Ашуы қандай
Біздің әйелдің шекесі тырысса....
Ал, жарайды, тырыссын,
Бірақ, ұрыспасын.
Себебі, ашуланса - болды,
Басының сақинасы ұстап,
Қысымы көтеріліп,
Жан-жағына ұрсып,
Шекесі тырысып,
Бала-шағаға тиісіп,
Айқай-шу болады.
Мен қашып кетемін.
Несін жасырайын;-
Әйелдің қаны тасыса,
Жүгіреді,
Дәрігерге, асыға.
Жанымыз қалмай бәріміз,
Хабарын білмей, анығын,
Керісінше...
Түседі біздің қанымыз.
Бұл жерде әңгіме,
Қанның тасылуында,
Немесе,
Басылуында емес,
Барлығы сол,
Әйелдің ашуында!...
Қалайша, қысымның тасуында?!...
Бір күні келін екеуі,
Бір іске кірісіпті.
Кіріскенін қайдам?,
Келісе алмай екеуі,
Ұрсысыпты!...
Біздің әйелдің денесі де зор.
Денесіне қарай, ашуы да мол.
Келін, біздің арық,
Әйелден өткен, ашуға қарық...
Не дейсің, мына жанжалдың,
Бітетін түрі жоқ, қарасақ...
Ойнақтап жүріп от басасың.
Болмаса,әйелім екен деп,
Я, келінім екен деп,
Қайсысына болысасың?
Екі атан соғысса,
Шыбын өледінің,
Кебін кимей,
Ешкімге тимей,
Үн-түнсіз,
Кеттім де қалдым жұмысқа...
Барсам да ерте жұмысқа,
Соқпады зауқым,
Айла, бұрысқа!...
Ойымнан шықпай, үйдегі,
Не болды екен, күйлері?.
Деген оймен, келсем үйге...
О, тоба!
Терлеп-тепшіп,
Әңгімені соғып, екеуі,
Ішіп отыр, сүт шәйін...
Исі де қалмапты,
Әлгі болған, айқайдың!...
Сонда білмей мен, аң-таң!,
Ашуы әйелдің, қандайын?!...
Әйелменен айтыссаң,
Тасқа тиер таңдайың!?...