Парадигма агенттігі-1
Тұман əнші көңілді еді. Коттеджінің 2-қабатынан далаға көз тастады. Инфинити көлігі есік алдында жарқырап тұр.
Телефонын алып уатсаптағы хабарламаларды оқи бастады.
Бір хабарлама мектепте оқығандағы сыныптасы Мараттан келіпті.
Бұл екеуінің хабарласпайтынына бірнеше жыл болған. "Ауылбайский бетімен бұған жазып не жорық?!"-деп ойлады да, бірден өшіргісі келіп, ол нөмірді блокировкаға қойғысы келген. "Не жазса да, оқып көрейін"-деп оқи бастады.
"Өй, Тұман! Сенің алаяқ боларыңды білгендей орыс эстрадасында "Синий Туман, похож на обман"-дегенді тура айтқан. Даусың жоқ болса да, халықты фонограммамен алдап , жұлдыз боп кеттім деп бірнеше жыл құтырдың-ау?! Біздің сəлемімізді алмай кеткеніңмен енді тəйтіктігіңмен өзіңді өзің қақпанға түсірдің. Сайттар мен əлеуметтік желілерді ашып қара! Олар сенің ту талақайыңды шығарып талап жатыр. Мектепті əзер бітірген сенің басың қайдан істесін?! Ақымақ болмасаң, туып өскен ауданыңнан қашып жүріп, "Қазақстанның құрметті азаматы" деген бір бет қағазды сатып алар ма ең? Шаригің сəл істегенде ол ақшаға кеткен 1250000 тенгеге қанша есек сатып алғаның жөн болатын еді. Олар коттеджіңді табиғи дауыстарымен саған əн салуды үйретер ме еді.Уа-ха-ха!"
Тұман ашуланғаннан телефонын жұмсақ диванға лақтырып жіберді.
Ноутбугін ашып, сайттарды ашып қарай бастады. Бірнеше сайт əуелі Тұманның , сосын басқа да атақ сатып алғандардың суретін қойып, сынап жазыпты. Ашуланып теледидар қосқан. Бір телеарнаның сюжетінде бұлардың суретін қойып, "Қазақстанның құрметтілері ме, құрметсіздері ме?"-деп бастап сынап жатыр. Бұларға келіп түскен бланкінің көп адамға жіберілгенін , кейбіреулері ғана , атақ қуам деп арбалып қалғанын айтуда.
"Қап! Қалай ғана шалыс бастым?"-деп отырғанда , телефон шыр етті.
Қараса, алдағы апта тойына əн айтуға шақырып қойған бизнесмен Сұлтан екен. Бұл жауап берді.
-Ассалаумағалейкум, Сұлтеке! Келін алар тойыңыз жақындағанға тағатсызданып жүрсіз бе?
-Уəликім! Тұман, сайттар мен əлеуметтік желілерді оқыған боларсың. Құдаларымыз текті жерден. Осы тойға сен келмей-ақ қойсаң жақсы болар еді.
-О, не дегеніңіз , Сұлтеке! Авансын да беріп қойып едіңіз.
-Мəселе ақшада емес. Аванс қалтаңда қала берсін. Сенің мұндай жағдайда біздің тойымыздан көрінбегенің өзі қуаныш болғалы тұр-деді де телефонды қоя салды.
"Біттің, Тұман!, Біттің"-деп басын сəл ұрғылай бастады.
Одан соң фейсбукті ақтарып көре бастады. Блогер біткеннің біразы бұлардың сынап жатыр екен. Кейбіреулері суретінің бетіне қызылмен екі сызып, шаруасы біткендердің санатына қосып жіберіпті. Көпшіліктің легімен тіпті кейбір таныстары да сондай жазбаға лайк қойыпты.
"Қазақстаннан кетуім керек "-деген бір ой басына сап етті. "Бірақ , қайда барам?! Табыс көзім қазақтың тойы, солардың аңғал аудиоториясы емес пе?"-деген ой қуа жетті.
Ашуланғаннан қолы дірілдеп, фейсбукті шолып отырып , көзі бір жарнамаға ілікті.
