КӨКЖАЛ
Міне,Саматтың жыл бойы асыға күткен жазғы демалысы да келіп жетті.Қуанышында шек жоқ,жо-жоқ,мектебінен уақытша болса да құтылғанынан емес,ауылға атсы мен әжесінің қасына баратындығынан.Иә,Саматтың ата-әжесі тегіс бала атаулы қызығарлық нағыз ата-әже.Бар жақсыны,бар тәуірді Саматымызға деп сақтап отырады.Қалада тұратын балаға бұдан асқан бақыт бар ма?!
Самат-сыныбының үздік оқушыларының бірі.Жан-жақты,ақылды,ойы жүйрік,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетеді,алайда дене шынықтыру сабағынан денсаулығының жарамауынан босатылған.Оның ең жақсы көретін пәніне қатыса алмайтындығына іштей қынжылатын еді.Бар себеп-бүйрегінің ауыратындығы.Бірде балалар жүгіруден жарысып жатқанда оларға қызығып,шыдап отыра алмай жарысқа қатысады.Сөйтіп не керек,жеңіп шығады.Сол кездегі жузіндегі күлкісі,журек жарды қуанышы емханаға түсіп қалғаннан кейін су сепкендей басылады.Содан бері жарысқа қатысқан емес.Бірақ,адамның қиялында шіркін шек бар ма?!Іштей әлемге танымал спортшы болсам ғой деп армандайды да жүреді.
***
Таң атты.Самат анасының иісі мұрын жаратын бәлішінің иісінен оянып кетті.Төсегінен тұра сала:
-Анашым,қайырлы таң,-деп анасының бетінен сүйді. -Қайырлы таң,ботам!Ұйқың қанды ма?-деп сүйсінді анасы. –Қанғанда қандай?!Сіздің бәлішіңізді жегім кеп тұр,-деді Самат еркелеп. –Әрине жейсің,алдымен жуын,сосын таңғы асқа отырамыз. –Жарайды,әкем қайда? -Әкең жуынып жатыр,қазір таңғы астан кейін киімдеріңді жинаймыз.Ауылға барамыз ата-әжеңе. –Алақааааааай,-дегн жан дауысы шықты Саматтың.Бір кезде әкесі жуынатын бөлмеден шығып: -Балам-ау,бүгін көңілдісің ғой,-деді күлімсіреп. –Ата-әжемді сағындым әке,тезірек барайықшы ауылға?! -Жақсы,барып жуынып киін де,таңғы асқа отырайық,сосын жолға шығамыз.
***
Үшеуі жолға шықты.Жол ұзақ.Ауыл қаладан төрт сағаттық жерде еді.Жол бойы Самат телефонындағы ойындарды ойнаумен болды.Бір кезде аспанды бұлт қаптап,жаңбыр жауа бастады.Тарс-гүрс етіп күн күркіреп жатыр.Табиғаттың күштісін-ай!Бірақ Самат күн күркірегеннен қорықпайтын.Қайта керісінше,осы көріністі қызықтап,көліктің терезесінен тесіліп аспанға қарап отырды. Найзағай ойнап жатыр.Кенеттен бір тосын көрініс болды.Самат сол көріністі көріп,таңырқағаннан аузын жұмған күйі жұмып отыра берді.Аспанда...Бұлттың арасынан...алыста...көзге көрінер-көрінбес көкпен-көк иттің бейнесі жүгіріп келеді.Жақындай бере түрі анық көріне бастады.Кәдімгі ит,бірақ түсі көк бояумен бояп қойғандай көкпен-көк,денесі үлкен,міне,жақындап келеді,жақындады,Құдірет!Мына иттің екі қанаты бар!Дәл солай.Қалай көктен түсіп келеді десе.екі қанатымен ұшып келе жатыр екен!Бір кезде жаңбыр тоқтап қалды да,әлгі бейне ғайып болды.Өңім бе,әлде түсім бе дегендей Самат көзін уқалап,қайта қараса сұр бұлттардан басқа ештеңені көріп отырған жоқ.Әкесіне қараса,жан-жағына қарамай көлік жүргізіп келеді.Бар назары-жолда.Анасы болса ұйықтап қалыпты.-Айтайын ба,айтпайын ба,айтпасам болмайды,мүмкін маған сенбей қалар,өз көздерімен көрген жоқ қой,мені қалжыңдап немесе жынды юоп кетті деп ойлар,бірақ олар маған әр уақытта сенеді ғой.Бәлкім,менің көргенім расымен жәй елес болған шығар,-деп ойы сан-саққа кетті.Сөйтіп отырып ол да қалай ұйықтап қалғанын байқамай қалды.
