Адам қарады: 110 | Жарияланды: 2018-08-14 03:38:11

Поэзия – күннен алыс

Мен жырлаймын !

Ішім толы- қайғы мұң

Аңсадым да ,азаттықты,

Сыртым бүтін қайғырдым.

Өлеңімді бодаулықта

Жаздым да.

  Ақын болдым. 

Тәуелсіздік-алдымда!

             Мен өлеңмін !

             Қуанамын күлемін

           «  Империя» жеңілді

             Бақыттымын білемін

             Ой түбінен поэзия

              Жеміс бере бастады

              Туған жерге ерікті,

               Елмен бірге жүремін!

Мен өлеңмін!

Кейде көңіл мұңайып.

Поэзия өмірім,

Құлың болдым ол анық.

«Алтын қалам »-тартынбай,

Қазағым деп жырлады.

Туған елде өнеріме,

Халқым жүрді қуанып.

   Мен өлеңмін!

Аман қалған соғыстан

Егеменді ақын болдым,

Шындықты айтып алысқан.

Оқымысты ғалымдарға ,

Ашып қойдым, тарихымның айнасын.

Поэзия-өнерімді өшпейтін,

Жас ұландар туған елде жалғасын!

    Мен өлмеймін!

Алға басып келемін.

Тәуелсіздік Елім де,

Түкке тұрмас кедергің.

Отанымның алдында,

Күннен алыс поэзия-өмірім.

Туған елдің төрінен,

Мағжан болып кетермін!

Қазақ тілінде жазылған