқан екен. Ол дивизиялардың нешеу екеніндігін Қоғабайдың анық білетіндігі әр дивизияда бір бір газеттен бар. Соның бәрінде Қоғабай оқыған әскер училищеде оқыған әріптестер қызмет етеді. Германияның батысындағы жағында әбден қаруланған капиталистік елдердің,соның ішінде Американың әскері бетпе бет тұр. Егер саяси кикілжің күшейіп,соғыс басталып кетсе,осы жер қанға бөгеді. Осы бір қарыс жерге әлемнің ең үздік деген бар қаруы жиналған. СОндықтан күн түн демей, екі жақта да әскери жаттығулар бір тынбай жүріп жатады,жарамды жердің бәрі бірыңғай полигонға айналған. Егер бір танк ротасы жаттығу жүргізіп жатса,сол жерге тілші ретінде барған капитан ҚОғабай Сапақов сол жердегі рота командирірі жерді тез қазып,танкті көрінбейтіндей етіп,танкті жасырыңдар деп бұйрық беріп қалмаса екен деп тілейтін. Он шақты метр қара жер қопарылып,жер ана төңкеріліп жатса,оның қайта қалпына келуіне неше жыл керек. Қоғабайды тағы бір қызықтырған жағдай,ол немістердің тоғызышы мамырдағы көңіл күйі. Немістер үшін тоғызыншы мамыр немістердің емес,фашизмнің жеңілген күні екен. . ТОғызыншы мамыр күні ресми органдар ресми түрде құттықтаулар жібереді екен. Тіпті сол ресми органдардың басшылары орыс генералдарын құттықтап келіп,олармен арақ ішіп мас болуы да мүмкін. Қоғабай Германияға келгенше автобан деген сөзді естімеген де еді. енді сондай жолдарды көріп өте таң қалды. Міне,нағыз жол деп осыны айт. Асфальт кең,теп-тегіс. Машиналар тек бір бағытта ғана қозғалады екен. Мұндай жолда жол апатының болуы да мүмкін емес,сияқты. Бірақ,мынадай ертегі жолдармен әскери ауыр техникалар қалай жүрмек. Танктерге жолдың мүлде керегі жоқ,ал деревнялардың арасында жай тас жолдар бар екен. Сол жай тас жолдарының өзі советтік орталық көшелердегі жолдардан артық. НЕмістерде деревня деген түсінік мүлде жоқ сияқты. Бұл жердің қала емес,деревня екенін кішкентай көлеміне қарап қана білуге болады. Бір күні бір жанармай бекетіне гүрілдеп ауыр әскери машина келіп кіреді. Жанармай құюға келген немістер бұрын мұндайды ешқашан көрмеген,қатты шошиды. Дәу машинадан орыс солдаты секіріп т үседі. Қолында су құятын шелек. Енді не істер екен?Солдат туалетке кіріп кетеді. ЕНді бәрі де түсінікті. . Сөйткенше болған жоқ. Солдат қолына су толтырылған шелегін алып қайта шығады. Қарап отырған немістер аң-таң. Нағыз қызық енді басталады. Солдат әкелген суын бензин багына құя бастайды. Жаңа ғана машиналарына жайғасқан немістер жанармай багына су құйып жатқан орыс солдатын енді суретке түсіре бастайды. Бұл нағыз сенсация. Орыстар бензин орынына сумен жүретін техника ойлап тауыпты. Соның айғағы мына сурет. Енді әрі қарай не болар екен. Солдат болса кабинасына кіріп алып үнсіз отыр. Немісте болса тым сақ. Дәу машина қозғалғанда біреуді машинасымен қоса жаншып кетпесе екен. Екі сағат өтті,үш сағат. Солдат мүмкін өліп қалған шығар?Батылдау бір неміс кабинаның есігін ашып келіп қалса,солдат пысылдап ұықтап жатыр екен. Соңы не боларын күткен екі-үш неміс кетуге асықпайды. Енді әскери машинаны ақыры солдаттарбасқа машинамен сүйреп әкетететін шығар. Бір кезде багыне бензин орынына су құйылған машина елде шошытып гүр ете қалады да ештеме болмағандай әскери гарнизонға қарай аттанады. Гәп неде?Бактің жанармай соратын шүмегі астнда емес,үстінде орналастырылған. Су ауыр,бензин жеңіл. Сондықтан құйылған су астында қалады да,бензин жоғары көтеріледі. Сол бензин таусылғанша машина жүре береді. Тапқыр солдат гарнизонға бензині бітіп жете алмағандықтан,багіне су құйып,бензиннің көтерілуін күткен. Германия жерінде тек совет әскері ғана емес,неміс халық әскерінің де саны азғантай емес. Ол әскердің өмірін совет солдаттарының тұрмысымен салыстыруға мүлде келмейді. Неміс солдаттарының әскери қызмет мерзімі қысқа,демалыс күндері үйлеріне жіберіледі. Шығыс Германияның жер аумағы тым кішкентай. Қоғабайдың Советтік алпыс дивизия қай жеріне сиып тұр деп таңданатыны содан. Сол Германия әскерімен Совет әскері өзара жиі жиі келісіп бірге жаттығуларр өткізіп тұрады. Сондай бір жаттығуды көрейін деп капитан Сапақовтың барғаны бар еді. Жарысқа екі жақтан да ең таңдаулы деген артиллерия полктері қатысып жатқан еді. Бір қызығы дәл сол күні неміс полкіне немістің әскери газетінен де бір офицер-журналист келген екен. Сонымен екі артиллерия зеңбірегін тіркеген екі ауыр жүк машинасы жарысатын болды. Ол машиналар қақтығысып қалмауы үшін әрқайсысының уақыты секундомермен белгіленіп,жарысқа кезек кезек шығатын болды. Немістің әскери журналисі совет солдатының қасына мінеді,ал капитан Сапақов болса неміс машинасына. Екі машинаның да ауыр советтік Урал машинасы екенін айта кеткен жөн. Сонымен тіркеуінде зеңбірегі бар ауыр машиналар полигонда жүйткіп келеді. Рульдегі неміс солдаты ештемеге қарар емес. Полигонның аты полигон, онда жол деген мүлде болмайды. Бұрын жаяу әскер қазып тастап кеткен окопқа машинаның бір доңғалағы түсіп кеткенде Урал аударылып қала жаздады. олдат рульге жабысып алған,ондай ұстайтын жері жоқ капитан басымен оңбай ұрылды. Алдан тағы бір окоп кездесті. Одан кейін тағы бір траншея. Рульдегі солдат жас та болса автоспортқа қатысқан бәлеге ұқсайды. Жылдамдықты баса береді,баса береді,есінен ауысқан адам сияқты. Капитан Сапақов сасайын деді. Басына пәле тілеп машинаға мініп несі бар еді. тұра бермей ме секундомер ұстаған офицердің қасында. Капитан Сапақов өзі мінген неміс машинасының жеңгеніне сенімді еді. Өйткені осындай полиганда машинаныосыдан жылдам жүргізу мүмкін емес. Қоғабай қос тізесі дірілдеп машинадан әрең түскен. Сол кезде совет солдаты,неміс журналисі мінген Урал да айдахардай гүрілдеп келіп жетті. Қоғабай неміс журналисінің бетіне қарап еді. Түрі бозарып кеткен екен. Екі қолын сермеп,найн,найн деп айта береді. Қоғабайдың өзі де сол найн күйінде бозарып тұр еді. екундомер сөндірілді. Совет солдаты машинасын немістен де жылдам айдаған екен. Бірнеше секундқа болса да ұтқан. . Сонда орыс не істеді,қалай ұтты екен. Ол мүмкін емес те сияқты. Бірақ тарихта да орыс ұтқан,неміс жеңілген. Немістің аядай ғана советтік алпыстан аса дивизиясы сиып тұрған жерінде кей кездерде мұнда танктер саны,әскер саны осыдан да асып кетеді. ОЛ шақта Брежнев әлі бар,көзі тірі. Социализммен капитализмнің теке тіресіп тұрған шағы. Автоматтары сақылдап,,танктері жер жаратындай гүрілдеп,снарядтары атылғанда ысқырып екі система бір біріне қыр көрсетпесе тұра алмайды. Біріккен әскери жаттығуларын өткізу үшін ВЕнгрия,Польша сияқты социалистік елдердің әскерилері неміс жеріне тіпті қаптап кетеді. Жер бетіндегі ең күшті қару жарақ бір неміс жеріне шоғырланған,бір тосын жағдай бола қалып,әскерилер бір. Автоматтары сақылдап,,танктері жер жаратындай гүрілдеп,снарядтары атылғанда ысқырып екі система бір біріне қыр көрсетпесе тұра алмайды. Біріккен әскери жаттығуларын өткізу үшін ВЕнгрия,Польша сияқты сол замандағы социалистік елдердің әскерилері неміс жеріне тіпті қаптап кетеді. Жер бетіндегі ең күшті қару жарақ бір неміс жеріне шоғырланған,бір тосын жағдай бола қалып,әскерилер бір біріне бір сәтте лап қойса,не болмақ. Әскери журналист Қоғабай Сапақовтың күндері полигонда өтетін. Редакцияға оралған бір сәтінде Қоғабайды іздеп бір жерлес солдат келіпті. Аты Наурыз екен. Арық,орта бойлы,әдемі қара жігіт. Бірақ жүдеу емес,табиғатынан сондай арық болар. Жерін,тілін сағынып жүрген Қоғабайға Наурыздың іздеп келгені бір үлкен қуаныш болды. Наурыз өзін тіпті солдат ретінде сезінбейтін жан сияқты. Ол өзін офицерлердің арасында жүрген кемінде бір майор сияқты ұстайды,қимылы еркін. Сөйлегенде нақты қазаша сөйлейді екен,орысша бір сөз қоспайды,тілді шұбарламайды. Жай жерден шықпаған қазақсың-ау,тегіңде бір қасиет болуы тиіс,деп болжады Қоғабай. Біраз араласқанда белгілі болды,Наурыздың туған әпкесі Айгүл Кемелбаева жазушы екен. Бірақ Қоғабай елден алыста жүргендіктен ондай жазушыны туралы әзірге естімеген еді. Наурыз ұлы Абай жерінен,тобықты руына жиен екен. Қоғабай полктерге барып,солдаттармен еркін әңгімелескенді ұнататын. Бірақ Қоғабай капитан,офицер отырған жерге солдаттар жоламайды,айналып өтеді. Ал офицердің қасында жай әңгімелесіп Наурыз сияқты бір солдат отырсша басқа солдаттар дада қысылмай жақындай береді. Офицер солдаттардың әңгімелеріне қанығады,солдат сырларын біледі. Қоғабай офицерлердің көзінше айтыла бермейтін талай әңгімелерді естіп жүрді. Бір солдаттан естіген әңгімеге капитан Қоғабай Сапақов күлді. Ақыры оған солдаттың арманымен қиялы деп ат та қойып алды. Солдаттардың қиялынша немістерде он бес,он алтыға толып бойжеткен қызын ересек өмірге аяқ бастыру деген салт бар екен. Сондай дәстүрді өткізу кезеңінде бір фройлейн әскери гарнизонның өткізу бақылау пунктінде кезекшілікте тұрған бір әдемі солдатты ұнатады. Ата-анасына сол солдатты тауып үйге алып келуін өтінеді,сол солдаттың кезекшілікте болған дәл уақытын хабарлайды. Сонымен не керек,гарнизонның бастығы генерал арқылы сол солдат таптырылып,үш күн бойы фройлейнде қонақта болады. Солдат қиялы дегеннен арттық не деуге болады бұл жерде. Неміс қыздары пәктік жайлы мүлде бас қатырмайтын да сияқты. Қоғабай мен бір подьезде көрші тұрған Евгений Токарев деген капитан бұрын Өскеменде әскери прокуратурада қызмет істеген екен. Қоғабайды жерлес санап,жиі әңгімелесіп тұратын. Бірде сол айтады,неміс қызын зорладың деп айыпталып,бір совет солдаты тұтқындалыпты. Әскери заңгер капитан Токарев осы істі қолына алып,зерттеп көрсе,неміс қызының совет солдатына еш реніші жоқ. Тек асығыста қыздың іш киімі жыртылыпты,фройлейн тек соның құнын,аз ғана ақшаны талап етіп отыр екен. Жалпы басқа жұртқа ерсі көрінетін қылықтар неміс ұлтында баршылық. Мысалы олар көшеде сөйлесіп келе жатып жел шығарып жіберуден ұялмайды. Тағы бір қызығы немістің әйелі де еркегі де денесін көрсетуден қымсынбайды. Өзен көлдің жағасына барып,үстіндегі бар киімін шешіп тастап,шомыла береді. Жағажай деген түк емес,оларда монша деген де әйелдікі,еркектікі деп бөлінбейді,олар саунаға да бірге түе береді. і. Соны қызық көрген совет офицерлері де ондай сауналарға әскери формасын шешіп тастап баруға құмар. Бірақ олар фройлейндерді жалаңаш көргілері келгенмен,өз әйелдерін немістерден қызғанада,ондай жерге апармайды. Бірақ офицерлердің әйелдері күйеулерінен жасырыны немістердің саунасына барып жүр деген де күдік бар. Сол заманда шет елдік затқа,шет елдік азаматқа табыну үрдісі басым болатын. Совет адамдарында әсіресе капиталистік елдің тұрмысын көру мүмкіндігі мүлде жоқ еді. Шет елге бару қиындаған сайын,ол жаққа деген қызығушылық та арта түсетін. Шет елге барып қызмет ету мүмкіндігі совет әскерилерінде бар еді,өйткені совет әскерінің біраз бөлігі сол жақта. Шет елдің киіміне әсіресе қызығатын әйелдер еді. Офицерге тұрмысқа шыққан кей ақылсыз әйел жақсы,сенімді,өмірлік жар емес,аз да болса шет елді көріп қалуды армандайтын. Германияда қызмет еткен офицердің әйелі күйеуін тастап,неміске тиіп кеткен жағдайлар да кездесетін. Немістердің арасында біраз тұрған адам олардың денелері ірі болғанымен немістердің әйелдерінің де,еркектерінің де түрлерінің әдемі емес екенін байқар еді. Жағы қисық,көзі қыли адамдар жиі кездеседі,поезда келе жатсаң,совет адамдарын жергілікті немістерден бірден айыруға болады. Немістер жай күндері қолына іліккенді киіп жүре береді,әшекей тақпайды,көп боянбайды. Офицерлердің әйелдеріне немістер қызыға қарайды. Советтік МАшалар,Катялар немістің еркектеріне көздерін сүзіп жүреді. Театр,редакция сияқты сөздердің адамдарды өзіне ерекше тартып тұратын қасиеті бардай. Өйткені қай жерде,қай өңірде болмасын өнерге таласы бар,өз бойынан бір таланттың ұшқынын іздеген адамдар әлбетте кездеседі. Қоғабайдың қызмет орыны солдаттарға арналған газеттің кішкентай ғана