Самат шудан оянып кетті.Ұйқылы-ояулы көзін ашса,ауылға жетіпті. –Ата,әже,-деп көліктен секіріп түсіп,атасы мен әжесін құшақтай алды. –Құлыным,балапаным,келдің бе?-деп әжесі қуанғанынан көзіне жас алды. –Сағындық қой сені,арыстаным менің,-деген атасының қуанышында шек жоқ,-Ал енді үйге кірейік! Үйге кірсе,пах шіркін десеңші,әжесінің дастарханы жайнап тұр.Ет асулы,бауырсақтың түр-түрі,құрт,май,қаймақ,ірімшік бәрі бар.Барлығы дастарханға жайғасты. –Әке,апа,қалдарыңыз қалай?Денсаулыктарыңыз ше?,-деп Саматтың әкесі Бекжан әңгімені бастады. –Самат келмей тұрып жақсы болмаған,қазір енді өздеріңді,Саматты көріп көңіліміз орнына түсті,-деді атасы күлімдеп.-Бір жасап қалдық!Рахмет сендерге балалар,бізді қуанттыңдар! -Отағасы дурыс айтады,сендер біздің көз қуанышымызсыңдар,-деді әжесі де қоштап.
Саматтың атасы-ауылдағы беделді адам,кезінде ұстаз болған.Жантемір Өтемісұлы келе жатыр дегенде барлық үлкен-кішілі алдына барып сәлем береді.Ал әжемі дәрігер болған,аты Лашын Төлегенғызы.Бар өмірін медицинаға арнаған кісі.Самат іштей үлгілі отбасынан шыққанына қуанатын,отбасын мақтан тұтатын.
***
Ертеңгісінде Саматтың әкесі мен анасы қалаға қайтты.Ауылда қалғылары келсе де,щала алмайды,себебі жұмыстары бар.Қызмет атқарады екеуі де.Бірақ олардың жұмысы ата-әжесінің жұмысына ұқсамайды.Әкесі Бекжан-құрылысшы,ал анасы Ләйлә саудагер.
-Әже,мен барып тауықтарға жем шашайын,-деді Самат әжесіне.
-Ақылыңнан айналайын,балапаным,жем бергі қорада тұр,бірақ шаршап қалма.
Самат қораға қарай жүгіріп кетті.Ары іздеп,бері іздеп әйтеуір жемді тапты.Далада жүрген әтеш-тауықтарға жем шаша бастады.Бір кезде аспаннан тускендей жанына көршінің баласы Дидар жүгіріп келді.
- Самат,ассалаумағалейкум,-деп оң қолын созды.
-Уағалейкумассалам,-деп Самат та сәлемдесті.
-Қашан келдің?
-Кеше келдім.
-Қанша боласың ауылда?
-Жаз бойы боламын,-деді Самат мүдірмей.
-Самат,менің ағаларым өзеннен алтын балық ұстап алды ғой,-деді Самат беті бүлк етпей.
-Қойшы,саған сене қалады ғой дейсің бе,күлкімді келтірмеш,-деді Самат күдіктеніп.
-Рас айтам,сенбесең,менімен жүр,өз көзіңмен көр!Ертең өкініп қалып жүрме.
