Адам қарады: 109 | Жарияланды: 2018-09-06 02:49:38

Соңғы сатылым

драма

11 көріністі

 

Қатынасушылар

Айым –алтын сататын саудагер әйел,Бақтөренің азаматтық некедегі әйелі. Орта жаста.

Бақтөре–сауда орынының бастығы.45 жас

Жайна-Айымның қызы,Бақтөренің өгей қызы.

Мергенбай-ауыл ақсақалы,Өскеннің әкесі 65 жас

Өскен-Мергенбайдың баласы,суретші-мұғалім 25 жас

Сымбат-Өскеннің әйелі,мұғалім 23 жас

Тұман-Алтын алушы саудагер -орта жас

Толик -зергер /ювелир/ - орта жас.

 

 

1ші көрініс

/Ауыл көрінісі қарапайым салынған Мергенбайдың үйі. Үй ауласы.есік алдындағы бастырма астында суретшінің салған картиналары ілулі,жиулы тұр. Өскен тал көлеңкесінде алдына қолдан зергерлікпен жасалған алтын жүзікті қойып,картина салып отыр.Сымбат келеді/

Сымбат /картинаға айнала қарап/ Өскен керемет,әсіресе мына апамның жүзігінің суреті қандай жақсы шыққан.өзі де сом алтыннан жасалған керемет жүзік қой.қарашы /ұстап көріп,қарап/

Өскен /Ойы суретте/ Жақсы осындай керемет дүниелерімізді салған суретші Айтуаровтың салған жұмысы Парижде жоғары бағаланыпты.

Сымбат Сонда не салған

Өскен Ұлттық зергерлік бұйымдарымызбен,нақыштарымыз бейнеленген картина салып шетелдіктерді таң қалдырыпты

Сымбат /қуанып/ Мәссаған, сен де жібер апамның жүзігінің суреті салынған картинаны таң қалдырсын.Сатқан суретші байып қалған шығар ә Өскен.

Өскен Ұлттық өнер еш уақытта арзан болмайды.

Сымбат /жүзікті қолына алып қайта қарап/ Қандай шебер жасады екен.

Өскен Бұл баға жетпес байлық қой

Сымбат /ойланып қалады пауза / Байлық

Өскен /суретін салып отырып Сымбатқа қарап/ Неге ойланып қалдың

Сымбат Байлық /ойланып/ Екеуміз де жұмыссыз отырмыз соны ойлаймын.

Өскен /орнынан тұрып/ Мен де соны ойлап жүрмін,ауылда мектептен басқа жерде бізге жұмыс жоқ.Сенің де менің де мамандығымыз мұғалім.Көріп тұрсың ғой бір орынға мың доллар сұрап отыр,екеумізге екі мың доллар оны қайдан табамыз. /пауза/

Сымбыт Өскен сен кеше алтын жүзікті сұрағанда,сандықтан алып көріп қызығып Гүлданаға апарып көрсеттім.Ол таң қалды.Мынау керемет бағалы зат қой деп.Сөйтіп маған мынадай әңгіме айтты

Өскен /тыңдап орнынан тұрып/ Ол қандай әңгіме

Сымбат Гүлдананың қалада бірге оқыған құрбысының Айым деген әпкесі базарда алтын сатады екен, өткенде қалаға барғанда алтын жүзікті сол әперіпті.

Өскен Сосын

Сымбат Сендер бүйтіп қиналып жүргенше қалаға барып алтын сатып сауда жасамайсыңдар ма. Осы жазда бес алты ай алтынмен сауда жасап ақша тапсаңдар екеуің де жұмысқа тұрып аласыңдар ғой дейді.Жаңа алтын жүзікті көргенде осы әңгіме есіме түсті.

Өскен /Суретін салып жатып/ Қызық екен

Сымбат Несі қызық екен. Маған Гүлдананың осы айтқандары қатты ой салды.Білесің бе.

Өскен /шошына/ Сонда алтынмен сауда жасаймыз ба.

Сымбат Иә алтынмен,неге шошыдың.Гүлдана дұрыс айтады.Кәзір жұрттың бәрі саудамен,түрлі кәсіппен айналысып байып жатыр ғой.

Өскен Мен не деп барам.Мамандығым бар, ауылда суретшіге жұмыс болмаса не істейміз.

Сымбат Дұрыс қой Өскен сен талантты суретшісің,бірақ салған суреттеріңді ешкім көріп жатқан жоқ.

Өскен Оның саудаға қандай қатысы бар.

Сымбат Мен мүлде сурет салуды қой деп жатқаным жоқ.Мен үйдегі бес алты малға қарап жатқанша сауда жасап ақша тапсақ қалай болады деп жатқаным ғой.

Өскен Өмірімде ойланған нәрсем емес екен.

Сымбат Ойланатын ешнәрсесі жоқ сияқты.Жұрттың бәрі кәзір таныстары арқылы сауда,бизнес жасап байып жатыр ғой

Өскен Таныс қайда оған

Сымбат Гүлдана айтты.Қаладағы алтын сататын базардағы құрбымның әпкесі Айымға айтамыз көмектеседі деді.

Өскен Сонда біз сауданы немен жасаймыз ақша жоқ қой.

Сымбат Анау жұмысқа тұрамыз деп апамнан қалған пенсияның ақшасын қосамыз саудаға.

Өскен Ол мың доллар жете ме екен. /ойланып/ Қайдам алтынға көп ақша керек шығар.Бұрын соңды ойламаған нәрсем екен.

Сымбат Өзің айтып отырсың ғой.шетелде суретшілердің картиналары қымбат тұрады.Суреттерімді шетелге шығарсам деп,сауда жасап ақша тапсақ шетелге шығуымызға болады ғой.

/Мергенбай келіп тыңдап тұрып қалады/

Өскен Әрине ондай болса кәнеки.Әкеме кім қарайды.

Сымбат Мен де осыны ойладым.Тек атама қарайтын адам болса. /ойланып/

/Мергенбай шығып/

Өскен Әке біз,қалаға барып жаздай сауда жасап көрсек қалай болады

Мергенбай Ол қандай сауда,не істемек ойларың бар.

Өскен Базарда алтын сатсақ деп едік.Соны сізбен ақылдасып көрейік деп едік.

Мергенбай Әп бәрекелді.Міне қызық.оны кім айтты сендерге

Өскен Біз /Сымбатқа жалтақтай қарап/ Сымбат екеуміз солай ойластырдық.

Мергенбай /ойланып тұрып/ Жас адамның қол қусырып отырғаны несі жақсы,жұрттың бәрі істеп жатқан сауда ғой. Бәрін ойластырып қойсаңдар өздерің біліңдер

Сымбат /қуана/ Соны айтайық дегенбіз ғой.

Мергенбай Сатсаң сат, алтынды кім сатып көріпті,біздің көрген баққанымыз совхоздың жұмысы болды,азын-аулақ еңбекақы,алтынға қай кезде малынып көріппіз.Істеңдер сауда, біз де байыйық жұрт секілді баламыздың арқасында.Жетпесе анау шешеңнің келінге сыйлаған сандықтың түбінде сақтап жүрген алтын жүзігін де алыңдар, соны да алып қаражат етіңдер.

