Адам қарады: 169 | Жарияланды: 2018-09-07 02:43:00

Жалқаубек

Жаза алмай өтірік,

Ерініп ол отыр.

Ертең-ақ өкініп,

Қалады көр де тұр.

 

Айтады інісі,

Тақпағын жаттап ап.

Осындай жүрісі,

Кім оны мақтамақ?

 

Ешкім де Жалқаумен,

Қаламас жүргенді.

Жүр бәрін алдаумен,

Ұнатпас білгенді.

 

Жалқаубек – жалқауға,

Бәрінен нан қайғы.

Келмейді алдауға,

Тоймаса, нанбайды.

 

Алдаса мұғалім:

«Жақсы - деп, Жалқаубек».

Ұстап ап құлағын,

Қалады аңқау боп.

Қазақ тілінде жазылған