Адам қарады: 90 | Жарияланды: 2018-08-15 06:10:35

Сырдар

Астана!.... Құрметті қонақтар,  ұшақ  Астана  әуежайына   қонды. Шығуға  дайын болыңыздар.  Ұшақтан кәрі әже мен жас қыз қол ұстасып  түсті. Әуежайда келіп кетіп жаткан адам қарасы өте көп.

Қыз ұшақтан түсе сала жан жағына қарап, әже  жүрегім шыдамай тұр. Әжетай ау, осы күнді ақырғы 10 жыл күттіңіз.  Енді біз осындамыз,  деп қыз  жан жағына қарап , көзілдірігін шешіп,  қаланың  желін елемегендей біраз демалып  тұрды.

 Жиырма жастағы жас  арудың үстінде  жеңіл пальто, көзінде қара көзілдірік, қара шашы төгіліп иығына түскен, беті жүдеу тартқан , бойы орташа .

Такси!  Такси!  Бойы ұзын, жас  такси жүргізушісі  тоқтады.

 Қайда жол жүресіздер? Қыз  қолындағы қағазды такси жүргізушіге бере салды.

  • Отырыңыздар. Малиновка ауданы ма? Бір сағаттай жол жүреміз.

    Әжесі  жан жағына қарап сөйлеп  келеді.

 Алла тағалаға шүкір , құдайға мың да шүкір ,  деп   әжей сөзін қайталай  береді, балпаңдап, қолымен белін ұстап немересі екеуі такси жүргізушінің  артынан ерді. Такси жүргізуші артқы есікті ашып, екеуін отыруға көмектесті.  Әже терезеге қарап, ойланып отыр.  Немересі  қолынан ұстап, әжетайым  бәрі  жақсы ма? 

  •  Бәрі де жақсы, қызым.

Жүргізуші:  Сіз алыстан келген сияқтысыз?

  • Туркиядан келдім балам,  деді әже.

Такси жүргізуші  алдындағы айнаға қарап, біз жақтың қазағына ұқсамайсыздар, бірақ та нағыз  қазақ екендеріңіз  көрініп тұр.

 Е  деп  әже басын шайқап туған жерімізге,  енді келіп тұрмыз,бір ғасырдай уақыт  өтті, өмір деген қамшының сабындай ғана. Терезеден  далаға қарап, ойланып қалды.

 - Әже,  бәрі  жақсы ма?

 Жақсы балапаным, уайымдама, сенін әжең  мықты адам.

Машина бір сағаттай  Астана  көшелерімен жүрді.

  • Әжетай қараңызшы  сіздің туған жеріңіз қандай әдемі. Бір ғасырға жуық уақыт өтсе де еш өзгермеген.

Жүргізуші  үлкен қақпасы бар аулаға кіріп тоқтады.

 - Әже  келдік пе?

 Немересі  , әжесіне көмектесіп , машина ішінен шықты,  жан жагына  қарап біраз тұрды.

Жүргізуші: сіздерді  күтейін бе?

Күтсеңіз  күтіңіз деді Күміс әжей.  Алдында үлкен әріпен «АЛЖИР» деген  жазу  тұр. Екі қолын шекесіне қойып, басын көтеріп еді, көзі қарауытып кетті. Әжесі  кіріп келгендей, бүкіл өмірі көз алдынан өте шықты.   Даладагы вагон ішіндегі макеттерге қарап, жүрегі қатты соғып кетті.  Өзінің шешесін көргендей болды.

  •  Әжетай бәрі  дұрыс па? Қызым кетейік деді әже екі қолымен басын ұстап.Көз алдына бүкіл өмірі қайта түсіп, бір нүктеден көзін алмай қадалып  тұрып қалды.

Нәсіп:    Қаламқас  тез  балаларды тық.  Қаламқас биік тұрған төсектің артындағы ,  киіздің  шетін көтеріп тесіктен  балаларын далаға  шығарып жібереді. Қаламқас  көрші  үйге тығыл.  Айсұлуды  тастама,  балаларды Сырдарға тапсыр.  Үйге сау етіп үш адам кіріп келді.   Қаламқас  үйге кірген адамдарды ұнатпай төсек  алдында тұрып қалады.

  • Нәсіп  қалың  қалай?  Екі қолын артына қойған, белдеріне қылыш асынған НКВД  адамдары екен.

Қылышты мойнына тақап, тығып қойған малың  бар ма? 

  • Нәсіп: малдын бәрін айдап кеткен жоқ пе едіңдер?!
  • Үйің  мұнтаздай таза, әйелің сұлу, балаларың қайда?
  •  Үкімет малдың  бәрін  жойып жатыр  , адамды аштан қатырғанша, халықты ойламайсыңдар ма?
  • Онда сенің  жұмысың  болмасын.

Есік алдында НКВД ның  екі адамы  мылтықпен тұр.  

-  Көп  сөйлесең, үкіметке қарсы шықсаң, қамап тастаймын,- деп  бетіне тесірейіп қарады.  Қаламқастың  ала  көзімен қарағанын көріп,  Нәсіптің  кеудесін жібере салады.

- Әлі емес  уақытың  келеді...  деп сөйлеп үйден  шығып, екі қызыл армияның  адамы соңынан еріп ,  атқа отырып  шауып кетеді.

Қаламқас  далаға жүгіріп  шығады, үй сыртынан:

  • Сырдар!... Сырдар болса көрші  үйдің  артынан Айсұлуды  қолынан ұстап шығады, анасы жүгіріп,  екеуін қатты құшақтап алады.

 Әжетайым!   Әжетайым  деген дауыс әжесінің   өз- өзіне келгендей болды. Әже   жаным, Күмісім  осында менің әжем, сенің  атаңнын анасы өткен күндер  деп  макеттерді  көріп жаны ашып біраз тұрады.    Күмістің артынан такси  жүргізуші  жақындап келіп ,  қолынан ұстайды.  Әжесінің есіне қайта қайта өмірі  кішкентай кезі келе берді. Анасының  құшағының  жылуын сезгендей көңілі   жадырап сала берді.

Қорықпаңдар балапандарым қызын қолына қөтеріп, ұлын қолынан ұстап үйге кіргізеді,  қолдарына құрт ұстатып,  қарындарың  ашқан шығар.

 Сырдар ол кезде сегізде еді, қара шашты бала, ал Айсұлу алтыда, қызы  түрі әкесінен айнымайды. Нәсіп  тынышсызданып, бір орнында  тоқтай алмай жүр, Қаламқас, қасына  жақындайды.

 Енді не болады  бізге  Нәсіп, не істейміз? Сүрленген  етті  кеше астым, құрттан  басқа ештеңе қалмады, оның  өзі де аз қалды.  Отыршы  Нәсіп қайта,  қайта жүргеннен басым айналып кетті. Нәсіп қасына отырады.

  •   Нәсіп   білесің бе?  Жанабілді  де, өзін  малыменен бірге алып кетіпті, үйіне әлі қайтпапты.
  • Қаламқас    не сұмдық болып кетті, балалар үшін қорқамын .

 Кеш бата бастады, Қаламқас қатты  Нәсіпке жабысып жатады.

-Қаламқас   егер сені алып кетсе ше? 

- Жоқ  ондай  болмайды,  Қаламқасты қ атты  құшағына  құшақтап, екеуі  ұйықтап қалады.

