Адам қарады: 267 | Жарияланды: 2018-09-07 02:44:42

Әлидің сұрағы

Бұлт неге жүйткиді,

Күн неге жауады?

Жел неге ұйтқиды?

Айтшы, ата, жауабын!

 

Ай бүгін алыпты,

Биікке шарықтап.

Жүдеп-ақ қалыпты,

Бүгін ол арықтап.

 

Жапырақ неліктен

Сарғайып түседі?

От жақпай өріктер,

Қалайша піседі?

 

Көл неге қатады,

Күн неге батады?

Үнемі осылай

Деп сұрап жатады.

 

Айтқаны өзіңе,

Не бір ой жүктейді.

Осындай Әлидің

Сұрағы бітпейді.

Қазақ тілінде жазылған