редакциясы. Сол ғимараттың кіре берісіне жазылған редакция деген жылы сөз осы жерге алғаш өлең жазған жас баланы да,атақты жазушыны да,жазушы Айгүл КЕмелбаеваның інісі едім деп келген қазақ жауынгері Наурызды да осы шығармашылық ортаға жетелеп әкелген. Редакция десе жүрегі бұрып тұратын жандардың бірі прапоршиктің әйелі Алла еді. Ол өлең жазатын. Кітапты өте көп оқитыг. Редакция ұжымы ол әйелге өте таныс еді. Сол Алла спорт формасын киіп стадион жаққа кетіп барады екен. Қоғабайды көріп қасына әдейі келіп амандасты. Жалғыз емес екен,қасында құрбысы бар. Ол да сплрт формасын киген. Құлын мүсін деп осыны айт. . Бет әлпеті де өте сұлуперіште екен Қоғабай ол әйелді алғаш көргенде тілі байланып қалғандай жағдада тұрып қалыпты. Мұндай сұлу жанды бұрын көрмепті. Гарнизонға жаңадан көшіп келген адам сияқты. Сол әдемі келіншекпен танысайын деп еді,үлгермеді. Сықылықтап күлген екі әйел стадионға қарай жүгіріп кете барды. РЕедакцияға өнер буып келетін жандардың бірі Григорий Михайлович Кофман атты майор еді. Оның ұлты еврей. Әскерде жүздеген,мыңдаған офицерлер қызмет етеді. Соның ішінде керемет әншілік,әртістік шын таланты бар адамдар болуы мүмкін-ау,Сондай таланты әскери форма киіп қор болып жүрген жандардың бірі осы майор Григорий Кофман еді. Бірақ ол майор екенмін деп әскерге беріліп жүрген адам емес,ол өзінің шығармашылық жолын әбден анықтап алған сықақшы. СОвет кезінде миллиондаған тиражбен шығатын Огонек атты керемет журнал болды. Григорий Команның әңгімелері сол журналда үнемі басылады. Орыс сықақшы жазушыларының ішінде Григорий Кофманға тең келер сатирик жазушы жоқ еді. Орыстың сахнашеберлері Кофманды жақсы білетін. Оның үстіне ол россияда өткен сатириктердің жиынына қатысқан. Ол өзінің еврей ұлтының өкілі екенін жасыру үшін Гусаров деген псевдонимді қолданатын. Қоғабайға Кофманның шығармашылық ізденістері ұнайтын,Григорий тілі бай,кітапты көп оқитын офицердің бірі еді. Сол сықақшы жазушы бола тура журналистикадан мүлде хабары жоқ адам еді. Жазушылықтың бастауы журналистикада жатыр. Жазушы боламын деген адам журналистикадан аттап өте алмайды. Жазушы болу үшін адам әуелі журналистиканың баспалдақтарынан өтуі керек. Қоғабайдан сабақ ала бастаған Кофман соны тез түсініп майор Қоғабайдың тапсырмасымен очерк,мақала,репортаждар жаза бастады. Майор Григорий Кофманның тағы бір қасиеті. Ол ойы өте жүйрік адам еді. Егер алдынан қандай да бір жұмбақ кездессе,күні-түні сол туралы ойланып,қандай да бір шешімін табуға тырысатын. Сондай бір жоқ тек бір ғана Кофманның алдынан емес,гарнизондағы бар офицердің алдынан шыға қалды. Редакция ұжымы түскі ас ішуге үйлеріне келе жатыр еді. Газеттің корректоры ТАмара Есауленко қараңдаршы,ана бес қабатты үйдәі қасына өте көп машиналарп жиналып қалыпты. Бір сұмдықтың болғанына ұқсайды деді. Шынында тек генералдар мінетін жеңіл машиналар жиналған екен. Сол жерге жақындап барып сұрастырғанда,мынандай сұмдықты бұрын естімеген елдің төбе шашы тік тұрды. Гарнизонда пәтер жетіспегендіктен кей үш бөлмелі пәтерлерде екі жанұядан тұратын. Ас үйлері ортақ,бір пәтерде екі аға лейтенанттың жанұясы тұрады екен. Жас офицерлердің екеуі алыстағы басқа ганизонда әскери жаттығуда екен,Олардың әйелдері,балалары асқан аюандықпен өлтірілген екен. Қаскүнем емшектегі шырылдаған сәбилерді де аямай бауыздапты. Әскери гарннизондарда өмір аса бейбіт өтіп жататын. Ұрыс-төбелес түгілі,жәй арақтың иісі шығып жүрген адамды әскери гарнизонда кезіктіре алмайсың. Өйткені бұл жерде тәртіп өте қатал. Жағымсыз ісімен көзіне түскен адамды гарнизонның бастығы генерал Миненкн небәрі жиырма төрт сағаттың ішінде бұл жерден қуып,көшіртіп жібереді. Сондай тып тыныш жерде екі бірдей жас офицерлердің үйінде анадай адам өлтуру жағдайы болуы мүлде мүмкін емес. Және де мынадай қылмысты офицердің істеуі де. . . Қылмыста фашизмнің ізі байқалады. . Бірақ гарнизон бетонмен қоршалған,бақылау,өткізу пунктінде күзет тұр. кірген шыққан адамның бәрі есепте. Сол өлтірілген сәбилерді,әйелдерді алған көріп,гарнизонда шу көтерген редакцияға жиі келіп жүретінАлла деген жас әйел екен,,бір прапорщиктің жары. Ол қылмыс жасалған пәтермен жақын көрші екен,олармен қатты араласатын дос,сырлас. Пәтердің бір кілті Аллада екен. Түс болғанша көршілерден еш хабар болмаған соң,пәтердің есігін көршілер өздері берген кілтпен ашып кірсе,анадай жағдайды көріп,шошып айқайға басады. Ол жерге дереу гарнизонның бастығы генерал жетеді,полковниктер үйге сыймай кетеді. Қылмысқа куә болған қандай да айғақ іздер тапталады. Германиядағы әскери гарнизондарда советтік милиция деген атымен жоқ,оның ролін әскери комендатура,әскери прокуратыра атқарады. Мұндай қылмыстың айғағын іздейтін экспертиза,сарапшылар да жоқ. Ондай мамандар арнайы сонау Москвадан шақыртылды. Мынадай қызықты істен майор Кофман қалай шет қалсын,қылмыскерлерді іздеген офицерлердің ішінде аса белсенділік танытытып ол да жүр. Алла өлген адамдарды бірінші тапқан адам ретінде,көрші куәгер ретінде ол да бұл істен шет қалмады. Дивизия газетінің редакциясы қылмыскер ізделген сәттерде сол Алла және Кофман арқылы үнемі жаңалықтарды елден бұрын біліп отырды. Майор Григорий Кофман жергілікті Шерлок Холмс,Алла да тегіннен тегін редакцияға келгіштей беретін адам емес екен. Оның да жаңалыққа жаны құмар. Сол Алла бір күні Қоғабайға қарап тұрып,өлтірілген менің сұлу көршім Светаны сіз де танисыз. Жақын күндері Светамен стадионға кетіп бара жақанда қасыңыздан өткенбіз. Есіңізде ме?Әрине,есінде. СПорт формасын киген құлын мүсінді өте сұлу пеоіште. Қоғабай оны алғаш көргенде оның сұлулығынан оған көз ала алмай қарап,тілі байланып қалғандай өзі танитын Аллаға таныстыршы деп айтуға да шамасы жетпеген. Екі келіншек стадионға қарай жүгіріп к ете барған. Енді міне МОсквадан келген тергеушілер өлген Светаны таныған,араласқан армяндар,грузиндер шақыртылып,күдікті ретінде тергеліп жатыр. Әдемі әйел көздің құрты. Бірақ Қоғабай Светамен таныспағанына енді қуанды,Егер сол күні әдемі келіншгекпен танысса,өзіңнің қылмысқа еш қатысың жоқ екенін дәлелдеуге тура келер еді,. құдай өзі сақтаған екен. Григорй Кофман редакцияға бір келгенінде бір қиын жұмбақтың нешімін тапқан жандай күлімсіреп жүрді. Қылмыскердің алыстан келуі мүмкін емес. Түні бойы ұйқы көрмей,оның қайдан келуі мүмкін екенін де зерттедім,таптым. Енді тек айғақ заттарды іздеп табу керек. Өз ойымды тергеушілерге де жеткіздім. Бүгін түске дейін қылмыскеер ұсталады. Кофманның айтқаны,болжамы дұрыс болып шығыпты. Қылмыскер сол күні ұсталды. Ол да сол өлтірілген әйелдер,балалар тұратын бесінші қабатта тұрады екен. Бірақ оның поздьезі бөлек. Қатар орналасқан екі пәтердің балконы ортақ. Калтухов деген аға лейтенант жас әйелдермен балконда әуелі бірге шылым шеккен,кейін бірге ішімдік ішкен,ақыры бұл көршілк аса қайғылы аяқталған. Қылмыскердің үстінде болған киімі де,пышақ та табылыпты. Калтухов сол күні-ақ ұсталып әкетілді. кейін гарнизоға оның ұзақ жылдарға сотталғаны жайлы бейресми хабар жетті. Оның неше жылға сотталғаны туралықадалып сұраған адам болған жоқ та шығар,өйткені жер бетіндегі мың жылда бір болатын әлемдік оқиғалар басталды. Шығыс және батыс Германия бірігіп айбынды совет әскері неміс жерінен кететін болды. Қоғабай қызмет ететін дивизияның көшетін мезгілі жетті. Дивизия қайда көшсе,сонда көшсін,Қоғабай өз еліне сұранды. Қазақстанның қатал климатын оофицерлер өз еріктерімен сұранбайды. еліне барамын деген Қоғабай сияқты қазақтарға жол ашық. Сол үлкен өзгерістердің басталар алдында партия жиналысы өткізілді. СОл жиналыста баяндама жасаған саяси қызметкер подполковник Эсауленко коммоунистік партияға үлке сын айтты. Қоғабай мынадай сөздерді бұрын мүлде естімеге еді. Бұрын тек партия көшбасш ы,кіршіксіз адал деген сөздер естілетін. Тым еркінсіп кеткен екенсіңдер,ертеңгі күніміз не болады,-деп басын шайқады,дивизия командирі генерал Миненко. УАқыт жүйрік,уақыт жылдам. Ел есін жиып үлгергенше Совет одағының ыдырау кезеңі басталып та кетіпті. Сондай ұлы өзгерістерді офицерлер қауымы қатты сезінді. . Өйткені өздері құдайдай сенген,оған адал жан тәнімен қызмет еткен Совет Одағы құрдымға кетіп бара жатты. Совет одағы енді жоқ,отан ана өз офицерлерін тастап барады. Баяғыда,Қоғабай Германияға қызметке аттанар алдында әскери журналист, СЕргей Иванович Дорохов қазақ елі дербес мемлекет болады,,-деп көріпкелдік танытып еді. Тарих доңғалағы солай қарай айналып бара жатыр,Қоғабайдың арманығбар қазақтың арманы орындалады. Армысың арман Алматы,ару Алматы. ,саған қайта айналып жеткенім рас па,өтірік пе?ҚОғабай алғашында округтік әскери газеттің қырғыз еліндегі тілшісі болып тағайындалған. Өйткені Алматыдағы сондай қызмет әлі бос емес екен. Бірақ Бішкек Алматының жақын туысындай қала,күнде барып тұрса да болатындай,Бішкек қаласында аты аңызға айналғанҚазақстанда жасақталған Панфилов дивизиясының штабы орналасқан. Қоғабай болса,сол штабтың Алматыда орналасрағанына өкінетін. Дивиэия штабына кірген өзін даңқты панфиловшылар дживизиясынң бір жауынгеріндей сезінетін,кеуцдесіне Бауыржан атасының рухын еіогенін сезінетін. Советтік әр республикалардағы сол жердегі әрбір жоғары шеннді әскери басшылар сол республиканың қорғаныс министрі тағына өздерін икемдей,сол аса жағары лауазымды қызметтен үміттене бастаған кез еді. Қырғыздың әскер министрі болудан үміттеніп жүрген әскери шені контр-адмирал бір қырғыз азаматы да бар екен. Бір қарағанда сол конт-адмирал сияқты әскери мамандықты жетік меңгерген басқа қырғыз жоқ та сияқты. Сол кездері подполковник Қоғабай Сапақов әскери журналист ретіндеМәскеуде генералдар штабының әскери академиясын таяуда ғана тәмәмдаған генерал-майор Бақыт Сұлтановпен танысқан. ұлтанов орта азия әскери округінің штаб бастығының орынбасары екен. Бірақ әзірге қырғыздар оны онша танымайды. Сұлтановтың өзі де саясатта онша шаруасы жоқ,тік жүретін таза әскери адам екен. Генерал қырғыздың әйелі Света қазақ қызы екен. Қоғабай болса ішіне бір ой түйіп Сұлтанов жайлы деректерді қойын дәптеріне түрте бастады. Сонымен күндердің бір күнінде қырғыздың барлық баспасөздерінде қырғызда осындай генерал бар атты Сұлтанов жайла очерк жарқ етіп шыға келгенде сондай әскери жоғары білімі бар ұлын қырғыз халқы танып шыға келді. Арада жарты жыл өтпей-ақ Сұлтанов сол елдің алғашқы қоғаныс министріі болып тағайындалды. Сол кездегі қауіпсіздік комитетінің төрағасы деген қызмет аса жоғары саналатын. Сондай қызметте көбіне орыс ағайынның өкілі отыратын Ел егемен болған кезде сол қызметке қырғыз мемлекетінде сол қызметке қатардағы тарихы мұғалім тағайндалды. Қоғабай соған қатты таң болып жүрді. Ол бұл қызметке совет кезіндегідеәй қылышынан қан тамған бір генерал келер деп ойлап жүрген. Омы ойын бір күні генерал-майор Бақыт Сұлтановқа да айтқан. Қауіпсіздік комитеті деген мүлде мемлекетке керек емес деген генерал танысы. Осы сөздердің мағынасын Қоғабай көп жыл өткенде барып түсінген,түсінген де таң болған сол елдің басшысының кемеңгерлігіне. Қауіпсіздік комитетінің тарихи мұрағаты аса бай,онда көп сыр жатыр,Тарихшыларға керекті дәйектер бар. Бар шындықты халыққа жасырмай жайып салу үшін мұрағаттың кілтін тарихшыларға беру керек. Қауіпсіздік комитетіне тұрі сұсты генерал емес,еліне жаны ашитын қырғыз халқының өз адамы керек. Қоғабай бауырлас елдің мемлекет басшысының ақылын,кемеңгенрігін мойындағандай болды. Қоғабай бауырлас елдің тағдырына алаңдап жүргенде өз жеке басының да жағдайын ойлайтын кез келіпті. Бішкектк жүрсе де,Ташкентте жүрсе де Қоғабайдың жүрегі,бар ойы Алматыда. Қай қазақтың баласы арман қала Алматысын аңсамаған. Алматыда тұру,өмір сүру әр қазақтың жүрегінің түкпіріндегі басты арманы. Бірақ Қоғабай әскери адам,жүрегі бұрып тұрған