Ақыртас
Сонымен,Тараз қаласынан шығып,шығысқа қарай жол тарттық.Оң қол жақта Алатаудың қарлы шыңдары асқақтайды.Біз көзбен көруге ынтығып келе жатқан Ақыртас бұл маңнан онша қашық та емес.40 шықырым жүрсек,Ақшолақ теміржол бекетіне жетеміз.Ақыртас заулаған машинаға осы бекеттен сүт пісірім жерде жатыр.
Тәкең жол-жөнекей әңгіме тиегін ағытып,адамзат өркениеиінің елең- алаңынан жеткен тарихи жәдігерлер санатындағы құндылықтардың зерттелуі мен зерделенуі арқылы сол өркениетті жасаушы халықтар мен қауымдардың тарих толқынындағы орны мен өресін анықтауға болатынын,Ұлы Даланың ұлағатын пайымдау үшін асқар тауы мен шалқар көлі,қара орманы мен құланды даласы бар қабырғалы бабаларымыздың өткен өмірі мен кешкен ғұмырын бағамдау үшін олардың өз қолымен жазып кеткен жартастағы жазулары мен жер астындағы жәдігерлеріне,көкейінде көптеген көмбелеріне жүгінетінімізді,Адамзат өркениетінің елең-алаңында-ақ қорғанды қала,қоршулы құрылыстар тұрғызған бабаларымыз,жаңа дәуір мен орта ғасыплардың межесінде де қала құрылысын қарқынды жүргізіп отырғанын,ежелгі Мауреннахрдың,Испиджабтың,Тараздың,Жетісудың аумағын алып жатқан қалалар мен қамалдар шоғыры сол тарихи кезеңдерден жеткен жәдігерлер екендігін,өзіміз танысуға келе жатқан Ақыртастың Египет пирамидаларымен,Афина Акропольдарымен,Рим Колизейімен,Перудегі Майа мәдениетінің тылсым нысаны екендігін шабыттана ортаға салды.Әңгіме арасында,түрлі деңгейдегі бас қосулар мен пікір алмасуларда Ақыртас сияқты бірегей кешеннің әлемді аузына қаратқан небір керемет тарихи жәдігерлердің қатарында аталуға әбден лайықты екендігі,сәті түсіп,өткен 2014 жылы БҰҰ-ның,Ғылым,білім және мәдениет жөніндегі бөлімшесі- ЮНЕСКО-ның,Доха қаласында өткен кезекті сессиясының шешіміне орай,аталған ұйымның кез келгеннің қолы жете бермес тізіміне-Бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтар тізіміне,киелі Әулиеата- Тараз жеріне орын тепкен 5 жәдігердің бірі болып,Ақыртастың да енгендігі сөз болды.Кейінгі есеп бойынша Қазақстанда 45 мыңға жуық архитектуралық,археологиялық және тарихи жәдігерлер бар десек,күні кешегі дейін солардың екеуі- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен көшпенділер мәдениетінің озық нұсқасы Таңбалы петроглифтері ғана аталған тізімде болып келген.
Әрине,ауызды құр шөппен сүрте беруге болмас.Ақыртасқа жұрт назары ауған 140-150 жылдан бері бірталай зерттеу жұмыстары жүргізілді.Патшалық Ресей тұсында басталған зерттеу жұмыстары Кеңес өкіметі кезеңінде жалғасын тапты.Ал еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары бұл жұмыс қақынға қақын қоса жүргізілуде.Тіпті,шетелдік,атап айтқанда,француз,италия ғалымдарымен бірлесіп,аэрофототүсірілім жасалуы да біраз құпиялардың сырын ашқандай болды.Сондықтан,да,Ақыртастың айшықты болашағы алда екендігіне сеніміміз мол.Тарихи ескерткіштерге бай еліміздің ешкімге ұқсамайтын ежелгі мәдениетін,оның адамзат өркениетіне қосқан қомақты үлесін әлемге танытуға Ақыртас та өз үлесін қосады әлі,-деп сөзін түйіндеді Тәкең
Осы арада мен де әңгімеге араласып,бұл кешеннің Орталық Азияда теңдесі жоқ қайталанбас нысан екенін,оның ғажайып көрінісін жұртшылықтың тамсана айтып жүргенін,кейінгі ұрпаққа аманатын таспен қашап қалдырған бабаларымыздың алып тастардан Ақыртас сияқты кешен тұрғызуы табиғатпен үндестік таба білген халқымыздың,қала құрылысын игеруде де ешкімге де бермегендігін әңгімеледім.
