Адам қарады: 846 | Жарияланды: 2018-08-27 02:29:08

 Желтоқсан

Көркем сұлу – Астананы

Мақтан етем бас қаланы

Тағдыры оның аңыз болған

Желтоқсаннан басталады

Азаттығын аңсап келген

Егеменін тосқан күнім

Тәуелсіздік алып берген

Азат күнім – Желтоқсаным

 

 

Желтоқсанның ызғарында

Айрылып сан боздағыннан

Жеңіс берген Желтоқсаным

Өзің жайлы қозғалды ән

Желтоқсаным – егеменім

Нұр бақытқа бөлегенің

Желтоқсаным сенің арқан

Өзге елмен теңелгенім

 

Өтсек те сан сынақтардан

Орындалды бірақ та арман

Қазағымның ұл-қыздары

Ызғарыңнан қуат алған

Қазағымның ұлы арманы

Өтелді ғой сұрағаны

Осы күнге жеткен бүгін

Еңбегі ғой Нұрағаның.

 

 

Қазақ тілінде жазылған