 Азанда, таңғы бестерде, күн шықпай, Нәсіп арба дауысын естиді, шиқ -шиқ еткен, ақырын тұрып дала  шығады, үйдің қасында  бес адамды көреді.

 Екеуі арба ұстап тұрады, түрлері  өте жүдеу, шаршаңқы. Ңәсіп үйдің  алдына шығады, соңынан Қаламқас еріп келеді.

  • Су...    Су бар ма?

  Нәсіп, тез арада, құдықтан шелекті  толтырып, әкеліп береді, жол жүрген адамдар, арбаны  тастап, өлердей, су ішеді,  қатты шөлдеп  қалыпты, бірінен соң  бірі,  ішкен соң біреуі   жерге отырып сөйлейді, басқасы ыдысына су толтырады.

  •  Бұл менің  отбасым,  менің  жұмыскерлерім , мен ең көп мал ұстаған адаммын.  НКВД  адамдары малымызды  үкіметке  бер деген  кезде, төбелеске  бардық,  содан қызыл армия  адамдары келді  де, түгімізді қалдырмай  бәрін тартып алды, ал  бізді  ауылдан  қуып шықты. Аштықтан қашып жүрміз, поезд  жүретін жолға  барамыз.

Нәсіп  қасында тұрған  Қаламқасқа  қарайды. Арбаны екі  үлкен ер жігіт, екі  жақтан ұстап, тау жаққа  жүріп кетті, соңынан  әйелдері  еріп кетіп барады.  Далада күн  ыси бастады.  Қаламқас  балалармен  құшақтап, жүрегі мазасызданып  жата берді.

 Нәсіп  бір кезде орнынан тұрады.  Мен әке- шешемнің  жағдайларын біліп қайтайын, деп,   жаяу  көрші  ауылға  жол жүреді.  Үйіне,  жақындаған сайын,  дауыс  естиді, асығып жүгіреді, үйде  анасы жылап отыр, төрде көрші әйел отыр, інісі алдынан  шығады.

Інісі  аға, ағатайым әкемізді алып  кетті. Үй ішін тіміскілеп  құран кітабын табады. Әкемізді  сатқын деп, ұрып алып кетті деп жылайды.

Анасы   не болдық енді, не болдық, қайттық  енді , құдайым ау, құдайым ау деп анасы жылап  отыр. Нәсіп біраз анасының қасында отырады не істерін білмей.

 Нәсіп:  бізбен жүр  анашым!  Бірге болайық!...

  Анасы  қайда барамыз балам,  мен бара алмаймын.

  •  Анашым  қызыл армия  әкеткен  адамның, біреуі де қайтпады, семьяларын  аш  қалдырды бұл жауыздар.

 Анасы қатты айқайлап,  қайтейін енді балам, не істесек екен, әкелеріңді қайдан іздейміз?

 інісі  сол  кезде киімін  дорбаға жинай бастайды.

Нәсіп   түк те  алма, тек  қана жейтін  бірдеңе  болса.  Анасы тұрып орнынан, таба нан менен,  құртты  орамалға орайды.

Анасы    төсек  орнымызды қалай тастап кетеміз?  деп есік алдында екі  ұлы үйдің  алдында анасын күтеді.   Нәсіп   анасын, інісімен  алып кетеді. Сырдар мен Айсұлу  әжесінің  алдынан жүгіріп шығады.

  • Ата , ата да келді ме? деп әжесін  құшақтап алады. Әжелерін көрген  екі немересі екі аяғына жабысып  қалады.

 Әжесі    балапандарым!... менің деп  құшақтайды, кұшағындағы орамалын ашады да,  нан үзіп береді.

Такси жүргізуші  мұражай ішіне кіріп келе жатады.  Әженің  қолынан  ұстап жол  көрсетеді.  Кіріп келгенде  мұражай есігінің   алдында туристік гид қарсы алады.

  • Сәлеметсіздер ме! Көмегім  қажет болса мен көмектесемінү  Әжесі  киім киген макеттердің  киіміне  қарап қызыл армияның  кастюмына  қарап қалады.

 Балам  отыра тұрайықшы.  Әрине отырыңыз,  жоғары шығарып орындыққа отырғызады. Сол жерде әжесіне бала кезі есіне түсіп  үндемей  ойланып қалады. 

 Күн  ыстықтан  Нәсіп  інісіменен үйге  кіреді. Қаламқас шай қайнатады.

 Үстел басына отырып,  әжесі әкелген нанмен бәрі шай ішеді. Сырдар менен Айсұлу әжесіне қуанып, үстел басында ойнап күліп, отырады.

-    Әже ана адамдар  әкеммен  ұрсысып  неге біздің  малымызды тартып алды?   

Үстел  басында  отырып  бәрі бір -біріне үндемей  қарайды. 

- Атамыз қашан келеді?

 Нәсіп анасына, содан Қаламқасқа қарап үндемеді. Әжесінің  көзінен жас алып, қолындағ ы орамалменен сүртіп, балаларға білдіртпей   жылап отыр.  Кеш  батады. Қаламқас  төрге  көрпелерді жайып, төсек  салады.  Сырдар мен  Айсұлу әжесімен  ұйықтайды.   Қаламқас  Нәсіпке жабысып жатады. Шаңырақтан   жылтылдап ай көрінеді.

Қаламқас   ай туды.  Нәсіп, бұрын  атамыз айтатын...  ай туғанда, ойымызды таза ұстасақ,  мақсатымыз   орындалады, балалар үшін қорқамын.  Нәсіп көзін  жұмбай жатады, аспандағы жұлдыздар бірінен соң  бірі  жана бастайды.   

Аттың  даусы естілді. Нәсіп жатқан орнынан аттып тұрады. Қаламқас   балаларын құшақтап, әжесіне жақындайды.

НКВД адамдары   үйге кіріп келіп,  тіміскілеп, көрпе астын қопарады.

-  Не іздедіңдер?  малды төсек  астына тығып қойды дейсіңдер ме?

 НКВД адамы Нәсіпке жақындап келіп:  Сен білесің бе?  Кімді  үйіңе кіргіздің? Қолындағы қамшысын көрсетіп,  анасына бұның шалы болса,  үкіметін сатқаны, үйінде кұран кітабын таптық, айғайға басып,көзі алайып кетеді.

  --Адамнын таза жүргені несі бар?...

 - Ол тек  қана намаз оқушы еді. Қайда ол қайда? Қайда деп әжесі қатты  айғайлап жібереді.

- Ә Ә бәрің де бір жерден шыққансыңдар. Мынау сенің тұңғышың ба? дейді,   Нәсіптің  інісінің  қасына жақындап келіп, қылышыпенен мойнын керіп.

-   Тиме оған,  ол әлі бала... мені  ал деп алдына тұра қалады Нәсіп.

 Қаламқас шыңғырып алдына шығып, Ңәсіптің  аяғына жығылады.

 НКВД адамы   ай... қолыменен сілкіп,  жарайды, түк тапқан жоқпыз, деп басын шайқап, адамдарын алып шығып кетеді. 

 Нәсіпте  тыныштық болмайды, азанда жиналып жол жүрейік, енді келсе бірінен соң бірімізді әкетеді,    уайым  қайғыдан  еқі қолыменен басын қысып,   иттер, иттер деп  жерді  ұрады.

