Парадигма агенттігі-2
Жұманазардың кабинетіне белгілі бизнесмен Тұрсын Дөңбайұлы кіріп келді.
Сəлемдесіп боп, отырған соң ,сыртқы бөлмеден бас сұққан қызметкері қонаққа қарап:
-Шəй, кофе?-деді.
-Маған кофе, деп келген жігіт ағасы сөзін жалғастырды
-Секратарыңыз əдемі екен.
-Анардың əдемілігіне сөз жоқ. Бірақ ол секратарь емес. Бір өзі ондаған қызметті қатар атқарады.
-???
-Əрі бухгалтер, əрі маркетингтің қас шебері,Офис-менеджер, smm менеджер, ...ең бастысы қолы боста сайттар мен əлеуметтік желіде отырып, еліміздегі ерекше адамдардың базасын жасайды. Тізімде əр түрлі салада істейтін мыңдаған адамдар бар.Оларды əр жердегі сөзіне қарап фактчекинг жасап қоймай, базаға сенімділік, уəдеге беріктігі т.б ондаған шкалалармен бағалап отырады.
Қажет кезде маман ретінде солардың көмегіне жүгінеміз. -деді .
Сол кезде қонаққа кофе, бастығына көк шəй əкеп қойды.
Жұманазар Анарға орындықты нұсқап:
-Сізде отырыңыз.Ақыл жастан деген , қажет жерінде пікір білдіріп отырыңыз.-деді де, қонаққа қарап:
-Сізді тыңдап тұрмыз
-Естіген боларсыздар, мен босаған мəслихат депутаттығының орнына сайлауға түспек боп, өзімді ұсынып қойғам.
-Əрине, жеңесіз. Үлкен есеппен жеңу үшін бізде прожектор атты бағытымыз бар. Онда клиенттеріміздің көпшілік біле бермейтін ерекшеліктерін тауып, зорайтып көрсетеміз. Ол үшін блогерлер тапсырыспен жазба жазса, газет-журналдарға сіздің жаңа қырыңыздан ашатын мақалалар, сұхбаттар ұйымдыстырамыз. Телеарналарда да солай. Барлық жерде өз адамдарымыз бар. Ақысын төлесеңіз боқысын шығарады. Қажет болса телефильм түсіреміз.
-Одан бұрын басқа бір бүлдіргенім бар еді. Қазір сол басты мəселеге айналды.
-Айта беріңіз. Жақсы келдіңіз. Сырыңыз осы жерде қалады. Біз шұғыл əрі толыққанды шара қолдану үшін мəн-жəйді толық білуіміз керек. Диагностика дейміз мұны.
- Менің күніне бірнеше рет гуглден өз аты-жөнімді теремін. Ол мен туралы не жазылып жатқанынан хабардар болу үшін.
-Жақсы
-Бірнеше сағат бұрын қарағанымда, бір сайттан мына мақалаға көзім түсті. Бірден сіздерге келіп тұрғаным . Міне көріңіз.-деп смартфонынан "Перне" сайтындағы мақаланы көрсетті.
Сайттағы мақала "Көкек əке кімді көгертпек?"-деп айқайлатып атын қойыпты.
-Бəсекелестерім тырысқан тəрізді. Осыдан 17 жыл бұрын бойдақ кезімде Гүлжамал деген қызбен махаббат құрғам. Бірнеше ай əмпей-жəмпей боп жүрдік-ау дедім.
Кейін ренжісіп кеттік. Одан соң қазіргі əйелімді жолықтырып, үйленгелі жүрсем, Гүлжамал келіп тұр. Іші біліне бастапты. Маған қарап "Сенің балаң", деді. Мен басымды қиқаң еткізіп, "Білмеймін. Дұрысы алдырып таста. Сен басқа қалаға кеткен соң мен басқа қызға үйленгелі жатырмын."-дедім.Ол бетіме шапалақпен бір ұрып, жүгіріп кетіп қалды. Іздеп көріп ем, басқа қаладан таба да алғаным жоқ.Сонымен басқаға үйлендім. Қазір бала-шағам бар. Қайын жұртым да мықтылар. Сіз оларды сырттай білуіңіз керек. Əйелім де басқа сферада бизнесмен. Өз ресторан , кафесі бар. Өзімді қалай ғана мəслихатқа сайлауға ұсындым екен. Соған бола болу керек, бəсекелестерім шығар, əйтеуір Гүлжамалды тауыпты. Ол əлі тұрмыс құрмаған екен. 16 жасар ұлының суретін , менің суретім екеуін қатар қойыпты. Шынында да менен аумайды. Сынауды да қатырыпты. Мен туралы нашар тұрғыда жаза келе, мəслихат депуттатығына түсуімді де əжуалапты. Тақырыптың түрі анау. "Көкек əке кімді көгертпек?".
-Тұрсын Дөңбайұлы, сіз өте ақылдысыз. Сайттың жариялағанына да үш сағат уақыт өтіпті. Бірден бізге келгеніңіз көрегендік.
-Көреген болсам, басқа жерде балам бар екенін қанша жыл білмей жүрмес ем.
-Ештеңе етпейді. Жастық желікпен кім не бүлдірмеген? Оның үстіне сіздей сері жігітке.
Жас күніңізде өлең жазып көріп пе едіңіз?
-Аздап
-Оны Гүлжамал білуші ме еді?