-Кеттік онда,көрейін сенің алтын балығыңды,-деп Самат қолындағы жемді тауықтарға шаша сала,Дидарға ілесіп,екеуі өзенге қарай жүгіре жөнелді.Барса,Дидардың төрт ағасы өзен жағасында балық аулап отыр екен.Төртеуімен кезектесіп амандасып,жөн сұрасқаннан кейін,Дидарға қарап:
-Осы ма алтын балықтарың?-деді Самат жерде қозғалып жатқан шортандарға қарап.
-Дәл өздері,-деп Дидар қарқылдап күле бастады.
-Өй,сені ме,-деп Самат қолын бір сілтеп,үйіне қарай кетті.Дидарды бүкіл ауылдың балалары жақтырмайтын.Өйткені Дидар өтірікті көп айтады.Оны бәрі өтірікші Дидар деп атап кеткен.Осы жолы да Самат Дидардың алдағанына көніп қалғанына ызаланды.Дегенмен,Самат Дидарға қызығатын,жо-жоқ,өтірікті көп айтатынына емес,төрт ағасы барына қызығатын.-Менің де ағаларым болса ғой,төртеу болмаса да,бір ағам болғанда ғой.Олар маған қамқор болушы еді,сабаққа бірге барып,ауылға бірге келіп отырушы едік.Маған балық аулап әкеліп берер еді,-деп Самат ойға шомып,армандап келе жатыр.
-Самааааат,Самааат,балам,-деген атасының айғайлаған дауысын да естімей қалыпты.Үйіне жақындай бере,атасы алдынан шығып,бас алып құшақтай алды.
-Қайда жүрсің,балам?!Сені іздемеген жерім қалмады ғой.
-Ата,мен Дидармен өзен жаққа барып келдім,-деді Самат басын төмен тусіріп.
-Онда неменеге бардың?
-Дидар маған алтын балық ұстап алдым,жүр,көресің бе деген соң...
-Содан,көрдің бе алтын балығын?,-деп мысқылдады атасы.
-Жоқ,өтірік айтыпты.
-Сен сол Дидарға еліктеме,бізге ескертіп неге кетпедің?,-деді атасы ренжіп.
-Кешіріңіз ата,енді қайталанбайды.Ескертіп отырамын,-деді Самат кінәсін түсініп.
- Жарайсың балам,жүре ғой,үйге кіріп әжеңнің қымызын ішіп,бойымызға күш жинап алайық,-деп немересінің ақылына сүйсінген атасының дауысы жарқын шықты.
-Жақсы ата,сосын мен бақшаға барып жұмыс істейін.Арамшөптерді жулайын
-Мақұл,ақылыңнан айналдым,-деп атасы мақтанышпен айтты.Әжесінің қымызына тойып алып,бақшаға барып,арамшөптерді жұлуға кірісті.Күн шыжып тұр.Самат борша-борша терлеген.
-Саматжан,балам-ау,шаршадың ғой,таста,бүйрегің ауырып қалмасын,-деп атасы келді жанына.
-Мақұл ата.Ата,сізге бірдеңе айтайын ба?
-Айта ғой.
-Мен өскенде спортшы болғым келеді,бірақ бүйрегім ауырады,соған ызаланамын.
-Армансыз адам-қанатсыз құс ,балам.Арманда!Арманың орындалсын!Әлі-ақ жазылып кетеді бүйрегің.Денің сау,шымыр боп өскің келсе,уақытымен және дұрыс тамақтан.Қалада болғанда,денсаулығыңа зиян келтіретін тағамдарды жеме.Ана кәмбүргір дей ме,сондайлардан айналып өт!
Самат ішін ұстап,сылқ-сылқ күле бастады.
-Ата,қатырасыз,кәмбүргір емес,гамбургер,-деді күлкісін тыя алмай.
-Иә,сол,-деп атасы да күле бастады.Атасы мен немеремінің әңгімелері жарасып,күліп тұрып еді,жаңбыр жауып кетті.Екеуі үйге қарай жүгірді.Үйге кіре сала,алдарынан әжесі атып шықты:
-Атасы-ау,шаршадыңдар ғой күні бойы далада жұмыс істеп,тынығып алсаңдаршы,-деді.