 Соныменен, уайым қайғыдан, жатып ұйықтап қалады.  Азанда... Қаламкас  тұрса Нәсіп қасында жоқ , арбаны дайындап жатыр, ыдыстарға су толтырып.  Қаламқас  шаңырағына қарап іштей  үйімен  қоштаса бастады сандыққа жақындап  көйлектерін  жинай бастады. Басындағы орамалын ауыстырады, айнаны қолына ұстап үлкен қара көзімен  жүдеу бетіне қарайды.  Дорбасындағы білезіктері мен сырғаларын  алады да,  сандықты жабады.  Ұзын  бойлы жүдеу  денесімен, қара оралған шашы  арқасындағы сүйегін жауып  тұр.   Әжесі  бәріне  құрт ұстатады.  Балаларды арба үстіне отырғызады.  Арбаны Нәсіп пен  інісі екеуі  екі жақтан айдайды, Қаламқас болса  арба артынан еріп,  қайта, қайта артына қарай береді .

 Күні бойы  жол жүрді,  шаршап тоқтап,  су ішеді.

 Нәсіп:   әлі тоқтауға  болмайды, күн  батқанда ұйықтаймыз дейді. Түнде ұйыктап,  күн шықпай  Нәсіп бәрін тұрғызып  жібереді.  Үш күн бойы  жүріп, әлсірейді. Әжесі балалармен арбада бүркеніп жатады, аштықтан күштері болмай, Нәсіп арба дөңгелегіне  сүйеніп жатады, кеш батқанда жел  салқын болады,  соныменен күш жинап,  таңертең тағы жол жүреді.  Бір кезде алыста інісі су көреді.

Інісі басын көтергенде алдында  үлкен өзен  аспандай  көк  болып  ағып жатыр.

- Су  Су  Су ағатайым!  Нәсіп суды көргенде турған жерінде арбаны тастап  құлайды.  Қаламқас ыдыспенен   өзеннен су  әкеліп,  Нәсіпке  су ішкізеді, бетіне шашып, өз -өзіне келуге  тырысады. Әжесі немелерімен арбадан түсіп, бетін шайып суға барады.  Суға малтып, рахаттанып қалады.   Бір кезде балық  көреді, көйлегін шешіп балықты  ұстайды, інісі де болысып кетеді,  су жағасына лақтырады,  балықты  күнге кептіреді.

 Арбаның  қасына  киіз үйді тігеді, әжесі, балықтан сорпа жасап қарындары тояды . Сырдар мен Айсулу су шетінде ойнап,  бір бірінің  соңынан жүгіреді. Ңәсіп пен  інісі балық  ұстап  күнге кептіреді, екі кун бойы жақсы жұмыс істеп, біраз балық ұстайды.

 Күміс  мұражай  ішін көріп жүеді, әжесіне қарап жақындап ұстайын дегенде, такси жүргізуші тоқтатады. Күмістің  қолын ұстап, әлі емес , дейді.  Жүргізуші әжеге жақындап көзіне қарайды.  Көзі  сондай ойлы, бір жұмбақ болып көрінеді.

 Қаламқас  судың  арғы  бетінен  үй көреді.

 Нәсіп қ арашы өзеннің  арғы  бетіне. Нәсіп суда тұрып,  басын көтеріп қараса, судың  арғы  бетінде үй көрінеді.   Барып қараса,  төсек бар екен, бірақ  іші  бос болады, бар  заттарын ішіне  кіргізеді.

 Сырдар:  біздің  үйге  ұқсайды екен.   Айсұлу екеуі ішке кіріп жүгіреді.

 Нәсіп: біз сияқты біреу шығар. Ыстықтан шаршап келген олар жерге жата кетті.

Қаламқас : Осы жер жақсы , тамағымыз тоқ, балаларға да жақсы, суда шомылады, деді.

Жақсы  жерде біраз  аштықтан демалып, Нәсіп алдыңғы күнді ойлап інісімен балық  ұстайды, оны кептіреді.

Іңісі: Нәсіп аға біз енді осында қаламыз ба? 

Нәсіп :  қайдан білейін,  алға жүргеніміз дұрыс болар еді, біраз жатып күш жинайық. 

Нәсіп аға қараңызшы судың арғы бетінде бірнеше атты  адамдар келе жатады. 

Нәсіп  кептірілген  балықты  құмның  астына тығып,  інісіне үйге кір деп, өзі шауып  келе  жатқан атты адамдарды есік алдында күтеді.

Қаламқас   іштен дауыстарын  естиді.

 НКВД адамы  Қашқындар!...  Қайда қашам деп ойладыңдар? Мен бұл маңайдың  бәрін де  білемін. Үйге екі адаммен  кіріп  келеді. 

Алыңдар! Мына  екеуін,  деп анасы мен інісіне қамшысын  көрсетіп тұрады.  Қызыл армияның  адамдары төрге шығып екеуіне  бас салады.  Қаламқас балаларынын құшақтап  кеудесіне басып алады.

 Нәсіп :  не үшін?  Мені алыңдар...  НКВД адамы ішінен бір ұрады, Нәсіп   еңкейіп қалады. НКВД адамы қалтасынан  қағаз алып шығады. 

- Сенің де кезің келеді... шығарыңдар дейді,   інісі мен анасын далаға алып шыгады. Кағазды Нәсіпке көрсетеді... міне оқы.

 Әжесі:     Хайуандар, балаға тимеңдер...

Нәсіп   Жооооқ!....деп жерге жатып, жерді  қатты ұрады.

 НКВД адамы Нәсіптің  анасының  құлағына  сыбырлап, біз сені шалыңа апарамыз. Әжесі  үндемей қалды.

 Әжесі:  Ол тірі ме? деп  сұрайды .

 НКВД  адамы көзіне тіке қарап, әрине тірі.  Әжесі  мен ұлы ат арбаға   отырады.

Анасы:    ат арбаға отырып  әкемізге  барамыз дейді, ұлына.  Анасы сонымен  тынышталады.         

Нәсіп  соңдарына қарап  жоооооқ!... деп айқайлайды.  Не үшін , не үшін маған бұндай сынақ  беріп тұр, кұдайым ау барсың  ба,  жоқсың  ба деп жаны шыға айқайлады. Қаламқас  баларын  қатты  кеудесіне қысып, жасы ағып, тізерлеп отыр.  Нәсіп жатқан жерде үнсіз  біраз жатып  қалады. Сонымен бір күн  өтеді, жатқан жерде ұйықтап қалады.  Өмір тоқтап қалғандай болады. 

 Келесі күні,  әжесі мен інісін,  сықырлаған арбамен  бір үлкен  қоршауға алып келеді.  Анасы мен інісі жан -жаққа  карап жүректері бір  жамандықты сезгендей  болады .  Үлкен қоршаудың  ішінде ұзын , ұзын  бөлмелер  болады. Анасы бір  қолымен  ұлын  құшақтайды, ат арба тоқтап, бірге келген адамдар аттарын байлайды.

 Анасы: келдік пе? Жан жаққа карайды.  Баса адамдар жақындап,  ат арбасынан түсіреді.  Анасы мен ұлы түседі, бір кезде бір үйдің  терезесіне қараса, айнасы жоқ , қоршау  ғана, әйелдер терезеге үймелеп,  қарап тұрады. Анасы  қолыменен  жүрегін  ұстайды, көзі  тесіліп қалгандай.  Құдай сақтасын,  не сұмдык деп қайталайды. Екі   қызыл армияның  адамы жақындайды.

