Адам қарады: 8754 | Жарияланды: 2019-04-09 03:18:46
Алло!
Сенің жаның дірілдейді тамағыңда,
Тірісің!
Маңызды емес кім үшін
Тірлік кешіп жүргенің!
Күллі әлемнің тыңдағандай тынысын.
Менің мынау тұрысым!
«Алло» дейсің
Дір-дір етіп дыбысың
Кім екенін білгің келіп
Қашты ма екен тынышың!
Тамағыңда дірдектеген жан дыбысын естіген
Менің күйім құрысын!
Жүрегімді аяймын,
Қозғалыссыз саған қарай жүгірген
Дауа іздеген сенің қоңыр үніңнен.
Танымадың бейшараны сен қалай
Аяқсыз –ақ алдыңа кеп сүрінген!