-Сөйтсек сөйтейік,Саматжан,демалып ал,келмей жатып қаншама жұмыс бітірдің,-деді атасы Саматқа қарап.
-Иә ата,шаршағанымды енді сезініп тұрмын,-деп күлімсіреп,бөлмесіне кіріп кетті.
-Әжесі,биыл жауын көп,жеміс-жидекке жақсы болды.Өрт те болмайды.
-Оның рас,отағасы.Қой,бізде де демалып алайық,-деп әжесі төсекке жантая кетті.
***
Самат төсегінде жатып,терезеге қарап,сіркіреген жауынды тамашалап жатты.Бәр кезде найзағай ойнай бастады,бірақ күн күркіреген жоқ.Әлденеден сұр бұлт екіге бөліне бастады.Саматың ойына жолда келе жатқандағы оқиға бірден сап ете түсті.Төсегәнен атып тұрып,терезенің алдына жақындады.Екі көзі аспанда.Бұлттар тыным таппай ерсілі-қарсылы қозғалуда.Кенеттен бұлттардың арасынан кешегі көк бейне шықты.Бір кішкентай нүкте сияқты.Саматтың көздері жаутаңдап,сөйлейән десе.тілі байланып,айғайлайын десе,аузы ашылмай,таңырқап қарап тұра берді.Әлгі нүкте үлкейіп келеді,жақындап келеді.Осы сәтте Самат оны жақынырақ көрейін деп бар күшін салып далаға бірақ зу етіп жүгіріп шықты.Екі көзі аспанда.Жүгіріп келед,жүгіріп келед.Үсті-басы шылқыған.Кекілінен тамшылаған жаңбыр суы ақ құба бетінен сырғып түсіп жатыр.Бір кезде шалынып жерге екпетінен құлап түсті.Басын көтерсе,алдында қанаты қыран құстың қанатындай,көзі өткір алып көк ит тұр.Саматтың жүрегі дүрс-дүрс.Тұла бойы дірілдеп кетті.Бір кезде әлгі ит адам тілімен үн қатты:
-Әй бала,менен қорықпа!Мен ешкімге зиян келтірмеймін.Сенің атың кім?
-Ссссс....Самат...
-Нешінші сыныпта оқисың?
-Бесінші сыныпты бітірдім,ал сен кімсің?Қайдан келдің?Ит дейін десем,өанатың бар.Құс дейін десем...,-деп Самат таңырқауда.
-Мен өз планетамнан келдім.Жерге жаңбыр жауғанда ғана түсемін.
-Не үшін?
-Мен жерге найзағай түспесін деп қадағалап отырамын.
-Сенімен дос болуға бола ма?
-Мені өзіңнің досың деп санай беруіңе болады.Біз адамдарды жақсы көреміз.
-Иә,білем.Ит жеті қазынаның бірі емес пе?!
-Дұрыс айтасың.Енді мені жақсылап тыңда.Мені көргеніңді ешкімге тіс жарып айтпа,бәрібір сенбейді.Мені алғаш болып сен көрдің.Мен бәрібір бұл жер планетасында өмір сүрмеймін,өз планетама ораламын.Онда мен сияқты иттер көп.
-Мені сол планетаға апаршы,-деген Саматтың дауысы жалынышты шықты.
-Жоқ,болмайды.Адам баласы онда өмір сүрмек түгіл дем ала алмайды,-деді әлгі қанатты ит.Екеуі ұзақ әңгімелесіп отырып қалыпты.Саматтың ойына бірдеңе сап ете түскендей:
-Айтпақшы,сенің атың кім?Атыңды сұрауға ұмытып кетіппін ғой,-деп күлімсіреді.
-Менің атым Кокруманосу.
-Не дейді?Кокру...
-Кокруманосу.
-Менің тілім келмейі айтуға,одан да сені Көкжал деп атайыншы.Өзің көкпен-көксің,-деп Самат күліп жіберді.
