Адам қарады: 167 | Жарияланды:

ҮКІЛІ ҚЫРАТ

Наурыз айының ортасын ала ,апам қарбалас іске кірісіп кетеді.Жайлауға көшуге дайындық.

-Ə бəрекелді, ұзын сары бітісімен жайлауға көшеміз деп ,қуанып отырады. Сəуір туа салысымен көшті.Міне машинаның үстіне тиеген киіз үйдің əбзелдерін бір қарап қойды -үстіне шығып,Шаңырақты-уық     туырлық,кереге,ши есік,басқұр,

шилердің ең үстіне қойып арқанмен тартып қойды.Сынбасын дегені.

Апам машинаға отырып жатып -,күнім,енді бір айдан кейін сабақ бітісімен сен де жайлауға келесің деді, .жыламсырап апамды қимай тұрған маған,-Ақылды бол ,əпкелеріңді ағаларыңды тыңда,- деп машинаға мініп ,кетті де қалды.Үйге кірсем ,жаңа ғана жып-жылы ұядай болып тұрған бөлмелер апам мен əкем кеткен соң ,құлазып қалғандай.

Ернімді тістелеп жылап жібердім Уəдемді орындамадым.Бағана апама жыламаймын дегенмін . Жылап қойдым. Енді тек сабақ бітіп жайлауға кетер күнді ғана тосу қалды ......

  Бүгін ағам мотоциклін шығарып көшенің қақ ортасына қойды.Сабақ бітті . Асығулымын .Əкем мен апама жайлауға баруға .Жүрегім тарс - тұрс, əлде дүрс-дүрс ,қойшы əйтеуір ауылға жеттік . Əкем , апам мені айналып толғанып жүр.

-Тіпті сені көп күттік қой,Əйешім дейді апам.

-Келді ғой міне , деп əкем де мейірлене құшағына қысып ,маңдайымнан сүйіп, мəре - сəре боп қалдық.

Жайлаудағы қызықты күндерім басталды . Өміржан -көрші үйдегі бала екеуміз  кеш батқанша ойнаймыз . Ол менен бір жас кіші .2-ші класты бітірген , ал мен 3 -ші ні . 

Екеуміз ауылдан əріректе қырат басындағы , ескі бұзылған   үйдегі бүркіттің жұмыртқаларын көруге күнде барамыз . Апам жұмыртқаларды жармаңдар деген,-өй сен қызсың,апаңды тыңдайсың ,дейді Өміржан.-Ал егер мен ұл болсам ,апамды тыңдамауым керек пе деймін.-далада ойнап жүргенде тыңдамауға кейде болады ғой -деп Өміржан қолындағы таспен жұмыртқаны   жарды да тастады.. Осы кезде аспанда қара құс айналып ұшып жүргенін көріп ,екеуміз ауылға қарай қаштық.-Ертең Азаматты алып келеді деді ,апам  білтелі шамды басып ,ұйықтар алдында . 

-Алақай дедім , бірақ маса  көп қой ауылда ,ол қалай шыдайды деймін , 

-Шыдайды деді апам.

Ертеңіне əпкем машинамен Азаматты алып келді . Кішкентай ғана 5 айлық. Менің əпкемнің ұлы ..,.бесігін қоса əкеліпті .өзі сондай күлегеш бетіне қарасаң жымияды.Əпкем Азаматты ауылға бізге қалдырып кетті..апам ,-ертең қырат басына барып үкінің қауырсынын алып кел, деді ағама ,,бесікке керек.Тəңертеңмен əкем қой жайып кетті де ,ағам үкілі қыратқа баруға атын ерттеді.-Мен де барам,дедім-жəрəйді жүре ғой ,шөлдемесең деді.Мені атының алдына отырғызып алып -ал кеттік ,шүу деп жүріп кеттік.Қалың өскен тобылғыларды қиялап өтіп, үлкендеу қыр басына жеттік.-Осы ма үкілі қырат ,үкі қай жерде деп дауыстап жіберіп едім-Тиыш деп,ағам саусағымен белгі берді.Ақырын сөйледі.Ол тастың ең үстінде екен.,көзі үлкен,түсі сұрғылт тас сияқты.,үлпілдек.қауырсынды.Құдды бір тас қимылдап тұр ма дейсің..Өте сақ .Көзі күндіз көрмейді деген апам,,дегенмен сыбдырды да естіп қоятын сақ екен.Ағам ұстаймын деп тықырын білдіртпей, тастармен жоғары өрмелесе,үкі одан бұрын жоғары жылыстап кетеді.біраз əуреленді.Үкінің дауысы шықты ,мұндай дауысты естімеппін.-ə-уі-п  дегендей естілді маған.-Аға жерде үкінің қауырсыны көөп соны жинайық ,деп,ақ қалтаға сала бастадым.Мамықтай үлпілдек қауырсындар өте көп-.Аға ,осы жетер десем-олар тым қысқа дейді.Біраздан соң ағам,-бұл киелі құс ұстатпас, тимейік, андағы жинағаның жетер,дегенмен, үкіні қолына ұстаған адам бақытты болар дейді ғой үлкендер ,.деді.Мен ағам бақытты болмай қалар ма деп қорқып кеттім- онда ұстайық та ,дедім.-Жоқ ,кеттік ауылға -деді ағам. Жықпыл тастардан бір-біріне сұғындырып əдейілеп баспалдақ жасап қойғандай.Сол тастардың үстіндегі  ұлпаларды басып төмен жүгіріп түстік.Шөлдедім деп айта жаздадым.Айтпадым.Ауылға қайтып келеміз.Атымыз жайылғысы кеп,мойнын жерге созып шөп жұлып жеді.-Ананы қара деді, ағам, киіктер суға құлап барады.Ауылдан өте алыста, өзен жағасына киіктер су ішуге беттеп барады.Бейнебір сап -сары ма,біресе сұрлау ма жер қозғалып бара жатқандай.-Қандай көп ,өздері деймін.Неге ауылдың жанындағы суға құламайды десем ,ағам-е адам бар жерге таянбайды.,өмір оларға да қымбат.Бір күн болса да,өмір сүргісі келеді ,-деді.-Жаңағы үкі де өмір сүргісі келеді.,ал оларды өлтіре беруге адамның хақысы жоқ, обал болады-деді ..Ауылға келдік.Апама еріп бие сауымға бардым.,құлынды ноқтасымен тартып тұрамын.-сенің əлі шамаң келмейді дейді апам,шашың желпілдемесін биелер үркеді.,дейді.Көкқұлан деген бие өте бір асаулау ,апам сауып жатса ,тыпыршып тұрады.,өзі əрнəрседен үрке береді ,Қатты жел тұрса да .,,желмен менің шашым желбіресе де,-Ой осы бір Көкқұлан ұнамайды ,десем ,апам айтады: -бұл сүтті бие дейді.Ауылдағы3ай жазғы демалысым тез өткендей.Бəрін кетерде қимай қаламын- қыраттағы үкіні де ,күнде суға құлайтын киіктерімді де,асау Көкқұланымды да ,тіпті  аспаннан екі қанатын жайып адамға  таяп кеп қалықтап ұшатын қарақұс -бүркітті де.Сау болыңдар ,жайлауым ,демалыс күні келе-м-і-н деп ,ағамның мотоцикліне мінгесіп зуылдап кетіп бара жатып, айқайлап қоямын.....

 

 

Қазақ тілінде жазылған