Адам қарады: 323 | Жарияланды: 2019-04-15 03:12:15

Керегаз

Алтыншы класты бітіріп жетінші класқка өткен кезім. Шымкенте Күлзейнеп   әпкемнің

үиінде жүріп оқыйтынмын .Дидарбек жездем өте жайдары болатын, бірақ азанда

сауболса  , кешке мас болып келетін. Мектепте завxоз  жұмысын атқаратын . Мас адам

жақсы болмайды ғой ,біз әйтуір қашып жүріп ,жаздың күні далада ұйықтап қалатынбыз.

Бәріміз кішкентаймыз,улап –шулап жүріп Күлзейнеп әпкеме айтатынбыз басқа біреуге

тұрмысқа шық . Калинин мектебінің директорына шық дейтінбіз, оның екі этаж үйі бар,

өзі директор әрі жақсы адам ,арақ ішпейді дейтінбіз.Әпем күліп –күліп алатын.

    Жазғы каникулға шыға салып әпкем мені үйге ауылға қайтаратын .Міндетті түрде Әбілдаш ағам

поезбен Арысқа жеткізетін, сөйтіп Төлеген ағамның қолына тапсыратын.Төлеген ағам

өте жайдары кісі еді,Арыста тұратын ,үлкен-үлкен машиналарды айдайтын –шофер болатын. Ол үйдегі Күнсулу жеңешем асты –үстіме түсіп бәйек болып жататын .Кішкене

қыз келіп қалды деп күтетін.Сүйтіп жүріп жолға жиналатын, кішкентайларын алып

ауылға   келетінбіз.

      Әкем Медетбек  анам Орындық қуана –қуана қарсы алатын. Келе салысымен көршілерге жүгіріп кіріп шығатынмын . Барлықтары қуанып қалатын Бейсен келді деп.

Жұртың балалары бір сиырдың сүтін ішше , мен тоғыз сиырдың сүтін іштім десем болады.

      Жаз кезі ,әрине біз жақта өте күн ыстық болатын ,анам күн шығысымен тұрғызатын.

Ол кісі сиыр сауып жүріп маған күбіге айран құйып дайындап беретін .Мен оны пісіп

майын  алатынмын. Шамам келе ме –келмей ме әйтеір ұйқылы –ойаулы ,шаршап –шалдығып майды түсіретінмін . Майда оңайлықпен түсе қоймайтын,айранға су қосып

пісетінбіз , мұздай болса май түспейтін.

    Анам қазан –қазан сүт пісіретін ,ол сүт суығанда қаймағы сап –сары болып сүттің

бетіне жиналатын ,соны қалқып алып маған беретін. Мен оны нанмен жеп шайымды

ішіп ,тойып алып, екі бетім қып-қызыл болып тығыншықтай, тойған қошақандай жүретінмін. Ол кездері ағарғанды сатпайтұғын,сиыры жоқ үйлерге балдары ішсін

деп ,апарып беріп отыратын.

      Содан соң анам мен әкем шөп оруға кететін .Мен ыдыстарымды жуып,үйді жинап

біраз көлеңкеге шығып кітап оқитынмын ,  сосын түскі тамақ дайындауға кірісетінмін.

      Сол кездерде керагаз қолданатынбыз,соляркамен пілік жанатын. Екі керагаз ошақ

қорада  тұратын,біреуінде шай қайнап тұратын ,екіншісіне тамақ істейтінбіз,.

      Түскі тамақты дайындап ,дастарқанды жайып анам мен әкеме қызмет жасайтынмын.

Бүкіл ауыл керагазды қолданатын. Оны кешке қарай сүртіп ,піліктерін тазалап ,солярка

құйып қойатынбыз.

       Ол кезде ауылда жарық кешке қарай жанатын, моторист жағатын ,ел жатарда өшіріп

қойатын.

         Сол кездерді еске түсірсем, не деген кең заман ,тоқшылық ,тыныштық заман десем

болады.Құртты қапшық –қапшық кептіріп қысқа дайындап қойатын. Сары майды қарын-

қарын сақтайтын,арасына қара тікен тұз салып мұздай жерде тұратын.

        Қыста ет үзілмейтін, әкем мен анам соғым байлайтын. Арасында ешкі,қой етін

жейтінбіз.

      Одан қалса анам диқаншы қауын –дарбыз егетін,менде тоқ,елде тоқ болатын.Анам

қазан-қазан қауынқұрт пісіріп ,кептіріп алатын,қауынғақ  тіліп ,оны өріп жіпке тізіп

кептіріп алатын.

     Әкем Медетбек анам Орындық көпшіл адамдар еді.Үйден қонақтар үзілмейтұғын.

Осы кез менің балалық шағым  - бақытты шағым болар.

Қазақ тілінде жазылған