Адам қарады: 909 | Жарияланды: 2018-08-27 02:29:54
Алатау
Шыңдарың биік Алатау
Өзіңдей әсем бар ма тау
Алманың апорт төресі
Аталдың содан алма тау
Басыңа барып көрмедім
Басында дейді көлдерің
Атпенен емес жаяулап
Келеді саған өрлегім
Жотаңды басқан аршалар
Беткейді жапқан шыршалар
Күн көзін әсем ертемен
Шыңдарың биік тұмшалар
Төбеңді қара бұлт тіреп
Төнердей жерге күркіреп
Найзағай ойнап сол сәтте
Нөсерің кетсе сіркіреп
Ақ қайың біткен ойланып
Құрағың суға тойды анық
Құлпырып гүлің күледі
Таң менен бірге оянып