Адам қарады: 245 | Жарияланды: 2018-09-07 02:43:48

Тәттісің

Тәттім-ау, таусылмайды тәттілігің,

Жылытар жүрегімді пәк қылығың.

«Апа, сені сағындым!» деген сөзің,

Бойыма жан жылуын жақты бүгін.

 

Тәттісің, қалай тәтті болдың екен?

Жоқ, әлде тәтті көп жеп қойдың ба екен?  

Әйтеуір қашан келсең қылық ашып,

Қуасың бойымдағы ойды бөтен.

 

Ертегі тыңдаудан бір жалықпайсың,

Қиялмен биіктерге шарықтайсың.

Бір мінің – «көп жей берме тәттіні» деп,

Айтқанымды бойыңа дарытпайсың.

Қазақ тілінде жазылған