 Анасы Батырлан қайда? Батырланға апарыңдаршы...   бірақ та оны ешкім естіген жоқ , біреуі  баласын шынтағынан алады, біреуы анасының, екі жаққа тартып, анасы  ұлын жібермей ұстайды. Қайда тартасыз? Оны қайда апарасыз?

 Ұлы:    Анам!... Анашым! ...

 Анасы:  қайда оны апарасыңдар, жіберіңдер...

 Анашым деп ұлы айқайлайды, екеуін екі жаққа алып кетеді. Солдат анасын алдына салып аалып алға  итеріп жүргізеді.

 Батырлан? Батырлан? Мені Батырланға апарыңдаршы, деп солдаттан   қайта қайта сұрайды. Бірақ та түк  естімегендей,  бір ұзын  қораға  әкеледі, құлпты шешіп,  ішіне итеріп жібереді. Анасы екі қолын  жайып ішке құлайды .

 Анасы    Батырлан!... Батырлан!... деп басын көтереді.  Қасына   үш әйел жақындайды екі колынан көтеріп.

 Батырлан, жоқ пе екен осында  деп сұрап тұрады, жан жағына қараса теқ қана  маңайында әйелдер болады.  Сіздер  Батырланды  көрдіңдер ме?  Ол молда  еді  бойы  ұзын, деп  сұрайды, бәріне жақындап,  ақ сақалы бар, мүмкін  ол осында осы бір қора ішінде шығар? деп әйелдерге жабыса береді, бәрінен сұрап.  Әйелдер бастарын төмен түсіріп  үн түнсіз орындарында  отырады.

 Ең шеткі  орындықта жатқан әйел айтады, е е е анада бір молданы әкелген  еді,  ұзын бойлы шалды, сол күні атып тастады  бірнеше адамды, бұл кісі білмегені жөн, деп сөйлеп жатады, қасындагы екі әйелмен.  

Ұзын  қора ағаштан салынған, терезе айнасы жоқ, тек қана темір  қоршауы, әйел жататын  орындары  ағаш  тақтайдан жасалған, поезд  іші құсап екінші үстіңгі  орындары бар.  Арасында  қазағы да , орысы да, поляк, украин әйелдері  бар. Жан жағына қарап сөйлейді.

- Не істедік біз сонша? Не істедік?

  Нәсіп пенен  Қаламқас уйден шығып жол жүріп кетеді, қайда бара жатқанын өздері де білмеді  бірақ та алға баса берді.  Үш күн бойы жол жүріп шаршайды.  Нәсіп поезд  жүретін  дауысты  естіді.  Қызын  қолына ұстап алға баса берді.  Қайта  қайта артына қарай берді, соңында  Қаламқас  Сырдарды ұстап, бір бірінің  сонынан кетіп барады.  Адамдар  деген жанталасып, бір бірінің  үстін  басып поездға   ұмтылады, айғай шу. Қаламқас бұндай сұмдық ты  көрмегенен кеудесін ұстай берді.

 Нәсіп  Қаламқаспен  тез  тез артына  қарап  қайта  қайта сөйлейді, Қаламқасты  қолынан   ұстап, поездға  жақындайды.  Қаламқас  Айсұлуды қолына көтеріп,  Сырдарды  қолынан ұстап  Нәсіп  соңынан  жүреді.  Нәсіп  Айсұлуды  алып  алға  ұмтылып поезд  үстіне  көтеріп  бір шетке отырғызады.

 Қызы  әке? әке? деп  айқайлап қорқады.

Нәсіп  Қаламқас... Қаламқас  деп артына қарай береді.  Айсұлу  әке деп қолын созады,  поездің  ішіне   Нәсіп  мінеді, поезд  орнынан қозғала бастайды.

   Нәсіп   қолыңды бер, қолыңды бер . Қаламқас  қолын созып поезд  артынан ереді, Нәсіп қолын созып Қаламқас  қолынан ұстап үлгереді, поезд  одан сайын күш  алады, дөңгелектері  қатты айнала бастайды,  адам деген жанталасып жол бермей   Қаламқас  алдына ұмтыла  берді.  Қаламқас қолынан  Сырдарды  жіберіп алды. Нәсіп қатты ұстап  Қаламқасты тартады.

 Қаламқас:   Сырдар, Сырдарды  жіберіп алдым, Нәсіп.

Поезд қатты жүріп кетеді, сол кезде бар күшімен   поезд ішіне тартып алады.

 Қаламқас Сырдааар, Сырдааар деп шыңғырып, айқайлайды жаны шығып, поезд  одан сайын  дауыс шығарып  жүреді. Жаны шығып, поезд ішінде Қаламқас  тұрады, жолға қарап, поезд  қатты жүріп кетті, соңына қарап ...  Сырдааар, Сырдааар... деп қатты дауыс шығады,  бірақ та адам көп болады.  Сырдар  құмырсқа арасында  жоғалып кетті.  Поезд  алға жүріп, көпшілік адамдар, Қаламқастың кқз алдында  артта  қалады.  Поезд  құмырсқа  сияқты адамдардың арасынан  көрінбей кетеді.

 Астана  ауруханасында   әже  капельницада жатады. Дәрігер  такси жүргізушіге жақындайды.

Дәрігер  Сіз балалары боласыздар ма? Күміс  қорқып көзінен  жасы шығып кетті.  Онда барып  үйлеріне демалыңдар , әже қатты ұйыктап жатыр, әбден шаршап қалыпты. Алыс жолдан келген боласыздар?

Күміс: Туркиядан  бүгін келіп  едік.

 Дәрігер:   Абыржымаңдар,  таңға  дейін  апаларын демалып ұйықтасын.  Ертең  келерсіздер дейді.  Такси жүргізуші Күміске қарайды мен сізді жақын қонақүйге  апарайын,  дейді.  Күмісте жолдан әбдан шаршаған еді.

 Такси жүргізуші:  Менің  есімім - Сәбит, қажет болса  ертең онға таман келейін, сізбен бірге  әжені  көріп шығамын. Шынымен жас жігіттің жаны ашып жол бойы  Күміске  көмек  беріп қасында жүреді. Күміс есін білмейтіндей    бөлмесіне   кіре  сала жататын орынга шаршап құлай ұйыктайды.

 Сырдар Мама... Мама....көпшілік арасынан жүгіріп шығады,  көзінен жасы шығып ұзақ жүгіреді. Станция аяғына дейін  поезд жолымен, шаршағасын  біраз  жаяу жүреді, станция  біткен соң ұзын ағаш ормандары  басталады, сол поезд   жүретін  шетіменен Сырдар жүре  берді  алга, жолда ағаш арасында қарны ашқан соң шие  теріп жейді.  Қараңғы түн жақындайды. Сырдар бір ағашқа сүйеніп  аяғын құшақтап ұйықтап қалады.  Таңғы бестерде  оянып тағы да алға жүреді.  Жолда жеміс жидек жеп табиғатпен сөйлесіп, алға баса береді.  Алдында бір станция көрінеді.  Сырдар сол  станцияга барады.  