Жарнамадағы мəтін:
"Сіз ерекше талант иесі болмаса , мықты бизнесмен болуыңыз мүмкін.
Қаншалықты табысты болсаңызда қараңғыда байқамай боқ басып кетуіңіз кəдік.
Мұны көрген кей айналаң шыбын-шіркейдей үймелей бастауы ғажап емес.
Сенген кей таныстарыңыз сырт беруі де мүмкін.
Сіздің секундыңыз қымбат. Тəулік бойы демалыссыз жұмыс істейміз. Бізге шұғыл қоңырау шалыңыз.
Сіздің басқаныныңыз боқ емес, ғажап аромат екенін жаппай жұртқа сендіре аламыз. Кепілдік .8701......777"-деген жазуды оқып, сонда телефон соға бастады.
Телефонның арғы жағынан, ерекше дауыс шықты
-Парадигма агенттігі тыңдап тұр
-Менің атым Тұман.Əншімін. Сіздер "ыңғайсыз жағдайдан шығарамыз"-деген жарнамаңызды оқып
-Жақсы хабарластыңыз.Менің есімім Жұманазар. Агенттік басшысы болам. Біз ақылы түрде кез-келген жағдайда көмек беруге дайынбыз.
-Менікі сəл нелеу жағдай еді.
-Ештеңе етпейді. Біз көңіл күйдің жедел жəрдеміміз.
-Жұрттың көзқарасы туралы еді.
-Көптің көзқарасын өзгертуге арналған агенттікпіз. Қазір біздің Қазыбек би көшесіндегі кеңсемізге тез жетіңіз. Менде үйімнен қазір шығып, сонда барам.
-Ақшасы қалай?
-Бізде қабылдау 150000 тенге. Соған ретіне, қатысушыларына, кеңестің күрделілігіне байланысты қосымша төлейсіз.
Жұманазар үйден шығарда тоңазытқышты ашып, ішінен піскен қазы алды. Бір пакеттегі алма шырынын қоса пакетіне салды.
Бара жатырып, ғимараттың күзетшісіне телефон соғып, жұмыс шыққанын айтты.
Негізі ғимарат тəртібі бойынша кешкі сегізде есіктер жабылып, ешкім кіргізілмейтін. Жұманазардың агенттігі "тəулік бойы жұмыс істейміз"-деп хабарлама беріп қойған. Сондықтан кешке кейде түнде де клиенттерді қабылдауға тура келеді. Осындайда күзетшіге алдын-ала қоңырау соғып қоятын əдеті еді.
Бұл ызғып түнгі Алматының кептеліссіз көшелерімен тез жетті.
Бұл келе бергенде күзетші швейцардай есікті айқара ашты. Жұманазар қолындағы пакетін күзетшіге ұстатты да , алтыншы қабаттағы бөлмесіне кіріп келді.
Араға бірнеше минут салып Тұманда жетті.
Аз-кем əңгімден Жұманазар əншінің жағдайын толық ұқты да:
-Тұман кейінгі бірнеше жылдың ішінде таныстарыңның ішінде өзін əлде отбасын алыс шет елде емдеткен бар ма?
-Жоқ сияқты. Так. А, бір алыс танысым бар еді. "Баласын Малайзияда емдетті"-дегенді құлағым шалған.
-Өте жақсы.
-Бірақ онымен араласпаушы ем.
-Ештеңе етпейді. Таныстығыңыздың өзі жетістік. Бауыр басып кету əпсəтте. Бұрын мені де танымайтынсыз. Қазір бар сырыңызды ашып отырсыз. Ертең мені туыстан артық көріп кетуіңіз де ғажап емес.
-Бүртүрлі екен
-Дəнеме емес. Сіздің танысыңыз жоқ болса, біз басқа адам таба аламыз. Бірақ оған операцияға кеткен шығынды толық төлеуіңіз керек. Одан да шала танысыңыз жақсы. Тек сөз түсінетін адам болса болды. Қалғанын өзім ұғындырам.
-Жарайды. Бірақ түнгі он бір болды .Кеш қоңырау шалған ыңғайсыз емес пе?
