Ана мен бала
элегия
Тағдырым ,
Мен Құдайдың,
Несін алдым?
Жасымнан ,
Қорлық көріп,
Жетім қалдым.
Әке жоқ!
Отан қорғап
Оралмады
.Анашым сенде сенде сорлап,
Жесір қалдың
Көзімді аштым ,
Көгілдір аспан
Маржандай.
Анамды көрдім,
Кірпігі жасқа
Малмандай ,
Әкесіз жетім көп екен
Соғыстан кейін байқадық,
Келмеді әке үйіне
Біз едік жетім,
Сор маңдай.!
Ит өмір
Сол бір күннен ізге түсті
Сұм тағдыр,
Мені көріп,
Көзін сүзді,
Оқуды қоя салып,
Еңбек еттік,
Еңбегім өлтірмеді,
Тегі бізді!
Бейнеті ауыр болды,
Анашымның ,
Кеудесін иіскелеймін
Баласымын .
«Анашым өкпе» -болды
Тұмау тиіп.
Көзімнің ыстық жасын,
Сорғалатып .
Кетемін анда-санда,
Жайын біліп.
****
Жасымнан еңбек сүйгіш ,
Зерек болдым.
Отанға мал бағатын,
Керек болдым.
Бодаулы жылдар өтті,
Күнім қара .
Қарайдым көңіл сара,
Жаным жара!
***
Қар қалың,қара боран
Алай-дүлей.
Мен жүрдім қарнымаш,
Үйге кірмей.
Қаңтардың сары аязы,
Қысқан кезде.
Көзім көрмей!
****
Тіршілік жалғасуда,
Алма кезек.
Сұм соғыс өміріме
Салған өзек.
Өзегім талып жүріп,
Еңбек еттім.
Еңбекке беретіні
Талқан ,кебек!
*****
Жер жырттым!
Еңбек еттім еңіредім.
Алмайсың аш кездеде ,
Соқыр дәнін.
Аш жатқан анамды ойлап
Қайтар кезде.
аз-аздап ,
аш қалтаны толтырамын!
***
Бодаулы күндер өтті !
Жалаңдаған.
Есіме түскен кезде,
Жылап алам.
Жастарға көрсетпесін,
Сол күндерді
Дәл қазір тәуелсізбіз.
Жаңа заман!
****
Таң атты ,күнде шықты,
Жадыраған.
Анашым-Тәуелсізді,
Көре алмаған.
Еркіндік –Егемендік,
Заманыма!
Біз жеттік еңбек етіп,
Қалдық аман!
*****
Хош енді өткен күндер
Келме қайтып.
Жүрейік жігер берер,
Әндер айтып.
Отаным гүлдене бер,
Егемендік !
Көретін күн бар екен,
Жеткен едік.
Заманға үлес қосқан
Жас ұландар.
Қан төккен,
Желтоқсанда!
Жеңген едік!