  Сырдар тұрған кішкентай үйге кіреді, үсел  басында станцияның  кузетшілері, әже мен  ата отыр.  Сырдардың  үсті басы, беті аузы  кір. Үстел басында отырған әже, бір қарағаннан айтады.

  • Бишара  сорлы қазағым ай!
  • Е е деп, ата да  қосылады.

Әже орнынан тұрып, Сырдарды үстел басына отырғызады да,   ыстық  сорпа құйып береді.   Қарны ашқан Сырдар сорпаны жұтып, қара нанды асығып аузымен үзіп жейді.

 Әже,   әне  ата...  сен айтып едің,  қасымда бір ұлым жүрсе ғой , құдайдың  өзі  саған  ұл жібере салды.  Сырдар түк естімей  құйылған тамақты ішеді. Ата менен әжесі екеуі   үндемей  Сырдарға  қарап үстел басында отырады.

 Ата:   Әке - шешең  қайда? деп сұрайды  біраздан кейін Сырдардан, бірақ та Сырдар үндемей    басын төмен түсіріп отырады.

 Әже:  Айтпай ақ қой балам, айтпа, деп әже басын шайқайды. Заман жаман болып бара жатыр, не дейсің.

 Сонымен Сырдар бірнеше жыл  ата мен  әженің   қасында көмекші  болып қалып  қояды.   Әже мен атаның  ұлы болып,  көмек беріп, бір семьядай өмір сүріп  кетеді.

 Жеті  жыл өткен соң  Қазақстанда жаман аштық болады, адамдарға жейтін тамақ  болмай көп адам қайтыс болады,  әсіресе қатты аяздарда қыста, көп адам аштықтан көз жұмады.   Қазақ  деген халықтың  тек  қана сүйегі мен терісі қалып, жойылып бара жатады.  

Станцияға өтіп бара жатқан  поезд   тоқтайды. Сырдар  жол ашушы жұмысын атқарады. Сол кезде поездан  әйелдін  қатты дауысы шығады.  

Саят.. Саяяяят... . Сырдар, сол жерде қатып қалады,  поезды жібереді де, үйге кіріп, өзі жататын жерге барып бәрін есіне түсіреді, мамасының даусы құлағында   тұрады. Кішкентай  қарындасы мен   әкесі,  Сырдар,  Сырдар, деп атасынын даусы  естігендей болады.

 Атасы   осындасың ба?  Мен сені іздеп шаршап қалдым дейді .

 Сырдар:  не болды?  ата деп қасына барып отырады.

  Ата:  Ақырғы кезде шаршай бастадым, әжең  кайтыс болғалы менде сырқырай бастадым, не дейсің  тағдыр осындай, көну керек, сөйлеп жатады. Сырдар қасында   қабағын түйіп отырады, бір кезде бетіменен кеудесін  басып, жабысып жатады.

 Ата:   Е балам ау,  сен  баламның  орнын толтырдың  деп жөтеледі, поезд шыкты...  бар Сырдар жолды жап. Сырдар  тез орнынан тұрып  поезд жолын жабады да қайтып келеді.  Атасына жақындаса атасы аузын ашып, өліп жатыр.

 Сырдар  Ата... ата... дейді,  жұлқылап  атасының   кеудесін  бетімен жабып жылайды. Сырдар   үн түнсіз болып қалады, атаның  қасында отыра береді. Сонымен екі күн өтеді.   Сырдар  атасын өзі жер  қойнауына  әжесінің қасына жерлейді.  Күн  батқанша дейін жалғыз өзі отырып қалады,  өмірі тоқтап калғандай  болады.  Сырдар өзі станцияда жұмыс  істеп жүреді, бір куні  станцияға адамдар келеді.  Арасындағы біреуі сөйлейді.

 ЕЕЕ шал өлді ме? деп Сырдарға қарап сұрағандай, енді мен оның орнына қаламын... өз кісілеріне айтады, бұл бала қала берсін,  маған көмекші болады  дейді, басқалары шығып кетеді.     

   Екі жұмадай өткен соң.

  Ай!  Йттің  баласы... деп есік алдына шығып жаңадан келген кісі айқайлап,  мас, жаман сөз айтып  поездың  жолына қарап тұрады.  Поездың   ысқырған даусы шығады.  Сырдар  ағаш астына тығылып қалып, дыбыс бермей отырады, поезд тоқтаған кезде  үстіне  секіреді ,  вагон іші толған мал қора, сиырлар тұрады, шөп арасына тығылып, жатып, кеудесіне тыққан  нанды жеп,  қайда кетіп бара жатқанын өзі де білмей, поезбен бірге жүре  берді.  Таңғы азанда дауыс естіп оянып алады, кісі дауыстарынан, тұрса малдарды басқа вагонан шығарып жатады. Сырдар ақырын көзге көрінбей шығып, пойыз астыменен ағаш орманға тығылып қашады, жаяу жүріп,  шаршап кетеді, қарны ашып, бір ауығга жақындайды, үйлері ағаштан салынган.  Күз кезі салқын болады, суықтан жаурап терезе алдына  жақындап отырып,  қол аяғын жинап,  әлсіреп ұйықтап қалады. Үй ішінде  польшадан көшіріп акелген семья тұрады екен, Сырдардай бір қыздары бар.  Үстел басына енді  ыстық тамаққа отырайын деп анасы үстелге  нан қойып, ыдысты  үстелге  қояды.  Далаға  қыздары  шығады, терезе астында Сырдар,  доптай мыжылып жатады.  Қыз  айғайлап жүгіріп  үйіне кіреді,  поляк тілінде сөйлеп әкесін алып шығады.  Сырдарды қолына көтеріп,  үйге кіргізеді.  Жаман аяқ  киімін шешіп, жылы төсекке көрпе жауып  жатқызады.

Содан  Сырдар Қазақстанға көшіріп әкелген поляк семьясының  жаңадан салынған  үйлерінде тұрады.  Үй іші жылы,  пешті отты  әкелері жағады. Поляк  қызы  Сырдардың   үсті басын төсекке орайды да, қасына қайта, қайта келе береді.  Сырдарды   бесікте  жатқан баладай  күтіп, қасында отырып құдайдан  оянғанын  тілеп,  қасында отырады.

 Келесі  күні  Сырдар көзін ашады, көзін ашса біреудің   үйінде, денесі қатып қалғандай, қозғала  алмайды,  төсекте  жатыр екен. 

 Ол тұрды, ол тұрды деп поляк қызы өз тілінде, әке -шешесіне қуанып  айғайлады. Сырдар  қараса сап сары  қыз, бірдеңе деп сөйлейді, өзіне қарап, бала  көрмегендей.   Сырдар көрпені ашып,  басын көтеріп тұрады, қыз  оған  көмектеседі,  содан таза ішкі киім береді, әкесінің  қысқы киімін кигізеді.

Қыздың  анасы өз тілінде сөйлеп  Сырдарға көрсетіп таза киім  ұсынады. 