жаққа оңайлықпен аттана бермейді. Өзінен жоғарғы жақта қызметте жүрген полковниктер,генералдар саны өте көп, офицердің қай жерде қызмет істеуі керек екенін солар шешеді. Сол жылдардағы қАЗАҚСтан мемлекеті әлемдегі саяси өмірдің жағдайын болжап міне,менің де тәелсіздігім келді,міне менің де елімді қорғайтын дербес өз әскерім бар деп жария етер емес. Ондай саяси аса маңызды саяси хабарды көршілес ресей елі де әзірге жақ ашпай отыр. Бар әлем өлгенін,құрығанын күн санап күтіп отырса да соншама зұлым Адольф Гитлердің приясын жеңген айбынды Совет армиясы әлі тірі,әзірге қазақ әскері де соның сапында,Ресей әскері де,қазақ әскері дебір қызыл тудың астында,Мәскеу де әзірге жеке әскерін,өзінің қорғаныс министрлігін әлі құрған жоқ. Қоғабай бала кезінде тарихи романдарды оқығанда ғасыр басында өмір сүрген адамдардың өміріне қызығатын еді. Сол кездегі адамдар революцияны өз қолдарымен жасаған адамдар,олардың тарихи өмірге араласатын мүмкіндіктері болған. Қоғабай Алматы,Бішкек,Ташкент қалаларының арасында шапқылап жүріп әскери журналист енді өзінің де аса маңызды тарихи оқиғалардың кезеңінде жүргенін сезінді. Қазақтың тез арада өз әскерін құруы керектігі туралы бірнеше көлемді мақалалар дайындады,сол жаңа әскерден өзіне де бір орын іздегені рас. Әскери журналист подполковник Қоғабай Сапақов зерттеп көрсе жобамен үш мыңдай ұты қазақ офицерлері совет армиясы қатарында советелінің әр түкпірінде рота,батальон,полк командирлері болып қызмет істейді екен. Генералддар саны саусақпен санарлық қана. Қоғабай болса сонау лейтенант шағынан бастап совет армиясында жүрген қазақ қаруластарын іздейтін еді,тапса қуынатын,қолынан келсе сол алыстағы әскери гарнизонға арнайы ізеп те баратын. Қоғабайдың қуана өзі іздеп барып танысқан офицердің бірі жоғары шенді адам Марлен Берікбайұлы Берікбаев еді. Өзін іздеп келген уыздай жас офицерді көріп ол да қатты қуанған. Қоғабай Берікбаевтыәскери биік шеніне қарамастан қазақылықпен аға деп сөйлейтін,Марлен аға бала кезінде балалар үйінде тәрбиеленсе де,бәленбай жыл орыс офицерлерімен араласса да оның бойында ауылдағы кемпір шалдың қолында өскен адамдай бойында қазақылығы мол еді. Ол өзін Бауыржан Момышұлының шәкіртімін деп санайтын. ПОлковник Берікбаев Москвада әскери академияда оқыған жас шағындаБауыржан МОмышұлымен,одан кейін де бірнеше рет жолығады. Әр кездесуден үлкен ғибрат алады. Баукеңнің әр қимылы,әр айтқан сөзі Марленнің есінде сақталып қалады. Ол туралы полковник Берікбаев кітап та жазып шығарған. Полковник Берікбаев әскери адам ғана емес,тума талант жазушы,журналист еді. Қоғабай ол кісіні қатты силайтын,табынатын. Оның алдында бас иетін адамдардың ішінде талай полковниктер,генералдар да аз емес еді. Бір қаламы қарымды,қазақтың бір белгілі қаламгері Берікбаев туралы екі генералға татитын полковник деп Берікбаевтың бағасын дәл бағалаған еді. МАрлен аға әскери журналист Қоғабайға оң қабақ танытатын. Берікбаев әскери академияны тәмәмдаған адам,әскери ғылымның кандидаты,совет армиясында аты белгілі болған адам,оның үстіне ол Қазақстан журналистер одағының мүшесі Полковник Берікбаев Қоғабай үшін өз өмірінде үлгі алатын,болмаса да ұқсап бағуға тырысатын жан еді. Полковник Берікбаев Алматыда жоғары партия мектебін басқарған кезде капитан Сапақов әскери қызметін жалғастыруға Германияға аттандырылған. Полковник Берікбаев сол кезде Қоғабайға сәт сапар тілеген. ШЕт елдегі әскери қызмет офицердің ең сыналатын,шыңдалатын кезеңі,нағыз үлкен әскери мектеп деген сөздерді айтқан. Дегенінің бәрі рас екен. . Қоғабай енді әбден сыналып,шыңдалып,талай жолдардан сүрінбей егемен еліне шет елден оралған офицер. ПОлковник мырза Марлен аға енді не айтар екен?Мүмкін жаңа құрылып жатқан қазақ әскерінен Қоғабайға да бір орын табылар. КЕшегі айбынды совет армиясының офицері ҚОғабай САпақов енді жаңа құрыла бастаған қазақ әскерінің тізіміне мүмкін бес жүзінші,мүмкін мыңыншы болып Қазақстан сардарларының сапында тұрды Қазақ өз әскерім болса деп неше ғасыр армандап еді. Қоғабайдың пайымдауынша бұл сардарлар тізіміне бірінші болып енген ол батыр генрал-лейтетант Сағадат Піррмағамбетов,орта азия әскери округінің қолбасшысының бұрынғы орынбасары,қазақтың маңдайына біткен сол кездегі жалғыз генерал. кешегі совет әскерінде өте беделді болған білікті маман. Совет әскерінің көптеген генералдары,полковниктері ол кісінің қол астында қызмет істеген,қазақ генералдың қатал мінезін жақсы біледі. ӘСкери журналист ретінде Қоғабай Сапақов та ол адамды білетін. Бірақ әскери өмірінде бір де бір рет,ол кісімен жүздесіп көрмеген. ӨйткеніҚоғабай жүз жерден журналист болса да ол бірінші кезекте шені төмен,кіші офицер. Ал Пірмағамбетов аса биік генерал шенінен ат үркетіндей қатал генерал. Орта азия әскери округіне дейін Пірмағамбетов ВЕнгриядағы совет әскерінің қолбасшысының орынбасары болған. Сол кезде оның баласы Талғат Нұрмағамбетов Германия жеріндегі Ордруф қаласындағы әскери гарнизонында медицина батальонының командирі болған. Сол Ордруф қаласына Қоғабай қызметке келгенде медицина батальонының офицерлері өздеріне командир болған қазақ майор Нұрмағамбетов туралы жиі айтатын. Майор Пірмағамбетов әскери медицина институтын бітірген екен. Офицерлердің әңгімелеуінше Талғат жақсы дәрігер,білікті командир болыпты. Совет жеріне ауысып кеткеніне онша көп уақыт өтпеген екен. Сәл ертелеу қызхметке келгенінде Германияда екі қазақ бір бірімен жолығады екен. Медсанбатқа Қоғабай келе қалсаҚоғабай сияқты тағы бір қазақ Талғат жайлы да әйтеуір бір әңгіме қозғалатын. Сондай сәттерде бұл жерге бір екі жыл бұрынырақ қызметке келмегеніне Қоғабай өкінетін. . Бір қазақпен бір қазақ қалай болғанда да жерлестер жақын жүрер едік деп ойлайтын. Сол Талғат Пірмағаметов. Қоғабайдың естуінше қазір Алматыда қызметте екен. Германияда жолдары сәл түйіспей қалған жерлестер енді жолығатын болды. Жаркент қаласында Совет Одағының батыры генерал сСАғатбек Пірмағамбетопен кездесу өтті. Сол кездесуде әскери журналист Қоғабай Сапақов та болды. Аудан жұрты батырына үлкен қошемет көрсетті. Алаңға шыққан сәтте жиналған ел батырын алақанында аялап,көтеріп жүруге әзір еді. Ауданның әкімі батырды құрметтеп ерттеулі сәйгүлік ат мінгізді. Аттың тізгіні генералдың қолына тие сала ақсақалдар мін Сағатбек, мін деп шулап қоя берді. Қоғабайдың іші қылп ете қалды. Поезға мінгенде зейнеткерлер жоғары полкаға ұмтылмайды,әдетте жастар тұрып орын берген соң астыңғы полкаға жайғасады. Зейнет жасындағы адамға ерттеулі атқа міне қою оңайға соқпас. Мін,Сағатбек,мін деген шу үдеп барады. Ьір жас жігіт қолтығынан демейі деп еді,үлгермеді,Генерал жас жігіттей ерге қона кетті. Тегін адам соғыста батыр бола алмайды,ол сүйегінің асыл екенін тағы бір дәлелдеді. Майор ҚОғабай Сапақов болса Марлен ағасының көмегімен жаңа құрылған қорғаныс комитетіне қызметке тағайындалған. Қызмет болғанда да жай қызмет емес,өте жоғары дәрежедегі қызмет. Генерал Пірмағамбетовтың баспасөз қызметінің басшысы. Генерал-лейтенант Сағатбек Пірмағамбетов иығында,кеудесінде жарқырап әскери формада байсалды қозғалып келе жатқанда тірі монументке ұқсайды екен. Қасындағы адамдарды Пірмағамбетовтың мысы басып тұрады екен ,ол қашан да қабағын түйіп,әлдебір қалың ойдың үстінде жүретін жан сияқты, аз сөйлесе де саз сөйлейді,аз айтса да әр әріпті нығарлап,шегелеп айтады. Сағатбек Қожабек ұлы Пірмағамбетов тарихтағы қазақ әскерінің ең бастысардары,тарихта ізі қалатын адам. Ол генералдардың генералы,көпті көрген орыс генералдары да қазақ қорғаныс министрінің қасына батыл басып бара алмайды,именеді. Қоғабай сияқты жас майорлар өздерін Пірмағамбетовтың қасында жаңа туған жас баладай сезінеді,байқамай оның қахарына ілініп қалудан қорқады. Сұрапыл соғысты көрген генералдың өмірлік тәжірибесіне,оның кемеңгерлігіне кәміл сенеді. Совет одағы кезінде-ақ Қазақстанда дербес мемлекеттегідей министрліктердің көбі болған екен. Мысалы ауыл шаруашылығы немесе ішкі істер министрлігі дегендей, ал қорғаныс министрлігі мүлде жаңа құрылым. Сондықтан қорғаныс саласын құру тыңнан түрен салғанмен бірдей,ондай жүкті өз мойнына алуға әркімнің батылы бара бермейді. Әскери журналист Қоғабай болса шын шығармашылықтың адамы,сұсты жүзді ақбас генерал қабағын неліктен сонша түйіп жүреді,оның ой қатпарларына кірсе шіркін,генерал ашылып еркін сөйлесе дейтін. Генералдың қарамағындағы қызмет ететін шені төмен жасы кіші офицер болмай, өмірлік тәжірибесі мол, атақты жазушы болып келіп,министрмен кең отырып сөйлессе,шіркін!Қоғабайдың бір анық білетіні сол кездегі қазақ халқының әзірге жалғыз генералы жеке өз басының жағдайын ойлап жүрген жоқ. Пірмағамбетовте бәрі бар, ол бірнеше ондаған жылдан бері генерал,жағдайы өте жақсы,дүниеге, мүлікке мүлде қызықпайды,билікке қолы енді жеткен жас полковниктедей мүлік жинамайды. Пірмағамбетовты ойлайтыны елінің ертеңі,халқының жағдайы. Қоғабай қарт генерал Пірмағамбетов жайлы дәл солай ойлайтын. Жаңадан әскер жасақтаған қай мемлекеттің болса да бар байлығы қорғаныс саласына бұйырады. Пірмағамбетов болса сондай үлкен байлыққа шын ие бола алатын адам,оған үстіндегі киген әскери кителі болса болды,зәулім өдемі котедждерге,мерседестерге ол қызықпайды,басқаға да қол сұқтырмайтын адал жан. Бұл Қоғабайдың таза пікірі,сенімі едіПірмағамбетовты елі үшін туған адал азамат деп білетін,сол үшін де оның алдында бас иетін. Әскери газеттің редакциясының өміріде басқа редакциялардағы өмірден айырмашылығы аз. Қоғабай қаншама погон таққанымен журналистің еркін өміріне үйреніп қалған офицер еді. Жоғарғы әскери штабта бұрын соңды қызмет атқармаған. Бұл жердегі қызмет те өмір де мүлде басқа екен. Офицерлердің жайбарақат жүруі деген мүлді жоқ,майорлар,полковниктер папкаларын құшақтап кабинеттеріне ылғи асығып бара жатады. Әр құжат тіркеуден өтіп,басшының қолы қойылған,орындалу мерзімі де нақты көрсетілген. Бәріне уақытында үлгеру керек. Әскерге байланысты бар сұрақтарын оқырмандар редакцияларға жолдайды екен. Ол хаттар айналып айналып ақыры Пірмағамбетовке жетеді. Сол хаттарға әскери журналист Сапақов шұғыл түрде жауап дайындайды. Бірақ редакция үшін баспасөз қызметінің басшысының жазған жауабы аса маңызды емес,редакцияға генералдың өзі қол қойған ресми жауап керек. ӨЗі қол қоятын болғандықтан генерал Пірмағамбетов редакцияға жөнелтілетін әр жауапқа аса бір жауапкершілікпен қарайды,әр сөздің нақтылығына әбден көзі жеткен кезде ғана қолын қояды. Әр хаттың арғы жағында адамдардың тағдыры тұрады. Оқырманның хатындағы сөз болып отырған солдат сонау сұрапыл соғыстан хабарсыз кетуі мүмкін,бірақ артындағы іздеушілері сұраған екен,қайткендеде бір ізін табу керек. Талай ондаған жылдар өткен екен,ешбір із қалмаған да шығар. Ресми органдарда отписка деген болады. Ол әйтеуір бір жауабын бере салу деген сөз. Ондай отпискаға Пірмағамбетов ешқашан өзінің қолын қоймайды,істің нақты шешілуін талап ететін басшы. Қоғабайдың жаңа қызметі оңай болмай шықтыПірмағаамбетовтың алдында күн бе күн есеп береді,қорғаныс саласы жайлы хаттар азаяр емес,баспасөз қы зметі қорғаныс министрлігімен редакциялар арасындағы көпір іспетті. Бірақ әзірге Қоғабай тырысып – ақ жүр,анадай халықтың сүйікті генералының тікелей қол астында қызмет істеп жүргендігін өзіне мақтаныш көреді. Дәл қазіргі жағдайда генерал лейтенант Пірмағамбетовке де қиын болып жүргенін ұғады. Әскери кадрлар жетіспейді,бұрыннан қызмет істеп келген офицерлер өз елдерінің жаңа армияларына кетіп жатыр ,оларды ұстап қалу мүмкін емес. Әскерде тәртіп барынша төмендеген,солдаттар үйлеріне қашып жүр. Сондай аумалы төкпелі кезең. Беделді бір газетке оқырманнан хат келіпті. Конвертте көрген адамның жанын түршіктіретін бір ғана фотосурет бар. Екі солдат қатар тұрып асылып өлген екен. Көрген адамның жаны түршігеді екен. Мұндай суретті Пірмағамбетовке бірден көрсетуге бола ма екен. Қоғабай бұл туралы көп ойланды. Бірақ мұндай фотофактіні жасырып та қала алмайды. Қоғабай амалсыздан осы суретті Пірмағамбетовке көрсетуге мәжбүр болды. Оны көрген кезде Генералдың түрі бұзылып кетті. Мына сурет газетке қазір басылып шықса балалары әскерде жүрген адамдар не ойлайды?