Өскен /күмілжіп/ Ол енді апамның.../күмілжіп/

Мергенбай Ала беріңдер,маған не керек осымен кеттік қой, енді сендер қиналмаңдар.Істеңдер. Жұрттың барлығының жасап жатқан тірлігі ғой.Қалада Бергенбай інім бар ғой.Жағдайы қалай екен.барыңдар соның үйінде тұра беріңдер.Менен сәлем айтыңдар.Еш уайым жемесін.қашан келсе де жер дайын,бір кішкене үй салады да отыра береді деп айтты де.

Өскен Барғасын айтамыз ғой сәлемді, әке сізді кімге қалдырамыз

Мергенбай Мен далада қалып барамын ба ел іші ғой.Жас адамның қол қусырып отырғаны қайбір жақсы.Адамның күні адаммен,ойланатын ешнәрсе жоқ дұрыс қарекет жасаңдар.Адал еңбек еткен адамды көкірегінен ешкім итере қоймас.Ана Бергенбайға сәлем айтуды ұмытып кетпеңдер.

Өскен Айтамыз әке

Мергенбай Айт,айт.сені Мергенбай ағаң сағынып жүр деп айт.Бәрі де соның арқасы ғой,сені оқытты, адам қылды.Жерге тастамас барыңдар өз туысың ғой көкірегіңнен итермес.

Өскен Әке алдымен звонит етсеңізші.

Мергенбай /кетіп бара жатып бұрылып/ Не айтатыны бар,бара беріңдер айтамын./тоқтап/ Мынаны естен шығармаңдар ақша, алтын жүрген жерде дау дамай көп болады.Осыны есте ұстаңдар.Ол саған сурет емес, саудада сақ болу керек. /кете береді/

Сымбат Ата Сиырды не істейміз.

Мергенбай Алаңдамаңдар.Айнала ағайын, сиырымды сауып беріп тұрса шәйді өзім ақ қойып ішермін.Келіп кір қоңымды жуып беріп тұрсаңдар болды.Күн суытқанша барып көріңдер,болып жатса көрерсіңдер.

Сымбат Сіз рұхсат берсеңіз ата

Мергенбай Осы рұхсат емес пе.

Сымбат /қуанып/ Әр дүйсенбіде келіп тұрамыз ата.

Өскен Апта сайын келіп тұрамыз уайымдамаңыз.кәзір мен сізге алып беремін Бергенбай атаның телефонын айтыңыз Өскен мен Сымбат сауда жасауға барады деп /телефонын алып теріп жатыр/

Мергенбай Айтамын, бәрін айтамын.Бергенбай бір қуанып қалатын шығар бауырым ғой.

Өскен / қуанып / Әке болды жеткіземін бәрін,міне телефон.Кәзір,кәзір мен сізге алып берейін.

Мергенбай Әкел. /барлығы шығып кетіп барады./

2ші көрініс

/Байлыққа малынып тұрған сахна көрінісі, бірақ жарық өзгеріп,қаракөлеңке сахнаға бу жіберілген күнгірт.Жарқ-жұрқ жанған светтер алмасуы,сиқырлы сахна ортасына бу арасынан Тұман шығады жан-жағына ұрлана қарап қояды.Көзінде қара көзілдірік,өзімен-өзі,халыққа қарап/

Тұман Осы отырған барлығыңды сатып аламын./Алая қыр көрсетіп қарап,жұдырығын бір-біріне ұрып,ары бері жүріп/

Солай мен сендерді сатып аламын. /үңіле тесірейе қарап/ Сенбейсіңдер ме.Міне жетеді.Таза алтындар. /қалтасынан таза алтындарды уыстап шығарып жатыр/ Міне қанша алтын керек./алтындарды көрсетіп жатып бір темір тіске көзі түсіп кетеді/ Ох бандиты,Тығып жіберіпті ғой. /темір тісті көрсетіп/ Бұны тез ерітіп құртып жіберу керек.Вот оңбағандар./жалтақ-жалтақ қарап./тапқан екен алдайтын адамды./шамалы күйіп-пісіп тұрып,жан-жағына қарап/ Да ничего кәзір апарып істетіп аламын./бас бармағын көрсетіп/ Мынадай жүзік болып шығады көресіңдер./қалтасынан бір уыс алтынды шығарып/Мынаның бәрі тап-таза алтын деп ойлап отырсыңдар ма.Мұның бәрі сынған тіс,ұрлықы китайски алтындар.сендер мені қымбат бағалы алтын алатын ақымақ деп пе едіңдер ол болмайды. Мен кәзір мыналарды ювелир Толикке апарып жап-жаңа пробасы жоғары алтын жүзік етіп алмын,содан соң Айымға беремін,ар жағын Айым өзі біледі.Ана біреудің әбден қанымды ішкенін қарашы,айтсам түсінбейді бірақ оныкі дұрыс. Маған таза алтын беріп тұр ақша керек болғасын,мен ғой майысқан, ескі,пробасы өшіп қалған деп түкке жарамсыз мынауың деп бес есе бағасына бірақ түсірдім шырылдатып.Шар ете қалды байқұс , бірақ өйтпесең болмайды,бұндайда еш сыр бермеу керек сонда ұтасың, әйтпесе кім береді саған сонша ақшаны.Солай,мұндайлардың бір күнде маған он шақтысы келеді, менікі соларды алдап-арбап ап қалу. /пауза/ Менің кәзіргі мамандығым осы.Кәзір кәсібіңнің асқан шебері болмасаң нан жоқ осыны білу керек.Мен осылай базардың ол жақ- бұл жағында жүре беремін ешкіммен ісім жоқ,ешнәрсемен де ісім жоқ, отырамын өздері келеді. Кәсібім осы үндемеңдер, бұл жерде ешкім үндемейді.Сендер күлмеңдер мен сендерді бәрібір сатып аламын.Көресіңдер кейін. /алдыға шығып көрерменге / Міне, мынау ақша,доллар, қанша керек сендерге. /қалтасынан ақша, доллар алып/

Бұл менің ең қымбат серігім.Мен ақшасыз өмір сүре алмаймын.Сендер де өмір сүре алмайсыңдар білемін.

Мен ақшасыз өлемін,шын айтамын.Біреулер айтады ақша үшін өлесің бе деп,ақша үшін өлемін, себебі мына қыбырлаған адамның бәрі таң атпай ақша үшін жанталасып көшеге шығады.Бәрің білесің ғой ә, /күліп/ білесіңдер.Ақшасыз күн жоқ кәзір далада тегін ақша үлестіріп жатыр дейінші бәрің жүгіресіңдер білемін.

Бірақ бұл жай әншейін қағаз,бірақ сиқырлы қағаз.жұрттың бәрін өзіне телміртіп қаратып қойған қағаз.Кім де болса менде ақша көп болса деп ойлайды рас қой./залға қарап/Бірақ ол шақырсаң жүгіріп келе бермейді.Ол қу тамақ,жылтырақ бұйым,әсем киім,той-томалақ,даңғой даңғаза нәпсі,құмарлыққа,қызыққа тоқтаусыз төгіледі./қалтасынан доллар,теңге аралас бір уыс ақша шығарып/ Мұны бәрің аласыңдар,ақша десе кемпір,шал,бала-шаға бәрі басы айналып қалады. Міне бұның құдіреті осында.Қырғидың көзі қызылда.Кәзіргі заманда адамның көзі ақшада.Кәзір ақшаң болса бәрі қолыңда бұны бәрі біледі.Дұрыс па солай ғой білесіңдер.