-Бір рет оқып бергем. Ол күліп "ұйқасыңыз бірінен-бірі тұра қашып тұр ғой"-деп күлген.Содан өлеңді қойып кеткем.
-Енді сіздің сол кездегі серіге айналдырумыз керек. Сенімділік үшін сол кезде Гүлжамалға да арнап тамаша өлеңдер жазған боласыз. Оның сол кездегі суреті бар ма?
-Осында келе жатырып , фейсбуктен парақшасын тауып алдым. Онда бала күннен əр кездегі суреттері толық бар екен.
-Өте жақсы. Анар Батпан ақынға шұғыл хабарлас. Фейсбуктегі жас күніндегі суреттеріне қарап Гүлжамалға , тағы махаббат, отанға арнап оншақты өлең жазсын. Бірнеше сағаттан дайын болу керек.
Анар сыртқы бөлмеге барып, Батпен ақынмен сөйлесіп жатты.
-Тұрсеке, осылай дұрыс. Сіз жас кезіңізде тамаша өлең жазған, жан-жақты таланттыға айналдырамыз. Жырыңызбен Гүлжамалдың да көңілін табасыз. Ұлыңызда иланар. Бүл шешілген соң, үйдегі бəйбішеңізге де өлеңмен көмкеріп, үстіне қосып берер басқа да сыйларыңыз бар болар. Олар да түсінетін болады.Тіпті сізбен мақтанатын дəрежеге жеткіземіз.
-Рас па?
-Ия. Оның үстіне əлеуметтік желілердегі бықсықты, фонтанмен жауып отырамыз.
-Қалай?
-Сізді өлең жазғаныңызға қарап "Сал-серілердің бүгінгі тұяғы"-деп араша түсетіндер көп болады.
-Шынымен бе?
-Солай болмағанда ше?
Бір ауылдан шыққан шала ақындардың өзі бір-бірін ауданның сөзін ысырып қойып "Қазақтың кереметі" -деп газеттерге мақала жазып көкіп жүрген жоқ па?
Олардың қасында сіздің орныңызға жазылған өлеңдер шынайы боп шығары сөзсіз.
Оның үстіне ақылды бизнесменсіз.-деді де
-Анар, сейфтен 1994 жылы шығарылған бос дəптерлердің бірін ал. Ақынның жазған өлеңдерін Тұрсеке өз қолыңызбен көшіріп шығыңыз.
-Бірақ оның 17 жыл бұрын жазылған өлең екеніне сене қояр ма екен?
-Неге сенбейді. Сіз өз қолыңызбен жазғанды , тағы бір қызметкеріміз Бұлан алхимикке береміз.
Ол бірнеше сағатта оны подвалдағы ызғарға тастап, одан əрлеп орта ғасырдағы дүниеге де айналдыра алады.
-Ғажап!
-Бізде кейбіреулер өздері жазып, 300 бұрын жазылған деп жүрген кітаптар бар емес пе?
-Жұрттың шығармайтыны жоқ.
-Бізде өтірікке жанымыз қас. Бірақ сіз сияқты азаматтарға жабысқан шаңды сүртуге залалсыз химикаттар қосамыз.
-Химчистка десеңізші.
-Олай десеңіз де болады. Кейбір клиенттеріміз тазарып қана шықпай, бізден соң жаңа қырларымен қыранға айналатындар да бар
-Супер!
- Ескі өлең дəптерді Гүлжамалдың подругалары тауып алатындай жасаймыз. Қалғаны да "дело техники".
-О о...
-Сайлауға бес күн қалғанда прес-конференция өткізіңіз. Бағдарламаңызды тағы бір қайталаңыз. Залдан сізге ыңғайлы сұрақтар қойылады. Солардың бірі "Бізге технократ керек пе, əлде ақын ба?"-деген сұрақ қойылады.
Сіз қазақ тілін үйреніп жүрген жапон қызының жауабын еске аласыз. "Қазақ қызық халық екен. Ақындарын ерекше құрмет тұтады. Біздің елде əуелі дəрігер, сосын мұғалім сыйлы"-деген сөзін айтып, "Ойланарлық жəйт"-дейсіз.
"Қазақстанның қарыштап дамуы үшін ойлы жастар, жаңа технология керек. Мен сол үшін жұмыс жасайтын боламын"-деңіз.
-Бұл батпақтан шыға алмаспын. Депутат болмақ түгіл, қазіргі отбасымнан айрылып қалам ба деп қорқып ем. Сіздер үміт ұялаттыңыздар.
-Біздің жұмыс осындай!
-Осыдан сіздер айтқандай маған төнген бұлттан құтылып қана қоймай, депутат боп кетсем, сізге жаңа Ланд Крузер , коллектикіңізге бір аптаға Мальдив аралына жолдама алып берер ем.
-Келістік. Біздің əр түрлі кеңестерімізді қалтқысыз орындап отырсаңыз бұйыртса бəрі де болады.
Арадан бір жарым ай өткенде Тұрсын Дөңбайұлы кеңсеге қайта кірді.
Қолында бір құшақ гүлін Анарға ұсынды. Кілтті Жұманазарға ұстатты.
-Автомобиліңіз құтты болсын! Парадигма агенттігімен бірге армандар орындалады екен.
Қуаныштан күліп тұрған Жұманазар да
-Парадигма агенттігімен армандар орындалады ,-деді.