Осылай пікір алмасып отырғанда ел аузында аты аңызға айналған ғажайып кешенге жетіп те қалыппыз.Міне,біз қала-кешеннің бас қақпасының алдында тұрмыз.Ел қоныстанған аумақтан сәл қағаберіс оңашалау тұста орналасқан,жаңа шығып келе жатқан күн сәулесіне көмкерілген алып құрылыстың көрінісі тым айбатты көрінеді екен.Кешен құрылысының жүргізілген уақыты жөнінде алуан түрлі пікірлер айтылып келе жатқанымен,қалай болғанда да,оның есте жоқ ескі заманнан қалған бір белгі,бірегей мұра екендігіне ешкім де шүбә келтіре алмайды!Тіпті,сан ғасырларға ұласқан сапырылыстар,одан қалаберді табиғаттың тосын жағдайлары мүжіген,ақырында тіршілік қамын жеген пенделердің баға жеткісіз ескерткіш тастарды күнделікті кәдесіне жаратқан әрекеттерінен кейін де,асылдың сынығындай сыры жойылмаған көненің аманаты уақыт сынына бәрібір төтеп беріп,айбынды кескін-келбетін сақтап қалғаны таңдандырады.
Біздің қазақта естіген бір басқа да,көрген бір басқа деп жатады ғой.Талайдан бері атына сырттай қанық,көне жәдігер-ежелгі Ақыртастың таң шапағымен астасқан бейнесі шынында да мені үлкен әсерге бөледі.Кешенді асықпай аралап жүрміз.Мұнда кешеннің бірыңғай алып қызыл құмтастардан қаланғаны бірден көзге ұрады.Көлемі шамамен 205×185 метрден тұратын құрылыстың атшаптырым ішкі ауласы бар.Іргесінде екі су қоймасы,яғни хауыздары болған.Бұл,құрылыстың әуел бастағы жобаға сәйкес,келісті де кең,салтанаты кемел сарай болып бой көтеруге тиісті ғимарат екендігінен хабар бергендей.Қазба жұмыстары барысында зерттеушілер,Ақыртасқа тиіп тұрған тұстан тағы да осындай екі шаршыдан тұратын болашақ құрылыс алаңын тапқан.Олардың аумағы жоғарыда сөз болған аэрофототүсірілім бейнелерден де анық байқалады.Ал,қосымша құрылымдардың үшеуі дәліз тәрізді ұзын.Екінші бөлігі 12 тұрғын және 5 шаруашылық орын- жайдан тұрады.Үшінші бөліктің сыртқа өз бетімен шығу жолы бар он үш орын- жайы ауланы айнала топтастырылған.Төртінші бөліктің тұрғын бөлмелері де ауланың айналасында.Бұдан бөлек,18 тұрғын бөлме,екі дәліз және үш шағын орын-жай да осында.
Қазіргі зерттеулер Ақыртас ғимараттарының одан шамамен 400 метрдей қашықтықтан алынған қызыл құмтас пен ерекше табиғи қасиеті бар қосынды- саздан салынғанын айғақтап отыр.Ақыртас кешеніндегі құрылыс қабырғаларының қалыңдығы 3.5 метрден 4 метрге дейін жетеді. Ал ғимарат іргетасының биіктігі 4 метр екен. Бұл кешен құрылысының зәулімділігін айғақтай түссе керек.Ғалымдар сондай- ақ,осы күнге дейін сақталып қалған су құбыры жүйесінің оңтайды құрылымынын нәтижесінде,кешеннің 5-6 шақырым қашықтықтағы тау етегінде тебіндеп жатқан бұлақ суымен қамтамасыз етілгенін де ғылыми негізде дәлелдеп берді.