Асылып өлген солдаттардың түрлеріне қарасаң екеуі де қазақ баласына ұқсайды. Оқиға болған жерге арнайы бпрып мән жайды зерттеуге белгілі журналист Талғат Сүйінбаймен Қоғабай бірге аттанды. Самолетпен Қызыл орда қаласына ұшып жеткен иығында погоны бар және ийығында погоны жоқ екі бірдей журналисті әскери бөлім командирі машинамен қарсы алды. Екі бірдей солдаттың асылып өлуіне байланысты біраздан бері әскери бөлімде прпокуратураның тергеушілері істі зерттеу үстінде екен. Қажетті барлық сараптамалар жасалып болған,материалдар том том болып жиналып қалыпты. Бірақ солдаттардың неліктен бір уақытта асылып қалған себебі анықталмапты,қылмыстық іс әзірге жабылмаған. Журналист Талғат Сүйінбай жиналып том том болған қағаздардың салмағын өлшегісі келгендей,әр парақты қолына ұстап қабағын түйген қалпында ойланып тұрып қалады. Әрине,екі бірдей жас өлімнің арғы жағында үлкен бір драманың,трагедияның бары анық. Қоғабаймен ТАлғат бір жылы туған төлдер еді,екеуі соңғы айларда әріптес ретінде жиі араласатын. Талғат Қоғабайға солдаттар қызмет еткен ротаға барғысы келетінін,адамдармен оңаша сөйлескісі келетінін айтты. Сенің көзіңше офицерсің ғой,солдаттар ашығын айта алмас,сен ол жерге менімен бармай-ақ қой дегенді қоса айтты. Талғат ол талантты журналист және де адамның ішкі жан дүниесіне кіре білетін,жұмсақ сөйлейтін өте қарапайым адам. Прокуратура,тергеушілер жүрген жерде адамдар көп сөйлемеуге тырысады,Естігем жоқ,көргем жоқ,танымаймын деп айтуға халық бейім тұрады,ал журналист деген халық елдің өз а дамы,журналистерден адамдар араша сұрайды,әділдік іздейді. Асылып өлген екі солдаттың сырын ашуға мүмкін болса,оны журналист Талғаттың ашуы мүмкін. Әскери бөлім командирі де бетегеден биік,жусаннан аласа күй танытып жүр. Әлі жас болса да салмақты,байсалды офицер екен. Екі бірдей солдаттың асылып өлуіне байланысты әскери бөлімде тексерістен тексеріс. Әскери пооуратурадан бөлек,солдаттардың аналар комитетінің мүшелері де де осында,еш сырды бүгіп қалу мүмкін емес,қандай ащы болса да шындық бәрібір ашылады. Әдетте мұндай тексерістерден кейін командирлердің өз орынын сақтап қалуы қиын. Бірақ бұл әскери бөлімде қатал тәртіп бар екен,әр нәрсе өз орынында,тырнақ астынан кір іздеген адамның өзі еш кемшілік таба алмайды. Қазақстанның бар әскері осындай болса,шіркін. Талғат Сүйінбай солдаттардың арасында күн жүрді,т үн жүрді. Олармен бірге асханаға барды,полигонда бірге болды. Бірақ ешбір жаңа дәйек табылмады. Асылып өлген солдаттардың бірі ротада лидер екен. Прокуратураның тергеушілері іті шегіне жете жерттегенге ұқсайды. Ротаның лидері болған солдаттың анасында психологиялық ауытқу болған. Ол өзінің істіне өзі жанармай құйып аудан әкімінің кабинетіндіе өз өзін өртеп жіберген. Сол өрттен әкім әрең құтқарылған,кабинет жанып кеткен. Жақын туыстардың ішінде де өзін өзі өлтірген адамдар болған. Екінші солдат болса,досының айтқанына еріпөз мойнына өзі арқан ілген. Оларға ротада еш зорлық зомбылық көрсетілмеген. Қоғабай өзінің онбес жиырма жылдық әскери тәжірибесінде көпті көріп үлгерген,талай іске куә болған. Бір солдат анасының жазған хатынан әкесінің соңғы кезде жиі аравқ ішіп жүргенін,мас болып келіп,өзіне қол көтеретінін біледі. Сол күні қа рауылда тұрған бірнеше солдат автоматтарын алып,әскерден қашқан әрқайсысында жүз жиырма автомат оғынан бар. Ойлары күйеуінен зәбір көріп жүрген солдаттың анасының ауылына барып әйелді қорғау. Есі ауысқан бір солдаттың қолында кеткен бір автомат ядролық қаруға сай,Ел есінде болар,Алматыда қызмет етіп жүрген Кац деген бір ефрейтор жазғы ыстықта Қапшағайға барып бір сүңгіп қайту үшін жолда бір жеңіл машинаны тоқтатып ішінде толып отырған бір жаұяны автоматымен бір дыр еткізіп бір жанұяны атып тастаған. Сонымен қарауылда тұрған бір топ солдат автоматымен жоғалғанда бүкіл ел дүрлікті,полиция бірнеше тәулік ұйқы көрмеді. Ақыры солдат қашқындар ұсталды,бірі қалмай сотталды. Қай елге болса да армия ұстау қауіпті,әр автомат,әр солдат қауіпті. Әскер бар жерде міндетті түрде қатал тәртіп керек. Өйтпегенде әр сарбаз өз халқына да қауіп төндіреді. Әскер мен тәртіп егіз ұғым. Қатал тәртібі жоқ әскердің халыққа керегі де жоқ. Қарауылдың көшбасшы лидері қашқан,қалғандары соның соңына,сөзіне ерген. Журналист Талғат Сүйінбай редакциядан қаншама тісін қайрап,құлшынып аттанса да газетке еш мақала дайындаған жоқ. Ол заманда әскерді әшкерелеу,тәртібі жоқ әскердің командирлерін сынау бір мода еді. Қазақ еліне өз жаңа құрылып,тәй тәй басып келе жақан өз армиясын ұрса бергеннен пайда аз,одан да бүкіл ел ел болып сол әскерді демеп,тәртіпті,айбынды ету керек. Әскер жүрген жерде әскери құпиялылық деген ұғым бірге жүреді. Әскери құпиялылықты аса берік сақтау советтік жүйеде тәрбиеленген офицерлердің қанына әбден сіңген қасиет. Әскер құрылымда үлкен өзгерітер болып жатқанын жазбай сезіп жүрген журналистер сол жаңалықтарды ертерек білгісі келеді. Бірақ әскер тым-тырыс үнсіз. Қорғаныс саласынан журналистерге еш хабар жоқЕртең күнім не болады деп елеңдеген елге әскер қолбасшылары үнсіз. Енді заман басқа,әскерге де ашықтық керек екенін айтудан әскери журналист Қоғабай Сапақов айтудан бір танбады. Ақыры Қазақстан қорғаныс министрінің өзі бастап журналист қауымымен екездесуге асығатын болды. Бұл да бір әскери баспасөз қызметінің нәтижесі еді. . Генерал-лейтенант Пірмағамбетовтың кабинетіне шақырып алып,ұзақ сөйлесетін адамының бірі жас генерал-майор Ол Абай Басболатов еді. Ол Сол кездегі Қазақстандағы жалғыз жоғары әскери училищенің бастығы болатын. Абай Басболатов деген қазақ офицері барын Қоғабай бұрыннан білетін,оны тіпті сыртынан танитын еді. Москвадан әскери мәдениет туралы ай сайын журнал шығатын. Сол журналдан қолына домбырасын ұстаған офицер Абай Басболатовтың суретін көріп әскердеа жүрген бар қазақ қатты қуанған. Қоғабай Абаймен Пірмағамбетовтың кабинетінің алдында танысты. АБай Басболатов бұған дейін көріп жүрген жуан, қарыны шыққан басқа генералдарға мүлде ұқсамайды екен. Өзі жас,қимылдары тым ширақ,жүріс тұрысы бәйге атындай әсем,келбетті. Домбырада керемет ойнайды,қазақ тілін аса жетік меңгерген,болашақ қазақ армиясының генералдары болса,осы Абай Басболатовтай болсын дейтіндей жан екен. Қос генерал Пірмағамбетовпен БАсболатовтың не жайлы кабинетте сағаттап отырып шешетін мәселелерінің нобайын Қоғабай жобалап болса да сезіп жүр. Ол әскери кадрлардың санын және сапасын көтеру жайлы жоспарлар. Қазақстан армиясына лейтенанттар ауадай қажет. Қай елдің болмаса да,өз тәуелсіздігіне қорған қажет. ЕНді Қазақстанда жоғары әскери училищелер санын көбейту,әскери академия ашу жоспарлана бастады. Дивизияларды басқаратын порлковниктер,генералдар аспаннан жаумайды. Қоғабай Бақытжан Ертаевты алғаш көргенінде оның әлі Ауғансттандағы соғысқа аттанбаған кезі еді. Мотоатқыштар полктерінде әдетте адам саны өте көп болады. Сондықтан да әскерде ондай полктерді қытай полкі деп атайды. Сондай полктер алаңда сапқа тұрғанда адам саны жер қайысардай көп болып көрінеді. Бақытжан АРтаев ол кезде кең иықты капитан,мотоатқыштар полкінің батальон командирі еді. Артаевтың батальоны дивизияда ең үздік болды. Бірақ ол кезде осы қараторы капитан бүкіл совет еліне атақты болады деп ешкім ойлаған жоқ. Қарапайым капитан полктегі көп капитанның бірі ғана Совет еліндеКомсомольская правда газетібұрын оқырманы ең көп басылымның бірі еді. Сол газетте Бақытжан Артаев,оның асқан ержүректігі туралы жазыпты. Мұсылман елінде батыр жігіттің аты мешітке берілген екен. Әскери гарнизондарда Бақытжан Артаев жайлы әңгімелер гу гу. СОндай батыр жігіт бірнеше ордендермен марапатталған екен. Бірақ Москваға әскери академияға барғанында оқуға қабылданбапты. Сонда да қайтпас қайсар Артаев мойымапты,Совет одағының қорғаныс министрлігіне қоңырау шалып Ауғанстанда алған ордендері туралы баяндапты,өзінің үлкен тәжірибесі туралы айтыпты-мыс,өзінің әскери академияда оқуға лайықты екенін дәлелдепті. Совет офицерлерінің ішінде Бақытжан Артае,в белгілі адам еді. Бір топ адам сөйлесіп отырса Артаев жайлы да әңгіме қозғалатын. Сондай аңыздардың бірінде Артевтың солдаттары гимнастеркаларын шешіп тастап,бастарына сәлде орынына а түсті солдат шұлғауларын бастарына орап алады да дұшпандар бекінісіне жақындайды. Қараңғыда басында сәлделері ағараңдап келе жатқан адамдарды дұшпандар совет солдаттары деп әсте ойламайды,әбден жақын келгенше қарсы оқ жаудырмайды,Артаев жаудан айласын асырады. Бұл туралы ақын Айбек Сапышевтың Артаевтың ер жүректігі туралы поэмасында баяндалған,Артаевтың батырлығы жайлы офицерлердің аузынан сондай аңыздарарды естіген сайын Қоғабайдың кеудесін мақтаныш сезімі кернейтін. Өйткені екеуі де қазақ,бір батыр ұлттың өкілдері. . Сондай кезеңдерде Артаев батыр жайлы әңгімелерді қолдап,аңызға аңыз қосып жіберуге дайын жүретін. Қоғабай Германияда қызмет еткен жылдары журналистік іссапармен Потсдам қаласына барған. Сол жерде совет офицерлеріне арналған қонақүй бар екен. Қоғабай кешкісін ауқаттанып алайын деп қонақүйдің ас үйіне барған. Сол жерде келген адамдарға қызмет көрсетіп тұрған әдемі қараторы әйелді көрді. Осы кісі қазақ-ау. Жанары нұрға толы. Жолы түсіп барған әскери гарнизондардан қазақ офицерін іздеп жүретін Қоғабай подполковнк Артаевтың Потсдам қаласына әскери академияны тәмәмдаған соң полк командирі болып келгенін естіген. Бірақ дәл сол күні,сол жерде Артаевтың әйелінің қолынан шай ішемін деп ойламаған. . Қонақүйдің конақтарын қарсы алып,буфетте шай құйып беріп отырған Бақытжан Артевтың әйелі екен. Сол адам атым кім деп еді? Қоғабайдың есінде қалмапты. Әдетте әскерилердің ішінде подполковник,полк командирі дәрежесіне жеткен офицерлердің әйелдері еш жерде жұмыс істемейді,күйеуінің жағдайын жасап үйде отырады. Қоғабай сол күні Артаевтың батырлығын ғана емес,қарапайымдылығын да көргендей болды. Германияда подполковник ЕРтаев басқарған мотоатқыштар полкі үздік болды. Сарыөзекте орналасқан дивизия командирі генералдың ұлты орыс болатын. Әлі бойынан қайраты қайтпаған адам болса да қалаған уақытында әскери зейнеткер болуға құқығы бар,қарулы күштер қатарында отыз жылдай қызмет еткен. Бірақ оның орынын басуға дайын ұлты қазақ полковникті іздеу керек. Бақытжан Артаев Пірмағамбетовтың қол астында штабтық қызметте жүр,әскери шені әзірге подполковник. Артаев Германияда полк командирі болып,үлкен тәжірибе жинақтаған Қорғаныс министрінің кеесшісі қызметін атқаратын. полковник Берікбаев ,Қоғабаймен бір сөйлескенінде Подполковник Артаевты САрыөзекке дивизия командирінің орынбасары етіп жіберу керек деген ой айтты. Осы ойын ол жоғарыға да жеткізген болу керек, көп кешікпей Бақытжан Артаев Сарыөзекке дивизия командирінің орынбасары болып тағайындалып,жаңа қызметке аттанды. Сарыөзектегі дивизия командирі аса тәжірибелі, өмір көрген генерал жаңа орынбасар болып келген қазаққа онша жылы қа бақ танытпапты. Өзінің үйренген жылы орынында енді көп отырмасын сезгендей екен. Таприхтың доңғалағы дұрыс бағытта айналып Сарыөзектен басқа да гарнизондарға орналасқан Қазақстандық дивизияларға да ұлттық кадрлар тағайындала бастады. Басболатов та,Артаев та кезінде Алматы жоғары әскери училищесінде тәлім алған,Полковник Берікбаев болса дәл сол жылдары сол әскери оқу орынында тактика кафедрасын басқарған. Абай да Бақыцтжан да Берікбаевтың шәкірттері. Біреу