Адам қарады: 325 | Жарияланды: 2019-03-15 04:16:53

Ормандағы ғажайып оқиға

 

Жаздың шуақты күнінде мен орманға саяхатқа шықтым. Сұлу табиғаттың жазғы көрінісін тамашалағым келді. Қасыма күшігім Жарықты ертіп алдым.  Сөмкемді тағамдарға толтырып алған едім.

Көптен бері мұндай саяхатқа шықпаған Жарық, орманды барлағандай болып, әр қадамын аңдап басады.  Ал мен болсам кеше әжем әкелген таңқурайды бір-бірден аузыма салып, жалғыз аяқ жолмен айналаны тамашалап келе жаттым.

Кенет біздің алдымызда дүние жарқ еткендей болып, кіп-кішкентай тіршілік иесі пайда болды.

– Сен кімсің? – деп сұрадым таңдана.

Похожее изображение – Мен Перизат-періштемін – деп жауап берді. Оның шашы қардай аппақ, денесі судай жып-жылтыр, ал көзі  көрдей қараңғы, қап-қара еді. – Мұнда не істеп жүрсің? – деп сұрады.

– Біз жидектерді жинауға келдік.

– Рас па?! – деп, бұл сөзіме кішкентай періште таң қалды. – Мен оларды жақсы көремін! Менің ең сүйікті жидегім ол қара бүлдірген. Ал сенің ше?

– Мен таңқурайды жақсы көремін. Бұл сәтте періштенің көңіл күйі мерт болғандай, өңі сұрланып кетті.

– Мен таңқурайды жек көремін! – деп ол суық жүзбен айтты. – Мен оны жей алмаймын, ал егер жейтін босам, уланып қаламын.

Мен оның сезімін жақсы түсінемін, себебі мен де кейбір тағамдарды мүлдем жей алмайтын едім. Мысалы маған шоколадты, сондай-ақ балды жеуге тыйым салынған. Бетім қызарып, бөртіп шыға келеді.

– Жарайды, менің үйіме жүр, сен менімен барасың ғой? – деді Перизат.

Сенімен барар едім, бірақ Жарық екеумізге үйге қайту керек.

– Қорықпа!  Менің үйім жап-жақын.  Сенің тек бес минутыңды аламын. Жүр, қонақ бол! Екеуміз дос болайық. Мен саған перизаттардың мекенін көрсеткім келеді, - деді.

       Осы сөздерден кейін біз Перизаттың артынан ердік. Қалың орманның ішіне ендік. Алдыға жылжыған сайын құстардың әсем әуені, гүлдердің аңқыған жұпар иісі жоғалғандай болды. Бір неше уақыттан кейін біз кішкентай үйдің қасына  келіп тоқтадық.

– Біз келдік! – деп періште кішкентай үйін көрсетті.

– Эм, Перизат сен тек ренжімеші, бірақ біз қалай осы үйдің ішіне кіреміз?

– О, айып етпеңдер, қазір – сол сәтте періште алақандарын шырт-шырт еткізіп соғып қалғанда, үй зәулім сарайдай ұлғая түсті. – Міне, енді кірейік.

Біз үйге кіргенде, іші тастай қараңғы еді. Үйдің есігі жабылғанда, оның ішінде кішкентай шамдар бірінен соң бірі жағылды. Осы уақытта Перизат көзімізден ғайып болды.  Жарық  екеуіміз  оны күте бастадық. Мен орындыққа отыра кеттім, ал Жарық болса үй ішін зерттеуге аттанды. Кенет артымнан салалы саусақтар келіп  иығымнан бас салғандай болды.  

– Ааааа!!!

– Тыныш! Тыныш!  Айқайламашы!  Бұл мен ғой. Қорықпа! Артыма қарасам ол  Перизат екен, ал оның қолында жидектер толған кесе.

– Бұл маған ба? – дедім кесеге көзім түсіп.

– Иә саған, достым, – деп кесені ұсынды. Жидектердің иісі мұрынды жарады. Қарным ашқан болар, бір уыс жидекті алып аузыма салып жібердім.  Кейбіреулерін Жарыққа да  бердім.

Келесі уақытта мен  қалың ұйқыға баттым.

Көзімді ашсам үңгірде жатырмын. Қасымда Жарық та пыс-пыс етіп  ұйықтап жатыр.  Мұнда қалай келгем?... Маған не болды?...  Перизат қайда?...  Осы үңгірден қалай шықсам екен деген ой мазалады.  

Кенет менің алдымда біреу пайда болды. Өзі қарт әйелге ұқсайды. Ол маған жақындай түскенде, мыстан кемпір екенін аңғардым.

– Сен кімсің?

– Мен, сенің жаңа досың, Перизатпын. Осы сөздерден кейін мен оның қап-қара көздерін бірден таныдым.

– Қалай?

– Хе хе хе хе, ал сен - менің тамағымсың, - деп мыстан кемпір үлкен қазанға қарай беттеді. Мен осы уақатта сөмкемнен пышағымды іздей бастадым. Бірақ сөмкемде жолға алған біраз тамағым мен әжемнің таңқурайынан басқа ешнәрсе жоқ.  Сонда Перизаттың сөздері есіме орала кетті.  «Мен оны жей алмаймын, ал егер жеп көрсем, тез уланып қаламын!». Сол сәтте таңқурайды мыстан кемпірге қалай берсем екен деген ой маза бермеді.  Бақытыма орай, үңгірдің іші қараңғы еді. Сол себептен таңқурай қара бүлдіргендей көрінген.

– Перизат, менде қара бүлдірген бар, жейсің бе?...

Қазақ тілінде жазылған