Адам қарады: 195 | Жарияланды: 2019-04-09 03:30:18
Мұғалімдер болмаса...
Бір сәтке ойланыңыз, тойшылдар,
Мұғалім болмаса, бекерлік –
Ақындар да болмас еді, ойшылда да,
Шекспир де, Коперник.
Жаңалыққа бейім
Оқушының жанары еді.
Ол болмаса,
Осы күнге дейін
Ашылмаған Америкалар
Ашылмаған Америка боп қалар еді.
Қанат бітірмесе қиқарға,
Біз ұшатын жандар ма едік?
Арамыздан шықпас та еді Икарлар,
Көк аспанда еркінсіп, самғар ма едік?
Бүкіл әлем енеді,
Пейілі қандай кең еді!
Ұлағаты мәңгілік
Ұстаз ғой ол себебі.