Адам қарады: 39305 | Жарияланды: 2019-03-18 05:50:23

Бәрін "бүлдірген" мұғалім

   Алакөлде шомылып жүрген бір мектеп мұғалімі алтын балық үстап алыпты. Алтын балыққа тіл бітіп:                                                                                                         

- Ағатай, мені босатшы, үш тілегіңді орындайын - депті. Сонда мүғалім үш тілегін айтыпты:

  Бірінші - бүгінен бастап ҚР білім және ғылым министрін, парламент депутаттарын және мектеп директорларын  жай мұғалімнің жалақысына  отырғыз!

  Екіші – мұғалімдерге  минстрдің жалақысының көлемінде айлық бергіз!

  Үшінші - ҚР Атазаңындағы 7- баптың, қазақ тілі мемлекттік тілмен қатар орыс тілі барлық деңгейде тең қолданады – деген,  2 - тармағын алып таста!

 Мен бүгіннен бастап сені акваруимда ұстаймын. Қашан телеарнадан осы өзгерістер туралы жаңалық хабары беріледі,  сол күні Алакөліңе әкеліп қояберемін. Ал, қазірден бастап үш тілегімді орындауға кіріс - депті. Мұғалім алтын балықты үйіне әкеліп аквариумға салып, таңдаған тамағын беріп асырапты. Содан бір айға бір күн қалғанда "ХАБАР" арнасынан диктор мынандай жаңалықтарды хабарлапты:

  - Бүгін ҚР білім және ғылым министрі жай мұғалімнің жалақысына ауысуына байлансты  ұзаққа созылған аштықтан қайтыс болды. Ол жаңа пантионға жерленеді

  - Бүгін Астанада Парламент депутаттары жәй мұғалімнің жалақысына ауыстырылуына байлансты, олар жалақыларын көбейтіп, үш уақыт тегін

9

тамақпен қамтамасыз ету туралы талап қойып, алаңға бейбіт шеруге шықты. Бейбіт шеруді ұйымдастырды деген күдікпен Сенат төрағасы мен Мәжіліс төрағасын полиция сарбаздары автобустарына қолдарын қайырып, зорлап кіргізіп алып кетті.

  - Бүгін ШҚО - да мектеп директоры жай мұғалім жалақысын алу себепті, облыстық білім басқармасының бастығына өзін мұғалімдік жұмысқа ауыстыру үшін пара беріп жатқан жерінде ұсталды. Бір ескеретін жағдай республика көлемінде мектеп директорларының мұғалімдік жұмысқа ауысу үшін, жоғары жаққа пара беруі күрт өсуде.

  - Бүгін Астанада үкімет үйіндегі отырыста ҚР Премьер министрі Қазақстан Кониституциясының 7 – бабының 2 – тармағы алынып тасталуына байлансты,  Қазақстанда барлық деңгейдегі жиындар, іс қатынас құжаттары мемлекттік тілге 100 пайыз көшкені туралы мәлімдеме жасады.

- Бүгін Қазақстан халықтар Ассамблеясының осы кезге дейін мемлекттік тіліне «пысқырмайтын» мүшелері,  Қазақстан Кониституциясының 7 – бабының 2 – тармағы алынып тасталуына байлансты,  бос уақыттарын толтыру үшін Абайдың, Мағжанның, Мұқағалидың өлеңдерін жатқа оқудан жарыс өткізді.  Бас жүлдені Славиян қоғамының төрағасы иемденді. Ол орыс тілін мүлде ұмытып қалыпты. Жеңімпаздарды құттықтаған Елбасы жарысқа қатысушылар мен барлық мүшелерге, олар тек мемлекттік тілде сөйлемей, өздерінің ана тілдерін де ұмытпауын қатты тапсырды!                                                          

 Міне осылай 30 жыл шешуін таппай келе жатқан мәселені,  алтын балық ұстаған мұғалім бірақ күнде шешіп, бәрін "бүлдіріпті"!

Қазақ тілінде жазылған