Еңбектенбей еш болмас...
Атасы мен баласы,
Келе жатты далада.
Өрмекшіні көрді де,
-Не істеп жүр ?- деп сұрады.
-Көрдім өрмек тоқып жүр,
-Тіршілік қамын істеп жүр.
-Ол да ойлап ертеңін,
-Өрмегін нықтап тоқып жүр.
-Анау, құмырсқаны көрдің бе?,
-Көрдің бе балам, не істеп жүр?.
-Көрдім ата, оны да,
-Өз тірлігін істеп жүр.
-Жоғары қара, аспанға,
-Айта бер, менен жасқанба.
-Қарлығашты мен көрдім,
-Үй құрастырып жүргенін.
Сонда атасы ұлына;-
-Олай болса шырағым,
-Сол кішкентай жәндіктер,
-Болады саған өнеге.
Өрмекші маса, шыбынға,
Тынбай тұзақ құрып жүр.
Құмырсқа бала-шағаға,
Нан ұсағын тасып жүр.
Қарлығаш ұяға шөп тасып,
Ары-бері ұшып жүр.
Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ,
Тірлігін әркім істеп жүр.
-Сондықтан да жан балам,
-Сені де Құдайтағалам.
-Жаратпаған бекерге,
-Жұмыс істеп, дағдылан!...