-Қалауың білсін,тәуір ат-деді Көкжал күлімдеп.Сенің қандай арманың бар,Самат?
-Менің бір ғана арманым бар.Ол әлемге танылған спортшы болсам ғой!Әттең,бүйрегім ауырады.Бүйрегім жазылып кетсе,спортқа қатысар едім.
-Мен саған көмектесемін,Самат.Мен сенің ауруыңнан айықтырамын.
-Рас па?Қалайша?,-деп қуанып кетті Самат.
-Рас,сен құлан-таза айығасың және саған күш-қуат беремін,сосын сен спортқа қатыса аласың.
Көкжал Саматты тұрғызып қойды да,қолын оның кеудесіне қойып,көзін жұмды да,бірдеңе деп аузын жыбырлатты.
-Болды,енді сен нағыз спортшы атанасың,мен саған күш-қуат бердім,-деп Көкжал өзіне сенімді болды.
-Рахмет саған Көкжал,бұл жақсылығыңды ешқашан ұмытпаспын.
-Оқасы жоқ.Егер сен менің берген күш-ұуатым бітіп ұалмасын десең,күнделікті таңертең тұра сала денеңді шынықтыратын жаттығулар жасап отыр және күніне бір алма жеп отырсаң болғаны.Күшің өмір бойына жетеді,-деп Саматты сендіреді.Бір кезде күн ашыла бастадыүОсы сәтте Көкжал ғайып болып кетті.Самат аң-таң.Бір түрлі Көкжалды қимай тұр.Амал қанша,Самат басын салбыратып үйіне аяңдап кете барды.Оның бұл сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!Өмірде мұндай да ғажайып болатынына сене алмай,бір жағынан енді спортұа ұатыса алатындығына ұуанып келе жатты.Үйіне кірсе,ата-әжесі ұйқыдан енді ояныпты.Саматтың үсті-басы шылқыған.Оның бұл түрін көрген ата-әжесі шошып кетті.
-Балам-ау,сонша су астында қалғаның не?,-деп екеуі безек қағып жүр.
-Ата,әже,бәрі жақсы.Қазір киімімді ауыстырып келемін.Мен енді ауырмаймын,нағыз спортшы боламын,-деп Саматтың жүзі жайнап,атасы мен әжесінің беттерінен бір-бір шөлп еткізіп сүйіп алып,әндетіп бөлмесіне кіріп кетті.Ата-әжесі бір-біріне қарап,бұл балаға не болды дегендей аң-таң.
***
Күндер ағып өте берді.Самат Көкжалдың айтқандарын бұлжытпай орындап жүрді.Күніне бір алма жеп,жаттығу жасауды әдетке айналдырды.Ата-әжесіне де қолғанат болып жүрді.Бір күні Саматқа қаладағы Елдар деген досы қоңырау шалды.Қал-жағдай сұрасып болған соң Елдар мектепте бір жұмадан кейін жүгіруден жарыс болатынын айтады.Мұны естіген Самат телефон тұтқасын тастай сала:
-Ата,әже,менің қалаға оралуым керек,бір жұмадан кейін жүгруден жарыс болады екен.Соған қатысуым керек,-деп алақ-жұлақ етіп ас үйге жүгіріп барды.
-Балам,саған жүгіруге болмайды ғой,-деді әжесі.
-Болады әже,енді болады,-деді Самат күлімдеп.Дауысы өте қуанышты шықты.-Ата,бата беріңіз!
Атасы қолын жайып:
-Жортқанда жолың болсын,жолдасың Қыдыр болсын,жарыста жүлделі орын ал,атаңның осы батасын қабыл ал,әумин,-деп бетін сипады.