Ақыртас қабырғаларының қазіргі кезде сақталған сілемдері 160,146 және 140 метр шамасында.Қабырғалары қалың, ірі тас блоктардан қаланған.Қорғанның оңтүстік және солтүстік қақпалары бар.Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады екен.
Ал енді осынау бірегей тарихи ескерткішке қай кезде назар аударыла бастады деген сауалға келер болсақ,шығыстанушылар,архитекторлар және археологтар оған 19 ғасырдан бастап көңіл бөлген.Ақыртасты 1864 жылы алғашқы рет полковник Черняевтің әскери экспедициясы құрамында жұмыс істеген суретші М.С.Знаменский зерттеп,онын сол кезге дейін сақталып келген,биіктігі 2.5-3 метрді құраған қабырғаларының панорамалық суретін сызып жариялаған.Ал,арғы дәуір құжаттарына көз салсақ,Ақыртас тұралы тұңғыш деректерді 1222 жылы даос тақуасы Чань Чунь қалдырған.Ол өзінің жолжазбаларында былай деп хабарлайды:"Жолда бізге тас қала кездесті:тастар қып-қызыл түсті,көне әскери құрылымның іздері бар.Батысқа қарай бағытталған Үлкен аю жұлдызы секілді орналасқан көлемді зираттық үйінділерді көрдік".
М.С.Знаменский Ақыртастың алыстан қарағандағы жалпы сұлбасын қағазға түсірумен шектелсе,одан кейінгі кезеңде Ақыртас кешенін В.А.Каллаур,П.И.Лерх,Д.И.Иванов,В.В.Бартольд және Г.И.Пацевич тәрізді өлкетанушылар мен ғалымдар зерттеген.П.И.Лерх кейбір блоктардың жекелеген өлшемдерін жүргізіп,даос тақуасы қалдырған деректермен салыстыры отырып ескерткіштің жалпы сипаттамасың берген.Кешендегі маңызды ғылыми- зерттеулердің бірін геолог Д.Л.Иванов жүргізген.Ол құрылыс пен тас қашалатын орынның жоспарын егжей-тегжейлі сиппатап қана қоймай,қабырға блоктарын суреттеп,Ақыртастың тарихи маңыздылығына өте жоғары баға берген.
Ақыртас кешенін зерттеушілер,оның қай дәуірдің туындысы екендігін,құрылыстың нақты арналым- нысанасы неге саятындығын әлі күнге дейін дөп басып,дәлелдей алмай отыр.Мәселен,зерттеуші П.И.Лерх Ақыртас салынп бітпеген будда ғибадатханасы деген болжам айтса,академик В.В.Бартольд несториан ғибадатғанасының қалдығы деген тоқтам жасайды.Ал белгілі қазақ сәулетшісі Т.Қ.Басеновтың жазуына қарағанда,Ақыртас құрылысы бітпей қалған зәулім сарайдың іргетасы 1996 жылғы зерттеулер барысынды қазақ және француз мандары,Ақыртас 8-9 ғасырларға жататын керуен сарайдың орны болуы мүмкін деген болжам жасаған.Өйткені,құрылыс жобасы Ирак пен Сирия жерлеріндегі орта ғасырлық құрылымдарға өте ұқсас деп болжанған.Соған қарап Ақыртас 8 ғасырдың 2 жартысында,яғни 751ж қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап,екі мемлекет арасында бейібіт қатнас орнаған кезде салына бастаған құрылыс болуы бек мүмкін деген жорамал жасалады.
Қазақстан тәуелсіз ел атанғаннан кейін,академик К.М.Байпақов бастаған ғылыми топ кең көлемді археологиялық жұмыстарды француз ғалымдарымен бірлесіп жүргізуді қолға алды.Соның нәтижесінде түбегейлі жүргізілген ғылыми- зерттеулер Ақыртас брахман ғибадатханасы немесе несториан монастрі болған деген болжамдарды жоққа шығаруға мүмкіндік берді.Осы жағдай құрылыс 8 ғасырдың ортасынан бұрын салынбағанына ғалымдардың көзін жеткізді.1998-1999 жылдары Сарай кешенінің жанынан кішігірім керуен-сарай табылды.Кешеннен оңтүстік- батысқа қарай 1 шақырым жердегі биікте,бір- бірінен 50 метрдей қашықтықта орналасқан,бұрыштарында төрт мұнарасы бар қамал және қолбасшының бекінісі орналасқандығы анықталды.