айтар Басболатов,Ертаевтыр бүгінде аты белгілі генералдар,Берікбаев неге бүгінге дейін небәрі полковник болып жүр. ? Полковник Берікбаев өте қабілетті адам. Қазақстандағы көптеген әскери заңдар сол кісінің қаламынан туған. Берікбаев профессор,әскери ғылымның кандидаты,жазушы,талай мақалалардың авторы, әскери тақырыптарға жазатын белгілі қаламгер,қазақтың маңдайына жарқырап біткен тұлғалардың біірі,нағыз бір туар азамат. Сағатбек Қожабек ұлы Піррмағамбетов қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі болған жылдары кадрлар департаментін алғашқы болып Сәбит Сәумен ұлы Тауланов атты порлковник, сәл кейін генерал болған адам басқарды. . Ол жоғары әскери училищеде көп жыл саяси бөлімді басқарған,тәжірибелі саяси қызметкер,түрі татарға ұқсағанымен нағыз қазақ,дәстүрді,тілді,шежірені жақсы білетін адам,жоғары әскери саяси училищені,Москвада Ленин атындағыаяси академияны тәмәмдаған,Пірмағамбетовтың өзі таңдап қасына қызметке алған кадрлардың бірі. Совет елінің әр түкпірінде қызмет етіп жүріп енді еліме ораламыз деп келген офицерлердің көбінің әсем қала Алматыда қызмет еткісі келеді. Сонда алыстағы гарнизондарда кім коандир болады. Генерал Сәбит Тауланов елге оралып жатқан офицерлердің бәрінің тілін тауып,иландыра білетін жан болды. Жаңа құрылып жатқан қазақ әскерінде көптеген капитандар,майорлар жүрді. Қайда барса да қазағын іздеп табатын әдетіменҚоғабай Германияда қызмет еіп жүрген жылдарында көптеген қазақ офицерлерімен сол жақта танысқан,араласқан. Солардың ішінде Әмір,Дәмір деген офицерлер бар еді. . Фамилиялары Халықов,олар тек туған ағайындылар емес,бір үйдің апалы-сыңлілі қызын алған бажа да еді. Дәмір Ауғанстандағы соғыста танк батальонының командирі болған,ерлік жасаған,орденмен мараппатталған. Дәмірдің жасы Артаевтан біраз кіші еді. Дәмір туралы сөз болып отырған жерде Бақытжан Артаевтың да сөз болып отырған себебі Баытжан даңқты ,қазақ халқының мақтанышы Бауыржан Момыш ұлымен жерлес,жайсаң мізезімен,қазақылығымен елге танымал адам,Дәмір Халиков болса порлоковниктің жанұясында тәрбиеленген,Россияджа әскери білім алған,қазақ арасында аты шықпаған. Артаев қайда барса да қазақ халқы Бақытжан қайда жүр деп іздеп отырар еді,Дәмір Халыков болса қазақ үшін өз туғаны болса да бәрібір ол өгей бала сияқты,оны ешкім көп іздемейді. Дәмір Халыков те елінен көп марапат алған генерал. Оның бір өзі ғана емес,туған інісі және бажасы Дәмір Халыков те Қазақстан әскеріндегі кезінде ең жас генерал атанған азамат. Қазақ армиясының әскери өкілдері танк биатлоны деген әскери халықаралық жарыстарда жүлде алып жүр. Танк биатлоны дегеніміз танкпен ұшқан құстай жылдам жету және нысананы дәл көздеп оқ ату. Соғыста сол танк биатлонын жетік меңгерген әскер жеңіске жетеді. Танкшілердің сондай шеберлігін қазақ әскерінде солай дамуына себеп болғандар да,жауынгерлерді солай шыңдағандар ағайынды бір жанұяданн шыққан генералдар Дәмір,Әмір Халиковтер екенін де айтпай кетпеске болмайды. Қазақстан армиясында тәуелсіздікке дейін қазақтан шыққан ел білетін жалғыз генерал Сағатбек Қожабек ұлы Пірмағамбетов еді,ал қазір Қазақстандағы генералдар санын есептеп көрсек шатысармыз. Сол қазақстандағы генерал погонын таққан әр азамат сол форманы жайдан жай кимеген,олардың әрқайсысы жау жүрек мың бала тәрбиелеген азаматтар. Қазақстанның әр генералының өзі полк,дивизия командирі болып жүріп тәрбиелеген ержүрек,патриот жауынгерлер бар,олар жаужүрек мыңбалалардың нақ өздері. Сол полковниктер,генералдар аспаннан жаумайды,. бірақ қайдан шығады?Құлағы қай жаңалыққа болса да түрік жүруге тиіс әскери журналист Қоғабайдың бір күні Германия жерінде жүргенде бір естігені дивизияға жоғары әскери училищені бітіріп бір топ лейтенанттар жолда келе жатыр екен. Жалпы әскерде жаңадан оқу бітірген лейтенанттар келе жатыр екен деген еш жаңалық емес,әскери училищені бітірген лейтенанттар жыл сайын ондап,жүздеп гарнизондарға чемодандарын арқалап жетеді. Қоғабайды елең еткізгені жаңа келе жатқандардың ішінде екі қазақ баласы бар екен. Қоғабай енді соларды тезірек бір көріп қалуға асықты. Бірақ дивизия командирі генерал-майор Миненко жаңадан келген лейтенанттарды кабинетіне кіргізіп алып Ордруф қаласына орналасқан мотатқыштар дивизисының тарихы туралы өте ұзақ әңгімеледі. Дивизия ұлы отан соғысы жылдарында асқан ерліктер көрсеткен еді. Дивизияда отыз тоғыз жауынгерге Совет Одағының батыры атағы берілген екен. Дивизия құрамына кіретін бір полк неміс жерінің Тюрингия тереңінде орналақан Майнинген деген қалада еді. ДИвизия командирінің кабинетінде болған ұзақ жиналыстан кейін сол Майнинген қаласына баруға тиіс лейтенанттар арнайы машинамен бірден сонда аттанып кетті. Қоғабай болса сол күні көремін деп күтіп жүрген екі лейтенант інішегімен жолыға алмай қалды. Қоғабай редакцияның УАЗигімен МАйнингенге де оларды талай іздеп барған. Бірақ жолы бола қоймады. Лейтенанттар біресе ана полигонда,біресе мына порлигонда қашан да болса әскери жаттығуда жүреді. Неміс жерінің тұтамдай бос орыны жоқ,Магдебург полигоны немесе Ордруф деген сияқты немесебасқаша солай солай бөліне береді,ақыры Қоғабай полгондарды аралай аралай анау екі лейтенант қазақпен танысудан үмітін үзе бастаған. Совет әскерінде Ауғанстандағы соғыста аты шыққан Ачалов деген генерал болды. Сол Ачалов та совет әскерінің қолбасшыларының бірі ретінде неміс жеріне жаңа қызметке келді. Ол келгелі Германиядағы совет әскерінің дайындығы үдей түсті. Қай дивизияда болса да тексерістен тексеріс,бірінен соң бірі әйтеуір бір бітпейтін әскери жаттығулар. Сол Ачалов бір топ генералдар тобымен Ордруф гарнизонына да жеткен екен. Күн түн демей ойламаған жерден дабыл қағылады,гүрілдеген техника,қарбалас. Ауғанстандағы соғыс генерал Ачаловпен бірге енді Германияға көшіп келгендей. Арада оншақты күндей уақыт өткенде Ачалов гарнизонның офицерлер үйінде үлкен қорытындв жиын өткізді. . Сол жиынға басқа гарнизондардан да офицерлер шақырылды. Баяндаманы трибунадан оқып тұрған генерал Ачалов бір сәтте қағаздарынан басын көтеріп лейтенанттар Әділбаев,Халыковтардың сахнаға көтерілуін бұйырды. Қоғабай үшін күтпеген жағдай болды. Генерал Ачаловтың мығым үні офицерлер үйін жаңғыртып барады. Анау екі лейтенант әскери жаттығуда ерекше көзге түскен екен. Бұл лейтенанттардың әрқайсысы майорға татиды. Бұл сөздерді естіген Қоғабайдың төбесі көкке жетті. Ачалов болса айтып отырған лейтенанттарының ұлты қазақ екенін білмеген де шығар. Қоғабай Сапақов болса іздеп таба алмай жүрген жерлес лейтенанттармен сол күні,солай танысты. Кешегі лейтенант Халықов бүгінде г қазақ әскерінде генерал,лейтенант Әділбаев болса бір департаменттің басшысы,полковник,ол да болашақ генерал. Қазақстан әскері осындай кірпіштерден қаланып,салынып еді. ТЕк Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі САғатбек Қожабек ұлы Пірмағамбетов өмірден озса даҚазақстандық генералдардың алғашқы ұстазы ретінде олардың мәңгі есінде қала бермек,әскери бөлімдердің қай полкіне жол түссе де генералдардың генералы Пірмағамбетовтың портреті адамдарды қарсы алады. Қазақ елін билеген қай ханның болса да халықты,кең-байтақ даланы сырттан келген жаудан қорғау болған. Ол мақсатқа жету үшін ең керегі айбынды әскер еді. Қазақтың сондай жаудан қорғай алатын әскері болса деп еңбектеген баладан ел билеген ханға дейін армандаған. Тәуелсіз Қазақстанда сондай өз әскерінің болуына аянбай тер төккен адам ол елдің тұңғыш Қорғаныс министрі Сағатбек Қожабекұлы Пірмағамбетовтың есімі мәңгілік ел есінде. Өз туған жерінде әскери қызметін әрі қарай жалғастыру үшін еліне оралып жатқан ұлты қазақ,капитандар,майорлар әсем қала Алматыға сұранса. Тек Алматыдан қы змет сұрамаған офицердің бірі Қоғабай Сапақов еді. Өйткені Алматыдан басқа жерлерде арнайы әскери журналистік мамандығы бар офицерге басқа жерлерде орын да жоқ. Сапақовтың Алматыда қалып қызмет істеуі өзінен өзі туындаған жағдай еді. Ал оның Львов қаласында әр факультетте болса да бір әскери училищеде оқыған досы Мұрат Байыров Аякөздің тумасы еді. Отар гарнизонындағы офицерлер үйінің бастығы қы зметін атқаратын. . Жары Гүлия Алматының қызы еді. балалары Мәди,Дина есейіп қалған,әрине,олар дың да Алматыда тұрғысы келді. Баяғы совет елі кезінде саяси істермен айналысатын политотдел деген енді атымен жоқ. Бірақ қазақша шала сөйлейтін полковник Мэлс Шампаевбасқаратын тәрбие ісімен айналысатын жаңадан ашылған бөлім бар. Мұрат Байыров Отардағы қызметінен бір айға демалыс алып Алматыдағы бажасының үйінде тұрып,полковник Шампаевке қағаз жұмыстары таусылмайтын бөлімде көмектесіп жүрді. Мұрат өз ісін жақсы меңгерген,білікті, сауатты маман. . Полковник Шампаевтың мойынындағы көп істі енді өзі атқарып жүрді. Полковник Шампаевтың қолы біраз шаруадан босаған. Бірақ майор Мұрат Байыровтың демалыс уақыты бітті,Отардағы өз гарнизонына қайтатын күн де жетті. Бір шаңырақтың астында аз да болса бірге қызмет істеген Қоғабаймен Мұраттың арасы ажырамайтын. Мұраттың Қоғабай бағалайтын аса бір құнды қасиеті. Мұрат Байыров қазақ мектебінде білім алған,Аякөздегі теміржолшының баласы еді. Әскери училищеде бірге оқып жүрген жылдарында кейде қарындары ашып,жылқы етін аңсаған сәттерінде мынадай бір әңгіме болатын еді. Машинист әкесі бір соғымды сойып айналадағы туысқа сыбаға жібереді екен. Үйде тіпті асатын ет қалмайды. Сонда әкесі қарсы жақтардан келетін поездардан енді өзіне туыстардан келетін өз сыбағаларын күтіп алады екен. Мұрат кітапты көп оқитын,әскери училищені қызыл дипломмен біірген офицер. . Полковник Шампаев қандай іс тапсырса да мұқият орындайды. Осындай орынбасарын полковник Шампаев Отар гарнизонына қайта жібергісі келмейді,сөйтіп Мұрат Байыров та Алматыда қалып қызмет істейтін болған. Ол заманда Алматыдан пәтер алу машақаты аса қиын еді,оның үстіне офицерлердің жалақысы да мадымсыз болатын. Қоғабай Алматыда жүрсе де өзі туып өскен Ертістің мөлдір суын,сарыарқасын аңсайтын. Бірден пәтер ала алсам,қай қалаға да аттанар едім дегенді өз аузынан талай рет айтқан да еді. Сөйтіп жүргенде офицерді күтіп тұрған бос пәтер де табыла кетті. Майор Қоғабай Сапақов жаңа қызмет орынына қарашаның екісі күні жеткен еді. СЕмей оны қатты аязымен қарсы алды. Адам өз болашағын ешқашан болжай алмайды. Болашақ түгілі күні ертең өзін қандай оқиға күтіп тұрғанын да айта алмайды. Алда сау адамның ойына келмейтін жала жабыларын ,алда әлі сот боларын білгенде,тіпті мысқалдап жинаған өмір бойғы еңбегінің,беделінің одан да жоғары денсаулығының таласқа түсерін білгенде Қоғабай бұл маңға аяқ баспас еді. Тіпті өзінің қазақ баласы екенін де есінен тана ұмытып,өзі оқып жоғары біліи аолған Украйнаға жаяу аттанар еді а у. Арада екі ай өтпей Қорғаныс министрлігінен Сапақовқа Пірмағамбетовтің өзі қол қойған бұйрық келді. Қоғабайға подполковник шені беріліпті. Әдетте бұрынғы істеп келген абыройлы қызметтен а ластатылып,өңірге қызметке төмендетіліп жіберілген қызметкерге мұндай құрмет көрсетілмеуі тиіс сияқты еді. Оның үстіне Қоғабай қорғаныс министрі генерал Пірмағамбетовтың жақсы танитын адамы. Подполковник шені жайлы министрдің бұйрығы оқылғанда Қоғабайдың іші елжіреді. Демек генерал мұның болашағына сенеді екен,жаңадан берілген әскери шен подполковникке көп демеу болды. Қоғабай келген жаңа әскери қызмет ірі әскери құрылымОсы штабқа әр қалаларда орналасқан талай гарнизондар бағынады,бұл қазақ әскерінің үлкен бір бөлігі. Иығында үлкен жұлдыздарының барына қарастан Қоғабай ешуақытта өзін бір үлкен бастықпын деп көкірекін көтермеген,өзінің кішіпейіл қалпынан айнымаған. Бала кезінде Аяз би туралы оқыған аңыз әңгіме жадында сақталып қалыпты. Аяз би би үлкен атақты,беделді би болған шағында да бұрын көп жыл киген жыртық,ескі бөркін тастамай