 Сырдар бұндай адам көрмеген еді. Орнынан тұрғанда қыздың анасы  басын шайқап қарайды. Сырдар далаға шыққысы келеді, кыз  жол көрсетеді, үйге кіріп қолына  жылы су құяды,  пеш алдында темекіні бұрқыратып  әкелері  отыр.  Қыз  үстел  басында Сырдарға қарама қарсы  қарап отыр.  Поляк анасы ыстық  сорпа құйып береді. Сырдар мұрынымен иіскеп көріп еді,  исі де,  дәмі  де  Сырдарға басқаша болып көрінді. Поляк қызы  Сырдардың қылығына қарап күлді.  Семьяда  жалғыз қыз болған соң  Сырдарға өзінің інісіндей  қарайды. Анасы   үстел басынабірге отырып, өз тілінде сөйлеп,  Сырдарға  біресе нан,   біресе тоқаш береді.   Үстел басынан тұрған соң киімін киіп, поляк қызбенен есік алдына шығады. Күз салқын, жапырақтар сап- сары болып жер бетінде сарғайып жатыр.

 Поляк қызы  менің атым   Ядвига деді.  Сырдарға қарап, мен Ядвига өз тілінде қайта, кайта  қайталайды.

Сырдар оған   сенің атың  Ядвига, саусағыменен көрсетіп, сен Ядвигасың... Ал мен!...  Сырдар, өз кеудесін ұстап, Сыырдааармын деп созады.

 Ядвига     Сырррдар,

 Сырдар

Ядвига Сиырдай

Сырдар   Сиырдай емес... СЫРДАР

Ядвига Сырдар, Сырдар,Сырдар деп қайта қайта қайталайды.

Сырдар  саусағымен  көрсетіп... Ядвига 

 Ядвига  Сырдар!...

 Сырдар сол үйде  қыстап шығады. Қорада бір сиыр бар, сонын сүтімен, содан үкімет күніне бір бөлке нан береді. Поляк кызы Сырдардан бір елі қалмайды, қайда барса да бірге, ағасы мен қарындасындай.

Көктем  шықты. Сырдар 17 жасқа толды,  бірақ та өзі де білмейді, өзі қара, бойы  ұзын,  қазақтың  жігіті,  мінезі  шыдамды. Өзі  жоғалтқан семьясын тапқандай Сырдар көңілді.   Ядвига оны поляк тіліне  үйретеді, ал ол оны қазақ   тіліне  үйретеді.  Сонымен біресе поляк тілінде,  біресе қазақ тілінде бір бірін  түсінеді.

Бір күні  Станислав  әкесі нан алуға барады. Прав ком ішіндегі адам үстел басында отырып  сұрайды. 

Үйіңде бір бозбала  бар ма?  Станислав үндемейді.

 Ол кісі Станиславке  көзіме  тура қара..

Солай ма,  әлде жоқ  па?  Соныменен не дейсіз?

 Правком  жай... тек қана  армияға адам  жинаймыз, сол үшін сұрағанмын ғой,  күнделікт беретін нанды  жарты бөлкеге артык береді. Үйіне  қайтып келген  Станислав есік алдында жүрген баларына айтады.

Көшеге шықпаңдар, көзге көрініп қажеті жоқ  дейді де үйіне кіреді.

 Ядвига   не үшін, неге екен, көктем енді шықты,  күн жылып, дала жақсы болды.  Көктемнің  исі көңіл  көтереді,  әсіресе  Ядвиганың  көңілі өте көтеріңкі.  Ядвига Сырдар қасында қазақша сөйлеген сайын күле береді.  

Бір күні  есік алдында Ядвига дала сыртына шығып қалса,  көрші  үйден  бөтен  үш адамды көреді,  үйіне кіріп,  әкесіне айтады.  Әкесі  Сырдарға  қора артына тығыл дейді, өзі есік алдында мұзды шұқылап,  күрек ұстап тұрады. Ол адамдар  үйге  кіріп келеді.

 Жақсы үй  салыпсың  дейді, правком адамы.

 Станислав басын изеп  өздеріне  қарайды,  қасына Станиславтың   әйелі шығады.

 Қайда бой  жеткен, қазақ  бала, дейді   адамдар. Ядвига   қора  сыртында   бәрін естіп тұрады.

 Ядвига  Сырдарға аналар сені сұрап жатыр, дейді. Анасы басын төмен салбыратып, қорқып  тұр.

Правком адамдары:  иә   үндемедіңдер  ғой.  Станиславке  сұрақ  қояды. Станислав жуас мінезі жаксы адам болады,

 Правком : әлде өзіңді    әкетеміз бе, бізге армияға адам жетпей  жатыр.

  Анасы қорқып, Сырдар...деп айқайлайды.

 Ядвига  шыкпа Сырдар шықпа дейді.  Бірақ  та Сырдар шығады, соңынан Ядвига шыгады.  Правком  бой  жеткен бала екен,  оны өзімізбен әкетеміз, дейді , Сырдардын иығынан шапалақ  ұрып, солдатка  жарайсың  дейді.   

 Правком  қоштас,  деп айтады.

Ядвига   оны  қайда әкетесіздер, ол қалсыншы бізбенен дейді әке жағына қарап, қолын ұстап,  бірақ та әкесі не істейді,  үндемей тұрды, әйелі қатты қолынан ұстап  үндемей  тұр.

 Ядвига   әкесін айналып,  анасына жақындайды.

  •  Анашым кайда оны әкетеді?  Ол қайтып келмей ме? деп сұрақ  қояды.

Сол  кезде  Сырдар  артына қайта қайта қарап,  адамдардың  сонынан жүреді. Ядвига  үйіне кіре сала төсекке құлап жылайды.  Енді оған  не болады? деп  сұракты өз өзіне  қойып  қатты жылайды. Поляк анасы әкесімен үйіне кіреді.  Әкелері  үстел басына отырып,  өзін жаман сезінеді.  Поляк анасы күйеуіне   қарап,  басын төмен салбыратып, орындыққа отырып қалады.

  Поезд   бірнеше күн қатты  жүріп келеді. Сырдар терезедан  даладағы табиғатқа қарап отырады.  Қарама  қарсы өзіменен жол жүріп келе жатқан үкіметтің  адамы отыр.  Ол  Сырдарды    Оренбургке жеткізіп салады. Поезд Оренбургкке  жақындап  қалады, қаланың   шеті көрінді.

   Сырдардың кузетшісі, сағатына қарап ерте дейді. Сырдар дәретханаға  сұранады,  кузетші,  Сырдарды жібереді.  Сырдар артына қарамастан ақырын жүріп келе жатқан поезден түсіп қалады, кісі арасында жоғалып, жоқ болып, күзетшіден қашып кетеді.   Қаланың  адамдары  Сырдарға  басқа жер бетінде жүргендей  болып көрінеді. Бір бала  қолына кағаз ұстап, айғайлайды.

 Газет  алыңдар... газет алыңдар,  соңғы жаңалыктар... бойы да,  жасы да Сырдардан кіші.

 Сырдар  балаға жақындайды.

 Газет алындар... газет алыңдар.. деп Сырдардың  алдына...қағазымен шайқап тұр.

Сырдар  неменеге айқайлайсың?   деп сурайды...

 Газет ... газет... жан жаққа  қарап...

Газетші  ай сен  газет не екенін білмейсің  бе? Бір адамдар жақындап тиын беріп, газет сатып алады, сосын ол тиынға  қасындағы бутиктен  тоқаш сатып алады.