***
Такси да келіп жетті.Самат ата-әжесімен қоштасып,көлікке отырып,жолға шықты.Жол бойы Саматтың екі көзі аспанда болды.Көкжалды көрсем екен деген тілеумен болды.Бірақ Көкжал көрінбеді.Күн ашық.Төрт сағаттан кейін қалаға да жетті.Ата-анасы да Саматты көріп қуанды.Бірақ олар оның жарысқа қатысуына қарсы болды.Саматтың көңіл-күйі болмай,неше күн әкесі мен анасын көндірумен болды.Ақыры олар көнді.
-Саған сенеміз Самат,біздің сенімімізді ақта!-деді анасы ұлына сенім білдіріп.Самат жарысқа дайындала бастады.
-Ләйлә,байқадың ба,Самат акылдан келгелі өзгеріп кетіпті,-деді Бекжан жұбайына.
-Иә,байқадым.Атасы мен әжесінің тірбиесін көрген бала жаман болмайды.Баламыздың көз алдымызда осіп кеткенін байқамай да қалыппыз,-деді көзі жәудіреп.
***
-Әке,болыңыз.Үлгермей қаламыз жарысқа,-деді Самат апыл-ғұпыл киініп жатып.
-Келе жатырмын,-деп әкесі үстіне көк жемпірін киіп бөлмесінен шықты,Осы мезетте Саматтың көзі әкесінің көк жемпіріне түсіп,есіне Көкжал түсіп кетті.
***
Жарсы басталды.Жан-жақтың бәрі у-шу.Жарысқа қатысатын балалар тізіліп дайын тұр.Барлығы он бала.Самат қобалжып тұр.Әкесі жанкүйер боп отыр.Бір кезде балаларды мәреге сапқа тұрғызды.Олардың екі көзі төрешіде.Төреші:
-Дайындал,алға,бас!-деп жарысты бастады.Балалар ытқып жүгіре жөнелді.Самат ішінен:асықпай жүгірейін әзірше,әйтпесе шаршап қалып,жүгіре алмай қалармын.Бәрі қатты жүгіріп шаршап қалғанда мен олардан озып кетемін,-деп ойлап жүгіруін бәсеңдетті.Әкесі баласына қарап сүйсініп отыр.Саматтың ойында Көкжалдың оған күш-қуат бергені есінде.Бәрібір жеңімпаз болатынына сенімді.Балалар бар күштерін салып жүгіріп келеді.Уақыт жақындағанда Самат жылдамдықты қосты.Үшінші баланы озып өтті.Екінші баланы озып өтті.Бірінші келе жатұан баламен тепе-тең жүгіріп келеді.Біраз уақытқа дейін тепе-теңдікті ұстанып келеді.Самат оған жете алмай келеді.Бар күшін салды.Ойына тағы да Көкжал тусті.Оның:сенің арманың орындалады,мен саған күш-қуат бердім деген сөзі есіне тусіп,күші арта түсті.Қаттырақ жүгіре бастады.Сөреге таяқ тастам жер қалғанда қасындағы баланы бірақ озды.Жанкүйерлердің бәрі Самат,Самат деп айгайлап шуылдап,жеңгеніне қуанып шуылдап кетті.
-Жарайсың Самат,-деп бәрі түрегеп қошеметтеп жатыр.Осы кездегі Саматтың сезінген қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Төбесі көкке жеткендей болды.Екі езуі екі құлағында.Бәрі Саматты құшақтап құттықтап жатыр.Бір кезде әкесі жүгіріп келіп,Саматты бірақ көтерді.
-Жарайсың,ұлым менің,жарадың!-деп ұлынан бетер қуанып,жеңісіне қайран қалды.Кенеттен Самттың анасы Ләйлә да оқыстан келіп қалып,ұлын құшақтап,көзіне жас алып,бетінен шөлп-шөлп сүйіп жатыр.Анасының жұмысын тастап келгені ол үшін тосын сый болды.Бүгін Самат үшін ең бақытты күн!Ұстаздары да қуанып жатыр.Мектебінің мақтанышы атанды.
***
Саматтың анасы ауылға телефон шалып сүйінші хабар айтты.Қарт кісілердің де бұл жаңалықты естіп,жүздері бал-бұл жанды.