-Түк те етпейді. Сізде ата-анаңыздың түнгі еңбегінің туындысы болуың ғажап емес. Оның үстіне сіздің секундтарыңыз қымбат. Репутацияңызды ұстап қалуымыз керек.
Тұман таныстарына звондап , баласы бірнеше жыл бұрын ота жасатқан жігіттің телефонын алды. Оған əуелі өзі хабарласып, кейін тұтқаны Жұманазарға берді.
-Бəрімізде кейде көмекке зəруміз.Тұман əнші сіз той жасасаңыз, тегін əн айтып беруге дайын. Тек бір өтініші бар.
-Ол қандай?
-Қазір костюміңізді киіңіз. Галстук міндетті түрде тағыңыз. Шалбарды кимесеңіз де болады. Телефоннан камераға түсіргенде астыңғы жағыңызды түсірмесеңіз болды,-деп бастап Жұманазар барлық жəйтті түсіндірді.
Араға он минут өткенде уатсабына ол кісіден видео келді.
"Құрметті əн сүйер қауым! Екі жыл бұрын балам ауырып, Малайзияда ота жасауға тура келді. Сонда ұйқы көрмей қасымыздан шықпаған Тұман əнші болды. Кеткен қаражаттың да бір бөлігін төледі. Ондай азамат жігіттер қазақта некен-саяқ. Жақсылығын қалай қайтарарымды білмей жүр ем. Жақында өзіне айтпай "Қазақстанның құрметті азаматы"-дегенді сатып алып сыйлаған мен ем. Ол менің бұл ісіме наразы болды. Осы видео арқылы Талантты əрі ақжарқын Тұманнан кешірім сұраймын. Оның еліміздегі миллиондаған фанаттары түсінеді деп ойлаймын."
Жұманазар көрді де, Тұманның қолын қысты.
-Сен қазірден бастап, жұрт сенімін қайтарып қана қоймай таңертең құрметті азаматқа лайық қайраткер боп оянасың.
Тек жаңағы танысыңыз екеуіңіз қазір сол видеоны əлеуметтік желідегі парақшаларыңызға қойыңыздар. Мен таңертең бірнеше журналист таныстарыма хабарласып, сайттарына қойдырам.
Тұман сол жерде -ақ фейсбук пен инстограмм желілеріне видеомен бөлісті.
Үйіне келсе де, əлеуметтік желілерді ақтара бастады. Бұның парақшасындағы видеоны жұрт "Міне, Азамат", "Əр қазақ Тұмандай болса, қанекей!", т.б жүздеген анатоциямен бөлісіп жатты.
Түнде ұйықтамай əлеуметтік желіде отыратындар да көп екен. Оған таңертең тұра салып, "Азамат-Əнші" трендін жалғастырушылар алып кетті. Блогер дегендер де қызық. Хайп қуып жүре береді екен.Бəрінің жабыла жазатыны "Тұман, нағыз жанашыр" боп тұр.
Таңертең Тұман əншіге отказ берген бизнесмен Сұлтан телефон соқты. Бұл көтермеген. Тағы да не дерін кім білсін?!
Сəлден соң уатсапқа жазып жіберіпті.
-Кешір, брат! Келесі аптадағы той күшінде.
Бұл қыңқ демеді.
Сəлден соң ол өзі звондады.
-Айып менен. Тойымның қонағы бол. Гонорарыңды екі есе төлеуге дайынмын.
Тұман қулыққа көшті.
-Кеше сен отказ бергенге басқа заказ ап қойып ем.
Оны отменять етші брат. Гонорорың əуелгіден бес есе болсын. Менің құдаларым мен басқа да таныстарым мықты əнші ғана емес, жүректі азаматтың бойын жарып шыққан əндерін тыңдасын.
-Ойланып көрейін, -деп телефонын қойды.
Енді жəй əнші емес , мықты тұлға екенін есіне алды. Үлкен жауапкершілік.
Көзінің жасы мүлт етті.
Жұрт даурығып əнші кемеңгерді талқылап жатты.
Өзін "Еліміздің бас өрт сөндірушісі" санайтын Жұманазар ғана жастықты құшақтап ұйықтап жатыр еді.