/Теңселіп барып арт жақтағы орындыққа отырады.Свет қоюланып,сахна қараңғыланады /

3 ші көрініс

/Алтын сататын сауда орнының іші барынша байлыққа тұнып жарқырап тұр. Жалт-жұлт еткен алтындар әлемі салтанат құрып көзді арбайды,жарқ-жұрқ еткен свет.Музыка.Жазғы кафеде барынша сәнді киінген Айым отыр.Бақтөре келеді көңілді /

Бақтөре /екпіндеп көңілді/ Айым мен кәзір ғана Тұрекеңнен келемін.Тұрекеңнің көңіл күйі өте жоғары,көңілді.Бізге риза.Әсіресе мынадай келіншекті қайдан тапқансыңдар деп Сымбатты сұрады.

Айым /қызыға жақындап құлағын тосып/ Иә мен Сымбатты қасыма серік болсын деп алып барған едім ғой сосын.

Бақтөре Тұрекең кешегі осы отырыс өте көңілді болды деп,саған қайта,қайта рахметін айтып жатыр.

Айым Рахмет /көңілденіп/

Бақтөре Жаңалық көп екен,Тұрекең құдай қаласа жоғарылайды.

Айым Қайда /жұлып алғандай/

Бақтөре /саусағын жоғары шошайтып/ Бірінші,бірінші, болады.Бәрін шешіп қойыпты /саусағын сытырлатып/ Мынау болса болды.Маған сол бұйымтайды айтты.

Айым /қоштап / Оны бірлесіп шешуге болады ғой

Бақтөре Мен саған осы мәселемен келдім.

Айым Білем ғой,айта бер

Бақтөре Айта бергенде аз емес жиырма бес мың доллар, тез арада тауып көмектесу керек.Осыны ойластыру керек.Табу керек тез.

Айым Әрине табу керек.Тұрекең аман болса,жетесің мұратыңа, тасың бұдан да жоғары дөңгелейді әлі.

Бақтөре /құшақтап/ Соны айт. Енді аянбау керек мына саудагерлердің бәріне салық салу керек.Сенің арқаңда нандарын тауып жеп жүр ғой.

Айым Болды Тұрекеңе айт бәрі болады де,жақсылап сөйлес. Екеулеп табудың жолдарын қарастырайық.

Бақтөре Барлығы сенің қолыңда ғой,сен кіріссең болды емес пе.

Айым /қулана/ Мен дайынмын.

Бақтөре /саусақтарын сытырлатып/ Жаңағыны бірінші табу керек,онсыз болмайды.

Айым А параны ма. /осы кезде машина сигнал беріп тоқтаған дауысы қатты шығады./

Бақтөре /саусағын ерніне апарып ымдап/ Тысс,сол. Пара,пара парадуемся./жан-жағына алақтап орнынан тұрып әндете есіктен барып қарайды./ Сол беретін параны.

Айым Енді оны табамыз ғой.

Бақтөре /үнсіз тұрып қалады/ Әрине табкымыз керек.Кейде мен,осы есепсіз жасаған қызметім жетпей ме Тұрекеңе десем жетпейді екен.

Айым Басқа не керек екен тағы.

Бақтөре Өте көп нәрсе керек екен ғой /ойланып/

Айым Ол не нәрсе

Бақтөре Алам десе алып,қоям десе қояды екен ғой.Өйткені төбемізден қарап отырғаннан кейін қалағанын орындатады

Айым /Түрі өзгере/ Сонда,қалай...

Бақтөре Ол мейірімді, әрі қатал. Дегенмен ойына алғанның бәрін істетеді.

Айым Біз не істемедік.Өзің айтушы едің ғой ешектің артын жу да мал тап деп.Істейміз істе десе.

Бақтөре /Күйіп кетіп/ Ешектің арты, ол мынаның алдында түк емес.

Айым Ол не сонша

Бақтөре Сымбат

Айым /қарқылдап күліп жібереді/ Сымбат. Оған несін ойланасың,ол жай бір әйел емес пе.

Бақтөре Ол жай емес, сол Сымбатты ұнатып қапты.

Айым /күлкісін баса алмай/ Ұнатсын жақсы, еркек болған соң ұнатады онда тұрған не бар.

Бақтөре Әй оның күйеуі бар емес пе

Айым Сенің де әйелің бар емес пе

Бақтөре Қойшы.Қысқасы Тұрекең екеумізді табыстырудың жолын табыңдар деді.

Айым /күлкісін баса алмай,басын шайқап./ Міне нағыз джентельмен.Жарайсың Тұреке

Бақтөре Ойлан,Тұрекеңдікі бұйрық,бұйрық талқыланбайды орындалады.Орындайсың басқалай болмайды.

Айым Әрине

Бақтөре Білесің бе Тұрекең осы тірлік сәтті бітсе сен менің орныма отырасың деді,тоқ етері осы.

Айым /жадырап/ Осылай деп бірден айтпайсың ба,Тұрекең үшін істейміз ғой қалайда,әрине табамыз.

Бақтөре / маңғазданып / Білемін ғой онсыз күн жоқ қой бізге.

Айым /қулана күлімдеп/ Түсіндім басеке.

 

4 ші көрініс

/Сауда орыны базар іші. Айым отыр,Өскен мен Сымбат кіреді/

Өскен /Айымға/ Саламатсыз ба

Айым Саламатсыңдар

Сымбат Сізге келдік /күлімдеп/

Айым Келіңдер.Жұмысқа кірісе берулеріңе болады.Қалғанын кейін айтамын.

Сымбат Жарайды

Өскен Біз алтынды қалай аламыз.

Айым /сынай қарап/ Ол жағын ойластырамыз.

Өскен Оның жолдарын да білмейміз ғой.Кәйтіп істейміз.

Айым Оның бәрі қалтаға байланысты ғой.Алып сатасыңдар үстіндегі пайдасын көресіңдер.Көлденең қитұрқысы аз емес,ана жаққа,беру керек,мына жаққа беру керек.

Сымбат Онсыз болмайды екен.

Өскен Ой апай, біз оны білмейміз ғой.Өзіңіз көмектесіңіз.

Айым Сауда жасауға қанша қаражаттарың бар.

Өскен 200 000 теңге

Айым /ойланып/ Тым аз екен

Өскен /Сымбатқа қарап/ Онан соң мынаны,қайда әлгі алтындар.

Сымбат /сөмкесінен алтын жүзікті алып береді/

Айым /айналдырып көріп/ Тым ескі екен,мен мұны апарып тексертіп көрейін.

Өскен Ол апамның көзі,таза алтын деп апамның өзі берген.

Айым /жүзікті айналдырып көріп/ Еш нәрсе жазылмаған оны тексеріп айтады

Өскен Болды,болды.

Айым Онда ақшаларыңды маған беріңдер.Мен товар әкеп беремін.Аноу орында сата бересіңдер.Пайда табу өз қолдарыңда, неғұрлым товарың көп болса тез байыйсыңдар осыны ұмытпаңдар.Мынау туысым, анау танысым десеңдер сауда жасамай ақ қойыңдар.Тастай болыңдар.Бұл жерде менен басқа ешкіммен байланыс жасамайсыңдар.Тұманға айтып қойғам өзі товарын предлогат етіп тұрады.Бірақ менен басқа ешкімге артық әңгіме айтушы болмаңдар.