Осы арада соңғы кезде Ақыртастың құрылысы мен Мысырдағы Хеопс пирамидасы арасындағы ұқсастыққа тарихшылардың ерекше ден қоя бастағанын да айта кеткеніміз жөн.Мысалы,Мысырдағы ең әйгілі Хеопс пирамидасының,жалпы Гиза аңғарындағы барлық пирамидалардың соғылу тәсілдеріне көз жіберер болсақ,олардың ірі тас блоктары 100 метрден аса биіктікке,құрылыстың іргесіне төгілген құм-топырақтан тұратын жасанды үйінділердің көмегімен бөрене арқылы сүйреп шығарылған дейтін де болжам бар ғой.Аталмыш тәсіл Ақыртас құрылысында да еркін пайдаланған.Оған куә- алып құрылыстың екі қанатына қолдап тұрғызылған және күні бүгінге дейін сақталып қалған екі жасанды биіктік.
Ақыртас пен Мысыр пирамидалары арасындағы ұқсастық қазақ тарихшылары үшін анау айтқан жаңалық емес.1967 жылы 22 шілдеде "Ленинская смена" газетінде Хеопс пирамидасының геометриялық координаттары мен Ақыртас қалашығы координаттарында өзара сәйкестік бар екендігі туралы мақала жарияланды.Тіптен мақала авторына сенсек,қалашық құрылысына зерттеу жүргізген инженер Виктор Луппорт:"Ақыртастың құрылысы орналасқан жерден 200 метр тереңдікте ежелгі өркениеттің бізге белгісіз храмы жатыр"деген батыл болжам айтқан.
Тегінде,Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық мұражайының күтіміндегі көне жәдігерлер Қазақстан мен Орталық Азияның ғана емес,жалпы адамзат өркениетіне тән маңызға ие құндылықтар екендігі даусыз.9-11ғасырларға тиесілі Қарахан.Айша бибі,Бабаджа хатун кесене-кешендері мен Шығыс моншасы,жұмбақ сырға толы Ақыртас қалашығы-Ұлы Дала өркениетінің қайталанбас көркем үлгілері.Осынау ғажайыптардың құпия сырлары толық ашылып болды деуге әлі ерте.
Ежелгі тарихымыздың сырына тереңірек үңілгіміз келсе,Ақыртасты мемлекеттік және халықаралық деңгейде жүйелі зерттеуге тиіспіз.Кейінгі жылдарға тән зерттеулер мен зердеулер,жоғарыда айтқанымыздай,Ақыртас ертедегі Майя мәдениетінің Перу ормандарында мүлгіген әйгілі пирамидаларымен тамырлас деген тұжырымдарға ұласа бастады.Бұған негіз де жоқ емес.Төс табаңға және қабырғаларға қаланған тас блоктардың әрқайсысының салмағы бір тоннаға жуық.Олар тегістеле жонылып,мұқият өңделген.Бір-біріне геометриялық дәл аралықта сақтай отырып қатарласа көтерілген тас бағаналар Афина акропольдарының сілемдерінен елес береді.Ақыртас тұрпатынан Рим Колизейінің сәулетіне тән белгілерді де аңғарасың.Осындай ұқсастықтарды жүйелеп бағамдаған адамға-б.д.б 1 ғасырларда Ғұн Тәңірқұты Чжи-Чжи(Шөже) ежелгі Рим қолбасшысы Красстың тұтқынға түскен легионерлері мен Парфия шеберлеріне Талас пен Аса өзендерінің аңғарына,бүгінгі қазақ даласындағы қалалардың-анасы,қалалардың-атасы,адамзаттың батысы мен шығысына тән өркениетер алмасуының алтын бесігі,Елбасының дуалы аузыменен:"Тараз-тарихымыздың алтын арқауы"атанған Тараз қаласын салдырғанда,осы Ақыртасты да бірге көтерген жоқ па екен деген ойға жетелейді?!