босағасына іліп қойған екен. Сол бөрікті көрген сайын өзіне Аяз би әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл дейді екен. Сол Аязх би бабасынан үлгі алған подполковник Қоғабай Сапақовөз өмірінде ақырын жүріп,анық басып ақ келеді. Бірақ солай жүріп ақ көңіліне көп ой түйген жан. КУрсан кезінде өзі көріп тыңдаған жазушы,Совет Одағының батыры полковник ВЛАДИРИР Карпов жала жабылып сотталып,аса ауыр қиындықтардан өтіп,соңында батыр,атақты жазушы атанып еді. Әлде адам Карповтей жазушы болу үшін Карповтің қиындықтарындай өз өміріндегі сілкініністерден өтуге тиіс пе екен. Өмірінде бірге жүріп,өзі тәрбие алған жерлес жазушы ағасы Мейрам Асылғазин От пен оқтың ішіне кірмей-ақ талай жақсы дүниелер,аудармалар жазған адам еді. Ол офицердің небәрі қырық бес жасында зейнеткер атанатынына қызығатын. Қырық бес жазушының нағыз пісіп,жетілетін уақыты дейтін. Қызмет артта,қол бос. Талай кітап жазар уақытың бар. Қоғабай әскери журналистикаға,офицерлік қызметке соның бәрін жоспарлап,жасы жиырмаға таяп қалған уақытта осы жолды саналы түрде таңдаған. Ол өзінің әскери жеңіл емес қызметін,ыстықта,суықта жүрген жолдарын болашақта жазушы болуға дайындығым деп түсінетін,түсіне қалың қалың өзі жазған кітаптар енетін. Үйнде атақты жазушы,батыр полковник Владимир КАрповтен бұйырған қоңыр чемодан құнды жәдігер ретінде әлі сақтаулы. Өзімен бір училищеде оқыған Карповтің баласы курсант Вася оны лақтырып,тастап кеткенде Қоғабай барып жазушының үйінен шыққан сол чемоданды ерінбей барып,жиып алған,жиырма жылдай әскери қызметінде қай гарнизонға барса да өзінің бір қасиетті бойтұмарындай сақтаған,сол үлкен ауыр қоңыр чемоданды қай елге барса да өзімен бірге алып жүрген. Полковник Карпов генерал болудан болудан бас тартып жазушылықты таңдаған адам. Арманыңа адалдық деген сондай ақ болар Генерал атты аса жоғары әскери шенін алған адам әрі қарай өз өмірінде еш қам жемесе болады. Оның зейнетақысы кей ел басшыларының еңбекақысынан да көп. Ал жазушы деген ол кім?Оның көретіні қалың ойлар,ұйқысыз түндер,бір жазушы үшін басқа адам кітап жаза алмайды,не жазсаң да қиналып өзің күні түні тынбай еңбектенуің керек. Жазушының арманы өзінің ақыл ойын басқаларға жеткізу,саналардан мәңгі өшпейтін адамзатқа терең ой,із қалдыру. Роман болсын,әңгіме болсын,өлең болсын,соны жазып тауысқандағы шығармашылық адамының алатын ләззәтін немен теңестіруге болады?Өмірге сәби әкеліп,мүмкін жас босанған ананың рахатымен шығар. Әйтеуір сондай бақытты Владимир Карповтың өз өмірінде талай сезінгенін Қоғабай жақсы түсінді. Сол атақты жазушының алдында Қоғабай басын иеді. Полковниктің емес,генералдың да емес,нағыз үлкен жазушының алдында басын иеді. Генерал болу да,оқпен оттың арасында жүру де оңай шаруа емес,үлкен еңбекті,қажыр қайратты талап етеді. Бірақ сенің генерал болу болмауың бірнеше адамның қолында,нақтысы ең жоғарыда отырған бір адам қол қойса болды,сен генералсың. Ал жазушының тағдырын шешетін бүкіл халық,қалың оқырман. Генералдардың саны мыңдаған,олардың есімдері ел жадында сақталмайды,Толстойлар. Чеховтер өте аз,олардың есімдері ел есінде мәңгілікке қалған. Карпов генерал болып рақат өмір сүрудің орынына ресейді әдеби журналын,жазушылар одағын басқарған адам. Қоғабайдың түсінігінше жазушылардың жазушысы. Сондай адамды қалай ғана пір тұтпауға болады?Ондай Қоғабайдың пір тұтатын адамдары өмірі еңбекке,ерлікке толы қазақ жазушыларының арасында да баршылық. Бірақ Қоғабайдың өмір жолы солай болды,өзі әскери адам болған соң,ол әскери жазушыны пір тұтты,Карповтың ауыр да үлкен қоңыр чемоданын міне отыз жылдайәскери гарнизондарда арқалап жүр. Подплковник Қоғабай Сапақов генерал болуды армандамайтын жалғыз офицер еді. Подполковник шенінің өзіне ол дән риза. Қоғабайдың ең үлкен арманы шығармашылық еңбектен рахат алу,баспадан жаңа басылып шыққан кітаптың иісі бас айналдырар еді. Семейдегі жаңа қызметіне келгенінде Қазақстанның жарты әскерін билеп отырған ұлты орыс генерал Шербанов кабинетіне кіріп келе жатқан подполковник Сапақовты көргенде үнемі Пірмағамбетовтың қасында еріп жүретін офицерді танып,енді Пірмағамбетовтыда қазір көремін дегендей орынан ұшып тұрған. Келе жатқаныңызды неге хабарламадыңыз,арнайы машина жіберіп күтіп алар едік деген сияқты сөздерді айтқан. . Бүгіннен бастап өз бағынышында қызмет етуге келген офицер екенін білгеннен кейін де Шербанов САпақовқа деген оң көзқарасынан айнымаған. Жалпы осы маңдағы әскери өңірдің қолбасшысы генерал Шербанов қана емес,осынау үлкен штабтағы полковниктердің бәрі Сапақовқа күні бүгінге дейін қорғаныс министрі Пірмағамбетовтың бір өкіліндей көретін. Оның үстіне Пірмамбетовтың бүкіл штабты дүрліктіріп,подполковник Сапақовты іздетіп таптырып алатын мінезі бар еді. Сондағы сұрайтыны бәленше кітапты іздеп таппай отырмын,сол қайда?Пірмағамбетов қазақ әскерінің бабасы,тарихи тұлға. Қорғаныс министрінің қатал мінезіне шыдамай жасы үлкен адамның тезірек кетіп,оның орынына бір жас министрдің тезірек келуін тілеп жүрген генералдар,полковниктер жоқ емес еді. Сол тілеудің қашан орындалары білетін аз адамның бірі Қоғабай еді. Өзі Германияда қызмет еткен жылдарында министрдің ұлы майор Талғат Нұрмағамбетов медицина батальонының командирі болған. Қазір полковник Талғат Пірмағамбетов қорғаныс министрлігінде медицина департаментін басқарады. ЕНді кіші Пірмағамбетовке әкесі генерал шенін бергізсе, министр әскермен қоштасқалы жүр деген белгі. Cағатбек Пірмағамбетовтың атағы қаншама зор болғанымен. ол да ад ам баласы,пенде. . Ақыры,өмірде дәл солай болды да. Полковник Талғат Пірмағабетов генерал-*майор шенін алғаннан кейін ғана Қазақстанның қорғаныс министрі ауысты,ол қызметке енді жаңа министр болып жас генерал тағайндалды. Армия генералы Сағатбек Пірмағамбетовтың үлкен дүниеге,зор байлыққа қызықпайтын адам екені белгілі. Ол үнемі тек әскери формада жүретін. Қай ел болса да өзінің бас құндылығы тәелсіздігін сақтау үшін,сол тәуелсіздіктің басты қорғаны өзінің армиясына көп көңіл бөлуге мүдделі. Алтын көрсе періште жолдан таяды. Бұрынғы совет мемлекеттерінің ішінде әскер мүлкін талан таражға салғаны үшін сотталған генералдар саны жетерлік. Пірмағамбетов болса сол мүлікті қызғыштай қорыған адам. ОЛ қорғаныс министрі болған кезде әскери зейнеткерлердің зейнетақысы үнем і өсіп отырған. Мемлекетке,отанына шынайы қы змет еткен адам өз елінің қамқорлығын сезінуге тиіс. Армия генералы САғатбек Пірмағамбетов солай санайтын еді. Тиіп – қашып істеудің не екенін білмейтін офицер әскери қызметінде қандай іске болса да жан тәнімен кірісіп кетеді. Армия штабында солдаттармен саяси сабақ өткізіп жүрген офицерлермен жиын өткізуі керек еді. Подполковник Сапақов сол жиынды сапалы өткізу үшін жергілікті педогогика институтынан ғалымдарды шақыру керек деген ұсыныс айтты. НЕгізі мұндай жиын бас штабтың жоспары бойынша жылына екі мәрте өткізілуі тиіс едіі,әдетте бұл жиынға лейтенанттар,капитандар солдаттармен саяси сабақ жетекшілері жиналатын. Солдаттардың саяси дайындығы әскерде тіпті кейде әскери дайындықтан да жоғары тұрады. Өйткені жауынгерде саналы саяси дайындық,отансүйгіштік,тәртіп болуға тиіс,егекр бұл қасиеттері болмаса қолына қару ұстаған солдат адам емес,роботқа айналады. Таңертең сағат тоғыздан онбіргедейін екі сағат сейсенбі және жұма күндері уақыт бөлінеді. Соңғы елу жылда бұл қағидат өзгермеген. Айтылған уақытта қай әскери бөлімге барсаңыз да солдаттармен саясм сабақ өткізіліп жатуға тиіс. Бұл әрбір әскери бөлімнің командирінің ресми бұйрығымен бекітілген шара. Жер жанып жатса да дегендей,қандай қиындықтар туында п жатсада саяси сабақ белгіленген уақытында өткізілуге тиіс. Түні бойы қалың қар жауып,солдаттар сапқа тұратын алаңды қар басып жатса да,әскери бөлім командирі полковниктің өзі қынжылса да,шұғыл түрде күрек алып қар күреу керек екенін білсе де,сейсенбі,жұманың саяси сабаққа арналған уақытын өзгерте алмайды. Саяси дайындық әскери дайындықтың ең маңызды бөлігі. Саяси дайындықтың орыны ерекше. Бірақ саяси дайындық уақытын өзінше пайдалан,ан кейбір солдаттар сол уақытта мызғып та алады. Саяси дайындық жетекшілерінің білім деңгейі көбіне төмен болады. Айтар әңгімелері де жауыр болған тақырыптар. Жаңа құрылу үстіндегі егемен елдің әскерінде отанға адал қызмет,қатал тәртіп,әскери жарғылар жайлы ғана емес қазақ халқының тарихы жайлы да айтылуы керек Қазақ солдаты ондай тақырып қозғалған жерде бар ықыласымен тыңдайды,әңгімеге. Өз білгенінше араласуға да дайын. Подполковник Қоғабай Сапақов жоғары әскери саяси жоғары әскери училищесін жаңа бітірген жылдары жоғарғы білімді солдаттар бірен саран еді,қазіргі уақытта бәрі керісінше. Енді интернеттің заманында жоғары білімі жоқ солдаттар бірен саран. Жаңа заманға сай әскердегі саяси тәрбие жұмысы да өзгеруге,жаңа сипатқа енуге тиісГ. енералда бірнеше жоғарғы оқу орынын тәмамдағаны жайлы дипломы болса,одан кем емес диплом әскерге жаңа алынған солдатта да болатын жағдайлар кездесуі мүмкін. Жаңа адам өсіп жетілді,енді соған сай әскери қызмет те, тәрбие де бұрынғы орынында қала алмайды. Саяси сабақ жетекшілерінің алдында трибунаға шығып алғашқы сөз алған педогогка институтынан келген тпарих ғылымының кандидаты,профессор көптеген тарихи шындықтарды сипай жеткізумен тынды. Келесі болып сөз алған ғалым әйел әңгімені қазақ тарихында қазаққа орыстың көрсетпегені жоқтан бастады. Мұндай әңгімені күтпеген жиынды басқарып отырған совет жүйесінде саяси жоғары білім алған әккі полкрвник орынынан ұшып тұрып әңгімені басқа басқа арнаға сен жақсы,мен жақсы,болашақта да достығымыз жасасынға бұруға тырысты. Әңгімеге қыза қыза келе полковнигін қолдап ұлты бөлек лейтенанттар,капитандар да сөз алды. Сондай әңгіме бара бара патшалық россия бір бөлек,егемен Қазақстан жайы бір бөлек деген түсіндірілу басталды. Сол жылдары Қазақстан қарулы күштері құрамында өз әскери кадрларымыз жетіспегендікте тіпті қалтасында ресей азаматы деге төлқұжаты бар офицерлер кездесетін. Жоғарғы басшылардан марапат не сыйлық алғанда ол офицерлер жымиып саптың алдында Служу отечеству деп айтар еді. Отечество деп қай елді меңзеп тұрғаны да белгісіз. Қазақ полковниктері жағдайды түсініп,біліп тұрса да әзірге үндей алмай қиналады. Өйткені өз отанына өз офицерлерін дайындау үшін қазаққа уақыт керек. Солай әскери қызметін өтеп жатқанда подполковник Қорабай Сапақовтың екі жыл өмірі өте шығыпты. Енді өзі армандап келген үш бөлмесі пәтерін Семей қаласынан алған,әскери адам ретінде қырық бес жасында зейнеткер атанып,өзінің ең негізгі бала кезден арманы жазушылыққа бір жола ауысар күн де жақын. Бірақ жазушылық бес-он жылда оңай оқып үйренетін мамандық емес. Ол атадан балаға қанмен даритын талап,өнер,адамның көңілінің ең түкпіріндегі жақұт арман. Ол өмірді көп көру ғана емес,көбірек түю. Керек десеңіз ол тағдырЖазушы болуың үшін бір құлап,бір тұрып өмір сүруің керек шығар. Орыстың атақты жазушысы Владимир Карпов жасында жала жабылып,сотталған. Айыптылар ротасында сұрапыл соғысқа қатысқан,батыр атағын алған. Қиындықтарды аз көрмеген. Жазушы,батыр ретінде сый,қошемемтке де бөленген . Қоғабай бала кезінен өзі кітаптарын сүйіп оқып,өскен қазақ жазушыларының да өмірінде тар жол, тайғақ кешулері аз болмаған. Подполковник ҚОғабай Сапақов болса Европада тегін жоғары білім алып еліне келіп,көкіп жүріп өмір сүріп,енді жазушы болсам дейсің Асықпа,Қоғабай,асықпа. Офицерлік қызметпене бірге өмір әлі таусылған жоқ. ертеңгі күні не боларын еш адам алдын ала болжап біле алмайды. Жазушы болу мүмкіншілігіне қолың жеткен де сияқты,жас әскери зейнеткерсің,күш-қуатың бойыңда,тек ерінбе,отыр да жаза бер жазатыныңды. ЖОқ,енді ешқандай арман,жоспар құруға болмайды. . Сенің мойныңда ,істемесең де қылмыстық іс ілулі