Өскен,Сымбат /қосарлана/ Әрине,әрине.

Сымбат Үйренеміз Ғой

Өскен Мына алтынды ақша қылып беріңіз /жүзікті береді/

Айым Алтынды алып сумкасына салып/ Жарайды.Орындарың әне үшінші орын./Өскен мен Сымбат қуана жүгіріп кетеді./

/Айым авнсценаға келіп халыққа қарап, артына қарайлап.Қолындағы алтын жүзікті көрсетіп./ Мынау нағыз алтын екен,пробасы жоғары.Салмағы үлкен құдай берді.Сауда өнбей жүр еді жақсы болды.Құдай берем десе осылай береді.Мен мұны Толикке апарып дубликатын жасатып алайын.

/Шығып кетеді/

 

5ші көрініс

/Жарық біртіндеп беріліп сахна бұрынғы қалпына келеді.Тұман столда сол күйі жалғыз отыр.Сахна жалтырап тұр.Өскен келеді жалтыраған алтындарға қарап алақтап/

Тұман /Өскенді көріп өзгеріп,күлімдеп./ Өскенсің ғой.Ия келдің бе

Өскен Өскенмін келдім.

Тұман /Өскенге/ Айым айтты түсіндіріп,ол кісі айтса екі етпейміз ғой.

/Өзі келіп отырып Өскенді қасына отырғызады/ Кел отыр.Тыңда. Сен жан-жағыңа қарап алақтап аузыңды аша берме.

Өскен /Аң-таң қарап тұр/ А,а.

Тұман /отыр/ Не а,а.Тыңда мені.Бұл саған ауыл емес аузың аңқимасын.Пысық бол.Тыңда.

Өскен /әлі де қарап тұрып/ Тыңдап тұрмын

Тұман /басын бұрып/ Маған қара

Өскен/терезеден даладағы таудың көрінісін көріп аузы аңқайып./ Тау керемет екен, шынында бірінші рет көруім мынадай тауды.

Тұман Неғыласың сол тауды,керемет,керемет деп.Мен не айтып отырмын саған тауға бір,талға бір таңқала бергенді қой.Ол тау саған ақша болмайды.одан да таудай ақша жасауға ұмтыл.

Өскен /көзілдірігін көтеріп/ Таудай ақша оны қалай жинаймыз.Ол мүмкін емес қой.

Тұман Болады жинауға,тірлік жаса.

Өскен Мен,өмір бойы тірлік істеп еңбек етіп келемін ғой.Таудай ақша өмірі көрген емеспін.

Тұман Ай бауырым ай,көрмесең көресің.Менің қасымда біраз жүрсең ақшадан басқаны көрмейтін боласың.

Өскен Онда керемет қой.

Тұиан Енді не айттым мен саған.Сол керемет болсын деп ақша жасап жүрген жоқпыз ба осы біз.Ай баурым ай./Арқасынан қағып күледі қарқылдап/

Өскен Мен ешқашан

Тұман Не ешқашан

Өскен Бұрын ондай тірлік істеген емеспін,қолымнан келе қояр ма екен деп

Тұман /қадап/ Келеді.Мен сені оқытам әлі.Кәзір тыңда мені. /орнынан тұрып/ Сауданың тәсілі алу-беру,осыған машық болу керек.

Өскен нені алу,беру

Тұман Туһ мынаны ай,Кәзір мен саған Мастер класс өткіземін.Қашанғы осылай бір картина салдым,екі картина салдым қашан сатам деп жүресің сол. Кәзір жаңа өмір./ары-бері жүріп/ Қарашы айналаға бәрі өзгерген жарқырап тұр не керек бұдан басқа.Бәрі ауысты.Суреттің не керегі бар.Сурет түгілі суретшінің керегі жоқ боп қалды ғой кәзір.Отыр әне барлығы Арбатта,Сен оны қой адам бол, Айым осы Өскенге көмектесейік ол да бір ақша ұстап бала-шағаларын қуантсын деді ғой,сондықтан суретті де,суретші едім деген қиялды да енді ұмыт

Өскен /шыдай алмай қызбаланып,орнынан тұрып кетеді/ Неге қоямын олай демеңіз.Керек десеңіз Парижде әр франсузға сен суретші емессің десең намыстанып қалады екен.Ешқайсысы көрермен болғысы келмейді өзінше шетінен суретші Париж.

Тұман /күйіне,иығынан басып отырғызып/ Ой құдай ай,не деп кеттің Франция қайда біз қайда.

Өскен Соны айтып жатқан жоқпын ба

Тұман Қазақтың барлық жері сурет емес пе.Қарашы қандай керемет,өздері суреттің ішінде жүр ғой не қылады олар суретті.

Өскен Олар суретті түсінбейді.

Тұман Олар не қылсын сенің суретіңді.оларға одан да ауылға барып қой қора салып алғаны жақсы емес пе,сен сұрашы солардан бәрі айтады ауылға барып қой қора салып жатырмын деп.

Өскен Мен,мен суретсіз өмір сүре алмаймын.

Тұман Шіркін ай ә,сүре аласың, мен саған жаны ашығандықтан айтып отырмын.Сен былай ет.Анық саудаға кірістің бе қой оны, ылдым-жылдым бол.

Өскен Ол қалай ылдым-жылдым

Тұман Ол былай өз пайдаңды біл

Өскен Қалай

Тұман Былай.Алыс-беріс,беру-алу./қолымен көрсетіп/

Өскен Нені алу,беру

Тұман /Әзілмен түсіндіріп/ Мысалы сенің бастығың менің досым,бұл кәсіпте бастығыңның атын атауға болмайды,әр жұмыстың өз қағидасы бар,бұл сауда саудада алыс-беріс болмаса болмайды ұқтың ба.

Өскен Дұрыс,түсіндім

Тұман Біледі екенсің ғой.Алыс беріс мықты болу керек

Өскен Не алыс беріс

Тұман Ай бауырым ай,мен саған былай түсіндірейін.Менің фамилиям Теңгебаев.

Өскен Иа, Теңгебаев.

Тұман О Жарайсың.

Өскен Түсініп тұрған жоқпын

Тұман /жыны келіп/ Осы сенің түк түсінбейтінің ай. /газетті алып орап,көзіне тақап/ Бері қара

Өскен Қарадым

Тұман Не көріп тұрсың

Өскен Газет

Тұман Туһ,тағы не.

Өскен Сізді

Тұман О,о.Мені,Кәне мен кім,кім мен./ентелей/

Өскен Сіз Тұман

Тұман /шыдамсыздана/ Иә,иә мен

Өскен Сіз,сіз Тұман болды ғой

Тұман /күйініп түңіле/ Қап,құдай ай дұрыстап айтшы

Өскен Тұман

Тұман Уһһ.

