Адам қарады: 309 | Жарияланды: 2018-09-19 18:18:54

Көк шалғын

(Біздің ауылдың бейнесі)

Көк қағаз көріп ұмытты ол жақты,

Көк есек мінген көкмұрын бала.

Көк аспанымды бұлт торлапты,

Барып көргенмін жоқ тұғын жаңа.

 

Көк көрпесінен ілгері жатам,

Таяқ жегесін ілініп қалып.

Көк шыбық іздеп жүр менің апам,

Көк көйлегіне сүрініп талып.

 

Көк сөмке арқалап мектептен келді,

Көзі көк інім ұғып сабақты.

Көкірек көкем көк бет жеңгемді,

Көк ала қойдай қылып сабапты.

 

Көзіме түссе таныс асыққан,

Қолын ұсынбай сәлем береді.

Көк мұржалардан жарыса шыққан,

Көк түтіндермен жан емделеді.

 

Көңілді тірлік сәті мұңайтса,

Пенделік ойдан арылатынбыз.

Көк сәлделі ағай ақылын айтса,

Көк Тәңіріне жалынатынбыз.

 

Көздегі мұңды бүркіп көлемді,

Көкірегіне жерлей салатын,

Қайран, Апам-ай, жыртық денемді,

Көк шөппен ғана емдей салатын.

 

Көк етектінің шағала арманын,

Көзінен ғана түсінуші едік.

Көк теректердің жаралап жанын,

Көп қыздың атын түсіруші едік.

 

Алшақтап кетіп ара бүгінгі,

Тұрмысың ауыл ашынып,

арып, Көк өрім менің балалығымды,

Көк шалғыныңа жасырып алып.

Қазақ тілінде жазылған