8 ғасырдың бел ортасында,дәлірек айтсақ,751-жылдың жазында Тараздан таяқ тастам жердегі Атлах қаласы маңында өткен әлемге әйгілі "Атлах шайқасындағы" араб армиясының жеңіске жетуі-ежелгі Хань әулетінің Орталық Азияға көз алартуын біржолата жойып,Ислам өркениетінің Ұлы мекенімізге дендеп еніп,өркендеуіне даңғыл жол ашты.Осы кезеңде бой көтерді деп есептелетін Ақыртас кешеніне ұқсас Орталық Азия аумағында екінші тарихи мұра жоқ.
Өкінішке қарай,біздін бүгінгі күнімізге дейін осынау орасан мықты,сәулетті де әулетті құрылымнан,Дала инженерлері ақыл-ойының інжу-маржаны санатындағы аса құнды тарихи мұрадан тек нүкте сызықпен белгіленген іргетас пен ғасырлар бойы өз салмағымен топыраққа сіңіп кеткен блоктар ғана жетті.Ұзақ уақыт Әулиеата уезінің басшысы болған,өзі әуесқой өлкетанушы В.Каллаурдың 1905 жылы жазып кеткеніндей,сол кездегі тұрғындар Ақыртастың үйінді-қаланымдарын жаппай тасып әкетіп,өз керектеріне "жаратып" отырған.Ол көбінесе көпірлердің,түрлі мақсаттағы ғимараттардың іргетастары мен қабырға қаланымдарының материалы ретінде қолды болып отырған.Ал,атақты "Түрксібтің" құрылысына- теміржол өткелдеріне қаланып кеткен Ақыртас тастары күні бүгінге дейін менмұндалайды.Мысалы,1938-1939 жылдары аталған жәдігерден 5-ақ шақырым қашақтықта орналасқан жалғыз Ақшолақ стансасында ғана,Ақыртастың тастарынан екі қойма мен бірнеше ғимараттардың іргетастары қаланыпты.
Құс ұшар биіктіктен қарасаңыз ескертеіштің архитектуралық құрылымы осы заманғы радиокестеге ұқсас болып келеді.Кейбір зерттеушілердің,уфологтар мен білім-парасаты биік деңгейдегі зиялы қауым өеілдерінің болжамы бойынша,Ақыртас өте қуатты табиғи энергияның "қозғалтқышы" санатында.Кейде мұнда жер-жерден пікірлес уфологтар ғылым докторлары,профессорлар жиналып,Ақыртас қупиясы жайлы өзара сыо бөліседі,ғарыш және ғарышпен байланыс жайлы да өте қызық әңгімелер айтылады.
Алғашқы кешенді зерттеулер мен қайтадан қалпына келтіру жұмыстары "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында іске асырылған болатын,тарихи мұраның құлаған,шашылған тастары орын-орнына қойылып,ғасырлар дауылы көмкерген тұрпаты аршылып,тазаланып қалпына келтірілді,электр қуаты жеткізіліп,басына еңселі ғылыми-ақпараттық орталық салынды.Өкінішке қарай, түрлі себептермен бірнеше жылға созылып кеткен үзілістен кейін,сәті келсе биылғы 2018 жылы Ақыртастың жұмбақ әлеміне "үңілудің" екінші кезені басталмақ.
Иә,айта берсек Ақыртас кешеніне байланысты әңгіме түгесілмек емес.Сонау көне заманнан бүгінгі күнге там-тұмдаған қалдығы ғана жеткен бірегей кешеннің қазіргі көрінісінің өзі, әрі-бері өткен жолаушылардын да,оған арнайы атбасын бұрып тамашалаушылардың да,жәдігерді оқтын-оқтын зерттеп,зерттеген сайын жаңа бір тосын жаналыққа тап болып,сиқырлы кешеннің қупиясына үңіле түскен ғалымдардың да қызығушылығын арттыра түсуде.