Өскен А,сіз Тұман Теңгебаев /ыржияды/

Тұман /жадырап/ Ох,Е міне,міне.Кәне ары қарай, сонда не беру керек

Өскен Теңге /күмілжіп/

Тұман /арқасынан қағып елпілдеп риза болып/ Теңге.Дұрыс,айтасың жарайсың.Теңге беру керек,теңге. /қуанып құшақтап алады,көңілді әндетіп өскенді құшақтап кетіп барады./

 

6 шы көрініс

/Базар іші Балшы мен Айым отыр/

Балшы /Айымға тесіле қарап,картасын ұстап отырып/ Мен бәрін де айтып бере аламын.Кім екенін әйел ме еркек пе,түр түсін,жасын.

Айым /ұшқалақтап/ Түр түсінде ме

Балшы Ия түр түсін киімін бәрін

Айым Онда тіпті жақсы болар еді.маған сол керек.

Балшы /картаға қарап/ Міне қараңыз,есігіңіз ашық.Мынау хабар белгісі.Таңертең кім бірінші хабарласады.Сол адам бүткіл жұмысыңызды өзгертеді /көзіне тесіле қарап тұрып/ Әрине жақсы жағынан емес

Айым О тоба./кеудесін ұстап/ Міне,міне дұрыс айтып отырсыз бұрын болмаған нәрселер болып жатыр.Ары қарай көріңізші

Балшы /картаны жайып жіберіп қарап/ Міне екі адам бір әйел,бір еркек.жас ерлі зайыпты.

Айым Бізде бәрі бір еркек,бір әйел.Алтын сататындардың барлығы.Әйел мен еркек қой.

Балшы /картаға қарап/ Мына дама,алдыңызға көлденең жатып алды жақсы емес.

Айым /түрі өзгеріп,аузын басып/ Жақсы емес

Балшы Ары қарай қараңғы ешнәрсе көрінбейді,тұман.

Айым А,аа.Айтыңызшы

Балшы Болды,кәзір шамам келмейді./есінейді/ Түбінде сенің бизнесің сол адамның қолына өтеді.

Айым /шошып ыршып/ Аһ /саусағын тістеп,Ах бәлем./күдіктене жан-жағына қарап/ Ол кім болды екен.Жас ерлі зайыпты.А иә. /күбірлеп ақша ұсынады / Мә алыңыз. /Жүреді сол жер/

Айым /Жүріп барып тоқтап,өзіне-өзі күдікті/ Тоқта. Бүгін бірінші көрген адам,жоқ бірінші хабарласқан адам,әлі ешкім хабарласқан жоқ. Ол кім болды екен./ойланып түрі өзгере, телефоны шыр ете қалады./

Айым Алоо./кербезденіп/ Тыңдап тұрмын.Сымбат сен ба кел. /тыңдап/ Ол телефонмен айтылатын сөз емес,мен базардамын кел.

--- Болды,болды түсіндім жарайды кел.

--- /Айым телефонды қойып,түрі өзгеріп,көзі аларып/ Осы болды ғой.Бүгін бірінші хабарласқан адам. Ерлі зайыпты.Осы болды әйел мен еркек./ойланып/

Дәл өзі таңертең бірінші хабарласты.Мүмкін,ертең кездесетін адамдар шығар. Жо, жоқ жаңа, бүгін таңертең бірінші хабарласатын адам деді ғой.Осылар./ширығып/ Түбі сенің бизнесің солардың қолына өтеді дейді.Жоқ болмайды, бұларды осы бастан тырп еткізбей ұстау керек,түсінікті болды.Мен Тұрекеңмен жақын болсам Ардақ маған дым да істей алмайды.Бұл базарда Ардақтан басқа кім жолымды кесе алады,Ардақтан сақ болу керек.Мен бұларға сыр білдірмеуім керек әйтпесе Ардақ келе-келе бұларды өзіне қаратып алады.Осыны естен шығармауым керек.Бұларды жақсылап Тұрекеңнің,Тұманның қақпанына түсіріп берсем байланып жүре бермей ме.Тоқта,тоқта мына тәуіптің жаңылысқан жері болған емес,ол мүлт кетпейді.Ол маған түбі осылардың жолы болады деді ғой. Сол үшін бұларға жол бермеу керек.Мен Бақтөреге Ардақтан жақын болуым керек,Бақтөре не деді.Тұрекең Қабылан інім қайта-қайта ажырасып әбден шаршатты,біреуді тауып беріңдерші депті ғой.Осыны неге жасамасқа,менің Жайнам бар ғой, Тұрекеңмен құда болсақ тақиямызға тар келе ме біздің.Бұл бір,екінші Тұрекең мен жоғары кетемін сені орныма қалдырамын депті Бақтөреге./күліп/ Тұрекең Бақтөренің тікелей бастығы,бүткіл қаланы тіреп тұр.Осы кісіге жасамағанда кімге жасаймыз жақсылықты.Бұны Бақтөре қол шапалақтап қуаттар.Мен бұдан да өтімді болуым керек. Мен өз қызым Жайнаны беремін Тұрекеңнің інісіне сонда мен құда болмаймын ба Тұрекеңмен.

/Қуана қол шапалақтап мәз болып алға жүріп кетеді. Жарық ауысады /

/Жарық берілгенде сол көрініс, Сымбат пен Өскеннің базардағы сауда орыны.Айым келеді/

Айым /Өскенге/ Қалай саудаларың жүріп жатыр ма.

Сымбат Жәйлап товар аз боп жатыр.

Айым Сендердің заттарыңды әкелдім. /сөмкесін ақтарып/ Кәзір той көп,жас жұбайлар сақинасы,қалыңдық жүзігі.Осылар өтімді кәзір.Көрдіңдер ме бәрі тойға,құдалыққа осыны іздеп жүр.Мә алыңдар / сөмкесінен пакет шығарып береді/

Сымбат /көңілді/ О,о.Апай рахмет.

Өскен Керемет енді сауда болатын болды.

Айым Жарайды.Мен мещайт етпейін.Жақсы

Өскен Рахмет,рахмет.

Айым /кетіп бара жатып тоқтап қарап ымдап / Айтпақшы Сымбат бері кел,анау жүзіктерің таза болмай шықты тексерттім.

Өскен О-о, Неге.

Айым Алтын жалатқан дейді.Ол кезде де болған ғой алтын жалатқан жүзіктер /Өскеннің бетіне қарап тұрып/ Сенбейсіңдер ме.Мә жүзігіңді қайтарып берейін.

Сымбат /шырылдап/ Жо-жоқ апай.Қанша болса да ақшасын беріңіз саудаға қосамыз.

Өскен /қосарлана/ Иә,иә сөйтейік сауда жасауға келдік қой.

Айым /қалтасынан ақша шығарып Сымбатқа./ Мә Бұл жүзік ары кетсе отыз мың теңге болады.

Өскен /Аң-таң,түсінбей иығын қиқаң еткізеді ымдап/

Сымбат Болады.

Айым Қой мен кетейін. /Сыртқа қарап Тұманға айқайлап/ Әй Тұман тоқта.

/Айым асығыс шығып кетеді. Жарық сөнеді1

 

7 ші көрініс

/Бақтөренің үйі./

Бақтөре Айттым ғой мен бәрін жасағам, төрт баланы үйлендірдік,құдалардың сұрағанын бердік.Бірақ тең-теңімен деген, мына қызың өте қоймайды құдай рең бермеген. Мынадай сықпыт,мынадай кескін келбетімен өте қояр ма екен.Біз армандаған жерге жете қоймаймыз ау деп ойлаймын. /басын шайқайды/

Айым Сен ақ қоймайсың осы,кәзір бәрін ақшамен жасауға болады.