тұр. Ол қылмыстық істің басталғанына да бақандай бес жыл өтіпті. Бес жылдан бері жаман аттан айыға алмай жүрсің. Миына құрт түскен сен де бір қой немесе төбет сияқтысың. Басыңды қанша шайқасаң да,қаншама сілкініп түсіріп тастағың келсе де қарекеттеріңнен еш нәтиже жоқ. Өз қазағым,қарындасым деп қабылдаған Жамал мені ұрды,зорлады деп айыптаудан танбай отыр. Жамалдың әйел екені рас,Қоғабайдың ер адам екеі де рас. Бар шындық сонымен бітеді. Ер адаммен әйел адам жақындасса,жанасса міндетті түрде биологиялық белгілер қалады. Ондай еш айғақтар жоқ,болуы да мүмкін емес,өйткені ондай оқиға болмаған,тек соны тергеушінің көргісі келмей отыр. Өйткені тергеушінің заңсыз іс қозғап адамды бәлен жыл қинағаны үшін жауап беруге тиіс. Сондықтан енді ол өз басын құтқарып қалу үшін қалай да айыпталушыны түрмеге жабуы керек. . Сотталып ,жазасын өтеп шыққандардың айтуынша мұндай жағдайда прокуратура бір қадалса,қан ішпей тынбайды,тек аз мерзімге ғана сотталудың қамын жасау керек. Үш жыл,он бес жыл,Қоғабай үшін ол маңызды емес,маңыздысы өзіңнің ақ адал екеніңді дәлелдеу,атыңа ешқандай дақ түсірмеу,Қоғабай өмір бойы елге үлгі,өнеге болу үшін өмір сүрген адам. Оған қылмыскер атану қара жерге тірідей көмілгенмен бірдей. Қоғабай жаны әбден қиналғанда құдайдың өзіне де сиынып,талай көмек сұраған. Сондай жерлерде құдайдан бір перзент сұрап жылап келген әйелдерді,қол аяғы сал болып жүре алмай қалған мүгедектерді талай көрген. Қоғабай сондай қиналған адамдармен бірге қасиетті деген адамдардың, моласында жалбарынып түнеген. Алматыдағы өзімен қызметтес болған генералдарға барып көмек сұрайын десе,. өзінің еш кінәсі жоқ екенін оларға немен дәлелдейді,өзінің еркек кіндікті адам екенің рас болса. Подполковниктің жасаған қылмысы жайлы әңгімелерді солдаттарға дейін құлағдар болған,енді олардың алдында тұрып сөйлеуге , бұйрық беруге бет жоқ. Қозғалғ,ан қылмыстық іске байланысты подполковник Сапақовты енді әскери қызмет орынында оны ешкім іздемейді,жалақы алатын адамдардың тізімінен шығарылған. Енді ол бір тілім нанға да зәру. Егер сот кінәлі деп тапса,әскери шенге нұқсан келтіргені үшін осы күнге дейін жеткен бар жетістіктерінен айрылады,әскери зейнетақы төленбейді. ҚОғабай бала-шағаны асырау қамымен базарда жүргенде іздеп тергеушілер алты рет үйіне келген екен. ,бірақ прокуратураға шақырту қағаздарын қалдырмапты. Соған қарағанда еш айғақ таба алмаған соң тергеу істері бәсеңдегенге немесе мүлде жабылғанға ұқсайды. Бәлкім тереу ісі жабылды деген үміт оты жылт еткен. Егер САпақов шынымен де қылмыскер деп саналса полиция базар түгілі,жердің астынан болса да тауып алар еді. Сөйтіп Қоғабай өң мен түстің,өмір мен өлімнің арасында жүрген жағдайда ойламаған жердер бір кішкентай байлыққа тап болды. Бір кішкентай ғана мекеме керегі болған соң совет заманында тонналап арқан сатып алған екен. Енді сол арқанның керегі болмай қалған. Енді сол жіпті метрлеп емес. салмағымен өлшеп сатып жатыр екен. Бір кило жіп бір қора малды байлауға жетеді. Бұл арқанды салмағымен алып,метрлеп сатса біраз ақша болатын сияқты. Бұл арқанды тапқаным алланың маған жіберген материалдық көмегі ме екен,әлде адал екеніңді бәрібір дәлелдей алмайсың,асылып өле сал дегеніме екен?Сонымен ақшадан қысылып жүрген Қоғабай газетке арқан сатамын деп жарнама берді. Бір күні бір әйел адам телефон шалды. Біраз сөйлескеннен кейін әлгі әйел қазір телефон арқылы күйеуіммен ақылдасатынын,кейінірек қайта хабарласатынын айтты. Қоғабай ойында ештеме жоқ,күйеінің қайда жұмыс істейтінін жай ғана сұрай салған. Сөйтсе күйеуі Семей таңы газетінде редактордың орынбасары екен. Қоғабай жерден жеті қоян тапқандай қатты қуанды. Базарда әрнәрсені саудалап күн көріп жүргенінде шығармашылық адамымен көптен бері араласпап еді. Ақыры әңгімеде арқан жайына қалып,кешке күйеуі Сайлау үйіне кешке оралғанда сол кезде қайта жалғасатын болып шешілді. Әйелінен арнайы қонақ болмаса да әйтеуір бұрын көрмеген адамның үйіне келетінін естіген журналист күйеуінен тапсырма алған болу керек,Қоғабай белгіленген уақытта келіп кіргенде пісіріліп жатқан еттің иісі мұрын жара бұрқырап тұр екен. Әлияның пісірген тамағының дәмі тіл үйіреді . . Осындай кең дастарханға тап боламын деп ойламаған Қоғабай сасыңқырап та қалды. Бәленбай жыл шет елде көбірек өмірін өткізген Қоғабай шынайы қазақы қонақжайлылықтан тосырқап қалған екен. Журналист Сайлау Төлеуовтің Қоғабайдың әскери журналистика факультетін тәмәмдағанын ,қандай қызметтер істегенін,қандай елдерде,қалаларда болғанын естігенде қызығушылығы арта түсті. АРқан жайлы әңгіме мүлде ұмыт қалыпты. Сайлау,әрине,сол күні шындап келгенде Қоғабайдың басына іс түсіп жүрген адам екенін,қайраңдап қалған кеме не қайық екенін сезген жоқ. уақыты келгенде Қоғабай оған бар жағдайды өзі айтып берді. Сайлау Төлеуов өзі де Каз Гудің журналистика факультеті жайлы армандап,сонда оқыған. Қоғабай,Сайлау армандас адамдар екен. сондықтан бірін бірі тез түсініп,жақындасып кетті. Көп кешікпей Семей таңында Қоғабайдың жапзғандарын Сайлау өз газетіне бастырып та үлгерді. Қоғаьайдың шығармашылықтағы әлеуетін байқап қалған бас редактор Қоғабайды газетке қызметке шақырды. Қоғабай сотты болғалы баспасөзде материал жариялаудан қашқақтайтын,ісім бір жақты болып бітсін,ісі сотта қаралуға тиіс қылмыскрдің материалдарын жариялағаны үшін бостан бос бас редакторлар кінәлі болып жүрмесін деп өзінің бүркеншік тегін пайдаланатын. Редакцияға ресми түрде жұмысқа тұруға оған,әрине,әзірге жол жоқ. Жалпы,Қоғабайдың журналист Сайлау Төлеуовпен танысуы оның өмірі үшін баға жетпес үлкен жаңалық болды. Семей қаласы қазақтың рухани ордасы,киелі мекен. CАйлау арқылы Қоғабай көптеген ой иелерімен танысып,жақын араласатын дәрежеге жетті. Республикалық Абай журналы сол жылдары Семей таңы газетімен бір ғимаратта орналасқан еді. Журналдың бас редакторы белгілі ақын Мұратбек Оспанов Абай журналында белгілі жазушы Айгүл КЕмелбаева да жұмыс істейтін. Семейге жолы түсіп келіп қалған ғалымдар,жазушылар,ақындар журналға бас сұқпай кетпейтін ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов басқаратын Абай қоры да осы ғимаратта орналасқан. Бұл ғимаратқа келген адам көптеген белгілі адамдарды кезіктірер еді. Тіпті қатардағы журналист,жәй тілшінің өзі де шындап келгенде бір тұлға болып шығуы мүмкін. Бірнеше кітаптардың авторы Амантай Исин тарих ғылымының кандидаты,археолог,ақын,жазушы,Алматыдағы желтоқсан оқиғасы кезінде елді шұғыл түрде Алматыға аттануға ұран тастаған батыр. Тағы бір журнал қызметкері Асан Омаров ол да бірнеше кітаптың авторы,техника және пәлсапа ғылымдарына кандидат,Абайдың асыл мұрасын зерттеген ғалым. Сайлаудың жүрген ортасы Қоғабайды тез баурап алды. Бұл бір Қоғабайдың өзі көптен сусап,аңсап,қайдан іздерін білмей жүрген адамдары еді. Қоғабай өзін енді ғана өз үйірін тапқан жылқыдай сезінді,Сайлауға айтар рахметі,алғысы шексіз еді. Қоғабай шығармашылық ортамен араласқалы өзінің офицерлік жолды таңдағалы аса бір қиын жолдан өткенін енді білді. Жазушы болу үшін журналист болу керек болды. Ондай жерде оқитындай қойшының баласында еш жағдай болмаған. Қазақ әдебиетіне апаратын сүрлеуді әскери қиын тағдыр арқылы салуға мәжбүр болды. Әскери тағдырдың қиындықтары бір төбе,мына жабылған жала адамның өмір шырағын мүлде өшіріп кетуі мүмкін. Қоғабай өз ісінің түбінде әділ шешілеріне кейде сенсе,кейде сенбейдіБұлыңғыр болашағын ойлаған сәттерде қатты түңіліп кетеді. ТАғдырын соншама тәлкекке салатындай кімге не жазып еді. Ешқашан ешуақытта еш әйелді ұрмағаны, зорламағаны өзіне аян,және ол туралы еш куә,айғақ та жоқ,болуы да мүмкін емес. Қоғабай туған тілінің нағыз патриоты бола тұра тергеушілерден істі тек орыс тілінде жүргізуін өтінген. Өйткен, іс қазақ тілінде жүрсе,бұл істі тек ұлты қазақ заңгер ғана тексере алады. Оның үстіне қазақтың жаны қазаққа ашымайды деген де ой келген. Қоғабайға бұл іске ұлты,тілі басқа болса да көбірек заңгерлердің араласқаны керек. СОнда ғана бір әділ заңгер табылар деген үміт бар. Қоғабайдың жары Хакима күйеуін қорғап қалу үшін сенімді қорғаушы іздеуде. Ондай қорғаушы-заңгерлер бірінен бдіріне ақша бергізіп,екі жақты келістіруге дайын екен. Қоғабайда жайдан жай біреуге ұстата салатын ақша жоқ,екіншіден бұл жала жақсы атынан айырды,қанша ақша берсең де жоғалған бедел қайтып келмейді. Енді тек әділ сотта өзінің кіршіксіз адал екекнін дәлелдеуге міндетті. Лариса Султанова зәбір көрген әйелдердің ісін қорғайтын заңгер екен. Жалғызбасты адам. Өзінің өткірлігімен,әділдігімен аян. Төленген ақша ол үшін аса маңызды емес,қорғалатын адамының адалдығына Ларисаның өзі де сенуі керек. Сөйтіп іспен әбден таныса келе Султанова Қоғабайды қорғауға келісімін берді. СОт алды істері жүріп жатқан шақта Қоғабайдың өмірінде алғаш рет қолдарына кісен салынып,түрмеге қамалды. Прокурордың талабы солай болды. Түрменің қабырғалары сұр түске боялған,қай адамның түріне қарасаң да тым сұсты көрінеді екен. Бұл жерде жарық та аздау,ауа да тарлау болып сезіледі екен. Түрменің қабырғалары түксиіп тұрған адамдай сұп-сұр. Стоять,лицом к стене деген қатал бұйрықты Қоғабай өмірінде алғаш рет естідіТүрме камерасының не екенін әзірге көрмеген. Ол жақтағы өмір әзірге беймәлім. СЕні осындай жерде кездестіремін деп ешқашан ойламап едім. Мәссаған. Мен Эдикпін,Эдуардд Михайловичпін,Москвада талай бірге жүрген едік қой. Москвада броньды танк академиясындабілім алған капитанды осылай түрме камерасында жолықтырамын деп кім ойлаған. Неміс жерінде қызмет етіп жүрген жылдарында Қоғабай Москвада әскери академияда сырттай оқыған. Тыңдаушылар сессияға жиналған кезде қызыл алаңда жетінші қарашада өтетін парадқа дайындық басталатын. Сол жерге сап сап болып көптеген академиялардың тыңдаушылары келеді. Сол кездегі уыздай жас капитан Эдуард Кимді әуелі көргенде қазақ екен деп те ойлап,қуанған. Сөйтсе ол Үштөбенің корейі . жерлес болып шықты. Қазақтай бауырмал жігіт екен. Екеуі дос болды. Эдик генерал болуды армандайтын. Шинелінің омырауына кітап қыстырып алып жүретін. Міне,сол Эдуард КИм мұңайып түрмеде отыр. Бірақ,онша мұңайы отырған да жоқ сияқты,камерадағыларға әмірі жүреді екен. Бірнеше минутте шай дайндатты. ТЕмір кружкадан ішкен ыстық қара шай соншама баға жетпес дәмді көрінді. Түрме камерасында да өмір бар екен. Камерадағылар бір бірімен боқтаспай сыпайы сөйлеседі екен. Отырғандар Қоғабайды ,Эдикті қосқанда екі подполковник,капитан,майор,прапорщиктер,сержанттар,бәрі күштік құрылымдардың өкілдері. . Бұл сондай адамдарға арналған арнайы камера екен. Тағылып отырған айыптар әрқилы. Көбінікі қаржылық шығындарға байланысты. . Америкада түрменің өмірін білу үшін кейбір байлар көп ақша төлеп түрмеде әдейі отырады екен. Қоғабайдың естуінше әскердің қиындығын көру үшін де ақша төлейтіндер бар екен. Бірақ мысқалдап жинаған беделін еш адам сот алдына апармасы анық. Әскердің де,түрменің де қиындықтары түк емес,егер бәрі қайырымен аяқталса. Түрмеге осы отырғаныңмен отырған болып,сотталып кете барсаң,ол өлгеннен асқан жаза. Егер ҚОғабай Жамалды шынымен эәбірлеген болса,қолымен істегенді мойынымен көтерер еді,өйткені істеген қылмысы үшін өзі кінәлі. Ал жабылған жала бойынша сотталып,қарабет болса,жанға сол батады. Нахақтан жабылған қара күйе жанды қатты өртейді екен. Сотталмақ түгілі жұмысында қатаң сөгіс те алып көрмеген адамның нахаққа шыдауы мүмкін емесКөрші камерада желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін тұтқындалып Қайрат Рысқұлбеков жатқан екен. . СОтталсаң солай соттал,өлсең де елің үшін,халқың үшін өл. Ондай өлім арман өлім,ақ өлім. Қатын зорлап сотталған қарабеттің қылмысы кейінгі ұрпақ әлі жеті атаға дейін ұмытылмайды. Түрмеде отырғандардың пікірінше Қоғабайдың ақталып шыға қоюы