Кешкісін үшеуі Саматтың жеңісін атап өтейік деп мейрамханаға барады.
-Самат,біздің сенімімізді ақтадың,рахмет саған ұлым,-деп әкесі қолпаштады.
-Әкең дұрыс айтад,сен біздің мақтанышымызсың,-деп анасы да қоштады.
-Үміттеріңізді ары қарай да ақтауға уәде беремін,-деді Самат мүдірмей.Әкесі иен анасы күлімдеп,кешкі асқа тапсырыс бере бастады.
***
Күндер жылжып өте берді.Саматтың беделі үйде де,мектепте те арта түсті.Бірақ оны бір нәрсе толғандырумен болды.Әлде сағыныш па?!Көкжалға деген сағынышы арта түсті.Жауын да жаумай қойды.Күні-түні аспанға қарап жаңбырды тосумен болды.Сөйтіп оның ойына бір нәрсе сап ете түсті:мен Көкжалмен ауылда таныстым ғой,демек ол сол жаққа ғана түседі,- деп ауылға баруға бел буады.Ата-анасы да мақұл көріп,Саматты ауылға жібереді.
***
Самат бақшадағы арамшөптерді жұлып,үйге кіріп,демалып алайын деп тосегіне жантая кетті.Ілініп кеткен көзін терезені ұрған жаңбыр тамшылары шайдай ашты.Бейне бір Саматтың арамшөп жұлғанын күткендей.Төсегінен ытқып тұрып,бірден далаға жүгіреді.Жаңбыр себелеп жатыр.Самат Көкжал тускен жерге қарай жүгіріп барады.Есіл дерті Көкжал досын көру,оған алғысын айту.Кенеттен бұлт ашыла бастады.Мұны көрген Саматтың көзі жайнап кетті.
-Көкжал,Көкжал,-деп бар даусымен айғайлап шақыра бастады.Саматтың шақырғанын естіп дереу жетіп келгендей болды.Жақындай бастады.Көкжал жерге тусіп келеді.Саматтың жүзі бал-бұл жайнап:
-Алақай,Көкжал,келдің бе?,-дейді.
-Келді, Самат.Байқаймын,маған айтар жаңалығың бар сияқты ғой,-деді Көкжал Саматқа.
-Болғанда қандай,Көкжал!Мен жарысқа қатысып,жеңіп шықтым.Бәрі сенің арқаң.Рахмет саған,сен нағыз доссың.
-Қателесесің,Самат бұл сенің өз жеңісің.Сенің жарыста ұтқаныңа менің еш қатысым жоқ,-дейді.
-Қалайша?!Менің тұла бойыма күш-қуат берген сен емес па едің?-деді Самат безек ұағып.
-Жоқ,мен тек қана сенің жүрегіңе сенім отын үялаттым.Адам баласының ерекше қасиеті осында.Егер адам баласы бір нәрсеге сенімді болса,олар бәрін жеңіп,ойлаған мақсаттарының бәріне қол жеткізеді,-деді Көкжал.-Есіңде ме?мен саған күнде жаттығу жасап,күніне бір алма жеп отыр деп айтып едім ғой,міне,осы сенің денсаулығыңа оң әсерін берген.
-Сонда бұл жеңіске өзім қол жеткіздім бе?
-Иә,өзің!
-Сонда да рахмет саған Көкжал.Мені сендіріп,пайдалы кеңестеріңді беріп.жүрегіме сенім отын ұялатұаның үшін саған алғысым шексіз.
-Оқасы жоқ,бірақ енді сен мені көрмейсің.Осымен мен енді жерге түспеймін.
-Неге?Көкжал,келіп тұршы.Мен сені сағынамын ғой.
-Мүмкін,келесі ғасырда келермін.Бірақ сен мені босқа күтпе.Өзіңді күт!Әрдайым осындай ақылды бала болып қала бер,қош бол,-деп Көкжал аспанға ұшып кетіп,ғайып болады.Самат досын қимай, көзінен моншақтап жас тама бастады...