Бақтөре Ойбай ол туа бітті құдайдың жасаған өзіңнен айнымайтын өз қызың емес пе оны қалай өзгертпексің.ол бір мүлік емес бір жерін ауыстырып қоя салатын.

Айым /Ашуланып / Немене сонда сен қызыңды кім көрінгенге бере салмақшысың ба.Көресің әлі ақ адам сүйсінетіндей сұп сұлу қылып шығарам қызымды.Айырбастап.Ауыстырып.

Бақтөре Айналайын ау.Ауыстырып қалай ауыстырып.Не деп тұрсың бұл саған ағаш емес қой жонып-жонып әдемілеп қоя салатын.Айырбастап қалай сонда,кімге айырбастап /шошып/

Айым /кейіп/ Төу ешкімге, бетіне пластикалық операция жасап ауыстырып деймін

Бақтөре /таңырқап/ Қалай сонда

Айым Болады ақшасын төлейсің болды, бәрін әп әдемі етіп жасап береді

Бақтөре Сен.сен сонда өз қызыңды.Жоқ,жоқ атама

Айым Не атама сандалма.Өзіне жақсы емес пе.

Бақтөре /қызуланып/ Қалай жақсы

Айым Ешнәрсе қылмайды доқтырлар укол салады да еш нәрсе де білмей қалады,ауыртпай істейді.

Бақтөре /одан сайын жынданып/ Сонда сен өз қызыңды өзің есінен адастырып қинамақшымысың.О құдай жынданатын шығармыз.не боп кетті бұл

Айым Әй не болды сонша зарлап, тұр

Бақтөре Қызымды не істемекшісің сен

Айым Әй ақымақ қызыңның тек бетін ауыстырамыз. Анау сықсыйған көзін ашып,добалдай ернін жөндейміз оймақтай етіп.

Бақтөре О тоба,ол жөндейтін зат па еді.

Айым Болды, қой зарламай.

/ Бақтөренің көңілі түсіп кеткен /

Айым Не сонша түңіліп.Тек бүгін бе еді Тұрлыбекпен бірге қызмет істеп жүргенің.талай жылғы досың емес пе.Аялап отырған жап жас қызымызды берейін деп отырмыз.Егер Қабылан тұріне қарамай кергісе өзіне, Несіне қаймығасың інісінің сырын өзі де біледі ғой,ол қайбір оңып тұр./иығынан жұлқып/ Тұрекеңе тағы Сымбатты сындырып берсек Тұрекеңнің көңіліндегісі орындалмай ма.

Бақтөре /Өзгеріп Айымға тесіле қарап/ Сенен ешнәрсе артылмас.

Айым Шешінген судан тайынбас, оны да көреміз.Қолдағы Сымбат емес пе күйеуі болса болар, кім-кімді қарауылдап жүр дейсің.

Бақтөре Тағы да бүлдірмекшімісің.

Айым /шап етіп/ Сен емес пе осыны айтқан.

Бақтөре Қойшы шаршадым.

Айым Жоқ шаршауға болмайды.Онда бәріміз құрыдық сенің өмір бойғы істеген жақсылығың бір пәсте жоқ болып,орныңа басқа бір су жұқпас пайда бола салады.Кәзір саған бір минут та тоқтауға болмайды білесің бе заман осындай.Көтер басыңды

Бақтөре Қалай көтеремін.Күл,ойна,тойла

Айым Енді мына бақ пен байлықтан қараптан-қарап айрылып отыра береміз бе, ойланшы өзің. Тұрекеңе байлық жетеді.Енді тек көңіл қалауы ғана орындалмай жүрген шығар.

Бақтөре /Айымға тесіле қарап/ Айым мақсатыңа жету үшін барыңды аямау керек түсінемін.Сымбат таза жан емес пе.

Айым Омай ә.Таза жан.Мен қызымды таза еместігінен берейін деп жатырмын ба өзінен жиырма жас үлкен Қабыланға.Сымбат сұлу болса сұлу шығар ол ойнап күлмей ме екен.Сен қалай менің басымды дүниемен айналдырып,азғырып алдың есіңе түсірші.

Бақтөре /басылып/ Саған дауа жоқ екен

Айым Міне жөніңе келдің.Тұр орныңнан /музыканы қойып жібереді,Бақтөрені жұлқып тұрғызады да билей жөнеледі қолынан ұстап/

Бақтөре /өзгеріп/ Сенің осындай тапқырлығың ғой менің жанымды жадыратып жібереді келші./құшағын ашады/

Айым /қулана билеп жүріп/ Бақтөре сен енді қанша дегенмен бастықсың ғой авторитетсің,Сымбатты кабинетіңе шақырып жанашырлық көрсеткенсіп тамырын басып көрші.Тұрекең туралы сөз қозғап, бәріміз ол кісіге тәуелдіміз деп қорқытыңқырап,былай.

Бақтөре Ол жағын сөйлесемін.

Айым Жарайды онда.Қалғанын өзіме қалдыр қандай періште болса да тіреп тұрған.

Бақтөре /биді тоқтата салып қолын түсіріп/ Бас ісіп кетті ғой әкелші ана жақта не бар. /Көңілді музыка ойнап тұр/

8ші көрініс

/Сол сахна Бақтөренің үйі,қызы Жайнаны пластикалық операция жасатып түрін өзгертіп жіберген,ерні добалдай көзі бақырайып кеткен.Бақтөре келеді/

Бақтөре /қызын көріп танымай/ Мынау кім, қазақ па өзі

Айым Жайна ғой қызың, танымай қалдың ба.

Бақтөре /Жайнаға жақындап жыламсырап / А жаным ау, не деп тұрсың қай жері ұқсайды мынаның Жайнаға мен танымадым. /үңіле шошып/ Не боп кеткенсің. /ақырын үңіле қарап/ Сен мені мазақ қылма мынау Жайна түгіл қазаққа ұқсамайды ғой жаным ау. /Айымға /

Айым /түк болмағандай / Енді әдемі болып өзгеріп кетсе әрине танымайсың.Танымасаң танымай ақ қой,жайнап сұлу боп кеткен жоқ па. /бөлмеден шығып кетеді/

Бақтөре /жақындап үңіле абайлап қарап / Жайна сенбісің.

Жайна /кәдімгідей/ Ия менмін ғой папа.

Бақтөре /дауысы дірілдеп/ Дауысың,даусың ғана келеді,бетің басқа мүлде басқасың

Жайна /жыламсырап/ Папа,қалай

  • Солай қызым. /қолын сілтеп, теріс қарап шығып кетеді/

Жайна Кәзір мен айнаға барып көрейінші. /шығып кетеді/

Айым /Ар жақтан Айымның дауысы естіліп кіріп келеді.жан-жағына қарап/ Қызым қайдасың

/бөлмелерді қарап/ Дайынсың ба айналайын.

Жайна /ар жақтан айқайлап/ Мама бетім дуылдап барады.Мама.

Айым /қалбалақтап/ А-а,кәзір кәзір қызым /есікке қарай жүгіреді/

Жайна /алдынан шығады,бетін жауып алған/ Мама қорқынышты,қорқамын,ужас

Айым /бетін көріп,үрейі ұшып / О құдай./ бетіне қолын апарып шошып / Астапыралла.Сұмдық.