 Газетші  көрдің бе,  бұл жұмыс, ақша табу, деп тоқашты  Сырдарға  береді. Сырдар алып жейды. Екеуі  сөйлесіп кетеді.  Жұмыс  істегің  келе ме?  Бала газетші  сұрайды.

 Сырдар  баратын жерім жоқ, дейді.

Газетші  бала   түсінікті   бір адам маған, жұмыс істейтін досың  болса,  жібер деген.  Сырдарға  жолды көрсетеді.

Газетші  бала бір жер үйге  тоқтап әйнегін  тарсылдатады.  Есікті  көзілдірік киіп алған адам ашады. Газетші бала  құлағына сыбырлап, мені тастап кетіп қалады.  Бұл үйдің  иесі мен, деп  кіре бер, дейді есікті құлыптап.  Бос бөлмеде демала бер, сол жакта жейтін  тамақ бар.  Үш бөлмелі  кең  жер үй . Үйіліп  тұрған ақ кағаздарды  жазып, қаламды  колынан тастамай түні бөйы, сигарет шегіп, жұмыс істейды, ол  кісі.  Сырдар сол үйде  қалады.  Үй шаруасын істейді. Күн ара бір жаққа шығып барып келеді де қайтып жұмыс үстеліне  отырады.  Сол кеште, терезе  тарсылдатып төрт адам келді.

 Бұл бала кім?

 Ахметжан:   аға  бұл баланы  маған газетші алып  келді,  менің  көмекшім, аты Сырдар.

Ахметжан аға : Сырдар  қонақтарға  шай қайнатып әкел. Сырдар басқа бөлмеге барып, ыдыстар қойып, келген кісілерге үстел дайындайды.

 Үстелдің  басында отырған  біреуі айтады.  Бөтен адамдарды өзімізге жақындатудан  байқау керек.

 Ахметжан аға  бұл бала ма? Жоқ , уайымдамаңыздар!  Бұл бала үшін сөз беремін  дейді, сигаретінің  түтінін шыгарып.  Сырдар шайларын құйып берген соң  өз бөлмесіне барып ойланады.  Не дегісі  келді  екен,  неге бөтен адамдардан  қорқу керек. Бұл адамдар кім екен деп, өз  өзіменен ойланып жатады.  Сол күні   қонақтар   кеш кетеді.  Сырдар қонақтар кеткен соң үстелді  жинайды. 

Сонымен Сырдар  үлкен қалаға үйрене бастайды. Кейбір куүдері  Сырдар қаладағы  дүкенге  барып,  ұсақ   түйек  пен  азық түлік  алады. Сол кезде газет сататын баламенен дос болып кетеді.  Бір күні Сырдар азық түлік алуға үйден шығады, бұрыңғы  үйреніп  қалған жолмен келе жатады. Үйдің сыртына шығып  келе  жатса газет сататын бала айқайлап газет сатып жүр.  Бір кезде ат үстіндег і адам қуа жөнеледі.  Газет  сататын бала сөмкесін құшактап қашады, ол адам атпен шапқылап соңынан қуады. Бала  қуыстармен кашады.  Сырдар соңынан жүгіріп, басындағы кепкасын  киеді де,  екеуі  екі жаққа қашып  адамдар көп жүретін жерге кіріп жоқ болады. Үйдің  араларымен  Сырдар  үйіне алып келеді,  кіріп есікті  жауып алады. Тесіктен  қарап, үй араларымен атпен жүре  алмай солдаты көшелерде, біраз  жүріп жан жаққа қарап кетіп қалады.

  Ғазетші  бала  басын ұстап, сүйеніп отырып қалады.

 Сырдар:  не үшін сені қуды?

 Газетші  ай бір газет үшін, ол газет қазақ халықты қорғау туралы жазылған.

Сырдар:  газет  қазақты  қалай  қорғайды?

Газетші  бала қарқылдап күледі.

 Е  Сырдар сен әлі көп нәрсені білмейсің... деп арқасынан қағады. Сөмкесінен  бір газет шығарады, ал!... оқы осыны,  мен де сол оқу білмеймін. Не тасып жүргенімді. Бірак естігенім бар.

 Газетші бала:  сен болмасаң  құтылар  ма? едім.

  Рахмет саған, мен кетейін, күліп орнынан тұрады. Сырдар  газетшы балаға  таңғалып отырады. Сені ұстап алмай ма?

 Ғазетші бала,  қолымен бір  сілкейді, ай  мен үшін қорықпа деп кепкасын киіп, сөмкесін арқасына іліп,  шыгады да,  жан жағына қарап, кетеді.

Ахметжан аға:  кімнің даусы  деп  бөлмесінен  шығады?  Кім ол?

Сырдар : газет сататын баланы атпен қуды, мен оны осында кіргіздім.

Не? Мен саған  айткан едім   ешкімді кіргіз бе деп, есік алдына шығып жабық есікты тексереді. Сен білесің бе не істедің, енді олар бізден қалмайды. 

 Ахметжан ағаның  қонақтары жұмасына бір   рет келеді, келетін күндерін Сырдар білетін болды, үй ішін дайындап, сол күні кешке терезе тоқылдатып  үйге кірді.

Арасындағы біреуі үстел басында  сөйлейді. Газетші баланы ұстап алыпты. Сырдар сол кезде үстел үстін сүртіп тұрған..

 Сырдар:  кімді? Газетші баланы? 

  Менің  естігенім, оған бір бала көмек беріпті, ол сен болдың екен?  Сырдар үндемей басын төмен түсіріп тұрады да оның несі бар, деп  сөйлейді .

Қонақтың  біреуі айтады.  Сен азаматсың!  Дұрыс істедің , бірақ та бізге енді осында жиналуға болмайды, деп достарына карайды.

Арасындағы біреуі айтады ... Міне біздің  батыр... бізге осындай батырлар керек . Менде көмек берер едім, деп Сырдарға қарайды.

 Ахметжан ага  енді олар бізге тыныштық бермейді, маңайдың  бәрін тіміскілеп бізді табады, Сырдар Ахметжан ағаға қарап  қояды. Осы жерде жиналғанымыз соңғы рет.

 Сырдар   газетші балаға  не болады  екен? деп сұрақ  қояды,отырған кісілерге.

Ахметжан аға  оның  өзін  құдайдың бір өзі біледі.

Сырдар өз  бөлмесіне барып ойланып жатады.  Бір кезде газетті   қолына алып Ахметжан  достарына береді,  отырған қонақтар  газетты қолына алады.

  Ахметжан ағанын достары таңғы бестерде кетеді. Сырдар қалай ұйықтап қалғанын білмей қалады. 

 Азанда терезені  біреу қатты тарсылдатады... Ашыңдар? Сырдар шошынып тұрады, Ахметжан аға оянып, Сырдарға жинал дейді.

 Сырдар  қайда?

Ахметжан аға:  мына  қағазды  базарда балық сататын кісіге бересің.  Сырдар киімін  киіп терезеден  қараса,  есік, терезені ұрыа тұрған бірнеше   қызыл армия адамдарын көреді.

 Сырдар  Ахметжан аға? Сізге не болады?

 Ахметжан аға    Тездет...  Сырдар...

Сонымен Ахметжан аға Сырдарды сыртқы  есіктен ақырын шығарып жібереді.