неғайбіл,өйткені түрмеге отырғыза алмайтынын білгенде прокуратура бұл істі бұдан бес жыл бұрын-ақ тоқтатар еді, енді тек жақсы қорғаушы тауып,түрмеге кем мерзімге отыру жағын қарастыру керек, подполковник әскери шенінен сот айырады,әскери жоғары зейнетақы да енді болмайды. Жиырма сегіз жылдық қиын әскери қызметтің де далаға кеткені. Қасқыр болып ұлысаң да сені ешкім естімейді. Әттең ай,әттең, мынадай жала жабылмағанда қырық бес жасында зейнетке шығып,ендігі талай кітаптың авторы атанар еді. ,халқына қанша қызмет етер еді,зая кетіп жатқан жылдар ай. . Мүмкін еңбегі жанып атағы алысқа кетер еді. Әйтеуір зобалаңның арты қайыр болсын,құдайдан бар тілейтіні осы. Курсант кезінде қолына түскен қоңыр чемодан бар еді. Иә,Иә,қоңыр чемодан. Батыр атанған жазушы Владимир Карповтың қоңыр чемоданы. Жер шарының жарымын әскери қызметте жүріп араласа да Қоғабай Карповтың чемоданын өзінің қасиетті бойтұмарындай сақтаған,өзімен бірге тастамай алып жүрген. Өзінің бәрібір жазушы болу арманына сенген. Енді міне алда әскери трибунал. Қарапайым адамдар үшін әскери трибунал деген сөздің өзі қорқынышты. Ең қатал,ең жазалағыш орын. ҚОғабай қос қолы артына __қайырылып,кісен салынып,қылмыскерлерді тасымалдауға арналған арнайы машинаға мінгізіліп сот отырысы өтуге тиіс Өскемен қаласына аттандырылды. Судья жасы елулер шамасындағы қазақ екен. Қасындағы подполковник прокурормен жиі сыбырласады. Қоғабайды адам құрлы көрмейтін сыңайлы,ала көздерімен жауыға қарайды,бірден айыптау үкімін оқып,сотты бітіре салуға дайын сияқты. Қоғабайға сұрақ қойғанда да зекігендей,жек көре сөйлейді. Тек айыптаушы жақпен сөйлескенде ғана үні жұмсарып,жүзі жылып кетеді. Қоғабайға қойылатын сұрақтар сол баяғы,жауап та бұрынғы. Айтып отырған қонақ үйге ешқашан кірген емес. Солдаттың құжаттарын медициналық пунктіде қан қысымын өлшеген дәрігердің көзінше берген,оғанкуә де бар. Әйел болса қуанып күле қарап,рахметін жаудырып жөніне кеткен. . Қорғаушы әйел Султанова болса,Жамалдың айтқандарының жала екенін дәлелдеумен әлек. Қоғабайдың басты куәгері сотқа келе алмаған болып шықты. Кейін белгілі болғандай,прокурор оның командиріне айтып,әдейі іссапарға жіберттірген екен. Сол күнгі сот Қоғабай үшін өте жаман аяқталған. Соттың үкімі ұзақ оқылып,төрт жылға Қоғабай бас бостандығынан айырылған. Лариса Султанованың қабағын кірбің шалмапты. Жымия қарауын әлі қоймапты. СОт үкімі әлі әзірге күшіне енбейді,уақыт бізде жеткілікті,қайтадан сот болады дейді,жайбарақат. Қоғабайдың сенгені осы әділ сот еді,енді одан қайыр болмады. ИЫғын ауыр жүк басқандай халде қалды. Ендігі бар үміті Астананың әділдігінде. Оның жауабы енді қашан келеді?Дәл осы уақытта еш жан күтпеген бір оқиға болды. Қоғабайдың жары Хакимаға істі жүргізуші тергеуші телефон шалған екен. Хакиманың айтуыншы тергеушінің тілі күрмеліп сөйлепті,ондайға қырағы Хакима оны мас,ішіп алған адамға ұқсайды деп айтты. Тергеуші қылмыстық істі дереу түрде жаба аламын деп мың доллар сұраған екен. Осы жабылған жаладан әбден жапа шеккен Хакима көрші әйелмен мың доллар қарыз алатын болып,келісіп те қойыпты. Қоғабай бұл келген жаңалыққа қуанды. Бірақ істің осылай оңай шешіле салатынына сене алмады. Тергеуші ақшаны алып алып алып алдап соқпас па екен?Қорғаушы Лариса Султанованың пікірінше прокуратурада Қоғабайдың кінәсі туралы еш айғақ жоқ,бәрі тек жалаң сөз. Еш тергеушіге ақша бермеу керек,әділдік Қоғабай жақта,оны ақтап алуға әбден болады. Алғашқы соттың үкімі күшін жойыпты,бассқа судьяның қарауымен іс қайта қаралатын болыпты. Қуансын ба,қайтсін енді. Ол да алғашқы соттың сөзін қолдап шықса қандай қарекет етпек?Бұрын жай ғана қан қысымы көтерілетін еді,енді жүрегі жаншып ауыратынды шығарған. Келесі сот басқа қалада,басқа соттың құрамымен өтеін болды. Осы жолға сотта Қоғабайдың қан қысымые өлшеген аға лейтенант дәрігер де орынынан табылды,бар болған оқиғаны сотта айтып берді. Жамалдың айтып отырғандарының бәрінің өтірік екенін дәлелдеп берді. ТАғы бір қызық жағдай. Жамал сотқа жазған арызында Қоғабай қонақүйге апарып ұрғанда,зорлағанда мені медициналық кушеткада,ағаш төсекте зорлады деген екен. Қонақ үйге медициналық кушетка қайдан келген екен? Сол туралы сот қонақүйге сұрау салған еді,ол туралы қонақүйде ешқашан кушетка боломаған деген жауап келді. Істің ақ қарасы әбден қаралып біткен сияқты еді. Дәл сол сезде ойламаған жерден тағы бір бұрылыс жасалды. Үкім тек бір жұмадан кейін ғана оқылады. Қоғабай сондай үкімді көп жыл күткен. Амал жоқ,тағыды да бір жыл апта күтуге әзір. Сауатты адам ретінде сот үкімі оқылғаннан кейін прокуратураны да заңсыз қылмыстық іс қозғағаны үшін жауапқа тартттырар еді. Бірақ Қоғабай тартыса тартыса әбден қажыған,шаршаған,денсаулығынан айырылған. Прокуратураны жазалау үшін,бар істі басынан бастап қайта қозғау керек. Әбден қажыған Қоғабай бұл істі жабулы қазан ретінде қалдыруды жөн көрді. Жамал бейшара болса кімнің болса да айдап салуымен арыз жазған,қауқарсыз әйел,оны сотқа берріп,ақша өндіріп алғанымен ешкім байымайды. Қоғабайдың түсінгені сот төрағасының да атқарып отырған аса мәртебелі,жоғары қызметі бар,оның да басы екеу емес. Сотталушыны мүлде еш қылмысқа қатысы болмаған деп соңғы үкім шығару сот төрағасына өзінен де жоғары отырғандармен әбден кеңесіп алмай,үкімге қол қоюға бата алмай отыр. Сол үшін де үкім бірден жарияланбай отыр. Қоғабай үшін ең зобалаңды, ең азапты күндер енді басталды. Соттың соңғы үкімін күткен күн қандай қиын еді. Денесіндегі қан қысымымүлде шарықтап кеткен екен. Соңғы рет жедел жәрдеммен жеткен мосқалдау қазақ дәрігер дәрі ішкізгенннен кейін Қоғабайдың тамырына ине тығып қан ағызды. Соған қарап Қоғабай халінің тым мүшкіл екенін сезіп жатты. Анау ыдысқа құйылып жатқан қою қара қан миына құйылса не болмақ. Сот үкімі оқылатын күні ол жерге Қоғабай қорғаушысыз жалғыз келген. Жақын жерде форма киген бір де бір адам көрінбейді. Соған қарап жақсылықты жүрегі сезді. Егер сот жаман үкім шығаратын болса,айдауылдар ендігі осы жерде күтер еді. Әнеу күнгідей емес,судья үкімді осы жолы қалың елдің көзінше емес,сотталушының бірөзіне ғана арнап қысқа да нұсқа тез оқыды Қы лмысқа қатысы жоқ,кінәсі жоқ деп ақталған. Көп жылғы қуғын сүргін осымен бітті. Міне бақыт,міне қуаныш. Нағыз той жасайтын күн туды. Сондай шулы той СЕмей қаласында өтті. Зобалаңды жылдарды артқа тастаған подполковнике. Жоғары дәрежедегі әскери қомақты зейнетақы тағайындалып. ол әскермен,әскер онымен қош айтысты. Тойда да жабылған жала жайлы бір ауыз сөз болмады. Жиналған көпшілік үшін. Бұл жай ғана мерей той еді. Тойдың шын себебін тек ең жақын туыстар ғана біліп жүрді. Сөйтіп Қоғабайды алда тек жаймашуақ күндер күтіп тұрғандай еді. Қоғабай өз болашағынан еш күманданбай жақсы жоспарлар да құра бастаған. Қызы Айдананы алдына алып,бақытты әке кешкісін өз үйінің төрінде теледидар қарап отырған. Кенеттен беті қызарып,басы айнала бастады. Қоғабай біраз жатып дем ала тұрайын,бәлкім ауырғаным басылар дегеніне қарамай жары Хакима жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер тез жетті. Қан қысымын өлшегеннен кейін ақ халаттылар өз ара сыбырласа бастады. . Қоғабайдың басын көтеріп,тік ұстауына қатаң тиым салды. Әрі қарай Қоғабай өзін дәрігерлердің қалай зембілге жатқызғанын біледі. Әрі қарай қара тұман. Есін бір жиғанда,айналасында дәрігерле жанталасып жатыр екен. Әйелімен қызы қасында жылап отыр. Сөйлеп. бірдеме сұрайын деп еді,тілі күрмеліп,үні шыпай қалыпты. Дәрігерлер аурудың қорытындысын ертеңінде жасады. Қан қысымы мөлшерден жоғары болғандықтан миға қан құйылып кеткен екен. . Инсульттің гемморогияқ,көп қайғырудан,қатты күйзелістен блолатын түрі. Болашақта сөйлей алады,бірақ аяғынан тік тұрып жүріп кетуі екіталай. Жала жабылып,сотта жеңгенде Қоғабай жала зобалаңы осымен бітті ау деп ойлап еді. Жоқ,зобалаң нағыз жала зобалаңы енді ғана басталып жатыр екен. Алда егер өмір болса тағыда күрес,тағы да қайсарлық,талмай еңбек,шыдам кеерек. Құрыш қалай шынықса,болашақ жазушы солай шынығады екен. Мүмкін бұл да бір өмірдің заңдылығы шығар. Шынымен шыңдалған адам ғана түбі жеңіске жетеді. Адамзат тарихы талай жанның өшпес ерлігіне куә. Қоғабайдың жүрегінде алғашқы әріп танып, алғашқы кітабын оқығаннан бері бір ғана,мақсат,бір ғана арман бар еді. Ол қандай ауру,қандай жала кездессе де,бәрін жеңіп жазушы болу. Міне, сол жазушы болуды жан тәнімен армандаған Қоғабай қол аяғы өзіне бағынбай,орынынан тұруға дәрмені жоқ жан дәретханаға да жете алмай жатыр. Бірақ ойлау қабілеті,санасы жақсы сақталған. Оны жетем деген армандарынан бас тартуы мүмкін де емес. Бірақ ауруын жеңуіне оның күш қайраты жете аларма екен. Егер оқырман подполковник Қоғабай Спақовтың жала зобалаңындағы жолдағы күрестерде жеңе алғанын күндердің бір күнінде оқып отырса, онда офицердің басына түскен аурудыда,басқа өмірдің қиындықтарын бас имей жеңе алғандығы,,оның шынымен де жазушы бола алғандығы. Егер оның жазғандары бәлкім ұнап қалса,,басқа еңбектерін де кітап сөрелерінен іздеп көріңіз. Сіздің таба алатындығызға ол сенетін де сияқты. Бір адам жабылған жаладан ақталған екен деп өмір ағыны тоқтап қалған жоқ. Жамалдың күйеуі Жеңісбек жабылғн жаладан құтылу үшін астындағы мініп жүрген машинасын,тағы да көп ақша береді деп сендіріп еді,тергеушімен бөтелкелес дос екенін айтқан. бірақ подполковник шағылмайтын жаңғақ болып шықты,ақыры ақталып кетті. Қоақүйге кушетка деген қайдан келеді,тергеуде ол туралы неге көрсеттің деп Жамалдың өзін кіналап,соңы әйелді ұруға дейін барды. Жамал ойлап көрсе шынымен кушетка деген сөз ойға қайдан келіп еді. Медицина пунктінде қан қысымын өлшеген дәрігер подполковникті қан қысымын өлшеген сәтте оны кушеткаға жатқызған. Прокуратураға күйеуінің қысымымен өтірік арыз жазғанда Жамалдың есіне сол кушетка түскен екен. Ақыры сол кушетка шындықтың ашылуына себеп болды. Жамалдың жан ұясындағы ұрыс керіс жалғаса берген. Бір күні ішімдікке әбден тойып келген Жеңісбек қонақүйде ешуақытта болмаған кушетканы қайдан ойлап таптың, соның кесірінен соота біз жеңілдік деп Жамалды үйден қуып шықты. Жамал болса таныстарының үйін паналады. Арада жарты жыл өткенде Жамал әскери қалашықта тұратын бір прапорщикке күйеуге тиді. Бұл жағдайлардан Қоғабай әрине,бейхабар еді. Ол жағдайлар туралы ол көп жыл кейін естіді. Бұл кезеңде ауырып төсектен тұра алмай,тіпті екі адым жердегі әжетханаға да жете алмай жатқан Қоғабайдың көңілінде Жамалға деген ыза,кек, тіпті реніш те жоқ еді. Ол тіпті өмірде Жамал деген өзіне жала жапқан әйелдің бар екенін ұмытып та кеткен болар еді. Егер өзінің жанын шегіне жете қинаған,ақыры көп жылдарға төсекке таңған жала зобалаңы,аққа күйе ---жұқпайтыны жайлы роман жазу ойына келмегенде. Әр жазушының тағдырында оның жан дүниесін дүр сілкіндірер оқиғалар болу керек шығар,сонда ғана адамда жаңа ойлар туындап,жаңа өмір басталады. Жамал әскери адамға тұрмысқа шығып,әйелдік жаңа өмірін бастаса,Қоғабайдың да жаңа өмірін бастап бергендей,сол жаңа өмірлерінде бәрінің жолы болғай. Тек Қоғабай қаншама төсекке таңылып,қиналып бейнеті көріп жатса да өзінің жолы болып, жазушы болсам деген асыл арманына жете аларына сенеді. Сол арманға жету үшін ол туған жерінен жырақта өмір сүрді,офицерлік қызметтің қиындықтарына қаншама жыл шыдады енді өз өмірін күрт өзгерткен жала зобалаңына бола оның сынып кетуге еш қақы жоқ Ол жазам деген кітаптарын егер өзінің адал жан екендігін дәлелдей алмаған күнде де егер сол жазалаумекемесінде мүмкіндігі болса түрмеде отырып та жазар еді. Қоғабай үшін ең бастысы арманнан бас тартпай соңғы демі біткенше қаламын қолдан шығармай күресу, еңбек ету. Басына түскен ауыр сырқат болашақ жазушыны жеңе алмайды. Қоғабай әскери адамға тән қажымас қайсарлықпен аянбай еңбек етуде.