Жайна /беті домбығып,қызарып ісіп кеткен./ Мама бетім дуылдап ашып барады,тез,тез шақыршы скорыйды

Айым /дегбірі қаша/ Не істеп қойдың

Жайна Бол,бол.Күйдіріп барады /екі қолын бетіне тақап шырылдап/

Айым Қайда әлгі /барлығы телефонға жармасып жатыр/ Бақтөре а Бақтөре қайдасың.

/Бақтөре кіріп келеді,/

Айым Бақтөре тез скорыйға.

Бақтөре /звондап/ Ало тез арада,микроаудан Шұғыла он жетінші үй тезірек жетіңіздерші. /жамырап бәрі звондап жатыр/

Жайна /қолын бетіне тигізбей шырылдап/ Уһ,мама тез болшы ах,бетім ашып барады

Айым Не істеп қойдың қызым

Жайна Не істеймін.Макияж жасадым.

Айым Макияж.Дәрігер бір аптаға дейін тиісуге,макияж жасауға бомайды деп еді ғой.

Жайна Өзің ғой мама сені көруге келеді дайын отыр деген.Аһ ашып барады мама.

Айым /сасқалақтап/ Міне,міне кәзір келеді кәзір /телефонына жармасады,Бақтөре Жайнаны диванға отырғызып жатыр//

Бақтөре /Айымға/ Жауыз,өз қызың емес пе.Қабыланға енді бұны қалай көрсетеміз.

Айым Айтатын ең ғой жаныңды жалдап істемесең, ептілер көп алдыңды орап кетеді деп.Алдыма адам түсірмеу үшін еш нәрседен аянбадым.Бізде бір ғана мақсат болды баю.Бұл мақсатқа жеттік десек болады,бірақ байлық еңбекпен келмегесін бар байлығың ,бар дүниең біреулерге ортақ болып көрінеді екен.Өйткені сенде менікі дейтін басы бүтін меншік жоқ өз дүниең өзіңе құнсыз уақытша.Өйткені сол дүние,сол дүниені табу жолындағы ақыл ой барлығы сол ақша, алтынмен бірге бір адамның қолына сатылып кеткен.Сол адам берсе аласың,ұрса өлесің.Жалғыз сен емес,мен де жансыз қуыршақпын.Ол адам біздің жанымызды да сатып алып қойған.Қалай қозғаса солай жүре береміз.Осы білгің келсе. /Жайнаға қарап/ Мынау Жайна соңғы мүмкіндік Тұрекеңнің анау нақұрыс інісіне қосамыз.Ол да добалдай түріне қарамай сұлу болмаса алмаймын депті.Соған жасаған әрекетім ғой.

Бақтөре Басқа,басқа өз туған қызын адам осылай қорлай ма екен.

Айым Өзіңе қара.

9шы көрініс

/Базар ішіндегі сауда орыны.Өскен соткадан өзінің картиналарын Тұманға көрсетіп отыр/

Өскен Сізге таң қаламын оқыған адамсыз түсінбеймін,осы өнерді неге қолдамайсыз

Тұман Өнерде не қалды кәзір, әнші болсаң мақұл тойда ән айтып ақша табасың,ал мына суретің кімге керек,сурет керек болса соткамен түсіріп ал да шығартып ал болды емес пе.

Өскен/күйіп,пісіп/ Ол,ол өнер емес.Мына суреттер бүткіл халқымыздың өткен жолы,тарихы.

Тұман Әй ол бір әуейінің тірлігі ғой.одан не пайда

Өскен Шетелде бір өнер туындысын бір заводтың құнына сатып алып жатады.Себебі адамға қажетті керек күш қуатты беретін бір құдірет өнер.Махаббат,құлшыныс өнер арқылы келеді.Кешегі өткен ЭКСПОДА миллиондаған халықты тамсандырып жатқан сол қазақтың өнері.Өнер адам жанына жан тыныштығын сыилайтын құдірет,сіз айтқан дүние жан тыныштығын сыйлай ма адамға.Біле білсеңіз бақыт деген сол жан тыныштығы білген адамға.Суретімді сағындым.Саудадан ішім пысып кетті.

Тұман Әрекет етіп клиент жинау керек сонда ішің пыспайды.Өйтпесең ақша қайдан болады.

Өскен Отырмыз ғой енді қандай әрекет керек.

Тұман Бекер отырмау керек,бұл жерге тегін адам келмейді қағып қалу керек, ылдым-жылдым қу түлкі болу керек,сонда болады ақша.Отыра берсең не болады.

Өскен Мен мұныңды дұрыс дей алмаймын.Адам боп жаратылған адамға қалай түлкі бол дей аласың.

Тұман Енді мына заманда қу болмасаң қалай күн көресің,қу болғанда да кез келген тесіктен өтіп кететін болуың керек.

Өскен Түлкіге мақұл өтеді, адамды қалай өткізесің.

Тұман Өтеді.Мына заманда ақша үшін тозақтың отынан өт десе өтесің. /шығып кетеді/

Өскен /өскеннің телефоны шырылдайды / Ало. /пауза/ Телефон өшіп қалады.Өскен алақтап/ Сымбат а Сымбат. Ауылдағы Малбағардың әйелі ғой.Ұят болды ау. Алтындарыңның маған керегі жоқ.Алдап ескі жүзікті алтынға боятып сатқансыңдар қайтып апарып беремін деп жатыр. Қап ұят болдыау, өзіміздің туысқан ғой.Қайдан ғана ұрындым осы саған а./алақтап қарап тұр/

/Сымбат пен Айым келеді.Сымбатқа Өскен құлағына сыбырлап жатыр. /

Сымбат /Қызарып/ Ту,ұят бопты ғой. /Айымға/ Сатқан жүзігіміз самопал боп шығыпты,ұят болды.

Айым / Тоқтап Сымбатқа көзілдірігін ұстап алая қарап/ Сен не деп тұрсың, мені кінәлап тұрсың ба сонда,берген самопал жүзігіңді қайтарып бердім алмадың,басқа не керек. Бұл бизнес ақыл сұрап келдің көмегімді көрсеттім,енді не дейсің маған.Мына сөзіңді ешкім естімесін мені әлі күнге дейін осы жерде бір адам сөккен емес. /Сымбат қысылып ұялып/

Сымбат /Қипақтап/ Жоқ ол емес. Кешіріңіз. /Өскеннің қасына қарай барады./

/Айым ашуланып киоскіге жақындап,зергерге еңкейіп қарап жекіріп/ Толик сен не істеп жүрсің осыны айтқанда не таптың.Еркек емессің бе./еңкейіп киоскінің тесігіне жақындап,дауысын төмендетіп / Құпия болсын дегенім қайда./қолын шошайтып долданып Сымбат жаққа қарап қояды/ Сен көресің енді менен.