Ахметжан аға  Сырдар?  Сырдар  Ахмтжан ағаны кеудесімен қатты қысып  тұрып қалады.  Сырдар бұл жаққа қайтып оралма,  әйтпесе   сені де алады. Сырдардың  соңынан есікті жауып, өзі   барып есік ашады.

Сырдар көрші уйдің  орамынан басқа көшеге шығып кетіп қалады.  Сырдар  жолда ойланады. Неге менімен кездескен  адамдарды жоғалтамын. Ахметжан ағаны  қимай ойлап  өкінішпен, көзінен жасы ағады. Қалай базарға тез жетіп калғанын сезбей қалады, бас жағында балық  сататын бір  адам отыр.  Сырдар жақындап  қағазды береді.

 Балыкшы   осы жерде тұр , өзі бір жаққа барып,  қайтып балықты жинап Сырдарды соңынан ертіп  биік тұрған үйге алып келеді.

Есік ашқанда алдында тұрған адамды Сырдар таныды. Мені   әкелген кісі, Ахметжан аға жазған қағазды  берді.  Ашып окыған соң  балықшы кепкасын шешіп   коштасып кетіп қалады.

 Кіре ғой батыр бала, кір... қонақ  бол.  Сырдар бұрын бұндай үй көрмеген.

 Кім келді  бізге Баймурза деп Сырдардың  алдынан үйден бәр сұлу әйел   шығады.  Бойы ұзын, , шашы қысқа,  қара түсті,  бұйра  бұйра, бірақ та күліп адамды өзіне тартып тұрады.  Дауысын Сырдар баяғыдан білетіндей болады. Бір кезде тез етіп столге шай дайындайды. Сырдар  төрге шығып,  бұндай үй көрмегендей таңғалып отырады.  Қабырғада  суреттер  ілініп тұр.

Баймұрза  аааа бұл менің   әке  шешем, ал қасындағы тұрған менмін, мен ол кезде бесте едім.  Сырдар бұрын сурет дегенді  көрмеген.  Үстел басына отыр, дейді,   енді сен бізбен тұрасың.

 Сырдар  Ахметжан аға қайда?  Баймұрза мен Сауле Ханым бір біріне қарап үндемейді.Үстел басында тыныштық  орнады.

 Сауле Ханым:  Сырдар  тоқаштан же.  Шай ішіп болған сон Баймұрза аға Сырдар  біраз отырып сөйлеседі.

  Баймұрза    Сырдар сенің  адамгершілігіңе қуанамын, әке шешең есіңде ме?

 Сырдар  Есімде... Менің  атам мен  әжемді,  ағатайымды  қызыл армия алып  кетті . Ал мен жолда   әке шешемнен, қарындасымнан  поездға міне алмай   айырылып қалдым.

 Баймұрза өз кабинетіне кіргізеді.  Іші толған кітап пенен жазу қағазы. Сырдарға айтады  қазақ халқының рухын биікке  көтеру, халықты бақытты ету.  Сырдар  сол кезде бәрін  ұмытып кетеді, Баймұрза ағаны тыңдап өзіне қарап ішінен қуанып  отырады.

 Сырдар ішінен ойланып жоғалтқан жакындарын есіне алып,  жұмыс істеуге дайын болады. Баймұрза аға  кешке  Сырдардың  басына кепка кигізіп, бір үй астына кіреді.  Сырдар Баймұрзамен, газет шығаратын типографияға  кірген екен. Сырдарға қарап адамдар жылы  амандасады.

 Типографияны  басқарушы   бұл азамат туралы  газетші баладан естідім. Құтқарып қалған екен деп  Сырдарға  қарайды. Балаларымызды сактағанымыз жөн, әлі жас.

 Баймұрза аға  бұл бала өзі бізді тапты, оның тағдыры,  осы , ол өзі  келді, бізге.  Тұрған кісі басын шайқап таңғалып тұр.  Сыртта машина дайын тұр, бүгінгі  шығарған  газеттерді жеткізу керек. Сонымен Сырдар мен Баймұрза поезға  апарады, праводник өз орнының  астынан  погребын ашады, тығыздалған жәшіктерін  түсіреді , адам көрмесін деп, тез асығып жұмыстарын бітіреді.

   Баймұрза:  Сырдар тездетейік,  уақытымыз тығыз.   Ауыр жәшікті  көтеріп  шаршап, терлеп суы ағып Сырдар беріліп жұмыс істейді.  Кеш қараңғы бата  Сырдар Баймұрзамен бір үйге бараді, есікті ашады да артынан  құлыптап қояды. Үй ішінде он екі адамдай  көп болады. Сырдар кіргенде адамдар  қол беріп амандасады, Сырдардың   өзін үлкен кісідей сезініп қалады.

Кеше біздің  төрт адамымызды ұстады. Біздің  жағдайымыз қиын болды, Сырдар бәрін де тыңдап отырды. Таңғы төртте    бір екі адамнан  ақырын шығады. Сырдар Баймұрза ағамен қасындағы  тағы бір кісімен шығады.  Орта жолда ол кісі оз жолымен кетіп қалады, кызыл армия адамдары көше аралап жүреді, қуыс қуыспен тығылып көзге көрінбей үй жаққа жеткенде есіктің алдында тұрған солдаттарды көреді.  

 Баймұрза аға есікті екі қолымен керіп ашып тұрып қалады..   

 Сырдар артқа бұрылып үй сыртына  кіріп кетеді.

 Баймұрза аға ішке кіреді,сол жерде сол адамдар үйіне бірге кіріп барады. Терезеден   Сырдар  біраз  қарап тұрады.  Бір кезде Баймұрза аға мен  Сауле ханумды  машинаға  отырғызып алып кетеді. Сырдар есік  ашып далаға шығады, Баймұрза ағаны әкетіп жатканда. Машина кеткен сон Сырдар қатты жүгіріп, уйге  келсе,  үй құлыпенен жауып кетіпті.

Сен не үйге  кіре алмадың ба? Көшеде жүрген екі  солдат сұрайды...Сырдардың артынан жақындап.

   Иә  мен осында тұрамын, үйім жабық.

   Жүр бізбен!  Сырдар  қастарында  бірге  келе жатып, үйдің арасымен қашады.  Мылтықпен екі солдат соңынан атады.

Түн! Қараңғы дала!  Тек мылтықтың дауысы ғана шығады.

 Ауру ханада манитор  қосылып әжесінің   жүрегі і істей бастайды. Күміс есік айнасынан қарап тұр.  Дәрігер, дәрігер деп дәрігерді шақырады. Такси жүргізуші  Күмістің  қасында тұр. Дәрігермен  бөлмеге кіреді.

 Әже, әжетайым!  деп қолынан ұстайды.

   Күміс, балапаным , келдің бе! Әжесінің  көзіне  әкесі мен шешесі елестейді. Күміс,  жаным, уақытым аз, кететін кезім келді, бірақ та Сырдар ол жакта жок, сенің ағатайың , әжесі қатты  қолынан ұстап қысты. Такси бала  екеуі тыңдап, бір- біріне қарап  таңғалып қалады. Әжесі  көзін жұмып, мәңгілік сапарға аттанады. Күмісті  такси жүргізушісі   қатты  кеудесіне қысып алады.

 

 

 

 

 

  

 

 

   

 

  

          

 

  

  

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

    

 

 

 

   

  

                                        

                                              

 

Қазақ тілінде жазылған