Адам қарады: 314 | Жарияланды: 2019-03-02 05:24:04

Ғашықпын

Жауқазындай құлпырған көркіңе мен.

Ғашықпын, Мінезіңе қылықты еркелеген.

Шабытымсың арманыма жетелеген,

Мен сені сүйіп келдім, сүйіп өтем!

 

Көктем болып жылыттың жүрегімде,

Тірегімде өзіңсің, тілегімде.

Сезім сырын ұқтырған жалғыз адам

Бақытымның бастауы бір өзіңде.

 

Махаббатым жүрегімде, жыр арнадым.

Сенесіңбе, мен сен үшін жаралғанмын.

Өмір бойы өзіңмен бірге болу

Бір жастықта қартаю бар арманым.

 

Бақыт, шаттық, әрине, бір Алладан,

Себепшісі бірақта, бір-ақ адам.

Бар байлықты бағалай алмайтындар

Бар бақытты жоғалту бір-ақ қадам!

Қазақ тілінде жазылған