/Алыста тұрған Өскеннің телефоны шыр ете қалады/

Сымбат /құлағын телефонға тосып/ Ол кім

/Өскен мен Сымбат телефонды тыңдап тұр/

Зергер /киоскіден басын шығарып шақырып / Олай деп айтуға құқыңыз жоқ.Сіз сол жүзікті алып келгенде мынау анамның жүзігі бағалы антиквариант,осының алтын жалатқан арзан бір дубликатын жасап бер.Ал мына оригиналынан жаңа екі жүзік жасап бересің деп тастап кеткен жоқ па едіңіз. Енді не дейсіз маған.жүзіктің көшірмесін алып кеттіңіз.

Айым /сұс көрсетіп/ Сол Сымбаттың жүзігі болатын.Сен еркек емессің, екеуің сыбайлассыңдар алаяқтар.көресіңдер әлі. /асығыс жұріп кетеді.Зергер қолын бір сілтеп қала береді./

/Өскеннің телефоны шырылдайды,Сымбат қасында тұр./

Өскен Ало әке.Өшіп қап жатыр.

-/Мергенбайдың телефондағы дауысы./ Екі күннен бері ала алмаймын байланыс жоқ, балам аман ба

Өскен Аман жақсы әке.

-Мергенбайлың телефондағы дауысы/ Неге хабарсыз кеттіңдер екі апта болды,бір жайсыз түс көрдім тыныштық па. /дың,дың телефон үзіліп қалады/

Өскен Ало,ало,әке,ало. Қап мынаны ай ә. /байланыс үзіліп қалады тым-тырыс./

Өскен Қап мынаны ай ә,не болды екен./жан-жағына алақтап/

 

10шы көрініс

/Бақтөренің үйі сырттан Бақтөре келеді ашулы/

Айым /Алдынан шығып / Бақтөре не қылдың саттың ба үйді./

 

Бақтөре Қабылан бәрін бүлдірді.Тұрекеңе ауру қызын көрсетіп мені ақымақ қылды деп шағым айтыпты.Айымды базарға жолатпау керек депті.

 

Айым /зарлап аңырап/ А,құнсыз дүние.Қаңырап қалдық па.Бақтөре.Тұрекең не дейді.

 

Бақтөре----Хабарласа алмадым.Телефоны алмайды.Сұрастырсам қалада емес екен

Айым /зарлап/ А құдай. Бәрі бітті, бәрі құрдым.Еш нәрсе қалмады.

Бақтөре /түңіле/ Алмады не істейміз енді.

/Жайна келеді сандырақтап/

Жайна Ия,ия алмады /сандырақтап/ Алмады /өзімен-өзі күліп/

Айым -----/Жайнаны көріп құшақтай құлайды/ Қызым,

Бақтөре /орнынан тұрып келіп шашынан сипап/ Не боп кеткенсің қызым ау, не боп кеткенсің. /басын ұрғылап/

Жайна /есеңгіреп,мөлиіп басын шайқап / Алмады,алмады./ Жайна бір нүктеге қадалып қалған,Бақтөреге қарап шөкелеп отыр/

Бақтөре /Жайнаға қарап тіксіне/ Нені алмады

Айым /Жақындап Қабылан алмады /жындышалыс кейіпте/

Бақтөре /Айымға жалт қарап/ Не оттап отырсың, сені құдай алмады.Сені. /саусағын шошайтып/

Айым /қолымен өзін нұсқап ыржалақтап / Мені құдай алмады

Бақтөре Сені,сені алмады о құнсыз сорлы,не істедің сап-сау қызға.Қарашы не істедің.Сонша дүниеңді шашып жасатқаның осы ма /Айымға жалт бұрылып/ Осыдан менің қызым Жайна айдай әдемі болып, Тұрекеңмен туған құда болсам алтының да,басқа да,бәрі алдымда тұрады.Бәрін сатып аламын дедің.Су мый қара /Жайнаны көрсетіп/ Енді қызың не болды,қара.Енді неңді сатасың,не қалды енді не қалды қара түк жоқ,түк жоқ. /Айнаның басын Жайнаға бұрып./

/Жайна сандырақтап біресе күліп,біресе тоқтап жыламсырайды/

Айым Сатамыз сатпасақ ақша қайдан келеді./күледі өзімен-өзі/

Бақтөре /Жалма-жан Жайнаның басын ұстап./ Мұздап барадыЖайна жаным көзіңді ашшы.Жайна қызым ботам./Жұлқылайды Жайна сұлқ, көзі аларып құлайды/

Айым /Өзімен-өзі күбірлеп кетіп барады артқа шегініп сандырақтап / Сатылады алыңдар сатамыз

Бақтөре /шапшаң тұрып,Айымға жетіп барып/ Әй жынды тоқта бері. /жақын барып жағасынан ұстап жұлқып тоқтатады,Айым ыржалақтап күледі ыңғайсыз/

Бақтөре /шөкелеп отыра қалып,басын ұстап кезек,кезек қарап,көзі алара түрі өзгеріп шошып дауыстап / Ойбай /жарық баяу өше береді Айымды көтеріп алған/

Айым Мен мен сатып болдым ба.Мүмкін емес./күледі ыржалақтап/

Бақтөре Мүмкін,мүмкін болды./ Есеңгіреп жүрегін ұстап құлайды./

/жарық біртіндеп өше береді,жедел-жәрдем машинасының сигналы шу/

11ші көрініс

/Сауда орынының іші,киоскіден басын шығарып ювелир Толик Тұманға айқайлайды.Тұман селт етіп қарайды./

Толик Тұман бері кел мынаны сатып берші,таза қымбат жүзік.Мә кел.

/Осы сәтте жүгіріп Өскенге келе жатқан Сымбат,зергердің қолындағы жүзікті көріп жалт бұрылып/

Сымбат Менің жүзігім,Өскен қара./Барып зергердің қолындағы жүзігін жұлып алып Өскенді келіп құшақтап тұрып қалады./Зергер Толик шегініп артқа кетіп барады,екі милиция келіп ұстайды./

 

Тұман /бұрылып қарайды.Полицейлер жүгіріп келіп Тұманды ұстайды,екі жағынан./

Полицей Сіздер тұтқындалдыңыздар.Бізбен бірге жүресіздер

Тұман /сасқалақтап/ Не үшін мен,мен алтын сатпаймын.Алтын аламын.

/Сымбат құлағын басып,өксігін баса алмай Өскенді құшақтап жылап тұр.Телефон шылдыры.Пауза.Сахнаға толық жарық беріліп жарқырап кетеді.Осы кезде Мергенбай келіп қарап тұрады,жалтырап алтынмен апталған дүниеге./

Өскен Алоо, Елдос жақсы ма.

Телефондағы дауыс------Жақсы Өскен.Сенің «ауыл той»деген картинаңды бір шет елдік елу мың долларға сатып алды.Шүйінші.

Өскен /жадырап/ О Елдос досым рахмет.Рахмет.

/Өскен қалбалақтап,Сымбат күлімдеп басын көтереді./ Сымбат сен,сен естідің бе, менің «Ауыл той» деп аталатын картинам елу мың долларға сатылыпты Сымбат.Кәзір міне Елдос досым айтты. /Сымбат басын көтеріп шаттана күлімсірейді.Екеуі қосыла сықылықтай күледі,жарқын./

Өскен / Мергенбайды көріп / Әке

  • /жақындап келіп,құшағын ашып / Балам дана халықымыз қалай тура айтқан « Алтын өзі шірімесе де талай басты шірітеді». Рас екен. /Басын шайқап./

 

соңы

.

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған